Қазақстан Республикасындағы инвестициялық саясат



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5

1.1 Ивестицияның пайда болуы және даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2 Инвестицияның қызметі мен базалық есептеу принциптері ... ... ... ... ...

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ ТАРТУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

2.1 Инвестицияларды тарту және пайдаланудағы проблемалар мен болжамдық бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2 Қазақстан Республикасындағы негізгі капиталға инвестиция жұмсау (ШҚО бойынша) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

3.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ БАРЫСЫНДА ТАРТЫМДЫ РЕСУРСТАРЫНДА КЕЗДЕСЕТІН МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

3.1 Қазақстан Респулликасының инвестициялық қызметті қаржыландыру
барысында кездесетін мәселелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.2 Қазақстан Респулликасының инвестициялық қызметті қаржыландыру
барысында кездесетін мәселелердің шешу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Кіріспе

Бұл тақырыпты алғандағы мақсат еліміздің инвестициялық саясаттың ролін, яғни алатын орнын, маңыздылығын, тәуелсіз елімізге қажеттілігін атап көрсету .
Оған дәлел 2005 жылдың 18-ақпандағы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Онда еліміздің 1990- жылдардың басындағы экономикалық ахуалынын неден басталғаны туралы айтылады. Қазақстанның іщкі өнімінің екі есе ұлғаюына, нарықтық экономиканың құрылуына инвестицияның тигізген әсері мол болды. Жолдауда « Экономикаға 30 миллиард АҚШ долларындай тікелей шетел инвестициясы тартылды. Бұл бүгінгі Қазақстанның тұрақты, тиімді әрі сенімді әріптес екенін барша инвесторларға көрсетеді» деп айтылуы инвесторлармен қатар еліміздің экономикасының даму жолына түскендігін, әлем Қазақстанға өз қаржысын салғысы келетінін көрсетеді. Өйткені инвестиция дегеніміз табыс табу және капиталды ұлғайту мақсатымен өндірістік және басқа да қызметтерге қаржы жұмсау болып табылады, яғни қаржы үнемі жұмыс істеуге басқаша айтқанда, қандай да бір табыс түсетін жұмысты немесе іске жұмсалынуы тиіс. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ең алғашқы, яғни 1997 жылы 10-қазанда Алматы қаласында өткен Республика белсенділерінің жиналысындағы «Қазақстан – 2030» барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» Жолдауында шетел инвестициясы тоқталды.
«Шетел инвестицияларын тиісінше қорғауды және пайданы кері қайтарып алу мүмкіндіктері бұрынғысынша назарда бірінші кезектегі мәселелер қатарында ұсталады.» -деп атап өтілуі инвестициялардың еліміздің экономикасын дамытуға қажеттілігін көрсетеді.
2003 жылдың 9-сәуірдің Президенттік Қазақстан Жолдауында үкімет 2015 жылға дейінгі Индустриялық - инновациялық даму бағдарламасын әзірлеген:
Инвестициялық сипаттағы тікелей мемлекеттік шығасылардың жылына орта есеппен 38 миллиард теңге (250 миллион доллар) болатынын жоспарлап отырмыз. Бұл қаражаттың едәуір бөлігі өндірістік және ғылыми инфрақұрылымды жасақтау мен жаңартуға жұмсалатын болады.
Индустриалық - инновациялық даму бағдарламасын іске асыру мақсатында даму институттарының жүйесі құрылады әрі капиталданатын болады.
Соның ішінде, қазірдің өзінде жинақтаушы, сондай-ақ тұрақтандырушы уәзипалар атқарып жатқан Ұлттық қор бар.
Қазақстанның инвестициялық қоры құрылатын болады. Ол капиталына үлестік қатысу арқылы қосылған құны жоғары тауарлар өндіретін қазақстандық компаниялардың құрылуына жәрдемдесуге тиіс.
Ғылыми - техникалық және кәсіпкерлік салалардың тұрақты өзара іс - қимылын қамтамасыз ету мақсатында Инновациялық қор құрылып, оған
