Мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие берудің педагогикалық маңыздылығы



Кіріспе ... ... ... ... ...3
Тарау І. Мектеп оқушыларын ұлттық тәрбие берудің педагогикалық маңыздылығы, оның теориялық негіздері.
1.1 Ұлттық тәрбие берудегі халықтық педагогиканың ғылыми негіздері ... .6
1.2 Мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие берудің ұйымдастыру ерекшеліктері ... ... ... ... ... ...19
Тарау ІІ. Мектеп оқушыларына халықтық педагогика құралдары арқылы ұлттық тәрбие беру жолдары
2.1 Мектеп оқушыларына халықтық педагогика құралдары арқылы ұлттық тәрбие берудің мазмұны мен әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
2.1 Мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие беруге бағытталған тәжірибелік.эксперимент жұмысының нәтижелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...39
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .45
Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... .46
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... .48
Ғаламдық жаһандану жағдайындағы жаңа қоғамда орын алған ірі экономикалық өзгерістер мен технологиялық жетістіктер – қоғам дамуының қозғаушы күші болып табылатын білім жүйесіне орасан ықпалын тигізіп отыр. Әлемдік қауымдастықтың біртұтас білім кеңістігін қалыптастыруға бағытталған ортақ мүддеге барынша әрекеттенуі-жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген саналы да парасатты тұлғаны тәрбиелеу қажеттігін алға тартып отыр.
Ұлтымыздың рухани бес арысымыздың бірі Мағжан Жұмабаевтың: «Қазақтың тағдыры да, келешек ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік, жанымызға қабысатын, үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады» деген даналық өсиетінің мәні қазіргі жаһандану кезеңінде Қазақстан мемлекеті үшін орасан зор. Еуропалық және Азиялық өркениеттің аралығында орналасқан Қазақстанның геосаяси орны, ана тіліміз бен ұлттық мәдениетіміздің кеңестік дәуір кезіндегі және қазіргі жай күйі, еліміздің полимәдениеттілік, көпконфессиялық сипаты халқымыздың ұрпақ тәрбиесіндегі даналығынан, рухани құндылықтарынан, ұлы педагогтарымыз бен ғұлама гуманистеріміздің философиялық ой толғауларынан, яғни тереңге бойлаған түп тамырларымыздан нәр алып, үнемі және үздіксіз қанығып отыратын шынайы, тәуелсіз ұлттық білім жүйесін құруды талап етеді.
Қоғамның даму үдерісінде қол жеткізген тарихи тәжірибесі із-түзсіз жоғалып кетпейді, ұлттық санада, халықтық идеяда, мәдени-әлеуметтік және құндылықтар жүйесінде белгілі бір ретпен жинақаталып отырады. Бұл жөнінде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Ұлттық кеңестің отырысында сөйлеген сөзінде: «Дәстүрлі мәдениетті жаңғырту, өз халқының тарихи тәжірибесіне жүгіну».
1. Кожахметова К.Ж., Этнопедагогика: әдіснама, теория, тәжірибе: оқу құралы. – Алматы:Қазақ университеті, 2013. – 3 бет
2. Волков Г.Н. Этнопедагогика. – Чебоксары, 1974. 7-16б
3. Бержанов К.Б., Мусин С.М., Педагогика тарихы – Алматы 1996
4. К.Б.Жарыкбаев,С.Қалиев Қазактың халық педагогикасының тарихы.А-І992
5. К.Ж.Қожахметов Халыктық педагогиканы зерттеудің кейбір ғылыми және теориялык мәселелері. А-1993
6. Узакбаева С.А., Муканова Е.Н. Казахская этнопедагогика. - Алматы, 1998.
7. С.Қалиев Қазақ этнопедагогикасының теориялык негіздері мен тарихы Алматы, «Білім» 2003. – 280 бет.
8. Құрсабаев М. «Атамекен» ұлттық ғылыми-тәлімдік, рухани-танымдық бағдарламасын оқу-тәрбие жұмыстарында жүзеге асырудың этнопедагогикалық-этнопсихологиялық мәселерді. – Алматы: Кәусар бұлақ, 1994-32б.
9. Төлендиев Т. Иманбаев Қ. Қызым, саған айтам! – Алматы: Қазақстан, 1994-176б
10. Б.Мұқанова, Р.Ильясова. Этнопедагогика. Оқу құралы. Астана. 2008ж.
11. З.Ә Әбілова,К.М.Қалиева. Этнопедагогика.А-1999ж
12. Д.С.Ешмұратова. Ортаңғы сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудің
педагогикалық шарттары. Магистрлік диссертация. Қарағанды, 2008 ж.
13. «Мәңгілік Қазақстан» жобасы . www.akorda.kz
14. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан 2050» жолдауы. // www.akorda.kz
15. Д.Т.Кажибекова. Мәңгілік ел – қазақ елінің ұлттық идеясы. Инфоурок - 2017.
16. С.Қалиев, Ж.Молдабеков, Б.иманбекова. Этнопедагогика. «Фолиант», 2007 ж.
17. І.М.Әлімбаев Халық ғажап тәлімгер.А-1994
18. С.Ұзақбаева. Тамыры терең тәрбие. А: 1995ж
19. С.Ғаббасов. Халықтық педагогика. А.1991ж
20. Б.Адамбаев. Қазақтың шешендік өнері. А:1984ж
21. Абай Құнанбаев. Шығармалары. 2 томдық. А:1968
22. Абайдың қара сөздері.
23. І.Абзелбекова М. Б.Момышұлы және патриоттық тәрбие. Ұлағатты тағылым.: 2009.
24. Момышұлы Б. Ұшқан ұя. Повесть, әңгіме, нақылдар.А: 2003ж.
25. Антология педагогической мысли Казахстана. //составители Жарыкбаев К.Б., С. Калиев. - Алматы, 1995.- 512с.
26. Бережнова Л.Н., И.Л.Набок, В.И.Щеглов. Этнопедагогика. Москва, «Академия» 2007.– 240 с.
27. Гумилев Л.Н. Ритмы Евразии:Эпохи и цивилизации. – М.,1993.
28. Иманбаева Қ. Мақал-мәтелдерді пайдалану. – Алматы: Жазушы, 1985-46б
29. Ұзақбаев Қ.Б. Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі халық дәстүрі. – Алматы: Білім, 1990-30б
30. Есімов Б. Сана болмысы . – Алматы: Ғылым, 1994-123б.
31. Жарықбаев Қ.Б. Қазақ этнопедагогикасының әдіснамасын жасаудың кейбір өзекті мәселелері. Этнопедагогика және этнопсихология. – 2 жинағы, Алматы, 1996-18б
32. Шаймерденова К. Мектептегі оқу-тәрбие жұмысының бағыт-бағдары. – Алматы: РБК, 1993-31б
33. Ұзақбаева С.А, Қожахметов К.Ж. Жоғарғы мектеп студенттерінеэтнопедагогикалық білім беру тұжырымдамасы. – Алматы: Өнер, 1998-22б
34. Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы. – Алматы: Қазақ университеті, 1991-200б
35. Бөлеев Қ. Қазақстан халық педагогикасы.- Жамбыл, 1993-28б
36. Халитова І.Р. Абай Құнанбаевтың мұрасын оқу-тәрбие процесіне енгізудің педагогикалық негіздері. – Алматы: РИК, 1997-151б
37. Қожахметова К. Мектептің ұлттық тәрбие жүйесі: Теория және практика. – Алматы: РБК, 1997-141б
38. Асанов Ж.І. Болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық даярлығының теориясы мен практикасы. – Алматы: «Ғылым», 1999-212б
39. Қазақстан Республикасы жалпы орта білім беретін мектептерінің тұжырымдамасы, - Алматы, 1996-23б
40. Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы. – Алматы: Қазақстан,1994-40б
41. Қазақстан Республикасының этникалық-мәдени білім тұжырымдамасы. – Алматы, 1996-56б
42. Құрсабаев М. «Атамекен» ұлттық ғылыми-тәлімдік, рухани-танымдық бағдарламасын оқу-тәрбие жұмыстарында жүзеге асырудың этнопедагогикалық-этнопсихологиялық мәселерді. – Алматы: Кәусар бұлақ, 1994-32б.
