Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабағын оқытуда көрнекі құралдарды пайдалану арқылы оқушылардың қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытудың жолдары



І КІРІСПЕ

I БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫН ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА КӨРНЕКІ ҚҰРАЛДАРДЫ ҚОЛДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Бастауыш сыныптың оқыту үдерісінде көрнекілік принципін қолдану ерекшелігі

1.2 Бастауыш сыныптың қазақ тілі сабағында көрнекілікті қолданудың әдіс.тәсілдері

ІІ БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫН ОҚЫТУДА КӨРНЕКІ ҚҰРАЛДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫ МЕН ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ

2.1 Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабағын оқытуда көрнекі құралдарды пайдалану арқылы оқушылардың қызығушылықтары мен қабілеттерін қалыптастырудың жолдары

2.2 Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабақтарында көрнекі құралдарды пайдаланып оқушылардың қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытудың өзіндік ерекшеліктері

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер.

Қосымша
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының қоғамдық өмірінде жүріп жатқан демократиялық өзгерістерге байланысты белгілі әлеуметтік шарттарды ескере отырып, білім беру жүйесіне қойылып отырған талаптар күшеюде.
Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша. Мектеп қазіргі қоғамның дамуымен, әлеуметтік практикамен тығыз байланысты. Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады.
Тәрбиенің сан салалы, күрделі мәселелеріне терең бойлауға бастайтын, күнделікті тұрмыста кездесетін дағдылар арқылы баланың жан дүниесіне әсер ететін білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы – бастауыш мектеп. Бастауыш саты – білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады.
Қазақстан қазір бүкіл әлем таныған, әлемдегі ең беделді халықаралық ұйымдардың бірі –Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға (ОБСЕ) төрағалық орынтағына отырды. Енді Отанымыз қолына лауазымдық қызмет тізгіні тиген сындарлы сәтте сенімге селкеу түсірмеу жастарымыздың қолында. Сондықтан бастауыш мектепте оқытылатын барлық пәндер, ол пәндердің әр сабағындағы, оның ішінде математика пәні бойынша оқушылардың білім деңгейінің басқа елдердегі құрдастарынан төмен болмауы, біріншіден практикалық қажеттілікке, екіншіден, оқушыларымыздың оқуға деген құштарлығына байланысты.
1 Аймағамбетова Б. Көңілге қонған көрнекілік. // Бастауыш мектеп. 1989. № 8.
2 Бантова М.А. Бастауыш кластарда математиканы оқыту методикасы.
- Алматы, 1978.
3 Баржықпаева С. Көрнекілікті тиімді пайдалану. //Бастауыш мектеп. 1991.№ 8.
4 Бидосов Ә. Математиканы оқыту методикасы. –Алматы. 1981.
5. Гоноболин Ф.Н. Психология. – Алматы. 1976.
6 Дарменова Қ. Көрнекілік арқылы ойлау қабілетін арттыру. // Бастауыш мектеп. 1991. № 4.
7 Корпешова Г. Оқушылардың қызығушылығын арттырудағы көрнекіліктің рөлі. // Қазақстан мектебі. 1986. № 4.
8 Қаниева Г.Оқушының ойлау қабілетін дамыту. //Қазақстан мектебі. 1991.№ 5.
9 Ушинский К.Д. Балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі пікірлері. –Алматы, 1951.
10 Әбілқасымова А.Е., Кенеш Ә.С., Пустовалова Н.И. Бастауыш сынып математикасы оқу-әдісмтемелік кешендерін құрылымдау. –Астана, 2004.
11 Абылкасымова А.Е. Методика преподавания математики. –Алматы, 1993.
12 Әбілқасымова А.Е., Көбесов А.К., Рахымбек Д., Кешен Ә.С. математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі. –Алматы, 1998.
13 Беспалько В.П. Теория учебника: Дидактический аспект. –М., 1988.
14 Оқулықтар, оқу-әдістемелік кешеннің құрамы мен оқу бағдарламаларын әзірлеуге және сараптауға қойылатын дидактикалық талаптар. –Алматы, 2000.
1. Қоянбаев Р. М., Қоянбаев Ж. Б. Педагогика – Алматы: 2002.
2. Қазыбаев С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі – Алматы: 1990.
3. Сәбет Бап-Баба Жалпы психология – Алматы: 2003.
4. Қазақ тілін оқыту методикасы (ред. Әуелбаев Ш.) – Алматы: 1987.
5. Сабыров Т. «Болашақ мұғалімдердің дидактикалық дайындығын жетілдіру» Алматы: 1999.
6. Алдамұратов Ә. «Жалпы психология» Алматы: 1996.
7. Жұмабаев М. «Педагогика» Алматы: 1992.
8. Тұрғынбаева Б. «Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту» /Бастауыш мектеп/ 1997 №7, 85-8 бет.
9. Сардарова Ж. «Жаңа ақпараттық технологияның шығармашылық қабілет дамытудағы ролі»./Бастауыш мектеп/ 2003 №5.
10. Әбжанова С. «Оқушыларды шығармашылық пен дамыта оқыту». /Бастауыш мектеп/ 2003 №2.
11. Рүстемова Ж. «Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту»./Бастауыш мектеп/ 2003 №1.
12. Сыдыкова К. «Ойын элементтерін пайдалану». /Бастауыш мектеп/ 1985 №11.
13. Кәкімова Ш. Л., Қашағынова Ә. Қ., «Оқушы шығармашылығын дамыту» /Бастауыш мектеп/ 1999 №1,2.
14. Сәкенова Р., Найманбаева П., «Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту». /Бастауыш мектеп/ 2003 №1.
15. Аяғанова Л. «Жаңа технологиялар сабақта». /Бастауыш мектеп/ 2003 №4.
16. Волков И. П. «Творчествоға үйрету» /Бастауыш мектеп/ 1988 №7.
17. Задинова С. «Қызығушылықты раттыру» /Бастауыш мектеп/ 1985 №1.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

І КІРІСПЕ

I БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫН ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА КӨРНЕКІ ҚҰРАЛДАРДЫ
ҚОЛДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Бастауыш сыныптың оқыту үдерісінде көрнекілік принципін қолдану
ерекшелігі

1.2 Бастауыш сыныптың қазақ тілі сабағында көрнекілікті қолданудың әдіс-
тәсілдері

ІІ БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫН ОҚЫТУДА КӨРНЕКІ ҚҰРАЛДАРДЫ
ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫ МЕН ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУДЫҢ
ӘДІСТЕМЕЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ

2.1 Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабағын оқытуда көрнекі құралдарды
пайдалану арқылы оқушылардың қызығушылықтары мен қабілеттерін
қалыптастырудың жолдары

2.2 Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабақтарында көрнекі құралдарды пайдаланып
оқушылардың қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытудың өзіндік
ерекшеліктері

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер.

