Баланың ақыл ойының дамуы



Кіріспе
1) Баланың дамуына әсер ететін факторлар және оның мәні.
2) Мектеп жасына дейінгі балалардың дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыра жетілдірудің зерттелуі
3)Төменгі сынып оқушысын дамыту және тәрбиелеудің ерекшелігі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Жеке адамның бір-бірінен ажырағысыз және оған пәрменді түрде ықпал ететін биологиялық белгілері мен ерекшеліктері бір-бірімен байланысты. Анықтауыш қасиеттер - жеке адамның әлеуметтік сипаттамасы, оныңсебептері,мүдделері,мақсаттары.
Жеке адам болу үшін психикалық дамудық белгілі бір дәрежесіне өтіп, басқа адамдарға қарағанда ерекшелігі бар екенін білетіндей біртұтас тұлға болуы тиіс.
Өмір бойы даму мен тәрбиенің нәтижесінде жеке адамның орнығып, жетілуін қалыптасу деп атайды. Жеке адамның қалыптасуы - күрделі, ағзаның өсуі мен жетілуін, стихиялы әсерлерді, мақсатты, ұйымдасқан тәрбиені қамтитын қарама-қайшылықты процесс. Жеке адамның қалыптасуы өмірге келген сәтінен басталады, жеткіншек және жасөспірім шақта жедел жүреді, ересек шақта өзінің біршама аяқталу кезеңіне жетеді. Сондай-ақ жеке адамның дамуы деген ұғымды анықталық.
Даму ұғымына ағзаның өсуі мен пісіп жетілу процесін жатқызады. Бұл процестер психикалық дамумен өзара тығыз байланыста өтеді, оған ықпал жасайды, бірақ адамның жеке адам ретінде қалыптасуын белгілеп бере алмайды. Жеке адамның дамуы - бұл оның рухани өсуінің, жетілуінің процесі жеке адам үшін елеулі болып табылатын барлық сфераларды іс-әрекетте, өзін қоршаған құбылыстарға, адамдарға деген қарым-қатынасқа, танымдық процестерінде болатын сапалық өзгерістер процесі. Жеке адамның әсіресе балалың және жасөспірім шақтарында дамып, жетілуі ең алдымен тәрбиенің ықпалы арқылы жүріп отырады. Бірақ тәрбие әсерінің дәрежесі мен сипаты көп жағдайда тәрбиенің даму заңдылықтарын қаншалықты ескергеніне байланысты болады. Сөйтіп, тәрбие мен дамудық арасында екі жақты байланысы болады. Сондықтан жеке адамның даму заңдылықтарын тереңірек қарастырған жөн.
1. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. - М., 1999.
2. Смирнова Е.О. Детская психология. М. Владос, 2009.
3. Широкова Г.А. Справочник дошкольного психолога. - Ростов

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Баланың ақыл ойының дамуы

Жоспар:
Кіріспе
1) Баланың дамуына әсер ететін факторлар және оның мәні.
2) Мектеп жасына дейінгі балалардың дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыра жетілдірудің зерттелуі
3)Төменгі сынып оқушысын дамыту және тәрбиелеудің ерекшелігі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
Жеке адамның бір-бірінен ажырағысыз және оған пәрменді түрде ықпал ететін биологиялық белгілері мен ерекшеліктері бір-бірімен байланысты. Анықтауыш қасиеттер - жеке адамның әлеуметтік сипаттамасы, оныңсебептері,мүдделері,мақсаттары.
Жеке адам болу үшін психикалық дамудық белгілі бір дәрежесіне өтіп, басқа адамдарға қарағанда ерекшелігі бар екенін білетіндей біртұтас тұлға болуы тиіс.
Өмір бойы даму мен тәрбиенің нәтижесінде жеке адамның орнығып, жетілуін қалыптасу деп атайды. Жеке адамның қалыптасуы - күрделі, ағзаның өсуі мен жетілуін, стихиялы әсерлерді, мақсатты, ұйымдасқан тәрбиені қамтитын қарама-қайшылықты процесс. Жеке адамның қалыптасуы өмірге келген сәтінен басталады, жеткіншек және жасөспірім шақта жедел жүреді, ересек шақта өзінің біршама аяқталу кезеңіне жетеді. Сондай-ақ жеке адамның дамуы деген ұғымды анықталық.
Даму ұғымына ағзаның өсуі мен пісіп жетілу процесін жатқызады. Бұл процестер психикалық дамумен өзара тығыз байланыста өтеді, оған ықпал жасайды, бірақ адамның жеке адам ретінде қалыптасуын белгілеп бере алмайды. Жеке адамның дамуы - бұл оның рухани өсуінің, жетілуінің процесі жеке адам үшін елеулі болып табылатын барлық сфераларды іс-әрекетте, өзін қоршаған құбылыстарға, адамдарға деген қарым-қатынасқа, танымдық процестерінде болатын сапалық өзгерістер процесі. Жеке адамның әсіресе балалың және жасөспірім шақтарында дамып, жетілуі ең алдымен тәрбиенің ықпалы арқылы жүріп отырады. Бірақ тәрбие әсерінің дәрежесі мен сипаты көп жағдайда тәрбиенің даму заңдылықтарын қаншалықты ескергеніне байланысты болады. Сөйтіп, тәрбие мен дамудық арасында екі жақты байланысы болады. Сондықтан жеке адамның даму заңдылықтарын тереңірек қарастырған жөн.

Баланың дамуына әсер ететін факторлар және оның мәні.
