Ауыл шаруашылық малдарының морфологиясы мен анатомиясының зертханалық сабақтар жинағы



КІРІСПЕ
ІШКІ МҮШЕЛЕР ЖҮЙЕЛЕРІ
(спланхнология)

Зертханалық жұмыс № 1
АУЫЗ.ЖҰТҚЫНШАҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ
Зертханалық жұмыс № 2
МАЛ ТІСТЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ
Зертханалық жұмыс № 3
ЖҰТҚЫНШАҚ
Зертханалық жұмыс № 4
ӨҢЕШ, ҚАРЫН, ІШЕК ЖӘНЕ ІШЕК БЕЗДЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ
Зертханалық жұмыс №5
ІШЕКТЕР. АС ҚОРЫТУ БЕЗДЕРІ
Зертханалық жұмыс № 6

ТОҚ ІШЕКТЕР. АС ҚОРЫТУ БЕЗДЕРІ
Зертханалық жұмыс № 7
МҰРЫН ҚУЫСЫ
Зертханалық жұмыс № 8
ТЫНЫС ЖОЛДАРЫ
Зертханалық жұмыс № 9
ӨКПЕНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ
Зертханалық жұмыс № 10
НЕСЕП ШЫҒАРУ МҮШЕЛЕРІ
Зертханалық жұмыс № 11
АТАЛЫҚ КӨБЕЮ МҮШЕЛЕРІ
Зертханалық жұмыс № 12
АНАЛЫҚ КӨБЕЮ МҮШЕЛЕРІ
Зертханалық жұмыс № 13
ІШКІ СЕКРЕЦИЯ БЕЗДЕРІ
Зертханалық жұмыс № 14
ЖҮРЕКТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ
Зертханалық жұмыс № 15
ҚАН АЙНАЛУ ШЕҢБЕРІ
Зертханалық жұмыс № 16
КЕУДЕЛІК АОРТА ЖӘНЕ ОНЫҢ ТАРМАҚТАРЫ
Зертханалық жұмыс № 17
ҚҰРСАҚТЫҚ АОРТА ЖӘНЕ ОНЫҢ ТАРМАҚТАРЫ
Зертханалық жұмыс № 18
БАС АРТЕРИЯЛАРЫ
Зертханалық жұмыс №45
АЛДЫҢҒЫ АЯҚ АРТЕРИЯЛАРЫ
Зертханалық жұмыс № 20
ЖАМБАС ҚУЫСЫ ҚАБЫРҒАСЫНЫҢ ЖӘНЕ ОНЫҢ ІШКІ МҮШЕЛЕРІНІҢ АРТЕРИЯЛАРЫ
Зертханалық жұмыс № 21
ВЕНА ҚАН ТАМЫРЛАРЫ
Зертханалық жұмыс № 22
ЛИМФА АЙНАЛУ ЖҮЙЕСІ
Зертханалық жұмыс № 22
ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ
(неврология)
Зертханалық жұмыс №49
ЖҰЛЫН, ОНЫҢ ҚАБЫҚТАРЫ
Зертханалық жұмыс № 24
МИ, ОНЫҢ БӨЛІМДЕРІНІҢ ҚАБЫҚТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ
Зертханалық жұмыс № 25
ИЫҚТЫҚ ТОРАП, КЕУДЕЛІК ЖӘНЕ БЕЛДІК ЖҮЙКЕЛЕР
Зертханалық жұмыс № 26
БАСТЫҚ ЖӘНЕ ҚҰЙЫМШАҚТЫҚ ЖҮЙКЕЛЕР
Зертханалық жұмыс № 27
ВЕГЕТАТИВТІК ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ. СИМПАТИКАЛЫҚ БӨЛІК.
Зертханалық жұмыс № 28
ПАРАСИМПАТИКАЛЫҚ БӨЛІК
Зертханалық жұмыс № 29
СЕЗІМ МҮШЕЛЕРІ
Зертханалық жұмыс № 30
ҚҰСТАР АНАТОМИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Пайдаланылған әдебиеттер:
Морфология, оның ішінді жануарлар анатомиясы – пәнін тыңғылықты меңгеруде, практикалық дайындыққа аса көңіл бөлінген қайта құру кеңесінде студенттер үшін лабораториялық сабақтардың маңызы өте зор. Лабораториялық сабақтарда, лекцияларда өтілген теориялық материялдар мүқият зерттеліп, делелденіп, тұжырымдалады. Бұл сабақтарда мал ағзаіндегі жеке мүшелер, мүшелер жүйелері, олардың оргонизмдегі орналасу орны, құрылысы, пішіні, түрі, тек атластар, түрлі - түсті таблицалар, муляждар және әртүрлі оқу құралдарының көмегімен ғана зерттеліп қоймай, көптеген арнайы әдістерді пайдалана отырып дайындалған және белгілі бір ертінділерде сақталған мал ағзаі мүшелерінің препараттары тексеріледі. Бұл препарттар мал өліктерінен /мәйіттерінен/ алынады. Сабақ барысында студенттер лекцияларда айтылған мәліметтерге сүйене отырып, методикалық нұсқаулардың кемегімен,осы сабаққа арналған препараттардың құрылысын эертттейді. Сабақтың барысында берілген мүшелердің құрылысы тексеріледі. Олардың табиғи түсіне, мөлшеріне, пішініне, ағзадегі орналасу орнына және атқаратын қызметтеріне аса көңіл бөлінеді. Бұдан соң, методикалық нұсқаулардағы сұрақтардың көмегімен студенттер жаттығу жұмысын жүргізеді. Сабақтың соңыңда олар сабақ беруші мұғалімге жұмыс барысында дайындалған, меңгерілген, тұжырымдалған материалды тапсырады. Лабораториялық сабақтарды осылай етіп оқу, болашақ мал мамандарының білім негізін қалауға көп септігін тигізері анық.
Ал, лабораториялық сабақтарда толық меңгерілмей қалған материалды, студенттердің өздері, көп уақыт оздырмай, сабақтан тыс кездерде кафедра аудиторияларына келіп, өз бетімен еңбектенудің нәтижесінде толықтыруы керек. Зерттелген материалдың түсініксіз жерлерін кезекші мұғалімнің көмегімен меңгерген де жөн.
1 Жаңабеков К., Махашов Е.: Жануарлар анатомиясы. —Алматы, «Білім»,1996.
2 Хрусталева И.В. және т.б. Анатомия домашних животных. Учебник, М. «Колос», 1994.
3 Акаевский А.И. және басқалар. Анатомия домашних животных. Учебник, -М., «Колос», 1984.
4 Акаевский А.И., Лебедев М.И. Анатомия домашних животных. Учебное пособие. — М., «Высшая школа», 1971.
5 Боккен Г.Г., Глаголов П.А., Боголюбский С.Н. Анатомия домашних животных. Учебное пособие. —М., «Высшая школа», 1961.
6 Гиммельрейх Г.А. и др. Анатомия домашних животных. Учебное пособие. —Киев, «Высшая школа», 1980.
7 Жеденов В.Н. Анатомии домашних животных. Учебное пособие. — М., «Высшая школа», 1965, 1973, 1977.
8 Осипов И.Я. Анатомия домашних животных. І-ІІ часть. - М., «Колос», 1965, 1972, 1977.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 146 бет
Таңдаулыға:   
лНИЯЗБЕКОВА А.Б.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МАЛДАРЫНЫҢ МОРФОЛОГИЯСЫ МЕН АНАТОМИЯСЫНЫҢ
ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАР ЖИНАҒЫ

Шымкент

КІРІСПЕ

Морфология, оның ішінді жануарлар анатомиясы – пәнін тыңғылықты
меңгеруде, практикалық дайындыққа аса көңіл бөлінген қайта құру кеңесінде
студенттер үшін лабораториялық сабақтардың маңызы өте зор. Лабораториялық
сабақтарда, лекцияларда өтілген теориялық материялдар мүқият зерттеліп,
делелденіп, тұжырымдалады. Бұл сабақтарда мал ағзаіндегі жеке мүшелер,
мүшелер жүйелері, олардың оргонизмдегі орналасу орны, құрылысы, пішіні,
түрі, тек атластар, түрлі - түсті таблицалар, муляждар және әртүрлі оқу
құралдарының көмегімен ғана зерттеліп қоймай, көптеген арнайы әдістерді
пайдалана отырып дайындалған және белгілі бір ертінділерде сақталған мал
ағзаі мүшелерінің препараттары тексеріледі. Бұл препарттар мал өліктерінен
мәйіттерінен алынады. Сабақ барысында студенттер лекцияларда айтылған
мәліметтерге сүйене отырып, методикалық нұсқаулардың кемегімен,осы сабаққа
арналған препараттардың құрылысын эертттейді. Сабақтың барысында берілген
мүшелердің құрылысы тексеріледі. Олардың табиғи түсіне, мөлшеріне,
пішініне, ағзадегі орналасу орнына және атқаратын қызметтеріне аса көңіл
бөлінеді. Бұдан соң, методикалық нұсқаулардағы сұрақтардың көмегімен
студенттер жаттығу жұмысын жүргізеді. Сабақтың соңыңда олар сабақ беруші
мұғалімге жұмыс барысында дайындалған, меңгерілген, тұжырымдалған
материалды тапсырады. Лабораториялық сабақтарды осылай етіп оқу, болашақ
мал мамандарының білім негізін қалауға көп септігін тигізері анық.
Ал, лабораториялық сабақтарда толық меңгерілмей қалған материалды,
студенттердің өздері, көп уақыт оздырмай, сабақтан тыс кездерде кафедра
аудиторияларына келіп, өз бетімен еңбектенудің нәтижесінде толықтыруы
керек. Зерттелген материалдың түсініксіз жерлерін кезекші мұғалімнің
көмегімен меңгерген де жөн.

