Оқытудың теориялық және әдістемелік негіздері



Мазмұны


Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І Негізгі бөлім
1. Оқыту процесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
2. Оқытудың функциялары, түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
3. Оқытудың принциптері мен заңдылықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
4. Оқытудың әдістері, тәсілдері және құралдары ... ... ... ... ... ... ... ... 22
5. Оқытудың қазіргі дәстүрлі емес әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
Кіріспе

Оқыту - ғылыми білімдерді, біліктерді және дағдыларды игеруі бойынша, шығармашылық қабілеттерін, дүниетанымдықты, өнегелі-әдепті көзқарастарды дамыту бойынша оқушылардың белсенді танымдық қызметін ұйымдастыру мен ынталандырудың педагогикалық үрдісі. Қазіргі заман түсінігі бойынша оқыту үрдісінің келесі белгілері бар:
1. Екі жақты сипаты; 2. Оқытушы мен оқушылардың бірлескен әрекеті; 3. Оқыту жағынан басқаруы; 4. Арнайы жоспарланған ұйымдастрыу мен басқару; 5. Бүтіндік пен бірлік; 6. Оқушылардың жас дамуының жас ерекшеліктеріне сәйкестігі.Оқытудың төмендегідей түрлерін ұсынамыз:
Міндетті оқыту - ағартушы саясаттың ұстанымы, осыған сәйкес заңнама тәртібінде белгілі бір жастың балалары белгіленген мөлшерде білім алуы тиіс. Барлығына жалпы және ақысыз білім - бірнеше жүзжылдықтар бойындағы халық массасы негізгі демократиялық міндеттерінің бірі. [2]
Ашық оқыту - бірқатар шетелдердегі мектептерде оқу жұмысын ұйымдастыру тәсілі. Ашық оқытуға сынып-сабақтық жүйеден және берілген мөлшерлер негізінде үлгерімді бағалаудан бас тарту, оқу кеңістігінің «ашық», икемді ұйымдастырылуы, оқу топтарының жылжымалы құрамы, сонымен бірге оқу жұмысының түрлері мен тәсілдерін баланың еркін таңдауы тән.
Оқыту тәжірибесі - табиғи тәжірибенің әр түрлілігі, ол психикалық құбыластардың (зерттеу мәнін құрайтын) шақырылумен қатар, оның тәжірибе жағдайларында қалыптасқанымен ерекшелінеді. Оқыту тәжірибесі психологияда тек зерттеу үшін ғана емес, сонымен қатар ақыл-ой дамуының, яғни тұлғаның үйренушілік деген қасиетінің диагностикасын жасауында қолданылады.
Енгізілген оқыту - тәжірибелі нәтижеге жетуге бағытталған, арнайы ұйымдастырылатын және жоспарланатын оқу әрекеті, ал бұл үшін қажетті білімдер жолшыбай игеріледі.
Дистанциялық оқыту - бұл кез келген жерде тұратын әр адамның кез келген колледж немесе университеттің бағдарламасын оқуға мүмкіндік беретін білім технологиясы. Бұл мақсатты іске асыруы қазіргі заман ақпаратты технологиялардың бай жиынтығымен қамтамасы етіледі: оқулықтар және тағы басқа басылымдар, оқытылатын материалдарды компьютер телекоммуникациялар арқылы жіберу, видеосуреттер, компьютер телекоммуникациялар арқылы өткізілетін пікірталастар мен семинарлар, оқу бағдарламаларының ұлттық және аймақтық теледидардан және радиодан жүргізуі, кабельді теледидар және дауыс поштасы, екі жақты видеоконференциялары, және т.б. дистанциялық оқыту оқушыларға оқытудың орны мен уақытын, негізгі қызметін үзбей, оның ішінде алыс аудандарда тұратын адамдарға оқыту мүмкіндігін, пәндерді таңдау еркіндігін, ғылымның, білім мен мәдениеттің көрнекті өкілдерімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Ресми – құжаттық басылымдар:
1. ҚР этномәдениеттік білім беру концепциясы, 1996.
2. ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы, 2004.
3.ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдаған «Қазақстан -2030»
үндеуі,1997.

Кітаптар:
1. Айдосова М.«Грамматикалық ойындар арқылы оқушылардың
белсенділігін арттыру. Алматы, 2012
2. Ә. Құтпанбаев, Е. Райымжанов. Еңбекке баулу және ұлттық тәрбие. Алматы,2001.
3. Әбдразаков Е. Адамгершілік имандылық тәрбиесі.-Шымкент, 1994 жыл.
4. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. – Алматы: «Дарын», 2004.
5. Бабаев С., Оңалбек Ж. Жалпы педагогика. Оқулық. Алматы, Заң әдебиеті, 2005.
6. Жаниязов Ә.Лексиканы оқытуға арналған таблица. А,1970жыл.
7. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Алматы, 2000.
8. Қалиұлы С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. Алматы, Білім, 2003.
9. Қалиев С. Үлгілі үйдің ұл-қызы. Алматы, Атамұра, 2001.
10. Қалиев С., Майғарапова Ш. Оқушылардың тұлғалық қасиетерін дамытудың педагогикалық негіздері. Алматы,Білім, 2001 ж.
11. Қожахметова К. Мектептің ұлттық тәрбие жүйесі: теория және практика. Алматы: РБК,1997.
12. Құрманғалиева М, Айтжанова П. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. А, Білім. 2000 жыл.

Мақалалар:
1. Мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі./ред.басқар. С.Қалиев, т.б. Алматы,1999.
2. «Қазақстан мектебі» журналы. №6, 2005 жыл.
3. «Қазақстан мектебі» журналы. №3, 2007 жыл.
4. «Қазақстан мектебі» журналы. №4, 2008 жыл.
Ғылыми конференция материалдары:
1.Педагогика. Дәріс курсы./ Құраст. Хмель Н.Д., Жампеисова Қ.К және т.б. Алматы: Нұрлы әлем,2003.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Оқытудың теориялық және әдістемелік негіздері
Пәні: Педагогика

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

І Негізгі бөлім
1. Оқыту процесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
2. Оқытудың функциялары, түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
3. Оқытудың принциптері мен заңдылықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
4. Оқытудың әдістері, тәсілдері және құралдары ... ... ... ... ... ... .. ... ..22
5. Оқытудың қазіргі дәстүрлі емес әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .32

