Инвестицияны тартудың халықаралық тәжірибесі және оны Қазақстанда қолдану



Кіріспе

1.Инвестицияның теориялық . әдістемелік негізі
1.1.Инвестицияның экономикалық мәні және оның формалары
1.2.Шетел капиталының артықшылықтары мен кемшіліктері
2.ҚР ұлттық экономикасындағы шетелдік инвестициялар
2.1.Шетел капиталын тартудың ерекшеліктері
2.2.Қазақстанның инвестициялық хал.ахуалы
2.3.Инвестициялық іс.әрекетті мемлекеттік реттеу
3.Инвестицияны тартудың халықаралық тәжірибесін Қазақстан жағдайында қолдану
3.1.Инвестициялық іс.әрекетті реттеудің халықаралық тәжірибесі
3.2. Қазақстанға инвестиция тартудың мәселелері және оны шешуде халықаралық тәжірибені қолдану

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі
Тәуелсіздік алған және жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өткен кезеңде қоғамда көптеген құрылымдық өзгерістер болды.Ол ,ең алдымен, экономика саласына қатысты болды.Осы кезеңдегі негізгі өзгерістердің бірі ел экономикасына отандық және шетелдік инвесторлардың тартылуы болды. Елімізге шетелдік инвестицияның келуі 1993 жылдан басталды.
Қазіргі кезде еліміз ТМД елдері ішінде инвестицияны тарту бойынша жетекші орында.Оң инвестициялық климат көптеген қолайлы факторлар әсерімен қалыптасты.Әйтсе де, инвестицияны тартуда көптеген кемшіліктер мен шешімін таппаған мәселелер бар.Осы мәселелерді шешуде халықаралық тәжірибені қолданып,қолайлы инвестициялық саясат жүргізу- мемлекетіміздің басым бағыттарының бірі.
1.Б.Хусаинов «Международная миграция капитала и развитие международных экономик. » Алматы,2006г
2.У.Баймуратов «Инвестиции и инновации: нелинейный синтез» Том 3
БИС,Алматы,2005
3.Н.Н.Ливенцев,Г.М.Костюнина «Международное движение капитала (Инвестиционная политика зарубежных стран)» Москва «Экономистъ» 2004
4.Л.Л.Игонина «Инвестиции» Москва «Юристъ» 2002
5. «Банки Казахстана»2007 №11
6. «Эксперт Казахстан» 2007 №12
7. «Мир финансов» 2006 №8
8. «Казахстан –спектр» 2005 №2
9. «США. Канада: экономика, политика, культура»2006 №2
10. «Экономика и право Казахстана» 2007 №3
11. «Аналитик» 2007 №4
12. «Аль –Пари» 2007 №2
13. «Малый и средний бизнес Казахстана» 2007 №10
14. «Финансы Казахстана»2007 №6
15.Г.М.Мухтанов,В.П.Куликов,В.П.Куликова «Информационная поддержка принятия инвестиционного решения в условиях риска»
Астана,2005г

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

ИНВЕСТИЦИЯНЫ ТАРТУДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕСІ ЖӘНЕ ОНЫ ҚАЗАҚСТАНДА ҚОЛДАНУ

Орындаған: Э-21 қ тобының студенті

Марқабаева М.С.

Тексерген: Шалболова Э.Ж.

Астана
2008

Жоспар

Кіріспе

1.Инвестицияның теориялық - әдістемелік негізі
1.1.Инвестицияның экономикалық мәні және оның формалары
1.2.Шетел капиталының артықшылықтары мен кемшіліктері
2.ҚР ұлттық экономикасындағы шетелдік инвестициялар
2.1.Шетел капиталын тартудың ерекшеліктері
2.2.Қазақстанның инвестициялық хал-ахуалы
2.3.Инвестициялық іс-әрекетті мемлекеттік реттеу
3.Инвестицияны тартудың халықаралық тәжірибесін Қазақстан жағдайында
қолдану
3.1.Инвестициялық іс-әрекетті реттеудің халықаралық тәжірибесі
3.2. Қазақстанға инвестиция тартудың мәселелері және оны шешуде
халықаралық тәжірибені қолдану

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Менің курстық жұмысымның тақырыбы-Инвестицияны тартудың халықаралық
тәжірибесі және оны Қазақстанда қолдану.Менің бұл тақырыпты таңдау себебім
инвестицияны тартудың халықаралық тәжірибесіне деген қызығушылық болып
табылады.
Курстық жұмыстың өзектілігі мынада деп ойлаймын.Тәуелсіздік алған
және жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өткен кезеңде қоғамда
көптеген құрылымдық өзгерістер болды.Ол ,ең алдымен, экономика саласына
қатысты болды.Осы кезеңдегі негізгі өзгерістердің бірі ел экономикасына
отандық және шетелдік инвесторлардың тартылуы болды. Елімізге шетелдік
инвестицияның келуі 1993 жылдан басталды.
Қазіргі кезде еліміз ТМД елдері ішінде инвестицияны тарту бойынша
жетекші орында.Оң инвестициялық климат көптеген қолайлы факторлар әсерімен
қалыптасты.Әйтсе де, инвестицияны тартуда көптеген кемшіліктер мен шешімін
таппаған мәселелер бар.Осы мәселелерді шешуде халықаралық тәжірибені
қолданып,қолайлы инвестициялық саясат жүргізу- мемлекетіміздің басым
бағыттарының бірі.
Менің осы курстық жұмысты жазғандағы мақсатым - шетел капиталының
еліміз экономикасына оң және теріс салдарын қарастыру. Республикамыздың
инвестициялық климаты мен шетел капиталын реттеудің халықаралық тәжірибесін
талдап көре отырып,еліміздің инвестициялық белсенділігі мен тартымдылығын
арттыруда өзімізге сәйкес келетінің қарастыру.
Курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады.Алғашқы теориялық бөлімде мен
инвестиция ұғымына жалпы тоқталып өттім.Сондай-ақ, инвестиция формалары мен
шетел капиталының артықшылықтары мен кемшіліктерін қысқаша түрде
қарастырдым.
Талдау бөлімін толығымен еліміздегі инвестициялық процеске арнадым.
Бұл жерде мен ел экономикасына шетео капиталын тартудың кезеңдері мен
ерекшелігіне тоқталдым.Еліміздің инвестициялық хал-ахуалын талдай келе,
инвестициялық қызметті реттеуде елімізде атқарылу деңгейі мен шаралары
жөнінде қарастырдым.
Соңғы бөлімінде, ең алдымен, инвестициялық саясаттың кореялық
тәжірибесі, шетел инвестициясын ынталандырудың американдық тәжірибесі мен
Шығыс Еуропа елдерінің тәжірибесі жөнінде баяндадым.Келесі кезекте
Қазақстанға инвестиция тартудың мәселелері ,оны шешу жолдары, оның ішінде
халықаралық тәжірибені қолдануды талдауға тырыстым.