ІШКІ МҮШЕЛЕР ЖҮЙЕЛЕРІ
(спланхнология)

Ішкі мүшелер жүйелеріне азық қорыту, тыныс алу, зәр бөлу және көбею
(аталық және аналық) мүшелері жатады Бұлар негізінен дененің көкірек,
құрсақ және жамбас қуыстарында орналасып, қоршаған сыртқы ортамен денеден
табиғи тесіктер арқылы қатысады. Ішкі мүшелер жануарлар ағзаі мен қоршаған
сыртқы орган арасындағы зат алмасу және көбею процестерін іс жүзіне асырады
Азыққорыту ашараты ағзаді қоректік заттар және сумен, тыныс алу оттегімен
камтамасыз етеді. Зат алмасу нәтижесінде қалдық және пайда болған ыдырау
өнімдері азық қалдығы, азық қорыту, көмірқышкыл газ, тыныс алу, белоктық
және азоттық алмасу өнімдері, артықсу, керексіз тұздар, дәрі-дәрмектер, улы
заттар зәр бөлу мүшелері арқылы сыртқа шығарылады. Аталық және аналық
көбею мүшелері жануарлар түрлері ұрпақтарының сақталуы мен ұдайы көбеюін
қамтамасыз етеді.
Ішкі мүшелер жүйелері жалпы құрылысы ұқсас екі түрлі түтікше және
паренхималы мүшелерден түрады Қуысты түтікше мүшелердің қабырғалары үш ішкі
кілегейлі, ортаңғы етті немесе талшықты-шеміршекті (тыныс алу мүшелерінде)
және сыртқы сірлі (дене қуыстарында жатқан мүшелерде) қабықтардан тұрады.
Дене қуыстардан тыс жатқан мүшелер сыртынан адвентиция қабығымен (борпылдақ
дәнекер ұлпасынан тұрады) қапталады.
Кілегейлі қабық түтікше ішкі мүшелердің көпшілігінде ішек типтес
болады. Ол негізінен төрт қабаттан құралған. Оларға ішкі қабаттан кілегейлі
қабықтың сыртына қарай:
эпителий қабаты түтікше ішкі мүшелердің ішкі бетін жабын үлпасы ретінде
астарлайды. Себебі, олар қуыстары дененің табиғи тесіктері арқылы қоршаған
сыртқы ортамен қатысады. Түтікше мүшелердің кілегейлі қабықтары, олардың
дене қуыстарындағы орналасу орындары мен атқаратын қызметіне байланысты
құрылысы әр түрлі эпителий үлпасымен, дененің сыртқы бетіне жақын мүшелерде
көпқабатты эпителиймен, ал зат алмасу процесі
белсенді жүретін мүшелерде бірқабатты эпителиймен, ал зат алмасу
процесі белсенді жүретін мүшелерде бірқабат эпителиймен
астарланған өзіндік такташа қоректендіретін қан және лимфа тамырларына бай
борпылдақ дәнекер ұлпасынантүрады;
етті тақташа мүшелердің қызметіне сәйкес түрлі деңгейде, қатпарлы кілегейлі
қабықта күшті, ал беті тегіс кілегейлі қабықта нашар жетілген. Бұл қабатты
өз кезегінде бір немесе екі кабатта жатқан бірыңғай салалы ет ұлпасының
миоциттері қүрайды;
кілегейлі асты негіз кұрамында ірі кан және лимфа тамырлары мен лимфа
түйіншелері және интрамуральды (кабырғалық) жүйке тораптары болатын
борпьшдақ дәнекер үлпасынан түрады.
Ал кейбір мүшелердің кілегейлі қабықтары, мысалы, ауыз және мүрын
қуыстары мүшелерінің кілегейлі қабықтары құрылысы жағынан тері типтес болып
келеді. Ол тек екі: эпителий және өзіндік тақгаша қабаттарынан ғана түрады.
Етті кабық түтікше мүшелердің ортаңғы қабығы. Ол өз кезегінде: ішкі
сақинаша және сыртқы ұзынша (бойлама) қабаттардан тұрады. Етті қабық
кабықтарын негізінен бірыңғай салалы ет ұлпасы құрайды. Тек, дененің сыртқы
табиғи тесіктеріне жақын орналасқан мүшелердің етті қабығы қабаттарын
(жұтқыншақ, өңеш, тік ішектің соңғы бөлігі мен анус, несеп-жыныс кіреберісі
т.б.) ерікті жиырылатын көлденең жолақгы бүлшық ет үлпасы қүрайды. Ал тыныс
алу түтікше мүшелерінің (көмекей, кеңірдек, бронхтар) ортаңғы қабықтары -
талшықты-шеміршекті қабықган тұрады.
Сірлі қабық дене қуыстарында жатқан мүшелерді сыртынан қаптайды. Ол екі
қабаттан: ішкі борпылдақ дәнекер ұлпалық негізден және сыртқы бірқабатты
жалпақ эпителий қабатынан немесе мезотелийден тұрады. Дене қуыстарынан тыс
жатқан мүшелер (өңештің, кеңірдектің мойын бөліктері, көмеқей, жүтқыншақ,
тік ішек. қынап т.б.) сыртынан ндвентиция қабығымен қапталады. Ол борпылдақ
ншіекер ұлпасынан тұрады.
Қомақты паренхималы мүшелер ішкі мүшелер жүйелері кұрамына жеке мүшелер
ретінде кіреді немесе олар түтікше мүшелердің қабырғаларында орналасады.
Олар негізінен ішкі мүшелер жүйелеріндегі бездер.
Без өзінен арнайы сөл бөлетін кұрылысы қомақты иаренхималы мүше.
Бездерге сілекей, өңеш, қарын, ішек бездерін, үйқы безін, жыныс бездерін,
бүйректі, ішкі секреция (эндокринді) бездерін т.б. жатқызуға болады. Шығару
өзегі арқьшы сыртқы ортаға шығарылатын без сөлі секрет, ал ағзаның ішкі
сүйық ортасына (қанға, лимфаға, ұлпа сұйығына) бөлінетін бөліндіні инкрет —
деп атайды. Жануарлар денесінен сыртқы ортаға шығарылатын ыдырау өнімдері
мен улы заттарға бай, ағзаге керексіз бөліндіні экскрет (зәр, тер т.б.) —
дейді.
Без кұрылысы жағынан паренхималы мүше. Ол бір-бірімен тығыз байланыста
қызмет аткдратын паренхимадан және стромадан тұрады. Паренхима бездің
негізгі қызметін атқаратын жұмысшы бөлігі. Бездердің паренхимасын негізінен
безді эпителий ұлпасы кұрайды. Ал кейбір эндокринді бездерде без
паренхимасы жүйке ұлпасынан да тұрады. Строма без паренхимасы бөліктерін
өзара байланыстырып, безді біртұтас мүше ететін дәнекер ұлпалық аралық.
Строма арқылы безді қоректік заттармен қамтамасыз ететін қан мен лимфа
тамырлары және без жұмысын реттейтін жүйкелер өтеді.
Бездердің жіктелуі. Без сөл бөлу сипатына қарай үлкен екі топқа: ішкі
және сыртқы секреция бездері болып бөлінеді. Ішкі секреция бездері немесе
эндокринді бездер инкреттерін ағзаның сұйық ішкі ортасына (қанға, лимфаға,
ұлпа сүйығына) шығарады. Эндокринді бездердің шығару өзектері болмайды.
Олар тек қана бөлінді бөлетін соңғы бөлімдерден тұрады. Ал сыртқы секреция
бездері немесе экзокринді бездер секреттерін шығару өзектері арқылы
қоршаған сыртқы ортаға немесе сыртқы ортамен қатысатын түтікше мүшелердің
қуысына шығарады.
Бездер құрылысына қарай: бір торшалы және көп торшалы бездер болып
бөлінеді. Бір торшалы бездер төменгі сатыдағы жануарларға тән. Сүтқоректі
жануарлардағы бір торшалы бездердің өкілі құты (бокал) төрізді торшалар.
Бүлар кеңірдектің, бронхтардың, ішектің эпителий қабаттарында,
эпителиоциттер аралық-тарында орналасады. Сондықтан, құты тәрізді бездерді
эндоэпите-лиальды бездер — деп атайды. Бұлар эпителий қабатының ішкі бетін
сылап түратын кілегей бөледі.
Көп торшалы бездер мүшелер эпителий қабаттарының ас-тындағы қабаттарда
немесе түтікше мүшелер қабырғаларынан тыс орналасады. Сондықтан, бұларды
экзоэпителиальды бездер — деп атайды. Көп торшалы бездер орналасу
орындарына қарай: қабырғалық (интрамуральды) және қабырғадан тыс
(экстрамуральды) бездер болып бөлінеді. Қабырғалық бездер түтікше
мүшелердің қабырғасында, кілегейлі қабық эпителий қабатының астындағы
қабаттарда орналасқан майда бездер. Олар секретін өзектері арқылы түтікше
мүшелердің (кеңірдек, өңеш, ішек, жатыр т.б.) қуысына шығарады. Кабырғадан
тыс бездер түтікше мүшелер қабырғаларынан тыс жатқан ірі бездер (бауыр,
үйқы безі т.б.). Бүлардың өзектері де, түтікше мүшелер қуыстарына ашылады.
Көп торшалы сыртқы секреция бездері екі бөлімнен: секрет бөлетін соңғы
бөлімнен және без өзегінен тұрады.
Без өзегінің тарамдалу сипатына байланысты бездер: қарапайым және
күрделі болып бөлінеді. Қарапайым бездердің өзектері тарамдалмайды, ал
күрделі бездердің өзектері, керісінше, бірнеше тарамға ажырайды.
Соңғы бөлімдерінің пішініне қарай бездер: көпіршікше (альвеолалы),
түтікше және көпіршікше-түтікше бездер болып бөлінеді. Көпіршікше бездердің
соңғы бөлімінің пішіні көпіршік немесе кеңейген қапшық тәрізді болып
келеді. Көпіршікше бездерге терінің май бездері, шықшыт (қүлақ түбі)
сілекей безі жатады. Түтікше бездердің соңғы бөлімдерінің пішіні түтік
тәрізді болып келеді. Түтікше бездерге қарын, жалпы ішек, жатыр бездері
жатады. Ал көпіршікше-түтікше бездерге соңғы бөлімдерінің пішіні көпіршік
және түтік тәрізді болып келетін бездер жатады. Бұларға: төменгі жақ және
тіласты сілекей бездері жатады. Бездерден секрет үш түрлі: мерокринді,
апокринді және голокринді жолмен бөлінеді. Мерокринді эккринді секрет
бөлу кезінде, безді торшалар гландулоциттер цитоплазмасында түзілген сөл,
олардың плазмолеммалары арқылы диффузды жолмен сүзіліп өтеді. Бөліндіні
бөлу кезінде гландулоциттердің бүтіндігі бүзылмайды. Сілекей бездері
сілекейді мерокринді жолмен бөледі. Апокринді секрет бөлу кезінде, сөл
гландулоциттердің жоғарғы бос (апикальды) үшына жиналады да, торшаның
апикальды ұшы үзіліп, секрет тамшысына айналады. Секрет бөлу кезівде
гландулоциттердің бүтіндігі жартылай бүзылады. Апокринді жолмен тер, сүт
бездерінің секреттері бөлінеді. Голокринді секрет бөлу кезінде,
гландулоциттердің цитоплазмасы сөлге толып, безді торшалар толық бұзылып
жарылады да, секретке айналады. Голокринді жолмен терінің май бездері
секреттерін бөледі.

