Интернет құрылымы және қызметі



1. КІРІСПЕ
2. HTML . ГИПЕРСІЛТЕМЕЛЕР ТІЛІ ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ ҚҰРЫЛЫМЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
3. ИНТЕРНЕТ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІ
4. Интернет желісінің құрылымы
5. Компьютерді желімен жұмыс істеуге даярлау
6. World Wide Web құрылымы
7. Көру жабдықтары
8. URL . адрестері
9. Іздеу серверлері
10. E.mail
11. HTML ТІЛІ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
12. HTML тілінің атқаратын қызметі
13. Web беттерін құру негіздері
14. HTML тілін пайдаланып веб беттерін құру
15. HTML тэгтері (командалары)
Қазіргі заманғы ғылым мен техниканың, экономиканың, жалпы халық шаруашылығы сапаларының зор қарқынмен дамуын есептеу машиналарсыз кљзге елестету қиын. Қажетті есептеу жұмыстарын тез әрі мінсіз орындап отыру үшін күнделікті түсіп жатқан ұлан-ғайыр информациялардың біраз бөлігін пайдалану керек. Ал жоспарлау кезінде бір ғана есептің толып жатқан түрлерін, варианттарын қарастыратып, солардың ішінен ең тиімді дегенін таңдап алуға тура келеді, бұл оңай жұмыс емес.
Internet желісін алғашқы дүниеге келтіруге себеп болған осыдан жиырма бес жыл бұрын АҚШ қорғаныс министрлігінің ARPANET компьютерлік жүйесі болып табылады. ARPANET-тің дамуы мен қатар басқа да желілер жетіліп отыр. 1973 жылы ARPA агенттігі өзінің DARPA aтымен Internetting Project программасын жасай бастады. Оның мақсаты - информацияны таратудың әр түрлі әдістерін қолдананатын желілерді біріктіруді анықтау болды.
Сөйтіп Internet тек желі ғана емес, ол желілердің желісі. Internet көптеген байланыс желілерін бір-бірімен біріктіріп, дүниеге ең үлкен компьютерлер торабын құрайды. Оның қарапайым желілік нүктелері өкімет мекемелерінде, университеттерде, коммерциялық фирмаларда, жергілікті кітапхана жүйелерінде, тіпті мектептерде орналасқан. Internet -тің бір ерекшелігі оның құрамындағы көптеген компьютерлер нақты BBS тәрізді жұмыс істейді (дәлірек айтқанда, әркім одан файлдар алып, мәліметтер қоймасын пайдаланып, яғни оның ішкі мәліметтерін пайдалануға рұқсат алады). Мұның өзі Internet - ке қосылған басқа жерлерде тұрған мыңдаған компьютерлік жүйелермен байланысу деген сөз. Желідегі компьютерлерден өкімет архивіндегі, кітапхана каталогтарындағы құжаттық мәліметтерді, суреттерді, дыбыс клиптерін, бейнелерді және тағы басқа цифрлық түрге айнала алатын барлық информацияны алуға мүмкіндік бар. Бұл күндері біздің елімізде компьютерлік техника мен бірге жаңа информациялық технологиялар оқу процессіне табанды түрде енгізілуде, олардың әртүрлі пәндерді оқыту барысындағы және ғылыми жобалар мен жазбаларды орындауға пайдалану қажеттілігі айқындала түсуде. Сондықтан информациялық технологияларды үйрену жұмысын, оның ішінде компьютерлік телекоммуникацияны аса жоғары сапалы деңгейде ұйымдастыру қажет екені көрінеді. Компьютерлік телекоммуникацияны пайдалану алыстағы компьютер мен диалогтық режимде жұмыс істеуді ұйымдастыруды қамтамассыз етеді.
Internet жүйесіне саяхат жасай отыра, Web беттерінің әртүрлілігіне назар аударамыз. Кейбірлері ұсқынсыз, ешбір тартымсыз, сәйкесінше болмайтын нәрселермен толтырылған. Сондай және басқа беттерді жасайтын Web —дизайнерлер немесе Web —шеберлер болып табылады. Жақсы Web — дизайн оны жасайтын адам қаншалықты интелектуалды тәртіпті соған байланысты болады. Web беттерінде қолданылған мүмкіншіліктерді бізде қолдана аламыз.

