Әлішер Науаидың, Омар Хайямның, Мақтымқұлының, Өтебойдақ Тілеуқабылұлының тәрбие тағылымдары



1 Әлішер Науаидың тәрбие тағылымдары
2 Омар Хайямның ағартушылық ой.пікірлері
3 Мақтымқұлының тәрбие тағылымдары
4 Өтебойдақ Тілеуқабылұлының отбасы және еңбек тәрбиесі туралы ой.пікірлері (1388.1483)
5 Ғұламаның психологиялық идеялары.
Науаи - өзбек халқының ұлы ақыны, ойшылы, мемлекет қайраткері. Әлішер Науаи 15 жасында түркі және парсы тілдерінде бірдей жазатын белгілі ақын болды. Ғиратта, Мешхедте, Самарқанда оқып, логика, философия, математика пәндерінен мағлұмат алды. Өзінен бұрынғы Фирдоуси, Низами, Дехлауи, Хорезми, Саиф сарал, замандастары Атаи, Саккакл, Лутфи; Жәми творчествосымен танысты. Оның ағартушылық көзқарастарының дамуы Фирдоуси мен Низами еңбектерімен танысқап соң пайда бола бастады. 1472 жылдан бастап өз қаржысына мектеп салдырып, 1476 жылдан бастап творчест-волық жұмыспен айналысқан. "Жақсылардыц таңдануы", "Гауһарлар шоғыры","Құстар тілі", "Көңілдерін сүйгені" атты әдеби теориялық шығармаларында тәрбие тағылымдары жан - жақты сөз болды. Ал, дидактикалық тұрғыда жазылған "Ғажайып мәжілістер", "Ажал патшаларының тарихы" атты еңбектерінде ағартушылық көзқарастары айқындалған. Ол философиялық көзқарастарын, ағартушылық, педагогикалық көзқарастарымен ұштастырып, өз халқын отырықшылыққа шақырады, отырықшы халықтың оқу ағарту ісі дамитынын, мәдениетті елге айналатынын тұжырымдаған. Ол тәрбие мәселелерін өзінің "Бес қайрат" - адам, оның ақыл-ой қабілеттері мен тәрбиесі туралы" деген кітабында жазды. Педагогикалық көзқарасын, философиялық көзқараспен ұштастыра отырып, ол барлық адамдар бірдей тең рухани қабілеттіліктен туады, бізді, жеке тұлғаны, жеке адамды адам ететіп тек қана тәрбие деді. Тәрбие өз кезегінде еңбектен туындап еңбек тәрбиесінің негізін салады деп ғылыми тұжырым жасады. Науаи өзі өмір сүрген замандағы еңбек пен еңбек тәрбиесінің адам төзгісіз ретсіздігін әшкерелей отырып, барлық азаматтарға бірдей болатын таза еңбектің болуын, бірдей болатын тәрбиенің, бір текті міндет мақсатын құру қажеттігін айтты. Мұндай тәрбие мен еңбек деді Науаи бүгінгі қоғамды дұрыс жолға салады, оны жағдайлы етеді, бүкіл халықтың, көпшілік азаматтардың тұрмысын жақсартады. Ол тәрбиенің халықтығын жақтады. Тәрбиенің тең праволығын көкседі. Әлішер Науаи -"Тәрбие арқылы ғана азаматтар, барша халық өздерінің жеке басы мен ұлттық қамқорлығын ұштастыра білетін патриоттарды тәрбиелейді" - деді. Әлішер Науаи XV ғасырда жасаған 400 шайырдың творчествосынан мәлімет беретін" ғажайып мәжілістер" атты кітабын жазды. Бұл еңбегінде бұл жазушылар мен ақындардың қоғамдық, әлеуметтік - экономикалық және ағартушылық, тәрбиелік озық ойлы, көзқарастары мен