Экология құқығы пәнінің дәрістері



1. лекция. Тақырып: Экология құқығының теориялық мәселелер ұғымы және оның құқық саласы ретіндегі түсінігі
2. лекция. Тақырып: Экология құқығының теориялық мәселелерінің объектілері, қайнар көздері және экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы.
3 . лекция. Тақырып: Экологиялық құқықтық қатынастар.
4 . лекция. Тақырып: Шаруашылық және өзгеде қызметке қойылатын негізгі экологиялық талаптар.
5 . лекция. Тақырып: Табиғи ресурстарға меншік құқығы қатынастарындағы теориялық мәселелер.
6. лекция. Тақырып: Экологиялық сараптаманы
жүргізудің құқықтық тетігі.
7 . лекция. Тақырып: Экологиялық сақтандыруды құқықтық реттеу.
8 . лекция. Тақырып: Экологиялық құқық бұзушылық және ол үшін қаралатын жауаптылық.
9. лекция. Таќырыбы: Жердің құқықтық жағдайы және оны қорғау.
10 . лекция. Таќырыбы: Жер қойнауының құқықтық жағдайы және оны қорғау.
11. лекция. Таќырыбы: Су қоры, оны пайдалану және оны құқықтық қорғау.
12. лекция. Таќырыбы: Орман қоры және орман емес өсімдіктер дүниесінің құқықтық жағдайы.
13.лекция. Таќырыбы: Жануарлар дүниесін пайдалану мен қорғаудың құқықтық жағдайы.
14 . лекция. Тақырыптар: Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың экологиялық құқықтық режимі және атмосфералық ауаның құқықтық қорғалуы.
15 . лекция. Таќырыбы: Қоршаған табиғи ортаны
халықаралық.құқықтық қорғау.
Қазіргі заманда экология табиғат пен қоғам арақатынастарын зерттейтін ғылымға айналған. Онда адам мен табиғаттың өзара тікелей байланысты екені көрініс табады. Адамзаттың тіршілік ортасының айрықша күйзеліске үшырауына байланысты табиғи ортаны қорғау ісіне кеңінен мән беріліп отыр. Табиғи ортаның қолайлы болуы - қоғамның экономикалық және әлеуметтік дамуына әсер ететін қажетті шарт. Экологиялық ахуалдың төмендеуі адамдардың тұрмыс деңгейін нашарлатады. Мұндай жағдайға сай, табиғи ортаны қорғаумен қатар, экологиялық зардап шеккен халықты әлеуметтік жағынан қорғау және экономикалық жәрдем көрсету шаралары туындайды. Мұны біздің республикамыздағы Семей ядролық сынақ полигоны мен Арал апаты тікелей көрсетіп отыр.
Табиғатты қорғау - табиғаттың өзіндік болмысын сақтау немесе оны қалпына келтіру арқылы табиғи ресурстарды ысырапсыз пайдалану үшін құрылған мемлекеттік жүйедегі қоғамдық шара. Ол әртүрлі тәсілдермен жүзеге асырылады. Соның бірі – айналадағы табиғи ортаны құқықтық қорғау.
“ҚР экологиялық құқығы“ - айналадағы табиғи ортаны қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық ережелердің жиынтығын реттейтін оқу пәні немесе ғылым саласы. ҚР қоршаған ортаны қорғау туралы заңы адамның өмірі мен денсаулығы үшін айналадағы табиғи ортаның қолайлы болуына тиісті құқығын қамтамасыз етуге, қазіргі және болашақ ұрпақтың мүдделерін көздеп, айналадағы табиғи ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілеуге және қызметінің осы табиғи ортаға зиянды ықпал жасауына жол бермеуге, табиғи тепетеңдікті сақтау мен табиғатты ұтымды пайдалану ісін ұйымдастыруға бағытталған.
Табиғи ресурстарды есепсіз және жөнсіз пайдалану, өндіріс қалдықтарының көбеюі, адам әректінің салдарынан табиғи ресурстар аумағы, саны, көлемі азая бастады. Кейбір табиғи объектілер, әсіресе өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің кейбір түрлері жойылып немесе жоғалып кетуіне дейінгі жағдайда болды. Мұндай табиғаттағы кері әсерлер адамның, қоғамның өзіне де, келешек ұрпағына да зиян екені анық сезіле бастады. Сондықтан қоршаған ортаның құрамдас бөліктері: жерді, суды, жер қойнауын, өсімдіктерді, ормандарды, жануарлар дүниесін қорғау қатынастары пайда болды. Табиғи қорларды қорғау, оларға тиісті экологиялық жағдай жасау, өсімін молайту, сапасын жақсарту мәселелері де қоршаған ортаны және оның табиғи қорларын қорғаудың ең негізгі мазмұнын құрайды.
Экология құқығы 1988 жылдан бастап қалыптасты. Бұл құқықтың қалыптасуына - экологиялық қорғаныстардың пайда болуына қоршаған ортаның және оның құрамдас бөлігі - табиғи ресурстардың біртұтастығы және өзара тығыз байланыстылығы, табиғи ерекшеліктері, соған қарай қатынастардың да бірыңғайлығы себеп болды. Мемлекет тарапынан экологиялық заңдар шығарыла бастады. Мұны экология құқығының негіздері тақырыбының мазмұнынан көруге болады. Қоғам мен табиғат арасындағы экологиялық қатынастарды реттегенде аталған жағдайларды ескермеуге болмайды. Сондықтанда экологиялық қатынастар біртұтас. Сонымен қоршаған ортаны және оның құрамдас бөлігі табиғи ресурстарды қорғау және пайдалану, молайту, қалпына келтіру жақсарту ұғымы пайда болады.

2. Экология құқығының пәнін - экологиялық құқықтық қатынастар құрайды. Республикада айналадағы табиғи ортаны қорғау жөніндегі мұндай қатынастар еліміздегі табиғи ортаны жер, жер қойнауы, су, орман, атмосфералық ауаны, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау туралы заңдары мен ол заңдарды қолдану жөніндегі өзге де ҚР құқықтық нормативтік актілерімен реттеледі. Экологиялық құқықтық қатынастар дегеніміз - қоршаған табиғи орта мен оның ресурстарын қорғауға және пайдалануға байланысты әртүрлі экологиялық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Бұл анықтамада ескерілетін негізгі екі мәселе бар:
1) Қоршаған табиғи ортаны және оның ресурстарын қорғауды бірінші орынға қою қажеттілігі. Себебі, экология құқығы саласында қоршаған табиғи ортаны, оның ресурстарын қорғауға басымдылық берілуі қажет. Олай дейтініміз, қазіргі уақытта жоғарыда аталған зиянды факторларға байланысты қоршаған табиғи орта және оның ресурстары азайып, тіпті нашарлап бара жатыр. Сондықтан апат аумағына айналған аймақтардың табиғатын бастапқы қалпына келтіру жұмыстары пәрменді түрде жүргізілуі тиіс.
Негізгі әдеиеттер:

1. Стамқұлұлы Ә. Қазақстан Республикасының экология құқығы. - Алматы:
Жеті жарғы, 1995.
2. Стамқұлов Ә.С. Қазақстан Республикасының экология құқығы: Оқу
құралы. І-ІІ бөлім. - Тараз: Тараз университеті, 2003.
1. Еренов А.Е., Сахипов М.С., Мухитдинов Н.Б., и др. Правовая охрана природы в Казахской ССР. - Алма-Ата: Наука. 1977.
2. Байдельдинов Д.Л. Экологическое законодательство Республики Казахстан. - Алматы. 1995.
3. Байділдинов Д.Л. Қазақстан Республикасының экология құқығы. - Алматы. 2005.
4. Ерофеев Б.В. Экологическое право России. - М., 1996.

