Банктің несиелік саясаты және несиелік механизм



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

I. Банктің несиелік саясаты және несиелік механизм
1.1 Несиелік саясат және оның элементтері ... ... ... ... ... ... ...4
1.2 Несиелік механизмнің мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10

II. Банктік несиенің түрлері
2.1 Несиелеу субъектілері мен объектілері ... ... ... ... ... ... ... 15
2.2 Несиелеуді ұйымдастыру принциптері ... ... ... ... ... ... ... 17
2.3 Несиелеу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
2.4 Несиелеу механизмі және несиелік процесс ... ... ... ... ... 26

III. Несиелік тәуекелді басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...35
Кіріспе

Менің зерттеп отырған курстық жұмысымның тақырыбы «Банк және несие». Бұл курстық жұмысты зерттеу барысында, табылған мағлұматтардың ең асылы, яғни ең маңыздысын алып жазған едім. Курстық жұмысым сіздер үшін түсінікті болу үшін, ең алдымен тақырыбымның мәнін ашатындай бөлімдерге бөліп алдым. Әр бөлім және соларды толық қанды ашып көрсететін бөлімшелерде зерттеліп, келтірілген мәліметтері іріктелініп алынған.
Яғни, курстық жұмысымның мақсаты: «Банк және несиенің мәнін, қаншалықты қажет екенін» танып білу болған. Толығымен курстық жұмысым туралы мағлұматты курстық жұмыспен танысу барысында ала алатындай толық жағдай жасадым. Мұнда әр қағидаға түсінік беріліп, онымен қоймай оның әрқайсысына мысал келтірдім. Соның арқасында осы курстық жұмысымды толықтырып, сіздерге түсінікті болатындай жаздым.
Сонымен қатар, несиелік саясат, несиелік механизм сияқты несиеге байланысты барлық мағлұматтарды жинап курстық жұмысымды толыққанды нәрлі етіп жаздым.
Несиелік саясат – банктің несиелік жұмысын ұйымдастыру негізін және несиелеу процесіне қажетті құжаттар жүйесін жасау шарттары.
Несиелік механизм – нарықтық қатынастарға сай экономиканың тиімді дамуын қамтамасыз ететін несие түрлерінен, несиелеу принциптерінен, несиелеу әдістері мен тәсілдерінен және несиелік тәуекелді басқарудан тұратын экономикалық механизмнің құрамдас бөлігі.
Яғни, сіздер менің курстық жұмысымды толығымен қамтып болғаннан кейін, менің айтайын деген ойымды, яғни банк пен несиенің бір - біріне қалай қатысты, екеуінің арасындағы байланыстың барын сезінетін боласыздар.
Менің бұл жұмысты орындау мақсатым: банк және несиеге қатысты мағлұматтарды толықтыру және олардың ара - қатынасын көрсетіп, оған байланысты барлық түсініктерді ашып көрсету.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.

1. «ҚР ұлттық банкі туралы» ҚР Заңы .- 31.03.1995
2. «ҚР Банктер жєне банк қызметі туралы» ҚР заңы .-30.08.1995ж.
3. Әкімбаев С. «Экономикалық теория» .- Астана, 2002 ж
4. Әпсәләмов Н.Є. Экономикалық теория .- Алматы, Ғылым, 1999 ж.
5. Осипова Н «Экономикалық теория негіздері .- Алматы, 2002 ж.
6. Көшенова Б.А. «Ақша, Несие, Банктер» .- Алматы, Экономика, 2000 ж.
7. Сейітқасымов Ғ.С. «Ақша. Несие. Банктер».- Алматы, 2001 ж.
8. Мамыров Н.Қ. Макроэкономика .- Алматы, Экономика,2003
9. «ҚҰБ – њ 2002-2004 жылға арналған ақша-несие саясатының негізгі бағыттары» // Егемен Қазақстан.- 2001.- 15 желтоқсан
10. Ақша-несие саясатының реттеу аспектілері // Қаржы-қаражат.- 2003.- №3
11. Сейфуллин М. Ақша-кредит саясаты және қаржы жүйесінің тұрақтылығы // Егемен Қазақстан.- 2007.- 15 қыркүйек.- б.6
12. Ақышев Д. Қазақстан республикасының қаржы секторын дамытудың 2003-2006 жылдарға арналған Бағдаралмасы туралы // Егемен Қазақстан.- 2007.- 15 қыркүйек.- б.6
13. Бәсекеге қабілетті болу – стратегиялық мақсат// Егемен Қазақстан.- 2006.- 17 ақпан.- б.1,2
14. Еспаев С. Қазақстан экономикасы: нәтижелер, басымдылықтар және міндеттер // Егемен қазақстан.- 2006.- 31 қаңтар.- б.2

