Миграциялық саясаттың түсінігі мен мәні



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1 тарау. Миграциялық саясаттың түсінігі мен мәні ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1. Миграциялық саясаттың классификациясы және зерттеу
әдістемелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2. Миграциялық саясат туралы тұжырымдамалары мен
қауіпсіздікке ықпалы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.3.Миграциялық процестерден қауіпсіздікке төнетін қатерлер ... ... .

2 тарау. Миграцияның Қазақстан Республикасының әлеуметтік.демографиялық қауіпсіздігіне ықпалы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1.Демографиялық қауіпсіздіктін мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2.Демографиялық өту және одан туындайтын проблемалар ... ... ... ..
2.3.Демографиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолдары ... ... ... ...

3 тарау. Этномәдени қауіпсіздік және миграция ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3.1.Этномәдени қауіпсіздік түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.2. Қазақстандағы этномәдени қауіпсіздік мәселесі ... ... ... ... ... ... ...

4 тарау. Еңбек миграциясы және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
4.1.Экономикалық қауіпсіздік және миграция ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
4.2. Қазақстандағы еңбек миграциясын реттеу жолдары ... ... ... ... ...

5 тарау. Қазақстан Республикасы миграциялық саясатының негізгі бағыттары мен механизмдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
5.1.Миграциялық саясатты жүргізудің тиімді жолдары ... ... ... ... .
5.2. Миграциялық саясаттағы негізгі бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ...
5.3.Қазақстандағы миграциялық саясатты тиімді жүргізудің
механизмдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

6 тарау. Миграция және жаһандану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
6.1. Жаһандану жағдайындағы миграциялық процесстер ... ... ... ... ...
6.2. Миграцияның жаһандық үлгісіндегі орны мен бүгінгі күндері
дамуындағы қайшылықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Кіріспе
Миграция ерекше феномен ретiнде ғылыми бөлiнiсiнен бастап, әйтеуiр бiр контекстiде - экономикалық немесе әлеуметтік, тарихи немесе мәдени, демографиялық. немесе этникалық тұрғыдан қарастырылып келген едi. Бұл кездейсоқтық емес. Өйткенi, миграциялық процестер бiр жағынан, бiр немесе бiрнеше қоғамда болып жатқан өзгерiстермен тығыз байланысты және осы мағынада алғанда оның әржақты дамуының өлшемi болады, яғни бұлар - саяси, этноәлеуметтiк, еңбек нарығындағы жағдай, тағы басқалар. Екiншi жағынан, өзара сандық қана емес, сапалық қатынаста да (мәселен, әлеуметтiк-демографиялық және этномәдени сипатымен) ерекшеленген әр түрлi миграциялық ағымдар өте күрделi және осы себептен ол донор мен реципиент қоғамдардың да жағдайына ықпал етедi.
Қазiргi әлемдегi жаһандану процесiне байланысты Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі контекстiндегi миграциялық саясаттың қалыптасуы мәселесi өте өзектi. Өйткенi, елiмiздiң саяси режимiндегi және әлеуметтік-экономикалық құрылымындағы өзгерiстер жаңа миграциялық жағдайдың пайда болуына әкелді. КСРО-ның ыдырауына орай одақ iшiндегi болатын миграциялық процестер трансшекаралыққа айналды. Мәжбүрлi қоныс аударушылар мен «босқындардың» саны да артуда. Әсiресе, «жақын» және «алыс» шет елдерден келетiн жұмыс күші мигранттары, яғни гастарбайтерлер елімізде көбеюде,ал бұлар бiздiң қоғамымызда бiртiндеп «бесiншi бағанды» қалыптастыруда. Себебi олар мәдени жағынан да, менталитетi жағынан да бiзге бөтен болғандықтан, қоғамымыздағы қалыптасқан этномәдени тепе-теңдiктiң бұзылуына, шикiзаттар үшін күрестің өршуiне әкелiп, жаңа конфликтiлердiң пайда болуына әсерiн берерi сөзсiз. Ал уақыт өте келе дұрыстап орнығып алған соң, олар Қазақстандағы саяси және әлеуметтік жағдайға жүйелi түрде ықпал ете бастайды. Өткені Қазақстандағы барлық тұрғын халықтың саны бар болғаны 15 миллион ғана. Егер де Қазақстанға әр түрлi елдерден мигранттар келе беретiн болса, бiраздан соң бiз өзi үйiмiзде тұрып жатып-ақ пәтер жалдаушының кейпiне енгенiмiздi байқамай қалуымыз мүмкін. Осы айтылғандарға байланысты миграцияның жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттiң қауiпсiздiгiне қатер төндiруi сөзсiз, бұл проблеманы зерттеудiң өзектiлiгi осыдан да көрiнедi.
Қазақстан Президентi Н. Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан-2030» атты Қазақстан халқына жолдауында бүгiнгi дамуымыздың келеңсiз сипаттарының жетi осал жағын атаған болатын. Осының iшiндегi алтыншы осал жағымыз - кез-келген тұрғыдан қауiптi, ол - демографиялық өнiмсiздiгiмiз болып табылады. 1992 жылдан бастап соғыстан кейiнгi 50 жыл iшiнде тұңғыш рет бiздiң халқымыздың саны қысқара бастады, - дедi ол.
Өз кезiнде Ф. Вольтер «Елдiң байлығы оның тұрғындары мен олардың еңбегiнде», - деген едi. Бұл пiкiр Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың жоғарыда айтылған сөздерiмен үндесiп жатыр. Шындығында, тұрғын халқымыздың саны қысқара беретiн болса, ұлттық қауiпсiздiгiмiздi қалай қамтамасыз етемiз.
Елiмiздiң ресми түрде 1998 жылдың 26-шы маусымында қабылданған (2000 жылғы 28-шi сәуiрде өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген) «Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi туралы» Заңындағы Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiне берiлген анықтамада: «ұлттық қауiпсiздiк - елдің ұлттық мүдделерiнiң шынайы және потенциалды қатерлерден қорғалу жағдайы», - деп атап өтiлген.
Н. Ә. Назарбаев өзiнiң «Қазақстан-2030» атты Қазақстан халқына жолдауында бiрiншi ұзақ мерзiмдiк басымдық ретiнде де осы ұлттық қауiпсiздiктi қояды. Қауiпсiздiктiң басымдығы анық: егер елiмiз қауiпсiздiгiн сақтамаса, онда тұрақты даму жоспарлары туралы сөз қозғауымыздың өзi қисынсыз, - дейдi ол. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «... ұлттық қауiпсiздiк басымдықтарының деңгейіне мықты демографиялық және көшi-қон саясаты шығарылуы керек. Егер бiздiң мемлекеттiк органдарымыз бұған бұрынғысынша немқұрайылықпен қарайтын болса, онда бiз ХХІ ғасырдың қарсаңында Ресейдiң артынан iле-шала адам саны сыртқы көшi-қон процестерiне ғана емес, табиғи жолмен кеми беретiн «демографиялық оппа» жағдайына тап боламыз, Бұл тенденция дереу тоқтатылуға тиiс», - деген едi.
Ал, 2004 жылдың 15 шiлдесiнде ҚР Статистикалық агенттiгiнiң төрағасы Кали Абдиев елiмiздiң бiрiншi жарты жылдықтағы әлеуметтiк-экономикалық дамуының қорытындысын шығара отырып: «Қазақстанда ең алғаш рет миграцияның он сальдосы +3286 тiркелдi. Яғни, кеткеңдерден Республикамызға келгендер саны басым түсті. Бұл жақсы бағыттың бастамасы», - деп мәлiмдедi.
Миграциялық ағымдардың пайда болуы, өрiстеуi, барысы сияқты контекстiнiң аяғына дейiн жою мүмкін болған емес. Бұл ағымдағы әр көшiп-қонатын мигранттың өзiндiк ерекше қайталанбас жақтары бар. Мәселен, олар неге тұрғылықты жерiн тастап кету туралы шешiм қабылдайды, бұл шешiмдi қалай жүзеге асырады және келген жерлерiнде өздерiн қалай ұстайтындығы, т.с.с. Бiрақта осымен бiрге мыңдаған мигранттардың келу себептерi мен iстерiн жақындататын, әр түрлi уақыт ықпалына ұшырайтын, барлық жерде болатын объективтi «әлеуметтiк» факторлар да бар.
Миграцияның қауiпсiздiгi мен қатынасын қарау «қырғиқабак соғыс» пен шынайы социализмнiң құлдырауынан және КСРО-ның ыдырауынан кейiн түсiнiктi болды. Бұл жағдайлардың салдары, бiр жағынан әлемде болған өзгерiстерге бара-бар қауiпсiздiктiң жаңа концепциясын әзiрлеуге деген талпыныстан болса, екiншi жағынан Шығыстан бақылаусыз
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Назарбаев Н.А. Қазақстан-2030.Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Алматы:Білім, 2002.
2. Кваш А.Я. Ионцев В.А. Современная демография. Москва: 1999.
3. Асылбеков М.,Галиев В., Социально-демографические процессы в Казахстане. Алматы: Атамұра.2003.
4. Бакаев А.Н. Национальная безопасность Казахстана в контексте истории и современности. Астана. Елорда., 2000.
5. Крысько В.Г. Социальная политика и политическая трансформация. Алматы:Ғылым,2002.
6. Татимов М. Влияние демографических и миграционных процессов на внутриполитическую стабильность в РК // Саясат. 1995. №5.
7. Абдыгалиев Б.Б. Политизация этничности: процессы, механизмы, последствия. Алматы. «Үш қиян», 2003.
8. Предвыборная платформа Республиканской политической партии «Отан» (одобрена 15 июня 2004 года на внеочередном VІІ съезде партии).
9. Волков А.Г. Московские демографы обсуждают проблемы миграционной политики // Вопросы статистики. 2003. №9.
