Мұхиттар мен құрлықтар географиясы сабақтарында жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану арқылы шығармашылық әрекетінің тәжірбиесін қалыптастырып, құрлықтар мен мұхиттар географиясын оқытудың нәтижелігін көтеру



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. География пәнін оқытудағы жаңа білім беру технологияларын пайдаланудың теориялық мүмкіндіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1 Инновациялық білім беру технологияларының негізгі ерекшеліктері ... ..5
1.2 Жаңа педагогикалық технологияларды білім беру үрдісінде пайдалану..9
2. Мұхиттар мен құрлықтардың физикалық . географиясы пәнін оқытудағы жалпы әдістемелік нұсқаулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.1 Мұхиттар мен құрлықтардың физикалық . географиясы пәнін оқытудың рөлі мен орны, мақсаты мен міндеттері және курстың құрылымы ... ... ... ... ... .15
2.2 Мұхиттар мен құрлықтардың физикалық . географиясы пәнінің мазмұны және оны ұйымдастырудағы әдістемелік тәсілдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
2.3 Мұхиттар мен құрлықтардың физикалық . географиясы пәнін оқыту үрдісін ұйымдастыруының негізгі формалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
3. Мұхиттар мен құрлықтардың физикалық . географиясын оқыту үрдісінде жаңа білім беру технологияларын пайдалану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
3.1 Мұхиттар мен құрлықтардың физикалық . географиясын оқытуда модульдік технологияны және мультимедианы қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
3.2 Мұхиттар мен құрлықтардың физикалық . географиясы сабағында компьютерлік технологияны пайдалану мүмкіндіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .41
3.3 Мұхиттар мен құрлықтардың физикалық . географиясын оқытудағы проблемалық оқыту технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...47
3.4 Жобалау технологиясы . дамудың негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..53
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 60
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..62
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: ХХ ғасыр «жаһандық мәселелердің бар болуын ұғыну арқылы әлемге жаңа көзқарас қалыптастырады, адамзаттың және әр тұлғаның тіршілікке қабілеттілігінің өзгеріссіз шарты болып қалатын әлемнің тағдыры үшін тұлғалық жауапкершілікті сезінудің» қажеттілігін атады. Қазіргі білім берудің жаңару шарттарында оқушының тұлғалық дамуы, оның даралығы, оның зерделігінің және шығармашылық мүмкіндіктерінің жоғарылауы туралы мәселелер маңызды мазмұнға ие. Бұл білім берудегі және адамның ойлауының әдістемелердің өзгеруінің қажеттігін тудырады.
Мектепте білім берудің жаңа технологияларын пайдаланудың обьективтік қажеттілігі мен оны іске асырудың педагогикалық шарттарының анықталмауы, білім беруде жаңа технологиялары негізінде оқу үрдісін жетілдіру қажеттілігі мен бұл мәселенің педагогикалық теория мен практикада жеткіліксіз зерттелуі арасындағы қарама-қайшылықтар анық байқалады. Осы қайшылықтар мен жаңа педагогикалық технологиялардың артықшылығын анықтау үшін, тақырыпты «Мұхиттар мен құрлықтар георгафиясын оқытуда жаңа технологияларды қолдану» деп алдық.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Мұхиттар мен құрлықтар географиясы сабақтарында жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану арқылы шығармашылық әрекетінің тәжірбиесін қалыптастырып, құрлықтар мен мұхиттар географиясын оқытудың нәтижелігін көтеру.
Қойылған мақсатқа сәйкес зерртеу барысында төмендегідей міндеттер қойылды:
-География пәнін оқытуда жаңа педагогикалық технологияларды оқу үрдісінде пайдаланудың теориялық моделінің әдістемелік жүйесін және қалыптасу әдісін құрастыру және ғылыми дәлелдеу.
-Оқушыларға арналған түрлі проблемалық және шығармашылық тапсырмалармен ұтымды топтамамен қамтамасыз ететін және өздігінен проблемалық – іздену әрекетіне қатыстыратын сабақтар жүйесін құрастыру.
-«Мұхиттар мен құрлықтар географиясын» оқытуда жаңа педагогикалық технологиялардың байланысына негізделіп, проблемалық және шығармашылық тапсырмалырдың жүйесін қалыптастыру
-«Мұхиттар мен құрлықтар географиясы» курсын оқыған кезде оқушылардың шығармашылық әрекетін ұйымдастырудың ұтымды формаларын анықтау.
Зерттеу объектісі: 7 сыныпқа арналған «Мұхиттар мен құрлықтар географиясы» курсындағы шығармашылық тәжірибиенің қалыптасуындағы оқу- тәрбие үрдісі болып табылады.
Зерттеу пәні: жаңа педагогикалық технологиялардың байланысы мен шарттарының жүзеге асырылуының негізінде шығармашылық әрекетінің тәжірбиесін қалыптастыру әдістемесі болып табылады.
Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы «География» мамандығы бойынша білім алатын студенттерге курстық жұмысын даярлауда, сонымен қатар, «Географияны оқыту әдістемесі» пәнінен дәріс, семинарлық және машықтану сабақтарын дайындауда осы мәліметтерді қолдануға мүмкіндік беруінде.
1. Президенттің Қазақстан халқына жолдауынан үзінді. Білім беру//«Білім» №2 (16) 2004
2. Завязинский В.А. Инновационные процессы в образовании и педагогическая наука. Инновационные процессы в образовании. Тюмень, 1990
3. Әбуов.А.Е. Мектептің оқу үрдісінде инновациялық білім беру технологияларын пайдаланудың педагогикалық шарттары. Астана-2005
4. С. Бахишева. Инновациялық үрдістер және география пәні мұғалімі. // «Білім» № 2 (12) 2003
5. Кәрібаева Шолпан. Білім стандартының ерекшелігі.//«Білім» №4, 2004
6.Тұрғанбаева Оразкүл. География пәні мұғалімі//«Білім» №2, 2006
7. Бухвалов В.А. Методика и технология образования. Рига, 1994
8. Молдахметова О. География курсындағы инновациялық әдістер. // «География және табиғат» №2, 2005
9.Душина И.В., Таможня Е.А., Пятунин В.Б. Методика и технология обучения географии в школе. М, 2004
10. Матрусова И.С. Методика обучения географии в средней школе. М, Просвещение, 1985
11. Кондратюк Н.Н. Дидактические материалы по географии (Методическое пособие) М, ТЦ сфера,2003
12. Душина И.В., Понурова Г.А. Методика преподования географии. М, Московский лицей, 1996
13. Тусупбекова Г.М., Утеева Г.А., Накеев Б.Р. Методика преподования физической географии на основе картографических материалов и приемов. Алматы, Дарын, 2006
14. Қоянбаев Ж. Б., Қоянбаев Р. М. Педагогика.-Алматы. 2000
15. Жайымбекова Р.Қ. «География пәні бойынша оқу модульі» Шымкент. 2001
16. Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде.-Алматы. 2001
17. Бент Б. Андерсон, Катя Ван ден Бринк. Мультимедиа в образовании: специализированный учебный курс. – М.: «Обучение-Сервис», 2005.
18. Григорьев С.Г., Гриншкун В. В. Мультимедиа в образовании. – http://www.ido.edu.ru/open1/multimedia. 2006.
19. Ксенозова Г.Ю. Преспективные школьные технологии – М., 2000
18. Савина Н.Г. Применение дидактических технологий и преподавании школьного курса географии. – Брянск, 2000
20. Жантемірова Айнұр. Мультимедия технологияларын қолдану туралы. // «География және табиғат» №3, 2008
21. Шпильман Н.А, Шпильман И.А. Новые технологии в географии. // Қазақстан географиясы және экологиясы. №3, 2007
22. Таубаева Ш.Т. Лактионова С.Н. Активизация познавательной деятельности учащихсия в условиях применеия компьютерный технологий. Алматы. 1994
23. Кудрявцев В.Т. Проблемное обучение. М., 1991
24. Лернер И.Я. Развитие мышления школьников в процессе обучения: Пособие
для учителей – М. Просвещение, 1992
25. Паншечникова Л.М. Контрольные задания и упражнения по географии. – М.