Зертханалық жұмыс № 1

АУЫЗ-ЖҰТҚЫНШАҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ

Жұмыстың мақсаты: Ауыз қуысы мүшелері құрылыстарын зерттеу.

Құрал-жабдықтар: Әртүрлі мал бастарының сагиттальдік жануарлар тілдері,
муляждар, атластар мен түрлі-түсті таблицалар.

Жұмыстың мазмұны:
Ас қорыту жүйесі – мал ағзасында тамақты қабылдау, ұсақтау, жібітіп
араластыру, жұту, қорыту, сіңіру, азық қалдығын сыртқа шығару қызметтерін
атқаратын ішкі мүшелерден құралады. Бұл жүйенің жалпы пішіні ұзын түтікше
болып келеді. Ол сыртқы ортамен дененің алдыңғы жағындағы ауыз саңылауы
және артқы бетіндегі артқы тесік – анус-арқылы жалғасады. Түтікше мүшелер
ретінде ас қорыту жүйесін тқрт бөлімге бөледі:
1.Бас бөлімге ауыз қуысының мүшелері және жұтқыншақ жатады. Бірге
ауызжұтқыншақ деп аталады.
2. Алдыңғы бөлімді өңеш пен қарын құрайды.
3. Ортаңғы бөлімді аш ішек пен ірі ас қорыту бездері – бауыр мен ұйқы
безі түзеді. өз кезегінде аш ішек үш бөліктен он екі өлі, ащы және мықындық
ішектерден тұрады.
4. Артқы бөлімді тоқ ішек құрайды. Оған бүйен, жиек және тік ішектер
жатады.
Түтік тәрізді мүшелердің қабырғасы үш: ішкі-кілегейлі, ортаңғы-
еттік, сыртқы-сірілі қабықтан тұрады. Дене қуыстарынан тыс орналасқан
мүшелерде сірілі қабықты адвентиция ауыстырады.
Кілегейлі қабық – ас қорыту мүшелерінің ішкі бетін астарлап жатады.
Ауыз қуысы мен жұтқыншақтың кілегейлі қабықтары тері типтес екі: эпителий
(ішкі) және дәнекер ұлпасынан тұратын өзікдік пластинка қабаттарынан
тұрады. Ал қалған мүшелердің кілегейлі қабықтары төрт қабаттан түзілген.
Оларға: эпителий, өзіндік пластинка, ет және кілегейлі астылық қабаттар
жатады. Бұлардың әртүрлі күрделі құрылыс ерекшеліктері түтікше ас қорыту
мүшелерінің өз қызметтерін атқару кезінде созылып, қысқарып, кеңейіп
тұруына жағдай тудырады. Кілегейлі қабықта ас қорытуға қажетті сөл бөліп
тұртын бездер, осы мүшелердің қызметін іске асыратын қан мен лимфа
тамырлары, мүшелер жұмысын реттейтін жүйкелер болады.
Еттік қабық- кілегейлі қабықтың сыртында орналасады. Өз кезегінде ол
ішкі сақинаша және сыртқы ұзынша қабаттардан түзіледі. Осы қабаттардың
кезекте жиырылуы нәтижесінде ішек- қарындардың толқындала жиырылуы пайда
болады да, қуысындағы азықтың бір мүшеден екінші мүшеге өтуіне жағдай
жасалынады. Табиғи тесіктерге жақындаған сайын бұл қабық орналасқан
көлденең жолақты еттік ұлпадан тұрады. Ал мүшелер аталған тесіктерден
алыстаған сайын бірыңғай салалы еттік ұлпаға ауысады.
Сірілі қабық – түтікше мүшелердің сыртқы қабығы. Ол негізінен кеуде,
құрсақ, жамбас қуыстарында орналасқан түтікше мүшелерді сырттан қаптап,
өзінен сір сұйықтығын бөліп отырады.
Сір сұйықтығы жоғарыда аталған қуыстардағы мүшелердің жиырылуы,
созылуы кезінде бір-бірімен жабыспауына, олардың өзавра сырғанай қозғалуына
қолайлы жағдай туғызады. Сірілі қабық екі қабаттан тұрады. Олар: ішкі
дәнекерұлпалық және сыртқы бір қабат жалпақ эпителий торшаларынан тұратын
мезотелий қабаттар. Дене қуыстарынан тыс жатқан түтікше мүшелерді
(жұтқыншақты, өңешті, мойын бөлігі, тік ішектің соңғы жамбастық бөлігі)
сыртынан борпылдақ дәнекер ұлпалық қабық –адвентиция қаптайды.
Ауыз қуысы. Ауыз қуысы ас қорыту жүйесінің алдыңғы мүшесі. Ауыз ас
қорыту жүйесінің бас бөлімі құрамына кіреді. Ол жұтқыншақпен жалғасады.
Жануарлар ауыз арқылы азықты тістеп үзеді, шайнайды, сілекеймен жібітіп
ұсақтайды, тілмен араластырып жұтуға жұтқыншаққа қарай айдайды. Ауыздың
қаңқасын бас сүйектің төменгі, жоғарғы жақтық және тұмсықтық сүйектері
құрайды. Ауыздың мүшелеріне еріндер, ұрт, қызыл иек, төменгі және жоғарғы
тісқатарлары қатты және жұмсақ таңдай, тіл жатады. Бұлар ауыз қаңқасына
ретімен орналасып, ауыз қуысының қабыфрғасын түзеді. Ауыз еріндер
арасындағы ауыз саңылауы арқылы сыртқы ортамен, жұмсақ таңдай мен тіл
түбірі аралығындағы тамақ тесігі арқылы жұтқыншақпен қатысады.
Ауыз қуысы екі бөліктен тұрады. Олар: сыртқы қабырғасы еріндер мен
ұрттан, ішкі қабырғасы қызыл иек пен тістерден тұратын ауызға кіреберіс
және қызыл иек пен тістерден жұтқыншаққа дейінгі аралық- негізгі ауыз
қуысы.
Еріндер. Жоғарғы және төменгі еріндер екі бүйірден бір-бірімен
жалғасып, ауыз бұрышы-езуді құрайды. Еріндер аралығында тесікті ауыз
саңылауы деп атайды. Ерін құрылы жағынан терілі-етті мүшеге жатады. Ортаңғы
қабығының негізін ауыздың дөңгелек еті түзеді. Ал ішкі жағынан кілегейлі
қабықпен астарланған. Жылқы мен ұсақ малдардың еріндері өте қозғалмалы
келеді. Еріннің көмегімен аталған малдар ірі талшықты жем-шөпті қабылдайды.
Бұнымен қатар ол сезім мүшесінің қызметін де атқарады. әдетте, еріннің
сыртқы тері қабаттарында сезім түтіктері орналасады. Олар көбіне жоғарғы
ерінде орын тепкен. Ерін терісі ауыз қуысының қабығына ауысады. Кілегейлі
қабықтың ішкі бетін мүізделінетін көп қатарлы жалпақ эпителий ұлпасы
астарлайды. Эпителийдің астында кілегейлі қабықтың борпылдақ дәнекер
ұлпасынан тұратын қабаты - өзіндік пластинка жатады. Сөйтіп, ауыз қуысының
кілегейлі қабығы тері типтес, яғни екі қабаттан түзілген. Ол негізінен
қорғаныс қызметін атқарады.