10. Этнополитический мониторинг в Казахстане. Алматы, 1997. Вып. 1.
11. Назарбаев Н.А. За мир и согласия в нашем доме // Материалы второй Ассамблеи народов Казахстана. Алматы, 1998.
12. Демографичекий ежегодник Казахстана: Статистический сборник. Алматы, 2002.
13. Касенов У., Жусупов С.Потенциальные этноконфликты в Казахстане и превентивная этнополитика. Алматы,1998.
14. Ультраправый лидер Франция за господство белых в Великобритании // Экспресс К. 2004. 27 апреля. №79. С.4.
15. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Астана., 1999.
16. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы. №1. Алматы,2004.
17. Қазақстан Республикасының 1991-1999 жылдар аралығындағы миграция қорытындысы. Алматы:ҚР Статистикалық агенттігі. 1992-2000.
18. Абдиев К.С. Статистический ежегодник Казахстан. Агенство РК по статистике. 2006.
19. Назарбаев Н.А. Қазақстан-2030. Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы, Алматы. 2002.
20. ICFTU Free Labour World. September. 2005. №2. P.5
21. Базанова Ф.Н. Формирование и развитие структуры Казахстана. Алматы,2005.
22. Тасмағамбетов И.Н. Социальная политика и политическая трансформация. Алматы: Ғылым,1997
23. Аяған И.Г. Тенденции и динамика изменений национального состава Казахстана // Евразийское сообщество; экономика, политика, безопасность. 2006.

Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1 тарау. Миграциялық саясаттың түсінігі мен
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.1. Миграциялық саясаттың классификациясы және зерттеу

әдістемелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ...
1.2. Миграциялық саясат туралы тұжырымдамалары мен
қауіпсіздікке
ықпалы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ...
1.3.Миграциялық процестерден қауіпсіздікке төнетін қатерлер ... ... .
2 тарау. Миграцияның Қазақстан Республикасының әлеуметтік-демографиялық
қауіпсіздігіне
ықпалы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1.Демографиялық қауіпсіздіктін
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2.Демографиялық өту және одан туындайтын проблемалар ... ... ... ..
2.3.Демографиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолдары ... ... ... ...
3 тарау. Этномәдени қауіпсіздік және
миграция ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.1.Этномәдени қауіпсіздік
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.2. Қазақстандағы этномәдени қауіпсіздік
мәселесі ... ... ... ... ... ... ... .
4 тарау. Еңбек миграциясы және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз
ету
мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... .
4.1.Экономикалық қауіпсіздік және
миграция ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
4.2. Қазақстандағы еңбек миграциясын реттеу
жолдары ... ... ... ... ...
5 тарау. Қазақстан Республикасы миграциялық саясатының негізгі
бағыттары мен
механизмдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ..
5.1.Миграциялық саясатты жүргізудің тиімді
жолдары ... ... ... ... .
5.2. Миграциялық саясаттағы негізгі
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ..
5.3.Қазақстандағы миграциялық саясатты тиімді жүргізудің

механизмдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ...
6 тарау. Миграция және
жаһандану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
6.1. Жаһандану жағдайындағы миграциялық
процесстер ... ... ... ... ...
6.2. Миграцияның жаһандық үлгісіндегі орны мен бүгінгі күндері
дамуындағы
қайшылықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...

Кіріспе
Миграция ерекше феномен ретiнде ғылыми бөлiнiсiнен бастап, әйтеуiр бiр
контекстiде - экономикалық немесе әлеуметтік, тарихи немесе мәдени,
демографиялық. немесе этникалық тұрғыдан қарастырылып келген едi. Бұл
кездейсоқтық емес. Өйткенi, миграциялық процестер бiр жағынан, бiр немесе
бiрнеше қоғамда болып жатқан өзгерiстермен тығыз байланысты және осы
мағынада алғанда оның әржақты дамуының өлшемi болады, яғни бұлар - саяси,
этноәлеуметтiк, еңбек нарығындағы жағдай, тағы басқалар. Екiншi жағынан,
өзара сандық қана емес, сапалық қатынаста да (мәселен, әлеуметтiк-
демографиялық және этномәдени сипатымен) ерекшеленген әр түрлi миграциялық
ағымдар өте күрделi және осы себептен ол донор мен реципиент қоғамдардың да
жағдайына ықпал етедi.
Қазiргi әлемдегi жаһандану процесiне байланысты Қазақстан
Республикасының қауіпсіздігі контекстiндегi миграциялық саясаттың
қалыптасуы мәселесi өте өзектi. Өйткенi, елiмiздiң саяси режимiндегi және
әлеуметтік-экономикалық құрылымындағы өзгерiстер жаңа миграциялық жағдайдың
пайда болуына әкелді. КСРО-ның ыдырауына орай одақ iшiндегi болатын
миграциялық процестер трансшекаралыққа айналды. Мәжбүрлi қоныс аударушылар
мен босқындардың саны да артуда. Әсiресе, жақын және алыс шет
елдерден келетiн жұмыс күші мигранттары, яғни гастарбайтерлер елімізде
көбеюде,ал бұлар бiздiң қоғамымызда бiртiндеп бесiншi бағанды
қалыптастыруда. Себебi олар мәдени жағынан да, менталитетi жағынан да бiзге
бөтен болғандықтан, қоғамымыздағы қалыптасқан этномәдени тепе-теңдiктiң
бұзылуына, шикiзаттар үшін күрестің өршуiне әкелiп, жаңа конфликтiлердiң
пайда болуына әсерiн берерi сөзсiз. Ал уақыт өте келе дұрыстап орнығып
алған соң, олар Қазақстандағы саяси және әлеуметтік жағдайға жүйелi түрде
ықпал ете бастайды. Өткені Қазақстандағы барлық тұрғын халықтың саны
бар болғаны 15 миллион ғана. Егер де Қазақстанға әр түрлi елдерден
мигранттар келе беретiн болса, бiраздан соң бiз өзi үйiмiзде тұрып жатып-ақ
пәтер жалдаушының кейпiне енгенiмiздi байқамай қалуымыз мүмкін. Осы
айтылғандарға байланысты миграцияның жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттiң
қауiпсiздiгiне қатер төндiруi сөзсiз, бұл проблеманы зерттеудiң өзектiлiгi
осыдан да көрiнедi.
Қазақстан Президентi Н. Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан-2030 атты
Қазақстан халқына жолдауында бүгiнгi дамуымыздың келеңсiз сипаттарының жетi
осал жағын атаған болатын. Осының iшiндегi алтыншы осал жағымыз - кез-
келген тұрғыдан қауiптi, ол - демографиялық өнiмсiздiгiмiз болып табылады.
1992 жылдан бастап соғыстан кейiнгi 50 жыл iшiнде тұңғыш рет бiздiң
халқымыздың саны қысқара бастады, - дедi ол.
Өз кезiнде Ф. Вольтер Елдiң байлығы оның тұрғындары мен олардың
еңбегiнде, - деген едi. Бұл пiкiр Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың жоғарыда
айтылған сөздерiмен үндесiп жатыр. Шындығында, тұрғын халқымыздың саны
қысқара беретiн болса, ұлттық қауiпсiздiгiмiздi қалай қамтамасыз етемiз.
Елiмiздiң ресми түрде 1998 жылдың 26-шы маусымында қабылданған (2000
жылғы 28-шi сәуiрде өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген) Қазақстан
Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi туралы Заңындағы Қазақстан
Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiне берiлген анықтамада: ұлттық
қауiпсiздiк - елдің ұлттық мүдделерiнiң шынайы және потенциалды қатерлерден
қорғалу жағдайы, - деп атап өтiлген.
Н. Ә. Назарбаев өзiнiң Қазақстан-2030 атты Қазақстан халқына
жолдауында бiрiншi ұзақ мерзiмдiк басымдық ретiнде де осы ұлттық
қауiпсiздiктi қояды. Қауiпсiздiктiң басымдығы анық: егер елiмiз
қауiпсiздiгiн сақтамаса, онда тұрақты даму жоспарлары туралы сөз
қозғауымыздың өзi қисынсыз, - дейдi ол. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев ...
ұлттық қауiпсiздiк басымдықтарының деңгейіне мықты демографиялық және көшi-
қон саясаты шығарылуы керек. Егер бiздiң мемлекеттiк органдарымыз бұған
бұрынғысынша немқұрайылықпен қарайтын болса, онда бiз ХХІ ғасырдың
қарсаңында Ресейдiң артынан iле-шала адам саны сыртқы көшi-қон процестерiне
ғана емес, табиғи жолмен кеми беретiн демографиялық оппа жағдайына тап
боламыз, Бұл тенденция дереу тоқтатылуға тиiс, - деген едi.
Ал, 2004 жылдың 15 шiлдесiнде ҚР Статистикалық агенттiгiнiң төрағасы
Кали Абдиев елiмiздiң бiрiншi жарты жылдықтағы әлеуметтiк-экономикалық
дамуының қорытындысын шығара отырып: Қазақстанда ең алғаш рет миграцияның
он сальдосы +3286 тiркелдi. Яғни, кеткеңдерден Республикамызға келгендер
саны басым түсті. Бұл жақсы бағыттың бастамасы, - деп мәлiмдедi.
Миграциялық ағымдардың пайда болуы, өрiстеуi, барысы сияқты
контекстiнiң аяғына дейiн жою мүмкін болған емес. Бұл ағымдағы әр көшiп-
қонатын мигранттың өзiндiк ерекше қайталанбас жақтары бар. Мәселен, олар
неге тұрғылықты жерiн тастап кету туралы шешiм қабылдайды, бұл шешiмдi
қалай жүзеге асырады және келген жерлерiнде өздерiн қалай ұстайтындығы,
т.с.с. Бiрақта осымен бiрге мыңдаған мигранттардың келу себептерi мен
iстерiн жақындататын, әр түрлi уақыт ықпалына ұшырайтын, барлық жерде
болатын объективтi әлеуметтiк факторлар да бар.