ой - пікірлері, нақты суреттелген, кейінгі ұрпаққа өсиет тағылым ретінде қалдырған. Оның бұл ой - пікірлері, тәрбиелік тағылымдары, бүкіл шығармалары XV ғасырдың өзінде Мауаранахр мен Хорасанда ғана емес, Иран, Азербайжан, Шығыс Түркістан, Үндістан, Мысыр, түркі елдерін, кейіннен Еуропа мен Америка елдеріне кеңінеп тараған. Ақын творчествосы, еңбектің қоғамдық пайдалылығы, тәрбие туралы ой-пікірлері Шығыс танушы ғалымдарды, ағартушы педагогтардың творчествосынан кең көрініс тапты.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Әлішер Науаидың тәрбие тағылымдары
(1441-1501)

Науаи - өзбек халқының ұлы ақыны, ойшылы, мемлекет қайраткері. Әлішер
Науаи 15 жасында түркі және парсы тілдерінде бірдей жазатын белгілі ақын
болды. Ғиратта, Мешхедте, Самарқанда оқып, логика, философия, математика
пәндерінен мағлұмат алды. Өзінен бұрынғы Фирдоуси, Низами, Дехлауи,
Хорезми, Саиф сарал, замандастары Атаи, Саккакл, Лутфи; Жәми
творчествосымен танысты. Оның ағартушылық көзқарастарының дамуы Фирдоуси
мен Низами еңбектерімен танысқап соң пайда бола бастады. 1472 жылдан бастап
өз қаржысына мектеп салдырып, 1476 жылдан бастап творчест-волық жұмыспен
айналысқан. "Жақсылардыц таңдануы", "Гауһарлар шоғыры","Құстар тілі",
"Көңілдерін сүйгені" атты әдеби теориялық шығармаларында тәрбие тағылымдары
жан - жақты сөз болды. Ал, дидактикалық тұрғыда жазылған "Ғажайып
мәжілістер", "Ажал патшаларының тарихы" атты еңбектерінде ағартушылық
көзқарастары айқындалған. Ол философиялық көзқарастарын, ағартушылық,
педагогикалық көзқарастарымен ұштастырып, өз халқын отырықшылыққа шақырады,
отырықшы халықтың оқу ағарту ісі дамитынын, мәдениетті елге айналатынын
тұжырымдаған. Ол тәрбие мәселелерін өзінің "Бес қайрат" - адам, оның ақыл-
ой қабілеттері мен тәрбиесі туралы" деген кітабында жазды. Педагогикалық
көзқарасын, философиялық көзқараспен ұштастыра отырып, ол барлық адамдар
бірдей тең рухани қабілеттіліктен туады, бізді, жеке тұлғаны, жеке адамды
адам ететіп тек қана тәрбие деді. Тәрбие өз кезегінде еңбектен туындап
еңбек тәрбиесінің негізін салады деп ғылыми тұжырым жасады. Науаи өзі өмір
сүрген замандағы еңбек пен еңбек тәрбиесінің адам төзгісіз ретсіздігін
әшкерелей отырып, барлық азаматтарға бірдей болатын таза еңбектің болуын,
бірдей болатын тәрбиенің, бір текті міндет мақсатын құру қажеттігін айтты.
Мұндай тәрбие мен еңбек деді Науаи бүгінгі қоғамды дұрыс жолға салады, оны
жағдайлы етеді, бүкіл халықтың, көпшілік азаматтардың тұрмысын жақсартады.
Ол тәрбиенің халықтығын жақтады. Тәрбиенің тең праволығын көкседі. Әлішер
Науаи -"Тәрбие арқылы ғана азаматтар, барша халық өздерінің жеке басы мен
ұлттық қамқорлығын ұштастыра білетін патриоттарды тәрбиелейді" - деді.
