Мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие берудің теориялық негіздері

Кіріспе
1.1 Ұлттық тәрбие беру.бастауыш мектептің өзекті мәселелерінің бірі
1.2 Адам тұлғасын қалыптастыруда ұлттық тәрбиенің рөлі туралы ағартушы.педагогтарыдың ой.пікірлері
2. Кіші мектеп жасындағы оқушыларды халқымыздың әдет.ғұрып, салт.дәстүрлері арқылы тәрбиелеу
2.1 Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудің педагогикалық шарттарын іске асыру
2.2 Бастауыш мектептің оқу.тәрбие процесінде халық педагогикасының қолданудағы эксперименттік тәжірбие нәтижелері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Қоғамдағы ұлт саясатын жүзеге асыру және қазіргі жаңаша ойлау мен әлеуметтік-саяси өзгерістерге байланысты жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беру ісі бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің біріне айналып отыр.
Ғасырлар сынынан еленіп, ұрпақтан-ұрпаққа ұласып ежелден келе жатқан халықтық педагогикасы жеке тұлғаның қалыптасуына, дамуына, ұлттық тәрбиесінде жалпы білім беру саласында, оқу тәрбие үрдісінде тәлім–тәрбиелік мәні зор.
Қазіргі кезде елімізде ұлттық құндылықтардың қайта өркендеуіне жол ашылды. Оған, Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде: «Мәдени дәстүрлер қашанда әлеуметтік қайта түлеудің қайнар көзі болып келеді...Қазақстанда ұлттық өнерді, мәдениетті дамытуға барынша қолдану жасалып отыр»,-деген сөзі осының айғағы.
Бұл мәселе: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында–«Ұлттық және жалпы адамзатық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамдарды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім үшін қажетті жағдайлар жасау»-деп көтерілсе, Қазақстан Республикасының орта білімді дамыту тұжырымдамасында «орта білім берудің негізгі мақсаты мен міндеті–жылдам өзгертіп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдыларының негізінде адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, оқушыларды адамзаттыққа, елжандыққа, өз Отанын сүюге тәрбиелеу және білім алушылардың еңбек рыногындағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін кәсіптік дағдылар алуына жағдайлар жасау және осы қойылған міндеттерді іске асыру үшін білім берудің мазмұнын дүниені тұтастай қабылдауды қамтамасыз ететін өнер, технология сияқты білім беру салалары арқылы іске асыру қажет...»-деп анық айтылған.
Қазіргі уақытта бүкіл оқу–тәрбие жүйесі халықтық педагогикаға негізделіп, қайта құрылып жатқанда, ұмыт қалған салт-дәстүр, ұлттық ерекшелігімізді насихаттау, баланың ауызекі сөйлеу тілін дамытып, олардың бойында ұлттық психологияны қалыптастыру–әрбір ұстаздың міндеті. Халық педагогикасы–қазақ халқының ұлттық тәжірибелері мен тағылымдарының мол қазынасы. Сондықтан оқушылардың ой-өрісін, биік адамгершілік тұлғасын қалыптастыруға көп көмегін тигізеді. Ұмыт болған салт-дәстүр халқымызға тән ұлттық асыл қасиеттеріміз қайта жаңғырып жатқан уақытта осы мұраларды педагогикамен ұштастыру басты мақсат. Осы міндеттерді шешудегі мәселелердің қайнар бұлағы, сарқылмас көзі–халықтық педагогика. Халықтық тәлім–тәрбиенің басты ерекшелігі өмірмен тығыз байланыстылығында. Ұлттық тәрбиенің тағылымы, берері орасан зор. Әсіресе, сабақты түрлендіріп өткізу әр мұғалімнің ізденісіне байланысты болмақ. Негізгі мақсат–білімнің ұлттық жаңа үлгісін жасау және әдістемелік жұмыстарды жетілдіру. Бүгінгі таңда халық педагогикасына ерекше көңіл бөлу керек. Ата–бабаларымыздың жақсы дәстүрін шәкірттер бойына дарыту үшін өз сабағымызда мақал-мәтелдерді, шешендік сөздерді, аңыз-әңгімелерді жиі мысалға келтіріп, ұлылардың айтқан даналық сөздерін ұрпақ санасына сіңіруді сабақ сайын жүргізіп келеміз. Көптеген халықтар өз ұрпағын өз халқының қағидаларымен тәрбиелейді. Ендеше, егеменді еліміздің ертеңі жас ұрпақты әдепті, адамгершілігі жоғары болып өссін десек, ұлттық тәрбие тағылымын басшылыққа алып, халқымыздың рухани байлығын бүгінгі күн талабымен ұштастыра білсек ғана ұлттық тәрбиенің берері көп.
Ұлт мәдениеттің жеке тұлғаның дамуына тигізер әсері туралы ой-пікірлердің қалыптасуына Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, т.б. шығармалары мен халықтық педагогиканың ұлттық тәрбие мәселесінде алатын орны зерттеуде А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, т.б. еңбектерінің қосқан үлесі зор. Олар өз еңбектерінде жас ұрпақтардың тәрбиесінің өзекті мәселелеріне байланысты өте құнды пікірлер айтылған.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Қ.Бөлеев «Қазақ мектептерінің оқушыларына ұлттық тәрбие берудің теориялық негіздері» Этнопедагогика//. №3. мамыр –маусым. 2008
2. М.Есекешева. «Ұлттық тәрбие беру–өзекті мәселе». Қазақстан мектебі//. №11.2009. 69-72б.
3. Г.Р.Бахтиярова «Қазақ отбасы тәрбиесіндегі дәстүрлі педагогикалық мәдениеттің көрінісі».Этнопедагогика//. 4 шілде-тамыз .2009
4. «Этнопедагогика және этнопсихология». Алматы. «Республика». 1995
5. З.Әбілқызы «Қазақ халқының этнопедагогикасы» Қазақстан мектебі//. №9. 1993
6. Ә.Дайырбаев. «Халық педагогикасы деген не?» Қазақстан мұғалімі. №5. 1997.
7. Қ.Жарықбаев. «Тағы да халық педагогикасы мен этнопедагогикасы немесе қазақ тәлім–тәрбиесі туралы». Ұлағат//. №3–6. 1997.
8. Т.Қоңыратбай «Ұлттық білім ұлaғаты хақында». Қазақстан мұғалімі//.№11.1998
9. Б.Ж.Жиентаева «Оқушыларға технология сабағында халықтық қолданбалы өнер арқылы ұлттық тәрбие беру» Автореферат. 2004.
10. Ә.Усманова. «Болашақ мұғалімдерді халық педагогикасын негізінде тәрбиелеу». Ұлт тағылымы//. №1. 2001.
11. Л. Жумадуллаева «Халық педагогикасы–тәрбие өзегі». Ұлт тағылымы//. №4–5. 2001.
12. Б.Тойлыбаев «Ұлттық тәрбиеде жеке тұлғаның қалыптасуы». Ұлағат//.
№5.2007
13. К.Ж.Қожахметова «Рухани–адамгершілік құндылықтар негізінде жастардың этнопедагогикалық мәдениетін қалыптастыру» Этнопедагогика//. №3. мамыр–маусым. 2008
14. Ж.Әбиев. Педагогика тарихы. «Дарын» 2006. Б 471
15. Ж.Әбиев. «Педагогика» 2004.
16. Ш.Қ.Беркімбаева, К.Ж.Қожахметова, Қ.К.Кунантаева, С.Қ.Қалиев, Л.К.Керімов, Ш.М.Майғанарова, Ш.Т.Таубаева, С.Т. Имамбаева «Педагогика тарихы» Алматы 2007.
17. Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев. Педагогика.Б 377
18. Л.Бөлетова. «Халқымыздың әдет–ғұрып салт–дәстүрлері арқылы жастарды тәрбиелеу». Ұлағат//.№ 9.2008
19. Б.Матаева «Халықтық педагогикалық идеялар негізіндегі қыздар тәрибиесінің кейбір мәселелері.»
20. Ұ.Жамирова «Халықтық педагогика мәселелерінің бүгінгі жағдайы» Ұлағат//
21. М. Қалибекқызы. «Халықтық педагогика–даналық педагогика». Ұлағат//.
22. Б.Көлбаева «Халық педагогикасындағы ауыз әдебиеті үлгілері негізінде оқушыларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу». Этнопедагогика// №4. шілде–тамыз. 2008
23. Қ.Бөлеев, Л.Бөлеева, П.Бөлеева, Ә.Оразова. «Қазақ ағартушы–педагогтарының мерзмді баспасөздің оқушыларға ұлттық тәрбие берудегі рөлі туралы ой–пікірлері». Ұлағат//. №3. 2007
24. Ж.Бөрібек «Сәулелі жұлдыз іздеген адам». Бастауыш білім//. №1. 2009.
25. Ж.Ж.Наурызбаев «Ұлттық мектептің ұлы мұраты». Алматы «Ана тілі» 1995
26. Ә.Табылдиев «Ы. Алтысаринның этнопедагогикалық еңбектері». Бастауыш мектеп//.№11. 2001.
27. А.Тоқсанбаева «Этномәдениеттің тәрбие процесіндегі әлеуметтік сипаты» Ұлт тағылымы//. № 1. 2001.
28. Ұ.Әбдіғарппарова «Халықтық педагогиканы енгізудің тиімді жолдары». Қазақ тілі мен әдебиеті//.№1. 1995
29. Н.Әубәкіров «Халық педагогикасы негізінде». Бастауыш мектеп. № 5. 1995
30. Ш.Ахметова «Халықтық педагогика ілімі». Қазақстан мектебі//.№2001.
31. «Халық педагогикасы». Педагогикалық Жоғарғы Оқу Орындары бағдарламасы. Павлодар. 2004.
32. Б.Абдуллаева «Білім мен тәрбие берудің ұлттық үлгісі». Тәрбие құралы//. №1. 2003.