Миграцияның қауiпсiздiгi мен қатынасын қарау қырғиқабак соғыс пен
шынайы социализмнiң құлдырауынан және КСРО-ның ыдырауынан кейiн түсiнiктi
болды. Бұл жағдайлардың салдары, бiр жағынан әлемде болған өзгерiстерге
бара-бар қауiпсiздiктiң жаңа концепциясын әзiрлеуге деген талпыныстан
болса, екiншi жағынан Шығыстан бақылаусыз келетiн мигранттар ағымынан туған
үрейден едi. Осы екi салдарды да уақытқа сай байланыстыру саналы түрде
миграцияны қауiпсiздiк контекстiнде қарастыруға әкелдi. Шындығында,
миграцияның себептерiн талдау аясы негiзiнен дамыған елдер кеңiстiгiмен
шектелдi, өткені, күтiлген көп миллиондаған ағым осы мемлекеттерге келедi
деген болжам жасалған болатын.
Бiрақ та посткеңестiк елдерден Батысқа ағылған эмиграция үлкен сипатты
бола қойған жоқ, өткені тұрғын халықтық көп бөлiгi қоныс аударуға дайын
болмады және де қабылдаушы елдердiң шектеушiлiк саясатына ұшырады. Бұл ек
фактор Шығыстан ағылатын эмиграцияның сұрыпталуын қамтамасыз етiп, тек
бiлiктi мамандардың кетуiне әкелдi. Ал бұл қабылдаушы елден гөрi,
эмигранттар шыққан елдің қауiпсiздiгiне күштi қатер едi. Алайда, мынаны
жоқка шығаруға болмайды, яғни посткеңестiк мемлекеттердiң әлемдiк процеске,
оның iшiнде миграциялық процеске енуi Батыс елдерi үшін белгiлi бiр
жағымсыз салдарға ие болды. Мысалы, Ресей және басқа бұрынғы Одақтас
Республикалар да бiр-бiрiмен келiсе отырып ауыстырушылар рөлiн орындауда
және оларда қылмыстық трансұлттық қатерi туындап отыр.

1 тарау. Миграциялық саясаттың түсінігі мен мәні
1.1. Миграциялық саясаттың классификациясы және зерттеу әдістемелері
Демографиялық процестердiң iшiнде халыктың миграциясы маңызды орын
алады. Өткені миграцияға қоғамдағы саяси, әлеуметтiк-экономикалық
өзгерiстерге шұғыл көңiл бөлетiн жауапты сипат тән. Қоғамды дұрыс басқару
және тиiмдi әлеуметтiк-экономикалық саясат жүргiзу үшін миграциялық
ағымдардың көлемi мен мигранттардың құрамын бағдарлай бiлу, миграцияны
тудыратын факторларды және миграцияның салдарын анықтай бiлу өте қажет.
Миграциялық саясат дегенiмiз бл тұрғын халықтық миграциялануына алып
келетiн әлеуметтiк мiнез - құлықтың, әрекеттiң бiр түрi немесе элементi
болып табылатын миграциялық қозғалысқа деген ықпал ету. Бiздiң елiмiзде
миграциялық процестер ынталандырушы және iлектеушi iс-шаралар арқылы
ретттелiнедi. Шектеуiлi iс-шаралар таңдаулы түрде қолданылады, әсiресе iрi
қалалардағы миграцияға байланысты. Сонымен қатар елдің экономикалық дамуына
карай ынталандырушы экономикалық iс-шаралар да кеңiнен қолданылуда
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000-жылғы 5-шi қыркүйектегi 1346-
қаулысымен[1] мақұлданған Қазақстан Республикасының миграциялық саясатының
тұжырымдамасында былай айтылған:
✓ миграция процестерi мемлекеттiк қауiпсiздiкке, қоғамдық
келiсiмге, елдегi экономикалық және демографиялық ахуалға әсер
етедi;
✓ миграциялық саясат Қазақстанның мемлекеттiк сыртқы және iшкi
саясатының құрамдас бөлiгi болып табылады, оны iске асыру
мемлекеттiң басым мiндеттерiнiң бiрi болуға тиiс;
✓ миграция саясатының субъектiлерi - орталық және жергiлiктi
атқарушы органдар болып табылады.
Тұжырымдамада адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау негiзiнде жалпы
мемлекеттiк мүдделердi ескере отырып, миграция саясатының негiздерi
айқындалады делiнген.
Халықтың миграциясы демографиялық жағдайларға, елдің тұрғындары санының
бiрден көбеюiне немесе азаюына, оның жастық және жыныстық құрылымына тез
және белсендi ыкпал етедi.
Қазiргi ғылымда, әсiресе батыс ғылымында миграцияны зерттеп, талдауда
бiр жағынан бiрiн-бiрi толықтыратын және бiрiне-бiрi бiршама қарсы келетiн
екi негiзгi теориялық парадигмалар бар. Бiрiншiсi, құрылымдық парадигма.
Бұл парадигма миграцияны түсiндiргенде басты орынды адамды немесе топты
миграциялауға итермелейтiн құрылымдарға бередi Осы парадигма макротеориялық
парадигма ретiнде анықталады, өйткенi миграцияның себептерi экономикалық
және саяси құрылымдар мен қоғамның капиталистiк трансформациялануы болып
табылады. Қазiргi кездегi миграцияның себептерiн талдауда орын ауыстыру
экономикалық детерминация ролiнiң маңыздылығы күштi екендiгiн көрсетедi.
Миграция теориясындағы екiншi парадигмада, яғни миграциялау туралы
мәселеде субъективтi факторға басты орынды берiледi. Субъективтiк парадигма
микроденгей теориясы ретiнде анықталады, Өткені адам миграцияның басты
агентi ретiнде талданады. Микродеңгей теориясы миграцияның макротеориялық
себептерiнiң маңызын жоққа шығармайды, бiрақта ол деңгей, объективтi
факторлар бәрiбiр де жеке тұлғаның шешiмiне байланысты болады дейдi. Бұдан
көретiнiмiз, миграцияны талдаудағы микротеориялық тәсiл жеке тұлғалардың
шешiмдерiн зерттеуге көп көңiл бөледi. Бұл парадигма аясында мигрант
өзiндiк ерекшелiктерi бар, миграциялаудан түсетiн шығындар мен табыстарды
бағалай алатын адам ретiнде қарастырылады. Бәрiнен анығы, миграциялау
туралы шешiм қабылдау тұтастай қиын себептер комплексi болып табылады.
Тарихқа үңiлсек, миграциялық процестердi ең алғашқылардың бiрi болып
жүйелендiрген ағылшын ғалымы Е. Г. Равенштейн болған едi. Ол 1885 жылы
Ұлыбритания мен Солтүстік Америка тәжiрибесiнде миграцияның он бiр заңын
немесе ережелерiн[2] қалыптастырып бердi, бұл ереженi қазiрдiң өзiнде
миграциялық теорияны жасаушылар негiзге алады. Осы он бiр ереженiң iшiндегi
ең маңыздылары мыналар:
1. миграция көбiне қысқа қашықтықта жүзеге асады (бұл жерде мигрант-
спринтер жөнiнде пiкiр бiлдiрiледi, алайда, қазiргi кезенде
мигрант-стайерлер де көп);
2. территориялық орталық iрi болған сайын, ол өзiнiң тартымдылығын
күшейтедi;
3. әр миграциялық ағымға өзiндiк қарсы ағым сай болады;
4. iрi қалалардың өсуi қала тұрғындарының табиғи өсiмiне емес,
халықтық қоныс аударып келуiне байланысты;
5. халықаралық миграция елдің iшiндегi болып жатқан миграция
заңдылықтарымен дамиды;
6. миграцияның көлемi өндiрiстiң, сауданың, әсiресе көлiктiң дамуына
байланысты көбейе түседi;
7. миграцияның ең басты анықтаушысы-экономикалық себептер
болады;
Ал бүгiнгi к.нде қоғамның дамуында жоғарыда айтылған, әсiресе, соңғы
екi заңдылық берiк және анықтаушы сипатка ие.
Демографиялық процестердiң арасында тұрғындардың миграциясы ерекше
орынды алады. 1989 жылғы жарық көрген Миграциология[3] деген еңбекте
миграция дегенiмiз бұл әлеумеiтiк-экономикалық қатынастарға байланысты
болатын миграциялық қозғалыс деп жазылған. Миграцияның мынандай
категорияларға негiзделген интегралды классификациясы бар, олар:
1. типi;
2. түрi;
3. фәрмасы;
4. себебi;
5. деңгейi.

1. Миграциялық қозғалыстар бiр елдің iшiнде де, осымен бiрге
мемлекеттердiң арасында да болады. Сол себептен де тұрғын
халықтың миграциясының екi типiн бөлiп алады: халықаралық
(мемлекетаралық, сыртқы) және iшкi (мемлекетiшiлiк).
Халықаралық миграцияға иммиграция және эмиграция деген түсiнiктер тән.
Бiрiншiсi бiр елге жұмысқа орналасуды немесе оқуға түсу мақсатында және
басқада себептерге байланысты басқа елге барып кiрудi бiлдiредi.
Екiншiсiнде елден кету туралы айтылады. Осыған байланысты иммигранттар және
эмигранттар болып бөлiнедi. Халықаралық миграция континент аралық (мәселен,
Еуропадан АКШ-қа және Австралияға) және iшкi континенталдық (мысалға,
Еуропа шеңберiнде) болып бөлiнедi.
