Қазақстан Республикасының салық құқығының жалпы ережелері



Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім:
1. ҚР салық жүйесі
2. Салық қызметінің органдары
3. Бюджетке төленетін салықтар және басқа да міндетті төлемдер түсінігі, түрлері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе

Жалпы алғашқы салықтардың пайда болуының күнiн анықтау мүмкiн емес. Салықтардың прототипi адамзат қоғамымен басқарудың ең алғашқы формаларымен бiрге пайда болған.
Алғашқы қауымдастықтың өзiнде, қоршаған ортаның қатаң шарттарына амалсыз бейiмделуге, сыртқы жаудан қорғау үшiн, сонымен қатар асаршылық жағдайна азық- тұлiк қоғамдық запастарын сақтау үшiн, бiрнеше адамдардың қолдауын түсiнген.
Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық экономикалық қозғалысы мен саяси іс бағытына қарамастан ұлттық мемлекет әдістерінің негізгі көзі – ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық инструменті, мемлекеттің кірістерін және бюджеттін әдістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.
Нарықтық қатынастарға көшумен байланысты біздің еліміздің экономикасында көптеген жаңа мәселелер мен қажеттіліктер пайда болды.Олар жаңа мамандар мен жаңа теориялық және тәжірибелік дисциплиналардың,соның ішінде салық салу жүйесін негіздеді.
Салық салу жүйесін жекелей алғанда, оны нарықтық қатынастардың жаңалықтарына жатқызуға болмайды,бірақ жаңалық болып тәуелсіз бақылаудың пайда болуы табылады.Ол қоғамдық тәжірибелік қажеттілікті жүзеге асыруды-пайдаланушылар қызығушылығындағы экономикалық субъектілер ісі жөніндегі қаржылық ақпараттардың нақтылығын растауды қамтамасыз етті.
Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп,дамуының негізі болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Құлпыбаев С.К., Баязитова Ш. «Қаржы теориясы» Оқу құралы-Алматы: Мерей,2001
2. Есенғалиев В.А.,Хайруллина.Орал 2002
3. Салық және бюджетке түсетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)Қазақстан
4. Еркембаева Б.Ж. «Салықтар және салық салу» Оқу құралы.-Алматы: Қазақ ун-тi,2003.-131
5. Сахариев С.С. «Финансы» учебник. Алматы. Юридическая литература, 2004 г.
6. «История финансовой мысли и политики налогов» М.: ИНФРА-М, 1996 г.
7. «Финансы» учебник для вузов под ред. Л.А. Дробозиной М.: Финансы, 1999 г.

Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ИНСТИТУТЫ
ҚҰҚЫҚТАНУ КАФЕДРАСЫ

Пәні: Құқық негіздері
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының салық құқығының жалпы ережелері

Орындаған: Тур-09-1 тобының студенті
Иманбаева Ж.
Тексерген: аға оқытушы
Кулбаева М.М.

Ақтау 2011

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім:
1. ҚР салық жүйесі
2. Салық қызметінің органдары
3. Бюджетке төленетін салықтар және басқа да міндетті төлемдер түсінігі, түрлері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Жалпы алғашқы салықтардың пайда болуының күнiн анықтау мүмкiн емес. Салықтардың прототипi адамзат қоғамымен басқарудың ең алғашқы формаларымен бiрге пайда болған.
Алғашқы қауымдастықтың өзiнде, қоршаған ортаның қатаң шарттарына амалсыз бейiмделуге, сыртқы жаудан қорғау үшiн, сонымен қатар асаршылық жағдайна азық- тұлiк қоғамдық запастарын сақтау үшiн, бiрнеше адамдардың қолдауын түсiнген.
Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық экономикалық қозғалысы мен саяси іс бағытына қарамастан ұлттық мемлекет әдістерінің негізгі көзі - ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық инструменті, мемлекеттің кірістерін және бюджеттін әдістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.
Нарықтық қатынастарға көшумен байланысты біздің еліміздің экономикасында көптеген жаңа мәселелер мен қажеттіліктер пайда болды.Олар жаңа мамандар мен жаңа теориялық және тәжірибелік дисциплиналардың,соның ішінде салық салу жүйесін негіздеді.
Салық салу жүйесін жекелей алғанда, оны нарықтық қатынастардың жаңалықтарына жатқызуға болмайды,бірақ жаңалық болып тәуелсіз бақылаудың пайда болуы табылады.Ол қоғамдық тәжірибелік қажеттілікті жүзеге асыруды-пайдаланушылар қызығушылығындағы экономикалық субъектілер ісі жөніндегі қаржылық ақпараттардың нақтылығын растауды қамтамасыз етті.
Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп,дамуының негізі болып табылады.