_________________________8-СХЕМА___ _____________________

Ауыз қуысы
Жұтқыншақ
1.Ауызға кіреберіс
2.Негізгі ауыс қуысы

9- СХЕМА

Төбесі: таңдайлық білеуліктер

қатты таңдай таңдайлық жік

таңдай доғасы
жұмсақ таңдай
таңдай-жұтқыншақ доғасы
(таңдай шымылдығы)
Ауыз таңдай-тіл доғасы
қуысы

түбі:
мехникалық
тіл ұшы бүртіктер:
тіл жіпше,
тіл денесі бүр- конусша
тіл тік-
тіл түбірітері дәм сезу
тіл арқасы бүртіктері

саңырауқұлақша, қорғанша,

жапырақша

алдыңғы қабырғасы:

еріндер жоғарғы
төменгі
бүйір қабырғасы:
ұрт
тіс: күрек
сойдақ
премоляр-алдыңғы азу
моляр-нағыз азу құлақ түбі безі
қызыл иек
төменгі жақтық без
сілекейлік бездер тіластылық без

Еріндер кілегейлі қабықтарының жоғарғы және төменгі қызыл иектерге
ауысатын жерлері кілегейлі қабық қаптарларынан түзілген жоғарғы және
төменгі төменгі ерін жүгеншіктерін жасайды. Езу маңындағы еріндер кілегейлі
қабығында қабырғалық сілекей бездерінің тесіктері байқалады.
Ерекшеліктері: жылқының еріндері қалың, ұзын және қозғалмалы келеді.
Төменгі ерін жақсы жетілген иекпен жалғасады. Ерін езуі азу тістің басталар
тұсының алдында орналасады.
Ірі қара малдың да еріндері қалың келеді. Бірақ ол қысқа және нашар
қозғалады. Төменгі ерін нашар қозғалады. Жақсы жетілген ерін иегінде өте
сезімтал сүйекше болады, бүртіктер байқалады. Жоғарғы еріннен мұрын
тесігіне дейінгі аралықта пигменттелмеген түксіз терілім аумақ-қаңсар
созылып жатады. Қаңсар сірілі бездерге бай келеді. Бұл бездер үздіксіз сір
сұйықтығын бөліп тұрады. Осы сұйықтың нәтижесінде қаңсардың сыртқы беті
әруақытта дымданып салқын болып тұрады. Ерін езуі азу тістерінің алдыңғы
жағында орын тепкен.
Қой мен ешкінің еріндері ұзын, қозғалмалы келеді. Жоғарғы ерінде су
ағар сайы болады.
Шошқаның жоғарғы ерні түксіз жалпақ танаумен жалғасады. Төменгі ерін
үшкірлеу болып келеді. Ерін езулері 3-4-ші азу тістерінің қатарына дейін
созылады.
Ұрт құрылысы жағынан ерінге ұқсас терілі-етті мүше. Ол сыртынан
терімен, ал ішкі беті ауыз қуысының кілегейлі қабығымен қапталған. Ұрттың
ортаңғы қабығының негізін ұрт еттері түзеді. Ол ерін езуінен қанатша-
төменгі жақтық қатпарға дейін созылып жатады. Азықты тиянақты шайнап жейтін
жануарлардың ұрты жақсы жетілген. Ұрттың ұзындығы ауыз саңылауының
ұзындығына байланысты. Ауыз саңылауы ұзын болған сайын ұрт қысқарады.
Мысалы, иттің езуі ұзын да, ұрты қысқа. Бұған керісінше шөппен қоректенетін
жануарларда ұрт ұзын да, ауыз қысқа келеді. Ұрттың іші кілегейлі бетінде 3-
4-ші азу тістері тұсында құлақ түбі сілекей без өзегінің бүртігі ашылады.
Ұрттың кілегейлі қабығында қабырғалық ұрт сілекей бездері болады. әсіресе
олар шөппен қоректенетін жануарларда жақсы дамыған. Ұрт бездері дорсальдік
және вентральдік болып екіге бөлінеді. Олар жоғарғы және төменгі тіс
доғалары деңгейлерінде езуден үлкен шайнау еті аралығында орын тебеді.
Ерекшеліктері: Жылқыда ұрт ұзын болып келеді. Құлақ түбі без өзегі 3-
ші азу тіс тұсында ашылады.
Ірі қара мал ұртының кілегейлі қабығында ауыз саңылауына кері
бағытталған конусша бүртіктер орналасады. Олар ауыз қуысындағы азықтың кері
түспеуін қамтамасыз етеді. Құлақ түбі без өзегі 5-ші азу тіс қатарында
ашылады.
Қой мен ешкі ұртында да конус тәрізді бүртіктер бар. Құлақ түбі без
өзегі 4-ші азу тіс тұсында ашылады. Шошқа без өзегі 4-5-ші азу тістің
деңгейінде ашылады.
Қызыл иек – жақ сүйектерінің тістік жиектерін қаптап, тістерді тіс
ұяларына бекітіп тұратын ауыз қуысының кілегейлі қабығын қызыл иек пен
соңғы азу тістер деңгейінде жоғары жатқан төменгі жаққа қарай қатпарланып
созылып, қанатша-төменгі жақтық қатпар түзеді. Қызыл иек қан тамырларына
бай, бірақ сезімталдығы нашар.
Қатты таңдай- ауыз қуысының төбесін құрайды. Ол ауыз қуысын мұрын
қуысынан бөліп тұрады. Қатты таңдайдың негізін сүйек таңдай құрайды. Қатты
таңдай ауыз қуысының кілегейлі қабығынан түзілген. Орталық сагиттальдік
сызық бойымен қатты таңдайда таңдай жігі өтеді. Таңдай жігінен оңға және
солға көлденеңінен созылып, таңдайлық білеуліктер орналасады. Күрек тістің
артқы жағында таңдай жігінің бойында күрек тісітік бүртік байқалады. Оның
екі бүйіріне ауыз қуысы мен мұрын қуысын жалғастырып тұратын күректістік
жұп өзек ашылады. Қатты таңдайдың екі бүйірі қызыл иекке, ал артқы жағы
жұмсақ таңдайға ауысады.
Ерекшеліктері: Жылқыда күректістік бүртік тек жас құлындарда ғана
жақсы байқалады. Таңдай білеуліктерінің пішіні доға тәріздес болып келеді.
Саны 16-18. Кілегейлі қабық астында өте жақсы жетілген веналық өрім болады.
Ірі қара мал таңдайында 15-20 шақты білеуліктер орналасады. Олрадың бірінші
12-де артқа қарай бағытталған өткір тісшелі қырлары болады. Негізгі
білеуліктер аралығында ұсақ білеуліктер жатады. Соңғы 3-6 білеуліктердің
қырлары тегістеу келеді. Қатты таңдайлық кілегейлі қабық астында кілегей
бөлетін таңдайлық без орналасады.
Қойдың қатты таңдайында 14, ал ешкі де 12, шошқада 20-22 таңдай
білеуліктер болады. Қатты таңдай кілегейлі қабыфғында жеке лимфа
бадамшалары жақсы жетілген.
Жұмсақ таңдай – немесе таңдай шымылдығы қатты таңдайдың тікелей
жалғасы. Жұмсақ таңдайдың негізі бұлшық еттерден түзілген, ол екі жағынан
кілегейлі қабықтармен қапталған қозғалмалы мүше. Ол ауыз қуысын
жұтқыншақтан бөліп тұрады. Сондықтан оны екі: ауыздық және жұтқыншақ беті
болады. Жұмсақ таңдайдыңартқы ойыс жиегін таңдайлық доға деп атайды. Ол екі
бүйірінен жұтқыншаққа қарай бағытталып, оң және сол таңдай – жұтқыншақтық
доға түзеді. Таңдайлық доға мен тіл түбірінің арасындағы ауыз қуысын
жұтқыншақпен жалғастыратын тамақ тесігін есін деп атайды. Осы доғаның арт
жағында, тіл түбірінің екі бүйірінде таңдайлық бадамша орын тебеді.
