Дәрілік өсімдіктер жайлы



Кіріспе
1.1. Раушан гүлділер тектес өсімдіктерде дірілік өсімдіктер дәрілік өсімдікті оқыту әдісі.
1.2. Ерінгүлділер және қосжарнақты өсімдіктерде дәрілік өсімдікті оқыту әдісі.
1.3. Күрделі гүлділер тұқымдасы өсімдіктерінің дәрілік өсімдік ретінде оқыту әдісі.
1.4. Мәдени өсімдіктерді дәрілік мақсатта оқыту әдісі.
1.5. Талшықты дақылдар мен дәрілік өсімдіктерді оқыту әдістемесі.
2. Биология пәніне қызығушылықты арттыру мақсатта «Қазақстан флорасында кездесетін дәрілік өсімдіктердің түрі» . атты мәліметті оқушыларға сабақтан тыс уақытта беру.
2.1 Адраспанның дәрілік өсімдік ретінде қолданыоуы.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Адам баласы кейбір өсімдіктерді әр түрлі ауруларды емдеуге пайдалануға болатындығында алғашқы қауымдық кезеңнен бастап – ақ білген. Одан бірнеше мың жылдан кейін дәрілік өсімдіктерді емге пайдаланудың мән – жайын халық арасында ауыздан ауызға таралып, кейіннен қағазға жазыла бастаған. Біздің ғасырға жеткен осындай жазбаларда өсімдіктерді ауру – сырқауды емдеуге пайдалану туралы ілім біздің эрадан алты мың жыл бұрын Ирка жерлерінде өмір сүрген Шумер мемлекетінен басталған. Онда шумерлік дәрігерлердің емдік қасиеті бар өсімдіктердің, жапырақтарын, тамырларынан сабақтары мен дәндерінен ауру емдейтін әртүрлі ұнтақ , тұнба дайындалады.
Египеттіктер даладағы дәрілік өсімдіктерді жинаумен қатар ассириялықтар сияқты оларды қолдан егіп өсірумен айналысқан. Олар дәрілік өсімдіктерді көбейту мақсатында шет елдерде арнайы экспедициялар ұйымдастырып отырған. Тұңғыш рет осы дәрілік қасиетттері бар өсімдіктерді Египет мамандары классификация жасаған. Олар дәрілік өсімдіктердің фармокологиялық әсеріне қарай, қуыстыратын, қақырық түсіруін жеңілдететін топтарға бөлген.
Дәрілік өсімдіктерді ауруларды емдеуге қолдануға жолддарын Греция елі біраз роль атқарған. Греция дәрігері Гипокарт дәрілік өсімдіктердің 200 – ден астам түрін жазып, оларды аурулардыемдеуге қалай пайдалануға болатындығы туралы толық ғылыми түсінік берген. Ал грецияның Диоскорид деген дәрігері өзінің «Дәрігерлік заттар» деген еңбегінде өсімдіктер 60 түрінің қолдану жолдарын жазды.
Дәрілік өсімдіктер туралы көптеген мәліметтерді Оңтүстік Батыс Азия халықтары да біздің заманымызға жеткізген. Соның ішінде Индия формокологтары өз елінің флорасынан өсімдіктің 800 –ге жуық түрін тапты. Тибет дәрігерлерінің емдеу әдістері осы Индия, Қытай, Жапон, Монғол білімнегізінде құрылған.
Фармакобнозия дәрілік өсімдікті зерттейтін ілім. Формокобнозияда шикізат ретінде жануарлар, өсімдіктер өнімдерін қайта өңжеу арқылы медицина саласында қолдану. Формокобнозия Гипокарт дәуірінде пайда болған. Дәрілік өсімдікті халық медицинасында қолдану б.э.д. 3000 жыл бұрын Қытайда дамыған. Сол кездің өзінде 230 -ға жуығы дәрілік және улы өсімдіктер белгілі болған. Оның ішінде 65 –і жануарлардан алынған дәрілік заттар болса, 48 –і емдік минералдар. XVI ғасырда Қытайда өсімдіктерді жинақтап «Банцао» кітабына енгізген. Мұнда 1892 өсімдік тіркелген. Сонымен қатар дәрілік өсімдіктің медицинада қолдану әдісі Арабияда да жақсы дамыған. Дәрілік өсімдікті пайдалану әдісінде ең танымал ғалым тәжік Абу Әли Ибн Сина. Ол Бұхарадан шыққан. Оның алғашқы дәрілік өсімдіктер туралы жазған кітабы «дәрігерлік ғылымның қағидасы» деп аталады. Дәрілік өсімдіктің химиялық құрамына байланысты бірнеше түрге бөлуге болады. Құрамында полдисахаридтері бар, эфир майлары бар, алкалоидтары бар, гликозидтер, иелік заттар және витаминдері бар дәрілік өсімдіктер болып саналады.
1. Л.К. Сафина., Е.П. Петров «Жасыл аптека» - Алматы: Қайнар, 1992 ж.
2. Дәрілік шөптермен емделу. Алматы қаласы.
3. Нұрмағанбетов С. «Дәрісіз емделу» Шымкент 2002 ж.