1.Инвестицияның теориялық-әдістемелік негізі

1.1 Инвестиция және оның формалары

Шетелдік капиталды тартудың тенденцияларын анықтау үшін, олардың
ұлттық экономиканың дамуына әсер ететін басты фактор екеніне көз жеткізу
үшін, оларды қолданудың нәтижелілігін анықтау үшін “инвестиция” ұғымының
әлеуметтік-экономикалық мазмұнын нақтылау қажет.
Экономикалық әдебиеттерде жеткілікті дәрежеде көптеген анықтамалар
берілген, бірақ әртүрлі авторлар ұсынған ол анықтамалардың барлығы
құбылысты күрделі және көп аспектілікке әкеліп соқтырады. Инвестицияның кең
тараған анықтамасы – бұл инвесторлардың өз кәсіпкерлік әрекетінің
объектісіне салған мүліктік және интеллектуалды құндылықтарының барлық
түрлері. Экономикалық мәнінде инвестиция “өндірістік күшті қалыптастыруда
өндіріс процесінде жеке еңбектің тұтынуға қарағанда жоғары құнды
қалыптастыруы арқасында болатын жеке еңбек пен қоғамдық еңбекті салу
процесі” ретінде анықталады.
Экономикалық әдебиеттердің анализі көрсеткендей, “капитал салымдары”
термині – ол негізгі қорлар өндірісіне кеткен қаржылық шығындар. Мысалы,
Г.И.Хачатуров капитал салымдары астарында негізгі қорлар өндірісіне кеткен
шығындарды, олардың көбеюі мен жүзеге асырылуын түсінуді ұсынады.
М.И.Кулагин экономикалық мәнде инвестицияны өндіріске, көлік, ауыл
шаруашылығы және табысқа ие болу мақсатындағы ұлттық экономиканың өзге де
салаларына құралдардың ұзақ мерзімді салымын түсінуді ұсынады(58).
Бұдан да кең анықтамаларды шетелдік экономистер береді. Соның ішінде,
Кейнс инвестиция болып “белгілі бір кезеңдегі өндірістік әрекет нәтижесінде
капитал мүлігі құндылығының аралық өсімі” немесе “сол кезең ішінде иелікке
алынуда қолданылмаған табыстың бөлігі” табылады деп санайды.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы “Инвестициялар
туралы” 373-ІІ заңы да “инвестиция” ұғымына анықтама береді.Бұл заң
бойынша, “инвестиция” – табысқа ие болу мақсатындағы кәсіпкерлік әрекет
объектісіне салынған мүліктік және интеллектуалдық құндылықтардың барлық
түрі. Заңда көрсетілген бұл мүліктік құқықтардың тізімі жеткілікті дәрежеде
кең, мысалы, лицензияға негізделген немесе өзге формада мемлекеттік
органмен ұсынылған әрекеттің жүзеге асырылуына қатысты кез-келген құқықты,
сонымен бірге Қазақстан Республикасы территориясында инвестицияланған және
алынған табысты инвестицияға жатқызады.
Инвестицияларға жылжымалы және жылжымайтын мүлік пен мүліктік құқық,
иелік ету құқығы, облигация мен өзге де борыштық міндеттер, акциялар,
сонымен бірге комерциялық ұйымдарға қатысудың және инвестициямен байланысты
шарт бойынша орындалатын қызметтер, тауарлар, ақшалай сомаларды талап
етудің өзге де формалары жатқызылады. Бұдан өзге бұл тізімге
интеллектуалды әрекеттің нәтижесіне құқықтық, оның ішінде авторлық құқық,
патенттер, тауарлы белгілер, өндірістік үлгілер, технологиялық процестер,
ноу-хау, нормативті-техникалық, архитектуралық, құрылымдық және
технологиялық жобалы құжаттамалар қосылған.
Экономикалық әдебиеттердегі жоғарыда көрсетілген анықтамалардағы және
Қазақстан Республикасының “Инвестициялар туралы” заңындағы заң саласы
бойынша берілген анықтама тұрғысынан қарағанда “инвестиция” ұғымының
өзіндік белгісі болып “табыс алу” белгісінің болуы табылады.
“Инвестиция” ұғымына жасалған талдаудан инвестициялардың мүліктік және
мүліксіз сипатқа ие екендігін айтуға болады. Кең аспектіде мүліксіз
инвестициялар астарында әдеби және шығармашылық туындыларға құқық, ойлап
тапқан жаңалыққа құқық, өндірістік үлгілер, интегралды кестелер
типологиясын түсіну керек; сонымен бірге өзіндік ерекшелікке ие
технологиялық мәліметтер, өндіріс құпиялары, конфиденциалды коммерциялық
ақпараттар, тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, фирмалық атаулар,
яғни интеллектуалдық мүлік, иелік ұғымына кіретіндердің барлығы қамтылады.
Инвестицияның бұдан өзге категориялары мүліктік инвестицияларға
жатқызылады. Олардың өзіндік белгісі болып материалдылық көрінеді: қаржы,
материалды құндылықтар, заттық құқықтар.
Сонымен, инвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына
және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей,
заттай сондай-ақ ақша қаражаты түрінде , яғни капитал түрінде салынып ол
шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың
жиынтығын айтады.
Инвестиция дегеніміз- бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа
да заттарды , яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап,
сол арқылы келешекте , яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай
үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады.
Бұл жоғарыда айтылған процеспен екі фактор байланысты болып келеді.
Оның біріншісі – уақыт, ал екіншісі – тәуекелдік . Сонымен қатар инвестиция
экономикалық өсудің негізі бола отырып , елдің әлеуметтік дамуына жағдай
жасайды. Осы айтылғандармен қатар инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы
және тұрақты қарқынын қалыптастырудың , ғылыми- техникалық прогресс
жетістіктерін өсірудің , инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып
саналады.
Инвестициялар әр түрлі формада жүзеге асады.Талдауды жүйелеу мен
инвестицияны жоспарлау мақсатында оларды әр түрлі белгілер бойынша жіктеуге
болады.
Тағайындалу түрлері бойынша инвестициялар нақтылық және қаржылық
инвестиция болып екі түрге бөлінеді.
Нақтылық инвестиция дегеніміз – шаруашылық субъектісіндегі белгілі бір
материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің (жер, жабдық , құрылыс)
өсуіне , дамуы жұмсалану үшін салынатын салымдар болып табылады.
Қаржылық инвестиция дегеніміз – акционерлік қоғамдар немесе мемлекет
шығарған акцияларға , облигациялар және басқадай құнды қағаздарға
банктердің депозиттерін салынған салымдар болып табылады.
Қаржылық инвестициялар иелену мерзіміне қарай мынадай категорияларға
жіктеледі:
а) қысқа мерзімдік иелену- иелену мерзімі бір жылға дейін;
ә) ұзақ мерзімдік – иелену мерзімі бір жылдан артық;
Инвестиция классификациясының өзге негізі ретінде инвестициялау
объектісін басқаруда инвестордың қатысуы мен қатыспауын санауға болады.
Сондықтан, инвестиция негіздемесін қоржынды инвестициялар деп аталатын
тікелей және жанама инвестицияларға бөлуге болады. Тікелей инвестициялар
шетелдік, болмаса отандық болып табылатын жүз пайыз инвесторға тәуелді
біріккен кәсіпорындар мен кәсіпорындар құруда жүзеге асырылады.
Инвестицициялаудың мұндай формасында инвесторлар кәсіпорынды (компанияны)
басқаруға тікелей қатысады.
Тікелей инвестиция дегеніміз- капиталды экспорттаушының қабылдаушы
ел территориясында өндірісті ұйымдастыруын айтады. Тікелей инвестициялар
арқылы халықаралық корпорациялар дүниежүзілік нарықта өз бөліктерін
жүргізеді
Тікелей шетелдік инвестициялар (foriegn direct investment) – бір елдің
кәсіпорын-резидентінде (тікелей инвестицияларға ие кәсіпорындар) өзге елдің
резиденттік қызығушылығына ұзақ мерзімді ие болуы (тікелей инвестор
ретінде).
Қоржынды инвестициялар кәсіпорынды басқаруға тікелей қатысуды
көздемейді, шетелдік инвесторлар арқылы акция мен құнды қағаздарға, яғни
бұл кәсіпорындарға ақшалай салынған капиталға девидендтер алуды болжайды.
Қоржынды инвестициялар – бұл шетелдік кәсіпорын әрекетіне тікелей бақылау
мүмкіндігін бермейтін капитал салымының акция, облигация сияқты өзге
формалары. Инвесторлар тек құнды қағаздар жөніндегі бекітілген ережелерге
сәйкес табыс ала алады.
Қоржынды инвестициялар – ірі корпорациялар, орталық (мемлекеттік) және
жеке меншік банктер шығаратын облигациялық заемдарды қаржыландыруға
арналған шетелдік капиталды тартудың маңызды көзі. Шетелдік қоржынды
инвестицияның жүзеге асырылуында делдал ретінде, әдеттегідей, ірі
инвестициялық банктер бой көрсетеді.
Инвестициялық қызмет формалары сондай-ақ мерзімі,меншік формасы,
саласы,аймағы,т.б. белгілер бойынша да жіктеледі(1-кесте).
Салу мерзімі бойынша қысқа,ұзақ және орта мерзімді инвестиция болып
бөлінеді.
Қысқа мерзімді инвестиция дегеніміз 1 жылға дейінгі инвестиция болып
табылады.Бұл инвестициялар әдетте алып-сатарлық қасиетке ие.Орта мерзімді
инвестициялық салымдар бір жылдан үш жылға дейінгі салымдарды қамтиды.Ұзақ
мерзімді инвестициялар үш жылдан жоғары мерзімге салынады.
Инвестициялық ресурстарға меншік формасына байланысты жеке,
мемлекеттік,шетелдік,аралас инвестиция болып бөлінеді.
Жеке инвестициялар дегеніміз-жеке инвесторлардың салымдары.Мемлекеттік
инвестициялар-биліктің мемлекеттік органдарың, мемлекеттік меншіктегі
кәсіпорындардың инвестициялары.
Шетелдік инвестицияларға шетелдік азаматтар,ұйымдар мен меилекеттердің
салымдары жатады.
Аралас инвестицияға отандық және шетелдік экономикалық субъектілердің
салымдары жатады.
Аймақтық белгісі бойынша мемлекет ішіндегі және шет мемлекеттегі
инвестициялар болып бөлінеді.
Салалық құрылымы бойынша экономиканың түрлі салаларына салынатын
инвестицияларды бөледі:өнеркәсіп,ауыл шаруашылығы,құрылыс, байланыс пен
транспорт,т.б.
Тәуекел бойынша агрессивтік,консервативтік,біркелкі инвестицияны
бөлуге болады.
Агрессивті инвестициялар тәуекелдің жоғары дәрежесімен сипатталады.
Олар жоғары табыстылық және төмен өтімділікпен сипатталады.
Біркелкі инвестициялар тәуекелдің орта деңгейімен сипатталады.
Консервативтік инвестициялар тәуекелдің төменгі деңгейімен анықталады.