43. Қалиев С. Педагогиканың ғылыми-зерттеу орталыңы немен айналысады? - Қазақстан мұғалімі, №1, 2003. 18б
44. Төлеубеков Р. Бала тәрбиесіндегі халықтың педагогика. – Алматы, РБК, 1994-140б
45. Қалиев С. Қазіргі оқу-тәрбие жүйесін этнопедагогикаландырудың теориялық негіздері. – Ұлт тағылымы, №1, 2001-17б
46. Жарықбаев Қ.Б., Қалиев С. Из истории казахской народной педагогики.- Алматы: Китап, 1992-69б
47. Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. – Алматы: Ана тілі, 1991. 181б
48. Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. – Алматы: «Білім», 2003. 211б
49. Жарықбаев Қ.Б. Аталы ар сөзі – ақылдың сөзі. – Алматы: Қазақстан, 1980-121б
50. Тәлім-тәрбие хрестоматиясы. Құрастырғандар С.Қалиев, Р.Ізғұттынова, Г.Жексенбаева. – Алматы: Рауан, 1996-161б

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   
Мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие берудің педагогикалық маңыздылығы

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Тарау І. Мектеп оқушыларын ұлттық тәрбие берудің педагогикалық маңыздылығы, оның теориялық негіздері.
0.1 Ұлттық тәрбие берудегі халықтық педагогиканың ғылыми негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2 Мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие берудің ұйымдастыру ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
Тарау ІІ. Мектеп оқушыларына халықтық педагогика құралдары арқылы ұлттық тәрбие беру жолдары
2.1 Мектеп оқушыларына халықтық педагогика құралдары арқылы ұлттық тәрбие берудің мазмұны мен әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
2.1 Мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие беруге бағытталған тәжірибелік-эксперимент жұмысының нәтижелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..39
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..45
Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .46
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .48

Кіріспе
Ғаламдық жаһандану жағдайындағы жаңа қоғамда орын алған ірі экономикалық өзгерістер мен технологиялық жетістіктер - қоғам дамуының қозғаушы күші болып табылатын білім жүйесіне орасан ықпалын тигізіп отыр. Әлемдік қауымдастықтың біртұтас білім кеңістігін қалыптастыруға бағытталған ортақ мүддеге барынша әрекеттенуі-жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген саналы да парасатты тұлғаны тәрбиелеу қажеттігін алға тартып отыр.
Ұлтымыздың рухани бес арысымыздың бірі Мағжан Жұмабаевтың: Қазақтың тағдыры да, келешек ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік, жанымызға қабысатын, үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады деген даналық өсиетінің мәні қазіргі жаһандану кезеңінде Қазақстан мемлекеті үшін орасан зор. Еуропалық және Азиялық өркениеттің аралығында орналасқан Қазақстанның геосаяси орны, ана тіліміз бен ұлттық мәдениетіміздің кеңестік дәуір кезіндегі және қазіргі жай күйі, еліміздің полимәдениеттілік, көпконфессиялық сипаты халқымыздың ұрпақ тәрбиесіндегі даналығынан, рухани құндылықтарынан, ұлы педагогтарымыз бен ғұлама гуманистеріміздің философиялық ой толғауларынан, яғни тереңге бойлаған түп тамырларымыздан нәр алып, үнемі және үздіксіз қанығып отыратын шынайы, тәуелсіз ұлттық білім жүйесін құруды талап етеді.
Қоғамның даму үдерісінде қол жеткізген тарихи тәжірибесі із-түзсіз жоғалып кетпейді, ұлттық санада, халықтық идеяда, мәдени-әлеуметтік және құндылықтар жүйесінде белгілі бір ретпен жинақаталып отырады. Бұл жөнінде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Ұлттық кеңестің отырысында сөйлеген сөзінде: Дәстүрлі мәдениетті жаңғырту, өз халқының тарихи тәжірибесіне жүгіну. Міне, сол ғасырлар тәуелсіздікке ие болған елдің өмірінен орын алатын заңды құбылыс, қойнауында қорытылып, жинақталып қалыптасқан қазақ халқына тән ұлттық тәрбиенің озық, өнегелі дәстүрлерін оқушылардың тәрбиесінде пайдалану аса маңызды міндеттердің біріне айналып отыр. Себебі, ұлттық тәрбиенің қайнар көзіне, қазақ халық педагогикасы мен дәстүрлеріне қайта оралу заманның жай қоғамдық өмір талабынан туындаған қажеттілік, өйткені мәдениеттің әлеуметтік-тұрмыстық ағымы ғана емес, ол дәстүрлі түрлерін танып-білу арқылы адам баласы оның рухани бастауына терең бойлайды, туған елінің, ұлтының өзіндік ерекшелігін аялап, сақтауға үйренеді.
Қазақстан Республикасы гуманитарлық білім беру Тұжырымдамасында: Республикадағы қазіргі кездегі білім беру жүйесі негізінен өткеннің ғылыми білімдерінің үлгісіне бағдарланғаны себепті, адамның табиғатын, оның өмірлік қызығушылықтары мен қажеттіліктерін, мәдениеттің шынайы құндылықтарын есепке алмауы нәтижесінде, білім беруді бірыңғай қағидалар мен ережелерге сүйенуге әкеп соқты, сондықтан педагогиканың аталған бағдарын сыни тұрғыда қайта қарастырып, барлық құндылықтарды сақтай отырып, оны тыңдаушылардың этникалық қажеттіліктеріне сәйкес қайта құруды қажет ету, - деп көрсетілген[1, 3 б].
Бұл идеяны қабылдау білім беруді техникалық және ақпараттық тұрғыда қамтамасыз етудің дәстүрлі мәдени құндылықтарымен әлемдік деңгейін үйлестіретін оқыту мен тәрбиенің ұлттық жүйесін құруды, жеке тұлға үшін ана тілі мен мәдениетінің ерекше басымдылығын тануды және қамтамасыз етуді, жеке тұлға мен қоғамның этномәдени сұраныстарына бағытталған білім беру іс-әрекетінің үздіксіздігін білдіреді. Аталған құжатта білім беру жүйесін ірі көлемде қайта құрудың, этнопедагогика сияқты оқу пәнінің саласындағы күрделі зерттеулерсіз және нақты ұсыныстарсыз тиімді болмайтыны ашық айтылған.
Ұлттық тәрбие беру мәселесі әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, К.А.Яссауидің еңбектерінен бастау алады. Ұлтымыздың ұлы тұлғалары түркі халықтарының тәрбиелік ерекшеліктеріне үлкен мән бере отырып, ұлттық тәрбие берудің әдіснамалық негізін жасады. Халқымыздың кемеңгер ағартушылары Ш.Уәлихановтың, Ы.Алтынсариннің, А.Құнанбаевтың, Ш.Құдайбердиевтің, М.Жұмабаевтың, А.Байтұрсыновтың, Ж.Аймауытовтың, М.Дулатовтың, Х.Досмұхамедовтың, т.б. педагогикалық мұрасында тұлғаның қалыптасуы мен дамуындағы ұлттық тәрбиенің маңыздылығы мен мазмұны ашып көрсетілді.
Ұлттық тәрбиенің негізі халықтық педагогика мен этнопедагогика болып табылады. Көрнекті қазақстандық ғалымдар Қ.Б.Жарықбаев, С.Қ.Қалиев, С.А.Ұзақбаева, Ж.Ж.Наурызбай, К.Ж.Қожахметова, Ә.Табылдиев, М.Х.Балтабаев, Р.Қ.Дүйсембінова, С.Ғаббасов, Қ.Қ.Шалғынбаева, т.б. зерттеулер жүргізіп, өз еңбектерінде этнопедагогика ғылымының қалыптасуы мен дамуын, этнопедагогика құралдарының ұрпақ тәрбиесіндегі мәнін, мектептің оқу-тәрбие процесінде алатын орны мен оларды пайдалану мүмкіндіктерін қарастырды.
Халықтық педагогика құралдары арқылы мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие берудің қажеттілігі мен бұл мәселенің педагогикалық теория мен практикада жеткіліксіз зерттелуі арасындағы қарама-қайшылықтар анық байқалады. Осы қайшылықтардың шешімін табу мақсатында мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие берудің педагогикалық шарттарын айқындау зерттеу проблемасын айқындап, тақырыпты Мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие берудің педагогикалық маңыздылығы деп алуға негіз болды.