33. Ж.Шакерова. «Халық педагогикасы–халық қазынасы». История Казахстана в школе и ВУЗе//.№6. 2002.
34. С.Әбдешова. «Халықтық педагогика–тәрбие сағатында».
35. Т.Ибадуллин «Халық педагогикасының негізі–халықта». Сарыарқа самалы. 18 желтоқсан. 1995.
36. А.Сәлімова «Халық педагогикасы элементтерін пайдалану». Бастауыш мектеп//. №11–12. 1997
37. Алтынсарин Ы Таза бұлақ/ Ы Алтынсарин – А.: Білім.: 1990
38. Елекбаев Н. Ұлттық психология/ Н. Елекбаев–А.: Білім.:1992
39. Ушинский К.Д. Дидактика 2т/ К.Д. Ушинский– М.:Педагогика, 1983
40. Қоянбаева Г. Халқын сүйген–салтын сүйер / Г. Қоянбаева // Бастауыш мектеп, 1996, №2-18
41. Ұзақбаева С. Тамыры терең тәрбие/ С. Ұзақбаева - А.: Білім, 1995
42. Тұрманжанов Ө. Қазақтың мақал-мәтелдері / Ө. Тұрманжанов–А.: Мектеп, 1987
43. Төреқұлов Н. Нақыл сөздердің тәрбиелік мәні / Н. Төреқұлов– А.: мектеп, 1971
44. “Шаңырақ” энциклопедия.–А.: Ғылым, 1989
45. Әбiлова З. Этнопедагогика оқулығы / З.Әбiлова: А.: 1999
46. Аңламасова З. Халықтық дәстүрмен сабақтастық/ З. Аңламасова // Бастауыш мектеп, -1991, -№3
47. Мамырханова Л.Н Оқушылардың пәнге қызығушыларын арттырудағы халықтық педагогиканың ролi / Л.Н Мамырханова // Педагогический вестник, 2003, -№2
48. Жалпы бiлiм беретiн мектептiң оқу бағдарламасы / 1-4 сыныптар/.–А.:1997
49. Бастауыш мектепте оқыту процесінде ұлттық ойындарды пайдалану // Шоқан тағылымы–13: халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Т.2.–Көкшетау, 2008. –Б.101-104.
50. Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. Алматы: Рауан, 1998.–23б.
51. Наурызбаева Р. Бастауыш мектепте халықтық тәлім-тәрбие берудің шығармашылық жолдары. –Алматы: Білім, 2006.–37б.
52. Әлімбаев М. Халық–ғажап тәлімгер.–Алматы.–Рауан, 1994.–24-29 б.
53. Алтынсарин Ы.Таңдамалы педагогикалық мұралары/ Алматы:1991.–78б.
54. Ахметов Ш. Қазақ балаларын халық дәстүрлері арқылы тәрбиелеу /Алматы: 1966.–45б.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 76 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Қоғамдағы ұлт саясатын жүзеге асыру және қазіргі
жаңаша ойлау мен әлеуметтік-саяси өзгерістерге байланысты жас ұрпаққа
ұлттық тәрбие беру ісі бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің біріне айналып
отыр.
Ғасырлар сынынан  еленіп, ұрпақтан-ұрпаққа ұласып ежелден келе жатқан
халықтық педагогикасы жеке тұлғаның қалыптасуына, дамуына, ұлттық
тәрбиесінде жалпы білім беру саласында, оқу тәрбие үрдісінде
тәлім–тәрбиелік мәні зор.
Қазіргі кезде  елімізде ұлттық құндылықтардың қайта  өркендеуіне жол
ашылды. Оған, Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанның болашағы қоғамның идеялық
бірлігінде атты еңбегінде: Мәдени дәстүрлер қашанда әлеуметтік қайта
түлеудің қайнар көзі болып келеді...Қазақстанда ұлттық өнерді, мәдениетті
дамытуға барынша қолдану жасалып отыр,-деген сөзі осының айғағы.
Бұл мәселе: Қазақстан  Республикасының Білім туралы заңында–Ұлттық және
жалпы адамзатық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке
адамдарды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім
үшін қажетті жағдайлар жасау-деп көтерілсе, Қазақстан Республикасының орта
білімді дамыту тұжырымдамасында орта білім берудің негізгі мақсаты мен
міндеті–жылдам өзгертіп отыратын дүние жағдайларында алынған терең
білімнің, кәсіби дағдыларының негізінде адамгершілік тұрғысынан жауапты
шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, оқушыларды
адамзаттыққа, елжандыққа, өз Отанын сүюге тәрбиелеу және білім алушылардың
еңбек рыногындағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін кәсіптік
дағдылар алуына жағдайлар жасау және осы қойылған міндеттерді іске асыру
үшін білім берудің мазмұнын дүниені тұтастай қабылдауды қамтамасыз ететін
өнер, технология сияқты білім беру салалары арқылы іске асыру қажет...-деп
анық айтылған.
Қазіргі уақытта бүкіл оқу–тәрбие жүйесі халықтық педагогикаға негізделіп,
қайта құрылып жатқанда, ұмыт қалған салт-дәстүр, ұлттық ерекшелігімізді
насихаттау, баланың ауызекі сөйлеу тілін дамытып, олардың бойында ұлттық
психологияны қалыптастыру–әрбір ұстаздың міндеті. Халық педагогикасы–қазақ
халқының ұлттық тәжірибелері мен тағылымдарының мол қазынасы. Сондықтан
оқушылардың ой-өрісін, биік адамгершілік тұлғасын қалыптастыруға көп
көмегін тигізеді. Ұмыт болған салт-дәстүр халқымызға тән ұлттық асыл
қасиеттеріміз қайта жаңғырып жатқан уақытта осы мұраларды педагогикамен
ұштастыру басты мақсат. Осы міндеттерді шешудегі мәселелердің қайнар
бұлағы, сарқылмас көзі–халықтық педагогика. Халықтық тәлім–тәрбиенің басты
ерекшелігі өмірмен тығыз байланыстылығында. Ұлттық тәрбиенің тағылымы,
берері орасан зор. Әсіресе, сабақты түрлендіріп өткізу әр мұғалімнің
ізденісіне байланысты болмақ. Негізгі мақсат–білімнің ұлттық жаңа үлгісін
жасау және әдістемелік жұмыстарды жетілдіру. Бүгінгі таңда халық
педагогикасына ерекше көңіл бөлу керек. Ата–бабаларымыздың жақсы дәстүрін
шәкірттер бойына дарыту үшін өз сабағымызда мақал-мәтелдерді, шешендік
сөздерді, аңыз-әңгімелерді жиі мысалға келтіріп, ұлылардың айтқан даналық
сөздерін ұрпақ санасына сіңіруді сабақ сайын жүргізіп келеміз. Көптеген
халықтар өз ұрпағын өз халқының қағидаларымен тәрбиелейді. Ендеше, егеменді
еліміздің ертеңі жас ұрпақты әдепті, адамгершілігі жоғары болып өссін
десек, ұлттық тәрбие тағылымын басшылыққа алып, халқымыздың рухани байлығын
бүгінгі күн талабымен ұштастыра білсек ғана ұлттық тәрбиенің берері көп.
Ұлт мәдениеттің  жеке тұлғаның дамуына тигізер әсері  туралы ой-пікірлердің
қалыптасуына Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, т.б. шығармалары мен
халықтық педагогиканың ұлттық тәрбие мәселесінде алатын орны зерттеуде
А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, т.б. еңбектерінің қосқан үлесі зор.
Олар өз еңбектерінде жас ұрпақтардың тәрбиесінің өзекті мәселелеріне
байланысты өте құнды пікірлер айтылған.
Ғасырлар өткен  сайын  ұрпақ тәрбиесі туралы пікірлер ойлар, тұжырымдамалар
өз жалғасын тауып тарихшы, этнограф, педагог-психолог ғалымдардың
зерттеулерінде де жан–жақты қарастырылған (Қ.Жарықбаев, С.А.Ұзақбаева,
К.Ж.Қожахметова, А.Сейдімбек, К.Жүкеш, Н.Елікбаев, А.Нысанбаев, Ж.Алтаев,
Н.Әлімбай, Б.Байжігітов, К.Ақышев, Х.Арғынбаев, Ж.Артықбаев, Т.Басенов,
С.Қасиманов, М.С.Мұқанов, К.Әмірғазин, С.Қалиев, Ж.Ж,Наурызбай, т.б.)
Ұлттық тәрбие жалпы  тәрбие теориясының негізгі саласы, құрамдас бөлігі
болып табылады. Сондықтан  ұлттық тәрбиенің әдіснамасы мен  ғылыми-
әдістемелік мазмұны педагогика ғылымында тәрбие теориясына негізделеді.
Қазақстанда тәрбие беру мазмұнын, әдіс-тәсілдерін, түрлері мен құралдарын
жетілдіру бойынша Ш.Абдраманның, Қ.Ж.Аганинаның,  Қ.М.Арынғазинның,
Е.З.Батталхановтың, А.А.Бейсенбаеваның, А.Байсеркенің, Қ.Қ.Жампейсованың,
А.А.Калюжныйдың, Л.К.Керімовтың, А.А.Қалыбекованың, Н.Ә.Мыңжановтың,
Қ.Б.Сейталиевтің, т.б. еңбектері ұлттық тәрбиені тәрбиенің құрамдас бөлігі
ретінде оқып-үйренуге мүмкіндік берді.
Жоғарыда аталған  ғалымдардың еңбектерінде ұрпақ  тәрбиесіндегі халықтың
құнды ой-пікірлеріне талдау беріледі, қалыптасқан дәстүрлері мазмұндалады
және ондағы адамгершілік, эстетикалық тәрбие берудің әдіс-тәсілдері
баяндалып, олардың қазіргі жағдайындағы тағылымдық мәні сараланып
сипатталады. Бастауыш мектепте ана тілі сабағында оқушыларға ұлттық тәрбие
беру мәселесі әлі күнге дейін өз дәрежесінде көрініс таппағандығын, оқу
бағдарламалары мен оқулықтарға және оқу-тәрбие жұмысына жасаған талдау бұл
мәселеге аса назар аударылмағандығын дәлелдеп, осы уақытқа дейін оның
оқу–тәрбие үрдісінде әлеуеті жеткілікті ескерілмей келгендігін көрсетті.
 