1-кесте
Жіктеу белгілері Инвестиция түрлері
Салу объектісі бойынша: Нақты
Қаржылық
Салу мерзімі бойынша: Қысқа мерзімді
Орта мерзімді
Ұзақ мерзімді
Инвестициялау мақсаты бойынша: Тура
Қоржындық
Салу сферасы бойынша: Өндірістік
Өндірістік емес
Инвестициялық ресурстарға меншік Жеке
формасы бойынша: Мемлекеттік
Шетелдік
Аралас
Аймақ бойынша: Ел ішіндегі
Шет мемлекеттегі
Тәуекел бойынша: Агрессивті
Бірыңғай
Консервативті

1.2.Шетелдік капиталдың артықшылықтары мен кемшіліктері

Тура инвестициялардың кәсіпкерліктің өзге формаларымен салыстырғанда
айырмашылығы оның дербестігінде болып табылады.Тура инвестициядан тура және
жанама пайда алуға болады.
ТШИ түсетін тура пайдалар:
*әлемдік шаруашылықтағы ұлттық экономиканың интеграциясын жылдамдатуға
бағытталған жоғары технологиялар мен басқарудың озық механизмдерінің
трансфертін қамтамасыз ету;
*қолайлы инвестициялық климат жағдайында пайданы реинвестициялау;
*инвестициялық құралдарды максималды тиімді қолдануға деген шетелдік
инвесторлардың қызығушылығы,бұдан шығатыны-өнімнің бәсекелестігін тудыру.Ал
ол өз кезегінде пайда жоғарылауына әкеледі.
*барлық кезеңдерде күшті біріктіру.Ол өндірістің жоғары технологиясында
көрінеді.
*елдің экспорттық әлеуетінің артуы,төлем балансының азаюы және т.б.
ТШИ жанама пайдасы,ең алдымен,динамикалық экономика негізінде әлеуметтік
өмірде тиімділікке жетумен байланысты.Сондай-ақ кәсіпорындағы нақтылы
реформалармен,атап айтқанда,мыналармен байланысты:
*қосымша инвестициялық капитал ірі инвестициялық жобалардың жүзеге
асуына көмектеседі
*құрал-жабдықтардың және технологиялардың жаңаруы кәсіпорында
инвестиция тартудың негізінде жүзеге асады.Оның нәтижесі еңбек
өнімділігінің артуы,бәсекеге қабілетті өнім шығару болып табылады.
*өндірістік цикл мен еңбек ұжымын басқарудың озық әдістерін үйрену
*шетел валютасын әкелу негізінде батыс нарықтарына шығуға
мүмкіншіліктің пайда болуы,жергілікті мамандарды сәйкес деңгейге үйрету
*экономиканың әр түрлі салаларында қайта құру үдерісінің жылдамдауына
жол ашылу
ТШИ екі ұйымдық құрылымда жүзеге асады:фирмалардың филмалдары және
біріккен кәсіпорындар.Өндірістік инвестициялар әр түрлі болады: жылжымайтын
мүлікке ,құрал-жабдыққа,жерге,жаңа өндіріске,жұмыс істеп жатқан өндірісті
қайта жарақтандыруға салымдар,кәсіпорынды приватизация үдерісі арқылы сатып
алу не концессияға айналдыру.
Филиалдар мен біріккен кәсіпорындар ішкі және сыртқы нарықта қызмет
жасайды.Шетелдік инвесторларды әсіресе экономиканың шикізат саласына
инвестициялар қызықтырады.Қазақстанда бұл отын-энергетика және тау-кен
кешені болып табылады.
Дамушы елдерде тура шетелдік инвестицияларды экономикаға тарту ,ең
алдымен,ұзақ мерзімді стратегиялық мәселелерді шешуге жол ашады.Капитал
импорты өндіріске ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін,озық басқару
тәжірибесін енгізуге мүмкіндік береді.Ал бұл инвестицияны ары қарай тартуға
және экономикалық өсуге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Капитал иесі инвестициялау туралы шешімді тәуекел бағасына,тусетін
пайдаға негізделіп қабылдайды.Сызықтық талдау бойынша кәсіпкерді инвестиция
тартымдылығының салыстырмалы сәттері қызықтырады.Сызықтық емес талдау
бойынша тәуекел мәселесі,мемлекеттік органдармен ынтымақтастық, заңның
жетілдірілуі, қоғамның диверсификациясы қызықтырады.
Компаниялар,бір жағынан,ірі капиталмен тәуекел жасамайды,екінші
жағынан,импорттаушы мемлекеттің жарғыларымен,ерекшеліктерімен танысады.
Көп факторларға аса көңіл бөлінеді.Мысалы,заңдық базаның
жетілдірілуі. Өкінішке орай,ТМД мемлекеттерінде бұл үдеріс баяу
жүруде.Заңдардағы жиі болатын өзгерістер мемлекеттік органдардың жұмысының
шашараңқылығына әсер етеді.Бұл шетелдік инвесторлар жұмысының белсенділігін
төмендетеді.
Бағалар мен валюта бағамының тұрақсыздығы іскерлік жоспарлауды
тежейді,инвестициялау кезіндегі тәуекелдікті сездіреді.Батыс инвесторлары
үшін шикізат қорлары да үлкен қызығушылық тудырады:мұнай,газ, минералдық
және орман ресурстары.Шетелдік инвестицияны тартудың инвестициялық
климаттан тәуелділігі сызықтық сипатта болады.Мысалы, 1992 жылы 1.9трлн.
долл.болған барлық инвестицияның 489млрд. Долл.АҚШ-
қа, 243млрд.долл.Ұлыбританияға тиесілі болды.Біріккен
инвестицияның 100млрд.долл. жапондықтардың АҚШ-қа салған салымы
болатын.Нәтижесінде Америкадағы Жапонияның инвестициялық үлесі 23 пайызға
жетті.Бұл өте түсінікті жайт,себебі бұл елдердегі инвестициялық климат
рейтингісі үнемі алғашқы бестікте келеді.
Шетелдік инвесторларды екі топқа бөлуге болады.Бірінші топқа
белсенді кәсіпкерлер жатады.Олар тұрақты түрде жаңа мүмкіншіліктер
іздейді.Олар барлық жағдай туралы:өзге елдерде не болып жатқаны туралы
хабардар болып отырады,осы нарыққа бірінші болып енуге,оларда басымдыққа ие
болуға әрекет жасайды.Екіншілері-белсенді емес кәсіпкерлер.Мұндай
инвесторлар өз құралдарын оларға тиімді жоба ұсынғанда ғана салады. Қандай
инвесторлар нәтижелі екенін анықтау қиын.Біріншілері нақты ұсыныстармен
ерекшеленсе,екіншілері инвестицияның үлкен көлемімен ерекшеленеді.
Қазақстан үшін үлкен салымдары бар,оларды іске асыруға мүмкіндік
іздейтін, инвестицияланатын жаңа технология мен басқарудың жаңа жүйесі,
интеллектуалдық капитал өте маңызды.
Жаңа технологиямен алмасу әр түрлі жолдармен жүзеге асады.Кейбір
мемлекеттерде олардың иелері жоғары бағамен сатуға әрекет жасаса,
кейбіреулері технологияны беруді нарықтың белгілі бір бөлігіне иелік етудің
құралы деп ұғынады.Көбіне бұл киім,аяқ киім өндіруде болады,ал жиһаздар мен
мұнай-химия өнеркәсібінде технология жеке сатылады.
Кәсіпорынның басқару және ұйымдық құрылымы-кәсәпкерлік іс-әрекеттің
үнемі өзгеруші және дамушы сфереасы.Адам ресурстарының ынталандыру
механизмін білу бәсекелік күресте артықшылықтар береді. ТМД мамандары үшін
әлемдік нарықтың мүмкіншіліктері мен құрылымының терең өзгерістерін зерттеу
аса маңызды.