Просвещение,1992
26. Понурова Г.А. Проблемный подход в обучении географии в средней школе. –М. Просвещение, 1991
27. Сатыбалдина К., Тарасенко Р. Проблемное обучение как основа формирования творческого мышления студентов. А.-А., 1991
28. Смолкин А.М. Методы активного обучения. М., 1991
29. Чошаков М.А. Гибкая технология проблемно-модульного обучения: методическое пособие. М., 1996
30. Қариев Қ.Ө. Оқу үрдісін жобалауда педагогикалық тенологияны іске асырудың дидиактикалық шарттары. Рубин. Астана 2003
31.Әмірова Күлімхан. Жаңа ғасыр мектебі. // «Қазақстан мектебі» №8, 2007
32. Жүнісбаева Марал. Жобалау технологиясы дамудың негізі. // «География және табиғат» №1, 2008
33. Ш. Кәрібаева. Географияны оқыту туралы//«География және табиғат» №5, 2005

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. География пәнін оқытудағы жаңа білім беру технологияларын пайдаланудың
теориялық
мүмкіндіктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..5
1. Инновациялық білім беру технологияларының негізгі ерекшеліктері ... ..5
2. Жаңа педагогикалық технологияларды білім беру үрдісінде пайдалану..9
2. Мұхиттар мен құрлықтардың физикалық – географиясы пәнін оқытудағы
жалпы әдістемелік
нұсқаулар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .15
2.1 Мұхиттар мен құрлықтардың физикалық – географиясы пәнін оқытудың рөлі
мен орны, мақсаты мен міндеттері және курстың
құрылымы ... ... ... ... ... .15
2.2 Мұхиттар мен құрлықтардың физикалық – географиясы пәнінің мазмұны және
оны ұйымдастырудағы әдістемелік
тәсілдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
2.3 Мұхиттар мен құрлықтардың физикалық – географиясы пәнін оқыту үрдісін
ұйымдастыруының негізгі
формалары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..24
3. Мұхиттар мен құрлықтардың физикалық – географиясын оқыту үрдісінде жаңа
білім беру технологияларын
пайдалану ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...28
3.1 Мұхиттар мен құрлықтардың физикалық – географиясын оқытуда модульдік
технологияны және мультимедианы
қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
3.2 Мұхиттар мен құрлықтардың физикалық – географиясы сабағында
компьютерлік технологияны пайдалану
мүмкіндіктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...41
3.3 Мұхиттар мен құрлықтардың физикалық – географиясын оқытудағы
проблемалық оқыту
технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...47
3.4 Жобалау технологиясы – дамудың
негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .53
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..60
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .62

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың өзектілігі: ХХ ғасыр жаһандық мәселелердің бар
болуын ұғыну арқылы әлемге жаңа көзқарас қалыптастырады, адамзаттың және әр
тұлғаның тіршілікке қабілеттілігінің өзгеріссіз шарты болып қалатын әлемнің
тағдыры үшін тұлғалық жауапкершілікті сезінудің қажеттілігін атады.
Қазіргі білім берудің жаңару шарттарында оқушының тұлғалық дамуы, оның
даралығы, оның зерделігінің және шығармашылық мүмкіндіктерінің жоғарылауы
туралы мәселелер маңызды мазмұнға ие. Бұл білім берудегі және адамның
ойлауының әдістемелердің өзгеруінің қажеттігін тудырады.
Мектепте білім берудің жаңа технологияларын пайдаланудың обьективтік
қажеттілігі мен оны іске асырудың педагогикалық шарттарының анықталмауы,
білім беруде жаңа технологиялары негізінде оқу үрдісін жетілдіру
қажеттілігі мен бұл мәселенің педагогикалық теория мен практикада
жеткіліксіз зерттелуі арасындағы қарама-қайшылықтар анық байқалады. Осы
қайшылықтар мен жаңа педагогикалық технологиялардың артықшылығын анықтау
үшін, тақырыпты Мұхиттар мен құрлықтар георгафиясын оқытуда жаңа
технологияларды қолдану деп алдық.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Мұхиттар мен құрлықтар географиясы
сабақтарында жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану арқылы
шығармашылық әрекетінің тәжірбиесін қалыптастырып, құрлықтар мен мұхиттар
географиясын оқытудың нәтижелігін көтеру.
Қойылған мақсатқа сәйкес зерртеу барысында төмендегідей міндеттер
қойылды:
-География пәнін оқытуда жаңа педагогикалық технологияларды оқу
үрдісінде пайдаланудың теориялық моделінің әдістемелік жүйесін және
қалыптасу әдісін құрастыру және ғылыми дәлелдеу.
-Оқушыларға арналған түрлі проблемалық және шығармашылық
тапсырмалармен ұтымды топтамамен қамтамасыз ететін және өздігінен
проблемалық – іздену әрекетіне қатыстыратын сабақтар жүйесін құрастыру.
-Мұхиттар мен құрлықтар географиясын оқытуда жаңа педагогикалық
технологиялардың байланысына негізделіп, проблемалық және шығармашылық
тапсырмалырдың жүйесін қалыптастыру
-Мұхиттар мен құрлықтар географиясы курсын оқыған кезде оқушылардың
шығармашылық әрекетін ұйымдастырудың ұтымды формаларын анықтау.
Зерттеу объектісі: 7 сыныпқа арналған Мұхиттар мен құрлықтар
географиясы курсындағы шығармашылық тәжірибиенің қалыптасуындағы оқу-
тәрбие үрдісі болып табылады.
Зерттеу пәні: жаңа педагогикалық технологиялардың байланысы мен
шарттарының жүзеге асырылуының негізінде шығармашылық әрекетінің
тәжірбиесін қалыптастыру әдістемесі болып табылады.
Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы География мамандығы бойынша білім
алатын студенттерге курстық жұмысын даярлауда, сонымен қатар, Географияны
оқыту әдістемесі пәнінен дәріс, семинарлық және машықтану сабақтарын
дайындауда осы мәліметтерді қолдануға мүмкіндік беруінде.
Зерттеудің теориялық негізі: Тақырыптың мазмұнын ашу үшін бірнеше
авторлық ғылыми жұмыстарға, баспасөз беттерінде жарияланған ғылыми
мақалаларға сүйендік. Атап айтқанда: И.В.Душина, В.Б.Пятунин, Е.А.Таможняя
Методика и технология обучения географии, Тусупбекова Г.М., Утеева Г.А.,
Накеев Б.Р. Методика преподования физической географии на основе
картографических материалов и приемов, География және табиғат журналдары
сияқты әдебиеттерді пайдалана отырып, Мұхиттар мен құрлықтар географиясын
оқытуда қолданылатын жаңа педагогикалық технологияға толық сипаттама
бердік.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Зерттеу барысында алға қойған мақсат
міндеттерге сәйкес бірнеше сұрақтар қарастырылды. Жалпы жұмыс барысы
кіріспеден үш тараудан, тоғыз бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші тарауда негізінен география пәнін оқытудағы жаңа білім беру
технологияларын пайдаланудың теориялық мүмкіндіктері қарастырылады. Бұл
тарау жаңа технологиялардың негізгі ерекешеліктері мен оларды оқу үрдісінде
пайдалануы туралы айтылған.
Екінші тарауда Мұхиттар мен құрлықтардың физикалық – географиясы пәнін
оқытудағы жалпы әдістемелік нұсқаулары қарастырылады. Сонымен қатар пән
оқытудың рөлі мен орны, мақсаты мен міндеттері және курстың құрылымы,
мазмұны және оны ұйымдастырудағы әдістемелік тәсілдер, оқу үрдісін
ұйымдастыруының негізгі формалары сипатталады.
Үшінші тарауда Мұхиттар мен құрлықтардың физикалық – географиясын оқыту
үрдісінде жаңа білім беру технологияларын пайдалану жағдайлары
қарастырылады.
Зерттеу әдісі: Топтау, жүйелеу, жинақтау, сараптау, талдау әдісі.

1. География пәнін оқытудағы жаңа білім беру технологияларын
пайдаланудың теориялық мүмкіндіктері

1. Инновациялық білім беру технологияларының негізгі ерекшеліктері

Қазіргі кезде әлемде жүргізіліп жатқан ізгілендіру үрдістері білім беру
мекемелеріне қойылатын жаңа талаптарды да анықтауда. Техника мен ғылым
көлемінің ұлғая түсуі мектептегі білім беру мазмұнының қайта құру және оқу-
тәрбие орындарының іс-әрекет қағидаларын қайта қарауға, әсіресе мұғалімнің
кәсіби біліктілігі мен тұлғасына, бүкіл педагогикалық үрдістің тұлғалық
бағдарлануына қойылатын талаптардың сөзсіз арта түсуіне алып келді. Бүгінгі
таңда мектептің оқу үрдісін жетілдіру үшін инновациялық білім беру
технологияларын пайдаланудың тиімділігін практиканың өзі дәлелдеп отыр.
Мұның өзі аталған мәселенің теориялық негіздемесін жасау қажеттілігін
туындатады. Сондықтан біз оқытудың теориясы мен практикасындағы зерттеліп
отырған проблеманың жағдайына талдау жасауды инновациялық білім беру
технологиялары ұғымына нақты түсінік беруден бастағанды жөн көрдік.
Зерттеуде ең алдымен инновация педагогикалық технология ұғымдары
жөнінде анықтамалар жүйеге келтіріліп, инновациялық білім беру
технологиялары ұғымы мазмұндық жағынан қарастырылады.
Жалпы ғылыми инновация ұғымы жүйе қызметіндегі мақсатты өзгеріс ретінде
анықталады. Мұның өзі әр түрлі салаларда сапалы және сандық өзгерістер
түрінде болуы мүмкін.[1]
Қарастырылып отырған мәселе мен соған сәйкес оның ұғымдық қамтамасыз
етілуі 1980 жылдары педагогиканың зерттеу пәніне айналды. Мәселен: В. П.