4. Мырзағалиев.Ө. «Фармакогнозия» Алматы «Өлке» баспасы 1996 ж.
5. Биология қазақстан мектебінде./ Республикалық ғылыми - әдістемелік журнал. 2005 ж.
6. Трайтак Д.И. Биологияға арналған кластан тыс жұмыстарды қалай қызықты өткізуге болады. 2003. -112 бет.
7. Биология және салауаттық негізі. / ғылыми педагогикалық журнал. 2003 ж
8. Қайым Қ., Әлімқұлова Р., Қожантаева Ж., Сәтімбеков Р. Биология. Оқыту әдістемесі: Жалпы білім беретін мектептің 7 – сынып мұғалімдеріне арналған – Алматы: Атамұра, 2003. 76 бет.
9. Биология және салауаттық негізі./ ғылыми педагогикалық журнал. 2004/4.
10. Биология және салауаттық негізі./ ғылыми педагогикалық журнал. 2004/6.
11. Бология және салауаттық негізі./ ғылыми педагогикалық журнал. 2006/1.
12. Биология және салауаттық негізі./ ғылыми педагогикалық журнал. 2005/3.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Адам баласы кейбір өсімдіктерді әр түрлі ауруларды емдеуге
пайдалануға болатындығында алғашқы қауымдық кезеңнен бастап – ақ білген.
Одан бірнеше мың жылдан кейін дәрілік өсімдіктерді емге пайдаланудың мән –
жайын халық арасында ауыздан ауызға таралып, кейіннен қағазға жазыла
бастаған. Біздің ғасырға жеткен осындай жазбаларда өсімдіктерді ауру –
сырқауды емдеуге пайдалану туралы ілім біздің эрадан алты мың жыл бұрын
Ирка жерлерінде өмір сүрген Шумер мемлекетінен басталған. Онда шумерлік
дәрігерлердің емдік қасиеті бар өсімдіктердің, жапырақтарын, тамырларынан
сабақтары мен дәндерінен ауру емдейтін әртүрлі ұнтақ , тұнба дайындалады.
Египеттіктер даладағы дәрілік өсімдіктерді жинаумен қатар
ассириялықтар сияқты оларды қолдан егіп өсірумен айналысқан. Олар дәрілік
өсімдіктерді көбейту мақсатында шет елдерде арнайы экспедициялар
ұйымдастырып отырған. Тұңғыш рет осы дәрілік қасиетттері бар өсімдіктерді
Египет мамандары классификация жасаған. Олар дәрілік өсімдіктердің
фармокологиялық әсеріне қарай, қуыстыратын, қақырық түсіруін жеңілдететін
топтарға бөлген.
Дәрілік өсімдіктерді ауруларды емдеуге қолдануға жолддарын
Греция елі біраз роль атқарған. Греция дәрігері Гипокарт дәрілік
өсімдіктердің 200 – ден астам түрін жазып, оларды аурулардыемдеуге қалай
пайдалануға болатындығы туралы толық ғылыми түсінік берген. Ал грецияның
Диоскорид деген дәрігері өзінің Дәрігерлік заттар деген еңбегінде
өсімдіктер 60 түрінің қолдану жолдарын жазды.
Дәрілік өсімдіктер туралы көптеген мәліметтерді Оңтүстік Батыс Азия
халықтары да біздің заманымызға жеткізген. Соның ішінде Индия
формокологтары өз елінің флорасынан өсімдіктің 800 –ге жуық түрін тапты.
Тибет дәрігерлерінің емдеу әдістері осы Индия, Қытай, Жапон, Монғол
білімнегізінде құрылған.
Фармакобнозия дәрілік өсімдікті зерттейтін ілім. Формокобнозияда
шикізат ретінде жануарлар, өсімдіктер өнімдерін қайта өңжеу арқылы медицина
саласында қолдану. Формокобнозия Гипокарт дәуірінде пайда болған. Дәрілік
өсімдікті халық медицинасында қолдану б.э.д. 3000 жыл бұрын Қытайда
дамыған. Сол кездің өзінде 230 -ға жуығы дәрілік және улы өсімдіктер
белгілі болған. Оның ішінде 65 –і жануарлардан алынған дәрілік заттар
болса, 48 –і емдік минералдар. XVI ғасырда Қытайда өсімдіктерді жинақтап
Банцао кітабына енгізген. Мұнда 1892 өсімдік тіркелген. Сонымен қатар
дәрілік өсімдіктің медицинада қолдану әдісі Арабияда да жақсы дамыған.
Дәрілік өсімдікті пайдалану әдісінде ең танымал ғалым тәжік Абу Әли Ибн
Сина. Ол Бұхарадан шыққан. Оның алғашқы дәрілік өсімдіктер туралы жазған
кітабы дәрігерлік ғылымның қағидасы деп аталады. Дәрілік өсімдіктің
химиялық құрамына байланысты бірнеше түрге бөлуге болады. Құрамында
полдисахаридтері бар, эфир майлары бар, алкалоидтары бар, гликозидтер,
иелік заттар және витаминдері бар дәрілік өсімдіктер болып саналады.