Әлішер Науаи XV ғасырда жасаған 400 шайырдың творчествосынан мәлімет
беретін" ғажайып мәжілістер" атты кітабын жазды. Бұл еңбегінде бұл
жазушылар мен ақындардың қоғамдық, әлеуметтік - экономикалық және
ағартушылық, тәрбиелік озық ойлы, көзқарастары мен ой - пікірлері, нақты
суреттелген, кейінгі ұрпаққа өсиет тағылым ретінде қалдырған. Оның бұл ой -
пікірлері, тәрбиелік тағылымдары, бүкіл шығармалары XV ғасырдың өзінде
Мауаранахр мен Хорасанда ғана емес, Иран, Азербайжан, Шығыс Түркістан,
Үндістан, Мысыр, түркі елдерін, кейіннен Еуропа мен Америка елдеріне
кеңінеп тараған. Ақын творчествосы, еңбектің қоғамдық пайдалылығы, тәрбие
туралы ой-пікірлері Шығыс танушы ғалымдарды, ағартушы педагогтардың
творчествосынан кең көрініс тапты.
Өзі жасаған тәрбиеніц халықтық теориясына сүйене отырып, Науаи
тәрбиенің мақсаты мен міндетін азаматтарды саналы адамгершілік рухта
тәрбиелеу деп белгіледі.Бала тәрбиесінде, тіпті жеке адам тәрбиесінде-
жалпы адамға деген сүйіспеншілік бала тәрбиесінде ұштасып жатуы қажет деді.
Науаи
- тәрбие жеке адамдардың қоғамдық орнын анықтайды деп тұжырым жасады. Оның
еңбектерінде еңбек тәрбиесі адамның еңбек үстінде қалыптасуын, айнала
қоғамдық жағдайлардың ықпалымен және адамның табиғатында туысынан дүниеге
келумен болатын қасиеттер арқылы қамтамасыз етеді. Ол еңбектің, қоғамдық
маңызын анықтады. Жеке адам өзі өмір сүрген ортада немесе белгілі бір
қоғамда еңбек даярлығынан өтсе, еңбек оның дене жағынан жетілуін қамтамасыз
етеді. Ол адам еңбек арқылы өзінің тыныс - тіршілігін, өмірін қамтамасыз
етеді, - деді. Өзбек жазушысы М. Айбектің "Науаи романының қазақша
аудармасына 1950 алғы соз жазған" Мұхтар Әуезов "Науаидың ғұламалығы жеке
адамға деген мейірбандығы, адамды қоғамдық деңгейге дейін көтерудегі еңбек
пен еңбек тәрбиесін, тәрбиенің адамгершілік, ақыл-ой, саяси бағдарламасын
қоғам өмірімен байланыстыра білуі" деген болатын. Сондай-ақ, М. Әуезов
"роман образдары еңбек адамдары, сол орта ғасырда Науаи өз елін еңбек
етуге, отырықшылыққа егін егуге, бау-бақша жұмыс істеуге үйреткен, өзі
қолма-қол жұмыс істеген, өзіне саябақ құрып алған. Жүртын соған шақырған.
Адам өмірі еңбекке негізделуі қажет деген Науаидың үлкен өсиеті деген еді".
Науаидың дәлелдеуінше еңбек - қоғамдық дамудың жемісі. Ол қоғам
өміріндегі, адам өміріндегі, өзгерістерге байланысты дамиды. Еңбек тәрбиесі
еңбектен туындалды, деп үлкен көрегендік жасады. Науаи Орта ғасырдағы
тәрбие ілімінің негізін салушылардың бірі. Өйткені, оның тәрбие тағылымдары
тәрбиенің барлық түрін қамтиды. Ал, еңбек тәрбиесі туралы тұжырымдары XIX
ғасырға дейінгі ең озық пікір. Еңбек өмірдің құралы деуі соның айғағы. Жас
бүлдіршіндерді еңбекке шақырады. "Бақтағы бала" деген өлеңінде:
Көбелекті қуалап,
Бақта жүр бала секіріп,
Зиянкесті түгел жояды,
Жүзімдерін саялап,
Гүлдерге су құяды.
Бүлдіршіннің бұл да
еңбегі,
Баққа деген миуалы.
Аралары бақтағы,
Гүл шырынын жияды -
дейді, ұлы ақын.
