Құрыдымдық типтер.жиындар



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1 Паскаль . программалау тілі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1 Паскаль тілі туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Паскаль тілінің негізі элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.3 Мәлімет типтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7

2 Құрылымдық типтер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
2.1 Жиындар ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
2.2 Жиын элементтерінде орындалатын амалдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
2.3 Жиындар бойынша есептерді шешу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
2.4 Жазулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.5 Массивтер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.6 Файлдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18

Практикалық бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
КІРІСПЕ


XXI ғасыр ақпараттық технологиялар дәуірі деп бекер айтылмаса керек. Себебі қазіргі уақытта маман, не болмаса оқушы қандай да болмасын тапсырманы орындағанда ақпаратты сауатты түрде өңдей алуы керек, яғни іздеу, сұрыптау, анализдеу және оны қолдана білуі қажет. Сондықтан да оған информатика білімінің септігі мол. Компьютерді қолдана отырып бұл өңдеудің бір бөлігін қазірде адамның ақпаратты өңдеу жылдамдығынан миллион есе артық жылдамдықпен адам қатысуынсыз айтарлықтай ұзақ жұмыс істей алатын автоматты құрылғыларға арта салуға болады.
ЭЕМ қызметтің барлық салаларына етене сіңісіп келе жатқандықтан онымен жұмыс жасайтын адамдардың шеңбері кеңейе түсуде. Есептеу машиналарын кең көлемде қолдану жағдайында түрлі программалау тілдерінің қолданылуы маңызды роль атқарады. Онсыз ЭЕМ тек қана «қара жәшік» күйінде қалатындығы да айтпаса да түсінікті. ЭЕМ-мен адамның өзара қатынасы тиімділігі жоғарылаған сайын ЭЕМ-мен тіл табысу тілі де соғұрлым түсінікті, әрі қарапайым. Сондықтан да миллиондаған қолданушыларға қол жетімді тілдерге ғана қызығушылық туады.
Логикалық және алгоритмдік ойлау дағдысын дамытуға Pascal программалау тілінің ықпалы зор.
Паскаль тiлiн 1968 - 1971 жылдары швейцариялық ғалым Никлаус Вирт оқып - үйренуге қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған болатын. Бұл тілдің стандарты кейiнiрек бекiтiлдi, ол сол кездері кең таралған АЛГОЛ, ФОРТРАН, БЕЙСИК тiлдерiне қарағанда жетiлдiрiлген, жұмыс iстeyгe ыңғайлы тiл болды. Паскаль тiлi өзінің қарапайымдылығының және тиiмдiлiгiнің арқасында дүние жүзіне тез таралды. Қазiргi кезде барлық дербес компьютерлер осы тілде жұмыс iстей алады. Паскаль тiлiнде жазылған программаның дұрыстығын компьютерде тексеру және жiберiлген қатенi түзету оңай.
Қазiргi кезде Паскаль кез келген күрделі есептерді шығара алатын, кең таралған стандартты оқу тіліне айналды.
Курстық жұмыстың өзектілігі – жиындарда күрделі есептерде қолдана отырып, мысалдар арқылы мағынасын ашу және артықшылығын пайдалану.
Курстық жұмыстың мақсаты – жиындар элементерінде орындалатын амалдарды пайдаланып, есептерді паскаль тілінде шешу – программалық мәнін ашу. Файлдармен қазіргі заманға сай жұмыс жасау.
Курстық жұмыстың міндеттері – паскаль туралы жалпы түсінік беру, оның негізгі элементтерін қарастыру және мәлиметтер типін анықтау. Негізгі курстық жобамның тақырыбы құрылымдық типтердің ішіндегі жиындар ұғымын ашу. Жиын элементтерінде орындалатын амалдарға тоқталып, оларға мысалдар келтiре отырып, күрделi есептер шығару.
Курстық жұмыстың зерттеу объектiсi – Turbo Pascal программалау ортасы. Ақтөбе гуманитарлық колледжiнiң компьютер саласы.
Курстық жұмыстың зерттеудiң ғылыми болжамы – Turbo Pascal программалау тiлiнiң мүмкiншiлiктерiн есептеп шығару барысында қолдана бiлу.
Курстық жұмыстың зерттеу әдiстерi:
- оқулықтарды қарап шығу;
- материалдарды жинактау;
- такырып бойынша адебиеттердi зерттеу;
- практикада колдануды корсету;
- талдап корытынды жасау.
Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде паскаль – программалау тілі және ол туралы түсінік, сонымен қатар паскаль тілінің негізі элементтері мен мәлімет типтерін қарастырылады.
Курстық жұмыстың екінші бөлімінде курстық жұмыстың негізгі тақырыбы жиындар ұғымы, жиын элементтерінде орындалатын амалдар, жиындар бойынша есептерді шешу, жазулар, массивтер, файлдар қарастырылады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Алексеев Е. Р. Турбо Паскаль 7.0 Идеалный учебный курс. Численные методы. Москва. 2006
2. Балапанов Е.Қ. Бөрібаев Б.Б. Дәулетқұлов А.Б. Жаңа информациялық технологиялар: информатикадан 30 сабақ. Алматы: ЖТИ. 2004
3. Бондарев В.М., Рублинейкий В.И., Качко Е. Основы программирование. Харьков. Фолио. 1997
4. Бөрібаев Б. Нақысбеков Б. Мадиярова Т. Информатика және есептеуіш техника негіздері. Алматы. 2002
5. Бурин Е.А. Программирование на языке TURBO-PASCAL. Алматы. 2000
6. Грызлов В.И. Грызлова Т.П. TURBO PASCAL. Москва: ДМК. 1999
7. Даулеткулов А.Б. Олимпиады по информатике. Алматы: ИНТ. 2004
8. Климова Л.М. PASCAL 7.0. Практическое программирование. Москва. 2000
9. Культин Н.Б. Программирование в TURBO PASCAL 7.0 и Delphi. Санкт-Петербург.1997
10. Марченко А.И. TURBO PASCAL. Киев: Век+. 2000
11. Тойкенов Ғ.Ш. Паскаль тілінде программалау. Алматы: Дәнекер. 2001
12. Федоренко Ю. Алгоритмы и программы на Turbo Pascal. М.; Питер. 2001
13. Фигурнов В.Э. IBM PC для пользователя. Москва: Инфра-М. 1996