1. 7 сынып Өсімдіктер дүниесі бөлімі бойынша берілетін дәрілік
өсімдіктерді оқыту барысында Сын тұрғысынан ойлау әдісін
ұсынамын.

Өсімдіктану пәні бойынша дәрілік өсімдіктерді оқу құралы ретінде
пайдалану - тақырыбын меңгерту мақсатында Сын тұрғысынан ойлау оқыту
стратегиясын элементтерін пайдалануға болады.
1. Кубизм әдісі
2. Қызығушылықты ояту әдісі
3. Топтастыру әдісі
4. Эссе жазу әдісі (Еркін жазу)
5. Инсерт әдісі және түртіп алу әдісі
6. РАФТ әдісі
7. Танымдық сұрақтар

1. Кубизм әдісі

Зерттеңіз - Дәрілік өсімдіктер түрлері
Салыстырыңыз - Екі өсімдіктің бір – бірінен
айырмашылығы
Суреттеңіз - Дәрілік өсімдіктің бір түрін
суреттеу

2. Қызығушылықты ояту әдісі
Тапсырма: Дәрілік өсімдіктер деген сөздің мағынасын ашу.

3. Топтастыру әдісі

4. Эссе жазу әдісі (Еркін жазу)
Оқушыларға тақтадағы топтастыру әдісінде жазылған сөздерді бір –
бірімен байланыстырып эссе жазады.

2. Инсерт әдісі немесе түртіп алу әдісі

V білемін + жаңа мәлімет - білмеймін ? сұрақ туды


Бұл әдісте жаңа тақырыпты оқушылар өздері оқып, әр абзацқа белгі
қойып отырады. Оқып болған соң дәптерлеріне кестені толтырады. Қан туралы
бұрыннан білетіндерін V - қанатша белгісі бар қатарға жазады, ал + қосу
белгісі бар қатарға бұрыннан біледі, сонда да қазір оқығаннан толықтырған
білімін жазады, - алу және ? сұрақ белгісі қойылған қатарға білмейтін
мәліметтер мен термин сөздер неесе сұрап білгісі келген мәліметтерді
жазады.
Дәптерлеріне жазып болған соң тақтадағы, кестені толтырып, ондағы - алу
және ? сұрақ белгісі тұрған қатарға жазылған мәліметтер жайлы мұғалім
түсінік береді.
Мысалы: Итмұрын емдік бау шаруашылығында өсірудің болашағы үлкен,
оның 100- ден астам түрлері біздің елге түгел тараған. Осы сан алуан
түрлерінің ішінде витаминді және ірі жемісті түрлеріне көңіл қоюға болады.
Итмұрын пли витаминді қоспа, оны таза және өңделген түрінде емдік және
профилактикалық мақсатқа пайдалануға болады. Итмұрын С витаминнің,
полифенолдың (Р витамині), кариотиннің, В витамин тобының және т.б. көптігі
жөнінен жүлделі орын алады. Бірақ атап айту керек, көптеген биологиялық
сергек заттардың
сапалық мөлшері әртүрлі сыртқы жағдайларда түрлерге және түрлердің арасына
байланысты өзгеріп отырады.

3. РАФТ әдісі.
Р – рөл, А – аудитория, Ф – форма, Т – тақырып
Мұғалім рөл ретінде тақырыпты айтады, әр топ өз тапсырмасын орындайды
1-топ – аудитория, яғни тақырыпқа сипаттама.
2-топ – форма, сол тақырып бойынша өлең, хат, шығарма т.б. жазып оқиды.
3-топ – тақырып, берілген тапсырмаға тақырып қойып, соны қорғап шығады.

4. Танымдық сұрақтар.
Әр топқа 3 сұрақтан беріледі.
1- топқа:
1. Бақша өсімдіктерініңнегізгі қандай ерекшеліктері бар?
2. Құлқайыргүлділер тұқымдас өсімдіктер қандай қатарға жатқызылады?
3. Қазақстанда баклажан қайда өсіріледі?

2 – топқа:
1. Ерінгүлді тұқымдастарына жататын өсімдіктерге қандай белгілер тән?
2. Құртқашаш тұқымдас өсімдіктерініңқандай ерекшеліктері бар?
3. Дәрілік өсімдіктер тобына қандай өсімдіктер жатады?
3 –топқа:
1. Қазақстанда өздерің білетін қандай дәрілік өсімдіктер өседі?
2. Мәдени дақылдар қандайбағытта өсіріледі?
3. Кермек жалбыз қандай өсімдік?
Сабақ басталғанда әр топқа бағалау парағы таратылып беріледі. Сол
бағалау парағына оқушыларөздерін бағалап мұғалімге береді. Бағалау парағына
қарап мұғалім оқушыларды бағалайды. Бағаларға мұғалім келіспесе, бағасы
төмен немесе жоғары оқушыларға сұрақ қою арқылы толықтырады.
Осындай ізденіс сабақтары оқушылардың білімін шыңдауға көп септігін
тигізеді.

