Қазақстан түркілер дәуірінде vi-x ғ.ғ



1. Ерте феодалдық мемлекеттер.
2. VI . X ғ.ғ. аралығындағы Қазақстан жеріндегі мемлекеттік бірлестіктердің ерекшелігі.
3. Шаруашылық . мәдени даму үрдісі.
Феодалдық құрылыс.VI ғасырда Қазақстанның Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс аудандарында феолдану процесі жүрді. Түріктердің, түркештердің, қарлұқтардың, оғыздардың, қимақтардың, қыпшақтардың ертедегі феодалдық мемлекеттері құрылып, бірін- бірі алмастырды. Әр түрлі аудандардың шаруашылық, әлеуметтік және мәдени дамуында әркелкілік барған сайын анығырақ байқала бастады. Жартылай көшпелі және отырықшы мал шаруашылығы егіншілікпен ұштасқан Қазақстанның Оңтүстігі мен Оңтүстік Шығысындағы өндіргіш күштер әлі көшпелі мал шаруашылығы үстемділік еткен оның орталық және Батыс аймақтарына қарағанда жылдамырақ дамыды. Түркі тайпаларының Қазақстан жеріне Орта Азиядан қоныс аударуы одан әрі жалғасты. V ғасырда Солтүстік Моңғолиядан Амударияның төменгі ағысына дейінгі жерге Алтай түріктеріне тәеулді Тирек (Телэ) деп аталған тайпалар қоныстанды. 552 жылы Бумын (Тумын) қаған басшылық еткен ертедегі феодалдық мемлекет – Түрік қағандығы құрылды. VI ғасырдың екінші жартысында Түрік қағандығы батыс бөлігінің билеушілері өз иеліктерінің шекарасын Орта Азияға қарай кеңейте түсті. 603 жылы Түрік қағандығы Шығыс және Батыс болып дербес екі бөлікке бөлінді. Батыс Түрік қағандығы Суяб қаласы (Жетісуда) болды. Оның құрамына Жетісу, Шығыс Түркістанмен қатар Орта Азияның бір бөлігі кірді. Соғды мен Бұхара батыс түріктеріне тәуелді деген аты болмаса, іс жүзінде біршама дербес отырды. Батыс Түрік қағандығын қаған басқарды. Оның билігі атадан балаға мирасқа қалды. Ол мемлекеттің барлық ішкі, сыртқы саяси істерін басқарды, қағандықтың барлық жеріне билік етті. Қаған өзіне тәуелді тайпаларда мұрагерлік қызмет атқаратын ұлық, яғбу, шад т.б. осы секілді жоғарғы қызметтегі әулетті рулардың өкілдеріне арқа сүйеді. Феодалдық тәуелділіктегі халық «қара бодан» («қара халық», «қараша») деп аталды. Олар түрлі борыш, міндеттерді, оның ішінде ең бастысы, әскери міндеті («Қан салығы») өтеуге тиісті болды. Тәуелді тайпалар қағанға алым-салық төлеп тұрды. Үй немесе семья құлдары болды. Батыс Түрік қағандығындағы ішкі қырқыс оның әлсіреуіне әкелді. VII ғасырдың аяғында Жетісуда қағандықтағы түркештер (шулық) мен қара түркештер (ілелік) оқшау шықты. Қаған тағына қара түркештердің өкілі отырды. 756 ж. Түркеш қағандығы VIII ғасырдың 2-жартысының басында Алтайдан Жетісуға қоныс аударған түркі тілдес қарлұқ тайпаларының шабуылынан соң құлады. Қарлұқ қағандығына (766-940) Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан тайпалары кірді. Олардың құрамындағы түркі тілдес тайпалардың ішінде: тухси, шігіл және азкиш, халадж, чарук, арғу, барсқан, оғыз, ұйғырлардың бір бөлігі. Жетісу соғдылары болды. Қарлұқ қағандығының шекарасы Жетісу мен Қашғадариядан Сырдарияның орта ағысы мен Ферғанаға дейін созылды. Қарлұқтар Ұйғыр қағандығымен соғыс жүргізді. Ұйғыр қағандығы қырғыздардың шабуылынан 840 жылы құлағаннан кейін қарлұқ тайпалар бірлестігінің көсемі ябғу түріктердің жоғарғы билеушісінің лауазымы-қаған атағын алғысы келді.VIII-IX ғасырдың басында қарлұқтар түркештердің соңын ала бере арабтардың Оңтүстік Қазақстанның жеріне жылжуын тоқтатты. Араб халифатының құрамына Оңтүстік Қазақстанның бір бөлігі ғана кірді. Исфиджаб көшпелі түріктердің арасына исламды таратушы орталыққа айналды. VIII ғасырдың ортасында Жетісуды мекендеуші халық 748 ж. Суябты басып алып талқандаған, ал 751 ж. Арабтар мен қарлұқтардан күйрей жеңілген қытай әскерінің басқыншылық әрекеттеріне тойтарыс берді.IX-X ғасырлардың аяғында Қарлұқ қағандығының Солтүстік-Батысында, Сырдарияның орта және төменгі ағысында, Арал маңы, Каспийдің Солтүстік жағында, Батыс Қазақстан даласында оғыздардың ертедегі феодалдық мемлекеті құрылды. Оғыздардың этникалық құрамы Оңтүстік және Батыс Қазақстанның ежелден келе жатқан жергілікті тұрғындары (алан, асса т.б.) мен Жетісудан көшіп келген түркі тілдес тайпалардың (ерте оғыздық Жетісулық топ, қарлұқ, халадж, т.б.) бір бөлігі қосылуы нәтижесінде қалыптасты. X ғасырда оғыз мемлекетінің астанасы Янгикент болды. Оғыз жері арқылы Мауараннахр, Иран, Қытай, Кавказ, Поволжьеге сауда мен әскери-саяси одағы 965 ж. Хазар қағандығының күйреуіне жеткізді. X ғасырдың аяғында олар Еділ Бұлғарларына соққы берді.
1.Абилев А.К., Евдокимов В.В. “Казахстан в древности”, Караганды 1991.
2.Учебное пособие по истории Казахстана А.1992
3.Аманжол Күзембайұлы. “История дореволюционного Казахстана”, А.1992.
4.Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін.Төрт томдық, І том. А.1992.
5.Қазақстан тарихы.Очерк: А.1993.
6.Кляшторный С.Г.,Султанов Г.И. “Kaзахстан, летопись трех тысячилетий”,А.1992.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ФКГМА 1-8-2202
МУ
“Организация методической