Кваша инновациялық динамикада бағытты атап көрсетеді.
Білім берудегі инновация және педагогикалық инновация
терминдері категория ретінде қолданыла отырып, ғылыми
түрде негізделеді де,
И. Р. Юсуфбекованың педагогика оқулығының категориялық аппаратына
енгізілді. Автор күрделі, әрі көп салалы педагогикалық инновация ұғымының
неологиялық, аксиологиялық және праксиологиялық сипаттамаларын бөліп
көрсетеді.
Инновациялық прогресс процедуралар мен құралдардың жиынтығын
танытады. Олардың көмегі арқылы ғылыми жаңалық, идея-әлеуметтік, оның
ішінде білім берудегі жаңа енгізілімге айналуын қамтамасыз ететін, сондай-
ақ осы үрдісті басқару жүйесін қалыптастыратын іс-әрекет инновациялық іс-
әрекет болып табылады.
Білімдегі инновациялар арнайы жобаланған, әзірленген немесе
педагогикалық бастама ретінде кездейсоқ ашылған жаңалық болып есептеледі.
Мұнда инновациялық үрдіс ұғымы жаңалық жасау, қабылдау, бағалау және
қолдану деп анықталады.
Көп жылдар бойы білім беру жүйелерінің дамуы сырттай қатысты
факторлармен анықталып келді. Мұның өзі осы дамудың қажетті жағдайын
қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының
ғылыми әлеуеті көптеген бағыттары бойынша әлемдік деңгейге сәйкес келеді.
Сондықтан ол білім берудегі инновациялық саланы дамытуға негіз бола
алады.[2]
Білім беру – оқыту нәтижесі. Тура мағынасында, оқып үйретілетін пән
туралы түсініктің, ұғымның қалыптасуын білдіреді. Білім беру деп табиғат
пен қоғам жайында ғылымда жинақталған білім, білік, дағды жүйесін жеке
тұлғаның меңгеруін және оны өмірде тиімді қолдана білуін айтады.
Технология – деп әдетте алдын- ала берілген қасиеттерге ие материал
алу мақсатында бастапқы материалды қайта өңдеу үрдісін айтады. Көптеген
ғалым-педагогтар кез-келген әрекет технология бола алады, не болмаса өнер
болады деген. Өнер интуицияға негізделсе, ал технология – ғылымға
негізделеді.
Білім беру - педагогика ғылымының негізгі ұғымы болып
табылатындықтан, инновациялық білім беру технологиялары педагогикалық
технологиялар қатарына жатады.
Инновациялық білім беру технологияларын мектеп мұғалімдері нақты
қабылданған шешім бойынша ғалымдардың басшылығымен жасалған, ғылыми
тұрғыдан негізделген бағдарламалар арқылы оқу үрдісінде пайдалануына
болады. Себебі, мектеп ғылымның теориялық жетістіктерін іс-тәжірибиеде
таратудың негізгі ордасы болып табылады.
Бүгінде педагогикалық ой-пікірдің даму қарқынына орай адамға қажетті
білім деңгейінің де артқаны анық. Сондықтан ең маңыздысы оқушылардың
өздігінен дамуын, шығармашылық деңгейінің артуын, тұлғалық сапаларының
қалыптасуын қамтамасыз ету керек. Инновациялық білім беру технологияларын
сұрыптап, таңдап алу және оның мәнін түсінбеу - оқу процесін жетілдіруге
кедергілер жасайды.
Бірқатар авторлардың пікірінше, инновациялық білім беру
технологияларын іске асыру бойынша мұғалім іс-әрекетін қарастыруға арналған
бастапқы әдіснамалық алғы шарттар мыналар: жүйелілік, тұлғаға бағытталған,
әрекеттілік, синергетикалық, контекстік қатынастар.
Мұғалімнің қазіргі білім беру технологияларына деген қатынастарын
қалыптастырудың мазмұны мен әдістерін айқындау, олардың құндылықтарын тану,
ұсынылған білімді таңдап алу мен қайта жасаудың көрініс табуын анықтау
маңызды болып табылады. Мұның өзі субьектінің өмір сүруінің жетекші
тәсілдерінің бірі ретіндегі маңызды, белсенді іс-әрекет арқылы ғана мүмкін
болады.
Қарастырып отырған мәселе мектепте инновациялық білім беру
технологияларын іске асыру бойынша мұғалім іс-әрекетінің мәні мен
құрылымына негізделетіндіктен, оған талдау жасау инновациялық іс-әрекеттің
құрылымын анықтауға мүмкіндік береді.
Жалпы Инновация термині ғылымға ХIХ ғасырда енді. ХХ ғасырдың
екінші жартысында инновация әлеуметтік өзгерістердің жалпы үрдісінің сатысы
ретінде қаралып,оның негізгі элементтері атап көрсетілді: жаңашыл,
жаңашылдық, бағалаушылар. Үрдістің өзгермелі мерзімін қандай да бір
жаңа енгізілімдерге сәйкес бағалаушылардың іс-әрекетіндегі өзгерістер
құрайды.
Инновациялық динамика жаңа білімдердің техника немесе әлеуметтік
шындыққа айналуының логикалық реттелген технологиясын танытып, жаңа
білімнің тауар немесе қызмет көрсету үлгісіне айналу сатыларын білдіреді.
Педагогикалық инновациялардың феноменологиясы инновациялық ағын
ұғымын енгізеді. Бұл ұғымға педагогикалық жаңалықтарға деген дұрыс
қатынасын білдіретін мұғалімдердің түрлі сипаттағы қызметтері енеді.
Жаңашыл педагог – жаңа педагогикалық жүйенің авторы, яғни өзара байланысты
идеялар мен тиісті технологиялардың жиынтығының авторы.
Сонымен қатар зерттеушілердің, мұғалімдердің инновациялық –
педагогикалық үрдісіне деген қатынасына әсер ететін басқа да факторларды
атап өтуге болады.
Оларға мыналар жатады:
- жаңалықтың мақсаты;
- жаңалықты енгізу әдістемесі;
- жаңалықтың мотивациясы;
- мектепте жаңашылдықты бекіту;
- қоғам талаптарын қанағаттандыру;
- оның жұмыс нәтижесін арттыратынына көз жеткізу.
Новация ұғымы (латынша NOVUS-жаңа) біздің тарапымыздан жаңа енгізілім
деп түсіндіріледі. Ғылыми әдебиетте нововедение деген орыс сөзі бір
жүйеден екінші жағдайға ауыстыру, ендірілу ортасына жаңа тұрақты элементтер
(жаңалықтар) әкелетін мақсатты бағытталған өзгеріс ретінде анықталады.
Әрине, бұл жаңа енгізілім жаңаруымен байланысты. Алайда барлық жаңа нәрсе
әр кезде дұрыс нәтиже бере бермейді. Оның себептері мынадай:
Біріншіден, жаңа нәрсе барлық кезде өзекті мәселелерді шешу құралы
болып табылмайды. Шындығында, мұғалімдер мектеп атқаруы тиіс мәселелерді
зерделемей, кейде оны бір жақты қарастырады.
Екіншіден, әрбір жаңа құрал толық бір нақты жағдайларда туындап,
белгілі бір педагогикалық міндеттерді шешуге бағытталады. Алайда көптеген
ұстаздар құралдарды таңдау кезінде нақты жағдайға талдау жасауды басшылыққа
алмастан, өздеріне ұнайтын нәрселерге ғана назар аударады.
Үшіншіден, ғалымдар жаңа бір нәрсені пайдаланушылардың санының ұлғаюы,
оны меңгерудегі жаңа тәжірибиенің пайда болуы жаңалықтың нәтижелі болатын
жағдайларын қатайта түсетіндігін бұрыннан байқаған. Сондықтан өзгермелі
жағдайда жаңа құралдарды пайдалану дұрыс нәтиже беретіндігіне деген ішкі
сенімділігі болған жағдайдың өзінде, ұстаздар, психологтар,
әлеуметтанушылар тарапынан бақыланбайтын эксперименттік бақылау жүргізу
қажет деп есептеу керек.
Ғылыми әдебиеттерде жаңашылдық немесе жаңа құрал ұғымдары бір-
біріне синоним болып табылады да инновация, жаңа енгізілім ұғымдары
арқылы бір-бірінен ажыратылады.
Жаңашылдық – нағыз құрал (жаңа әдіс, әдістеме, технология,бағдарлама
және т.б.), ал инновация – осы құралды меңгеру үрдісі.Сауатты түрде таңдап
алынған жаңашылдық барынша мүмкін дәрежеде жаңа енгізілімнің табысқа
кенелуіне кепілдеме беруі тиіс. Жаңа енгізілген, жаңа құрал негізі болып
қаланған нәрсе мектептің даму мәселелерін шешуге мүмкіндік берсе, ол сәтті
деп саналады. Жаңашылдықты меңгерудегі сәтсіздіктер жаңа енгізілімнің бүкіл
жақсы – жаман жақтарын қоса алғанда теріс тәжірибиені көрсетеді.