Шетел инвесторлары өтпелі экономикасы бар елдерге капитал салу
жұмыстарын 1990 жылдардың басында бастаған.ЮНКТАД мәліметтері бойынша
өтпелі экономикасы бар елдерге ТШИ 1994 жылы 7 млрд.АҚШ долл. құраса,2001
жылы ол 150 млрд. долларға жеткен.
ТШИ колемінің жартысы Польша, Венгрия, Ресейге бағытталады.Жеке
мемлекеттер ішінде Венгрия ,Эстония, Латвия, Чехия алдыңғы орында.Олардың
жан басына шаққандағы инвестиция көлемі 1000 долл.асады.Чехияда 2000 долл.
тең.
Отандық экономиканы жандандыруда шетелдік инвестиция қандай рөл
алады деген сұраққа жауап іздеп көрелік.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Батыс Еуропа экономикасы қиын
жағдайда болды,тіпті бұрынғы жылдардағы Қазақстан экономикасынан да ауыр
күйде еді.Онда капитал тарту бастамасы болып Маршалл жоспарына көмек
болды.Мемлекеттік хатшы А.Маршалмен жасалған бұл бағдарлама 1948-1952
жылдар аралығында жүзеге асты.Бұл жоспар ары қарай даму мен қуатты
экономикалық потенциал құруға жол ашты.
Банктік несие шектеулілігі мен мемлекеттің ішкі гарант ретінде
көрінуіне мүмкіндік жоқ кезде кез-келген елде шетелдік инвестицияның маңызы
айтарлықтай.Инвестицияның мақсаты-өндірістің жетілуі мен өсуіне жол
ашу.Шетелдік капитал көмегімен табысты қызмет ететін кәсіпорындар құру
тауар,қызмет,жұмысшы күшінің нарығының көлемінің кеңеюіне мүмкіндік
береді,ал ол экономиканың жаңаруына жол ашады.Кәсіпорындар мен акцияларды
сатып алу арқылы шетелдік инвесторлар қуаттылықты қамтамасыз ете алады.
Инвестициялардың жағымды жақтарымен қатар,жағымсыз жақтары да бар.Мұны
әр түрлі сауалнамалардан да көруге болады.
АҚШ-тың қоғамдық пікірі шетелдіктердің пайдасына негізделмеген.78%
пайыз американдықтар бизнес пен жылжымайтын мүлікке шетелдік инвестицияны
шектейтін заң қабылдау керек деп есептейді.
Әлемнің көптеген елдерінде шетелдік инвесторларды өз территориясына
енгізуге кедергі жасайды.Халықаралық валюталық қордың өз құрамына кіретін
184 мемлекеттін инвестициялық саясатын зерттеуі мынаны көрсетеді: 78.3%
пайызы капитал импортына шектеулер қояды.Шетелдік инвестиция объектісі бола
отырып,кез-келген ел белгілі бір ақша сомасын алып қана қоймайды, займдарға
қызмет көрсету, қоржынды және тура инвестициялардың салымдарының белгілі
бір пайдасын шетелге аударуды есептегенде оны үлкен көлемде қайтарады.Егер
займдар өсетін болса,елден табысты сыртқа шығару жүйесі құрылады,ал бұл
табыстарды банктік сфераға тартса артық болмас еді немесе жаңа өндіріс
құруға,болмаса бар өндірісті модернизациялауға болатын еді.Сондай-ақ
шетелдік капиталға бағытталған экономика одан тәуелді болып қалады.Кез-
келген инвестициялық құлдырау тепе-теңдіктің бұзылуына,тіпті оның тоқтауына
әкеледі.Өкінішке орай, халықаралық бәсекелестікпен салыстырғанда төмен
деңгейлі өндірісі бар елдер ішкі нарықта отандық инвесторларға қарағанда
импорттық қатысушыларға жағдай жасауға мәжбүр болып отыр.
Тура инвестициялар қатысуымен әрекет ететін өнімді шетелдік
жеткізушілер ереже бойынша шекаралық кедергілерден айналып
өтеді.Біріншіден, өэ территориясында сәйкес кәсіпорын құру және өнімді
үшінші ел арқылы экспорттау арқылы.Бұл жағдайда дифференциалдық кедендік
баж енгізіледі.Ол жеткізуші мемлекетке байланысты бір тауарға әр түрлі
ставканы қарастырады.Мұндай жағдай бәсекелестігі төмен ел үшін күшті
қарсыластарына қарсы тұруға және экономикасы жақсы дамымаған елдің нарығын
жаулап алуға мүмкіндік береді.Екіншіден,елде өзінің кәсіпорынын
ұйымдастыру.Бұл кезде шекара арқылы тауарды өткізу талап етілмейді.Екеуі де
аз салым арқылы көп пайда табуға мүмкіндік береді.
Шетелдік инвестициялар-қабылдаушы мемлекеттің тауар және қызмет
көрсету нарығын жаулап алудың және одан отандық жеткізушілерді шығарып
тастаудың тиімді құралы.
Инвестицияның жағымсыз жақтарына келетін болсақ, отандық фирмалармен
бәсекелесетін шетелдік компаниялар бәсекелестерін жою үшін жергілікті
кәсіпорындарды сатып алу арқылы қабылдаушы ел экономикасының дамуын
тежейді.Өтпелі экономикасы бар елдердің саясаты дамыған елдерге қарағанда
либералды болып келеді.Бұны шетелдік инвесторлар қоршаған орта мен
азаматтардың денсаулығы үшін қауіпті өндірісті енгізу арқылы
пайдаланады.Сонымен бірге,шетелдік инвестициялар елдің ұлттық қауіпсіздігі
мен тәуелсіздігін жоюға да кейде қолданылады.Сол себепті кейбір елдердің
капитал импорты,технология мен тауар инвестицияларына деген сенімсіздігі
мен теріс көзқарасы қалыптасады.
Импорт капиталының тағы да бір мәселесі елдердің инфляциялық
үдерісіне әсер етуі болып табылады.Шетелдік инвестициялау акция немесе
басқа бағалы қағаздарды сатып алуға,жаңа кәсіпорындар салуға,барын
иемденуге белгілі бір ақша сомасы мен займды салумен басталады.Былай
қарасақ, шетелден ақша ағынының келуі ақша массасының көлемінің ұлғаюы мен
инфляцияның ұлғаюына әкелуі тиіс.Шынында ақша формасындағы капитал импорты
негізінен ақша массасын емес,тауар мен қызмет көрсетудің ұсынысын
арттырады.
Біздің заңдарға сәйкес,шетел валютасы айналым сферасында қолданылмау
керек,бірақ ол қазақстандық төлем құралдарына айырбастала
алады.Сәйкесінше,шетел валютасы жергілікті ақшаға айналатын тауар тобының
біреуі болып келеді.Әдеттегі тауарлармен ұқсастығы :делдалдар арқылы жүре
отырып азаматтарда қор ретінде,Ұлттық банкте валюта резерві ретінде
жиналады, ал шетелге тауарлар үшін төлем ретінде кетеді.Тұтыну тауарлары
түпкі тұтынушылар мен экспортерлер иемденгеннен кейін ішкі айналым
сферасынан шығады,ал ақша айналым құралы болғандықтан, қолдан-қолға ауыса
отырып,оларда қалады.Бұл қазақстандық заңның шетел валютасын айналым және
төлем құралы ретінде қолданылуына шектеуден болады.
Жоғарыда көрсетілген жағымсыз құбылыстардың болуы шетелдік нвестиция
саясатын реттейтін заң актілеріне өзгеріс енгізуді қажет етеді. Оның
принципі болып барлық инвесторлардың теңдігі табылуы керек.Капитал
импортының жағымсыз салдарын азайтуға бағытталған мемлекеттік шаралар
жүзеге асуы қажет.