работы в соответствии с ГОСО

2006 года” 4.07.2007г.

Қарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясы .
Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы.

Дәріс.

Тақырыбы: Қазақстан түркілер дәуірінде VI-X ғ.ғ.

Мамандығы: 051301– Жалпы медицина

Пән: Қазақстан тарихы

Курс:1

Уақыт (ұзақтығы): 50 минут

Қарағанды – 2008ж

Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген

Хаттама № ___ ___ ____ 2008ж.

Кафедра меңгерушісі: О.К.Никитина

• Тақырыбы : Қазақстан түркілер дәуірінде VI-X ғ.ғ.

• Мақсаты: Ортағасырлардағы қазақстан тарихының өзіндік ерекшеліктерін
көрсету. Алғашқы түрік қағанатының құрылу тарихымен, оның
алғышарттарын, тарихи маңызын ашу. Түркілер дәуіріндегі шаруашлықтың
дамуын көрсету.

• Дәріс жоспары:
1. Ерте феодалдық мемлекеттер.
2. VI – X ғ.ғ. аралығындағы Қазақстан жеріндегі мемлекеттік
бірлестіктердің ерекшелігі.
3. Шаруашылық - мәдени даму үрдісі.

• Дәріс тезистері.

Феодалдық құрылыс.VI ғасырда Қазақстанның Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс
аудандарында феолдану процесі жүрді. Түріктердің, түркештердің,
қарлұқтардың, оғыздардың, қимақтардың, қыпшақтардың ертедегі феодалдық
мемлекеттері құрылып, бірін- бірі алмастырды. Әр түрлі аудандардың
шаруашылық, әлеуметтік және мәдени дамуында әркелкілік барған сайын
анығырақ байқала бастады. Жартылай көшпелі және отырықшы мал шаруашылығы
егіншілікпен ұштасқан Қазақстанның Оңтүстігі мен Оңтүстік Шығысындағы
өндіргіш күштер әлі көшпелі мал шаруашылығы үстемділік еткен оның орталық
және Батыс аймақтарына қарағанда жылдамырақ дамыды. Түркі тайпаларының
Қазақстан жеріне Орта Азиядан қоныс аударуы одан әрі жалғасты. V ғасырда
Солтүстік Моңғолиядан Амударияның төменгі ағысына дейінгі жерге Алтай
түріктеріне тәеулді Тирек (Телэ) деп аталған тайпалар қоныстанды. 552 жылы
Бумын (Тумын) қаған басшылық еткен ертедегі феодалдық мемлекет – Түрік
қағандығы құрылды. VI ғасырдың екінші жартысында Түрік қағандығы батыс
бөлігінің билеушілері өз иеліктерінің шекарасын Орта Азияға қарай кеңейте
түсті. 603 жылы Түрік қағандығы Шығыс және Батыс болып дербес екі бөлікке
бөлінді. Батыс Түрік қағандығы Суяб қаласы (Жетісуда) болды. Оның құрамына
Жетісу, Шығыс Түркістанмен қатар Орта Азияның бір бөлігі кірді. Соғды мен
Бұхара батыс түріктеріне тәуелді деген аты болмаса, іс жүзінде біршама
дербес отырды. Батыс Түрік қағандығын қаған басқарды. Оның билігі атадан
балаға мирасқа қалды. Ол мемлекеттің барлық ішкі, сыртқы саяси істерін
басқарды, қағандықтың барлық жеріне билік етті. Қаған өзіне тәуелді
тайпаларда мұрагерлік қызмет атқаратын ұлық, яғбу, шад т.б. осы секілді
жоғарғы қызметтегі әулетті рулардың өкілдеріне арқа сүйеді. Феодалдық
тәуелділіктегі халық қара бодан (қара халық, қараша) деп аталды. Олар