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

I. Банктің несиелік саясаты және несиелік механизм
1.1 Несиелік саясат және оның элементтері ... ... ... ... ... ... ...4
1.2 Несиелік механизмнің мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10

II. Банктік несиенің түрлері
2.1 Несиелеу субъектілері мен объектілері ... ... ... ... ... ... ... 15
2.2 Несиелеуді ұйымдастыру принциптері ... ... ... ... ... ... ... 17
2.3 Несиелеу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
2.4 Несиелеу механизмі және несиелік процесс ... ... ... ... ... 26

III. Несиелік тәуекелді басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..35

Кіріспе

Менің зерттеп отырған курстық жұмысымның тақырыбы Банк және несие. Бұл курстық жұмысты зерттеу барысында, табылған мағлұматтардың ең асылы, яғни ең маңыздысын алып жазған едім. Курстық жұмысым сіздер үшін түсінікті болу үшін, ең алдымен тақырыбымның мәнін ашатындай бөлімдерге бөліп алдым. Әр бөлім және соларды толық қанды ашып көрсететін бөлімшелерде зерттеліп, келтірілген мәліметтері іріктелініп алынған.
Яғни, курстық жұмысымның мақсаты: Банк және несиенің мәнін, қаншалықты қажет екенін танып білу болған. Толығымен курстық жұмысым туралы мағлұматты курстық жұмыспен танысу барысында ала алатындай толық жағдай жасадым. Мұнда әр қағидаға түсінік беріліп, онымен қоймай оның әрқайсысына мысал келтірдім. Соның арқасында осы курстық жұмысымды толықтырып, сіздерге түсінікті болатындай жаздым.
Сонымен қатар, несиелік саясат, несиелік механизм сияқты несиеге байланысты барлық мағлұматтарды жинап курстық жұмысымды толыққанды нәрлі етіп жаздым.
Несиелік саясат - банктің несиелік жұмысын ұйымдастыру негізін және несиелеу процесіне қажетті құжаттар жүйесін жасау шарттары.
Несиелік механизм - нарықтық қатынастарға сай экономиканың тиімді дамуын қамтамасыз ететін несие түрлерінен, несиелеу принциптерінен, несиелеу әдістері мен тәсілдерінен және несиелік тәуекелді басқарудан тұратын экономикалық механизмнің құрамдас бөлігі.
Яғни, сіздер менің курстық жұмысымды толығымен қамтып болғаннан кейін, менің айтайын деген ойымды, яғни банк пен несиенің бір - біріне қалай қатысты, екеуінің арасындағы байланыстың барын сезінетін боласыздар.
Менің бұл жұмысты орындау мақсатым: банк және несиеге қатысты мағлұматтарды толықтыру және олардың ара - қатынасын көрсетіп, оған байланысты барлық түсініктерді ашып көрсету.

