Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І Тарау. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі

1.1Салықтың экономикалық мәні, мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Қазақстан Республикасында салықтардың атқаратын қызметтері,
олардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
1.3 Шет мемлекеттердің салық салу жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32

ІІ Тарау. Мемлекеттің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етудегі салықтардың алатын орны мен рөлі (ҚР, Көксу ауданы бойынша Салық Комитетінің мысалында)
2.1 Қазақстан Республикасы бойынша бюджетке түсетін салық түсімдерінің көрсеткіштік жағдайына экономикалық талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 44
2.2 Көксу ауданы бойынша 2002.2005 жылдардағы бюджетке түскен салық түсімдеріне экономикалық талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..60

ІІІ Тарау. Қазақстан Республикасының салық саясатынын даму жағдайы және оны жетілдіру жолдары
3.1 Қазақстан Республикасының салық саясатының даму жағдайы ... ... ... ... ... 77
3.2 Салық салуды жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .82

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..86

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 88
КІРІСПЕ

Мемлекеттің тұрақты экономикасын құруда салықтар маңызды орын алады. Экономикалық мазмұн тұрғысынан салық дегеніміз тұрғын, кәсіпорын (фирма) мен ұйымдардан заңға негізделіп алынатын міндетті төлем жүйесі. Салық мәселесі мен салық салудың тамыры ғасырларға тереңдеп кеткен. Салық – нарықтық қатынастардың бір бөлігі, оның қызмет етуі елдегі экономикалық реформалардың нәтижелілігімен тығыз байланысты. Өз кезегінде жүргізілген салықтық реформаның тиімділігі мемлекеттің экономикалық дағдарысын, проблемаларын шешуші қызметін атқаруда. Яғни салық – бұл белгілі бір көлемде, белгілі бір мерзімде жалпы мемлекеттік қажеттіліктер үшін өкілетті мемлекеттік органдардың актілері негізінде бюджетке төленетін заңды және жеке тұлғалардың қайтарымсыз төлемдері.
Салық мәселесімен А.Нұрымов, Б.Ермекбаева, Н.Мамыров, К.Ілиясов, Ө.Шеденов, Құлпыбаев сияқты белгілі ғалымдар айналысады.
Бүгінгі күні еліміздің салық жүйесі біршама өзгерістерге ұшырап, дамып және нығайып келеді. Мысалы, 2006 жылғы Елбасының Жолдауына зерделей үңілгенде мұндағы әр тұжырым мұқият зерттеулермен, сараптаулармен, нақты болжаулармен түйінделгенін ұғынамыз. Президент биылғы Жолдауында Қазақстанның әлемнің бәсекеге барынша қабілетті әрі серпінді дамып келе жатқан мемлекеттерінің қатарына қалай қосылуы жолындағы негізгі жеті басым бағытты айқындаған екен. Сол басымдардың ішінде салық мәселесіне біршама өзгерістер енгізілді. Екінші басым бағыт Қазақстанды жаңа белеске көтеру-тұрлаулы экономикалық өрлеудің іргетасы болмақ. Яғни экономикалық саланы жаңарту және жаңғырту, қарқынды дамыту жолдарын ұстануымыз қажет деп қарастырылған. Мысалы, екінші басымдықты нақты іске асару мақсатында Президент Үкіметке мыналарды тапсырды:
1. Валюталық операцияларды жүзеге асару тәртібін оңайлату арқылы
«Валюталық реттеу туралы»Заңға тәуелді актілерді әзірлеу жұмыстарын аяқтайтын болсын.
2. 2007жылдан бастап қосымша құн салығының ставкасын 1% -ға , ал 2008-2009 жылдары қосымша тағы да 1-2%-ға азайту.
3. 2008жылдан бастап әлеуметтік салық шамамен 30% -ға азайтылып, ол жұмыс берушілерді жұмысшылар жалақысын өсіруге ынталандыруы керек.
4. 2007жылдан бастап, барлық жеке тұлғалар үшін табыс салығының 10%-дық белгіленген мөлшерлемесі енгізілсін. Еңбек ақысы аз жұмысшылар санатының табыс деңгейін сақтау мақсатында айлық есептік көрсеткіштің орнына олардың салық салынатын табысынан ең аз жалақы мөлшерін алып тастауды ұсынамын.
5. 2007 жылдың 1 қантарынан бастап шағын бизнес субъектілері үшін салық салудың кемітілген бірыңғай мөлшерлемесі енгізілсін.
6. Алты ай ішінде жоғарыда айтылған Салық қызметінің арнайы бөлімін құру жөнінде нақты ұсыныс әзірленсін және т.б.[1]
Осы аталған мәселе – дипломдық жұмыстың өзектілігін көрсетеді.
Салықтар – мемлекет қаржысының тұрақты қайнар көзі болып табылады. Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланады. Салықтар мемлекеттің егемендігінің бір көрінісі. Осынысымен салықтар мемлекет меншігі мен заемдарынан түсетін табыстан ерекшеленеді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – мемлекеттің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етудегі салықтардың алатын орны мен рөліне талдау жасау болып табылады.
Дипломдық жұмыстың міндеті – қойылған мақсатқа жету, ол үшін салықтың мәнін, мазмұнын, атқаратын қызметін, шет елдік салық салу тәжірибесін, салық салу саясатының даму жағдайын, оны жетілдіру жолдарын теориялық тұрғыда қарай отырып, оны практикамен ұштастыру, қорытынды жасау болып табылады.
Дипломдық жұмыста Қазақстан республикасының салық жүйесіне толық сипаттама берілген. Қазіргі кездегі салықтардың мәнін, маңызын, нарықтық экономикадағы алатын орнын, негізгі проблемаларын және
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы. Жетісу №26, 2006 жыл 4 наурыз, 1-2 бб.
2.Ермекбаева Б.Ж., „Салықтар және салық салу”,- Алматы: „Қазақ Университеті”, 2003, 5-6 бб.
3.Ілиясов Н.Қ., Құлпыбаев С. “Қаржы”- Алматы: 2005, 208-211 бб.
4. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов Ө.С., Комягин Б.И. „Жалпы экономикалық теория”,- Оқулық. Алматы: 2002, 17-21 бб.
4. Ілиясов Ң.Қ., Нұрлыбаев С. „Қаржы” Алматы 2005 ж.
5. Мамыров Н.Қ., Тлеужанова М.Ә. „Макроэкономика”,- Оқулық Алматы: Экономика, 2003, 392-395 бб.
6. „Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер” туралы Қазақстан Республикасының Салық Кодексі,- Алматы: 2004, 13-17 бб.
7. Худяков А.И., Бродский Г.М. „Теория налогообложения”,- Издательство норма – К Алматы: 2002, 6-12 бб.
8. проф.В.Д. Камаева „Экономическая теория”,- под редакцией д-р экономических наук, Москва, ИМПЭ: 1998, 47-49 бб.
9.Алданыш Нұрымов, “Налоги и финансы рыночной экономики”,- “Елорда” Астана: 2004, 89-92 бб.
10. Әубәкіров Я, Нәрібаев К. „Экономикалық теория негіздері”,- 1998,126-131 бб.
11.Ермекбаева Б.Ж. “ Шет мемлекеттер салығы”,- Алматы: 2004, 121-125 бб.
12. Найманбаев С.М. “Салықтық құқық”, - Алматы: “Жеті жарғы” 2005,
198-230 бб.
13.” Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер” туралы ҚР-ң Салық Кодексі,- Алматы: 2005, 14-16 бб.
14.Смағұлова Г.С. “Аймақтық экономиканы басқару мәселелері”,- Алматы: Экономика 2005, 61-63 бб.
15. “ Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер” туралы ҚР-ң Салық Кодексі,- Алматы: 2006, 11-13 бб.
16.”Қаржы қаражат” экономикалық журналы 5/2001 “Налоговые проблемы”, 28-29 бб.
17.Ильясов К.К., Зейнелғабдин А.Б., Ермекбаева Б.Ж. “Налоги и налогообложение”,- Алматы: Рауан 1995, 132-134 бб.
18.Искакова З.Д. “Реформирование налоговой системы в разрешении проблемы формирования доходов государственного бюджета Казахстана”,- Вестник. Серия экономика. Алматы: №3(43) 2004, 4-9 бб.
19.„Қазақстанның нарықтық экономикасының қаржы-несиелік проблемалары”,- Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Алматы: 2002, 248-303 бб.
20. „Қаржы қаражат” экономикалық журналы. 12/99 „Салық жүйесін жандандыру жолдары”, 3-8 бб.
21.Карагусова Г. “Сущность налогообложения”,- Алматы: 200,22-23 бб.
22.Сейдахметов Ф.С. “ Налоги в Казахстане”,- Алматы: 2002, 115-119 бб.
23. Масаимова С.Ж. „Мировой опыт налогового стимулирования развития производства” –Вестник КазЭУ 8/2003, 16-20 бб.
24.Туралыкова Е. “ Совершенствование налоговой системы РК”,- // Бухгалтер и налоги №6-2004, 31-33 бб.
25.Алибеков М.О. “ О главном налоговом реформировании”,- // Аль-Пари, №9, 2000, 52-56 бб.
26. Сахариев С.С., Сахариева А.С. „Жаңа кезең – экономикалық

Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 87 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І Тарау. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері
және шет елдердің салық салу тәжірибесі

1.1Салықтың экономикалық мәні, мазмұны
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2 Қазақстан Республикасында салықтардың атқаратын қызметтері,
олардың
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
1.3 Шет мемлекеттердің салық салу
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..32

ІІ Тарау. Мемлекеттің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етудегі
салықтардың алатын орны мен рөлі (ҚР, Көксу ауданы бойынша Салық
Комитетінің мысалында)
1. Қазақстан Республикасы бойынша бюджетке түсетін салық түсімдерінің
көрсеткіштік жағдайына экономикалық
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...44
2. Көксу ауданы бойынша 2002-2005 жылдардағы бюджетке түскен салық
түсімдеріне экономикалық
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
..60

ІІІ Тарау. Қазақстан Республикасының салық саясатынын даму жағдайы және оны
жетілдіру жолдары
3.1 Қазақстан Республикасының салық саясатының даму
жағдайы ... ... ... ... ... 77
3.2 Салық салуды жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
82

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 86

Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..88

КІРІСПЕ

Мемлекеттің тұрақты экономикасын құруда салықтар маңызды орын алады.
Экономикалық мазмұн тұрғысынан салық дегеніміз тұрғын, кәсіпорын (фирма)
мен ұйымдардан заңға негізделіп алынатын міндетті төлем жүйесі. Салық
мәселесі мен салық салудың тамыры ғасырларға тереңдеп кеткен. Салық –
нарықтық қатынастардың бір бөлігі, оның қызмет етуі елдегі экономикалық
реформалардың нәтижелілігімен тығыз байланысты. Өз кезегінде жүргізілген
салықтық реформаның тиімділігі мемлекеттің экономикалық дағдарысын,
проблемаларын шешуші қызметін атқаруда. Яғни салық – бұл белгілі бір
көлемде, белгілі бір мерзімде жалпы мемлекеттік қажеттіліктер үшін өкілетті
мемлекеттік органдардың актілері негізінде бюджетке төленетін заңды және
жеке тұлғалардың қайтарымсыз төлемдері.
Салық мәселесімен А.Нұрымов, Б.Ермекбаева, Н.Мамыров, К.Ілиясов,
Ө.Шеденов, Құлпыбаев сияқты белгілі ғалымдар айналысады.
Бүгінгі күні еліміздің салық жүйесі біршама өзгерістерге ұшырап,
дамып және нығайып келеді. Мысалы, 2006 жылғы Елбасының Жолдауына зерделей
үңілгенде мұндағы әр тұжырым мұқият зерттеулермен, сараптаулармен, нақты
болжаулармен түйінделгенін ұғынамыз. Президент биылғы Жолдауында
Қазақстанның әлемнің бәсекеге барынша қабілетті әрі серпінді дамып келе
жатқан мемлекеттерінің қатарына қалай қосылуы жолындағы негізгі жеті басым
бағытты айқындаған екен. Сол басымдардың ішінде салық мәселесіне біршама
өзгерістер енгізілді. Екінші басым бағыт Қазақстанды жаңа белеске көтеру-
тұрлаулы экономикалық өрлеудің іргетасы болмақ. Яғни экономикалық саланы
жаңарту және жаңғырту, қарқынды дамыту жолдарын ұстануымыз қажет деп
қарастырылған. Мысалы, екінші басымдықты нақты іске асару мақсатында
Президент Үкіметке мыналарды тапсырды:
1. Валюталық операцияларды жүзеге асару тәртібін оңайлату арқылы
Валюталық реттеу туралыЗаңға тәуелді актілерді әзірлеу жұмыстарын
аяқтайтын болсын.
2. 2007жылдан бастап қосымша құн салығының ставкасын 1% -ға , ал 2008-2009
жылдары қосымша тағы да 1-2%-ға азайту.
3. 2008жылдан бастап әлеуметтік салық шамамен 30% -ға азайтылып, ол жұмыс
берушілерді жұмысшылар жалақысын өсіруге ынталандыруы керек.
4. 2007жылдан бастап, барлық жеке тұлғалар үшін табыс салығының 10%-дық
белгіленген мөлшерлемесі енгізілсін. Еңбек ақысы аз жұмысшылар
санатының табыс деңгейін сақтау мақсатында айлық есептік көрсеткіштің
орнына олардың салық салынатын табысынан ең аз жалақы мөлшерін алып
тастауды ұсынамын.
5. 2007 жылдың 1 қантарынан бастап шағын бизнес субъектілері үшін салық
салудың кемітілген бірыңғай мөлшерлемесі енгізілсін.
6. Алты ай ішінде жоғарыда айтылған Салық қызметінің арнайы бөлімін құру
жөнінде нақты ұсыныс әзірленсін және т.б.[1]
Осы аталған мәселе – дипломдық жұмыстың өзектілігін көрсетеді.
Салықтар – мемлекет қаржысының тұрақты қайнар көзі болып табылады.
Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты
экономикалық тетік ретінде пайдаланады. Салықтар мемлекеттің егемендігінің
бір көрінісі. Осынысымен салықтар мемлекет меншігі мен заемдарынан
түсетін табыстан ерекшеленеді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – мемлекеттің экономикалық тұрақтылығын
қамтамасыз етудегі салықтардың алатын орны мен рөліне талдау жасау болып
табылады.
Дипломдық жұмыстың міндеті – қойылған мақсатқа жету, ол үшін салықтың
мәнін, мазмұнын, атқаратын қызметін, шет елдік салық салу тәжірибесін,
салық салу саясатының даму жағдайын, оны жетілдіру жолдарын теориялық
тұрғыда қарай отырып, оны практикамен ұштастыру, қорытынды жасау болып
табылады.
Дипломдық жұмыста Қазақстан республикасының салық жүйесіне толық
сипаттама берілген. Қазіргі кездегі салықтардың мәнін, маңызын, нарықтық
экономикадағы алатын орнын, негізгі проблемаларын және жетілдіру жолдарын
қарастырдық.
Салық салудың негізгі мақсаты – мемлекет қазынасын толтыру, еліміздің
экономикасын дамыту, әлеуметтік жағдайды жақсарту және кәсіпорын, тұрғындар
қаржыларын қоғамдық қажеттілікке тарту болып табылады.
Салықсыз мемлекеттің және онымен байланысты барлығының да өмір сүруі
мүмкін емес. Қазіргі кездегі салықтардың маңызы мен рөлі мемлекеттік
органдарды қаржы ресурстарымен қамтамасыз етумен шектелмейді. Салықтар
ұлттық табысты мемлекеттендірудің басты құралы. Олардың макроэкономикалық
рөлі артып келеді, мұны ЖҰӨ-нің көлеміндегі салық үлесінің ұлғаюынан көруге
болады. Салықтар экономикалық белсенділікті арттырудың, ұдайы өндіріс
процесіне әрекет етудің басты бір тұтқасы ретінде – жаңа сипатқа ие болуда.
Мұндай ықпал көп бағытта жүргізуде.
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан
және қолданылған әдебиеттерден тұрады.
Бірінші бөлімде салықтың мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері,
түрлері және салық салудағы кейбір дамыған шетелдердің тәжрибесі
қарастырылған.
Екінші бөлімінде Қазақстан Республикасы, Көксу ауданы бойынша
бюджетке түскен салық түсімдерінің 2002-2005 жылдар аралығындағы
көрсеткіштеріне экономикалық талдау жасалған.
Үшінші бөлімінде Қазақстан Республикасының салық саясатының даму
жағдайы, салық механизмдері және салық салуды жетілдіру жолдары талданды.
Сонымен, мемлекеттің нарықтық экономикасын құруға әсер етуіне көмектесетін
экономикалық тетіктердің ішіндегі салықтың мәні зор.