Қосымша

КІРІСПЕ

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының қоғамдық өмірінде жүріп жатқан
демократиялық өзгерістерге байланысты белгілі әлеуметтік шарттарды ескере
отырып, білім беру жүйесіне қойылып отырған талаптар күшеюде.
Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де
батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс
қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша. Мектеп
қазіргі қоғамның дамуымен, әлеуметтік практикамен тығыз байланысты. Мектеп
өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына
негіз салады.
Тәрбиенің сан салалы, күрделі мәселелеріне терең бойлауға бастайтын,
күнделікті тұрмыста кездесетін дағдылар арқылы баланың жан дүниесіне әсер
ететін білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы – бастауыш мектеп. Бастауыш
саты – білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады.
Қазақстан қазір бүкіл әлем таныған, әлемдегі ең беделді халықаралық
ұйымдардың бірі –Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға
(ОБСЕ) төрағалық орынтағына отырды. Енді Отанымыз қолына лауазымдық қызмет
тізгіні тиген сындарлы сәтте сенімге селкеу түсірмеу жастарымыздың қолында.
Сондықтан бастауыш мектепте оқытылатын барлық пәндер, ол пәндердің әр
сабағындағы, оның ішінде математика пәні бойынша оқушылардың білім
деңгейінің басқа елдердегі құрдастарынан төмен болмауы, біріншіден
практикалық қажеттілікке, екіншіден, оқушыларымыздың оқуға деген
құштарлығына байланысты.
Бастауыш математиканың білім мазмұны ... дүние жүзіндегі аса дамыған
және өркениетті елдердегі мөлшер мен деңгейден төмен емес қазіргі жағдайда
мектеп оқушысының төменгі сыныптан бастап оқуға деген қызығушылығын,
танымдық әрекет белсенділігін қалыптастыру үшін мұғалім өскелең оқытуға
негізделген қажетті оқыту принциптерімен оқыту қажет..
Бастауыш мектеп математика пәнін оқытуда оқушылардың белсенділігін
арттыруда көрнекілік принципін жүзеге асыру ерекшеліктерін қарастыру
көкейтесті мәселе.
Көрнекілік принципін алғаш зерттеп, оған мәнді үлес қосқан
Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский т.б.
К.Д.Ушинский көрнекілік жайындағы ілімді дамыта келіп, көрнекілік –
балалардың психологиялық ерекшеліктеріне жауап береді, балалар заттардың
пішіні мен дыбысы, бояуы арқылы ойлайды, яғни бастауыш мектеп жасындағы
баланың ойлау түрі бірте-бірте көрнекі қимылдан көрнекі бейнеліге ауысады,
тіпті мұнда қандай да деңгейде абстрактілі ойлар да жүзеге аса бастайтыны
белгілі. Сондықтан да, оқытудың көрнекілік принципі бастауыш оқытудағы ең
басты принциптердің бірі болып саналады.
Бастауыш сыныптарда оқыту үдерісінде көрнекілікті дұрыс пайдалану
жолдарын қарастыру қажеттілігі туындап, оны жүзеге асыру арқылы оқушының
пәнге деген қызығушылығын арттыру жолдары көзделуде. Осы мақсатты зерделеу
үшін зерттеу жұмысымыздың тақырыбын " БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫН
ОҚЫТУДА КӨРНЕКІ ҚҰРАЛДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫ МЕН
ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ " - деп таңдадық.
Тақырыптың өзектілігі, қажеттілігі жұмыстың зерттеу мақсаты мен
міндеттерін айқындайды.
Зерттеудің мақсаты: Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабағын оқытуда
көрнекі құралдарды пайдалану арқылы оқушылардың қызығушылық қабілеттерін
дамытудың жолдарын анықтап, оның әдістемесін жасау.
Зерттеу нысаны: Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту үдерісі
Зерттеу пәні:-2-сынып қазақ тілі .
Зерттеудің міндеттері:
-Бастауыш мектеп оқу жұмысындағы көрнекілік принципінің талаптарын
жүзеге асырудың дидактикалық негіздері анықтау;
-Бастауыш мектептің оқыту үдерісінде көрнекілік принципін қолданудың
ерекшеліктерін анықтау;
-Бастауыш мектеп қазақ тілі сабақтарында көрнекі құралдарды
қолданудың қажеттілігін қарастыру жолдары;
- Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабағын оқытуда көрнекі құралдарды
пайдалану арқылы оқушылардың қызығушылық қабілеттерін дамытуды жүзеге
асыру жолдарының тәжірибесiн жасау.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негіздері – табиғат,
қоғам, ой дамуының жалпы заңдылықтары; таным, білім, жеке тұлға және оның
іс-әрекеті, ақыл-ой, ойлау құндылықтары туралы философиялық,
психологиялық, педагогикалық теориялар мен тұжырымдамалар, білім сапасы
және оны арттырудағы бақылаудың алатын рөлі мен атқаратын қызметі туралы
теориялар. Тест әдісін қолдануда оқу сапасын арттырудағы мүмкіндіктерін
анықтайтын ілімдер. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы,
Қазақстан Республикасының жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға
міндетті стандарттары, бастауыш мектептің пәндік оқу бағдарламалары,
педагог және әдіскер ғалымдардың зерттеу мәселесіне қатысты іргелі
еңбектері.
Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының Бастауыш білім туралы
Заңы, Қазақстан Республикасы бастауыш білім мемлекеттік стандарты; Бастауыш
мектеп математика оқулығы, оқу жоспарлары, бағдарламалары мен оқу-тәрбие
үдерісі.
Зерттеу әдістері. Зерттеу тақырыбының мазмұнына қатысты философиялық
педагогикалық, психологиялық, және әдістемелік еңбектермен танысу және
талдау жасау; бастауыш мектеп бағдарламаларына, математика оқулықтарына,
есептер жинағына дидактикалық материалдар және оқу құралдарына зерттеу
мәселесі тұрғысынан талдау жасау; бастауыш сыныптарда математиканы оқыту
үдерісінде көрнекілікті қолдануды бақылау және талдау жасап, қорытындылау;
зерттеу мәселесіне сәйкес жүргізілген жеке өз тәжірибесін талдап, одан
қорытынды жасау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: математика сабақтарында оқушылармен жұмыс
жүргізудің негіздерін және мазмұнын түзу; оқытудың тиімді әдістері.
Зерттеудің практикалық маңызы: бастауыш сынып оқушыларына
математиканы оқытуда көрнекіліктің маңызын көрсету.
Зерттеу кезеңдері: диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан әр тарау
екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланған әдебиеттерден тұрады.
Пайдаланылған әдебиеттер бөлімінде мақала авторлары, әдебиеттердің
тізімі мен жарық көрген кезеңдері көрсетілген.

I БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫН ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА КӨРНЕКІ ҚҰРАЛДАРДЫ
ҚОЛДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 БАСТАУЫШ СЫНЫПТЫҢ ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕ КӨРНЕКІЛІК ПРИНЦИПІН ҚОЛДАНУ
ЕРЕКШЕЛІГІ

