Қазақстан Республикасында шағын жəне орта бизнестің дамуы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1.Бөлім. Өтпелі кезең жағыдайында шағын және орта бизнесті дамытудың обьективті қажеттілігі
1.1.Шағын және орта бизнес түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2.Шағын және орта бизнестің артықшылықтары мен
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.3.Шағын және орта бизнесті дамытудағы нарықтық экономикалық
елдердің тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
2. Бөлім. ҚР. ның шағын және орта бизнесінің даму бағыттары бойынша
2.1.ҚР . дағы шағын және орта бизнестің жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
2.2. Қазақстан экономикасындағы шағын және орта бизнестің рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
3. Бөлім. ҚР.дағы шағын және орта кәсіпкерліктің қаржысын дамыту проблемалары
3.1. Шағын бизнесті басқарудың экономикалық механизмдерін
жетілдіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
3.2. ҚР . дағы шағын және орта бизнес субьектілерін қаржыландыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
Шағын және орта бизнес Қазақстан Республикасының экономикасындағы рөл артып келе жатыр. 2015 жылы Қазақстандағы шағын және орта бизнес секторымен өндірілген жиынтық өнімдердің ЖІӨ - ге қатынасы 17% - ды құрады, ал 2016 жылы осы сектор субъектілерінің бұл макроэкономикалық индикаторындағы үлесі 20% - дан астам шамаға жетті. Осы статистикалық мәліметтер көрсетіп отырғандай шағын және орта кәсіпкерлік секторының қазақстан экономикасындағы маңыздылығы барған сайын салмақты болып келеді. 2016 жылғы осы сектордың ЖІӨ - ге қатынасының болжамды көсеткіш деңгейі 30% (бұл көрсеткіш бағдар ретінде ҚР – ның президентімен өткен жылы халыққа жолдауында қарастырылып, бекітілген).
Бәрімізге мәлім кәсіпкерлік секторы экономиканың диверсификациялауға, тұрақты қарқындармен дамытуға мүмкіндік береді. Осы тенденция біздің елімізде қалыптаса қойған жоқ. Сондай – ақ жоғарыдағы үлестік көрсеткіштер дамыған мемлекеттердің экономикасымен салыстырғанда мардымсыз болып табылады. Мұндай жағдайдың қалыптасуы мемлекеттік реттеу мен қолдауға және шағын бизнес пен орта кәсіпкерліктің ішкі және сыртқы орталарына қатысты әралуан аспектілі қиындықтары мен проблемаларына байланысты.
Сондықтан осы курыстық жұмыстың өзектілігі жоғарыда аталған әртүрлі аспектідегі проблемаларды және оларды шешу жолдарын анықталады.
Халықаралық сыртқы ортаға қатысты бүкіл потенциялды қиындық қазіргі кезде өте белсенді талқылануының себебі, шағын және орта бизнестің тек қана ішкі рынокқа бағдарлануына байланысты бәсекелік қабілеттің төмендігінде. Сондықтан егер біздің еліміз БСҰ – ына кірсе, онда осы сектордың елімізде экономикамызды әртараптандыруға мүмкіндігі болмай қалады. Осыған орай осы әлемдік ұйымға кірер алдында осы сектордың бәсекелік қабілеттерін жоғарлатуға бағытталған. Дамыту жолдарын зерттеу жоғарыда аталғандай, осы зерттеу жұмысының тақырыбының өзектілігін баянды етеді.
Мақсаты: Шағын және орта кәсіпкерліктің нарықтық экономикадағы орнын және рөлін аңықтаудын теориялық негіздеріне жалпы сипаттама беру болып табылады.
Аталған мақсатқа жетіу үшін мынандай міндетті орындау шарт:
- Шағын және орта бизнес түсінігі қалыптастыру;
- Шағын және орта бизнес ерекшеліктері ;
- ҚР-ның шағын және орта бизнес жағыдайы ;
- Қазақстан экономикасындағы шағын және орта бизнес рөлі;
- Шағын бизнесті басқарудың экономикалық механизмдерін қалыптастыру;
- ҚР – дағы шағын және орта бизнес субьектілерін қаржыландыру болып табылады;
1.Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы бойынша нормативтік-заңдық актілер жинағы.2-том.-Алматы,2009-2010жж.
2. Қазақстан Республикасының «Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» Заңы.-Алматы,2010.
3.Абдуллаева Б.А. Қазақстандағы шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеу: дамуы мен жетілдіру жолдары Автореферат диссертациясы .- Алматы,2011.
4.Арзаева М.Ж. Нақты өндіріс саласындағы шағын және орта бизнесті белсендірудің қаржылық-несиелік әдістері / Автореферат диссертациясы.-Алматы,2011.
5.Бердалиев К.Н.Қазақстан экономикасын басқару негіздері:Оқу құралы.-Алматы.:Экономика,2010.-120б.
6.Есқараев Ө.Қ.Қазақстан Республикасының нарығын мемлекеттік реттеу.-Алматы,2012.
7.Жалпы экономикалық теория.Оқулық / Құраст.Ө.К.Шеденов т.б.-Ақтобе,2011.-384-389б.
8.Жатқанбаев Е.Б.Аралас экономика негіздері.-Алматы,2013.
9.Искаков Ұ.М.,т.б.Қаржы нарығы және делдалдары.Оқулық.-Алматы,2010.
10.Крымова В.Э.Экономикалық теория.-Алматы,2012.
11.Құлымжанов М.Нарықтық экономика заңдары // Ақиқат.-2011.- №7.-23-33б.
12.Мұханалиева И.С.Бағалы қағаздардың әлеуметтік-экономикалық басымдылығы және оларды рыноктық қатынастарда мемлкеттік реттеудің маңыздылығы / Автореферат диссертацияся.-Алматы,2012.
13.Осипова Г.М. Экономикалық теория негіздері.-Алматы, 2013.-316б.
14.Төлебаева Б.Экономикалық теория.Оқу құралы.-Орал,2012.
15.Экономиканың және басқарудың негіздері.- Алматы,2011.

Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлігі

Экономика жəне Менеджмент
кафедрасы

Экономикалық теория пəні бойынша

Курстық жұмыс


Тақырыбы: Қазақстан Республикасында шағын жəне орта бизнестің дамуы

Орындаған:
Тексерген:

Орал-2017

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.Бөлім. Өтпелі кезең жағыдайында шағын және орта бизнесті дамытудың обьективті қажеттілігі
1.1.Шағын және орта бизнес түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2.Шағын және орта бизнестің артықшылықтары мен
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.3.Шағын және орта бизнесті дамытудағы нарықтық экономикалық
елдердің тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
2. Бөлім. ҚР- ның шағын және орта бизнесінің даму бағыттары бойынша
2.1.ҚР - дағы шағын және орта бизнестің жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
2.2. Қазақстан экономикасындағы шағын және орта бизнестің рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
3. Бөлім. ҚР-дағы шағын және орта кәсіпкерліктің қаржысын дамыту проблемалары
3.1. Шағын бизнесті басқарудың экономикалық механизмдерін
жетілдіру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
3.2. ҚР - дағы шағын және орта бизнес субьектілерін қаржыландыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20

Кіріспе
Шағын және орта бизнес Қазақстан Республикасының экономикасындағы рөл артып келе жатыр. 2015 жылы Қазақстандағы шағын және орта бизнес секторымен өндірілген жиынтық өнімдердің ЖІӨ - ге қатынасы 17% - ды құрады, ал 2016 жылы осы сектор субъектілерінің бұл макроэкономикалық индикаторындағы үлесі 20% - дан астам шамаға жетті. Осы статистикалық мәліметтер көрсетіп отырғандай шағын және орта кәсіпкерлік секторының қазақстан экономикасындағы маңыздылығы барған сайын салмақты болып келеді. 2016 жылғы осы сектордың ЖІӨ - ге қатынасының болжамды көсеткіш деңгейі 30% (бұл көрсеткіш бағдар ретінде ҚР - ның президентімен өткен жылы халыққа жолдауында қарастырылып, бекітілген).
Бәрімізге мәлім кәсіпкерлік секторы экономиканың диверсификациялауға, тұрақты қарқындармен дамытуға мүмкіндік береді. Осы тенденция біздің елімізде қалыптаса қойған жоқ. Сондай - ақ жоғарыдағы үлестік көрсеткіштер дамыған мемлекеттердің экономикасымен салыстырғанда мардымсыз болып табылады. Мұндай жағдайдың қалыптасуы мемлекеттік реттеу мен қолдауға және шағын бизнес пен орта кәсіпкерліктің ішкі және сыртқы орталарына қатысты әралуан аспектілі қиындықтары мен проблемаларына байланысты.
Сондықтан осы курыстық жұмыстың өзектілігі жоғарыда аталған әртүрлі аспектідегі проблемаларды және оларды шешу жолдарын анықталады.
Халықаралық сыртқы ортаға қатысты бүкіл потенциялды қиындық қазіргі кезде өте белсенді талқылануының себебі, шағын және орта бизнестің тек қана ішкі рынокқа бағдарлануына байланысты бәсекелік қабілеттің төмендігінде. Сондықтан егер біздің еліміз БСҰ - ына кірсе, онда осы сектордың елімізде экономикамызды әртараптандыруға мүмкіндігі болмай қалады. Осыған орай осы әлемдік ұйымға кірер алдында осы сектордың бәсекелік қабілеттерін жоғарлатуға бағытталған. Дамыту жолдарын зерттеу жоғарыда аталғандай, осы зерттеу жұмысының тақырыбының өзектілігін баянды етеді.
Мақсаты: Шағын және орта кәсіпкерліктің нарықтық экономикадағы орнын және рөлін аңықтаудын теориялық негіздеріне жалпы сипаттама беру болып табылады.
Аталған мақсатқа жетіу үшін мынандай міндетті орындау шарт:
Шағын және орта бизнес түсінігі қалыптастыру;
Шағын және орта бизнес ерекшеліктері ;
ҚР-ның шағын және орта бизнес жағыдайы ;
Қазақстан экономикасындағы шағын және орта бизнес рөлі;
Шағын бизнесті басқарудың экономикалық механизмдерін қалыптастыру;
ҚР - дағы шағын және орта бизнес субьектілерін қаржыландыру болып табылады;

