Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығында кластерді жетілдірудің жолдары



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І Тарау. Кластерлік жүйенің дамуы мен теориялық аспектілері
1.1.Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруде кластерлік
жүйені пайдалану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2.Өнімнің ішкі кешенінің кластерлік жүйедегі орны ... ... ... ... ... ... .15
1.3.Экономиканың шикізаттық құрылымын өзгертуде
кластердің рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
ІІ Тарау. Қазақстан Республикасындағы кластердің қазіргі жағдайына
талдау жасау (ОҚО бойынша)

2.1.Қазақстандағы мақта кластерінің қазіргі жағдайын талдау ... ... ... 27
2.2.Мақта клатерінің негізі. шаруа қожалықтарын қолдау жолдары ... ... 42
2.3.Мақта кластерін үйымдастырудағы баға белгілеудің маңызы ... ... .49
2.4. Мақта шаруашылығындағы шикізаттық базаны
дамытудың келешегі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 56
ІІІ.Тарау. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығында кластерді жетілдірудің жолдары
3.1. Агробизнестегі кластер .бәсеке қабілеттілікті арттыру тәсілі ... ... ... 70
3.2. ОҚО ауыл шаруашылығын жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... .78
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 83
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...87
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Қазақстан өз азаматтары үшін өмір сүрудің жоғары стандарттарын жасай отырып, әлемнің тиімді дамып келе жатқан елдерінің қатарына қосылуға тиіс. Біз мұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабілетті болған жағдайда ғана істей аламыз.
Экономикасы дамыған елдердің практикасы ғаламдық экономикалық бәсекелестік жағдайында экономиканың бірқалыпты өсуіне жаңа технологиялар мен талдамаларды өндіріске енгізудің жоғары деңгейі негіз болып отырғанын көрсетеді. Әртүрлі бағалар бойынша дамыған елдерде өндіріс өсімінің 70% -тен 100 %-іне дейін бүгінгі таңда инновацияларды пайдалану есебінен қамтамасыз етілуде.
Дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отырғанындай, инновациялық қызметті дамыту іргелі және қолданбалы ғылымның жай-күйіне және ғылыми-техникалық талдамалардың коммерциялық мақсатта қажет етілуіне тікелей байланысты. Осы индустриалды – инновациялық бағдарламаның негізгі маңызды бір құрылымы кластер болып табылады. Индустриялық – инновациялық саясатты іске асырумен бір мезгілде біз елдің аграрлық секторын нығайтуға бет бұрдық. Қазақстандағы экономикалық өзгерістердің қисыны ауыл шаруашылық салада агробизнестің оңтайлы құрылымын қалыптастыруға, бәсекеге қабілеттілікті арттыру қажеттігіне, ауыл шаруашылық өндірісінің маркетингтік стратегияға көшуіне, ішкі нарықты импортты алмастыруға байланысты жаңа сапалық өсуге көшуді талап етті.
Қазір сала жаңа кезеңнің табалдырығында тұр, бұл кезең ашық экономика және тағам өнімдері саудасының әлемдік жүйесі жағдайында оның тиімді дамуын қамтамасыз етуі тиіс. Бұл әсіресе алдағы кезде БСҰ-ға кіруге байланысты өзекті болып отыр. Біз үшін басты басты міндет – халықаралық саудадағы құқықтың кемсітушілігін болдырмау және азық-түлік қауіпсіздігі мен ел аграрлық секторының тиімді даму мүмкіндігін сақтай отырып, тауарлар мен қызметтердің әлемдік нарығына нақты қол жетімділігі қамтасыз ету.
Яғни , кластер жүйесін экономика секторының басымды жеті бағытына енгізу жоспарланған.Негізгі экономиканың басымды секторлары миұнай-газ, ауыл шаруашылығы (мақта кластері, күріш кластері, өсімдік май кластері), қара және түсті металлургия және т.б. салалар.
Қазақстан табиғи ресурстарға бай ел болғандықтан, экономикаға кластер жүйесін енгізу тиімді болып табылады. Әсіресе кластер жүйесін ауыл шаруашылығы саласына енгізу мәселесі бүгінгі таңда Қазақстан экономикасының маңызды проблемаларының түйіні. Себебі, біртұтас әміршіл мемлекет ретінде КСРО – ның өмір сүруін тоқтатуы, бұрынғы республикалардың орнына жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы осы елдердің тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз ету, жалпы агроөнеркәсіп кешенін дамыту ,ауыл шаруашылығында әлеуметтік және саяси жаңартуларды жүзеге асыру қажеттілігі тұрғаны белгілі. Халықты ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз етуде белгілі бір табысқа жеткеніне қарамастан, шын мәнінде жоспарлы экономика кез-келген өндірушіге оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге өндіріс құралдарынан алыста қалып, өзі шығарған өнімнің қожайыны бола алмайтындай өндірістік қатынастарды таңдаудан әрі аса алмады. Еліміз нарықтық экономикаға өткеннен соң артта қалған ауыл шаруашылығын, агроөнеркәсіп кешенін дамытуға көптеп көңіл бөле бастады.
1. Сагыбалдин А.А. Теоретические аспекты развития форм собственности
и организации производства в сельском хозяйстве // Вестник сельско-
хозяйственных наук, 1992, № 8,22-26.б
2. Сагадиев К.А. Современные проблемы использования ресурсов в
сельском хозяйстве // Исследования, результаты, 1999, № 1. 25-29б
3. Куватов Р.Ю. АПК: Новые условия хозяйствования. А., 1991. - 334 б
4. Иманбердиев Б.Ж. Модели и методы управления динамичным
развитаем экономики. А.: "Экономика", 1999. - 191 б
5. Қалдыбаев О. Экономика предприятия (фирмы). Учебное пособие. А.:
"Санат", 1997.-224 б.
6. Ансофф И. Стратегическое управление. // Пер. с англ. М.: Экономика,
1989.-519 б
7. Питерс Т., Уотерман Д. В поисках эффективного управления. // Пер. с
англ. М.: Прогресс, 1986.-418 б
8. Друкер П. Эффективный управляющий. Москва, 1984. – 266б.
9. Әбділдин С. Агробизнесті үйымдастыру. А.: Қазұлтагру, 2001. - 456 б.
10. Сулейменов Ж.Ж. Управление аграрным сектором Казахстана в
условиях рыночных отношений. А., 2001. - 219 б
11. Макулова А.Т. О моделировании принятия управленческих решений в
условиях агрорынка // Вестник сельскохозяйственных науки Казахстана,
«Бастау», 2002, №5,. 23-25.б
12. Репп Х.О. Управление в агропромышленном комплексе (вопросы
теории и практики). М.: ВНИИЭСХ, 1994.
13. Репп Х.О. Реформирование управления в АПК // Экономист, 1993, №9.
. 8-12.б
14. Чаянов А.В. Организация сельского хозяйства. М.: Колос, 1993. - 274 с.
15. Макин Г. Организация управления в АПК в современных условиях //
АПК: экономика, управление. М., 1999, №1, 26-32.б
16. Сулейменов Ж.Ж., Успанова М.У. Аграрный сектор экономики
Казахстана в условиях глобализации // Саясат, декабрь, 2001ж,44-47б
17. Злобин Е.Ф. Управление агропромышленным холдингом. М.:
АгриПресс, 2001, 78-79б.
18. Поляков А.Ф. Современная концепция развития системы управления
агропромышленным комплексом // Экономика и управление АПК
(Межвузовский сборник научных трудов). Изд.: Мордовского
университета, 1991,. 4-12.б
19. Калиев Г.А., Сатыбалдин А.А., Турсунов С.Т. Казахстан: рынок в АПК.
А.:Кайнар, 1994. -318б.
20. Подольский Л.И. Землеустройство: общественно-экономическая теория.
Алматы, 2000.-297 б
21. Есиркепов Т.А. Приватизация государственной собственности в АПК
Казахстана: принципы, формы, методы // Проблемы агрорынка, 1994,
№1,б 31-54.
22. Петренко М.Я. и др. Экономика крестъянского (фермерского) хозяйства.
А.:Кайнар, 1993. -368б.
23. Ахметов Р. Совершенствование структуры управления регионалыюго
АПК // АПК: экономика, управление, 2003, №2, б12-19.
24. Назарбаев Н.А. Қазақстан - 2030: Барлық қазақстандықтардың өсіп-
өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы: Ел Президентінің
Қазақстан халқына Жолдауы. Алматы: Білім. 2001. - 96 б
25. Тажитаев К. Экономический механизм хозяйствования в аграрном
секторе. Дис.к.э.н. Алматы, 2001, с. 62-64, с. 85, с. 100-103. - 123 б
26. Нурмухамедова Ш.С. Организация управления производством и сбытом
сельскохозяйственной продукции в АПК региона. Москва, 2001. - 173 б
27. Ювица Н.В. Система управления промышленными предпрлятиями в
условиж рынка. Дис. д.э.н. Алматы, 2000, с 155-156. – б
28. Вальтер О.Э. Финансовая политика предприятий // Экономика
сельскохо-зяйственных и перерабатывающих предприятий. Москва,
1998, №6, с. 26.
29. Макаренко М.В. Производственный менеджмент. Москва, 1998. - 277 б
30. Куралбаева А.ПІ. Повышение эффективности хлопководства в условиях
рыночной экономики. Диссер. к.э.н. Алматы, 1999. - 109 б
31. Чивазова А.З. Управление развитием и функционированием малого
предприятия в рьшочных условиях хозяйствования. Диссер. к.э.н.
Алматы, 2002, с. 48-52. - 131 б
32. Алимова Т. Диверсификация деятельности малых предприятий //
Вопросы экономики, 1997, №6, б. 19-21.
33. Коргасбаев Ж.К., Жарекешев Х.Б., Омаров Н.А. Казахское село:
современность, тенденции, проблемы развития. А.: КазНИИЭОАПК,
2001.-230 б
34. Продовольственный рынок Казахстана. Пособие для предпринимателей,
преподователей / Союз производителей продуктов питания Казахстана.
А., 1999.-291 б
35. Апсалямов Н. Агропродовольственный сектор РК: проблемы станов-
ления и развития / Институт развития Казахстана. А.: ИРК, 2003. – 177б
36. Марченко М.П. Какой руководитель нам нужен. Москва: Экономика,
1993.-173 б
37. Жер туралы кодекс // Казахстанская правда, 28 июнь, 2003 г.
38. Абдикеримова Г.И. Формирование стратегии управления в агро-
промышленных предприягиях крупного региона. Диссер. к.э.н. Алматы,
2000,. 49.-114б.
39. Олимов А.Х. Эффективность территориальной организации
производства хлопка-сырца в Республике Таджикистан. Автореферат.
Душанбе, 2003,. 9-11б