Қосымша әдебиеттер

5. Новикова Е.В. Теоретические проблемы развития экологического законодательства в Республике Казахстан. - М.: Юристъ, 1999.
6. Аленов М.А. Экологический процесс: нормативное регулирование и проблемы правоприменения. - Астана, 2007.
7. Абдаримов Б., Жарылқасын Е. Возмещение экологического вреда по законодательству Республики Казахстан. - Алматы: Юрист, 2001.
8. Боголюбов С.А. Экологическое право. - М.: Норма-Инфра, 1998.
9. Абдраимов Б.Ж., Боголюбов С.А. Земельное право России и Казахстана. - М.: Юристъ, 2007.
10. Бринчук М.М. Экологическое право. - М., 1998.
11. Робинсон Николас А. Правовое регулирование природопользования и охраны окружающей среды в США. - М, 1990.
12. Мухитдинов Н.Б., Есеналиев А.Е. Қазақстан Республикасы нарық жағдайында қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқару органдарының құқықтық негіздері. - Алматы, 2000.
13. Паламарчук П.Г. Ядерный экспорт: Международно-правовое регулирование - М.: Наука, 1998.
14. Джалилов И.Д. Правовые проблемы использования, управления и охраны природных ресурсов на современном этапе. - Ташкент: Фан, 1984.
15. Мұстафаев Т., Мұстафаев С. Экологиялық білім берудің құқықтық тұрғыдан қажеттілігі. //Заңгер. 2006. N9.
16. Бушуева Т.А., Дагель П.С. Закон охраняет природу. - М.: Юрид. лит., 1980.
17. Еренов А.Е., Мухитдинов Н.Б., Насырова Л.Р. и др. Эффективность природоохранительного законодательства: (на материалах Казахской ССР). - Алма-Ата: Наука. 1988.
18. Байсалов С., Исаева Ж. Правовое обеспечение экологической безопасности. //Вестник Министерства Юстиций РК. 1995. N10.
19. Мұсабеков С.М., Қабылбекова Г.С. Ауа - өмір өзегі. - Алматы: Рауан, 1993.
20. Сагымбаев Т.К. Экология и экономика. - Алматы, 1997.
21. Эффективность юридической ответственности в охране окружающей среды. - М., 1984.
22. Еренов А.Е., Мухитдинов Н.Б., Ильяшенко Л.В. Правовое обеспечение рационального природопользования. - Алма-Ата, Наука, 1985.
23. Ермаков В.Д., Сухарева А.Я. Экологическогор право. - М., 1997.
24. Карабулова Р.К., Шокенов К.А., Кошпенбетов Б.М. Экологические правонарушения и роль ответственности в охране природы. - Алматы, 1999.
25. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім. - Алматы: Жеті жарғы, 2000.
26. Петров В.В. Экологическое право России. - М., Изд. “Бек” 1995.
27. Ерофеев Б.В. Экологическое право. - М., “Новый юрист”. 1988.
28. Тяжкова И.М. Некоторые вопросы уголовно-правовой охрана природы. - М. 1978.
29. Шемшученко Ю.С., Мунтян В.П., Розовский Б.Г. Юридическая ответственность в области окружающей среды. - Киев. 1987.
30. Хаджиев А.Х. Юридическая ответственность как средство охраны окружающей среды: Автореф. дис. кан. - Алма-Ата, 1983.
31. Самощенко И.С. Понятие правонарушения по советскому законодательству. - М., 1963.
32. Дубовик О.Д. Эффективность юридической ответственности в охране окружающей среды. - М., 1985.
33. Кравченко С.Н. Имущественная ответственность за нарушение природоохранительного законодательства. - Львов, 1979.
34. Мухитдинов Н.Б. Основы горного права. - Алма-Ата: Наука, 1983.
35. Ковшарь А.В. Заповедники Казахстан. - Алма-Ата, 1989.
36. Балтабаев А. Жасыл орман жайқалсын. - Алматы: Қайнар, 1968.
37. Ермаков В.Д., Жевлаков Э.Н., Кудрявцева Е.С. Экологические преступления в России и прокурорский надзор в сфере охраны окружающей природной среды. - М.: Анкил, 1996.
38. Байсалов С.Б. Водное право Казахской ССР. - Алма-Ата, 1966.
39. Тлеубергенов С.Т. Полигоны Казахстана. - Алматы: Ғылым, 1997.
40. Отчет по человеческому развитию. - 1995. Программа ООН. - Алматы, 1995.
41. Сулейменов С.Ж. Правовая охрана вод от антропогенного воздействия. - Алматы, 2001.
42. Шөкенов Қ. Жер қойнауы ұғымы заң жүзінде нені білдіреді?. /Заң газеті. - 2000. 15 қараша.
43. Бектұрғанов Ә.Е. Қазақстан Республикасындағы жер құқық қатынастары. - Алматы: Жеті жарғы, 1997.
44. Мухитдинов Н.Б., Мороз С.П. Горное право. - Алматы, 1999.
45. Еренов А.Е., Мухитдинов Н.Б., Ильяшенко Л.В. Предмет и система советского земельного право. Алма-ата. 1981.
46. Еренов А., Мухитдинов Н., Косанов Ж., Хаджиев А. Необходим кодифицированный земельный закон. //Юридическая газета. - 3 мая 2000. N19.
47. Иконицкая И.А. Проблемы эффективности в земельном праве. - М.: Наука, 1979.
48. Байсалов С.Б., Ильяшенко Л.В. 200 вопросов и ответов по охране природы. - Алма-Ата: Кайнар, 1987.
49. Краснов Н.И. О понятиях рационального использования и охраны земли. //Государство и право. - 1999. N10.
50. Косанов Ж.Х. Право собственности и иные вещные права на землю. - Алматы: ТОО “Айдана”, 2000.
51. Архипов И.Г. Земельное право Республики Казахстан. - Алматы: Юрист, 1999.
52. Коростелев С.В. Земельное и лесное право. - Санкт-Петербург: Полиус, 1998.
53. Мухитдинов Н.Б., Куандыков К.Ж. Проблемы теории права сельскохозяйственного водопользования. - Тараз, 2001.
54. Бессчетнов П.П. и др. По лесам Казахстана. - Алма-Ата: Казахстан, 1976.
55. Тілешова Г. Орман қорғау заңдарын орнықтырайық. //Заң газеті. - 2001. 17 қаңтар.
56. Земля и человечество: Глобальные проблемы. - М.: Мысль, 1985. - Ч. 4.
57. Страутманис Я.Я. Природноресурсовое право и правовая охрана окружающей среды //Под ред. В.В.Петрова. - М.: Юрид. лит., 1988.
58. Наше общее будущее: Доклад международной комиссии по окружающей среде и развитию (МКОСР). - М.: Прогресс, 1989.
59. Еренов А.Е. Проблемы правовой охраны природы. - Известия Академии Наук Казахской ССР. - 1974. N3.
60. Мухитдинов Н.Б. Закон Республики Казахстан об охране окружающей природной среды: проблемы и особенности их решения. //Государство и право. - 1992. N10.
61. Сахипов М.С. Правовая охрана лесов. В кн.: Правовая охрана природы в Казахской ССР. - Алма-Ата: Наука, 1977.
62. Жүнісбекова Ж. Ерекше қорғалатын табиғи қорықтардың құқықтық жағдайы. //Заң республикалық ғылыми-практикалық және қоғамдық саяси журналы. - Алматы, 1999. N9.
63. Мырзабеков Ж. Особо охраняемые природные территории Казахстана: экология, биоразнообразие и перспективы развития их сети. - Алматы, 2000.
64. Шөкенов Қ. Жер қойнауы операцияларын жүргізудің құқықтық жағдайлары. //Заң газеті. - 2001. 21 ақпан.
65. Тимошенко А.С. Международное сотрудничесво по охране окружающей среды в системе ООН. - М.: Наука, 1981.
66. Китанович Б. Планета и цивилизация в опасности. - М.: Мысль, 1985.
67. Әлиев Ш., Бекенов А., Қыдырбаев Х. Сирек кездесетін хайуанаттарды қорғау. - Алматы, 1979.
68. Мұстафаев С., Мұстафаев Т. Қазақстан Республикасының экология құқығы пәнінен семинарлық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқау. - Алматы: Мұрагер, 2006.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 94 бет
Таңдаулыға:   
1- лекция. Тақырып: Экология құқығының теориялық мәселелер ұғымы және оның
құқық саласы ретіндегі түсінігі

Жоспары:
1. Экологиялық құқықтың түсінігі және оның мәні
2. Экология құқығының пәні мен әдістері
3. Экология құқығының жүйесі және оның қағидалары
4. Экология құқығының басқа құқық салаларымен өзара байланысы

Лекция мақсаты: Студенттерге экологиялық құқықтың түсінігі, экологиялық
қатынастардың түрлері мен жалпы сипатын, экологиялық қатынастардың мазмұны,
пайда болуы, өзгертілуі, тоқтатылуы, экология құқығының әдістері,
қағидаларын, экологиялық құқықтың жүйесін үйрету.

Лекция мәтіні
1. Қазіргі заманда экология табиғат пен қоғам арақатынастарын зерттейтін
ғылымға айналған. Онда адам мен табиғаттың өзара тікелей байланысты екені
көрініс табады. Адамзаттың тіршілік ортасының айрықша күйзеліске үшырауына
байланысты табиғи ортаны қорғау ісіне кеңінен мән беріліп отыр. Табиғи
ортаның қолайлы болуы - қоғамның экономикалық және әлеуметтік дамуына әсер
ететін қажетті шарт. Экологиялық ахуалдың төмендеуі адамдардың тұрмыс
деңгейін нашарлатады. Мұндай жағдайға сай, табиғи ортаны қорғаумен қатар,
экологиялық зардап шеккен халықты әлеуметтік жағынан қорғау және
экономикалық жәрдем көрсету шаралары туындайды. Мұны біздің
республикамыздағы Семей ядролық сынақ полигоны мен Арал апаты тікелей
көрсетіп отыр.
Табиғатты қорғау - табиғаттың өзіндік болмысын сақтау немесе оны қалпына
келтіру арқылы табиғи ресурстарды ысырапсыз пайдалану үшін құрылған
мемлекеттік жүйедегі қоғамдық шара. Ол әртүрлі тәсілдермен жүзеге
асырылады. Соның бірі – айналадағы табиғи ортаны құқықтық қорғау.
“ҚР экологиялық құқығы“ - айналадағы табиғи ортаны қорғауға байланысты
қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық ережелердің жиынтығын реттейтін
оқу пәні немесе ғылым саласы. ҚР қоршаған ортаны қорғау туралы заңы адамның
өмірі мен денсаулығы үшін айналадағы табиғи ортаның қолайлы болуына тиісті
құқығын қамтамасыз етуге, қазіргі және болашақ ұрпақтың мүдделерін көздеп,
айналадағы табиғи ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік
негіздерін белгілеуге және қызметінің осы табиғи ортаға зиянды ықпал
жасауына жол бермеуге, табиғи тепетеңдікті сақтау мен табиғатты ұтымды
пайдалану ісін ұйымдастыруға бағытталған.
Табиғи ресурстарды есепсіз және жөнсіз пайдалану, өндіріс қалдықтарының
көбеюі, адам әректінің салдарынан табиғи ресурстар аумағы, саны, көлемі
азая бастады. Кейбір табиғи объектілер, әсіресе өсімдіктер мен жануарлар
дүниесінің кейбір түрлері жойылып немесе жоғалып кетуіне дейінгі жағдайда
болды. Мұндай табиғаттағы кері әсерлер адамның, қоғамның өзіне де, келешек
ұрпағына да зиян екені анық сезіле бастады. Сондықтан қоршаған ортаның
құрамдас бөліктері: жерді, суды, жер қойнауын, өсімдіктерді, ормандарды,
жануарлар дүниесін қорғау қатынастары пайда болды. Табиғи қорларды қорғау,
оларға тиісті экологиялық жағдай жасау, өсімін молайту, сапасын жақсарту
мәселелері де қоршаған ортаны және оның табиғи қорларын қорғаудың ең
негізгі мазмұнын құрайды.
Экология құқығы 1988 жылдан бастап қалыптасты. Бұл құқықтың
қалыптасуына - экологиялық қорғаныстардың пайда болуына қоршаған ортаның
және оның құрамдас бөлігі - табиғи ресурстардың біртұтастығы және өзара
тығыз байланыстылығы, табиғи ерекшеліктері, соған қарай қатынастардың да
бірыңғайлығы себеп болды. Мемлекет тарапынан экологиялық заңдар шығарыла
бастады. Мұны экология құқығының негіздері тақырыбының мазмұнынан көруге
болады. Қоғам мен табиғат арасындағы экологиялық қатынастарды реттегенде
аталған жағдайларды ескермеуге болмайды. Сондықтанда экологиялық қатынастар
біртұтас. Сонымен қоршаған ортаны және оның құрамдас бөлігі табиғи
ресурстарды қорғау және пайдалану, молайту, қалпына келтіру жақсарту ұғымы
пайда болады.