түрлі борыш, міндеттерді, оның ішінде ең бастысы, әскери міндеті (Қан
салығы) өтеуге тиісті болды. Тәуелді тайпалар қағанға алым-салық төлеп
тұрды. Үй немесе семья құлдары болды. Батыс Түрік қағандығындағы ішкі
қырқыс оның әлсіреуіне әкелді. VII ғасырдың аяғында Жетісуда қағандықтағы
түркештер (шулық) мен қара түркештер (ілелік) оқшау шықты. Қаған тағына
қара түркештердің өкілі отырды. 756 ж. Түркеш қағандығы VIII ғасырдың 2-
жартысының басында Алтайдан Жетісуға қоныс аударған түркі тілдес қарлұқ
тайпаларының шабуылынан соң құлады. Қарлұқ қағандығына (766-940) Жетісу мен
Оңтүстік Қазақстан тайпалары кірді. Олардың құрамындағы түркі тілдес
тайпалардың ішінде: тухси, шігіл және азкиш, халадж, чарук, арғу, барсқан,
оғыз, ұйғырлардың бір бөлігі. Жетісу соғдылары болды. Қарлұқ қағандығының
шекарасы Жетісу мен Қашғадариядан Сырдарияның орта ағысы мен Ферғанаға
дейін созылды. Қарлұқтар Ұйғыр қағандығымен соғыс жүргізді. Ұйғыр қағандығы
қырғыздардың шабуылынан 840 жылы құлағаннан кейін қарлұқ тайпалар
бірлестігінің көсемі ябғу түріктердің жоғарғы билеушісінің лауазымы-қаған
атағын алғысы келді.VIII-IX ғасырдың басында қарлұқтар түркештердің соңын
ала бере арабтардың Оңтүстік Қазақстанның жеріне жылжуын тоқтатты. Араб
халифатының құрамына Оңтүстік Қазақстанның бір бөлігі ғана кірді. Исфиджаб
көшпелі түріктердің арасына исламды таратушы орталыққа айналды. VIII
ғасырдың ортасында Жетісуды мекендеуші халық 748 ж. Суябты басып алып
талқандаған, ал 751 ж. Арабтар мен қарлұқтардан күйрей жеңілген қытай
әскерінің басқыншылық әрекеттеріне тойтарыс берді.IX-X ғасырлардың аяғында
Қарлұқ қағандығының Солтүстік-Батысында, Сырдарияның орта және төменгі
ағысында, Арал маңы, Каспийдің Солтүстік жағында, Батыс Қазақстан даласында
оғыздардың ертедегі феодалдық мемлекеті құрылды. Оғыздардың этникалық
құрамы Оңтүстік және Батыс Қазақстанның ежелден келе жатқан жергілікті
тұрғындары (алан, асса т.б.) мен Жетісудан көшіп келген түркі тілдес
тайпалардың (ерте оғыздық Жетісулық топ, қарлұқ, халадж, т.б.) бір бөлігі
қосылуы нәтижесінде қалыптасты. X ғасырда оғыз мемлекетінің астанасы
Янгикент болды. Оғыз жері арқылы Мауараннахр, Иран, Қытай, Кавказ,
Поволжьеге сауда мен әскери-саяси одағы 965 ж. Хазар қағандығының күйреуіне
жеткізді. X ғасырдың аяғында олар Еділ Бұлғарларына соққы берді.
Алайда, XI ғасырдың ортасында оғыз мемлекетін қыпшақтар қиратты. VIII-
XI ғасырларда Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық аудандарын
қимақтар мен қыпшақтардың түркі тайпалары қоныстанды.VIII-IX ғасырларда
қыпшақтар Қимақ тайпалар одағының, ал IX ғасырдың аяғы X ғасырдың басында
Қимақ мемлекетінің қарамағында болды. Оның құрамына қыпшақтардан басқа
эймур, имақ, татар, байандур т.б. тайпалар кірді. Олардың біразы Орта