1 Бөлім. Өтпелі кезең жағдайында шағын және орталы бизнесті дамытудың объективті қажеттілігі
1.1 Шағын және орта бизнес түсінігі.
Шағын және орта бизнес түсінігінің мәнін ашпас бұрын, алдымен оның қалыптасу көздерін анықтап алу керек. Экономикалық теорияда кәсіпкерліктің алғашқы анықтамасына қатысты қайшылықтар бар. Көптеген теоретиктер кәсіпкерліктің шығуын франсуз экономисі Р.Контильион (18ғ) есімімен байланыстырады, ол кәсіпкерлікті сипаттайтын функционалдық негізі ретінде тәуекелділікті ұсынады, яғни кәсіпкерлік-тәуекелділікпен байланысты болып келетін адамдардың қызметі. Бірақ соңғы уақытта кейбір теоретиктер әйгілі араб ойшылы Ибн-Кальдунның кәсіпкерлік теориясын ұстанады, касб түсінігі негізгі құраушы категория деңгейіне дейін көтерілген.
Кейбіреулері болса, шағын бизнес барлық ежелгі мәдениетте дамыған деп тұжырымдайды. Бұл істе арабтар, вавилондықтар, египеттіктер, иудилер, гректер, финикшілер және римдіктер ерекшеленген. Мұнын дәлелі тұтынушылар мен кәсіпкерлерді қорғауға бағытталған Хамураппи заңдары болып табылады. Қазіргі уақыттағы алдынғы қатарлы ғылыми-техника дамудың теоретигі Кристофер Фример және менеджмент теоретигі Питер Друпердің айтулары бойынша кәсіпкерліктің кезектілік теориясынан ұсынған, оны алғаш зерттеген Иозеор Шулепеттер болып табылады. Теорияның мәні келесіде, кәсіпкерлік-экономикалық дамуда қозғалтатын өзіндік элемент. Кәсіпкерліктің анықтамасынан тоқталмас бұрын кәсіпкерлікті қандай категорияға жатқызу керек екендігін нақтылап алайық.
Одақтық Республикалардың тәжірибесінде экономиканы құрамдас элементтерге шартты бөлудің дәстүрлі жүйесі кеңінен қолданылған, ол халық шаруашылығының даму бағытын және заңдылығын жан-жақты танып білуге мүмкіндік береді, сондай-ақ жаңадан қалыптасқан мәселелерді өз кезеңінде байқауға және олардың жедел шешілуі бойынша шаралар қолдануға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта нарықтық қатынастар жүйесінде кәсіпорындар келесідей айрықша ерекшеліктерімен сипатталады, мөлшері, жұмыс істеушілер саны, қай салаға жататындығы, негізгі және айналым қорларының құны, шығарылатын өнім көлемі.
Сонымен кәсіпорындардың үш түрін бөліп көрсетуге болады: ірі, орта және шағын. Олардың кешені бірін-бірі толықтыра отырып, экономиканың тұтас ағзасын құрайды.
Ірі кәсіпорындар - нарыққа негізгі өнім шығарушылар болып табылады. Ірі кәсіпорындар - экономика қаңқасы, экономикалық тұрақтылықтың базасы.Шағын және орта кәсіпорындар, үнемі жаңарып тұратын номенклатурасымен және ассортиментімен, аз ғана партияда өнім дайындау, шектеулі тұтынушылар жағдайында елеусіз материалдар мен шикі затты қолдану қажет болған жағдайда пайда болады. Сонымен, шағын кәсіпорындар нарықтың салыстырмалы толған кезінде жекелеген тапсырыстарды есепке алып өнімді аяқтайды, яғни ұсақ - түйек өнімдер өндіріледі. Сонымен қатар, шағын кәсіпорындар қызметтің барлық саласында нөлдік нәтиже алумен байланысты жоғары тәуекелге ие болып табылады. Бұл әрі инновациялық қызмет, әрі жаңа технологияны игеру. Өнімнің жаңа түрін игеру. Шағын кәсіпорындардың капиталымен тәуекел, іріге қарағанда қоғамға аз шығындар алып келеді, сондықтан мемлекет шағын кәсіпорындарды құру және дамыту үшін арнайы жеңілдіктер тәртібін тағайындау керек.