2. Экология құқығының пәнін - экологиялық құқықтық қатынастар құрайды.
Республикада айналадағы табиғи ортаны қорғау жөніндегі мұндай қатынастар
еліміздегі табиғи ортаны жер, жер қойнауы, су, орман, атмосфералық ауаны,
жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау туралы заңдары мен ол заңдарды
қолдану жөніндегі өзге де ҚР құқықтық нормативтік актілерімен реттеледі.
Экологиялық құқықтық қатынастар дегеніміз - қоршаған табиғи орта мен оның
ресурстарын қорғауға және пайдалануға байланысты әртүрлі экологиялық
қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Бұл анықтамада ескерілетін
негізгі екі мәселе бар:
1) Қоршаған табиғи ортаны және оның ресурстарын қорғауды бірінші орынға
қою қажеттілігі. Себебі, экология құқығы саласында қоршаған табиғи
ортаны, оның ресурстарын қорғауға басымдылық берілуі қажет. Олай
дейтініміз, қазіргі уақытта жоғарыда аталған зиянды факторларға
байланысты қоршаған табиғи орта және оның ресурстары азайып, тіпті
нашарлап бара жатыр. Сондықтан апат аумағына айналған аймақтардың
табиғатын бастапқы қалпына келтіру жұмыстары пәрменді түрде жүргізілуі
тиіс.
2) Экологиялық қатынастардың әр түрлі екендігін атадық. Олардың ішінде
экологиялық, эконномикалық, мәдени және басқа қажеттерді реттейтін
қатынастарды еске алдық.
Экология құқығы нормаларының нысандары, басқару жүйесі, субъектілері,
тетіктерітері, жауапкершілік міндеттері мен талаптары және басқалары
экологиялық құқық нормаларының мазмұнын құрайтын болғандықтан, олар өз
алдына қаралады. Экология құқығының мазмұны күрделі болғанымен, ол жоғарыда
атағанымыздай бір табиғи объект. Қоршаған ортаның ресурстары оның құрамдас
бөлігі екенінде қарастырдық. Сондықтан осы салада барлық экологиялық
қатынастар экология құқығының мазмұнын құрайды. Оның ішінде Қылмыстық
кодекстегі, Әкімшілік құқық бұзушылық, Азаматтық кодекстер және басқа
заңдардағы экологиялық жауапкершіліктер туралы қатынастар экологияға қызмет
ететін қосымша салалық нормалары қатарына жатады. Бұл заңдар экологиялық
жауапкершілік қатынастарды реттеуге қолданылатын санкцияларымен
ерекшеленеді. Олардың диспозиялары түгелімен экология талаптарынан
туындайды. Мұндай құқық құрылымында бір құқықтың басқа құқықтарға қызмет
етуі заңды. Экологиялық құқық саласындағы жер құқығы, су құқығы, орман
құқығы, тау-кен құқығы және басқа құқық негіздерін құрайтын-жануарлар
дүниесін қорғау, өсімін молайту, пайдалану туралы, атмосфералық ауаны
қорғау, ерекше қорғалатын аумақтар туралы заңдар, оның ішкі құрылымына
жататын, салалық құқықтар қатрына жатады.
Экологиялық құқықтың бұл көрінісі экологиялық құқықтық қатынастардың
ерекшелігінен, күрделілігінен туындап қалыптасатынын еске алу керек.
Құқықтық реттеу әдісі - мемлекет тарапынан қоғамдық қатынастарға
қолданылатын құқықтық әдіс. Немесе құқықтық нормалармен белгіленген
қоғамдық қатынастардың қатысушыларына құқықтық әсер ету тәсілі. Экология
құқығында бұл әдістеме қоршаған ортаны және табиғи ресурстарды пайдалану
және қорғауға байланысты барлық кешенді қатынастарды реттегенде бұл
әдістеме экологиялық тақырыпты белгілеуден кем түспейді.

3. Экологиялық құқықтық қатынастардың субъектілеріне – табиғатты
пайдаланушы, яғни бізді қоршаған табиғи ортаны пайдаланушылар, адамдар,
ұйымдар т.б. жатады.
Ал, экологиялық құқықтық қатынастардың объектілеріне – табиғи ресурстар,
жер, су, орман қоры, жер қойнауы және т.б. Экологиялық құқықтық қатынастар
мазмұы – қоғамдағы азаматтардың табиғи ресурстарды ұтымды, заласыз,
құқықтық тұрғыда пайдалануы. Экологиялық құқықтық қатынастардың пайда
болуы негіздері, азаматтар табиғи ресурстарды пайдалана бастаған
кезден басталады. Мысалы: айналадағы табиғи ортаны қорғау жөніндегі мұндай
қатынастар еліміздегі табиғи ортаны жер, жер қойнауы, су, орман,
атмосфералық ауаны, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін пайдаланған кездерде
басталады. Экологиялық құқықтың негізгі әдістеріне қоршаған ортаның
табиғилығын немесе оның жүйесінің, табиғи ресурстардың табиғилығы олардың
өзара байланыстылығы, біртұтастылығы, бір табиғи объектіні қорғау арқылы
басқа табиғи объектілерді қорғау, немесе оларға жағдай жасау жатады.
Экологиялық құқық аталған негізгі әдістемелерді экология қатынастарында
пайдаланылып, қоршаған ортаның табиғилығын, өсімін молайту, қорғау немесе
табиғатқа байланысты қоғамдық қатынастармен ұштастырылып, оларды осы
мақсатқа сай экологияландыру тәсілі қолданылады. Мысалы: ормандар мен
өсімдіктерді сақтау, қорғау шараларын қолдану арқылы жердің ылғалдығын,
құнарлығын сақтауға, арттыруға қол жеткізуге болады.
Су айдындары су жануарлары мен өсімдіктерінің өсіп-өнуіне табиғи орта
болуымен қатар, судың тазалығын сақтау арқылы экологиялық жағдай
туғызылады. Атмосфералық ауаның тазалығын сақтау, қорғау шаралары арқылы
барлық биологиялық орта сақталады, оларға экологиялық жағдай жасалады.
Сондай-ақ адамдардың өмір сүруіне қолайлы әсер етеді.
Оларды жүйелегенде, топастырғанда әкімшілік құқықтық реттеу әдісі,
азаматтық құқық реттеу әдістемелері үйлестіріп қолданылатынын байқауға
болады. Әкімшілік, азаматтық құқық әдістемелері мазмұны жағынан емес,
формасы жағынан экологиялық құқық әдістемесіне жақындастырылып, экологиялық-
әкімшілік, экологиялық- азаматтық құқық әдістемесіне айналады және сол үшін
қызмет атқарады. Оның өзінде де экологиялық құқық әдістемесі негізгі
әдістеме болып қала береді. Мәселен: экологиялық әдістеме арқылы табиғи
ресурстардың объектілерін,олардың қоршаған табиғи ортада бір-бірімен тығыз
байланыстылығын, соған орай олардың экологиялық мәртебесін белгілеп береді.
Ал оларды пайдалану мен қорғау құқықтары мен міндеттерін белгілегенде
аталған әкімшілік және азаматтық құқық әдістемесімен тиым салу, ескерту,
құзіретін жүктеу, тәсілдері белгіленеді. Осылар арқылы экологиялық
тәртіптер, ережелер, талаптар, нормативтер орындалады немесе еске алынады.
Нарық экономикасы жағдайында табиғи ресурстарды материалдық заттық
құқық объектісі ретінде пайдалануға байланысты құқықтық қатынастарды
реттеуде азаматтық құқық әдістемесі қатыстырылады. Оның негізгі себебі:
табиғи ресурстар, оның ішінде жер, жер қойнауы, орман, су, жануарлар мен
өсімдіктер дүниесі адамның күн көру, өндіріс объектілерінің яғни
экономикалық қажеттерінің де объектісі болып салады. Бірақ, бұл
экономикалық қатынастарды экологиялық қатынастардан бөліп қарауға болмайды.
Сондықтан, азаматтық құқық әдістемесі экология құқығында субъектілерді
қоршаған табиғи ортаны қорғауға, сақтауға ынталандыру үшін де қолданылады.
Экологиялық құқық қағидалары - мемлекет, қоғам, кәсіпорындардың, өкімет
орындарының, ұйымдардың және басқа құрылымдардың, лаузымды адамдар мен
азаматтардың экологиялық құқықтық қатынастардағы алғашқы түр бастамасы.
Олар-құқықтық мәнін білдіруде оған негіз болатын идеялар мен бастаулар. Ол
идеялар әділеттік пен бостандықтың сара жолын қорытындылау арқылы
шығарылады.
Экология құқығының қағидалары мыналар болып табылады:
1. адмның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдылығы халықтың өмірі,
еңбегі мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау және қалпына
келтіру;
2. ҚР нарықтық қатынастар жағдайында тұрақты дамуға көшуі,адамдардың
қазіргі және болашақ ұрпақтарының салауатты және қолайлы қоршаған ортаға
деген қажеттерін қанағаттандыру мақсатында қоршаған ортаның әлеуметтік-
экономикалық міндеттері мен проблемаларын теңдестіре отырып шешу;
3. экологиялық жағдайы қолайсыз аймақтардағы экологиялық қаіпсіздікті
қамтамасыз ету және бұзылған табиғи экологиялық жүйелерді қалпына келтіру;
4. табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және молықтыру,табиғатты
пайдаланғаны үшін кезң-кезңімен ақы төлеуді енгізу және қоршаған ортаны
қорғайға экономикалық жағынан ынталандыруды енгізу;
5. биолгиялық алуан түрлілікті және экологиялық ғылыми және мәдени
жағынан ерекше маңызы бар қоршаған орта объектілерін сақтауды қамтамасыз
ету;
6. қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды мемлекеттік реттеумен
мемлекеттік бақылау, оларды бұзғаны үшін жаупкершіліктің ымырасыздығы;
7. қоршаған ортаға нұқсан келтіруге жол бермеу, қоршаған ортаға ықпал
ету мүмкіндігін бағалау;
8. халықтық, қоғамдық бірлестіктер мен жергілікті өзін-өзі басқару
органдарының қоршаған ортаны қорғау саласына белсенді түрде демократиялық
жолмен қатысу;
9. халықарлық құқық негізінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы
халықаралық ынтымақтастық принциптерін сақтау негізінде жүзеге асырылуы.