Біздің қоғамдағы нарықтық қатынастарды игеру, алдыңғы қатарлы дамыған
елу елдің қатарына қосылу, үдемелі ақпараттар ағыны, ғаламдық компьютерлік
жүйеге өту қазіргі заманда өмір сүріп отырған адамның өз білімін үнемі
жетілдіруіне, жаңарып тұруына икемділігін тәрбиелеп отыруына көзін жеткізіп
отыр. Осы күні мектепте әлеуметті жағынан белсенді, еркін ойлай алатын, өз
бетінше жаңа ақпаратты меңгере білетін, саналы адамдар тәрбиелеуге талап
қойылуда. Осыған байланысты қазіргі жағдайда мектеп оқушысының төменгі
сыныптан бастап оқуға деген қызығушылығын, танымдық әрекет белсенділігін
қалыптастыру үшін мұғалім өскелең оқытуға негізделген жаңа бағадарламамен
оқыту қажет.
Қазақтың дарынды ұстазы Ахмет Байтұрсынов Елді түзетуді – бала оқыту
ісін түзетуден бастау керек - деген. Ертең осы елге ие болып, тізгінін
ұстар азаматтар – бүгінгі мектеп оқушылары болғандықтан қазақ тілінде
оқытатын мектептердің бүгінгі жайы, даму бағыттары бүкіл қоғамның,
мемлекеттің назарында.
Сондықтанда бүгінгі мұғалімдерге әсіресе, бастауыш сынып мұғалімдеріне
қойылатын талаптың жүгі ауыр. Бұл міндетті іске асыру үшін кәсіби
шеберлігін шыңдауға шаршамайтын, жаңалыққа жаны құмар мұғалім қажет.
Бастауыш мектеп – оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы.
Көп пәнді бастауыш мектептің сан қырлы жақтарына төселе отырып, жеке пәнді
оқытудың ерекшеліктерін, әр пәннің білім беру формасы мен оқытудың
принциптерін меңгертудің тәрбиелік мәні зор.
Осы мақсаттарды жүзеге асырудың негізінде оқытудың принциптерін дұрыс
таңдай алып, оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыруда білім берудің
тиімді жолдарын қарастырып, оқытудың жаңа көп нұсқалық қағидасын бекітті.
Оның өзіңе оңтайлысын таңдай білуді ұсынды. Кез-келген оқыту принциптерін
қолдануда мұғалімнен терең теориялық білім мен үлкен педагогикалық
шеберлік, жан-жақты ізденіс пен баланың жан дүниесін түсіне білетін
психолог болуды талап етеді.
ХХ ғасырдың басындағы ұлттық ойшылдарымыздың бірі Жүсіпбек Аймауытов
Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңаны табатын өнер
- деген екен.
Білім беру саласындағы оқыту үдерісінің мәні өте зор, өйткені осы
кездегі қоғамдық-өндірістік қатынастың дамуы оқытудың ғылыми-практикалық
деңгейіне байланысты. Оқыту үдерісінің міндеттері, мазмұны, формалары,
әдістері тұтас логикалық тізбек құрса, онда қарастырылып отырған байланыс
заңдылықтары ақырғы немесе қорытынды нәтижені қамтамасыз етеді.
Оқыту үдерісінің заңдылықтары оның принциптерінде бейнеленеді. Принцип
(латын сөзі) – басшылыққа алатын идея, негізгі талап, қағида.
Оқытуға қойылатын талаптардың бастапқы белгілі жүйесін оқыту
үдерісінің принциптері деп атайды.
Дидактикалық принциптер – оқытудың мазмұнын, ұйымдастыру түрлерін,
әдістерін, оқытудың мақсаты мен заңдылықтарына сай анықтайтын қағидалар
жүйесі. Оқыту принциптері дидактиканың категорияларына жатады. Олар оқыту
заңдарын және заңдылықтарын пайдалану әдістерін сипаттайды.
Дидактика тарихында зерттеушілер оқыту принциптерін, негізгі
қағидаларды белгілеуге көп күш салды.
Дидактикалық принциптер нақтылы тарихи - әлеуметтік жағдайларға
байланысты. Қоғамның оқытуға қойылатын талаптары өзгеріп отырғандықтан,
кейбір принциптер ескіріп (табиғатқа сәйкестік, партиялық), кейбіреулері
жаңадан пайда болады (кірістіру, ізгілендіру), Кейбір авторлар оқыту
принциптерінің санын қысқартуды ұсынса, басқалары, керісінше, кеңейтуді
ұсынып келеді. Заманауи принциптер оқу үдерісінің барлық құрамдас
бөліктеріне (логикасына, мақсатына, міндеттеріне, мазмұнын қалыптастыруға,
түрлері мен әдістерін таңдауға, ынталандыруға, нәтижелерді жоспарлау мен
талдауға) өз талаптарын ұсынады.
Оқыту үдерісінде кез келген мұғалім дидактиканың принциптерін
басшылыққа ала отырып оқытудың мазмұнын, амал – тәсілдерін және ұйымдастыру
формаларын таңдап, шәкірттерін жоғары нәтижеге жеткізуі шарт. Мұғалім
дидактикалық принциптерді дұрыс таңдаса және оқытуды дұрыс ұйымдастырса
сабақ тиімді және нәтижелі болары даусыз.
Дидактикалық принциптердің қызметі: олардың негізінде оқушыларда
оқытудың мақсатына сәйкес берілетін білім мазмұнын жүйелі, саналылықпен
белсенді түрде меңгеруге деген қызығушылықтар пайда болады. Дидактика
принциптері оқыту үдерісінің негізгі буыны ретінде бірімен-бірі логикалық
өзара байланыста болады
Сонымен, ең негізгі, ғасырлар бойы педагогтар қауымы мойындаған оқыту
үдерісінің бірнеше принциптер жүйесіне келсек,
-мақсаттылық ;
-ғылымилық;
-жүйелілік пен бірізділік;
- теория мен тәжірибенің байланыстылығы;
-саналылық пен белсенділік;
-беріктік;
-көңіл-күй ескеру;
-түсініктілік;
-сәйкестік принципі;
-көрнекілік.
Осы принциптерді талдаудан алдын принциптер мен ережелер
байланысына тоқталайық. Педагогикалық ереже – жалпы принциптерге
негізделген белгілі жағдайдағы, белгілі мақсаттағы педагогтық қызметтің
бейнеленуі. Ережелер оқыту принциптерін қолданудың тәжірибелік жақтарын
көрсетеді, теориядан тәжірибеге көшу жолдарын айқындайды. Заңдылықтар мен
принциптермен салыстырғанда ережелер мұғалімге нақты педагогтық жағдайда
қандай да нақты шараларды пайдалану қажеттігін ұсынады.
Осы жерде айта кететін жайт: ережелерді қатаң, мүлтіксіз орындау
ұстаздың қолын байлап қояды; ережелерге немқұрайлы қарау оқыту сапасын
төмендетеді. Сондықтан, әрбір мұғалім дидактикалық ережелерді типтік,
стандарттық жағдайларда тиімді пайдаланса, күрделі педагогтық жағдайларда
дидактикалық принциптерге сүйеніп шығармашылық танытса қойылған мақсатына
жетері сөзсіз.
Ережелер принциптерге сүйенеді, принциптер ережелер арқылы жүзеге
асады. Ережелер педагогтық тәжірибенің қорытындысы ретінде дидактика
принциптерін қолдану құралы болады. Сонымен, педагогтар оқытудың
принциптеріне сай қалыптасқан белгілі ережелерге сүйеніп мақсат –
міндеттерін іске асырады.
Біздің оқулықта арнайы қарастырылмаған принциптер көп, мысалы,
мұғалімнің басшылық ролі; ынталандыру; проблемалық оқыту; дамыту, оқыту
және тәрбиелеу бірлігі; ізгілендіру; жас және дара ерекшеліктерін назарға
алу; кіріктіру принциптері.
Енді принциптер мен ережелердің мәнін ашу жолдарын қарастырайық.
Әрбір сабаққа дайындалу үшін ең алдымен оның мақсатын
анықтайды. Мақсатсыз сабақ жақсы нәтиже бермейді. Өйткені оқыту әдістері
олардың мақсаттарына байланысты. Осыған орай, әрбір баланың және ұжымның
ерекшеліктерін еске алып, мұғалім оқыту жұмыстарының формаларын, мазмұнын,
әдістерін іріктеп алады. Оқыту мен тәрбие жұмыстарын осындай мақсатпен
ұйымдастыру мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеттерінің үнемі жоспарлы түрде
өтуіне игі әсер етеді.
Оқытудың ғылымилық принципіне орай оқушылар ғылыми білімдер мен
ғылыми әдістерді меңгерту керек. Бұл принциптің астарында жатқан
заңдылықтар: дүниені танып білуге болады, адам өмірінде ғылымның ролі
күннен – күнге өсуде, оқытудың ғылымилығы оқытудың мазмұны және мұғалімнің
іс-әрекеті арқылы жүзеге асады. Мысалы, педагог ғылым жаңалықтарын адам
үшін қызмет ететінін түсіндіре отырып, оқушыларда дүниеге диалектикалық,
ғылыми – материалистік көзқарас қалыптастырады.
Аталмыш принципті іске асыру үшін педагог орындайтын негізгі
талаптар:
- Білім мазмұнын педагогика, психология ғылымдарының қазіргі даму
дәрежесіне сәйкестендіру, жаңа әдістемелер мен жаңашыл ұстаздардың
тәжірибесін қолдану.
- Оқушылардың ғылыми диалектикалық ойлау қабілетін дамыту, бастауыш
мектептің өзінде тек индукциялық ғана емес, дедукциялық оқытуды енгізу.
- Шәкірттерге жаңа ғылыми ұғымдарды түсіндіру, жүйелі түрде қайталау,
пайдалану, қолдану, іске асыру.
- Оқыту әдістері арқылы оқушыларды ғылыми әдістермен таныстыру,
оларды ізденушілікке, шығармашылыққа баулу, зерттеу тәсілдерін пайдалану
үшін кітаппен, анықтамалармен жұмыс істеуге ынталандыру.
- Әрбір ғылымның ашқан жаңалықтарын оқушылар санасына жүйелі түрде
қарапайым ұғымдармен берік түрде жеткізу мұғалімнің негізгі міндеті.
- Ғылымдағы жаңалықтардың жан-жақты байланыстарын көрсетіп
оқушылардың білім деңгейімен ұштастыру, жаңа пән сөздерді қолдану.
- Белгілі ғалымдардың өмірбаянымен, олардың қосқан үлесімен
оқушыларды таныстыру.
Бұл принциптің өзекті негіздері: адам миында сыртқы дүниені
бейнелейтін өзара байланысты түсініктер жүйесі қалыптасқанда ғана, оның
білімі толық және шынайы болады; оқылатын оқу материалын белгілі
реттілікпен оқушыларға жеткізгенде, олардың санасында ғылыми білімдер
жүйесі қамтамасыз етіледі; ғылыми білімдер жүйесі оқу материалының ішкі
логикасына және әрбір оқушының таным мүмкіндіктеріне бағынышты; оқушыларды
логикалық ойлауға үйрету, дағдыларын жүйелі түрде шынықтыру, олардың
тұлғасын үзіліссіз, кедергісіз дамыту.
Бұл принцип оқытудың ғылымилығы принципімен тығыз байланыста
болғандықтан, ғылыми білімдер негізін оқушылардың жүйелі түрде және
реттілікпен ұғынуы сабақтардың мазмұнының негізгі өзегі болуы тиіс.
Әрбір мұғалім сабаққа әзірлену барысында не сабақ барысында жүйелілік
пен бірізділік принципін жүзеге асыру үшін келесі ережелерді назарға алады.