Сондай-ақ шағын бизнес сферасына өздерінің тәуелсіз меншігі бар, шаруашылық еркіндікке ие және өз қызметі сферасында үстемдік етпейтін фирмалар жатады. Көптеген шетелдік зерттеулер шағын кәсіпорындарға 500 адамнан аспайтын жұмысшылар бар және сату көлемі 20 млн доллардан аспайтын фирмаларды жатқызады. Бірақ бұл көрсеткіштер шартты болып табылады.
Қазақстанда шағын және орта бизнеске бірнеше инвесторлармен құрылатын, географиялық шектелген зоналарда қызмет ететін және нарықтың шектеулі үлесіне ие, басқаруды құрушылар жүзеге асыратын, барлық негізгі стратегиялық шешімдерді өздері қабылдайтын кәсіпорындар жатады. Басқару сипаты икемділігімен, формальділіктің жоқтығымен шешімін қабылдау барысында, өндіріс саласындада, басқару саласындада жұмысшылардың өз-ара алмасуының жоғарылығымен ерекшеленеді.
Нарықтық экономиканың шаруашылық жүргізуші субъектілерде кәсіпкерлік және бизнес ұғымдары өзара тығыз байланысты. Кәсіпкерлік пен бизнесті экономикалық қызметтің бір түрі ретінде қарастыра отырып, отандық және шетелдік зерттеушілердің айтулары бойынша, бұл терминдер - өндіру немесе алу және тауарларды сату, басқа тауарларға айырбастау үшін қызмет көрсету немесе жай қызмет көрсету, серіктестіктер арасында екі жақты пайда табу негізіндегі ақшалар арқылы пайда табуға бағытталған, жеке тұлғалармен, кәсіпорындармен немесе ұйымдармен жүзеге асырылатын ( тек заңмен тыйым салынбаған ) еркін шаруашылықты білдіреді.
Бірақ кәсіпкерлік және бизнес түсініктері экономикалық тұрғыдан қарастырғанда синонимдер болып табылады. Бизнес түсінігі экономикалық тұрғыдан қарағанда кеңірек. Шетелдік әдебиеттерде нарықтық экономика бойынша бизнес қоғамның қажеттілігін қамтамасыз етуге қажетті өндіріс жүйесі ретінде анықталады.Бизнес нарықтық экономиканы барлық қатысушыларының арасындағы қатынастарды қамтиды және тек қана жалдамалы жұмысшылардың да, мемлекеттік құрылым қызметкерлерінің де қызметтерін қамтиды. Жалпы түрде бизнес - бұл нарықтық қатынастар жүйесіндегі адамдардың іскерлік белсенділіктері. Ал, кәсіпкерлік қызмет бизнестің бір формасы ретінде қарастырылады және оның әр түрлі сфераларында жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес (жалпы бөлім ): кәсіпкерлік - азаматтар мен заңды тұлғалардың меншік нысанына қарамастан, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранысты қанағаттандыру арқылы пайда табуға бағытталған, жеке меншік немесе мемлекеттік кәсіпорындарды шаруашылық басқару құқығына негізделген ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің өз атынан, өз тәуекелімен және өзінің мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады .
Соған қарамастан, тәжірбиеде кәсіпкерлік пен бизнес терминдері бірін - бірі алмастыруды. Нақтылап кететін жағдай, кәсіпкерлік және
шағын бизнес бірі - біріне синоним бола алады. Өйткені, шағын бизнес кәсіпкерлік пен айналысатын шағын кәсіпорындардың қызметін қарастырады. Әрі қарай, мен, осы дәстүрлі қалыптасқан көзқарасты ұстанатын боламын. Бәрімізге белгілі, шағын және орта бизнесте жеке секторлар басшылық етеді. - Өзінің кәсіпорынын ашу барысында адамдарды не қозғайды? Келесідей себептерді бөліп көрсетеді пайда табу, қоғамның әлеуметтік, экономикалықжәне материалдық жағдайын жақсарту. Басқалардың ішінде кәсіпкерлік қызметпен айналысудың мативі ретінде келесілерді көрсету керек: тұлғалардың өзін - өзі қалыптастыру мүмкіндігі, шаруашылық процеске халық қаржысының бір бөлігін қосу, қосымша және басқада ресурстарды қосу, азаматтардың өз табыстарын заңды жолмен арттыруға ұмытылу.