І ТАРАУ. САЛЫҚТЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ, МАЗМҰНЫ, АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ, ТҮРЛЕРІ
ЖӘНЕ ШЕТ ЕЛДЕРДІҢ САЛЫҚ САЛУ ТӘЖІРИБЕСІ
1. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны
Қазіргі нарықтық экономика жүйесінде салықтардың алатын орны өте зор.
Салықтар мемлекеттік бюджеттің негізгі бөлігі. Бүгінгі күнде салықтар
әлеуметтік сферада және экономикалық реттеуде негізгі инструмент ретінде
көрініс табады, өйткені мемлекет салық жүйесінің көмегімен ұлттық табысты
қайта бөлу кезінде өзінің әсерін тигізе алады.
Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар – бұл мемлекет біржақты тәртіппен
заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке
төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер болып
табылады.
Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен
міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір
бөлігі болып табылатындығында.
Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады. Салықтар
мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі
болып табылады. Адамзат дамуының бүкіл тарихы бойына салық нысандары мен
әдістері өзгерді, игерілді, мемлекеттің қажеттіліктері мен сұрау салуларына
бейімделеді. Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып,
олар – дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді. Мемлекет құрылымының өзгеруі,
өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса
жүреді.
Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрылысы мен
саяси іс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі –
ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық құралы, мемлекеттің кірістері
және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.
Салықтарда мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал
салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні, олардың түрлері мен рөлі қоғамның
экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен
айқындалады. Белгілі философ Френсис Бэкон салықтарды төлеу әрбір азаматтың
қасиетті борышы деген еді.
Қазақстан Республикасы Конститутциясының 35-бабында: заңды түрде
белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу
әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады, - деп жазылған.
Салықтарда ежелден салық жүктемесін (салық ауыртпалылығын) бөлудің
екі қағидаты қалыптасқан:
1) пайда (алынған игіліктер) қағидаты;
2) „қайыр көрсету” (төлем қабілеттілігі) қағидаты.
Салық мәселесі мен салық салудың тамыры ғасырларға тереңдеп кеткен.
Ал, оларға ғылыми көзқарас ХҮІІ-ХІХ ғасырларда пайда болды. Оған дәлелді
теориялық экономия классикалық мектебі ағылшын өкілдері еңбегінен табамыз:
В.Петти (1623-1687ж.ж.) „Салық пен жиынтық трактаты” – (1662ж), Д.Рикардо
„Салық салу және саяси экономияның басталуы” – (1817ж.), А.Смит „Халықтар
байлығының себептері мен табиғатын зерттеу” – (1776ж.) А.Смит салық салудың
төрт принциптерін айқындаған. Оның осы принциптері дамыған елдерде салық
салудың негізін құрайды.
1.Өзіне бекем мемлекет мүмкіндігіне қарай, қабілеті мен күшіне сай үкіметті
ұстауға қатысады. Мемлекеттің қорғауымен қамқорлығын пйдалана отырып,
қаржыландыру үкіметтің табысына сай жүзеге асады. Бұл ережені сақтау немесе
сақтамау салық салудың тереңдігіне немесе тепе-теңдігіне ұрындырады.
2.Жеке тұлға төлейтін салық міндетті түрде айқын болуы керек. Салықтық
төлеу мерзімі, төлем тәсілі, сомасы - барлығы дәрлік төлем төлеуші үшін
анық әрі ашық болуы қажет және кез келген адамға да солай.
3.Әрбір алынатын салық белгілі уақытта немесе белгілі тәсілмен төлеуші үшін
ыңғайлы кезде барлығын төлейді.
4.Әрбір салық ой елегінен өткізіліп, толғағына толық жеткізілгені дұрыс.
Оның мемлекет қазынасына құйылуы, халық қалтасынан алғаны және ұстағаны
мүмкіндігінше аздау болғаны жөн. Қазынаға құйылғаннан гөрі, салықты халық
қатынасынан алу мен ұстаудың көп болуы да әбден мүмкін. Себебі, оны жинау
шенедіктердің көп болуын талап етсе, оларға төленетін айлық сомасы салықтың
мол мөлшері арқылы жүзеге асады.
А.Смит тікелей, жанбасы, жанама салықтар жүйесін және оларды
қолданудың әлеуметтік – экономикалық салдарын барынша талдады.
Салық дегеніміз не? Экономикалық мазмұн тұрғысынан салық дегеніміз
тұрғындар, кәсіпорын (фирма) мен ұйымдардан заңға негізделіп алынатын
міндетті төлем жүйесін айтамыз. Салық салудың мақсаты кәсіпорын, тұрғындар
қаржыларын қоғамдық қажеттілікке (өндірістік және әлеуметтік) тарту болмақ.
Салық салудың мынадай принциптері бар:
- салық бар игіліктерге пропорционалды түрде қоғам мүддесіне сай алынады;
- салық табыс мөлшері мен әлауқаттылық деңгейіне тәуелді болады.
Сонымен, салықтар дегеніміз мемлекеттік бюджетке заңды және жеке
тұлғалардан белгілі бір мөлшерде және мерзімде түсетін міндетті төлемдер
болып табылады.
Салықтар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың
мемлекетпен екі арадағы мемлекеттік орталықтандырылған қаржы көздерін
құруға байланысты туындайтын қаржылық қатынастарды сипаттайтын экономикалық
категория.
Салықтардың экономикалық мәні мынада:
- біріншіден, салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық
табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін
көрсетеді.
- екіншіден, шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының
белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық
қатынастарын көрсетеді.
Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің
өмір сүруі мен дамуының негізгі қаржылық көзі болып табылады. Мемлекет
құрылымының өзгеруі, өркендеуі қашан да болса оның салық жүйесінің қайта
құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады. Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және
сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет.
Салықтар – мемлекет қаржысының тұрақты қайнар көзі. Мемлекет
салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық
тетік ретінде пайдаланады. Осы салық салуға байланысты әр дәуірлерде
мемлекет қайраткерлері, экономистер, философтар, ойшылдар көптеген еңбектер
жазған. Мысалы, Ф.Аквиннский „Салықтарды ұрлаудың рұқсат етілген нысаны”
ретінде анықтаса, салық салу теориясының негізін салушылардың бірі А.Смит
„Салық төлеушілер үшін құлшылықтың белгісі емес, бостандықтың белгісі” деп
тұжырымдаған.
„Салық” ұғымы әр түрлі әдебиеттерде әр түрлі қарастырылады. Негізінен
көптеген экономикалық әдебиеттерде „салық” ұғымы бюджет қорына белгілі бір
көлемде және белгілі бір уақытта түсетін міндетті төлем ретінде
қарастырылады. [2]
Нарықтық эколномиканың қалыптасу кезеңінде салық салу саясатының
негізгі бағыты – салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне
мүмкіншілік беретін салық механизмін іске асыру. Салық салудың әдістері
мен жолдары, салық салудың негізгі қағидалары, салық салуды ұйымдастыру
салық механизміне жатады.
Қандай да бір механизмнің құрамында бірнеше тетіктер мен элементтер
болады. Сол сияқты салық механизмі де белгілі бір салық элементтерінен
тұрады. Салық салу элементтері мыналар: субъект, объект , салық көзі, салық
ставкасы, салық өлшем бірлігі, салық оклады, салық жеңілдіктері, салық
төлеу мерзімі мен тәртібі, салық төлеушінің және салық қызметі органдарының
құқықтары мен міндеттері, салық төлеуін бақылау, салықтық жазалау шаралары.
Осы элементтерге жеке-жеке тоқталатын болсақ:
Салық төлеуші (субъект) - салықты және бюджетке төленетін басқа да
міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі заңды міндеті бар тұлға. Қазақстан
Республикасының салық төлеушілері:
1) резидент және резидент емес заңды тұлғалар;
2) Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және
азаматтығы жоқ адамдар болып жіктеледі.
Салық объектісі – заң жүзінде негізделген салық салуға негіз болатын
табыс, мүлік, қызмет көрсету, ақшалай операциялар және тағы да басқа
көптеген тауарлық – материалдық игіліктер.
Салық көзі – салық салынатын табыс. Салық салынатын табыс жылдық
жиынтық табыс пен шегерімдердің айырмасы ретінде анықталады.
Салық ставкасы – бір өлшем бірлігінен алынатын салық мөлшері.
Ставкалар тұрақты немесе пайыз нысанында белгіленеді. Пайыздық салық
ставкасы прогрессивтік, регрессивтік және пропорционалдық (тұрақты) болып
бөлінеді.
Прогрессивтік ставкалар салық салынатын табыстың өсуіне сәйкес ұлғайып
отырады.
Пропорционалды ставкалар керісінше, салық салынатын табыстың мөлшеріне
байланыссыз тұрақты пайызбен тағайындалады.
Регрессивті салық ставкасы – салық салынатын табыс мөлшерінің өсуіне қарай
салық ставкасының төмендеуі. Тұрақты салық ставкасы салық объектісінің
көлемінен тәуелсіз бірыңғай сома түрінде белгіленеді.
