Зейнетақы қорлары



Жоспар:

1. ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЛАРЫ МЕН ЗАИБЖҰ ҰҒЫМЫ

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЛАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУ ТӘРТІБІ
ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЛАРЫ
1. Қазақстан Республикасында жүргізілген зейнетақы реформасының нәтижесінде өз активтерін халықтың қаражат есебінен қалыптастыратын зейнетақы жинақтаушы қорлары құрылды. Зейнетақымен қамтамасыз етудің жаңа жүйесі 1997 жылдың 20 маусымында қабылданған “Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы” Заңына сәйкес оның нақты жұмысына, ең бастысы – зейнетақы жинағының сақталатындығына кепілдік береді.
1999 жылдың басында ҚР Үкіметінің қаулысымен міндетті зейнетақы жарнасын төлеудің тәртібі өзгертілді. Алайда, бұл арада аударудың тетігі өзгеріссіз қалды. Міндетті зейнетақы жарнасы бұрынғыша жұмыс берушінің есебінен емес, жұмысшының табысынан 10% мөлшерінде ұсталады. Міне, осы тәртіпті заңдасытыру арқылы ғана зейнетақы жинағының меншікті құқығын бекітуге болатын еді. Оның үстіне, әрбір келісім-шарт бойынша салымшының есеп кітапшасы рәсімделеді. Тағы бір кепілдікке мынау жатады: жұмыс беруші қызметкердің келісімінсіз зейнетақы келісім-шартын бұза алмайды.
Зейнетақы жинақтаушы қор – бұл ҚР заңында белгіленген тәртіппен зейнетақы жарнасын тарту және зейнетақы төлеу бойынша қызметті, сондай-ақ, зейнетақы активтерін инвестициялық тұрғыдан басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға.
Зейнетақы жинақтаушы қорлары салымшылардың міндетті жарнасын шоғырландырып, оларды әр түрлі бағалы қағаздарға орналастыру арқылы қордың инвестициялық портфелін қалыптастырады. Олар мемлекеттік зейнетақы жинақтаушы қорына (МЗЖҚ) және мемлекеттік емес зейнетақы жинақтаушы қорына (МЕЗЖҚ) бөлінеді.
Мемлекеттік зейнетақы жинақтаушы қоры заңды тұлғаны білдіреді. Оның құрылтайшысы – мемлекет. Мемлекет салымшылардан міндетті зейнетақы жарнасын алады және зейнетақы алушыларға зейнетақы төлейді. Сонымен бірге, зейнетақы активтерін қалыптастырып, оларды мемлекеттік құнды қағаздарға, мемлекеттік банктің депозиттеріне, халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарына инвестициялайды.
Мемлекеттік емес зейнетақы жинақтаушы қоры – салымшылардың міндетті және ерікті зейнетақы жарналарын алуды әрі зейнеткерлердің зейнетақысын төлеуді, сондай-ақ, зейнетақы активтерін қалыптастыру және оларды инвестициялау бойынша қызметтерді жүзеге асыратын заңды тұлға. Ол міндетті қорларға қарағанда ерікті зейнетақы жарнасын да тарта алады. Ерікті зейнетақы жарнасын салымшылар заңда және зейнетақы келісім-шартында белгіленген тәртіппен және мөлшерде өз бастамасы бойынша енгізеді. Зейнетақы активтері ЗЖҚ-дан зейнетақының төленуін қамтамасыз етеді әрі жүзеге асырады. Қор зейнетақы активтерін инвестициялау арқылы инвестициялық табысқа қол жеткізеді.
Жоғарыда аталған ЗҚЖ түрлерінен өзге ашық ЗЖҚ-ны және корпорациялық ЗЖҚ-ны бөліп көрсетуге болады.