Азиядан Ертістің жоғарғы ағысы бойына қоныстанды. Қимақтар самани
әулеттері, оғыздар, қарлұқтар тоғұз-ғұз, қырғыздар мемлекетімен сауда
қатынасын жасап тұрды. Бұл қатынастар ара-тұра әскери қақтығыстарға
байланысты кей кездері тоқтап та қалды. Қимақ билеушісінде алғашқыда ябғу
лауазымы бар болса, IX ғасырдың аяғынан бастап түріктің жоғарғы атағымен
хақан деп аталды. Қимақ хақанының билігі атадан балаға мирасқа қалып
отырды. Хақан ел басқару ісінде әскери-тайпа шонжарларына арқа сүйеді
(олардың саны 11). Оларға басқаруға жер бөліп берді. Иелік жерлердің
билеушілері бекініс қамал салып, әскер ұстады. Ішкі әлеуметтік және саяси
қайшылықтар, сондай-ақ XI ғасырдың I-жартысында Орта Азиядан көшпелі
тайпалар-Қыпшақтардың қоныс аударуы, түптеп келгенде Қимақ мемлекетінің
құлауына әкелді. Қазақстан жеріндегі ертедегі феодалдық мемлекеттік
экономикасы отырықшы егіншілікпен тығыз байланыстырылған көшпелі және
жартылай көшпелі мал шаруашылығына негізделді. Маусымдық жайылымдарға
баратын жолдар белгіленіп, үй малының құрамы (жылқы, қой,ешкі,түйе,сиыр)
анықталды. Халықтың отырықшы және жартылай отырықшы топтары егіншілікпен
(тары, бидай, арпа, суармалы жерлерде күріш екті,оңтүстік аудандарда бау,
жүзімдік, бақша өсірді) айналысты.Көшпенділерде бірігіп аңға шығу тек
шаруашылық мақсаты ғана көздеген жоқ, әскери жаттығу орнына да жүрді. Мал
шаруашылық өнімдерін өңдеуге қатысты кәсіби істер дамыды. Темір, күміс,
мыс, алтын өндірілді.
Кәсіби орталықтар,егіншіліктер алқаптар мен көшпелілер даласын
байланыстыратын сауда орталықтары, шығыс пен батысты байланыстыратын
Ұлы Жібек жолындағы керуен жолдарының торабы саналған Сырдария, Талас,
Іле және Шу алқаптарында Исфиджаб, Отырар, Тараз, Янгикент, Баласағұн,
Суяб, Қаялық, Ики оғыз, Мирки (Меркі), Нузкет, Құлан сияқты қалалар
болды.VI-X ғасырларда қалалар саяси орталықтар ретінде ертедегі егінші
және кәсіптік қоныстардың феодалдық бекініс-қорғандарының (Оңтүстік
Қазақстанда және Оңтүстік-батыс Жетісуда), көшпелі билеушілердің
тұрақты қыстау орындарының (Іле алқабында) негізінде пайда болып
қалыптасты. Қалаларда қолөнершілер, ұсақ саудагерлер,дикандар тұрды,
базар, ақша айналымы болды, теңге соғылды.Этникалық құрамы жағынан
халқы аралас болды.Олар Отырар-Қаратау және Жетіасар мәдениетіне
жататын тайпалар тобынан, үйсіндерден, көшіп келген соғдылықтары-
Соғдылардан құралды.VIII-X ғасырларда көшпелі және жартылай көшпелі
түркі халықтары қарлұқтар, түркештердің, отырықшылық өмірге көшу
процесі жүрді. Орта азиялық үлгіге ұқсас жергілікті құрылыс салу
дәстүрі қалыптаса бастады. Ертедегі феодалдық қала құрысшылардың қол
жеткен жоғарғы жетістіктерінің үлгісі Бабаата сарай комплексі мен
Тараздағы Бабабджа-хатун мавзолейі болып табылады. Қолөнершілер шыны,