2.Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасындағы шетелдік инвестициялар

2.1.Шетелдік инвестицияны қолдану ерекшеліктері

Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет болғанынан бастап ел
экономикасына шетелдік инвестициялар тартуға қолайлы жағдайлар жасауда.
1993 жылғы “Шеврон” корпарациясының келуі мен онымен Теңіз орналасымында
келісімге келу өзге трансұлттық корпорацияларға өзіндік белгі болды. Бұл
кезеңнен бастап қазақ нарығының мұнай-газ саласына инвесторлардың келуі
басталды, әлемнің “Эксон мобил”, “Шелл”, “Эни”, “Шеврон Тексако”, “Тоталь”,
“Бритиш петролеум” “Лукойл”, “Китайская национальная нефтяная корпорация”
сияқты ірі мұнай компаниялары өздерінің инвестицияларын тарта бастады.
Бұл жылдары өнеркәсіптің дамуында шикізаттық сәйкессіздіктер бекітіле
бастады. Өнеркәсіп өндіретін жоғары және тез өсімді капитал сиымдылығы
құралдардың жетіспеушілігі жағдайында оның өмір сүру қабілеттілігін қолдау
қажеттілігі шикізат салаларының пайдасына капитал салымдарының ары қарайғы
құрылымдық өзгеруіне алып келді. Шешуші өлшемде инвестициялық құлдыраудың
тереңдігі 1996 жылы кейінгі 1999 жылы 18,5%-ке төмендеген инвестициялық
сұраныстың 40% ғана қаржыландырған мемлекеттік сектордағы кәсіпорындардың
төмен инвестициялық белсенділігімен анықталды.
Мемлекеттік емес секторлар үлесі керісінше жылдан жылға көбейді.
Дегенмен, экономикалық дағдарысты жеңу мәселесінде, сонымен бірге ұлт
экономикасының ірі құрылымдық кәсіпорындарын қаржыландырудың тұрақсыз
жағдайын ескере Қазақстанның инвестициялық стратегиясы шетелдік
капиталдарды тартудың үлкен бағытында дами бастады.
Экономика құрылымының өзгеруі, оның құрылымдық қайта қалыптасу
қажеттілігі, көптеген өндірістердің шамадан тыс ұлғайтылған монополизациясы
олардың мобильділігін, шығарылушы өнім сапасына, өндіріс нәтижелілігі мен
оның рентабельділігіне кері әсер етуде болды.
Ішкі инвестициялық ресурстарды бірден қысқарту кәсіпорындарға толық
инвестициялық әрекетпен айналысуға мүмкіндік бермеді. Сонымен қатар,
өңдеуші секторлардағы инвестициялардың деңгейі жеткіліксіз күйінде қалып
отырды. Және инвестордың (шетелдік сияқты отандық та) инвестициялық
мақсаттары мен экономиканың шынайы қажеттілігінің арасында сәйкессіздік
байқалды. Кәсіпорындарда бос қаржылық орындардың болуы жағдайында олар
аралық өндіріс талаптарын шешуге бағытталып отырды. Коммерциялық банктер
бірқатар себептер бойынша шынайы сектордың әлі де негізгі инвесторлары бола
алмады.
Инвестициялық әрекет ісінің жоғарылауының белгілері 1998 жылдың аяғында
көріне бастады. 1999 жылдың төртінші ширегінен бастап инвестиция тарту
өсімінің қарқыны ел экономикасы өсуінің басты факторы ретінде танылды.
Қазақстандағы шетелдік компаниялардың инвестициялық іс-әрекетін
бірнеше этаппен анықтауға болады.Бірінші этапта(1991-1993жж) біріккен
кәсіпорындардың,әсіресе сауда-делдалдық сферада көптеп құрылуы жүзеге
асты.Кіші және ірі приватизациялау және өзге де экономикалық өзгерістер
Филипп Моррисқатысуымен Табако КомпаниАҚ сияқты көптеген ірі
кәсіпорындардың пайда болуына жол ашты.Екінші этапта(1993-1995жж)
–либерализация кезеңінде шетелдік инвесторлар экономиканың негізгі
салаларына енуге мүмкіндік алды.Үшінші этапта(1995-1997жж) шетелдік капитал
арқасында ірі кәсіпорындардың жеке жобалар бойынша приватизациялануы
жүрді.180 объектіге мемлекеттік акциялар пакеті жүзеге асты.
Республикамызда шетелдіктердің қатысуымен шетелдіктердің басқаруына
берілген кәсіпорындар қызмет жасайды.Соңғы кезеңдерде біріккен кәсіпорындар
саны көбеюде.Тек кейбіреуі ғана экспорттық жеткізуді жүзеге
асырады,көпшілігі ішкі нарықты импорттайды,сауда және делдалдық қызметпен
айналысады.
1993-2003 жж.барлық шетелдік инвестициялардың 51.6% тура инвестициялар
құраған.25.8 млрд.АҚШ доллары біріккен кәсіпорындардың жарғылық қорына ақша
жарнасы,бонус,роялти ретінде түскен.
Алғашқыда шетелдіктер басқарылуына берілген біріккен кәсіпорындарда
көптеген ілгерілеулер болды. Кейіннен (1997-1998жж.) көптеген
кәсіпорындарда өндірістің бірден құлдырауы мен салық төлеуден жалтару,
құралдарды оффшорлық зоналарға аудару және соның нәтижесі ретінде халықтың
жаппай риза еместілігі байқалды.1999 жылы сот тәртібі бойынша көптеген
келісімдер жойылды.
2003 жылы 4595.7 млн.АҚШ долл.тура инвестицияның көп бөлігі
металлургия және мұнай-газ кешеніне жұмсалды.
Кәсіпорындардың негізгі бөлігі мына мемлекеттер қатысуымен жүрді:
Түркия-228,Германия-116,АҚШ-115,Қыт ай-79,Ұлыбритания-53,Иран-45, Оңтүстік
Корея-38,Швейцария-35,Италия-33.Соң ғы кездердегі тікелей инвестицияның
ерекшелігі болып шикізат ресурстары мен бағалы қағаздар нарығына шығудың
үлкен мүмкіншілігі болып келеді.Өңдеуші өндіріс бұрынғыдай шетелдік
инвесторлар назарынан тыс қалуда.Олардың қызығушылығы жылдам айналым
капиталы бар салада болып келеді. Несиелік жүйе бойынша қаржыландырылатын
жобалардың 32% тамақ өнеркәсібі,27-cін халық тұтынатын тауарлар шығару, 8-і
қонақ үйлер мен бизнес орталықтар болып табылады.Сонымен бірге шетелдік
инвесторлар үшін мұнай-газ,түсті және қара металлургия тартымды
салалар.Мұнай және газ өндірумен жарғылық қоры 250 млн.АҚШ долл. құрайтын
30 шетелдік компаниялар айналысады.Мұнай-газ саласының инвесторлары АҚШ,
Франция ,Түркия,Ұлыбритания,Италия,Германия , металлургия саласынікі
Оңтүстік Корея,Жапония, Ұлыбритания,Канада,Индия .
Сала бойынша шетелдік инвестициялар құрылымын талдауды Қазақстанның
әлемдік еңбек бөлінісіндегі жағдайымен сипаттауға болады.Ол мемлекеттің
шикізат ресурстарын экспорттайтын,технологиялық өнімдерді импорттайтын
мемлекет екендігін көрсетеді.
Жалпы минералды-шикізат кешеніне жұмсалған инвестиция көлемінің
50% негізгі капиталға салым болып келеді.Оның 72% ғимараттар мен құрылыстар
салу мен реконструкцияға жұмсалса, 6% машина мен құрал-жабдықтарға салым
болып келеді.Қоршаған ортаны қорғау,экологиялық сараптама
жасау,технологияны иемденуге негізгі капиталға кеткен салымның 8% құрайды.
2003 жылы инвестицияның негізгі көзі болып шаруашылық субъектілерінің
жеке капиталы (63%) және шетелдік капитал(22%) болды.
Қазақстанның бай жер қойнауы ,ең алдымен,өзінің бәсекелестерінен
озғысы келетін шетелдік инвесторларды қызықтырады.Әлемдік биржадағы
бағаларға жоғары котировкалар,жоғары сұраныс,тұтынушылық қабілетпен
сипатталатын өндірістік кезеңдер-мұның барлығы сыртқы факторлардың
көрінісі.Шетелдік инвесторлар алынған объекті үшін есеп айырысуға
асықпайды,тек 5-7 жылдан кейін ғана кейбіреулерінің бонустарды
төлемегендігі белгілі болады.Республикаға түскен ТШИ құрылымы 2-кестеде
берілген.
1994-2003 жж. Қазақстан Республикасына шетелдік инвестициялардың
түсуі(елдер бойынша) %
Мемлекет 1994-11999 2000 2001 2002 2003
998
Бельгия 2 1.2 0.6 0 0 0
Британия Виргиния 2.2 0.4 1.8 0.9 3.6 1.9
аралдары
Ұлыбритания 14.5 7 9 13.2 15.2 2.9
Германия 1.6 5.6 0.8 1.1 0.9 1.4
Нидерланды 0.1 2.2 12.1 4.6 9.8 13.4
Индонезия 1.9 4.5 0 1.0 - -
Италия 0.6 0.1 7.0 10.7 11.4 8.1
Канада 3.1 2.5 0.5 10.8 4 0.2
Қытай 4.9 7 2.8 4.7 1.6 5.4
АҚШ 28.4 32.4 50.2 32.1 24.6 23.6
Түркия 5.3 7,2 1.9 1.3 1.7 2.3
Франция 1.6 0 0.4 1.4 3.0 3.5
Швейцария 1.2 3.8 1.3 7.9 12.7 13.7
Оңтүстік Корея 21.4 2.6 1.6 1.5 1.1 1.8
Өзге елдер 10.9 22.9 6.9 3.7 5.0 7.2
Таяу Шығыс елдері 0,3 0.6 3.1 5.1 5.4 4,6
Барлығы 100 100 100 100 100 100