Ішкi миграция дегенiмiз - бiр мемлекеттiң территориясы көлемiндегi
қозғалыс. Ішкi миграцияның ағымдары мынандай бағыттары бойынша бөлiнедi:
қала-қала; ауыл-ауыл; ауыл-қала.
2. Iшкi және сыртқы миграцияларға да мынандай негiзгi түрлер тән.
Атап айтар болсақ, қоныс аудару қайтарымсыз және тұрақты уақытша
миграцияға бөлiнедi, бiрiншiсi тұрақты мекен-жайын, азаматығын
өзгертумен байланысты, ал екiншiсi болса жаңа жерде (жаңа елде)
шектеулi бiр уақытпен жүрудi бейнелейдi, кей кезде ол бiршама
ұзақ мерзiмге де созылады (БҰҰ-ның анықтамасы бойынша, бiр жыл
және одан көп уақытқа кететiндер ұзақ мерзiмдi мигранттар болып
есептеледi).
Маусымдық миграция мiндеттi түрде қайта оралу деген сөз, ол бiрнеше
айға созылады, алайда бiр жылдан аспайды. Маусымдық миграция негiзiнен
еңбек күшіне сұраныс тудыратын белгiлi бiр маусымдық жұмыстарда көрiнедi,
мысалға: құрылыстарда, ауыл шаруашылығындағы егiн пiскен кезiнде, т.б.
Нақты мысал келтiретiн болсақ, Оңтүстік Қазақстандағы мақта терiмiне
Өзбекстаннан келетiн маусымдық мигранттар.
Маятниктiк миграция (челноктық, шекаралас) бұл тұрақты мекен-жайынан
оқу немесе жұмыс мақсатымен басқа бiр облыс, ауданға немесе басқа бiр
мемлекет территориясына күнделiктi (апталық та болады) орын алмастыруды
айтады. Мәселен, фронтьерлiк (ағылшынша - шекаралық) миграциялық алайық.
Фронтьер-жұмыскерлер күнделiктi, немесе апта салып мемлекет шекарасынан
өтiп, басқа бiр елде еңбек өтетiндер. Мәселен, шекаралас жатқан Қазақстан
мен Ресей арасында. Мұнымен қатар кейiнгi жылдары желiлiк маркетинг еңбек
миграциясының түрi де кең тарауда. Желiлiк маркетинг - бұл дистрибьюторлар
арқылы тауарды өткiзу.
Эпизодтық миграция - бұл төртiншi және негiзгi түр болып табылады. Ол
iскерлiк, туристiк және т.б. құралады. Мәселен, 1993 жылдардағы әлемдегi
туризм мен саяхаттаудан түскен пайда 3,5 трлн долларға бағаланса, ал
туристер саны 443 млн-ды құраған.
Жоғарыда айтылғандармен қоса, қазiргi кездегi миграцияның ең бiр кең
тараған түрi - саяси және экологиялық себептерден туындаған мәжбүрлi
миграция. Бұған мысал ретiнде, саяси тұрақ iздеген босқындарды айтуға
болады. Бұрынғы КСРО-ға келер болсақ, ондағы 1930-40 жылдардағы әр түрлi
ұлт өкiлдерiн Орталык Азияға, Қазақстан мен Сiбiрге депортациялауды
мәжбүрлi миграция қатарына жатқызамыз. Осының нәтижесiнде 2 млн адам қоныс
аударылды, оның жетпіс пайызын, әйелдер мен балалар құраған едi.
Сыртқы миграцияға байланысты тағы бiр түрдi заңсыз (астыртын)
миграцияны да бөлiп алуға болады. Заңсыз мигранттар дегенiмiз – жұмыс табу,
өмір сүру мақсатында басқа бiр елдерге заңсыз келушiлер. Дүниежүзінде,
әсіресе, 70-жылдардың ортасынан бастап заңсыз мигранттар саны өсіп,
қазiргi кезеңде көлемi одан сайын ұлғаюда. Бұл миграция түрінің шынайы
көлемiн толығымен анықтау мүмкін емес.
Осы жоғарыда айтылған миграция түрлерiмен қатар, қазiргi кезде
зерттеушiлер моральды миграция түрiн де бөлiп алуда. Яғни, адам қоныс
аударғысы келгенiмен қаржысының жоқтығынан көшiп кете алмайды, осымен қатар
бұл жерде кедейлiк те миграциялауға себеп болады және қоныс аударуға
кедергi келтiретiн де фактор болып табылады.
3. Формасына қарай миграциялық қозғалыстарды былай деп бөлуге
болады: мемлекеттiң немесе әр түрлi қоғамдық құрылымдардың
(мәселен, ұйымдастырылған түрде еңбекшiлердi жинау, қоғамдық
үндеулер бойынша миграция) көмегi арқылы жүзеге асатын қоғамдық-
ұйымдасқан және ұйымдаспаған, яғни мемлекетттің көмегiнсiз жүзеге
асатын миграция. Кейiнгi кезде осылардың үлесi бiздiң елiмiзде де
өсе түсуде. Бiрақ та ұйымдасқан миграцияда да, ұйымдаспаған
миграцияда да қоныс аудару туралы жеке тұлға өзi шешiм
қабылдайды.
4. Миграциялық қозғалыстарды себептерiне байланысты жiктей отырып
мыналарды бөлiп алуға болады, олар: экономикалық, әлеуметтiк,
саяси, мәдени, дiни, нәсiлдiк, әскери, демографиялық (отбасының
бiрiгуi, некелiк миграция) және т.б. миграциялар.
Қазiргi кезенде миграцияны қандай факторлардың анықтағанына қарамастан,
басты орынды экономикалық миграция алады,
5. Тұрғын халықтық миграциясы‚ үш деңгейге бөлiнедi. Бiрiншi деңгей-
бұл миграциялау туралы шешiмдi қабылдау.
Екiншiсi — бұл территориялық қоныс аудару, жоғарыда айтқандай
ұйымдасқан немесе ұйымдаспаған миграциялар, яғни мигранттың өзiнiң
тәуекелiне байланысты.
Үшіншiсi — бұл мигранттың жаңа орынға, жаңа жұмысқа бейiмделуi және
үйренуi деңгейi.
Мемлекеттiк миграция саясатының қалыптасу кезеңдерiн қарастыратын
болсақ, халыктың миграциясы объективтi әлеуметтік-экономикалық процесс
ретiнде бiр-бiрiмен тығыз байланысты құрамдас бөлiктерден тұрады. Яғни,
сыртқы миграция: эмиграция мен иммиграция және iшкi миграция (ауыл мен
қалашық, қала мен қала, т.с.с.).
Қазақстан Республикасы үкiметiнің 2000-жылғы 5-қыркүйектегi 1346-
сандық[4] қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасының миграциялық
саясатының тұжырымдамасы бір мезгiлде сыртқы да, iшкi де миграцияның
реттеуге арналған. Мұндай саясат мемлекеттiң белгiлi бір аймақтағы
мигранттар қозғалысының ағымы мен құрамына ықпал ете отырып, халықтың саны
мен құрамын сақтап қалуға немесе өзгертуге бағытталады. Оның басты мақсаты
- экономиканың және халықтын тиiмдi дамуын қамтамасыз ету үшін жергiлiктi
тұрғындарды дұрыс орналастыру, оның сапалық құрамын жақсарту, аймақтардың
бiрдей дамуын қамту, өмiр жағдайындағы әлеуметтік – экономикалық жiктi
теңестiру болып табылады. Әсiресе өтпелi кезенде, тұрғын халықтың
орналасуы мен оның санының өзгеруi процестерiн реттеушi ықпал тоқтағанда,
ал басқаларының ықпалы бiржақты болып қалғанда, ғылыми, экономикалық және
демографиялық тұрғыда негiзделген мемлекеттiк миграциялық саясат қажет.
Миграциялық саясат Қазақстан мемлекетiнiң сыртқы және iшкi саясатының
құрамдас бөлiгi болып табылады, сондыктан да ол халықтың санының өсуi мен
әлеуметтiк-экономикалық дамуды байланыстыруы керек. Дегенмен, мемлекеттiң
миграциялық саясатының рөлi тұрғын халықтық қозғалысын жоспарлаумен және
басқарумен ғана тоқталып қалмауы қажет. Оның тағы бiр маңызды қызметi -
қоғамды және экономиканы реформалау кезiнде пайда болатын жаңа әлеуметтік-
экономикалық даму жағдайларын да бақылау болып табылады.
Ендi қазiргi кезеңдегi миграциялық жағдайды талдау мен оның дамуындағы
негiзгi миграциялық проблемаларын шешу басымдықтарын және негiзгi әрекет
ету бағыттарын анықтауға тоқталып өтейiк. Қазақстан Республикасы жағдайында
иммиграцияны ынталандыру халықтың табиғи өсiмiнiц азаюын бiршама ретке
келтiретiн және экономиканы еңбек ресурсымен қамтамасыз ету үшін жасалатын
iс-шара. Елiмiздiң 2030-жылға дейiнгi даму стратегиясы бойынша да
Қазақстанда ұзын-саны 25 миллионға жетерлiк денi сау, тұрмысы ауқатты, әрi
салауатты өмiр салтын ұстанған, бiлiмi терең, мамандығы ұшталған азаматтары
мен тұрғындары болуы керек делiнген. Ал осындай көрсеткiштерге жету тек
табиғи өсiмдi арттыру арқылы мүмкін болмайтындықтан, әрбiр мемлекет, оның
iшiнде Қазақстан Республикасы да иммиграцияны жүргiзуде. Мәселен, 1991-2000
жылдар аралығындағы кезеңде Қазақстан Республикасына 43 мыңнан астам отбасы
немесе 183 мың адам көшiп келген. Келушiлердiң жалпы санының жартысынан
астамы дерлiк алыс шетелдерден келгендер. Келушiлер легi Монғолиядан (35 %-
ы), Ираннан (8 %-ы), Түркиядан (2 %-ы), Қытайдан (1,2 %-ы) және
Ауғанстаннан (1 %-ы) шыққандар есебiнен құралғандар. [5]
Халықтың көшi-қонын реттеудiң құқықтык негiзi 1997 жылғы 13 желтоқсанда
қабылданған Халықтық көшi-қоны туралы Қазақстан Республикасының Заңында,
Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 15 желтоқсанда бекiткен 1951 жылғы 28
шiлдеде қабылданған Босқындар мәртебесi туралы конвенцияда және 1967
жылғы 31 қаңтардағы Босқындар мәртебесiне қатысты хаттамада баянды етiлген.