инновациялар мен венчурлық кәсіпкерлікті дамыту мен енгізу жөнінде неғұрлым кең өкілеттіктер жүктеледі.
Инвестициялық саясат. Он жылдықта әлеуметтік – экономикалық салада жалпы ішкі өнімді екі есе ұлғайтуды, сөйтіп, негізінен алғанда, кедейшілік мен жұмыссыздық проблемасын шешуді міндетімізге алған.
Мұның өзі инвестициялардың тез өсуіне және жалпы ішкі өнімдегі жинақтау нормасының артуына тікелей байланысты.
Мемлекеттік инвестициялар индустриалық- инновациялық даму бағдарламаның іске асырылуын қамтамасыз ететін қаржы институттарын құру мен капиталдандыру мақсатында :
- даму банкінің жарғылық капиталын ұлғайтуда және оның кредиттік жадығатын молықтыруға – 12 миллиард теңге;
- құрылатын Қазақстан инвестициялық қорының жарғылық капиталына – 23 миллиард теңге ;
- құрылатын инновациялық қорға – 36 миллиард теңге;
- экспортты сақтандыру жөніндегі корпорация құру үшін - 7.7 миллиард теңге жіберуді ұсынады.
Жеке инвестициялар .Біздің экономикамыздағы жеке сектордың рөлі барған сайын арта беруге тиіс. Бүгінгі таңда зейнетақы жинақтау жүйесінің жиынтық капиталы 300 миллиард теңгеге жуықтап отыр. Банк жүйесіндегі депозиттер 600 миллиард теңгеден асып түсті.
Банктердің жиынтық меншік капиталы бір жылдың ішінде үштің біріне ұлғайып, миллиард доллардан асып түсті, ал экономикаға берілген кредиттер соңғы үш жылда 4.5 есе көбейді.
Мұның бәрі де экономикалық өрлеудің жоғары қарқынын қамтамасыз етеді және демеп отырады.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1) Қазақстан Республикасының “Инвестиция туралы” заңы. 2003 жыл және 2005, 2008 жылдардағы енгізілген өзгертулермен
2) М.В Ивошин «Инвестиция. Организация управления и финонсирования.»//Москва 1999 год//
3) Аналитическая информация о состоянии рынка ценных бумаг Республмкиа Казахстан. // Рынок ценных бумаг Казахстана. N° 1. 2006 г,
4) Бочаров В.В. “Современный финансовый менеджмент” Москва Санкт-Петербург, Нижний Новгород Воронеж Ростов-на-Дону Екатеринбург, Самара Новосибирск Киев-Харьков. Минск. 2006 год.
5) Бочаров В.В. “Управление денежным оборотом предприятий и корпораций. Москва Финансы и статистика 2001.г.
6) Васина А.А. “Финансовая диагностика и оценка проектов” – СПб: Питер 2004. г.
7) Журнал “Хабаршы” 2004-2009 жылдар
8) Инвестициоиный рейтинг Казахстана // Офиальный сайт ЗАО «Казинвест », 2009 г.
9) Интернет сайт WWW.WFIN.KZ
10) http://www.shygys.stat.kz/kaz/pres_k/invest_k.html
11) Косжанов.Т.Н. “Промышленная и инвестиционная политика в долгосрочной стратегии экономики страны, //Транзитная экономика,№ 7.2005 г,
12) Казахстанская правда. // С.Тай «Влияние прямых иностранных инвестиций// 07.08.2009 г.
13) Крушевиц Л. “Инвестиционные расчеты” Питер 2004г
14) Ковалев В.В. Финансовый анализ Алматы Финансы и статистика. 2008 год.
15) Қаржы-қаражат А. Қантарбаев //Инвестицияларды талдау// 2004-2009 жылдар
16) Маулимбердина С.Т. “Рынок ценных бумаг” вводение в проблему. //Саясат, 10-11,2009 г.
17) Методические рекомендации по оценке эффективности иевестиционных проектов: Официальное издание. – Москва,- Экономика, 2006г
18) Нәдірбек Әпсәләмов, Қазиқан Исабеков, Өмірзақ Сұлтанов “Экономикалық теория негіздері” Алматы ғылым 1999 жыл. 479-492б
19) Нурланова. Н.К. “Инвестиционная ситуация в Казахстане и перспективы ех позитивных сдвигов” //Европейское сообщество. М 3. 2008 г,
20) Реформировамие экономики Казахстана: Про их решения. Алматы, 2006, С. 343.
21) РЦБК 2004-2009 жылдар
22) Стоянова Е.М. “Финансовый менеджмент: теория и практика.
23) Хес О. //Совмещение акцептов с количества на качество иностранных инвестиции// Панорама. -24.08.2008 г.
24) әл-Фараби атындағы Қазақ ҰлттықУниверситетінің 70 жылдығына арналған 57-ші ғылыми конференциясының материалдары. 2003 ж