- Оқу міндеттерін оқушылар түсініп, оқу материалын логикалық тұрғыда
жүйелі қабылдауы мақсатында кесте, сызба, жоспарларды қолдану.
- Оқу мазмұны мен әдістерінің жүйелілігін сақтау, бастауыш пен орта,
орта мен жоғары сыныптардағы оқу мазмұны мен әдістерінің бірізділігін
қамтамасыз ету.
- Оқу пәні – ғылымның көшірмесі болғандықтан оқушыларға ғылымның
жүйесін көрсетіп, пәнаралық байланыстарды пайдалану.
- Бұрын ұғындырған білімді жиі қайталау және жетілдіру; қысқы
қорытындылауды сабақтың басында, барысында және аяғында өткізу.
- Тек тіл мұғалімдері емес, барлық педагогтар барлық сабақтарда
оқушылардың ой білдіру әдістері мен түрлерін бақылау; үнемі оларды өз
қателерін тауып, талдауға үйрету.
- Әрбір тақырып, бөлім, тарау, пән аяқталғанда қорытындылау және
жүйелеу сабақтарын өткізу.
- Табиғатына байланысты, шәкірттер бірнеше сабақта меңгеретін
материалды бір сабақта айлақорлықпен ұғындырмау.
- Оқушылардан әр тарау мен бүкіл бағдарлама бойынша білім, білік,
дағды жүйесін меңгеруін талап ету.
Сонымен, жоғарыда сөз болған принцип Я.А.Коменскийдің бүгінгі оқыту
кешегіні бекітіп, ертеңгіге жол салады өсиетін нақтылай түседі.
Бұл принцип философияның тәжірибе – танымның ілкі бұлағы қағидасына
негізделген. Оның түбінде көптеген заңдылықтар жатыр: оқытудың сапасы мен
тиімділігін тәжірибе көрсетеді, тексереді, анықтайды; тәжірибе – ақиқаттың
көрсеткіші; тәрбие өмірмен, тәжірибемен тығыз байланысты; теория мен
тәжірибе байланысы оқу мазмұнына, әдістеріне, түрлеріне тәуелді; оқушыларды
мамандыққа бағдарлау сапасы жоғары болса, олар заманауи өндіріске тез
икемделеді.
Осыған орай мұғалім орындайтын ережелерді атап өтейік.
- Оқу - өмір қажеттілігі екенін оқушыға түсіндіру, сездіру.
- Үнемі теория мен тәжірибе байланысын көрсету, адамзат тарихындағы
ғылыми білімдердің мазмұнын ашу.
- Оқытуда оқушылар жалаң теориялық білім алып қана қоймай, сол алған
білімдерін өмірде қолдана білуін қамтамасыз ету.
- Шәкірттерге өз білімдерін тәжірибеде қолдануды үйрету.
- Оқушыға проблемалық, ізденіс, зерттеу тапсырмаларын орындатып
теория мен тәжірибе бірлігін дәлелдеу, өзіндік жұмысты орындауға және өз
бетімен білім алуды үйрету.
- Әр сабақта оқушыларға политехникалық білім беру, туған жердің
шаруашылығына лайықты мамандықтарға дайындау.
- Оқушының қоғамдық еңбегі тәлім-тәрбие, оқу мақсаттарына сай болуы
керек.
- Тәжірибелік сабақтардың көмегі мен оқушылар теориялық қағидаларды,
заңдар мен ережелерді іс жүзінде тексеріп, ғылыми білімдерді меңгеруге
мүмкіншіліктерін жасау.
- Оқушылардың тәжірибелік әрекеттері тек мектеп, сынып шеңберінде
қалып қоймай, мектептен тыс өмірмен, еңбекпен ұштасып отыруы шарт.
Бұл принципке негіз болатын заңдылықтар: тек өз ақылымен қабылдаған
сапалы да, саналы білім адам білімінің шынайы өзегі болады; оқушылардың
білімді саналы түрде меңгеруі таным әрекетінің белсенділігі мен оқуға
ынталануына, мұғалім қолданатын әдістерге тәуелді, ғылыми білімдерді
меңгеруде саналылық, әрі белсенділік танытқан оқушылар ғана оны терең және
ойларына берік тоқулары сөзсіз.
Саналылық пен белсенділік принципін жүзеге асыру үшін мұғалім оқыту
үдерісінде төмендегі оқыту ережелерін басшылыққа алады.
- Оқушы алдында тұрған мақсат пен міндеттерді анық түсінуі саналы
оқытудың шарты боларын назарға алу.
- Оқушылардың оқу материалын тек жаттап қана алмай, олардың мән-
мағынасын терең түсінуін қамтамасыз ету.
- Әрбір сөздің, сөйлемнің, ұғымның мәнін түсіндіру үшін оқушылардың
білімі мен тәжірибесін негізге алу.
- Оқушылардың білім алуға деген ынтасын, белсенділігін арттыратындай
тиімді әдістерді үнемі қолдану, бүгінгі белсенді шәкірт ертеңгі белсенді
қоғам мүшесі екенін ұмытпау.
- Оқу материалын саналы түрде меңгерту үшін әлі бейтаныс
мағлұматтарды бұрыннан белгілі ақпаратпен ұштастыра білу.
- Өз бетімен оқуды үйрету, таным әрекетінің тиімді әдістерімен
таныстыру.
- Бас және қосалқы оқу материалын ажыратуды үйрету, назарларына
негізгі ойларды алу.
- Оқушыларды ойлауға үйретіп, неге сұрағын жиі қоюға дағдыландыру.
- Әрбір оқушы тұлғасына қамқорлық жасау, оны оқу пәнін игеретін
субъект ретінде қалыптастыру.
- Оқушы білімдерін тәжірибеде қолдануына көмектесу.
Оқытудың тиімділігін, сапасын жақсарту үшін оқушылардың білімдерінің
берік болуы даусыз. Бұл принцип көптеген тәжірибелік және теориялық
заңдылықтарға сүйенеді: оқушылардың білім мазмұнын меңгеруі мен танымдық
дамуы, оқу үдерісінің өзара байланысты екі жағы: білім беріктігі оқушының
мұғалімге, оқу пәніне, жалпы оқуға деген субъективті қатынасына тәуелді;
оқушыларды білім беріктілі оқытудың ұйымдастырылуы, түрі, әдістері, уақыты
арқылы қамтамасыз етіледі; қызықты және маңызды материал ұзақ әрі берік
есте сақталады.
Осы принципті іске асыру үшін мұғалім бірнеше ережелерді орындауы
қажет.