Демек, ол бала тәрбиесінің бастауы еңбек деген тұжырым жасады.

Омар Хайямның ағартушылық ой-пікірлері
(1040-1123)

Омар Хайям - тәжік және парсы халықтарының Орта ғасырларда өмір
сүрген ұлы ғалымы, көреген ойшылы, дарынды ақыны.Сол кездегі, оның ғылыми
зерттеулері математика мен астрономияны жаңа сатыға көтерді.Философиялық
еңбектері кейінгі ұрпақтардың ой - өрісін кеңейтті. Ал, өлеңдері поэзияның
жаңа түрін қалыптастырды.
Омар Хайям 1040 жыл шамасында (кейбір деректер бойынша 1048 жылы)
туған. Жергілікті медреседе оқып білім алған. Оның негізгі ұстазы Нишаһур-
дың белгілі ғалымы Насыреддин Шайх Мухаммед Манеур дарынды Хайям өз
бетімсн де оқып білім алады. Ғалымның жігіттік шағы Балх қаласында өткен,
ол онда математика, физика, астрономия, дін негіздері, тарих ілімдерімен
шұғыдданған, араб тілін еркін меңгеріп шыққан. Одан кейін Самарқанд, Мерв,
Исфаған, Рей тағы басқа қалаларда тұрып қызмет істеген.
Математик ғалым Мыңбай Ысқақовтың дәлелдеулері мен зерттеулеріне
қарағанда Хайям үлкен математик болған. Халық астрономиясының негізін
салған.Оның математикадан жазған басты - басты екі еңбегі сақталған, оның
бірі - Алгебра мен Әлмүнәбәлс есептерінің дәлелдемелері туралы. Екіншісі -
Евклид кітабындағы қиын тарауларға түсіндірмелер. Алдындағысында алгебра,
соңғысында геометрия мәселелері баяндалады - дейді Мыңбай Ысқаов.
"Қатынастарды құру және оларды зерттеу" туралы кітабында шамалардың
рационал және ирационал қатынастарына сандық өрнек табу жөніндегі әл-Фараби
идеясын дамытып, сан ұғымын оң нақты сан ұғымына дейін кеңейту қажеттілігін
дәлелдеді. Омар Хайям еңбектеріндегі жаңалықтарды Насреддин Туси т. б.
математиктер қолдан дамытты. Алтын мен күмістен тұратын заттардың мөлшерін
анықтау тәсілі туралы трактатында Архимед шешкен физикалық есептерді
жетілдірді. Омар Хайям музыка теориясымен де шүғылданды.
Омар Хайям Аристотель мен Ибн Синаның философиялық көзқарасын ұстады.
Жаратушыны мойындағанымен, өмір тіршілік құбылыстарының өзара байланысатын
өз дәуірі үшін материалистік тұрғыда түсіндіреді. Ол философиялық
көзқарастарын мына төменгі еңбектерінде тұжырымдады: "Болмыс және Борыш
туралы трактат", "Үш сауалға жауап", "Жалпыға ортақ ғылымның пәні жөнінде"
т. б. философиялық шығармалары мәлім.
Омар Хайям әлемге әйгілі төрт тағандардың (Рубайдың) авторы - ол
"Өмір мен өлім", "Жақсы мен жаман", "Жастық пен кәрілік", "Құштарлық пен
тақуалық", "Махаббат нен зұлымдық", "Қанағат пен озбырлық" парқын төрт
жолдан тұратын бір шумақ өлеңге сиғызды. Оның төрт тағандары - адам
өмірінің әр қырын, кезеңдерін қамтитын тапқыр да өткір адамгершілік
пікірлерге құрылтын өрнекті өлең шумақтары мұнда ақынның өмір-тіршілік
құбылыстарына қоғамдық - әлеуметтік қатынастарға көзқарасы айқын көрінеді.
Ол жеке бастың азаттығын жырлады, дүниедегі әділетсіздікке қарсылық
білдірді, адамды теңдікке, бостандыққа шақырады. Ақын өлеңдерінде шарапаты
дәріптеу, сауық - сайран, махаббатты қызықтыру едәуір орын алады.