Зерттеу мақсаты: мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие берудің педагогикалық маңыздылығын теориялық тұрғыдан негіздеу және оның тиімділігін эксперимент арқылы тексеру.
Зерттеу міндеттері:
1) Оқушыларға ұлттық тәрбие берудегі халықтық педагогиканың ғылыми негіздерін зерттеу;
2) Мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие берудің ұйымдастыру ерекшеліктерін көрсету;
3) Мектеп оқушыларына халықтық педагогика құралдары арқылы ұлттық тәрбие берудің мазмұны мен әдістерін айқындау;
4) Ұсынылып отырған ұлттық тәрбие берудің әдістерінің тиімділігін эксперимент арқылы тексеру
Зерттеу нысаны: жалпы білім беретін мектептің оқу-тәрбие процесі.
Зерттеу пәні: мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие берудің педагогикалық маңыздылығы.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер мектептің оқушыларына ұлттық тәрбие берудің ерекшеліктері мен педагогикалық маңыздылығы айқындалып, іс тәжірибеге енгізілсе, онда оқушылардың ұлттық сана-сезімін, ұлтжандылық, толеранттық қасиеттерін, ұлтаралық қатынастар мәдениетін қалыптастыруға болады, өйткенi мұндай жағдайда қарастырылып отырған процестің тиімділігі қамтамасыз етіліп, оқушылардың тәрбиелілік деңгейі артады.
Зерттеу көздері: Зерттеу тақырыбына сай бойынша этнопсихологиялық, этнопедагогикалық ғылыми еңбектер, Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы, Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, ғылыми-психологиялық-педагогикалық баспасөз материалдары, педагог-психологтердің озық тәжірибелері, магистранттардың педагогикалық және зерттеушілік тәжірибесі.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен және қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

Зерттеу базасы: БҚО

Тарау І. Мектеп оқушыларын ұлттық тәрбие берудің педагогикалық маңыздылығы, оның теориялық негіздері
Ұлттық тәрбие берудегі халықтық педагогиканың ғылыми негіздері

Қазіргі кезде білім беру ісінде, жеке тұлғаны жан-жақты жетілдіріп, танымдық іс-әрекеті мен ой-санасын дамытып, қалыптастыру барысында педагогикалық үдерістің ұлттық, педагогикалық, психологиялық негізін айқындау керек. Елімізде болып жатқан әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени өзгерістерге байланысты оқу-тәрбие процесін ұлттық сипатта ұйымдастыру - өмір талабы. Әр халықтың ұлттық-тарихи дәстүрі, оның азаматтық білім берудегі мәдениеті мен дидактикалық білімі осы педагогикалық үдеріске тікелей байланысты. Сондықтан біздің көтеріп отырған мәселесіміз ұлттық тәрбие беру мәселесі.
Халық педагогикасының теориялық жақтарын зерттеуші, Ресей ғалымы Е.Л.Христова халық педагогикасы - ол халықтың таптық педагогикалық санасы, ал дәстүрлі педагогиканы - белгілі ұлттық педагогиканың саласы - деп есептеді.
Көрнекті ғалым Г.Н.Волков педагогика саласында тұңғыш рет Этнопедагогика деген ұғымды ғылыми айналымға ендірді. Этнопедагогика ұғымы ғалымның ойынша: Халықтың жас ұрпақты тәрбиелеу тәжірибесі туралы, олардың педагогикалық көзқарастары туралы ғылым. Этникалық педагогика тарихи жағдайда қалыптасқан ұлттық мінездегі ерекшеліктерді зерттейді. Халық педагогикасы - халықтың ауыз әдебиетінде, салт-дәстүрлерінде, ырымдарында, балалар ойындарымен ойыншықтарында мәңгі қалған педагогикалық мағлұматтар мен тәрбиелеу тәжірибесінің жиынтығы. Халық педагогикасы - халыққа қажет қасиеттерді қалыптастыру үшін пайдаланылатын педагогикалық мақсаттың, міндеттердің, әдіс-құралдардың, тәсілдердің жиынтығы мен өзара байланысы - деген [2, 16б].
М.Н.Стельмаховичтің анықтамасы бойынша этнопедагогика ұлттың өзіне тән тарихи жолы, сол жолда қалыптасып, жүзеге асқан ерекшеліктері.
Философ Г.Н.Филонов: Халық педагогикасы - жергілікті халықтың қабылдаған тәрбиелеу әдіс-тәсілдері. Бұл ұрпақтан-ұрпаққа өмір барысында білім мен дағдылар арқылы жалғасып отырады. Халық педагогикасы қоғамдық тәрбиенің, мінез-құлық, жүріс-тұрыс ережелерінің, қоғамдық дәстүрлердің, белгілі идеологияның жалғасуын бағыттап отырады. Халық педагогикасы моральдық заңдар мен салттарда көрініс табады [3, 26б].
Қазақ халқының халық педагогикасы туралы жалпылық түсініктер мен тұжырымдар бұл ғылымның этникалық мәні туралы жалпылау ұғымның аты ғана, ал қазақ халық педагогикасы (қазақ ұлтының педагогикасы) жеке этностың (қазақ ұлтының, халқының) педагогикасы болғандықтан оның нақтылай атауы сол ұлттың атымен аталуы қажет. Ол үшін сол ұлттың тарихи қалыптасқан ұлттық, халықтық педагогикасы болу керек. Ал, қазақ халқының халық педагогикасы - ғасырлар бойы қалыптасып, негізделген, ұлттық тәлім-тәрбиенің құнды құралы деп есептейміз.
Қазақ халқының халық педагогикасының құрылымы: ауыз әдебиеті, салт-дәстүрлер, ұлттық өнер, ұлттық тәлім болып табылады. Қазақ халқының көпжанрлы өте бай ауыз әдебиеті мен игі әдет-ғұрпы, әдебі, дәстүрлері, салты, салт-санасы оның этнопедагогикасының тірегі болып табылады.
Этникалық педагогика - өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен қалыптастыруға байланысты теориялық ой саласы және ғылым саласы, тұрмыс педагогикасы, отбасы, ру, тайпа, ұлыстар мен ұлттар педагогикасы туралы ғылым, - деп өз көзқарастарын В.А.Панькин, И.О.Попова түйіндейді.
Ал Қ.Жарықбаев болса, Этнопедагогика-халықтық тәлім-тәрбиені, оның тәжірибесін қорытындылап, жүйелейтін теориялық сипаттағы ғылым деген анықтама берген[4, 43б].
Қ.Бөлеевтің айтуынша: ... ұлттық тәрбие терминiн ендiру педагогика ғылымында өз шешiмiн тапқан жоқ. Ол этнопедагогика ғылымында ендiрiлуi тиiс. Өйткенi этнопедагогика ұлттық тәлiм-тәрбиенi жинақтайтын, оны қорытындылап, жүйелейтiн теориясымен сипатталатын ғылым саласы. Ұлттық тәрбие - жеке тұлғаның ұлттық сана-сезiмi мен мiнез-құлқының, ана тiлiн, ата тарихын, төл мәдениетiн және ұлттық салт-дәстүрiн меңгеруi негiзiнде қалыптасқан этнопедагогиканың саласы.., - деп, анықталады[5, 35 б].
Ғалымның ойынша, ұлттық тәлiм-тәрбиенiң мектептегi оқу-тәрбие жұмыстарында жүзеге асырудың тиiмдiлiгi - болашақ мұғалiмдердi, бiлiктi тәрбиешiлердi даярлау және қайта даярлау мен жетiлдiру жұмыстарына арналған арнайы бағдарламалар мен нақты шараларды қолға алу арқылы іске асырылады.