Қазақстан Республикасының миграциялық саясатына арналған бағдарламасына
келер болсақ, ол Қазақстан Республикасы үкiметiнiң 2001 жылғы 29 қазандағы
1371-санды қаулысымен бекiтiлген болатын. Бұл бағдарлама Квзакстан
Республикасы көшi-қон саясатының 2001-2010 жылдарға арналған салалық
бағдарламасы деп аталады.
Қазақстан Республикасы көшi-қон саясатының салалық бағдарламасы
Елбасының Қазақстан халқына Қазақстан-2030.[6] Барлық Қазақстандықтардың
өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi мен ел-ауқатының жақсаруы жөнiндегi жолдауын
iске асыу мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының көшi-қон
саясатының тұжырымдамасы туралы Қазақстан Республикасы үкiметiнiң 2000
жылғы 5 қыркүйектегi 1346-санды қаулысына сәйкес әзiрлендi.
Бұл бағдарламаның мақсаты - тұрақты демографиялық және әлеуметтік-
экономикалық дамудың қажеттi шарттарын жасау, көшiп қонушылардың құқықтарын
iске асыру жөнiнде барлық қажеттi жағдайлар туғызу, сондай-ақ елiмiздiң
мемлекеттiк қауiпсiздiгiн нығайтуға бағытталған көшi-қон саясатын
қалыптастыру. Бағдарламаны iске асыру екi кезеңге бөлiнген. 1-кезең - 2001-
2005 жылдар, 2-кезең - 2005-2010 жылдар болып белгiленген.
Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер мыналар: миграцияның
терiс сальдосының оң сальдоға өзгеруi есебiнен республика халқы санының
өсуi қамтамасыз етiледi, көшiп-қонушылардың, оралмандардың құқықтарын iске
асыру жөнiнде кажеттi жағдайлар жасайды және елiмiздiң ұлттық қауiпсiздiгi
нығайтылады.
Миграциялық процестердi зерттеудiң әдiстемесiне келсек, мұнда әр түрлi
әдiстер пайдаланылды. Ғылымда әдiстеме деп бiр құбылыс немесе процесс
жөнiнде теориялык жалпылама бiлiм алуға көмектесетiн ғылыми iзденiстiң
логикасын немесе ғылыми әдiс-тәсiлдердi пайдалану стратегиясын айтады.
Зерттеушінiң әдiстемелiк бағдарларды жүзеге асыру жолы белгiлi бiр әдiстер
арқылы жүредi. Бұл әдiстердi шындықты теориялық және практикалық игерудiң
тәсiлдерi мен iс-шаралар жиынтьты деп анықтауға болады.
Әдiстемелiк принцип талаптары бойынша, миграцияның қарастыратын
зерттеушi бұл әлеуметтiк-саяси құбылысын жан-жақты түсiну үшін белгiлi бiр
зерттеу iс қосығын анықтап алуы керек. Сондықтан да, зертеушi өзінің
зерттеу жұмысында ғылыми танымның барлық әдiстер қорын қолданғаны жөн.
Халықтың миграциясы және оның қауiпсiздiкке ықпалы туралы
толыққанды ақпарат жинау үшін зерттеушi зерттеу объектiсi мен өзінің
қатынасы ерекшелiгiне баса назар аударуы керек. Басқа әлеуметтік саяси
құбылыстарды зерттеумен салыстырғанда, адамдардың миграциясын зерттеуде
бiрiншi ақпаратты жинақтау күрделiрек. Өткені қауiпсiздiкке ең алдымен
қатер төндiретiн заңсыз миграция болғандықтан, зерттеушi жанама да, жасырын
түрде де зерттеу пәнiмен байланысады. Бұл арқылы заңсыз миграция құрбандары
беретiн ақпаратты шынайылығын мигрантты психологиялық көңiл-күйінен де
бiлуге болады. Зерттеушiлер мұндай адамдарда қорқыныш, күйзелiс сезiмi
болатындықтарын байқайды.
Саясаттанушылық зерттеуде пайдаланатын ақпарат сапасына оның
мәлiметтерiнiң негiзделуi мен сенiмдiлiгi жатады. Негiздiлiк көрсеткiштiң
бейнеленетiн түсiнiк деңгейіне сай келуiн сипаттайды. Басқаша айтқанда,
негiздiлiк, зерттеушi шынымен де сол көрсеткiшке қол жеткiздi ме, өлшегiсi
келетiнiн өлшеп пайымдады ма, соны бiлдiредi. Ал ақпараттың сенiмдiлiгi
белгiлi бір өлшеуiштi қолдана отырып зерттеушінiң алған өлшемдерiнiң
тұрақтылығын бiлдіредi. Егер де бiр өлшеуiштi бiрнеше рет қолданғандағы
алынған мәлiмет бiрдей маңызға ие болмаса, онда бұл ақпарат сенiмсiз деген
сөз.
Әдiс, пен мәлiметтi жинаудың сұрыптаудың және талдаудың негiзгi жолдары
аталса, ал iс жосығы деп бүкiл зерттеудің бiр жүйелiлiгi айтылады.
Эмпирикалық зерттеулер деп танымның субъектiсi мен объектiсiнiң өзара
әрекеттесуiн түсiнемiз. Эмпирикалық зерттеуде адамдар мен әлеуметтiк
қауымдастықтардың мінез-құлқы, жүріс-тұрысы талдау пәнi болады. Эмпирикалық
зерттеу нәтижесi фактiлiк iлiм болып табылады.
Егер де оны түсiндiретiн теория болса, фактiлер ғылыми құндылыққа ие
болады. Теория деп белгiлi бiр құбылысты түсiндiрiп, ашып беретiн
көзқарастар мен идеялар жиынтығын аталады. Әрбір теория негiзiнде
эмпирикалық жолмен алынған фактiлiк бiлiм жатады. Бiрақ та тек теория ғана
әлеуметтiк шындықтың толық, жан-жақты талдауын бередi.
Миграция мен оның қауiпсiздікке ықпалын зерттеуге кiрiспес бұрын, ең
алдымен объектiнiң синтезi мен алдын-ала жүйелi талдауға арқа сүйеген жөн.
Жүйелi талдау мен синтез әдiсi әр объектiнi жүйелi тұтастық пен оның
құрамдас бөлiктерiнің заңдылығы бағдарында қарастыруды болжайды. Жүйелiлiк
принципiнiң жүзеге асырылуы ретiнде жүйелi-құрылымдық әдiс әр объектiнiң
көп сатылы құрылымдық сатысынан шығады. Ол бұл деңгейлердiң әрқайсысының
өзiндiк ерекшелiгiн шығарып алуға және осымен бiрге оны көп салалы және көп
деңгейлi бiрлiкте қарауға мүмкіндiк бередi. Мәселен, бiр елдiн - тұрғын
халқының миграциялық белсендiлiгiн бiлiп алу үшін әр түрлi әлеуметтік
құрылымды, әр түрлi мүдделi және мәдени-құндылық бағдарларын зерттеген жөн.
Миграциялық белсендiлiк факторлары экономикалық, саяси, мәдени, т.б.
факторлар болып бөлiнедi. Сол себептен, тұрғын халықтың миграциялық
белсендiлiгiнiң деңгейi туралы ақпарат алу үшін елдің әлеуметтiк-
экономикалық, саяси және мәдени дамуын және осы факторлардың әр түрлi
әлеуметтік адамдар санасында қалай бейнелетiнiн қарастыру керек.
Ғылыми танымның әдiсi саласында тарихи әдiс те бар, ол әлеуметтiк
құбылыстар мен процестердiң пайда болуын, қалыптасуын және тарихи
жағдайларға байланысты дамуын зерттейдi. Мәселен, заңсыз мигранттарды,
гастарбайтерлердi қанап, ауыр жұмыска салу қазiргi кездегі құлдықтың
бейнесi. Осыған таза мысал ретiнде қырғыз және өзбек мигранттарының
Қазақстандағы ауыр жағдайларын келтiруге болады.
Саяси құбылыстарды салыстырып, жинақтауды өзiне қосатын салыстырмалы
анализ бен синтез әдiсi де миграция мен оның қауiпсiздiкке ықпалын ашу үшін
өте маңызды. Мәселен, осы оқу құралының екiншi бөлiмiнде аталған әдiс
кеңiнен қолданылды. Мұнда әр түрлi елдердiң миграциялық саясаты
салыстырылған. Осымен бiрге қауiпсiздiктiң әр аспектiсi бiрнеше елдердiң
мысалында ашылып көрсетiледi.
Анализ бен синтездiн бихевиористiк әдiсi саяси құбылыстардың берi әр
адамның мiнез-құлқында өзiнше көрiнiс беретiнiн байқалады. Сондықтан да бұл
әдiстiң мәнi әрбiр жеке тұлғаның саяси мiнез-құлқын, жүрiс-тұрысын
зерттеуден құралады. Бұл әдiс арқылы адамдардың миграциялық көңiл-күйлерi
неге өзгергенiн, оған не нәрсе себеп болғанын бiлемiз. Мәселен, адамдардың
эмиграциялауының азаюы сол елдің әлеуметтiк-экономикалық және саяси
жағдайының жақсарғанын немесе мемлекет катаң визалық саясат қолданып
жатқандығын көрсетедi.