1.2 Шағын және орта бизнестің артықшылықтары мен ерекшеліктері

Көптеген адамдардың ойы бойынша, нарыққа тек ірі капиталы бар кәсіпорындар ғана қол жеткізулері мүмкін, ал шағын және орта кәсіпорындар үшін орын жоқ. Басты аргумент ретінде шағын бизнестің қуатты ірі компаниялармен бәсекелестікке түсе алмаитындығы. Ал, егер дұрыс тұрғыдан қарастырсақ, шағын бизнестің тиімді бәсекелес болуының бірнеше себебін көрсетуге болады. Біріншіден, шағын кәсіпорындыр үшін 0,5 - 1 жыл ішінде өздерінің стратегияларын өзгерту қиындық тудырмаиды, ал ірі кәсіпорындар үшін 5 - 6 жыл қажет. Екіншіден көпшілігі қателесіп инновация ірі кәсіпорындардан жүреді деп ойлайды, ал статистика болса,екінші Дүние Жүзілік соғыстан кейін 95 % инновациялық технология шағын және орта бизнес сфераларынан шыққанын көрсетіп отыр. Шағын кәсіпорындардың ірі кәсіпорындарға қарағанда капиталының күйіп кету тәуекелі төменірек, жәнеде әртүрлі инновациялық технологияларды енгізуден қорықпайды.
Шағын және орта бизнестің жаңа жұмыс орындарын қамтамасыз етуі сияқты артықшылығын көрсету қажет. Әсіресе, бұл елде кризис және жұмыссыздық кезеңі болған кезде артықшылыққа ие, өйткені ірі компаниялар қызметі экономикалық кризиске байланысты болғандықтан, жаңа жұмыс орындарын ұсына алмайды. Американ-Экспресс ( 1987 ) мәліметтері бойынща шағын өнеркәсіптерде қалыптасатын жұмыс орындарының өсу қарқыны тұрып қалған ірі компанияларға қарағанда 3 есе көп. Шағын бизнестің артықшылықтары көрініп отыр. Бұл, шағын және орта бизенстің динамикалығы, икемділігі, тұтынушылар қажеттілігінің өзгеруіне тез жауап беру және тауарлар ассортиментін ауыстыру, технология саласына жаңалықтар енгізу мүмкіндігі. Персоналды басқару сферасында бұл еңбек ұжымында бейресмилік, бюрократияның жоқтығы, жұмысшылардың басқаруға және табысқа тікелей қатыс алу мүмкіндігі.
Шағын және орта бизнестің ерекшелігі қызмет ету сферасы болып табылады. Ірі кәсіпорындар жаппай өндіріс жағдайында, тұрақты тауар номенклатурасымен және көтерме сатып алушылармен жұмыс істейді. Шағындар ұсақ партиялармен шығарады, жеке тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандырады, нарықтық арнайы сегментіндегі және екінші реттік шикізат өндірісінің қалдықтарын пайдаланады. Мысалы, автомобиль өндірісі - ірі кәсіпорын қызметіне жатса, автомобильді жөндеу - шағын және орта бизнес қызметі.
Шағын және орта бизнестің келесі бір тиімді ерекшелігі коллективті еңбекке ұмтылуы, жұмыс орнын сақтап қалуға тырысу және пайдаға қатысуға негізделген жұмыстың нәтижесінің максималды болуына мүдделілік болып табылады. Ірі компаниялар кәсіби менеджерлерді жалдайды, алолар акционерлердің барлық талпыныстарының ерекшеліктерін білмейді, нәтижесінде басқару проблемаларына алып келеді, ал шағын кәсіпорындарда құрушының өзі менеджер, бір тұлға, сондықтан бұл жерде ешқандай түсініспеушілік мәселесі туындамайды