К.Оразбекованың пайымдауынша, ұлттық тәрбие - болашақ қоғамымыздың құрылысшыларын дайындайтын дарынды, парасатты, жоғары мәдениеттi, жан-жақты дамыған жеке тұлғаларды қалыптастырудың негiзi болуы шарт деп санайды. Ол: ..ұлттық тәрбиенiң тәлiмдiк негiздерi Адам атадан бастау алып, бүкiл өмiрi-өлеңге, өлеңi-өмiрге айналған жыраулар арқылы жалғасын тауып, ұрпақтан-ұрпаққа жетiп отырды..,-деп, ұлттық тәрбиенiң бүгiнгi таңда ұлттық идеологияны қалыптастыруда шешушi рөл атқаратынын атап өтедi[6, 39 б].
Жоғарыдағы ұғымдарға берілген анықтамаларды қорыта келе, ғалым С.Қалиев: Салт-дәстүрлер бір жағынан халықтың тұрмыс-тіршілігімен байланысты туған этнографиялық құбылыс болып саналса, екінші жағынан ұрпақ тәрбиесінің ритуалы болып саналады. Сондықтан ұлттық салт-дәстүрлердің мән-мағынасын тәлімдік тұрғыда қарастырып, тозығынан озығын айыра қарау, бүгінгі заман талабына сай келетін прогрессивтік мәнді дәстүрлерді ұрпақ тәрбиесінің пәрменді құралы ретінде орынды пайдалана білу қажет - деп санады[7, 67 б].
К.Ж.Қожахметова ұлттық тәрбиені этникалық тәрбиеге қарағанда кең ұғым деп қарастыра отырып, мынадай анықтама береді: ұлттық тәрбие-жалпыхалықтықты ұлттық сипаттармен біріктіре алатын ұлттың азаматтарын, мүшелерін қалыптастыру: олар тілді, мәдениетті білумен қатар қазіргі заманға сай білімді де игеруі қажет[5, 37 б].
Г.Н.Волковтың пікірінше, халықтық педагогиканың ерекшелігі: оның адам баласының дүниеге келген күннен бастап бірге жасасып келуінде, еңбек тәрбиесінің алғашқы адамдар өмірінде басты рөл атқарғаны, тәрбиенің басқа түрлерінің кейін туғандығы, халықтың тәрбие жөніндегі қағидаларының өмірлік тәжірибеге негізделген эмпирикалық білім болып келуі, оның ұлттар мен ұлыстардың жазу мәдениеті шықпай тұрған кезінде пайда болып, халық арасында ауызша тарауы, сондықтан да оны шығарушы авторларының аты-жөнінің халық жадында сақталмай бүкіл халықтық мұраға айналып кетуі, халықтың ұрпақ тәрбиелеудегі озық тәжірбиелерімен ой-түйіндерінің сол халықтың ой-тілегімен, арманымен ұштасып келгендіктен озық үлгілерінің мәңгі сақталып, ал тозығының біртіндеп тәрбие жүйесінен шығып қалуы, халық педагогикасы өнерге, еңбекке негізделгендіктен үнемі жетілдіру, ұшталу үстінде болуы, сондай-ақ халық педагогикасының ғылыми жүйеге, теорияларға, құрылмай жеке бастық тәрбиенің озық үлгілеріне және оның нәтижесіне құрылуы, тәрбие тәжірибесінің ғасырлар бойы жалғасып үзілмей келуі (преемственность), алғашқы тәрбие түрлерінің қоғамда бөлінбей синкретті тұтас түрінде берілуі (мысалы қол, би, музыка өнерлерінде ой еңбегі мен дене еңбегі, ақыл-ой тәрбиесі мен еңбек тәрбиесінің бірге ұштасып келуінде) деп саралай көрсете келеді де, "Халық педагогикасы ру, тайпа, ұлттар мен ұлыстардың ұрпақты тәрбиелеу тәжірибесіне негізделген, халықтық тәрбие құралдары (салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ойын түрлері, ауыз әдебиеті үлгілері) арқылы іске асыруға құрылса, ал этнопедагогика теориялық ойларға, ғылымға негізделеді. Ол халықтың этнографиялық салт-дәстүрін, тұрмыс-тіршілігін педагогикалық, логикалық ғылыми ойлау жүйесі тұрғысынан зерттеп қарастырады. Яғни халық педагогикасы ғылымға шикі материал даярлаушы мәліметтер көзі болып табылса, сөйтіп педагогика ғылымына қызмет етушінің рөлін атқарса, ал этнопедагогика халықтың бала тәрбиелеу тәжірибесін, педагогикалық мәдениетін зерттеп оның прогрессивтік үлгілерін бүгінгі оқу-тәрбие ісіне жаратудың жолдарын ғылыми тұрғыда қарастырады" (2, 7б) - дейді.
Этнопедагогика - педагогика ғылымының саласы ол: 1) нақты халыққа тән әртүрлі тәрбие мен оқытудың өзіндік мақсаттарын, міндеттерін, әдістерін, тәсілдері мен құралдарын зерттеумен; 2) түрлі халықтардың тәрбиесі мен білім беру ерекшелігін салыстыра зерделеумен; 3) этникалық қауымдастықтардың білімі мен тәрбиесіне ұлттық психология әсерін талдаумен; педагогикалық және білім берушілік әсерді ұйымдастыру осы үрдісті есепке алумен айналысады - дейді В.Г.Красько.
Әр халықтың тәлiм-тәрбиелiк мұрасының түпнамасы - оның ұлттық құндылықтармен мыңғасырлық байланыстығының тұтастығында екенi анық. Халық педагогикасындағы ұрпақтың жан-жақты дамып-өсуiне, таным кеңiстiгiнiң ұлғаюына зор ықпал жасап келгенiн педагогика ғылымы жоққа шығармайды.
Қазақ халқы - елін, жерін, оның табиғи, мәдени байлығын, өнері мен тілін, тарихын, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын сақтап, қорғап, рухани-адамгершілік тағлымдарын ұрпағына мұра етіп қалдырған. Сондықтан, оқу-тәрбие процесінде қолданылатын бағдарламалар, оқулықтар, дидактикалық материалдардың ұлттық психологиялық ерекшеліктерге сай жасалуын өмірдің өзі талап етеді.
Қорыта келгенде, этнопедагогика - фольклорлық шығармалар мен ұлттық салт-дәстүрлердің тәлім-тәрбиелік мән-мағынасы мен оны оқу-тәрбие жүйесінде қолданудың әдіс-тәсілдерін зерттейтін педагогика ғылымының бір саласы.
Қазақ этнопедагогикасының ғылыми негіздері зерттеулерде қазақ халқының этникалық болмысының тарихи қалыптасуына, халық педагогикасының ұлттық ерекшеліктеріне, этнопедагогикалық ойларға байланысты жүйеленіп тұжырымдалады.
Қазақ халқының ұрпақ тәрбиелеу жөнiндегi сонау көне ғасырлардан келе жатқан тәжiрибесiн, қазақ хандығы құрылған кезеңнен (ХIҮ-ХҮғ.ғ.) бастап қарастыру, тарихи-әлеуметтiк тұрғыдан алып қарағанда дұрыс емес. Өйткенi кешегi өткен тарих беттерi -- Шығыс мәдениетiнiң қайнар көзi болып саналатын ұлы Даланы мекендеген түркi тектес (тiлдес) халықтардың, одан әрi ғұндар мен сақтардың бiр елдi, бiр жердi мекендеп, оны сыртқы жаулардан қорғап, бiр тiлде сөйлеп, бiр дiнге сенiп, әлем мәдениетiнiң қалыптасуына тендесi жоқ үлес қосып, бүгiнгi түркi халықтарына ортақ мәдениет пен тарихтың көне бастауы болғанын бүгiнгi ұрпақ өмiр тәжiрибелерiнен көрiп отыр.
Зерттеушi ғалымдар А Қасымжанов, Ж.Алтаевтың: "Бiз тарихқа ХIҮ-ғасырдың басынан бастап "қазақ" деген атпен енсек те, мыңжылдық мәдениетi, философиясы, әдебиетi, тарихы бар халықпыз..." деген ғылыми тұжырымдары жоғарыда айтылып кеткен ойларымызға дәлел болып тұр.