4. Экология құқығының жүйесі экологиялық қатынастарды ғылыми түрде
салаларға бөліп қараудан туындайды. Оның әр саласы зерттеу тақырыбы
институтын құрайды. Экология құқығының жүйесі әдістемелік жағынан үш
бөлімге бөлінеді: жалпы бөлім, ерекше бөлім және арнайы.
Жалпы бөлімде қаралған институттар:
- экология құқығының түсінігі және тақырыбы, жүйесі;
- экология құқығының объектілері мен принциптері;
- экология құқығының тарихы мен негіздері;
- табиғат қорларына мемлекеттің меншік құқығы;
- азаматтардың табиғатты пайдалану құқығы және айналадағы табиғи ортаның
қолайлы болуының құқығы;
- айналадағы табиғи ортаны пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау
мен қадағалау;
- экология туралы заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық.
Ереше бөлімде қаралатын институттар:
- жердің құқықтық жағдайы және оны қорғау;
- жер қойнауының құқықтық жағдайы және оны қорғау;
- судың құқықтық жағдайы және оны қорғау;
- орманның құқықтық жағдайы және оны қорғау;
- атмосфералық ауаны құқықтық қорғау;
- жануарлар дүниесін қорғау, оның өсімін молайту және пайдалану;
- айрықша қорғалатын табиғат объектілерінің құқықтық жағдайы.
Ал арнайы бөлімде: табиғатты халықаралық құқықтық қорғау қатынастары
қаралады.

Бақылау сұрақтары:
1. Экологиялық құқықтың түсінігі.
2.Экологиялық қатынастардың түрлері мен жалпы сипаты.
3.Экология құқық қатынастардың субьектілері мен обьектілері.
4.Экологиялық қатынастардың мазмұны, пайда болуы, өзгертілуі, тоқтатылуы.
5.Экология құқықтың әдістері, қағидалары.
6.Экологиялық құқықтың жүйесі.

2- лекция. Тақырып: Экология құқығының теориялық мәселелерінің
объектілері, қайнар көздері және экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы.

Жоспары:
1. Экология құқығының объектілерін саралау
2. Экология құқығының қайнар көздерін тану
3. Экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасының экологиялық құқықтық
қатынастарда алар орны

Лекция мақсаты: Студенттерге экологиялық құқықағаның тарихын, қайнар
көздерінің түсінігін, түрлерін, экологиялық қатынастардың түрлері мен
жалпы сипатын, экологиялық қатынастардың мазмұны, пайда болуы, өзгертілуі,
тоқтатылуы, экология құқығының әдістері, қағидаларын, экологиялық құқықтың
жүйесін оқытып, үйрету.

Лекция мәтіні
1. “Экология” деген сөзді ғылымға алғаш рет 1866 жылы неміс биологы
Э.Геккел ендірген болатын. ХХ ғасырдың ортасында әлемдегі экологиялық
ахуалдың нашарлауынан, соған орай экологияның қамтитын тақырыптарының
күрделенуінен өз кезегінде экология ғылым саласы, яғни маман-биологтардың
зерттеу пәні ғана емес, қазіргі таңдағы ең маңызы зор ғылымның кешенді
саласына айналған.
Заң әдебиеттері экологиялық мәселені екі аспектіде қарастырады, яғни
табиғатты тиімді құқықтық пайдалану және қоршаған табиғи ортаны құқықтық
қорғау. Табиғатқа әсер етудің бір-бірімен байланысты бұл екі түрі экология
құқығы пәнін оқытудың негізгі мазмұнын құрайды. Сонымен бірге бүгінгі
таңдағы қалыптасқан экологиялық жағдай, табиғатқа әртүрлі жолдармен әсер
етудің жағымсыз салдарлары тікелей адам өмірі мен денсаулығына қауіп
төндіріп отыр.
Сондықтан республикамызда азаматтардың өмірі мен денсаулығына қолайлы
қоршаған ортаны қорғау мәселесі экологиялық қауіпсіздіктің негізін
құрайды, сонымен қатар ұлттық қауіпсіздіктің стратегиялық басым салаларының
бірі және халықаралық интеграциялық процестерде еліміздің мүддесі мен басым
құқықтарын қорғауда маңызды критерий болып табылады. Бұл негіздер ҚР
Конституциясында және Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған
экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасында басты бағытта заңдастырылған. Осы
міндеттердің құқықтық тұрғыдағы түсіндірілуі мен оқытылуы экологиялық
құқықтың алға қойған мақсаттарының бірі болып танылмақ.
Экологиялық құқық - “құқықтану” мамандығы бойынша жоғарғы заң оқу
орындарында оқытуға арналған ҚР Білім жєне ғылым министрлігінің типтік оқу
жоспарында бекітілген жеке кешенді оқу пәні ретінде саналады. Қоршаған
ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалануды құқықтық реттеудің кешенді
саласы саналатын бұл құқықтың ерекшеліктері осы оқу жоспарының жүйесінде
ескерілген. Оның жүйесі жалпы, ерекше және арнайы бөлімдерден тұрады. Жалпы
бөлімде барлық оқу пәндеріне ортақ экологиялық құқықтың қарастыратын
құқықтық институттар жүйесі қамтылған. Ал, ерекше бөлім табиғи және
аумақтық кешендерді, жекелеген табиғат объектілерін қорғаудың, қалпына
келтірудің және пайдаланудың экологиялық-құқықтық режиміне арналса, арнайы
бөлімде қоршаған ортаны халықаралық қорғаудағы ынтымақтастық қатынастарын
реттеуге маңыз берілген.
Бұл құқықтың қалыптасуына - экологиялық қорғаныстардың пайда болуына
қоршаған ортаның және оның құрамдас бөлігі - табиғи ресурстардың
біртұтастығы және өзара тығыз байланыстылығы, табиғи ерекшеліктері, соған
қарай қатынастардың да бірыңғайлығы себеп болды. Мемлекет тарапынан
экологиялық заңдар шыға бастады. Мұны экология құқығының негіздері
тақырыбының мазмұнынан көруге болады. Қоғам мен табиғат арасындағы
экологиялық қатынастарды реттегенде аталған жағдайларды ескермеуге
болмайды. Сондықтанда экологиялық қатынастар біртұтас. Сонымен қоршаған
ортаны және оның құрамдас бөлігі табиғи ресурстарды қорғау және пайдалану,
молайту, қалпына келтіру жақсарту ұғымы пайда болады. Экология құқығын-
экологиялық құқықтық қатынастар құрайды. Республикада айналадағы табиғи
ортаны қорғау жөніндегі мұндай қатынастар еліміздегі табиғи ортаны жер, жер
қойнауы, су, орман, атмосфералық ауаны, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін
қорғау туралы заңдары мен ол заңдарды қолдану жөніндегі өзге де ҚР құқықтық
актілерімен реттеледі.

