Интернет дүкен құру



КІРІСПЕ
1 АНАЛИТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
1.1 Мекеменің қысқаша сипаттамасы 8 1.2 Мекеме жұмысының негіздері
1.3 Мекеменің техникалық және бағдарламалық қамтамасыздануы
2 ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
2.1 Web технологияның қазіргі жағдайы
2.1.1 Интернет туралы түсінік
2.1.2 Сайт туралы түсінік
2.1.3 Интернет дүкен туралы
2.1.4 Клиент.сервер технологиясы
2.2 Сайт жасау құралдары
2.2.1 HTML тілінің негіздері
2.2.2 PHP тілінің негіздері
2.2.3 MySQL дерек қоры негіздері
2.2.4 CSS бағдарламалау тілінің ерекшеліктері
2.2.5 JavaScript тілінің негізідері
3 ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
3.1 Мәселенің қойылымы
3.2 Интернет дүкенді құру кезеңдері
3.3 Интернет дүкенннің логикалық және алгоритмдік көрінісі 52
3.4 Жалпы мәлімет
3.5 Қажетті техникалық жабдықтар
3.6 Шақыру және жүктеу
3.7 Қолданушы нұсқаулығы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША A. САЙТ ЛИСТИНГІ
Бүгінгі күндерде ақпараттық технологиялардың қарқынды дамыған заманында интернет өмірдің ажырамас бір бөлігі болып табылады. Интернет – компьютерлік серверлердің бүкіләлемдік желісі. Интернетке қосылу мүмкіндігі болған жағдайда, білім беру мекемелері, мемлекеттік ұйымдар, коммерциялық кәсіпорындар және жеке адамдар сияқты миллиондаған қайнар көзінен ақпарат алуға болады. Қазіргі таңда адамдардың өмірін интернетсіз елестету мүмкін емес. Өйткені, ол күнделікті жаңалықтармен, аудио, видео өнімдермен танысу немесе әлеуметтік желілерде уақыт өткізу ғана емес, сонымен қатар әр түрлі оқуға, жұмысқа керекті ақпаратты іздеуге, танысуға, оқып білуге, сонымен бірге адамдардың өздерінің бизнестерін дамыту үшін керек.
Интернет дүкен - интернетте тауарды сату және қызметін көрсетудің өте ыңғайлы жүйесі. Интернет дүкен - үлкен көлемдегі ақпаратты орналастыруға, оперативті түрде тауарлардың түр түрін жаңартуға, жұмыс үрдісін қадағалауға мүмкіндік береді. Интернет дүкен сіздің дәстүрлік бизнесіңіздің жалғасы Сонымен қатар тәуелсіз құрлым болуыда мүмкін.
1. Тәжіғұлова Г.О. “ Желілік технологиялар” оқу құралы. Қарағанды 2007.
2. Қаржы-экономика сөздігі. Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС. 2007.
3. Ташков П. Веб мастеринг на 100%: HTML, CSS, JavaScript, PHP, CMS, AJAX, раскрутка. Питер, 2010. 512 с.
4. Котеров Д., Костарев А. РНР. В подлиннике. Петербург, 2005. 1120 с.
5. Шафер С. HTML, XHTML и CSS. Диалектика. Москва, 2010. 656 с.
6. Шмитт К. Рецепты программирования CSS. Cookbook. Петербург, 2007. 656 с.
7. Мамаев Е. МySQL Server. Проектирование и реализация баз данных. Сертификационный экзамен. ВНV, 2004. 416 с.
8. Джон Кауффман. Программирование SQL. 2002. 255 с.
9. Энди Харрис. РНР и MySQL для начинающих. 2002. 400 с.
10. Брайан Матсик «Программирование SQL», 2002
11. Энди Харрис. «РНР и MySQL для начинающих», 2005
12. Л.Бейли, М. Моррисон. Изучаем PHP и MySQL Эксмо, 2010. 800 с.
13. Б. Лоусон, Р. Шарп. Изучаем HTML5. Питер, 2011. 272 с.
14. Сидерхолм Д. CSS3 для веб-дизайнеров. Москва, 2013. 124 c.
15. Прохоренок Н. HTML, JavaScript, PHP и MySQL. Джентльменский набор Web-мастера. Петербург, 2010. 900 с.
16. Прохоров А.Н. Интернет: как это работает. Петербург, 2004. 280 с.
17. Комолова Н., Яковлева Е. HTML: Самоучитель. 2-е изд. СПб.: Питер, 2011. 288 с.
18. Дж.Мейнджер. [removed] основы программирования. Киев. BHV. 1997. 512 с.
19. www.Google.com
20. www.Wikipedia.com

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

___________________

Интернет дүкен құру
(тақырып атауы)

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Мамандығы 5В070300 – Ақпараттық жүйелер

________
2017
АҢДАТПА

Ұсынылып отырған дипломдық жұмыстың мақсаты Алха-Ломбард ЖШС-нің
құрамына кіретін Алтын Алқа зергерлік салонының интернет дүкенін құру.
Қазіргі уақытта елімізде интернет дүкендер артып келеді, жылдан-жылға
сандық та сапалық даму байқалады. Дегенмен де, осы қызметтерде ақпараттық
технологияның қазіргі жетістіктерін қолдану жеткіліксіз деуге болады. Осы
дипломдық жұмыс кемелді интернет дүкен құру мақсатында дайындалған.
Дайындалған интернет дүкен негізінде адамдар өздерінің
қажеттіліктеріне сай өз ойындағыдай тауарға үйінде отырып-ақ қол жеткізе
алады, ал сол дүкен иелері өздеріне тұтынушылар қабылдай алады. Ұсынылған
дипломдық жұмыстағы сайт бойынша адамдар өздерінің қажетіне қарай түрлі
әшекей-бұйым өнімдерін таңдай алады.
Ұсынылған дипломдық жұмыс PHP, CSS, HTML және JavaScript бағдарламалық
тілдерін қолдана отырып құрылған және деректер қоры MуSQL Server негізінде
жүргізілген.
Сонымен қатар, дипломдық жұмыста Алтын Алқа әшекей-бұйымдар интернет
дүкенін қолдану нұсқаулықтары да ұсынылған.

АННОТАЦИЯ

Целю данной дипломной работы является создание интернет магазина
ювелирного салона Алтын Алка входящий в структуру ТОО Алха-Ломбард. В
настоящее время нашей стране рост интернет магазинов год за годом
очевидножәнев качествежәнев количестве. Но недостаточно применяются
возможности информационной технологии, это дипломная работа создана с
целью создание совершенного интернет магазина.
Разработанный интернет магазин предоставляет возможность клиенту
купить товар сидя дома, а поставщику принимать клиента. Представляемая
дипломная работа предоставляет возможность потребителю выбирать ювелирные
изделия прямо на сайте.
Интернет магазин разработана с использованием программных языков PHP,
CSS, HTML и JavaScript, а база данных проведена на основании MуSQL Server.
В дипломной работе даны указания по применению данного интернет
магазина Алтын Алка ювелирные изделия.

