Антропологиялық материализм



1 Антропологиялық материализм
2 Фейербахтың таным теориясының негізі
XIX ғасырдың екінші ширегінде Германияда капитализм жедел қарқынмен дами бастады. Неміс жұмысшы табы саяси майданнан бой көрсететіндей жағдайға жетті. 1844 жылы Силезия тоқымашыларының көтерілісі бұрқ ете түсті. Жалтақ неміс буржуазиясының өкілдері алпауыттармен ауыз жаласып, жұмысшы табының мүддесін сатып кетті. Гейне сияқты бірді-екілі адамдар ғана табанды күрес жолынан тайған жоқ. Германиядағы пісіп-жетіле бастаған революциялық жағдаяттар, әлеуметтік-саяси және философиялық жағдаяттар шығармаларда өз көрінісін тапты. Ол ең алдымен Гегель мектебінің ыдырауынан басталды. Гегель ізбасарларының сол қанаты жас гегельшілердің ішінен атақты неміс материалисі Л.Фейербах қара үзіп алдыңғы қатарға шықты. 1848 жылы буржуазиялық революцияның қарсаңында неміс идеалистік философиясы тоқырауға ұшырап тұйықтан шығар жол іздеді. Осы мезетте Фейербах тарапынан жүзеге асырылған материализмнің бағзы замандағы беделін қайта кетеру әрекеті идеалистік неміс философиясы үшін өте ауыр соққы болғанды.
Фейербах Маркске дейінгі материалистердің ішінен ең көрнектілерінің бірінен саналады. Оның идеялары неміс мәдениетінің дамуында өшпес із қалдырды. Ол XIX ғасырдан демократтардың дүниетанымын қалыптастыруда маңызды рөл атқарды. Оның материализмі Маркс пен Энгельске тікелей ықпал жасаған, гегельдік философияның үстемдік бұғауынан босануларына бірден-бір жәрдем еткен.
Людвиг Фейербах (1804-1872) заң қызметкерінің шаңырағында дүниеге келіп, ер жеткен соң 1823 жылы Гейдельберг университетіне түсіп, діни мамандық алуға ден қойды. Алайда, аз уақыт өтпей-ақ, бұл мақсатына көңілі толмаған Фейербах Берлинге көшіп келіп, екі жылдай Гегель лекцияларын тындайды. 1830 жылы лақап атпен «Өлім және мәңгілік туралы ойлар» деген тырнақалды еңбегін жарыққа шығарады. Мұнда ол гегельдік философияның тұрғысынан мәңгілікті жоққа шығарады.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Антропологиялық материализм

XIX ғасырдың екінші ширегінде Германияда капитализм жедел қарқынмен дами бастады. Неміс жұмысшы табы саяси майданнан бой көрсететіндей жағдайға жетті. 1844 жылы Силезия тоқымашыларының көтерілісі бұрқ ете түсті. Жалтақ неміс буржуазиясының өкілдері алпауыттармен ауыз жаласып, жұмысшы табының мүддесін сатып кетті. Гейне сияқты бірді-екілі адамдар ғана табанды күрес жолынан тайған жоқ. Германиядағы пісіп-жетіле бастаған революциялық жағдаяттар, әлеуметтік-саяси және философиялық жағдаяттар шығармаларда өз көрінісін тапты. Ол ең алдымен Гегель мектебінің ыдырауынан басталды. Гегель ізбасарларының сол қанаты жас гегельшілердің ішінен атақты неміс материалисі Л.Фейербах қара үзіп алдыңғы қатарға шықты. 1848 жылы буржуазиялық революцияның қарсаңында неміс идеалистік философиясы тоқырауға ұшырап тұйықтан шығар жол іздеді. Осы мезетте Фейербах тарапынан жүзеге асырылған материализмнің бағзы замандағы беделін қайта кетеру әрекеті идеалистік неміс философиясы үшін өте ауыр соққы болғанды.
Фейербах Маркске дейінгі материалистердің ішінен ең көрнектілерінің бірінен саналады. Оның идеялары неміс мәдениетінің дамуында өшпес із қалдырды. Ол XIX ғасырдан демократтардың дүниетанымын қалыптастыруда маңызды рөл атқарды. Оның материализмі Маркс пен Энгельске тікелей ықпал жасаған, гегельдік философияның үстемдік бұғауынан босануларына бірден-бір жәрдем еткен.