Сонымен бірге  бастауыш мектеп сатысында оқушыларға ұлттық тәрбие беру
мақсатында жасалынып, қолданысқа енген Атамекен (М. Құрсабаев),
Кәусар бұлақ (З. Ахметова), Әдеп  әліппесі (А. Ашайұлы), Қазақ
тәлімінің тарихы (Қ. Жарықбаев, С. Қалиев), Әдеп әліппесі (Ә.Табылдиев),
Ұлттық дүниетаным (1-4сыныптар) (А.Құралұлы), Дәстүр (Ә.Сәдуақасов)
атты тәрбие бағдарламалары зерттеуіміздің тәжірибелік бағыттылығын
анықтауға септігін тигізді.
Бұның бәрі біз көріп отырған ана тілі сабағында оқушыларға ұлттық тәрбие
беру жан–жақты шешімі табылымаған мәселе екендігін және тәрбие теориясы мен
практикасында бүгінге дейін шешімін таппай отырғандығын айғақтайды.
Қазіргі нарықтық қатынастарға көшуге байланысты қоғамдағы болып жатқан
өзгерістерді ескере отырып, мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие беру барынша
дамытуға деген қоғам қажеттілігі мен педагогикалық теорияда қазіргі
жағдайдағы мектеп практикасында шешімін табуы арасында қарама-қайшылық
айқын көрінеді. Бұл мәселенің қоғамдағы әлеуметтік маңыздылығы пен
педагогика ғылымына қосатын үлесін айқындау мен осы мәселелердің ғылыми-
теориялық тұрғыдан шешімін табу менің дипломдық жұмысымның тақырыбын
Халықтық педагогика идеяларын бастауыш мектептің тәрбие процесіне енгізу-
деп алуыма негіз болды.
Зерттеудің мақсаты: Бастауыш мектепте ана тілін оқыту процесінде ұлттық
тәрбие беру мәселесін ғылыми-теориялық тұрғыдан негіздеу.
Зерттеудің  нысаны: Бастауыш мектептің оқу-тәрбие үрдісі.
Зерттеу пәні: бастауыш сынып оқушыларына  ұлттық тәрбие берудің мазмұны,
әдіс-тәсілдері мен формалары.
Зерттеудің  міндеттері:
–жаһандану жағдайында оқушыларға ұлттық тәрбие берудегі халықтық
педагогиканың ғылыми-әдістемелік негіздерін ашып көрсету;
–бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудің психологиялық-
педагогикалық ерекшеліктерін анықтау;
–бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудің үлгісін жасау;
–мектептің тұтас педагогикалық процесінде бастауыш сынып оқушыларына
халықтық педагогика құралдары арқылы ұлттық тәрбие берудің мазмұнын,
әдістері мен формаларын айқындау;
–ұсынылып отырған педагогикалық шарттар жүйесінің тиімділігін эксперимент
арқылы тексеру.
Зерттеудің  жетекші идеясы. Бастауыш сынып оқушыларына ана тілі
сабақтарында ұлттық тәрбие беру дүние, қоғам жөніндегі түсініктерін
ұлғайтды, ой–өрісін, рухани талғамы мен танымын қалыптастырып, ізгілік
қасиеттерге тәрбиелейді, бастауыш сынып оқушыларына ана тілі сабағында
ұлттық тәрбие беру мазмұнын анықтау-оқушылардың елжандылығын, халықтық мұра
құндылықтарын бағалауы мен тани білу қабілетін арттыруға әсер етеді.
Зерттеудің  әдіснамалық және теориялық негізі. Қоғамдағы және табиғаттағы
барлық процестер мен құбылыстардың өзара байланысы мен диалектикалық
бірлігі туралы ілім, жалпы таным теориясы, ғылымдағы теория мен тәжірибе,
жалпы білім беруді дамыту тұжырымдамасы; ана тілі, ұлттық тәрбие
заңдылықтары туралы философиялық, психологиялық, педагогикалық ілімдер мен
теориялар, қазақ халқының мәдени құндылықтар негізіндегі этнопедагогикалық
тұжырымдамалары.
Зерттеу әдістері: қазақ этнопедагогикасының жетістіктері мен озық
тәжірибені зерттеп жинақтау, тарихи, ғылыми, әдістемелік, педагогикалық
әдебиеттерді талдау, қорыту және жүйелеу; мектеп құжаттарын талдау;
оқушылардың көркем–шығармашылық жұмыстарын, озық педагогикалық тәжрибелерді
зерделеу; педагогикалық эсперимент жүргізу; оқу-тәрбие үрдісін бақылау;
арнайы ұйымдастырылған тәжірибе жұмыстары бойынша зерттеу нәтижесін
қорытындылау; алынған нәтижелерді математикалық өңдеу.
 
 Мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие берудің теориялық негіздері
 
1.1 Ұлттық  тәрбие беру–бастауыш мектептің  өзекті мәселелерінің бірі
 
Қазіргі кезде  білім беру ісінде, жеке тұлғаны  жан-жақты жетілдіріп,
танымдық іс-әрекеті мен ой-санасын дамытып, қалыптастыру барысында білім
берудің ұлттық, педагогикалық, психологиялық негізін айқындау керек.
Елімізде болып жатқан әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени өзгерістерге
байланысты оқу-тәрбие процесін ұлттық сипатта ұйымдастыру - өмір талабы. Әр
халықтың ұлттық-тарихи дәстүрі, оның азаматтық білім берудегі мәдениеті мен
дидактикалық білімі осы оқу-тәрбие процесіне тікелей байланысты. Сондықтан
біздің көтеріп отырған мәселесіміз біріншіден–ұлт, екіншіден–тәрбие
мәселесі.
Алтау ала болса, ауыздағы кетедi-деген екен бабаларымыз. Этностың өз
iшiндегi ала-құлалық ұлттың, мемлекеттiлiктiң  болашағына қатер туғызбай
қоймайды. Алғашқыда ұлттық тұтастықтан, сонсоң мемлекетiнен айрылудың
әкелер қасiретiн–бек ұлдардың құл болатынын, пәк қыздардың күң болатынын
осыдан 13 ғасыр бұрын Күлтегiн тасына қашап жазған байырғы түркiлердiң
даналығынан көруге болады. Кеңестiк жылдары Күлтегiндей дананың айтқаны
басымыздан өткенi рас қой. Ендеше Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың: Қазақтың
сана-сезiмi өткендегi, қазiргi және болашақтағы–тарихтың толқынында өзiнiң
ұлттық МЕН дегiзерлiк қасиетiн түсiнуге тұңғыш рет ендi ғана мүмкiндiк
алып отыр... Бiрақ бұл мүмкiндiк қана: ол шындыққа, тек қазақтардың ғана
емес, барлық қазақстандықтардың жаппай санасына орныққан фактiге айналуы
қажет,–деп жазуында өмiрлiк мәнi бар шындық жатыр. Ұлттық МЕНДІ
қалыптастырудың жолдары мен әдіс-тәсілдері сан алуан екендігі белгілі.
Соның ішінде жетекші орынды тәрбие алатынына ешкім күмән тудырмайды.
Себебі, тәрбие - халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық
тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жеке тұлғаның бойына сіңіру, оның қоршаған
ортаға қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған
сәйкес мінез-құлқын қалыптастыру болып табылып, дені сау, ұлттық сана-
сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы
мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да ізгі қасиеттер қалыптасқан адамды
тәрбиелеу мақсатын көздейді. Қазіргі мектептерде ұлттық тәрбие беру
мәселесі өз шешімін таппаса, білім беру саласында жүргізіліп жатқан
реформалар түпкі нәтижеге қол жеткізуі мүмкін емес. Ол үшін ұлттық тәрбие
беру барысында басшылыққа алынатын талаптарды анықтап алудың да маңызы зор:
-біріншіден, ұлттық тәрбие  беру Ата Заңымызға, Білім туралы Заңыңа қайшы
келмеуі керек, яғни нәсілдік, ұлттық, діни, жыныстық кемсіту немесе
дәріптеуден алыс тұрған абзал;
-екіншіден,  ұлттық тәрбие бір ұлттың мұратын  ұлықтаумен қоса,
басқа ұлттардың  тарихын, дәстүрiн, этникалық ерекше ліктерін 
есепке ала отырып, оларға қуат беретiн факторға айналуын қамтамасыз ету
қажет;
-үшiншiден, ұлттық  тәрбие үздіксіз болу керек.  Елдiң iшiндегi, жер-
жаhандағы нақты  ахуалға байланысты оның көздегенi
өзгерiп, нақтыланып отыратыны  айтпаса да түсiнiктi жайт. Мәселен, 
қазiрдiң өзiнде тарихи отанында отырған қазақтар мен диаспора санатында
шетте жүрген қазақтардың ұлттық мұраты бiрдей дей алмаймыз. Бiрiншiлерi
үшiн қазақстанның бүгiнi мен ертеңi басты мәселе болса, екiншiлерi жүрген
ортасында қазақ болып қалу қамын көбiрек ойлайды. Уақыт өткен сайын ұлт
мұратындағы осынау айырмашылық ұлғаймаса, қабыспайтыны ақиқат. [1]
Қазақстан Респубилкасы өз алдына дербес мемлекет ретінде 
егемендігін алғаннан кейін елімізде ұлттық рухани мұраларымызға бет  бұрып,
соның негізінде тәрбие беруге көңіл қойыла бастады. Осы тұрғыдан ұлттық
тәрбие атауын өздерiнiң докторлық диссертацияларында Қ.Бөлеев пен
К.Оразбекова пайдаланып, жеке тұлға ұлттық тәрбиесінің ғылыми-педагогикалық
негіздері мен оқушыларға ұлттық тәрбие беруге мұғалімдерді дайындаудың
теориясы мен тәжірибесін зерттеді.
Қ.Бөлеевтің айтуынша: .. ұлттық тәрбие терминiн ендiру педагогика
ғылымында өз шешiмiн тапқан жоқ. Ол этнопедагогика ғылымында ендiрiлуi
тиiс. Өйткенi этнопедагогика ұлттық тәлiм-тәрбиенi жинақтайтын, оны
қорытындылап, жүйелейтiн теориясымен сипатталатын ғылым саласы. Ұлттық
тәрбие–жеке тұлғаның ұлттық сана-сезiмi мен мiнез-құлқының, ана тiлiн, ата
тарихын, төл мәдениетiн және ұлттық салт-дәстүрiн меңгеруi негiзiнде
қалыптасқан этнопедагогиканың саласы..,–деп, анықталады.
Ғалымның ойынша, ұлттық тәлiм-тәрбиенiң мектептегi оқу-тәрбие жұмыстарында
жүзеге асырудың тиiмдiлiгi–болашақ мұғалiмдердi, бiлiктi тәрбиешiлердi
даярлау және қайта даярлау мен жетiлдiру жұмыстарына арналған арнайы
бағдарламалар мен нақты шараларды қолға алу арқылы іске асырылады.
К.Оразбекованың пайымдауынша, ұлттық тәрбие–болашақ қоғамымыздың
құрылысшыларын дайындайтын дарынды, парасатты, жоғары мәдениеттi, жан-жақты
дамыған жеке тұлғаларды қалыптастырудың негiзi болуы шарт деп санайды. Ол:
..ұлттық тәрбиенiң тәлiмдiк негiздерi Адам атадан бастау алып, бүкiл
өмiрi–өлеңге, өлеңi–өмiрге айналған жыраулар арқылы жалғасын тауып,
ұрпақтан-ұрпаққа жетiп отырды..,-деп, ұлттық тәрбиенiң бүгiнгi таңда
ұлттыј идеологияны қалыптастыруда шешушi рөл атқаратынын атап өтедi.

1. Мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие берудің теориялық негіздері
 