1. Банктің несиелік саясаты және несиелік механизм

1.1 Несиелік саясат және оның элементтері.
Несиелік саясат банктің несиелік қызметінің міндеттерін, оларды іске асыру құралдары мен әдістерін, сондай-ақ несиелік процесті ұйымдастыру принциптері мен тәртібін белгілейді. Несиелік саясат несиелік механизм көмегімен жүзеге асырылады.
Несиелік саясат - банктің несиелік жұмысын ұйымдастыру негізін және несиелеу процесіне қажетті құжаттар жүйесін жасау шарттары.
Кең мағынасында, несиелік саясатты несие беруші банк пен қарыз алушылар тұрғысынан қарастыруға болады.
Тар мағынасында, несиелік саясат - блұ несиелік саясатты ұйымдастыру барысындағы банктің стратегиясы мен тактикасын сипаттайды.
Несиелік саясат банктің несиелік жұмысын, оның жалпы стратегияларына сай ұйымдастыру негізін және несиелеу процесін қалыптастыруға қажетті құжаттар жүйесін (ұйымдастыру) жасау шарттарын білдіреді.
Жалпы несиелік саясат мынадай сипатта болу керек:
:: нұсқаулық емес, яғни директивті нұсқауларды қамтиды;
:: несиелеудің мақсаттарын нақты және мағыналы анықтауға мүмкіндік береді;
:: нақты мақсаттарды іске асырудың бірнеше ережелерін қамтиды;
:: оны іске асыруды қамтамасыз ететін стандарттар мен нұсқауларды қамтитын құжаттардан тұрады.
Несиелік саясат банктің стартегиясын, оның тәуекелді басқару облысындағы саясаттарын ескере отырып жасалады. Несиелік саясат несиелік қызметтің мынадай негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді:
:: несиенің берілуіне және несиелік портфельді басқаруға жауап беретін банк қызметкерлері жетекшілікке алатын объективтік стандарттар мен критерийлерін;
:: несиелеу облысындағы стратегиялық шешімдерді қабылдайтын тұлғалардың басты іс - әрекеттерін;
:: сыртқы аудит қызметтерінің жұмысын және банктегі несиелік қызметтің сапалығын;
:: ішкі бақылау қағидаларын.
Несиелік саясат банк қызметін диверсификациялаудағы іс - әрекеттердің тізбектелуін қамтамасыз ету үшін және несиелік қызметкерлердің лауазымды міндеттерін анықтау үшін қажет. Несиелік саясатты іске асырудың белгілі бір тәртібі болмайынша несиелеудің біртұтас ережелерін тәжірибеге енгізу мүмкін емес. Сондықтан да, жазбаша түрде жазылған несиелік саясат пен оны іске асырудың соған сәйкес ережелері несиелік процесті жүргізудің негізін құрайды.
Несиелік саясат, банк қызметкерлерінің бүгінгі таңда несиелеуге болатын экономика секторын дұрыс таңдай білуіне, сондай - ақ, несие беру мүмкіндігі туралы сұрақты шешуде банк үшін бірінші реттік маңызы бар басқа факторлар мен қарыз алушының несиелік қабілетіне қарап өз клиентін таңдаудағы біліктілігіне негізделеді. Сондай - ақ, несиелік саясат банктің бүгінгі иелігіндегі немесе ертең енгізуді дұрыс санайтын несиелік өнімдермен анықталады. Мысалға, кәсіпорындарға қысқа мерзімді несиелер (айналым қаражаттарын толықтыруға) және ұзақ мерзімді инвестициялық несиелер (өндірісті кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта қаруландыруға, ғылыми - техникалық инновацияларды енгізуге) берген қолайлы.
Несиелік саясаттың маңызды элементі банктегі бақылауды ұйымдастыру болып табылады (потенциалды қарыз алушыны несиелеу мүмкіндігі туралы сұрақты шешу барысында несиелік стандартты дұрыс қолдануға бақылау жасау; жекелеген несиелік қызметкерлердің құзіретін сақтауға бақылау жасау; банктің несиелік портфелінің жағдайына және оның ішінде проблемалық несиелерге қойылатын жалпы бақылау).
Ішкі несие саясатын жасау банк жетекшілерінің несиелеу мақсатын қалыптастыруды және бұл мақсаттардың банктің жалпы міндеттері мен стратегиялық мақсаттарымен қаншалықты сай келетіндігін анықтауды талап етеді. Несиелеу мақсаттары анықталғаннан соң, соның негізінде банк қызметкерлерінің қажетті несиелік операцияларды атқыруына мүмкіндік беретін банктің несиелік саясатын және оған қоса несиелеу стандартты мен несиелік нұсқаулықтары жасалады.