Инновациялық үрдіс - жаңалықты жасау (тудыру, әзірлеу) меңгеру,
пайдалану және тарату бойынша жүргізілетін кешенді іс-әрекет. Білім беру
қызметінде орталық орынды иеленетін оқу-тәрбиелік үрдісін инновациялық
тұрғыда қарастыруға болады. Өйткені оның мақсаты – жастарға тұлғаның жаңа
қасиеттерін қалыптастыруда жаңа білімдер беру. Тұлғаны қалыптастыру мен
байланысты жағдайларды зерттеуге деген қызығушылық мәселесі соңғы
уақыттарда әлеуметтанушылардың да назарында тұр. Соңғы жылдары жинақталған
педагогикалық білім, оның құрамындағы іргелі сипаттағы білім мен оны
педагогикалық практикаға енгізу және пайдаланудың қиындығы арасындағы
қайшылық ерекше күшейе түсуде. Бүгінгі жағдайда жаңа ғылыми, тәжірибиелік
және практикалық білімді жасау үрдісі мен педагогикалық тәжірибиені зерттеу
нәтижелерін меңгеру үрдісі арасында маңызды алшақтық пайда болды.
Педагогикалық инновациялық осындай байланысты іске асырып, педагогикада
жаңалықтарды жасау, оларды меңгеру мен практика жүзінде қолдану үрдістерін
біріктіретін инновациялық үрдістерге тән қызмет мөлшерлерін қалыптастыруға
мүмкіндік береді. Аталған қайшылық инновациялық білімнің ерекше саласы
ретінде педагогикалық инновцияны әзірлеу мәселесін айқындауға мәжбүр етті.
Мұнда жаңаны құру мен оны практикада қолдану үрдістерін үйлесімді
біріктіру жолдары көрсетілді. Бұл талдау педагогикада инновациялық үрдістер
теориясын, инновациялық үрдістерді бейнелейтін жетекші категориялар мен
қағидаларды және қоғамдағы инновациялық үрдістердің жалпы теориясының
ерекше бөлімі ретіндегі педагогикалық - инновацияның құрамдас негіздерін
терең түрде әзірлеу қажеттілігін көрсетіп берді.
Жалпы айтқанда, инновация ғылымының негізінде мына мәселелер
айқындалады;
1. Педагогикалық инновация ғылымы – білімнің ерекше саласы.
2. Педагогикадағы инновациялық үрдістер - әдіснамалық зерттеулер пәні.
3. Қазіргі педагогикадағы инновациялық үрдістерді әзірлеудің жетекші
бағыттары.
4. Білім беру жүйесіндегі инновациялық үрдістерді дамыту тенденциясы.
5. Педагогикалық инновацияның құрамы, құрылымы мен функциялары.
6. Педагогикада инновациялық үрдістерді іске асыруға қажетті шарттар.
7. Педагогикада инновациялық үрдістерді ұйымдастыру мен іске асыру
бойынша қызмет мөлшерлері.
Біздің тәжірибиеміз көрсеткеніндей, инновациялық прогресс процедуралар
мен құралдардың жиынтығын танытады. Олардың көмегі арқылы ғылыми жаңалық,
идея, әлеуметттік, оның ішінде білім берудегі жаңа енгізілімге айналады.
Сөйтіп, идеялардың жаңа енгізілімге айналуын қамтамасыз ететін, сондай-ақ
осы үрдісті басқару жүйесін қалыптастыратын іс-әрекет- инновациялық іс-
әрекет болып табылады.
Инновацялық іс-әрекет дәстүрлі іс-әрекеттен түбірлі түрде ерекшеленіп
тұратын индивид. Индивид - іс-әрекеттің негізгі түрлерінің бірі. Ол барлық
уақытта қарама-қайшылықтар болған жағдайда іске асырылады. Іс-әрекеттердің
дәстүрлі модельдері тиімсіз болса, әрі қарай оның жетілдірілуі қажетті
нәтиже бере қоймайды.
Инновациялар былай бөлінеді: Білім беру мазмұнындағы инновациялар,
оқыту технологиясындағы инновациялар, білім беру жүйесінің тәрбиелеу
функциясы саласындағы инновациялар, педагогикалық құралдар жүйесіндегі
инновациялар.
Инновациялар мен бастамшыл (орталықтандырылмаған) жаңа енгізілімдердің
қалыптасуы тұрғысынан білім беру жүйесіне жасалған талдап көрсеткеніндей,
олардың пайда болуы әлеуметтік – мәдени салт – дәстүрлердің неғұрлым жалпы
заңдарына бағынады. Жаңа салт – дәстүрлік ауысым алдыңғы салт –
дәстүрлердің пайда болуына арналған барлық алғы шарттардың қалыптасу
жағдайында ғана мүмкін болмақ.
Осыған орай инновациялық білім беру қызметін жобалаудың негізгі
әдіснамалық қағидасын құруға болады. Оның мәні мынада: ең алдымен білімді
басқару жүйесіндегі инновациялық сала элементтерінің пайда болу жағдайы,
мүмкіндіктері және жүйелік қайшылықтары зерттеледі. Келесі кезекте
инновациялық қатынас элементтерін талдау кезінде айқындалған тәжірибиені
пайдалану кезінде инновациялық білім беру жүйелерінің дамыту жолдары
негізделеді.[3]

1.2 Жаңа педагогикалық технологияларды білім беру үрдісінде пайдалану

Өркениетті мемлекеттерде ұлттық білім жүйесін дүниежүзілік
тенденциялармен байланысты жетілдіру процесі жүріп жатыр. Сапаны көтеруге,
өз бетінше шығармашылық құзіреттілікті дамытудың іргелі білім жүйесінің
тұтастығын жасауға негіз болатын тенденциялар қатарына мыналарды жатқызуға
болады: үздіксіз білім беруге көшу, компетенцияға негізделген білім, жаңа
ақпараттық технологияны пайдалану, білім берудің ашықтығы,
актуальдандырылуы, іргелі білім беру, білімді ізгілендіру, білім берудегі
инновациялық әдістер.
Педагогикада білім беру мазмұны өте күрделі көп қырлы түсінікті
білдіреді. Білім беру мазмұны дегеніміз – жеке тұлға қалыптастырудағы адам
баласының іс-әрекет, тәсілдерді меңгеруі мен жүйелі білім алуы, іскерлік
пен дағдыны қалыптастыру, ақыл-ойы мен сезімін дамыту, таным арқылы
көзқарасын қалыптастыру.
Жалпы білім мазмұны, бір жағынан, оқу танымдық іс-әрекет, екінші
жағынан, іс-әрекетті игерудің құралы болып табылады.
Қазіргі кезде мектептерде оқыту процесін ұйымдастырудың жаңа
модельдерін жасау, оқыту технологияларының жекелеген элементтерін сабақта
қолдану бағытында тың қадамдар жасалынуда. Мектеп мұғалімдерінің алдында
тұрған жауапты міндет – ол оқушыға тиянақты білім беру, білікті ұрпақ
тәрбиелеу. Ол үшін мұғалімдер, әрине оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін өз
тәжірибиелерінде қолдануы керек. Жеке тұлғаны талантты, жаңалыққа жаны
құмар етіп шығару үшін мұғалім оқытудың жаңаша әдістерін қолдану арқылы
оқушының сабаққа деген белсенділігін, шығармашылық ізденісін, пәнге деген
сүйіспеншілігін арттырады.[4]
Инновация ағылшын тілінен аударғанда жаңалықты енгізу, жаңашылдық
деген ұғымды білдіреді. Инновациялық процестің толық түсінігін ХХ ғасырдың
басында экономист И.Шумпетер экономикалық жүйенің дамуындағы өзгерудің
жаңа комбинациясын талдады. Отызыншы жылдары И.Шумпетер, Г.Менш
инновация терминін ғылымға енгізді. Себебі жаңа технологияның және заттың
ғылыми тұтас жаңалығын ашты.Осы кезден бастап инновация, инновациялық
процес, инновациялық потенциал терминдері жалпы ғылымдардың
терминологиялық жүйесін байытты.
Инновацияның жалпы ғылыми түсінігі жүйе қызметінің тұтастай өзгеруін
анықтайды. Ол –жүйе элементтерінің және әр түрлі сфералардың сапалық пен
сандық өзгеруі.[5]
Іс - әрекеттер түріне бейімделген құзіреттіліктер – арнайы оқу іс-
әрекетінде ойландыру нәтижесінде пайда болған, өз бетімен ұйымдастырылған
білім мен іскерлік мұнда оқушы уақытқа байланысты өзінің даралық білім
берушілік іс-әрекетін ретке келтіруіне мүмкіндік алады. Мұғалім оқушылардың
ынтасын, бейімділігі, қызығушылығы мен құзіреттілігін анықтап, іс-
әрекеттер барысында қандай өзгерістердің болғанын байқау керек, яғни
әртүрлі ситуацияға бейімделуіне ықпал етуші ретінде мүмкіндік туғызатын
құзіреттіліктер жиынтығын дамыту және қалыптастыру, оқушылардың бірге
атқаратын жұмыстарын ынталандыру қажет.