Даму - жеке адамды жетілдірудің өте күрделі және диалектикалық процесі. Балада анадан туа біткен белгілі идеялар мен түсініктер және өжет, жұмсақ немесе байсалды мінез болмайды. Плланың адамгершілік, әуестік, белсенділік және батылдық сияқты қасиеттері даму процесінде қалыптасады. Өйткені, оның өсіп жетілуіне белгілі әлеуметтік тәрбие мен орта әсер етеді. Адаманың дамуы және оның дүниені тануы түрлі әлеуметтік жағдайларға байланысты. Сондықтан оның мінезінде әр түрлі ерекшеліктер мен процестер пайда болады. Баланың дамуына ықпал ететін факторларға тұқым қуалаушылың, әлеуметтік орта, тәрбие, т.б. жатады.
Тұқым қуалаушылық - ұрпақтың ата-ананың биологиялық ұқсастығын елестетуі. Кейбіреулері баланың сыртқы пішініне қарап, бірден қалай әкесіне не шешесіне ұқсап қалған деп таңданады. Әрине бұл кездейсоқ нерсе емес. Өйткені, баланың шашы мен көзінің бояуы, терісінің пигменті, бет келбеті мен басының формасы, жүрісі мен өзін ұстау қалпы тұқым қуалаушылық арқылы берілетін биологиялық ұңсастықты еске түсіреді. Бала қозғалыс мүшелерін, нерв жүйесінің функциялық қасиеттерін, ал кейде дауыс тембрі, музыкаға, биге, математикаға қабілеттілігі сияқты өте нәзік ерекшеліктерді тұқым қуалау арқылы алады. Бірақ, өте нәзік ерекшеліктердің тұқым қуалау жолымен берілуі өте сирек кездесетін жағдай. Мысалы: әйгілі ұлы компо-зитор Иоганн Себастьян Бахтың ұрпақтарында 300 жыл ішінде тек қана 20 адамдай музыканттар болған. Мұны бір жағынан отбасы мүшелерінің табиғи мүмкіншіліктердің (нышанның) болуына, екінші жағынан отбасындағы музыкалық дәстүрге, музыкалық тәрбиеге байланысты деп қарастырған жөн.
Орта - адам дамуына табиғи және әлеуметтік орта ықпал жасайды.
Табиғи орта - бұл түрлі табиғат жағдайының адам тұрмысына қызметіне ықпал жасауы. Жылы және суық климат жағдайы халықтардың тұрмысына әрекетіне елеулі ықпал етеді. Климаты ыстық жерлерде егін шаруашылығымен шұғылданады. Ал солтүстіктегі жерде балық, бұғы шаруашылығымен айналысады. Табиғат жағдайына байланысты олардың мінез-құлықтары да ерекшеліктер байқалады.
Әлеуметтік орта - жеке адамның мінез-құлқының дамуына ықпал жасайтын әлеуметтік қатынас, олардың көп қырлы іс-әрекеттері. Әлеуметтік ортаға мектептің ықпал жасауы нәтижесінде баланың дүниеге көзқарасы, құлықтық, эстетикалық және осы сияқты болымды қасиеттері дамып қалыптасады. Егер адамдардық қалыптасуына ортаның қатысы шамалы болса, онда орта адамдардық талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан адам өзінің дамуы үшін қажетті материалдарды осы әлеуметтік ортадан жинайды. Егер бала әлеуметтік ортадан тыс қалса, онда оның даму дәрежесі жануарлардан жоғары болмайды.
Африкада, Үндістанда, Инденезия елдерінің ормандарында Түрлі себептерімен аңдардық үңгірлерінде әлеуметтік ортадан тыс өмір сүретін жас баланың санасын ояту, қабілетін дамытудық мүмкін емес екендігіне ғылыми мәліметтер дәлел бола алады. 1920 жылы Үндістанның Гадамури деревнясында тұрғындардық хабарлауымен аңшылар қасқырдық інінен бет әлпеті адамға ұқсайтын, бірақ төрт аяқтап жүретін екі қыз баланы табады. Оларға Камала және Амала дейтін ат қояды. Камала 7-8 жаста, ал Амала 2 жаста. Амала көп кешікпей өледі, ал Камала күн сәулесінен және оттан қатты қорқып, тек шикі ет жеп қана күн көріп, төрт аяқтап жүріп, көбінесе күндіз ұйықтап түнде бөлме ішін кезіп жүрген, өзінің кешкі сағат ондарда, түнгі сағат бірлерде, таңға жақын, үш мезгіл ұлыитын уақыты болған. Камаланы адамға айналдыру өте қиын болған.
Адам арасында жүрген 2 жылдан кейін Камала түрегеліп тұруды және екі аяғымен жүріп, бірте-бірте түнде ұйықтап, тамақты қолымен жеуді үйренеді. Адам тілін үйрету бұдан да қиын болған. Жеті жыл ішінде Камала 45 сөз ғана түсіне білді. 15-ке келгенде оның есі екі жасар баладай, ал 17-ге келгенде ой-өрісінің дамуы 4 жастағы баланың деңгейіне әрең жетті. Камала 17 жасқа дейін өмір сүрген.
Адам жеке тұлға болып қалыпты өсуі және дамуы үшін тек қана адамдар арасында өмір сүруі қажет. Соңғы кезде орталық Австралияда және Филиппиннің Менданао аралы ормандарынан табылған жабайы адамдардық сана-сезімінің өте төменгі сатыда екендігі байқалады. Олардың тіршілік әрекетінің де алғашқы қауымдағы жабайы адамдардық өмір сүріп, күнін көру әрекетінің ұқсастығы анықталады.