Жұмсақ таңдайдың кілегейлі қабығында кілегей бөлетін таңдай бездер
болады. Жұмсақ таңдайдыңжұтқыншақ бетіндегі кілегейлі қабығы көп қатарлы
кірпікшелі эпителиймен астарланған, ал ауыз қуыстық бетіндегі бетіндегі
кілегейлі қабығы көп қабатты жалпақ эпителиймен қапталған.
Таңдай шымылдығының еттері. Таңдайлық ет – жұмсақ таңдайдың негізін
құрайды. Ол таңдайлық сүйектің артқы жиегінен басталып, таңдайлық доғаға
бағытталады. Ол жұту актінен кейін жұмсақ таңдайды қысқартады.
Таңдай шымылдығын көтеруші ет – самайлық еттік өсіндісінен басталып,
таңдай шымылдығының орта тұсына келіп аяқталады. Бұл ет жұту кезінде таңдай
шымылдығын көтереді және өсінді кеңейтеді.
Таңдай шымылдығын қатайтушы ет – алдыңғы етпен бірге басталып, таңдай
шымылдығының екі бүйіріне бекиді. Ол қанатша сүйектің ілмегіне қарай
бағытталып, одан асып өтеді. Бұл ет жұту кезінде таңдай шымылдығын көріп,
азықтың ауыз қуысынан жұтқыншаққа өөтуге көмектеседі.
Ерекшеліктері: жылқыда таңдай шымылдығы өте ұзын. Оның таңдайлық
доғасы тілдің түбіріне дейін созылады. Осыған байланысты жылқы басқа
малдармен салыстырғанда ауызымен дем ала алмайды. Таңдай шымылдығына тек
таңдайлық, ал тіл түбірінің екі бүйірінде жұп таңдайлық бадамшалар болады.
Шошқада таңдай шымылдығы қысқа және қалың болып келеді. Ол бөбөшікке
горизонтальді бағытталады. Таңдай шымылдығында таңдайлық бадамша орын
тебеді.
Күйісті малдарда жұмсақ таңдай сәл қысқалау келеді. Ол тілшіктің
ұшына дейін ғана жетеді. Таңдай шымылдығының екі бүйірінде таңдайлық
бадамшалар болады.
Ауыз қуысының түбірінде – негізінен тіл орналасады. Тілдің екі
бүйіріндегі саңылау тәрізді қуысында тіласты қатпарлары болады. Бұл
қатпарлар аралығына көп өзекті тіластылық сілекей безінің өзектері ашалады.
Тіл ұшының астында ауыз қуысы кілегейлі қабығының тіл денесіне өтердегі
жасайтын қатпары тіл жүгеншігі деп аталады. Бұның екі бүйірінде тіласты
(аштық) сүйелшелер көрінеді. Бұлардың төбесіне төменгі жақтық және
бірөзекті сілекей бездерінің өзектері ашылады.
Ерекшеліктері: Жылқыда тіласты сүйелшелері жақсы жетілген. Күйісті
жануарларда тіласты қатпарлары бүртекшелі болып келеді. Тіласты
сүйелшелерінің көлемі үлкен және тығыз болады. Шошқада аштық сүйелшелер
болмайды, бірақ олардың орнында без өзектерінің тесіктері жақсы байқалады.
Тіл – бұлшық етті, қозғалмалы мүше. Тіл сыртынан ауыз қуысына тән
кілегейлі қабықпен қапталған. Оның бетінде әртүрлі көптеген тіл еміздіктері
орналасқан. Тіл дәм сезу, сипап сезу, су мен азықты қабылдау мүшесі. Ол
итте дене қызуын реттеуге де қатысады. Барлық жануарларда тіл узындағы
азықты шайнау, жұту жұмыстарын да атқарады. Жануарлардың тіл құрылысында
өздеріне тән ерекшеліктері болады. Тіл бұлшық еттер арқылы төменгі жақтың
және тіл астылық сүйектермен байланысады.
Тілдің түбірі, денесі, үстіңгі және екі бүйір беттері, ұшы болады.
Тілдің сыртын қаптаған кілегейлі қабықта көптеген еміздіктер болады. Тілдің
кілегейлі қабығы оның түбірінен жұмсақ таңдайға өтіп, таңдай- тілдік
доғаны, көмекей қақпағы- өбешікке ауысып, ортаңғы және екі бүйірлік
қатпарларды, тіл түбіне бағытталып, тілдік жүгеншікті түзеді.
Қызметіне қарай тіл бетіндегі еміздіктер екі топқа бөлінеді. Бірінші
механикалық топқа жіпше және конус, ал екінші дәм сезу тобына
саңырауқұлақша, қорғанша және жапырақша емізіктер жатады.
Жіпше еміздіктер тілдің денесімен ұшына орын тепкен. Олар өздеріне
жұмсақтығымен, жіңішке нәзіктігімен тіл бетіне бархыттық түр береді. Тек
күйісті жануарларда ғана қатты болып келеді. Конусша еміздіктер тілдің
түбір жағында жатады. Саңырауқұлақша еміздіктер тілдің екі бүйірінде,
үстіңгі бетінде және ұшында орналасады. Қорғанша еміздіктер ірілеу келеді.
Олар сыртқы жағынан сай және қорғаншамен қоршалған. Негізінен олар тіл
түбіріне жақын, оның денесінде орын тепкен. Сан жағынан 1-2 (жұп) болады.
Тек күйісті жануарлар да ғана олар көптеп кездеседі. Жапырақша еміздіктер
пішіні жағынан сопақша болып келіп, жапырақшалардан тұрады. Олар тілдің
түбір жағында таңдай – тілдік доғаның алдыңғы жағында орналасады. Бұндай
еміздіктер күйісті жануарларда болмайды. Тіл түбірінің кілегейлі қабығында
сілекей бөлетін тіл бездері де болады.
Механикалық еміздіктер тобына жататын жіпше және дәм сезу еміздіктер
тобына жататын жапырақша еміздіктердің құрылысына тоқтайық.
Жіпше еміздіктердің сыртқы қабаты көп қабатты мүйізделетін жалпақ
эпителийден түзілген. Эпителийдің беткейлік қабатын ядросынан айырылған
мүйізделген торшалар түзеді. Бұл қабаттың астындағы эпителийдің тереңдік
қабатын өсу қабаты деп атайды. Өйткені, бұл қабат дөңгелекше келген
ядролары бар, көлемді, ұдайы бөлінуі арқылы көбейіп отыратын тірі
торшалардан тұрады.
Жіпше еміздіктер кілегейлі қабығының өзіндік пластинкасы –дәнекерлік
ұлпадан дамыған.
Жапырақша еміздіктердің механикалық топқа жататын еміздіктерден
айырмашылығы – олар көп қабатты мүйізделмейтін жалпақ эпителийден түзілген.
Ол дәнекер ұлпалық өзіндік пластинканы сыртынан қаптап жатады. Бұл
еміздіктердің бүйірлік қабырғасы эпителийінде дәм қапшығы орналасқан.
Микроскоппен қарағанда дәм қапшығының пішіні болып келеді. Ол
дәм сезгіш торшалардан тұрады. Бұл торшалардың дәм сезгіш микробүрлері
болады. Аталған микробүрлерді сезімтал жүйелік ұштар қоршап жатады.
Тілдің бұлшық еттері.
1.Тілдік негізгі ет – ұзынынан, көлденеңінен, тігінен орналасқан бұлшық
ет талшықтары будаларынан түзілген. Тілдік еттің негізін құрайды.
2. Біз – тілдік бұлшық ет – тіластылық сүйектің үлкен бұтағының
бүйірлік бетінен басталып, тілдің екі бүйірі арқылы оның ұшына дейін өтеді.
Қызметі – екі жағынан жиырылып тілді артқа қарай тартып қысқартады,