- Оқушылар білімдерін сабақтар барысында; тақырып, тарауды оқыту
аяқталған жағдайда; тоқсан мен оқу жылының басында, соңында қайталауды
үнемі ұйымдастыру.
- Қазіргі мектеп жаттаудан ойлауға көшуіне байланысты оқушылардың
жадын зорламай, білімді санасы мен сезімдерімен қабылдауды үйрету.
- Жақсы түсінбегенді оқушының есінде сақтауына жол бермей, тек саналы
білімді жадында сақтату.
- Басты, негізгі идеялар мен ұғымдарды есте сақтауды қамтамасыз ету
үшін оқушыларды анықтамалар мен, энциклопедиялармен жұмыс істеуге
машықтандыру.
- Оқыту жүйесінде түрлі (ауызша, жазбаша, лабораториялық –
практикалық жұмыстары) жаттығу жұмыстарын ұйымдастыру.
- Оқуға, білімге ынта – ықылас, қызығушылық, мұғалімнің өзіне сенімі
болса, оқушылардың оқу - таным әрекеті ерікті, қуанышты болып, білімдері
ұзақ уақытқа дейін сақталады.
- Білімнің беріктілігіне кедергі жасайтын сабаққа кешігу, келмеу,
сабақ кезінде бос не басқа нәрселермен шұғылданып отыру, жалқаулыққа жол
бермеу.
- Логикалық түрде берілген, алынған, қайталанған білімдер мен
біліктер байланыссыз ақпаратпен салыстырғанда берік екенін ұмытпау.
- Оқушылардың ерікті және еріксіз зейінін тиімді пайдалану: тікелей
ұсыныстың орнына қызықты тапсырма, тәртіпке шақыру орнына мысал, мақал-
мәтелдерді қолдану.
- Оқушылардың алған білімдерінің беріктілігін нығайтудың әр түрлі
әдіс – тәсілдерін (сезімге толы әңгіме, заманауи көрнекіліктер, техникалық
құралдар, оқу ойындары, пікір таластар) іске асыру.
- Жаттығуларды орындаған кезінде оқушылар шаршауының алдын алу.
- Жаңа оқу материалын ескі, таныс ақпаратпен байланыстыру.
- Оқушыларды өз білімін алу мен тексеруге бейімдеу.
Оқытуды аталмыш ережелерге бағындыру – оқушылар білімінің ұзақ уақыт
бойы есте сақталуын, сол білімді өз өмірінде пайдалануын қамтамасыз ету.
Көңіл-күй ескеру принципі бала табиғатының дамуы мен оның іс-
әрекетіне байланысты туындайды. Ұнамды көңіл-күйден адам жаны нәр алады, ой
өрісі сәуелелене түседі, оқу жеңіл, жылдам және жағымды сезіммен
қабылданады. Егер оқушының кітап оқуға зауқы болмаса, оны ауыр да азапты
еңбек сипатында қабылдаса, одан табысты нәтиже күтудің өзі болымсыз іс.
Сондықтан да оқу алдында баланың ұнамды көңіл-күйін көтеріп, оны қуанышты
оқиға ретінде қабылданатын дәріс жұмысына дайындау қажет. Ұнамды қатынас
болмаған жерде оқу үдерісі өз ықпалының жартысын жояды. Ықыласы болмаған
адамды оқыту – бос әурешілік. Көңілін қорқыныш, өшпенділік, жеккөрушілік
жайлаған баланы оқыту оның санасына шынайы болмыс деректерін зорлап
ендірумен бірдей. Мұндай жолмен қабылданған білім ұзаққа бармай ұмытылады,
одан келер пайда болымсыз. Сондықтан педагогтар бар шеберлігін қосып,
мектептегі оқу еңбегі мен білім тартымдылығын көтеруге ат салысады. Олар
бала еліктегендей ғажайып кейіп, перілерден бірде кем болмаған ұлағатты
тұлға бейнесін жасайды. Бала жанын сенім шуағымен жылытып, оның алғашқы
қадамдарына қолдау көрсетеді. Мектеп өмірін мұғалімдер жарқын да қызықты
істер, оқиғалар мен толтырып отырса, олардың бәрі балалық шақтың балдәурені
секілді оқушы есінде ұзаққа сақталады. Оқудың көңіл-күй принципінің
талаптары осы. Ал бұл талаптарды іске асыруды мұғалімнің міндеттері:
- Әр сабаққа дайындалу барысында оқушылардың ұнамды көңіл-күйін
қалыптастыру мен қолдау жолдарын ойластыру. Алдағы оқу жұмысы неғұрлым
зеріктіргендей әрқилы болса, оқу материалы неғұрлым құрғақ әрі абстракт
келсе, ұнамды көңіл-күйдің болуына пайда етудің мүмкіндіктерін іздестіріп
бағу.
- Сынып босағасын көңіл жадыратар кейіппен аттап, балалармен
әзілдесе, оларды жігерлендіретіндей сөз тауып, сабақты бастау.
- Демократиялық қарым-қатынас мәнерін ғана ұстану.
- Балалар болмысына, олардың істеріне қызыға қатынас жасап, араласын
бару.
- Сыныпта қапелінде болып қалатын дау-дамайды әрқашан сабырлы,
айқайсыз, тұрпайы және намысқа тиер сөздерсіз шешу.
- Күдер үзгендей әрі қиын жағдайлардан шығу үшін орайы келген әзіл-
қалжыңды пайдалану.
- Сабақтың әсем, бейнелі, көңілді өткізілуі үшін оқу әрекетін
танымдық ойындар, жарыстар, конкурстар мен сайыстарға толтыра жүргізу.
- Кіші оқушының ойлауын оның сезімдері мен толғаныстарынан ажыратпау:
оқу-тәрбие үдерісінің эмоционал көрікті болу қажеттігі – бала ойының даму
заңдылықтарынан туындаған талап.
- Әрдайымғы көңіл-күй көтеретіндей сәттерден ұнамды қалыпта өтетін
тұрақты кейіп жағдайларына өту.
- Оқу материалдары, оқу әдістері мен танымдық еңбек ұйымдастыру
формаларының ұнамды көңіл-күй молшылығын пайдалану.
- Оқушыларды жаңа материалды жарқын көңілмен қабылдауға дайындау.
- Қызығушылыққа кедергі болар жәйттардан сақтаныңыз, ол үшін жаттанды
материалды кемітуге, құрғақ сөзді жұмыстарды қысқартуға, сабақ қарқынын
бәсеңдетуге, жұмыс ұйымдастырудағы келеңсіздіктерге, мадақтау мен бағалауда
бір формаға танылып қалмауға, бала толғаныстарының еленбеуіне жол бермеңіз.