Омар Хайям өмір сүрген дәуірде айнала ортаны, халықты, оның ұлы
адамдарын өз өлеңдерінде және рубайларында жырға қосып мадақтады. Адамның
ұлылығы тәрбие мен білімге байланысты - деген ой түйді. Еңбек, еңбек
тәрбиесі, білім, жалпы тәрбие адамды ұлы етеді деді. Оны былай жырлады.
"Еңбек, білім, тәрбие
Басын қоссаң мәнді де
Үшеуін бірдей меңгерсең
Жібермес Сені - өлімге!
Үшеуінің мәдгілік категория, тәрбиенің еңбек, адамгершілік, еңбек
тәрбиесінің бірлікте жүзеге асырылуын уағыздап тұрғандай. Ол өзі өмір
сүрген дәуірде өмірдегі байлық пен молшылық тек еңбек арқылы келеді және
қалыптасады. Ол еркіндікті, тәрбиедегі демократиялық бағытты - еркін
тәрбиені жақтады. Еркін тәрбие еңбек тәрбиесінің жемісі - деді Омар Хайям.
Оның өлеңдерін, бүгінгі педагогикалық тұрғыдан қарасақ адамды жан-жақты
жетілдіру сарыны басым. Аз сөзбен көп мағына беру, бір шумақ өлең арқылы
тәрбиені, бірнеше түрін бір адам бойына еңгізу идеясы көрініп тұрады.Мұнысы
бейнелеп салыстыру арқылы адамдық, адамгершілік, ақылдылық, парасаттылық,
мейірбандық элементтері ұштасып жатады. Бұларды молайтып, толтырып, жеке
адам бойына, тәрбиенің әсіресе еңбек, адамгешілік, ақыл-ой, дене,
патриоттық тәрбиені батыл енгізуді ұсынды. Ол философиялық көзқарастарында
тәрбиені, еңбек тәрбиесін, тұлғаның адамгершілік сапаларын қалыптастыратын
тағылым артық туынды деген.
Омар Хайямның төрт тағандарын зерттеушілер әр түрлі түсіндіреді.
Біреулер мистикалық - софылық десе, басқалары атеистік сарында ұғады.
Дұрысы ол емес, бұл да емес - деп Омар Хайямның өзі айтқандай, қазіргі
оқушы оның өлеңдеріндегі өмірге құштарлықты, ақиқатқа талпынысты,
тіршіліктің мәнін парықтауды, енжарлық пен екі жүзділікті ажуалауын
ұнатады. Омар Хайям өлеңдері қалыптасқан композицияның құрылымы бар,
лирикалық шығарма. Оның стилі күрделі емес. Аз сөзбен көп мағына беру
пернелеп, бейнелеп айту арқылы автор өз ойын еркін жеткізеді. Оның тілі
қарапайым да, жаттық. Омар Хайям рубайларының түркі тілдеріне аударылған
кейбір шумақтары қазақ оқушыларына ілгеріден таныс болатын. Ақын Қуандық
Шаңғытбаев қазақ тіліне аударған 325 рубай 1965 жылы жеке кітап болып
шықты. Ол екінші рет "Шығыс Жұлдыздары" 1973 жинағына басылды.
Омар Хайям тұңғыш күнтізбе жасаған ғалым. Күнтізбенін көптеген
түрлері бар, олардың әрқайсысының дәлдігі әр түрлі. Тарихты халық
жасайтындықтан, күнтізбені жасаушы да халық болып табылады. Ғұламалар
Хорезми, Бируни, Ұлықбектің тағы басқалардың күнтізбе жөніндегі еңбектері
уақыт есебін жүргізуді бірталай тәртіпке келтірген. Күнтізбені
түзетушілердің бірі Омар Хайям.