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы инвестициялық саясат

Орындаған:Муқамадиұлы.Е..
Тексергендер: Дуламбаева Р.Т.

Алматы,2010

Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН
МАЗМҰНЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5

1.1 Ивестицияның пайда болуы және даму
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .
1.2 Инвестицияның қызметі мен базалық есептеу
принциптері ... ... ... ... ...

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ ТАРТУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2.1 Инвестицияларды тарту және пайдаланудағы проблемалар мен болжамдық
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Қазақстан Республикасындағы негізгі капиталға инвестиция жұмсау (ШҚО
бойынша) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

3.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ БАРЫСЫНДА
ТАРТЫМДЫ РЕСУРСТАРЫНДА КЕЗДЕСЕТІН МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ШЕШУ
ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

1. Қазақстан Респулликасының инвестициялық қызметті қаржыландыру
барысында кездесетін
мәселелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ...
3.2 Қазақстан Респулликасының инвестициялық қызметті қаржыландыру
барысында кездесетін мәселелердің шешу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... .

Кіріспе

Бұл тақырыпты алғандағы мақсат еліміздің инвестициялық саясаттың
ролін, яғни алатын орнын, маңыздылығын, тәуелсіз елімізге қажеттілігін атап
көрсету .
Оған дәлел 2005 жылдың 18-ақпандағы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан
халқына Жолдауы. Онда еліміздің 1990- жылдардың басындағы экономикалық
ахуалынын неден басталғаны туралы айтылады. Қазақстанның іщкі өнімінің екі
есе ұлғаюына, нарықтық экономиканың құрылуына инвестицияның тигізген әсері
мол болды. Жолдауда Экономикаға 30 миллиард АҚШ долларындай тікелей шетел
инвестициясы тартылды. Бұл бүгінгі Қазақстанның тұрақты, тиімді әрі сенімді
әріптес екенін барша инвесторларға көрсетеді деп айтылуы инвесторлармен
қатар еліміздің экономикасының даму жолына түскендігін, әлем Қазақстанға өз
қаржысын салғысы келетінін көрсетеді. Өйткені инвестиция дегеніміз табыс
табу және капиталды ұлғайту мақсатымен өндірістік және басқа да қызметтерге
қаржы жұмсау болып табылады, яғни қаржы үнемі жұмыс істеуге басқаша
айтқанда, қандай да бір табыс түсетін жұмысты немесе іске жұмсалынуы тиіс.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ең алғашқы, яғни 1997 жылы 10-қазанда Алматы
қаласында өткен Республика белсенділерінің жиналысындағы Қазақстан – 2030
барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының
артуы Жолдауында шетел инвестициясы тоқталды.
Шетел инвестицияларын тиісінше қорғауды және пайданы кері қайтарып алу
мүмкіндіктері бұрынғысынша назарда бірінші кезектегі мәселелер қатарында
ұсталады. -деп атап өтілуі инвестициялардың еліміздің экономикасын
дамытуға қажеттілігін көрсетеді.
2003 жылдың 9-сәуірдің Президенттік Қазақстан Жолдауында үкімет 2015
жылға дейінгі Индустриялық - инновациялық даму бағдарламасын әзірлеген:
Инвестициялық сипаттағы тікелей мемлекеттік шығасылардың жылына орта
есеппен 38 миллиард теңге (250 миллион доллар) болатынын жоспарлап отырмыз.
Бұл қаражаттың едәуір бөлігі өндірістік және ғылыми инфрақұрылымды жасақтау
мен жаңартуға жұмсалатын болады.
Индустриалық - инновациялық даму бағдарламасын іске асыру мақсатында
даму институттарының жүйесі құрылады әрі капиталданатын болады.
Соның ішінде, қазірдің өзінде жинақтаушы, сондай-ақ тұрақтандырушы
уәзипалар атқарып жатқан Ұлттық қор бар.
Қазақстанның инвестициялық қоры құрылатын болады. Ол капиталына үлестік
қатысу арқылы қосылған құны жоғары тауарлар өндіретін қазақстандық
компаниялардың құрылуына жәрдемдесуге тиіс.
Ғылыми - техникалық және кәсіпкерлік салалардың тұрақты өзара іс -
қимылын қамтамасыз ету мақсатында Инновациялық қор құрылып, оған
инновациялар мен венчурлық кәсіпкерлікті дамыту мен енгізу жөнінде
неғұрлым кең өкілеттіктер жүктеледі.
Инвестициялық саясат. Он жылдықта әлеуметтік – экономикалық салада
жалпы ішкі өнімді екі есе ұлғайтуды, сөйтіп, негізінен алғанда, кедейшілік
мен жұмыссыздық проблемасын шешуді міндетімізге алған.
Мұның өзі инвестициялардың тез өсуіне және жалпы ішкі өнімдегі жинақтау
нормасының артуына тікелей байланысты.
Мемлекеттік инвестициялар индустриалық- инновациялық даму бағдарламаның
іске асырылуын қамтамасыз ететін қаржы институттарын құру мен
капиталдандыру мақсатында :
- даму банкінің жарғылық капиталын ұлғайтуда және оның кредиттік
жадығатын молықтыруға – 12 миллиард теңге;
- құрылатын Қазақстан инвестициялық қорының жарғылық капиталына – 23
миллиард теңге ;
- құрылатын инновациялық қорға – 36 миллиард теңге;
- экспортты сақтандыру жөніндегі корпорация құру үшін - 7.7 миллиард
теңге жіберуді ұсынады.
Жеке инвестициялар .Біздің экономикамыздағы жеке сектордың рөлі барған
сайын арта беруге тиіс. Бүгінгі таңда зейнетақы жинақтау жүйесінің жиынтық
капиталы 300 миллиард теңгеге жуықтап отыр. Банк жүйесіндегі депозиттер 600
миллиард теңгеден асып түсті.
Банктердің жиынтық меншік капиталы бір жылдың ішінде үштің біріне
ұлғайып, миллиард доллардан асып түсті, ал экономикаға берілген кредиттер
соңғы үш жылда 4.5 есе көбейді.
Мұның бәрі де экономикалық өрлеудің жоғары қарқынын қамтамасыз етеді
және демеп отырады.

1. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ
1.1 Ивестицияның пайда болуы және даму тарихы