Педагогика адам дамуындағы әлеуметтік ортаның ықпалын мойындайды, оған зор мән береді. Бірақ ортаны шешуші және мидын ала анықтаушы фактор деп қарастырмайды.
2. Тәрбиенің бала дамуындағы рөлі. Жеке адамды дамытудағы басты факторлардың бірі - тәрбие. Тәрбие балалардың жеке және дербес ерекшеліктеріне, дайындығы мен дәрежесіне лайық іске асырылып, тәрбие адамдардық іс-әрекеттерін ұйымдастырады. Ол үшін тәрбиеші алдын ала жасалған арнаулы жоспар бойынша тәрбие жұмысын мақсатқа бағыттап ұйымдастырып, тәрбиенің құралдары мен әдістерін және формаларын іздестіреді, оларды тиімді етіп пайдаланады.
Тәрбиенің рөлін педагогика тарихында, аса артық бағалаушылар да болды.
Д.Локк (1632-1704) "тәрбие адамның көзқарастары мен адамгершілік қасиеттерін жасайтын негізгі құрал, адам тәрбие арқылы жақсы болады" - деп сыңаржақ пікір айтты. Бала өмірге келгенде, оның жаны сүттей ақ, судан таза, соңдықтан тәрбиеші өзіне керек адамды жасап алады деп, тәрбиенің рөлін аса дәріптеп, тұқым қуалау мен әлеуметтік ортаның баланың қалыптасуындағы рөлін онша бағаламады.
Революционер-демократ В. Г. Белинский (1811-1848) баланың жаны таза тақтай емес, тақта да сапалы, жазу да әдемі болу керек деді. Белинский тәрбиенің рөлін жоғары бағалап, адам дамуындағы тұқым қуалаушылық пен ортаның әсерін де ескерген жөн деді.
Д.Локк, т.б. көзқарастар бойынша тәрбие арқылы адамды түрлі дәрменсіздіктен, кемістіктен құтқаруға болады. Демек, олар тәрбие арқылы адам баласының тұрмысын жақсартуға және санасын өзгертуге болады деген жорамал ойға келді.
Тәрбие арқылы халықтың тұрмысын жақсарту үшін материалистік педагогика таптық қоғамды жойып, демократиялық қоғам құруды ұсынды.
Тәрбиеші тәрбие арқылы баланың түрлі іс-әрекеттерін тиімді етіп, оның жақсы дамуына қажетті материалдарды іріктеп алады, айналадағы табиғи және әлеуметтік ортаға көзқарасын дамытады. Тәрбие жұмыстарының сара жолдарын табу нәтижесінде баланың ой-өрісі кеңейеді, эстетикалық сезімі мен талғамы артып, адамгершілік сапасы қалыптасады.
Мектеп мемлекет қолындағы ақпарат құралдардық (баспа-сөз, радио, теледидар) көмегімен оқушыларға тәрбие береді, сондай-ақ, мемлекеттің саясатын жүргізеді. Баланың жеке басының дамуы мен қалыптасуына ықпал ететін үш фактордық ішінен тәрбие адамның дамуына орасан күшті ықпал етіп, тұқым қуалаушылық пен ортаның ықпалына белсенді әсер етіп, баланың дамуын қоғам талаптарына сәйкес бағыттап, белгілі бағытта баланың өмірі мен іс-әрекеттерін ұйымдастырады, ортадағы жағдайлардан тұлға дамуына қажетті материалдарды іріктейді, жеке бастың дамуына теріс, зиянды әсер қалдыратын жағымсыз ықпалдардан аластайды. Осы тұрғыдан келгенде тәрбие аға ұрпақтың жаңа ұрпаққа қоғамдық тарихи тәжірибені беру процесі, жаңа ұрпақты өмірге, еңбекке дайындау арқылы қоғамның алға қарай дамуын қамтамасыз ететін процесс.
Сонымен, тәрбие бала дамуын бағыттайды, басқарады, сондықтан да ол -- баланы қалыптастырудағы негізгі күш. Тәрбие негізгі күш болғандықтан, оның жетімсіздігі, әлсіздігі баланың қалыптасуына кері әсер етеді.
3. Акселерация оның әлеуметтік және педагогикалық мәні. Адамның өсіп жетілуінде белгілі заңдылық болады. Ал, бұл заңдылық әр балада әр қалай болады. Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін олардың жас және дара ерекшеліктерін білу қажет.
Мектептегі кезеңнің өзі бастауыш (6-10 жасқа дейін), тоғыз жылдық (10-15-ке дейін), орта мектеп оқушылары (15-18-ге дейін) болып үшке бөлінеді. Баланың дене дамуындағы ең маңыздысы - орталық жүйке жүйесі, өйткені адамның психикалық әрекеттері осы орталық жүйке жүйесіне байланысты болады. Балалардың дене және психикалық дамуында соңғы жылдары айқындалған күрделі өзгерістердің бірі - ағзаның жедел дамуы. Бұл құбылыстарды акселерация (латынша "дәлелдеу") деп аталады. Акселерацияға тән ерекшелік: балалардың бойының, салмағының бұлшық еттерінің жедел түрде өсіп жетілуі. Акселерация құбылысы түрғысынан қарағанда қазіргі жеткіншек балалардың бойы биік, иықтары қысыңқы, кеудесі қысқа, аяқтары ұзын келеді. Күні бұрын тез жетілген ағза ауруға, суыққа және дене салмағына төзімсіз келуі анықталуда. Ересек жастағы балалар жыныс мүшесі жетілу кезінде тез шаршайды. Осындай тез өсетін ағзада жүрек тамыр жүйесінің дамуы бірнеше есе қалыс қалады да, өз міндеттерін атқара алмайды. Ал баланың психикалық жетілу денгейі артта қалады. (соңдықтан ер немесе қыз бала қоғам, отбасы алдындағы өзінің борышын ар-намысын, міндеттерін, жауапкершілігін түсіне көрмейді. Осы мәселені ата-аналар, мұғалімдер ескеріп отыруы қажет.