Салық өлшем бірлігі – есептеу үшін берілген салық объектісінің өлшем
бірлігі.
Салық оклады – салық төлеушінің белгілі бір объектісінен
төленетін салық сомасы.
Салық жеілдіктері заңға сәйкес салық төлеушіні бірітіндеп немесе
салық төлеуден толық босату. Салық жеңілдіктеріне салықтан толық
босатылатын, салық салынбайтын минимум, шегерістер, салық ставкасын
төмендету, салық төлеу мерзімін ұзарту тағы да басқалары жатады. Салық
төлеуші шегерімдерді жылдық жиынтық табыс алумен байланысты шығыстарды
растайтын құжаттары болған кезде жүргізіледі.
Салықты төлеу мерзімі – салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің
бюджетке төлену уақыты.
Салық төлеу тәртібі – белгіленген мерзімде салықты төлеген кезде
алдымен бюджетке қандай салықтар төлеу керек екенін, яғни төлеу кезіндегі
белгілі бір дәйектілікті белгілейді.
Салық төлеушілердің құқығы:
- қолданылып жүрген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдер туралы, салық заңдарындағы өзгерістер туралы салық қызметі
органдарынан ақпарат алу;
- салық қатынастары мәселелері бойынша өз мүдделерін қорғау және оны
өзі, не өз өкілі арқылы білдіру;
- салық бақылауы нәтижелері бойынша салық және бюджетке төленетін басқа
да міндетті төлемдерді есептеу мен төлеу жөнінде салық қызметі
органдарына түсіндірме табыс ету;
- салық бақылауы нәтижелерін алу;
- жеке шотынан салық міндеттемелерінің орындалуы бойынша бюджетпен есеп
айрысудың жай-күйі туралы көшірме алу;
- Салық Кодексінде және Қазақстан Республикасының басқа да заң
актілерінде белгіленген тәртіппен салықтық тексеру актілері бойынша
хабарламаға және салық қызметі органдары лауазымды адамдарының
әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасау;
- салық құпиясының сақталуын талап ету;
- салық салуға қатысы жоқ ақпарат пен құжаттарды табыс етпеу.
Салық төлеушінің міндеттері:
- салық міндеттемелерін дер кезінде және толық көлемінде орындау;
- салық қызметі органдарының анықталған салық заңдарын бұзушылықтарды
жою туралы заңды талаптарын орындау, сондай-ақ қызметтік міндеттерін
атқаруы кезіндегі заңды қызметіне кедергі жасамау;
- нұсқама негізінде салық қызметі органдары лауазымды адамдарының салық
салу объектісі және салық салумен байланысты объект болып табылатын
мүлікті тексеруіне жол беру;
- салық есептілігі мен құжаттарды заңға сәйкес тәртіптен табыс ету;
- сауда операцияларын жасаған немесе қызметтер көрсеткен кезде
тұтынушылармен ақшалай есеп айырысуды фискалдық жады бар бақылау –
касса машиналарын міндетті түрде пайдалана тұтынушының қолына
бақылау чегін бере отырып жүргізу.
Салықты төлеуді бақылау – салық заңдарының орындалуын, мемлекетке
түсетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді есептеу дұрыстығын және
олардың уақытылы төлену мәселелері бойынша заңды және жеке тұлғаларды
тексеру. Салықты төлеуді басқаруды тек қана салық қызметі органдары жүзеге
асырады.[3]
Салық салу қағидалары:
Салық механизмінің қызметі белгілі қағидаларға сүйеніп іске
асырылады. Қазақстан Республикасының Салық Кодексі салық ісін мынадай
қағидаларға негізделіп жүргізілуін талап етеді:
- міндеттілік қағидасы бойынша салық төлеуші салықтық міндетін толық
және белгіленген мерзімде орындауы тиіс.
- нақтылық қағидасы бойынша Қазақстан Республикасындағы бюджетке
төленетін төлемдер мен салықтар нақты болуы тиіс.
- әділеттілік қағидасы бойынша Қазақстан Республиикасында салық салу
жалпыға бірдей және міндетті болады, жеке түрдегі жеңілдік жасауға
рұқсат етілмейді.
- біртұтастылық қағидасы бойынша Қазақстан Республикасы аумағында
жалпыға бірдей салық жүйесі қолданылады.
- жариялылық қағидасы бойынша салықты реттеуші нормативтік құқықтық
кесімдер ресми басылымдарда жарық көреді.
Қазақстан Республикасында салық жүйесінің де алатын орны зор. Салық
жүйесін мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасындағы қаржы қатынастары
және осы қатынасты анықтайтын салықтар, салық механизмі яғни, салық салу
әдістері мен тәсілдері, жолдары, салық заңдары мен салыққа қатысты
кесімдердің, салық қызметі органдарының жиынтығы құрайды.
Салық жүйесі мемлекет қаржы көздерін жасаудың ең негізгі құралы
болуымен қатар, ел экономикасын қайта құруға, өндірістің ұлғайып дамуына
және саяси әлеуметтік шаралардың толығымен іске асуына мүмкіндік туғызады.
Еліміздің салық жүйесінің дамуын төрт кезеңге бөліп қарастыруға болады:
- 1-ші кезең (1992-1995 жж) – жаңа салық жүйесі базисінің, салық
кезеңінің өңделуі және іске қосылуы;
- 2-ші кезең (1996-1998 жж.) – нарықтық экономика талаптарына сай
келетін салық жүйесін құруды аяқтау;
- 3-ші кезең (1998-2000жж.) – барлық қағидалардың ескерілуі арқылы салық
жүйесіне өзгерістер мен толықтыруларды енгізу, салық жүйесін одан әрі
жетілдіру.
- 4-ші кезең (2001-2002 жж.) – Жаңа салық Кодексі қабылданып, іске
қосылды.
Қазақстан Республикасының 1991 жылдың 25 желтоқсанында қабылданған
Қазақстан Республикасындағы Салық жүйесі туралы Заң тәуелсіз салық жүйесін
құрудың ең алғашқы бастамасы болып табылады.
Бұл еліміздің экономикасын реформалаудағы күрделі жұмыстардың бірі
болып саналады. Осы кезеңдерде елде көптеген өзгерістер болды және
экономиканың дамуына көптеген құбылыстар, атап айтқанда, меншіктің көптеген
түрлерінің дамуы, шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекет арасындағы
қатынастардың құқықтық негізде жүргізілуі және тағы да басқа құбылыстар
іске аса бастады.[4]
Осы Заң бойынша алғаш рет Қазақстан Республикасында 42 салық түрі
қызмет етті және олар 3 топқа бөлінді:
- жалпы мемлекеттік салықтар – 10,
- міндетті түрде төленетін жергілікті салықтар мен алымдар – 11,
- жергілікті салықтар мен алымдардың 18 түрі.
Бұл салықтардың негізін табыс салығы, пайдаға салынатын салық,
қосылған құнға салынатын салық, акциз салығы, жер салығы және тағы басқа
салықтар құрады.
Алғашқы салық жүйесінің көптеген кемшіліктері де болды. Атап
айтқанда, басқа елдерге қарағанда біздің салық жүйеміздің жинақталған
ғылыми және практикалық тәжірибелерінің жеткіліксіздігі, салық түрлерінің
көптігі, халықаралық салық салу қағидаларының назардан тыс қалуы, айналымды
анықтаудың қиындығы, дәлелсіз берілген жеңілдіктердің көптігі және тағы да
басқалары. Осыдан келіп еліміздің салық жүйесін реформалаудың қажеттігі
туындады.[5]
Қазақстан Үкіметі 1992 жылдың басында салық жүйесін кезеңді түрде
реформалаудың концепциясын қабылдады. Аталмыш концепцияны іске асырудағы
негізгі кезең болып Қазақстан Республикасы Президентінің 24-ші сәуірдің
1995 жылында қабылдаған „Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдер туралы” Заң күші бар жарлығы табылады. Ол 1995 ж 1-ші шілдесінен
бастап іске қосылды, нәтижесінде бұрын қызмет еткен 42 салық түрінің орнына
11 салықтар мен алымдар қызмет ететін болды. Бұл Салық Заңдылығы бойынша
еліміздің салық жүйесі нарықтық қатынастар талабына біршама бейімделіп,
халықаралық тәжірибеге мейлінше жақындатылады. 1999 жылы салық жүйесі 5 рет
өзгерістерге ұшырады. Осыған орай 2000 жылы 1-ші қаңтарынан бастап
Қазақстан Республикасында 17 түрі салықтар мен алымдар қызмет етті. 4-ші
кезеңде, яғни 2001 жылдың 12 маусымында Жаңа Салық Кодексі қабылданып,
2002 ж. 1-ші қаңтарынан бастап іске қосылды. Салық Кодексінде Қазақастан
Республикасында қолданылатын салықтар мен бюджетке төленетін басқа да
міндетті төлемдер, атап айтқанда 9 салық, 13 алым, 9 төлем, 1 мемлекеттік
баж, 4 кедендік алым белгіленген.
Қазақстан Республикасы салық жүйесін басқару Қазақстан Республикасы
Конституциясы бойынша Президентке, Парламентке, Үкіметке, Қаржы
Министрлігіне жүктеледі. Салық қызметі органы Қазақстан Республикасы Қаржы
Министрлігі Салық Комитетінен және облыс, Астана, Алматы қалалары, аудандар
мен қалалар бойынша салық комитеттерінен тұрады.
Қаржы Министрлігінің салық комитеті салықтар және бюджетке төленетін
басқа да міндетті төлемдердің толық әрі уақытылы түсуіне мемлекеттік
басқаруды қамтамасыз ететін және салық қызметі органдарын басқаратын
орталық атқарушы орган болып табылады. Салық қызметі органдарына салық
және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін,
міндетті зейнетақы жарналарының толық және дер кезінде аударылуын
қамтамасыз ету жөніндегі, сондай-ақ салық төлеушілердің салық
міндеттемелерінің орындалуына салық бақылауын жүзеге асыру жөніндегі
міндеттер жүктеледі. Салық органдары тиісті жоғары тұрған салық қызметі
органдарына төменнен жоғары қарай тікелей бағынады және жергілікті атқарушы
органдарға жатпайды.
Уәкілетті мемлекеттік орган салық органдарына басшылық жасауды жүзеге
асырады.
Салық органдарының бірінші басшыларын қызметке уәкілетті мемлекеттік
органның бірінші басшысы тағайындалады.[6]