Инвестиция туралы ұғым банк ісі ғылымының арнайы бөлігі болып
табылады. Бұл инвестициялық қызметтің неғұрлым белсенді және ірі ресурстар
бар мүшелер. Сондай – ақ оларды ұйыммен және тұрғындармен жинақтарды тарту
олардың инвестициялық ресурстар трансформациялануы өндірісті дамыту үшін
оларды бөлу және пайдалану бойынша туындайтын экономикалық қатынастар
табылады. Қазіргі уақытта инвестициялық процессті қаржыландыру нарықтық
тетікті бір қалыпқа келтіру Қазақстан Республикасы экономиканың дамуының
басты проблемаларының бірі болып табылады. Тиімді инвестициялық тетікті
қалыптастыру арқылы өнеркәсіптік өндірісті қалпына келтіру және сапаны
қайта құру үшін әр түрлі көз-қарастар мен тәсілдер ұсынылуда. Осыған
байланысты экономикалық жақсы дамыған сигмент ретінде банктік жүйеге
келтіріледі. Болашақ мамандар инвестициялық процесті ұйымдастыру және
жүзеге асыру саласына, кәсіби білім алуына мақсатты теориялар және
тәжірибелік түрде бағытталған шетелдерде қалыптасқан инвестициялық
инфрақұрлымның, қызмет ету мөлшері және оларға банктердің қатысу
тәжірибесін қарастырады.
Шаруашылық іс-әрекеттер процесінде оған қатынасушылар күрделі қаржыны
жүзеге асырады, реконструкцияға әрекет етуші ұйымдарды кеңейту және
техникалық қайта жарақтандыру, тұрғын үй, коммуналдық және мәдени тұрмыстық
құрылыстарға жұмсалатын шығындар күрделі салымдарды жүзеге асырады.
Қазақстандағы болашақ басты міндеттердің бірі – XXI ғасырдың ортасына
таман экономиканың алдыңғы қатарлы салаларын бет бұрыс жасау. Мұны іске
асырудағы алғашқы орындардың бірі шетел инвестицияларын кеңінен тартуға
бөлінеді.
"Инвестиция" деген сөз латынның "инвест" (салу) дегенінен шыққан.
Енді кім инвестор, ол не салады, не мақсатпен және қайда салады деген
сұрақтарға жауап туады. Капиталды салады, оның көптеген түрі болады:
Сөйтіп, нені салуға болады? ірі банктердің қаржылық ресурстары,
өнеркәсіптік фирмалардың миллиардтаған пайдалары, жай адамдардың жинаған
ақшалары, кәсіпқойлық дағды мен қабілеттілік "ноу-хау", әрбір бизнесменнің
денсаулығы мен уақыты. Мұнда инвестиция жөнінде кеңінен қандай да болмасын
қаржыны ірі және ақша ғана болуы емес салудан кейіннен табыс, пайда алу
көзделеді.
Бұл - акцияны сатып алу, олармен биржадағы ойынға қатысу, бартерге
жұмсау, тауарлы-материалдық запастармен сауда жасау және басқадай толып
жатқан ойындар да болуы мүмкін.
Инвестиция дегеніміз – табыс алу мақсатында кәсіпкерлік және басқа да
қызмет түрлері, объектілері, ақша қаражаттар технологиялар, машиналар,
жабдықтар, тауарлық белгілер, несиелер, басқа да мүліктік құқықтық
интелектуалдық құндылықттар.
Инвестициялық қызмет бұл – инвестицияларды салып және инвестицияларды
жүзеге асыру бойынша тәжірибелік әрекеттер жиынтығы.
Инвестициялаудың тар кәсіпқойлық анықтамасы бұдан да қатты, мұнда
қаржы салымы ең алдымен бизнестің материалдық бөлігіне жұмсалады:
жабдықтарды сатып алу және орнату, техникаға, шикізатқа, ғимарат
құрылысына. Қандай болмасын кәсіпорнының материалдық бөлігі негізгі және
айналым қаржыларын енгізеді. Теоретиктер "мұның бәрін "нағыз капитал"
терминіне қосып атайды.
Енді қаржыны кімдер салады ? Негізгі салымшылар кәсіпорындар,
фирмалар, мемлекет және халық.
Инвеетицияны жүзеге асырушы заңды және жеке тұлғалар, бұлар
коммерциялық тәуекелділікке қарай инвесторларға, кәсіпкерлерге,
саудагерлерге және ойыншыларға бөлінеді.
Инвестор - бұл капиталды салған кезде, көбіне басқа біреудің ең
алдымен ойлайтыны тәуекелділіктің аз болуы; инвестор – бұл күрделі қаржыны
қаржыландырудағы делдал.
Кәсіпкер - бұл белгілі бір тәуекелділікпен өз капиталын салушы адам.
Ойыншы - қандай да болмасын тәуекелдікке баруға дайын адам.
Инвестициялау мақсаты - табыс, пайда, кіріс. Кірісті қаржыны
бизнестің материалдық бөлігіне салмай-ақ алуға болады. Бірақ белгілі
жағдай, ұзақ мерзімді кәсіпорнының әрекеттерінде, олардың тек қана қаржылық
- саудагерлік іс - әрекеттермен ғана шұғылданып, негізгі қорларын жаңартуды
ұмытып кететіндері де болады. Ондайлар бәсекелестерінен қалып қояды, ал
мұның өзі нарықтық даму жағдайында өте қауіпті болады.
Сыртқы экономикалық қызметтің маңызды аспектісі - шетел
инвесторларының қатысуы және республика экономикасын тұрақтандыру үшін
шетел кредиттерін тарту. Бұл қаражаттар ұлттық шаруашылықтың құрылымын
жетілдірудің басым міндеттерін шешу, рынокты тұтыну тауарларымен молайту
және экспорттық әлуетті кеңейту үшін нысаналы әрі тиімді пайдаланылуы тиіс.
Сыртқы кредиттерді қамтамасыз ету үшін алтын-валюта резервтері жасалған,
олар сонымен бірге ұлттық валютаны да қамтамасыз етеді. Кредиттерді
қамтамсыз етудің басқа нысаны экспорттық тауарлардың қорлары болып
табылады.
Шетелдік инвестицияларды тарту үшін қажетті жағдайлар жасалуы тиіс:
1)шетелдік инвесторлардың қызметімен байланысты әкімшілік
рәсімдерді ықшамдау: жұмыс істеу құқығына, ел ішінде жүріп-тұруға, кедендік
және шекаралық бақылаудан өтуге рұқсаттар беру, рұқсатнама беру болып
табылады.
2)елдің ұлттық мүдделері үшін қызмет түрлеріндегі басымды салық
жеңілдіктерін және басқа жеңілдіктерді беру жеңілдетілген мөлшерлемелер,
инвестицияларға немесе кредиттерге салықтық шегерімдер, жеңілдетілген
баждар, жеделдетілген амортизация.
3)жерді, жылжымайтын дүние-мүлікті пайдалану құқығын
қамтасасыз ету, қызметкерлерді оқытуға субсидиялар беру;
4)пайда әкетіліміне үкімет кепілдіктерін немесе оны қайта
капиталдандырудың жеңілдетілген шарттарын беру.[17; 448-456 бет]
Жаңа қоғам өзінің соңғы өзгерістерін бірге ала келетіні белгілі. Сол
сияқты нарықтық экономика да біздің қоғамға инвестиция ұғымын ала келді.
Бұл өркениетті әлемде әлдеқашан қарым-қатынастың қалыпты заңдылығына
айналып кеткен ұғым болып табылады. Елімізге келген шетелдік инвесторлар
мұнай мен газ саласына көбірек қаржы құйғаны мәлім. Қазіргі уақытта да
инвестицияның басым бөлігі кең-қазба байлықтарын құрайды. Өз кезегінде
Қазақстанның сыртқы саясат саласындағы атқарып жатқан іргелі істері
елімізге шетелдік инвестицияның көптеп келуіне жол ашып отыр. Оның сыртында
елдің ішкі саяси тұрақтылығы, экономикадағы реформаның бірізділікпен жүзеге
асырыла бастауы сырттан келетін қаржының тұрақтылығына мүмкіндік береді.