Ашық ЗЖҚ салымшының зейнетақы жарнасын оның жұмыс орнына және тұрғылықты жеріне қарамастан қабылдай береді. Резидент болып табылатын заңды және жеке тұлғалар да, резидент емес заңды және жеке тұлғалар да оның құрылтайшылары әрі акционерлері бола алады. ҚР-ға резидент емес қатысушысы бар ашық ЗЖҚ-сы – бұл 25%-тен де көп дауыс берушінің акциялары төмендегілердің меншік иесінде немесе басқаруында болатын зейнетақы қоры:
• ҚР-дың резиденті еместер;
• 50%-тен де көп акциясы ҚР резидент еместердің меншігінде немесе басқаруында болатын ҚР резидентінің заңды тұлғасы;
• ҚР резиденті еместерінің бағалы қағаздарына атаулы ие болып табылатын ҚР резиденттері.
Корпорациялық осы қордың акционері және құрылтайшысы ретінде алға шығатын ҚР-дың бір немесе бірнеше заңды тұлғасының алушы-жұмыскерлері үшін құрылады.
Ашық ЗЖҚ қызметі кезінде немесе оған құрылтайшы болған кезеңде бірде бір тұлғаның дауыс құқығы бар акцияның жалпы санында 25%-дан артық акцияны тікелей немесе жанама иеленуге, өкім жүргізуге немесе басқаруға құқығы болмайды. Корпорациялық ЗЖҚ-да мұндай шектеулер жоқ. Алайда, зейнетақы жинағының нақты құны кеміген жағдайда соңғы акционерлердің жауапкершілігі үлкен болады, әрі инвестициялық табыс ысырабының орнын толтырады.
Зейнетақы активтерін бастапқыда ЗАБК (зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компания) ғана орналастыра алады. ЗЖҚ жарна түсімін кастодиан банктің шотына орналастырады, ал ЗАБК үш күннің ішінде оларды әр түрлі құнды қағаздарға орналастыруға міндетті. Бір ЗЖҚ тек бір ғана ЗАБК-мен келісім-шартқа отыра алады, ал Компания өз кезегінде бірнеше ЗЖҚ-ға қызмет көрсете алады. Бүгінгі таңда оның атауы өзгерген: ЗАИБЖҰ – зейнетақы активтерін инвестициялық тұрғыдан басқаруды жүзеге асыратын ұйым. Зейнетақы жинақтаушы қорларына инвестициялық портфелді қалыптастыру барысында активтерді дербес орналастыруына рұқсат етілген.
ЗАИБЖҰ қаржы нарығының кәсіби қатысушысы, заңды тұлғасы болып табылады және АҚ формасында құрылады. Оның қызметін ҚР-сының қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Агенттігі лицензиялайды. Агенттік Компанияның қызметін мынадай шарттармен лицензиялайды: жарғылық капиталдың мөлшері бойынша белгіленген талаптар мен нормативтердің орындалуы, 3 санатты біліктілік куәлігі бар мамандардың штатта болуы, зейнетақы активтерін инвестициялық тұрғыдан басқару жөніндегі қызметті реттемелейтін ішкі құжаттардың болуы.
ЗАИБЖҰ өз қызметінде зейнетақы қорларының инвестициялық портфелін қалыптастырады, зейнетақы активтерін ұдайы бағалап, зейнетақы жинағын зейнеткерлердің зейнетақы төлемдеріне бағыттап отырады. Ол өзінің қызметі туралы зейнетақы қорларына және ҚР-сының қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Агенттігіне
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Ысқақов У.М., Боқаев Д.Т., Рузиева Э.А.
Қаржы нарығы және делдалдары: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2006. – 298 бет.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