ANNOTATION

The purpose of this degree work is to create an online store jewelry
store Golden Alka, which is part of the structure of LLP Alka-Lombard.
At present our country internet shops are growing year for year obviously
and as and in amount. But now it is not enough to use the last technology,
this degree work is created for the reason creation make internet shop.
Designed internet shop gives a chance to client to buy goods which
they need without walking out their building. Presented degree work gives a
chance consumer to choose goods on taste straight on put.
The for Internet shop developed using the programming languages PHP,
CSS, HTML and JavaScript, and the database is based on MySQL Server.
In the degree work instructions are given on the use of this online
store Golden Alka jewelry.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
6
1 АНАЛИТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
8
1.1 Мекеменің қысқаша сипаттамасы
8 1.2 Мекеме жұмысының негіздері
9
1.3 Мекеменің техникалық және бағдарламалық қамтамасыздануы
11
2 ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
13
2.1 Web технологияның қазіргі жағдайы
13
2.1.1 Интернет туралы түсінік
13
2.1.2 Сайт туралы түсінік
16
2.1.3 Интернет дүкен туралы
18
2.1.4 Клиент-сервер технологиясы
19
2.2 Сайт жасау құралдары
22
2.2.1 HTML тілінің негіздері
22
2.2.2 PHP тілінің негіздері
29
2.2.3 MySQL дерек қоры негіздері
37
2.2.4 CSS бағдарламалау тілінің ерекшеліктері
45
2.2.5 JavaScript тілінің негізідері
47
3 ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
50
3.1 Мәселенің қойылымы
50
3.2 Интернет дүкенді құру кезеңдері
51
3.3 Интернет дүкенннің логикалық және алгоритмдік көрінісі
52
3.4 Жалпы мәлімет
55
3.5 Қажетті техникалық жабдықтар
55
3.6 Шақыру және жүктеу
55
3.7 Қолданушы нұсқаулығы
56
ҚОРЫТЫНДЫ
70
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
71
ҚОСЫМША A. САЙТ ЛИСТИНГІ
72
КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың тақырыбының өзектілігі. Бүгінгі күндерде ақпараттық
технологиялардың қарқынды дамыған заманында интернет өмірдің ажырамас бір
бөлігі болып табылады. Интернет – компьютерлік серверлердің бүкіләлемдік
желісі. Интернетке қосылу мүмкіндігі болған жағдайда, білім беру
мекемелері, мемлекеттік ұйымдар, коммерциялық кәсіпорындар және жеке
адамдар сияқты миллиондаған қайнар көзінен ақпарат алуға болады. Қазіргі
таңда адамдардың өмірін интернетсіз елестету мүмкін емес. Өйткені, ол
күнделікті жаңалықтармен, аудио, видео өнімдермен танысу немесе әлеуметтік
желілерде уақыт өткізу ғана емес, сонымен қатар әр түрлі оқуға, жұмысқа
керекті ақпаратты іздеуге, танысуға, оқып білуге, сонымен бірге адамдардың
өздерінің бизнестерін дамыту үшін керек.
Интернет дүкен - интернетте тауарды сату және қызметін көрсетудің өте
ыңғайлы жүйесі. Интернет дүкен - үлкен көлемдегі ақпаратты орналастыруға,
оперативті түрде тауарлардың түр түрін жаңартуға, жұмыс үрдісін қадағалауға
мүмкіндік береді. Интернет дүкен сіздің дәстүрлік бизнесіңіздің жалғасы
Сонымен қатар тәуелсіз құрлым болуыда мүмкін. Кез келген жағдайда дұрыс
басқарылған жұмыс өнімді болады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты. Нарықта ауқымды орны бар компанияның
құрамына кіретін зергерлік әшекей-бұйымдарды сататын салонның интернет
дүкенін құру.
Дипломдық жұмыстың міндеті. Зергерлік әшекей-бұйымдар сататын салонның
қызметтерін интернет дүкенге толықтай еңгізу. Мысалы:
➢ Дүкен басшылығы, әкімшілері үшін: бұйымдарды қосу және өңдеу,
тапсырыстарды рәсімдеу және өшіру, бөлімдер құру және өшіру,
сатып алушылар және жаңа әкімшілерді тіркеу;
➢ Сатып алушылар үшін: сатып алу, тапсырыс жасау, төлеу әдісін
және жеткізу тәртібін таңдау.
Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімдерден, қорытындыдан,
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және жасалған сайттың листингі берілген
қосымшадан тұрады. Бірінші бөлім аналитикалық болып табылады. Дипломдық
жұмыстың бірінші бөлімінде жалпы компанияның құрылу тарихы, басшылығы,
құрамына кіретін мекемелер және олардың жұмыс жасаудағы негізгі бағыттары
жайлы ақпараттар берілген.
Екінші бөлім теориялық, мұнда интернет және сайт туралы
түсініктемелері, сондай-ақ интернет дүкенді құруда қолданылған
бағдарламалық тілдер негіздері туралы түсінік берілген.
Үшінші бөлім тәжірибиелік, бұл сайт құрудағы негізгі бағдарламардың
көмегімен құрылған интернет дүкенді қолданатын қолданушыларға нұсқаулықтар
беру және әрбір қызметтің мүмкіндігін нақтырақ сипаттау ретінде құрылған
бөлім.

1 АНАЛИТИКАЛЫҚ БӨЛІМ

1.1 Мекеменің қысқаша сипаттамасы

Алха-Ломбард жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1993 жылы құрылды.
Семей қаласында Қазақстан Республикасының ұлттық банкінен тұңғыш болып
банкілік операцияларды ұлттық валюта – теңгеде өткізуге рұқсат алған жеке
ломбардтар қатарында.
Осы жылдар ішінде серіктестік ұжымы, үлкен құмды бархандар секілді
көптеген қиындықтарды шеше білді. Мысалы, 1996 жылы Қазақстан Республикасы
Ұлттық банкінің, ломбардтар үшін жарғылықты қоры мөлшерінің ұлғаятындығы
жайлы жарлығы шықты. Содан, жарғылықты қор 5 миллион теңге көлемінде болу
керек екендігі анықталды. 1996 жыл үшін бұл өте көп ақша болатын. Ломбард
қаржылық нарық секторындағы қылмыстық айналымда жиі қолданылатын көлеңкелі
капиталды шығарып мемлекетке көрсетеді, салықтарды төлейді және халықтың
әлеуметтік мәселелерін шешуге көмектеседі. Бұл ретте серіктестік
депозиттерді қабылдамайды, тек өз қаражатымен ғана тәуекелдік жасайды.
Қызметкерлер саны 50-ден астам адам. Ломбард қызметкерлері мол
практикалық тәжірбие иелері, мамандандырылған оқулардан және ломбард
қызметі бойынша тағылымдардан өткен.
Қазіргі уақытта Алха-Ломбард ЖШС басты кеңсесінің, Семей қаласында
11 филиалы және Павлодар қаласында 9 филиалы бар. Бұлар, Алха-Ломбардтың
несиелік мекемелік желісі болып табылады. 1994 жылдан бері жұмыс істей
келе, Алха Ломбард өзінің сенімді имиджін қалыптастырып қана қоймай,
Семей қаласының және оған қарасты елді мекендердің нарығын жаулап алды.
Филиалдар көптеген өкілеттіктерге ие. Әрбір филиалдың ғимараты сейфтермен
және сақтау орындарымен жабдықталған.
Ломбардтар өздерінен өздері ештеңе өндірмейді, олар уақытша төлем
қабілетсіздігі кезінде қаржылық буфер рөлін атқарады. Олардың жұмысы,
көлеңкелі өсімқорлардың рөлін азайтады, кәсіпкерлер пайдасының бір бөлігін
есепке алу жүргізіледі, тиісінше ақша салық және төлемдер түрінде бюджетке
түседі. Адамдар ломбардтың қызметтерін пайдалана отырып, өздерінің құнды
заттарын сатпай-ақ және сақтап қойып, ақша ала алады. Зергерлік әшекей-
бұйымдарын және құнды заттарын біздің Ломбардқа қойып, адамдар олардың
сапалы сақталуда тұратындығына сенімді бола алады. Сондықтан, біз
тұтынушылармен жақсы қарым-қатынаста болу, олардың санын көбейтеді деген
ойдамыз. Нарықтың осы саласында жылдар бойы жұмыс істеп, біз өзіміздің
тұрақты тұтынушыларымызды таптық.
АЛХА Ломбард қала халқы үшін сенімді қаржылық мекемелердің бірі
болып отыр. Ерекшелігі, қажетті сомманы аз уақыттың ішінде алуға болады.
Басты кепіл ретінде алтын бұйымдар, былғары, дыбыс және бейне құрылғылар
ұсынылады.
Сыдыкова Жанар Хамитовна, АЛҚА-Ломбард ЖШС, АЛҚА-Шағын несиелік
мекеме ЖШС, Алтын Алқа-Ломбард ЖШС, АЛҚА-Несиелік бірлестік ЖШС, шағын
несиелік, ломбардтық несиелік сияқты үлкен әрі жылдам дамып келе жатқан
компаниялардың директоры. Жанар Хамитовна – қаржылық нарықта үлкен
тәжірибесі бар маман, өзінің жеке меншік ломбардтарын және Алтын Алқа
әшекей-бұйымдар зергерлік салонын бәсекеге қабілетті етті.