Несиелі стандарттар мен нұсқауларды жасаудың бастапқы кезеңі аяқталуына байланысты, бұл құжаттардың бірінші редакциясы тәжірибелі қызметкерлерге сараптауға берілуі тиіс. Сараптаушылардың талдауы және ұсыныстары енгізілгеннен кейін несиелік саясат бойынша комитет (немесе директорлар кеңесі , несиелік комитет) саясатты және сәйкес нұсқауларды бекітеді.
Несиелік саясат несиелеу лимиттерін, тәртібін, кейде несиелеу бойынша жекелеген ережелерді де қамтиды. Мысалы, несиелік саясатта бір қарыз алушыға келетін тәуекел лимиті анықталады. Сонымен қатар, несиелік саясатта барлық несиелердің несиелік құжаттарда көзделген мақсаттарға сай берілуі де қарастырылуы мүмкін.
Несиелік саясатта несиелік комитет туралы ереже де қамтылады. Несиелік комитет несие беру барысында қорытынды жасап, несиені беруге байланысты мәселелерді қамтиды.
Отандық банктер тәжірибесіндегі несиелік комитеттің шешетін мәселелері мынадай:
:: несие алуға берген клиенттің өтінішін және несиелік қызметкердің несие беру туралы қорытындысын қарайды;
:: несие беру немес одан бас тарту туралы шешім шығарады;
:: несиелік тәуекелдерге байланысты несиелеу формаларын анықтайды;
:: несие сомасы мен мерзімін анықтап, пайыз мөлшерлемесін бекітеді;
:: несиені қайтаруды қамтамасыз ету тәсілдеріне талаптар белгілейді;
:: несиелеу шарттарын бекітеді (несиелік лимит, несиелік желі);
:: берілген несиеге мониторинг жүргізу тәртібін бекітеді;
:: банктің несиелік стратегиясын жасайды;
:: несиелеу бойынша бөлімшелердің жұмысы талдайды;
:: несиелік комитеттің мәжілісінің хаттамаларына қол қояды және хаттамаларды тіркеу кітабын жүргізеді.
Несиелік саясатта қарыз алушылардың негізгі қызметіне байланысты тәуекелдігі жоғары операцияларды немесе жобаларды қаржыландыру үшін тағайындалатын несиелер туралы да айтылуға тиіс.
Несиелік саясатпен банк қызметкерлерін таныстыру, оларды соған сай келетін ережелер мен нұсқаулықтарға үйрету, банкте несиелік саясатты енгізудің негізгі элементі болып табылады.
Несиелік саясат несиелік қызметтің басты бағыттарын іске асыру жүйесі ретінде тұжырымдауға болады. Несиелік саясатта мынадай элементтер көрсетілуге тиіс:
:: несиелік қызметті ұйымдастыру;
:: несиелік портфельді басқару;
:: несиелеуге бақылау жасау;
:: құзіретті бөлу принциптері;
:: несиелеуді таңдаудың жалпы критерийлері;
:: несиелеудің жекелеген бағыттары бойынша шектеулер;
:: несиелермен жасалатын ағымдық жұмыстардың принциптері;
:: несиелер бойынша зиян шегу жағдайларына резерв жасау.
Іс жүзінде несиелік саясатты іске асыру саясаты тәсілдері мен әдістерін белгілі бір формада, яғни соған сай келетін мынадай 3 құжат түрінде көруге болды:
:: несиелеу саясаты;
:: несиелеу стандарты;
:: несиелеу нұсқаулықтары.
Сондай - ақ аталған 3 құжат ерекше бір құжатта - Несиелік саясат бойынша жетекшілік ету біріктіріледі.
Несиелеу саясатында несиелеуді жүзеге асыратын бөлімшелер жұмыскерлерінің қызметтерін нақтылайтын несиелік нұсқаулықтар мен несиелеу стандарты, несиелеудің жалпы бағыттары анықталады.
Несиелеу стандарты - бұл банкте несиелік қызметті жүзеге асыратын барлық қызметкерлердің жетекшілікке алатын құжаты.
Несиелеу стандартында мынадай сұрақтар қарастырылады:
:: қарыз алушының қаржылық ақпараттарын жинау және талдау тәртібі;
:: несиенің кепілхаттар және кепілдемелермен қамтамасыз етілуіне қойылатын талаптар;
:: әкімшілік стандарттар және несиелік қабілетін талдау тәртібі;
:: құжаттардың толтырылуына қойылатын талаптар;
:: несиелеудің айрықша түрлері бойынша ережелер (мысалға, ипотекалық немесе тұтыну несиелері бойынша).
Барлық банктер бойынша құжаттар айналымын стандарттау мақсатында несиелеу стандартына әр түрлі құжаттар үлгілері жатуға тиіс. Ондай құжаттарға: несиелік келісімшарт, кепіл туралы шарт, кепілдеме туралы шарт және т.б. жатады.