Тезаурус
Әдістемелік және теориялық негіз -- зерттеу негізіне жататын негізгі теориялар мен әдістемелік ережелер.
Әдістемелік зерттеулер -- зерттеу нәтижелері эмпириялық деңгейде тәжірибені жинақтаумен, ережелерді қалыптастырумен, педагогикалық қызмет нормаларын айқындаумен, деректер алумен, оны талдау және жүйелеумен айқындалады.
Әлеуметтік өлшем -- топтағы тұлға аралық қатынастардың сандық және графикалық құрылымын, оның мүшелерін өзара таңдау саны мен ерекшелігіне қарай айқындауға мүмкіндік беретін әлеуметтік психология әдісі
Ғылыми болжам (гипотеза) -- құбылыстың байланысы немесе себептері негізінде қорытынды жасалынады, бірақ бұл қорытындыларды толық дәлелді деп есептеуге келмейді.
Ғылыми жаңалық -- бұрын басқалар зерттемеген және енгізбеген тың қорытынды, нәтижелер.
Деректерді таңдамалы тағайындау -- тәжірибеде өлшемге түскен немесе өткізілген психикалық диагностиканың ең аз шамадан ең үлкеніне қарай орналасуы.
Деректі талдау -- кез келген шама мен бағыттарды түзете жалдауға негізделген процедура немесе математикалық статистика әдісі.
Децентрализация- орталық басқару жуйесінін жергілікті жерге өз билігінін бөлігін беруі.
Жеке әдістемелік бақылау -- ғылыми қабылдау нысаны ретінде белгіленген пән бойынша нақты оқу үдерісі болуы мүмкін.
Жетекші идея -- зерттеудің белгіленген позициясы мен тұжырымды негізі.
Жобалы әдістеме -- жобалау нәтижелері психологиялық мағына беруде негізделген жеке тұлғаны тұтас зерттеу әдістерінің жиынтығы.
Зерттеудің ғылыми болжамды тұжырымдамасын анықтау мәселенің тұжырымдамасынан ғылыми болжам пайда болады. Ғылыми болжамдағы кейбір пікірлердің дұрыстығын өткізіліп отырғын тәжірибе арқылы дәлелдеу керек. Жалпы ғылыми болжамнан дара, бөлшек, нақты болжамдар тарайды.
Инновация- жаналық енгізу, жаңарту.
Зерттеу нысаны -- мәселелік жағдай тудыратын үдеріс немесе құбылыс.
Зерттеу объектісі - бұл нысан шекарасында болатын нәрсе, нысанның белгілі бір қасиеті, олардың арақатынасы нысан мен қасиетінің кейбір жағдайларға тәуелсіз
Зерттеу көздері -- ғылыми және арнайы әдебиет, мұражай құжаттары мен жасалған жұмыс қорытындылары.
Мониторинг- 1) жагдайды бақылау, болдырмау және болжау; 2) осындай басқару турі бар мемлекет.
Модернизация- қазіргі, жана жагдайга байланысты жанару, озгеру, икемделу.
Міндеттер -- зерттеу жүргізудің және ұйымдастырудың басынан аяғына дейінгі дәйекті кезеңдері.
Конференция -- тәжірибені зерттеу және жинақтау түрі. Конференция тақырыбына сәйкес мұғалімдер әдебиетті оқиды және аз тәжірибе мәнін, сонымен бірге әріптестер тәжірибесін ұсынады.
Құзыреттілік - белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар болу
Объективтілік- дуниетанымдық козқарас, бул нақты шындықты бақылауга байланысты болады.
Өз-өзін бақылау - өз-өзіне бақылау жүргізу.
Педагогикалық бақылау -- бұл педагогикалық үрдісті тану әдісі, ол ұзақ мақсатты түрде бағытталған жоспарлы қабылдау.
Педагогикалық оқулар мұғалімдерден жоғары жинақтау деңгейін, эмпириялық тәжірибені мұқият және терең зерттеуді талап етеді.
Педагогикалық тәжірибе -- кейбір әдістердің арнайы ұйымдастырылған тексеруі оның педагогикалық тиімділігін анықтау үшін жұмыстар қабылдау.
Рейтинг -- білікті адамдар көмегі арқылы жеке тұлғаның қасиеттерін бағалайтын сызба. Белгіленген сызба бойынша кез келген құбылысты субъективті бағалауға болады.
Сауалдар -- толтыратын адам туралы кейбір мәліметтерді алуға арналған сұрақ парағы.
Сауалнама -- сауал арқылы көпшілік материал жинастыру әдісі.
Сұхбат -- ауызша сұрау арқылы ақпарат алу тәсілі.
Сұхбаттасу -- әңгіменің бір түрі; зерттеуші белгілі тәртіппен берілетін, алдын ала дайындалған сұрақтарға сүйенеді.
Тәжірибелік маңыздылығы -- тәжірибелік қызметке арналған, алынған нәтижелер қорытындысы, ұсыныстар; оқу-тәрбие үрдісіне табысты әсер ететін дәрежелер.
Теориялық зерттеулер -- әдебиетке шолу мен сын; берілген мәселені шешуде, автордың теориялық болжамын бағыттайтын зерттеулер.
Тест жүргізу -- жеке тұлғаның салыстырмалы көрсеткіште психологиялық қасиеттерін, сонымен бірге білімін, дағды іскерлігін өлшеуге арналған стандартты тапсырмалар әдісі.

Ғылыми аппарат

Зерттеу жұмысының өзектілігі
Оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін қарастыру бүгінгі білім беру саласындағы өзекті мәселелердің бірі. Себебі, дәстүрлі оқыту мен жаңартылған білім беру үрдісінде тұрған шақта оқытудың түрін, принциптері мен функцияларын жаңаша бағытта қарастыру қажеттілігі өзекті.
Зерттеу нысаны
№76 мектеп
Бастауыш сынып оқушылары
Зерттеу пәні
Педагогика
Зерттеу жұмысының мақсаты:
Оқыту - ғылыми білімдерді, біліктерді және дағдыларды игеруі бойынша, шығармашылық қабілеттерін, дүниетанымдықты, өнегелі-әдепті көзқарастарды дамыту бойынша оқушылардың белсенді танымдық қызметін ұйымдастыру мен ынталандырудың педагогикалық үрдісі болғандықтан оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін қарастыру мағыздылығы туындайды.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- оқыту процесін қарастыру;
- оқытудың функциялары, түрлерін анықтау
- оқытудың принциптері мен заңдылықтарын айқындау
- оқытудың әдістері, тәсілдері және құралдарын тану
-оқытудың қазіргі дәстүрлі емес әдістерін бағдарлау
Зерттеу жұмысының болжамы
Егер оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін қарастыратын болсақ, онда білім беру саласында жаңашылдық пен өзгерістерге бейім маман боламыз. Сондай-ақ, оқытуды тиімді, сапалы ұйымдастыруға, жүргізуге мүмкіндік аламыз.
Зерттеу әдістері
Жинақтау әдісі, синтездеу әдісі, эвристикалық әдіс.
Курстық жұмыстың құрылымы мен мазмұны
Курстық жұмыс кіріспеден, 1 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиет тізімінен тұрады.