КІРІСПЕ

Қазіргі заманғы ғылым мен техниканың, экономиканың, жалпы халық
шаруашылығы сапаларының зор қарқынмен дамуын есептеу машиналарсыз кљзге
елестету қиын. Қажетті есептеу жұмыстарын тез әрі мінсіз орындап отыру үшін
күнделікті түсіп жатқан ұлан-ғайыр информациялардың біраз бөлігін пайдалану
керек. Ал жоспарлау кезінде бір ғана есептің толып жатқан түрлерін,
варианттарын қарастыратып, солардың ішінен ең тиімді дегенін таңдап алуға
тура келеді, бұл оңай жұмыс емес.
Internet желісін алғашқы дүниеге келтіруге себеп болған осыдан жиырма
бес жыл бұрын АҚШ қорғаныс министрлігінің ARPANET компьютерлік жүйесі болып
табылады. ARPANET-тің дамуы мен қатар басқа да желілер жетіліп отыр. 1973
жылы ARPA агенттігі өзінің DARPA aтымен Internetting Project программасын
жасай бастады. Оның мақсаты - информацияны таратудың әр түрлі әдістерін
қолдананатын желілерді біріктіруді анықтау болды.
Сөйтіп Internet тек желі ғана емес, ол желілердің желісі. Internet
көптеген байланыс желілерін бір-бірімен біріктіріп, дүниеге ең үлкен
компьютерлер торабын құрайды. Оның қарапайым желілік нүктелері өкімет
мекемелерінде, университеттерде, коммерциялық фирмаларда, жергілікті
кітапхана жүйелерінде, тіпті мектептерде орналасқан. Internet -тің бір
ерекшелігі оның құрамындағы көптеген компьютерлер нақты BBS тәрізді жұмыс
істейді (дәлірек айтқанда, әркім одан файлдар алып, мәліметтер қоймасын
пайдаланып, яғни оның ішкі мәліметтерін пайдалануға рұқсат алады). Мұның
өзі Internet - ке қосылған басқа жерлерде тұрған мыңдаған компьютерлік
жүйелермен байланысу деген сөз. Желідегі компьютерлерден өкімет
архивіндегі, кітапхана каталогтарындағы құжаттық мәліметтерді, суреттерді,
дыбыс клиптерін, бейнелерді және тағы басқа цифрлық түрге айнала алатын
барлық информацияны алуға мүмкіндік бар. Бұл күндері біздің елімізде
компьютерлік техника мен бірге жаңа информациялық технологиялар оқу
процессіне табанды түрде енгізілуде, олардың әртүрлі пәндерді оқыту
барысындағы және ғылыми жобалар мен жазбаларды орындауға пайдалану
қажеттілігі айқындала түсуде. Сондықтан информациялық технологияларды
үйрену жұмысын, оның ішінде компьютерлік телекоммуникацияны аса жоғары
сапалы деңгейде ұйымдастыру қажет екені көрінеді. Компьютерлік
телекоммуникацияны пайдалану алыстағы компьютер мен диалогтық режимде жұмыс
істеуді ұйымдастыруды қамтамассыз етеді.
Internet жүйесіне саяхат жасай отыра, Web беттерінің әртүрлілігіне
назар аударамыз. Кейбірлері ұсқынсыз, ешбір тартымсыз, сәйкесінше болмайтын
нәрселермен толтырылған. Сондай және басқа беттерді жасайтын Web
—дизайнерлер немесе Web —шеберлер болып табылады. Жақсы Web — дизайн оны
жасайтын адам қаншалықты интелектуалды тәртіпті соған байланысты болады.
Web беттерінде қолданылған мүмкіншіліктерді бізде қолдана аламыз.
Аппаратуралар мен программалық құралдардың жетілуі Web бетін кез-
келген қолданушы құрастыра алатын және қолдана алатын дәрежеге жеткізді.
Бұрын арнайы дайындығы бар, таңдаулы мамандар ғана Web беттерімен жұмыс
істей алса, қазір кез-келген қолданушының қолынан келеді. Internet -тің бар
мүмкіндігін, онда жиналған мәліметтерді де түгел айтып беру қиын. Оның
үстіне күнбе - күн оған жаңа мәліметтер келіп түсіп жатады. Адамдар
интернет технологияларын пайдалана отырып, осы мәліметтер арқылы тығыз
байланыста болады. Пайдаланушыларға өте тиімді графика және анимациялармен
жеңіл көркемделінген Web - беттерін тез ендіріп, Web - браузер терезесінде
дұрыс көрсетілуі тиіс. Мен өзімнің дипломдық жобасында Web–беттерін
құрастыруда, нені түсініп білуім қажет екендігін талап қылдым, Web-
беттеріне байланысты қандай программалар тиімді екенін және оны қалай
тиімді пайдалануы керектігін түсіндім.
Ұсынылып отырған түлектік жұмыста Web- парақтарды құруға
қолданылатын негізгі HTML –гиперсілтемелер тілі мен JavaScript тілінің
негізгі құрылымы қарастырылған. Дипломдық жоба жеке тақырыпшаларға
бөлінген, әрбір лабораториялық жұмыстың мақсаты анықталып, негізгі
ұғымдары берілген.
Сонымен өз жұмысымда Web-бетін HTML және JavaScript тілін пайдаланып
қалай құру керектігін қарастырдым. Бұл негізінде бізге Web - беттерінің
құрылымдарымен танысуға және оның дұрыс көрнекілігімен қолдануына мүмкіндік
береді.