Акселерация - биологиялық фактор, әлеуметтік жағдайлардың жақсаруы сонымен бірге радио толқындардық және географиялық-климаттық жағдайлардың өзгеруі аталған құбылыстың пайда болуына әсер етті. Әрине акселерация құбылысы жайлы түпкілікті қорытынды шығару ертерек. Өйткені бұл әлі де зерттеуді қажет етеді, дегенмен акселерацияға байланысты мектеп жиһаздарына, сырт және аяқ киімдерінің үлгілеріне, дене шынықтыру және жаттықтыру кешендеріне қайта қарауға тура келіп отыр. Акселерацияның ақыл-ой дамуына ықпал жасайтындығы байқалуда. Сонымен адамның дамуы өзара байланысты бірнеше факторлардың ыңпалымен жүретін күрделі педагогикалық, психологиялық процесс болып табылады.
4. Белсенділік, оның түрлері және тұлға дамуындағы рөлі. Адам белсенділігінің табиғатын тани білу, еңбек және моральдық белсенділік дәрежесі бойынша адамның қоғам мен ұжым үшін жарамдылығын жете анықтау мұғалімнің басты міндеті.
Белсенділік - адамның іс-әрекеті үстіндегі жағдайын айтады. Тіршілік және іс-әрекеттері барысында адамның қарым-қатынас жасау, таным және өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі дамиды.
Бала белсенділігінің ең алғашқы формасының бірі - қарым-қатынас жасау белсенділігі. Бұл адамның бүкіл өмірінде дамитын белсенділік. Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес басқа адамдар мен қарым-қатынас жасау белсенділігінің мазмұны өзгеріп отырады. Мектеп жасына дейінгі балалар ересек адамдардық әрекеттеріне үңіле қарап, үйренеді, оларға еліктейді. Балалардың саналы түрдегі мұндай әрекеттерін ырықтм немесс ерікті белсенділік дейді. Бұл жастағы балалардың үлкендердің әрекеттеріне және олармен өзара қарым-қатынас жасауға еліктеуі рөлге құрылған ойындарды атқару барысында байқалады. Ойын барысында балалардың құрдастарымен өзара қатынасы өзгереді. Бала еліктеу, қабылдау арқылы түрлі рөлді ойындарды атқара отырып, әлеумет өмірінің, өндіріс қатынастарының мазмұнын түсінеді.
Әр түрлі ойын баланың дүниетінымын кеңейтіп, қарым-қатынас жасау белсенділігін дамытады.
Қарым-қатынас жасау белсенділігі жеке адам қасиеттерінің (қайырымдылық, қамқорлық, т.б.) қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Баланың даму барысында таным белсенділігі артады.
Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу ісін жетілдіру үшін олардың жас және дербес ерекшеліктерін еске алып, оқу-тәрбие жұмысының барысында сана-сезімін ояту, өз бетінше жұмыс істей білуге үйрету - мұғалімнің басты міндеті. Мұғалім оқушының білімге, өнерге қызығушылық ынтасын, спорт ойындарына құштарлығын анықтайды, өзін-өзі тәрбиелеуге жүргізілетін жұмыстардың тақырыптарын ақыл-ой, құлық, еңбек, эстетикалық тәрбиесімен ұштастырып алады. Баланың өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігін қоғамдық жұмыстарға байланысты тапсырмалар беріп, орындау арқылы дамытуға болады. Мысалы: сынып старостасы, тазалық комиссиясының төрағасы болу, т.б. Осындай тапсырмаларды сапалы дер кезінде орындап отыруға балаларды үнемі жаттықтыру мен дағдыландыру мұғалімнің және тәрбиешінің төл ісі. Оқушылардың жас ерекшеліктері мен жеке қабілеттерін ескере отырып, барлығын тапсырмалармен, яғни, түрлі қоғамдық іс-әрекеттермен қамтамасыз ету керек. Егер тапсырма балаға бұйрық есебінде немесе көтеріңкі дауыспен берілсе, онда ол іштей наразылық білдіріп, тапсырманы орындамай аяқсыз қалдыруы мүмкін. Сондықтан мұғалім әр уақытта өзінің ілтипатты және ұстамды болуын естен шығармай, тапсырманы тыңғылықты орындау үшін балаға рухани күш беріп, сенім білдіреді. Кейбір баланың еріктік қасиеттері тұрақсыз болады. Ол бірінші қиыншылықты сезісімен-ак; қоғамдық тапсырманы орындаудан бас тартады. Мұндай сангвиник балаға көмек бере отырып, оның намысына тимей, тапсырманы орындауын табандылықпен талап ете білу керек. Сонда ғана ба-ланың ісінде жаңа қарқын туып, ол алдына қойған мақсатын орындаудық қажет екенін сезінеді.
Адамның еңбекте және адамдармен қарым-қатынаста көрсетсен белсенділігіне қарап оның қоғам және ұжымға жарамдылығын жете анықтау мұғалімнің басты міндеті.