КІРІСПЕ

XXI ғасыр ақпараттық технологиялар дәуірі деп бекер айтылмаса керек.
Себебі қазіргі уақытта маман, не болмаса оқушы қандай да болмасын
тапсырманы орындағанда ақпаратты сауатты түрде өңдей алуы керек, яғни
іздеу, сұрыптау, анализдеу және оны қолдана білуі қажет. Сондықтан да оған
информатика білімінің септігі мол. Компьютерді қолдана отырып бұл өңдеудің
бір бөлігін қазірде адамның ақпаратты өңдеу жылдамдығынан миллион есе артық
жылдамдықпен адам қатысуынсыз айтарлықтай ұзақ жұмыс істей алатын
автоматты құрылғыларға арта салуға болады.
ЭЕМ қызметтің барлық салаларына етене сіңісіп келе жатқандықтан онымен
жұмыс жасайтын адамдардың шеңбері кеңейе түсуде. Есептеу машиналарын кең
көлемде қолдану жағдайында түрлі программалау тілдерінің қолданылуы маңызды
роль атқарады. Онсыз ЭЕМ тек қана қара жәшік күйінде қалатындығы да
айтпаса да түсінікті. ЭЕМ-мен адамның өзара қатынасы тиімділігі жоғарылаған
сайын ЭЕМ-мен тіл табысу тілі де соғұрлым түсінікті, әрі қарапайым.
Сондықтан да миллиондаған қолданушыларға қол жетімді тілдерге ғана
қызығушылық туады.
Логикалық және алгоритмдік ойлау дағдысын дамытуға Pascal программалау
тілінің ықпалы зор.
Паскаль тiлiн 1968 - 1971 жылдары швейцариялық ғалым Никлаус Вирт оқып
- үйренуге қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған болатын. Бұл тілдің
стандарты кейiнiрек бекiтiлдi, ол сол кездері кең таралған АЛГОЛ, ФОРТРАН,
БЕЙСИК тiлдерiне қарағанда жетiлдiрiлген, жұмыс iстeyгe ыңғайлы тiл болды.
Паскаль тiлi өзінің қарапайымдылығының және тиiмдiлiгiнің арқасында дүние
жүзіне тез таралды. Қазiргi кезде барлық дербес компьютерлер осы тілде
жұмыс iстей алады. Паскаль тiлiнде жазылған программаның дұрыстығын
компьютерде тексеру және жiберiлген қатенi түзету оңай.
Қазiргi кезде Паскаль кез келген күрделі есептерді шығара алатын, кең
таралған стандартты оқу тіліне айналды.
Курстық жұмыстың өзектілігі – жиындарда күрделі есептерде қолдана
отырып, мысалдар арқылы мағынасын ашу және артықшылығын пайдалану.
Курстық жұмыстың мақсаты – жиындар элементерінде орындалатын амалдарды
пайдаланып, есептерді паскаль тілінде шешу – программалық мәнін ашу.
Файлдармен қазіргі заманға сай жұмыс жасау.
Курстық жұмыстың міндеттері – паскаль туралы жалпы түсінік беру, оның
негізгі элементтерін қарастыру және мәлиметтер типін анықтау. Негізгі
курстық жобамның тақырыбы құрылымдық типтердің ішіндегі жиындар ұғымын ашу.
Жиын элементтерінде орындалатын амалдарға тоқталып, оларға мысалдар келтiре
отырып, күрделi есептер шығару.
Курстық жұмыстың зерттеу объектiсi – Turbo Pascal программалау ортасы.
Ақтөбе гуманитарлық колледжiнiң компьютер саласы.
Курстық жұмыстың зерттеудiң ғылыми болжамы – Turbo Pascal
программалау тiлiнiң мүмкiншiлiктерiн есептеп шығару барысында қолдана
бiлу.
Курстық жұмыстың зерттеу әдiстерi:
- оқулықтарды қарап шығу;
- материалдарды жинактау;
- такырып бойынша адебиеттердi зерттеу;
- практикада колдануды корсету;
- талдап корытынды жасау.
Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде паскаль – программалау тілі және ол
туралы түсінік, сонымен қатар паскаль тілінің негізі элементтері мен
мәлімет типтерін қарастырылады.