1. 2 Қазақстан Республикасында салықтардың атқаратын қызметтері, олардың
түрлері

Салықтардың мәнін толық түсіну үшін олардың экономикалық маңызын
түсіну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын
қызметіне тікелей қатысты.
Салықтардың мынадай негізгі қызметтері бар:
- фискалдық
- реттеушілік
- бақылаушылық
Салықтардың бірінші қызметі – фискалдық немесе бюджеттік қызмет. Бұл
қызмет арқылы мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлімі құрылып, салықтардың
қоғамдық міндеті артады. Себебі, салықтар мемлекеттік бюджеттің кірісін
топтастыра отырып, әлеуметтік, әскери, қорғаныс, тағы басқа да шаралардың
іске асуын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік бюджеттің кіріс көзін құрайтын
негізгі қаржылық көздер – салықтар. Салық өндірістің дамуына барынша өз
ықпалын тигізіп, өндірушілердің ынтасын арттыруға жағдай жасауы қажет.
Салықтардың екінші маңызды қызметі ол, реттеушілік қызметі.
Реттеушілік қызметі салық механизмі арқылы іске асырылады. Оның
ішіндегі негізгі тетіктер салық ставкалары мен салық жеңілдіктері. Салықтық
реттеудің тетіктері тек қана өндірістің дамуын реттеп қана қоймай, сонымен
қатар ақша және баға саясаты, шетелдік инвесторларды ынталандыру, шағын
және кіші кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарын жүзеге аысруы қажет. Әрине
салықтық реттеу тетіктері тиімді қызмет атқару үшін олардың басқа да
экономикалық тетіктерімен тығыз байланыста болуы керек.
Салық мөлшерін көбейту мақсатында салық ставкаларын шектен тыс
жоғары деңгейде белгілеу өндірістің тоқтауына, өндірушінің өз ісіне деген
ынтасын жоғалтуына әкеліп соғатыны көптеген ғалымдар еңбектерінде
тұжырымдалып, дәлелденген. Мысалы, табыс салығын салғанда, салық
ставкасының деңгейі 35-40 пайыздан аспауы қажет.[7]
Салық механизмін, оның ішінде салық ставкаларының деңгейін зерттеген
ғалымдардың тұжырымдары мынаны дәлелдейді.
- егер төленетін салық мөлшері салық төлеуші табысының 50% -нан асып
кетсе, онда ол өндірістің тоқтап қалуына әкеліп соқтырады;
- егер салық мөлшері салық төлеуші табысының 45-50%-ы аралығында болса,
онда жай ұдайы өндіріске әкеледі.
- егер салық мөлшері, салық төлеуші табысының 35-40%-ы мөлшері
аралығында болса, онда ұлғаймалы ұдайы өндіріске әкеледі.
Қазақстан Республикасында корпорациялық табыс салығының қазіргі
кездегі ставкасы 30%, ал ауылшаруашылығындағы өндіріс орындары үшін 10%.
Шаруашылық субъектілер мен халықтар табысының бір бөлігін мемлекеттің
орталықтандырылған қаржы көздеріне айналдыру салықтардың ұдайы өндірістегі
қызметін көрсетеді.
Бұл қызметтің іс-әрекетінің көлемін жалпы ішкі өнімдегі салықтардың
алатын үлес салмағы арқылы көруге болады.
Салықтардың келесі негігі қызметі ол бақылаушылық қызметі, яғни
салықтық бақылау.
Салықтардың бақылаушылық қызметі арқылы салық механизмінің қызмет
етуінің тиімділігі бағаланады, қаржы ресурстарының қимылына бақылау ісі
жүргізіледі, салық жүйесі мен бюджет саясатын жетілдіру жолдары
қарастырылады. Салықтық бақылауды тиімді жүргізу арқылы салықтық тәртіпті
қатаң сақтау, салық төлеушілердің заңға сәйкес төлейтін салықтары мен
алымдарын толық және уақытылы бюджетке төлеп отыруы қамтамасыз етіледі.
Салықтардың түрлеріне келетін болсақ, қазіргі кезде Қазақстан
Республикасында олардың 9 түрі бар, сонымен қатар бұлардың құрамына 2005
жылдың 1-ші қаңтарынан салықтың тағы бір түрі енгізілді. Бұл – экспортқа
шығарылатын шикімұнай мен газ конденсатына рента салығы болып табылады.
Елімізде осы аталған салық түрлерінің алатын орны өте зор, өйткені
олар мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі қаржылық көзі болып
табылады.
Салық ісін тиімді ұйымдастыру мақсатында салықтарды белгілі топтарға
бөліп жіктейміз.
Салықтарды мынадай ерекшелік белгілері бойынша жіктейміз:
1. Салық салу объектісіне байланысты;
2. Қарауына қарай;
3. Салық салу органына байланысты;
4. Экономикалық ерекшелігіне байланысты;
5. Салық салу объектісін бағалау дәрежесіне қарай;
Салық салу объектісіне қарай салықтар тікелей және жанама салықтар
болып жіктеледі.
Тікелей салықтар тікелей табысқа немесе мүлікке салынады.
Тікелей салықтарға мынадай салықтар жатады:
- корпорациялық табыс салығы;
- жеке табыс салығы;
- жер салығы;
- көлік құралдарына салынатын салық;
- мүлік салығы;
- жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын салық;
- әлеуметтік салық.
Жанама салықтарды тұтынушы төлейді. Тауар немесе қызмет бағасына
алдын ала салық енгізілгендіктен, іс жүзінде оны бюджетке сатушы аударады.
Жанама салықтарға мыналар жатады:
- қосылған құнға салынатын салық;
- акциздер;
Бюджетке түскен соң қолданылатын белгісіне қарай салықтар жалпы және
арнайы болып жіктеледі.
Жалпы салықтар бюджетке түскен соң, жалпы мақсатта жұмсалады.Оған
корпорациялық табыс салығы, қосылған құнға салынатын салық және т.б.
Арнайы салықтар бюджетке түскен соң, алдын ала белгіленген нақты
шараларға жұмсалды. Мысалы, көлік құралдарына салынатын жол қорын құруға
жұмсалады.
Салық салу органына байланысты салықтар жалпы мемлекеттік және
жергілікті болып бөлінсе, экономикалық белгісіне қарай табысқа салынатын
салық және тұтынуға салынатын салық болып жіктеледі.
Табысқа салынатын салықтар салық төлеушінің кез келген салық
салынатын объектісінен түсетін табысынан алынады. Олардың санатына мына
салықтар кіреді: табыс салығы, пайдаға салынатын салық.
Тұтынуға салынатын салықты салық төлеуші тауар немесе қызмет құнын
төлеген кезде төлейді. Оған қосылған құнға салынатын салық пен акциздер
жатады.
Салық салу объектісін бағалау дәрежесіне қарай салықтар нақтылы және
дербес болып бөлінеді.
Нақтылы салықтар салық төлеушінің салық салынатын объектісінің сыртқы
белгісіне қарай салынады. Оған жер салығы, мүлік салығы жатады.
Дербес салықтар салық төлеушінің салық салынатын объектісінен алатын