2. Экология құқығының қайнар көздері - айналадағы табиғи ортаны
қорғау, оны пайдалану, спасын арттыру және табиғи ресурстар жөніндегі
қоғамдық қатынастарды реттейтін актілердің жиынтығы болып табылады.
Экология туралы заңдарды мазмұны жағынан, заң қабылдайтын огандардың
түрлері немесе олардың заң шығару өкілеттігі жағынан бірнеше топқа бөлуге
болады.
Экология құқығының негіздері ішінде ҚР конституциясы ерекше орын алады.
ҚР Конституциясы табиғи ресурстар қорларының құқықтық жағдайын және оның
аумағының бөлінбейтінін, оған қол сұғуға болмайтынын, табиғи қорларды
мемлекет атынан иемдену құқығын жүзеге асыру жолдарын, заңдарын, соның
ішінде экологиялық заңдардың, өзге де құжаттардың Конституция ережелеріне
қайшы келмеуін, азаматтардың өмір сүруі мен денсаулыққа қолайлы айналадағы
табиғи ортада тұру құқығын, Конституция мен заңдарды сақтау, басқа
адамдардың құқықтарын құрметтеу міндеттерін белгілейді.
Экология құқығының экологиялық қатынастарды реттеудің мазмұнына қарай,
оның жүйесін құрайтын қатынастарға және соларға байланысты нормативтік
құжаттардың мазмұнына қарй мынадай турлерге бөліп қаруға да болады. Жалпы
экологиялық нормативтік құқықтық актілер және оның құрамдас бөлігі болып
саналатын салалық нормативтік құқықтық актілер:
Жалпы экологиялық нормативтік құқықтық актілердің өзі екіге бөлінеді:
1. негізгі жалпы экологиялық нормативтік құқықтық актілер;
2. туынды жалпы экологиялық нормативтік құқықтық актілер;
Негізгі жалпы экологиялық нормативтік құқықтық актілерге төмендегілер
жатады:
1. ҚР Экологиялық кодексі. 2007 жылғы 9 қаңтардағы.
2. ҚР Экологиялық сараптамасы туралы 1997 жылғы 18 наурыздағы заңы.
3. ҚР Азаматтарының денсаулығын сақтау туралы 1997 жылғы 19 мамырдағы
заңы.
4. ҚР Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы туралы 1994 жылғы 8
шілдесінде қабылданған заңы;
5. ҚР Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы 1996
жылғы 5 шілдеде қабылданған заңы.

Туынды жалпы экологиялық нормативтік құқықтар актілеріне жататындар;
1. ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі туралы ереже ҚР Үкіметінің
1999 жылғы 27 сәуірдегі N481 қаулысымен бекітілген. (ҚР ПҮАЖ-ы, N15,154-
құжат);
2. ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігі туралы Ереже ҚР Үкіметінің 2005
жылғы14 қаңтардағы N14 қаулысымен бекітілген. (ҚР ПҮАЖ-ы, 2005 ж. N1, 64-70
б.б.

Салалық негізгі нормативтік құқықтық актілер мынадай түрлерге бөлінеді:
1. Жер туралы негізгі нормативтік құқықтық актілер;
2. Жер қойнауы және он пайдалану туралы негізгі нормативтік құқықтық
актілер;
3. Ормандар мен басқа өсімдіктер туралы негізгі нормативтік құқықтық
актілер;
4. Су жөніндегі негізгі нормативтік құқықтық актілер;
5. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы негізгі нормативтік құқықтық
актілер;
6. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы
негізгі нормативтік құқықтық актілер;
7. Атмосфералық ауаны қоғау туралы негізгі нормативтік құықтық актілер;
8. Экология саласында халықаралық экологиялық ынтымақтастықтар туралы
негізгі нормативтік құқықтық актілер;
Осы аталған негізгі салалық нормативтік құқықтық актілердің туынды
түрлері де бар.

3. Республикамызда азаматтардың өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған
ортаны қорғау мәселесі экологиялық қауіпсіздіктің негізін құрайды, сонымен
қатар ұлттық қауіпсіздіктің стратегиялық басым салаларының бірі және
халықаралық интеграциялық процестерде еліміздің мүддесі мен басым
құқықтарын қорғауда маңызды критерий болып табылады. Бұл негіздер ҚР
Конституциясында басты бағыттардың бірі екендігі атап көрсетілген. Сондай-
ақ ҚР Конституциясында табиғи ресурстарды мемлекеттік меншік арқылы
пайдалану, оны қорғау, оны басқау табиғат туралы заңның бастамасы болып
табылады.

Экология құқығының негіздері ішінде ҚР конституциясы ерекшк орын алады.
ҚР Конституциясы табиғи ресурстар қорлардың құқықтық жағдайын және оның
аумағының бөлінбейтінін, оған қол сұғуға болмайтынын, табиғи қорларды
мемлекет атынан иемдену құқығын жүзеге асыру жолдарын, заңдарын, соның
ішінде экологиялық заңдардың, өзге де құжаттардың Конституция ережелеріне
қайшы келмеуін, азаматтардың өмір сүруі мен денсаулыққа қолайлы айналадағы
табиғи ортада тұру құқығын, Конституция мен заңдарды сақтау, басқа
адамдардың құқықтарын құрметтеу міндеттерін белгілейді.
Экология құқығының экологиялық қатынастарды реттеудің мазмұнына қарай,
оның жүйесін құрайтын қатынастарға және соларға байланысты нормативтік
құжаттардың мазмұнына қарй мынадай турлерге бөліп қаруға да болады. Жалпы
экологиялық нормативтік құқықтық актілер және оның құрамдас бөлігі болып
саналатын салалық нормативтік құқықтық актілер:
Жалпы экологиялық нормативтік құықтық актілердің өзі екіге бөлінеді:
1. негізгі жалпы экологиялық нормативтік құқықтық актілер;
2. туынды жалпы экологиялық нормативтік құықтық актілер;

Негізгі жалпы экологиялық нормативтік құықтық актілерге төмендегілер
жатады:
6. ҚР Экологиялық кодексі. 2007 жылғы 9 қаңтардағы.
7. ҚР Экологиялық сараптамасы туралы 1997 ж. 18 наурыздағы заңы.
8. ҚР Азаматтарының денсаулығын сақтау туралы 1997 жылғы 19 мамырдағы
заңы.
9. ҚР Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы туралы 1994 жылғы 8
шілдесінде қабылданған заңы;
10. ҚР Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы 1996
жылғы 5 шілдеде қабылданған заңы.
Туынды жалпы экологиялық нормативтік құықтар актілеріне жататындар;
1. ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі туралы ереже ҚР Үкіметінің
1999 жылғы 27 сәуКРдегі N481 қаулысымен бекітілген. (ҚР ПҮАЖ-ы, N15,154-
құжат);
2. ”Республикалық қоршаған ортаны қорғау туралы қоры”. Мемлекеттік қоры
туралы Ереже ҚР Үкіметінің 1998 жылғы 1 сәуКРдегі N280 қаулысымен
бекітілген. (ҚР ПҮАЖ-ы, 1998 ж. N10, 74-құжат.)
3. ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігі туралы Ереже ҚР Үкіметінің 2005
жылғы14 қаңтардағы N14 қаулысымен бекітілген. (ҚР ПҮАЖ-ы, 2005 ж. N1, 64-70
б.б.

Бақылау сұрақтары:
1. Экологиялық құқықтың пайда болуы, өркендеуі және болашағы.
2. Экология құқықтың қайнар көздерінің түсінігі, ерекшеліктері және
классификациясы.
3. Қазақстан Республикасының Конститутциясы және экологиялық құқықтық
ережелер мен талаптар.
4.Үкіметтің, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың экология-құқықтық
актілері.
5.Экологиялық қатынастарды реттеудегі соттық тәжірибенің маңызы.

3 - лекция. Тақырып: Экологиялық құқықтық қатынастар.

Жоспары:
1. Экологиялық құқықтық қатынастардың түсінігі мен объектілері
2. Экологиялық құқықтық қатынастардың субъектілері
3. Экологиялық құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгеру және тоқтатылу
негіздері

Лекция мақсаты: Студенттерге экологиялық құқықтың түсінігі, экологиялық
қатынастардың түрлері мен жалпы сипатын, экологиялық қатынастардың мазмұны,
пайда болуы, өзгертілуі, тоқтатылуы, экология құқығының әдістері,
қағидаларын, экологиялық құқықтың жүйесін үйрету.