1.2 Мекеме жұмысының негіздері

Ломбард – жеке тұлғаларға жылжымалы мүлік кепілдігімен қысқа мерзімді
қарыз беретін мекеме. Тұңғыш рет Францияда 15 ғасырда Ломбардиядан шыққан
италиялық көпестер құрған. Ломбардқа заттарды (асыл металдан, асыл
тастардан жасалған бұйымдарды, кілем, сәндік әшекейлерді, т.б.) кепілге
салу туралы шарт ломбардтың кепілзат билетін беруімен рәсімделеді. Ломбард
қызметкерлері кепілге салынған заттардың жоғалғаны, бүлінгені үшін, мұның
тылсым күш салдарынан болғанын дәлелдей алмаса, жауапқа тартылады. Ломбард
қызметкерлерінің кепілге салынған заттарды пайдалануға, иеленуге құқығы
жоқ. Кепілзатпен қамтамасыз етілген несие сомасы ломбардқа уақытында
қайтарылмаған жағдайда ол нотариустың атқарушылық жазбасы негізінде
кепілзатты сата алады. Заттарды сақтайтын үй-жайды да ломбард деп
атайды.[4]
Ломбард – Қазақстан Республикасы ұлттық банкінің жарлығы және 2001
жылы 20-сыншы желтоқсанда берілген № 11-ші лицензиясының ломбардтық істерді
өткізу негізінде, азаматтардың жылжымалы мүлкін кепілге ала отырып, олардың
жеке қолданысы үшін арналған қысқа мерзімді несиелерді ұсыну үшін құрылған
және сол бағытта жұмыс атқаратын, арнайы ұйым, заңды тұлға (коммерциалық
ұйым) болып табылады.
Ломбардың қызметі, заңдық күші бар Қазақстан Республикасындағы
банктер және банк қызметі туралы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
туралы және Қазақстан Республикасындағы шаруашылық серіктестіктер
туралы, басқа да заңнамалық актілері жайлы Қазақстан Республикасы
Президентінің жарлығымен, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексімен
(жалпы бөлімі) реттеледі.
Осы лицензияға сәйкес, Алха-Ломбард ЖШС-нің негізгі қызмет түрлері:
• Ломбардық істер: оңай реттелетін құнды қағаздар мен жылжымалы
мүліктерді кепілге қою арқылы қысқа мерзімді несиелерді ұсыну, сондай-ақ
зергерлік әшекей-бұйымдар үшін де;
• Сейфтік істер: тұтынушылардың құжаттары мен бағалы заттарын,
құнды қағаздарын сақтау қызметі, және де сейфтік жәшіктерді, шкафтар мен
бөлмелерді жалға беру;
• Сатып алу, кепілге қабылдау, есеп жүргізу, қымбат металлдар мен
асыл тастардан тұратын зергерлік әшекей-бұйымдарды сақтау және сату.
Жалға берілген мүліктің келісімшарт (лизинг) мерзімі аяқталғанша,
мүліктің меншіктік құқықтары толық сақталады.
Филиал – орналасқан жері бөлек, ломбардтың атынан берілген құқығы
бойынша, жеке банктік істерді және өзге де істерді атқаруға мүмкіндігі бар,
заңды тұлға болып табылмайтын, ломбардтың құрылымдық бөлімі. Ломбард өз
филиалының міндеттемелері бойынша толық жауапкершілікте болады.
Ломбард ұсынатын қызметтердің сапасы, мекеме қызметкерлеріне
байланысты. Олардың дайындығы және тұтынушылармен тіл табыса білуі, ломбард
бизнесін жүргізу тәсілдерінің бірі. Қызметкерлер толығымен аттестациядан
өткен және үлкен өкілеттіліктерге ие.
Бизнестің бастамасы 1993 жылы салынды. Алғашқы жеке меншік
ломбардтардың бірі АЛҚА-ЛОМБАРД, ол қиын кезеңдерде алдыға ұмтылып, кең
қанат жая алды. Көптеген қиыншылықтар болды. Мысалы, 1996 жылы Қазақстан
Республикасы Ұлттық банкінің, ломбардтар үшін жарғылықты қоры мөлшерінің
ұлғаятындығы жайлы жарлығы шықты. Содан, жарғылықты қор 5 миллион теңге
көлемінде болу керек екендігі анықталды. Сол кездерде ломбард, қаржылық
нарық секторындағы қылмыстық айналымда жиі қолданылатын көлеңкелі капиталды
көрсетеді, салықтарды төлейді және халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге
тек өз қаражатымен ғана тәуекелдік жасап көмектеседі деп, мемлекетке
жазбаша түрде де және жеке кездесулерде де дәлелдеу керек болды. Бірақ
сауатты және дұрыс құрылған бизнес өзінің нәтижесі мен жемісін берді.
Ломбард ірі холдингке айналды, оның құрамыны мына мекемелер кіреді: АЛҚА-
ЛОМБАРД ЖШС, АЛҚА-Шағын несиелік мекеме ЖШС, АЛТЫН-АЛҚА зергерлік
әшекей-бұйымдар салоны, АLKA-SEKURITY, АЛҚА-ҚҰРЫЛЫС, ALKA-PLAST,
Жылдам-Бағалау.
Мекеменің юристтік және нақты мекен-жайы:
ШҚО, Семей қаласы, Шәкәрім пр., 40.
тел: + 7 (7222) 56-01-30,
факс: + 7 (7222) 56-79-24.
Жұмыс кестесі: Күнделікті Дс-Сб 10:00 – 19:00 дейін, 13.00 – 14.30
дейін үзіліс, жексенбі күндері 10:00 – 18:00 дейін.

1.3 Мекеменің техникалық және бағдарламалық қамтамасыздануы

Мекемеде көптеген әртүрлі бағдарламалар бар. Мысалы, Skype, тілмаш,
Finereader, Microsoft оффистің барлық пакеті орналасқан. Жұмыс жасайтын
дербес компьютерлердің барлылығында Window 10 операциялық жүйесі
орнатылған. Компьютерлер Intel Pentium IV (CPU 1.80 Ghz, 1 Gb RAM, HDD 80
Gb). Баспа құрылғылары Samsung ML-1610 т.б.
Операциялық жүйе – бұл ЭВМ дегі барлық ақпараттарды өңдеу процесін
басқаратын және жұмыс жасушы мен компьютер арасындағы байланысты орындайтын
кешенді бағдарлама жиынтығы.
Операциялық жүйелердің міндеттері:
• компьютердің барлық құрал-жабдықтарын басқару;
• файлдық жүйемен жұмыс істеуді қамтамасыз ету;
• қосымша бағдарламаларды жүктеу;
• бір уақытта бірнеше бағдарламалармен жұмыс жасау;
• әр-түрлі бағдарламалар арасында ақпараттар алмасу;
• қәріп масштабын өзгерту;
• мультимедиа мүмкіндігі;
• жүйеленген анықтамалық жүйе.
2 ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ

2.1 Web технологияның қазіргі жағдайы

2.1.1 Интернет туралы түсінік

Интернет - кез келген компьютердi жер шарында орналасқан басқа жұмыс
станциясымен, яғни телефон арнасына қосылған басқа компьютермен жылдам
байланыстыратын Дүние жүзiлiк Желi. Оны дүниедегi ең үлкен ауқымды
(глобальный) желi деп атайды. Осылай телефон арнасы арқылы байланыса алатын
компьютерлер бiр-бiрiмен ТСРIР хаттама (протокол) ережелерiмен мәлiмет
алмасады, оларды бiр нұсқада, яғни бiр тiлде сөйлейдi деп айтса да болады.
Дүние жүзiлiк Халықаралық телефон желiсi сияқты оны ешкiм басқармайды, ол
ешкiмнiң жеке меншiгi емес. Мiне, осы Интернет желiсi көмегiмен электрондық
почта арқылы хабар алып (берiп), басқа компьютерлердегi ақпаратты көрiп,
қашықтан телеконференцияларға қатынасу жұмыстарын жүргiзуге мүмкiндiк бар.
TCPIP – Интернет желiсiне қосылған компьютерлер арасында ақпарат алмасуды
қамтамасыз ететiн мәлiметтердi бiр жүйеге келтiру ережелерi немесе оларды
құрастыру хаттамасы. IP (Internet Protocol) - мәлiметтердi оны алушының
адресi көрсетiлген шағын тақырыптары бар бiрнеше бөлiктерге немесе
дестелерге бөлетiн желi аралық хаттама. TCP (Transmisson Control Protocol)
- мәлiметтi жөнелту iсiн баскаратын хаттама, ол желiдегi ақпарат дестелерiн
дұрыс жеткiзу үшiн жауапты болып саналады. Интернет жүйесiн пайдалана
отырып, үйден шықпай ақ, көптеген елдердi, қалаларды аралап музейлердi,
кiтапханаларды көрiп, дүниежүзiлiк мәдени және ғылыми жетiстiктермен
танысып, оларға өркениеттi елдiң азаматы ретiнде өз үлесiңiздi қосып,
өзiңiздi дүниенiң бiр кiшкене бөлiгi ретiнде сезiну мүмкiндiгiне ие
боласыз. Интернет - TCPIP хаттамалары негiзiнде желi аралық байланысу
технологиясы.
Интернет желiсiнiң құрылымы - әрбiр тұтынушы компьютерi кәдiмгi
телефон арналарымен түйiндi машиналармен байланысады. Ал түйiндi немесе
негiзгi машиналар бiр-бiрiмен қуатты оптикалық талшықты немесе спутниктi
арналармен жалғасады. Түйiндi машиналар кез келген жай компьютерлер
арасында байланыс орнату үшiн қажет, олар: тәулiк бойынша үзiлiссiз жұмыс
iстеп, байланыс сеанстарының арасындағы уақытта жолда жүрген ақпараттарды
уақытша сақтайды, ақпараттық серверлер деп аталатын мәлiмет жинақтауыш
компьютермен жылдам iстейтiн оптикалық түрдегi байланыстыру iсiн қамтамасыз
етедi. Ақпаратты сервер – дегенiмiз қалың көпшiлiкке арналған, әрбiр
тұтынушы пайдалана алатын көптеген ақпараттар түрлерi жинақталған арнаулы
компьютер. Мұнда жаналықтар, мерзiмдi баспасөз (газет-журналдар),
жарнамалар, т.с.с. мәлiметтер сақталады. Желiге қосылған әрбiр компютерге
қайталанбайтын айрықша өзiндiк адрес (IP-адрес) берiледi, адрес
компьютердiң типiмен (IBM, Macintoch), операциялық жүйенiң түрiмен (MS DOS,
Windows 98, Windows NT) байланыста болмайды, демек жiберiлген ақпарат тура
адрес көрсетiлген 10 компьютерге келiп түседi. Түйiндi машина мәлiметтердi
тасымалдау кезiнде хабарды жiберген және оны алатын компьютерлер арасындағы
ең қысқа жолды таңдайды, жұмыс барысында ол байланыс арнасының бос
аралықтарын тиiмдi түрде пайдаланады. Бұл мүмкiндiк Интернеттi қазiргi
кездегi ең жылдам, әрi арзан, әрi сенiмдi байланыс жабдығына айналдырды
деуге болады. Ал ендi түйiндi машиналар жұмысы қалай ұйымдастырылған,
Интернетте адрестi кiм тағайындайды, компьютерлер арасындағы байланыс қалай
қамтамасыз етiледi, компьютер телефонмен қалай қосылады деген мәселелерге
келсек, бұның бәрiн iстейтiн арнайы қоғам – Интернет провайдерi деген ұйым,
мекеме бар. Мысалы, Қазақстанда Интернет провайдерлерi болып қызмет
атқаратын Қазақтелеком, Beelline, Nursat, S&G Communications, Parasang,
Астел Арна т.с.с. мекемелер жұмыс iстейдi.
Интернетте қызмет көрсету провайдерi – ISP (Internet Service
Provider), Интернетпен қарапайым тұтынушылардың тiкелей қатынас құруын
жүзеге асыратын заңды тұлға.
World Wide Web құрылымы – WWW дүнежүзiлiк тармақталған желiсi-бұл
Интернет-тiң ең кең таралған, күннен күнге тоқтаусыз өсiп жатқан қызмет
түрi. World Wide Web – Интернеттегi барлық құжаттар және мультимедиалық
ресурстарды сипаттайтын термин. Бұл мәлiметтердi пайдалану жолында оларды
оқып көру үшiн Micrasoft Internet Explorer, Google Chrome, Opera cияқты
програмалық жабдықтар қолданылады. Олар Интернеттен керектi құжаттарды
iздеп табуға, қарауға, жазып алуға мүмкiндiк бередi. Гипермәтiн
(байланысқан мәтiндер) мүмкiндiгi Web мәлiметтернiң бiрiнен бiрiне көшудi
жеңiлдетедi. Файлардың HTML-тің (HyperText Markup Language) форматын iске
қосатын гипермәтiн мүмкiндiгi Web парақтарының бiр бетiнен екiншi бетiне
сiлтеу бойынша көшудi жеңiл жүзеге асырады. Бұл беттерде суреттер, бейне
жазбалар, дыбыстар, үшөлшемдi (кеңiстiктегi) нақты бейнелер т.с.с.
орналасады. Осындай сiлтемелер арқылы байланысқан парақтар World Wide Web-
тiң негiзгi құралымын құрайды. Web жүйесiне қосылғаннан кейiн әрбiр адам
WWW желiсiндегi кез келген мәлiметтi басқалармен бiрдей пайдалану құқығына
ие болады, бұдан соң басқа компьютермен байланасу үшiн немесе қосымша
артықшылық, шектеулер үшiн ақы төлеудiң қажетi жоқ.
World Wide Web (WWW немесе Web) Интернет мәлiметтерiн жеңiл көруге
болатын графикалық интерфейс мүмкiндiгiн бередi. Ондағы мәлiметтер мен
олардың бiр-бiрiмен байланысын ақпараттық өрмек деп айтса да болады. Web-
тiң әр бетiнiң басқа парақтармен байланысын көрсететiн сiлтеме белгiлерi
бар, оны бiр-бiрiмен байланысқан парақтардан тұратын өте үлкен кiтапхана
деуге болады. Бiр тораптық компьютерде орналасқан мәлiметтер Web кiтабы
секiлдi, ал оның беттерi кiтап парақтарын көзге елестетедi. Бұл беттердегi
мәлiметтер дүниенiң кез келген бұрышында орналаса бередi. Солар арқылы жер
шарындағы барлық серверлiк компьютерлердегi ақпараттар көз алдыңызда
орналасады, мұнда қашықтағы-қымбат, жақындағы-арзан деген ұғым жоқ, олардың
бағасы тек 11 мәлiметтiң көлемiне немесе сiздiң байланысып отырған
уақытыныздың ұзақтығына байланысты. Web мәлiметтерiн қарау адресi
көрсетiлген белгiлi бiр тораптық (түйiндi) компьютерден басталады. Түйiндi
компьютердегi мәлiметтiң бiрiншi бетi кiтаптың сырты немесе мазмұны
тәрiздi, әрбiр беттiң URL (Universal Resource Locator) форматында берiлген
қайталанбайтын өзiндiк адресi болады. Ол беттердегi мәлiметтi оқу көру
жабдықтарың деп аталатын арнайы программалар арқылы орындалады.
URL-адрестерi - бұл Интернетте орналасқан құжаттардың адресiн жазудың
арнайы формасы. Ол-желiнiң қай серверiнде орналасса да, керектi мәлiметтi
айнытпай қатесiз табуды қамтамасыз ететiн сөз тiркесi URL адрестерiнiң
жазылуынан мысал келтiрейiк.
http:www.altynalka.kzindex.php
мұндағы:
• http протокол, яғни хаттама;
• www.altynalka.kz - адрестiң домендiк бөлiгi, оның iшiнде:
• www - компьютердiң (сервердiң) аты;
• altynalka.kz - доменнiң аты;
• index.php - Web-парақтары файлының аты.
Домен-бiр компьютермен басқарылатын немесе бiр желiлiк жұмыс
машинасының (желi торабының) басшылық етуiмен iстейтiн информациялық желi
қорлары (ресурстары) тобы.

