Дәстүрлі емес діни қозғалыстар жайында



Кіріспе.
І. Дәстүрлі емес діни қозғалыстардың ерекшелігі.
1.1.Дәстурлі емес діни қозғалыстардың пайда болуы.
1.2Дәстүрлі емес діни қозғалыстардың өзіндік ерекшелігі.
ІІ.Қазақстандағы дәстүрлі емес діни қозғалыстар.
2.1.Қазақстан Республикасындағы мемлекет пен діннің арақатынасы
2.2.Қазақстандағы дәстүрлі емес діни қозғалыстар.
ІІІ Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер
Қазіргі таңда біздің еліміз үшін өзекті болған тақырыптардың бірі- дәстүрлі емес діни қозғалыстар. Бүгінгі таңда республикамызда тіркелген 1001 конфессиялар мен діни бірлестіктердің жартысынан көбін осы дәстүрлі емес діни қозғалыстар құрайды . Олардың ерекшеліктері, түпкі мақсаттары, қоғамға зияны және миссионерлік іс-әрекеттері жұмысымыздың арқауы болып отыр.
Дәстүрлі емес діни қозғалыстар Батыс қоғамында пайда болған және пайда болуда. Бұлардың шығуының өзі күрделі әрі басты екі факторға байланысты: бірінші материялдық, екіншісі рухани. Біздің елімізде бұған материалдық, рухани және бірге діни (ақпараттық) факторлар әсер етуде.
Дәстүрлі емес діни қозғалыстардың елімізге тәуелсіздік алғаннан кейін келген. Ал, жаппай миссионерлік әрекеттерін 1994-1996 жылдардан басталады. Содан бері соңғы статистикалық мәліметтерге қарағанда осы діни секталарға жарты миллионнан аса Отандасымыз кіріп кеткен. Бұл дәстүрлі емес діни қозғалыстардың Қазақстандағы миссионерлік әрекеттері күннен-күнге күшеюде. Бұған басты себеп біздің «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер» туралы заңы және елімідегі дәстүрлі діндердің қорғансыздықтары мен селқостықтары.
Қазіргі таңдағы маңызды болған мәселенің бірі бұл- дәстүрлі емес діни қозғалыстардың қызметтерін заңды түрде ретке келтіру керек. Себебі олардың әрекеттері қоғамда негативті пікірлер мен көзқарастар туғызып, миссионерлік әрекеттерін белсенді түрде жүргізіп, халқымыздың болашағына қауіпті болып отыр.
1. Қазақ ұлттық энциклопедиясы. ІІ- том 2001
2. К.В. Кислюк, О.Н. Кучер. Религиоведение. Харьков 2003
3. Я.Ф. Иванов, В.А. Трафимов. Христианство в Казахстане. Караганда 2006
4. www.wikipedia.org
5. www.sektoved.ru А. Хвыля- Олинтер. Тоталитарные секты деструктивные культы
6. Бангерский А.Франция обьявила войну сектам/ НГ- религия.28. 06. 2000
7. М.В. Воробьева. Особенности межрелигиозного диалога в Росси. Межкультурная коммуникация. Санкт- Петербургское философское общество, 2003
8. Е.Г. Балагушкин. Нетрадиционные Религии в современной Росии. Москва 2000
9. Түркістан газеті. №38. 2006
10. В.А. Иванов. Вознкновение и становление нетрадиционных религии в Казахстане. Журнал Религия и право. №4. 2004
11. Д. Кенжетай. Дін және ұлтаралық татулық кені- Яссауи жолы. Яссауи жолы журналы. 2007
12. Заң газеті. 30.05. 2006. №96. 2- бет
13. Ислам және өркениет. №12. 2005
14. www.egemen.kz. Н. Байтенова. Қазақстандағы қазіргі діни жағдай
15. Н. Назарбаев. Қазақстан халқына жолдауы. 2006
16. Бүгінгі дінтану мәселелері. Түркістан 2004
17. Егемен Қазақстан гзеті.20.11.2006
18. Н.Ә. Назарбаев. Тарих толқыныда. Атамұра 1999
19. Монтьеске Ш. О духе законов. Избронное произведение. Москва 1995
20. Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан- 2030
21. Қазақстан Республикасының Конститутциясы. 30. 08. 1995
22. www.religion.ng.ru Фирсов С. Сталин конкордат.Содня знаменитой встречи вождя с православноми иерархиямипрошло 60 лет. 03. 09. 2003
23. Қазақстан- Zaman газеті. 27. 09. 2007
24. М. Мырзахметов. Қазақ қалай орыстандырылды. Алматы 1993
25. Түркістан газеті. 10.11.2007
26. Әдебиет айдыны газеті. №34. 31. 08. 2006
27. Жас Алаш газеті. №50. 27.04.2004
28. Вероучение. Свидетели Иеговы. Кто они? Во что они верят? Watch Tower Bible and Tract SocietyPensylvanya. 2000
29. www.taunis.com.ru Познание, ведущие
30. Ты же можеш жить вечно в раю на земле. Германия 1989
31. Ивоненко С. Людях, никогда не расстающихся с Библией. Москва 1999
32. Артемьев.А.И. Свидетели Иеговы. Казахстан и Средней Азии. историко-религиоведический онализ. Алматы 2002
33. www.dunyadinleri.com.tr Yehova, sahitleri
34. Л.Ф. Трофимов, В.А. Иванов. Релгии в Казахстане. Алматы 1999
35. Түркістан газеті. №30. 28.07.2005
36. Түркістан газеті.№12.12.05.2006
37. Түркістан газеті.№20.18.05.2006
38. Халықаралық Діни Бостандық Жөніндегі Есеп Беру. 2006
39. Жас Қазақ газеті.№35. 09.08.2006
40. Түркістан газеті. 30.12.2004
41. Ислам газеті.№05-06.2005
42. Жас алаш.12.09.2004
43. Жас Қазақ газеті. №39.29.09.2006
44. www.yandex.ru Удо Шефер. Вера Бахаи секта или религия?
45. ҚР. Әділет Министрлігі, Дін Істері Комитетінің 2007 жылға жасаған мәліметі. 22.01.2008
46. Жас Алаш газеті. 22.07.2004
47. Түркістан газеті. 01.07.2004
48. Н.Ә. Назарбаев. Сындарлы он жыл. Алматы 2003
49. Д. Кенжетай. Қ.А. Йассауи дүниетанымы. Түркістан 2004
50. Құран Кәрім.Бақара сүресі. 256 аят. Кафирун сүресі. 6- аят
51. Свидетели Иеговы и образование.Watchtower Bible and Tract of New York, Inc. Brooklyn, New York, U.S.A. 2007

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Қазіргі таңда біздің еліміз үшін өзекті болған тақырыптардың бірі- дәстүрлі
емес діни қозғалыстар. Бүгінгі таңда республикамызда тіркелген 1001
конфессиялар мен діни бірлестіктердің жартысынан көбін осы дәстүрлі емес
діни қозғалыстар құрайды . Олардың ерекшеліктері, түпкі мақсаттары,
қоғамға зияны және миссионерлік іс-әрекеттері жұмысымыздың арқауы болып
отыр.