Кіріспе

Оқыту - ғылыми білімдерді, біліктерді және дағдыларды игеруі бойынша, шығармашылық қабілеттерін, дүниетанымдықты, өнегелі-әдепті көзқарастарды дамыту бойынша оқушылардың белсенді танымдық қызметін ұйымдастыру мен ынталандырудың педагогикалық үрдісі. Қазіргі заман түсінігі бойынша оқыту үрдісінің келесі белгілері бар:
1. Екі жақты сипаты; 2. Оқытушы мен оқушылардың бірлескен әрекеті; 3. Оқыту жағынан басқаруы; 4. Арнайы жоспарланған ұйымдастрыу мен басқару; 5. Бүтіндік пен бірлік; 6. Оқушылардың жас дамуының жас ерекшеліктеріне сәйкестігі. Оқытудың төмендегідей түрлерін ұсынамыз:
Міндетті оқыту - ағартушы саясаттың ұстанымы, осыған сәйкес заңнама тәртібінде белгілі бір жастың балалары белгіленген мөлшерде білім алуы тиіс. Барлығына жалпы және ақысыз білім - бірнеше жүзжылдықтар бойындағы халық массасы негізгі демократиялық міндеттерінің бірі. [2]
Ашық оқыту - бірқатар шетелдердегі мектептерде оқу жұмысын ұйымдастыру тәсілі. Ашық оқытуға сынып-сабақтық жүйеден және берілген мөлшерлер негізінде үлгерімді бағалаудан бас тарту, оқу кеңістігінің ашық, икемді ұйымдастырылуы, оқу топтарының жылжымалы құрамы, сонымен бірге оқу жұмысының түрлері мен тәсілдерін баланың еркін таңдауы тән.
Оқыту тәжірибесі - табиғи тәжірибенің әр түрлілігі, ол психикалық құбыластардың (зерттеу мәнін құрайтын) шақырылумен қатар, оның тәжірибе жағдайларында қалыптасқанымен ерекшелінеді. Оқыту тәжірибесі психологияда тек зерттеу үшін ғана емес, сонымен қатар ақыл-ой дамуының, яғни тұлғаның үйренушілік деген қасиетінің диагностикасын жасауында қолданылады.
Енгізілген оқыту - тәжірибелі нәтижеге жетуге бағытталған, арнайы ұйымдастырылатын және жоспарланатын оқу әрекеті, ал бұл үшін қажетті білімдер жолшыбай игеріледі.
Дистанциялық оқыту - бұл кез келген жерде тұратын әр адамның кез келген колледж немесе университеттің бағдарламасын оқуға мүмкіндік беретін білім технологиясы. Бұл мақсатты іске асыруы қазіргі заман ақпаратты технологиялардың бай жиынтығымен қамтамасы етіледі: оқулықтар және тағы басқа басылымдар, оқытылатын материалдарды компьютер телекоммуникациялар арқылы жіберу, видеосуреттер, компьютер телекоммуникациялар арқылы өткізілетін пікірталастар мен семинарлар, оқу бағдарламаларының ұлттық және аймақтық теледидардан және радиодан жүргізуі, кабельді теледидар және дауыс поштасы, екі жақты видеоконференциялары, және т.б. дистанциялық оқыту оқушыларға оқытудың орны мен уақытын, негізгі қызметін үзбей, оның ішінде алыс аудандарда тұратын адамдарға оқыту мүмкіндігін, пәндерді таңдау еркіндігін, ғылымның, білім мен мәдениеттің көрнекті өкілдерімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Инклюзивті оқыту - мүгедек пен дамуында сәл бұзушылығы мен ауытқулары бар балалардың дені сау балалармен бірге олардың әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту. Инклюзивті оқыту біріктірілген (оқушы дені сау балалар сыныбындатобында оқиды және дефектолог-мұғалімнің жүйелі көмегін алады), жартылай (жеке балалар күннің бір бөлігін арнайы топтарда, ал екінші қарапайым топтарда өткізеді), уақытша (арнайы топтардағы балалар және қарапайым топтардың оқушылары бірлескен серуендерді, мерекелерді, сайыстарды, жеке істерді өткізу үшін біріктіріледі), толық (дамуда ауытқулары бар 1-2 бала бала бақшаның, сыныптың, мектептің қарапайым топтарына енгізіледі, мамандардың бақылауы бойынша түзету көмегін ата-аналар көрсетеді) болады. [8]
Контекстік оқыту - болашақ кәсіби еңбектің пәндік және әлеуметтік мазмұны байланысқан және бұл арқылы студенттің оқу қызметін маманның кәсіби қызметіне аударудың шарттары қамтамасыз етілетін оқыту. Контекстік оқыту кәсіби оқытудың негізгі қарама-қайшылығын, яғни маман қызметі сапа жағынан өзге оқу қызметінің құралдарымен қамтамасыз етілу қажеттілігін, өтеуге мүмкіндік жасайды. Бұл қарама-қайшылық контекстік оқыту студенттер қызметі қозғалысының динамикалық моделін іске асыру арқылы өтіледі: өзіндік оқу қызметінен (мысалы лекция формасында) квази кәсіби (ойын формалары) және оқу-кәсіби (студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы, өндіріси к тәжірибе және т.б.) арқылы өзіндік кәсіби қызметке.
А.А. Вербицкиймен жасалынады.
Политехникалық оқыту - оқушылардың қазіргі заман өндірісінің жалпы ғылыми ұстанымдарын игеруге, өндірістің техникалық құралдарымен жұмыс істеудің тәжірибелік әдістері мен дағдыларын үйренуге және дамуына қарай қазіргі заман техникасы мен технологиясын білу қабілеттілігін қалыптасуына бағытталған оқыту. Қазіргі уақытта политехникалық оқыту техникалық кәсіптердің мамандарын дайындайтын арнайы оқу орындарында қамтамасыз етіледі.
Проблемдік оқыту - оқытылушылардың іздену қызметіне, олардың шынайы өмірлік және оқу қарама-қайшылықтарды айқындау мен шешуге негізделген белсенді дамыта оқыту. Проблемдік оқыту іргетасы мәселені (теориялық және тәжірибелік мүддедегі күрделі танымдық мақсатты) қозғау мен негіздеу болып табылады. Егер мәселе оқытушыларды қызықтырса, сонда проблемдік жағдай туындайды. Оқу үрдісінде мәселеліктің үш деңгейі болуы мүмкін: проблемалық мазмұндау, жартылай-іздену және зерттеу деңгейлері.
Бағдарламалы оқыту - алдын ала кұрастырған оқыту бағдарламасы бойынша қамтамасыз етілетін оқытудың бір түрі, ол әдетте бағдарламалы оқулықтар мен оқыту машиналары арқылы іске асырылады. Бағдарламалы оқыту барысында оқытылатын адамның материалы мен қызметі өлшемдерге(дозаларға) және қадамдарға (оқыту кезеңдері) мүшеленеді; әр қадамды орындауы бақыланады, материалдың келесі өлшемін меңгеруге ауысуы өткенді игеру сапасына байланысты болады. Бағдарламалы оқыту Б.Ф. Скиннер, Н. Краудер, атамекен психологтары мен педагогтары - А.И. Берг, В.П. Беспалько, А.Н. Леонтьев, П.Я. Гальперин ЮА. Самарин, Т.А. Ильина құрастырған.
Дамыта оқыту - оқу үрдісінің адамның мүмкіндіктері мен оларды іске асыруына беттеу. Дамыта оқыту тұжырымдамасында бала мұғалімдегі оқыту әсерлерінің объектісі ретінде емес, ал оқытудың өздігінен өзгеретін субъектсі ретінде қарастырылады.