1.2 Инвестицияның қызметі, базалық есептеу принциптері мен әдістері

Инвестициялық қызмет бұл – инвестицияларды салып және инвестицияларды
жүзеге асыру бойынша тәжірибелік әрекеттер жиынтығы.
Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық
процесс әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып,
еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр.
Инвестициялар кез – келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры
болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп,
сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының
көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп
халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен, елімізде
жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізіп,
әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз
керек. Осыған орай, инвестициялық іс - әрекетті талдауда оның тиімділігіне
экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік шараларды
ерекшелеудің маңызы зор. Бұл тұрғыдан инвестициялық іс - әрекетті екі
құрамдас бөлікке жіктеуге болады. Экономикалық құрылым мынадай
элементтерден және инвестициялық іс-әрекеттің нәтижесінен тұрады:
1. Пайда табу. Түскен пайданың өзі екі аспектіні қамтиды:
экономикалық, яғни инвесторлар пайда тауып оны қайта
өндіріске жұмсайды – реинвестирование және әлеуметтік,
тапқан пайданың белгілі бір бөлігі инвестордың әлеуметтік
қажеттілігіне жұмсалады.
2. Жоғарыда көрсетілген пайданың негізінде жұмыскерлер де табыс
тауып, соның негізінде өздерінің, жанұяларының әлеуметтік
қажеттілігін өтейді.
3. Пайдадан түскен салық пен өтелімдер мынадай мақсаттарға
жұмсалады:
• Міндетті медициналық қамсыздандыру қорына;
• Мемлекеттік зейнетақы қорына;
• Аймақтық бюджетке;
• Республикалық бюджетке;
4. Өнеркәсіптік әлеуметтік даму қорын құру.

Инвестициялар бірнеше түрге бөлінеді: венчурлық, тікелей,
портфельдік, аннуитеттік түрде болады.