Курстық жұмыстың екінші бөлімінде курстық жұмыстың негізгі тақырыбы
жиындар ұғымы, жиын элементтерінде орындалатын амалдар, жиындар бойынша
есептерді шешу, жазулар, массивтер, файлдар қарастырылады.

1 ПАСКАЛЬ - ПРОГРАММАЛАУ ТIЛI

1.1 ПАСКАЛЬ ТІЛІ ТУРАЛЫ ТУСІНІК

Паскаль тiлiн 1968 - 1971 жылдары швейцариялық ғалым Никлаус Вирт оқып
- үйренуге қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған болатын. Бұл тілдің
стандарты кейiнiрек бекiтiлдi, ол сол кездері кең таралған АЛГОЛ, ФОРТРАН,
БЕЙСИК тiлдерiне қарағанда жетiлдiрiлген, жұмыс iстeyгe ыңғайлы тiл болды.
Паскаль тiлi өзінің қарапайымдылығының және тиiмдiлiгiнің арқасында дүние
жүзіне тез таралды. Қазiргi кезде барлық дербес компьютерлер осы тілде
жұмыс iстей алады. Паскаль тiлiнде жазылған программаның дұрыстығын
компьютерде тексеру және жiберiлген қатенi тузету оңай. Бұл тілде жазылған
программа компьютерде орындалу барысында алдымен трансляцияланады (машина
тiлiне аударылады), объектiк программаға түрлендіріледі де содан кейiн ғана
орындалады. Осы сәтте компьютерде программаның екі нұсқacы болады, оның
бiрiншiсi - алгоритмдiк тiлдегi алғашқы түпнұсқасы, ал екiншiсi - объектiк
кодтағы жазылған программа. Есеп нәтижесін машиналық кодта жазылған
программа арқылы аламыз, ал программаны түзету қажет болғанда, оның
алгоритмдiк тiлде жазылған алғашқы нұcқacы өңделеді.
Паскаль оқып-үйренуге жеңіл, түрлі салалық информациямен жұмыс істеуде
нәтижелі болғандықтан, дүние жүзінде көп тараған тілдердің бірі. Оның
ыңғайлылығы:
- тіл алгоритм құрылымын сақтап құрылған. Мұнда программаны бірте-
бірте дамыту арқылы жинақты түрде құруға болады. Ол
программалау тәсілін үйрену үшін де қажет;
- тілге дамытылған берілгендер типтері енгізілген. Олар өңделетін
берілгендер элементтерін толық сәйкестендіріп сипаттауға және
жаңа берілгендер типтерін енгізуге мүмкіндік береді;
- мұнда кішігірім жеңіл программалармен бірге күрделі құрылымды
программаларды құру да мүмкін;
- тіл синтаксисі қиын емес; нұсқаулардың (операторлардың) саны
мүмкіндігінше азайтылған, т.б.