Людвиг Фейербах (1804-1872) заң қызметкерінің шаңырағында дүниеге келіп, ер жеткен соң 1823 жылы Гейдельберг университетіне түсіп, діни мамандық алуға ден қойды. Алайда, аз уақыт өтпей-ақ, бұл мақсатына көңілі толмаған Фейербах Берлинге көшіп келіп, екі жылдай Гегель лекцияларын тындайды. 1830 жылы лақап атпен Өлім және мәңгілік туралы ойлар деген тырнақалды еңбегін жарыққа шығарады. Мұнда ол гегельдік философияның тұрғысынан мәңгілікті жоққа шығарады. Ол христиан дінінің белгілі уағызына қарсы бағытталған болатын. Фейербах жеке гұмырдың мәңгілігін жоқка шығара отырып, адамзат ғұмырының мәңгілігіне, ақылпарасаттың мәңгілігіне шүбә келтірмеген. Көп уақыт өтпей-ақ, бұл шығарманың сыры ашылып қалады да, Фейербах қуғынға ұшырап, университеттен қуылады және өз мамандығы бойынша еш жерге жұмысқа алынбайды. 1837 жылы Фейербах Тюрингиядағы кішкентай ғана қыстаққа көшіп барып, аталмыш Брунбергте 25 жыл бойы табан аудармай ғұмыр кешті. 1839 жылы Фейербахтың атақты Христиан дінінің мәні деген кітабы жарыққа шықты. Ол материализм жеңісінің нағыз айғағы болды. Көптеген европалық тілдерге аударылған бұл кітаптың қоғамдық ойды қозғауындағы маңызы ерекше еді. Фейербахтың аты қараңғылықпен, соқыр сеніммен, деспотизммен күрестің жалауы болды. Ұлы материалисті куғындау күшейе түсті.
Болашақ философияның негізгі қағидалары (1843), Діннің мәні (1845) деген еңбектерінде Фейербах материалистік дүниетанымды негіздеу жұмысын аяқтайды. Оның бұл еңбегі діни философияға қарсы бағытталған еді. Фейербах дүниенің материалдылығын, яғни заттылық сипатын, табиғаттың адам санасынан тыс, әрі оған тәуелсіз өмір сүретіндігін дәлелдеді. Табиғат адамзаттың бесігі, оны ешкім жаратқан жоқ, оның өмір сүру себебі өз ішінде. Фейербахтың бұл тұжырымдары табиғаттың гегельдік түсінігіне, оны рухтың бейболмысы ретінде қарастыратын түсінікке қарсы бағытталған болатын.
Фейербах әсіресе, адамның жаны оның денесінен тәуелсіз өмір сүреді деген діни қағидаға қатты шүйлікті. Философияның негізгі мәселесін ол жанның денеге қатынасы ретінде пайымдап, өзінің материалистік дүниетанымын антропология - адам туралы ілім деп жариялады. Антропология ең алдымен жаратылыстану ғылымдарымен одақтасуы керек, ал шынайылық, айқындылық және қарапайымдылық - антропологиялық философияның негізгі белгілерінен саналуы тиіс. Адам Фейербахтын түсінігінде денелік, заттық, кеңістіктік, уақыттык тіршілік иесі, сондықтан да ол түйсініп, ойлау қабілетіне не болған. Ал идеализм болса біртұтас тіршілік иесін екі ұдайландырып, оның денесі мен жаның, табиғаты мен ойлау қабілетін қарама-қарсы қояды да, адамның мәнін оның ақыл-ойына телиді. Ал, Фейербахтың пікірінше, адамның мәні оның денелік-жандық біртұтастығында. Тек теорияда ғана рух пен денені бөлек қарастыруға болады, ал шын мәнісінде олар мызғымас бірлікте болады, әрі рух, ойлау, түйсіну - денеге тәуелді қасиеттер. Сөйтіп, Фейербах философияның негізгі мәселесін материалистік тұрғыдан шешеді.
Табиғат пен адам, міне жаңа философияның зерттейтін пәні дейді Фейербах. Антропологиялық қағида материалистік философияның ауқымын тарылтады. Ол адамды биологиялық тұрғыдан, ақыл-ой, сезімдік қабілеті бар тіршілік иесі ретінде қарастырады да, оның ең алдымен қоғамдық тарихи тірі жан екендігін ескермейді.