Несиелік нұсқаулық несиелеу процедураларын іске асырудың жалпы алгоритмін бекітетін кезектіліктің қадамдарын суреттеуді білдіреді.
Басқаша айтқанда, ол несиелік қызметтің нақты бір бағыттарына жатады.
Жалпы, несиелік саясатта қарыз алушы туралы қажетті ақпараттар жинау несиелік қабілетіне талдаудан бастап, несиелік талдау және аудит, несиелер процестің барлық кезеңдері көрсетіледі.
Несиелік саясат мынадай қызметтерді атқарады:
:: банктегі несиелеу процесін ұйымдастыруға бақылау жасауға негіз ретінде болу;
:: несиелеуді жүзеге асыратын бөлімдердің қызметкерлері үшін анықтама материал және нұсқаулық ретінде болу;
:: несиелік бөлімдердің жетекшілері үшін несиелік нұсқаулықтардың талаптарының орындалуына бақылау жасау құралы;
:: несиелік талдау және аудит бөлімі жұмыскерлерінің тексеруді жүзеге асыруына негіз болатын талаптарды анықтау.
Коммерциялық банктің несиелік саясатын іске асыру процесінде проблемалық несиелермен жасалатын жұмысқа ерекше көңіл бөлініп және қосымша бақылау жасалуға тиіс.
1.2 Несиелік механизмнің мазмұны.
Экономикалық түсініктегі механизм белгілі бір қызметті жандандыруға және бір нәрсені іске қосуға болатын құралды білдіреді. Бұл мағынасында механизм термині басқаруда жиі қолданылады. Яғни, оның мәні экономикалық, оның ішінде несие саясатының міндеттерімен анықталатын, басқарылатын объектіге басқаратын субъектінің әрекет ету мазмұнымен байланысты болып келеді.
Несиелік механизм - нарықтық қатынастарға сай экономиканың тиімді дамуын қамтамасыз ететін несие түрлерінен, несиелеу принциптерінен, несиелеу әдістері мен тәсілдерінен және несиелік тәуекелді басқарудан тұратын экономикалық механизмнің құрамдас бөлігі.
Қазіргі несиелік механизм экономикалық механизмнің бір бөлігі бола отырып, іс жүзінде несие қызметінің жүйесін нақты және кешенді түрде бейнелейді. Нарықтық экономика жағдайында несиенің дамуы және қызмет етуі үшін пайдаланылатын несиелік механизм өзінің негізі және құрылымы бойынша объективті сипатқа ие. Олай болмаса несиелік механизм несиенің экономикалық категория ретіндегі қызмет етуін жеткізе және тура бейнелей алмай, сондай - ақ оның қозғалысының объективті негізінен айырылып қалар еді.
Несиелік механизм сипатының объективтігін айта отырып, 2 элементті: несиені және несиелік механизмді бір - бірінен бөліп қарау дұрыс емес. Соңғысы несиенің бейнелейтін қатынастарынан алыс жатпайды, яғни олардың нақты бір қабатын құрайды.
Несиелік механизм несиелеуді экономикалық ұйымдастыру қатынастарының белгілі бір қабатын, яғни несиелік қатынастардың жоғарғы буынын білдіреді. Мұндағы буын ретінде несиенің объективті сипатын және несиелік қатынастарды ұйымдастыруға байланыстышаруашылықтың субъективтік қызметінің өзара іс - әрекеті түсіндіріледі.
Несиелік механизмге несиенің мазмұны және өзіндік ерекшеліктерін сипаттайтын қатынастар және олардың пайда болу әдістері, тәсілдері және формалары жатады. Соңғылары несиелік қатынастардың мәніне жатпағанымен де, олар несиелік іс - тәжірибені сипаттайтын процеске жақын немесе оның үстінде қалыптасады.
Берілген несиелік механизм тұжырымы бұл механизмнің тек субъективтік сипаты туралы кездесетін позицияларға қарам - қарсы тұрады. Осы тұрғыдан оқып біле отырып, ғылыми таным барысында бірден несиенің мазмұнын, оның қызметтерін талдаудан несиелеу механизміне өтеді.
Кез - келген экономикалық механизм өзара байланысқан, яғни оның бір элементінің қозғалысы немесе өзгеруі басқаларының қозғалуы мен өзгеруіне ықпал ететін элементтер жиынтығынана тұрады.
Несиелік механизмнің басқа экономикалық механизмдер сияқты мынадай құрылымдық элементтер болады:
:: несиенің түрлері;
:: несиелеу объектілері;
:: несиелеу субъектілері;
:: несиелеу әдістері;
:: несиелеу процесі (несиелеу механизмі);
:: несиелеу принциптері:
:: несиелік тәуекелді басқару.