Дәстүрлі емес діни қозғалыстар Батыс қоғамында пайда болған және пайда
болуда. Бұлардың шығуының өзі күрделі әрі басты екі факторға байланысты:
бірінші материялдық, екіншісі рухани. Біздің елімізде бұған материалдық,
рухани және бірге діни (ақпараттық) факторлар әсер етуде.
Дәстүрлі емес діни қозғалыстардың елімізге тәуелсіздік алғаннан кейін
келген. Ал, жаппай миссионерлік әрекеттерін 1994-1996 жылдардан басталады.
Содан бері соңғы статистикалық мәліметтерге қарағанда осы діни секталарға
жарты миллионнан аса Отандасымыз кіріп кеткен. Бұл дәстүрлі емес діни
қозғалыстардың Қазақстандағы миссионерлік әрекеттері күннен-күнге күшеюде.
Бұған басты себеп біздің Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер
туралы заңы және елімідегі дәстүрлі діндердің қорғансыздықтары мен
селқостықтары.
Қазіргі таңдағы маңызды болған мәселенің бірі бұл- дәстүрлі емес
діни қозғалыстардың қызметтерін заңды түрде ретке келтіру керек. Себебі
олардың әрекеттері қоғамда негативті пікірлер мен көзқарастар туғызып,
миссионерлік әрекеттерін белсенді түрде жүргізіп, халқымыздың болашағына
қауіпті болып отыр.

Қазіргі діни сектанттық мәселесі

І.Дәстүрлі емес діни қозғалыстар
1.1.Дәстүрлі емес діни қозғалыстардың пайда болуы.
Дін (араб. دﻴﻥ, лат.religio- құрметті, діншілдік, тақуалық)- адам пайымының
бүкіл әлем мен болмысқа, қоршаған дүниеге, табиғатқа, өзі өмір сүретін
ортаға және өзінің ақыл-ойы мен сана- сезімінен тысқары тылсым дүниеге
қатынасы. Адамзат танымының дүие мен жаратылысқа деген көзқарасын
айқындайтын мифология, философия және ғылымның ерекше өзіндік бір тұрпаты.
Адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени институт,
ерекше қоғамдық сана және әлеуметтік құбылыс[1;321б].
Дәстүрлі діндерден ХІХ- ХХ ғасырларда екінші дүние жүзілік соғыстан
кейін Батыс қоғамында көптеген өз алдына дербес жаңа діни қозғалыстар
пайда бола бастады, олардың нақты санын анықтау мүмкін емес, себебі олар
күннен- күнге көбеюде. Әлемде жүз алпыс миллионнан астам адам өздерін осы
діни қозғалыстардың мүшесіміз деп санайды [2;436с]. Дәстүрлі емес жаңа діни
қозғалыстар туралы ғылымда қалыптасқан ортақ бір атауы жоқ, діни- танымдық
журналдарда, газеттер мен басқада бұқаралық ақпарат құралдарында және
дінтанушы ғалымдардың еңбектерінде: тоталитарлық секталар, іріткі салушы
топтар, дәстүрлі емес діни ғұрыптар, жаңа діни қозғалыстар- деген
әртүрлі тіркестермен беріліп жүр[3;156с]. Қазіргі қоғамда бұл құбылысты
діни секта деген жалпылама атау берілуде. Бұл зерттеуде дәстүрлі ұлттық
құндылықтар мен діни көзқарастар тұрғысында қарастырылады. Діни секта
термині дінтануда дәстүрлі емес діни қозғалыстар,- деп әлеуметтік
мағынада қолданылса, ал құқықтануда бұл термин діни ұйым, діни бірлестік,
қонфессия, деноминация ретінде қабылданады. Заңнамада секта термині
қолданылмайды. Енді біз діни сектаға қатысты әлеуметтік және құқықтық
тұрғыдағы көзқарастарға тоқталып өтейік:
Секта сөзі (лат. secta- ой жүйесі, ілім, бағыт,)- қайсібір діннің өз
ішінде оппозициялық топ. Шіркеуде болып жатқан түрлі жағдайға көңілі
толмай, әдетте ерекше деп танылған, кейде шектелуге, тұйықтыққа, негізгі
діни бағыттан қол үзушілікке бастайтын топ. Секта ежелгі гректерде де
αίςεσις- ілім, бағыт, мектеп ұғымын білдірсе, этимологиялық мағынасы
латынның sequi яғни, артынан еру, бағыну деген сөзінен шыққан. Соңғы
кезде Батыс дінтанушы ғалымдары алғашқы екі ұғымды (жалған ілім,
күпірлік) синоним ретінде қолданып жүр [4]. Секта сөзі В.И. Дальдің
терминологиялық сөздігінде, секта- жеке қауымдастық, дәстүрлі және әлемдік
діндерден бөлініп шыққан діни ілім. Д.Н. Ушаков құрастырған сөздікте:
1.Дәстүрлі діндерден өз дербестігін алған діни ілім немесе түрлі әлеуметтік
топтардан құралған ұйым; 2.Біз және басқалар деп қоғамнан бөлектеніп,
өздерінше тұйық өмір сүрушілер. Құқықтану да секталардың қоғамдағы
әрекеттеріне қарай деструктивті немесе тоталитарлы секта деген терминдік
атау берілген. Деструктивті секта- дәстүрлі діндерден бөлінген оларды дін
ретінде мойындамайтын, жеке көзқарастарымен діни догматикаларын
қалыптастырған, мемлекеттің ішкі тұрақтылығы және қоғамдық құрылыстарға
кері әсерін тигізуші тар шеңберлі көзқарастағы адамдардан құралған топ.
Тоталитарлы секта- басшылары көбіне заңға қайшы келетін қылмыстық
әрекеттерге барып, қарапайым топ мүшелерінің саналарын түрлі
манипулияциялық амалдармен жаншып, тоталитарлық жолмен бағындыруға
тырысады[5].
Бұл ғылыми жұмысымның барысында дәстүрлі емес діни қозғалыстармен
бірге аталатын спиритуализм, оккультизм және магия секілді ілімдерге
тоқталған жоқпын, себебі бұл ілімдер діни сипатта болғанымен, діни
ритуалдарының белгілі бір уақыты, нақты бір бекітілген доктриналары жоқ,
сондықтан бұлар діни емес, эзотериялық ілімердің қатарына жатқызылады.
Қазіргі заман ақпартты- технологияның яғни, ғылым мен білімнің дамыған
уақыты. Сол ғылым бір жағы адамзаттың руханиятының дамуына пайдасын
тигізсе, екінші жағы жалпы оның жеке тұлға болып қалыптасуына зиянын
тигізеді. Мәселен қарқынды дамудағы мемелекеттер арасындағы саяси мәдени
байланыстар, ақпараттар алмасумен оның жылдам жетуі, БАҚ, интернет жүйесі.