Бұлармен қоса, миграцияны зерттеуде социологиялық әдiстер, яғни
ақпаратты жинақтау, талдау қолданылады. Миграцияны зерттеудiң социологиялық
эмпирикалық әдiстерiге: құжаттарды сандық талдау әдiсiн, сауалнаманы,
сұхбатты және сарапшылардың бағалау әдiсiн де жатқызуға болады.
Статистикалық құжаттар сандық мәлiметтердi кесте түрiнде көрсетiп бередi.
Мәселен, миграцияның көлемiн, динамикасын зерттеу үшін бұл мәлiметтердiң
маңызы зор.
Құжаттардың, ақпараттардың ең басты мәселелерiн бiлуде контет талдау да
маңызды. Контент, яғни мазмұнды талдау жасау үшін түсінiктер, тiрек сөздер
арнайы бөлiнiп алынады. Мәселен, миграция мен демографияға байланысты
арнайы бағдарламаларға контент-талдау жасалынып, оның басты көрсеткiштерi
екiнші бөлiмде пайдаланылды, сандық көрсеткiштен сапалыққа құру үшін
жүргiзiлетiн контент талдауды зерттеу барысының әр кезiнде қолдануға
болады. Мысалға, 2003-2004 жылдардағы БАҚ-ның мигранттар туралы
материалдарына контент-талдау жасалынды, нәтижесiнде облыстық мерзiмдi
басылымдарда, радио мен теледидарда мигранттардың қылмыстық жағдайға ықпалы
туралы мәлiмет сирек кездесетiндiгi анықталынады. Экспресс К.
Казахстанская правда, т.б. газеттерде заңсыз мигранттар туралы, олардың
қайыршылықта өмiр сүретiндiгi, осыған байланысты қылмыс жасайтындықтары
атап айтылған.
Миграция туралы бiрiншi ақпаратты жинақтауда сауал да маңызды орынды
алады, Сауал дегенiмiз - бұл сұхбаттасу немесе сауалнама жүргiзу арқылы
жинақталатын мәлiмет. Сұхбаттасу өз кезегiнде мазмұнына байланысты
биографиялық және лейтмотивтi, респонденттер санына байланысты топтық және
жекелей, мақсатына байланысты клиникалық және әрқалыптық болып бөлiнедi.
Биографиялық сұхбатта адам өз өмiрi жөнiнде айтатын болса, ал лейтмотивтiде
белгiлi бiр факторлардың өзінің өмiрiне ықпалы жөнiнде екендiгiн бiледi.
Мәселен, мигрант өзiнiң қалаға келiп, қайыршылық жағдайда жүруiн ауыл
шаруашылығының құлдырауымен, жекешелендiру процесiнiң дұрыс жүргiзiлмеуiмен
түсiндiредi. Ал клиникалық сұхбаттасу респонденттiң, мәселен,
миграциялануының мотивтерiн ашу үшін жүргiзiледi және бiрнеше сағатқа
созылуы мүмкін. Мәселен, бұл сұхбат түрi екiншi бөлiмдегi Еңбек миграциясы
және экономикалық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселесi туралы зерттеуде
қолданылады. Әрталықтанған сұхбат субъектiнiң өмiрлiк жағдайға деген
пiкiрiн, оның сол деген көңiл-күйін бiлуге бағытталады.
Сауалнамалар жүргiзiлуiне байланысты: ашық, жартылай жабық және жабық
болып бөлiнедi. Ашық сауалнамада респондент сол мәселеге ойын бiлдiрiп,
ашық қайта алады. Ал жабық түрiнде респондент сұраққа берiлген жауаптармен
келiсетiнiн не келiспейтiндiгiн ғана бiлдiре алады. Жартылай ашық не
жартылай жабық түрiндегi сауалнама соңында арнайы сызылған орын iстелiнiп,
қалдырылады, респондент өз ойын сол жерге жазып қоя алады. Бiз өз
сауалнамамызда осы соңгы түрдi кең пайдаландық, сол арқылы респонденттердiң
оралмандарға, интеллектуалдық эмиграцияға, қытай ұлттық өкiлдерiне деген
көзқкарастарын бiлдiк.
Жоғарыдағы айтылғандарды қорыта келгенде, Қазақстан Республикасының
миграциялық саясатының басты мақсаты - миграциялық процестердi басқару,
мигранттардың интеллектуалдық және еңбек әлеуетiнiн, жүзеге асуына, елдің
және оның аймақтарының әлеуметтiк-экономикалық берiк дамуына, демографиялық
дамуына, яғни халықтық көбеюiне немесе тұрақтануына ықпал өтетiн және
мемлекетiмiздiң бiртұтастығы мен ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз өтетiн
болуы керектiгiн айқындадық. Осымен қатар миграциялық саясаттың ұлттық
қауiпсiздiгiмiзге ықпалын жүйелiк, құрылымдық-қызметтiк, тарихи,
бихевиористiк, салыстырмалы, социологиялық әдiстер арқылы зерттеп бiлуге
болатынын көремiз. Бұл әдiстерсiз зерттеу тақырыбын ашу мүмкін емес.

1.2.Миграциялық саясат туралы тұжырымдамалары мен қауіпсіздікке ықпалы
Қауiпсiздiктi жоғары бағалау батыс елдерiнде оның тарихындағы
революциялық кезеңмен байланысты. Осы беделдi санкция сол кезеңдерден
қалған негiзгi текстiлерден: құқық жөнiндегi 1689 жылғы ағылшын Биллiнен,
1776 жылғы американдық тәуелсiздiк декларациясынан, әсiресе 1789 жылғы адам
және азаматтың құқығы туралы француз декларациясынан алынды. Бұларда
қауiпсiздiк еркiндiкпен қатар, адам құқығының бөлiнбес табиғи бөлiгi ден
аталған болатын.
Қауiпсiздiктiң субъектiлерi мен объектiлерi - бұлар қауiпсiздiктi
жасаушылар және оның нәтижесін көрушiлер. Субъект немесе объект ретiнде бiр
адам, қоғам, мемлекет немесе мемлекеттiк қауымдастық шығады ма, қауiпсiздiк
деңгейi осыған байланысты болады. Қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мен
қорғаудың пәнi өзiндiк жеке немесе индивидуалдық қауiпсiздiк, социалдық
қауiпсiздiк немесе қоғам қауiпсiздiгi, ұлттық қауiпсiздiк немесе
мемлекеттiң қауiпсiздiгi, халықаралық немесе ұжымдық қауiпсiздiк табылады.
Ең соңгы деңгейi – бүкiл әлемдiк немесе жаһандық қауiпсiздiк, индивид пен
қоғам арасындағы немесе мемлекет арасындағы топтық, ұлттық және халықаралық
денгей аралығындағы немесе аймақтық қауiпсiздiк болып табылады.
Қауiпсiздiктiң қатерлерi шынымен көрiнiс беруi немесе әлеуеттi болуы
мүмкін. Осымен қатар, қауiпсiздiктiң әр деңгейiнде олар қауiпсiздiктiң
субъектiлерi мен объектiлерiнiң iшiнен де, сыртынан да шығуы сөзсiз. Осыған
байланысты сыртқы қауiпсiздiк және iшкi қауiпсiздiк пайда болады.
Субъектiлер тартылатын қызмет салаларының және субъектiлер мен
объектiлердiң көптiгiнен қауiпсiздiктiң түрлерi көп. Мәселен, бiр геосаяси
сөздiкте саяси санамен шартталған 46 тiршiлiк салаларына қатысты
қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң түрлерi жазылған. Мұнда жiктеу өлшемi
немесе ракурсты таңдау көрiнiс табады: осының ықпалымен қауiпсiздiктiң
түрлерi мен аспектiлерiнiң бiрiгуi, бөлiнуi, конфигурациясының өзгеруi мен
ұштасуы мүмкiн.
Мәселен, тұтастай экономикалық қауiпсiздiк жөнiнде жазғанда азық-түлiк
немесе энергетикалық қауiпсiздiк туралы сөз болады, тұтастай әлеуметтік
немесе демографиялық қауiпсiздiк туралы айтканда тұрғындардың денсаулығының
қауiпсiздiгi жөнiнде де сөз болады және т.с.с. Осымен қатар қауiпсiздiктiң
iрi аспектiлерi, былай қарағанда басқа бөлiктердi қосып алғандай
болғанымен, олар бәрiбiр де көрiнiс табады. Бұлар экологиялық қауiпсiздiк,
демографиялық қауiпсiздiк, физикалық қауiпсiздiк, экономикалық қауiпсiздiк,
әлеуметтік қауiпсiздiк, этномәдени қауiпсiздiк, ақпараттық қауiпсiздiк,
технологиялық және әскери қауiпсiздiктер.
Ұлттық қауiпсiздiктiң тұжырымдары ең күштi акторы ретiнде мемлекеттi
таниды. Ол өзiнiң азаматтарын қамтамасыз етушi, басқа мемлекетпен қарым-
қатынасындағы занды және тән әрiптесi. Ұлттық қауiпсiздiк жөнiнде екi
тұжырым бар. Бiрiншiсi бойынша қауiпсiздiк заңмен қамтамасыз етiледi, ал
ол мемлекеттiң билiкке деген монополиясының тiкелей аралығы болып табылады.
Екiншiсiн қарастырсақ, қауiпсiздiк егемендiкпен ажырамас бiрлiкте: яғни,
тек қана егемендi мемлекет халықаралық қауiпсiздiктiң толык құқықты
субъектiсi бола алады. Әр мемлекеттің қауiпсiздiгiне басты қатер оның
территориясына қауiп және ондағы қауiптiң басты көзi - басқа мемлекеттер
мен сепаратистiк қозғалыстар. Ал мұндай қауiптi ұстап тұру немесе қарсы
тұру құралы әскери күш болғандықтан, ұлттық қауiпсiздiктiң әр
бағдарламасында әскери доктрина басты орын алады.