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 87 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе---------------------------- ----------------------------------- -----
-------------------3

І Тарау. Кластерлік жүйенің дамуы мен теориялық аспектілері

1.1.Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруде кластерлік
жүйені пайдалану-------------------------- --------------------------------
---------------6
1.2.Өнімнің ішкі кешенінің кластерлік жүйедегі орны-----------------------
--15
1.3.Экономиканың шикізаттық құрылымын өзгертуде
кластердің рөлі------------------------------- ------------------------- --
----------------19

ІІ Тарау. Қазақстан Республикасындағы кластердің қазіргі жағдайына
талдау жасау (ОҚО бойынша)

2.1.Қазақстандағы мақта кластерінің қазіргі жағдайын талдау-----------
-27
2.2.Мақта клатерінің негізі- шаруа қожалықтарын қолдау жолдары--------42
2.3.Мақта кластерін үйымдастырудағы баға белгілеудің маңызы---------49
2.4. Мақта шаруашылығындағы шикізаттық базаны
дамытудың келешегі--------------------------- ------------------------ ----
------------56

ІІІ.Тарау. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығында кластерді
жетілдірудің жолдары

3.1. Агробизнестегі кластер -бәсеке қабілеттілікті арттыру тәсілі----------
--70
3.2. ОҚО ауыл шаруашылығын жетілдіру жолдары---------------------------- -
78

Қорытынды-------------------------- ----------------------------------- ------
-------------83

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі----------------------------- --------------
--------87

Кіріспе

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Қазақстан өз азаматтары үшін өмір
сүрудің жоғары стандарттарын жасай отырып, әлемнің тиімді дамып келе
жатқан елдерінің қатарына қосылуға тиіс. Біз мұны ұлтымыз бен экономикамыз
бәсекеге қабілетті болған жағдайда ғана істей аламыз.
Экономикасы дамыған елдердің практикасы ғаламдық экономикалық
бәсекелестік жағдайында экономиканың бірқалыпты өсуіне жаңа
технологиялар мен талдамаларды өндіріске енгізудің жоғары деңгейі негіз
болып отырғанын көрсетеді. Әртүрлі бағалар бойынша дамыған елдерде
өндіріс өсімінің 70% -тен 100 %-іне дейін бүгінгі таңда инновацияларды
пайдалану есебінен қамтамасыз етілуде.
Дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отырғанындай, инновациялық қызметті
дамыту іргелі және қолданбалы ғылымның жай-күйіне және ғылыми-техникалық
талдамалардың коммерциялық мақсатта қажет етілуіне тікелей байланысты. Осы
индустриалды – инновациялық бағдарламаның негізгі маңызды бір құрылымы
кластер болып табылады. Индустриялық – инновациялық саясатты іске
асырумен бір мезгілде біз елдің аграрлық секторын нығайтуға бет
бұрдық. Қазақстандағы экономикалық өзгерістердің қисыны ауыл шаруашылық
салада агробизнестің оңтайлы құрылымын қалыптастыруға, бәсекеге
қабілеттілікті арттыру қажеттігіне, ауыл шаруашылық өндірісінің
маркетингтік стратегияға көшуіне, ішкі нарықты импортты алмастыруға
байланысты жаңа сапалық өсуге көшуді талап етті.
Қазір сала жаңа кезеңнің табалдырығында тұр, бұл кезең ашық
экономика және тағам өнімдері саудасының әлемдік жүйесі жағдайында
оның тиімді дамуын қамтамасыз етуі тиіс. Бұл әсіресе алдағы кезде
БСҰ-ға кіруге байланысты өзекті болып отыр. Біз үшін басты басты
міндет – халықаралық саудадағы құқықтың кемсітушілігін болдырмау және
азық-түлік қауіпсіздігі мен ел аграрлық секторының тиімді даму
мүмкіндігін сақтай отырып, тауарлар мен қызметтердің әлемдік
нарығына нақты қол жетімділігі қамтасыз ету.
Яғни , кластер жүйесін экономика секторының басымды жеті
бағытына енгізу жоспарланған.Негізгі экономиканың басымды секторлары
миұнай-газ, ауыл шаруашылығы (мақта кластері, күріш кластері, өсімдік май
кластері), қара және түсті металлургия және т.б. салалар.
Қазақстан табиғи ресурстарға бай ел болғандықтан,
экономикаға кластер жүйесін енгізу тиімді болып табылады. Әсіресе
кластер жүйесін ауыл шаруашылығы саласына енгізу мәселесі бүгінгі
таңда Қазақстан экономикасының маңызды проблемаларының түйіні. Себебі,
біртұтас әміршіл мемлекет ретінде КСРО – ның өмір сүруін тоқтатуы,
бұрынғы республикалардың орнына жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда
болуы осы елдердің тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз ету, жалпы
агроөнеркәсіп кешенін дамыту ,ауыл шаруашылығында әлеуметтік және саяси
жаңартуларды жүзеге асыру қажеттілігі тұрғаны белгілі. Халықты ауыл
шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз етуде белгілі бір табысқа
жеткеніне қарамастан, шын мәнінде жоспарлы экономика кез-келген
өндірушіге оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге
өндіріс құралдарынан алыста қалып, өзі шығарған өнімнің қожайыны
бола алмайтындай өндірістік қатынастарды таңдаудан әрі аса алмады.
Еліміз нарықтық экономикаға өткеннен соң артта қалған ауыл
шаруашылығын, агроөнеркәсіп кешенін дамытуға көптеп көңіл бөле
бастады.
Біз бәсекеге қабілетті экономиканың үлгісін таңдай отырып,
экономикасы дамыған шет елдердің көп жылдық іс - тәжірибесіне сүйене
отырып, ел экономикасының бәсеке қабілеттілігін арттыру жәек қарымы
мол салаларды дамытуға кірістік, сол арқылы қазақстандық кластерлерге
жол аштық.
Осыған байланысты елімізде агроөнеркәсіп кешенін
диверсификациялау (әр тараптандыру) және өндірілген өнімінің деңгейін
арттыру мақсатында басымдыққа ие салалар бойынша 2003 жылы стартегиялық
бағдарламалар бекітілген болатын.
Дамыған елдерден Германия, АҚШ, Жапония және Латын Америкасы мен
Азияның дамушы елдерінде кластерлік тәсілдің озық жетістіктері
белгілі болуда. Кластерлік жүйе қағидаларын қолданған елдерде ол
аймақтарды дамытуға айтарлықтай серпін берген.
Шетлдерде бәсекеге қабілетті ұлттық салалар бүкіл экономика
бойынша біркелкі таралмаған, бір-біріне бағынышты салалардан тұратын
кластерлерге ( шоғырларға) байланыстырылған. Мысалы, Италияда
экспорттың 40 пайызға жуығы азық-түлікпен, сәнді киім жасаумен немесе
тұрғын үйді көркейтумен байланысты салалар кластерінің үлесіне
келеді. Швецияда жалпы экспорттың 50 пайызынан астамы тасымалдаумен,
металлургия және ағаш өңдеумен байланысты салалар кластерлері
өнімдерінің экспорты құрайды. Данияда үй үшін тауарлар өндіретін
және денсаулық сақтаумен (формацептика, витаминдер, медициналық жабдықтар
және т.б.) байланысты бәсекеге қабілетті салалардың кластерлері бар.
Майкл Портердің айтуынша Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін
арттыруда ең шешуші модель - кластерлік тұрғыда даму болып табылады.
Ғылыми орталықтар мен университеттер осы жобаны іске қосу тетіктерін
талдау жұмыстарымен айналысуы тиіс.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2005
жылғы 19 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында Республика
Үкіметінің алдына келесідей міндет қойы, яғни онда былай деген
болатын: " Біздің іс жүзінде барынша тиімділік беретін үздік
халықаралық тәжірибелерді негіздеуіміз қажет. Соның бір мысалы,
индустрияны дамытуға кластерлік тұрғыдан келу бола алады."
Елімізде кластерді ең адымен астық, мақта өндірістерінде дамытуға
болады. әрі мұндай тәсілді мал шаруашылығында да сапалы дайын өнім
щзығару мақсатында қолданып көру қажет.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері - Қазақстан Республикасы
ауыл шаруашылығындағы кластер жүйесін зерттеу болып табылады. Осы
мақсатқа жету үшін жұмыста мынадай мәселелерді шешу қарстырылады:
- кластерлік жүйенің мәнін қарастыру;
- кластерлік жүйені ауыл щаруашылығында қолдану ерекшелігі
қарастырылады;
- Оңтүстік Қазақстан облысындағы мақта кластерінің жағдайын талдау;
- ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде кластерлік жүйені пайдалану мен
бәсеке қабілеттілікті арттыру тәсілдерін қарастыру.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі кіріспеден, 3 тараудан,
қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.Көлемі 80
беттен тұрады, яғни оның ішінде 15 кесте және 7 сызбадан құралған.
Бірінші тарауда кластер жүйесі дамуының теориялық аспектілері
қарастырылады.
Екінші тарауда кластерлік жүйенің қазіргі жағдайына талдау
жасалынады.Оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысындағы мақта кластерінің
қазіргі жағдайы қарастырылады.Мақта кластерімен шұғылданатын шаруа
қожалықтардың жағдайымен, олардың өндірісіне кластерді енгізідегі негізгі
мәселелерді талдау.
Үшінші тарауда кластерлік жүйені енгізу мәселелері және оны
жетілдіру жолдары мен бағыттары қарастырылады.