Адамның осы ақпараттарды, түсініктерді жүйелі қабылдап, қорыта алмауы және
уақытының жетпеуі оның психологиясына кері әсерін тигізіп, рухани
жұтаңдыққа апарады.
Өмірдің бар саласы коммерцияға айналуы, барлық нәрсе сатылады және
сатып алуға болады деген түсініктің белең алуы, қоғамдағы парақорлық пен
бюрократия, әлеуметтік, саяси, демографиялық және тағы да басқа
проблемалардың дер кезіде шешілмеуі, білім беру саласында дін туралы ғылыми
білім беру жүйесінің дұрыс жолға қойылмауы және рухани жұтаңдық, адам өз
өміріне рухани тірек таппауы секілді мәселелердің барлығы осы дәстүрлі
емес діни қозғалыстардың пайда болуына әсер етеді.
Діни секталардың жаппай өріс алуын тағы бір себебі әлемдегі дәстүрлі
діндердің қазіргі заманның өткір мәселеріне жауап бере алмауы, осының
салдарынан халықтың рухани қажеттіліклерін өтей алмай және діни- ағарту
жұмыстарын дұрыс жолға қоя алмауынан қоғамдағы өз беделдерін түсіріп,
жаңа діндерге жол беруі себебімен түсіндіріледі.
Дәстүрлі емес жаңа діни қозғалыстардың әлемдегі дамыған елдердегі
кеңінен жайылуына, ондағы экономиканың біржақты дамуы, мәдени құндылықтар
мен рухани құндылықтарға мән берілмеуі яғни, рухани деградация,
жұмыссыздықтың өсуі, инфлияция, тәртіпсіздіктердің шамадан тыс етек алуы,
маскүнемдік, нашақорлық, жезөкшелік, терроризм, экологиялық проблемалар
және т.б. – осындай күрделі мәселелердің шешімін таппаған соң адам санасы
белгілі бір рухани тірек іздеуі заңдылық. Дер кезінде ол тіректі мәдени-
рухани атмосфера бере алмады, өйткені Батыс дәстүрлі мәденитінде тоқырау
кезеңін бастан кешіріп, діни құндылықтарда девольвацияның күшейіп жатқан
кезі болатын. Дәстүрлі діндер бұл әлеуметтік мәселелерге қарсы шыға алмай
керісінше оларға демеу берді. Осы келеңсіздіктердің салдарынан қарапайым
халықтың руханиятқа деген сұраныстары артты[8;15с].
Қорыта айтқанда дәстүрлі емес діни қозғалыстар мен ғибадаттар
қоғамдық, ғаламдық деңгейдегі саяси, әлеуметтік, демографиялық, діни
жалпы мәдени факторлардың себебінен пайда болған және пайда болуда. Батыс
қоғамында оның адамдар арасында жаппай тарап өріс алуына тек рухани фактор
әсер етуде, себебі ондағы шіркеу заман талабына сай адамдардың рухани
сұранысына жауап бере алмай отыр.
1.2. Дәстүрлі емес діни қозғалыстардың өзіндік ерекшеліктері
Соңғы кездерде дәстүрлі емес діни қозғалыстарға көптеген
классификациялар беріліп жүрседе, жіктелуі туралы ғылымда ортақ жүйе
қалыптаспаған, оның себебі мәселенің күрделілігінде. Кейбір дінтанушы
ғалымдар немесе зерттеушілер бір діни сектаны белгілі бір топқа жатқызса,
екінші бір зерттеушілер оны басқаша жіктейді. Дінтану ғылымында діни
секталарды генетикалық шығу тегіне, дүниетанымдық негіздеріне қарай шартты
түрде топтастыру қалыптасқан. Заманауи тәртіпке қатысты дәстүрлі емес діни
қозғалыстар үш топқа бөлінеді: дүниеге төзімділікпен қарайтын яғни,
дүниелік заңдармен саяси- әлеуметтік қағидалардан тыс олардың үстінде
тұратын кемел қоғам құру идеясын қолдамайтын діни секталар. Бұл топқа
тантралық бағыттағы діни және дүниетанымдық ілімдер жатады. дүниені жоққа
шығаратын дәстүрлі емес діни ағымдарда негізгі мәселе дуалистік ілімдерінде
немесе әлемде өзара күресуші бітіспейтін ізгілік пен зұлымдық секілді екі
күш бар, мәңгілік ізгілік орнайды деген эсхотоллогиялық сенім. Мәселен
бұған армагедон идеясына байланысты Иегова куәгерлерін және жалған
христиандық (псевдохристианство) бағыттағы Виссарион шіркеулерін жатқызуға
болады. дүниені түзетуші діни секталар дүниені мүлдем жоққа шығармай,
ондағы зұлымдық пен күресуге күш салады. Адамның интелектуалдық қабылетін
арттырудың әдіс- тәсілдерін ұсынады. Бұл топқа Саентология шіркеуімен
Бірігу шіркеулері жатады.
Генетикалық принцптері бойынша діни секталарды заманауи
дінтанушылар мен әлеуметтанушы ғалымдар: А. Баркер, Э. Бенса, Ч .Глока, М.
Йингер, В. Уильсон, М. Элида және т.б. еңбектерінде: Дәстүрлі емес діни
қозғалыстардың пайда болуы ерте замандағы өркениеттерден бастау алған.
Поленезияда, Солтүстік Америка үндістерінде, Африка құрылығымен Малайзияда
бұдан жүздеген жылдар бұрын мәдениеттердің өзара қақтығысынан, қалыптасқан
өмір сүру нормативтерінің бұзылуы және сана- сезімнің езілуі слдарының
сондай- ақ миссионерлік прозелитизм салдарынан пайда болған[8;4с].
Осы дәстүрлі емес діни қозғалыстардың генетикалық принцптеріне қарай
классификациялануы туралы ғалымдар жан- жақты пікір ұсынады. Мысалы
психолог Маргарет Тэлор Сингер: неохристиандық діни топтар; шығыстық және
үнділік діни топтар; оккульттік, магиялық және сайтанға табынушылар тобы;
спиритуалдық топтар; шығыстық мистикалық- философиялық бағыттағы Дзендік
топтар; нәсілшілдік топтар; психологиялық немесе психотерапевтік топтар;
саяси топтар; діни- психологиялық топтар.
Әлеуметттанушы Роналд Энроттың зерттеуі бойынша: шығыстық- мистикалық
топтар; жалған Христиандық (псевдористианские) топтар; діни- психологиялық
топтар; эклетикалық және синкеттік топтар; парапсихологиялық, окульттік
және астральді топтар.