1. ЗейнетаҚы Қорлары мен ЗАИБЖҰ ҰҒымы

2. Қазақстан Республикасында зейнетақы қорларының құрылу және ҚЫЗМЕТ ЕТУ
тәртібі

Зейнетақы қорлары

1. Қазақстан Республикасында жүргізілген зейнетақы реформасының
нәтижесінде өз активтерін халықтың қаражат есебінен қалыптастыратын
зейнетақы жинақтаушы қорлары құрылды. Зейнетақымен қамтамасыз етудің жаңа
жүйесі 1997 жылдың 20 маусымында қабылданған “Қазақстан Республикасында
зейнетақымен қамтамасыз ету туралы” Заңына сәйкес оның нақты жұмысына, ең
бастысы – зейнетақы жинағының сақталатындығына кепілдік береді.
1999 жылдың басында ҚР Үкіметінің қаулысымен міндетті зейнетақы жарнасын
төлеудің тәртібі өзгертілді. Алайда, бұл арада аударудың тетігі өзгеріссіз
қалды. Міндетті зейнетақы жарнасы бұрынғыша жұмыс берушінің есебінен емес,
жұмысшының табысынан 10% мөлшерінде ұсталады. Міне, осы тәртіпті
заңдасытыру арқылы ғана зейнетақы жинағының меншікті құқығын бекітуге
болатын еді. Оның үстіне, әрбір келісім-шарт бойынша салымшының есеп
кітапшасы рәсімделеді. Тағы бір кепілдікке мынау жатады: жұмыс беруші
қызметкердің келісімінсіз зейнетақы келісім-шартын бұза алмайды.
Зейнетақы жинақтаушы қор – бұл ҚР заңында белгіленген тәртіппен
зейнетақы жарнасын тарту және зейнетақы төлеу бойынша қызметті, сондай-ақ,
зейнетақы активтерін инвестициялық тұрғыдан басқару жөніндегі қызметті
жүзеге асыратын заңды тұлға.
Зейнетақы жинақтаушы қорлары салымшылардың міндетті жарнасын
шоғырландырып, оларды әр түрлі бағалы қағаздарға орналастыру арқылы қордың
инвестициялық портфелін қалыптастырады. Олар мемлекеттік зейнетақы
жинақтаушы қорына (МЗЖҚ) және мемлекеттік емес зейнетақы жинақтаушы қорына
(МЕЗЖҚ) бөлінеді.
Мемлекеттік зейнетақы жинақтаушы қоры заңды тұлғаны білдіреді. Оның
құрылтайшысы – мемлекет. Мемлекет салымшылардан міндетті зейнетақы жарнасын
алады және зейнетақы алушыларға зейнетақы төлейді. Сонымен бірге, зейнетақы
активтерін қалыптастырып, оларды мемлекеттік құнды қағаздарға, мемлекеттік
банктің депозиттеріне, халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарына
инвестициялайды.
Мемлекеттік емес зейнетақы жинақтаушы қоры – салымшылардың міндетті
және ерікті зейнетақы жарналарын алуды әрі зейнеткерлердің зейнетақысын
төлеуді, сондай-ақ, зейнетақы активтерін қалыптастыру және оларды
инвестициялау бойынша қызметтерді жүзеге асыратын заңды тұлға. Ол міндетті
қорларға қарағанда ерікті зейнетақы жарнасын да тарта алады. Ерікті
зейнетақы жарнасын салымшылар заңда және зейнетақы келісім-шартында
белгіленген тәртіппен және мөлшерде өз бастамасы бойынша енгізеді.
Зейнетақы активтері ЗЖҚ-дан зейнетақының төленуін қамтамасыз етеді әрі
жүзеге асырады. Қор зейнетақы активтерін инвестициялау арқылы инвестициялық
табысқа қол жеткізеді.
Жоғарыда аталған ЗҚЖ түрлерінен өзге ашық ЗЖҚ-ны және корпорациялық ЗЖҚ-
ны бөліп көрсетуге болады.
Ашық ЗЖҚ салымшының зейнетақы жарнасын оның жұмыс орнына және тұрғылықты