І.Кластерлік жүйенің дамуы мен теориялық аспектілері

1.1.Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруде кластерлік жүйені пайдалану

Экономиканың басқа салалары сияқты ауыл шараушылығы да өтпелі
кезеңді бастан өткеруде. Мұнда ауыл шараушылығы нарығының ырықтануын
тереңдету және кәсіпорындардың өндірістік іс-әрекеттеріне мемлекеттің
тапсырыстары мен бағаны бақылау арқылы ғана араласуын күшейту үрдістері
белең алуда. өнімнің тұрақты өтіміне кепілдік беретін жүйенің жоқтығы және
баға тепе-теңсіздігі салдарынан ауыл шаруашылығы үздіксіз ұдайы өндіріс
үшін өзіндегі бар әуелетін толығымен іске асыра алмауда. Бүкіл ел көлемінде
өзінің техникалық дамуын кідіртіп алуына байланысты ауыл шараушылығы
машина жасау саласының, химия және отын-энергетика кешенінің, құрылыс
заттары өнеркәсібі мен жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің ірі тапсырыс берушісі
мен тұтынушысына айнала алмауда. Негізінен, ауылға жұмыс істеуші
кәспорындардың пайдалылық деңгейі ауыл шараушылық кәсіпорындарына
қарағанда анағұрлым жоғары болып келеді. Тұрақты экономика жағдайында бір
шаруа басқа салалардағы 7-8 жұмысшыны жұмыспен және ауыл шараушылық
кәсіпорындарынан гөрі біршама жоғарырақ жалақымен қамтамасыз ете алады. Дәл
осы ауыл шараушылығы өндірісінің жоғары даму деңгейі, төлем қабілеттілігі
және ондаған салалардың өнімі болып табылатын материалдық-техникалық
қорларды (техника, қосалқы бөлшектер, химиялық құралдар, энергетикалық
ресурстар) табу мен сіңіру қажеттігі мен мүмкіндігі барлық халық
шараушылығы кешенінің тұрақты дамуын анықтайды. Мемлекеттік реттеу,
бірінші кезекте, осы бағытта жүргізілу керек.
Халық шараушылығы кешенін дамытудың объективті заңдылықтарында 90-
жылдары жіберілген дөрекі қателіктер ел экономикасына бірден әсерін
тигізді. Стратегиялық маңызды сала ретінде ауыл шараушылығы өндірісінің
төмен құлдырауы мен бұзылуы көптеген салаларды дағдарыстық жағдайға,
экономиканы бүтіндей тұрақсыздануға әкеліп соқтырды. Бұл мәселені
экономикалық тұрғыдан сараптай келе, өз ауыл шараушылығын дамытуға елеулі
мән бермеген және шикізатты жеткіліксіз өндірген елдің басқа елдерге
конъюктуралық бағынышты болатынын айта кеткен жөн. Міне, сондықтан ауыл
шараушылығын дамытуға баса назар аудару-тіпті, әлемдік қауымдастықты
басқарушы мемлекеттер үшін де міндетті талап деп есептеледі.
Көпшілік елдер аграрлық саясатты аса маңызды, стратегиялық сала
ретінде ресми түрде қарастырады. Жоспарлы экономикадан жаңа нарық жүйесіне
өту үшін біршама еркін макроэкономикалық орта қажет. Сұраныс пен ұсыныс
қағидаларына негізделген өндіріс жүйесінің құрылуы ішкі нарықта көлденең
байланыстардың жасалуы мен нығаюын талап етеді. Қазіргі кездегі ең
маңызды мәселе баға құрудың көп жақты құрылымынан құтылып, баға
құрудың табиғи механизмінен көшу болып табылады. Өте тапшы әрі
стратегиялық маңызы бар қорларды өндіру, жабдықтау және тарату
мәселесі кез-келген жағдайда бақыланып отыруы қажет. Алайда, өндірістік
– техникалық және басқа да тауарлар мен қызмет түрлері үшін еркін
нарықтардың құрылуын қамтамасыз ету үшін бұл өнімнің тізімі шектеулі
болуға тиіс.
Сондай – ақ , ауыл шаруашылығының өзіне тән айқын ерекшеліктері
инвесторлар үшін оның тартымдылығын төмендетеді. Өндірістің маусымдық
сипаты мен жоғары қор сыйымдылығы; табиғи – климаттық жағдайларға
тәуелділігі; аграрлық салада қолданылатын материалдық – техникалық
ресурстардың қозғалымсыздығы; тұрақты табыс алудың үнемі жоғары
тәуекелге бағыныштылығы; көптеген ауыл шаруашылығы өнімдеріне деген
сұраныстың икемсізділігі; шығын жұмсау мен өнім алу кезеңдері
арасындағы уақыттың ұзақтығы және басқа да ерекшеліктері АӨК салаларын
бәсекеге қабілетсіз жағдайға ұшыратады.
Осы және басқа да ерекшеліктерді, сонымен қатар әртүрлі
елдердегі (және одақтардағы) агроөнеркәсіптік кешеннің даму
маңыздылығын ескере отырып, АӨК экономикасын, бірінші кезекте ауыл
шаруашылығы өндірісін мемлекеттік реттеудің қажеттігі мен заңдылықтары
анықталып, әдістемелік негіздері дайындалды. Олар іс жүзінде
мемлекеттің аграрлық саясатында кеңінен қолданылады. Барлық дамыған
елдерде мемлекет әртүрлі экономикалық және қаржылық іс шаралар мен
тәсілдердің (оның ішінде: ауыл шаруашылығы тұтынатын ресурстарға жәрдем
ақы (дотация) мен өтем ақы (компенсация) беру, салықты азайту немесе
одан босату, тарифті төмендету, бюджеттен компенсациялау арқылы несиелеу
және сақтандыру жүйелері, т.с.с.) көмегімен кірістерді көбірек
монополияланған өнеркәсіп саласынан азырақ монополияланған ауыл
шаруашылығына қайта бөлу арқылы оған тұрақты да орнықты қолдау
көрсетеді.
Сондықтан, отандық мақта шаруашылығын мемлекеттік қолдау үшін
еліміздің негізгі мақта өндірушісі – Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл
шаруашылығына тән айқын ерекшеліктерін ескеру қажет:
1. Ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі құралы саналатын жердің
сапасы қанағаттанғысыз. Оның құнарлы күрт нашарлап, құрамындағы
қарашірік көлемі азайған. Ауыл шаруашылық жерлерінің елеулі
бөлігі ауыл шаруашылық дақылдарын өсіруге жарамсыз, көптеген
алқаптарда бұтақтар өсіп кеткен, топырақ қышқылдығы да жоғары.
Жер құнарлығын ең болмағанда 80-жылдардағы деңгейге дейін қайта
қалпына келтіру үшін қомақты, ұзақ мерзімді инвестиция қажет.
2. Облыс территориясының басым бөлігі жер шаруашылығына қауіпті
аймақта; ал, ауыл шаруашылық жерлерінің үштен екісі ылғалдылық
мөлшері жеткіліксіз әрі тұрақсыз аймақта орналасқан. Осының
салдарынан әртүрлі мерзімге созылатын құрғақшылықтар қайталанып
отырады.
3. Облыста өндіріс құрылымын қайта құру, егістік алқаптарын қысқырту
және өндірісті қол астына алу үрдісі қайталанып отырады.
4. Ғылыми-техникалық прогрестің, озық технологияның және ауыл
шаруашылығындағы өндірісті жүргізу қарқындылығының деңгейі
бойынша, бір өнімге шаққандағы өндірісті еңбек шығыны мен өнімнің
өзіндік құны бойынша облыс көп артта қалған. Соңғы жылдары бұл
көрсеткіш бірнеше есе өскен. Іс жүзінде, ауыл шаруашылығы
өндірісін индустриясыздандыру, қол еңбегіне өту және ең қарапайым
технологияны қолдану тенденциясы байқалуда. Техниканың тапшылығы
мен шетелдік үлгілеріне қарағанда ескілеу болуы және пайдалану
мерзімінің өтіп кетуіне байланысты оған деген сенімсіздіктің
артуы салдарынан облыста өнімді кем жинау мен жоғалту деңгейі
басқа елдерлегіден бірнеше есе жоғары.
5. ОҚО-ның ауылдық жерлеріндегі инфрақұрылымның даму деңгейі төмен,
яғни жол салу, байланыс жүйелерімен қамтамасыз ету және сумен
жабдықтау мәселелері жағынан елеулі қиындықтар кездеседі. Ауылдық
елді мекендер көгалдандыру деңгейі жөнінен және тұрғын үй,
мектеп, аурухана секілді тұрмыстық-әлеуметтік қызмет көрсету
ғимараттары жөнінен қаладан едәуір артта қалып отыр.
6. Қазіргі кезде Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы
өндірісі ауыл шаруашылығындағы жұмысшылар мен ауыл тұрғындарын
қарқынды пайдалану есебінен және уақытылы төленбейтін жалақының
төмен деңгейі есебінен күнелтіп отыр. Мұның зардабы ауылдық
аумақтардың құлдырауына, ауыл халқының басым бөлігін құрайтын
қарт адамдардың өліміне және жұмысқа жарамды, білікті ауыл
халқының қалаға көшуіне әкеліп соқтырды. Осының салдарынан ауыл
шаруашылығы өндірісінің кадрлармен , әсіресе білікті мамандармен өте
төмен деңгейде қамтамасыз етілуі ғылыми-техникалық прогресті
