Антропоцентризм және прагматизм –ХХғ.философиялық бағыттар



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Әдебиеттегі жаңа бағыттардың көрінуі
Антропоцентризм және прагматизм .ХХғ.философиялық бағыттар
Әдебиеттегі ақиқат немесе көркем шындық
Әдебиетте көркем образ жасау мәселелері
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Қазіргі таңда әдебиеттану ғылымында өзге ғылым салалары секілді жаңа бағыттар пайда болып, өз принциптерін дәлелдей түсіп, әдебиетіміздің сан қырлылығын дамыта түсуде. Әрине де оның бәрі тікелей адамға қатысты дүниелер болғандықтан әдебиеттегі адам мәселесі көркем шығармада образ арқылы көрінеді. Осыған байланысты ХХ ғасырда пайда болған философиялық бағыттар әдебиетті де айналып өте алмайды.Солардың негізгісі – антропоцентризм және прагматизм бағыттары. Осы бағыттардың қалай пайда болғаны жайлы айта кетейін.
Антропоцентризм - негізгі орталық мәселесі адам болып табылатын философиялық көзқарас. Ол қайта өрлеу дәуірімен жаңа заман, қазіргі заман философиялық мектептерінде қарастырылады. Антропоцентризм – дүниетанымдық айқындама, оған сәйкес адам дегеніміз — әлемнің орталығы және асқар шыңы. Адам әлемнің қақ ортасында тұр, яғни бүкіл әлем Адам үшін – шет аймақтар; Адам әлемнің ең ұшар басында тұр, демек бүкіл әлем деңгейі жөнінен де, маңызы жөнінен де адамнан төмен. Тек адам ғана – субъект, ал бүкіл әлем оның объектісі ғана. Әлем адам игілігіне, өз еркінше пайдалануына құрал ретінде ғана берілген. Батыс Еуропадағы қайта өрлеу дәуірі қоғамының белгілі бір бөлігінің көңіл күйі ретінде адам осындай . Мұнда іс жүзінде әрбір суреткер – алып немесе тіпті құдірет, қалған бүкіл әлем соның төңірегінде шыр айналады.
Прагматизм (pragma — іс-әрекет) — қазіргі заманғы философиядағы субъективті-идеалистік бағыт. Прагматизм терминін ғылыми айналымға 19 ғ-дың 70-жылдары америкалық философ Ч.С. Пирс енгізді. Прагматизм негізінде ақиқаттың мәнділігі оның прагматикалық тиімділігімен анықталады деген “прагматизм принципі” жатыр. Прагматизм іргелі ақиқатты іздестіру қажеттілігін мойындамайды және абстрактылы философиялық жүйелер жасаудан бас тартады. Мұның орнына ол нақты тәжірибе мен тілге негізделген, өзгеріп отыратын көптеген ақиқаттарды қарастырып, онда ақиқат практикалық нәтижелерінің құндылығына қарай анықталады.
Әдебиеттегі антропоцентризм бағытында адам негізгі тірек ретінде, көркем шығармада адам бейнесін жасау мәселесі қарастырылса, прагматизм бағытында әдебиеттегі ақиқат яғни өмір шындығы мен көркем шындық мәселелері зерттеледі.
Яғни өмір шындығы және көркем шындық - көркемөнерде, оның ішінде әдебиетте шығарма өмір шындығына сүйеніп жазылады. Нақтылы өмір құбылыстарын, оның сырын, қайшылықтарын терең түсінбей, тебіреніп- толғанбай, сезінбей көркем шығарма тумайды. Тарихи жәе қоғамдық шындық әдеби туындының бастау көздері болып табылады.Әлеуметтік өмір, саясат,халық тұрмысы - бәрі де өмір шындығын танытатын жағдайлар.Ешбір жазушы өмір шындығынан, оның нақты болмысынан алшақ кетпейді. Көркем шындық - өмірді образды түрде бейнелеп, оны озық көзқараспен, жоғары эстетикалық мақсат тұрғысынан терең ашу.Адам үшін маңызды деген жайларды типтік дәрежеге көтеріп бейнелеу. Жинақтау- тұжырымдау, типтендіру тәсілін ұтымды қолданып, өмірлік- қоғамдық құбылыстардың ақиқатын суреттеу. Өмірді көркемдік шындықпен суреттеу үшін жазушы ойдан шығару, фантазиялық қиялдау тәсілдерін қолданады. Бұл қасиеттер өмір шындығымен үйлесіп жатуы тиіс. Ол үшін творчестволық тәжірибе, ерекше қабілет керек.
1. Қабдолов З. Сөз өнері. - Алматы, 1992.
2. Хасенов М. Ұнамды образ және типтендіру. – Алматы, 1966.
3. Нұрғалиев Р. Әдебиет теориясы. – Астана, 2003.
4. Алпысбаев Қ. Көркем шығарманы талдау жолдары. – Алматы, 1995. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. – Алматы, 1997.
5. Мақпырұлы С. Адамтану өнері. –А.: Арыс, 2009.
6. Қазақстан энциклопедиясы, VII-том.
7. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