Лекция мәтіні
1. Табиғи ресурстар - қоғамның тұтыну қажеттігін қанағаттандыратын
табиғаттың игілікті құрамдас бөлігі. Табиғи ресурстар - қалыптасқан
экологиялық кешен. БІРақ олардың кейбіреулері ғылым мен техниканың дамуы
нәтижесінде ғана пайдалану қорына айналуы мүмкін. Сондықтан меншік
объектілеріне адам мен қоғамның қажеттігі үшін пайдаланатын табиғи
ресурстар жатады. Табиғи ресурстарға мемлекеттік меншік құқығы – бұл
табиғат ресурстарына Қазақстан Республикасы егемендігінің материалдық
негізін құрайтын, экологиялық және экономикалық құқықтық ережелердің
жиынтығы.
Республикамызда алғаш рет 1990 жылғы қарашаның 15-де қабылданған Қазақ
ССР- дегі “Меншік туралы “ Заңда және Қазақ ССр-нің мемлекеттік
егемендігі туралы Декларацияда (1990 жылғы 25 қазан) жер, оның қойнауы, су,
орман, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі тек қана мемлекеттің меншігі болып
жарияланды.
1991 жылғы 16 желтоқсанда қабылданған “Қазақстан Республикасының
мемлекеттік тәуелсіздігі туралы“ Қазақстан Республикасының Конституциялық
заңында аталған табиғат объектілері, әуе кеңістігі және басқа да табиғи
ресурстар тек қана Қазақстан Республикасының меншігі болып аталды.
Қазақстан Республикасындағы табиғи ресурстардың құқықтық жағдайы 1993 жылғы
28 қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында
тек қана мемлекеттің меншігі ретінде айқындалатыны көрсетілді.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған
Конституциясында жер, оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар
дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады деп
көрсетілген. Сонымен бірге жер заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен
шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін Конституциядағы табиғи ресурстар
мен оған мемлекеттік меншік құқығы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15
шілдедегі “Қоршаған ортаны қорғау туралы” және “Ерекше қорғалатын табиғи
аумақтар туралы “ заңдарда бекітілді. Кейінгі кезде заңдардан табиғи
ресурстарға “Тек қана мемлекет меншігі“ деген ұғым алынып тасталды. Сонда
да басқа болса ресурстарға мемлекет меншігі аталған ресурстарға басқа
мемлекеттік органдарының, соның ішінде орталық және жергілікті мемлекеттік
басқару органдарының, министрліктерінің, ведомстволардың, мемлекеттік
кәсіпорындар мен мекемелердің, ұйымдардың, жеке адамдардың, мемлекеттік
емес ұйымдардың және басқа тұлғалардың, шет ел азаматтар мен ұйымдардың,
мемлекеттерінің меншігінде бола алмайтынын көрсетеді.
2. Қазақстан Республикасы жер кодексінің нормаларына сйкес республика
аумағында жерге мемлекеттік меншік құқығының субъектісі - Қазақстан
Республикасы. Оның жерді иеленуге, пайдалануға және билік етуге құқығы бар.
Осы меншік құқығының мазмұнына қарай жерді басқару органдары мен жер
пайдаланушылардың құзыреті белгіленеді. Бұл заң ҚР Конституциясына сай
келеді. Орталық және жергілікті мемлекеттік және басқару органдары табиғи
ресурстарға мемлекеттік меншік құқығын заңда белгіленген басқару
уәкілдігіне ие бола алады. Оларда табиғи ресурстарды иемдену мен пайдалану
құқығы жоқ. Мемлекеттік кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдардың заңда
көрсетілген ретте ғана табиғи ресурстарға иемдену, пайдалану, билік ету
құқығы бар. Оның өзінде билік ету құқығы да, мемлекет атынан және заңдарда
көрсетілген жағдайларда ғана жүзеге асырылады.
Табиғи ресурстарға мемлекет меншігін және оның субъектілерін, басқру
органдарын, шегі мен мазмұнын тек қана халық, оның атынан мемлекет, халық
пен мемлекет атынан ҚР Конституциясына сай, ҚР Президенті, Конституциялық
өкілеттігі шегінде Парламент заңдар арқылы белгілейді. Республика Үкіметі
және зге де мемлекеттік органдар мемлекет атынан оларға бегшілген
өкілеттіктері шегінде ғана жүргізе алады (3,66,85-баптар). Барлық табиғи
ресурстарға меншік құқығы туралы заңдар ҚР Конституциясына сәйкес болуы
керек. ҚР Конституциясының 6-бабына сәйкес меншік субъектілерінің өз
құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері де заңмен белгіленеді. БІРақ
табиғи ресурстарға мемлекеттік меншіктің мазмұндарының негізі болып
табылатын бұл Конституциялық нормалар “Қоршаған ортаны қорғау туралы”
заңдардың барлығында аталып көрсетілмейді. Ондай нормалар 2003 ж. 20
маусымда қабылданған “Жер кодексінде” ғана бар.
Басқа экологиялық және экономикалық салалық заңдарда жоқ. Мысалы: 1997
ж. 15 шілдеде қабылданған “Қоршаған ортаны қорғау туралы” және “Ерекше
қорғалатын табиғи аумақтар туралы” заңдарда табиғи ресурстарға, табиғи
аумақтарға мемлекеттік меншік құқығының шегі мен мазмұны аталмаған.
“Қоршаған ортаны қорғау туралы” заңның 4-тарауы “Табиғи ресурстар мен
табиғат пайдалану” деп аталады. Табиғи ресурстарға мемлекет меншігі
аталмаған. Осы баптың мазмұнында табиғи ресурстарға мемлекеттік меншік
құқығы және жеке меншік құқығы көрсетілген. “Ерекше қорғалатын табиғи
аумақтар туралы” заңның 5-бабы “Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
меншігі” деп аталады. Егер меншік туралы Конституциялық нормаларға тікелей
жүгінсек оларда табиғи ресурстарға ғана мемлекеттік меншік құқығы бар, ал
табиғи аумақтарға меншік құқығы берілмеген. Дұрысы: “Табиғи аумақтардағы
табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады” деу керек еді. ҚР табиғи
ресурстарға мемлекеттік меншігі құқығының мазмұнын – иемдену, пайдалану
және билік ету құрайды, сондай-ақ оған мемлекеттік басқару құқығы да
жатады. Табиғи ресурстарға мемлекеттің иелену құқығы – осы ресурстарды
меншікке алудың заңды нысаны және оны жүзеге асыру мүмкіндігі мен қызметі.
Табиғи ресурстарды мемлекеттің пайдалану құқығы - табиғи ресурстардың
пайдалы қасиеттерін және одан түскен табысты иемдену, сондай-ақ өзге де
пайда алу қызметі. Табиғи ресурстарға мемлекеттің билік ету құқығы –
табиғат объектілерінің іс жүзінде немесе заң жүзінде тағдырын айқындауға
берілген мүмкіндік. Осы мүмкіндік арқылы табиғи ресурстардың пайдалы
қасиеттерін және одан түскен табысты иемдену, сондай-ақ өзге де пайда алу
қызметі. Мемлекеттің табиғи ресурстарын иемдену, пайдалану және билік ету
құқығының табиғи ресурстарды пайдаланушылар, иемденушілер мен кейде билік
етушілердің құқығынан ерекшеліктері бар. Мұны меншік иесі құқығының
мазмұнынан көруге болады:
1) Мемлекет табиғат ресурстары өз құқығының мазмұнын түзіп, оларды меншік
иесі ретінде жүзеге асырады. Басқалар, табиғат ресурстарын иемденушілер,
пайдаланушылар мемлекет белгілеп берген құқық шеңберінде ғана игілікке
асырады.
2) Мемлекет табиғат ресурстарына меншік құқығын мемлекет бойынша,
қоғамның, барлық адамдардың мүддесі үшін пайдаланады. Басқа табиғат
ресурстарын иемденушілер, пайдаланушылар өзіне иемденуге, пайдалануға
берген табиғат объектісін өз мүддесі үшін заңда көрсетілген мақсатта
ғана пайдаланады.
3) Табиғат қорларына мемлекеттің билік жүргізуі шексіз және оған ешкім шек
қоя алмайды,оны тоқтата да алмайды. БІРақ табиғат қорларына мемлекеттік
билік Конституцияға сәйкес болуы қажет. Сондықтан Конституцияға қайшы
келетін заң нормаларының күші болмайды.
Табиғат ресурстарын мемлекеттен басқа иемденушілер мен пайдаланушылар
заңда белгіленген ретте белгілі бір шекте билік ету құқығын пайдалануы
мүмкін. Оның өзінде де мемлекеттік басқару қызметі шегінде болады.
3. ҚР Конституциясында табиғи ресурстарға мемлекеттік меншік арқылы
пайдалану, оны қорғау, оны басқау табиғат туралы заңның бастамасы болды.
Сонымен бірге ҚР адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы қоршаған
ортаны қорғауды өзінің мақсаты етіп қойды. Табиғат пайдалану адамның
шаруашылық және өзге де қызметіне табиғи ресурстарды пайдалануы “
Қоршаған ортаны қорғау туралы” заңнаң 1-бабының 5-тармағында келтірілген
бұл анықтама шын мәнінде табиғат пайдалануды емес, табиғи ресурстарды
пайдалануды көрсетеді. Табиғат байлығының атмосфералық ауа, кеңістік табиғи
аумақтарды пайдалану объектілеріне жатады. Сондықтан табиғат пайдалану
дегеніміз - табиғи объектілердің, оның ішінде өзара қарым-қатынастағы
атмосфералық ауаны, кеңістікті, аумақты, топырақты, жер, жер қойнауын,
жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай-ақ климатты, озон қабатын қоса
алғанда барлық жанды және жансыз табиғи байлықтарды пайдалану. Олардың
ішінде табиғи ресурстар ерекше орын алады. Сондықтан осыларға заңдарда
ерекше орын беріліп, басқа табиғи объектілер олардың қатарынан түсіп
қалған. Жоғарыдағы табиғат пайдалану құқығының анықтамасында көптеген
табиғи объектілер аталмаған. Табиғат пайдалану құқығының ауқымы, табиғи
ресурстарды пайдалану құқығынан кең. Себебі, табиғи ресурстарды пайдалану
құқығы табиғи ресурстардың объектілерін (жер, жер қойнауы, су, өсімдіктер
мен жануарлар дүниесі) пайдаланумен шектеледі. Ал табиғат пайдалану
жоғарыда көрсетілгендей барлық жанды және жансыз табиғи объектілерді
қамтиды ( климат, озон қабаты, атмосфералық ауа, әуе кеңістігі, аумақ).
Сондықтан табиғат пайдалану құқығының табиғи ресурстарды пайдалану
құқығынан айырмашылығы оның пайдалану объектілеріне байланысты болады.
Табиғи ресурстарды пайдалану құқығы - қоғамның материалдық мәдени және
басқа қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін табиғи ресурстарды пайдалану
туралы құқықтық нормалардың жиынтығы . Оның объектілері - жер, жер қойнауы,
су, орман, жабайы жануарлар мен басқа өсімдіктер дүниесі.
Табиғат және табиғи ресурстарды пайдалану құқығының субъектілеріне
азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, мемлекеттік құрылымдар, заңда және
шарттарда көрсетілген ретте шетел азаматтары мен тұлғалары, мемлекеті
жатады. БІРақ олар табиғаттың немесе табиғи ресурстардың кез келген түріне
пайдалану құқығына ие бола алмайды. Оның құқықтық нормалары бар. Оның