ендіруге және осы саланы дамытуға үлкен кедергі болды.
Ауыл шараушылығы саласын тиянақты дамытудың бірден-бір қажетті
шарты, нарықтық экономика жағдайында барлық шаруашылықтар мен меншік
түрлерінің тәуелсіздігі және тепе - теңдігі болып саналады.
Алайда, әрқашан жаман мен жақсының қатар жүруі өкінішті өмір
заңдылығы. Қазақстанда мұндай жағдайлар аграрлық секторда, таза су ,
білім беру, шалғай аудандармен байланыс, медициналық қызмет көрсету
мен жақсы жолдар салуда өз орнын таппай отыр.
Қазақстандағы аграрлық секторға тоқталар болсақ, осы жағдайда
болып жатқан реформалардың ішінде маңызды роль суармалы жерлерге
тиесілі болып тұр. Қазақстан табиғатының әртүрлі болуына қарамастан,
тың жерлердің табиғи жағдайын жақсартуға қатыспаған бірде-бір ауданды
атауға болмайды.
Қазіргі таңда Республикамыздағы аудармалы жүйенің тек қана
күрделі массивтерге, бірнеше шаруашылық мекемелеріне немесе толық
аудандарға арналып есептелмегендіктен, кіші және орта шаруашылықтар
өз күштерімен жерлерін өңдей алмайды.
Осының нәтижесінде суармалы жерлердің экономикалық тиімділігі
күрт төмендеп бара жатыр. Ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасы мен
саны қысқарып кетті. Ауылдық жерлердегі мұндай төмендеу тек қана
суармалы жердің құндылығы мен өнімділігін төмендетіп қана қоймай, сол
жерлерде тұратын тұрғындардың әлеуметтік - экономикалық дамуына кері
әсерлерін тигізіп отыр.
Су шаруашылығы өндірісінің алдында тұрған мәселенің көлемділігі,
өндірістік қызметтің күрделілігі мен көп жоспарлылығы, сонымен қатар
шаруашылықтың нарықтық рельсіне көшу бұл жерде суда пайдаланудың
барлық механизмін жақсартуға жаңа тәсілдерді жетілдіру мен
пайдаланудың қажеттілігін обьективті түрде қамтамасыз етеді.
Қазіргі уақытта бұл жердегі жалпы жағдайға сүйенсек, бірен-саран
жақсарулармен шектелуге байланысты, берілген суды жұмыста пайдалану
процестерін басқару мәселелері талқыланады және суармалы жерлердегі
шаруашылық механизмдерін жетілдіру бойынша бірнеше ұсыныстар
жасалынып,іске асырылып та жатыр.
Елімізде жүргізілген аграрлық реформаның негізгі мәселелерінің
бірі ішкі өндірістік өмір сүруге қабілетті құрылым құру. Көптеген
ішкі шаруашылық мелиоративтік жүйелердің жұмыс істемеуі, суды
пайдаланушылар арасындағы жерді суару және суармалы жерлерді күту
кезінде жиі болатын конфликтілік жағдайлар, суармалы жерлерді өңдеу
жүйесінің техникалық деңгейінің жалпы нашарлап кетуі, ол жерлерде
суды пайдаланушылар ассоциациясын құру арқылы интеграциялық процестер
жасауды талап етеді. Мұндай реформалардың толық іске асуы үшін, суармалы
өңірлер мен ауылдық жерлердегі тұрғындардың әлеуметтік - экономикалық
теңсіздіктерін мемлекет реттеп отыруы тиісті. Өйткені, су бассейіндері
аймақтарында мекендеген тұрғындардың бүкіл өмір сүру мүмкіншіліктері
мен әлеуметтік - экономикалық жағдайлары сумен немесе суға байланысты
өнімдер мен өндірістерге байланысты нарықтық қатынастың толық
орнауы әлеуметтік - экономикалық дамуды көрсетеді. Ал, нарықтық қатынас,
тұрғындардың әлеуметттік немесе экономикалық деңгейінің көтерілуі
барлық үш құраушы бірге болғанда ғана толық орнайды.
Нарықтың реттеуші жүйесі маңызды құраушысы адамды әлеуметтік
қорғау болып табылады, оған төмендегі аспектілер кіреді:
- Жеткілікті түрде қамтамасыз етілмеген тұрғындар категориясын
әлеуметтік қорғау;
- Жұмыссыз статусын алған азаматтарды әлеуметтік қорғау;
- Тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етуді көбейту мөлшері.
Соңғы үш жыла бюджеттің пайдасы аз да болса шығыннан артық
бола бастады. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің өскені
байқалады. Егер 2002 жылы 2001 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 14,4%
пайызға өссе, 2005 жылы 2002 жылмен салыстырғанда 21,4% пайызға
өскен.
Сонымен қатар жұмысшылар мен қызметкерлердің орташа жылдық саны
қысқарып кеткені байқалады. 2001 жылмен салыстырғанда 2002 жылы
олардың саны -19,2 пайызға, ал 2005 жылы 2001 жылға қарағанда 3,5
пайызға қысқарған, облыстық еңбек ресурстары саны өсуде. Осыған
байланысты экономикалық белсенді және емес тұрғындар саны өсуде. Оның
ішінде еңбек ресурстарының ең көп бөлігі белсенді тұрғындар. Олардың
көп бөлігі жұмыс істейді. Іштерінде өз жұмыстарымен шұғылданатындары
да баршылық.
Ал енді, таза ауыз су проблемасына келсек, бұл екінші он жылдық
басталуына қарай сапалы ауыз суға қол жетімділік проблемасы ретінде
шешуге тиіспіз. Бұл су шаруашылығы саясатында басым бағыт болады.
Мемлекет бұл үшін халқын қажетті көлемде және кепілді сападағы ауыз
сумен тұрақты қамтамасыз ету жөніндегі жоспарлы жұмысты
жалғастырады.Осы қажеттер үшін " Ауыз су " бағдарламасында алдағы 10
жылға 115 миллиард теңге көзделген.
Суды тазартудың, сумен қамтамасыз етудің жаңа технологиялары
ендірілуі тиіс және сумен қамтамасыз ету жүйесінің жаңалары салынып,
қазіргілері қайта жөнделіп, су көздернің сенімділігі арттылуы
тиіс
Ашық су қоймаларын немесе нормативтерге сәйкес емес
қоймалардан су пайдаланатын бірде-бір елді мекен болмау керек.
Ауылға көптеген қамқорлықтардың жасалып жатқанын жақсы
білеміз. Көптеген заңдар қөабылданып ел игілігіне қызмет етіп жатыр.
Бірақ сол заңдардың кейде іс жүзінде асырылуы өте қиын.Сол үшін ауыл
адамдары өз құқықтарын қорғай білуі шарт.
Ауылдағы білім беру жүйесі әлі де болса өз дәрежесіне жете
алмай келеді. Стратегиялық бағыттарға сай алдағы екінші онжылдықтың
басына қарай білім мен ғылымға арналған шығынды үш есе, қазірг
і
261 миллиардтан 816 миллиард теңгеге дейін ұлғайтылады. Мұнда
шектеулі мүмкіндікті балаларға, жетім балаларға, оралмандар мен
мүгедектерге, ауылдағы түрлі жағдайлардағы балаларға көмек көрсету
тиіс.Көптеген ауыл мектептеріне компьютер кластарын орнатып, интернет
байланысын қосу керек. Жас мамандарды ауылға ынталандыру саясатымен
тарту қажет.
Ауыл экономикасының, ондағы шаруашылықтардың тәуелсіздіктен
кейінгі жетістіктері біршама жақсарып келеді.
Сиыр сауып, ешкінің сүтін алу нарықтық экономикалық қатынаста
өмір сүріп жатқандарға еш жараспайды. Соған қарамастан ауылдарда
сиыр бағып, ешкінің сүтіндей ғана сүт алатындар аз емес. Сондықтан да
ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл жылдарында малды асылдандыруға
ерекше мән берді. Атап айтқанда, жеке меншік иелерінің малын
жылдандыру бағытында мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Мсалы оның
көрінісін Жамбыл облысынан анық байқауға болады.
Қазір облыста 37 асыл тұқымды шаруашылық бар. Оның 9-ы асыл
тұқымды мал зауыты. Қалғандары мал көп болмағанымен асыл тұқымды
шаруашылықтарға қойылатын талаптарға толық жауап береді.
"Асыл тұқымды" деп аталу үшін ірі қара өрістерінде 50 сиыр, қой
қатарында 18000 саулық, сәйгүліктер үйірінде 10 бие, шошқа фермасында
250 мегежін болуы шарт.Яғни облыстағы асыл тұқымды шаруашылық осы
және басқа да талаптарға жауап береді.
Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіп кешінен бюджеттен
несиелендіру жағдайы да айтарлықтай жақсарып келеді. Тек өткен
жылға
бұл көрсеткіш 88 % пайызға артып, 11,7 миллиард теңгені
құрады.Соның ішіндегі көктемгі егіс және күзгі жиын-терін
жұмыстарын жүргізуге 4,5 миллиард теңгенің, лизингтік бағдарламаларды
жүзеге асыруға 4,3 миллиард теңгенің несиесі берілді.Ауылдық несие
серіктестерінің несие портфельдерін толықтыруға 1,4 миллиард теңге
жұмсалды.