Қазақстан Республикасының салық жүйесі.
Салықтар дегеніміз - мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер.
Салықтар - шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық категория. Салықтардың экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай - ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді.
Қазақстан Республикасы өз алдына егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғасын, экономиканы дербес түрде басқарды. Мемлекеттік басқару жүйелеріне көптеген өзгерістер жасалып, бірнеше заң жобалары қабылданды. Оларға қаншама өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Дамыған мемлекеттер мен көрші мемлекеттердің жүргізіп отырған саясаттарын сараптай отырып, өзіміздің ұлттық менталитетке сай, қажетті жақтарын алып отырады.
Нарықтық экономика мен мемлекеттің салық саясатының негізгі мақсаты- бюджеттің кіріс бөлігін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету болып табылады.
Салық саясатының басты мақсаты - салық жүйесін құрү және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіндік беретін салық механизмін іске асыру.
Мемлекеттің салық қызметі келесі бағыттардан тұрады:
мемлекеттің саалық жүйесінің қалыптасуы;
салық салу саламсында мемлекет органдарының міндетін анықтау;
арнайы салық органдарының жүйесін қалыптастыру;
салық заңын ұйымдастыру және оның сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
Салық жүйесі де өз алдына сала болып қалыптасуы үшін, біршама қиындықтарды бастан кешіре отырып, көптеген өзгерістер мен толықтырулар жасалынып, қазіргі кезде тұрақты жүйеге түсті. Қазақстан Республикасының салық жүйесі реформалаудың үш кезеңінен өтті.
Бірінші кезең.
1991 жылғы 9 шілдедегі Қзақ КСР Президентінің ҚазКСР мемлекетік салық қызметін құру туралы Жарлығымен ҚазКСР-нің басты мемлекеттік салық инспекциясы құрылды. 16 жалпы мемлекеттік және 27 жергілікті салық түрін қарастыратын салық жөніндегі заң актілер пакеті қабылданды.
Екінші кезең.
Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдады, онда еліміздің салық жүйесі мен салық заңнамасын бірте-бірте халықаралық стандарт салық салу принциптеріне сәйкестендіру көзделген еді. Осыған орай 1995 жылы 24 сәуірде Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы шықты. Бұл өз қаржы жүйемізді құруға ықпал етті. Ең бастысы, салық төлеу жүйесі ықшамдалып,салық саны 45-тен 11-ге дейін қысқартылды.Оның ішінде бесеуі мемлекеттік,алтауы жергілікті салықтар.
Қазақстан Республикасы Президентінің бұл Жарлығы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі ғ440-1 заңына сәйкес заң мәртебесін алды.
Үшінші кезең.
2001 жылы 12 маусымда Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі қабылданып, 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді.

Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес салықтың 9 түрі бар. 2005 жылы акциз салығын қосымша ретінде экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына рента салығы қосылды.