Академик М.К.Қозыбаев халқымыздың ерлік және жауынгерлік дәстүрлеріне
тоқтала келе, Ер дегенде ең алдымен бізге Отан қорғаған сәтте жау шебін
бұзып,қамал алған қайрат–жігер иесінің бейнесі оралады,–деп атап көрсетті.
Яғни, ер–ар–намысы азаматтық қасиетін үнемі жоғары ұстап, қажетті жерде
қауіп–қатерге өз басын тігіп батыл іс–әрекетке бара алатын адам.Ердің
іс–әрекеті бейбіт кезде ел, дер мүддесі үшін қауіп–қатерлі істерге, ерекше
қимылдарға беру іс–әрекеті.
Қ.Қабдыразақұлы  жас ұрпақты дәстүрлер негізінде 
тәрбиелеу мәселесін педагогикалық  тұрғыда зерделей отырып, дәстүрлерді 
шартты түрде беске бөледі. Солардың ішінде негізгі дәстүрлердің бірі деп
ұлттық жауыргершілік дәстүрлерді қарастырады. Жауынгершілік дәстүр Отан,
туған жер және халқы үшін оның бостандығы мен тәуелсіздігі, салтанатты
болашағы үшін шексіз жүректілік, шамадан тыс қуаттылық пен жауынгерлік
күресті бейнелеген ұғым,–деп атап көрсетеді.
Алғаш халық  мұрасына, салт–дәстүріне, ұлттық ерлік  және жауынгершілік
тәбиесіне мән бере отырып оқулық жазған Ы.Алтынсарин болды. Өзінің Қазақ
хрестоматиясы атты оқулығында Қобыланды батыр жырынан Қобланды және
Тайбурыл деген атпен үзінді енгізген. Қазақ халқы тек батырларын ғана
құрметтеп қоймаған, сонымен қатар батырлардың серігі асытан мінген
аттарының қасиеттерін жақсы суреттеген.
Біраз сөз  қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы–Абай айтқан
пайымдаулар халқымыздың  тарихын ғылыми негізге келтірген 
алғашқы қадамдардың бірі. Абай шығармалары туған елінің, жерінің тарихын
зерттеп, оны жете түсінуді уағыздайды.
Абай өзінің отыз тоғызыншы қара сөзінде Енді жұра ата–бабаларымыздың мәнді
ісін бір–бірлеп тастап келеміз, әлгі екі мінезін өрмелеп ілгері бара
жатқанына қарай, біз де ел қатарына қарай кірер едік,–деп жазады. Абай
атаған қара сөзінде арлылық, намыстық, табандылық–тәрбиенің жемісі дейді.
Адамның ең ұлы сезімін азаматтық парызын орындау үшін жоғарыда аты аталған
мінезді игеру керек екенін Абай атап көрсетеді. Абай шығармаларынан қазақ
халқының өзіндік ішкі құрылымын және өзінік қасиет бітімін көреміз.
Осы айтылғандардың барлығы ұлтжандылық қоғамдық сананың бір формасы, тарихи
және классикалық категория екенін, яғни ол да қоғам дамуымен бірге дамып,
жаңа мазмұнмен толыға түсетінін білдіреді.
Көптеген ғылыми еңбектерді зерделей келе ерлік және ұлтжандылықты
қалыптастыруға септігін тигізетін белгілер: ұлттық сана–сезім, ұлттық
мақтаныш, салт–дәстүрлер, әдет–ғұрыптар,парыз, намыс, бірлік және міндет
екенін көреміз.
Ұлттық сезім,–дейді профессор Т.Сәрсенбаев, ұлттық ой–санадан ерекшелеу
бұл адамның түрлі өмірлік құбылыстар мен жағдайларды, ұлттық мүдделерді
өзіндік тұрғыда түсіну. Ұлт бар жерде ұлттық сезім де бар және оны
құрметтеу заңды. Әр адам ата–бабаларымыз негізін салып кеткен игі
дәстүрлерді мақтан ете отырып, өз ұлтын терең сүю арқылы ұлттарды танып
құрметтеуі тиіс.
Ал ұлттық парыз–Отанға деген сүйіспеншілік сыртқы жаулардан елін, жерін
аман сақтап, ата–баба дәстүріне сезімталдықпен қарау.
Парыз–өзінің мағыналық аясына ақыл–ой, сезм, ерік–жігер,ар–ождан,
абырой,әділдік, шындық,сүйіспеншілік сияқты қасиеттерді қамтып,оларды адам
өміріндегі қайшы құбылыстарға қарама–қайшы қоятын интеллектуалды құбылыс.
Парыздан мақты  күш жоқ,
Парыздан мықты  сауыт жоқ
Парыздан нәзік  сезім жоқ
Парыздан қатал  қазы жоқ,–дей келе халық батыры Б.Момышұлы,–парыз сезімін
қиындықтан қайтпай, дұшпан алдында тайсалмай, Отан үшін ақтық демі біткенше
қызмет етуге әзір болу сезімінен туады,–деп қорытады.
Б.Момышұлы Соғыс психологиясы атты еңбегінде Ұлы Отан соғңысы кезіндегі
халықтардың ынтымақтастығына ,бірлігіне тоқтала келе, жеке адамды
қалыптастыратын жақсы қасиетпен бірге жаман қасиеттерге әскери психология
тұрғысынан анықтама береді.
Жоғары сезімдер:парыз, адамгершілік, ержүректілік, ерлік, батырлық,
қаһармандық және т.б. Төменгі сезімдер: опасыздық, ұждансыздық, үрей,
қорқыныш, шошу және т.б.
Ұлы Отан соғысы кезіндегі әрбір жауынгердің  бойындағы ұрыс
кезіндегі қалыптасатын әскери психолог тұрғысынан тоқталады.
Қазақстан Республикасы Білім министрлігі ұсынған Тәлім–тә рбие 
тұжырымдамасында қазақ халқының жауынгерлік және ерлік тарихын ұрпаққа
еріктің өшпес үлгісін қалдырған хас батырлардың өмір–өнегесімен
таныстыру;өз жерін, елін қорғай алатын елжанды,ұлттық намысы мол жігерлі
азаматтар тәрбиелеу,–деп ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық ерекшеліктер,
салт–дәстүрлерді бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне пайдалануға аса мән береді.
Халықтық педагогика,–деп жазады
Қ.Жарықбаев пен С.Қ.Қалиев,–тәлім–т әрбиелік ой–пікірдің ішкі бастауы,
халықтың рухани қазынасы, мұрасы. Этнопедагогка–халықтық тәлім–тәрбиені,
оның тәжірибесін қорытындылап, жүйелейтін теориялық сипатттама беретін
ғылым саласы.Ол халықтық педагогиканы ғылыми педагогикамен байланысытырып,
өткел іспеттес ғылым.[9]
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанның болашағы қоғамның идеялық 
бірлігінде атты еңбегінде атап көрсетілгендей, біздің алдымызда тұрған
негізгі міндет–егеменді еліміздің тұтасытығын, бейбітшілігін сақтайтын
ұлттық рухы жоғары, ұлтжанды ұландарды тәрбиелеу. Осы мәселені шешуде, яғни
оқушыларды ұлтжандылыққа баулу жұмысы оқу мен тәрбиенің бір–бірімен тығыз
байланысытырып жүргізілуін қажет етеді. Демек, оқу мен тәрбиені бір–бірімен
кірістіре отырып, ұлттық жауынгерлік дәстүрлерінің негізінде бастауыш сынып
оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты жүйелі түрде жүргізу арқылы
елін,жерін жаудан қорғай алатын шынайы ұлтжанды азамат тәрбиелеп шығару
бүгінгі егемен еліміздегі ұстаздар қауымының абыройлы борышы болып отыр.
Қазақ мектептерінің оқушыларына ұлттық тәрбие берудің бағдарлы идеялары мен
міндеттері еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан–2030
стратегиялық бағдарламасында, Қазақстан Республикасының Білім туралы
заңында ерекше аталып көрсетілген. Әсіресе, Елбасының 2004 жылдың наурыз
айындағы Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика
үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін атты Халыққа жолдауында: Ұлттық
бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен
айқындалады. Келешекте мұғалім мамандығы ең беделді ...мамандықтардың бірі
болуы керек. Әрине, мұғалімнің өзі де уақыт талабына сәйкес болуы міндетті
делінген.
Бұл айтылғанның  педагогикалық мәні мынада:
• Бәсекелестік-қашанда дамудың басты құралы, ал қабілеттілік кез–келген
іс–әрекеттің тиімді шешілуіне икемділік. Бұдан Қазақстан, оның
экономикасы мен халқы бәсекеге қабілетті болу үшін ұлттың бәсекеге
қабілетті болуы керек, ол қабілет ұлттың болу үшін ұлттың бәсекеге
қабілетті болуы керек, ол қабілет ұлттың білімділік деңгейімен
айқындалады. Ал ұлттың (қазақтың) білімділік деңгейі жоғары болу үшін
мектептің жаңа типін құру және жаңа формациядағы педагог даярлау
қажет.
• Жаңа типті мектеп–ол ұлттық мектеп, ал жаңа формациядағы педагог тек
жоғарғы оқу орындарында ғана дайындалады. Сондықтан да Президенттің
ұсынысымен Қазақстанда бес педагогтік жаңа институт ашылады.
• Ұлттың білімділік деңгейі жоғары болу үшін, дамыған елдердің
тәжірибесі көрсеткендей, Қазақстанда жаңа типті қазақ ұлттық мектебін
құру қажеттігі туындап отыр.
• Ұлттық мектеп қандай болуы керек? деген проблеманы дүниежүзінің 
белгілі ағартушылары мен ғалым–педагогтары Я.А.Коменский, Дж.Локк,
И.Г.Песталоции, Ф.А.Дистервег, К.Д. Ушинский, В.А.Сотюнин, С.И.Гессен,
В.Н. Сорока–Росинский әрқайсылары өз ұлтының ерекшеліктеріне қарай
ұлттық мектеп құрудың ғылыми негіздерін жасаған.
Орыстың ұлы  педагогы К.Д.Ушинский өзінің орыс мектебін орыс мектебі қылу
қажеттігі туралы деген мақаласында сол кездегі орыс мектебінің
кемшіліктерін сынай келе, былай депті: Швецария, Германия, Англия мен
Америкада білім үш түрге бөлінеді: қажетті, пайдалы, ұнамды. Соның ішінде
ұлттық білімнің негізінде қажетті білім алынады. Қажетті білім баланың
жанына ең алдымен , негіз болып ұялануы тиіс... Әр адамда сондай қажетті
білім болып табылатын өз тілінде оқи білу, жаза білу, өз дінінің негізі
мен  Отанын білу. Сондай–ақ ол: Мектеп ұлттық болып аталуы үшін ұлттық
психология мне тарихқа негізделуі және қоғамдық қажеттілікпен санасуы шарт.
Ұлттық мектеп құруда отбасының құрылымын, түрін, экономикалық климаттық
жағдайларды ескеру және орыс мектебін шетелдіктер емес, орыс басқаруын
қадағалау қажет деп санаған, ал орыс ғалымы В.Я.Сорока–Росинский ұлттық