табыс мөлшеріне байланысты салынады. Оған корпорациялық табыс салығы, жеке
табыс салығы жатады.
Енді салықтарыдың негізгі түрлеріне толығырақ тоқталып өтейік.
Корпорациялық табыс салығы – заңды тұлғалардың табысына салынатын
жалпы мемлекеттік тікелей салық.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен мемлекеттік мекемелерді
қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары, сондай –
ақ, Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызмет жасайтын немесе
Қазақстан Республикасындағы көздерден табыс алатын резидент емес заңды
тұлғалар корпорациялық табыс салығын төлеушілер болып табылады. Салық салу
объектісіне: салық салынатын табыс, төлем көзінен салық салынатын табыс
жатады, сонымен қатар Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме
арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның таза табысы жатады.
Салық салынатын табыс дегеніміз жылдық жиынтық табыс пен заңға сәйкес
алынатын шегерістердің айырмасы.
Салық кезеңі ішінде төленетін корпорациялық табыс салығы бойынша
аванстық төлемдер сомаларын салық төлеуші, өткен салық кезеңі үшін
корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияда көрсетілген нақты салық
міндеттемесі сомасын негізге алып, ағымдағы салық кезеңі үшін корпорациялық
табыс салығының болжамды сомасын ескере отырып, есептеп шығарады.
Корпорациялық табыс салығы бойынша декларация тапсырылғанға дейінгі
кезеңдердегі аванстық төлемдер сомалары өткен салық кезеңі үшін төленген
орташа айлық аванстық төлемдер мөлшерінде есептеп шығарылады.
Салық кезеңінің қорытындысы бойынша залал шеккен немесе салық
салынатын табысы жоқ салық төлеушілер корпорациялық табыс салығы бойынша
декларация тапсырған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде, сондай-ақ
жаңадан құралған салық төлеушілер құрылған күннен бастап жиырма жұмыс күні
ішінде, салық кезеңі ішінде төленуге тиіс аванстық төлемдердің болжамды
сомасының есебін салық органына табыс етеді.
Күнтізбелік жыл корпорациялық табыс салығы үшін салық кезеңі болып
табылады. Корпорациялық табыс салығын төлеушілер корпорациялық табыс салығы
бойынша декларацияны салық органдарына есепті салық кезеңінен кейінгі
жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етеді.
Қазақстан Республикасы аумағында қолданылып жүрген барлық салықтар
мен алымдардың ішіндегі ең маңыздысы „корпоративтік табыс салығы” болып
табылады. Табыс салығы Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет
түсімдерінде маңызды орын алады. Мысалы, 1999 жылы заңды тұлғалардың
табыс салығының үлесі 16%, 2000 жылы 30%, ал 2001жылы 27% құрады.
Корпоративтік салықтан түскен алымдардың 100% - тің республикалық
бюджетке беруден Қазақстанның жергілікті бюджетінің кірісіне нұсқан
келмейді. Қазіргі уақытта корпоративтік табыс салығы мен акциз 5050
арақатынасында орталық және аймақтық бюджетке алынады. Корпоративтік табыс
салығын ресубликалық бюджетке ауыстыру қажеттігін бұл салық түсуінің
экономикалық жағдаймен өте-мөте байланысынан деп түсінуімізге болады.
Мұның өзі бірқатар әлеуметтік төлемдер жөнінде міндеттемелер
жүктелген жергілікті бюджет үшін жол беруге болмайтын нәрсе.
Жеке табыс салығы мемлекеттік бюджеттің кірістерінің басты көздерінің
бірі және де басқа салықтарға қарағанда халықтың өміріне тікелей тікелей
әсер ететін салықтың бір түрі. Осы табыс салығын төлеуші болып салық жылы
ішінде салық салынатын табысы бар Қазақстан Республикасының азаматтары,
шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар табылады. Әрбір салық
төлеушілер табыс салығын өздері тұрған жері бойынша төлеуді жүзеге асырады.
Жеке табыс салығын салу объектілері мыналар:
- төлем көзінен салық салынатын табыстар;
- төлем көзінен салық салынбайтын табыстар.
Салық төлеушінің төлем көзінен салық салынатын табыстарына мыналар
жатады:
- қызметкердің табысы;
- бір жолғы төлемдерден алынатын табыс;
- жинақтаушы зейнетақы қорларына берілетін зейнетақы төлемдері;
- дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыс;
- стипендиялар.
Салық төлеушінің төлем көзінен салық салынбайтын табыстарына табыстың
мынадай түрлері жатады:
- мүліктік табыс, оған:
а) бағалы қағаздары, сондай-ақ заңды тұлғадағы қатысу үлесі;
б) қымбат бағалы тастар мен қымбат бағалы металдарды, олардан
жасалған зергерлік бұйымдарды және құрамында қымбат бағалы тастар мен
қымбат бағалы металдар бар басқа да заттарды, сондай-ақ өнер
туындылары мен антиквариаттарды сату кезіндегі олардың құнының өсімі;
в) мүлікті жалға беруден алынған табыс;
г) мүлікті сату құны мен бағалау құны арасындағы, бірақ оны сатып
алу құнынан кем болмайтын оң айырма, мүлікті сату кезіндегі құн
өсімінен алынған табыс;
- Жеке кәсіркерлердің салық салынатын табысы.
-Адвокаттар мен жеке нотариустардың – заңдық көмек, нотариалдық іс-
әректтер ақысын қоса алғанда, адвокаттық және нотариалдық қызметті жүзеге
асырудан түскен табыстарының барлық түрлері, сондай-ақ қорғау мен өкілдікке
байланысты шығыстардың орнын толтырудан алынған табысы.
- Басқа да табыстар – Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерден
алынған табыстар.
Салық төлеушінің салық жылы ішінде салық салынатын табыстарына
мынадай салық ставкалары бойынша салық салынады.
Кесте-1
Салық салынатын табыс Салық ставкалары (%)
15 еселенген жылдық есептік Салық салынатын табыс сомасынан
көрсеткішке дейін 5 %
15 еселенген жылдық есептік 15 еселенген жылдық есептік
көрсеткіштен 40 еселенген жылдық көрсеткіштен салық сомасы + одан
есептік көрсеткішке дейін асатын сомадан 10%
40 еселенген жылдық есептік 40 еселенген жылдық есептік
көрсеткіштен 600 еселенген жылдық көрсеткіштен салық сомасы+одан
есептік көрсеткішке дейін асатын сомадан 20%
600 еселенген және одан жоғары 600 еселенген жылдық есептік
көрсеткіштен салық сомасы+одан
асатын сомадан 20%