1. Оқыту процесі

Оқыту үрдісі -- оқушыға білім, тәрбие берудің және оны дамытудың мақсаттары шешілетін мақсатты бағытталған, бірізді өзгеріп отыратын мұғалім мен оқушылардың өзара әрекеттестігі.
Оқыту -- қазіргі заманның талаптарын ескере отырып, оқушылар тұлғасын, білім, іскерлік және дағдыларды меңгерте отырьш, мақсатты қалыптастыру мен дамыту процесі. Оқыту -қоғамдық құбылыс түріндегі ересектердің мақсатты бағдарланған жүйелі ұйымдастырылған қоғамдық қатынастар тежірибесі, қоғамдық сананың даму нәтижесі, еңбек өндірісінің мәдениеті, қоршаған ортаны қорғау мен оны белсенді қайта өзгерту туралы, білімдерді аға ұрпақтың өскелең ұрпаққа үйретіп, оны олардың меңгеруі. Оқыту ұрпақ сабақтастығын, қоғамның толық құндылықты қызмет атқаруын және тұлғаның соған сәйкес дамуына мүмкіндік жасайды. Оның қоғамдағы объективті міндетгерінің мәні осында. Оқыту процесіндегі негізгі мазмұнды игеру тетігі -- өзара әрекеттестіктің арнайы формасындағы мақсатты ұйымдастырылған балалар мен ересектердің бірлескен іс-әрекеті, олардың мазмұнды танымдық әңгімелері. Түрлі деңгейлерде іске асырыла отырып, оқыту процесі циклдік сипатка ие болды. Оқыту процесінің циклдері дамуының ең негізгі көрсеткіштері, басты екі мақсатқа негізделіп топталған, педагогикалық еңбектердің ең жақын дидактикалық мақсаттары:
-- білім беру -- бұл мақсат окушылардың танымдык іс-әрекеті тәсілін меңгеріп, олар арқылы ғылым негіздерін игерулерін, белгілі бір білімдердің, дағдылар мен іскерлікті үйренулерін, өздерінің рухани, физикалық және еңбек қабілеттерін жетілдірулерін, еңбек және кәсіби дағдыларды игеруін көздейді:
-- тәрбиелеу -- әрбір оқушының ғылыми көзқарасын, адамгершілігін, белсенді шығармашылығын және әлеуметті кемелденген жоғары адамгершіліктегі үйлесімді дамыған тұлғасын дамытуды мақсат етеді.
Оқытудың мақсаты -- дамытудың қоғамдық -- тарих тәжірибесінің жан
-- жақтарын: білімдер мен іскерліктері, ғылым, мораль, еңбек, әдебиет, өнер, жалпы және дене тәрбиесін меңгеруге бағытталған мұғалімнің педагогикалық әрекеті мен оқушының оқу-танымдық өзара бірлескен әрекетінен ойша күтілетін түпкі нәтиже. Жалпы мақсатта қоғам ғылымның, техникалық, сондай-ақ өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың дамуына сәйкес кетеді. [2]
Оқыту педагогика ғылымының категориясы ретінде және окыту процесі немесе дидактикалық процесс бірдей мағынадағы ұғымдар емес. Процесс оқыту жағдайларының толық педегогикалық құбылыс ретінде педагогикалық іс-әректтің үзіндісі, актісі ретіңде ауысып отыруы. Іс-әрекет ретінде оқыту ұғымымен іс-әрекеттердің шеңберін, міндетін білдіретін қызмет ұғымы тығыз байланысты. Оқытудың қызметі оқыту процесінің мәнін сипатгайды
Оқытудың әлеуметтік, педаготикалық психологиялық мәні оның қызметтерінен біршама анық айқындалады. Солардың ішіндегі, бірінші кезектегі біршама мәндісі -- оқушыларда білімділерді, дағдыларды және шығармашылық іс-әрекет тәжірибесінің іскерлігін қалыптастыруы (білім беру қызметі). Оқытудың екінші қызметі -- оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру (тербиелеу қызметі). Ол балалар мен ересектерде объективті түрде қоршаған орта жөнінде ой толғауға мүмкіндік жасайтын білімдерінің толығуына қарай біртіндеп қалыптасады. Алдыңғы екі қызметімен тікелей байланыстағы тұлғасын және оның өз бетінше ойлауын дамыу қызметі атқарылады (дамыту қызметі).
Адамның дамуы -- бұл оның денесінің физиологиялық және психологиялық сипаттамаларының олардың ішіндегі ең бірінші ақыл-ойының сапалы дамуын білдіреді. Сонымен қатар, оқытудың кәсіби бағдарлау қызметінің де мәні зор.
Үздіксіз білім беруде дайындау қызметі, адамды өндіріске және қоғамдық қарым-қатынастарға белсенді араласуға бағыттайды, практикалык әс-әрекетке дайындайды, өзінің политехникалық, кәсіби, жалпы білімі, толық дайындығын үнемі жетілдіріп отыруға бағыттайды. Креативтілік қызметі тұлғаның жан-жақтылығын үздіксіз дамытуды көздейді. Өзінің мәні жағынан оқьпу процесі -- түрлі реттегі және деңгейдегі заңдар мен зандылықтар арнайы айқындалатын зандылықты түрде дамитын процесс. Заңдылықтар объективті, мәнді қажетті, жалпы, тұрақты және белгілі бір жағдайларда қайталанып отыратын өзара байланыстарды бейнелейді. Феномен мәнінің қатаң түрде айқындалған ерекшеліктсрі -- зандарды құрайды.
Оқыту процесінің заңдылықтары:
Оқушының білімге деген ынтасына оқытушы әсерінің сәйкестігі. Бұл заңдылық баланың қоршаған дүниені тануға деген ықыласын жүзеге асыруға жағдай жасайды, мұғалімнің балаға өмірде қажет болатын, оларды қызықтыратын білімді берудегі белсенді ыкыласын қажет етеді.
Оқушьшардың жеке жөне ұжымдық іс-әрекеттеріне оқытушының әсерінің сәйкес болу зандылығы. Бұл заңдылык мұғалімнің, оқыту процесінде баланың айналысатын іс-әрекеттерінің әрбір түрінің оның қандай қасиетін талап етіп, сонымен бірге оны дамытып отыратынын түсінуіне мүмкіндік жасайды.
Оқушының танымдық, ақыл-ой және басқа да мүмкіндіктеріне оқыту әсерінің сәйкестігі. Бұл заңдылық мұғалімдерден оқушылардың ерекшелігі контингенттерін, олардың жеке және әлеуметтік психологиялық ерекшеліктерін, танымдық мүмкіндіктерін, сабақтың және сабақтан тыс уақыттағы қызығушылықтары мен мінез -- құлықтарын ескеруді және оқу -тәрбие әсерінің балалардың жеке және топтық ерекшеліктеріне, олардың жеке және ұжымдық іс-әрекеттерінің ерекшеліктеріне сәйкестендірілуді қадағалауды талап етеді. [22]
Оқытушы мен оқушының іс-әрекеттерін оқытудың техникалық құралдарының ОТҚ мүмкіндікгеріне сәйкестігі. ОТҚ нақты бір сабақтың мақсаттары мен міндеттеріне қатаң түрде сәйкестікпен қолданылуы керек.
Оқытушы мен оқушының іс-әркетін қазіргі таңдағы өмір мен іс-әрекеттің талаптарына сәйкес модельдеу. Соңдықтан олардың барлық оқулары ойын түріндегі тірішілік жағдайларыменен, мысалдармен кеңейтіліп оқу барысында меңгерген білімдерін, іскерліктерін және тәжірибеде қалыптасқан дағдыларын қолдануларына мүмкіндік жасайтын олардың қызығушылықтары артатын жағдайларды және еңбек әрекеттерімен толықтырылуы керек.
Сонымен, оқыту үрдісінің заңдылығы -- құбылыстар мен үрдістердің дамуын бейнелейтін, объективті, қажетті, мәнді байланыс.
Кесте -1