бір бүйірінен жиырылғанда ол өз жағына тілді бұрады.
3.Тіластылық –тілдік бұлшық ет – тіластылық сүйектің денесі мен
көмекейлік мүйіздерінен басталып, тілдік негізгі етте аяқталады.
Қызметі: тілді артқа тартып қысқартады, оған жалпақ пішін береді.
4.Иек-тілдік бұлшық ет – төменгі жақтық сүйектің бұрышынан басталады
да, тілдің ұшы мен денесінде аяқталады.
Қызметі: тілді алға тартады, оған жалпақ пішін береді, қатты
таңдайдан ажыратады.
Ерекшеліктері: Жылқы тілінде қосымша дәнекерлік шеміршек болады. Тіл
безі –сірілі- кілегейлі сөл бөледі. Қорғанша еміздіктің бір жұбы болады.
Кейде тақ үшінші еміздікте кездеседі. Конусша еміздік болмайды.
Күйісті жануарлар тілі үстінде тіл жастығының болуына байланысты
бұлардың тілдері қалыңдау келеді. Тіл ұшы үшкірлеу болып, оның кілегейлі
қабығында пигментті аумақтар көрінеді. Конусша еміздіктер жақсы жетілген,
қорғанша еміздіктер тілдің бір жартысында: ірі қара малда 7-1721, қойда
18-28, ешкіде 11-18-ден болады. Жапырақша еміздіктер болмайды. Шошқаның
тілі жіңішке, ұзын, үшкір болып келеді. Қорғанша еміздік бір жұп болып
орналасады. Тілдің вентральдік бетіне жақындау кілегейлі қабық астында
тілдік шеміршек орналасады.
Ауыздың сілекей бездері – қабырғалық және қабырғадан тыс жатқан
бездер болып екі топқа бөлінеді. Қабырғалық бездерге ерін, ұрттық,
таңдайлық және тілдік бездер жатады. Бұл бездер аталған мүшелердің
қабырғаларында орналасады. Ауыз қуысынан тыс жатқан бездер тобын құлақ
түбі, төменгі жақтық және тіластылық бездер қүрайды.
Құлақ түбі безі – сыртқы құлақ тесігінің төменгі жағында жақ пен ауыз
омыртқа аралығында орналасқан көлемді без. Құрылысы жағынан күрделі
көпіршікті –түтікшелі сірілі сілекей бөлетін без. Құлақ түбі безі көптеген
бөліктерден құралған. Осы без бөліктерінен шығатын өзектер бірігіп, құлақ
түбі безінің жалпы өзегін түзеді. Ол төменгі жақ аралық кеңістікте қанатша
еттің медиальдік бетімен ұрт аумағына қарай бағытталып, төменгі жақтың
тамырлық ойығы арқылы бастың сыртқы бетіне өтеді. Одан соң ол үлкен шайнау
алдыңғы жиегі тұсында 3-5 азу тістер қатарында кілегейлі қабықтың ұрттық
бетінде бүртік түрінде ашылады.
Құлақ түбі безі құрылысы жағынан паренхиматозды мүше. Без сыртқы
жағынан дәнекер ұлпалық қабықпен қапталған. Бұдан дәнекер ұлпалық аралықтар
без ішіне тереңдей еніп, оны бірнеше бөліктерге бөледі. Бөліктер арқылы
дәнекерлік ұлпада бөліктераралық шығару бездері, қан тамырлары және жүйке
талшықтары кездеседі.
Микроскоппен үлкейтіп қарағанда әрбір без бөліктерін құрайтын сөл
бөлуші бөлімдердің пішіні көпіршік (альвеола) тәрізді болып келеді. Олар
негізінен конус және куб пішіндес сірілі торшалардан тұрады. Бұл көпіршік
торшалары ядроларының пішіні дөңгелекше болып келіп, торшалар
цитоплазмасының орталығында орналасады.
Альвеолаларды сыртынан жиырылуы арқылы сілекей бөлуге көмектесетін
пішіні себет тәріздес миоэпителиальдік торшалар қаптап жатады.
Ерекшеліктері: Жылқының құлақ түбі безі көлемді, пішіні ұзынша төрт
бұрышты, түрі сұр –қызыл болып келеді. Күйісті жануарларда да бұл без
едәуір көлемді келеді. Пішіні ұзынша, түрі қоңыр қызыл- келген. Бездің
дорсальдік бөлігі жуандау болады. Шошқаның құлақ түбі безінің пішіні
үшбұрышты, түрі қоңыр-қызыл болып келеді. Ауыз сілекей бездерінің ішіндегі
көлемдісі де осы без. Бездің мойын бөлігі каудальдік бағытта шығыңқы
келеді.
Төменгі жақтық без төменгі жақ аралық кеңістікте орналасады. Бұл
безді құлақ түбі безі сыртқы артқы бетінен жартылай жауып тұрады. Без өзегі
оның жоғарғы жиегімен алға қарай бағытталып, тіл асты-жақтық еттің алдыңғы
және артқы бөліктерінің аралығымен өтеді де, тіластылық бездің медиальдік
бетімен тіластылық сүйелшеге келіп ашылады. Төменгі жақтық без сірілі-
кілегейлі аралас сілекей бөледі.
Төменгі жақтық бездің ішкі құрылысы да, құлақ түбі без құрылысына
ұқсас. Бірақ төменгі жақтық безінде бөліктераралық дәнекрлік ұлпа нашар
жетілгендіктен, бөліктер саны да аз болады.
Ерекшеліктері: жылқының төменгі жақтық безі ұзынша пішінді келеді.
Оның жоғарғы жиегі ауыз омыртқаға дейін жетеді, төменгі бөлігі жақ аралық
кеңістікте жатады. Көлемі жағынан құлақ түбі сілекей безінен кішілеу
келеді. Күйісті малдарда төменгі жақтық без құлақ түбі безінің түбі безіне
қарағанда көлемділеу, пішіні ұзынша, сарғыш түсті келеді. Ол ауыз омыртқа
мен төменгі жақтық сүйектің тамырлы ойығы аралығында оырн тепкен. Оң және
сол жақ сілекей бездерінің аталған аумақта тері астынан жеңіл байқауға
болады.
Шошқаның безі көлемі жағынан кішілеу, пішіні дөңгелектеу қызғылт
түсті келеді.
Тіластылық без – ауыз түбіндегі тіластылық кілегейлі қабығында,
тілдің екі бүйірінде орналасқан. Ол екі бөлімге бөлінеген. Бұның алдыңғы
бөлімі көп өзекті, артқы бөлімі бір өзекті тіластылық сілекей безі деп
аталады.
Көп өзекті тіластылық без – жануарлардың барлық түрінде болады,
тілдің бүйірлік бұлшық етінің медиальдік бетінде жатады.
Ерекшеліктері: Жылқыда бұл без сұр-қызыл түсті. Ол 3-ші азу тіс
тұсынан төменгі жақтың иектік бұрышына дейін созылады. Оның 30-ға жақын
өзегі тіл астына ашылып, сірілі-кілегейлі сілекей бөледі. Күйісті жануарлар
безі сарғыш түсті болып, жиегі таңдай-тілдік доғаға дейін созылады. Без
өзегі екі қатарланып ашылып, кілегейлі сөл бөледі.
Шошқада без қызғылт түсті болып келеді, сірілі-кілегейлі сілекей
бөледі.
Бір өзекті тіластылық без өзегі тіластылық сүйелшеге келіп ашылады,
сірілі-кілегейлі сілекей бөледі.
Ерекшеліктері: Жылқыда бұл без болмайды. Күйісті жануарларда без көп
өзекті тіластылық бездің алдында және одан төмен орналасып, төменгі жақтың
иектік бұрышына дейін созылады.
Шошқада без қызғылт-сарғыш болып келеді.