ТШИ негізгі инвесторлары АҚШ,Нидерланды,Ұлыбритания болды. Қазақстандағы
инвестиция ағынында Қытайдың орны да ерекше көрінеді.
Инвестиция құрылымы көрсеткеніндей үлкен тәуекелге қарамастан, жоғары
табыс әкелетін салаға да капитал салатын инвесторлар бар екендігін
көрсетеді.Бұл стратегия өзін-өзі ақтайды,себебі тәуекел өсімі табыс өсіміне
қарағанда әлдеқайда төмен болады(3-кесте).

Ағымдағы және перспективалық инвестициялаудағы экономикалық қызмет
түрлерінің тартымдылығын бағалау
Сала атауы Ағымдағы жоба Ойластырылған жобалар
бойынша салалардың бойынша қызмет
пайыздық үлесі түрлерінің пайыздық
үлесі
Геологиялық барлау қызметі 7.8 5.9
Пайдалы қазбаларды өндіру 9.8 11.8
Мұнай және газ өнеркәсібі 23.5 17.6
Мұнай өңдейтін өнеркәсіп 7.8 3.9
Химия және мұнай химиясы 2 2
өнеркәсібі
Металлургия өнеркәсібі 3.9 2
Тұтыну тауарларын өндіру 25.5 15.7
Ауыл шаруашылығы 21.6 9.8
АӨК өңдеуші саласы 23.5 11.8
Өндірістік инфрақұрылым 5.9 5.9
Әлеуметтік инфрақұрылым 3.9 -
Банктік қызмет 13.7 11.8
Құрылыс 11.8 5.9
Сауда 23.5 13.7

Перспективада отандық және шетелдік инвесторлар 63 бағытты қаржыландыруға
мүдделі.Олардың институционаолдық құрамына мыналар кіреді:
*Қазақстанға салымды оның ішкі нарығы мен ресурстарына кірудің құралы
ретінде қарастыратын трансұлттық корпорациялар;
*орта және ұсақ капитал;
Шетелдік инвестицияларды тартудың экономикалық қызмет үшін оң
факторлары бар.Бірақ айта кету керек,мемлекеттік реттеу неғұрлым белсенді
және конструктивті болуы қажет.Кез-келген түсімдер соңында экономикалық
ресурстардың кері ағынын туғызуы мүмкін.Оның көлемі шетелдік инвестицияның
масштабынан тәуелді болады,валюталық түсімнің үлкен бөлігін де алуы
мүмкін.Әлемдік тәжірибеде ұлттық экономикаға шетелдік инвестицияның
тартылуының коэффициенті 20-25% асса, елдің экономикалық тәуелсіздігіне
қауіп туады деп есептейді.Инвестициялауда мемлекеттің қатысуы приоритетті
секторлар үшін аса маңызды.
Мемлекеттік құралдар мен жеке капиталды тартатын кіші бизнесті
мемлекеттік қолдау өндірістік белсенділікті арттыруға мүмкіндік береді.
Мұндай саясат таяудағы 3-4 жыл ішінде шағын бизнестің бәсекелестік
қабілетінің артуына жол ашады.