жеріне қарамастан қабылдай береді. Резидент болып табылатын заңды және жеке
тұлғалар да, резидент емес заңды және жеке тұлғалар да оның құрылтайшылары
әрі акционерлері бола алады. ҚР-ға резидент емес қатысушысы бар ашық ЗЖҚ-сы
– бұл 25%-тен де көп дауыс берушінің акциялары төмендегілердің меншік
иесінде немесе басқаруында болатын зейнетақы қоры:
• ҚР-дың резиденті еместер;
• 50%-тен де көп акциясы ҚР резидент еместердің меншігінде немесе
басқаруында болатын ҚР резидентінің заңды тұлғасы;
• ҚР резиденті еместерінің бағалы қағаздарына атаулы ие болып табылатын
ҚР резиденттері.
Корпорациялық осы қордың акционері және құрылтайшысы ретінде алға
шығатын ҚР-дың бір немесе бірнеше заңды тұлғасының алушы-жұмыскерлері үшін
құрылады.
Ашық ЗЖҚ қызметі кезінде немесе оған құрылтайшы болған кезеңде бірде бір
тұлғаның дауыс құқығы бар акцияның жалпы санында 25%-дан артық акцияны
тікелей немесе жанама иеленуге, өкім жүргізуге немесе басқаруға құқығы
болмайды. Корпорациялық ЗЖҚ-да мұндай шектеулер жоқ. Алайда, зейнетақы
жинағының нақты құны кеміген жағдайда соңғы акционерлердің жауапкершілігі
үлкен болады, әрі инвестициялық табыс ысырабының орнын толтырады.
Зейнетақы активтерін бастапқыда ЗАБК (зейнетақы активтерін басқару
жөніндегі компания) ғана орналастыра алады. ЗЖҚ жарна түсімін кастодиан
банктің шотына орналастырады, ал ЗАБК үш күннің ішінде оларды әр түрлі
құнды қағаздарға орналастыруға міндетті. Бір ЗЖҚ тек бір ғана ЗАБК-мен
келісім-шартқа отыра алады, ал Компания өз кезегінде бірнеше ЗЖҚ-ға қызмет
көрсете алады. Бүгінгі таңда оның атауы өзгерген: ЗАИБЖҰ – зейнетақы
активтерін инвестициялық тұрғыдан басқаруды жүзеге асыратын ұйым. Зейнетақы
жинақтаушы қорларына инвестициялық портфелді қалыптастыру барысында
активтерді дербес орналастыруына рұқсат етілген.
ЗАИБЖҰ қаржы нарығының кәсіби қатысушысы, заңды тұлғасы болып табылады
және АҚ формасында құрылады. Оның қызметін ҚР-сының қаржы нарығы мен
қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Агенттігі лицензиялайды.
Агенттік Компанияның қызметін мынадай шарттармен лицензиялайды: жарғылық
капиталдың мөлшері бойынша белгіленген талаптар мен нормативтердің
орындалуы, 3 санатты біліктілік куәлігі бар мамандардың штатта болуы,
зейнетақы активтерін инвестициялық тұрғыдан басқару жөніндегі қызметті
реттемелейтін ішкі құжаттардың болуы.
ЗАИБЖҰ өз қызметінде зейнетақы қорларының инвестициялық портфелін
қалыптастырады, зейнетақы активтерін ұдайы бағалап, зейнетақы жинағын
зейнеткерлердің зейнетақы төлемдеріне бағыттап отырады. Ол өзінің қызметі
туралы зейнетақы қорларына және ҚР-сының қаржы нарығы мен қаржылық
ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Агенттігіне ұдайы есеп беріп
отырады, сондай-ақ, өзінің атқарған жұмыстары туралы ақпаратты жариялайды.
Алайда, ЗАИБЖҰ қызметінде белгілі бір шектеулер бар. Ішінара мыналарға
тыйым салынған:

• акциядан басқа бағалы қағаздарды шығаруға;
• банктерден өзіндік капиталдың мөлшерінен артық мөлшерде 3 ай мерзімнен
көп мерзімге қаражат тартуға;
• үлестес тұрғыдан бағалы қағаздарды тартуға және олармен басқа
мәмілелерді орындауға;
• қарызды кез келген тәсілмен беруге;
• зейнетақы активтерінің құрамына кіретін бағалы қағаздарды кері сатып
алу шартымен сатуға;
• ЗЖҚ-ға тиесілі емес бағалы қағаздарды сату бойынша келісім-шартты және
эмиссиялық емес бағалы қағаздарды сатып алу жөніндегі келісім-шартты
бекітуге;
• тапсырма мен кепілдік беруге, мәмілелерді зейнетақы активтерін кепілге
салып орындауға;
• инвестициялық зейнетақы активтері бойынша табыстың уәдесін және
кепілдігін қамтитын ақпаратты жариялауға;
• бағалы қағаздар мен қаржылық құралдардың саудасынан өзге материалдық
өндіріс пен сауда саласында қызметті жүзеге асыруға.

2. Қазақстандық зейнетақы жинақтаушы қорлар өз қызметін ҚР-сының қаржы
нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Агенттігі
берген лицензияның негізінде жүзеге асырады. Бұл лицензияда зейнетақы
қорларының тек мемлекеттік емес зейнетақымен қамтамасыз етуге
маманданатынына, мәселен, саудамен немесе өндіріспен айналыспайтынына
кепілдік беріледі.
Зейнетақы жинақтаушы қорлар лицензия алу үшін Агенттікке өз мамандарының
біліктілігі туралы аттестаттың және олардың қаржы институттарында кем
дегенде 2 жыл жұмыс істегенін айғақтайтын құжаттың нотариалдық тұрғыдан
расталған көшірмелерін береді.
Зейнетақы жинақтаушы қорлары АҚ формасында құрылады. ЗЖҚ-ның Жарғылық
капиталы акциямен қалыптасады әрі ақшалай қаражатпен ғана төленуі тиіс.
Мұнда акцияның төлемі үшін заңды тұлғаның қаражаты оның өзіндік капиталы
немесе таза табысының шегінде пайдаланылады. Лицензияны алу туралы өтініш
берілетін сәтте жарғылық капитал толық төленіп бітуі тиіс.
ҚР резиденттері болып табылатын заңды және жеке тұлғалар ЗЖҚ-ның
құрылтайшылары және акционерлері болуы мүмкін. Ал, рейтингтік
агенттіктердің бірінде нақты рейтингісі бар ҚР резиденті болып табылмайтын
заңды тұлғалар ашық ЗЖҚ-ның құрылтайшысы және акционері болуы мүмкін.
Мемлекеттік кәсіпорындар ЗЖҚ-ның құрылтайшысы немесе акционері бола
алмайды.
Қордың өзіндік капиталы құрылтайшылардың (акционерлердің) жарғылық
капиталындағы салым ақшасының есебінен, комиссиялық сыйақыдан, сонымен
бірге, өзіндік капиталды орналастырудан түскен өзге табыстан және негізгі
қызметті орындаумен байланысты қызмет көрсетуден түскен табыстан
қалыптасады. Бұл капитал басқа ұйымдарды құруға, міндеттемені, кепілдікті
қамтамасыз ету ретінде уақытша қаржылық көмек көрсетуге пайдаланылмауы
керек.
Комиссиялық сыйақының шекті шамасы ҚР Үкіметі белгіленген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қр-да жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық ресурстарын басқару
ЖИНАҚТЫҚ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Жинақтаушы зейнетақы қорларында қаржылық басқару мәселелері
Зейнетақы қорының нарығы
Қазақстан Републикасының зейнетақы нарығына экономикалық талдау
Зейнетақы жүйесі туралы
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің теориялық негіздері
Мемлекеттің ұлттық экономикасын модернизациялау барысында зейнетақы жүйесін қалыптасу деңгейін бағалау және зейнетақы активтерін экономикалық нақты секторларына инвестициялау механизмдерін жетілдіру
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің түсінігі және оның кызмет ету механизімі
Жинақтаушы зейнетақы қорлары - мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры мен мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары
Пәндер