Көне мұралардың iшiндегi бiзге кеңiрек мәлiм болғандары Орхон-Енисей бойынан табылған, тасқа қашап жазылған VI-VIII ғ.ғ. ескерткiштер: түркi көсемi Бiлге қаған, Күлтегiн батыр мен ақылгөй Тоныкөк құрметiне қойылған құлпытастар. Оларда ұлы Түркi қағанаты халықтарының тұрмысы мен салты, мәдениетi мен жауынгерлiк жортуылдары айшықты да мәнерлi тiлмен өсиет сөз үлгiсiнде баяндалады. Бұларда қазiргi қазақтардың сөз саптау үлгiсiне жақын шешендiк өнердiң дәстүрлi формалары айқын байқалады. Орта ғасырлық түркi тiлдi әдебиеттiң таңдаулы туындыларынан да ұшыраспайтын бұл жазуларда тәңiрiнiң "Жарлығымен" болатын бектер мен қара халықтың қағанға адал берiлгендiгi, қағандардың қараларды билеп-төстеуi жайында сөз қозғалады. Мәселен, "Егер сен, түркi халқы, өз қағаныңнан, өз бектерiңнен, өз отаныңнан жырақ кетпей, бiрге жүрсең, сен өзiң де бақытты өмiр сүресiң, өзiңнiң отбасыңда болсаң, ешнәрседен мұқтаждық көрмейсiң..." деп, бек пен қара халықты бiрлiкке шақырады. Түркi халқына қамқорлық жасау мәселесi де тас жазулардың өзектi арқауы ("Ер жұрек халық, күштi халық", "Бiзге жеңiс әперген жер-суымыз (Отанымыз)) деп бiлу керек" т. б.
Тәлiмдiк тұрғыдан, "құлақ қойып тыңдаңыздар, тереңнен ойланып, толғаныңыздар, өлiмнен ұят күштi... Адам ұлының бәрi де өлмек үшiн туады... Менiң ағам менi адам еттi" дейтiн жолдар көңiл аударарлықтай [8, 32 б].
Ежелгi түркiлердiң ауызекi поэзия дәстүрi бiзге IX ғасырда ғұмыр кешкен әншi, әрi сазгер небiр тамаша күй шығарған Қорқыт атаның есiмiн жеткiздi. Ол адамзат өмiрiнiң соншалықты қысқалығына наразы болып, пенде атаулыны ажал кұрығынан құтқармақ болды. Қорқыт өзiнiң жанын жегiдей жеген ой-сезiмдерiн қазалы жанның үрейiн, өлiмнен қашып құтылудың амалын қобыздың азалы кұйiмен, поэзиялық көркем тiлмен баяндайды. Ол эпос үлгiсiндегi поэзиялық мұра ретiнде бiздiң дәуiрлерiмiзге жеттi. Онда Сыр бойын мекендеген көшпелi тайпалардың тұрмысы мен әдет-ғұрпын, дiни наным-сенiмдерiн бейнелейтiн мәлiметтер көптеп кездеседi. Олар тәлiмдiк жағынан да аса қызықты дерек болып табылады. Мәселен, "Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман... Менмен, тәкаппар адамды тәңiрi сүймейдi... Ақылсыз балаға ата дәулетiнен қайран жоқ... қонағы жоқ, қараша үйден құлазыған тұз артық.. Әйелдiң төрт түрi болады: оның бiрi ниетi қара әйел, екiншiсi -- нысапсыз әйел, үшiншiсi - үйдiң құты болған әйел, төртiншiсi - кесiрлi әйел..." деп келетiн Қорқыттың нақыл сөздерi өз мәнiн күнi бүгiнге дейiн жоймай келедi [9, 7-9 б б].
IX -- X ғасырларда ұлы Түркi қағанаты бiрнеше мемлекеттерге (қарлұқ, Түркеш, Қарахан, Қыпшақ, Ұйғыр, Хазар, Қимақ т.б.) бөлiнiп, Араб Халифаты империясының Орта Азия мен Қазақстан территорияларына үстемдiк жүргiзулерiне әкелiп соқты. Арабтар ислам дiнiн уағыздаумен бiрге ғылым мен бiлiм де әкелдi. Нәтижесiнде түркi халықтарының ұлы ғалымдары: Фараби, Фердоуси, Авиценна, Бируни, Низами, Науаи, Қашқари, Яссауи, Баласағұн және басқалары араб тiлi мен мәдениетiн меңгердi. Оның үлкен прогрессивтiк маңызы болды. Көптеген шаһарларда дiни медреселер ашылды, ғылым мен бiлiм деңгейi артты. Медреселер дiни iлiмдермен ғана шектелiп қалмай, арифметика, медицина, жақаннама (философия), дiнтану, астрология сияқты әлемдiк маңызы зор дәрiснама берудi басты мақсат еттi.
Әбу Насыр әл-Фарабидің педагогикалық көзқарастары оның көптеген шығармаларында орын алды. Бақытқа жол сілтеу, Бақытқа жету туралы, Адамзаттық саясат, Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы деген шығармаларында ол моральдық-адамгершілік тәрбиесіне баса назар аударады. Жетілген адамды қалыптастырудың жетекші құралы болып тәрбие мен білім саналады, осылардың негізінде ортаңғы сынып оқушыларының адамгершілік асыл қасиеттері, ой-өрісі жетіледі деп ескертеді. Адамды тек оқу-білім арқылы жақсартуға болады дейді. Өзінің іс-әрекеттерінде тәрбие мен оқытуды бір-бірімен бірізділікте ұштастыра қарастырады.
Ж.Баласағұн шежіреге, шындыққа, қайырымдылыққа үлкен мән берді. Ол Егер қыз бен ұл тусаң, онда өзің тәрбиеле, Жаман мінезді бала жақсы адамдарға қауіпті деген. Оның шығармаларының негізгі мотиві - ержүректік, қайырымдылық, ата-ананының бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі. Ортаңғы сынып оқушыларының дүниетанымдық көзқарастарының дамып, жетілуіне ғұлама ойшыл Ж.Баласағұн шығармаларының маңызы зор. Ол өзінің әлемге әйгілі Құтадғу біліг еңбегінде:
Ақылы болса, пайдасын ер көп көрер,
Білім білсе, әзиз тірлік өткерер!- деп адам бала үшін ең қажетті білім, ақыл екендігін еркерткен.
Қожа Ахмет Яссауи-ойшыл, ақын, сопы, философ. Яссауи идеясы-адамның санасының тазаруы, жетілген адамды тәрбиелеу, жеке тұлғаның шыдамдылық, ұстамдылық қанағатшылық, ризашылық сияқты қасиеттерін қалыптастыру. Оның мазмұнында көтерілген ақыл-өсиет үлгі боларлықтай. Ол жеткіншектерге ғалымдар сөзін естіп, өзіңдібіл деп, оқып, білім алуға шақырады. Жалған сөйлеп, имансыз кетпе, Құр бекерге жалған сөйлеп, тілді безеп, дүние үшін иманың мен дініңді сатпа, сөзде де, сіте де ұстамды бол деп ескертеді. Оның еңбектерінде баса айтылатын мәселе-адамды тура жолға бастаушы, жаратушы күшке табыну, оның хақтығына тағзым ете отырып қиянатсыз, бейкүнә, адал жандарды тәрбиелеу.
Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының, фольклорлық шығармаларының шығу тарихы мен тәлімдік мәнін тұңғыш зерттеп ғылыми еңбек жазған, қазақ мәдениетін орыс, батыс ғалымдарына танытуда ерекше еңбек еткен ғалым Шоқан Уәлиханов (1835-65 жж.) болды.
Патшалы Рессей XVIII ғ. екінші жартысынан бастап Қазақстан мен Орта Азия мемлекеттерін отарлап алу ісіне белсене кіріскен болатын. Ұлы мемлекеттер көрші елдерді отар етіп жаулап алу үшін ең алдымен сол елдің географиялық жағдайымен, шаруашылық кәсібімен, тұрмыс-тіршілігімен, салт-дәстүрімен, мәдениетімен танысып, зертеп білуді мақсат еткен.
Кадет корпусында оқып шығыс халықтарының әдет-ғұрпын, тұрмыс-тіршілігі мен тілін, дінін жақсы білетін Ш.Уәлиханов осы саясатты іске асыруға қолайлы келді. Ш.Уәлихановтың Батыс-Сібір генерал губернаторының тапсырмасымен 1856-57 жылдары ұлы жүз қазақтары мен қырғыздар арасына, қытайдың Жоңғария даласына бару сапары да осы саясаттың жалғасы еді.