Психолог Майкл Лангун былайша жіктейді: шығыстық медитация;
христиандық қозғалыс; окульттік, магиялық және сайтанға табынушылық; саяси
терроризм; психотерапия; нашақорлыққа қарсы топтар; коммерциялық культтер
[4].
Белгілі дін зерттеушілері К.В. Кислюк және О.Н. Кучердің
еңбектерінде: неохристиандық бірлестік; неоориентальдық культтер;
саентологиялық бағыт; синтетикалық діндер; жаңапұтқа табынушылық; сайтанға
табынушылық. Біз осы соңғы ғалымдардың жасаған тұжырымдарын қолдаймыз,
себебі бұл тұжырым генетикалық жағынан тура келеді.
Дәстүрлі емес діни қозғалыстарға генетикалық тұрғыда берілген
классификациясына төмендегідей талдау жасалынады: жаңа христиандық діни
секталар- бұл қозғалыстар Библияны басты қайнары ретінде таниды. Иса-
ілімдернің орталық фигурасы, бірақ олардың Иса туралы түсініктері дәстүрлі
христиан дінідегі бейнесінен мүлде басқаша қарастырады. Мессияндық
(құтқарушы), құтылу, эсхатологиялық ілімдеріне аса мән беріп, ресми
шіркеуді мойындамай ғұрыптарын басқаша атқарады. Бұл топқа Иегова
куәгерлері, Мормондар, Христос тәні, құдай уағызы және т.б. көптеген
інжілдік христиандарының діни секталары жатады: жаңашығыстық діни ғұрыптар-
бұл діни ғұрыптардың негізінде қазіргі заманға бейімделген (модренизация)
буддизм, синтоизм, индуизм діндерінің діни ілімге аса мән бермейтін,
ғұрыптық практиканы жоғары қоятын (медитациялармен шұғылданатын) Кришна
қоғамы, Йога, Дзэн буддизм, жаңа синтойзм ғұрыптары және т.б. діни
қозғалыстар; саентологиялық бағыттағы- дін, ғылым және құпия ілімдерді
синтездеп, адам психикасының құпия тылсым сырларын ашып оны ізгілікпен
молшылыққа кенелтіп, бақытты етудің мақсатындағы діни секталар. Саентология
шіркеуі, Ақыл ілімі, Христиан ғылымы тәрізді діни қозғалыстар осы топқа
кіреді; синкреттік бағыттағы- бүкіл адамзатты бір дінге біріктіруді мақсат
етуші Бірігу шіркеуі, Бахай сенімі және Ұлы Ақ ағайындар секілді дәстүрлі
емес діни бірлестіктері жатады; шайтанға табынушылық- зұлымдықты
насихаттайтын, мистикалық тұрғыда шайтанмен байланысқа түсуді уағыздайтын
құпия әрекеттер жасайтын діни ілімдер. Оларға прагматизм, зорлық- зомбылық
жасау, күш көрсету, оқшауланушылық элементтері тән; жаңа пұтқа табынушылық
– әр елдердің көне нанымдары мен сенімдері негізінде жаңадан пайда болған,
сондай- ақ әлемдік діндерді бір ұлттың дініне айналдыруды мақсат еткен
немесе сол діндердің түп негізін көне нанымдардың элементтерінен құралған
деп, оларды ғылыми негіздеуге тырысатын ғұрыптар[2; 437,439с].
Дәстүрлі емес діни қозғалыстар мен дәстүрлі діндердің арақатынасын:
кейбір дәстүрлі емес діни қозғалыстар өздерін бастапқы діндердің бір
бөлшегі ретінде санап, басқада дәстүрлі діндерді мойындайды; бастапқы
діннің негізгі бөлігі ретінде санап, басқа діндерді мойындамайды; мысалға
Мормондар өздерін христианбыз дегенмен, христиан дінінің деноминацияларын
жоққа шығарады. Пайда болуы дәстүрлі діндермен байланысты болсада, өздерін
шынайы, алғашқы дін ретінде көрсетіп, басқаларға мойындатуға талпынады.
Бұған Бахаийлерді жатқызуға болады; дәстүрлі емес діни қозғалыстар
алғашында белгілі бір дәстүрлі діннен бастау алып, басқада діндердін кейбір
элементтерін бойына сіңіру- арқылы ажыратылады[7].
Дәстүрлі емес діни қозғалыстар өзіндік ерекшеліктерге ие. Оған кірген
адамдар өмірінде күрт өзгеріс орын алып, адам отбасында ата-анасы,
бауырларымен басқаша қатынас жасап, өз сенімін насихаттап дәлелдеумен
әуреге түседі, эгоизмге бой алдырып, тіпті кейбір діни секта мүшелері жеке
мүлкін сатып, ортақ қауымдық меншікке қосады, жеке өмірден бас тартып
коммуналарға (ұжымдық, қауымдық, отбасылық өмір) барып тұрады. Бұл дәстүрлі
отбасылық өмірді өзгерту. Мемлекет заңдарын сыйламау, қоғамдық әдеп
қағидалары мен ұлттық дәстүрге немқұрайлық, жеккөрушілік, жоққа шығару, өз
сенімдерін абсолютті ақиқат ретінде дәріптеу және ол ойларын жасыру,
ғылымнан тыс танымдарға жүгіну, адам санасын бақылаудың түрлі әдіс-
тәсілдерін (адамға зиянды) қолдану, қоғамнан біз және басқалар немесе
өткен өмірдің бәрі жалған күнәһарлық, бұдан кейінгі өміріміз ақиқат- деп
оқшаулану діни секталарға тән ортақ ерекшеліктер[5].
Сонымен дәстүрлі емес діни қозғалыстарға тән ортақ ерекшеліктерді
атап көрсетсек: харизматикалық көсемдік- сектаның негізін салушы жоғарғы
құдіреттен немесе тылсымнан келген күш иесі, онда құдайлық немесе ерекше
даналық бар, сондықтан оның билігіне мүлтіксіз мойынсыну керек;
сенімдерінің абсолютті ақиқатығына беріктік, басқа сенімдерге деген
төзімсіздік, ұлттық құндылықтарды ескермеу, жеккөрушілік; сыртқы
көріністік: барлық сенім және ғұрыптық ерекшеліктер ізгі мақсаттар үшін;
құпиялық- түпкі мақсаттары мен іс-әрекеттерінің салдарын жасыру, ішкі өз
мүшелеріне және сыртқа арналған екі мақсаттағы доктриналардың болуы, секта
мүшелерінің басқа ақпарат алуына мүмкіншілік бермей шектеуде ұстау;
дәстүрлі діндердің қасиетті кітаптарынының мәтінін өз сенімдеріне сәйкес
өзгеше түсіндіру; секта мүшелерінде жаңа өзіндік менталитет қалыптастыру
үшін, адам санасын бақылаудың түрлі әдістерін қолдану.
ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басында дәстүрлі емес діни
қозғалыстармен көптеген мемлекеттердің діни қызметкерлері, дінтанушы
ғалымдары және құқық қорғау органдарының мамандар айналысып, нәтижесінде
осы діни секта мәселелеріне бірнеше критерилер жасалынды. Мәселен Франция
мемлекетінің Ішкі Істер Департаментінің Рансеньеман Женеро арнайы қызметі
2000 жылдары дәстүрлі емес діни қозғалыстардың әрекеттерін бақылап мынандай
он критери қояды: санан- сезімді улау; материалдық тәуелділікке әкелу;
қоршаған ортадағы қалыпты қарым- қатынасты бұзу; адам денсаулығына кері
әсерін тигізу; балаларды алдап қатарларына қосуға әрекет жасау; кереғар
пікірлермен қоғамды екіге бөлу; қоғамдық тәртіпті бұзу; экономикалық
нормаларға зиян келтіру; айып тағу арқылы сот немесе тергеушілердің назарын
аудару; мемлекеттік лауазымды қызметтерге ұмтылу[6].
Дәстүлі емес діни секталардың қоғамдағы ролі адамдарға және олардың
дәстүрлі отбасылық қатынастары мен өмір сүру салттарына айтарлықтай
қиындықтар туғызды. Қалыптасу процестерін дінтанушы ғалымдар екі- үш сатыға
бөліп қарастырады. Бірінші кезеңінде өзіндік мәдениет қалыптастырып, рухани
жұтаң ортаның діни санасына сіңіседі, екінші сатысы консолидация яғни,
әлеуметтік қоршаған ортамен дәстүрлі діндерге қатынастары негативті болады,
соңғы үшінші сатысы қалыптасу процестері аяқталғанша дәстүрлі діни
бірлестіктердің қоршаған ортасына уақытша болсада бейімделеді[8;5с].
Бірақ біз барлық діни секталарды мұндай бейімделгіш келеді деп айта
алмаймыз, кейбір деструкивті діни секталар дәстүрлі діндердің барлық
құндылықтарын жоққа шығарып, оларды дін ретінде мойындамайды.
Дәстүрлі емес діни қозғалыстарды қоғамдық және мемлекеттік
структуларға айтарлықтай зиян келтіреді, олардың зияны заң жүзінде
дәлелденіп жатса, оларға тыйым салынып заң алдында жауап береді. Бірақ діни
секталар өз әректтерінің мақсатын құпия сақтайды, оны жоғарғы басшылары
ғана біледі, төменгі қарапайым мүшелері бейхабар күйінде миссионерлік
істерін белсенді жүргізе береді. Олардың түпкі мақсаттары не деген
сұрақтың жауабын секталардың доктриналарынан көруге болады: кейбір діни
секталар өз сенімдерінің абсолютті ақиқаттығына берік сенімді, олар
дәстүрлі ұлттық және әлемдік діндерден бөлініп шыққан, түпкі мақсаттары
адамды күнәһар әлемнен құтқарып бақыт пен молшылыққа кенелту. Мұндай діни
секталар қылмыс, наркомания, жезөкшелік, байлық, атақ және т.б. адамның
шынайы болмысына жат істермен айналыспайды. Олар миссионерлік
әрекеттерінде ғылым мен техниканың жетістіктерін және түрлі
психотехникалық әдістерді кеңінен қолданады, мемлекет заңдарын бұзбай,
мәдениетті түрде өз сенімдерін уағыздайды, мақсаттары қатарларына адамдарды
көптеп кіргізу. Мұндай секталар біз адамды тура жолға салып, шынайы
құдайлық өмірге жеткізушіміз, парызымызды өтеп жүрміз (өзінің діни сенімі
бойынша) деп түсінеді. Бұл секталар қоғамдық әдеп қағидаларын өздерінше
түсінеді және халықтың ұлттық құндылықтары мен салт дәстүрін сырттай
құрметтегендей көрінгенімен, шын мәнінде жоққа шығарады, яғни ой
мүдделерін жасырын ұстайды, мақсаттары діни сенімдеріне кіргізу; діни
секталардың кейбіреулерінің түпкі мақсаттары адамды бақытқа кенелту емес
керісінше сектаны құрушының жеке басының мүдделерін іске асыру. Яғни
байлық, билік ету және т.б. нәпсіқұмарлық. Мұндай діни секталар адам
санасын түрлі әдіс- тәсілдермен улап бағынышты етіп басшыларының мүддесіне
әрекет жасайды, оны қарапайым секта мүшесі білгені былай тұрсын сезіне де
алмайды, оған мүмкіншілік те бермейді, адамды зомбиге айналдырып тастайды.
Бұл түрге жататын секталардың мақсатқа жетуде лаңкестік әрекеттерге де
баруы мүмкін.
Жалпы жер бетіндегі діндерді әлемдік, ұлттық, дәстүрлі және дәстүрлі
емес деп бөледі. Әлемдік діндер- Ислам, Буддизм және Христиандық, яғни
бұлар бүкіл әлемге өз уағыздарын таратуға мүдделі діндер алайда бұл жолда
үш діннің қолданатын әдістері бірдей емес. Христиандар Ислам мен
Буддизмнен ерекшеленіп, белсенді миссионерлік жүйе негізінде әрекет етеді,
немесе миссионерлік- мазмұны тұрғысынан барлық діндерге ортақ табиғат
болуына қарамастан бүгін бұл термин христиан дініне тән құбылыс. Қазіргі
уақыттағы дәстүрлі емес діни секталардың да миссионерлік әрекеттері бұрынғы
Христиан дінінің жүйесімен жүргізіледі.
Діни секталардың түпкі мақсаттары адамдарды бақытқа кенелтіп, рухани
көмек беру емес, керісінше сектаны көсемінің жеке басының мүдделеріне
қызмет еткізу. Немесе байлық, билік ету, нәпсі құмарлық және т.б. Адам
санасын түрлі манипуляциялық әдістермен- тәсілдер мен улап, бағынышты етеді
және секта көсемдерінің жеке мүддесі үшін әрекет еткізеді оны қарапайым
секта мүшесі білгені былай тұрсын сезіне де алмайды. Білуге мүмкіншілік
бермей зомбиге айналдырып, өз қоғамына қарсы пайдаланады. Бұл түрде кейбір
секталар мақсатқа жету жолдарында түрлі амалдарды қолданып, лаңкестік
әрекеттерге де баруы мүмкін[5].
Лаңкестік әрекеттерді басқа ұйым мүшелерімен бірлесіп атқарады. Бұл
әректтерді басшылары қарапайым секта мүшелерінің санасын бақылаулар арқылы
іске асырады. Олар кейде бұл іске балаларды да пайдаланып отырған. Д. Берга
деген азаматтың құрған Семья сектасы осы лаңкестік әрекеттерге жаса
өспірімдерді пайдаланған, нәтижесінде балалар бұл істі ересектерге
қарағанда әлдеқандай сәтті орындап шыққан[5].