- Балалардың шынайы табыс толғанысын басынан кешіп, оның
нәтижелерімен қуантудың қамын жасау.
- Жақсы орындалған жұмыстан алған қанағат сезімін бекіту.
- Қатынас тілінің шабытты, бейнелеу мәнерлілігі, сөз көркемдігі,
әсемдігі мен тазалығына мән беріп, қадағалау.
- Тосын, еліктіргендей тәсілдермен балаларды оқу тапсырмаларына
қызықтырып, олардың көңіл көтеріңкілігін қамтамасыз ету.
- Мүмкін болғанынша дәрістер мен сыныптан тыс сабақтарды табиғат
аясында өткізу.
- Сабақ барысында, сыныптан тыс оқу жұмыстарында жағымды көңіл-күй
шарттарын жасау үшін ән-күйді пайдалану.
Түсініктілік принципі оқытудың көп ғасырлық тәжірибесі талаптарынан
туындайды: бұл, бір жағынан – оқушылардың жастық даму заңдылықтарына
байланысты келсе, екінші жағынан – дидактикалық үдерісті оқушылардың даму
деңгейімен сәйкестендіре ұйымдастыру және іске асыруға тәуелді. Бала өзінің
ойлау деңгейіне, жинақтаған білімі, ептілігі, ойлау тәсілдеріне сәйкес
келген дүниені ғана түсіне алады.
Түсініктілік принципін іске асыруды, өз уақытында Я.А.Коменский
өрнектеген классикалық ережелер: жеңілден-қиынға, белгіліден-белгісізге,
қарапайымнан-күрделіге өту. Қазіргі заман оқу теориясы мен тәжірибесі
түсінімді оқытуда міндетті болған ережелер тізімін кеңейте түсті:
- Өтілуі тиіс материалдардың бәрі әр жас қабылдауына сәйкес
реттестіріліп, ұсынылуы тиіс.
- Оқушы санасы қандай да пәнді қабылдауға дайын болуы қажет екендігін
ұмытпаңыз.
- Оқыту барысында балалардың табиғи мүмкіндіктерін, олардың дайындығы
мен даму деңгейін арқау етіңіз. Балалардың өмір тәжірибесін, қызығуларын,
бейімділігін, даму ерекшеліктерін зерттеңіз және оқытуда ескеріңіз.
- Оқу мазмұны және тәсілдері балалар дамуынан бір шама алда
жүретіндей болсын.
- Оқушылардың әртүрлі топтарындағы оқу ерекшеліктерін назарға алыңыз.
Бір текті мүмкіндіктері бар балаларды жіктеулі топтарға біріктіріңіз.
- Оқу үдерісін тиімді қарқында жүргізіңіз, бірақ күшті оқушыларды
аяқтан тартпайтындай,сонымен бірге орташа және үлгерімі төмен оқушылардың
дамуына тиімді ықпал жасайтындай етіп ұйымдастырыңыз.
- Оқу жұмысы белгілі дәрежеде күш салуды қажет етеді. Олай болмаса,
балалар жұмыс орындауға дағдылана алмайды. Оқушылар әрдайым өз
мүмкіндіктерінен төмен оқу қарқынын қалайды. Осыны ескерумен мұғалім әр оқу
жағдайына сәйкес оқу желісін тиянақты әрі нақты белгілеп барғаны жөн.
- Педагогиканың және психологияның жаңа жетістіктерін пайдаланыңыз:
нақты білімдер мен ептіліктерді кіші көлемдегі материалдар жәрдемімен
қалыптастырып барыңыз, ал қорытынды білімдерді қалыптастыруда іріленген
білім топтарын пайдаланыңыз.
- Сабақ барысында ұқсастықты, салыстыруды, беттестіруді,
қайшылықтарды кең қолданыңыз. Жаңа және күрделі материалды өтуде күшті
оқушыларды қатыстырыңыз, ал бекіту жұмыстарына – орташа және төмен
оқушыларды тартыңыз.
- Жаңа ұғымды енгізу бір сабақтың танымдық міндеттері мен ғана
байланыстырылмай, бүкіл өтілген оқу жүйесіне негізделуі тиіс.
Бұл принцип ғасырлар бойы жинақталған педагогтық тәжірибеге
негізделіп, оқушыларға жеке дара қарауды талап етеді.
Демек бұл оқушының бойында бар білім, білік, дағдылар деңгейіне сай
жаңа ақпаратты ғана меңгере алады. Сәйкестік принципін дәлелдейтін
заңдылықтар: оқыту жас және дара ерекшеліктерге, оқу үдерісінің
ұйымдастырылуы мен әдістеріне тәуелді; ақыл-ой дамуы мен алғашқы білімдері
жетік оқушы жаңа материалды тез меңгереді, оқудағы қиыншылықтарды жою
баланың мінез-құлқына, қабілеттерінің қалыптасуына, білімінің сапасы мен
нәтижелілігіне дұрыс ықпал етеді.
Сәйкестік принципін жүзеге асыру үшін орындалатын ережелер:
- Оңайдан-қиынға, таныстан-бейтанысқа, жеңілден-күрделіге көшіп
оқыту.
- Білім беруде оқушы әрқашан дара, өзінше ерекше екенін ұмытпау.
- Балалардың ақыл-ойы, қабілеттері мен мүмкіндіктері әртүрлілігін
ескере оқыту.
- Оқуда барлық оқушылар табысқа бірдей жетуін талап етпеу, алдыңғы
дайындық деңгейіне сүйену.
- Оқушының жас ерекшелігіне сәйкес әдістерді анықтау.
- Оқушылардың мүмкін еместі талап етпеу, тапсырма өте жеңіл
де, өте қиын да болмауын ойластыру.
- Оқыту жылдамдығы озат оқушыны тоқтатпай, әлсіз оқушыны ілгері тарту
мақсатын көздеу.
- Жаңа күрделі материалды өткенде озат оқушыға, қайталағанда орташа
және нашар оқушыға сүйеніп оқыту.
- Ең күрделі білімді игерту үшін аналогия, салыстыру, теңдестіру,
қарсы қоюды пайдаланып оқушы ойын қоздыру.
- Жалпы заңдар мен заңдылықтарды түсіндіру қиын болғандықтан, әр
түрлі пән аралық байланыстар арқылы сол заңдылықтардың көрінісін айқындау,
методологиялық білімдерді сіңірту.
- Сәйкестік мұғалімнің әңгімелеу, сөйлеу, тіл анықтылығына
тәуелділігін ұмытпау.
- Сәйкестік жеңілдік емес, оқушы еңбегін жеңілдету мақсат емес, бірақ
оқушыға өздігінен білім табуға, қабылдауға, меңгеругі көмектесу
қажеттілігін қамтамасыз ету.
- Сәйкестік еңбекқорлықпен байланысты, еңбекқорлық күшейген сайын оқу
сәйкестігі кедергісі төмендейтінін ұмытпау.
Әрбір мұғалім оқыту үдерісіне байланысты білім беру, тәрбиелеу және
дамыту қызметінде үнемі дидактикалық принциптерді басшылыққа алуы шарт.
Көрнекілік принципін алғаш зерттеп, оған мәнді үлес қосқан
Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский т.б.
Осы принцип негізінде алғашқы оқытудың әдістемесін жазды.
К.Д.Ушинский көрнекілік жайындағы ілімді дамыта келіп, көрнекілік –
балалардың психологиялық ерекшеліктеріне жауап береді, балалар заттардың
пішіні, дыбысы, бояуы арқылы ойлайды деді.
Оқыту үдерісінде сөз бен іс, теория мен тәжірибе өзара байланысты
болады. Әртүрлі көрнекілікті қолданудың нәтижесінде сабақ әрі түсінікті,
әрі қызықты болып өтеді. Мысалы, жоғары сыныптарда сабақты демонстрациялап
өткізу тиімді және нәтижелі болады. Көрнекілік абстракты ұғымды игеруге
әсер етеді. Мысалы, электрон теориясын сабақта кинофильмді пайдаланып
түсіндіру жақсы нәтиже береді.
Сонымен, көрнекілік принципінің оқыту материалдарын, әсіресе,
теориялық ережелерді терең оқуда, берік есте сақтауда алатын орны ерекше.
Көрнекілік түрлері:
Табиғи көрнекілікке коллекциядағы кептірілген өсімдіктер, хайуандар
мен құстардың тұлыбы, минералдар және т.б. жатады.
Заттар және бейнелеу көрнекілігі: муляж, геометриялық фигура, макет,
портреттер, архитектура, кескіндеме және мүсін үлгілері, жер бетінің
бедері, т.б.
Символикалық көрнекілікке карталар, картограммалар, сызбалар,
диаграммалар, кестелер жатады. Мысалы, кестенің бірнеше түрлері бар.Олар
хранологиялық, синхрондық, тақырыптық, графикалық кестелер.
Экранды – динамикалық көрнекілік шындық дүниені бейнелейді. Олар:
диапозитивтер, диафильмдер, эпипроекциялар,оқу киносы,оқу теледидары.
Дыбысты техникалық көрнекілікке грампластинкалар,
магнитофильмдер , радиоқабылдағыштар жатады.
Көрнекі құралдар оқу материалдарын, әсіресе, теориялық ережелерді
есте жақсы сақтау және жеңіл түсіну үшін қолданылады.
Көрнекі түрде оқыту – оқушылардың тиісті бақылауларына сүйеніп оқыту,
бірақ көрнекі оқыту дегенді тек көрнекі құралдарды пайдаланып отыру деп
түсінбеу керек. Алдыңғы айтқандай көрнекілікпен оқыту арқылы білім сапасын
артттырамыз, материалды жетік терең әрі тез, жеңіл түсінуіне ықпал
жасаймыз. Көрнекі құралдар оларды қалай пайдалану керектігі туралы бірқатар
педагогикалық-психологиялық зерттеулерге тоқталып өтуге болады.
Көрнекілік принципін теориялық жағынан бірінші болып негіздеген Я.А.
Коменский (1592-1670) болса, орыс педагогтары ең алдымен ұлы педагог К.Д.
Ушинский (1824-1870) көрнекілік мәнін психологиялық жағынан қоса алып
көрсетті.
Көрнекілік әдісімен оқу – оқушыларды өз бетінше байқауға үйретуге
негізделеді. К.Д. Ушинский көрнекілік әдіске психологиялық анализ жасай
келе, көрнекілік тек көру сезіміне ғана байланысты деген бір жақты пікірді
сынады. Себебі қандай нәрсені болса да қабылдағанда сезім мүшелеріміз
неғұрлым көбірек қатынасса зат және құбылыс жөніндегі қабылданбаған ұғым,
түсінік есіңізге соғұрлым берік, тиянақты есте сақталады.
Сондықтан сабақта көзбен көру, дыбыс органымен айту, қолмен жазу, тағы
басқа сезім мүшелерінің белсенді қатысуы тиіс. Егер де педагог баланың
есінде бірдеңені берік қалдыруды көздейтін болса, ал көз, құлақ, дауыс,
бұлшық ет сияқты сезім органдарының, тіпті мүмкін болса, иіс және дәм
сезімдерін де есте сақтап қалу актісіне көбірек қарастыруға тырысуы керек
деген К.Д.Ушинский.