Әдебиеттегі жаңа бағыттардың көрінуі

Антропоцентризм және прагматизм –ХХғ.философиялық бағыттар

Әдебиеттегі ақиқат немесе көркем шындық

Әдебиетте көркем образ жасау мәселелері

ІІІ. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Әдебиеттанудағы жаңа бағыттардың көрінуі

Қазіргі таңда әдебиеттану ғылымында өзге ғылым салалары секілді жаңа
бағыттар пайда болып, өз принциптерін дәлелдей түсіп, әдебиетіміздің сан
қырлылығын дамыта түсуде. Әрине де оның бәрі тікелей адамға қатысты
дүниелер болғандықтан әдебиеттегі адам мәселесі көркем шығармада образ
арқылы көрінеді. Осыған байланысты ХХ ғасырда пайда болған философиялық
бағыттар әдебиетті де айналып өте алмайды.Солардың негізгісі –
антропоцентризм және прагматизм бағыттары. Осы бағыттардың қалай пайда
болғаны жайлы айта кетейін.

Антропоцентризм - негізгі орталық мәселесі адам болып табылатын
философиялық көзқарас. Ол қайта өрлеу дәуірімен жаңа заман, қазіргі заман
философиялық мектептерінде қарастырылады. Антропоцентризм – дүниетанымдық
айқындама, оған сәйкес адам дегеніміз — әлемнің орталығы және асқар шыңы.
Адам әлемнің қақ ортасында тұр, яғни бүкіл әлем Адам үшін – шет аймақтар;
Адам әлемнің ең ұшар басында тұр, демек бүкіл әлем деңгейі жөнінен де,
маңызы жөнінен де адамнан төмен. Тек адам ғана – субъект, ал бүкіл әлем
оның объектісі ғана. Әлем адам игілігіне, өз еркінше пайдалануына құрал
ретінде ғана берілген. Батыс Еуропадағы қайта өрлеу дәуірі қоғамының
белгілі бір бөлігінің көңіл күйі ретінде адам осындай . Мұнда іс жүзінде
әрбір суреткер – алып немесе тіпті құдірет, қалған бүкіл әлем соның
төңірегінде шыр айналады.

Прагматизм (pragma — іс-әрекет) — қазіргі заманғы философиядағы
субъективті-идеалистік бағыт. Прагматизм терминін ғылыми айналымға 19 ғ-дың
70-жылдары америкалық философ Ч.С. Пирс  енгізді. Прагматизм негізінде
ақиқаттың мәнділігі оның прагматикалық тиімділігімен анықталады деген
“прагматизм принципі” жатыр. Прагматизм іргелі ақиқатты іздестіру
қажеттілігін мойындамайды және абстрактылы философиялық жүйелер жасаудан
бас тартады. Мұның орнына ол нақты тәжірибе мен тілге негізделген, өзгеріп
отыратын көптеген ақиқаттарды қарастырып, онда ақиқат практикалық
нәтижелерінің құндылығына қарай анықталады.

Әдебиеттегі антропоцентризм бағытында адам негізгі тірек ретінде,
көркем шығармада адам бейнесін жасау мәселесі қарастырылса, прагматизм
бағытында әдебиеттегі ақиқат яғни өмір шындығы мен көркем шындық мәселелері
зерттеледі.

   Яғни өмір шындығы және көркем шындық - көркемөнерде, оның ішінде
әдебиетте шығарма өмір шындығына сүйеніп жазылады. Нақтылы өмір
құбылыстарын, оның сырын, қайшылықтарын терең түсінбей, тебіреніп-
толғанбай, сезінбей көркем шығарма тумайды. Тарихи жәе қоғамдық шындық
әдеби туындының бастау көздері болып табылады.Әлеуметтік өмір, саясат,халық
тұрмысы - бәрі де өмір шындығын танытатын жағдайлар.Ешбір жазушы өмір
шындығынан, оның нақты болмысынан алшақ кетпейді. Көркем шындық - өмірді
образды түрде бейнелеп, оны озық көзқараспен, жоғары эстетикалық мақсат
тұрғысынан терең ашу.Адам үшін маңызды деген жайларды типтік дәрежеге
көтеріп бейнелеу. Жинақтау- тұжырымдау, типтендіру тәсілін ұтымды қолданып,
өмірлік- қоғамдық құбылыстардың ақиқатын суреттеу. Өмірді көркемдік
шындықпен суреттеу үшін жазушы ойдан шығару, фантазиялық қиялдау тәсілдерін
қолданады. Бұл қасиеттер өмір шындығымен үйлесіп жатуы тиіс. Ол үшін
творчестволық тәжірибе, ерекше қабілет керек.