HTML – ГИПЕРСІЛТЕМЕЛЕР ТІЛІ ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ ҚҰРЫЛЫМЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

ИНТЕРНЕТ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІ

Internet – кез келген компьютерді жер шарында орналасқан басқа жұмыс
станциясымен, яғни телефон арнасына қосылған басқа компьютермен жылдам
байланыстыратын Дүниежүзілік Желі. Оны дүниедегі ең үлкен ауқымды
(глобальный) желі деп атайды. Осылай телефон арнасы арқылы байланыса алатын
компьютерлер бір – бірімен TCPIP хаттама (протокол) ережелерімен мәлімет
алмасады. Міне, осы Интернет желісі көмегімен электрондық почта арқылы
хабар алып (беріп), басқа компьютерлердегі ақпаратты көріп, қашықтан
телеконференцияларға қатынасу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік бар.
TCPIP – Интернет желісіне қосылған компютерлер арасында ақпарат
алмасуды қамтамасыз ететін мәліметтерді бір жүйеге келтіру ережелері немесе
оларды құрастыру хаттамасы.
IP (Internet Protocol) - мәліметтерді алушының адресі көрсетілген
шағын тақырыптары бар бірнеше бөліктерге бөлетін желіаралық хаттама.
TCP (Transmisson Control Protocol) – мәліметті жөнелту ісін
атқаратын хаттама, ол желідегі ақпарат дестелерін дұрыс жеткізу үшін
жауапты болып саналады.