1.2 БАСТАУЫШ СЫНЫПТЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА КӨРНЕКІЛІКТІ ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІС-
ТӘСІЛДЕРІ

Қай замандарда да мектеп қоғамның әлеуметтік, экономикалық және мәдени
салаларындағы өзгерістерге икемделіп отырған. Әр кезеңге сай оқыту
теориялары, оқыту үдерісін ұйымдастыру мәселелері де өзгеріп, жаңа
сұраныстарға бейімделген.
Дәл қазір адамның ақыл-ой, шығармашылық мүмкіндіктеріне қойылатын
талаптар артуда. Мұндай күрделі міндеттерді шешудегі орта мектептің
бастауыш сатысының алар орны ерекше. Оқушылардың білім берудің барлық
кейінгі сатыларында нәтижелі дамуын анықтайтын негіз бастауышта қалатындығы
баршаға белгілі.
Республикада оқыту мазмұны жаңартылып, жаңа буын оқулықтарын енгізіп
жатыр. Жаңа оқулықтар:
-Көп деңгейлі.
-Интеграцияланған.
-Дамыта оқыту жүйесі қағидаларына сәйкестендірілгендігімен
ерекшеленеді.
Соңғы жылдары оқыту үдерісін ізгілендіру, оның практикалық
бағыттылығын күшейту мақсатында біраз шаралар жасалды. Білім беру
саласындағы жаңалықтар:
1. Ұйымдастырудағы.
2. Технологиялардағы
3. Оқулықтар мен бағдарламалардың өзгеруі.
Қазақстан білім беру тұжырымдамасында "Білім беру үлгісіне орта білім
беру деңгейінің өте жоғары болуы тән. Бұл ең алдымен барынша байыпты
бастауыш мектеп арқылы жүзеге асырылады"-деген. Осыған орай, әр пәнді,
соның ішінде бастауыш сынып математикасын оқытудың ғылыми дәрежесі
анағұрлым жоғары болуын, ғылым негіздерінің бәрі игерілуін, тәрбие
жұмысының жақсартылуын қамтамасыз ету бағытында әр алуан шаруалар жүзеге
асырылуда.
Көрнекі құралдарың түрлерін білу мұғалімнің оларды дұрыс таңдап
алуына және оқытуда тиімді түрде пайдалануға, сондай-ақ өзінің немесе
оқушылармен бірге көрнекі құралдарды дайындап алуына мүмкіндік береді.
Дидактикалық принциптердің бір-оқыту жүйесінде көрнекі құралдарды
пайдалану. Мектепте тілін оқытуға байланысты мынадай көрнекі құралдар
пайдаланылады: затты табиғи түрінде көрсету, графикалық көрнекілік (кесте,
схема), бейнелеу көрнекілігі, иллюстрция жасау, фотоларды көрсету,
суреттерді көрсету, осындай көрнекіліктермен қатар, техникалық құралдарды
(магнитофон, ойнатқыштарды, диафильм, радио, телевизия т. б.) пайдалану
арқылы оқушылардың есту және көру сезімдерін дамытуға арнайы көңіл
бөлінеді. Демек, мұғалімнің түсіндіруімен қоса, есту және көру үшін
көрнекіліктер қолданылады. Сыныптан тыс жұмыстарда көрнекілікті пайдалану
оқушының ана тілін құрметтеуге, оған деген сүйіспеншілігін арттырады.
Оқушының танымдық қабілетін жетілдіріп, өздігінен жұмыс істеуге бағыт
береді. Қазақ тілі сабақтарында көрнекі құралдарды пайдалану
грамматикалық ұғымдарды немесе ережелерді түсінуге көмектесіп қана қоймай,
сондай-ақ оқушылардың пікір алысуына да мүмкіндік туғызады. Көрнекі құрал
мұғалімнің сабақта өткен материалдарды қайталау, жаңа материалдарды
түсіндіру, бекіту мақсаттарында қолданылуы мүмкін. Сондықтан да
көрнекілікті белгілі бір мақсат қоя отырып пайдалану қажет.
Қазақ тілі сабағында жиі қолданатын көрнекілік-кесте. Ол не схема,
бұрын таныс емес грамматикалық материалды нақты түсіндіруге, сөйлем
құрылысын меңгеруге өте ыңғайлы. Үлестірме карточка да көрнекіліктің бір
түрінде жатады. Бұл жеке оқушымен жұмыс істеуге өте ыңғайлы. Әсіресе
суретпен берілген карточкаларды "Лексика", "Сөз құрамы" тақырыптарын
оқытуға байланысты қолдануға болады. Суретпен берілген карточка арқылы сын
есім, зат есім, етістік, үстеулердің нақты лексикалық мағынасын түсіндіру
тиімді. Берілген материалдағы тапсырмалар суретке сай болуы қажет. Қазақ
тілі сабағында сурет көрнекілігі де ерекше орын алады. Бұл көбіне
оқушылардың тілін дамыту мақсатында қолданылады. Суретке ат қойғызу,
суреттің астына оның мағынасын жазып көрсету оқушылардың дұрыс сөйлеп,
сөздік қорларының баюына ықпал жасайды. Балаларға ана тілін үйретуде
көрнекіліктің алатын орны жөнінде К.Д.Ушинский: көрнекілікке үйретуді ана
тіліне үйретуден болу мүлде қате " деген болатын.
Өйткені көрнекілік бақылампаздықты, ойлауды дамытады, және
балалардың бақылағандарын сөзбен дұрыс айтып беруге, одан логикалық
қорытындылар шығаруға дағдыландырады. Қазақ тілі сабақтарында кесте,
альбом, лото сияқты көрнекіліктер де қолданылады. Бұлар белгілі бір
тақырыпқа (тұтас қамтитындай) немесе бір сыныптың тақырыбын түгел
қамтитындай мақсатта жасалады. Мысалы: зат есімнен жан-жақты мәлімет беруге
байланысты кесте - альбом жасауға болады. Ал лото көрнекілігі оқушылардың
орфографиялық және грамматикалық білімдерін бекіту үшін
пайдаланылады.
Оқушылардың бейнелеу өнеріне деген ықыласын арттыру мақсатында қазақ
тілі сабақтарына открытка және түрлі түсті сериялы суреттер пайдаланылып
жүр. Открытка және түрлі түсті сериялы суреттер сабақты қызықты
ұйымдастыруға ғана емес, сондай-ақ оқушының белсенділігін арттырып,
танымдық қабілетін дамытады. Түрлі түсті сериялы суреттер магнит тақталары
арқылы көрсетіледі. Сурет бойынша сөйлем құрату мазмұндама, шағын шығарма
жаздыру да тиімді. Сауат ашу кезеңінде пайдаланылатын дидактикалық
материал да бар. Бұлар сөздердің дыбыстық
құрамын талдауға жаттығу үшін түрлі карточкалар; кейбір жағдайда олар-
клеткалармен берілген заттық картинкалар, екінші бір жағдайда әріптің
жартысы мен қалған жартысының орнына клетка т. б. с.с.
Мұндай үлестерге арналған дидактикалық материал-оқушыларға сөздің
дыбыстық құрамын схемаға сүйеніп талдауы үшін көмекші құрал болып саналады.