көзе, металл, ағаштан көркемдік дәрежесі жоғары бұйымдар жасады. Кілем
тоқу, тері илеу істері дамыды.
Іле алқабында, Шу және Талас, Сырдария бойында жаңа қалалар мен
ірі қоныс орындары – Қарашық, Қарнақ, Ашнас, Баршынкент т.б. пайда
болды. Отырар, Исфиджаб, Сығанақ, Тараз, Талғар, Қаялық сияқты ескі
қалалардың Оңтүстік және Оңтүстік батыс бөліктері кеңейтіліп, Орталық
Қазақстанда жаңа қалалар бой түзеді. Торғай, Жыланшық, Кеңгір, Жезді,
Сарысу өзендерінің аңғарынан 60 қаланың орны табылды. Қалалардың
далалық өңірдегі малшылармен сауда жасауы дамып, көршілес және
алыстағы аймақтармен, Орта Азия, Иран, Еділ бойы және орыс елдерімен
сауда қатынасы сақталды.
Суармалы егіншілік ұлғайды. Феодалдық қатынастардың нығаю
процесі бұрынғыша Қарахан мемлекетінің құрамына енген Қазақстанның
Оңтүстік және Оңтүстік шығысындағы аудандарында анығырақ байқалды.
Қарахан мемлекетінің құрылуында 942 ж. (Сатук-Богра ханның кезінде) Х
ғасырдың аяғы мен XI ғасырдың басында Мауараннахрды басып алған Жетісу
мен Шығыс Түркістан жеріндегі қарлұқ бірлестігінің (қарлұқтар,
яғмалар, шігілдер) атқарған рөлі үлкен болды. Алайда, Қарахан
мемлекеті ұзаққа бармады, ақыры ол ильхандар бастаған Шығыс (Жетісу
мен орталыңы Баласағұнның қасындағы Орду болған, артынан Қашғарға
ауысқан Шығыс Түркістан) және Батыс (орталығы Үзгентте, кейін
Самарқанда болған Мауараннахр) болып 2 иелікке бөлінді. Қарахан
мемлекетінде биліктің мұрагерлік, ал жер иемденудің әскери-иелік
жүйесі қалыптасты. Жер хақан (қаған, тамгач-хан) бастаған билік етуші
әулеттің меншігі болып саналды, иелік ретінде туыстары мен жақын
адамдарына бөлініп беріліп, олардан алым-салық алынды. Мұндай тарту
икта, ал оның иесі иктадар немесе мукта деп аталды.
Шаруаларды қанаудың егіншілік аймақтарда жер иесіне өзіне
пайдалануға жер бергені үшін түскен өнімнен үлес беретін сыбағаластық,
ал көшпелі аудандарда бай феодалдардың кедей туыстары өздерін
қамқорлығына алғандары үшін олардың пайдасына түрлі қызмет атқаратын
коммендация деген түрлері болды. Ильхандар мен иктадарлар шартты түрде
берілген жерлерді өздеріне өмірлік мұра етіп қалдыруға тырысты. Ішкі
қырқыс күшейе түсті. XI ғасырдың 2-жартысында Салжұқтармен соғыс
басталды. XII ғасырдың 30-40 жылы Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан жері
Мауараннахр сияқты Қидандар мемлекетінің құрамына кірді.
XII ғасырдың соңы мен XIII ғасырдың басында Орталық Азиядан
Қазақстан жеріне наймандар мен керейттердің біраз бөлігі қоныс
аударды. Орталық Батыс және Солтүстік Қазақстан жерінде көшпелі мал
шаруашылығы және онымен байланысты патриархалдық қатынастардың дамуын
тежеді. Қимақ мемлекеті құлағаннан кейін Ертістен Еділге дейінгі
далалық кен аймақтарда (Шығыс деректерде Дешті Қыпшақ) XI ғасырдың