Үй тапсырмасы:
1. Ас қорыту жүйесі қандай бөлімдерден тұрады?
2. Ауыздың кіре беріс бөлігін және негізгі ауыз қуысын қандай мүшелер
құрайды?
3. Тілдің құрылысы қандай? Қызметіне қарай тіл еміздіктері қандай
топтарға бөлінеді?
4. Орналасу орнына қарай сілекей бездерінің қандай түрлері бар?

Зертханалық жұмыс № 2

МАЛ ТІСТЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ

Жұмыстың мақсаты: Мал тістерінің анатомиялық және гистологиялық
құрылысын зерттеу.Тістің орналасу орнымен танысу.

Құрал-жабдықтар: Әртүрлі мал бастарының сагиттальдік кесікінділері,
тістері бар бас сүйектері, жануарлар тістерінің жиынтығы, атластар, түрлі-
түсті таблицалар және тіс формуласының кестесі.

Жұмыстың мазмұны:
Тіс морфологиясы. Тіс азықты ұсатуға, тістеп үзіп алуға, шайнауға,
ұсақтауға арналған өте берік ас қорыту мүшесі. Кейбір жануарлар тістің
көмегімен қорғанады, ал жыртқыштар онымен өз қорегіне шабуыл жасайды. Тіс
жоғарғы және төменгі жақтардың тіс ұяларында альвеолаларында қатар
орналасып, жоғарғы және төменгі тіс доғаларын аркадаларын түзеді. Мал
тістері атқаратын қызметіне, құрылысына және орналасу орнына қарай әртүрлі
болып келеді.
Қызметіне қарай: күрек кескіш,
сойдақ ит,
алдыңғы азу премоляр,
азу моляр тістер болып төртке бөлінеді.
Күрек тістер еріннің ішкі бетіне жанасып,тіс арқадаларының әр
жарытысында үш-үштен орналасады. Олардың алдыңғы тістері оң және сол
ұстағыш, ортада орналасқан тістері оң және сол ортаңғы, ал екі шетіндегі
тістері оң және сол шеткі күрек тістер болып аталады.
Содақ тістер жоғарғы және төменгі тіс аркадаларының әр жартысында бір-
бірден болып, күрек тістерден кейін орналасады.
Премолярлар тіс аркадаларының әр жарытысында үш не төрттен содақ
тістерден кейін орын төбеді. Тіс аркадаларының әр жарытысының соңында
премолярлардан кейін азу тістер молярлар орналасады. Олардың саны тіс
аркадаларының әр жарытысында үштен екі не төрттен болады.
Малдың жасына байланысты тістердің тісеп шығуына қарай сүт тістері және
тұрақты тістер болып бөлінеді. Жас төлдерде алдымен күрек, сойдақ және
премоляр сүт тістері шығады да, олар түскен соң, орнына тұрақты күрек,
сойдақ, премоляр тістер шығады.
Жануарлар тістерінің жалпы санын тіс формуласынан көруге болады. Тіс
формуласы бөлшек ретінде жазылады. Бөлшек сызығының үстінде жоғарғы жақ
аркасындағы тістердің жарты саны, ал сызықтың астында төменгі жақ
аркадасындағы тістердің жарты саны көрсетіледі. Әртүрлі жануарларға тән тіс
санын табу үшін бөлшектердің алымы мен бөліміндегі тістер санын екіге
көбейту керек.

10 СХЕМА

өсін шығуына қарай сүт тістер

тұрақты тістер
оң және сол
ұстағыш
тістер

орналасу орнына күрек тістер оң және сол
ортаңғы
және қызметіне кескіш тістер
қарай

оң және сол шеткі
Тіс тістер
Сойдақ тістер

Алдыңғы азу
тістер
Азу тістер премолярлар

Нағыз азу тістер
молярлар

Құрылысына ұзын
сауытты тістер жылқы тістері, ірі
қарай қара және ұсақ
малдың азу
тістері

қысқа сауытты тістер шошқа, ірі, ұсақ
малдың күрек
тістері
тісшелі ит

шайнау бетінің бұдырлы шошқа
пішініне қарай
айшықты
ірі және ұсақ малда

қатпарлы жылқы

Сүт тістерінің формуласын символикамен төмендегідей етіп жазады:
J – күрек тістер
C- сойдақ тістер
P- премолярлар
Ал тұрақты тіс формуласы былай жазылады:
J – күрек тіс
C- сойдақ тіс
P- премоляр
M- моляр

Тіс формуласы кестесі.

Жануарлар түрі Сүт тістері Тұрақты тістер

жылқы 3.1.3.0 3.1.3.3
3.1.3.0 3.1.3.3
Ірі қара және ұсақ мал 0.0.3.0 0.0.3.0
4.0.3.0. 4.0.3.3.
шошқа 3.1.3.0 3.1.4.3
3.1.3.0. 3.1.4.3.
Түйе 1.3.3.0 1.1.3.3
3.1.2.0. 3.1.2.3.
түйе 0.0.3.= 1 1.0.3.4.= 1.2.3.
1.2.3. 1
1.0.0.4. 1.2.3.

Құрылыс ерекшеліктері мен дамуына байланысты тістер екі топқа бөлінеді:

1. Қысқасауытты тістер
2. Ұзынсауытты тістер
Қысқасауытты тістерде бір-бірінен анық ажырайтын үш бөлік болады. Олар:
тіс сауыты, мойыны, түбірі.
Тіс сауыты тістің ауыз қуысындағы көзге көрінетін бөлігі. Тіс
сауыфтының пішіні әртүрлі күрек тістерде сына тәрізді, сойдақ тістерде
конус тәрізді болып келеді. Ал азу премолярлар мен молярлар тістер
бірнеше конусша не төмпешіктер жиынтығы ретінде көрінеді. Тіс сауытының
еріндік бетін кіреберістік бет қарама-қарсы тіл жағындағы бетін – тілдік
бет, қатар орналасқан тістер аралығындағы бетін – тиісу беті, жоғарғы және
төменгі тістердің бір-біріне жанасатын бетін – жанасу бетіә деп атайды.
Тіс түбірі жоғарғы және төменгі жақтық сүйектердің ұяларына тіс
байламдарының көмегімен бекітіледі. Тіс байламы не сүйек қабығы
қоректендіруші қан тамырлары мен оның қызметін реттейтін жүйкелерге бай.
Тістердің бірден үшке дейін түбірі болады.
Тіс мойыны тіс сауыты мен түбүрінің аралығындағы жіңішкелеу жерін
айтады. Тіс мойыны қызыл иекпен қапталып жатады.
Тісті жарып зерттегенде оның бөліктері құрылысының біркелкі емес
екендігі байқалады.
Тіс сауыты үш қабаттан тұрады. Ол сыртынан кіркеумен эмаль
қапталған. Эмальдың астында тістің сүйектік ұлпадан тұратын негізгі қабаты
– дентин жатады. Дентиннің ішінде ұрықтық дәнекерлік ұлпаға пульпаға
толған тіс қуысы болады.
Тіс түбірі үш қабаттан түзілген. Ол сыртынан цементпен қапталған,
цементтің астында дентин, оның ішінде тіс жұмсағына пульпаға толған тіс
қуысы жатады. Тіс түбірінің төменгі ұшындағы тесік арқылы тіс пульпасына
тісті қоректендіруші тармақталған қан тамырлары мен жүйкелер енеді.
Сыртынан қарағанда қысқасауытты тістің сауыты мен түбүрі екі түсті болады.
Сауыт ақ эмальмен, ал түбүрі сары түсті цементпен қапталған.
Тіс креукесі эмаль- тістің ең сыртқы қабатын құрайды. Оның құрамының
98 пайызы минералдық тұздардан тұрады. Сондақтан да эмаль ағзадегі ең берік
зат. Оның тығыздығын кварцпен, ал омырлығыштығын шыны фарформен салыстыруға
болады. Эмаль – ауыз қуысы кілегецлі қабығының эпителий ұлпасынан дамиды.
Эмальді пішіні призма тәрізді бір қатар жатқан эпителий торшалары түзеді.
Бұл торшалар адимантобластар деп аталады. Эмальді сыртқы жағынан эмаль
кутикуласы қаптап жатады. 6 жылдың ішінде толығымен ауысады. Күрек тістің
желінуіне, пішініне байланысты жылқы малының жасын ажыратуға болады.
Күйісті малдарда күрек тістер тек төменгі жақтарында ғана болады және
олардың саны әр жарты бөлігінде 4-4тен орналасады. Құрылысы жағынан
қысқасауытты тістерге жатады. Күрек тістердің пішіні күрек сияқты болып
келеді.
Азу тістері ұзынсауытты айшықты тістерге жатады. Ауыз тістердің көлемі
бірінші премолярден молярға қарай үлкейе береді. Жоғарғы азу тістер төменгі
азу тістерге қарағанда екі еседей үлкен болып келеді. Жоғарғы племолярларда
айшықты бір тіс мөрі, ал молярларда –екі тіс мөрі болады.
Шошқаның барлық тістері қысқасауытты тістерге жатады. Күрек тістерінің
пішіні конус тәрізді болып келеді. Жоғарғы жақта күрек тістер аралығында
тіссіз жиектер болады. Ұрғашы шошқаның сойдақ тістері онша жетілмеген, ал
қабандардың тістері өткір, үшбұрышты, өте жақсы жетілген. Азу тістері
бұдырлы тістерге жатады.
Тістің дамуы. Тістер ауыз қуысының клегейлі қабығының туындылары. Оның
эпители қабатынан эмаль, ал дәнекер ұлпалық қабатынан мезенхимадан -
цемент, дентин, тіс пульпасы дамиды.