2. Банктік несиенің түрлері

Несиенің түрі - бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталаиын көрінісі.
Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай өзгергенімен де, несиенің түрі сол күйінде қалады.
Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі несиелер береді. Олар мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:
Қарыз алушылар категорияларына қарай:
1. Қаржылық институттарға берілетін несиелер:
:: Мақсатты қорларға;
:: Банктерге;
:: Қаржы-несие мекемелеріне.
2. Қаржылық емес агенттерге берілетін несиелер:
:: өнеркәсіп салаларына;
:: ауыл шаруашылығына;
:: саудаға;
:: дайындау ұйымына;
:: жабдықтау сату ұйымдарына;
:: кооперативтерге;
:: жеке кәсіпкерлерге.
3. Тұтыну мақсатына берілетін несиелер:
Мерзіміне қарай:
:: қысқа мерзімді (1 жылға дейін);
:: орта мерзімді (1 жылдан 3-5 жылға дейін);
:: ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары).
Тағайындалуы және пайдалану сипатына қарай:
:: негізгі қорларға жұмсалатын;
:: айналым қаражатына жұмсалатын.
Қамтамасыз ету дәрежесіне қарай:
1. Қамтамасыз етілген:
:: кепілхатпен;
:: кепілдемемен;
:: кепілдікпен.
2. Сақтандырылған.
3. Қамтамасыз етілмеген:
:: сенім (бланктік) несиесі.
Қайтарылу дәрежесіне қарай:
1. Стандартты несие - қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ қайтуында ешқандай күмән жоқ несиелер;
2. Күмәнді несиелер - қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі ұзартылған және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер. Соңғы қабылданған активтердің жіктеу ережесіне сәйкес, күмәнді несиелер ішінара бөлінеді: 1-санатты күмәнді, 2-санатты күмәнді, 3-санатты күмәнді, 4- санатты күмәнді, 5- санатты күмәнді.
3. Үмітсіз несиелер - қайтару уақыты кешіктірілген, мерзімі өткен несиелер шотына жазылған несиелер.
Берілу шартына қарай:
1. Тұтыну несиесі - бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауатларын сатып алу үшін және қызметтерді өтеуге берілетін несие.
2. Ипотекалық несие - бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді, өндіріс ғимараттарын, жерді және т.с.с.) кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге берілетін несиені білдіреді.
3. Овердравт несиесі - клиенттің шотынан қаражатты шегеру, дебеттік қалдық бойынша берілетін қысқа мерзімді несиенің формасы.
4. Овернайт несиесі - өтімділікті қолдау мақсатында бір түнге берілетін банкаралық несиенің түрі.
5. Онкольдық несие - кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелетін қысқа мерзімді несие.
6. Банкаралық несие - банктердің бір - біріне беретін несиесі.
7. Ломбардтық несие - тез іске асатын бағалы заттарды немесе бағалы қағаздарды кепілге алып, берілетін несие.
8. Лизингтік несие - құрал - жабдықтарды жалға алумен берілетін несие.
9. Рамбурстық несие - шикізаттарды ішке алып кіру және жартылай фабрикат пен дайын өнімдерді сыртқа шығару тәжірибесінде пайдаланылатын несие.
10. Сенім несиесі - банктің сеніміне кірген, төлем қабілеті жоғары клиенттерге берілетін несие.
11. Маусымдық несие - жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсімді алу мерзімі арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға арналған несие.
12. Консорциалдық несие - ірі жобаларды несиелеу мақсатында банктердің өзара қосылып беретін несиелері.

2.1 Несиелеу субъектілері мен объектілері

Несие құрылымы несие беруші мен қарыз алушыдан, сондай - ақ қарыз капиталынан тұрады. Мұндағы несие беруші мен қарыз алушыларды несиелік мәмілеге қатысушы тараптар немесе оларды несиелік қатынас субъектілері деп атауға болады. Осы тараптардың біреуі болмаса несиелік мәміле жасалмайды. Несие берушілерге мемлекет, банктер (орталық және коммерциялық), банк типтес мекемелер мен қаржылық ұйымдар, сондай - ақ халықаралық қаржы ұйымдары да жатады. Кейбір жағдайларда, несиенің коммерциялық формада берілуіне байланысты несие берушіге өнім өндіруші кәсіпкерлер де жатуы мүмкін. Ал қарыз алушыларға қаражатқа деген уақытша қажеттілігі бар кез - келген заңды және жеке тұлғалар жатады.
Несиелеу объектісі - бұл несиенің пайдалану заты, яғни несиенің іске асырылуы аясы деп түсінуге болады.
Несиелеу объектісі материалды құндылықтар, өндіріс және айналыс шығындары түрінде, сол сияқты, егер несие материалдық жағынан қамтамасыз етілмеген жағдайда, банк алдындағы шаруашылық ұйымының міндеттемесі ретінде болады. Материалды қамтамасыз етілген несиелеу объектісіне өндірістік шикізат қорларын, негізгі және көмекші материалдарды, жанармай, ыдыстар, сатып алынатын жартылай өнімдер, азық - түліктер және басқа да материалды құндылықтардың маусыидық жинағы және өнеркәсіптегі дайын өнімдердің және сауда ұйымдарындағы тауарлардың маусымды қорлары жатады. Мұндай қорларды жасау, ең бастысы, өндіріспен және өнімдерді сату процесімен тығыз байланысты.
Несиелеу объектісіне экспортты және импортты тауарлармен, қызметтермен жабдықтау, экономикалық қызметке байланысты шығындар, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалардың сатып алынатын шикізаттары, материалдары, құралдары және басқа да мүліктері, ломбардтық операциялар, шаруашылық субъектілердің кірістері мен шығыстары арасындағы алшақтық жатады.
Ұзақ мерзімді несиелеу объектілеріне жататындар мынадай бөлінеді:
:: өндіріс объеклерінің құрылысы;
:: өндіріс объектілерін қайта құру, техникалық жағынан қайта қатуландыру, кеңейту;
:: техникалар, құрал - жабдықтар және көлік құралдарын сатып алу;
:: жаңа өнім шығаруды ұйымдастыру;
:: өндірістік емес маңызы бар объектілерді алу.