Жаңа технология бойынша оқыту құралдары да оқушылардың өздігінен
танымдық іс-ірекетін жүргізе алатындай болуы қажет. Оқулықтағы теориялық
және практикалық материалдардың берілу жолдары осы мақсатты қанағаттандыра
алатындай,оқушылардың өз бетімен білім алуына бейімделіп жасалуы осы
мүмкіндіктерді жүзеге асырады.
Оқытудың басты мақсаты өздігінен білім алып дами алатын жеке тұлғаны
қалыптастыру болғандықтан, тақырып бойынша материалдардың берілуі осы
мақсаттың орындалуына сай келетіндей болуы керек. Ұстаздың міндеті –
баланың бойындағы алға жылжуға деген тілегін ескере отырып, шығармашылығын
жетілдіру.
Қазіргі уақыт талабына сәйкес мұғалім – педагогикалық құралдардың
бүкіл әлеуетін меңгерген, өзін-өзі жетілдіруге ұмтылып отыратын, рухани
дамыған, әлеуметтік жағынан жетілген шығармашыл тұлға. Оқу – тәрбие
жұмысын ұйымдастыруда, жүзеге асыруда қолданылатын инновациялар мен жаңа
технологиялардың пәрменін осы міндеттерді ойдағыдай орындау барысында
пайдалану қажет деп есептеймін.[6]
ХХI ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология
бағыты мен дамыту мақсатымен атауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып
табылады.Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды. Жас ұрпаққа
сапалы, өнегелі тәрбие мен білім беру – бүгінгі күннің басты талабы.
ХХI ғасыр деңгейінде білім беру мен кәсіптік даярлау бағытында
Қазақстан жоғары оқу орындарының міндеті - әлемдік стандарттар деңгейінде
білім беру, ал жетекші оқу орындарының дипломдары күллі әлемге танылуы
тиіс. Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін шәкірттер мен мамандарды қәзіргі
қоғам үрдістеріне сай инновациялық технологиялар мен білім беру негізінде
меңгерту қажет.
Бүгінгі күні білім беру мекемелерінде теориялық және практикалық
жұмыстарда әр түрлі педагогикалық инновация технологияларының нұсқалары
қолданылуда. Әр түрлі жіктеулер қолға алынып жатыр, осы жіктеулер қазіргі
кезде көптеп қолданылуда. Себебі, білім берудің негізгі жолы - оқыту.
Оқыту- ұстаз бен оқушы белгілі бір мақсатты жүзеге асыратын бір тұтас
процесс. Ал белгілі бір мақсатты толық жүзеге асыру - оқытуды тиімді
ұйымдастырумен сипатталады.
Оқытудың білім беру,тәрбиелік,дамыту функцияларын кеңінен қолдану
қажет. Әрбір педагогикалық технология жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, оның
өзіндік шығармашылық қабілеттерін арттыруға қолайлы жағдай жасауға қажетті
обьективті әдістемелік мүмкіндіктерді қамтиды.
Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеу - жаңа технология
бойынша әдістемелік жүйенің басты мақсаты болып табылады. Жаңа технология
оқытуды, ізгілендіруді,яғни оқу құралдарын оқушылардың өздігінен танымдық
іс-әрекетінде пайдалануға көмектеседі.
Гуманитарлық пәндер жүйесінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін
пайдаланудың педагогикалық шарттарына: инновациялық ізденіс қажеттіліктері;
Инновациялық әдіс-тәсілдер жайлы білім; инновациялық әдіс-тәсілдерінің
тиімді жолдарын қарастыру; инновациялық әдіс-тәсілдерді меңгеру;
инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану және білім беруді ұйымдастыру
формалары; инновациялық әдіс-тәсілдердің нәтижесінің болуы; инновациялық
әдіс-тәсілдердің озық тәжірибиелерін бекіту жатады.
Жаңаша оқытудың негізгі түрлері оқытудың дербес және топтық түрлері
болып табылады. Бұл жерде алға қойылған басты мақсат – оқушыға деген сенім,
оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйеніп беделі мен қадір - қасиетін
дамыту. Ол үшін инновациялық оқытудың педагогикалық шарттарын игерген
жағдайда ғана оқу тиімді болмақ.
Әлемнің білім беру бағытынан орын алу үшін:
Біріншіден, білім беру, оқыту, тәрбиелеу бағыттарын инновациялық
технологиялар мен жетілдіру;
Екіншіден, пәндердің материалдық базасының байлығы мен
үйлесімділігі;
Үшіншіден, оқушылардың өзіндік жұмыстарының орындалу барысын
қадағалау және бағалау;
Төртіншіден, білімді, білікті, тәжірбиелі мамандардың шеберлігіне
үлкен көңіл бөліп және басқа оқу орындарымен тәжірибие алмасу қажет;
Бесіншіден, ақпараттық технология бойынша теледидар
бағдарламаларында мектеп бағдарламаларын арнайы жүргізу;
Алтыншыдан, жастардың мамандығына деген жоғары жауапкершілік пен
сүйіспеншілікті қалыптастыру жолдарын нақтылау;
Жетіншіден, елімізге, болашаққа құлаш сермейтін білім берудің жаңа
мемлекеттік бағдарламасын баланың жас ерекшеліктеріне және қызығушылықтары
мен талғамдарын ескере отырып жасау керек.[7]
Өзіміздің ғалымдарымыздың Республика көлеміндегі мектептердің
тәжірибиесіне жасаған талдау инновациялық білім беру технологияларын
мектепте пайдаланудың қазіргі жағдайын анықтауға негіз болады.
Инновациялық білім беру технологияларының көп түрлілігі мұғалімнің
оларды дұрыс таңдап алуының өлшемдерін айқындауды талап
етеді.
Қазіргі заманға сай географияны оқытудың ғылыми-дүниетанымдық
міндеттері.
- Географиялық кеңістіктің барлық деңгейлерін зерделеу.
- Табиғат пен қоғам арасындағы байланысты түсіну.
- Ғаламдық,аймақтық және жергілікті құбылыстардың мәнін
түсіну.
- Қазіргі дүниедегі саяси-экономикалық,әлеуметтік қарым-
қатынастады түсіну және болжау.
Қолданбалы міндеттері;
1. Әр түрлі географиялық білім көздерінен мағлұмат бере алу.
2. Географиялық картамен жан-жақты жұмыс істей білуге үйрету.
3. Ақпараттық технологиялармен жұмыс істей білу, географиялық модельдеу
және болжаудың бастапқы дағдыларын үйрету.
4. Табиғи техногендік және әлеуметтік-экономикалық құбылыстарды
географиялық әдістерді пайдаланып зерттеу жұмысын жүргізуді үйрету.
5. Географиялық білімді күнделікті өмірде пайдалана білу.
Қоғамда болып жатқан өзгерістер мұғалімдердің жұмысына биік талаптар
қояды. Мұғалім оқушыларға білім беріп қана қоймай,оқушыны ізденіске,
шығармашылық зерттеуге тартып, жеке тұлғаны қоғам талап етіп отырған
деңгейде оқытуға, тәрбиелеуге тиіс.
Географиядан білім берудің мақсаты-географиялық орта-адамның
мекендейтін орны деп білетін көзқарастар мен ұстанымдар жүйесін
қалыптастыру. Біз оқушыларға география ғылымы, жер ғаламшары, оның табиғаты
және халқы, географиялық карта туралы бастапқы түсініктерді және алғашқы
географиялық білім мен біліктерді, үйретіп отыруымыз керек.
Оқушыларды ынталандыру, географиялық білімдердің құндылығын түсіндіру,
оларды меңгеруі үшін қосымша материалдардың маңызы зор. Оқушылардың
ынталарын қалыптастыратын қосымша материалдарға мыналарды жатқызуға болады.
-Географиялық білімнің адам өміріндегі рөлі.
-Табиғат компоненттері мен табиғат кешендерінің адам тіршілігі мен
шаруашылығындағы маңызы,табиғатты қорғау және оны ұтымды пайдалану жолдары.
Қосымша материалдарды пайдалану арқылы оқушылар жергілікті жер
материалдарын пайдалануды керек етеді. Географиялық білімді күнделікті
тиімді пайдалана білу, өз жеріндегі табиғатты,шаруашылық және экологиялық
жағдайды бағалауға септігін тигізеді.
-Туған өлкеге дүние жүзінің географиялық бөлігі ретінде қарау. Өз
өлкесінің табыстарын мақтаныш ету және оның проблемаларын шешуге өздерінің
үлестерін қосу.
-Ақпараттардың алуан түрлі көздерін карталармен,географиялық
суреттемелермен, сипаттамалармен баға бере білу іскерлігін шыңдау.