мектеп болуы үшін: Білім мен тәрбиенің негізгі міндетті түрде ұлттық білім
болуы тиіс десе, С.И.Гессен: Егер білім беру жүйесін ғылымдық, көркемдік
және ұлттық адамгершілік талаптарға сай келсе, сонда ғана ол шынайы ұлттық
болып есептелуі керек деп оны толықтыра түседі.
Міне осындай  орыс ғалымдарының зерттеулері негізінде Ресейде орыс ұлттық
мектебі құрылған. Қазіргі орыс мектептері сол мектептің жалғасы, сондықтан
ұлттық ерекшеліктері толық сақталған. Орыс халқының ұлттық санасы, намысы,
дүниетанымы сол мектепте дамып қалыптасқан.
Сонда, ұлттық мектеп дегеніміз  қандай мектеп? Онда оқытылатын білім 
мазмұны қандай болу керек?–деген сұрақтар туындайды.
Ұлттық мектепте ғана ұлттық білім жүйесі жүзеге асырылады.
Ұлттық білім деп білім мазмұнындағы ұлттық дүниетанымды, ал ұлттық
дүниетным–ұлттық болмыс көрінісі, саяси, адамгершілік, эстетикалық діни
наным–сенім, тәрбие, тарихи сана, басқа да дәстүрлі  мәдени–рухани
көзқарастар жүйесі. Сонда қазақ мектебіндегі ұлттық білім мазмұнын барлық
оқу пәндерінде ұлттық құндылықтарымыз–Ана тілін, Ана тарихын, Төл
мәдениетін, Ұлттық салт–дәстүрлерін жүйелі оқыту құрайды.
Сонымен, бүгінгі  таңда Қазақстанда білім беру саласындағы ең басты
проблема–қазақ ұлттық мектебін құру. Өйткені еліміздің болашағы мен тағдыры
ұлы ағартушы–педагог Мағжан Жұмабаев айтқандай: Қазақтың тағдыры келешекте
ел болуда–мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі.
Қазақ ұлттық мектебін құрудың негізі–сан ғасырлар бойы қалыптасқан
халқымыздың ұлттық тәлім–тәрбие мұрасы болуы тиіс. Қазақ ұлттық мектебін
құру туралы ой пікірлер бірқатар ғалым–педагогтармыздың еңбектерінде
қарастырылған, ол зерттеулерді қажет ететін проблема.
Қазақ ұлттық мектебі не үшін қажет?. Қазақ ұлттық мектебінің қажеттілігі
қазір елімізде орын алып отырған иммунопсихолгиялық проблемаларды: ана
тілі, ата тарихын, төл мәдениетін, ұлттық салт–дәстүрін білмейтін жастар,
тастанды жетім балалар (қиын), қарттар үйлерінде көздерінен қанды жас ағып,
жылап отырған әжелер мен аталар, шылым шегуге, ішімдік пен нашақорлыққа
салынған жастар, қылмыстың қаулауы, сыбайлас жемқорлық, жұмыссыздық,
жезөкшелік, қазақ мектептерінің жабылуы, мектептегі оқу–тәрбие жұмысының
нашарлауы, мұғалімдер беделінің төмендеуі, оларға қамқорлықтың жасалынбауы,
тәртіпсіз ұл мен қыз, ата–аналардың тәрбие жұмысымен айналыспауы, т.б.
бірте–бірте жоюдың және олардың алдын алу, болдырмаудың негізгі жолы
екендігі, ал сол мектептерде ұлттық тәрбие алған ұрпақ дені сау, білімді,
өнерлі, ақылды, еңбекқор, иманжүзді, сұлу да сымбатты, ұлтжанды болып
өсетіндігінде. Сондықтан да ұлттық тәрбие–еліміздің болашағы.
Қазақтың ұлттық мектебі қандай болуы керек, онда ұлттық тәрбие
қалай жүргізілеуі  керек? деген проблемаларға нақты жауапты қазақ халқының
ұлы педагогтары А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов,
Х.Досмұхамедов еңбектерінен табуға болады. Солардың еңбектерінде қазақтың
ұлттық мектебінің нобайы жасалынған. Онда қазақтың ұлттық мектебінің
мақсаты, міндеттері, ұлттық мектепте білім беру мазмұны, ұлттық тәрбиенің
нәтижесі анықталған. Мысалы, М.Дулатов қазақ ұлттық мектебінің мақсаты:   
...жалғыз құрғақ білім үйрету емес, біліммен бірге ұлттық тәрбиені қоса
беру; Ж.Аймауытов: Тәрбиенің негізі мақсаты–мінезді түзеу, адамшылыққа
қызмет ету, адал еңбек ете білуге тәрбиелеу; қазақ ұлттық мектебінің
міндеттерін М.Жұмабаев: әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында, өз ұлты
үшін қызмет қылатын болғандықтан тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие
қылуға міндетті; ал М.Дулатов: ...балқыған жас баланың ойына, қанына,
сүйегіне ұлт рухын , ана тілін үйретіп шығару; қазақтың ұлттық мектебінде
білім беру мазмұнының А.Байтұрсынов: Оқу, жазу, дін, ұлт тілі, ұлт тарихы,
есеп, шаруа–кәсіп, қолөнері, жағырафия жаратылысы; Ж.Аймауытов:
Әдебиетті, тарихты және географияны біріктіріп, яғни интегерациялап,
Біздің Отан деген атпен оқыту қажет; М.Дулатов; ...оқу кітаптары ана
тілімен өз ұлтытың тұрмысына һәм табиғаттан жазылуы; ұлттық тәрбиенің
нәтижесін М.Дулатов: ...алған тәрбиенің әсерлі, күшті, сенімді болуы
...Мұндай балалар мектепті бітіргеннен кейін қай жұрттың арасында жүрсе
де,сүйегіне сіңген ұлт рухы жасымайды,...қайда болса да тіршілігінде,
қандай ауырлық өзгерістер көрсе де ұлт ұлы болып қалады...; ал мұғалімнің
ұлтжанды және білімді болуы туралы  М. Жұмабаев : ...әрбір тәрбиеші сөз
жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиіс десе, А.Байтұрсынов : ...ең әуелі
мектепке керегі-білімді, педагогика, методикадан хабардар оқыта білетін
мұғалім”, Ж.Аймауытов: Баланы тәрбиелеу үшін әрбір тәрбиешінің өзі
тәрбиелі болуы керек деген.
Еліміз егемендік  алуымен қоғамның мектепке қатынасы өзгеріп, қазақтың
ұлттық мектебін жасау  туралы педагогикалық ақпарат беттерінде өте бағалы
әртүрлі пікірлер айтыла бастады. Мысалы, ғалым-педагогтарымыз Қ.Жарықбаев,
С.Қалиев, С.Ұзақбаева, Ж.Наурызбай, Т.Әлсатов, Ә.Табылдиев, т.б. қазақтың
ұлттық мектебін жасау, онда ұлттық тәрбие беру проблемаларын жан–жақты
зерттеп, қомақты монографияларын, оқулықтарын, оқу құралдарын, әдістемелік
құралдарын жарыққа шығарды.
Ұлттық мектеп жасауға, онда ұлттық тәрбие беруге мемлекет тарапынан бірнеше
тұжырымдамалар шығарылды. Олар: Қазақстан Республикасы әлеуметтік–мәдени
дамуының тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасы гуманитарлық білім беру
тұжырымдамасы,Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептері
тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасы орта арнаулы білім тұжырымдамасы,
Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептер білім мазмұнының
тұжырымдамасы, Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тәрбие
тұжырымдамасы, Тіл туралы, Қазақстан Республикасының заңы, т.б
Жоғарыда айтылған қазақ этопедагогикасы ғылымының жетістіктерін,
мемлекеттік құжаттар мен бағдарламаларды, қазақтың ұлттық мектептерін
жасауды және оларды ұлттық тәрбие беруді іс жүзінде асыратын мектеп
мұғалімдері. Өкінішке орай, олар ұлттық тәрбие беруге педагогтік жоғары оқу
орындарында дайындықтан өтпеген, коммунистік тәрбие беруге даярланған. Осы
себептен қазіргі қазақ мектептерінде оқушыларға ұлттық тәрбие беру талапқа
сай жүргізілмеуінде. Бұл кедергіден өтудің жолы мектеп мұғалімдерінің
мамандықтарын арттырушы барлық облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру
институттарында мұғалімдерді ұлттық тәрбиеге дайындаудан өткізу қажет. Оны
шешудің жолы сол институттарда курстар ұйымдастыру. Ондай тәжірибелер
баршылық. Мысалы, барлық облыстық институттарда этнопедагогикадан курстар
ашылып, мұғалімдерді ұлттық тәрбиеге сапалары әр түрлі бағдарламалармен
қайта даярлауда. Дегенмен, соңғы жылдары мұғалімдерді этнопедагогикалық
даярлау нашарлап кетті. Егерде осы мәселені жанданжырмасақ мектепте ұлыттық
тәрбие беру жүзеге аспайды. Содан келіп жоғарыда айталған
иммунопсихологилық құбылыстар елімізде кеңінен орын алары сөзсіз.
Біздің жалпы білім беретін қазақ мектептерінде оқушыларға ұлттық тәрбие
беру жайлы әлі өте төмен деңгейде екенін, Кеңестік дәуірде Қазақстанда
қазақ ұлттық мектебі болмағанын, қазір де ондай мектеп жоқ, мектептеріміз
қазақ орта мектебі деп аталғанымен, ондағы оқу–тәрбие жұмыстарының
бағдарламалары, оқу және әдстемелік құралдары ұлттық тәрбиенің
ерекшеліктерімен санаспаған орыс тіліндегі аудармасы арқылы жүзеге
асырылуда.[10]
Саналы ғұмырын  ұрпақ тәрбиесі үшін маман даярлауға  арнаған ұстаз Мұхтар
Арын өзінің Бес анық атты кітабында: ...Ұлттық сезімді білдіретін бес
шарт немесе бес анық бір ғана ұлтқа қатысты емес, кез–келген ұлтқа
байланысты айтылар әңгіме. Жеке–жеке  алған кезде бұлардың қай–қайсысы да 
тұтастықты білдіре алмайтын сияқты. Бес шарттың бірімен бірі диалектикалық
байланысы бар.Бірінен бірі туындап жатқан тәрізді және бірін–бірі қажет қып
тұратындай, –дейді де: 1)тіл; 2)дін; 3)Дәстүр, әдет–ғұрып, мораль;
4)тарих; 5)атамекен, жер–су мәселесін атайды.
Бұл бес анық–этномәдениеттің тірегі. Әрине, бұл айтылған мәселелер
педагогика ғылымында әр қырынан қарастырылып жүр. Дегенмен, ұлтымыз
ұлағатты, жұртымыз жұрағатты болсын десек, болашақ ұрпақ тәрбиесіне жауапты
жастардың бойына рухани–адамгершілік құндылықтарды дәріптеу арқылы
этнопедагогикалық мәдениетті сіңіргеніміз абзал.
Сондықтан әр адамның  бойына қуат беретін, жігерін жасытпай
рухтандыратын ұлттық рухани–адамгершілік  құндылықтардың орны ерекше.
Олар:[13]