5. Бала туралы синтездік, комплекстік ғылым болып табылатын педогогия ғылымының басты "айыбы"- балалар мәселелері мен әр типті мектептердегі шәкірттердің жан жүйесін өрттеуде сауалнама мен тест әдістерін шамадан тыс пайдалануы, сондай-ақ осы ғылымның "Бала ой-өрісінің дамуы түрліше болып, әлеуметтік ортасына қарай олардың ойы, зердесінің деңгейі біреуде жоғары, біреуде төмен болады," - деген тұжы-рымдарды жалған деп есептелуі.
Педогогия бала туралы ғылымдарды: психология, педагогиясы, физология, психотехника, т.б. комплексті түрде біріктіретін, баланың жан-жүйесі жайлы жан-жақты мағлұмат беретін синтездік ғылым болып табылады. Х.Досмүхамедұлының педогогия саласында жүргізген іс-әрекетіне де ғылыми әділеттілік тұрғысынан қарасаң, оның пікірінше, қазақ баласының шыр етіп жерге түскеннен бастап кәмелетке толғанға дейінгі тыныс-тіршілігі ән-жырдық құшағында өтеді, әдетте оның бірінші еститін үні - анасы айтқан бесік жырының әуені. Қазақ баласын тәрбиелеуде дыбыстың ырғақтардың басты орынға шығуына қазақтардың өмірін кез келген жағдайында өлең шығарып, ән ай-туы себеп болған.
Сондай қысылтаяқ кезеңде қазақ педогогиясының бірнеше жыл басы-қасында жүрген Х.Досмүхамедұлы осы саладағы еңбектерін қорытындылап үлгермеді.
Ғұлама ғалым өз еңбектерінде бала психологиясының қалыптасу жолдарын, қазақ халқының үлттық ерекшеліктерін негіздей отырып түсіндіреді. Сол кездегі көрнекті кеңес психологтары П.П.Блонский мен Е.С.Выготскийлер де өз зерттеулерінде педогогиялық тұжырымдарға жүгініп отырған.
6. Жас ерекшеліктері туралы ұғым. Белгілі кезеңдерге бөлінуі. Белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан педагогика және психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі шираңтықты, өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған ортамен жасайтын қарым-қатынастар жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді. Балалардың өсіп-жетілуінің бір сатысынан екіншісіне көшуі кездейсоқ емес. Әр жастағы кезеңге тән психологиялық ерекшеліктердің үштасуын жиі байқауға болады.
Сана-сезімнің, дене күш-қуаттарының дамуы адамдардық жас ерекшеліктеріне байланысты. Баланың жасы өскен сайын бойлары өсіп, денелері тұлғаланып, ақыл-саналары дамып, білімдері тереңдей бастайды. Балалардың жас ерекшелігін есепке алу, Оқыту мен тәрбие жүйесіндегі негізгі принциптердің бірі. Қоғамда атқаратын рөлі, белгілі құқығы бар адамды жеке адам деп түсінеміз. Ал, қалыптасу дегеніміз - адамның жеке басының дамуы мен тәрбиесінің нәтижесінде жетілуі, саналы өмір сүруге дайын болуы.
Жас ұрпақты қоғамдық өмірге және еңбекке араласуға дайындау міндетін іске асыруда, баланың жеке басын қалыптастыруға әсер ететін тәрбие, қоғамдық, әлеуметтік орта және тұқым қуалаушылық. перзент сүю - ата-ананың бақыты, олардың қоғам алдындағы табиғи борышы. Ұрпақ жалғастыру - бүкіл тіршілік дүниесінің эволюциялық жемісі. Адам табиғат-тан тыс өмір сүрмейді, олай болса, оның табиғи зақына орай дүниеге ұрпақ әкеледі. Адам өзінің баға жетпес ұрпағы үшін бар жағдайды жасайды.
Тәрбие ісінде балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп отыру қажеттігін педагогика ғылымы ерте кезде-ақ көрсеткен еді. Ал белгілі педагогтер Я.Коменский, Ж.Руссо тәрбие беру кезінде бала табиғатын, оның қабылдау, ойлау ерекшеліктерін еске алып отыруға үндеген болатын.
Қазіргі педагогика және психология ғылымдары балалар мен жеткіншектердің дамуындағы биологиялың фактордық рөлін айрықша көрсетеді. Педагогика ғылымы жас ерекшеліктерін анықтауға баланың дамуын үнемі қозғалыс үрдісі ретінде қарастыра отырып, бұл қозғалыстан сан жағынан жинақталу, сапа жағынан елеулі өзгерістер болатынын алға тартады. Мәселеге бұлайша қарау балалардың дене және психикалық дамуының бірқатар кезеңдерін белгілеуге мүмкіндік береді. Осының негізінде мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдердің өсіп-жетілуін мынадай кезеңдерге бөлу қабылданды:
1) төменгі сынып шағындағы кезең (7 жастан 11 жасқа дейін);
2) негізгі мектеп шағындағы жеткіншектік кезең (12 жастан 15 жасқа дейін);
3) орта мектеп шағындағы жасөспірімдік кезең (15 жастан 18 жасқа дейін).
Соңғы жылдары симпозиумда қабылданған жас кезеңдерінің сызбасына жаңа туған баладан бастап жасөспірімдік шаққа дейінгі өзгерістер кіреді. Олардың сатылары:
1. Жаңа туған бала (туған сәттен бір-екі айға дейін)
2. Нерестелік шақ (бір-екі айдан бір жылға дейін);
3. Ерте сәбилік шақ (бір жастан үш жасқа дейін);
4. Мектепке дейінгі балалық шақ (төрт жастан 7 жасқа дейін);
5. Бастауыш мектеп жасы (7 жастан 11,12 жасқа дейін);
6. Жеткіншек шақ (11, 12 жастан, 14, 15 жасқа дейін);
7. Жасөспірім шақ (14,5 жарым жастан, 17 жасқа дейін).