Әлеуметтік салық еліміздің салық жүйесіне 1999 жылдан бастап
енгізілген тікелей салық.
Қазақстан Республикасының резиденттері, сондай-ақ тұрақты мекеме
арқылы Қазақстанда қызмет жасайтын резидент еместер, жеке кәсіпкерлер, жеке
нотариустар мен адвокаттар әлеуметтік салықты төлеушілер болып табылады.
Салық салу объектісі
- Резидент және тұрақты мекеме арқылы жұмыс жасайтын резидент емес заңды
тұлғалар үшін әлеуметтік салық салу объекті жұмыс берушінің
қызметкерлерге төлейтін шығындары.
- Жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар мен адвокаттар үшін әлеуметтік
салық салу объектісі болып салық төлеушінің өзін қоса алғандағы,
жұмыскерлерінің саны табылады.
Салық ставкалары.
Қазақстан Республикасының резиденті және тұрақты мекеме арқылы жұмыс
жасайтын резидент емес заңды тұлғалары әлеуметтік салықты, салық салу
объектісінен 21% мөлшерінде төлейді.
Ал қарамағында шетелдік азаматтар жұмыс жасайтын салық төлеушілер
шетелдік жұмысшылар мен қызметкерлерге төленген төлемдерден 11% ставкамен
әлеуметтік салық төлеуге тиісті.
Төмендегі талаптарға жауап беретін тірек қимыл мүшесі бұзылған, есту,
көру, сөйлеу қабілетінен айрылған мүгедектер жұмыс істейтін,
мамандандырылған ұйымдар әлеуметтік салықты 6,5% ставкасымен төлейді. Егер:
а) салық кезеңіндегі жалпы еңбекақы қорының 51%-ы мүгедектердің
еңбекақыларына жұмсалса; б) салық жылындағы жұмыскерлерінің 51%-ы
мүгедектерден құралса.
Арнаулы салық режимін қолданылатындарды қоспағанда, жеке кәсіпкерлер,
жеке нотариустар және адвокаттар өздері үшін 3 айлық есептік көрсеткіш
мөлшерінде, әрбір жалдамалы жұмыскері үшін екі айлық есептік көрсеткіш
мөлшерінде әлеуметтік салықты ай сайын төлейді.
Әлеуметтік салық ай сайын есептеледі және есепті айдан кейінгі айдың
15-нен кешіктірмей бюджетке төленуі керек. Әлеуметтік салық жөніндегі
декларация есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-сінен кешіктірмей салық
органына тапсырылуы қажет.
Құрылымдық бөлімшілер бойынша төленуге тиіс әлеуметтік салық сомасы
осы құрылымдық бөлімше қызметкерлерінің табыстары бойынша есептелген салық
сомасы негізінде анықталып, тұрғылықты жеріндегі тиісті бюджетке
аударылады.
Есеп қисап көшірмесін салық төлеушінің тіркелген жеріндегі салық
органы куәландыруы керек.
Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салығы.
Жер қойнауын пайдаланушы деп Қазақстан Республикасы аумағындағы
геологиялық зерттеуді пайдалы қазбалар өндіруді, техногендік құрылымдарды
қайта өңдеуді жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы заңнамаларында
бекітілген тәртіппен шарт жасаған тұлғаларды айтады. Жер қойнауын
пайдаланушы үшін белгіленетін салық режимі тек қана Қазақстан
Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жер қойнауын пайдалануға
жасалатын келісім-шартта айқындалады.
Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салығына мыналар
жатады:
- бонустар
- роялти
- үстеме пайда салығы.
Бонустар жер қойнауын пайдаланушылардың тіркелген төлемдері болып
табылады. Және жер қойнауын пайдалануға жасалған келісім-шартта белгіленген
мөлшерде ақшалай нысанда төленеді. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын
пайдалануды жүргізудің жеке жағдайларын негізге ала отырып, бонустардың
мына түрлерін белгілейді:
- қол қойылатын;
- коммерциялық табу бонусы.
Роялти.
Жер қойнауын пайдаланушы роялтиді Қазақстан Республикасының аумағында
өндірілетін пайдалы қазбалардың әр түрі бойынша, оның сатып алушыларға
өткізілгенінен немесе өз қажетіне пайдаланғанына қарамастан жеке төлейді.
Үстеме пайда салығын төлеушілер – жер қойнауын пайдалану шартына
сәйкес пайдалы қазбалардың түрлерін өндіретін, салық салу режимінің бірінші
үлгісі бойынша салық төлейтін жер қойнауын пайдаланушылар.
Жер қойнауын пайдаланушы ішкі пайда нормасының 20 пайызынан астамын
алған салық кезеңіндегі әрбір жекелеген келісім-шарт бойынша жер қойнауын
пайдаланушының таза табыс сомасы үстеме пайдаға салық салу объектісі болып
табылады.
Үстеме пайдаға салынатын салық, салық кезеңінің аяғында қол жеткен
ішкі пайда нормасының деңгейі негізге алына отырып, салық Кодексінде
белгіленген ставкалар бойынша есептеледі.
Үстеме пайда салығы салық кезеңіндегі таза пайдаға мынадай
ставкалармен бекітіледі.
Кесте-2
Пайданың ішкі нормасы (ГПН), % Үстеме пайда салығының ставкалары
20-ға тең немесе кем 0
20-дан жоғары, бірақ 22-ке тең немесе кем4
22-ден жоғары, бірақ 24-ке тең немесе кем8
24-тен жоғары, бірақ 26-ға тең немесе кем12
26-дан жоғары, бірақ 28-ға тең немесе кем18
28-ден жоғары, бірақ 30-ға тең немесе кем24
30-дан жоғары 30