Сурет 1. Ұлттық рухани–адамгершілік құндылықтардың жіктелуі
 
Жаһандастыру  әлсіз ұлттардың жойылып кетуіне соқтырады деген ойын соңғы
кезде қазақ халқына үндеу ретінде тастап, ұлтын тамырсыздану қаупінен
сақтандыруға шығармашылығын арнап жүрген елжанды ақындарымыздың бірі Мұхтар
Шахановтың көкейіндегі арман–ұлттың рухани–адамгершілігік құндылығын сақтап
қалуға деген құлшыныс. Ақын–жазушылар рухани кеңістіктің белсенділері.
Кеңістік кезінде өмір сүріп, басқа идеологияның ықпалында болғанымен,
М.Мақатаев жырларының дені–ұлттық рухани–адамгершілігік құндылықтарды
дәріптеуден бастау алған. Ақынның елжандылық рухына күш қосар өлеңі–Үш
бақытым, М.Шахановтың Қасиетті төрт ана деген ойымен ұштасты.
 
Құндылықтар –этномәдениет  тірегі
М.Шаханов М.Мақатаев  М.Арын Бес анық
  Үш бақытым  
Ана тілі Халқы Тіл
Ана тарихы Тілі Дін
Дәстүр,салт Отаны Дәстүр(әдет–ғұрып, мораль)
Туған жер Атамекен
Жер,су

 Сурет 2. Дәстүрлі тағылымдық мәдениетін сипаттайтын өлшемдер
 
Этнопедагогикалық  мәдениет ұғымы–өз халқының дәстүрлі тағылымдық
мәдениетін сипаттайтын  өлшемдерді меңгеріп, оның тәрбиелік маңызын
қүндылық деңгейінде қабылдап, заман талабындағы оқу мне тәрбие үрдісіне
лайықты үйлестіре білген әлеуметтік–педагогикалық үлгі.
Этнопедагогикалық  мәдениетті біз педагогикалық мәдениетпен
мұғалімнің этникалық  мәдениеті деген ұғымдардың үйлесімі арқылы аша
аламыз. Сондай–ақ, Этнопедагогикалық мәдениетті жаңа сапа деп қарастырар
болсақ, бүгінгі заман сұранысына, педагогикалық талап пен іс–әрекетімен
жауап береді.
Кез–келген  тәуелсіз де демократиялы мемлекеттің  жастары өзінің ұлттық
мәдениетін педагогикалық мәдениетке үйлестіре отырып, этнопедагогикалық
мәдениет атты биік көрсеткішті деңгейге жеткізуге құштар болуы тиіс.
Болашақ мұғалім  болар жастардың этнопедагогикалық  мәдениетінің құрылымына
төрт жақты  тірек болар төрт негіз бар.
Когнитивті (танымдық) –ұлттық сипаттағы білімдер жүйесі;өз пәні бойынша
білімділік; кәсіби –іскерлік дайындығы.
–Сезіну құндылығы–сананың этникалық–адамгершілікті бағыттаушылығы
(этнопедагогикалық іс–әрекетке қызығушылығы мен сұранысы, этникалық
құндылықтарға басымдылық беруі, мәдени біртектестік).
–Іс –әрекеттік–этномәдени және этнопедагогикалық білік–дағыдылары жүйесі,
өзіндік дамытуға ұмтылысы, этнопедагогикалық іс–әрекет тәжірибесі.
–Тұлғалық–кәсібилік–этникалық сана, психологиялық–адамгершілікке сай
тәрбиелілігі, адамгершілікті–ерікті сана.
 
Сурет 3. Этнопедагогикалық мәдениетттің қалыптасу өлшемдері
 
Этнопедагогикалық мәдениет–халықтың материалдық, рухани және тұрмыстық
дәстүрлі мәдениетінде қалыптасқан адамдар арасындағы қарым–қатынас
нормалар, (символикалық) рәміздік обьектілер, технологиялық және
этнопедагогикалық білімдер жиынтығы, мысалы:
–Бесік және бесік жыры
–Салттық өлеңдер
–Ұлттық мейрамдар
–Ұрпаққа өсиет
–Ұлттық киім
–Балалардың еңбек құралдары
–Ұлттық ойындар мен ойыншықтар
–Жас анаға кеңес
–Шежіре
Дәстүрлі–тұрмыстық мәдениет
–Тіл
–Қоғамдық сана
–Наным –сенім
–Салт,дәстүр, тыйым сөздер, ережелер
–Автотаптаурын
–Тәрбие тұжырымдамалары
Этнопедагогикалық мәдениет құрамы:
–Этнопедагогикалық сана
–Этнопедагогикалық ойлау
–Этнопедагогикалық әрекет
Этнопедагогикалық сана адамның тарихи санасымен, ойлау  ерекшеліктерімен,
тұрмыс–тіршілігіндегі  мінез–құлқынан, қарым–қатынасынан  көрініс береді.
Аталған құбылыстар мен этностық тәрбие ерекшеліктерін зерттейтін ғылым
этнопедагогиканы екені осы тұрғыдан баршамызға аян.