Оқытудың барлығына тән зандылықтар қандай-да бір түрінде болмыс көрінес беруі сөзсіз:
Оқу процесі оқытушымен оқушының мақсатына сәйкес болады, егер мұғалімнің іс-әрекеті оқылатын материалды меңгерту
тәсіліне сәйкес келсе.
Жеке адамды мақсатқа сәйкес оқыту бұл іс-әрекетке тікелей қалыптасуына байланысты.
Оқыту мақсаты, оның мазмұны және әдістері арасында тұрақты тәуелділік бар; яғни мақсаты, оның мазмұнын, әдісін анықтайды, ал соңғысы мақсатқа жетудің шарты болып табылады.
Заңдылықтар оқушы мен оқытушыны іс-әрекетінің сипатына, оның қолданатын құралдарына, оқыту әдістері және оқу материалының мазмұнына тәуелді. Оның көрініс табуы мұғалімнің оқыту мақсатына толықтығын сезінеме және мақсаты жауап беретін әдістері мен құралдарын қолдануына тәуелді.
Оқыту процесін танымньщ арнайы процесі ретінде оның үнемі қозғалыстағы, дамушы процесс ретінде -- қарама-қайшылықтарында түсіңдіру керек. Осыған байланысты мұғалім ешқандай тікелей түзуліктің шыңдық жолында тұрақты қозғалыс тетіктерінің болмайтынын және керісінше үлкеңді кішілі серпілістердің, құлдыраудың, күтпеген ойлардың туындайтынын, толғаныстарын болатынын білу керек. Таным бейнемен беріле отырып, қайшылықтардан пайда болады. Онда логикалық талдау, индуция да, мәңдісі де, мәнсізі де болады.
Жалпы ретті қарама-қайшылықтар пайда болады:
-- қоғамдық -тарихи білімдері көлемі мен оқушының оны меңгерген көлемі арасында;
-- оқушының жеке танымдық іс-әрекеті және қоғамдық -тарихи танымы арасында;
-- оқушының қол жететін даму деңгейімен оқыту барысында алға жетелейтін оқу міндеттері арасында;
-- жеке ретті қарама-қайшылықтар пайда болады;
-- бұрынғы білім деңгейі мен оны жататын жаңа білім арасында;
-- білім мен оны біліктілікпен қолдану арасында;
-- оқуға және оқытуға оқушыларды қол жеткен және кажетті қатынас деңгейі арасында;
-- күрделі танымдық міндеттер мен соларды шешу үшін бұрынғы кемшіліктері әдістері арасында.
Негізгі қайшылықтар оқыту процесінің қозғаушы күші, себебі таным процесі де сарқылмайтын құбылыс. М.А.Данилов оны оқытудың қозғалыстағы қадамдары танымдық және практикалық міндеттермен оқушылардың білімдерінің, іскерлікгерінің және дағдыларның деңгейлерінің, олардың ой-өрісінің дамуы мен қатынастары арасыңдағы қарама-қайшылықтар деп түсіндіреді. [11]
Педагогакалық үрдістің қозғаушы күшін, М.А.Данилов тұлғаның дамуының қарама-қайшылықтарымен байланыстырады. Педагогикалық үрдістін ішкі қозғаушы күші танымдык еңбек, практикалық, қоғамдық сииаттағы талаптар мен оларды іске асырудағы оқушылардың іс жүзіндегі мүмкіндіктерінің арасыңдағы қарама-қайшылықтар, яғни, әрбір жеке тұлғаның оқытудың қозғаушы күші -- бір жағынан оған қойылатын талаптар мен екінші жағындағы оның құраддары мен мотивтерінің арасындағы қарама-қайшылықтар. Қажеттілік мотивсіз жасалмайды. Сондықтан оқушылардың мотивациясы, жеке тұлға мен ұжымды оқытудың қозғаушы күшін құрайтын қарама-қайшылық маңызды компоненті болып есептеледі.
Оқытудың принциптері оқыту процесінің заңдылықтарынан дамиды. Олар көп жылдық тәжірибенің қортындыланған түрі және қазіргі таңдағы мекгептің жағдайларында оқыту процесінің өзіне тән ерекшеліктерін ескеріп отырады. Принциптері -- бұл педагогтың өзінің тәжірибелік іс-әрекетінде және мінез -- құлқында басшылыққа алатын негізгі, бастапқы жағдайлары. Яғни, ұстанымның заңдылықтардан айырмашылығы, опың тұлғаға тәуелділігі: ол оны қолданады немесе оны қажет етпейді.
Ал, зандылықтар тұлғаның еркіне тәуелді емес: ол оны тек қана іс-әрекетті ұйымдастыру барысында ескеруі мүмкін.
Оқыту принциптері -- оқытудың мазмұнына, ұйымдастырылуына және әдістемесіне қойылатын талаптар жүйесін анықтайтын, неігзгі жағдайлар. Оқыту процесін құрылымдауда оқытудың ұстамдарына сүйенуге міндетті болғаңдықтан, оларды әр қайсысына жеке-жеке тоқталамыз:
1) Оқытудың саналылық, белсенділік және өз бетіншілік принциптері оқушылардың сабақтың мақсаты мен міндетіне жауапкершілігін, оның практикалық мәінін ұғынуды қажет етеді. Оқытудың тиімді әдістері, ОТҚ және басқа да көрнекі құралдар қазіргі кездегі әдістемелер тәсілдері арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттырады, жаңа материадды оқу және оны тәжірбиеде қолдану процесінде шығармашылықтың, белсенділіктің дамуына қабілеттендіреді.
2) Оқытудың көрнекілік принципі, көрнекіліктің сабақтың мақсатына және мазмұнына жауап беруіне, айқын мазмұнды болуына, ұғымды әрі түсінікті болып, шығармашылық және әдістемелік жағынан дұрыс қолданынуына бағыттайды.
3) Жүйелілік, бірізділік, және кешенділік принциптері: оқу пәнінің білімдерін жүйелі беруге жаңа білімді бұрынғы білімдермен байланыстыра оқытуды, оқыту процесінің ұйымдастырылуы мен нәтижесіне жүйелі және нақты бақылау жасауды; оқу сабақтарының нақты жоспарын іске асыруды, оқу материалының логикалық байланысы мен орналасуын қатаң сақтауды талап етеді.
4) Күрделіліктің жоғарғы деңгейінде оқыту принципі оқушылардың ақыл -- ой және дене мүмкіндіктерін үнемі ескере отыру; оқу материалының және олардың мазмұндалу қарқынының күрделілігіне; оқушылардың бастапқы дайындығының деңгейіне сүйене отырып, оқу материалын қарапайымнан күрделіге қарай біртіндеп оқытуға; оқушылардың оқу әрекеттерінің қиыншылықтарын жеңуге саналы қатынасын тәрбиелеуге бағдарлайды.
5) Білімді, іскерлікті және дағдыны меңгеру беріктілігі принцині: оқушыларға оқылып отырған материалдың олардың тәжірибелік іс-әрекеттері үшін маңыздылығын түсіндіруді оқытылатын материалды және ең бірінші оның негізгі мазмұнын берік, әрі ұзақ уақытқа дейін еске сақтауға деген мақсатын қалыптастыруды; бұрын оқытылған оқу материалын жүйелі ұйымдастырылған түрде қайталауды; оқытылған материалдың игерілуіне жүйелі түрде бақылау жүргізуді талап етеді.
6) Оқытудың топтық және жеке тәсілдері принципі; балаларды келісімге негізделген бірлестік әрекеттерде оқытуға, топта жағымды психикалық жағдайда оқытуды болжайды. Оқытудың әдіснамалық негіздері. Оқытудың жалпы ұйымдасуын формалары мен әдістерін тандауды белгілейтін принциптері ережелері педагогикалық процесстің жалпы әдіснамасынан дамиды. Сонымен қатар, оқытудың оқушылардың танымдық әрекеттерінің ұйымдастырылуымен тікелей байланысты болғандықтан, оның әдіснамалық негізін арнайы құрастыру қажет.