1.3 Шағын және орта бизнесті дамытудағы нарықтық экономикалық елдердің тәжірибесі
Көптеген шетел мемлекттерінің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, шағын бизнеске байланысты мемлекеттік саясат маңызды өз бетінше жүйелік бағыт болып табылады. Ұйымдық құрылымдарды және шағын кәсіпкерлікді қолдау механизмдерін басқа мемлекеттерде зерттеу қандай да болмасын ұлттық ерекшеліктерге қарамастан барлық сипаттамаларға анықтауға мүмкіндік береді. (кесте №1)

1-кесте Дамыған мемлекеттер тәжірибесі

Дамыған мемлекеттер тәжірибесі
ҚР деңгейін бағалау
1
Мемлекттік саясат мақсаттарын анықтайтын кәсіпкерлік қызметті қолдау сұрақтарын реттейтін әлеуметтік құқықтық актілер болуы.
Даму үстінде
2
Мемлекеттік қаржылық, технологиялық, ақпараттық, кеңістік және кадрлық мемлекеттік жобалардың жүйесін құрастыру және жүзеге асыру
Даму үстінде
3
Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың тікелей және жанама шараларының байланысы
Даму үстінде
4
Әр түрлі деңгейдегі бюджеттерден шағын кәсіпкерлікті қолдау жобаларын жүзеге асырудың ассигновациясын анықтау
Даму үстінде
5
Шағын бизнес саласындағы барлық міндеттерді міндеттерді реттейтін дамыған арнайы мамандандырылған мемлекеттік мекемелердің болуы
Даму үстінде
6
Орталық, аймақтық және жергілікті билік органдарының функцияларын өзара рационалды бөлу
Даму үстінде
7
Мемлекеттік билік органдарының шағын бизнес мүдделерін қорғайтын ұйымдармен өзара қарым - қатынасы
Даму үстінде
8
Шағын бизнес саласындағы мемлекеттік саясатты өзара қарым - қатынасты қолдауға бағытталған
Даму үстінде
Үлестерден көріп отырғанымыздай шағын бизнесті дамыту үшін Қазақстан шағын бизнесті басқару процесін жетілдіруге көп күш жұмсау қажет. Шетелдік мамандардың айтуы бойынша қазіргі бизнес ішкі және сыртқы факторлардың әсеріне тәуелді.
Бизнестің ішкі және сыртқы ортасын сараптаудан екі факторды есепке алған жөн: ішкі және сыртқы ықпалдардың көлемі және ортаның өзгеру деңгейі. Кәсіпкерлікке барлық сыртқы ықпалдарды өз кезегінде макроэкономикалық және салалық деп бөлуге болады.