ішінде азаматтар мен заңды ұйымдарға және басқа табиғат, табиғи ресурстарды
пайдаланушыларға пайдалануға берілмейтін объектілері және объектілерінің
түрлері бар. Табиғат және табиғи ресурстарды пайдаланушылардың субъектілері
бастапқы және кейінгі түрлері бар. Мысалы, жер учаскесін мемлекеттен
алған шаруа қожалығы (фермер) алғашқы табиғат, табиғи ресурс пайдаланушы
субъектісіне жатады. Одан соң учаскені жалға алған жер пайдаланушы кейінгі
табиғат, табиғи ресурсты пайдаланушы субъект болады . Сервитут құқығы мен
табиғат және табиғи ресурстарды пайдаланушылар да осыларға жатады.
Аталған субъектілерді алғашқы және кейінгі санаттарға жатқызу олардың осы
салада ққықтары мен міндеттерін, мазмұнын анықтауға қажет. Табиғи
ресурстарды пайдаланудың түрлерін анықтаудың топтастырып қарау жолыбар. Ол
табиғат және табиғи ресурстар туралы заңдарда орын алған. Соған орай
табиғатты, табиғи ресурстарды пайдалану:
1) жалпы және арнайы пайдалануға;
2) табиғатты қоғамдық және жеке мақсатта пайдалануға бөлінеді.
Табиғатты, табиғи ресурстарды пайдаланудың түпкі мақсатына қарай адамның
және қоғамның экономикалық, экологиялық, әлеуметтік қажеттіліктерін өтеу
үшін пайдалану түрлеріне де бөлуге болады.
4. Табиғаттың негізгі ресурстарын пайдалану мен айналадағы табиғи ортаны
қорғауды мемлекеттік басқару - қоғамды әлеуметтік басқарудың бір саласы,
яғни ол мемлекеттік экологиялық басқару болып табылады. Экология
саласындағы мемлекеттік қатынастарды басқаруға негіз болатын үш жағдай бар:
1) Қазақстан Республикасы - табиғи ресурстардың жеке дара меншік иесі.
2) Қазақстан Республикасы - халықтың ресми өкілі.
3) Айналадағы табиғи ортаны қорғау, оның адамның өмірі мен денсаулығына
қолайлы болуын қамтамсыз ету қызметін атқаратын мемлекет, оның органдары
мен лауазымды адамдары заң жүзінде белгіленген өкілеттіктері шегінде жүзеге
асыру құқығына ие болады.
Мемлекеттік экологиялық басқару табиғи ресурстарды - жер, су, орман,
жер қойнауы, жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің қорларын дұрыс пайдалануы,
қорғалуы, табиғи ортаның, оның адам өмірі мен денсаулығына қолайлы болуы
саласындағы бағдарламалардың, жоспарлардың және шаралардың орындалуын
ұйымдастыруды іске асыру болып табылады. Басқарудың нысандарына заң
шығарушылық,, құқық қолданушылық , құқық орындаушылық және құқық
қорғаушылық қызметтері жатады. Басқарудың мақсаты - экологиялық
бағдарламардың, жоспарлардың және шаралардың орындалуын қамтамсыз ету,
айналадағы табиғи ортаны қорғау, табиғи қорларды тиімді пайдалануды және
осы салалардағы заңдар ережелерінің бұзылмауын қамтамасыз ету, адам өмірі
мен денсаулығына табиғи ортаның қолайлы болуына жағдай жасау. Басқарудың
осы аталған әдістеріне экологиялық қатынастарды реттеп отыру, түсіндіру,
тәрбиелеу, білім беру, экономикалық ынталандыру, экологиялық тәртіп пен
ережелері бқзғаны үшін жазаларды қолдану шаралары жатады. Экологиялық
басқрудың мақсаты мен әдістері осы саладағы экологиялық заңдардың негізгі
арқауы және қатынастарды реттейтін ережелердің мзмұны болып табылады.
Басқарудың жүзеге асырылуы мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың,
лауазымды адамдар мен азаматтаррдың іс-әрекетіне, қызметіне және олардың
құқықтары мен міндеттерінің заңдарда толық қамтылуына байланысты болады.
Экологиялық басқарудың мақсаттарын басшылыққа ала отырып, атқарылатын
экологиялық қызметті мынадай түрлерге бөлеміз:
- ҚР мемлекеттік экологиялық бағдарламасын, облыстардың, қалалардың,
аудандардың бағдарламаларын әзКРлеп, жүзеге асыру.
- Қоршаған ортаны қорғау мен оны пайдалануды басқарудың экономикалық
тетігін белгілеу (қоршаған ортаны жоспарлау, экологиялық
бағдарламаларды және оын қорғау жөніндегі шараларды қаржыландыру).
- Табиғи ресурстарды пайдалануға беру және ақы төлеу тәртіптерін
белгілеу.
- Табиғи ресурстарды есепке алу, бағалау, олардың кадастрларын жүргізу.
- Жалпыға бірдей экологиялық тәрбие мен білім беруді ұйымдастыру.
- Қоршаған ортаның сапасын нормалау.
- Табиғи қорларды пайдаланудың экологиялық нормативтерін, лимиттерін
белгілеу.
- Ластайтын заттарды қоршаған ортаға шығару мен ластаудың және
қалдықтарды орналастырудың тәртібін бекіту.
- Республикалық табиғат қорғау қорын және оның жұмсалу тәртібін
белгілеу.
- Қоршаған ортаны пайдалану мен қорғауға мемлекеттік қадағалау және оған
бақылау жүргізу.
- Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу.
- Төтенше экологиялық жағдай және экологиялық апат айсақтарын белгілеу.
- Қоршаған ортаны қорғау саласында халықаралық ынтымақтастықты
ұйымдастыру.
Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану және қорғау, қоршаған
ортаның адам өмірі мен денсаулығына қолайлы болуына жағдай жасау туралы
заңдар мен заң актілерді дайындау және қабылдау.Қазақстан Республикасы жер
кодексінің нормаларына сйкес республика аумағында жерге мемлекеттік меншік
құқығының субъектісі - Қазақстан Республикасы. Оның жерді иеленуге,
пайдалануға және билік етуге құқығы бар. Осы меншік құқығының мазмұнына
қарай жерді басқару органдары мен жер пайдаланушылардың құзыреті
белгіленеді. Бұл заң ҚР Конституциясына сай келеді. Орталық және
жергілікті мемлекеттік және басқару органдары табиғи ресурстарға
мемлекеттік меншік құқығын заңда белгіленген басқару уәкілдігіне ие бола
алады. Оларда табиғи ресурстарды иемдену мен пайдалану құқығы жоқ.
Мемлекеттік кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдардың заңда көрсетілген ретте
ғана табиғи ресурстарға иемдену, пайдалану, билік ету құқығы бар. Оның
өзінде билік ету құқығы да, мемлекет атынан және заңдарда көрсетілген
жағдайларда ғана жүзеге асырылады.
Табиғи ресурстарға мемлекет меншігін және оның субъектілерін, басқру
органдарын, шегі мен мазмұнын тек қана халық, оның атынан мемлекет, халық
пен мемлекет атынан ҚР Конституциясына сай, ҚР Президенті, Конституциялық
өкілеттігі шегінде Парламент заңдар арқылы белгілейді. Республика Үкіметі
және зге де мемлекеттік органдар мемлекет атынан оларға бегшілген
өкілеттіктері шегінде ғана жүргізе алады (3,66,85-баптар). Барлық табиғи
ресурстарға меншік құқығы туралы заңдар ҚР Конституциясына сәйкес болуы
керек. ҚР Конституциясының 6-бабына сәйкес меншік субъектілерінің өз
құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері де заңмен белгіленеді. БІРақ
табиғи ресурстарға мемлекеттік меншіктің мазмұндарының негізі болып
табылатын бұл Конституциялық нормалар “Қоршаған ортаны қорғау туралы”
заңдардың барлығында аталып көрсетілмейді. Ондай нормалар 2003 ж. 20
маусымда қабылданған “Жер кодексінде” ғана бар. Басқа экологиялық және
экономикалық салалық заңдарда жоқ. Мысалы: 1997 ж. 15 шілдеде қабылданған
“Қоршаған ортаны қорғау туралы” және “Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
туралы” заңдарда табиғи ресурстарға, табиғи аумақтарға мемлекеттік меншік
құқығының шегі мен мазмұны аталмаған. “Қоршаған ортаны қорғау туралы”
заңның 4-тарауы “Табиғи ресурстар мен табиғат пайдалану” деп аталады.
Табиғи ресурстарға мемлекет меншігі аталмаған. Осы баптың мазмұнында табиғи
ресурстарға мемлекеттік меншік құқығы және жеке меншік құқығы көрсетілген.
“Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы” заңның 5-бабы “Ерекше
қорғалатын табиғи аумақтар меншігі” деп аталады. Егер меншік туралы
Конституциялық нормаларға тікелей жүгінсек оларда табиғи ресурстарға ғана
мемлекеттік меншік құқығы бар, ал табиғи аумақтарға меншік құқығы
берілмеген. Дұрысы: “Табиғи аумақтардағы табиғи ресурстар мемлекет
меншігінде болады” деу керек еді. ҚР табиғи ресурстарға мемлекеттік
меншігі құқығының мазмұнын – иемдену, пайдалану және билік ету құрайды,
сондай-ақ оған мемлекеттік басқару құқығы да жатады. Табиғи ресурстарға
мемлекеттің иелену құқығы – осы ресурстарды меншікке алудың заңды нысаны
және оны жүзеге асыру мүмкіндігі мен қызметі. Табиғи ресурстарды
мемлекеттің пайдалану құқығы - табиғи ресурстардың пайдалы қасиеттерін
және одан түскен табысты иемдену, сондай-ақ өзге де пайда алу қызметі.
Табиғи ресурстарға мемлекеттің билік ету құқығы – табиғат объектілерінің іс
жүзінде немесе заң жүзінде тағдырын айқындауға берілген мүмкіндік. Осы
мүмкіндік арқылы табиғи ресурстардың пайдалы қасиеттерін және одан түскен
табысты иемдену, сондай-ақ өзге де пайда алу қызметі. Мемлекеттің табиғи
ресурстарын иемдену, пайдалану және билік ету құқығының табиғи ресурстарды
пайдаланушылар, иемденушілер мен кейде билік етушілердің құқығынан
ерекшеліктері бар. Мұны меншік иесі құқығының мазмұнынан көруге болады:
3) Мемлекет табиғат ресурстары өз құқығының мазмұнын түзіп, оларды меншік
иесі ретінде жүзеге асырады. Басқалар, табиғат ресурстарын иемденушілер,
пайдаланушылар мемлекет белгілеп берген құқық шеңберінде ғана игілікке
асырады.
4) Мемлекет табиғат ресурстарына меншік құқығын мемлекет бойынша,
қоғамның, барлық адамдардың мүддесі үшін пайдаланады. Басқа табиғат
ресурстарын иемденушілер, пайдаланушылар өзіне иемденуге, пайдалануға
берген табиғат объектісін өз мүддесі үшін заңда көрсетілген мақсатта
ғана пайдаланады.
3) Табиғат қорларына мемлекеттің билік жүргізуі шексіз және оған ешкім шек
қоя алмайды,оны тоқтата да алмайды. БІРақ табиғат қорларына мемлекеттік
билік Конституцияға сәйкес болуы қажет. Сондықтан Конституцияға қайшы
келетін заң нормаларының күші болмайды.
Табиғат ресурстарын мемлекеттен басқа иемденушілер мен пайдаланушылар
заңда белгіленген ретте белгілі бір шекте билік ету құқығын пайдалануы
мүмкін. Оның өзінде де мемлекеттік басқару қызметі шегінде болады.
3. ҚР Конституциясында табиғи ресурстарға мемлекеттік меншік арқылы
пайдалану, оны қорғау, оны басқру табиғат туралы заңның бастамасы болды.
Сонымен бірге ҚР адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы қоршаған
ортаны қорғауды өзінің мақсаты етіп қойды.