Ауыл экономикасын көтеретін ең басты салалардың бірі ауыл
шаруашылығына тағы біраз көз жүгіртер болсақ, өткен жылдың 6 айында
республика бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі
ағымдағы бағамен 145,9 миллиард теңгені құрады, бұл 2003 жылы осы
кезеңінен 5,2 пайыз артық.
Ауыл шаруашылық министрлігінің мәліметі бойынша биыл дәнді
және бұршақ дәнді дақылдардың егістік алқабы 14,2 млн. гектарды
құрады, бұл былтырғы жылғыдан 2,5 пайызға артық. Сонымен бірге қант
қызылшасының егістік көлемі 6,8 пайызға , мақтаның егістік көлемі -
6,2 пайызға көбейді, ал дәндік жүгерінің егістік көлемі 1,7 пайызға
азайды.
Өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда үстіміздегі жылдың
1 шілдедегі жағдайы бойынша шаруашылықтың барлық санаттарында малдың
және құстың басы көбейген. Мал басының көбеюі негізінен үй және
шаруа қожалықтарының есебінен болып отыр. Ауыл шаруашылық
кәсіпорындарында шошқа және құс басы азайды.
2004 жылдың 1 шілдесінде шаруашылықтың балық санаттары бойынша
6041,8 мың бас мүйізді ірі қара, қой мен ешкі - 16525,2 мың бас,құс -
28,3 млн. бас болды.
Ірі қараның 87 пайызы, қой мен ешкінің 78 пайызы, шошқаның 85
пайызы, құстың 37 пайызы халықтың жеке меншік шаруашылығының үлесіне
келеді.
Өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда ағымдағы жылдың
бірінші жарты жылдығында шаруашылықтың барлық санаттарында сиырлардың
сүттілігі 1036 -дан 1049 кг-ға дейін өсті, тауықтардың жұмыртқасы
былтырғы жылдың деңгейінде (99 дана) қалды, бір қойдан қырқылған жүн
2,7 -ден 2,6 кг-азайды.
2004 жылдың қаңтар-маусымында тірілей салмақтағы ет өндіру 549,5
мың тонна,сүт-2230,5 мың тонна құрады.
2005 жылы аграрлық азық - түлік бағдарламасын іске асырудың соңғы
жылы болды. Өткен жылы не іәстелді, ауылдық елді мекендерді дамытуға
бағытталған қаржылар мардымды болды ма, қандай нәтижелерге қол
жеткізілді? Биылғы жылы, бағдарламаға сәйкес, не істеу жоспарланған?
Елбасы үстіміздегі жылы халыққа жолдаған Жолдауында " Біз
еліміздегі аграрлық бизнесті мемлекеттік реттеу мен қолдау жүйесі
негізінде қалыптастырдық. 2005 жылы ауыл шаруашылығы өндірісін
дамытуға республикалық бюджеттен 57,9 млрд. теңгеден аса қаржы
бөлінді " ,- деп мәлімдеген болатын.
2005 жылы бұл мақсатта республикалық және жергілікті бюджеттен
барлығы 1499,1 млн. теңге бөлініп, оның 1432,7 млн. теңгңңесі игерілді.
Атап айтқанда, бұл қаржы 103 әртүрлі ауыл шаруашылығы техникасын алуға
жұмсалды. Ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақты түрде өсуі бұл саланы
тиімді бизнес көзіне айналдырып, оған инвестициялық ағымдардың
енгізілуіне оң жағдай жасалды.
Қазіргі таңда, қазақстандық тамақ өнімдері нарықтарының
сыйымдылығы 2,5 млрд. АҚШ долларына бағаланады. Республикадағы
халықтың нақты кірісінің өсуін есепке ала отырып, ішкі нарық
бұдан ары өседі деген негіз бар. Дегенмен, шетел нарықтарына
шығу, негізгі стратегиялық мақсат ретінде қарастырылады. 1,5 млрд.
астам халқы бар Қытай, Ресей және Орталық Азия елдері және олардың
Қазақстанға жақын орналасуы, отандық өнімдерді сатуда әлеуетті нарық
ретінде қарастырылады.
Неғұрлым дамыған экономикалық жүйелер мен табысты фирмалар
практикасының талдауы көрсеткендей, бәсекеге қабілетті арттырудағы
тиімді нысандардың бірі кластерлік тәсілді іске асыру болып
табылады. Бұл ретте, кластер мемлекеттің бүкіл экономикасы үшін, ішкі
нарықтың және халықаралық экспансия базасының өсу нүктесінің рөлін
орындайды.
Қатысушылардың географиялық жақын орналасуы, атап айтқанда,
ауыл шарушылығы шикізаттарын өндірушілер мен қайта өңдеуші
кәсіпорындары тамақ өнеркәсібінің дамуында кластерлык тәсілді қолдану
мүмкіндігін береді.
Мәселен, осылайша, сотүстік шығыс және оңтүстік өңірлерде
сүт өнімдерін өндіру ( Алматы, Шығыс Қазақстан, Қостанай және
Солтүстік Қазақстан облыстары), оңтүстік өңірде жеміс - көкөніс
өнімдері ( Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары), солтүстік
өңірде ет өнімдері (Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан
облыстары), солтүстік және орталық облыстарда дәнді дақылдарды қайта
өңдеу ( Ақмола. Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан
облыстары), Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Қызылорда
облыстарында балық өнімдері бойынша кластерлер құру және дамыту
мүмкіндіктері бар.
Жүргізілген талдау нәтижесінде пилоттық кластерді ұйымдастыру
үшін неғұрлым "дайындалған " мынадай 3 бағыт айқындалды:
1. Солтүстікте - дәнді дақылдарды қайта өңдеу;
2. Оңтүстік өңірлерде жеміс - көкөніс ;
3. Қостанай облысында - сүт өндірісі.
Кластер түсінігі ағылшын тілінен аударғанда cluster-топ
мағынасын білдіреді.Бұл экономика саласындағы фирмалардың үйлесімді
қызметі. Ол технологиялық жағынан өзара байланысты маандандырылған
жабдықтаушылардың, негізгі өндірушілер мен тұтынушылардың аймақтық
шоғырлануы нәтижесінде қалыптпасады. Бірыңғай интеграциялық механизм
ретінде кластер өндіріс шығындарын азайтуға, өзара қайталанатын
процестерді қысқартуға мүмкіндік береді.
Кластер - аяқталған өндірістік цикл, яғни өнімді өндіру , бөлу,
айырбастау, тұтыну және қызмет көрсетумен айналысатын өзара байланысты
субьектілердің шоғырлануы, топтасуы.
Кластер - бұл инновациялық прцестерді ұйымдастырудың жаңа
нысандары. АҚШ-та кластерлік теорияның негізін қалаушы , Гарвард
университетінің профессоры, Стратегия және бәсекеге қабілеттілік
институның директоры Майкл Портердің зерттеулері нәтижесінде
өнеркәсіптік кластерлер дамып, жүздеген қалалар мен аймақтар өздерінің
кластерлік стратегиясын әзірлеген. Соңғы жылдары әлемде оған
қызығушылық көабейді. Дамыған елдерден Германия, АҚШ, Жапония және
Латын Америкасы мен Азияның дамушы елдерінде кластерлік тәсілдің озық
жетістіктері белгілі болуда. Кластерлік жүйе қағидаларын қолданған
елдерде ол аймақтарды дамытуға айтарлықтай серпін берген.
Шетлдерде бәсекеге қабілетті ұлттық салалар бүкіл экономика
бойынша біркелкі таралмаған, бір-біріне бағынышты салалардан тұратын
кластерлерге ( шоғырларға) байланыстырылған. Мысалы, Италияда
экспорттың 40 пайызға жуығы азық-түлікпен, сәнді киім жасаумен немесе
тұрғын үйді көркейтумен байланысты салалар кластерінің үлесіне
келеді. Швецияда жалпы экспорттың 50 пайызынан астамы тасымалдаумен,
металлургия және ағаш өңдеумен байланысты салалар кластерлері
өнімдерінің экспорты құрайды. Данияда үй үшін тауарлар өндіретін
және денсаулық сақтаумен ( формацептика, витаминдер, медициналық
жабдықтар және т.б.) байланысты бәсекеге қабілетті салалардың
кластерлері бар.
Майкл Портердің айтуынша Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін
арттыруда ең шешуші модель - кластерлік тұрғыда даму болып табылады.
Ғылыми орталықтар мен университеттер осы жобаны іске қосу тетіктерін
талдау жұмыстарымен айналысуы тиіс.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2005
жылғы 19 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында Республика
Үкіметінің алдына келесідей міндет қойы, яғни онда былай деген
болатын: " Біздің іс жүзінде барынша тиімділік беретін үздік
халықаралық тәжірибелерді негіздеуіміз қажет. Соның бір мысалы,
индустрияны дамытуға кластерлік тұрғыдан келу бола алады."
Елімізде кластерді ең адымен астық, мақта өндірістерінде дамытуға
болады. әрі мұндай тәсілді мал шаруашылығында да сапалы дайын өнім
щзығару мақсатында қолданып көру қажет.