2. Оқытудың функциялары, түрлері

Оқыту функциялары - білім беру, тәрбиелеу және дамыту. Білім беру функциясы ғылыми білімдерді меңгеру, арнайы және жалпы білім алу үшін қажет икемділік пен дағдыларды қалыптастыруды көздейді. Оқыту үрдісі тәрбиелеу функциясымен қатар (бір уақытта) жүзеге асырады, оқушыларда дүниетануды, адамгершілікті, еңбекке ынталы болуды, эстетикалық елестерді, көзқарастарды, сенімділікті; идеалдар жүйесін, ара қарым-қатынастарын, қажеттіліктерін, дене шынықтыру мәдениетін, яғни жеке тұлғаның барлық қасиеттерінің жиынтығын қалыптастырады. Дамыту функциясының ерекшілігі - ол өз алдына дербес жүргізілмейді, тек қана оқытудың білім беру және тәрбиелеу функцияларының салдары болып табылады. Бұл функциялардың өзара қарым-қатынасын олардың диалектикалық сипатының бірлігі тұрғысынан қарау керек.
Оқытудың негізгі түрлері
Оқыту теориясы мен тәжірибесі дамуының жалпы заңдылықтарының бірі-дидактикалық жүйелердің бірізділігі, сабақтастығы. Әрбір жаңа жүйе дәстүрлі жүйелердің күшті қасиеттерін, идеяларын, тәжірибесін өзіне сіңіріп алады.
Дидактика тарихында оқытудың үш түрі қалыптасқан:
Схема-2