Қауiпсiздiк ұлттық қауiпсiздiк тұрғысынан былай көрiнедi: оның негiзгi
акторлары, объектiлерi мен субъектiлерi ролiн алмастыратын және өзiндiк
маңызы жағынан белгiлi бiр деңгейде тұратын тiрек — бұлар мемлекет, қоғам,
адамдар. Олардың басты мақсаты мемлекеттің қауiпсiздiгi болып табылады, ал
оған қол жеткiзбесе, басқа субъектiлер арқылы негiзгi мақсаттарға:
мемлекеттiң территориялық тұтастығын, оның құрылымы принциптерiн бақылау,
халықаралық қатынастар жүйесiнде толығымен саяси субъектiлiгiн сақтау
мүмкін емес.
Қауiпсiздiктiң осындай көптеген аспектiлерiнiң iшiнен негiзгi шынайы
және мүмкін болатын басты акторлардың жүйелi бақылау қажет. Бұлар - әскери
және экономикалық қауiпсiздiк (бiрiге отырып қорғанысты қамтамасыз ету),
әлеуметтік және саяси қауiпсiздiк (бiрiге отырып тұрақтылықты қамтамасыз
ету), халықаралық қауiпсiздiк (сыртқы қатерлердің жалпы деңгейiн
төмендету).
Миграция бәрiбiр де қауiпсiздiкке ықпал өтерi анық. Мысал ретiнде
мемлекетаралық миграцияның эпидемиологиялық қауiпсiздiкке ықпалын алайық.
Мигранттың шыққан елiнiң эпидемиологиялық қауiпсiздiк деңгейi қабылдаушы
елдің деңгейінен төмен болса да, ал мигранттардың көпшiлiгi физикалық
жағынан сау адам болса, олар қабылдаушы тұрғындар арасына инфекциялық
ауруларды әкелмейдi. Алайда, бiрқатар уақыт өткен соң, келушiлер өзiнiң
төменгi деңгейлi жеке гигиена стандартына байланысты жүрсе, реципиент-елдің
эпидемиологиялық қорғаныс қалқаны iшiнен жарықшақ беруi мүмкін. Дегенмен,
көп этносты тұрғындары бар немесе сөз жүзiнде бiр этникалық тұрғындары бар,
бiрақ шындығында субэтникалық бөлiктерiмен ерекшеленетiн қоғамдарға
миграция аурулар әкелуi мүмкiн. Тұрғындары барлық мағынада, экономикалық
дамуында да, климат ерекшелiгiне орай да этникалық бiрегей мемлекеттерде
сол жерлерге тән аурулардың тарауымен аймақаралық өзгешелiктерi бiлiнедi.
Мұндай жағдайда iшкi миграцияның наразылықты туғызатын эффектiсi сыртқы
миграцияға қарағанда әлсiз болмайды. Дегенмен, белгiлi бiр көрсеткiштерiне
байланысты бiрегей емес мемлекеттер көп, бұл жағдайда мигранттар тек қана
эпидемиологиялық қауiпсiздiкке қана есерiн тигiзiп қоймайды, оның
қауiпсiздiкке де қатерi болуы мүмкін. Бұл келтiрiлген мысалдың керi жағы да
бар. Бөтен ұлттық, этникалық және аймақтық ортаға қоныс аудару
мигранттардың өздерiнiң қауiпсiздiгiне де қатер туғызады. Мигранттар қоныс
аудару нәтижесiнде жоғарыда айтқан эпидемиологиялық деңгейiн көтеретiн
ортаға түскенiмен, миграция олардың қауiпсiздiгi сезiмдерiн толғандырады.
Өткені олардың өз-өздерiн сыйлау сезiмдерiне нұқсан келтiрiледi. Өткені
жеке гигиена әдеттерi әлеуметтiк деңгей көрсеткiштерiне жатады, ал ол
дегенiмiз - адамның қадiр-қасиетi.
Бұдан көретiнiмiз, миграция және қауiпсiздiк проблемалары аналитикалық
қатынаста екi кiшiгiрiм проблемаға бөлiнедi: қауымдастық, қоғам мен
мемлекеттiң миграциялық ағымға байланысты қауiпсiздiгi және осы ағымды
құрайтын адамдардың қауiпсiздiгi. Осымен бiрге мигранттардың көзқарасы
жағынан, олар тастап кеткен және қоныстанған әр ортаның тұрғысы жағынан
алғанда, миграцияның маңызды, әр түрлi құрылымдық сипаттамалары орын алады.
Бiрiншi кезекте байқалатыны - бұл миграциялық ағымдардың көлемi мен мерзiмi
жағынан ұзақтық. Бұқаралық миграциялық ағымдар әр кезде, мигранттарды
жiберетiн және қабылдайтын елдерде қалыптасқан миграциялық ағымдар тез
өскен кезеңде қауiпсiздiктiң белгiлi жүйесiн бұзады. Бiрақ та көлемi
жағынан ауқымды емес миграция тоқтамаса және азаймаса, ең аяғында ол
қауiпсiздiк жүйесiне нұқсан келтiре бастайды, Өткені ол өзiндiк қайтарымды
эффектiгіне. Мәселен, белгiлi бiр жерден жылдан-жылға мектеп мұғалiмдерi
көте берсе, ерте ме, кеш пе, олардың көшiп кете беруi жергiлiктi
тұрғындардың этномәдени жағынан қайта жаңғырып, өсiп-өнуiне қатер
төндiредi. Ал бұл өз кезегiнде дәрiгерлердiң, заңгерлердiң, басқару
саласындағы қызметкерлердiң және тағы басқа адамдардың миграциялануына
себеп болады. Өткені олар балаларының жақсы бiлiм алуы олардың келешектегi
қалыптасуының басты шарты екендiгiн түсiнедi. Миграция тiзбектесе жалғасу
сипатына да ие, себебi өмiр қауiпсiздiгiнiң аймақтық жүйесi аспектiден
аспектi жоғалта бастайды, егер мемлекет бұл жағдайға араласпаса ыдырауы
мүмкін.
Жоғарыда айтылған мемлекет аралық және мемлекет iшiлiк миграция да
миграциялық орын ауыстырудың екi типiн бередi. Бұлардың бiрiнен-бiрiнiң
айырмашылығы, мигранттар жүретiн маршрут бойынша территориялардың статусына
қатынасымен болады. Миграцияның қауiпсiздiкке тигiзетiн ықпалы миграциялық
ағымдардың түрлерi мен типтерiне күштi тәуелдi. Бұл әлеуметтік-
демографиялық феномендi зерттеудiң теориялық негiздерiн қалап берген Е. Г.
Равенштейн өзiнiң миграция туралы мақаласын жариялағаннан бастап, негiзгi
бiр ғылыми мiндет миграциялық ағымдардың сендiрерлiк типологиясын құру
болды, - деп негiздейдi. Ол әр түрлi өлшемдерге байланысты - ұзақтылғына,
ұйымдасуына, заңдылығына, бағыталуына, мақсатына, себептерiне және тағы
басқаларына байланысты құрылған көптеген типологияларды ұсынған едi.
Кеңiстiктегi қатынасында миграциялық орын ауыстырулар екi орын ауыстыру
полюстары аралығында бөлiнедi: кету мен келу полюстары. Жағдайға байланысты
кету мен кiруде миграциялар ерiктi және ерiксiз болып бөлiнедi. Олардың
арасындағы айырмашылық еркiн емес миграцияға кету полюсiнде итермелеу
факторлары үстемдiк өтедi, ал еркiн түрдегi миграцияда - келу полюсiнде
тартушы факторлардың ықпалы басым. Өз кезегiнде еркiн емес миграциялар
итерiп шығару әдiстерiне байланысты болады, яғни зорлықшыл (физикалық күш
қолданғанда немесе қолданылады деп қорқытса), итермелеушi (билiк шешiмi
бойынша кейбiр адамдарды немесе толығымен топтарды көшiру) және мәжбүрлi
(мигранттар өздiгiнен шешiм қабылдау нәтижесiнде, бiрақ та тұратын
жерлерiнде дұрыс өмiр сүрудi мүмкін емес өтетiн қатерлi факторлардың
ықпалына байланысты) миграциялар.
Ендi миграция және мигранттардың қауiпсiздiгiн қарастырайық.
Миграциялық матрицаны қауiпсiздiк құрылымымен байланыстырғанда мынандай
көрiнiс шығады. Бiрiншiден, миграциялық таңдау еркiндiгiнiң шектелмейтiн
өмiрлiк жағдайлар арасындағы алшақтықпен, яғни көбiне қауiпсiздiктiң кандай
аспектiлерiмен, қаншалықты көлем мен диапазонда адамға жеткiлiктi
екендiгiмен анықталатындығында. Бұнымен қоса өзiнiң мiндеттерi туралы ойлап
немесе оларға эмоционалды қарай отырып, адам өзiнiң жеке тәжiрибесiн және
қауiпсiздiк туралы түсiнiгiн негiзге алады. Осының көмегiмен ол өзiнiң
тұрғылықты жерiндегi қауiпсiздiктiң ескi түсiнiгiн түзетiп, жаңа мақсатын
бағамдайды да, қайда баратыны жөнiнде шешiм қабылдайды.