1.2. Өнімнің ішкі кешенінің кластерлік жүйедегі орны

У.К. Каримова өзінің Қазақстан Республикасында да дән
өндірісінде кластерді қалыптастыруға арналған ғылыми мақаласында: "
Республикамыздың жалпы ішкі өнімінде ауыл шаруашылықтың үлес
салмағының өсуі тек саланың және оның ішкі салаларының ғана емес,
сонымен қатар өзіменен байланысты өңдеуіш кәсіпорындардың (ұн
ұнтақтау, ет, жеміс, жем өңдеуіш) тиімділігінің өсуін қамтамасыз етеді
және жалпы экономиканың дамуына мультипликативтік әсер етеді."
Қазақстан Республикасында бірнеше (жеті) кластерлерді ұйымдастыру
(тоқыма, мұнай, металлургия, туризм және т.б.) қарастырылып, жолға
қойылып келеді. Оңтүстік Қазақстан облысында мақта, жүзім негізінде
шарап өндіру және т.б. кластерлерін ұйымдастыру шаралары әзірленіп,
іске асырылуда.
Осыған орай, соңғы 3-5 жылдарда отандық экономикалық әдебиеттерде
өндірісті кластерлік тәсілдеме негізінде ұйымдастыру мәселесіне
елеулі көңіл бөлініп келеді.
Бірақта, жеткілікті жүйелі дәрежеде сипатталған тұжырымдамалар көп
тұрғыда шет ел ғалымдарының, оның ішінде ағылшын экономисті Майкл
Портердің еңбектеріне сүйенеді. Майкл Портер өзінің "Бәсеке" деп
аталатын кітабында:" Кластер деген не? Кластер және өнімділік , кластер
және экономиканың дамуы " деген мәселелерге тоқтаған. Майкл Портер
кластерге келесі анықтама береді: " Кластер немесе өнеркәсіптік топ -
бұл белгілі сферада әрекет ететін және қызметтерінің жалпыламалығымен
сипатталатын және бір-бірін өзара толықтыра алатын, географиялық
көршілес өзара байланысты компаниялар және бұлармен байланысты
ұйымдардың тобы."
Кластердің географиялық шеңбері бір қаланың немесе бір
аумақтың, бүкіл елдің, шекаралас елдің шеңберімен ауытқып тұруы
мүмкін.
Кластерлер өзінің тереңдігі мен күрделілігіне байланысты
әртүрлі формада болады. Бірақ басымды түрде дайын өнімдер
компанияларын , немесе қызмет көрсететін, яғни сервистік компанияларды;
өндірістің мамандандырылған факторларымен, компоненттерімен,
машиналарымен және сервистік қызметтермен жабдықтаушыларды ; қаржылық
институттарын, қосалқы салалардағы фирмаларды қамтиды. Кластерлерге
төменгі салаларда қызмет атқаратын, яғни өткізу, тұтыну фирмалары;
жанама өнім өндірушілері; арнайы инфрақұрылымдар; үкімет ұйымдары
және арнайы оқытуды, білім беруді, ақпараттың түсуін зерттеуді
жүргізуді қамтамасыз ететін ұйымдарды және стандарттарды
тағайындайтын мекемелер ендіріледі.
Кластерге елеулі әсер етуші өкімет агенттіктері, мұның бір
бөлігі ретінде қалыптастырылуы мүмкін.Ең соңында кластерге кластер
мүшелерін қолдаушы сауда ассоциациялары және жеке сектордың басқа да
бірлескен құрылымдары ендіріледі.
Кластердің тарихи және интелектуалдық алғышарттары бар.
Ең алғашқы алғышарт - ұлттық ерекшелік. Елдің ғылыми -
техникалық, ресурстық әлеуеті және салыстырмалы басымдылығы. Кластерді
терең түсіну үшін, оны бұл теорияға қарағанда кеңдеу бәсеке
теориясынан бөліп алып қарауға болмайды. Экономикада кластердің
пайда болуы бәсеклестік сайыста жеке фирмалар басымды, қабілетті
жоғары екені айқындалады.
Кластер концепциясы ұлттық, аумақтық, қалалық экономиканы
алдын -ала көрудің жаңа тәсілі және осымен қатар бәсекелестік
қабілетті көтеруге ұмтылатын компаниялардың, ұйымдардың жаңа рольдерін
көрсетеді.
Жоғарыда айтылғандай, кластердің құрамдас бөліктерін анықтау
өте маңызды. Майкл Портер кластердің бөліктерін анықтаудың күрделі
фирмадан немесе ұқсас фирмалардың шоғырлануынан бастап, содан кейін
сонымен байланысты саты бойынша төмен және жоғары тұрған фирмалар
және ұйымдармен байланысты тізбектің бар екендігін айқындап алу
қажет. Әрі қарай, тіке бойынша жалпы арналардан өтуші немесе қосалқы
өнімдер мен қызметтерді өндіруші салаларды табу қажет. Салалардың
қосымша тікелей тізбегі ұқөсас өндіріс факторларын немесе
технологияларын қолдану немесе өткізуде бір-бірімен байланысты болу
негізінде анықталады. Кластерге кіретін салалар мен фирмаларды
анықтаудың келесі қадамы, кластер үшін арнайы тәжірибені, технологияны,
ақпараты, капитал мен инфрақұрылымды қамтамасыз ететін ұйымдарды және
кластер мүшелері кіртін кез -келген топтық құрылымдарды іріктеу.
Аяқтаушы қадам- кластер мүшелеріне елеулі әсер етуші өкімет немесе
басқа заңдық құрылымдарды іздеу.
Дамыған шетел мемлекеттерінде мысалы, АҚШ, Германия, Италия және
т.б. елдерде кластерлерді ұйымдастыру оның қызметін жолға қою
мәселелері бойынша біршама тәжірибе жинақталған. Италияда 10 жыл алдын
қалыптасып және жұмысын жалғастырып келе жатқан аяқ киім кластері
италяндық аяқ киімді әлемге әйгілі етті. Бұл кластерге сәйкес сатылас