Интернет желісінің құрылымы

Әрбір тұтынушы компьютері кәдімгі телефон арналарымен тұйінді
машиналармен байланысады. Ал түйінді немесе негізгі машиналар бір – бірімен
қуатты оптикалық талшықты немесе спутникті арналармен жалғасады.Түйінді
машиналар кез келген жай компьютерлер арасында байланыс орнату үшін қажет,
олар: тәулік бойы үзіліссіз жұмыс істеп, байланыс сеанстарының арасындағы
уақытта жолда жүрген ақпараттарды уақытша сақтайды; ақпараттық серверлер
деп аталатын мәлімет.
Ақпараттық сервер – дегеніміз қалың көпшілікке арналған, әрбір
тұтынушы пайдалана алатын көптеген ақпараттар түрлері жинақталған арнаулы
компьютер. Мұнда жаңалықтар, мерзімді баспасөз, (газет, журналдар),
жарнамалар, т.с.с. мәліметтер сақталады.
Желіге қосылған әрбір компьютерге қайталанбайтын айрықша өзіндік адрес
(IP - адрес) беріледі, адрес компьютердің типімен (IBM, Macintoch),
операциялық жүйенің түрімен байланыста болмайды, демек жіберілген ақпарат
тура адрес көрсетілген компьютерге келіп түседі. Түйінді машиналар
мәліметтерді тасымалдау кезінде хабарды жіберген және оны алатын
компьютерлер арасындағы ең қысқа жолды таңдайды, жұмыс барысында ол
байланыс арнасының бос аралықтарын тиімді түрде пайдаланады. Бұл мүмкіндік
Интернетті қазіргі кездегі ең жылдам, әрі арзан, әрі сенімді байланыс
жабдығына айналдырды деуге болады.
Ал, енді түйінді машиналар жұмысы қалай ұйымдастырылған, Интернетте
адресті кім тағайындайды компьютерлер арасындағы байланыс қалай қамтамасыз
етіледі, компьютерлер телефонмен қалай қосылады деген мәселелрге келсек,
бұның бәрін істейтін арнайы қоғам – Интернет провайдері болып қызмет
атқаратын Интернет трейнинг орталығы, Nursat, S&G Communications, Parasanq,
Қазақтелеком, Астел Арна Спринт т.с.с. мекемелер жұмыс істейді.
Internet – те қызмет көрсету провайдері – ISP Internet Service
Provider, Internet - пен қарапайым тұтынушылардың тікелей қатынас құруын
жүзеге асыратын заңды тұлға.
Ақпартты сақтау - желіге қосылған тұтынушыларға қызмет етуге
арналған сервердің ішкі функциясы. Бұл қызметі үшін сервер провайдер
ретінде ақша алады. Ал, сервердің сыртқы функциясына - ақпаратты
тасымалдау жатады. Мысалы, Лос – Анджелестегі сервермен Алматыдағы
компьютерлер клиент арасындағы байланыс болуы үшін, жіберленген ақпарат
жолдағы он шақты серверлермен өтуі керек. Алғашында, ол Алматыдан Мәскеуге
барады, сонан соң Хельсинкиге, ары қарай Еуропалық желі түйіндері арқылы
трансастлантик кабелімен АҚШ – қа жеткізіледі. Ал, егер ол бағыт бос
болмай қалса, онда мәлімет бірден спутникалық арналармен Мәскеуден тура
Нью – Йоркке кетіп қалуы да мүмкін. Ақпараттың қай жолмен жүретінін
алдын – ала болжауға болмайды, бұл ешкімді қызықтырмайды. Желідегі әрбір
сервер бір жерден ақпарат десдесін алғаннан кейін, ол жөнелтілуге тиіс
сервердің адресін біледі де, ақпаратты сол бағыттағы жақындау орналасқан
севрерге жібереді.
Желі бойындағы түйінді серверлерде мәліметтерді реттеу мақсатында
рнайы ақпараттық- программалық жабдықтар жұмыс істейді, оларды
бағыттаушылар маршрутизаторлар деп атайды. Олар келіп түскен мәліметті
қайда жіберу керектігін анықтайды, мысалы, хабар жеткізулуге тиіс керекті
сервер уақытша жұмыс істемей қалса, онда мәлімет айналма жолмен басқа
компьютерге жіберіледі. Жоғарыда айтылған мысалда, Мәскеу мен Хельсинки
арасында байланыс болмаса да, Алматыдан шыққан мәлімет бәрі бір
бағыттауыш программалар көмегімен Лос – Анджелеске жылдам жетеді.