соңы-XII ғасырдың басында қыпшақтардың мемлекеттік бірлестігі құрылды.
Қыпшақ тайпалары көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығынан
басқа егін егуді, аң, балық аулауды білді. Қыпшақ қоғамы XI-XIII
ғасырдың басында ертедегі феодалдық қатынастар деңгейінде болды. Мүлік
теңсіздігінің негізі болып малдардың жайылымдарға иелік ету правосы
саналды. XI ғасырдың ортасы XII ғасырдың басында қыпшақтардың Оңтүстік
орыс даласында (Қыпшақ даласы) жылжуы барысында қыпшақ тайпаларының
ертедегі феодалдық саяси бөлінетін 2 ірі этнотерриториялық топ: Батыс
қыпшақ (половшылар) және Шығыс қыпшақ (қазақстандық-орта азиялық)
топтары ерекшеленіп шықты. Қыпшақтар Киев Русімен, Кама Бүлғариясымен,
Хорезммен,Орта Азиямен, Таяу Шығыстың басқа да мемлекеттерімен саяси
және экономикалық қатынас жасады. XIII ғасырдың басында Хорезммен
болған соғыстар қазақстандық қыпшақтарды едәуір әлсіретті.
2. Батыс Түрік қағанатының этникалық, экономикалық-әлеуметтік
саяси құрылысы Түркі сөзі (қытайша туркюе) б.з.VI ғасырында
бірінші рет (бір) көшпелі халықтың атауы ретінде пайда болды. Бұл
ғасырда түркілер Монғолиядан және Қытайдың солтүстік шекарасынан Қара
теңізге дейін созылып жатқан ұлы көшпелі империяның негізін қалады.
Қытайлар Тумынь деп атаған (түркі жазбасында Бумин) империяның негізін
қалаушы түлға 552 жылы дүние салды, оның ағасы Естеми (қытайша Шедеми)
Батысты жаулап алған, 576 жылға дейін өмір сүрген. Бастапқыда ағалы-
інілі екеуі бір-біріне тәуелсіз болған,түркілердің мемлекеті және
батыс түркілердің мемлекеті деп атаған.
Сексен жылдай өмір сүрген кезінде Түркі қағандығы дамудың биік
сатысына көтерілді.А.Н.Бернштам бұл жөнінде мынадай қорытынды ұсынды:
Ертедегі түркілердің қоғамдық құрылысы феодалдық қатынастардың ең
ежелгі формаларының бірі болып саналады.Түркі қағандығы Манчжуриядан
Босфор-Киммерияға (Керчен шығанағы) дейін,Енисейдің жоғарғы ағысынан
Амударияның жоғары ағысына дейін созылып жатты, яғни Түркі империясы
ірі табыстарға ие болды. Осылайша Түркі қағандығы саяси және мәдени
мұрасы арқылы Орта Азия мен Оңтүстік шығыс Еуропаға едәуір әсер еткен
алғашқы еуразиялық империяны құрушылар болды. Қағандықтың Оңтүстік
аймағын Бумын қағанның ағасы Естеми билеген кезде түркілер батыста
өздерінің әскери қуатының биік шыңына жетті.
Түркі империясы тұсында (VI-VIIғғ.) Орта Азияның экономикасы
мен
мәдениеті гүлденіп өсті. Сауда, жер өңдеу және қолөнер өте тез дамыды.
Жібек
керуені Қытайдан Византияға қарай Бұхара, Самарқан, Ташкент, Қашқар,
Турфан
арқылы үздіксіз ағылып жатты. Түркі империясының құрылуы мен ыдырауы
түркі
халықтарының Батысқа қарай жылжуына алып келді.Шығыс пен Батыс
мәдениеті
араласып, бірін-бірі байытты.
582-603 жылдары Батыс (Түрік) және Шығыс (Шығыс түрік мемлекеті)