Сурет 4. Жастардың этнопедагогикалық мәдениетін қалыптастырудағы
этнопедагогиканың маңызы.
Жастардың этнопедагогикалық  мәдениетін қалыптастыруда аталған  ғылымның
маңызы өте зор.
Біздің мақсатымыз жастардың этнопедагогикалық мәдение тін қалыптастыру
болса, онда ол туған ұлттың этномәдени құндылықтарынан, оның ішінде
рухани–адамгершілік құндылықтарынан бастау алуға тиісті.
Мұғалімнің  этнопедагогикалық мәдениеті негізін ен 
педагогикалық оқу орындарында  қалыптасуы заңды. Себебі, болашақ мұғалім
болатын жастардың педагогикалық іс–әрекетке кәсіби тұрғыдан дайын болуы
керек.
Сонымен қатар, этнопедагогиканың дамуымен тікелей  көптеген педагогикалық
мәселелер байланысты:
 
Сурет 5. Этнопедагогикамен байланысты педагогикалық мәселелердің жіктелуі
 
1.2 Адам тұлғасын қалыптастыруда ұлттық тәрбиенің рөлі туралы
ағартушы–педагогтарыдың ой–пікірлері
 
Қоғамның барлық тарихи даму кезеңдерінде халық педагогикасы жайлы ұғымды
анықтау, әр түрлі ғылыми–педагогикалық көзқарастарды қалыптастыру
проблемаларына көптеген ғалымдар, педагогтар көңіл аударды, құнды пікірлер
айтты. Олар орыс педагогтары К.Д.Ушинский, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко,
В.А.Сухомлинский, В.И.Водовозов, Г.С. Виноградов, чуваш педагогы
Г.Н.Волков, қазақтың көрнекті жаңашыл педагогы Ыбырай Алтынсарин, қазақтың
асқан ақыны, педагогы Мағжан Жұмабаев т.б.
Кейбір ғалым–педагогтардың  зерттеу мәліметтеріне қарағада
халық педагогиасы жайлы әр түрлі  ұғымдарды және көзқарастарды байқауға
болады. К.Д.Ушинский әрбір елде халықтың мүддесіне, мұхтажына сәйкес
өзіндік білім және тәрбие беру жүйесінің қажет екендігін айтты. Ол өзінің
педагогикалық теориясында  тәбиенің ұлыстық принципіне сүйеніп, тәрбиенің
халықтық идеясын дәлелдеді. К.Д.Ушинский халық дәстүрлерін,
әдет–ғұрыптарын, салт–санасын жақсы білген. Дерексіздік идеяларға сүйеніп
жазылған ең жақсы тәрбие жүйесін, халықтың мол тәрбиесіне негізделген
тәрбиеге еш уақытта тең бола алмайды–деп тұжырымдады,ол. Осыған орай халық
педагогикасының тәрбиелік ықтималын өте жоғары бағалады. Оның пікірі
бойынша халық–бірінші тәрбиеші, ал халық ертегілері –халық педагогикасын
жасаудың бірінші және жарқын әрекеті.
ХІХ ғасырдың алғашқы жылдарынан бастап ғалымдар халық педагогикасы
проблемаларына назар аудара бастады. Белгілі этнограф және педагог
Г.С.Виноградов өзінің еңбегінде халық педагогикасын жеке адамды
қалыптастыру мақсатында қолданатын дағдылар мен тәсілдердің, білім мен
іскерліктің жиынтығы деп сипаттайды.
Г.С.Виноградовтың  пікірі бойынша жас өспірімдерді оқыту және
тәрбиелеу мақсатында халықтың көзқарасын қолданатын құралдарды халық
педагогикасы деп атауға болады, өйткені, халық педагогикасы халықтың
өмірлік тәжірибесі.
Халық педагогикасын  жан –жақты зерттеген ғалымдардың бірі–Г.Н.Волков. Ол
екі монографияның авторы: Чувашская народная педагогика және
Этно–педагогика.
Г.Н.Волков халық  педагогикасының тұжырымдамасын қалыптастыруда
зор рөл атқарды. Халық педагогикасының  пәнін, педагогикалық негіздерін,
тәрбиенің  әдістері мен құралдарын анықтады. Оның анықтауы
бойынша халық педагогикасы–бұл халықтың тілегіне сәйкес, жеке адамның
бойына қасиеттерді дарыту мақсатымен еңбекшілердің педагогикалық
дәстүрлердің, тәсілдерің, тәрбие мен оқытуда өзара тәуелділік
мақсаттарыдың, міндеттердің және құралдардың жиынтығы.
Г.Н.Волков ең алғашқы  рет Этно–педагогика терминін қолднады.
Этнопедагогика жас ұрпақты тәрбиелеуде халық тәжірибесі, өмір, үйелмен
педагогикасы, ру, тайпа, ұлыс және ұлт ғылыми теориялық ойлардың өрісі.
Халық педагогикасы туралы ұғымның анықтамасы жайлы  кейбір ғалымдардың,
педагогтардың пікірлеріне тоқталған жөн.
А.Ш.Гашимов  халық педагогикасына анықтама беру үшін тәрбие
жөнінде халық идеяларының  аса көңіл бөлудің қажет екенін айта келіп:
Халық педагогикасы–кең мағынада айтқан да тәрбие мәселелері
бойынша халық дәстүрлерінің, әдет–ғұрыптардың, идеяларының жиынтығы,–деді.
Кейбір авторлар халық педагогикасының зерттеу  саласын тәрбие
деп қарастырды. Әрине, тәрбие жастарды әлеуметтік өмірге, еңбекке 
даярлау және қоғамдық қоғамдық тарихи тәжірибені үйрету процесі. Сонымен
бірге халық педагогикасында оқыту процесінде маңызы өте зор. Өйткені, халық
жастарды да оқытады, оларды мамандық алуға, зергерлікке, ұлттық спорт
ойындарына да үйретеді. Демек, халық педагогикасында тәрбие мен оқытуды екі
жақты бір текті,яғни тұтас педагогикалық процесс деп қарастыру керек.
Әр түрлі  ғылыми мәліметттергі сүйеніп халық  педагогикасы туралы ұғымның
мәнін Орта Азия және Қазақстан халықтарының педагогикалық көзқырыстарын
зерттеген А.Э.Измаилов былай анықтауға болар еді дейді: халық педагогикасы
бұл жиналған және эмпирикалық білімнің  практикасымен тексерілген, ұрпақтан
ұрпаққа берілетін мағұлматтар, іскерлік пен дағдылар жиынтығы, халықтың
әлеуметтік және тарихи тәжірибесінің жемісі. Әр түрлі халықтардың
дәстүрлері мен әдет–ғұрыптарының мақсаты–жасұрпақты бұқараның ең жақсы
идеяларына тәрбиелеу. Халық педагогикасы ескерткіштерінің халық
ертегілерінде, батырлар жырында, мәтелдер мен мақалдарында, эпостарда
тәрбиелік мәні өте зор. Оларды қазіргі ғылыми педагогикалық мәліметтермен
ұштастырып, заман талабына сәйкес тиімді пайдалану қажет. Өйткені ғылыми
педагогикалық ойлардың негізін салуышы халық педагогикасы.
Халық педагогикасы–бұл ұлттық қазына, кең өріс ХІХ ғасырдың екінші
жартысында Шоқан Уалиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Шәкәрім
Құдайбердиев, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев т.б. педагогикалық
ой–пікірлерді дамытқан қазақ халқының ғұлама ғалымдары.
Бұл демократ–ағартушылардың еңбектеріндегі қазақ халқының әдет–ғұрыптары,
салт–дәстүрлері, мақал–мәтелдері, фольклорлық жырлары мен көркем
шығармалары, тілі мен мәдениеті ұлттық тәрбиенің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеке тұлғаның қалыптасу философиялық негізі
Қоғамның әлеуметтiк даму жағдайында мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудi теориялық-әдiснамалық тұрғыда негiздеп, ғылыми-әдiстемемен қамтамасыз ету
Жеткіншектерге құқықтық тәрбие берудің педагогикалық шарттары
Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудің педагогикалық шарттары
Бастауыш сынып оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеудің педагогикалық негіздеулері
Бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім берудің дамуы
Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық құндылықтарын қалыптастырудың үлгісі
ЕРЛІК ДӘСТҮРЛЕРІ НЕГІЗІНДЕ ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ҰСТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТӘЖІРИБЕСІ
Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесі
Бастауыш сынып оқушыларына дүнетану пәнін оқыту барысында экологиялық тәрбие беру жолдары
Пәндер