1 - сурет. Ортаның бизнеске макроықпалы

Экономикалық
факторлар

Бизнесті мемлекеттік реттеу

Ортаның бизнеске макро ықпалы

Әлеуметтік факторлар

Технологиялық
факторлар

Ресурстық факторлар

Ішкі немесе бақыланатын факторларға кәсіпорын қызметіне байланысты факторларды жатқызады. Енді әртүрлі тәжірибесіне келейік.
АҚШ - ғы шағын бизнес .
Әдетте америкалық фирмалардың көлемі жұмысшылардың санымен бағаланады: өте ұсақ фирмалар - 20 адамға дейін жұмысшылары бар, шағын 20-дан 99 адамға дейін, орташа 100-ден 499-ға дейін, ірі 500 адамнан көп (2 сурет). Көрсеткіштерді салалар бойынша құрады: бөлшек саудада 100 жұмысшысы бар, өңдеу саласында 500-ге дейін жұмысшылары бар фирмалар шағынға жатады.

2 - кесте. АҚШ-ғы әртүрлі деңгейдегі фирмалардың саны

Фирма көлемі
Фирма саны
Ірі
1000
Орташа
134000
Шағын
2000000
Шағын кеңселер
3000000

АҚШ тәжірибесі көрсетіп отырғандай, шағын бизнес ортаның өзгерісіне тез бейімделгіш. Шағын кәсіпорындардың жаппай ликвидациясы кәсіпкерлерге кері әсерін тигізбейді. Жұмысшы күшінің және капиталдың территориялық және саналық ағымы жақсарады, тұтынушы сұранысының және жоғары өндіріс шағындарының өзгеруіне өндіріс қимылының жеделдігі жоғарылайды. Бір шағын кәсіпорындар жабылса, екінші біреулері ашылады.
Қазіргі уақытта АҚШ халқының 53 % шағын және орта бизнес саласында жұмыс істейді. АҚШ тәжірибесі шағын бизнес ірі өндірістің өзгерістерге, жаңа міндеттемелерге бейімделуін және икемділігін көтеретіндігін көрсетіп отыр.
Енді АҚШ-та шағын кәсіпорындарға мемлекет тарапынан көмекке келейік. Шағын кәсіпорындардың қызметі арнайы ұйымының - 1953ж АҚШ
Конгресі құрған шағын бизнес әкімшілігінің құзырына кіреді. Сол жеке сектордың құқықтық негізгі болып табылатын шағын бизнес туралы Заң қабылданды. 1953ж Эйзенхаур президент болған кезде елде жұмыссыздық және инфляция болатын. Экономиканы жандандыру үшін - шағын бизнес әкімшілігін (ШБӘ) құрды. Ол өз қызметтерін дұрыс атқарды. Қазіргі уақытта АҚШ-та шағын бизнесте 22 млн кәсіпорын бар, онда елдегі барлық жұмысбастылардың 54 % қызмет етеді. Шағын бизнес кәсіпорындарының өндіріс және сату көлемі жалпы мемлекеттегі сату көлемінің 52 % құрайды, және 99,7 % кәсіпкерлер - бұл шағын бизнес басшылары. Шағын бизнесәкімшілігі - шағын кәсіпорындарға қаржылық және кеңестік көмек көрсетеді. Басты міндеті - шағын кәсіпкерлікті ұйымдастыру, қолдау және өмір сүруін қамтамасыз ету. ШБӘ өз қызметін басқа агенттіктер мен комитеттер, соның ішінде қаржы, білім, кәсіби ассоциациялар мен бірігіп отырып жүзеге асырады. Мемлекет өнімнің ірі тұтынушыларының бірі болғандықтан шағын бизнесәкімшілігі шағын кәсіпорындарға мемлекетпен мәміле орнатуға көмектеседі. Әйел, мүгедек, ардагер - кәсіпкерлерге ерекше назар аударады. шағын бизнесәкімшілігі 5 мың адам жұмыс істейді, оның 4 мыңы Вашингтоннан тыс жерлерде. Ұйымның 10 аймақтық орталығы және 66 территориялық бөлімшелері бар. Олардың арасындағы байланыс аудан - аймақ - орталық тізбегі бойынша жүзеге асады. АҚШ-ғы шағын бизнес қоғамдағы ресми белсенділікті сақтау үшін маңызды болып табылады.