Венчурлық капитал - бұл тәуекелділік күрделі қаржыны салуды білдіруде
қолданылатын термин. Венчурлық капитал үлкен тәуекелділікпен жаңа іс-әрекет
саласына салынатын инвестиция. Мысалы, жаңа акцияларды шығару түрінде.
Венчурлық капитал өзара байланыстары жоқ жобаларға салынады да, салынатын
қаржының тез арада орнына келуіне есептеледі.
Тікелей инвестициялар - бұл шаруашылық субъектісіне табыс алу үшін
және осы шаруашылық субъектісінің басқару органдарына қатынасуға құқыққа ие
болу үшін, жарғылық капиталға өзінің салымын салу.
Портфельдік инвестиция - бұл өзінің портфелін құрап алумен байланысты
және бағалы қағаздар мен басқадай активтерді сатып алу болады. Портфель -
бұл әртүрлі инвестициялық құндылықтардың бірігіп жыйнақталғаны болады да,
салым иесінің нақтылы инвестициялық мақсатқа жетуіне қызмет көрсететін
құралы. Портфельге бағалы қағаздардың бір түрі немесе әртүрлі
инвестициялық бағалылықтар: акциялар, облигациялар, жыйнақ және депозиттік
сертификаттар, аманаттық куәліктер, сақтандыру полистер және басқалары
кіреді.
Аннуитет - жеке адамның салған инвестициясы. Бұл зейнеткер болып
кеткеннен кейін, кейбір аралықтарда оған үнемі белгілі кіріс әкеліп тұратын
салымы. Бұл - негізінен сақтандыру және зейнетақы қорына салынатын
қаржы.2;184]
Инвестициялық шешімге барғанда, онымен бірге инфляцияны да есепке алу
қажет. Егер, біз жыл аяғында пайданы 100.000 теңге көлемінде аламыз деп
есептесек, алдағы болатын инфляция қарқынын 10% деп есептесек, онда нағыз
пайда 90 мың теңге ғана болады.
Егер инвестор 100 мың теңгені 15% жылдық өсіммен салғанда, инфляция
болмаса, жыл аяғында 15000 кіріс алады. Сондықтан, 10% инфляция болғанда,
инвестор жылдық процентті (15% + 10% = 25%) 15% кем салуына болмайды.
Тағы бір мысал келтірейік. Сіз бір шаруашылық объектісін салуға 500
мың теңге салатын болдыңыз. Егер инфляция деңгейінің болжамы жылына 8%
болады делінгенде, онда сізді салған инвестицияңыздың тиімді болуы мына
жағдайларға байланысты болады. Егер жылына алатын пайдаңыз 40 теңгеден
асқанда, яғни 500 мың теңгеден 8% - түскен. Онда мұндай әдіспен баруыңыз
сіздің инвестицияны сақтауды және ұлғайтуды қамтамасыз етеді.
Мұндағы пайда деп отырғанымыз таза пайда яғни, салықты алып
тастағаннан кейінгі, оған қаржылық шығынды, проценттерді және амортизацияны
қосқандағы.
Пайданың жай нормасына негіз болатыны пайдалану жөніндегі
есептесулер. Бұл бойынша бір жыл бойына пайдаланылған пайданың ең соңғы
инвестициялық шығынға қатынасын есептеп шығаруға мүмкіндік туады. Сөйтіп,
пайданың жай нормасының көлемі, пайда мен капиталдың қалай анықталғанына
байланысты болады. Есептеп шығару варианттары:
1) Жалпы пайда немесе салық алынатын, жалпы инвестициялық шығынға
жатқызылған пайда;
2) Таза пайда + жалпы инвестициялық шығынға жатқызылған
амортизация.
Пайданың жай нормасының кемшіліктері болады:
а) негізге алатын белгілі бір жылды табу қиын болады;
б) пайданың жай нормасы салықтық жеңілдік болған жылдарды есепке
алмайды.
Компаундинг: бұл әдістің мәні мынада - жыл сайынғы кірістің өсуіне
қарай, капиталдың базалық сомасының қалай өсетінін есептеп шығамыз.
Мұндай есептің тәжірибелік мәні: егер өсу процентін өзгерте
алмасаңыз, онда келешек кірістің көлеміне қажетті болатын базалық соманы
өзгерте аласыз. Егер алғашқы салынған салым сомасы сізге оңай болмаса, онда
сіз жылма-жылға кірістің процентін көбейтуге тырысыңыз, сонан кейін бірнеше
нақтылы жылдардан соң өзіңіз тілеген, өскен мөлшердегі сомаға жетесіз.
Инвестициялық процесс әр уақытта да тәуекелділікпен байланысты
болады, өйткені уақыт анықтауды күшейте түседі, шығындардың орнын толтыру
мерзімі ұзақ болған 1 жобаның тәуекелділігі қиындай түседі.
Сондықтан, шешім қабылдағанда уақыт факторын есепке алу қажет яғни,
шығындарды бағалау, түсімді, пайданы қандай да болмасын жобаның іске
асуындағы экономикалық тиімділікті уақытша өзгерістерді есептей отырып,
бағалау керек. Бұл операция шығындарды дисконттау деп атайды да, мұны
әдетте бірнеше бара-бар варианттарға жасайды, яғни мезгілдегі шығындарды
белгілі бір уақытқа келтіру процесі.
Дисконттаудың негізі болатыны қандай да болмасын сома келешекте алына
ма, бүгінгі күнінде де объективті пайдалылығы төмен болады, егер осы соманы
айналысқа салып кіріс әкелуге жұмсасақ, онда ол бір жылдан соң, екі, үш
жылдан кейінде де сақталып қана қоймай, ол өсе береді.
Дисконттау арқылы қазіргі соманың ақшалық эквивалентін келешектегі
алынатын сомадан анықтауға мүмкіндік болады. Ол үшін, келешектегі күткен
соманы, күрделі процент ережесі бойынша, белгілі мерзімдегі өсетін табысқа
азайту керек. Егер, біз бүгін 100000 теңгені 10% жылдықпен инвестицияласақ,
онда бір жылдан кейін біздің алатынымыз -100.000 теңге х (100%+ 10%),
немесе, сондай - 100.000 теңгені х (1+0,1) = 110.000 теңге. Екі жылдан
кейін: 100 000 теңге х (1 + 0,1) х (1 + 0,1) = 121.000 теңге және тағы әрі
қарай осылай. Мұндай капиталды инвестициялауды, одан алынған табыспен қоса,
тағы да келесі кезеңдерде көп табыс алу үшін жүргізілген процесті
"проценттерді қосу" деп айтады да, оны мына формуламен көрсетеді:
КС = БСх(п + г), мұндағы -
КС - келешектегі ақша сомасы (келешек құн);
БС - бастапқы (қазіргі, күнделікті) құны;
г - процент төлемі немесе табыс нормасы;
п - табысты қосып есептейтін жылдар саны.
Келешек ақша сомасы мен проценттік төлемді білу арқылы, осы формула
бойынша, осы ақша сомасының қазіргі кездегі құнын анықтауға болады,
алдыңғыдан шығатын.[17;168]