Түсіндірмелі-иллюстрациялы оқыту.
Оның дәстүрлі оқыту деп аталатыны тарихта ұзақ уақыт бойы өміршең болғанына байланысты. Дәстүрлі оқыту жаңадан пайда болған түсіндіру жолдары мен көрнекіліктерді өзіне кіріктіріп отырады. Бұл жүйедегі негізгі оқыту әдіс-тәсілдеріне көрнекіліктерді пайдалана отырып түсіндіру жатады. Оқушылардың негізгі іс-әрекеті: берілген білімнің мазмұнын тыңдау, қабылдау, естерінде сақтау. Мұндай оқытудың талабы: оқушылар есте сақтаған өткен оқу материалының мазмұнын қатесіз қайталап айтып беруі.
Түсіндірмелі-иллюстрациялы оқытудың ғасырлар бойы нығайтылған пайдалы жақтары:
- Уақытты үнемдейді;
- Мұғалім мен шәкірттердің күш-қайратын жетілдіреді;
- Күрделі білімдерді қабылдауды жеңілдетеді;
- Оқыту процесін тиімді басқаруды қамтамасыз етеді.
- Түсіндірмелі-иллюстрациялы оқытудың кемшіліктері:
- Оқушылардың дайын білімді жаттап алуы,
- Шәкірттердің өз бетінше ойлауына қажетті көңіл бөлінбеуі;
- Дара және бөліп оқыту мүмкіндіктерінің жетімсіздігі.
Бағдарламалы (компьютерлік) оқыту
Бағдарламалы оқытудың негізгі мақсаты - оқыту процесін басқаруды жетілдіру, тексеруден өзін-өзі тексеруге, оқытудан өзін-өзі оқытуға көшу. Бағдарламалы оқытуда жаңа бағдарланған оқулықтар, оқыту құжаттары, үйрету (оқыту) машиналары қолданылады. Оқытудың бұл түрі 1960 жылдан бастап Б.Скиннер, Н.Краудер бастамасынан кейін, педагогика, психология және кибернетиканы ұштастырып пайдаланылады.
Бағдарламалы оқытудың ерекшеліктері: оқу материалы жеке логикалы бөлшектерге бөлінеді; әр бөлімді меңгерген соң, оқушы өздігінен тест-сұрақтарға жауап береді; дұрыс жауап берілсе, келесі бөлімге өтеді; жауап қате болса, өзі бөлімді қайталап өтіп, сұрақтарға тағы да жауап береді.
Оқытудың бұл түріне негіз болған оу бағдарламасы оқу материалын, оны меңгеру барысындағы оқушының іс-әрекетін, тексеру түрлерін бір тәртіппен ретке келтіреді. [19;55]
Бағдарламалап оқытудың үш принципі бар: сызықты, тармақты және аралас. Сызықты бағдарламада оқу материалы бірізділікпен беріледі. Тармақты бағдарламада әр оқушы мақсатқа өз жолымен келеді. Қате жауап берген кезде оқушы керекті тармаққа өтіп, қайтадан оқып, қосымша түсініктеме алып, қатені жойып, негізгі сызыққа қайтып оралады. Мықты оқушылар негізгі сызықпен жүрсе, әлсіз оқушылар тармақтарға кіру арқылы нәтижеге жетеді. Аралас бағдарламада қиын тақырыптар тармақтарға бөлінеді, басқалары сызық бойынша орналасады.
Бұл оқыту машинасыз және машиналы болып екіге бөлінеді. Машинасыз бағдарлама оқыту үшін арнайы оқулықтар, перфокарталар пайдаланылады, негізгі деректер көзі қағаз болады. Оқу нәтижесі біраз уақыттан соң бағаланылады. Соңғы кезде машиналы бағдарламалап оқыту үшін компьютер кең қолданылуда. Тапсырмалар, мәтіндер, сұрақтар, жауаптар дисплей дидарында жазылып, сол мезгілде бағаланып тұрады.
Оқу бағдарламасы оқыту алгоритміне негізделген. Алгоритм-дұрыс жауапқа жетелейтін бірізді ақыл-ой және оқу іс-әрекеттерінің жүйесі. Білім мен біліктерді толық меңгеру үшін алгоритм оқушыларға оқу әрекетінің құрамы мен орындау тәртібін белгілейді. Оқу бағдарламасын құрастырудан алдын-ала оқу барысын басқару үшін алгоритм жасалынады. Алгоритм сапасы компьютерлік оқытудың сапасына тікелей ықпал жасайды. Сондықтан, компьютерлік оқытудың сапасы оқу бағдарламасы мен техника сапасына тәуелді.
Бағдарламалап оқытудың күшті жақтары:
- Оқу материалының бөлшектелінуі,
- Оқушының белсенді өзіндік жұмысы,
- Тұрақты тексеру,
- Оқыту қарқыны мен оқу материалы көлемінің даралануы,
- Техникалық оқыту құралдарын пайдалану.
- Бағдарламалап оқытудың кемшіліктері:
- Бағдарлама жасауға көп уақыт, күш керектігінен ол өте тиімді,
- Мектептегі компьютерлердің саны мен сапасы жеткіліксіз.
Проблемалық оқыту
Заманауи білімдендірудің мақсаты мамандарды шығармашылыққа дайындау екені даусыз. Шығармашылық дегеніміз жаңалықты (жаңа нысана, жаңа білім, жаңа проблема, жаңа әдіс) ашу. Осыған орай, проблемалық оқытудың өзі де шығармашыл процесс: бейқалыпты ғылыми-оқу мәселені бейқалыпты әдістермен шешу. Соңғы кезде кең тараған оқу түрінің мәні: мұғалім жаңа білімді дайын түрде баяндамай, оқушылардың алдына проблемалық сұрақтарды қойып, оларды шешудің жолдары мен тәсілдерін іздеуге бейімдейді.
Аталмыш оқыту жаңадан ғана пайда болған жоқ. Кезінде бұған өз үлесін қосқан педагог-ғалымдар: Сократ, Руссо, Дистервег, Ушинский. Мысалы, Дистервегтің дәлелдеуінше, "жаман ұстаз ақиқатты айта салады, жақсы ұстаз оны іздеп табуды үйретеді".
Проблемалық оқытуды ойдағыдай іске асыру үшін шәкірттерге ұсынатын проблемалық сұрақтар жүйесін жасап шығу қажет. Ескеретін жайт: кез келген сұрақ проблемалы бола бермейді. Проблемалы сұрақтың жауабы дайын болмайды, оны оқушы міндетті түрде өзі іздеуі шарт. Ол сұрақ баланың сана-сезімінде қиындық туғызуы қажет. Оқушы іштей түйсінген ойлау қиыншылығы проблемалық жағдаят деп аталады. Проблемалық сұрақ, бір жағынан, қиын болуы, екінші жағынан, оқушының шамасына лайық болуы керек. Осындай проблемалық жағдаят туғызу, проблемалық сұрақ қою - проблемалық оқытудың алғашқы кезеңі.
Келесі кезеңінде бала іштей өз білімін талдап, таңдап, олардың жауап алуға жеткіліксіз екенін анықтайды да ізденіс жолына белсенділікпен түседі. Үшінші кезеңде ол сұрақтың жауабын дұрыс шеше білу амалдарын, жаңа білімді меңгереді. "Мен білдім!" деген қуанышты жағдайға жетеді. Кейінгі кезеңдерде дұрыс жауапты тексереді, алғашқы гипотезамен салыстырады, алынған білім мен білікті қорытындылайды, жинақтайды. [20;43]
Мұғалім проблемалы оқытудың барысында оқушы ойына, пікір қайшылқтарына дұрыс бағдар жасай отыра, жауап табу әдістерін үйретеді. Әдетте, оқытудың бұл түрі жаңа оқу материалын түсіндіру кезеңінде қолданылады. Сонымен, проблемалы оқытудың ерекшелігі: оқушыға дайын білім берілмей, одан проблемаларды ізденіс арқылы шешу талап етіледі.
Проблемалық оқытудың күшті жақтары:
- Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттырады;
- Оқу еңбегіне қызығушылығын арттырады;
- Оларды өздігінен саналы жұмыс істеуге үйретеді;
- Берік білімге, оқытудың жоғары нәтижесіне жеткізеді.
Проблемалық оқытудың кемшіліктері:
- Оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқаруға әлсіз ықпал ету;
- Мақсатқа жету үшін көп уақыт жұмсау.
Қазіргі мектептерде түсіндірмелі және проблемалық оқыту түрлері бірге қатар қолданылады.