1.2. ПАСКАЛЬ ТІЛІНІҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТТЕРІ

Программалар белгілі бір мәселені, есепті шешуге арналған. Есеп шығару
барысында компьютерге бастапқы мәліметтер енгізіледі, оларды қалай
өңделетіндігі көрсетіледі және нәтиже қандай түрде, қандай құрылғыға
шығарылатыны айтылады.
Паскаль тілінде программа жеке - жеке жолдардан тұрады. Оларды теру,
түзету арнайы мәтіндік редакторлар атқарылады. Программа алдындағы азат жол
немесе бос орын саны өз қалауымызша алынады. Бір қатарда бірнеше команда
немесе оператор орналаса алады, олар бір - бірімен нүктелі үтір (;) арқылы
ажыратылып жазылады, бірақ бір жолда бір ғана оператор тұрғаны дұрыс, ол
түзету жеңіл, әрі оқуға ыңғайлы.
Паскаль тілінде программа үш бөліктен тұрады: тақырып, сипаттау бөлімі
және операторлар бөлімі.
Кез келген программаның алғашқы жолы PROGRAM сөзінен басталатын оның
тақырыбынан тұрады. Одан кейін программаның ішкі объектілерінің сипаттау
бөлімі жазылады. Бұл бөлім программадағы айнымалылар, тұрақтылар  тәрізді
объектілердің жалпы қасиеттерін алдын ала анықтап алуға көмектеседі.
Сипаттау бөлімі бірнеші бөліктерден тұрады, бірақ программаның
күрделілігіне байланысты көбінесе ол бір немесе екі ғана бөліктен тұруы
мүмкін.
Программаның соңғы және негізгі бөлімі операторлар бөлімі – болып
табылады. Орындалатын іс - әрекеттер, командалар осы бөлімде орналасады. Ол
begin түйінді сөзінен басталып, бірақ атқарылатын операторлар (командалар)
тізбегі жеке - жеке жолдарға жазылып біткен соң end түйінді сөзімен
аяқталады.
Program BASTAU:
Сипаттау бөлімі
begin
Операторлар бөлімі
end
Операторлар бөлімінде командалар ретімен орналасады. Олардың кейбірі
шартқа байланысты атқарылса, ал кейбір қайталанатын цикл немесе қосымша
программа түрінде орындалады. Операторлар бөлімінде орнатылатын негізгі
әрекеттерді қарастырайық. Деректер - сан мәндері мен мәтін түріндегі сөз
тіркесін мән ретінде қабылдай алатын тұрақтылар, айнымалылар т.б. осы
тәрізді құрылымдар немесе солардың адрестері.
Дерек енгізу - бастапқы деректерді пернетақтадан, дискіден немесе
еңгізу - шығару порттарынан енгізу арқылы жүзеге асады.
Операциялар немесе амалдар - берілген және есептелген мәндердің
меншіктеу, соларды өңдеу, салыстыру операцияларын орындайды.
Шартты түрде атқару белгілі бір көрсетілген шарттың орындалуына
байланысты, командалар жиыны атқарылады, әйтпесе олар аттап өтіледі немесе
басқа командалар жиыны орындалады.
Цикл - белгілі бір шарттар орындалған жағдайда көрсетілген командалар
жиынын бірнеше рет қайталанып атқарылады. Қайталау саны бүтін санмен
беріледі.
Көмекші программа - алдын ала қандай да бір атаумен атымен атымен
аталған командалар тобы. Олар программаның кез келген жерінен оның атауын
көрсету арқылы шақырылып атқарыла береді.
Түсініктеме - программа жолдары соңында немесе оның түйінді сөздері
арасында қазақша (орысша) түсінік беретін пішінді жақшаға алынып жазылған
сөз тіркесітері. Олар программа операторларының орындалуына ешқандай әсер
етпейді.