2.2 Несиелеуді ұйымдастыру принципі.

Несиелеу принциптері несиенің мәнін және қызметтерін, сондай - ақ несиелік қатынастарды ұйымдастыру облысындағы объективті экономикалық заңдардың талаптарын бейнелейді.
Несиелеу принциптері негізінде несиелік процесс, яғни банктік несиелердің берілуі, пайдаланылуы және қайтарылуы жүзеге асырылады. Несиелеу принциптеріне байланысты банктік несиелердің берілуінің басты шарттары: несиенің мақсаты және мерзімі, олардың қаражаттар айналымы шеңберінде қатынасу нәтижелілігі және т.б. анықталады.
Қазіргі несиелік қатынастарды ұйымдастыру принциптері 2 топқа бөлінеді:
1 топқа - жалпы экономикалық тәртіптегі принциптер:
:: несиенің мақсаттылығы;
:: несиенің дифференциалдығы.
2 топқа - несиенің мәнін бейнелейтін принциптер:
:: несиенің мерзімділігі;
:: несиенің қайтарымдылығы;
:: несиенің төлемділігі;
:: несиенің қамтамасыз етілуі.
Қазіргі несиенің дифференциалдық приципінің мазмұны өзгерген десе де болады. Біріншіден, ол мерзімділік принципімен байланысады, яғни несие уақытында қайтара алатын шаруашылық органдарына беріледі. Сондықтан да несиелеудің дифференциациялануы тек несиелік қабілетті сипаттайтын көрсеткіштер негізінде ғана жүзеге асырылады. Екіншіден, бұл принцип несиелік прицип жасалғанға дейін және банктер несиелік ресурстарға деген сұранысын оқып - үйрену барысында потенциалды қарыз алушылардың несиелік қабілетін және олардың банк үшін пайдалылығын, сондай - ақ қаражаттардың жұмсалу ұзақтығын жетекшілікке ала отырып, бастапқы несиені орналастырғанға дейін іске қосылады. Үшіншіден, несиелік қабілеттілігіне байланысты несиелеудің дифференциациялануы, оның өткен жүйедегі вариантымен салыстырғанда қаталдау болып табылады.
Мерзімділік - белгілі экономикалық категория ретіндегі мәніне негізделген несиенің ерекше бір белгісі. Ол, яғни несие берушінің қарыз алушыға берілген қаражаты белгілі бір уақыт ішінде келісілген тәртіпке сай қайтарылуға тиістілігімен қорытындыланады. Осыдан келіп, несиенің қайтарымдылық принципі туындайды.
Несиенің қайтарымдылығы оның экономикалық категория ретінде басқа да тауарлы - ақшалай қатынастардың экономикалық категорияларынан ажыратылатын ерешклігімен сипатталады. Қайтарылмайтын несие болмайды. Сондықтан да, қайтарымдылық несиенің ажырамас бөлігі болып табылады.
Шаруашылықтың нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты несиелеудің бұл принципіне ерекше мән берілген. Біріншіден, оның сақталуына байланысты ұдайы өндірісте ақшалай қаражаттармен бірқалыпты қамтамасыз етілуі тәуелді. Екіншіден, бұл принципті сақтау коммерциялық банктердің өтімділігін қамтамасыз ету үшін қажет. Олардың жұмысын ұйымдастыру принциптері тартылатын несиелік реурстардың қайтарымсыз жұмсалымдарға салынуына жол бермейді. Үшіншіден, әр жекелеген қарыз алушы үшін бұл принциптің сақталуы банктен жаңа несие алуға мүмкіндік береді.
Несиенің төлемділігі - бұл несие беруші қарыз алушыға берілетін қаражатты қайтару барысында бастапқы сомадан өсіп қайтарылатындығын білдіреді. Іс жүзінде ақылық несиені пайдаланғаны үшін төленетін сыйақы (пайыз) түрінде беріледі.
Несиеге қойылатын сыйақы мөлшерлемесін несиенің бағасы деп те атайды. Еркін реттелетін нарық жүйесі тұсында несие үшін сыйақы мөлшерлемесі несиеге деген сұраныс пен ұсыныс негізінде қалыптасады.