2.2.Қазақстандағы инвестициялық хал-ахуал

Қазақстандағы инвестициялық хал-ахуалға талдау жасамас бұрын
инвестициялық хал-ахуал түсінігіне тоқтап кеткен жөн.Инвестициялық хал-
ахуалды инвестор өз капитал салымының жағымды және жағымсыз жақтарын,барлық
сәттер мен шарттарды субъективті бағалай отырып анықтайды.Мұнда халықаралық
дәрежедегі факторлар да ескеріледі: геополитикалық орналасуы,аймақтық
нарықтарға жақын орналасуы, әлемдік капитал нарығының жалпы жағдайы,сонымен
бірге жергілікті факторлар ескеріледі: кешенді жүйелер шараларымен,
институционалдық құрылыммен анықталатын капитал салымын қолдаудағы
мемлекеттің саясаты,яғни инвестициялық климаттан инвестиция ағыны тәуелді
болады.
Инвестициялық климаттың жасалуына,бір жағынан,мемлекет өзінің
позитивті саясаты арқылы араласса, екінші жағынан, мемлекеттік санкциялауға
жатпайтын табиғи аспектілер бар.
Мемлекеттік саясатқа мыналар жатады:
*заң базасының жасалуы және үнемі жаңарып отыруы, әсіресе жеке меншікке
қатысты салаларда:мүлік пен активтерге,сондай-ақ еңбекке қатысты
құқықтарға,оның ұзақтығы мен жалақыға байланысты баптар;
*барлық акциз түрлерінің салық ставкасын анықтайтын салық жүйесінің жай-
күйі;
*ішкі тікелей және қосымша шығындардың деңгейі, яғни жұмыс күшінің
құны,энергия,байланыс қызметтеріне кеткен шығындар,т.б.
*мемлекеттік басқару аппаратының мамандандырылу деңгейі;
*экономикалық бағдарламалар,сонымен анықталатын дамудың басым
бағыттарындағы үкіметтің қызметі;
*дамыған инфрақұрылымның болуы - әлеуметтік, транспорттық,
телекоммуникациялық және т.б.
*қажет болған жағдайда қаржылық көмек көрсету,инвестицияны сақтандыру,
тәуекелді бөлісу,жеңілдікті құралдарды қолдану;
*жергілікті инвесторлардың қаржылық және өзге де қолдау көрсету
құралдарының болуы;
*капитал табыстылығымен анықталатын ұлттық валютаның тұрақтылығы;
*өндірістік палата,кәсіпкерлер конгресі,кіші және орта бизнес
орталықтары,т.б. инвестицияға қолдау жасайтын органдар қызметтері;
*ғылыми-өнеркәсіптік потенциал, жоғары технология,технопарк, т.б.
зоналардың болуы;
*елдегі өмір сүрудің деңгейі;
*мемлекеттің саясаты және оның либералдық, демократиялық құндылықтарға
қатынасымен анықталатын қоғамның тұрақтылығы;
*мемлекеттің халықаралық мәртебесі көптеген көрсеткіштерден тұрады,
соның ішінде коррупция,қылмыстар,наркомания,БАҚ жариялылығы, аймақтық
толеранттылық,ішкі инвесторлардың болуы;
Үкіметпен реттелмейтін аспектілер:
*географиялық орналасуы
*табиғат ресурстары мен оған шығу көздері;
*жеке жинақтардың деңгейі;
*мамандандырылған ұйымдардың құрылуы;
*ақпараттық қамсыздандырылу;
*ұлттық менталитет;
Осы позициялар инвестициялық климаттың негізгі құраушылары болып
келеді.Шетелдік инвесторлармен қарым-қатынас тәжірибесінен шығатыны,
катитал салымына қызықтыратын жағдай қоғамның тұрақтылығымен,оның
менталитеті,экономиканы реформалаудағы мемлекет қызметінің жүйелілігімен
анықталатын саяси тәуекелдік болып келеді.
Инвестициялық қызметтің кепілдігі елдің заң базасы арқылы
анықталады.Ол жер және өзге активтерге,жеке меншікке құқықты реттейді.
Инвестициялық климаттың әрбәр аспектісі не факторы инвестор шешіміне
оң,теріс не нейтралды әсер етуі мүмкін.Сол себепті егер ел үшін капитал
салымы маңызды болса,онда мемлекет ынталандыратын шаралар пакетін ұсынады.
Елдің инвестициялық тартымдылығының негізгі көрсеткіші болып
инвестициялық рейтинг табылады.Ол инвестициялық климаттың кері көрсеткіш
–тәуекел дәрежесіне индексімен анықталады.Рейтингті бағалаумен көптеген
халықаралық ұйымдар айналысады.АҚШ банкирлерімен шығарылатын Институшнл
инвестор журналы әр жарты жыл сайын 135 мемлекетті қамтитын тізімді
жариялайды.Негізгі коммерциялық банктерден алынған ақпараттар негізінде
әрбір елге 0-ден 100-ге дейінгі шкала бойынша баға беріледі.100 балл
инвестициялық көрсеткіші төмен елге беріледі.
Лондондық The Economist Intelligence Unit LTD да жарты жыл сайын 100
дамыған мемлекетті қамтитын рейтингілік реестрді жариялайды.Мұнда 100 – ден
0-ға дейін бағаланады.0 балл қаржылық жағдайы жоғары елдерге беріледі.
DEG-неміс қаржылық және консалтингтік агенттігі өзінің бағалау
әдістерін жасаған.Ол бойынша тәуекелдер 4 категорияға бөлінеді, ал оның
әрқайсысы өз ішінде 14 категорияға жіктеледі.Индекстің максималды индексі
1000 пунктке тең және ол неғұрлым саяси,экономикалық және әлеуметтік-
экономикалық жағдайы жоғары елдерге беріледі.
DEG рейтингісінің ерекшелігі коэффициенттерді мына критерийлер
бойынша қарастыру болып табылады: ішкі және сыртқы экономикалық
қақтығыстар,шетелдік инвесторларға кедергілер,ақшаны аудару мен валюта
конвертирлігінің тәуекел дәрежесі.
Егер олардың біреуі тәуекел индексінің 40% аспаса, ол ел автоматты
түрде шектелген деңгейдегі алтыншы топқа жатқызылады және жоба жойылады.
Шетелдік аналитиктер Қазақстанда кейбір кедергілерге, оның ішінде
жеке бизнес қызметіне мемлекеттің араласуына қарамастан, инвестициялық
климат неғұрлым тартымды деп есептейді.
Мемлекеттің инвестициялық климаты макро және микроэкономикалық
деңгейде сипатталады.Макроэкономикалық деңгейде инвестициялық климат
қабылдаушы елдің экономикалық, саяси әлеуметтік жағдайларымен
сипатталады.Негізгі рөлді шетелдік инвесторларға деген мемлекеттік саясат,
экономикаға мемлекеттің араласу деңгейі,заң және атқарушы құрылымның
тұрақтылық деңгейі алады.Шынымен де инвестициялық климатқа елдің даму
деңгейі,валюта және қаржы,несие деңгейі,шекаралық төлемдер,жұмыс күшін
қолдану деңгейі,сондай-ақ елдегі әлеуметтік конфликтердің болуы не болмауы
әсер етеді.Қырғызстандағы 2005 жылғы мамырдағы оқиға елдегі саяси жағдайдың
төмендеуі инвестициялық климатқа өте жағымсыз әсер ететінін көрсетті.Елдегі
ретсіздіктерден кейін туристердің келуі қысқарды, инвестицияның шетке шығуы
көрініс тапты.
Микроэкономикалық деңгейде инвестициялық климат екі жақты қарым-
қатынастар арқылы анықталады:мемлекет пен оның нақты құрылымдары және фирма-
инвестор немесе инвестор.
Үш негізгі позициялар-саяси,қаржы-экономикалық ,әлеуметтік –кез-
келген елдің және Қазақстанның да инвестициялық климатының сапасын
анықтайды.
Қолайлы жағдайларға мыналар жатады:
• табиғи ресурстардың көп болуы;
• тиімді геостратегиялық орналасуы;
• қоғам мен экономиканы реформалаудағы ТМД елдері ішіндегі лидерлік
жағдайы;
• ішкі нарықтағы үлкен потенциалдың болуы, оның ішінде еңбек және
интелектуалдық ресурстар;
• ішкі саясаттың тұрақтылығы;
• қоғамның тұрақтылығы мен халықтың сауаттылығы;
• пайданың көп болу коэффициентінің мүмкіндігі;
Көптеген терең институционалдық өзгерістер: өндірісті
демонополизациялау,меншікті жекешелендіру,салық және бюджет жүйесін,
зейнетақы, медицина сферасын реформалау және банк ісін трансформациялау
Қазақстанның инвестициялық тартымдылығының жоғарылауына үлкен әсер
етті.Бірақ, кедергі келтіретін де факторлар бар:
*елдегі бюрократизм;
*кейбір шенеуніктердің білімінің жеткіліксіздігі;
*сыбайлас жемқорлық;
Сарапшылардың бағалауы бойынша, Қазақстан соңғы жылдары Орталық Азия
елдерінің тартатын барлық шетелдік инвестициясының 80% аса бөлігін алады.
Әлемдік банк Қазақстанды әлемнің шетелдік инвестицияның көптеген бөлігін
тартатын алғашқы 20 ел қатарына қосады. Қазақстан Шығыс Еуропа мен ТМД
елдері аралығында жалпы халық санына бөлінген инвестиция көлемі бойынша
Венгриядан соңғы бесінші орынды алады. Осылайша, Қазақстан әлемнің жылына
орташа 1млрд. долл. инвестиция алатын 50 ел (200ден дерлік) санатында
бекіді.

Кесте 3- Шетел инвестицияларыныңТМД елдеріндегі
жан басына шаққандағы нетто - түсімі
1 қаңтар2006г.,млн. долл.
Қыргыз- Украина Беларусь Молдова Ресей Арме-ния ӘзірбайжаҚазақста
стан н н
89,1 101,4 160,8 164,8 169,5 228,5 661 5000