1.3. МӘЛІМЕТ ТИПТЕРІ

Программада пайдаланылатын мәліметтердің немесе шамалардың мәндері
Паскаль тіліндегі алдын ала келісілген типтердің біріне тән болуы тиіс.
Мәліметтердің немесе шамалардың типі деп, олардың қабылдай алатын
мәндерінің және олармен орындауға болатын амалдардың жиының анықтауды
айтады, яғни тип дегеніміз - шамалардың қабылдайтын мәндеріне берілетін
сипаттама.
Мәліметтердің әр типі тек өзіне ғана сәйкес келетін операциялар жиынын
орындата алады. Мысалы, 1 мен 2 мәндері бүтін сандар типіне жатады, оларды
қосуға, азайтуға, көбейтуге және бөлуге болады.АJI, ІВМ және РС мәндері
сөз тіркесі типіне жатады, бұларды біріктіріп жазуға ғана болады (ІВМ
РС). Қосуға, азайтуға, көбейтуге, бөлуге болмайды. Кез келген тұрақты,
айнымалы функция немесе өрнек өзіне тән бір типпен ғана сипатталады.
Паскаль тілінде шамалардың типін көрсету міндетті болып табылады. Сондықтан
программа алдына оның сипаттау бөлімінде пайдаланылатын барлық шама
атаулары және оның типтері көрсетілуі қажет.
Паскаль тілінде пайдаланылатын барлық типтер скалярлық (қарапайым)
және құрылымдық (структуралық) болып үлкен екі топқа бөлінеді.
Скалярлық (қарапайым) типке шамалардың стандартты типі және жасанды
тип (тағайындалған) жатады. Стандартты типтерге:
- Бүтін - INTEGER;
- Нақты - REAL;
- Логикалық - BOOLEAN;
- Символдық- (CHAR) тәрізді типтер жатады.
Құрылымдық типтері массивтер - ARRAҮ, жазбалар - RECORD, жиындар - SET
және файлдар - FILE түрлеріне бөлінеді.
Бұлардан өзге типтер программаның типтері сипаттау бөлігінде анықталуы
қажет. Тұрақты сандардың типін олардың сыртқы пішініне қарап - ақ ажыратуға
болады, ал айнымалылар мен функциялар типтері программаның сипаттау
бөлімінде көрсетіледі.
Ол үшін type түйінді сөзі қолданылып, жазылу пішімін былай көрсетуге
болады:
Туре =;
Логикалық шамалар екілік сандар жүйесіне сәйкес 1 және О деген
мәндерді ғана қабылдайды. Мұндағы 1 тексерілетін белгілі бір шарттың -
логикалық тұжырымның орындалатынын, яғни ақиқат екенін, ал О сол шарттың
орындалмайтынын - тұжырымның жалған екенін көрсетеді. Бұл екі мән
программада ағылшын тіліндегі айтылуына сәйкес true (1) және false (О)
болып жазылады.
Символдық шамалар апострофқа алынған бір символды ғана мән ретінде
қабылдай алады, мысалы, 'R','Л','%'тағы басқа. Бірақ әрбір таңбаны оның
кодына байланысты реттелген бүтін сандармен де өрнектеу мүмкіндігі бар.
Мәліметтердің қарапайым түрлерін стандартты типтер деп атау
қалыптасқан. Стандартты типтердің real түрінен өзгелері реттелген деп
аталады, өйткені оларды бүтін сан арқылы өрнектей отырып өсуі не кемуі
бойынша реттеп орналастыруға болады.
Стандартты типтер. Паскаль тілінде  төмендегі қарапайым типтер
пайдаланылады:
- Бүтін типтер - SHORTINT, INTEGER, LONGINT, ВУТЕ, WORD;
- Нақты тип - REAL, SINGLE, DOUВLE, EXTENDED, СОМР;
- Логикалық - BOOLEAN;
- Симводық - CНAR;
- Ауқымды (диапозонды) тип;
- Саналатын тип;

2 ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ТИПТЕР

2.1. ЖИЫНДАР ҰҒЫМЫ

Массив, жазба, жиын және файл құрылымды типтер деп аталады. Олардың
айнымалылары (тұрақтылары) бірнеше компоненттен тұрады. Ал, әрбір
компоненттің типі жай да, құрылымды да болуы мүмкін. Құрылымды типтерде
әрбір айнымалылардың компьютер жадынан алатын орны 64 Кбайттан аспауы тиіс.