2.1.2 Сайт туралы түсінік

Веб-сайт түсінігі – Веб-сайт немесе жәй сайт (ағылш. Website, web-
өрмекшінің торы және site- орын)-бір немесе жинақталған веб-парақтары
интернеттеHTTPHTTPS хаттамалары арқылы мүмкіншілік алады. Сайттың
парақтары жалпы түпкі мекен-жайларды, сонымен қатар қарапайым тақырыпты,
логикалық құрлымды, рәсімдеуді және авторлауды бірктіреді, жинақталған
барлық жалпы мүмкіндік алған сайттар жалпы әлемдік торды құрайды. Сайттың
мағынасы - кез келген өзгелерге желі арқылы 1-2 гб мәліметті бере алуы үшін
және өзі телеканал болуы үшін, жалпы жергілікті желі арқылы мемлекет
тұрғындарын біртұтас күшке біріктіру.Сайттың мағынасы ертеректегі түсінікте
физикалық желі түйіні-хостпен сервермен шатасырлған, бірақ интернеттің
өсуімен, серверлер технологиясының жақсаруымен бір компьютерде көптеген
сайттармен домендерді орналастыруға болатын болды.
Веб-сайт тарихы - Әлемдегі бірінші сайт 1991 жылы 6-тамызда пайда
болды, оны жасаған Тим Бернерс-Ли. Сайтта World Wide Web-тың жаңа
технологиясы, HTTP мәліметтерді тасымалдау хаттамасының негізі, URI жүйелік
адресациясы және HTML гипертексттік белгілеу тілі баяндалған. Сонымен қатар
сайтта серверлермен браузердің жұмыс істеу және орнату ережелері де
баяндалған. Сайт әлемдегі алғашқы интернет-каталог болды, сонымен кейінірек
Тим Бернерс-Ли оған басқа сайттардың да сілтемелік тізімін орналастырды.
Бернерс-Ли дің алғашқы сайтының жұмыс істеуіне қажетті барлық құралдар
ертеректе дайындалған - 1990 жылдың соңында алғашқы гипертексттік браузер
WorldWideWeb веб редактор функциясымен пайда болды, дерекқордағы алғашқы
сервер NeXTcube және алғашқы веб парағы болды.
Тим Бернерс-Ли, гипертекст негізінен желіде мәліметтер алмалмасуды
атқаруы мүмкін деп есептеді, және оған өмірдегі өз ойларын жүзеге асырудың
сәті түседі. Тағы 1980 жылы Тим Бернерс-Ли кездейсоқ қауымдастықтың
мәліметтерін сақтауға қолданылатын гипертексттік бағдарламалық қамтама
Enquire-ні жасаған. Содан соң Женеведегі Ядролық зерттеулердің Европалық
орталығында жұмыс істеді, ол қызметтестеріне гипертексттік документтерді
жәрялау туралы, өзімен гиперсілтелер арқылы байланысуды ұсыныс етеді.
Бернерс-Ли Гипермәтіндік рұқсаттың ішкі іздеулермен құжаттарға, сонымен
қатар интернеттің жаңа қорларына мүмкіндігін Демонстрациялап (көпшілікке
паш ету) өтті. Нәтижесінде 1991 жылы мамырда Женева (CERN) де WWW
стандартты бекітілді. Тим Бернерс-Ли HTTP, URIURL және HTML веб
технологияларының негізін салушы атасы болып табылады. Бүгінгі күнде,
интернет желісінде өзінің қызмет сферасында, саудалық немесе саудалық емес
қызметтермен шұғылданатынын ұсынғанда кез-келген компанияға сайт жасау
керек. Интернет күніне 24 сағат жұмыс істейді, осы уақыт ағымында сіздің
бизнесіңізбен өзіңіздің тікелей қатысуыңызсыз мыңдаған потенциалды
клиенттер танысуы мүмкін. Сайт-бұл сіздің интернеттегі өкілдік түріңіз,
сізге клиенттердің және серіктестердің базасын кеңейтуге, online да сатуды
басқаруға, сіздің компанияңыздың танымалдығын жоғарылауға мүмкіндік береді.
Веб-сайт функциялары:
• Жарнамалау фирманың өзіндік бейнесін жасап және оны
қолдап,жарнамалық акциялар өткізіледі.
• Хабарландыру жалпы фирма тралы жан-жақты мәліметтер беріп,оның
қызмет көрсету бағасы мен әріптестерге жеткізу қызметі жалпыға
бірдей хабарланады.
• Сату каталогда бағалармен көрсетілген товарларға тапсырыс беруді
құжаттаумен ақша төлеудің мүмкіндіктерін береді.
• Зерттеу - киенттердің тауарлар жәйлі сұрақтарына қатысты
ақпараттарды жинайды.
• Құрлымдау Фирманың құрлымын кемелдендіріп,әріптестердің фирманың
дерекқорларына қатынас орнатуына анағұрлым көп мүмкіндік береді.
Веб-сайттың түрлері:
Интернет дүкен - бұл түрдегі сайт товар сатумен қызмет көрсетудің
тиімді түрі болып табылады. Сатып алушылар ұшын мұның ең негізгі ерекшелігі
товарға үйінде отырып-ақ тез әрі арзан қолжеткізетіндігінде.
Визиткалы сайт - қарапайым сайт болып таблады. Ол html құралдарысыз
қолданушылармен интерактивті байланысты береді. Сайт фирманың дизайнына
бүкілдей сәйкеседі.
Фирма сайтты тек потенциальды клиентерге жарнамалық ақпараттарды беру
ұшын қолданады. Сайттың негізгі беттері: Негізгі бет - Сіздің фирма туралы
қысқа да нұсқа ақпараттардан тұрады. Компания туралы - фирманың
жетістіктерімен, клиентермен жұмысы және мұның сізге берер пайдасын
көрсетеді. Өнім - фотолармен берілген товарлар туралы қысқаша ақпараттардан
тұрады. Контакты - әдетте негізгі контакты ақпарат әрбір бетте қайталанады.
Ол сіздің компания туралы толық ақпараттан тұрады.
Жарнамалық сайттар - бұл түрдегі сайт товарлармен қызмет өтеуді
көрсету ұшын қлданлады.ол жайнаған дизайнға толы болады.бүл түрдегі сайт
төмендегідей қосымша беттерден құрам табады: Товарлар каталогі - ол
визиткалы сайт товарларға қатысты жан-жақты ақпараттар берумен
ерекшеленеді. Әрі көрсетілген қасиеті бойынша іздеу функциясы бар.
Қайдан, қалай сатып аласыз - сату нүктелері, қойма, офис меңгерушілер
туралы ақпараттар бар. Бағалар - жалпы товарлардың бағалар тізімін береді.
Қолдау - компаниямен байланыс орнатудың мұмкіндіктері көрсетіледі.
Ақпараттық сайттар - қажетті ақпараттарды жинаумен ерекшеленеді.
Жаңалықтар - назар аударуға тұрарлық жаңалықтармен мәліметтер береді.
Тақырыптар каталогы - сайттағы мақалалрмен материялдардың негізгі
тақырыпымен беріледі. Қолданушы кілттік сөздермен іздеуді орындайды.
Сілтеме және форум - таныс қолданушыларға арналған ақпараттардан құрам
табады.

2.1.3 Интернет дүкен туралы

Интернет ертеден келе жатқан ақпараттардың шоғырланған құралы.
Көптеген адамдар үшін интернет жәй ғана бір ақпарат алатын құрал немесе
байланыс құралы. Интернетті бизнесте қолданудың ең кең тараған түрі.