Парсы аңызы бойынша, адам бұдан сегіз мыңдай жыл бұрын, Фервердик
айының бірі күні жаралған. Ол кезде күн жазғы тұрғы күн мен түннің
нүктесінде болған. Осы аңызға сүйеніи, парсы Фервердиннің бірін жыл басы
етіп есептейді де, оны жаңа жыл күні наурыз деп атайды (һау-жаңа, Руз-күн
деген). Қазақтың наурыз сөзі осыдан шыққан. Күн мен түннің күзгі теңелуін
парсылар - "Меһрен" деген. Бұдан Қазақтың "Мейрам" сөзі жасалған. Наурыз
бен "Мейрам" парсылардың негізгі мейрамдары болған. Парсы ақындары "Ай мен
Күн" -аспанның екі көзі деп жырлаған.
Омар Хайямның күнтізбесі - дүние жүзі халықтарында болған күнтізбенің
ең жақсысы. Ол 1079 жылғы 15 наурыздан (Хиджра бойынша - 471 жылғы 10
рамазаннан) бастап қолданыла бастады. Сол күні Мәлік Шаһ жобаны декретпен
бекітетін болатын.
Хайям күнтізбесінің екі ерекшелігі бар. Бірі - оның аса дәлдігі,
екіншісі күн қозғалысына негізделуі. Омар Хайям мұрасы математик, астроном,
философ, педагог ұстаз ретінде ұрпақтан ұрпаққа жалғаса береді және ол
әрдайым жаңарып толықтырылып отырады.

Мақтымқұлының тәрбие тағылымдары
XVIII ғасырда өмір сүрген түркіменнің классик ақыны. Азади
Дәулетмәмбет ақынның баласы. Ол алғаш ауыл мектебінде, кейін Хиуадағы
Шерғазы медресесінде оқыған. Орта Азия, Азербайжан, Иран халықтарының ауыз
әдебиетінін нұсқаларын жастайынан жатқа білген. Мақтымқүлы поэзиясының
өзекті тақырыбы - адамгершілік және еңбек, еңбек ету, еңбек тәрбиесі. Осы
негізде, оның қоғамдық, философиялық, ағартушылық көзқарастары қалыптасады.
Өлеңдерінің тәрбиелік мәні ерекше. Ең бастысы өлеңдерінде халықтық
бірлікке, татулыққа бостандыққа, достыққа, еңбекке шақырады. Оған "Ер",
"Түркімен", "Болмаса", "Елмекен" атты өлеңдері дәлел. Тәрбие мен білім
әрбір адам болмысындағы қазынасы - деп ой түйіп, оны жырлауда қоғамдық
деңгейге дейін көтереді. "Бұқара халық", "Туған ел", толғаулары арқылы
ағартушылық көзқарастарын философиялық көзқарастарымен ұштастырады.
Еңбек пен еңбек тәрбиесі әрбір адамды жетілдіреді, қалыптастарады.
"Еңбек пен еңбек" атты өлеңінде, еңбектің отбасынан басталатын тәрбиелік
мәнін философиялық категорияларға дейін көтерген. Адам өмірінің, оның
тұрмыс халінің ахуалының, өзі өмір сүрген XV ғасырдағы жаңару жағдайын,
оның жетілуі мен түзілетінін еңбектен іздейді. Олеңдерінде еңбекті бірнеше
категорияға бөліп, оны төмеңдегідей жырға қосады.
Оқу, білім - құлпырар еңбекпенен,
Көмкеріп - өнерменен өрнектелген.
Халықтың даналығы, өсиеті,
Еңбектің жемісі сол - өнбек деген.
Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов 1954 жылы жазған "Орта Азия сапарлары" атты
еңбектерінде Мақтымқұлының Түркімен ақындарының атасы - дей келіп, ол
туралы былай деп жазды. "Мақтымқұлы - адамгершіліктің, достықтың, еңбектің
ақыны. Ол тек түркімсн ақыны ғана емес, өлең жырлары, адамгершілікті ең
басты биікке көтерген - бүкіл Орта Азияға, тіпті Қиыр Шығыс пен Азияны
қамтитын ауқымы кең үлкен поэзия аймағын жасаған тәрбиелік тағылымы үлкен
ақын деп көрсеткен". Мақтымқұлының еңбек пен еңбек тәрбиесі туралы
жырларының құндылығы сол, оның өміршеңдігі, тәрбиелік мәнінің жоғарылығы.