болып екіге бөлінуі түпкілікті аяқталды. Осы жылдар ішінде Шығыс пен
Батыс
Түркі қағандықтарының арасында қантөгіс соғыс толастаған жоқ.
Батыс Түркі қағандығы он тайпаның (он оқ будун) бірігуі
нәтижесінде пайда
болды. Олар Шығыста бес тайпа дулу, Батыстағы бес тайпа нушиби еді.
Батыс
түркі қағандығына Жоңғария мен Орта Азияны біріктірген жерлер және
Шығыс
Түркістанның едәуір бөлігі кірді. Шығыс Түркі қағандығы Моңғолияны
иеленді.
Батыс Түркі қағандығы Шөгуи (618-619) мен Тон-яғбу (619-630) қаған
қағандықтың шығыстағы шекарасын Алтайға дейін жеткізіп, бүкіл Тарим
мен
Памирге дейінгі ұлан-ғайыр аумақта өз билігін жүргізді. Ал Тон-ябғу
қағандықтың
аумағын кеңейту жөнінде саясатты одан әрі жалғастырып, әкімшілік
орталығын
сол кездегі қолөнер мен сауданың маңызды орталығы болған Шу
алқабындағы
Суяб (Тоқмаққа жақын жерде) қаласына көшірілді, жазғы қонысы
Мыңбұлақта
болды (Исфиджабқа жақын жер, Исфиджаб-Сайрам қаласы).
Осы ұлан-ғайыр ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орталық Азия халықтарының өзара байланыстары және түркі жеріндегі Ислам дініне дейінгі діндер
Түркілердің шығу тегі
Қазақстан түркілер дәуірінде X - ХІІІ ғғ
Ұлы Жібек жолы тарихы
Түрік және монғол тайпаларының қалыптасуына байланысты зерттеушілердің ұстанымдары
Алғашқы түркі мемлекеттері
VI-XIII ғасырлардағы Түркі тайпаларының Қазақстандағы орналасуы
Тараз - мұсылман өркениетінің Орталық Азиядағы орталығы
Түрік қағанаты – 551-603 жылдар
Түрік қағанаты мен алғашқы феодалдық мемлекеттердің мәдениеті
Пәндер