Интернетте - тауарды сату және қызмет көрсету болып табылады. Өнімнің
өнімділігін және компанияның имиджін құру және көтеру үшін сайттар
құрылады, бірақ бұл сайт тек қана компанияның қызметі және тауары жөнінде
таныстырып қоймай, сонымен қатар қолданушыға интернет дүкенін қолдану
арқылы сайтта тауарды сатып алу және жеткізуді рәсімдеуге мүмкіндік береді.
Интернет дүкен құру - электрондық сауда құралын ұсынады және жәй
дүкеніңіз болмай ақ сатылымды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Тәжірибеге қарағанда қала орталығындағы жәй дүкен кірісімен
салыстырғанда, шын әрекеттенген интернет дүкеннің кірісі әлде қайда жоғары
болуы мүмкін. Көп жағдайларда мүндай дүкендер ауыстырмайды, керісінше жәй
дүкендерді жақсы толықтырады. Автоматтандырылған интернет дүкендерді аздап
немесе толығымен өңдеудің мағанасы бар. Аталмыш жерде сіз тауарды қоса
аласыз және өзгерте аласыз тіпті олардың бейнесі қоймадағы мәліметтер
базасымен байланысты болуы да мүмкін.
Интернет дүкен - интернетте тауарды сату және қызметін көрсетудің өте
ыңғайлы жүйесі. Интернет дүкен- үлкен көлемдегі ақпаратты орналастыруға,
оперативті түрде тауарлардың түр түрін жаңартуға, жұмыс үрдісін қадағалауға
мүмкіндік береді. Интернет дүкен сіздің дәстүрлік бизнесіңіздің жалғасы
Сонымен қатар тәуелсіз құрлым болуыда мүмкін. Кез келген жағдайда дұрыс
басқарылған жұмыс өнімді болады.
Интернет дүкеннің келесідей мүмкіндіктерін пайдалануға болады:
• қажетті тауарды немесе қызметті әр түрдің ішінен тез арада
табуға және хабарлауға көмектеседі (түрі, аты, бағасы т.с.с).
• тауарды барлық жағынан қарастыру.
• шегерім, сыйлық сияқты нәрселер туралы ақпаратты көре алу.
• тауардың анық бағасын есептей алу.
• online да сұранысты рәсімдеу, үйге жеткізуді рәсімдеу.
• сатушы-сатып алушы қатынасын ұстау.
• жасалған сұраныстар тарихын қарау.

2.1.4 Клиент-сервер технологиясы

Ереже бойынша ақпараттық жүйенің құрамына кіретін компьютерлер және
бағдарламалар тең құқықтық болып табылмайды. Желідегі бір компьютер
процессорлар, файлдық жүйе, почталық қызмет, басу (печать) қызметі,
мәліметтер базасы сияқты ақпараттық-есептеу ресурстарды орналастырады. Кез
– келген ресурсты басқаратын компьютерді сол ресурстың сервері, ал онымен
қолданғысы келген компьютерді клиент деп аталуы қабылданған. Нақты сервер
өзінің ие болған ресурс түрімен сипатталады. Яғни, егер ресурс мәліметтер
базасы болса, онда тағайындалуы - мәліметтер базасын өңдеуге байланысты
клиенттердің сұраныстарына қызмет көрсету болып табылатын, мәліметтер
базасының сервері туралы айтылады; егер ресурс - файлдық жүйе болса, онда
файлдық сервер немесе файл-сервер туралы айтылады және т.с.с. Бұл принцип
үрдістердің өзара әсерлесуіне де таралады. Егер олардың біреуі басқаларға
сәйкесінше қызметтер жинағын беру арқылы кейбір функцияларды атқаратын
болса, мұндай үрдіс сервер ретінде қарастырылады. Осы қызметтерді
пайдаланатын үрдістерді клиенттер деп атау қабылданған. Бүгінгі таңда
“клиент-сервер” технологиясы кең қолданыс алуда, алайда өзінен-өзі ол
әмбебап рецепттерді ұсынбайды. Ол тек қазіргі заманғы таратылған ақпараттық
жүйенің қалай ұйымдастырылу керек екенінің жалпы көрінісін береді. Оның
үстіне бұл технологияның нақты бағдарламалық өнімдерде және де
бағдарламалық қамтаманың түрлерінде жүзеге асуы әлдеқайда ажыратылады.[3]
“Клиент-сервер” технологиясының негізгі принциптерінің бірі әртүрлі
табиғаты бар стандарттық бағдарламаның қосымшаның (приложения) функцияларын
үш топқа бөлуге негізделген. Бірінші топ - бұл мәліметтерді енгізу және
көрсету функциясы. Екінші топ берілген пәндік облысқа сипатталған
(характерные) тек қана қолданбалы функцияларды біріктіреді. Үшінші топқа
мәліметтерді сақтау және басқару (мәліметтер базасын, файлдық жүйелерді
және т.б.) функциялары жатады. Осыған сәйкес кез келген бағдарламада
қосымшада (приложения) келесі логикалық компоненттер таңдалады:
• бірінші топтың қызметтерін жүзеге асыратын көрсету компоненті
(presentation);
• екінші топтың қызметтерін қолдайтын қолданбалы компонент
(business application);
• үшінші топтың қызметтерін қолдайтын ақпараттық ресурстарға
қатынау компоненті (resource acces) немесе ресурстар менеджері
(Resource manager).
“Клиент-сервер” технологиясының шеңберінде бағдарламаларды
қосымшаларды (приложения) жүзеге асыруының айырмашылығы екі фактормен
анықталады. Біріншіден, барлық үш топтың қызметтерін жүзеге асыру үшін
қандай механизмдер қолданатындығымен. Екіншіден, жүйеде компьютерлер
арасында логикалық компоненттер қалай таратылғандығымен. Сәйкес келетін
модельдерде жүзеге асатын үш жақын келулер (подходы) ерекшеленеді
(выделяются):
• қашықтықтағы мәліметтерге қатынау моделі (Remote Date Access -
RDA);
• мәлеметтер базасы серверінің моделі (DateBase Server - DBS);
• қолданба, қосымша серверінің моделі (Application Server - AS).
RDA - моделінде көрсетім компонент және қолданбалы компонент кодтары
бірлескен және компьютер-клиентте орындалады. Соңғысы мәліметтерді енгізу
және көрсету функцияларымен бірге таза қолданбалы функцияларды да қолдайды.
Ақпараттық ресурстарға қатынау, ереже бойынша арнайы тілдің операторларымен
(SQL тілі, егер мысалы мәліметтер базасы туралы айтылатын болса) немесе
арнайы кітапхананың функцияларын шақыруымен қамтамасыз етіледі (егер сәйкес
келетін API болса). Ақпараттық ресурстарға сұраныстар қашықтықтағы
компьютерге торап бойынша жіберіледі (мысалы, міліметтер базасы серверіне).
Соңғысы сұраныстарды өңдейді және орындайды және клиентке мәліметтер блогын
қайтарады (сурет 1). “клиент-сервер” архитектурасы туралы айтқанда,
көбінесе осы модель туралы айтады.

1-сурет Қашықтықтағы мәліметтерге қатынау моделі
DBS - моделі (сурет 2) компьютер-клиентте орындалатын үрдіс көрсетім
функцияларымен шектеледі, ал қолданбалы функциялар компиляциялянатын
резиденттік процедуралар немесе мәліметтер базасының процедуралары деп
аталатын сақталатын процедураларда жүзеге асырылған (stored procedure)
деген жорамалда құрылады. Олар тікелей мәліметтер базасында сақталады және
мәліметтер базасының компьютер-серверінде орындалады (мұнда мәліметтерге
қатынауды басқаратын компонент, яғни МББЖ қызмет етеді). Сақталатын
процедуралардың механизмі – DBS - моделінің ерекше сипаттамасы - әзірше тек
қана МББЖ-де, онда да бәрінде емес бар болғандықтан ақпараттық ресурстың
түсінігі мәліметтер базасына дейін тарылған.