Тәрбие мен оқыту осы жас сатыларына сәйкес жүргізілуі керек. Өйткені, адам жасының табиғи негізі - жас сатылары немесе биологиялық жетілу сатылары.
Әрбір жас шағы психикалық дамудық ерекше сапалы кезеңі болып табылады және бала дамуының осы кезеңдегі жеке басының өзіндік құрылымының жиынтығын құрастыратын көптеген өзгерістермен сипатталады. Осыған байланысты әрбір педагог-маман орта мектеп оқушыларының жас кезеңдеріндегі ерекшеліктерге сергек те сезімтал көзқараспен қарап, олардың жан дүниесін түсіне білуі шарт.
Мектепке дейінгі балалық шақта, жас баланың 4 пен 7 жасының аралығындағы өзіне тән ерекшеліктері, оның айналасындағы болып жатқан құбылыстарды жіті аңғарып, көргені мен сезінгендерін зердесіне хаттай жазып ала қоятын зеректігін ала бөтен ескерген жөн. Әрдайым қозғалыс үстінде жетіле дамыған балалардың денесі мен салмағы да бір қалыпты мөлшерді сақтап өсіп отырады.
4-5 жасар балалардың салыстырмалы ойлай алатын қабілеттері ерекшелене түседі. Санамақтарды әжептәуір игеріп, аз және көп сандарды, айдық, күн, жыл мезгілдерін айыра алатын халге жетеді. Бұл жастағылардың ойыны, әрбір әрекеттері мазмұнға айналып, белгілі бір мақсаттарды орындауға ұмтылыс жасайды. Бұл жастағы балалар топ-топ болып, өзара бірігіп ойнағанды жақсы көреді. Балабақшаларының өмірге қанат қақтырар жеткіншектері -- 6 жастан өтіп 7-ге толған балалар екені әркімге де аян. Баланың мектепке 7 жасында баруы - негізінен биологиялық және физиологиялық заңдылықтарды басшылыққа алудан деп түсінген жөн. Дендері сау боп дүниеге келген балалар, қашан да алғыр да зерек үғымталдығышпен ерекшеленеді. Олар айналасындағы құбылыстарды тез байқап қабылдауға да бейімді. Жете түсінген құбылыстарын өмір бойы ұмытпайтындықтары да белгілі.

Мектеп жасына дейінгі балалардың дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыра жетілдірудің зерттелуі
Бала мектепке дейінгі жылдарда күн сайын өзі үшін жаңа заттармен, құбылыстармен ұшырасады. Л. Н. Толстой мектепке дейінгі шақ туралы: Бәлкім, қазір бойымда бар нәрсенің бәріне мен сол кезде ие болған шығармын және көп, тез иеленгенім соншалық,қалған бүкіл өмірімде мен сонық жүзден біріне де ие болмаран шығар мын? Бес жастағы баладан маған дейін бір адым ғана. Ал жада туған баладан бес жастағыға дейін ғаламат қашықтық деп жазды.
Алайда тиісті басшылықсыз білім мен ұғымды жинақтау жүйесіз жүреді: олар үстіртін, көбінесе жаңсақ болуы мүмкін. Бала бұлтты -- мақта, ал жұлдыздарды электр шамдары деп ойлайды. Айналадағы өмірді бақылай отырып, ол өзінше тұжырым жасауға тырысады. К- И. Чуковскийдің Екіден беске дейін деген кітабында бала ақыл- ойының талапшылдығын дәлелдейтін көптеген балалардың сөйдеген сөздерін келтіреді.

Балалардық білім қорын дәйекті түрде ұлғайту, оларды ретке келтіру, нақтылау, жүйелеу тәрбиешінің міндеті болып табылады. Бала төңірегіндегі заттар, олардың қолданылуы, кейбір сапасы (түрі, көлемі, формасы) және қасиеттері (соғылу, сыну, үзілу, төгілу және т. б.) жайлы, оның қандай материалдан жасалғаны туралы айқын түсінік алуы керек. Сондай-ақ ол кейбір табиғат құбылыстары, олардың өзара байланыстары мен заңдылықтары (жыл мезгіліне тән белгілері және осы белгілердін өзара байланысы кейбір хайуанаттардың өздеріне тән ерекшеліктері жане олардың осы хайуанат-тардын өмір салтымен байланыстылығы) жайлы білім алады. Өлі табиғат құбылыстарын, өсімдіктердің, жәндіктердің, хайуанаттардың дамуын бақылау процесінде тәрбиеші балалардың бойында дүние жайлы ұғымдардың бастамасын қалыптастырады.
Мектепке дейінгі балаларды олар түсіне алатын қоғамдық құбылыс-тармен жәңе оқиғалармен: еліміздің астансы - Астанамен, ел басымыз Н.Ә.Назарбаевтің өмірімен, оның атқаратын қызметімен, елімізде болатын атулы мереке күндерімен таныстырады. Қоғамдық құбылыстармен, оқиғалармен танысу балалардың бойында еліміздін қоғамдық өміріне деген қызығушылыкты тәрбиелеуге, Отанға деген сүйіспенщілік сезімінің және интернационализм негіздерінің калыптасуына жәрдемдеседі .