1. Раушан гүлділер тектес өсімдіктерде дірілік өсімдіктер дәрілік
өсімдікті оқыту әдісі.

7 – сынып мектеп оқулығы Биология кітабындағы, ІІ бөлім Өсімдіктер
дүниесі, 3 – тарау Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер §26 –дағы асқабақты оқу
құралы ретінде пайдалану және дәрілік маңызы.
Асқабақ – ежелден егілетін өсімдік, Мексика тұрғындары біздің
дәуірге дейін 3000 жыл бұрын оны азық еткен. Асқабақ – ірі жемісті тағамдық
дәрілік, малазықтық және сәндік, біржылдық шөптекті өсімдік. Оның ұзындығы
5 метрге дейін жететін жатаған сабағы болады. Бес қырлы сабағына тікенектер
өскен. Жай жапырақтарына қарама – қарсы орналасқан мұртшасы бар. Асқабақ
тұқымдастар азықтық, дәрілік және техникалық мақсатта өсіріледі.
Асқабақтың жемісті жұмсағында пайдалы заттар көп. Одан В1, В2, В3 С
витаминдері , мыс, кобальт, кальций, темір тұздары және көптеген калий
тұздары, каротин табылған. Асқабақ ас қорыту процестеріне дұрыс әсер
ететін, токсикалық заттар мен холестеринді шығаруға көмектесетін, оның
үстіне бактерицидтік қасиеті бар пектин заттарына бай. Сондықтан ондағы
калий тұздары асқабақтан жасалған тағамдарды жүрек – тамыр аурулары мен
бүйректің әр түрлі аурулары үшін шипалы етеді. Несеп жүргізуді жақсарту
үшін және ісінгенді жаңа асқабақ шырынын тәулігіне 1 және 1 ½ стаканнан
ішкен жөн. Асқабақтың калориялығы төмен, сондықтан одан жасалған тамақтар
сезімдіктен зардап шегушілер мен толысуға икем адамдар үшін пайдалы
саналады. Асқабақты асқазан мүшелері ауырған кезде емдік тағам ретінде
(пісіріп және бұқтырып) пайдаланады, өйткені онда клечатка мен органикалық
қышқылдар аз, ал мұның өзі ішектің шектен тыс перистальтикасына жол
бермейді, ішек пен қарынның шырышты қабығын түршіктірмейді. Жемісінің
шырынын атониялық қатпада сүргі дәруі ретінде пайдалануға болады.
Асқабақ каротині тері эпителиінің дұрыс жұмыс істеуі үшін қажет.
Денедегі бөртпеге, безеуге, экзамаға, қабыну процестеріне, күйік пен үсікке
жас асқабақты не оның үгілген жұмсағын басады. Сондай – ақ, тері ауруларын
емдеуге асқабақ қабығының тұнбасын да қолданады. Асқабақ дәндері
энергетикалық заттарға бай, онда 23 – 41 % май, 39 % өсімдік белогы, қант,
амин қышқылы, органикалық қышқылдар (салицил, алма қышқылдары), витаминдер
(С, В, каротиндер) бар. Оларды ішек құртына қарсы дәру ретінде пайдаланады.
Дәндерінің қайнатпасын гельминтоздарды емдегенде қолданады.
Мал азықтық асқабақтың мал өнімін арттыруда үлкен маңызы бар.
Асқабақта белок заттары мал азықтық қызылшаға қарағанда 4 есе көп.
Біздің елде асқабақтың үш түрін: қатты қабықты, ірі жемісті және
мускат өсіреді.