Шоқан қырғыздың "Манас" жырын жазып алып зерттей келе, бұл жырда Алтын Орда дәуірінің батырлары Едіге, Еркөкше, Орақ, Мамай сияқты қазақ батырларының да аттары кездесетініне тоқтала келеді де, қазақ, өзбек, қырғыз жұртының аңыз-әңгіме, ертегі, жырларындағы мазмұндық ұқсастықты тұрмыс-тіршілік, кәсіби ұқсас-тықтан іздестіреді. Мысалы, Манас жырындағы балуандар күресі, жамбы ату, садақ тарту, теңге алу, жаяу бәйге, ат жарысы, күрес, сайыс, қалың беріп қыз айттыру немесе өлгендерге ас беру салт-дәстүрлері, жеңімпаздарға берілетін бәйге, сый-сияпат, жол-жоралар қазақ халқында да бар. Қаңлы, Қоңырат, Қыпшақ, Найман руларының қырғыз, өзбек, қарақалпақ жұрттарында да кездесуіне қарағанда, Алпамыс, Қобыланды, Ер Қосай, Қырық қыз жырларының қазақ, өзбек, қарақалпақ, түрікмен жұртында да аздаған өзгешелігімен қайталануына және олардың ортақ жауы Жоңғарлар болып келетініне қарағанда, олардың түп атасы бір - түрік жұрты деген қортындыға келеді.
Шоқан қазақтар мен қырғыз жұртының арасында шаман дінінің ұзақ уақыт бойы ислам дінімен қатар өмір сүріп келе жатқанын, тіпті, бұл жұрттардың дінге деген сенімінің онша күшті емес екендігін айта келеді де, келін түсіру дәстүрінде шаман діні ырымдарының басым орын алатынын (отқа май құю, келіннің отқа салар апаруы, ауруды бақсы-балгерлердің отпен аластауы т.б.) айтады. Шоқан қазақ арасында әруаққа сыйынушылықтың күшті екенін, олардың қысылған кезде өздерінің әулиелеріне сыйынып, ата-бабаларының әруағын атап шақыратынын, сәті түскен істің бәрін әруақтың қолдап жебеуінен деп қарайтынын, өлген адамның басына зират салу, ескерткіш орнату, мал сойып тасаттық беру дәстүрлерінің бәрі әруақты қастерлеуден туған ырымдар екенін айта келіп, ауруларды бақсы-балгерлердің отпен емдеуін, қазақтардың оларды сәуегей, емші, музыкант, әулие деп танығанын, моңғол тілінде шаман "ұстаз" деген сөз екенін, ал ұйғырларда сауатты адамды "бақшы", түркімендерде ақын-жыршыларды "бақшы" деп атағанын айта келіп, Қорқыт пен Көрұғлылар осы шамандардың мұсылмандар арасындағы өкілі болған деген қортындыға келеді.
Шоқан Уалихановтан кейін қоғамдық аренаға өткен ғасырдың 60-80 жылдарында шығып, қазақ даласында мектептер ашып, оқулықтар жазып, оған ауыз әдебиетінің асыл үлгілерімен қоса, К.Д.Ушинский, Л. Толстой, И.А.Крылов, И.И.Пульсонның әңгіме мысалдарын аударып енгізіп, өзінің де еңбекті, адамгершілікті дәріптейтін өлең, әңгіме, новеллаларын жазып ұсынуымен ағартушылықтың туын тіккен ұлы педагог Ы.Алтынсарин (1841-1889) болды.
Ыбырай діни оқудың өзін адамгершілікті, гуманизмді насихаттауға бейімдеу керек деп қарады. Осы мақсатпен ол 1883 жылы өзінің "Мұсылманшылық тұтқасы" атты оқу құралын жазып, Қазан қаласынан араб әрпімен Н.И.Ильминскийдің көмегімен бастырып шығарды.
Қазақ даласындағы оқу, мектеп ісін ғылыми негізде құрып, оқу-білімнің табиғат сырларын ашуға бағытталған, халқының алдыңғы қатарлы елдерді қуып жетуін аңсаған. Оның еңбектерінде Білім жалпы халыққа бірдей, ортақ болсын деген идея басым[10, 48-53бб].
Ұлы педагог, этнограф, жазушы, төңкеріске дейінгі педагогикалық ой дамуында негізгі рөл атқарған Ы.Алтынсариннің шынайы патриотизмі туған халқының мінезін, әдет-ғұрыптарын, салт-дәстүрлерін терең зерттеп, оның қабілетін, тұрмыс жағдайын, ұлттық ерекшеліктерін, материалдық жағдайын білуінен көрінді. Ы.Алтынсариннің ғартушылық-педагогикалық қызметі 1860 жылдан басталады. Оның педагогикалық көзқарасы мұғалімдер әзірлеу, мектеп ашу, әлеуметтік-саяси мәселерден тұратын 3 саладан болды. Зерттеулерінің негізінде дала өлкесінде мектеп ісін ұйымдастырды. Ыбырай Алтынсарин қазақ даласында дүнияуи мектептер ашу, оқушыларға арнап тұңғыш оқулықтар жазумен бірге, мектептің материалдық базасын күшейтуге баса зер салды. "Мектеп дегеніміз шын мектепке ұқсас болуы үшін оған қаржыны көбірек бөлу керек... Өйткені мектеп - білім берудің басты құралы" деп қарады. Ол оқушылардың бойына адамгершілік қасиеттерді ұялатуға бар күшін жұмсады.
Ыбырайдың қазақ халқының салт-дәстүрлерін зерттеудегі мақсаты -- дәстүрдің озығы мен тозығын ғылыми түрде талдап, өзінің көзқарасын білдіре отырып, мән-мағынасын ашу, озық дәстүрді тәрбиенің құралы ету болатын. Қазақтың салт-дәстүрін жан-жақты зерттеп, жинақтаумен бірге, әр ауыл мен болыс сайын мектеп ашып, мектеп жанынан монша, кітапхана салып, қайтсем қазақ елін мәдениетті елдердің қатарына жеткіземін деп арпалысқан Ыбырай "қазақ халқы деген оқу-білімге сусап отырған халық, әттең, бұл іске оқыған адамдардың жаны ашымайтыны есіңе түскенде, кейде күйінесің" деп, ел билеуші орыс әкімдеріне қатты реніш білдіреді[7, 38-43бб].
Халқы үшін жар құлағы жастыққа тимей, оқу-ағарту жолында аянбай еңбек еткен Ы.Алтынсариннің ғылыми және әдеби еңбектерінің бүгінгі жастарға берер ғибраты мол асыл мұра.
А.Құнанбаевта жастар тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Ата-анаға көз қуаныш, Заман ақыр жастары, Сегіз аяқ деген өлеңдерінде әдепті, тату болуға, сөз қадірін білуге, сабырлы, арлы, еңбекшіл, есте сақтау, көргеннен өнеге алу, нәпсіні ақылға жеңгізу, ұстамды болуға шақырады. Абайдың қара сөздері ұлттық педагогикасына асыл арна болып қосылған педагогикалық тәлім-тәрбиелік тұжырымдар. Адам мінезінің түрлерін адамгершілік, моральдық, имандылық тұрғыдан қарастырып, оларды жақсы және жаман деп жіктейді. Әдептілікті, сыпайылықты, құмарлықты, тәуелсіздікті, беріктікті жақсы мінезге жатқызса, сенгіштікті, арсыздықты, мақтаншақтықты, қулықты, жауыздықты т.б. жаман мінез деп есептейді. "Егер есті кісінің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасына бір, ең болмаса айында бір, өмірді қалай өткізгенің жайында өзіңнен өзің есеп ал" - дейді. Яғни адамның өзін-өзі тәрбиелеу мәселесінің маңызы мен мәніне ерекше тоқталады.
Абай еңбектеріндегі оқу, өнер-білім, адамгершілік, әдеп, мораль мәселелері бүгінде қазақ халқының рухани азығына айналып отыр.