спорт аяқ киімі, жасанды материалдардан аяқ киім, ең негізгі буын
-былғары аяқ киім, арнайы өндірістері тізбектелсе, тікелей тізбекке
ұқсас немесе қосалқы- белбеу, қолғап, аяқ киім машиналары, былғары
және т.б. өндірістері кіргізілген.
Италяндық кластердің күштілігі фирмалар арасындағы көптеген
тікелей тізбектес байланыстардың тұрақты қалыптасқандығы және бұл
фирмалардың даму үлгісінің жалпыламалылығы.
Кластерлер күрделі салаларда , сонымен қатар кіші бизнесте,
жекелеген қызмет түрлеріне ұйымдастырылуы мүмкін. Мысалы: дүкен
тораптары, туризм, тамақтандыру сферасы, өнімдер түрлері бойынша және
т.б.
Сонымен кластерлер саладан гөрі салалардың, сфералардың маңызды
байланыстарын, бірін -бірі ауыстыру мүмкіндіктерін, жабдықтау мәселелерін
қамтитын өндірістің тиімділігін көтеруге ықпал етеді.
Қоғамдық өндірістің обьективті заңды құбылыстарының бірі -
кластерлік жанасу арқылы интеграциялық бірлесу, агроөнеркәсіп
құрылымдарын құру және дамыту.
Агроөнеркәсіп кешені кәсіпорындарының арасындағы тұрақты және
ұйымдық - технологиялық және экономикалық байланыстарды
қалыптастыратын кластерлік - интеграциялық бірігу өндірісті ұйымдастыру
және басқарудың ерекше түрін білдіреді, өндіргіш күштердің өсуіне
және өндірістік қатынастарды жетілдіруге, өндіріс тиімділігін
арттыруға ықпал етеді, интеграциялық бірігіп өндірген өнімді соңғы
тұтынушыға жеткізуді тездетеді және жалпы барлығы үшін тиімділікті
арттырады.
Өңдеу өнеркәсібі мен ауыл шаруашылық кәсіпорындары арасындағы
өзара өндірістік қатынастар толық қанағаттанбаған жағдайда олар
өздерінің өндірген өнімдерін өткізу арналарын өз ауданынан тыс
жерлерден іздейді немесе өздерінің өңдеу цехтарын соғады. Бұл цехтар -
көп тұрғыда ұсақ және тиімділігі төмен, жоғары шығынды талап ететін,
шикізатты терең өңдей алмайтын , шығаратын өнімнің сапасы төмен
цехтар. Олар елеулі ақша - қаржылай салымдарды қажет етеді, бірақ
күткен нәтижені бермейді.
Қазіргі таңда өңдеу өнеркәсіптері де өздерінің тарихи
қалыптасқан шикізат аймақтарын жоғалтып, қиыншылық шегуде. Ал, мұның
салдары шикізаттарды өңдеудің қымбаттауына , азық-түлік нарығында
бәсекелік қабілеттіктің және тиімділіктің төмендеуіне әкеліп соқты,
өңдейтін өндірістік қуаттарын тиімді көлемде шикізаттармен
қамтамасыз етудің мүмкіндігі жоғалды.
Қазіргі кезде өңдеу өнеркәсібі тек 40 пайызы ет және ет
өнімдерін , 35 пайызы сүт шикізаттарын өңдейді ( 1990жылы сәйкесінше
60 және 67 пайыз өңделетін). Өз кезегінде ауыл шаруашылық өндіріс
көлемінің төмендеуі өнеркәсіп өндірісіне қатты әсер етті.
Соңғы жылдары дамыған елдерде кластерлік жүйе негізінде
құрылған Акционерлік қоғамдар мен корпорациялық бірігудің құқықтық -
ұйымдастыру формалары пайда болуда.
Мұндай құрылымдар ауыл шаруашылық және өңдеу кәсіпорындарын
біріктіреді және бұлардың міндеті өнім өндіру және дайын өнімнің
нақты бағасын анықтайтын түпкілікті тұтынушыға өнімді жеткізу. Мұнда
арадағы делдалдарды болдырмай, өндірісті арзандатуға болады, ал ол
өз кезегінде аық -түлік нарығында күшті бәсекелестікке жетуді
қалыптастыруға және дайын өнімді өткізуден түскен түсімді
технологиялық үрдіс бойынша серіктестіктер арасында нақты үлесіне
сәйкес бөлудің әділетті тәсілін табуға мүмкіндік береді.
Мұндай агроөнеркәсіптік құрылымдар құрамына, қаржылық,
ресурстарды біріктіру үшін қолайлы жағдайларды қалыптастыратын және
өнімнің пайдалы өткізу нарықтарына жылжуды тездететін жабдықтау,
тасымалдау, техникалық және кеңес беру қызметтерін атқаратын
кәсіпорындар да кіруі қажет. Агроөнеркәсіп құрылымдарына тұрғындардың
жеке қосалқы шаруашылықтарын да тарту үлкен маңыз ойнайды, себебі
олар өндірістің кооперациялық бірлесуіне және кәсіпорындардың
іріленуіне
алып келеді.
Тамақ өнімдерін өндіруге мамандандырылған кластерлік негізде
құрылған агроөнеркәсіп корпорациясына кіретіндер: өнімдері жаңа піскен
түрінде тұтынуға жіберілетін ( көкөніс, жеміс, жүзім және т.б.) немесе
тамақ өнімдерін алу үшін өнеркәсіп өңдеуіне түсетін ауыл шаруашылық
кәсіпорындары; тамақ өнімдерін өндіретін және ауыл шаруашылық
шикізаттарын өңдейтін өнеркәсіп кәсіпорындары; дайындау және
тасымалдау ұйымдарының кәсіпорны; тамақ өнімдерін сақтайтын және
өткізетін кәсіпорындарды жатқызуға болады. Мысалыға , жалпы сатылы
интеграциялық агроөнеркәсіп корпарацияларын қарастырсақ, онда
салыстырмалы өзіндік блоктарға бөлінеді: ет-ірі мүйізді қараларды
бордақылау және жетілдіру кәсіпорындарын, ет комбинаттарын
мұздытқыштарды біріктіреді, май-жануарлар май блогы - май тұқымдарын
өндіретін шаруашылықтар, элеваторлар, май сығу зауыттары, май
комбинаттарын біріктіреді.