Қатты қабықты асқабақ Орталық Америкалық таулы аудандарынан шыққан.
Асқабақтың басқа түрлеріне қарағанда, оны солтүстіктеу аудандарда өсіреді.
Ол ылғалды топырақты көбірек қажет етеді, қатты қабықты асқабақтың сабағы
өткір қырлы, салалы, жеміс – сабағы тікенді – түкті келеді.
Ірі жемісті асқабақ Оңтүстік Американың теңіз жағалауындағы
аудандардан шыққан. Біздің елде оңтүстік аудандарда суарып өсіреді.
Жемісінің түсі мен қабығы түсінің айрмашылығы шамалы, бірақ формасы жөнінен
әр алуан болып келеді. Мускат асқабағының сабағы доғал – қырлы және жеміс –
сабағы түбінде өте жалпақ болады.
§28–дегі бұталы өсімдік итмұрынның дәрілік өсімдік ретінде
қолданылуы.
Итмұрын – мықты бұтақтанған биіктігі 2 м дейінге әр кезеңде
кезектесіп отыратын ағаштанған сабағы бар бұта емдік шарушылығында итмұрын
өсірудің болашағы үлкен, оның 100 –ден астам түрлері біздің елге түгел
тараған.
Ибн – Сина өзінің атақты еңбегі Канонда итмұрынды тазартушы
дәру деп атаған. Итмұрын жемісінің экстрактысын қан кеткенде, инфекциялық
ауруларға, ұзақ жазылмайтын жарақатқа, сүйек сынғанда, өндіріс уларынан
уланғанда және склерозға қарсы дәру ретінде ішеді. Ғылыми медицинада
итмұрын жемістерінің тұндырмасын, сиропы мен ұнтағын гиповитаминозға
байланысты ауруларға, тұмау ауруларына деген қарсылықты күшейту үшін
ұсынады. Жемістерінің қою экстрактысын бауыр мен өт жолдарының аурулаына өт
айдау дәруі ретінде береді. Итмұрын жемісінен витаминді дәрі – дәрмек
ретінде пайдаланатын құрғақ экстракт және таблеткалар дайындайды. Халық
медицинасында итмұрын жемістерінен жасалған шайды туберкулезге, бауырдың,
өттің, бүйректің, қуықтың қабынуына, өттас және бүйректас ауруларына, қан
аздыққа, жалпы әлсіздікке, асқазан мен ұлтабар жараларына қолданады. Халық
медицинасында жапырақтары мен тамырларын да пайдаланады. Мәселен,
жапырақтардың қайнатпасын микробтарға қарсы және

асқазан ауруын басатын дәру ретінде, тамырлар қайнатпасын өт айдайтын,
антисептикалық және іш өткенде тұтқыр дәру ретінде қолданады.
Жемісінен шырын, витаминді сироп, диетикалық және емдік сусын
жасайды. Үйде емдеу үшін көбіне жемісін қайнатпа және поливитаминді шай
күйінде, сондай-ақ тамақты витаминдеу үшін пайдаланады. Итмұрын дәнінен
алынған май шырғанақ жемісінен алынған майдан кем түспейді. Үй жағдайында
итмұрын майын емшектің жарылғаны мен сызатын, трофикалық жарадан ойылғанда
емдейді.
Итмұрын шайын былай дайындайды: 1 стакан суға итмұрынның 5-10
жемісін және 1 шай қасық қант салып, 5-6 сағат тұндырады. Профилактикалық
мақсатта мұны тамақ алдында 1 стаканнан тәулігіне 2 рет ішеді. Тәжікістан
тұрғындары итмұрын гүлжапырақшаларын да емдік мақсатқа пайдаланады:
ггүлжапырақшалардың шырыны көруді жақсартады деген ұйғарым бойынша, оны
көзге тамызады.
Итмұрынның бақ учаскесіне отырғызылған 3-4 тұп бұтасы қыста бір
семьяны – бағалы витаминдік азықпен қамтамасыз етеді.
Алмұрт - алманың жақын туысы. Алмұрт дақылы Көне Греция мен
Римде де белгілі болған.
Алмұртта заттарлың өте сирек жиынтығы бар: көміртегі, оның ішінде
қант 9 - 13 %, пектиндер 3,3 - 3,6 %, клетчатка, органикалық қышқылдардан –
алма, лимон қышқылдары, белоктар, минералдық тұздар бар, сондай – ақ алмұрт
Р – сергек заттардың көзі болып табылады. Қайсыбір заттар көбіне қабығында
жинақталады. Алмұртта антибиотикалық қасиеті бар ащы гликолиздің арбуттин
көп. Жапырақта да едәуір мөлшерде арбутин (1,4 – 3,0 %) және флавоноидтер
(жемісіндегіден 10-20 есе көп) бар.
Жас алмұрт, әсіресе жұмсақ және биязы клетчаткасы бар тәтті
сорты, ас қорытуды реттейтін пектин заттарына бай, бұларды серекциялық
қызмет жеткіліксіз болғанда пайдалануға болады. Кепкен алмұртың қайнатпасы
қызып – қалтырағанда шөл басады, несеп және өт жүргізуге әсер етеді.
Құрамында
иілік заттардың көп болуы себепті, алмұрт шырыны ішті тоқтатуға әсер етеді
және ішек бұзылғанда пайдалы.
Алмұртта бойға тез сіңетін фруктозалар болғандықтан, оны
диабетпен ауырғандардың диетикалық тамағына және зат алмасудың басқа да
бұзылуларына пайдаланады. Алмұрт шырыны және кепкен жемістің қайнатпасы
калий тұзына бай, олар жүрек – тамыр жүйесі ауруларына, аритмияға,
ісіндіретін бүйрек ауруларына көмектеседі. Калий тұзы несеп қышқылдарының
қабаттануына бөгет болады, сондықтан алмұртты немеп – тас ауруларына,
подаграға, остеохондрозға қарсы қолданады. Алмұртта йодтың айтарлықтай
болуы оны алқымы ісу эндемиялық аймақтағы тұрғындардың тамақ рационына
пайдалануды қажет етеді. Халық медицинасында пісірлген және бұқтырылған
алмұрты жөтелге, өкпе құрт ауруына қарсы қолданады, ал қою қайнатпасын бас
ауырғанда малма үшін пайдаланады.
Алмұрттың шырыны пайдалы, оны былай жасайды: оны ет тартқышқа
тартады, одан кейін шырынды қол не винті преспен сығады. Егер шырын сақтау
үшін консервіленсе, онда оны таза шүберек електен өткізеді, шөлмекке құяды
да суы бар кастрюльге салып, 15-20 минут 85°С отқа ұстайды.