Тек өз дәуірі үшін емес, оның бүгінгі жастарды жан-жақты етіп,
қалыптастыруға үлгі болатындығы.
Сондай-ақ Мақтымқұлы патриот және достықтың ақыны болған. Өлеңдерінде
халықты бірігуге ру алауыздығын жоюға, Иран шахы мен Хиуаны Бұқара Әмірі
сияқты басқыншыларға қарсы күреске, ерлікке үндейді. "Керекті", "Ер",
"Болмаса", атты өлеңдерінде, ел ішіндегі бек, қазылар, жалқаулық пен
тоғышарлықты сынайды.
"Егемен", "Түркімен"- өлеңдерін философиялық деңгейде жырлайды. Мұнда
танымдық процесс басым әдет, салт хақында жаңа гуманистік бағыт ұстады,
қоғамдық мәселелер көтерді. Бұған "Таусонар", "Қарамас", "Кетіп барады",
"Болмаса"т.б.жырлары дәлел. Ол өзінің өлеңдерінде халық данальнын, ауыз
әдебиетінің үлгілерін жырлаған. Мақтымқұлының өлеңдері халық арасына кең
тараған. XVIII ғасырдың өзінде, оның бірсыпыра өлеңдерін Ф. Шопенинг мен
Ходзо (1842), Г. Вамбери (1863) Батыс Еуропада жырлады. Мақтымқұлының
шығармалары - таңдамалы өлеңдері, хақында 1947, 1954, 1968 жылдары Қазақ
тілінде басылып шықты. Оның өлеңдерінің қай қырын алсаңыз достықтың,
бостандықтың, адалдық, жоғары парасаттылық пен инабаттылық - эстетикалық
талғамда жазылған. Ел ырысын молайту, әл-ауатын жақсарту, молшылықта өмір
сүру - өлеңдеріндс бұлар демократиялық бағыт өлшемімен жырланады. Ол
патриотизм, гуманизм, ұлы достықты, шынайы интернационализмді - биік
сезіммен жырлады. Бүкіл Орта Азияны жырға қосады. Сондықтан да Ұлы
достықтың ақыны болып қала бермек.
Мақымқұлы өз қаржысымен мектеп ашады. Ол қоғамдық тәрбиені және
мұғалімнің ролін жоғары бағалады. Мектептегі "еркін еңбекті", балалардың
қоғамдық деңгейдегі еңбекке араласуын уағыздайды. Оны өзінің "Ер түркімен"
атты өлеңінде жырлаған. Мақтымқұлының тағылымдық ерекшелігінің бірі, сол
кездің өзінде "Жалпы халықтық тәрбие беру идеясын" жақтады. Оны мектептің,
басты мақсаттарының бірі - деген педагогтар пікірін қолдады. Мақтымқұлы
балаларға тәлім – тәрбие беріп, ұстамдық көрсететін, үлгілі мұғалімдерді өз
өлеңдерінің арқауы етті. Мұғалім өзі тәрбиелейтін балалардың әкесі деп
есептеді. Оның ойынша мұғалім мәңгі нұрдың қызметшісі. Ол өз
шығамашылығында "мұғалім ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр
құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі - деп мұғалімнің көркем образын,
бейнесін жасады. Демек, Мақтымқұлы өз шығармаларымен өзі өмір сүрген
ортаның Әуезовтің сөзімен айтанда бүкіл Орта Азия ғұламасы болды. Мактымұлы
оқушыларды мектеп қабырғасынан бастап ауыл шаруашылығының еңбегіне баулуды
уағыздаған педагог-ғалым десе дс болғандай, өйткені, ол Түркіменнің
экологиялық - экономикалық жағдайында түйе өсіруге, әсірссе, қаракөл койын
өсіруге оның сол XVIII ғасырдағы экономикалық пайдасын тауып, оған жас
өспірімдерді, оқушыларды ұдайы қатыстырын отыруды өлең, очерктер дастандар
арнап - еңбектің мәнін көтеріп отырған. Ең бастысы ол еңбекке баулу мен
еңбек тәрбиесінің жаршысы болған. Бұған "Еңбек ерліктің негізі" және "Еңбек
ер атандырады" атты поэмалары дәлел. Бұлар өз кезегінде қазақ тіліне
аударылған. Сондай-ақ, Мақтымқұлы өз дәуірінің жыршысы, өзі өмір сүрген
кезеңінің ғұламасы, ұлы ойшылы, оның озық пікірі-демократияльіқ,
гумманистік бағытты белгілеп берген - үлкен қайраткер.