Егер фирма салымдары бойынша ең жоғары тиімділікке жетуге тырысса,
онда олардың басшылары инвестициялаудың базалық принциптерін есептеуі
керек.
1. Инвестициялаудың шектеулі тиімділігі
2. "Замазкалау" принципі.
Қабылдап алғаннан кейін, инвестицияны іске асыру барысында ол
еркіндікті енді оған бармау алмастырады, Мәселен, қандай станокты сатып
алуға, не жалға алуға немесе өзің өндіргің келеді де, бұл операцияны
жүргізу үшін қанша кредит аласын, оны қандай мерзімге және қанша проценттік
мөлшерде алуға шешім жасауға еріктісіз. Ал, бұл операциялардың бәрін жасап
болғаннан кейін, қайтадан қайту оңайға түспейді, өте қиын болады. Бұл
станокты көп жыл бойына пайдалану керек болады, алған кредит үшін
проценттерді төлеу керек болады. Сөйтіп, сылап-бітеу процесінен шыға алмай,
байланасың да қаласың, өйткені иңвестициялық жоба күшіне еніп алғаннан
кейін еркін қимыл-әрекеттерге баруың шектеулі болып қалады.
Мұнан еркін шешімділікке және басқа әрекеттерге баруың мүлдем тиылды
деуге болмайды. Әрине, сатып алған станокті қайтадан сатып жіберуге де
болады немесе акциялардан да құтылуға болады да, "дезинвестирование" деп
аталатынды жүргізуге болады. Көбінесе осыны жүргізеді. Қатені кейінге
қалдырудан гөрі, тезірек түзетуге тырысу керек. Бірақ қатені тузеу үшін
уақыт та кетеді, ақша да жұмсалады, басқару қызметінде шәлгездік туады,
іскер серіктестермен байланыс үзіледі.
Мысалға, әлгі сатып алынған станокты алсақ, оны 1 жыл бойы пайдаланып
келген. Конъюнктура өзгеріп кетті де, енді оны пайдалануға мүмкіндік болмай
қалды, оны 10 жыл бойы пайдаланбақ болған. Осы 10 жылға есептеліп кредит
алып, әкеліп беруші және сатып алушылармен келісіп, амортизацияны да
есептеп, тиісті ұзақ мерзімді келісім шарттарды жасап қойған.
Дезинвестирование жүргізуге шешім қабылдап, қателіктерді жөндеуге бару
керек болады, бірақ қателіктерді жөндеуге ештене төлемейтін болды. Кредит
үшін (10 жыл) төлеу керек, әкеліп берушіге шартты бұзғаны үшін айып пұл
төлеу керек, өйткені ол станоктың жетіспей қалған бөлшектерін әкеліп берген
болатын, олар да 10 жыл бойы тиімді келісім бойынша пайда алатынына сенген
болатын. Өнімді сатып алушыларға да 10 жыл бойы беріп тұру жөнінде шартқа
отырғандықтан, оларға да төлеу керек. Өткізуші ұйымдарға да осы тәртіп
бойынша төлеу керек. Мұнан да сорақы жағдай, жабдықтарды қайтадан сатқан
кезде туады. Мұны рынокте әлі қалай сата алады? Қандай бағаға? Диллер
саудалық-делдалдық үшін қанша алады?
Сөйтіп, қатені түзеу үшін кететін шығындар түгелімен кәсіпорын
қалтасынан шығады.
3. Күрделі қаржыны салуда материалдық және тиімділіктерді бағалау
үйлесімділік принципі.
Тиімділікті бағалаудың үш варианты бар:
1) Шығындар мен шығарудың салыстырмалы бағаларын салыстыру арқылы,
яғни тек қана құндылық, ақшалай талдау.
2) Тиімділіктің ақшалай және техникалық белгілерінің үйлесімділігі.
Бұл тәсіл сенімдірек болады. Өйткені инвестициялық жобаға салынған
технологияға көп жағдай байланысты. Өндірістік күш-қарқынның артуының өзі
тікелей технологияға қарай болады да, осыдан барып, инвестициялық
мақсаттардың жүзеге асуына себебін тигізеді.
3) Тиімділікті бағалаудағы таза түріндегі техникалық тәсіл. Бұл
бизнестегі нарықтық бағалауды есепке алмайды, сондықтан оның қолданылуы:
әзірше Қазақстан жағдайында басты орында болмай тұр.
4. Үйренушілік шығындар принципі. Бұл - жаңа инвестицяялық ортаға
үйренуге байланысты болған барлық шығындар. Бұларды қайта құрудан және
кадрларды қайта даярлаудан жоғалтқан өнім шығарумен өлшенеді, жаңа
жабдықтар қойылғанда, оны конъюнктура өзгеруіне қарай, қайтадан өзгертіп,
құрастыру керек болады.
Үйренушілік шығындарды жаңадан өндірілген өнімдерді сататын бағаға
қосып жіберу. Бұл баға өндіріске қажетті шикізат, материалдар,
технологиялар, жабдықтарға кететін бағалардан жоғары болғанда ғана, бұл
вариант бойынша капиталды салудың артықтығы айқын көрінеді. Өнімге сұраным
көбейген сайын, үйренушілік шығынына да іркілмей бара беретін боласыз.
5. Мультипликаторлық (көбейткіш) принципі.
Мультипликаторлық принцип салалардың өзара байланыстылығына сүйенеді.
Бұл дегенің, мәселен, автомобильге деген сұраным өзінен өзі келеді де оның
технологиялық істеріне керек тауарларға да сұранымды арттырады: металдар,
пластмасса, резина және тағы басқалар. Өңдіріс технологиясын білу арқылы
өзара қатынастық коэфффициенттерді есептеп шығаруға мүмкіндік туғызады.
Мысалы, егер биржалық баға белгілеуде машина жасаудың құны көтерілетіні
белгілі болса, машина жасаудың технологиялық байланыстылығы бізге белгілі
болғандықтан (басқа салалармен), алдын-ала бұл байланыстылықтың
мультипликациялық күшті әсерін есептеп шығара аламыз.[2; 67]
6.Q - принципі
"Q" - принципі - бұл қор биржасындағы бағалау мен актив құнын нағыз
қалпына келтіру арасындағы өзара тәуелділік. Бұл тәуелділіктің көрсеткіш -
қатынасы :
Q ═ дің биржалық бағалануы (құндылығы) бұл активтерді ауыстырудың
(сатып алу) күнделікті шығындары.
Егер бөлшек бірліктен үлкен болса, онда инвестиция жүргізу тиімді
болғаны (үлкен болған сайын, одан әрі тиімді болады). Сөйтіп, инвестициялау
тиімділігі сұраным бағасы мен ұсыным бағасының өз ара қатынастарына
байланысты болады. Егер тұтастай кәсіпорнын (фирманы) сатып алуға
инвестицияны салуға есептегенде:
Q ═ фирманың барлық биржалық құны оның материалдық бөліктерін
орнына келтіру шығындары.
Тұтастай алғанда, бұл принциптің қолданылу деңгейінің аз болуы,
мемлекеттік реттеушіліктің көп болуына қарай туады.[16;138-144]