2. Ерінгүлділер және қосжарнақты өсімдіктерде дәрілік өсімдікті
оқыту әдісі.

7 – сынып мектеп оқулығы Биология кітабындағы §30 –дағы гүлшетен
мен кермек жалбызды оқу құралы ретінде пайдалану және дәрілік маңызы.
Ерінгүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктердің 3 500 – ге жуық түрлері
белгілі. Олардан эфир майы алынады, дәрі ретінде пайдаланылатын түрлері де
бар. Олар: гүлшетен, лаванда, молавандық жыланбас, кермек жалбыз. Біз
олардың ішіндегі гүлшетен мен кермек жалбыздың дәрілік ретінде қолданылуын
айтып өтеміз.
Кәдімгі гүлшетен гүлдерінің тамаша нәзік иісі эфир майына
байланысты. Тамырында, жапырақтарында ащы гликозид – сирингин бар.
Халық медицинасында гүлшетен гүлдерін бүйрек ауруларына дәру
ретінде, ал жөке гүлдерімен қосып – терлететін және безгекке қарсы дәру
ретінде қолданады. Безгекке қарсы жапырақтарының қайнатпасын да
пайдаланады.
Гүлшетен 3-6 м биік, зәйтүн тұқымдас бұта. Жапырақтары жұмыртқа
тәрізді немесе дөңгелектеу – жұмыртқа тәрізді, өткен жылғы жапырақсыз сабақ

– бұтақшаларға орын тепкен, жоғарғы қос қойын бүршіктерінен өркендейді.
Гүлдері әр түсті: ақ, ақшыл, көк, күлгін, сүйкімді иісі бар. Жемісі екі
ұялы қауашақ. Сәуірдің аяғында – мамырда гүлдейді.
Кермек жалбыз. Қазақстанда жалбыздың 9 түрі бар. Олар суармалы
жерлерде, бұлақ, өзен, көл маңында, арықты бойлай өседі. Шалғындықта,
тоғайда, таулы аймақта да өсетін жалбыз түрлерін кездестіруге болады.
Солардың бірі – кермек жалбыз. Оны кейде бұрыш жалбыз деп те атайды.кермек
жалбыз биіктігі – 30-120 см шамасындағы көпжылдық шөптектес өсімдік. Оның
тармақталған тамырсабағы көлбей өседі. Жапырақтары жұмыртқа тәрізді, бір
ұшы сүйірлеу болады. Өзіне ғана тән хош иісі бар. Гүлдері ұсақ, түсі –
бозғұлт күлгін немесе қызғылтым, шоғырланып орналасады. Гүл шірнесіне масақ
жиналады.
Кермек жалбыз – маңызды дәрілік өсімдік оның жапырақтарында 3 % -ға
дейін, гүлшоғырларында 6 % -ға дейін эфир майы болады. Жалбыз майы
ауырсынуды басатын дәрі ретінде пайдаланылады. Бас сақинасы, асқазан, тыныс
жолдарының ауруларын емдеуге таптырмайтын дәрі. Дәрігерлерге, порфюмерия
бұйымдарына хош иіс беру үшін өте пайдалы. Соңғы кезде Ресей
кермек жалбызды қолда өсіре бастады. Кермек жалбыздың бір гектарынан 18-25
ц түсім алуға болатыны анықталды.
Кермек жалбыз – ылғал, жарық, топырақ құнарлығын талап ететін
өсімдік. Өсімдіктің қаулап өсуі үшін орташа тәулікте 18-22°С температура
қажет. Температура бұдан жоғарылап кетсе, жалбыздың өсуіне кедергі жасайды.
Тамырсабақты ерте көктемде егеді. Ол үшін жыртылған жердің тереңдігі 8-10
см болуы шарт. Жалбыздың түсімін гүлдеу кезде жинайды. өсімдік сабақтарын
жасыл күйде орып алып, май алады. Дәріханаға қажетті жапырақтар бөлігін
кептіріп, кепкен жапырақтарды бастырады.
Тақырыпта берілген материалды пайдаланып мына кестені толтыруды
ұсынамын.

Ерінгүлділер Қолданылуы Жергілікті
тұқымдасы жерде
өсімдіктерінің кездесетін
атауы түрлері
Эфир майы Медици-надПарфюме-риядСәндік
алынады а а мақсатта
егіледі


3. Күрделі гүлділер тұқымдасы өсімдіктерінің дәрілік өсімдік ретінде
оқыту әдісі.