Өтебойдақ Тілеуқабылұлының отбасы және еңбек тәрбиесі туралы ой-пікірлері
(1388-1483)
"Қарттарды сыйлап, еркін сөйлеттіріп Өтебойдақты көп тыңдағыштап, сіз
деп қастерлеп, қолтықтап тұрғызбақ, отырғызбақ, тағылымдық танымын таққа
көтеріп, алдына қоймақ керек - деген ұлағатты сөздерді айта келіп
Ақсақалдар батасын бермек. Баталы пенде жаман болмағандықты алла жаратқан"
- деп барша жұртты имандылыққа шақырады. Ғұламаның осы сөзі арқылы сол
кездегі үлкенді сыйлау тәлімі көп тыңдай, аз сөйлеу - бүгінгі жастарға
ауадай қажет дер едік.
Имандылықтың басты белгісі – иман жүзділік. Адамның жүзі жылы болса,
жөн сұраған адамға жөндеп жауап берсе шын көңілімен көмек көрсетсе қандай
жақсы.
Ғұлама ғалымның ұрпақтар өсе келе ата-анасын асырамақ. Құдандалық
молығып, жақыншылық көбеймек. Топталым көлемі ұлғаймақ, ұлғая бермек -
деген аталы сөзінің де тәлімдік мәні аса маңызды. "Қазақта не ексең соны
орасың" - деген мақал бар. Мұнда ата-ана мен ұрпақтың өзара бір-бірімен
қарым-қатынасының тәлім-тәрбие тәсілінің негізі, қысқа да нұсқа түрінде
тұжырымдалған.
Осы айтылғанға орай Ө. Тілеуқабылұлының "тектіден текті ұрпақ
жалғасуы" - дейтін түжырымы ерекше көңіл аударарлықтай. Мұның мәнін қазіргі
оқырман қауымға түсіндіріп жатудың қажеті жоқ деп ойлаймыз.
Ғұлама-ғалымның пікірінше тіршілікте істелген жақсы мен жаман кылық
Алла тарапынан түбіндс ескерусіз қалмайды. Жаман-жақсы қылығыңнан түбінде
сұрауы бар. Сол үшін іс-харекетіңді имандылыққа негіздеуді есінен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығыс ойшылдарының педагогикалық ой пікірінің пайда болуы мен қалыптасуы
Әлішер Науаи (Низамеддин Мір Әлішер)
Әлішер Науаидың тәрбие тағылымдары (1441-1501)
Мырза Хайдар Дулаттың «Тарих-и Рашидиі» әдеби жәдігер
Мухаммед Насыреддин Әт-Туси ғылым-тәлім тур алы (1201-1274)
Ұрпақ тәрбиесіндегі тағлым – тәрбие туралы ой пікірлер
ҚАСИЕТТІ ҚАРУ
Мақтымқұлының тәрбие тағылымдары
Шығыс немесе Мұсылман ренессансы
Ә. Қоңыратбаев зерттеулеріндегі қазақ сөз өнерінің поэтикасы мәселелері
Пәндер