Үй тапсырмасы:
1. Қызметі мен орналасу орнына қарай тістер қандай бөліктерге
бөлінеді.
2. Құрылысына қарай тістер қалай бөлінеді.
3. Шайнау бетінің формасына қарай тістердің қандай түрлері кездеседі?
4. әртүрлі жануарлардағы тіс формуласының кестесін жаттап алыңыз.
5. Тіс қабаттарының дамуын еске түсіріңіз.
6. Сүт тістерге қандай тістер жатады?

Зертханалық жұмыс № 3

ЖҰТҚЫНШАҚ

Жұмыстың мақсаты: Жұтқыншақтың құрылысы мен қызметінің ерекшеліктерін
үйрету.

Құрал-жабдықтар: Әртүрлі мал түлектерінің жұтқыншақтары, суреттер.

Жұмыстың мазмұны:
Жұтқыншақ – ауыз қуысын өңештен, мұрын қуысын көмекеймен жалғастырып
тұратын, пішіні түтік тәрізді етті-жарғақты мүше. Жұтқыншақтың жоғарғы жағы
мойын мен бастың вентральдік еттеріне, екі бүйір беті тіластылық сүйектің
ортаңғы бұтақтарына жанасып жатады.
Ауыз қуысынан жұтқыншаққа тамақ тесігі-есін, мұрын қуысынан екі хоан
тесіктері, жұтқыншақтан өңеш пен көмейге қарай өңее және көмекей тесіктері
ашылады. Жұтқыншақтың ішкі бетінде тыныс алу және ас жүретін жолдар айқасып
жүреді.
Хоан тесігі маңындағы жұтқыншақтың бүйірлік бетінде ортаңғы құлаққа
апаратын жұп тесік-есіту түтігінің жұтқыншақтық тесіктері орналасқан.
Таңдайдан жұтқыншақтың ішкі кілегейлі қабығына қарай таңдай
–жұтқыншақтық доға өтеді. Таңдай-жұтқыншақтық доға таңдай шымылдығының
латеральдік жағынан басталады да, жұтқыншақтың бүйірлік бетіне өңешке дейін
созылады. өңешке жеткеннен кейін таңдай шымылдығының қарама-қарсы бетіндегі
аттас таңдай жұтқыншақтық доғамен байланысып, одан соң олар жұтқыншақ-
өңештік доғаны қарауға қатысады. Бұл соңғы доға жұтқыншақ қуысын екі
бөлікке бөледі. Оның үлкен – дорсальдік жағы- мұрындық, немесе тыныс алу
бөлігі, ал вентральдік кіші жағы – ауыздық немесе ас қорыту бөлігі деп
аталады.
Тыныс алу бөлігін басқаша мұрын- жұтқыншақтық бөлік, немесе аңқа деп
те атайды.
Аңқаның кілегейлі қабығы көп қатарлы кірпікшелі эпителиймен, ал
жұтқыншақтың ас қорыту бөлігінің кілегейлі қабығы көп қабатты жалпақ
эпителий мен астарланған.
Азық ауыз қуысынан жұтқаншақтың ас қорыту бөлігі арқылы өңешке
түседі. Жұту кезінде тіл түбірінің қысымымен таңдай шымылдығы көтеріліп,
мұрынның хоан тесіктерін, ал бөбешік көмекей жолын жабады. Осы уақытта
таңдайлық таңдай-жұтқыншақтық, жұтқыншақ-өңештік доғалар аңқа тесігін
тарылтады.
Жұтқыншақтық кілегейлі қабығында жұтқыншақтық бездер және лимфалық
фолликулдер орналасқан. Лимфа фолликулдері жұтқыншақтың артқы жағында
жұтқыншақтық бадамшаны түзеді.

Жұтқыншақ бұлшық еттері.
Жұтқыншақ бұлшық еттері краниальдік, ортаңғы каудальдік тарылтқыш және
бір жұп кеңейткіш еттерден тұрады. Бұл еттер көлденең жолақты ет ұлпасынан
түзілген.
1. Жұтқыншақтық-краниальдік тарылтқыш еттер екі жұп еттен тұрады:
таңдай-жұтқыншақ ет, қанат-жұтқыншақ ет.
Таңдай-жұтқыншақтық ет таңдайша және қанатша сүйектерден басталып,
жұтқыншақ жігінің каудальдік бөлігінде аяқталады. Осы еттің вентральдік
жағы таңдай-жұтқыншақтық доғаның негізін құрайды. Ол жиырылған кезде тіл
түбірін өңешке жақындатады.
Қанат-жұтқыншақтық ет – қанатша сүйектен басталып, жұтқыншақ жігіне
келіп аяқталады да, жұтқыншақтың артқы қабырғасын алға тартады. Жалпы
алғанда жұүтқыншақтың еттері аңқаны тарылтып, жұтқыншақтың көмекей бөлігі
мен өңешті кеңейтеді
2.Жұтқыншақ ортаңғы тарылтқыш ет, немесе тіласты – жұтқыншақтық ет жұп
еттерден түзілген. Олар тіластылқ сүйектің ортңғы бунағынан (стилогиод)
және осы сүйектің үлкен мүйіздігінен (тирегиоид) бастлып, жұтқыншақ жігінде
аяқталады.
3. Жұтқыншақтық каудальдік тартқыш еттер әккі жұп еттерден түзіліп,
жұтқынщақ жігінде аяқталады.
Бұл еттердің бірінші жұбына көмекейдің қалқанша шеміршегінен басталатын
қалқанша- жұтқыншақтық ет, ал екінші жұбына көмекейдің сақинаша
шеміршегінен басталатын сақинаша-жұтқыншақтық ет жатады.
Жұтқыншақтың ортаңғы каудальдік және тарылтқыш еттері жұтылатын азықты
өңешке қарай итеруге көмектеседі. Жұтқыншақты кеңейтуші етке каудальдік біз-
жұтқыншақтық ет жатады. Бұл ет тіластылық сүйектің орталық бунағының
медиальдік жағынан басталып, көмекейдік қалқанша шеміршегіне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Цитоплазмалық мутация
Торайды бордақылау кезеңі азық нормасы мен рационын келтіру
Қой туляримиясы
Өсімдік клеткасын электрондық микроскоппен қарағандағы көрінісі
Буаздық физиологиясы
Туляремияның
Биология сабағында қосмекенділер класын оқыту
Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы
Биологияда оқу-тәрбие жұмыстарының ұйымдастыру
Сібір жарасы бактериясы
Пәндер