Жер салығы.
Республикадағы жер қатынастары саласындағы өзгерістер Қазақстан
Республикасының жер реформасы жөніндегі заңдарында, Жер Кодексінде
бейнеленеді. Қазақстанның Жер Кодексінде Жер Республиканың айрықша меншігі
деп айтылған. Жерді иелену және пайдалану үшін төленетін ақы жер салығы
ретінде қарастырылады. Бұл салықтың мақсаты жерді ұтымды пайдалануды
қамтамасыз ету және жерді сақтау, құнарлығын арттыру, жергілікті
аймақтардың әлеуметтік-мәдени дамуы үшін қажетті шараларды іске асыру үшін
бюджетке түсетін табыстарды құру. Жер салығы толығымен жергілікті бюджетке
түседі, сондықтан бұл жергілікті өкімет органдарының аталған салықты
жинауға мүдделерін арттырады.
Жер салығын төлеушілер – меншігінде немесе тұрақты пайдалануында жер
учаскесі бар заңды тұлғалар (оның ішінде резидент еместер), олардың
филиалдары, өкілдіктері және жерге иелік етуші жеке тұлғалар.
Жер салығының мөлшері жер учаскесінің саласына, құнарлығына, орналасу
аймағына және сумен қамтамасыз ету мүмкіндігіне қарай анықталады және жер
иесі мен жерді пайдаланушының шаруашылық нәтижесіне байланысты болмайды.Жер
салығы жер алаңының бірлігі үшін жыл сайынғы тіркелген төлем түрінде
белгіленеді. Ал басқа мемлекеттерге берілген жер учаскесін пайдаланғаны
үшін салық салудың тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының осы
мемлекеттермен жасасқан шараларымен анықталады.
Жер салығының салық салу объектісі – жерге иелік ететін немесе
пайдаланатын заңды және жеке тұлғалардың қарамағындағы жер учаскелері.
Олардың түрлерін атап өтетін болсақ, олар мыналар:
1. Ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын жерлер;
2. Елді мекендік жерлер;
3. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де мақсаттағы жерлер;
4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтағы жерлер;
5. Орман қоры жерлері;
6. Су қоры жерлері;
7. Қордағы (запастағы) жерлер.
Жер салығы бойынша жеңілдіктер беріліп, салықтан босатылатын
төлеушілер:
- біртұтас жер салығын төлеушілер;
- діни бірлестіктер;
- мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын ұйымдар;
- уәкілетті органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзету
мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары;
- салық салу режимінің екінші үлгісі бойынша жұмыс жасайтын жер қойнауын
пайдаланушылар;
- „Батыр ана” атағын алған, „Алтын алқамен” марапатталған көп балалы
аналар;
- Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілген тұлғалар, бала
кезінен мүгедек тұлғаның ата-анасының біреуі.
Мүлікке салынатын салық.
Салық салу объектісіне қарай мүлікке салынатын салық тікелей
салықтарға жатады. Белгіленген ставкаларды есепке ала отырып, салық
мүліктің құнына тікелей салынады.
Мүлік салығын төлеушіер:
- Қазақстан Республикасының аумағында меншік шаруашылық жүргізу немесе
оралымды басқару құқығында салық салу объектісі бар заңды тұлғалар
(соның ішінде Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын
Қазақстан Республикасының резидент емес тұлғалар);
- Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында салық салу
объектісі бар жеке кәсіпкерлер;
- меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар.
Меншік иесі салық салу объектілерін сенімгерлік басқаруға немесе
жалға берген кезде меншік иесімен келісім бойынша салық төлеуші сенімгер
басқарушы немесе жалға алушы болуы мүмкін.
Жеке тұлғалар үшін салық салу объектісі - Қазақстан Республикасының
аумағындағы тұрғын үй – жайлар, саяжай құрылыстары, гараждар және өзге де
құрылыстар, ғимараттар болып табылады.
Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін салық салу объектісі –
негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің орташа жылдық құны.
Салық Заңдылығына сәйкес төмендегі объектілерге мүлік салығы
салынбайды:
- жер салығын салу объектісі болып табылатын жер;
- көлік құралдарына салық салу объектісі болып табылатын көлік
құралдары;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша консервацияда тұрған
негізгі құралдар;
- жалпыға ортақ пайдаланылатын мемлекеттік автомобиль жолдары мен оларға
салынған жол құрылыстары;
- бұрылу беделі және т.б.
Мүлік салығының ставкалары:
а) заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкелер үшін салық салу объектісінен
1% пайыз;
б) төменде көрсетілген заңды тұлғалар үшін салық ставкасы салық салу
объектісінен 0,1% пайыз;
- діни бірлестіктерден басқа коммерциялық ұйымдар;
- әлеуметтік саладағы ұйымдар;
- негізгі қызмет түрі кітапханалық қызмет көрсету саласындағы жұмыстарды
орындау болып таблатын ұйымдар;
- ғылыми кадрларды мемлекеттік аттестациялау саласындағы функцияларды
жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындар.
Төмендегі жеке тұлғалар мүлікке салынатын салықтан босатылады:
1) бірыңғай жер салығын төлеушілер;
2) салық салу режимінің екінші үлгісі бойынша жұмыс жасайтын жер қойнауын
пайдаланушылар;
3) тек мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын ұйымдар;
4) Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі, оның филиалдары мен
өкілдіктері және т.б.
Көлік құралдарына салынатын салық тікелей салық және мемлекет пен
көлік құралдарының арасындағы экономикалық қатынастарды реттейтін
салықтарға жатады. Көлік құралдарының иелері көлік құралдарын иемдену
барысында республиканың автомобиль жолдарын пайдаланады. Ал осы автомобиль
жолдарын қаржыландыруды мемлекеттік бюджет жүзеге асырады. Сондықтан көлік
құралдарына салынатын салықтың экономикалық мәні зор деп айтуға болады.
Көлік құралдарына салынатын салық салу объектісіне қарай тікелей
салықтарға жатады. Ал пайдалану белгісіне қарай бұл көлік құралдарына
салынатын салық арнайы салықтарға жатады. Өйткені, бұл салықтан жиналған
ақша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салық жүйесінің экономикалық ролі және салық механизмі
Салық салықтар жүйесін табиғи жұмсарту
ҚР және шетел мемлекеттерінің салық заңнамасының даму тарихы
Алықтардың экономикалық мәні
Салық жүйесін бір жүйеге келтіру
Салық ұғымы оның әлеуметтік мәні
Салық салу теориясының негізгі концепциялары.Қазақстан Республикасының және дамыған мемлекеттердің салық салу жүйесінің ерекшеліктері
«мемлекеттің экономиканы қаржылық реттеу жүйесіндегі салықтық реттеу және оның Қазақстан Республикасының қазіргі жағдайындағы ерекшеліктері»
Шет мемлекеттердің заңды тұлғаларға салық салу
Қосылған құнға салынатын салықтың жетілдіру жолдары
Пәндер