Дәстүрлі емес діни қозғалыстардың қарапайым секта мүшелерінің санасын
бақылаудың әдістері өзіндік мәнге ие. Зерттем уші Е.Н. Волков кейбір жаңа
діни секталардың түрлі психотехникалық әдістер арқылы адам санасын
бақылауда ұстайтындығын жазады. Маргерет Сингердің үлгісі бойынша сананы
бақылаудың алты шарты бар: адамның уақытын бақылауға алу, әсіресе оның
ойлау кезін; сектаға жаңадан кірген адамда бейшаралық сезім қалыптастыру,
өздеріне тиімді жолға салу; секта мүшесін бұрынғы әлеуметтік қалпын өзгерту
мақсатында оның санасына сый беру және жазалау арқылы ықпал ету; басшылыққа
тиімді әрекет жасау үшін секта мүшесін сыйлық пен жаза әдістерімен
шатастыру; қатаң бақыланатын жүйе жасау, яғни адам топ мүшелерінің
көзқарасынан ауытқыса, оның қалыпты қағиданы бұзушы ретінде өзін кінәлі
сезіндіру; секта мүшелерін болып жатқан нәрселерге есеп бере алмайтын
жағдайда ұстау.
Санаға бақылау жүргізу төрт негізгі салада іске асырылады. Бірінші
жүріс- тұрысты бақылау (контроль поведение) ол- адамның жеке өмірін реттеу
(қайда және кіммен тұратыны, киетін киімі, тамағы, шашының прическасы,
қанша ұйықтау керектігі және қаржылық кіріптарлық), сананы улау мен
топтық рәсімдерге көп уақыттың бөлінуі, сый беру және жазалау, қатаң қағида
мен ереже, жеке даралықтың жойылуы оның орнына топтық ойдың белең алуы және
бағыну мен тәуелділікке бейімділік. Екінші ақпаратты бақылау (контроль
информации): Алдау арбауды қолдану (ақпаратты әдейі жасыру, ақпаратты теріс
жеткізу, өтірікті айту), секта мүшелерінің басқа көздерден ақпарат алуын
мүмкіндігінше шектеу немесе міндеттер жүктеп олардың ойлануына мұрша
бермеу, сыртқы ақпаратты өз мақсаттарына бұрмалау, секта басшысының
ақпаратты реттеп отыруы, секта мүшелерінің бір- бірін аңдуына қолдау
көрсетуі, сектаның өз ақпараты мен үгіт насихатын кеңінен қолдануы мен
(журналдар, газеттер, үнпарақшалар, аудио-бейне таспалар, түрлі
дәйектемелер және т.б), күнадан арылу рәсімін жиі өткізу (күнә туралы
ақпарат-бақылауда ұстау үшін адамның тұлғалық болмысын жою). Үшінші ойды
бақылау (контроль
мышление): сектаның доктринасын ақиқат ретінде қабылдауға мәжбүрлеу,
біздің сызба шындыққа сәйкес, ақ пен қара (басқа түс жоқ), ізгілік
зұлымдыққа қарсы (келісім және күрделі өзарақатынас жоқ), біз оларға
қарсымыз (сыртқы әлемге топтық қарсылық), күрделі тілді меңгеруді міндеттеу
(сектанттық лексикон), жақсы және дұрыс ойларға қошемет көрсету (секта
басшысына ұнайтын). Төртінші сезімді бақылау (контроль чувств, эмоций):
жоққа шығару, ақталу, қажетсінгенді шындық ретінде қабылдау, бір жақты жәй
сөйлеу, ән айту немесе дыбыс шығару, медитация, дұға ету, көсем, доктрина
немесе сектаның саясаты туралы сыни сұрақтар қоюға және баламалы басқа
діни сенімді ұстануға тыйым салу.
Дәстүрлі емес діни қозғалыстың түпкі мақсаттарына жетудің басты
өлшемдерінің бірі сектада психологиялық мәжбүрлеудің болуы. Зайырлы
мемлекеттердің барлығында адамның діни сенім бостандығына заңмен кепілдік
берілген, сондықтанда барлық діни секталарды зиянды деп қарастыру дұрыс па
деген сұрақ туындайды. Бұл жерде мәселенің екі жағы бар, заңға қарсы
келмейтін кез келген діни ұйым өмір сүруге құқылы, екінші жағынан қоғамның
басым көпшілігінің дәстүрлі дүниетанымы мен діни сенімі тұрғысынан жаңа
діни ағымдардың қоғамға еш пайдасы жоқ, олар ұлттық болмысымызды бұзушы
деген түсінік. Бірінші көзқарас бойынша діни секталардың әрекеттері заң
шеңберінен шықпаса болды, бұл мәселеге тек заң тұрғысынан келу. Екінші
көзқарас бойынша дәстүрлі діни сенімімізге жат кез келген жаңа діни ағым
зиянды деген түсінік. Ресей ғалымы Волков Е.Н. “ Жеке адам немесе топтың
біреудің ерікті және саналы келісімінсіз сананысын бақылау үшін
психологиялық күштеу қолдануы туралы сараптамалық- анықтамалық ақпарат”-
атты кітабында діни секталардың зияндығын анықтаудың өлшем белгілерін
көрсетеді. Онда негізгі өлшем психологиялық күштеу екендігі айтылады[5].