Компьютерді желімен жұмыс істеуге даярлау

Интернет желісімен жұмыс істеу үшін компьютер, модем, телефон арнасы,
осыларды байланыстыру ісін атқаратын программалық құрал қажет және белгілі
бір провайдермен байланысу керек. Модемді қосуға арналған COM
PORTболуы тиіс.
Модем дегеніміз – провайдер торабымен дербес компьютердің байланысын
қамтамасыз ететін арнайы құрылғы. Модемнің негізгі сипаттамасы болып ол
арқылы бір секундтағы тасымалданатын биттер санымен өлшенетін, оның
мәліметтерді қабылдау жөнелту жылдамдығы битс немесе кбитс –бс, кбс
саналады. Модемнің жылдамдығы жоғары болған сайын оның бағасы да өсіп
отырады. Модемдер орналасуларына қарай ішкі және сытрқы болып екіге
бөлінеді.

World Wide Web құрылымы

WWW дүниежүзілік тармақталған желісі – бұл Internet – тің ең кең
таралған, күннен күнге тоқтаусыз өсіп жатқан қызмет түрі. World Wide Web -
Internet –тегі барлық құжаттар және мультимедиялық ресурстарды сипаттайтын
термин. Бұл мәліметтерді пайдалану жолында оларды оқып көру үшін Microsoft
Internet Explorer, Netscape Navigator сияқты программалық жабдықтар
қолданылады. Олар Internet – тен керекті құжаттарды іздеп табуға, қарауға
жазып алуға мүмкіндік береді. Гипермәтін (байланысқан мәтіндер)
мүмкіндігі Web мәліметтерінің бірінен біріне көшуді жеңілдетеді.
Файлдардың HTML (hypertext markup language) форматын іске қосатын
гипермәтін мүмкіндігі Web парақтарының бір бетінен екінші бетіне сілтеу
бойынша көшуді жеңіл жүзеге асырады. Бұл беттерде суреттер, бейнежазбалар,
дыбыстар, үшөлшемді (кеңістіктегі) нақты бейнелер т.с.с. орналасады.
Осындай сілтемелер арқылы байланысқан парақтар World Wide Web – тің негізгі
құрылымын құрайды. Web жүйесіне қосылғаннан кейін әрбір адам WWW
желісіндегі кез келген мәліметті басқалармен бірдей пайдалану құқығына ие
болады, бұдан соң басқа компьютерлермен байланысу үшін немесе қосымша
артықшылық, шектеулер үшін ақы төлеудің қажеті жоқ.
World Wide Web (WWW немесе Web) Интернет мәліметтерін жеңіл көруге
болатын графикалық интерфейс мүмкіндігін береді. Ондағы мәліметтермен
олардың бір-бірімен байланысын ақпараттық өрмек деп айтса да болады. Web
– тің әр бетінің басқа парақтармен байланысын көрсететін сілтеме
белгілері бар, оны бір-бірімен байланысқан парақтардан тұратын өте үлкен
кітапхана деуге болады. Бір тораптық компьютерде орналасқан мәліметтер Web
кітабы секілді, ал оның беттері кітап парақтарын көзге елестетеді. Бұл
беттердегі мәліметтер дүниенің кез келген бұрышында орналаса береді.
Түйінді компьютердегі мәліметтің бірінші беті кітаптың сырты немесе
мазмұны тәрізді, әрбір беттің URL (Universal Resourse Locator) форматында
берілген қайталанбайтын өзіндік адресі болады.

Көру жабдықтары

Microsoft Internet Explorer, Netscape Navigator программалық
жабдықтары осы топқа жатады, оларды – броузер деп атайды. Internet Explorer
мен Netscape Navigator Web-құжаттарын көру, олардың бірінен біріне ауысу,
яғни олармен қатынас құру құралдары болып саналады. Көрсеткіш программаның
негізгі қызметі – Интернеттегі Web парақтарын оқып, экранда көрсету.
Керекті парақты іздеп табу URL – адрестерімен анықталады.