Өгейшөп – қазақстанда бір ғана түрі кездесетін күрделігүлділер
тұқымдас, көпжылдық шөптекті өсімдік. Ерте көктемде көптеген шөптекті
өсімдіктерден бұрын өгейшөп шығып, гүлдейді. Бір – қызығы өгейшөп жапырағын
гүлдену соңына жаяды. Оның биіктігі 10-25 см, сабағы – қабыршақты.
Гүлсидамды сабақта бір ғана гүл болады. Қабыршақты сабақта өгейшөптің
жерасты бөлігі –
тамырсабақтан өсіп шығады. Торлы жүйкелі, бүйрек тәрізді ірі жапырақтары
көзге бірден шалынады. өгейшөп жапырағы тақтасының үстіңгі беті түксіз
жылтыр – салқындық білдіреді. Жапырақтың астыңғы бетінде жұмсақ түктер
өсіп, жылылық шырай білдіреді. Осы екі түрлі ерекшелігіне байланысты
өсімдік өгейшөп аталған.
Өгейшөптің сары гүлді гүлшоғырының ортасына отыз шақты түтікшелі
гүлдер, ал жиегінде жүзден астам тілшелі гүлдер орналасқан.
Өгейшөпті өзен жағалауынан, сайлардан, аласа төбе етектерінен,
өзге де жерлерден кездестіре аламыз. Ол – дәрәләк өсімдік. Халықтық
медицинада жапырағы, гүлі, сабағы әр түрлі дертке дәру ретінде
пайдаланылады. Оның жапырағы қақырық түсіруге жиі қолданылады. Ауатамырдың
қабынуына, сондай – ақ туберкулезді емдеуде де өгейшөп жапырағының маңызы
зор.
Інжугүл – тамырсабақты өсімдік. Көлбеу жатып, өрмелеп өсетін
тамырсабағының буынаралықтары ұзарып, тармақталады. Тамырсабақтың
буынаралықтарында қабыршақ тәрізді жапырақтар болады. Тамырсабақтан өте
қысқарған буынаралық бөлік 10 -2 см биіктеп өседі. Бұл – жыл сайын жер
бетіне көтерілетін бір жылдық өркен. Сол өркеннен қандауырша тәрізді – 1
қабыршақты және 2 жасыл жапырақтар өсіп шығады. Қабыршақтанған жапырақтың
қолтығынан жапырақсыз, гүл беретін сабақ өседі. Інжугүлдің тамыр сабағы
ғана қыстап шығады.
Інжугүл – биіктігі 15 – 20 см улы өсімдік. Інжугүлді түкті ара,
балара, сондай – ақ шыбындар тозаңдандырады. Інжугүлдің жемісі – қызылсары
– қызыл түсті домалақ жидек болып келеді. Жидекте 2 – 8 тұқым болады. Оның
тұқымдарын құстар таратады. Інжугүлдің барлық мүшелері улы.
Дәрі үшін інжугүлдің жапырақтары пайдаланылады. Ол жүрек жұмысын
жақсартады. өсімдіктің гүлі парфюмерияда інжугүл иісін алуға қолданылады.
Інжугүл Жайық өзенінің оң жақ жағалауында өседі. Алматы, қарағанды
ботаникалық бақтарында өсіріледі.

4. Мәдени өсімдіктерді дәрілік мақсатта оқыту әдісі.

§ 35 – дегі Мәдени өсімдіктердің тағамдық, дірілік, маңызын
түсіндіріп өту.
Адамзат сәбізді ерте заманнан бері күшті емдік дәру ретінде жоғары
бағалап, әуелі дәрі – дәрмек, содан соң тағамдық өсімдік ретінде егіп -
өсірген. Тамыржемісіне тән нәрсе, оларда каротин және басқа: С витамині, В,
РР, К, Е витамин топтары өте көп.
Сәбіз – гипо және авитоминозда, қан азайғанда поливитаминдік және
жалпы қуат беретін бағалы дәру. Піскен сәбізді демікпе, туберкулез ауруы
бар, іші қататын, сондай – ақ бүйрегінде тасы бар адамдарға жеуге болады.
Қайнатпаны немесе жапырақ сабақтары мен ақжелкен қоспасынан жасалған
тұндырманы бүйрек, бауыр ауруларына ішеді. Дән ұнтақтарынан жасалған
тұндырманы да пайдаланады, оны жылытып ас қорыту нашарлағанда, бүйректас
ауруларына, газ шығару дәру ретінде ішеді. Қолдану дозасы мынадай – бір ас
қасық дән ұнтағын 1 стакан қайнаған суға салады.
Үгітілген сәбіз бен сәбіз шырыны – бағалы диеталық азық, әсіресе
балалардың тамақ рационына пайдалы әрі қажетті компонент, ол тағамды
жұғымды етеді, организмді нығайтады, жұқпалы ауруларға деген қарсылықты
күшейтеді. Бұлардың емдік мақсатта да жақсы әсері бар. Жүрек қызметі
нашарлағанда, көз ауруларына, ауыз қуысы қабынғанда, бала емізетін әйелдің
сүті азайғанда сәбіз шырынын ішкен жөн.
Бал қосқан сәбіз шырыны тымауратып жөтелгенде, дауыс қарлыққанда да
қолданады. Май қосқан сәбіз үгіндісін әдетте балаларға ішек құртына және іш
жүргізу үшін береді, оны күйікке, іріңді жарақатқа, жараға, ісікке басады.
Қазақстанда сәбіздің Бирючекутская 415, Витаминная 6, Мирзои желтая
304, Мирзои красная 228, Нантская 4, Шантенэ 2461 сорттары өсіріледі.
Сәбізді құмда сақтауға болады, бірақ оны ақ мүкпен жапса немесе басты