Географиялық білімнің маңызды көзі-географиялық картаны оқып үйрену,
географиялық сипаттағы мағлұматтарды ала білу дағдыларын дамыту,
қалыптастыру. Қосымша материалдарды пайдалана отырып, оқушы білімін
күнделікті өмірге, тіршілікке қолдана білуді, географиялық,саяси-
экономикалық ақпарат көздерін, карталарды, еңбек пен тұрмысқа қажетті
міндеттерді шешу үшін есептеуіш техниканы пайдалана білуді, тұрған
жеріндегі табиғи шаруашылық жағдайды бағалай білуді меңгеру. Оқушылардың
байқағыштығын, есте сақтау, қиялдау, азаматтық бейнесін жасау, қоршаған
ортаны эстетикалық тұрғыдан қабылдау, өмірге шынайы көзбен қарау, өзін және
білімін жетілдіріп отыру, қабілеттерін дамыту. Сонымен бірге қазіргі
басылымдарда шығып жатқан жаңашыл мұғалімдердің еңбектерін,газет-
журналдарды пайдаланудың маңызы өте зор. Жалпы педагогика ғылымында баланы
оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру
болып табылатындықтан, бұл жерде де, жаңа технология бойынша әдістемелік
жүйенің басты компоненті-оқыту мақсаты болып табылады. Ол мақсат өздігінен
дамуға ұмтылатын жеке тұлғаны қалыптастыру, сондықтан оның өздік танымдылық
іс-әрекеті белсендірілуі қажет. Бұл мақсат оқытудың әдістемелік жүйеінің
қалған бөліктерінің өзара байланыстағы қалыптарының өзгерулерін талап
етеді.
Әр сабақта жергілікті жердің компоненттері жайлы мағлұмат алу, елі мен
жерін танудың, оны қорғаудың, болашақ ұрпаққа сақтаудың басы екендігі
айтылады.
Мұғалім туған өлкені танудағы ғылымға жол ашушы, соған бағыттап
бейімдеуші.
Оқушы ізденуші,кейінгі іні-қарындастарына географияның жаңа қырын
ашушы.
Сабақтың әдіс-тәсілі қызығушылықты ояту,көзбен көріп сезіндіру,
жаңалыққа ұмтылдыра отырып пікірлесу.
Сабақтың өту аудиториясы-мүмкіндігінше табиғат аясы, яғни оқушы
тірі табиғатпен, ондағы компоненттермен тілдесу, бірлесу арқылы тану.
Сабақтың көрнекілігі - оқушы дайындаған теория және әрекет, яғни
мұғалімнің көрсеткені емес, оқушының ұсынғаны болуы керек.
Сабақтың тұрпаты - табиғат пен оқушы байланыстарынан туған ерікті
сабақ. [8]

2. Мұхиттар мен құрлықтардың физикалық – географиясы пәнін оқытудағы
жалпы әдістемелік нұсқаулар

1. Мұхиттар мен құрлықтардың физикалық – географиясы пәнін оқытудың рөлі
мен орны, мақсаты мен міндеттері және пәннің құрылымы

Оқу жоспары бойынша мектеп географиясы құрлымында Мұхиттар мен құрлықтар
географиясы курсы бастауыш курстан кейін екінші орында және ол 7
сыныпта аптасына екі рет оқытылады.
7 сыныптағы география курсы оқушының табиғаттану және географияның
бастауыш курстарын оқығанда алған білімдеріне және біліктеріне
сүйенеді, ал курстың мазмұны Қазақстан географиясының және алдағы уақытта
оқитын әлемнің экономикалық және әлеуметтік географиясының аса терең
білім алуына негіз болады.
Ғаламшарымыздың табиғатының алуан түрлілігі табиғат қорларының
байлығы мен орналасу заңдылықтарын, адамдардың тұрмыс – тіршілігінің
ерекшеліктерін анықтап береді. ХХІ ғасырға қадам басқан шақта, осы
байлықтарды неғұрлым тиімді игеру, пайдалану мақсатында табиғат
заңдылықтарын ескеру мен табиғи ортаны қорғаудың маңызы зор. Сондықтан
жаңа ғасырдың парасатты, білімді, іскер азаматы болып қалыптасу үшін
қазіргі заманғы ғылыми мәліметтерді жинақтаудың маңыздылығы арта түседі.
Әсіресе, ғарышкерлердің ғылыми зерттеулері ғаламшар табиғаты мен оның
ғаламдағы орны туралы білімдерін толықтырып, дүниетанымдарын кеңейте
түседі.
Материктер мен мұхиттар географиясынан табиғатының қалыптасу
кезеңдері, қайталанбас әсем көріністері мен апатты құбылыстары жөнінде
нақты мәліметтер алады. Сонымен қатар табиғат кешендерінің құрылымдық
ерекшеліктері және олардың жеке материктер мен мұхиттарда орналасу
заңдылықтары, адамзаттың табиғат байлықтарын шаруашылық қажетіне
пайдалануын оқып үйретеді. Құрлықтағы өзінідік ерекшеліктерімен
айқындалатын биік тау жүйелері мен ұлан-ғайыр жазықтардың табиғатымен
таныстырады. Мәңгі мұз құрсауындағы аймақтар мен аптапты шөлдер, мол
сулы өзендер мен шалқар көлдер, ит тұмсығы батпайтын ну ормандар мен ми
батпақтар, шалғынды далалар мен тақырлар жайында да мол мағлұматтар
береді. Дүниежүзілік мұхиттың тылсым табиғаты мен орасан мол табиғи
қорлары, ондағы терең сулы шұңғымалар мен су асты жоталары, құрлық
климатына әсер ететін теңіз ағыстары мен мұхит суының жалпы қасиеттері
жайлы қызғылықты деректер беріледі. Адамзат болашағы мен қазіргі тұрмыс
-тіршілігін табиғи ортамен біртұтас байланыста қарастыру мақсатында жеке
елдер мен халықтар туралы мәліметтер де келтіріледі. Жоғарыда аталған
деректер Жер –біздің ортақ үйіміз бөлімінде қорытындыланады.
Оқулықпен жұмыс істеу барысында географиялық әдебиеттер мен карталар,
сызбалар, суреттер және қосымша кестелерді пайдалану арқылы
біліктіліктерін арттырады. Мектеп жүйесіндегі білім беруде География оқу
пәні өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуде маңызды орын алады, оларда жалпы
мәдениетті қалыптастыруда, адамның табиғат алдындағы, әр адамның және
қоғамның, Жердегі өмірдің сақталуы үшін жауапкершілігін түсіну.
Мұхиттар мен құрлықтар географиясы пәнінің негізгі мақсаты-
оқушыларда Жер қабаты, оның табиғи жағдайлары мен қорларының алуан түрлігі
туралы түсінікті қалыптастыру. Осы мақсаттарға байланысты Мұхиттар мен
құрлықтар географиясының оқу пәнінің келесідей міндеттер анықталған:
- оқушылардың географиялық ойлауын қалыптастыру, географиялық мәдениетті
және географиялық тілді үйрету, тұлғаның еркін және шығармашылық ойларын
дамыту;
- оқушыларға географиядан жүйелі білімнің барлығын беру, оларды игеру
оқушылардың қазіргі әлемде бағдарлануға көмектесу;
-картографиялық білімнің қалыптасуына және дамуына жағдай жасау;
- оқушыларда Жер адамдар туралы планета ретінде тұтас білімдер
қалыптастыру, оның табиғаты және халқының алуан түрлігін ашу;
- негізгі білім деңгейіндегі басты орта білімді қалыптастыру және елтану
сипатындағы ойларды қалыптастыру;
Жаңа бағдарламаның мазмұны мен құрылымының география пәнін оқытудағы
ауыспалығын қамтамасыз етеді, дүниетанымдық ойлардың, білімдердің,
дағдылардың, оқушылардың географиялық ойларының дамуына қалыптасуына ықпал
жасайды, оқытуда қызметтік әдістемені жүзеге асырады.
Бағдарламада географиялық қабықты, материктер мен мұхиттардың табиғи
жағдайларын, сонымен бірге әртүрлі елдер мен халықтарды оқытуға үлкен
көңіл бөлінеді.
Теориялық бөліммен қатар бұл пәнде зертханалық жұмыстарды өткізу де
қарастырылған, ол оқушыларды өз бетімен зерттеу әрекеттеріне бағыттайды.
Аталған пән бойынша зертханалық жұмыстар теориялық бөлімді оқып болғаннан
соң, немесе жеке тақырыпты оқып болған соң өткізеді ол мұғалімнің
қалауына байланысты.
Аталған бағдарлама жалпы білім беретін мектептерге арналған, оқытуда
жеке әдістемесі бар жалпы білім беретін сыныптарға арналған.