2-сурет Мәліметтер базасы серверінің моделі
Тәжірибеде егер мәліметтер базасының бүтіндігін қолдауды (поддержка)
және кейбір қарапайым қолданбалы функцияларды сақталатын процедуралармен
(DBS-модель) қолдайтын болса аралас модельдер жиі қолданылады, ал әлдеқайда
күрделі функциялар компьютер-клиентте орындалатын (RDA-модель) қолданбалы
бағдарламада тікелей жүзеге асырылады. Бірақ бірден екі моделідің
элементтерін қамтитын мұндай шешімдер олардың арақатынасы туралы біздің
елестету, көрсетім (представлений) принципшіл (принципиально) өзгерте
алмайды.
AS – моделінде (сурет 3) компьютер-клиентте орындалатын үрдіс
мәліметтерді енгізу және көрсетуге жауап береді (яғни, бірінші топтың
қызметтерін жүзеге асырады). Қолданбалы функциялар қашықтықтағы компьютерде
қызмет ететін үрдістер тобымен (қолданба серверлері) орындалады. Қолданбалы
есептерді (задач) шешу үшін қажетті ақпараттық ресурстарға қатынау RDA -
моделіндегідей әдіс бойынша қамтамасыз етіледі. Қолданбалы компоненнттерден
әртүрлі түрдегі ресурстарға қатынау бар - мәліметтер базасы, индекстелген
файлдар, кезектер және т.б. Ереже бойынша, серверы приложений ресурс
менеджері қызмет ететін компьютерде орындалады, бірақ басқа компьютерлерде
де орындалуы мүмкін.

3-сурет Серверы приложений моделі
Бұл екі модельдің фундаментальды айырмашылығы неде? RDA және DBS -
модельдері функцияларды бөлудің екізвенолық сұлбасына тіреледі (опираются).
RDA - моделінде қолданбалы функциялар бағдарлама-клиентке приданы
(берілген), DBS - моделінде олардың орындалуы үшін жауапкершілікті МББЖ
ядросы алады. Бірінші жағдайда қолданбалы компонент көрсетім компонентімен
сливается, екінші жағдайда – ақпараттық ресурстарға қатынау компонентіне
интегрируется. Керісінше, AS-моделінде функцияларды бөлудің үшзвенолық
классикалық сұлбасы жүзеге асырылған, мұнда қолданбалы компонент қолданбалы
бағдарламаның маңызды элементі ретінде белгіленген, оны анықтау үшін
көпмақсатты (многозадачная) операциялық жүйенің әмбебап механизмдері
қолданылады және екі басқа компоненттері бар интерфейстер стандартталған.
Бұл ерекшеліктен AS –модельдер тәжірибелік қызмет үшін маңызы үлкен
өздерінің артықшылығын көрсетеді.