ХХ ғ. басындағы қазақ этнопедагогикасының ғылым ретінде қалыптасуына елеулі үлес қосқан азаматтардың бірі- Ахмет Байтұрсынов ірі ғалым - лингвист , әдебиет зерттеуші, тюрколог, дарынды ақын, аудармашы, қазақ тіл білімінің іргетасын қалаушы, қазақ баспасөз тілінің ұлттық үлгісін жасаған талантты көсемсөзші, туған халқының рухани дүниесін жандандырған ғұламасы. Ол қазақ этнопедагогикасының негізгі нұсқаларын зерлей зерттеп, талғай тауып, олардың ғылыми-теориялық негіздерін жасады.
А. Байтұрсынов қазақ ауыз әдебиетінің ұлттық-тәрбиелік мәнін жоғары бағалады. Ол 1895 жылы Торғай газетінің ( Тургайская газета) 24 - қыркүйектегі N39 санында қазақтың болжамдары мен мақалдары( Киргизские приметы и пословицы ) мақала жариялап, онда шаруашылық жайына өнеге- нұсқа ретінде айтылған халық сөздерін (36 болжам) және даналық мақалдарды келтіріп, халықтың данышпандық тұжырымдарын тәлім-тәрбие ісіне пайдалануға ұсынады.
Ұлттық педагогиканың ғылым ретінде дамып, қалыптасуы сол ұлтқа білім берумен, яғни оқумен, оқытумен, тәрбиемен байланысты деп пайымдаған данышпан А.Байтұрсынов, ең әуелі халыққа білім беру ісін қолға алып, жетілдіруді алдына мақсат етіп қойды.
Халыққа білім беру ісі үшін сол халықтың ( ұлттың) ана тіліндегі жазуы, оқу құралдары болуы қажет, әдебиеті мен мәдениетін дамытатын іс- әрекеттер мен саяси әлеуметтік жағдайлары болуы тиіс. Міне, осындай өзекті мәселелерге ғалым ерекше мән беріп, игі істерді алға бастыру үшін кедергілермен аянбай күресті.
Оқыту теориясын қазақ жағдайына бейімдеу үшін ұлттық емлені, грамматиканы ғылыми негізде жаңадан құрып, оны іс-әрекетпен жүзеге асыруға басшы болды. Байын, кедейін айырмай, қазақты ғана сүйетін адал жүрек, ұлтжанды А.Байтұрсынов ауыл мектептерінде, семинарияларында халыққа білім беру, оны жетілдіру саласында көп ізденді, қажымай қайрат көрсетіп, қиындықтан да, өкімет тарапынан төнген қауіп-қатерден де тайсалмай қарсы тұрып, қайратты қаһарман болады.
Халық қамқоршысы 1913 жылы қазақ газетінде Оқу жайы деген бас мақала жариялап, онда: қазақ жерінде өндіріс жоқ, шикізатын сатады, ал сол шикізаттан жасалатын өнімді 2-3 есе қымбат түрде сатып алады. Бұл надандықтан келген кемшілік, -дейді.
Халықты надандық түнегінен шығару үшін оған білім беру қажеттігін дәлелдеді. 1914 жылы қазақ газетінде жарияланған. Халыққа білім беру үшін халықтың (ұлттың) ана тіліндегі жазуы болуын талап етті. Міне, осындай өзекті мәселелерге Ахмет Байтұрсынұлы ерекше мән беріп,ұлттық емлені, грамматиканы ғылыми негізде жаңадан құрып, оны жүзеге асыруға басшы болды.
Ж.Аймауытовтың1926 жылы жариялаған Психология еңбегінде қазақ халқының рухани өміріндеги темперамент түрлеріне сипаттама береді. Тәрбиеге жетекші деген еңбегінде (1924) баланы оқытудың ережелерін, заңдарын баяндайтын, оқытудың көрсететін педагогика бөлімі дидактика деп, дидактикаға қазақ тілінде тұңғыш ғылыми анықтама берген.
Ж.Аймауытов педагогкаилық үдерісте баланың ақылын, сезімін, ерік-жігерін, мінезін тәрбиелеу керектігін атап көрсетті. Балаға туған елдің салт-санасын, әдет-ғұрпын көрсетуді ұсынды. Баланың тіл байлығын арттыруға ерекше көңіл бөлді. Ана тілі-мәдениетті меңгерудің басты құралы деп атап көрсеткен.
Ол ана тіліне айрықша назар аударды. Тіл қуаты халықтың бірлігін нығайтып дамытатынын, байытатынын атап көрсетті. Сондықтан баланың тілін дамытуға барлық пәндерді оқытуда ерекше көңіл бөлу керектігін айтқан.
Ж.Аймауытов тәрбиедегі отбасы, баланың құрбылары, тума-туыстарыдың маңызына тоқталады. Ата-ана, қоршаған ортадан кейінгі балаға күшті әсер ететін баланың құрбылары, жолдастары деген. Тума-туыстардың әңгімелері, ана тілі, дүниетанымы, мінез-құлқы, жүріс-тұрысы, тұрмысы балаға аз әсер етпе йтіндігін жазады. Бала мінезі халық мінезіне ұқсайтындығын дәлелдегісі келеді[11, 48-49бб].
.
М.Дулатұлы оқу кітаптарының оқушылардың психологиясын ескеріп, ана тілінде жазылуы оқытуды қызықты, түсінікті, әсерлі жүргізуге ықпал жасап, ұлттық рухты өшірмейтіндігін жазды. Ол оқыту тіліне қарамастан ортаңғыта оқыту ана тілі болу керектігін айтты. Бұл бүгінгі таңдағы үштілділікті жалпы білім беретін мектеп бағдарламаларына енгізуде басшылыққа алынуы тиіс. Сонымен қатар, ортаңғы мектепте алған тәрбиенің пәрменділігі ана тілінде жазылған оқулықтарға байланысты екенін ескертеді[11, 49-51 бб].
Ұлттық рухты егіп, ұлттық сана-сезімді оятатын, бала табиғатына жақын ана тілі болғандықтан баланың білім нәрінің бастауы ана тілі болуының тәрбиеге жақсы әсер ететінін дәлелдеді. Ортаңғы мектепте білім алған баланың ұлттық рухы жоғалмайтындығын, сын сағаттарда да ұлтының ұлылығын, ұлттық мәнін өшірмейтіндігін жазады .
М.Жұмабаев - халық педагогикасын дамытуға үлкен үлес қосқан қазақтың аса көрнекті ақыны, педагог. 1922 жылы Педагогика оқулығын жазды. Онда: Жалпы педагогика, яғни адамның дене һәм жан күштерін тәрбие қылу жолдарын жан-жақты талдап, елдің елдігін сақтап, көтеретін ұлтжанды, жігерлі, білімді ұрпақты қалай тәрбиелеп өсіру жолдарын көрсетеді, - деп көрсеткен.
Ол Тәрбие мақсаты-адам деген атты құр жалған қылып жапсырмай, шын мағыналы адам қылып шығару деген пікірді келтіреді.
М. Жұмабаев жеке тұлғаны тәрбиелеу мақсаты мен ұлт өкілін тәрбиелеу мақсатын бірлікте қарастырады. Осыған байланысты тәрбиешілердің ұлттық тәрбиемен таныс болу керектігін атап көрсетеді. Ұлттық тәрбиедегі ана тілінің рөліне зор маңыз берді. Ол: Ұлтты сақтауға ұлттық мектеп көмектеседі дейді. Басқа елдердің білім саласындағы тәжірибелерін қазақ мектептеріне алдын ала көшіруге қарсы шықты[12, 39 б].
Х.Досмұхамедов те барлық ғалымдардың ішінде ана тілін жоғары бағалады. 1924 жылы жарық көрген Қазақ-қырғыз тіліндегі сингармонизм заңы деген еңбегінде Мәдениет негізі-білім. Білім тіл арқылы келеді. Білімді халықтардың тілі бай. Тіл-халықтың жүрегі. Өзінің ана тілін білмейтін халықтың болашағы жоқ. Ана тілінде және басқа тілде сөйлегенің жақсы болғанымен, өз тіліңді білмегенің өкінішті жағдай болады деген. Х. Досмұхамедов фольклорды жинаушы және насихаттаушы, зерттеуші. Ол фольклорды халықтың салт-дәстүрлерімен, әдет-ғұрыптарымен, халықтың наным сенімдерімен бірлікте қарап, ауызша халық шығармашылығын 46 түрге бөледі. Әдет-ғұрып, рәсімдерді, түс жоруды, болжамдарды фольклордың ерекше түрі деп санаған[10, 68-74 бб].