Математикада жиындар деп белгілі бір қасиеттері жағынан бір-бірімен
жақын байланысқан элементтердің жиынтығы айтады. Мысалы: Түзу, тік
төртбұрыш, шеңбер, ромб, квадраттар жазықтықтағы фигуралар жиыны, ал куб,
конус, пирамида призмалар кеңістіктегі фигуралар жиыны болып табылады.
Turbo Pascal-да жиындар деп бір типті элементтердің жиынтығын айтады.
Бағдарламада жиындар белгілі бір идентификатормен белгіленеді. Жиындарға
кіретін элементтер типін негізгі тип деп атайды. Негізгі тип ретінде нақты
типтерден басқа барлық скалярлық типтердің бəрін қолдануға болады.
Бағдарламада жиындар айнымалылар (VAR) немесе типтері (ТҮРЕ) бөлімінде
сипатталады. Жиындар типін сипаттау үшін SET OF тіркесі қолданылады.
Жиындар құрайтын элементтер санын жиынның қуаты деп атайды, оның ұзындығы
256-дан аспау тиіс.
Жиындарды_ айнымалылар б_лімінде жазылуы:
var жиын аты: SET OF негізгі тип; сипатталуы:
var А: SET OF 1..31;
В: SET OF CHAR
мұндағы: А, В-жиын аттарын білдіретін идентификатор, SET –жиынды
білдіретін қызметші сөз.
Жиындардың типтер бөлімінде жазылуы мен сипатталуы:
ТҮРЕ тип аты=set of негізгі тип ;
var жиын аты: тип аты;
Type JY= SET OF 1..31;
var А: JY.
мұндағы JY –жиындағы элементтердің ортақ типі, 1..31-жиын
элементтерінің негізгі типі, 1-ден 31-ге дейінгі бүтін сандар.
А –жиын аты ретінде белгіленген идентификатор.
Өрнектерде жиын элементтерінің мəндері арнаулы конструктор арқылы
беріледі.
Конструктор деп тік жақшалардың ішінде бір-бірімен үтір арқылы
жазылатын негізгі типті элементтер тізімін айтады, егер жиынның құрамында
ешқандай элемент жоқ болса, онда жиынды бос жиын деп айтады да, тік
жақшаның іші бос болып жазылады. Жиындар өрнекте жазылады мысалдары:
A:=[1,5,2,4,3]; А жиыны 5 бүтін сандардан тұрады
B:=[‘A’,’B’,’C’, ‘D’]; В жиыны 4 символдан тұрады
C:=[] С жиыны бос жиын

2.2 ЖИЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІНДЕ ОРЫНДАЛАТЫН АМАЛДАР

Жиын элементтерінде орындалатын амалдар, олар:
1. Х:=A+B ( жиындарды біріктіру) –Екі жиынның бірігу нəтижесінде екі
жиынның барлық элементтерінен тұратын үшінші жиын шығады.
2. Х:=A*B ( жиындарды қиылыстыру)- Екі жиынның қиылысу нəтижесінде тек
екі жиында да бар элементтерден тұратын үшінші жиын шығады.
3. Х:=A - B ( бір жиынннан екінші жиынды алу) – бір жиыннан екінші
жиынды алып тастау нəтижесінде бірінші жиыннан екінші жиында жоқ
элементтерінен тұратын үшінші жиын шығады.
Бұлармен қатар жиындарға төменгідей логикалық салыстыру амалдарын
қолдануға болады, олар:
1. A=B, A B егер А жиынының барлық элементтері В жиында бар, ал В
жиынының барлық элементтері А жиынында бар болса, жəне олардағы элементтер
саны бірдей болса, онда А мен В жиындары тең, əйтпесе бұл жиындар тең емес
деп есептеледі.
2. A = B, B = A – егер А жиынының барлық элементтері В жиынына
тиісті болып есептеледі.
3. X ln B – Х шамасының В жиынының элементі болып табылатындығын
анықтау функциясы.
Сондай- ақ ln функциясын құрамы шарттардың орнына қолдануға болады,
мысалға:
While ( K=1 ) And ( K=6) орнына While K ln [1..6] DO деп жазуға,
немесе: IF (X=1) OR (X=2) OR (X=3) OR (X=4) OR (X=5) орнына IF К LN
[1..5] деп жазуға болады.
Бағдарламалауда жиындардың қолданылуының көптеген артықшылықтары бар:
жиындар компьютер жадысынан өте аз орын алып, бағдарламаның жадысынан
алатын орны үнемделеді ( жиынын 1 элементі 1 бит орын алады); тармақталу
операторларының жазылуын жеңілдетеді; бағдарламаның компиляциялану мен
орындалу уақыты азаяды.
Кемшілігі: олардың енгізу-шығару мүмкіндіктерінің жоқтығы болып
табылады.