3. Оқытудың принциптері мен заңдылықтары

Дидактика - педагогиканың маңызды саласы. Дидактика (didaktikas - оқытушы, didasko -оқушы) ұғымы грек тiлiнен алынған, оқыту немесе үйрету деген сөз. Бұл ұғымды чех педагогы Я. А. Коменский пайдаланып, 1657 жылы өзiнiң ''Ұлы дидактика'' еңбегiн жарыққа шығарды. Оның ойы бойынша, дидактика ''ненi оқыту'' жəне ''қалай оқыту керек'' деген сұрақтарға жауап бередi. Қазiргi түсiнiк бойынша, дидактика - бiлiм беру мен оқыту мəселелерiн зерттейтiн ғылым саласы. Ол оқыту теориясы деп те аталады. Дидактиканың зерттеу пəнi - оқыту мен оқудың себептерi, барысы, нəтижелерi.
Дидактика педагогиканың жалпы категорияларын (тəрбие, педагогтiк iс-əрекет, бiлiм беру) пайдаланады. Сонымен қатар дидактиканың өз категориялары да бар: бiлiм беру, оқыту, оқу, оқыту принциптерi, оқыту процесi, мақсаты, мiндеттерi, мазмұны, түрлерi, əдiстерi, құралдары, оқытудың нəтижесi.
Принцип (латын сөзi) - басшылыққа алатын идея, негiзгi талап, қағида. Дидактикалық принциптер - оқытудың мазмұнын, ұйымдастыру түрлерiн, əдiстерiн оқытудың мақсаты мен заңдылықтарына сай анықтайтын қағидалар жүйесi. Оқыту принциптерi дидактиканың категорияларына жатады. Оқыту принциптері - мұғалім мен оқушылардың жұмысын реттеп отыратын ережелер. Сондықтан ол барлық пәндерді оқытқанда қолданылады. Оқыту принциптерінің жүйесін тұңғыш ұсынған Я.А.Каменский. Ол адам табиғаттың бір бөлігі болғандықтан, оқыту да табиғат пен адам тәуелді болатын заңдарға байланысты екенін дәлелдейді. Сондықтан оның пікірінше, оқытудық ең басты принципі - табиғатқа сай болу принципі. И.Г.Песталоцци оқытудың көрнекілік принципін ерекше бағалап, оны логикалық ойлауды дамытатын маңызды құрал деп санаған. К.Д.Ушинский оқытудық халықтық сипатына баса назар аударып, оқытудың принциптерін психологиялық тұрғыдан қараған. Ы.Алтынсарин оқыту ережелерін қазақ мектептеріндегі білім берудің ерекшеліктеріне байланысты қолдану керектігін айтқан.
Сонымен, ең негiзгi, ғасырлар бойы педагогтар қауымы мойындаған дидактикалық принциптер жүйесi:
Схема-3

Осы принциптердi талдаудан алдын принциптер мен ережелер байланысына тоқталайық. Педагогикалық ереже - жалпы принциптерге негiзделген белгiлi жағдайдағы белгiлi мақсаттағы педагогтық қызметтiң бейнеленуi. Ережелер оқыту принциптерiн қолданудың тəжiрибелiк жақтарын көрсетедi, теориядан тəжiрибеге көшу жолдарын айқындайды. Заңдылықтармен, принциптермен салыс-тырғанда ережелер мұғалiмге нақты педагогтық жағдайда қандай нақты шараларды пайдалану қажеттiлiгiн ұсынады.
Осы жерде айта кететiн жайт: ережелердi қатаң, мүлтiксiз орындау ұстаздың қолын байлап қояды; ережелерге немқұрайлы қарау оқыту сапасын төмендетедi. Сондықтан, əрбiр мұғалiм дидактикалық ережелердi типтiк, стандарттық жағдайларда тиiмдi пайдаланса, күрделi педагогтық жағдайларда дидактикалық принциптерге сүйенiп шығармашылық танытса қойылған мақсатына жетерi сөзсiз.
Ережелер принциптерге сүйенедi, принциптер ережелер арқылы жүзеге асады. Ережелер педагогтық тəжiрибенiң қорытындысы ретiнде дидактика принциптерiн қолдану құралы болады. Сонымен, педагогтар оқытудың принциптерiне сай қалыптасқан белгiлi ережелерге сүйенiп мақсат-мiндеттерiн iске асырады.
Ғылымилық принципi. Оқытудың ғылымилық принципiне орай оқушыларға ғылыми бiлiмдер мен ғылыми əдiстердi меңгерту керек. Бұл принциптiң астарында жатқан заңдылықтар: дүниенi танып бiлуге болады, адам өмiрiнде ғылымның рөлi күннен күнге өсуде, оқытудың ғылымилығы оқытудың мазмұны жəне мұғалiмнiң iс-əрекетi арқылы жүзеге асады. Мысалы, педагог ғылым жаңалықтарын адам үшiн қызмет ететiнiн түсiндiре отырып, оқушыларда дүниеге диалектикалық, ғылыми-материалистiк көзқарас қалыптастырады.
Принциптi iске асыру үшiн педагог орындайтын негiзгi талаптар:
- Бiлiм мазмұнын педагогика, психология ғылымдарының қазiргi даму дəрежесiне сəйкестендiру, жаңа əдiс-темелер мен жаңашыл ұстаздардың тəжiрибесiн қолдану.
- Оқушылардың ғылыми диалектикалық ойлау қабiлетiн дамыту, бастауыш мектептiң өзiнде тек индукциялық ғана емес, дедукциялық оқытуды енгiзу.
-Шəкiрттерге жаңа ғылыми ұғымдарды түсiндiру, жүйелi түрде қайталау, пайдалану, қолдану, iске асыру.
- Оқыту əдiстерi арқылы оқушыларды ғылыми əдiстермен таныстыру, оларды
iзденушiлiкке, шығармашылыққа баулу, зерттеу тəсiлдерiн пайдалану үшiн кiтаппен,
анықтамалармен жұмыс iстеуге ынталандыру.
- Əрбiр ғылымның ашқан жаңалықтарын оқушылар санасына жүйелi түрде қарапайым ұғымдармен берiк түрде жеткiзу мұғалiмнiң негiзгi мiндетi.
- Ғылымдағы жаңалықтардың жан-жақты байланыс-тарын көрсетiп оқушылардың бiлiм деңгейiмен ұштастыру, жаңа пəн сөздердi қолдану.
- Белгiлi ғалымдардың өмiрбаянымен, олардың қосқан үлесiмен оқушыларды таныстыру.
Жүйелiлiк пен бiрiздiлiк принципi. Бұл принциптiң өзектi негiздерi: адам миында сыртқы дүниенi бейнелейтiн өзара байланысты түсiнiктер жүйесi қалыптасқанда ғана, оның бiлiмi толық жəне шынайы болады; оқылатын оқу материалын белгiлi реттiлiкпен оқушыларға жеткiзгенде, олардың санасында ғылыми бiлiмдер жүйесi қамтамасыз етiледi; ғылыми бiлiмдер жүйесi ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ұстанымдары
Болашақ мұғалімдерді ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу негізінде кәсіби дайындау жүйесі
Колледждегі білім беруді ақпараттандыру жағдайында физиканы оқыту үдерісі
Құзыреттілік теориясы
Информатиканы бастауыш сыныптарда оқытудың мақсаттары
«Информатиканың теориялық негіздері» пәнін оқыту үрдісінде электронды оқу құралын қолдану
Оқыту әдістерінің классификациясы
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда оқытудың белсенді әдістерін жүзеге асырудың дидактикалық шарты
Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындау
Студенттердің түлғалық жэне кәсіби даярлығына психологиялық кеңес беру тәсілдерінің тиімді эсерін зерттеу
Пәндер