1.3. Экономиканың шикізаттық құрылымын өзгертуде кластердің рөлі

Экономиканың негізгі секторының даму жағдайы қазір үлкен
алаңдаушылық туғызуда, себебі мұнай мен металдың бағасы жоғары
болғанымен, өндірістің даму қарқыны бәсеңдеді, бұл "қара алтын" мен
металды өндіру процесінің баяулауымен байланысты болып отыр.Осы
жағдай экономика тек шикізатты экспорттауға бағытталса, дағдарысқа
ұшырататыны мысал бола алады (1) .
Мәселе тек өндіру процесінің баялауы, өсуі ғана емес,өнімнің
сапасына да байланысты. Жалпы экономиканың шикізатты экспорттауға
бағдарлануы бұрыннан туындаған жүйелі мәселелерді шешуге
қабілетсіз.Жүйелі мәселелерге: ұлттың бәсекеге қабілеттілігін
қалыптастыру,елдің әлуметтік-экономикалық жағдайын көтеру,
ЖІӨ-ді ұлғайту және т.б жатады. ЖІӨ-нің өсуі макроэкономикалық
тұрақтылық пен экономиканың бәсеке қабілеттілігін, елдің әлуметтік-
экономикалық жағдайын көрсететін маңызды көрсеткіш,оның өндірісін
келесіден көруге болады:
ЖІӨ көлемі оперативтік ақпараттар бойынша 5619,3
млрд.теңгеге бағаланады.Нақты ЖІӨ-нің өсімі 8,9% пайыз, яғни бірінші
жарты жылдықтан бұл көрсеткіш төмен.ЖІӨ-өсуі экономиканың барлық
салаларында өсім болуына байланысты болып отыр:өнеркәсіп,ауыл
шаруашылығы,құрылыс,
транспорт және байланыс қызметі,сауда және басқа қызметтер.
ЖІӨ құрылымында тауар өндірісінің үлесі өткен жылға 42,1%
пайыздан 43,2 пайызға өсті, ал қызмет көрсету өндірісі 52,9 пайызға
төмендеді.
Жалпы ішкі өнім құрылымында көлемнің тез өсу нәтижесінде
құрылыстың үлес салмағы маңызды көлемде жоғарыласа, транспорт пен
байланыс қызметінің үлес салмағы төмендеді, басқа салалардың үлес
салмағы өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай өзгерген жоқ.
Өнеркәсіптің өсуінің баяулауына қарамастан, бұл сектор ЖІӨ құрылымында
негізгі үлесті құрайды (29,6%). Дефлятор шамасы жалпы экономика
бойынша 10 пайызға жоғарылады, бұл дегеніміз инфляцияның қарқындауын
және теңгенің төлем қабілеттілігін көрсетеді.(1-кесте)
Экономиканың жоғары қарқынмен өсуіне әлемдік нарықта шикізат
бағасының жоғары болуы ықпал еттті, осы арқылы сыртқы сауданың айналым
көлемінің динамикасын осы кезеңге дейін жоғары деңгейде сақтауға
мүмкіндік болды. Осы жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша сыртқы
сауда айналымы өткен жылмен салыстырғанда 42,2 пайызға жоғарылады және
33 млрд. АҚШ долларын құрады.ЖІӨ-нің өсуіне сыртқы коньюктуралық
жағдаймен бірге, ішкі анрықтағы монополиялық кәсіпорындар үлесін қосып
отыр. Бірақ бұл факторлар ұзақ мерзімде тұрақты өсуді қамтамасыз
етпейді.
Экономиканы толық қамтитын жеке салалар мен компаниялардың бәсеке
қабілетінің төмен болуы отандық экономикада құрылымдық дисбаланстың
пайда болуына әсер ететін бірден-бір фактор, ал ЖІӨ-нің ұлғаюын және
оның тұрақты өсімін қамтамасыз ету үшін бәсеке қабілетті салалар
болуы қажет. Нарықтық жағдайда экономиканың салалық құрылымдары:
а) жергілікті және әлемдік нарықтарда бәсеке қабілетті
тауарлар мен қызмет өндірісін;
ә) қоғам ресурстарын тиімді пайдалану;
б) өндіріс факторларының меншік иегерлерінің кірісін
ұлғайтуды қамтамасыз етуі шарт.
Шикізаттық салаға сүйеніп, экономиканы дамыту тұрақты және
ұзақ мерзімді өсуді қамтамасыз етуде сенімді тірек бола алмайтыны
әлдеқашан бәрімізге аян. Қазіргі уақытта экономиканың сыртқы
факторларға тәуелдігі күшеюде, ол төмендесе өндірістің құлдырау
ықтималдығы жоғары, жағымды болса экономикалық өсуді тежейді, соңғы
кездері осы жағдай айқын байқалуда. Экономиканы мұндай бағытпен
дамытудың келешегі жоқ екендігі белгілі, осы себепті үкімет осыдан
екі жарым жыл бұрын экономиканы диверсификациялауға негізгі мәселені
шешу үшін ұзақ мерзімді перспективаға негізделген инустриалды-
инновациялық дамуының стратегиясын өңдеді.
Осы уақыт ішінде жарғылық қоры 1млрд. доллардан асатын дамудың
қаржы институттары құрылды. Стратегияда экономиканы тығырық жолдан
алып шығу және елдің бәсеке қабілеттілігін көтеру мақсатында жетекші
салаларды кластерлік үлгімен дамыту қарастырылған. Қазіргі таңда осы
бағытта жұмыстар атқарыла бастады.
" Кластер " түсінігі экономикада жаңа пайда болды деп саналады.
Кластерлік даму жайлы пікір - таластар алғаш рет 1990 жылы әйгілі
американдық экономист Майкл Портердің " Ұлттың бәсекелік
артықшылықтары " атты кітабында жазылған. Оның пікрі бойынша кластер -
нақты бір салада қызмет ететін және өзара бір-бірін толықтыратын
географиялық көршілес орналасқан өзара байланысты компаниялар
(жабдықтаушылар, өндірушілер және басқалары) және олармен байланысты
ұйымдар ( білім беру орындары, мемлекеттік басқару органдары,
инфрақұрылымдық компаниялар) тобы.
Майкл Портер елдің бәсеке қабілеттілігін жеке фирмалардың
бәсеке қабілеттілігімен емес, ішкі ресурстарды тиімді қолдануға
бейімделген әр түрлі саладағы фирмаларды біріктіретін кластер арқылы
қарстыру керек деп санайды (2). Яғни, Портердің негізгі тезисі
перспективті бәсекелік артықшылықтар ішкі нарықта қалыптасады деген
қорытындыға саяды.
Қазақстан дәстүрлі шикізат өндірісін есептемегенде, кемінде
тоғыз салалық сегментте бәсеке қабілетті екені Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Қазақстанның бәсеке қабілеттілігін бағалау жобасымен
жасалған келісім бойынша " Austin Associates " амрикандық консалтингтік
компания мамандары мен Гарвард университетінің сарапшылары бірігіп
жүргізген жұмыстарының нәтижесімен анықталды (3).
Бәсеке ақбілетті салалар бірнеше критерийлер бойынша
іріктеледі.
• Бірінші критерий -адамдық ресурстар саны мен сапасы;
• Екінші критерий - кластерге әлеуетті қатысушы кәсіпорындардың
орналасуы. Яғни, шикізатты өндіретін, өңдейтін, қайта өңдейтін және
соңғы нәтижесінде қосымша құнды жоғарлататын түпкі өнімді
дайындайтын кәсіпорындардың өзара байланыс жасауы, бір -біріне жақын
орналасуы. Бұдан кейін табиғи ресурстардың, инфрақұрылымының болуы
назарға алынып, ең соңында кәсіпорынның технологиялық сәйкестігі
тексерілді. Алайда, осы айтылып кеткен талаптарға біздің бірде -бір
сала сай келмеді.
Майкл Портер перспективті саланы бәсекелік артықшылықтарға
қол жеткізудің жолы деп санағанда, бәсекеге қабілетті отандық
кәсіпорындарды қарастырады . Мұндай пікір, айтылған фактордың рөлін
экономиканың бәсеке қабілеттілігін бағалауда біршама төмендетеді.
Отандық кәсіпорындар әлемдік нарықта бәсеке қабілетті болса, бұл
елдің бәсекелік артықшылықтарының көзі болып табылады. Бұл жағдайда
сапалы тауарларды төмен бағамен сатып алу, инновациялық
технологияларды тарату, өндірістік процестерді жетілдіріп отыру
мүмкіндіктері сақталады. Кластер тек бір салада емес, сонымен
бірге, әртүрлі саладағы кәсіпорындардың жұмыс тиімділігін арттыруды
қарастырады.
Кластерлік үлгіні қолдану үшін елдің экономикалық
ерекшеліктерін ескеру керек. Мысалы, оның инфрақұрылым дамымауына
байланысты кластер пайда болмаған, өтпелі экономикалы елдерде,
экономиканың бәсеке қабілеттілікке жетуінің бірінші қадамы
ретінде, перспективті салаларды таңдауға қолдануға болады.
Перспективті саланы таңдағанда кластерді дамытуға тиімді
алғышарттар мен жағдайлар қажет. Төменде еліміздің жеке
секторларында кластер жасалатын тоғыз сала көрсетілген:
1. Құрылыс материалдарын өндіруші сала;
2. Туристік сала;
3. Жеңіл өнеркәсіп;
4. ЖиҺаз өндірісі;
5. Тамақ өнеркәсібі;
6. Инвестициялық банк қызметтері;
7. Жүк тасымалдау;
8. Тау -кен өндірісі үшін құралдар өндіруші сала;
9. Металлургия өндірісі.
Келешегі бар экономика секторларын іріктеуде қолданылған
аталмыш критерийлерден басқа, қосымша критерий- саланың экономикаға
ықпал етуі.Экономикаға ықпал ету деңгейі және қосымша құн көлемі
бойынша мұнай - химия саласы аса маңызды болып саналады. Сарапшылар
егер сегмент үлесі ЖІӨ -нің 3 пайызын құраса, онда сала перспективті
деп қорытынды жасады. Сонымен бірге, сала ішінде өндірістің келешекке
болжанған өсімі елдің ЖІӨ-і мен экспорттың өсуіне қарай шамаланып
көрсетілген.
Кластер үш бағытта бәсеке қабілеттілікке ықпал етеді:
- фирмалар мен салалардың өндірісін ұлғайтады;
- технологиялық үрдістерді анықтайды және алдын-ала болжайды;
- кластердің кеңеюін және инновацияны қолдайтын бизнестің жаңа
түрлерінің қалыптасуын жеңілдетеді және ынталандырады.
Уақыт өте келе тиімді дамып келе жатқан кластерлер үкіметтің
бақылауында болып, үлкен көлемде капитал жұмсауға тартымды болса,
кластер ұлғайа береді. Кластер ядросы болып бірнеше қуатты
компаниялар саналады, бірақ олар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыл шаруашылығы кешенін экономикалық дамытудың мәселелері
Аграрлық сектор саласындағы кәсіпкерлік және оның экономикалық рөлі
Өнеркәсіптік тауарлар нарығындағы агроөнімдер маркетингін жетілдірудің тиімді жолдары
Экономикалық жүйелердегі кластерлерді құрудың теориялық негіздері
Қазақстанда азық – түлік кластерін дамыту мәселелері
Кластерлік жүйенің дамуы мен теориялық аспектілері
Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығында кластерді жетілдіру жолдары
Кластерлік технологиялардың қызмет етуі мен теориялық негізі
Агроөнеркәсіп кешеніндегі шаруашылық байланыстарды реттеу механизмдерін жетілдіру бағыттары
Әлеуметтік-экономикалық болжау есептеріндегі кластерлік талдау көпөлшемді топтастырудағы кластерлік талдаудың орны
Пәндер