Шетелдік инвесторларға қызығушылық тудыратын салаларға траспорт пен
байланыс,электроэнергиясын ,газ өндіру,өңдеуші өндіріс болып табылады.
2005 жылы ТШИ жалпы көлемі 6.4млрд.долл. асты.Пайдалы қазбаларды барлау
мен сақтау жөніндегі Комитет деректері бойынша,минералды –шикізат кешеніне
инвестиция 2005жылы 12646.9 млн.АҚШ долларын құраған,оның ішінде.барлауға-
2188.3 млн.АҚШ долл.(барлық инвестицияның 17%),өндіруге-10458.6
млн.АҚШдолл.(83%)жұмсалған.Инвестиц ияның үлкен бөлігі көмірсутек шикізатына-
7954.1 млн.АҚШ долл.кеткен.
Инвесторлардың сала бойынша негізгі бағыттары өндіруші өнеркәсіп пен
транспорт және байланыс табылады.
Батыс елдері бұрыннан Қазақстанның болашағы көмірсутек қорын қалай
пайдаланады,соған тікелей байланысты деп санайды.Сол себептен сала бойынша
инвестицияның негізгі бөлігі бұрынғысынша мұнай-газ секторы, түсті
металлургия,қара металлургия,тамақ өнеркәсібі,энергия кешененіне
бағытталады.
ТШИ жалпы ағынының негізгі құрылымында мұнай-газ саласына салымдар
басым рөл алуда.Қазақстандағы ТШИ негізгі көздері болып
Нидерланды,АҚШ,Франция табылады.
Қазіргі кезде инвестицияның жалпы көлеміндегі шетелдік инвестиция
көлемі азаюда,ал ұлттық және трансұлттық компаниялардағы инвестиция үлесі
артуда.Бірақ, инвестицияға деген қажеттілік әлі жойылмады,сондықтан
Қазақстан инвестицияға бұрынғысынша қызығушылық танытады.
Халықаралық қаржылық ұйымдар ТШИ тарту бойынша Қазақстанды дамушы
мемлекеттер ішінде үлкен орынға қояды.Қазіргі кезде Қазақстанға 40-қа жуық
мемлекеттер өзінің қаржы ресурстарын салуда. Тура инвестициялардың жалпы
өсімі 1993-2005 жж аралығында 22.4 млрд. АҚШ долл. құрады.Қазақстанға
шетелдік инвестициялардың келуі орташа жылдық өсіммен 25% құрайды.
1994-2005 жж инвестиция үлесі барлық сала бойынша өсу тенденциясына ие
болған.Қарастырылған кезеңде байланыс және транспорт, құрылыс салалары
өздерінің жоғары үлестерін сақтаған.1994 ж байланыс пен транспорттың
инвестициядағы үлесі 9.4% құраса,2005 8.1% құраған;құрылыс 1994-13.5%
құраған болса,,2005 -12.3% .
Осы кезеңдерде өнеркәсіптің үлесі 54.7%-дан 34.6%-ға төмендесе,ауыл
шаруашылығының үлесі 6.4%-дан 1.6%-ға төмендеген.
Инвестиция құрылымындағы өзге салалар үлесі 1994 жылғы 15.9%-дан
2005ж. 43.3%-ға артқан, негізінен жылжымайтын мүлікпен операцияларға,
мемлекеттік басқаруға инвестициялар көлемі артқан.
Қарастырылып отырған кезеңде ауыл шаруашылығы,орман шаруашылығы мен
балық аулауға инвестициялар өсімінің жоғары қарқыны
байқалмады.Инвестициялық қызметтін төмендеуі республикадағы кризистер, осы
саланы қаржыландырудың қалдық принципінің болуы,ауыл шаруашылық және
өңдеуші кәсіпорындар байланысының бұзылуы әсер етті.
Қазіргі кезде қарқынды экономикалық өсім инфрақұрылым сапасын
жақсартпайынша болмайды.Қазіргі заманғы және бәсекеге қабілетті транспорт-
коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту елдің басты бағыттарының бірі болып
табылады.Инфрақұрылымның әлемдік деңгейге сәйкес болуы елдің бәсекелестік
қабілетінің негізгі факторы болып келеді.
Экономикалық дамудағы қол жеткен жетістіктер көбінесе елдегі осы
салалардың табысты дамуының нәтижесінде мүмкін болды.
2005 ж. байланыс пен транспортты дамытуға 195531млн.теңге бөлінді, бұл
1994 ж деңгеймен салыстырғанда 25.6 есе, 2000ж . салыстырғанда 3.5 есе
жоғары.
Электроэнегетика ел үшін аса маңызды салалардың бірі.Бұл сектор капитал
ауқымды сала,оны инвестициялау аса қажет.Бірақ,Қазақстанда
электроэнергетикаға инвестициялар көлемі жоғары емес.Егер 1994ж. инвестиция
көлемі 5725 млн.тг. болса,2005ж. 27661млн.тг. құрады(өсім 4.8
есе).Инвестиция құрылымындағы электр энергетикасы үлесі көлемі 12.9%- дан
3.3%-ға төмендеген.
Қазіргі кезеңде инфрақұрылымның негізгі құраушысы ретінде құрылыстың
рөлі өсуде.Бұл саланы дамыту ,негізінен,халық пен өндірістің қажеттілігін
қанағаттандыруға бағытталып отыр.
Инвестициялық саясатты мақсатты түрде жүргізу ірі шетелдік капиталдың
минералды-шикізат кешеніне(МШК) көптеп келуіне жол ашты.
Бес жыл көлемінде минералды шикізаттың негізгі түрлерінің жаңа
орындарын ашуға инвестиция көлемі өсті.Соның ішінде 81% салымды шетелдік
инвестиция құрады.
Неғұрлым ірі инвестициялар,негізгі капиталға салымды қосқанда,
көмірсутекті өндіруге бағытталған.Бірақ жасалып жатқан кен орындарының
өзі,жаңаны қосқанда, потенциалдық мүмкіндіктердің үштен бір бөлігі құрайды.
Бірақ осы жағдайдың өзінде кенді пайдаланушылардың қызметі елдің
әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер етуде.Мемлекет бюджетіне түсіп
жатқан салықтар мен төлемдер қазақстандық кадрлар дайындауға әсер етеді,
елдің жұмыспен қамтылуы өседі,алдыңғы қатарлы технологиялар беріледі,
әлеуметтік сфера мен жергілікті инфрақұрылым дамиды.
Бірақ кері әсерлерін айтпай кетуге болмайды.Қалдық қорлары 25-35 ж.
жететін ең ірі орындар игерілуде,аймақтардағы эколлгиялық ахуал
төмендеуде,мәміле шартында көрсетілген қаржылық міндеттемелер орындалмауда.
Инвестицияның үлкен көлемі көмір мен мыс өндіруге бағытталып отыр. Бұл
саладағы ірі кәсіпорындар: Испат Кармет АҚ, Е.Э.К. корпорациясы,
Евроазиатская корпорация, Майкубен –Вест разрес АҚ , Семей көмірлері
ЖШС, Разрез Молодёжный ДАООТ, құрамына Жезказганцветмет, Балхашмыс,
Восточно-Казахстанский МХК, Жезкентский ГОКкіретін Қазақмыс.
Негізгі капиталға инвестиция 2005ж. 1994 жылмен салыстырғанда 27 есе
артып, 297888 млн.тг. құрады.
Осылайша капитал салымын экономика салалары бойынша талдау қарастырылып
отырған кезеңде инвестицияның оң динамикасы болғанын көрсетеді.Негізгі
капиталға инвестициялардың өсуі ,ең алдымен, республика экономикасында
қалыптасқан оң тенденциялар,ішкі инвестиция өсімі мен сырттан капитал
тартуға мүмкіндік беретін табысты инвестициялық саясатқа байланысты болып
отыр.
Салалық құрылымды талдау капитал ауқымды сала болып өнеркәсіп,
әсіресе,өндіруші сала табылатынын көрсетеді.Осы салаларды дамыту
нәтижесінде еліміз инвестициялық тартымдылыққа ие болып отыр.
Болашақта негізгі назарды электр энергетикасын дамытуға бағыттау
керек.Осы сала бойынша инвестиция көлемінің өсімін Солтүстік- Оңтүстік
Қазақстан екінші желісінің жобасы ынталандыруы мүмкін.2010 ж.осы объект
құрылысын аяқтау Қазақстаның оңтүстік және орталық облыстарын сенімді
энергия көзімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Астанада ЖЭС,
Қазақстанның батысында газ турбина электростанциясын,Балқаш ЖЭС, Семей ЖЭС-
3 салу жоспарланып отыр.
Ресстық потенциалды анықтағанда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан экономикасында шетел инвестициясын қолдану тиімділігі
Шетел инвестицияларының ұлттық экономиканың дамуындағы ролі
Инвестиция, бизнеске инвестиция тартуды жүзеге асыру және жетілдіру жолдары
Шетел инвестицияларын тартудың жетілдіру жолдары
Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын тартуды талдау
Қазақстан экономикасына шетелдік инвестиция тартудың тиімділігі
Компаниялардың инвестициялық тартымдылығын талдау
Инвестицияның теориялық негізі және инвестицияларды тартудағы әлемдік тәжірибе
Тікелей шетел инвестициялары
Өндірістік бағыттағы капитал жұмсалымы
Пәндер