URL – адрестері

Бұл Интернетте орналасқан құжаттардың адресін жазудың арнайы формасы.
Ол – желінің қай серверінде орналасса да, керекті мәліметті айнытпай
қатесіз табуды қамтамасыз ететін сөз тіркесі. URL – адрестерінің
жазылуынан мысал келтірейік.
http:www.soccer.ru dinamorusindex.html
мұндағы
http – протокол, яғни хаттама
www. soccer.ru – адрестің домендік бөлігі, оның ішінде:
www – компьютердің (сервердің) аты;
soccer.ru – доменнің аты;
dynamorus – сервердегі каталог аты;
index.html- Web-парақтары файлының аты;
Домен – бір компьютермен басқарылатын немесе бір желілік жұмыс
машинасының (желі торабының) басшылық етуімен істейтін информациялық желі
қорлары (ресурстары) тобы.

Іздеу серверлері

Интернет жүйесіндегі мәліметтерді миллиондаған мекемелер даярлайды.
Олардың кейбіреулері өз мәліметтерін жиі жаңартып отырады. Осындай
ақпарат мұхитында керекті мәліметті қалай тауып алуға болады? Мұндайда
көмек беретін іздеу серверлері бар. Оларда мыңдаған іріктелген құжаттардың,
сайттардың және парақтардың адрестері сақталады.
Көптеген іздеу серверлерінің ішінде кең тараған іздеу каталогтары
(directories) мен машиналары (search engines) бар. Олар сатылы
құрылымдардан тұрады. Мысалы, сервер каталогтың алғашқы деңгейінде Қаржы,
Білім, Компьютерлер деген атаулар болмаса, қаржы ұғымының екінші деңгейінде
– Биржалар, Компаниялар, Банктар тәрізді сөздер кездеседі. Ал, үшінші
деңгейде – банктар ұлттық жеке меншіктегі акционерлік т.б. топтарға
бөлінеді. Осылай пирамида тәрізді біртіндеп керекті ұғымды айқындай отырып,
қажетті мәліметтерді жылдам тауып алуға болады.
Каталогтар құжаттарды спорт, машиналар, ойындар тәрізді жалпы атаулар
арқылы іздеуге ыңғайлы. Дегенмен, каталогтар Интернеттегі мәліметтердің тек
бір бөлігін ғана қамтиды. Жетіспейтін мәліметтерді іздеу машиналары деп
аталатын серверлер арқылы тауып алуға мүмкіндік бар. Көпшілікке танымал
іздеу машиналарына мыналарды жатқызуға болады. Alta, Vista, Yahoo, Lycos,
Rambler,Yandex, InfoSeek, HotBox, Excite.
Мысалы, бізге қашықтан оқыту жөнінде құжаттар керек болсын делік. Ол
үшін Rambler іздеу машинасын пайдаланайық та, адрестік өріске оның алдын
алаанықталған мынадай адресін енгізейік: www.rambler.ru. Іздеу машинасы
терезесінің сұраныс қатарына (строка запроса) мынадай өзекті сөздерді
(ключевые ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Интернетте программалау технологиясын, Web builder бағдарламасын зерттеу және негізгі әдістерін үйрене отырып, «Дүниетану» деп аталатын оқу-танымдық сайт жасақтау
“Бәйтерек” фото салонының Web сайтын құру
Ашық жүйелердің өзара қарым-қатынастың эталондық моделі
Сан жүйесінің аты
Іnternet желісі құрылымы
Интернет туралы ұғым
Әкімшілік интернет ресурсын әзірлеудің алғышарттары
Сауда кәсіпорнының бизнес-жоспары және электрондық сауданың бизнес моделі
Ақпараттық технологиялар. Желілер
Екінші деңгейдегі банктер ұғымы мен атқаратын қызметтері
Пәндер