Оқытуда міндетті нәтижелерге жету оқушыларда географияға қызығушылығын
дамыту болып табылады, олардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастырады, әр
оқушының қабілеттерін шыңдайды. [9]
Білімге, оқуға және дағдыларға қойылатын талаптар
7 сынып оқушылары атай алуы және көрсете алуы қажет:
- Пәннің зерттеу объектісін: құрлықтарды, дүние бөліктерін, аралдарды
олардың басты бөліктерін, сонымен бірге олардың ерекшеліктерін
- Солтүстік және Оңтүстік жарты шар материкерін;
Құрлықтар мен мұхиттардың негізгі ашылу кезеңдерін, маңызды географиялық
ашылулардағы белгілі саяхатшылар мен ғалымдардың үлесін;
- материктік және мұхиттық жер қыртысын және олардың ерекшеліктерін;
- геологиялық жыл санау;
- ірі литосфералы плиталар және олардың қозғалыстары; платформалар және
геосинклинальдар; ірі сейсмикалы және жанартаулық белдеулер;
- құрлықтың және мұхит түбінің жер бедерінің ірі пішіндері;
-климат құрушы факторлар; ауа температурасының және ауа қысымының, жауын
-шашынның біркелкі таралуының заңдылықтары; ауа массаларының және басым
желдер; климаттық белдеулер;
- ішкі сулары және негізгі түрлері;
- табиғи кешендер; географиялық қабық және оның құрамы;
-құрлық бойынша халықтардың таралуы; негізгі этностар және кең тараған
тілдер; әлемдік діндер және олардың таралуы;
- саяси картадағы елдер және елдердің типологиясы;
Анықтау және өлшеу керек:
- мұхиттар мен құрлықтар карталарының түрі және оларда қолданылатын
проекциялар және шартты белгілер жүйесі;
- геохронологиялық картаны;
- физикалық картадан: құрлықтар мен материктердің георграфиялық жағдайын;
материктердің шеткі нүктелерін және олардың координаталарын,
материктердің ендік және бойлық бойнша ұзақтығын градуспен және
километрмен анықтау,
-құрлықтың аудандарының және әлемдік мұхиттардың араақатынасын;
материктердің ауданын; құрлық бөліктерінің мұхиттардың өзара қатынасын;
-әр құрлықтың өзендерінің көзін және олардың деңгейін жыл бойы өлшеу;
- мәдени өсімдіктердің шығу орталықтары және олардағы өсімдіктер құрамы;
осы өсімдіктердің қазіргі таралу ареалы;
Сипаттау:
- жер бедерінің негізігі пішіндерінің таралуы және олардың тұрақты және
қозғалмалы жер қырытысының бөліктеріне сай келуі;
-климаттық белдеулердің құрылымы және әр материкке арналған климат типі;
- өсімдіктердің түрлерінің және жануарлар әлемінің эндемикалық түрлері;
-адамның шаруашылық әрекеті мен табиғат арасныдағы байланыс;
Түсіндіру:
- географиялық жағдайдың және материктің ауданының оның табиғат жағдайына
әсері;
- жер бедерінің қалыптасуына ішкі және сыртқы күштердің әсері;
-ауа массаларының қалыптасуы, қысым белдеулері, басым желдер (пассаттар,
батыс желдер, муссондар);
- климаттың өмірге әсері; климаттың апатты құбылыстары және олардың пайда
болу себептері;
- Жердегі тіршілік үшін Әлемдік мұхит суларының әсері; мұхиттық ағыстар
және олардың қалыптасуы; беткі ағыстардың материк табиғатына әсері;
-табиғи кешендердің зоналды және азоналды бөлінуі;
- материктерді мекендеу тарихының және ұлы географиялық ашылулардың қазіргі
материктің және оның бөліктерінің халықтық құрамына әсер етуі;
- жеке аймақтағы және елдердегі шаруашылықтың дәстүрлі салалары. [10]
7 сыныбындағы оқытылатын география пәнінің негізгі мақсаты – табиғатың
өзара қатынасы туралы, халқы және адамдардың шаруашылық әрекеті туралы
түсінік беру, әлемнің географиялық суретін салу. Бұл құрлықтардың, ірі
аймақтардың және елдердің табиғатының тұтастығын және жіктелуінің
аймақтық, түрлі табиғат жағдайларындағы адамдардың шаруашылық әректі және
өмір сүруінің ерекшеліктері туралы білімдерінің дамуына ықпал жасайды.
Пән жеке геосфераларға және барлық географиялық қабыққа тән жалпы
географиялық заңдылықтар жайлы білімдерді қалыптастырады, және
планетамыздың табиғатының алуан түрлігін түсінуге көмектеседі, елдермен
және халықтармен танысуға мүмкіндік жасайды, яғни елтану сипатына тән
алғышарты білімдерді қалыптастырады, ал ол білімдер әр оқыған адамдарға
қажет.
Білімділік мақсаты:
- Негізгі географиялық объект – табиғи кешен, оның үш деңгейі
(ғаламдық, аймақтық және жергілікті), географиялық қабықтың
дамуының заңдылықтары, оның кеңестік, яғни территориалды жіктелуі
жайлы білім қалыптастыру;
- Кешендік сипаттағы елтану білімдерін қалыптастыру;
- Тұтастық түсінігінінен қалыптасатын дүниетанымын дамытуға ықпал
жасау, әлем табиғаты біртұтас, ал адам оның бір бөлігі. Оқушылар
географиялық қабық пен табиғи кешен және оны құрайтын бөліктер-
өздігінен дамитын жүйелер екенін түсінулері керек,
географиялық қабықтың дамуы нақты бір заңдар бойынша жүзеге
асады, адам осы заңдарды танып білу арқылы қоршаған ортаны өз
мақсаттары үшін оның барлық байлығын, алуантүрлілігін және
әсемдігін сақтап өзгертуге мүмкіндік береді.
Тәрбиелік мақсаты:
- Қоғам алдындағы өзінің міндеттерін түсінетін және білім алу үшін
еңбек ететін жеке тұлғаның дамуына ықпал жасау; оқу еңбегіне
жағымды қатынасты тәрбиелеу;
- Адам өміріндегі табиғаттың рөлін, адамдардың және олардың
шаруашылық әрекетінің табиғатқа әсерін түсіндіре отыра,
экологиялық тәрбие беруге көмектесу, географиялық қабықтың
заңдылықтарын түсінуге оқушыларды үйрету, табиғатты қоғауда
барлық елдердің ынтымақтығының қажеттігін және өзінің туған
жерінің табиғатын қорғаудағы жеке өз басының қатысуы;
- Тұлғаның адамгершілік қасиетін тәрбиелеу: отансүйгіштік,
интерноциолизм, табиғатты эстетикалық қабылдау.
Дамытушылық мақсаты:
- Оқушыны білім алуға үйрету, өздігінен оқуға үйрету:
- Шығармашылық ойлауын, оқу мәселелерін шешу білімін дамыту;
- Сөйлеу мәдениетінің, қиялының, кешенді ойлау стилін дамыту;
Аталған тәрбиелік, білімділік және дамытушылық мақсаттардың барлығы –
бір – бірімен өте тығыз қарым –қатынаста болады. Жеке тұлғаны дамыту
басты басымдылық болып табылады. [9]
Сонымен пәннің негізгі мақсаты - оқушыларда Жер адамдар
планетасы екендігі туралы тұтас ой қалыптастыру, табиғаттың және
халықтың алуантүрлігі туралы айту, елдермен және халықтармен таныстыру,
елтану сипатында негізгі білімдер мен түсініктердің қажетті базалық
минимумын қалыптастыру. Осымен қатар басқа маңызды мақсат та шешіледі –
оқушылардың табиғаттың алуантүрлігі, халықтың және оның шаруашылық
әрекетінде тұтастықты көру үшін жертану сипатындағы заңдылықтарын үйрету,
нақты тәртіп, құбылыстардың байланысы осының бәрі табиғатты сақтау, адам
өміріндегі табиғи жағдайлардың ролі туралы білімдердің негізінде қошаған
орта мәселелерін шешуде халықаралық ынтымақтастықтың қажеттілігін
тәрбиелейді.
Пәннің құрылымы бұрыннан қалыптасқан және мектеп тәжірибесімен
сыналған. Оқушылар мен оқытушылардың көбісі пәннің құрылымы мен мазмұнын
оң бағалайды.
Дәстүрлі бағдарламаға сәйкес курс үш бөлімнен тұрады:
• Жер ғаламшарларының қазіргі бейнесі;
• Материктер мен мұхиттар;
• Жер – біздің ортақ үйіміз.
Бірінші бөлім жалпылау сипатқа ие, бұл бөлімде планетаның барлық
геосферлерінің Жердің ең ірі табиғат кешені – географиялық қабықтың,
сонымен бірге оның халқы және олардың табиғатпен өзара қарым -
қатынасы құрылымының және дамуының жалпы заңдылықтары ашылады. Бөлім
барлық курсқа модель болып қызмет етеді.
Бұл көлемі бойынша аса үлкен, қызықты және бірінші көзқарасқа
қарағанда игеру үшін күрделі бөлімі географияның бастауыш курсын
қарапайым қайталау болып табылмайды. Осылайша, егер алдыңғы курстарда
геосферлердің құрамы мен құрылысы және осы сфераларда болып жатқан
құбылыстар қарастырылса, 7 сыныпта басты назар үрдістерге (литосфералық
плиталар қозғалысы, ауа массалары, беткі мұхиттық ағыстар және
т.б.), табиғат компоненттерінің өзара қатынасы мен өзара әрекеті, зат
және энергия айналымының барлық географиялық қабықтың және оның табиғат
кешендерін құрайтын аса үлкен алуантүрлікке әсер етуі. Бұл бөлімде адам
биоәлеуметтік құбылыс ретінде қарастырылады. Жер табиғат ерекшеліктерімен
ғана бірегей емес, сонымен бірге, ол адамдар –планетасы.