пияздың құрғақ жапырақтарынан жасалған сұйық тұндырманы алдын ала бүріксе,
ол жақсы сақталады.
Қызылша – жұрттың бәріне пайдалы: онда көміртегі, белоктар, пектин
заттары, клетчаткалар, органикалық қышқылдар көп. Тамыржемістері, әсіресе,
балауса жарырақтары С витаминіне, каротинге бай, сол себепті де жапырақ –
сабақтарын қосып, жас қызылшадан жасалған свекольниктер мен борщтар аса
бағалы саналады. Тамыржемістерінде әр алуан витаминдер жиынтығы,
каротиноидтер мен микроэлементтер бар. Қызылшада марганец, калий, темір,
кальций, кобальт тұздары өте көп, ал бойындағы йодтың көптілігінен
көкөністер ішінен бірінші орын алады.
Қызылша тағамдарды бірқатар асқазан, ішек ауруларына, әсіресе іш
қатқан кезде ем ретінде қолданылады, өйткені клетчатка мен органикалық
қышқылдар ішектің перистальтикасын күшейтеді, сөйтіп іш босатуға әсер
етеді. Ашқарынға 100 – 200 г піскен қызылша жеген жөн
Халық медицинасында қызылшаны не қызылша шырынын (ара балымен тең
етіп араластырып) гипертония ауруына қолданады, қызылшаның жақсы әсер
ететінін себебі, сірә оның бойында қан қысымын төмендететін магнийдің көп
болуына байланысты болар. Ал шикі қызылша шырынын зат алмасуды жақсартатын
және организмді нығайтатын дәру ретінде де ішуге болады.
Қызылшаның жапырақтары балалр тағамына аса бағалы көкөніс.
Қызылшаның тамыржемісін сыртқы ауруларға дәру ретінде кеңінен пайдаланады.
Оны үгілген күйінде ісіктерге немесе денедегі жараға басады. Шикі қызылша
тіс ауруын бәсеңдетеді, ал жаңа пісірілген қызылшаның шырынын тұмау кезде
дәру ретінде пайдаланады.
Рауғаш – таран тұқымдас ерте пісетін витаминді көкөніс ол 5000 жыл
бұрын Қытайда белгіліболған. Рауғаштың шыққан жері – Европа мен Азияның өте
континентальды аудандары, сондықтан ол азияға төзімді.
Рауғаштың көгентамырында иілік заттар бар. Рауғаштың көген
тамырларындағы әсерлі заттар – антрагликозидтер, олар ажыраған кезде реин
мен хризофан қышқылын береді, рауғаштың сүргілік әсері осыларға байланысты.
Рауғашты тұндырма, сироп, экстракт түрінде де пайдаланады.
Тағамға жалпақ түйежарырақ тәріздес жапырақтардың сағағын
пайдаланады, онда алма лимон, янтарь, қымыздық және басқа органикалық
қышқылдар, пектин заты, танин бар, сондай – ақ С, В витаминдеріне,
каротинге бай. Рауғаш асқазанның жұмысын жақсы реттеп отырады. Дәмі қышқыл,
тұтқыр, қымыздықтың дәміне ұқсас. Рауғаш жапырақтарының сағағынан сорпа,
пюре, кисель, компот, джем, жасайды, оны пирогқа салады.

5. Талшықты дақылдар мен дәрілік өсімдіктерді оқыту әдістемесі.

Жалбызтікен – құлқайыр тұқымдас цилиндір пішінді 150 см –ге дейін
бойлап өсетін сабағы бар көпжылдық өсімдік. Тік орналасқан жуан әрі қысқа
тамырынан көптеген жанама тамырлар тарайды. Сабақтары тамырдан тікелей өсіп
шығатындықтан, жуан тамырдың жоғары жағы тармақталып, әрбір сабақтың
түбінде жұлым – жұлым ұйысқан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәрілік өсімдіктер жайлы көптеген мағлұматтар
Пайдалы өсімдіктердің зерттелуі
Дәрілік өсімдіктер (шипалы өсімдіктер )
Қызылмия өсімдігінің тамыры
Киікот өсімдігі жайлы
Дәрілік өсімдіктер туралы зерттеулер жүйесі
Өсімдіктер қорғау саласындағы өзекті мәселелер
Ветеринарияда микроэлементтерді қолдану
Итмұрын
Дәрілік өсімдіктерге тарихи және әдеби шолулар
Пәндер