Осы айтылғанның бәрі ғұлама ойшылдардың бала тәрбиесіндегі қазақ халық педагогикасының тұғырындағы көзқарастарының бірін-бірі толықтыратынын, тәлім-тәрбиеге берілген анықтамаларының нақтылана түсетінін дәлелдейді.
Біздің пайымдауымызша, көне замандардан бері қалыптасып келе жатқан қазақ даласында ғұмыр кешкен ғұлама-ойшылдардың, қазақ ақын-жырауларының және ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялы қауым өкілдерінің ұлттық педагогика жөніндегі ой-пікірлері - заманның қай кезеңінде болмасын - өзіндік ерекшелігі мен тәлім-тәрбиелік заңдылығы бар этнопедагогикалық мұралардың қалыптасуын қажет етіп отырды деп санаймыз.
1991 жылдан бастап ұлттық қазақ мектептерін дамытуға алғышарттар жасала бастады. 1994-1998 жылдары Қазақ Білім академиясы профессор Қ.Б.Жарықбаев, С. Қалиевтердің басшылығымен қазақтың 14 ғасырлық тәлімдік ой-пікірлері антологиясының екі томдығын шығарды.
Ұлттық ерекшеліктеріміздің психологиялық, педагогикалық астарларын зерттеуде ғалымдар ештеңе бітірген жоқ деген ойдан аулақпыз. 1970-1990 жылдары М.Мұқановтың Ақыл-ой өрісі, Қазақ мектебіндегі оқу-тәрбие процесінің аспектілері, Қ.Б.Жарықбаев, С.Қалиевтың Қазақ тәлім-тәрбиесі (1995), этнопедагогика мен этнопсихология ғылыми жинақтары басылып шықты. Ұлттық ерекшеліктердің ұлттық сезімдер, қасиеттер арқылы көрініс беретінін, оның ұлт тілдері мен ұлт мәдениетінен айшықты орын алатынын айта келіп, Елбасы Н.Ә.Назарбаев оның өмірден орын алатын тұрақты құбылыс екенін, оны жою мүмкін еместігін, әрбір ұлттың, мәдениеттің беріктігі, ұлттық қағидалардың қоғамда қозғаушы күш екеніне және оның тәлімгерлік роліне назар аударады. Соңғы жылдар төңірегінде этнопедагогика мәселелерін зерттеуде, мектептерге арналған методикалық құралдар, оқулықтар, бағдарламалар жасалғанын айтуымыз керек: Әдеп әліппесі (Ә.Табылдиев), Әдептану негіздері (Қ.Жарықбаев), Қазақ этнопедагогикасы дәрісінің бағдарламасы (С.Қалиев), орта мектептердің Х сыныбына арналған Әдеп сабағының бағдарламасы (С.Қалиев, С.Иманбекова), Ұлттық экологиялық тәрбие бағдарламасы (С.Қалиев, Р.Мұратханова), Ақын-жыраулар поэзиясындағы педагогикалық ой-пікірлер (С.Қалиев), Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрінісі (С.Қалиев), Мектепте Ғ.Мүсіреповтың шығармаларын оқыту жолдары (С.Қалиев) т.б. Жоғарыда көрсетілген еңбектер жастарды ұлттық рухта тәрбиелеуде игі әсерін тигізуі хақ. Белгілі философ, ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі Ғ.Есімов өзінің Сана болмысы еңбегінде ұлттық менталитет (діл), ана тілі, ұлттың мәдениет, қоғамның бүгінімен болашағы - жастар тәрбиесі туралы өзекті мәселелер, Тұлға деген кімдер?, ұлттық менталитет деген не? - деген сұрақтарға жан-жақты түсінік берген. Ғалымның қазақ ұлтының менталитет, ұлттық тіл мен мәдениетін өркендету жөніндегі ой-пікірлері құптарлық нәрсе. Әрі қарай ғалым былай дейді: Бүгінде қалаларда ұлттық жаңа менталитет қалыптасып келе жатыр. Әрбір тарихи құбылыстың өзінің дәуірі, дәурен сүретін кезеңі бар. Ғылым, адам, қоғам, таным, дәстүр, салт, ғұрып енді қалада дамуы тиіс. Дәл қазіргі мәселе - ұлттық менталитетімізді қаладан іздеуіміз керек. Оған өтпелі кезең деп қарау қателіктерге соқтырады. Ұлттық мәдениетті жылына бір рет Наурыз мейрамы кезінде марапаттаумен ғана шектелу тиісті нәтиже бермейді [12, 23 б]. Бұл оймен келісе отырып, егемендік алғанымызға 25 жыл толды. Еліміз үлкен қарқынмен дамып, өркениетті елдермен терезесі тең болуға жарап қалды деген артық айтқандық болмас. Дегенменде, жастардың тәлім-тәрбиесі туралы ойлардың негізін ежелгі ғасырлар қойнауынан, бабалардың асыл қасиеттерінен, тәжірибесінен, халқымыздың салт-дәстүрінен іздеп, зерттеу керектігін айтудан жалықпау керек деп ойлаймыз.
Осы айтылғанның бәрі ғұлама ойшылдардың бала тәрбиесіндегі қазақ халық педагогикасының тұғырындағы көзқарастарының бірін-бірі толықтыратынын, тәлім-тәрбиеге берілген анықтамаларының нақтылана түсетінін дәлелдейді.
Қоғамның белгілі қайраткері, ақын М.Шахановтың: Халықта ең бірінші ұлттық рух болуы керек, - дегенін әр кез есте сақтап, еліміздің жарқын болашағы үшін атсалысуымыз қажет. Ол үшін біз, оқушыларға салт-дәстүрлерді жай ғана үйретіп қана қоймай, олардың тәрбиелік түп-тамырын, мәнін, алтын діңгегін түсіндіре білуіміз керек. Ұлттық тәлім-тәрбиенің іргетасын дұрыс қалай білу мұғалімдердің ата-аналармен қосылып жүргізген шараларына байланысты болмақ. Өйткені бірінші ұлттық тәрбиенің ошағы - отбасында, екінші - мектепте болғандықтан, ата-ана мен мектеп, яғни мұғалімдер мен жұртшылық тығыз байланыста болуы шартты нәрсе екені баршамызға аян.
Қазақтың айтулы қоғам қайраткері Мұстафа Шоқай былай дейді: Ұлттық мәдениеттен жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын пайдалы азамат шықпайды. Яғни елдің туын көтеріп, тәуелсіздік талаптарын орындау ісіне батыл бетбұрыс жасаған бүгінгі таңда адамзаттық игіліктерді, халқымыздың ғасырлар бойы армандаған мәдени-рухани мұрағаттары мен ұлттық тәлім-тәрбие саласындағы, білім жүйесіндегі ізденістерін көрсету - басты міндетіміз.
Мәңгілік ел - ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Біз бұл армандарды ақиқатқа айналдырдық. Ол арман тұрмысы бақуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Мәңгілік елдің іргесін қаладық. Мен қоғамда қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек деген сауалдың жиі талқыға түсіп жүргенін естіп жүрмін, біліп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар етіп ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол - мәңгілік ел идеясы. Тәуелсіздігімізбен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі мәңгілік елордамызды тұрғыздық. Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудің педагогикалық шарттары
Қазақ хандығы тұсындағы заң жүйесі негізінде оқушыларға құқықтық тәрбие беру
Жеткіншектерге құқықтық тәрбие берудің педагогикалық шарттары
Болашақ мұғалімдерді мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие беруге даярлау
ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ АДАМ ҚҰҚЫҒЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ
Ұлт мәдениетінің жеке тұлғаның дамуына тигізер әсері
Бастауыш мектептерде жаратылыстану пәндері арқылы экологиялық білім беру
Мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие берудің теориялық негіздері
Мектептен тыс мекемелердегі тәрбие жұмысы
Бастауыш сынып оқушыларын еңбекке тәрбиелеуде ұлттық қолөнер материалдарын пайдаланудың теориясы
Пәндер