Ұлыбританиядағы шағын бизнес.
Ұлыбритания тәжірибес көрсетіп отырғандай, шағын бизнес, өндіріс көлемін ұлғайтуда, тауарлар мен қызметтер ассортиментін кеңейтуде, өнім сапасын көтеруде маңызды рөл ойнайды. Шағын бизнес адамдарға өзінің творчествалық мүкіндіктерін көрсетуге мүмкіндік береді. Ұлыбританияда шағын кәіспкерліктің дамуына консервативті үкімет саясаты - қаржылық жеңілдіктер, кеңес беру қызметтері мен бизнес техникасын оқытатын курстардың болуы ықпал етті.
Ұлыбританияда шағын кәсіпкерліктің дамуының үш үлгісі бар: қызмет масштабын кеңінен статус - квосын сақтай отырып консервациялау; ресми белсенділікті ақырын кеңейту; шағын кәсіпорындарды орташаға, сосын ірі компанияларға өзгерту. Көптеген зерттеулер көрсетіп отырғандай, шағын кәсіпорындар иелерін біраз бөлігі одан әрі өсуге тырыспайды. Олардың ең басты мақсаты - тұрақтылықты қамтамасыз ету.Үкімет шағын бизнес саласына жалпы кәсіпкерлік қызметтің әлеуметтік - экономикалық шарттарын қамтамасыз ету арқылы ықпал етеді (салық салу, жекешелендіру, еңбек заңдары саласындағы шаралар), сонымен бірге әр түрлі экономикалық,
ұйымдық, құқықтық нормалар мен әдістерді қолданды. 1991 ж. Ұлыбританияда ұсақ кәсіпорындарға оларды басқару мәселелері бойынша көмек беруге мамандандырылған фирмалардың қызметінен зерттеу жүргізілді. Шағын кәсіпорындардағы мәселелермен кеңес берушілер
танысып, кеңес берумен ғана шектеліп қоймайды, сонымен бірге өз ұсыныстарының фирманың жүзеге асуына ат салысады. Бұл көмектің болуы және орта және шағын бизнестің даму стратегиясының болуы бұл саланың Ұлыбританияда гүлденуіне әкеледі.
Мұның барлығы шағын және орта бизнестің әсер ететін дамыған инфрақұрылымның болу керектігін көсетеді. Ақпаратқа еркін қол жеткізу қаржылық ақпаратты дәлме - дәл және түсінікті ету үшін бухгалтерлік есеп стандарттары қажет. Инфрақұрылым жолдарды, порт телекомуникация жүйесін қоса алғанда қазіргі заманға сай болу керек. Фирмалардың капиталды алуы үшін дамыған қаржылық нарық қажет. Қосымша қызметтер заң, сақтандыру, бухгалтерлік және консултациялықфирмалар нарық қажеттіліктеріне сәйкес қызмет етуі керек.
Қазіргі уақытта шағын және орта бизнестің дамыту процесі Еуропаның көптеген елдерінде, АҚШ және Жапонияда әлі жүріп жатыр. Қазір шағын бизнес экономиканың қозғаушы күші екені мойындалуда. Шағын бизнес қазіргі қоғам назарының ортасында, ол бүкіл халықтың өмірін қорғайды.
Кейбір зерттеулер бойынша шағын кәсіпорындар ірі компанияларға қарағанда табыстырақ.
Осылайша, шағын бизнестің болашағы өте жарқын, бастысы - оны басқара білу қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын бизнестің экономикалық мәні мен маңызы және ерекшеліктері
Кәсіпкерлік. Кәсіпкерлікті дамыту
Шағын бизнесті қалыптастыру
Қазақстан Республикасында орта және кіші кәсіпорындарының дамуы
Шағын және орта бизнестің түсінігі
Шағын және орта бизнес дамуы
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің қазіргі жағдайы және дамуы
Қазақстан Республикасында орта және кіші кәсіпорындардың дамуы
Қазақстан Республикасында шағын бизнестiң дамуы
Жеке және шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту жайлы
Пәндер