2.3 ЖИЫНДАР БОЙЫНША ЕСЕПТЕРДІ ШЕШУ

1. Пернетақтадан символдардың белгілі бір тізбегін енгізу керек. Ал
программа сол енгізілген символдар тізбегінен a-дан f-ке дейінгі және x-
тен z-ке дейінгі аралықтағы символдарды шығару керек.

uses crt;
var s:string;
m1,m2:set of char; символдар жиыны типін көрсету
i:integer;
begin
clrscr;
write('s:');readln(s);жолды енгізу
m1:=['a'..'f']; шарт бойынша жиынды толтыру
m2:=['x'..'z'];
for i:=1 to length(s) do
if (s[i] in m1)or(s[i]in m2)then
begin
write(s[i]); қажет симолдарды шығару
end;
readln
end.

2. Символдар жиынынан ағылшын әріптерінің санын және жалпы жолдағы
символдар санын есептейтін программа құрыңыз.

program mnojestva;
const
a: set of Char=['a'..'z'];
var
s:string;
c,k,i:integer;
begin
writeln('Zholdi engiziniz');
readln(s);
for I:=1 to length(s) do begin
if s[i] in a then k:=k+1;
end;
writeln('Zholdagi agilshin aripterinin sani= ',k);
writeln(Zholdagi simvoldr sani= ',ord(s[0]));
readln;
end.

3. Бүтін сандардан тұратын 2 жиын берілген. Қандай сандар екі жиында да бар
екенін анықтайтын программа құрыңыз.

program test;
uses crt;
type Dig=set of char;
var A:Dig;
str,str2:string;
i:integer;
begin   clrscr;   
writeln('Vvedite mnogestvo');  
 readln(str);   
for i:=1 to length(str) do    
begin    
include(A,str[i]);    
end;   
writeln('Vvedite 2 mnogestvo');   
readln(str2);   
for i:=1 to length(str2) do    
begin     if str2[i] in A then       
write(str2[i]);    
end;   
readln;
end.

4. Орыс тіліндегі дауысты және дауыссыз әріптерден тұратын жиын құру.
Пернетақтадан енгізілген сөйлемнен дауысты және дауыссыз дыбыстардың
санын анықтау.

Program GlasnSogl;
Type
  Letters = set of 'A'..'я';
Var
  Glasn, Sogl : Letters;
  Text : String;
  i, G, S : byte;
Begin
  Glasn := ['A', 'а', 'Е', 'е', 'И', 'и', 'О', 'о', 'У', 'у', 'ы','Э', 'э',
'Ю', 'ю', 'Я', 'я', 'Ё', 'ё'];
  Sogl := ['Б'..'Д', 'б'..'д', 'Ж', 'ж', 'З', 'з', 'К'..'Н', 'к'..'н',
'П'..'Т', 'п'..'т', 'Ф'..'Щ', 'ф'..'щ', 'ь', 'ъ'];
  Write('Введите предложение ');
  Readln(Text);
  G := 0;
  S := 0;
  For i := 1 to Length(Text) do
    Begin
      If Text[i] in Glasn
        Then
          ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жиындар
Құрылымдық типтер және жолдық процедуралармен функциялар
Массивтер
Қайқы нүкте
Бір өлшемді массивтер
Turbo pascal жайлы мәліметтер
Мейрамхана жұмысын автоматтандыру (Delphi ортасында)
Алгоритмдер және деректер структурасы
Массивтер. Символдық айнымалылар және жолдар
Паскаль тіліндегі жиын типті мәліметтер түсінігі
Пәндер