Ғалымдар табиғат туралы қарапайым білім беру барысында баланың дүниетанымын қалыптастырып, акыл-ойын, тілін дамытуға болады дей отырып, осы мәселені тереңдей зерттеген. Оған дәлел мектеп жасына дейінгі педагогика тарихына көз жіберетін болсақ, бұл мәселе қай кезеңде емір сүрген педагогтар болмасыи, олардың тәлім-тәрбиелік ілімдерінің негізі болғандығын көрсетіп отыр. Тәлімгерлердің қайсысы болмасын өздерінің оқыту тәрбиелеу жүйесін жасау барысында, балаға қарапайым табиғат сырын 9ғындырудың қажеттілігін мойындай отырып, оның мазмұны мен көлемін анықтауға үлес қосқан.
Ғылыми жұмыстарға шолу жасап, табиғатты оқыту мәселесіне тоқталған кезде, негізінен ТМД елдері ғалымдарының ебегіне жүгінуге тура келеді. Себебі соңғы жылдарға дейін (1950-60 жылдар) Қазақстанда тікелей бұл мәселемен шұғылданған ғалымдар болмады. Орыс балабақшаларының бағдарламаларын аударып, сондағы талап-тілектерді жүзеге асыру мақсаты ғана орындалып отырғандықтан, әдістемелік еңбектер де аударма қалпында қалып келді.
Оның бастауы 20-30 жылдардан мектеп жасына дейінгі педагогика ғылымының мәселелерімен шұғылданған Е. И. Водовозова (1913), Н. К. Крупская (1917), Е. И. Тихеева (1928), Л. К. Шлегердің (1930) педагогикалық еңбектері болған (30-35).
Ол кезеңдегі педагогика ғылымының бет бұрысы тәрбислей отырып оқыту бағытында болғандықтан, барлық білім балаға табиғат жайында ұғым беру ісіне негізделген. Ғалымдардың пікірінше, адамды қалыптастыру, оның қоршаған ортаға, табиғатқа деген көзқарасын, дүниетанымын дамыту ретінде орын алды.
Осыдан кейін 30-50 жылдарда жүргізілген педагогикалық-психологиялық зерттеулерде де, мектеп жасына дейінгі балаларға табиғат жайында білім беру ісі өзекті мәселеге айналды .
Л. С. Выготский (1935) балабаша бағдарламасының жаңа талап бойынша қайта қаралып, құрылуына едәуір үлес қосты. Ғалымның тұжырымы бойынша бағдарлама бастауыш мектеп бағдарламасымен сабақтас болуы керек, себебі баланың балабақша қабырғасында табиғат жайында алған алғашқы қарапайым ұғымдары, оның жалпы білім беру орындарында меңгерген білімімен байланысты болған жағдайда ғана баланың ақыл-ойының дамуы нәтижелі болатындығын көрсеткен.
Сондай-ақ аса көрнекті педагог В.А. Сухомлинский де өз тәжіри- бесінде баланы табиғат құбылыстарының құпия сырлары арқылы білім беру барысында сәбиді жан-жақты дамыту жолдары жайында бағалы еңбектер қалдырған. Әсіресе, Балаға жүрек жылуы атты еңбегінде педагог кішкентай баланың мектеп табалдырығын түңғыш аттаған күннен бастап, бастауыш мектепті бітіргенге дейін, өз тәрбиеленушілерін қоршаған ортаны танып, білу әлеміне ендіріп, ашық аспан аясында сурет, ана тілі, еңбек сабақтарын жүргізгендігін айтады.
В. А. Сухомлинский Біз мұғалімдер табиғатты ең нәзік, ең жіңішке, ең сергек нәрсемен -- бала миымен істес боламыз. Егер баланы табиғаттан бөліп тастаса, оқытудың алғашқы күнінен бастап, тек сөз арқылы білім берсек, ми клеткалары тез шаршайды. Ми дамуы нығаюы, күшеюі үшін баланы табиғат әлеміне ендіру қажет-дейді.
Сол кезеңдегі жүргізілген ғалымдардың педагогикалық-психо- логиялық зерттеулерінің көбі мектеп жасына дейінгі баланың ақыл-ойын, танымдық қабілеттерін дамыту үшін қоршаған орта, табиғат жайында жүйелі ұғым беру қажеттігін атап өтті.
Ақыл-ой тәрбиесі мәселесіне арналған зерттеулер А. В. Запорожец, Л. С. Выготский, Б. Г. Ананьев, А. А. Люблинская, В. И. Логинова, В. В. Давыдов.
Психолог ғалымдардың тұжырымы бойынша, ақыл -- ой тәрбиесі өте күрделі және жан-жақты құбылыс. Оның негізгі мектеп жасына дейінгі кезеңде қаланады. Себебі бала дүниеге келгенде, алғашқы түсетін ортасы ата-анасынан кейін сәби жасынан бастап үнемі танып білетіні қоршаған,орта, табиғат, оның заттары мен құбылыстары.
Балаға табиғаттың негізгі ерекшеліктерін, әр жыл мезгіліне байланысты қоршаған ортада, өсімдіктер мен жануарлар әлемінде болып жататын сан алуан өзгерістер мен құбылыстарды көрсету, сезіндіру, байқату барысында баланы дамыту мақсаты көзделеді. Тіпті балалармен жүргізілетін барлық педагогикалық процесстер, ақыл -- ойын, тілін дамытуда пайдаланылатын ойындар, жұмбақ-мысалдар, әңгімелер, қолданылатын көрнекі құралдар мен ойыншықтар болсын, бәрі-бәрі табиғаттың жемісі екендігін ғалымдар әрқашан мойындаған.