2.2 Сайт жасау құралдары

2.2.1 HTML тілінің негіздері

Web бет құру үшін, HTML (HyperText Markup Language - гипертекстiк
белгiлеу тiлi) тiлiн білу керек. HTML – бұл беттiң құрылымын суреттеу тiлi.
Ол сiзге қарапайым мәтiн алып, оны абзац, тақырып, тiзiм және басқа да
құрылымы бойынша форматтауға мүмкiндiк бередi. Онымен қоса, HTML сiздiң
оқырмандарыңыз бiр құжаттан екiншi құжатқа оңай аттап өте алулары үшiн,
сiзге байланысты беттерге сiлтемелер құруға мүмiндiк бередi. HTML SGML- ға
негiзделген (standart Genere Lized Markup Language - жалпы белгiлеу
стандартты тiлi). Нақтырақ айтсақ, HTML бұл SGML құжатты типiнiң
анықтауышы, немесе SGML қағидасының өзiндiк қосымшасы. Сiз HTML құжаттарын
ақпараттық жүктеменi сақтайтын форматалмаған текстiң iшiндегi HTML тэгi
(tags) арқылы құрасыз. HTML тэгтерi-бұл “азырақ” () белгiсiнен басталып,
“көбiрек”()белгiсiмен аяқталатын символдар тiзбегi. Web браузерлер HTML-ды
синтаксистiк тексерген кезде үш қағидаға сүйенедi:
• Пробел және басқа да “көрiнбейтiн символдарға” назар аудармайды.
• Форматтау тэгтерi кiшi немесе үлкен (бас) әрiптерiмен жазылуы
мүмкiн.
• Форматтау тэгтерiнiң көпшiлiгi сыңарларымен бiрге жазылады.
Кейбiр ерекше тэгтердi ескермесек, HTML форматтау тегтерiнiң барлығын
да сыңар тегтерi бар. Ашатын тег берiлген эффектi активтендiрсе, жабатын
тег оны өшiредi. Тег сыңарларын көбiнесе контейнер деп те атайды. Себебi,
олар қосып - өшiретiн эффект мәтiнде сол екi тэгтiң арасында ғана пайда
болады. Мысалы, мәтiнiң қатары толық әрiпен жазылуы керектiгiн көрсететiн
болсақ, былай жазамыз:
В Бұл қатар толық қарiппен жазылады. В.
Жабатын тегтiң iшiнде орналасқан мәтiн керi қисық сызық символымен
шамаланады. Бұл қағидаға бағынбайтын тэгтер ВASE (негiзгi мәлiмет), ВR
(қатар соңы), НR (горизанталь сызық) және IMG (бейне). Бұл тегтер жалғыз
қолданылады.
HTML -ге тiкелей қатысы болмаса да, HTML құжаттарының өте маңызды
бөлiгi болып URL адрестерi есептеледi. Ол әр-түрлi тэгтерде кең көлемде
қолданылады. Негiзi, URL World Wide Neb-тiге құжаттың адресi болып
есептеледi. URL- дың құрылымы жер шарының кез-келген белiгiнде орналасқан
бiрге жұмыс iстейтiн. Web – сервердiң кез-келген типiндегi кез-келген
құжаттардың ықшамды идентификациялау тәсiлi мүмкiндiгiн бередi. Ақпараттар
серверiнiң хаттамасын ескермесек, URL-дың жалпы формуласы келесi:
Хаттама: Сервер_аты: портфайл-аты
HTML–құжатын белгiлеу үшiн бiз HTML және HTML тэгтерiн
қолданамыз. Бұл тегтер өзiнде HTML –дың барлық тэгтерiн және құжаттың
ақпараттық құрамын қамтиды. HTML құжаттардың бiрiншi қатарында, ал HTML
тэгi құжаттың соңғы қатарында орналасуы керек. Бұл тегтер олардың арасында
орналасқан барлық символдардың HTML-коды екенiн бiлдiредi. Құжаттың
тақырыбы HTML тегiнен кейiн жазылып, HEAD тегiмен аяқталады. Сiз
ақпарат тақырыбына көп мөлшерде символдар енгiзе алсаңыз да, оның құрамында
екi заттың болуы мiндеттi: құжат аты және оның URL-ы.
Сiз құжаттыңызға ат берген кезде, оны TITLE және TITLE тэгтерiнiң
арасына орналастыра аласыз. Құжат аты Интернет Explorer 3 тақырыбы
қатарында және журнал (History) және избранные страницы (Faourites)
тiзiмдерiнде пайда болады. Сiз құжат атына сол құжатты толық
түсiндiретiндей етiп таңдауыңыз керек. Бiрақ ол 40 символдан аспауы керек.
Сiз BASE HREF= “базалық_URL” тегiнде URL негiздiк адресiн көрсетесiз. Ол
құжаттың абсолют URL-iне теңестiрiледi. Сiз құжат тақырыбын жазып болған
соң оның денесiн құруды бастайсыз. HTML құжатының денесi ақпаратты
сақтайтын толық мәтiнде және мәтiндi форматтауға арналған барлық HTML
тегтерiн қамтиды. Құжат денесi тақырыбтан соң басталып, BODY және BODY
тэгтерiмен шектеледi. Құжат денесi келесi түрде көрiнiс табады:
HTML
HEAD
TITLE бұл жерде құжат аты орналасады TITLE
BASE HREF= негiзгі_URL
HEAD
BODY
BODY
HTML
Жаңа абзац бастау және оны аяқтау үшiн Р және Р тэгтерi
қолданылады. HTML спецификациясын байланысты Р ALIGN атрибутын қолдайды.
Ол абзацтың iшiнде мәтiндi туырлауға мүмкiндiк бередi. Абзацтар бас
қатармен бөлiнедi. Бас қатар тастамай жаңа абзацты бастау үшiн ВR(қатар
соңы) тэгiқ олданлыда. Мысалы:
TITLE өлең жолдары TITLE
Р
You can tell it,s Spring with all of the rain we,re getting.
It makes me to recite the rhyme.
Р
Р
Rain, rain Br
Go away Br
Come again Br
Another day Br
HTML – тақырыбы стилiнiң алты түрiн қолдайды. Мәтiндi қандай да бiр
стильде азу үшiн оны Hn және Hn тэгтерiнiң арасына орналастыру керек.
Олар былай жазылады.
H1 Heading style 1 H1
H2 Heading style 2 H2
H3 Heading style 3 H3
H4 Heading style 4 H4
H5 Heading style 5 H5
H6 Heading style 6 H6
HTML төрт физикалық стильдi қолдайды. Физикалық стиль- бұл курсив
немесе толықтық сияқты қарiптiң атрибуттары. Олар келесi де көрсетiлген.
HTML тiлiнiң физикалық стилi
Стиль тег
Толық шрифт B...B
Курсив I...I
Астын сызу UU
Машинопись (фиксталген ен) TT...TT
HTML логикалық стиль олар ерекшеленгенген мәтiннiң мағынасын
анықтайды. Олардың қарiп атрибуттарына қатысы жоқ болғандықтан, олар әр
браузерде әр-түрлi көрiнiс табуы мүмкiн. Логикалық стильдер келесi кестеде
көрсетiлген.
HTML логикалық стилi
HTML тiзiмдерi сiздiң құжатыңыздағы ақпараттарды қызықты етiп
көрсетуге мүмкiндiк бередi. Олар келесi кестеде көрсетiлген.
HTML тiзiмдерi кестесi
Тип тiзiмi тегi элемент тегi
Нөмiрленген OL...OL LI...LI
Таңбаланған UL... UL LI...LI
Баяндау тiзiмi DL...DL DD...DDДТ...DT
Меню MENU...MENU LI...LI
Директория DIR...DIR LI...LI
Келесi HTML кодында тiзiмге мысал келтiрiлген:
html
H2 Unordered Lists – маркерленген тізімН2
ULBulleted LIST items LI
LI!-- маркерленген тізімнің элементтері --LI
LILIST items are indented LI
LI!–элемент отступ-- LI
UL
H2Ordered LISTS - нөмірленген тізімH2
OL
LINumbered List items LI
LI-- нөмірленген тізімнің элменттері --LI
LIList items are intented LI
LIэлемент отступ LI
ОL
Н2Dicsrihtion Lists – сипаттамалар тізімі Н2
DL
DТFirst tern DT
DD derscribtion of pist tern DD
DD ! -- бірінші терминнің сипаттамасы --DD
DТSegond term DТ
DDDescribtion of second term -DD
DD-- екінші терминнің сипаттамасы --DD
DL
html
HTML сiзге арнайы символдарды қолдану мүмкiндiгiн бередi. Көбiрек
(), азырақ () және тырнақша (“) символдары HTML-дың форматты тегтерiнде
қолданылатындықтан, оларды экранға шығару үшiн белiгiлi бiр тiзiмде
орналастыру керек. Ол тiзiмдерде амперсант белгiсi (&) қолданылады.
Оны да экранға шығару үшiн белгiлi бiр тiзiмде орналастыру керек.
Арнайы символдардың тiзiмi келесi кестеде көрсетiлген.
Резервтелген HTML символдары үшiн арнайы символдар тiзiмi
Тiзiмi көрiнiс мәнi
< азырақ
> көбiрек
& & амперсант
&guot; “ Тырнақша
Осы HTML символдарын қолдану арқылы бiз қарапайым Web беттi құра
аламыз. Web беттi көркемiрек ету үшiн HTML –дың басқа да көптеген тэгтерiн
үйрену қажет. Оларды қолдану арқылы бiз Web-бетке графика және кестенi
кiрiстiре аламыз.
Web параққа кестені және графиканы қосу. Web парақты көркемiрек ету
үшiн оған графиканы және кестенi енгiзу керек. Мәтіндiк бiркелкiлiктi
бұзатын графикалық элементтер әр-түрлi болуы мүмкiн. Web графикасы
қарапайым сызықтан күрделi суретке дейiнгi диапазонды қамтиды. Графиканы
қолданудық негiзгi себебi–сiздiң Web торабыңыздың қолданушыларына ақпаратты
қызықтырақ әрi түсiнiктiрек етiп көрсету.
Горизанталь сызық - графиканың ең оңай элементi. Оны Web бетке
кiрiстiру үшiн HR (Нorizontal Rule, горизанталь сызық) тегi қолданылады.
Оған мысал келесi кодта көрсетiлген:
HTML
H2Горизанталь сызықH2
Р
Бұл жерде HTML-мәтін, ал астында сызық
Р
HR
Р
HTML
Компьютерлiк графиканы сајтайтын бiрнеше форматтар бар. Бiрақ
WorldWideWeb-те сiз тек ғана екi форматты қолданасыз. Олар: GIF және JPEG.
GIF форматы (Graphics Interchange Format-графикалық мәлiмметтердi алмасу
форматы) алғашында кескiнi бар файлдарды сақтау үшiн стандарт ретiнде
СompuServe торабының қолданушыларына арнап құрастырылады. Қазiргi кездегi
оның стандартты CIF 89a. CIF форматында сақталатын графика 256 түспен
шектеледi. Сол үшiн бұл форматта толық түстi суреттi сақталмай ақ қайған
жөн. CIF-ты белгi, эмблема және басқа да қолдан жасалған бейнелерге
қолданған дұрыс. CIF стандартты Web бет авторлары үшiн маңызды келесi
эффектердi қолдайды:
• Кезектi көрсетiлiм (Interlacing). Бұл, көршi болмаған
бейнелердiң бiрге сақталатындығын бiлдiредi. Браузер бұл бейненi
оқуына байланысты, екiншi көрiнiстiң шетi бейнелене бередi. Бұл
екiншi бейне толық шықпай ақ, оның не туралы екенiн түсiнуге
мүмкiндiк бередi.
• Тұнықтылық (Transparency) Тұнық CIF бейнесiнде түстердiң бiрi
тұнық етiп белгiленедi. Бұл құжат фонының одан өте алуына
мүмкiндiк бередi. Сол үшiн тұнық CIF-тер өте кең таралған. Ондай
кесiндердi құру үшiн жаңа програмалар да құрастырылуда. Мысалы,
Photo CIF деп аталатын PhotoShop-тың модулi тұнық беттi де,
кезектi CIF-тi де құруға мүмкiндiк бередi.
• Анимация. Анимацияланған CIF анимация құру үшiн бiр файлда
сақталған суреттердiң ретiмен жасалалады.
CIF 89а-ны толық қолдайтын браузер анимация жасау үшiн суреттерде
кезегiмен шығару керек екендiгiн бiлетiн болады. Бұл программалар сондай-ақ
анимация басталғанға дейiнгi уақытты және оның қайталану ретiн орнатуға
мүмкiндiк бередi.
JPEG. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бар CMS платформаларын талдау
Корпоративтік сайттың құрылымы
Электрондық коммерция және электрондық бизнес жүйелерінің түрлері
Тапсырысты жіберу нысаны
Компанияның веб - сайты
Спорт дүкенінің тауар айналымының автоматтандырылған жүйесін құру
Желілік интернет дүкен
Сауда Интернет жүйелері
Стартаптардың даму кезеңдері және классификациясы
Әлемдік тауар нарығы мен қызметінде үлкен орын алатын интернет дүкендері интернет маркетингтың негізгі бөлігі
Пәндер