Әдебиеттегі көркем образ жасау мәселелері

Әдебиет туралы жалпы түсініктердің бәрінің құйылар арнасы, ең басты
және өзекті мәселесі-образ және образдылық. Кең ауқымда алып қарасақ,
көркем образ-өмірлік шындықты игеру мен қайтадан қорытып, жаңадан жасап
шығарудың өнерге ғана тән ерекше тәсілін сипаттайтын эстетикалық категория.
Сонымен бірге көркем шығармада жасалған алуан құбылыстарды да, көбінесе
кейіпкерлер мен әдеби қаһарманды образ деп атаймыз. Негізінде образдың
ерекшелігін екі мәселеге, яғни нақты шындық пен ойлау үрдісіне қатысты
қарастыру дәстүрі қалыптасқан. Соған сәйкес, образдың обьективті-танымдық
сипаттары 2 түрлі жағдайға байланысты анықталады. Образ көркемдік шындыққа
тән болғанымен, өмірлік негізінде жасалатындықтан, ақиқат өмірдегі
кеңістік, уақыт, қоғам, заттар мен құбылыстардан алшақ кете алмайды. Сондай-
ақ, образ ақиқат болмыспен біте қайнасып кетуге де тиіс емес. Оның сыры-
образдың өмір сүру ортасына қатысты. Нақтылай түсер болсақ, образ ақиқат
өмірден бастау алғанымен, көптеген шарттылықтар арқылы одан ажырап, көркем
туындыдағы қиялдан туған әлемге көшеді. Образ-шығармашылық ой жемісі.
Сондықтан ойлау үрдісіне тән сипаттарға образ да ин болады. Яғни образ тек
қана ақиқатты суреттеп берумен шектелмейді. Өмір шындығын жинақтай отырып,
жекелегкн оқиғаларды, құбылыстарды бейнелей отырып, адам баласын
толғандырып келе жатқан мәңгілік сауалдардың мәніне де үңіледі. Образ-нақты
ұғым. Қандай құбылысқа негізделсе де, образ ол құбылысты дерексіз,
тиянақсыз әлденелерге бөлшектемей керісіеше, оның тұтастығын, өзіндік
бітімін сақтап қалады. Әдебиетте адам бейнесін жасаудың амалы алуан түрлі.
Ол сөздегі суретпен ғана бітпейді, көркем бейне жасауға қажет өмірлік
материалды жинақтаудан әдеби тұлғаны даралауға дейін барады. Жинақтау
дегеннің өзі-әдеби тип жасау әрекеті. Типтендіру деген суреткердің іс
жүзінде өмір шындығын өз дүние танымы тұрғысынан белгілі бір уақытпен
кеңістікке, әлеуметтік орта мен дәуірге сай талғап-тануы, таңдап іріктеуі
және жинақтауы, сол арқылы өзі жасап отырған көркем бейнені сомдауы,
тұлғаландыруы, даралуы болып табылады дейді академик З.Қабдолов.
Типтнндіру – мөлшерлі сфераға енетін, өлшеулі формаға көнетін әрекет
емес, ақиқат өмірдегі кісілерден әдеби шығармадағы жанды бейнелер туғызудың
аса қиын, күрделі және әрқашан тың, тынымсыз харакеті. Суреткер өзі жасаған
көркем бейненің құны мен қасиетін қатаң қағидаға қарап белгілемейді, оның
өмірдегі жанды дерегіне қарап бағалайды. Жазушыға тип жасау әрекетінің
үстінде керкгі-типтілік туралы қисын емес, тірі мүсін-трототип. Кейде
оқырман күнделікті өмірдегі адам мен әдеби қаһарманды бірдей ұғым ретінде
қабылдайтыны бар. Бұл жағдай әсіресе, әдеби бейненің өмірдегі прототипі
болғанда ерекше байқалады. Алайда, прототип пен әдеби қаһарман бір ұғым
емес. М.Әуезовтің Абай жолы романындағы Құнанбайды тарихтан белгілі
Құнанбайдың таза көшірмесі деп түсінуге болмайды. Өйткені, әдеби бейнеде
қаламгер концепциясы жинақталады да, соған орай көркем бейне жасалады.
Сонымен бірге авторлық позицияға байланысты кейіпкер халықтық қаһарманға
айналуы да, қаламгердің көркемдік жүйесіне байланысты да болады. Шындық
құбылыстарды типтендіре жинақтау арқылы суреткер болашақ образдың немесе
типтің жалпы бітімін, тұлғасын қалыптастыруымен қатар оның ішкі ерекшелігін
ашып, мінезін даралайды. Әрбір әдеби тұлғаны өз ортасынан адам ретінде
бөлек, оқшау танытып тұратын, оның тек өзіне ғана тән, өзгелерде жоқ және