Мектеп жасына дейінгі балалар білуге тиісті қарапайым ғылыми білім негіздерін неғұрлым тереңірек меңгерте отырып олардың ой -- өрісін, білім дәрежесінің деңгейін кеңейту, сана -- сезім, таным, қабылдау әрекетін дамыту, білімге қызығушылыққа баулып, баланың өздігінен еңбектену белсенділігінің қалыптастыру қажеттігін баса айтады ғалымдар.
Дегенмен қазірге кезде балалардың даму деңгейін, білуге, білімге ынталы екендігін педагогикалық психология саласындағы зерттеулер дәлелдеп отыр. Сол себепті балалардың теориялық ойлау операцияларын дамыту, олардың белгілі бір объектінің ішкі сырын ұғынып, оның себеп-салдарын, заңды байланыстырып таба білуге, қарапайым логикалық ой-қорытындыларын жасауға үйрету, баланың психологиялық-физиологиялық мүмкіндіктерін барлық жағыннан дамыту, сезім, таным, ерік әрекетій жетілдіру мектептегі оқу ісіне, ой еңбегіне дайындау, тәрбиелей отырып, қарапайым білім негіздерін меңгерту, дамыта отыру ісіне баса көңіл бөлген.
Ол үшін бала табиғат жайында жүйелі түрде білім алу қажет деген мәселені А. П. Усова, А. В. Запорожец, Н. Н. Поддъяковтар өздерінің ғылыми зерттеулерінде көтереді.
Сондай-ақ бүл мәселеге ерекше көңіл бөлгендердің бірі С. А. Веретенникова, Н. Ф. Виноградовалар болды.
А. П. Усова балаға табиғат туралы ұғым беру ісін екі теорияға бөліп қарады, біріншісі-қарапайым, яғни балаға білім арнайы оқытусыз күнделікті ойын, еңбек іс-әрекеттерінде бақылау арқылы жүргізіледі. Екіншісі -- балаға күрделі ұғым тек арнайы ұйымдастырылған оқыту үрдісінде, сабақ кезінде ғана беріледі және екеуі де бір-бірімен байланысты жүргізіліуі керек. Бұлайша берілген білім нақты жүйелендІрілген, бала ұғымына сай келетін табиғат құбылыстарының ерекшеліктерін, жыл мезгілдеріне байланысты адамдар өмірінде болатын өзгерістер мен олардыңіс-әрекеті жайында, шынайы түсінікті қамтыған жағдайда ғана нәтижелі болады деп көрсеткен.
Умственное воспитание детей в процессе ознакомления с природой атты еңбегінде Н. Ф. Виноградова баланың ақыл-ойын, тілін дамыту мәселесіне өте үлкен мән берген. Ол мектеп жасына дейінгі баланың ойының және тілінің дамуы қоршаған ортаны табиғатты қабылдауына, бала тілінің жетілгендігі ақыл-ойдың даму нәтижесінен туындайды және тіл мен ой байланысты. Сондықтан да балабақшада тіл дамыту ісін табиғатпен таныстырумен байланыстырып бақылау, серуен, топсеруен кездерінде жүзеге асыруды ұсынды.
Н.Н.Поддъяковтың психологиялық зерттелуінде баланың логикалық ойының дамуы заттар мен табиғи құбылыстарды тікелей ұстау, сезіну, көру әрекетіне байланысты екендігі көрсетілген.
Баланың мектепке жүйелі білім алуға жан-жақты әзір болуы үшін психолог ғалымдардың пікірінше оның сөздік қоры, сөйлем құру мүмкіндігі, сапалы ойлау қабілеті дамыған, нақтырақ айтқанда логикалық ойлану дағдысы жетіле бастаған болуы керек. Мұндай қабілеттердің біртіндеп қалыптасуына мүмкіндік беретін жағдайлардың бірі -- балалараға өзін қоршаған орта, табиғи заттар мен құбылыстар туралы ғылыми ұғым беру деп көрсетті: Н.Н.Поддъяков, Л.А.Венгер, С.Н.Николаева .
Атақты психолог Л.С.Выготский өзінің психологиялық зерттеулерінде де баланы мектепке даярлау мәселесіне ерекше назар аударған. 5-6 жаста балалар табиғаттағы заттардың қайдан, қалай пайда болғандығына қызықтай қарап, олардың өсіп, дамуы жөнінде алған білімдері мен өздігінше бақылағандарын байланыстыра ой қорытындыларын жасауға тарасады. Себебі бұл шақта баланың көрнекі-бейнелік ойлау қабілеті жетіліп, логикалық ойдың алғашқы элементтері қалыптаса бастайды. Бала жеке заттарды және табиғат құбылыстарын біліп қана қоймай, олардың себептерін түсінуге тырысып, үлкендерге жиі сұрақтар қояды дейді.
Қазақстан Республикасында мектеп жасына дейінгі балаларға табиғат жайында ұғым беру мәселесінің жайына тоқталсақ.
Жоғарыда көрсетілгендей республика көлемнде, мектеп жасына дейінгі табиғат туралы жүйелі ұғым бару мәселесі түбегейлі зерттелмеген. Дегенмен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Баланың ойлау қабілетінің дамуы
Ойлау түрлері және тәсілдері
Ойлау қабілеті жайлы
Бала сөзінің дамуы жеке сөздерді меңгеруден
Балалардың еңбек әрекетін жоспарлау
Мектепке дейінгі балалардың танымдық үрдістерін ойын арқылы дамыту жолдарын айқындап көрсету
Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлауының даму ерекшеліктері
Сөйлеу мен ойлаудың дамуы және өзара байланысы
Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын дамыту
Баланы мектепке психологиялық-педагогикалық дайындаудың негіздерін анықтау
Пәндер