Салық қызметінің органдары

Алғашқыда салық комитеті Мемлекеттік кіріс министрлігінің құрамында болса, кейін 2001 жылы Қаржы министрлігінің құрамына дербес комитет болып кірді.
Салық қызметі органдарына салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін, міндетті зейнетақы жарналарының толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз ету жөніндегі, сондай-ақ салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындауына салық бақылауын жүзеге асыру жөніндегі міндеттер жүктеледі.
Салық қызметі органдары уәкілетті мемлекеттік орган мен салық органдарынан тұрады.
Салық органдарына аймақаралық салық комитеттері, облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық комитеттері, ауданаралық салық комитеттері, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша салық комитеттері жатады.
Салық органдары тиісті жоғары қарай тікелей бағынады және жергілікті атқарушы органдарға жатпайды.
Салық қызметі органдарының міндеттері:
1. Салық қызметі органдары:
1) салық төлеушінің құқықтарын сақтауға;
2) мемлекеттің мүдделерін қорғауға;
3) салық төлеушінің салық міндеттемелерін орындауына, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының дер кезінде ұсталуына және аударылуына салық бақылауын жүзеге асыруға;
4) салық төлеушілердің, салық салу обьектілері мен салық салуға байланысты обьектілердің есебінен, есептелген және төленген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есебін белгіленген тәртіппен жүргізуге ;
5) белгіленген салық есептілігінің нысандарын толтыру тәртібін түсіндіруге;
6) салық тексеруін қатаң нұсқамалар бойынша жүргізуге;
7) салық кодекс ережелеріне сәйкес салық құпиясын сақтауға;
8) салық кодексте көзделген мерзімдер мен жағдайларда салық төлеушіге салық міндеттемелерінің орындалуы жөнінде хабарлама тапсыруға;
9) салық төлеушінің өтініші бойынша үш күн мерзімнен кешіктірмей салық міндеттемелерін орындауы жөніндегі бюджетпен есеп айырысуларының жай-күйі туралы оның жеке шотынан көшірмені беруге;
10) салық төлеушіге берілетін, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салық міндеттемелерінің орындалу фактісін растайтын квитанциялар көшірмесінің бес жыл бойы сақталуын қамтамасыз етуге;
11) мемлекет меншігіне айналған мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және өткізу тәртібінің сақталуын, сондай-ақ оны сатудан түскен ақшаның бюджетке толық және дер кезінде түсуін бақылауды жүзеге асыруға;
12) салық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолдануға және салық төлеушіден салық берешегін Салық Кодексіне сәйкес мәжбүрлеп өндіріп алуға;
13) Қазақстан Республикасның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес салық төлеушіге әкімшілік айыппұлдар салуға міндетті.
2. Салық тексеруі барысында салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден қасақана жалтару фактілері, сондай-ақ қылмыс белгілерін көрсететін әдейі, жалған банкроттық фактілері анықталған кезде, салық органдары Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес іс жүргізу шешімін қабылдау үшін тиісті құқық қорғау органдарының тергеуіне жататын материалдарды жібереді.
3. Салық қызметі органдары Қазақстан Республикасының салық заңдарымен көзделген өзге де міндеттерді орындайды.
Салық қызметі органдарының құқықтары
1. Салық қызметі органдары:
1) Салық Кодексінде көзделген нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге және бекітуге;
2) өз құзіреті шегінде салық міндеттемелерінің туындауы, орындалуы мен тоқтатылуы жөнінде түсіндіруді жүзеге асыруға және түсініктеме беруге;
3) Салық Кодексінде белгіленген тәртіппен салық бақылауын жүзеге асыруға;
4) Салық төлеушінің ақша құжаттарына, бухгалтерлік кітаптарына, есептеріне, сметаларына, ақшасының бар- жоғына, бағалы қағаздарына, есеп айырысуларына, декларацияларына және салық міндеттемелерін орындауға байланысты өзге де құжаттарына Қазақстан Республикасының белгіленген талаптарды сақтай отырып, тексеру жүргізуге;
5) Салық төлеушіден уәкілетті мемлекеттік орган белгіленген нысандар бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу мен төлеу жөнінде құжаттар, оларды толтыру жөнінде түсіндірмелер, сондай-ақ салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының дұрыс есептелінгенін және дер кезінде төленгендігін (ұсталғандығын және аударылғандығын ) растайтын құжаттар беруді талап етуге;
6) Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген тәртіппен салық тексеруін жүзеге асыру барысында салықтық құқық бұзушылықтар жасалынғанын айғақтайтын қжаттарды салық төлеушіден алып қоюға;
7) Орналасқан жеріне қарамастан табыс табу үшін пайдаланатын кез келген салық салу обьектілері мен салық салуға байланысты обьектілерді тексеруге, салық төлеушінің мүліктеріне (тұрғын үй-жайлардан басқа) түгендеу жүргізуге;
8) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбе бойынша уәкілетті мемлекеттік орган белгіленген тәртіппен салық төлеушіден электрондық құжаттар түріндегі ақпарат алуға;
9) Тексерілетін салық төлеушіге заңды тұлға мен жеке кәсіпкерге салық салуға байланысты мәселелер бойынша коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге Қазақсан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық негіздері пәні бойынша ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Кеден құқығының негізгі түсініктері, пәні, міндеттері және жүйесі. Кеден одағының және ҚР кеден заңнамасы
Қылмыстық іc жүргізу құқығының көздері
ҚР салықтық құрылысы
Діни бірлестіктің жалпы сипаттамасы
Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру шарттары
Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау комитеті
ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ. Студенттерге арналған оқу құралы
Жер құқығы
Мемлекет, құқық және мемлекеттік-құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар туралы ақпарат
Пәндер