қайталанбайтын психикалық ерекшеліктері болуы шарт. Суреткердің өмір
шындығын жинақтау әрекеті әрқашан оның адам мінезін даралау әрекетімен
ұласады. Мінез – адамның ішкі болмысы, белгілі қоғамдық жағдай
қалыптастырған қоғамдық құлқы, барлық психологиялық ерекшеліктерінің
жиынтығы. Осы мінездің өзін жазушы әр түрлі тәсілмен жасайды. Мысалы: бірі-
тура мінездеу, тағы бірі-жанама мінездеу. Мінездеу, жанама мінездеу, адамға
тән сүйініш, кұйініш, сезімдерді суреттеу, адамның өз сөзін (монолог),
немесе өзгемен сөйлесуін (диалог) келтіру-осылардың бәрі жеке-жеке тұрған,
бір-біріне жеке, дара мақсатты нәрселер емес, керісінше бірін-бірі
толықтырп, бірінен-бірі туып жалғасып жатқан дүниелер. Мұндай бірліксіз
бұлар адам мінезін де, тұлғасын да жасай алмаған болар еді. Сонымен бірге
адамның ішкі бітімімен қатар сырт келбеті (портреті) де адам образын ашуға
қызмет етеді. Портрет адамның бүкіл анатомиясын түгел қамтып, жіпке тізе
беру шарт емес. Әр портретте әр адамның ең бір ерекше сипаты нақты, қысқа
суреттеледі. Әдеби шығарма не туралы жазылса да бәрібір, сайып келгенде,
бәрі де адам, тек адам туралы ғана сыр шертеді. Көркем шығармаларда
суреттелетін табиғат көріністерін, яки пейзажды да әншейін бір уақыт пен
кеңістіктің дерегі ретінде даралап қарамай, адам образын толықтыра түсетін
тәсілдің, бірі деуімізге болады. Образдың жасалу тәсілдеріне лайық образдың
түрлері туады. Образдың түрлерін белгілеудің бірнеше (әдістік, тектік,
тәсілдік) фактолары бар. Көркемдік әдіс тұрғысынан келгенде, образ екі
түрлі :романтикалық образ, реалистік образ. Әдеби тек тарапынан келгенде,
образ үш түрлі: эпикалық образ. лирикалық образ, драмалық образ. Ал, жалпы
жасалу тәсілдеріне келетін болсақ, образ юморлық, сатиралық, фантастикалық,
трагедиялық, комедиялық, қаһармандық, т.б. бейнелер деп бірнеше тұрғыдан
жіктеуге болады. Осылардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері бар, оны
білу әдебиетшіге ауадай қажет. Әдебиеттегі көркемдік әдіс, негізінен екі
түрлі:(романтизм, реализм). Біз қазір образдың көркемдік әдіс тұрғысынан
өзіндік ерекшеліктеріне ғана тоқталамыз. Романтикалық образ - әдебиеттегі
адам бейнесінің байырғы түрлерінің бірі. Бұл образдың алғашқы үлгілері
баяғы көне дүние әдебиетінде, әсіресе мифте, немесе қай халықтың болса да
ауыз әдебиетінде жатыр. Бұл образ өмірдегі болған немесе бар деректен гөрі
өмірде әзірше жоқ, бірақ болатын дерекке негізделеді. Романтикалық образ –
қай жанрдың туындыларында болас да молынан кездесетін, образдың дәстүрлі,
қалыптасқан түрі. Реалистік образ - әдебиеттегі адам бейнесінің ең
сымбатты, шынайы түрі. Реалист – сөзінің латын тіліндегі мағынасы заттық
деген ұғымды білдіреді. Сонымен қатар, шындық, шыншыл, шынайы, ақиқат
деген сияқты ұғымдарды да білдіреді. Демек, өнер түрлеріне қатысты
қалыптасқан реалистік образ ұғымы өмірлік шындыққа негізделген, эстетикалық-
тәрбиелік мәні зор, қоғамдық сипаты айқын, өз бойына жалпылық және жалқылық
белгілерді қатар дарытқан, сонымен бірге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ БОЙЫНША СЕМИНАР САБАҚТАРЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Жаңа ғасыр философиясы
Антика мәдениетіндегі философия
Адам философиясы және құндылықтар дүниесі
Философияның негізгі бөлімдері
Философия және оның тарихы. Әдістемелік оқу құралы
Оқушыларын оқыту, тәрбиелеу үрдісі үстінде психикалық процестері мен танымдық қасиеттерін халық дидактикалық тұрғыдан дамыту
Көзқарас және философия
КӨНЕ ШЫҒЫС ФИЛОСОФИЯСЫ ТАРИХЫ
Ортағасыр христиан философиясы
Пәндер