Бақылау сұрақтары:
1.Табиғат обьектілеріне мемлекеттік меншік құқығының түсінігі және жалпы
сипаттамасы.
2. Мемлекет-табиғат обьектілеріне меншік құқығының субьектісі.
3. Табиғи ресурстарға жеке меншік құқығының мазмұны,обьектілері мен
субьектілері.
4.Табиғи ресурстарға жеке меншік құқығының пайда болу, өзгертілуі және
тоқтатылу негіздері.

4 - лекция. Тақырып: Шаруашылық және өзгеде қызметке қойылатын негізгі
экологиялық талаптар.

Жоспары:
1.Қоршаған ортаға әсерін бағалау, экологиялық құқықтық талаптың түрлері
2.Табиғи ресурстарды пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар
3.Өнеркәсіп, энергетика, көлік және байланыс объектілері мен ауыо
шаруашылық мақсаттағы объектілерді пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар

Лекция мақсаты: Студенттерге табиғатты пайдалану құқығының түсінігін,
қағидаларын және белгілерін экологиялық қатынастардың түрлері мен жалпы
сипатын, экологиялық қатынастардың мазмұны, пайда болуы, өзгертілуі,
тоқтатылуы, экология құқығының әдістері, қағидаларын, экологиялық құқықтың
жүйесін оқытып, үйрету.

Лекция мәтіні
1. Қоршаған ортаға теріс әсер ететін кәсіпорындарды, құрылыстар мен өзге де
объектілерді қайта бейімдеу, уақытша тоқтатып қою, меншігін ауыстыру және
тарату қоршаған ортаны қорғау жөнінде арнайы уәкілетті мемлекеттік
органдармен келісім бойынша не олардың қоршаған ортаға жасалатын әсерді
бағалау жөнінде жүргізілген тексерулерінен анықталған жолсыздықтар
жойылғаннан және келтірілген зиянның мөлшері белгіленген тәртіппен
толықтырылғаннан кейін ғана жүргізілуі мүмкін.
Сонымен қоршаған ортаға әсерді бағалау мемлекет тарапынан басқару
жүйелері арқылы бірінші кезекте шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын
бастапқы экологиялық талап. Оның шаруашылықтар мен қызметтің ыңғайына
қарай түрлері бар. Оларды шаруашылыққа, қызметке, тауарларға, материалдарға
қойылатын талаптарға бөлуге болады. Шаруашылықтың қызмет түрлеріне қарай
қойылатын талаптары да заңда көрсетілген. Мысалы: жердің жай-күйіне
жасалатын теріс әсерді және жерді қорғау жөнінде көзделген іс-шаралардың
тиімділігін бағалау мемлекеттік экологиялық сараптаманың, өзге де
мемлекеттік сараптамалардың нәтижелері бойынша жүргізіледі, олардың оң
қорытындысы болмайынша, жаңа техника мен технологияларды жүргізуге, жерді
мелиорациялау бағдармаларын жүзеге асыруға, үйлер және басқа да объектілер
салуды (реконструкциялауды) қаржыландыруға тиым салынады.
Қоршаған ортаға әсер - шаруашылықтың (қызметтің) дамуы туралы дайындық
пен шешімдер қабылдау жүйесіндегі экологиялық талаптардың құрылымдық
жүйесі.
Экологиялық бағалау тіршілік ортасының ахуалы-жағдайы немесе белгілі бір
фактордың оған ықпалын анықтау шаруашылық пен қызмет жүйесінде қоршаған
ортаға аса қауіпті объектілері мен түрлері бар. Осындай шаруашылықтар мен
қызмет түрлеріне олардың қоршаған ортаға әсерін толық бағалау жүргізілуі
тиіс. Оларды шаруашылыққа, қызметке, тауарларға, материалдарға қойылатын
талаптапрға бөлуге болады.

2. Жерді және жер қойнауын, суды, атмосфералық ауаны,ормандар және өзге де
өсімдіктерді, жануарлар дүниесін, экологиялық ғылыми және мәдени жағынан
ерекше құнды қоршаған ортаны қорғау объектілерін,ерекше ұорғалатын табиғи
аумақтарды және экологиялық жағдайы қолайсыз аумақтарды пайдалану
кезіндегі экологиялық талаптар заңдармен өзге де нормативтік-құқықтық
актілерімен белгіленеді.
Табиғи экологиялық жүйелердің бүлінуін, адамның, өсімдіктер мен
жануарлар дүниесінің генетикалық қорларының жойылуын, қоршаған ортаның адам
қмірі мен денсулығына қауіпті өзгерістерін туғызатын шаруашылық және өзге
де қызметке тиым салынады.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заң талаптарына сәйкес қорық
режимі ерекше қорғалатын табиғи аумақта немесе арнайы бөлінген учаскелерде
кез келген шаруашылық қызметке, сондай-ақ қоршаған ортаны табиғи жай-күйін
бұзатын өзге де қызметке тиым салынады. Заказник режимі ерекше қорғалатын
табиғи аумақта ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіптік шеберлік құрылымындағы педагогикалық қатынас
Интерактивтік әдістерді қолданып оқыту
Кәсіби-педагогикалық іс-әрекет – педагогикалық шеберліктің қалыптасуының негізі
Құқықтану мамандығы бойынша элективті пәндер тізімі
Жалпы білім беретін мектептерде өлкетану материалдарының географиядан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардағы ғылыми – педагогикалық негіздерін айқындау
Пәнді оқытуда жоспарланған нәтижелер
Мамандықтың пәндер каталогы
Үйірме жұмысы арқылы оқушы бойына рухани - адамгершілік және зияткерлік қасиеттерін қалыптастыру жолдары
Өкпе тіндерінің тығыздалуы синдромының анықтамасы
Әскери қызметшілердің қызметі мен тұрмысының жағдайларын жақсарту
Пәндер