Көрнекілік принципін алғаш зерттеп, оған мәнді үлес қосқан
Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский т. б. Осы принцип негізінде алғашқы оқытудың
әдістемесін жазды.
К.Д.Ушинский көрнекілік жайындағы ілімді дамыта келіп, көрнекілік-
балалардың психологиялық ерекшеліктеріне жауап
береді, балалар заттардың пішіні, дыбысы, бояуы арқылы ойлайды деді.
Оқыту үдерісінде сөз бен іс, теория мен практика өзара байланысты
болады. Әр түрлі көрнекілікті қолданудың нәтижесінде сабақ әрі түсінікті,
әрі қызықты болып өтеді. Мысалы, жоғары сыныптарда сабақты демонстрациялап
өткізу өте тиімді және нәтижелі болады. Көрнекілік абстракты ұғымды игеруге
әсер етеді. Мысалы, электрон теориясын сабақта кинофильмді пайдаланып
түсіндіру жақсы нәтиже береді. Көрнекі құралдар оқу материалдарын, әсірісе
теориялық ережелерді есте жақсы сақтау және жеңіл түсіну үшін қолданылады.
Қорыта келгенде, оқу сабақтарының барлығында да қолданылатын көрнекіліктің
басты түрі суреттер деуге болады. Бұл дайындық кезде де, оқу барысында да,
шығарманы талдау кезінде де, жоспар жасау кезінде де, қорытынды әңгіме
жасағанда да, көмекші құрал есебінде қызмет атқарады. Алайда мұнда есте
болатын жағдай-көрнекі құралды тым көп қолданылып, мәтіннің ролін
төмендетіп алудан сақ болған жөн. Оқушыларды оқу барысында туатын эмоция
мен бейнелер балалардың өмір тәжірибесіне қарай, жасы өскен сайын өзгере
береді. Сөйтіп, оқу сабақтарында балаларды жан-жақты тәрбиелеу, оларға
білім беру т. с . с. міндеттерді іске асыру үшін көрнекі құралдың орасан
зор маңызы бар. Көрнекілікті пайдалану оқушыны байқағыштыққа, оймен
топшылауға жаттықтырып, логикалық қорытындылар шығаруға тәрбиелейді.
Көрнекі құрал мұғалімнің сабақта өткен материалдарды қайталау, жаңа
материалдарды түсіндіру, бекіту мақсаттарында қолданылуы мүмкін. Сондықтан
да көрнекілікті белгілі бір мақсат қоя отырып пайдалану қажет.
Көрнекі құралдарды пайдалану тұрғысынан алғанда жалпы топтық және
жекелік деп бөлінеді. Жалпы топтық көрнекі құралдарды бүкіл сынып болып
пайдаланады (кейде оны демонстрациялық деп те атайды), жекелік көрнекі
құралмен әрбір оқушы жеке пайдаланады. Көбінесе, жалпы топтық және жекелік
құралдар мазмұны жөнінен бірдей бірдей және айырмашылығы тек үлкен-
кішілігінде ғана болады: геометриялық фигуралардың моделдері, кеспе
цифрлар, чертеждік инструменттер т.с.с. жалпы топтық құралды да, сондай-ақ
жекелік құралдарды да сабақта пайлану ыңғайлы болуы үшін дұрыс қолданудың
маңызы бар.
Көрнекі құрал білім көзі ретінде қолданылғанда, ол елеулі мәселеде-
жалпылама қорытынды жасауда –негіз болып табылатынын атап көрсетіп, негізгі
емес қосалқы мәнін көрсетіп отыруы тиіс.
Сөз болса қабылдауды күшейтеді, сондықтан мұғалім оқушының
байқағандарын бағыттап отыратындай дәл сұрақтар қойып отыруы керек.
Жаңа материалмен таныстырғанда мұғалім көбінесе берілетін білімдерді
нақтылау мақсатымен көрнекі құрал пайдаланады. Бұл жағдайда көрнекі құрал
сөзбен берілген түсініктемелерді иллюстрациялау қызметін атқарады.
Жаңа материалмен таныстыруда және әсіресе білімдері менбіліктерін
бекітуде көрнекі құрамен істелетін жұмысты, оқушылардың өздері алып
көрсетеді
Көрнекілікті қолдану оқушылардың білім сапасын арттырады, көрнекі
құралды пайдалана отырып, мұғалімнің жетегімен, оқушылар өздігінен оңай
қорытындылар жасай алады.
Оқылатын материалды көрнекі құралдармен иллюстрациялау арифметикалық
оқытудың бірінші күнінен бастап барлық оқу жылдарында қолданылып отырады.
Баланың санды үйренудегі бірінші адымы сурет қараудан басталады.
Баланың көз алдынан құстың, қоянның, мысықтың, тағы сол сияқты
суреттері өтеді. Бұл суреттер белгілі жолмен құралып, бірінші ондық
сандарының әрқайсысын кескіндейді.
Көрнекі құралдарды әр-түрлі тәсілмен пайдаланудың маңыздылығы оны
жеткілікті және қажетті пайдалануды көрсету керек. Берекесіз пайдаланған
көрнекілік өзінің сапасын жоғалтады. Мұнда оқу үдерісінің білімділігі де
кемиді. Оқушылардың сабаққа ынта-жігері, қызығушылықтары жоғалады.
Сондықтан көрнекіліктерді тиімді тәсілмен қолдану керек.
Көрнекілік қолдану тәсілдерін таңдау үшін көрнекі құралдарды
оқушылардың оқу үдерісіндегі ролін білуіміз керек. Көрнекіліктің оқу
үдерісіндегі роліне қарай екі үлкен топқа бөліпқараймыз. Заттың-бейнелік
көрнекі құралдармен таңбалы көрнекілікке бөлуге болады. Бірінші топтың
құралдары: суреттер, фотосуреттер, диафильмдер, кино үзінділері, табиғи
объектілер және тағы басқалар. Осылар міне мұғалімге түсініктер мен
ұғымдарды қалыптастыру кезінде сезімдік қабылдауына оқушыларға өзара жәрдем
беріп отырады. Екінші жағдайдағы көрнекі құралдар: схемалық көлемді
объектілердің күрделі байланыстарын, өзара тиімділігін және нақты бейнеде
қабылдауға байланысты пайдалану керек. Көрнекі құралдарды қолданудың
осындай тәсілдерін білу мұғалімнің оларды дұрыс таңдап алуына және оқытуды
тиімді түрде жүргізуге, сондай-ақ сабақтың сапасын арттыруға, оқушылардың
зейінін бір мақсатқа бағындыруға көмектеседі. Сабақта көрнекі құралдарды
тек қана бір тәсілмен қолдану дұрыс емес. Олар бір-бірімен араласып, біте
қайнасып жатады.
Жоғарыда айтылып өткендей оқыту үдерісінде бір-бірімен тығыз
байланысты оқулықтардың, көрнекі құралдардың және оқытудың техникалық
құралдарының тұтас жиынтығы пайдаланылады. Олардың ішінде ең маңыздылардың
бірі - әр сыныпқа арналып жеке-жеке басылатын Дидактикалық материалдар.
Дидактикалық материалдар ең алдымен курс бойынша орындалатын жаттығулар
мен сабақтарда орындалатын әр түрлі жұмыстарды ұйымдастыруда мұғалімге
елеулі көмек көрсетеді. Сонымен бірге, сабақ үстінде топтық немесе жеке-
дара жұмыстар орындағанда, үлгерімі төмен немесе жақсы оқитын оқушылармен
жеке жұмыс жүргізгенде, бақылау жұмысын ұйымдастырғанда, сондай-ақ
оқушылардың әр алуан категорияларымен жұмыс істегенде дидактикалық
материалдар кеңінен пайдаланылады.
Бастауыш мектепте көрнекілікті қолдану оқушылардың белсенділігін
арттырады, көрнекі құралды пайдалана отырып, мұғалімнің жетегімен, оқушылар
өздігінен оңай қорытындылар жасай алады, есепті тез шығара алады. Есеп
шығаруда көрнекіліктер әр түрлі мақсаттармен пайдаланылады: жаңа материалды
таныстыру үшін, білімдері, біліктерін, дағдыларын бекіту үшін, материалдың
қаншалықты игерілгенін тексеру, бекіту үшін қажет.
Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың толымсыз тәжірибесі, олардың
сөз қорының жеткіліксіздігін аңғартады. Жаңа терминдер және толар
белгілеген ұғымдарды ұғынуды мақсат еткен бейнелермен қатар жұмыс істегенде
ұтымды меңгерілуі мүмкін. Шартты белгілеулер мен белгілерге, ұғымдарды
ұғынып, түсінгеннен кейін ғана көшу керек. Белгілерден бастау –формалдыққа
итермелейді. Көрнекі –сезімдік деректер танылатын шындықтың мағынасына
бойлай енуге мүмкіншілік туғызады.
Сауалнама жүргізгенде бастауыш мектеп оқушыларының 100 пайыз көрнекі
құралдар қолданған сабақтарды ұнатындықтарын ашық айтады. Көрнекілік
көмектесе ме және несімен? деген сұраққа оқушылар: Егер елестете алмасаң,
тез шығаруға көмектеседі деп жауап береді. Сонымен, оқушы кіші болған
сайын сөзбен ғана түсіндіру мүлдем жеткіліксіз екені ақиқат. Бұл бірінші
кезекте жаңа ұғымдардың қалыптасуына қатысты. Көрнекі материал баланың ішкі
ойлау әрекеттерінің сыртқы сүйеніші қызметін атқарады.
көрнекіліктердің басты мақсаты – балаларға тән бейнелік ойлауға, көргенін
еске сақтау қасиеттеріне сүйене отырып, бастауыш математикасында оқытылатын
материалдың мәні мен мағынасын еске сақтау және түсіну болып табылады.
Мұндай оқулықтар оқушының сезім пернесіне бағытталуы тиіс. Сезім-
табыстың маңызды сілтемесі. Егер оқытылатын материал баланың сезім пернесін
шертпесе, онда ол оны тез ұмытады, ақпаратты өңдеу тетігі іске қосылмайды.
Оқушылар ережелер мен заңдылықтарды танымдық компонент сезімімен
үйлесім тапқанда ғана дәл түсінеді.
Суреттер ассоциация туғызатынкөру діңгектері болып табылады. Олар тек
еске сақтауға ғана емес, оқыған материалды қайта беруге де ықпал жасайды.
Бір жағынан ол мақсатқа жетуге мүмкіншілік жасайды, екінші ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабағын оқытуда көрнекі құралдарды пайдалану арқылы оқушылардың қызығушылық қабілеттерін дамытудың жолдары
Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабағын оқытуда көрнекі құралдарды пайдалану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру
Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабағында оқушылардың көрнекілік арқылы қызығушылығын ояту және құзыреттіліктерін дамыту
Дамыта оқыту арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру
Бастауыш сыныпқа ағылшын тілін оқытудың ерекшелігі
2-сыныпта қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ
Окушылардың сан есім туралы білімдерін дұрыс колдану дағдыларын қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларын еңбекке тәрбиелеуде ұлттық қолөнер материалдарын пайдаланудың теориясы
Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың шығармашылық танымдық қызығушылықтарын дамыту жолдары
Пәндер