Сонымен дәстүрлі емес діни қозғалыстардың түпкі ойларын жүзеге асыру
мақсатында адамдарға жасайтын психологиялық күштеудің
түрлері: көсемдік сипаты: харизматикалық көсемдікке ұмтылыс: құдайлық
немес ерекше даналықты жариялау, оның билігіне мойынсұну; басшылыққа
мүлтіксіз бағыныштылық: басшының ілімдеріне өзгеріс енгізсе, ізіне
ерушілердің де көзқарастарын соған бейімдеуі, сөйтіп көсемдеріне адалдығын
көрсетуі; міндетті түрде көсемге еліктеу; көсемнің өткен өмірін анықтайтын
құжаттың болуы ( өткен өміріндегі қылмыстар туралы мәлімет ); кері
байланысқа ашықтықтың болуы, көсем билігін тежеу мен қарсы тұру
тетіктерінің жоқтығы; доктриналарының сипаты мен құрылымы: өздеріне
арналған ішкі доктринаның және сыртқа көрініс үшін арналған доктриналардың
болуы; сенім негіздерінде мақсатқа кез келген жолмен жетуге болады деген
түсініктің болуы; ізгілік үшін аморальдық әрекеттерді қолдау, біз және
басқалар деген жікшілдікке апаратын дүниетанымды енгізу; сектаның сенімі
абсолютті ақиқат, сондықтан дүниелік заңнан жоғары, бізге мүше адам тылсым
күш пен ерекше құрметке ие деген сенім; сектаға мүшелікті құру мен
қолдаудың сипаты: түрлі әдіс- тәсілдерді қамтитын белсенді және пассивті
алдау мен арбау, мақсаттарын жасырып психотехникалық әдістерді пайдалана
отырып үгіт-насихат жүргізу; манипулация қолдану: құпиялық және элитарлық
ахуал туғызу, ритуалдық рәсімдер өткізу, адамның басқалардан ерекшемін
деген сезімін оятуы, қорқыныш пен кінәлік сезімдерді манипуляциялау;
сананы бақылау техникаларын қолдану: адамда сезімдік жоғарылау мен
төмендеу, жаттану (адамның отбасы, достар және қоғамнан бөлінуі),
құндылықтарын өзгертіп сектаның жаңа “отбасы” құндылығын енгізуі,адам
психикасында өзгерістердің болуы; сезімді ойдан жоғары қою (эмоция,
инстинктілік түйсік, интуицияны қолдап, рационалды ой қорытуға мән бермеу
), секта басшыларының қарапайым мүшелердың сезімдерін үнемі
манипуляциялауы; сектаға кірген адамның өткенмен байланысын үзуі ( отбасы,
достары, мақсаты , мүдде),өмірлік бағыт бағдардың өзгеруі; сыни ойлау,
ақылға салу ақыл парасатты үнемі жоққа шығару, олар адамды шатастырады деп
сезімді жоғарылату; адамды психологиялық оқшаулықта ұстау, оның сектадан
еркін шығуына түрлі қорқыныш сезімдерін сіңіру арқылы жол бермеу; дүниені
екіге бөліп қарау көзқарасын ( поляризация ) енгізу, яғни біз-жақсымыз, ал
әлем жаман деген; секта мүшелерін ашық немесе жасырын тәуелді ету (
психологиялық, қаржылай және т.б.) және оларды қанау; секта мүшелерінің
сұрақ қоюына мүмкіншілік бермеуі, бергеннің өзінде толық дәл жауап ала
алмауы.
Дәстүрлі діни қозғалыстар басқа бір мемлекеттің территориясына енгенде
тек сол елдің халқына имандылықты, ізгілікті насихаттап келмейді. Олардың
түпкі мақсаты сол елдің ішкі саясатына араласып тұрақсыздық туғызып,
белгілі бір этностардың арасына іріткі салу, мәдени құндылықтарын түбірімен
жою бір сөзбен айтқанда рухани экспанция жасаушы- саяси топтар. Бұл саяси
топтардың артында қолдап отырған Батыстық алпауыт мемлекеттер және
халықаралық ұйымдар бар. Осы мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың
дәстүрлі емес діни қозғалыстарды белсенді қолдауларының мақсаттары: саяси
мақсатта мемлекетті әлсірету үшін қоғамның рухани негіздерін бұзу. Өйткені
сол қоғамдағы дәстүрлі діндер діни секталар тарапынан қарсы әрекеттерге
ұшырауда, әсіресе қоғам мүшелерінің басым көпшілігі ұстанатын дәстүрлі
діні. Жасырын құпия күрес- діни секталардың қоғамдағы дәстүрлі діндермен
күресі; діни сектанттықты сол елдегі билікке ықпал етудің қуатты құралы
ретінде пайдалану; шет елдердің барлау органдарының кейбір діни секталардың
ұйымдарын өз мақсатына пайдалануы (тыңшылық мақсатында агенттерін секта
мүшесі ету); бір елдерде саяси мақсатта тұрақсыздық тудыру үшін фанат
орындаушылар резервін дайындау; мемлекеттік шенеуніктерді діни секталар
арқылы бақылауға алу ( жала, сатып алу, шантаж және т.б); батыстың дамыған
елдері мен халықаралық ұйымдардың қоғамды демократияландырудың
белгілерінің бірі ретінде түрлі елдерде либералды сипаттағы діни сенім мен
діни бірлестіктер туралы заң қабылдауына ықпал жасауы. Мұндай заң бойынша
мемлекет өз азаматтарының діни сенім бостандығына еркіндік беруі керек.
Ешқандай дінге заң негізінде басымдық берілмейді, дәстүрлі емес діндердің
әрекеттері заң аясынан шықпаса еркін тіршілік жасайды. Егер мемлекет
дәстүрлі емес діни қозғалыстар әрекеттерін шектейтін болса, батыс елдері
бұл адам құқығын бұзу, демократия принциптеріне жатпайды деп сол
мемлекетке қысым жасауы мүмкін, әрине мемлекет өз конституциясы бойынша
зайырлы және демократия елміз деп жарияласа.
Олар өздерінің ойлаған мақсаттарын іске асыруда қандай амал, айла
болса да тайынбайды. Заңды бұзу, есірткі заттарды білдірмей беру, түрлі
психотехникалық амалдарды қолдану секілді өлшемдер арқылы діни секталар
ойлаған түпкі мақсаттарына жетуге тырысады. Бұның бәрін олар құпия түрде
іске асырады.

ІІ- Тарау. Қазақстандағы дәстүрлі емес діни қозғалыстар
2.1. Қазақстан Республикасындағы мемлекет пен діннің қатынасы
Қазақстан қоғамының рухани тұрғыда жаңаруында дәстүрлі діндер маңызды
рөл атқарды Ислам, Христан және Иудайзм діндерінің жалпы адамзаттық және
гуманистік ұлтаралық және конфессияаралық келісім мен татулықты
орнықтырудағы маңызы ерекше. Олар қоғамымызда достықты, өзара құрметпен
түсінушілікті нығайтуға қызмет етеді.
Бірақ біздің мемлекетіміз діни теократиялық емес зайырлы мемлкет. Ол:
Қазақстан Республикасы өзін демократиялық зайырлы, құқықтық және
әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы- адам және
адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары[21].
Зайырлылық әртүрлі яғни, оның принципінің іске асырылу моделдері көп.
Зайырлылық мемлекеттің діндерге ұстанатын принціпі мемлекеттің басты
заңында азаматтарына діни сенім бостандығына заңды түрде кепілдк береді.
Бұл деген мемлекет азаматтырдың діни сеніміне араласпайды. Азамат дінге
сене ме, сенбей ме таңдау құқығына еркіндік береді.
Зайырлылық принципінің мәні мемлекеттің азаматтарына заң жүзінде діни
сеніміне, таңдауына және ұстану құқығына кепілдік береді. Мемлекет неге
зайырлылық принципін ұстанады? Өйткені дін (сенім) адамның ішкі дүниесіне
қатысты, ол- жүрекке орналасады. Сондықтан да мемлекеттің зайырлылық
принципін ұстанатыны осында.