Қазіріг банктердің несие үшін сыйақы мөлшерлемесін белгілеуде ескереттін басты факторларына мыналар жатады:
:: орталық банктің коммерциялық банктерге беретін несиелері (мүдделендіру) бойынша белгіленетін сыйақысының базалық мөлшерлемесі;
:: банкаралық несие бойынша орташа сыйақы мөлшерлемесі;
:: өз клиенттеріне депозиттік шоттар бойынша төлейтін орташа сыйақы мөлшері;
:: банктің несиелік ресурстарының құрылымы тартылған (қаражаттар үлесі қаншалықты жоғары болса, несие бағасы соғұрлым қымбат болуға тиіс);
:: несиеге деген сұраныс (сұраныс аз болса, несие бағасы да арзан болады);
:: несиенің сұралатын мерзімі мен түрі, нақтырақ айтсақ, банк үшін оның қамтамасыз етілуіне байланысты тәуекел дәрежесі;
:: еліміздегі ақша айналысының тұрақтылығы (инфляция қарқыны қаншалықты жоғары болса, соған сәйкес несие үшін төленетін сыйақы да жоғары болуға тиіс,себебі,инфляция жағдайындағы ақшаның құнсыздануынан банктің ресурсын жоғалту тәуекелі артады).
Сонымен қатар, пайыз мөлшерлемесіне объективтік және экономикалық, сол сияқты субъективтік факторлар да әсер етеді. Шын мәнінде, заңды және жеке тұлғалардан тартатын несиелік ресурстар қаншалықты қымбатқа түссе, соғұрлым несиенің бағасы жоғары келеді.
Несиелеудің келесі бір принципі - берілетін несиелердің материалдық жағынан қамтамасыз етілуі. Бұл принциптің пайда болуы негізінен экономикалық категория ретінде шығуымен бірге келеді. Бірақ та уақыт өте келе бұл принциптің мазмұны толығымен өзгерген.
80 - ші жылдардың аяғына дейін КСРО - да несиенің материалдық құндылықтармен жүзеге асырылып келді. Бұл әрине сол кезден экономикамыздағы өндірісті ұйымдастырудың социалистік принциптеріне сай негізделуімен, банк ісіне және өнеркәсіптік өндіріске монополияның араласуымен байланысты болды. Бұл аталған несиенің қағидасы көзге көрінгісіз, себебі, қамтамасыз етілген құндылықтардың иесі мемлекет болғандықтан да, несиенің қамтамасыз етілуін тексеру процесі тек қағаз жүзінде ғана жүргізілді. Ал бүгінгі несиенің қамтамасыз етілуі ретінде кепіл, кепілхат, кепілдеме, сақтандыру міндеттемелері қолдануда.
Енді осы несиенің қамтамасыз етілу тәсілдеріне тоқталайық.
Кепілге берілетін несие - бұл қарыз алушының активтерімен қамтамасыз етілген несие. Кепілге берілетін активтер қарыз алушының иелігінде қалып, оның пайдалануында болады.
Экономикасы жақсы дамыған елдердегі қарыз алушының жағдайы жақсы болып келген жағдайларда несие қамтамасыз етілмеуі де мүмкін.
Кепіл несиені қамтамасыз етудің ең тұрақты формасы ретінде мынадай шарттарды сақтайды: ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша – несие саясатының түрлері
Несие беру
Банктің несие саясатының құрылымын талдау
Банк несиелерінің кәсіпорын экономикасына әсері
ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙДЕГІ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛІК САЯСАТЫ
Ақша мен несиенің экономикалық – теориялық негізі
Қарыз алушының анкетасы
Екінші деңгейлі банктердің несие саясаты
Нарық жағдайларына сай коммерциялық банктердің клиенттермен арадағы қарым-қатынасының нығаюына ықпал ететін оңтайлы несиелік саясат қалыптастыру және оны іске асырудың теориялық және әдістемелік аппаратын жасау
Несие саясатынің дамуы
Пәндер