Сонымен бірге, жалпы бөлім оқу жылының басында оқушылар өте
күрделі материалды жақсырақ қабылдауына, түсінуіне және игеруіне
шамаланған. Курстың басында берілген маңызды теориялық анықтамалар
мұхиттар мен құрлықтарды оқыған кезде расталады, нақтыланады және
бекітіледі .
Екінші үлкен бөлім материктер мен мұхиттардың сипаттамасына,
құрлықтың ірі аймақтарнда орналасқан елдер топтарын және жеке елдерді
суреттеуге арналған. Құрлықтарды оқыту Еуразия материгінен басталады,
содан кейін басқа да солтүстік құрлықтар ды оқып, Антарктидамен
аяқтайды.
12-13 жасар оқушыларда теориялық білімнен нақты ойлау басым
болады, олардың көбі себепті салдардан ажырата алмайды. Қабылданған
жүйелілік бойынша қарапаймынан күрделіге дидактикалық принципі жүзеге
асады; салыстыру тәсілін қолдануға арналған өте жақсы жағдайлар
жасалады; Африканың екрекше табиғатына, елдеріне және халықтарына
деген аса жоғары танымдық қызығушылық ескеріледі. Ең үлкен және табиғи
қатынастағы күрделі материк – Еуразияны өте жоғары ғылыми деңгейде
оқытады.
Егер курстың бірінші бөлімі жалпы жертанулық сипатта болса,
екіншісі елтанулық мазмұнмен қаныққан, ол табиғат, халық, шаруашылық,
адамның материалдық және рухани мәдениеті туралы әртүрлі деректерді
жүйелейді және жалпылайды. Н.Н. Баранский өз еңбектерінде елтанулық
сипаттардың талаптарын атап өткен. Оның ойынша, бұл сипаттамалар:
бір елді басқа елден ажырататындай өзіндік; елеулі, елді түсіну үшін
аса маңызды; басқа сипаттармен үйлесімге бейімделген болу керек.
Үшінші бөлім жалпылау сипатта, оның мазмұны дүниетанымдық
ойларды анықтауға, көзқарастар қалыптастыруға, тәрбиенің адамгершілік
қағидаларын, оқушының гео-экологиялық түсінігін анықтауға бағытталған.
Сонымен, курс құрылымының басты міндеті – оқушыларда адамдар
планетасы ретінде Жер табиғатының бірегейлігі туралы ой қалыптастыру,
табиғат және адам арасындағы өзара қатынасының ерекшеліктерін анықтау,
Жердегі өмірді барлық қырынан көрсету. [11]

2.2 Мұхиттар мен құрлықтардың физикалық – географиясы пәнінің мазмұны
және оны ұйымдастырудағы әдістемелік тәсілдер

Мазмұны негізгі географиялық және әдістемелік ойларда негізделген
барлық мектеп географиясын жаңаруында көрсетіледі:
Жер табиғатының бірлестігін, табиғат компоненттері арасындағы және
құрлықтар мен мұхиттар табиғаты арасындағы өзара әрекеттестік және
өзара қатынас;
Географиялық қабықтың дамуының нәтижесі ретінде Жер табиғатының
алуантүрлігі:
Табиғат пен адамның ажырамайтынын және олардың бір – біріне өзара
әсер етуі;
Жер табиғатының жағдайына халық саны өсуінде, ғылыми – техникалық
үрдісте және қала халқының санының өсуінде көрініс тапқан
антропагендік фактор әсерінің ұлғайюы.
Мазмұнның негізін теориялық, эмпирикалық және әдістемелік білімдер
құрайды. Теориялық білімдер: платформа, жер бедері, ауа массалары,
пассаттар, географиялық қабық, табиғи кешен, табиғат зонасы, ендік
аймақтар, биіктік белдеулер, этнос, материктің географиялық орны,
өзен режимі және т.б. ұғымдармен көрсетілген;
Объектілер мен құбылыстар арасындағы байланыстар (мысалы, құрлықтың
немесе мұхиттың географялық орны және оның табиғаты, жер бедері,
климат және ішкі сулары арасындағы байланыс);
Кейбір гипотезалар мен теориялар (литосфералық тақталардың
тектоникасы, мұхиттар, атмосфра және құрлықтар арасындағы ылғалдың
ауысуы);
Географиялық қабықтың заңдылықтары және планетаның барлық табиғаты
үшін ортақ географиялық аймақтылық заңдары.
Ортақ заңдылықтармен қатар, курс мазмұны планетаның жеке
геосферлеріне тән (ірі жер бедерлердің таралу заңдылықтары, пайдалы
қазбалардың орны, климаттық белдеулердің және облыстардың таралуы және
т.б.) бірқатар жеке заңдылықтарды да анықтайды.
Теориялық білімдер жалпыжертанулық бқлімнің мазмұнының негізін
құрайды және олар курстың алғашқы және соңғы бөлімдерінде
қолданылады. Құрлықтар мен мұхиттарды қарастырған кеде бұл білімдер
нақтыланады, тереңдетіледі және кеңейтіледі.
Эмпирикалық білімдер (айлар, деректе, географиялық номенклатура)
бағдарламаның екінші бөлімінің негізі болып табылады, оның көп бөлігін
географиялық объектілердің атаулары, сонымен бірге елтанулықсуреттеулер
және сипаттаулар құрайды.
Эмпирикалық білімдер барлық мектеп географиясының құрамдас бөлігі
болып табылады, ол жеке жүйешелерден тұрады (климатологиялық,
гидрологиялық, халық туралы білімдер және т.б.). Сондықтан аталған әр
бір білім жүйесін қалыптастыруда 7 сынып курсының орнын және ролін анықтап
алу маңызды.
Жер бедері және климат табиғаттың басты компонеттері.
Геоморфологиялық және климаталогиялық факторлардың өзара әсер етуі –
Жердегі барлық табиғи үрдістердің дамуының қозғаушы күші. Жердегі
климатты оқу мектеп тәжірбиесінде аса күрделі болып саналады. [9]
Әдістемелік білімдер оқушыларда оқыту жұмысында (талдау және
карталарды салыстыру, географиялық объектілерді салыстыру,
сипаттамаларды құру және т.б.) интеллектуалдық және тәжірбиелілік
арнайы тәсілдерді қалыптастыруға бағытталан. Курс бағдарламасында білім
мен ептілікті бекітетін тәжірбиелік жұмыстардың тізімі бар. Ептілік
(білімнің операционды бөлігі) оқу материалын тереңірек түсіну үшін
қажет, байланыстардың себеп – салдарын анықтау, оқушыларды өздігінен
білім алуға және географиялық білімдерді күнделікті өмірде қолдануға
дайындайды.
Курс мазмұны шығармашылық әрекет тәжірбиесі және әлемге, қызметке
сезімдік – бағалаушылық қатынас тәжірбиесі сияқты компонентерді
қалыптастыру үшін үлкен мүмкіндікке ие. Бұл екі компонент оқулықтардың
қосымша мәтіндерінде және түсіндірме сипаттарында, сұрақтар мен
тапсырмалар ретінде оқушының шығармашылық ойлауына және сезімдік
сферасының дамуына арналған.
Негізгі әдістемелік шарт - ұстаздың курстың құрылымын және
мазмұнын, оның мақсаттары мен міндеттерін жақсы білуі. Курс
құрылымында салынған теориялық білімдерді қалыптастырудың дедуктивті
әдісі ұстаздан оқушыларда абстрактылы ойлауды дамытуда жұмыс жасауды
талап етеді. Жалпы жертанулық білімдерді қалыптастырғанда оқу танымдық
үрдісі- нақтыдан абсртактылыға және абстрактылыдан нақтыға өтетін
күрделі диалектикалық өту екендігін мұғалім есте сақтауы қажет, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрлықтар мен мұхиттар географиясын оқытудың әдістемесі
География сабақтарында инновациялық технологияларды пайдаланудың ғылыми негіздері
География
Географияны оқытудағы инновациялық технологияларға сипаттама бере отырып оқушылардың шығармашылық әрекетінің тәжірбиесін қалыптастырып, географияны оқытудың нәтижелігін көтеру
Деңгейлеп - саралап оқыту технологияларды пайдаланудың теориялық негіздері
Қазақстанның физикалық географиясын оқытуда елжандылыққа тәрбиелеу әдістері
ГЕОГРАФИЯ МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША МАГИСТРАНТТЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЕСЕБІ
Оқу-әдістемелік кешен “Сулы жүйелер географиясы” пәні бойынша
Оқушылардың білімін бағалау
Географияны оқыту әдістері
Пәндер