Дінімізде де зайырлылықтың мәні осы яғни, Құран Кәрімде: Дінде зорлық
жоқ немесе Сенің дінің өзіңе, менің дінім өзіме, -деген[50]. Әркім
қандай дінде болсын оған ешкімнің қарсылығы жоқ, оны адамның қалау
еркіндігін өзіне береді. дін саясатына деген ұстанымы бөлек. Заң жүзінде
барлық діни бірлестіктер мен түрлі конфессияларға тең құқық бергенімен,
саясаты басқаша. Мемлекетіміз дәстүрлі діндерді қолдайды. Себебі бұл
әлемдегі дамыған мемлекеттердің практикасында бар. Мысалы Англия зайырлы
мемлекет болса да іс жүзінде Англикан шіркеуін, Ресейде
Православ дінін, Амермиканың өзі католик діні мен протестанттарға,
Египет заң жүзінде зайырлы болғаны мен мемлекеттік діні Ислам. Түркия да
Ислам дініне қолдау көрсетіп отыр.
Қазақстан Республикасының Конититуциясында ождан бостандығы мен діни
бостандықтың қағидаттары, әртүрлі конфессияларға жататын азаматтардың
өздерінің діни бірлестіктерін құрудағы тең құқылығы, мемлекеттің діннен
бөлінгендігі туралы қағидаттар бекітілген. Сондай- ақ діннің және діни
бірлестіктердің әлеуметтік қызметтерін реттеудің халықаралық тәжірибелеріне
негізделген өзгеде бірқатар норматвтік- құқықтық негіздер бар. Соған
қарамастан діннің мәртебесі, оның қоғам өміріндегі шынайы жағдайы мен рөлі,
яғни діннің қоғамның әлеуметтік- саяси, рухани салаларына тигізер әсерінің
мәртебесі, кеңістігі және шекаралары қазірге дейін дәл анықталмаған.
Осындай белгісіздік, әсіресе оның теріс салдары еліміздегі қазіргі діни
жағдайда орын алған жаңа үрдістерге байланысты анық та айқын аңғарылуда.
Бұл әрине дін мен діни сананың күдік туғызатын діни- рухани нормалары мен
догмаларына негізделген жаңа діни ағымдар мен бағыттардың пайда болуына
байланысты[14].
Бүгінде Қазақстан әлемге бүкіл әлемдік діни- рухани форумның орталығы
есебінде де таныс. Оған әлемдік және дәстүрлі діндердің басшылары анағұлым
маңызды мәселелерді шешу үшін жиналады. Діни басшылардың басқосуында
толеранттылық, өзара құрметтеу мен түсінісу мен ұлтаралық келісім
қағидаттары анықталды. Бұл туралы Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында
былай делінген: Біз барлық діндердің тең құқылығына кепілдік береміз және
Қазақстанда конфессияаралық келісімді қамтамасыз етеміз[15].
Осындай маңызды шаралар жасалып тұрғанмен елімізде дін мемелекеттен
бөлінген. Яғни дін мемелекеттің, мемелекет діннің ішкі істеріне
араласпайды. Бірақ бұл іс жүзінде мүмкін емес. Дінге сену дегенміз құдайдың
бар екеніне сену ғана емес. Дін- өмір сүру ережесі, идеялогия, салт- сана
[16;155б].
Дін- әлемді байланыстыратын, интеграциялық үдерістердің күшті факторы
бола алады. Ол үшін діндердің қайшылықтары емес, керісінше, ортақ белгілер
мен қағидаттары, ортақ негіздер мен ортақ құндылықтарды, біріктіруші
бастауды іздеуге міндеттіміз. Қазақстан ерте заман- ақ діни толеранттылық
пен конфессияаралық келісім ісінде игі дәстүрлерге ие және сан алуан
мәдениеттер мен діндердің тоғысу мекені болған. Қазіргі Қазақстанның
аумағында әртүрлі нанымдар бейбіт өмір сүрген, яғни толеранттылық пен
конфессияаралық келісімнің үлгісі болған. Сондықтан Президентіміз
Н.Назарбаев: Бізге төзімсіздік немесе діни фанатизм жат. Бұл рухани
дәстүр, қандай шеңберде болмасын Құдайдың өзіне деген ашықтық. Бұл-
Қазақстандағы конфессияаралық келісімнің ең маңызды негіздерінің бірі. Біз
әлемге өзіміздің толеранттығымызбен, ұлтаралық, конфессияаралық келісім мен
диалогты сақтауымызбен танылдық. Біздің өскелең дүниетанымдық әулеті бұдан
әрі қарай да сақталуға, дамуға тиіс [17]. Осы тұрғыда еліміздегі этно-
демографиялық, саяси- әлеуметтік жағдайдың дамып, өзгеруіне байланысты осы
идеялардың арасынан, басталған реформалардың табысты жүргізіліп, оған қоғам
мүшелерінің белсенді қатысуын қамтамасыз ететін, халықтың көпшілк бөлігінің
рухани сұранысын қамтамасыз ете алатын дара түрін мемелекеттік дәрежеге
көтеру қажет.
Тәуелсідіктің бастапқы кезеңіндегі қоғамымыздағы идеялогиялық бостықты,
сондай- ақ берілген заңды құқықтық артықшылықтарды ұтымды пайдалануға
тырысқан жат жерлік дәстүрлі емес идеялық ағымдар, Елбасымыз Н.Назарбаевтың
Ұлттық идея ол ең алдымен өзінің ұлттық тұтастығын айқын түсінуге
негізделеді. Ұлттық идея қоғамның өз ішінде пісіп жетіледі. Онда сырттан
таңылған сипат болмайды. Ұлттық идея идеялогия жәдігөйлерінің ашқан
жаңалығы емес, миллиондаған адамдардың өздерінің ұлттық міндеттерін
түсінуінің жемісі болып табылады. Ұлттық идеяны қалыптастырумыз өзіміздің
төл тарихымызды жаңаша ұғыну негізінде ғана мүмкін болмақ [18;296б], деп
атап көрсеткеніне қарамастан Қазақстан қоғамынан өз орындарын алуға
тырысты. Түрлі саяси, әлеуметтік- экономикалық себептерге байланысты
дәстүрлі емес, жергілікті халық санасына қайшы кейбір идеялық ағымдар қоғам
мүшелерінің көлемді бөлігіне идеялық ықпал ете алатын дәрежеге
жетті[18;150б]. Дегенмен, сол идеялардың көпшілігі жергілікті этностың,
әсіресе бірден- бір титулды саналатын қазақ халқының рухани талабына сәйкес
келе алмағандықтан, қоғам мүшелерінің басқа бір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саентология біздің елімізге келудегі мақсаттарын салыстырмалы түрде анықтау және мемлекетпен арақатынастарын ашып көрсету
Таблиғи жамағат ағымы
Дәстүрлі діннің белгілері
Қазақстандағы «Грейс благодать» шіркеуінің қызметі
Діни бірлестіктің жалпы сипаттамасы
Саяси қозғалыстың өшу сатысы
Қазіргі дәстүрлі емес діни қозғалыстар пәнінен лекциялар жинағы
Рухани бірлік пен діни тұтастығымыздың негізін қалайтын дәстүрлі діни танымымыздың мәнін ұғыну
Діндерді дінтанулық принциптер бойынша топтастыру
Дін - әлеуметтік өмірдің феномені
Пәндер