Фейербах кеңістік пен уақытты материалистік тұрғыдан түсініп, оларды материяның негізгі өмір сүру формалары деп атап көрсетті. Ол кантшылардың қажеттілікті, себептілікті, заңдылықты адамның ақыл-ойы құрастырады деген түсініктеріне батыл қарсы шықты, сонымен қатар идеализмді материядан санаға өту, органикалық емес табиғаттан органикалық табиғатқа өту мәселелерін жоққа шығарғандығы үшін қатты сынға алды. Тіршілік тек табиғатпен байланысты. Табиғаттан тысқары ешқандай да тіршілік иесі күн көре алмайды. Фейербахтың еңбектері жалпы идеализмге атап айтқанда, гегельдік философияға қарсы бағытталды. Тіршілік иесімен табиғаттың өзара байланысы - өмірдің негізі. Алайда Фейербахтың осындай аракідік кездесіп қалатын диалектикалық ойлары одан әрі қарай дамытылмай қалып кетіп жатты. Оған кінәлі Фейербахтың антропологиялық қағидасы болатын.
Материалистік таным теориясын дамыту ісінде Фейербахтың рөлі ерекше болды. Кантқа қарсы күресе отырып, Фейербах XVІІІ ғасырдағы француз материалистерімен салыстырғанда, олардан көш ілгері материалистік гносеология (таным теориясының) негізін қалады. Фейербахтың келтірген көптеген дәлелдерін марксизм-ленинизм классиктері де пайдаланған болатын. Фейербах материалдық дүниенің ооъективтік сипатын жариялап қана қойған жоқ, сонымен қатар оның танымдылығын, адамдардың табиғат сырларын, құпияларын шексіз танып-біле алатындығын, бұл орайда объективтік акиқатты мойындау керек екендігін тұжырымдайды. Адамзат тарихы - танымның шекараларын кеңейтіп отыратын ғылымның, философияның қол жеткен табыстарының куәсі.
Фейербахтың таным теориясының негізі - сенсуализм. Таным заттан - түйсікке, түйсіктен ақыл-ойға жылжиды. Сана дегеніміз заттар мен құбылыстардың рухани көшірмелері ғана, ал психолог-идеалист сол көшірмелерді тұпнұсқаның өзі деп жариялайды.
Фейербах іргесін тек идеализмнен ғана ажыратып қоймай, сонымен қатар тұрпайы материализмнен де аулақтатты. Ол Фогт, Молешотт сияқты сананы материалдық, физика-химиялық процесстерге барабар санайтын тұрпайы маткриалистерді қатты сынға алды. Бірақ та Фейербах тұрпайы материализмді жалпы материализмге балағандықтан, өзінің антропологиялық көзкарастарын материализмге қарсы деген жаңсақ ұйғарымға келді.
Фейербах - таным мүмкіндігіне шексіз сенген ғұлама. Ол табиғат сырларының тылсым құпияларын адамдардың аша алатындығына еш шубә келтірмейді. Бұл істі жүзеге асыру үшін адамда қажетті сезім мүшелерінің бәрі бар, - дейді Фейербах.
Танымның бастапқы сатысына Фейербах түйсіктерді жатқызады. Түйсіктер ол үшін адам мен табиғаттың арасындағы дәнекер іспеттес. Неміс идеалистерінің бұлыңғыр философиясына қарсы Фейербах сезімдік танымның айқын шынайы табиғаты туралы мәселені көлденең қояды. Түйсіктер адамды табиғаттын алшақтатпайды, қайта байланыстырады. Сонымек қатар, Фейербах материалистер сияқты ақыл-ойдың үрметін төмендетпейді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғам туралы Карл Маркстің ілімі және оның қазіргі жағдайы
КӨНЕ ШЫҒЫС ФИЛОСОФИЯСЫ ТАРИХЫ
Классикалық неміс философиясы
Адам мәселесіне субстанциялық көз қарас
Марксистік философия
Марксизм философиясы
Фейербах және антропологиялык материализм
Гносеологиялық оптимизм, скептицизм және агностицизм туралы
Неміс классикалық философиясының тарихи тамыры
Экзистенциализм және өмір философиясы
Пәндер