Екiншiден, еркiн және еркiн емес коныс аударудағы мотивациялық
ерекшелiктер айқын көрiнедi. Жалпы айтқанда, адамдар қауiпсiздiкке қатысы
жоқ немесе жаттама ғана қатысы бар себептерге байланысты да қоныс аудара
алады, мәселе некеге отыруына байланысты не бiлiм алу үшін. Мұнымен қатар,
миграцияның себебiнде көбiне қауiпсiздiктiң бiр ғана емес, бiрнеше
аспектiлерiмен де байланыс болатындығы көрiнедi. Ерiксiз миграцияның басты
ерекшелiгi, мигранттардың өзiнiң өмiрiне, экономикалық негiзгi жағдайларына
төнетiн қатерге байланысты қоныс аударуында. Яғни, ерiксiз миграцияның
шығатын полюсiне байланысты нашар себептер көп екенiн көремiз. Ал ерiктi
миграция себептерiнде жақсы мүдделер көп: мигрант бұрын қол жеткiзген
қауiпсiздiк аумағын кеңейтуге ұмтылады, бұрын өзектi болмаған немесе
санасына кiрмеген аспектiлерiн қамтамасыз етуге тырысады.
Ерiксiз мигранттар миграция туралы шешiм қабылдарда қауiпсiздiктiң
кейбiр аспектiлерiн алдын ала бiледi, бiрақ сонда да оны басқалары үшін
құрбан өтедi. Тұрған жерiнен кеткен мигранттар қауiптен құтылғанымен,
оларды келетiн жерлерiнде басқа қауiптер күтедi. Ал ерiктi мигранттардың
қауiпсiздiгiне қатерлер бұған, керiсiнше, болады, қандай қиындық болмасын,
оның келетiн полюсiнде күтедi, қауымдастықтың, қоғамның, мемлекеттiң
қауiпсiздiгiн миграцияға мигранттардың контрагентi (лат. келiсетiн-адам
немесе мекеме келiсiм бойынша өзiне белгiлi бiр мiндеттi жүктейтiн)
тұрғысынан қарастырайық. Жоғарыда айтылғандай, бiр территориядан екiншi бiр
территорияға миграциялық қоныс аудару кезiнде қауiпсiздiкке қатер төнуi
сөзсiз. Қауiпсiздiкке төнетiн қатердi әрбiр миграциялық ағым жасамайды.
Бiрақ қарастырылатьтн әрбiр миграциялық ағым көтетiн полюсiнде қалыптасқан
әлеуметтiк байланыстың әлсiреу немесе ажырау жағдайына алып келедi.
Мәселен, оған қатысушылардың санының азаюын, ал кететiн полюсiнде-күтпеген
жағдайды және жоғарыдағы айтқан байланыстарға заңсыз қысым көрсетiлуiн
жатқызуға болады. Жеке адам үшін, ол қай жерде тұрса да, ағымының басында
немесе аяғында болсын, миграцияның әлеуметтiк қатынастар саласына ықпалы
маңызды болуы мүмкін, маңызы жоқ болуы да ықтимал. Берi де оның
индивидуалдық жағдайына байланысты, ол өзi сол ұйымда ма, әлсiреудi немесе
ажырау жағдайын қаншалықты деңгейде басынан өткердi, соған тәуелдi. Ал
қауымдастық пен қоғамдардағы жағдай өзгеше.
Бұрыннан бiзге белгiлiсi, мигранттарды қабылдаудың жағымсыз факторлары
шыққан жерiнен гөрi, келген жерiнде өте қуатты байқалады. Ол түсiнiктi де:
өткені, мигранттардың келетiн полюсiндегi шиеленiс субъектiсi адамдар
болады да, олар үшін сол әлеуметтік ортаға кiру мүмкіндiгi қиындай түседi.
Әсiресе келгiнбайлар мен жергiлiктiлер арасындағы қарсылық айқын
бiлiнедi, мигранттардың ол ортаға енуi, тез араласып кетуi проблемадан
проблема туындатқызады. Бұған классикалық үлгi - Ресейдегi
кавказдықтарға, бөтендерге деген қорқыныш сезiмi. Бiрақ, бұрынғы КСРО
республикаларындағы орыс мигранттардың тәжiрибесi көрсеткендей, кiшiгiрiм
әлеуметтік қауымдастықтар үшін олардың этникалық туыстықтары келушiлермен
ешқандай байланыста болмайды. Шығу полюсiнде мигранттар шынымен де
өздерiмен өздерi оңайға қалады, ал миграция фактiсiнде қауымдастық пен
қоғамның жағымсыз қатынасын жоқка шығарады және оның азайтады. Тек кейбiр
ерекше жағдайларда ғана мұндай қатынасты алады - мәселен, мынандай
жағдайда, кетушiлер белгiлi бiр этникалық бiр кәсiби топқа жататын
жағдайда. Бiрiншi жағдайда азшылықтың, этникалық азшылықтың орналасулары
төмендейдi, ал екiншi жағдайда әлеуметтік инфрақұрылымның дұрыс қызмет
етуi қиындайды; екi жардай да жағымсыз әсер өтедi. Негiзiнен, бұл
мигранттарды шығаратын қауыдастықтарға ғана қатысты. Басқа қауымдастықтар,
әсiресе сол территориядағы қалыптасқан этноәлеуметтiк жiктелудi өзiнiң
пайдасына өзгерткiсi келетiндер, керiсiнше эмиграцияны қуана қолдайды.
Миграциялық ағымдар барлық әлеуметтiк салаларға әсерiн тигiзедi. Ол iс
жүзiнде қауiпсiздiктiң әр аспектiсiне шынайы немесе болатын мүмкін
қатерлердi құрай алады. Мәселен, мигранттар жiберетiн қауымдастықтар мен
отбасының ыдырауы басталады, қалғандары рантье сипатына ие болады, яғни
негiзiнен мигранттық қаржы аударулары арқылы күн керетiн болады. Өзiнiң
демографиялық, территориялық және әлеуметiк кәсiби құрылымының бұзылуына
орай қоғам тұтастай ақылдылардың кетуi проблемасымен қақтығысуы мүмкін.
Бұл қауiпсiздiк қатерлерiнiң көбеюiне әкелiп соғады. Атап айтқанда
мигранттардың кетуiнен пайда болатын, мигранттардың қайтып келуiнен
туындайтын қатерлер қосылуы мүмкін. Келу полюсiнде миграция қабылдаушы
тұрғын халықтың жеке немесе топтық қауiпсiздiгiне қатер төндiруi де
ықтимал. Мәселен, жергiлiктi еңбек нарқы мен тұрғын үй үшін бәсекелестiктiң
өрлеуi кейбiр экономикалық беделдi секторларда мигранттар үстемдiгiнiң
орнауына, этникалық және субэтникалық стереотиптер мен мiнез-құлық
нормаларының өзгеруiне, мигранттардың әлеуметтiк және мәдени
маргиналдануына, олардың криминалдануына әкеледi. Қабылдаушы қоғамга
миграция тағы қандай қиындықтар әкелуi мүмкін дейтiнге келетiн болсақ,
мигранттар көп шоғырланған жерлерде әлеуметтiк шиеленiс ошағының, аймақтық
этникалық қақтығыстардың пайда болуын, ксенофобияның, шиеленiс пен
жанжалдар арандататын саяси радикализм мен экстремизмнiң өсуiн айтуға
болады. Пост кеңестiк кеңiстiктегi жағдайда Ресейге орыстардың және орыс
тiлдiлердiң ТМД-ның басқа мемлекетттерiнен көшiп келуi бұл мемлекеттердi ең
аз дегенде этномәдени негiзде бiрiктiредi. Осының нәтижесiнде Ресейден
бөлiнiп, алыстауына мүмкіндiк жасайды.
Екiншi бiр мүмкін бағыт, бұл мемлекетаралық қатынастардың нашарлауы
болып табылады, яғни Ресейге мигрантофобсың деген сын айту, мигранттарды
әкiмшiлiк қысым жасап шығарып жiберу, т.б.
Алайда, миграция қауiпсiздiктiң қатерi ретiнде ғана саналмайды. Рас,
миграция, бiрiншiден қатер ретiнде қарастырылуы керек, себебi ол бұрынғы
деңгейдегi қауiпсiздiктi қамтамасыз етудi, екiншiден оны сапалы түрде
көтерудi талап өтедi. Алғашында инерциялық қоғамдық сана бiрiншi жауапты
ғана көредi, дегенмен, ерте ме, кеш пе - бәрiбiр де екiншiсiнiң
қажеттiлiгiн түсiнедi. Оның таңдалатындығынан мигранттардың позитивтi
субъективтiлiгi көрiнедi.
Миграция қауiпсiздiктiң қатерлерiн ғана туғызбайды, осымен бiрге оның
ұлғаюы мен баюына жаңа құралдар бередi. Көптеген әдебиеттерде мигранттар
жiберетiн қауымдастықтар, қоғам, мемлекет үшін оның жақсы, тиiмдi жақтары
да көрсетiлген, олар: ауыл шаруашылығына мигранттардың сiңiп кетуi,
депрессиялық аудандарға ақшалай төлемдердiң келуi, территорияаралық
экономикалық және әлеуметтiк байланыстардың құрылуы, қала мен ауыл
мәдениеттерiнiң өзара ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Демография және әлеуметтану
ҚАЗІРГІ МИГРАЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІ БАСҚАРУ: ӘЛЕУМЕТТІК АСПЕКТ
Жұмысшы күшінің халықаралық миграциясы
Миграциялық саясатты зерттеудің теориялық-әдістемелік аспектілері
Қазақстан Республикасының демографиялық саясаты
Еуропадағы миграциялық үдерістер
Миграциялық процестерді мемлекеттік реттеу: жағдайы, мәселелері және басымдылықтары
Қазіргі кездегі жұмысшы күшінің миграциялық тартылуы және негізгі орталықтары мен ауқымы
Заңсыз иммигранттар
Орталық азиядағы миграциялық үрдістер, соның ішінде Қазақстанның миграциялық статистикасына талдау
Пәндер