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ ТАРТУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ
ПАЙДАЛАНУ
2.1 Инвестицияларды тарту және пайдаланудағы проблемалар мен
болжамдық бағыттары

Қазіргі таңда негізгі капиталдағы инвестиция көлемінің артуы экономиканың
даму процесіне елеулі әсер етті. Мәселен, соңғы жылдары негізгі капиталдағы
тнвестициялардың құрылуына қатысатын ұлттық табыстың үлесі біршама артып,
барлық капиталдық салымдар көлемінің бөлігін құрады.
Еліміздегі тұрақты саяси жағдайдың қалыптасуы экономиканың тұрақтауына
ықпал ететін шетелдік инвестицияларды тарту мен оларды пайдалануға
мүмкіндік береді. Осы тұрғыда, тек 1993-98 жылдар аралығында ғана 8$ млрд.-
тан астам АҚШ доллары мемлекеттік қазынаға енді. Мұнда басты салалары
ретінде мұнай-газ өндірісін (47%) және түрлі-түсті металлургияны (24%), тау-
кен, азық-түлік өндірістерін, қара металлургияны, энергетиканы және
байланыс жүйесін айтуға болады.
Әлемдік дағдарыс инвестициялық процесске елеулі әсер етті. Дегенмен, 1998
жылы Қазақстан экономикасына түскен тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы
үлесі $1,2 млрд. АҚШ долларын құрады. Бұл көрсеткіш ТМД елдерінің ішінде ең
жоғарғысы еді. 1999 жылы инвестициялық көлем қарқынының азаюына байланысты
$1 млрд. АҚШ долларға тең болды. Енді 2000 жылға келетін болсақ,
Қазақстанның инвестициялық қоры Шығыс Еуропа мемлекеттерінің арасында 3
орынға иеленіп, $ 1,5 млрд. АҚШ долларды құрады. Ұзақ мерзімді
келісімшарттарға сәйкес, алдыңғы 40 жыл ішінде Қазақстан экономикалық
жүйесіне $70 млрд. АҚШ доллар салынуы керек. Мұндай сандар біздің бойымызда
оптимистік күйді оятқанымен де бір қалыптасқан жағдайды шешуге міндеттейді.
Ол – шетелдік инвестициялардың ҚР бәсекелестігін жақсартуына септігін
тигізбеуі. Аталған жағдайдың логикалық байланысын толықтыру мақсатында,
ешкім, ешқашан өз елдің мүддесін басқа мемлекеттің экономикасын дамытуға
бағыттамайтындығын ғана айтсақ та жеткілікті. Өтпелі кезеңде бәсекелестік
қабілеттілігіміздің төменгі деңгейде болуы сияқты проблемалармен өмір
сүруіміз, инвестициялық саясатты ауадай қажет етеді. Соңғы жылдардағы
экономикалық өсу біршама жақсы өрлеуде болғанымен де, қазіргі инвестициялық
көлеміміз кеңес дәуірі кезіндегі инвестициялық көлемімен әлдеқайда төмен.
Мысалға, 1990 жылы инвестициялық көлемді 100% деп алсақ, диаграмма қарап,
осы көрсеткіштің динамикасын бақылауға болады.
Кесте 1. Инвестиция көлемінің өзгеру динамикасы
1990 1992 1994 1995 1996
Бюджет қаражаты 94,7 62,8 7,6 9,7 5,9
Ұйымдар мен 4,6 35,9 76,1 46,8 55,7
кәсіпкерліктің жеке
қаражаты
Индивидуальды 0,7 1,3 2,8 2,1 2,2
көздерінің қаражаты
Шетелдік инвестициялар 13,5 41,4 36,2

Диаграмма 1. Инвестициялық көздері бойынша инвестицияның құрылымы
Тоқсан сөздің тобықтай түйіні, ішкі инвестициялардың абсолютті
көрсеткіштерінің ұлғаюы, шетелдік инвестициялардың абсолютті көлемінің
көбеюіне де алып келеді.
Қазақстан экономикасының шикізат бағыты жеке инвестициялардың көздері
ретінде қалыптасқан шикізат ресурстарын сатудан түскен табыстармен
анықталады. Осы, тұрғыда экономиканың даму деңгейі шикізат салаларынан,
яғни “өсу нүктелерінен” басталатыны анық. [26, 388-400]
Қазақстан экономикалық зерттеу институтының мәліметтеріне сүйенсек,
“2015ж. дейінгі ҚР дамуы” жөніндегі жоспары 3 кезеңге топтастырылды:
1. бірінші кезең (2001-2003жылдар) - өндірістің “тірілуі” мен тұрақсыз
өсудің постдағдарыстық кезеңі. Өсу 3-4% деңгейінде;
2. екінші кезең (2004-2008жылдар) – сапалы өзгерістерге бастама жасау,
өнеркәсіп аппаратының жаңаруы және жаңа салалар мен өнеркәсіптің
қалыптасу кезеңі. Болжамдар бойынша, экономиканың өсуі 4-5% мөлшерінде
байқалады;
3. үшінші кезең (2009-2015жылдар) – экономиканың жедел дамуы кезеңі.
Отандық өсу көрсеткіші 7-8% көлемінде. Көбінесе, мұнай өндіру саласынан
түскен табыстар есебінен экономикамыз дамымақшы.
Бірақ бұл болжамдық вариант 2030ж. дейінгі Қазақстанның даму стратегиясымен
үндес келмейді. Осы жоспарға сәйкес, ЖІӨ көлемін 2 есеге көбейту мәселесі
приоритетті мақсаттардың қатарына жатқызылады. Өсудің максималды
көрсеткіштерін алсақ , ЖІӨ 2 есеге артуы жоспарын тек 2012-2013 жылдарында
ғана аламыз. Дегенмен, бұл саяси тұрғыдан қарағанда тиімсіз болып табылады.

Кесте 3. Аталған жоспар бойынша ЖІӨ өсу динамикасы
2002 2003 2004 2005 2006 2007
Болжамдалатын ЖІӨ көлемі 2780,9 3268,93586,83954,54732,15392,5
2 еселік ЖІӨ көлемі, 5192 5192 5192 5192 5192 5192
млрд.тг

Екінші жоспарды макродеңгейлік басқарумен, диверсификациялаудың
күшеюімен, қорлардың өсуімен және инвестицияларды ұлғайтумен
байланыстырамыз. Осы жоспар алдыңғы жоспармен салыстырғанда тиімсіздеу.
Алайда, мемлекетіміздің экономикасының дамуында мұндай жоспарды алып
тастап, түрлі аспектілерін қарастырмауға болмайды. 2000ж. ЖІӨ өсу темптері
1999 жылмен салыстырғанда, жақсырақ-9,6%. Сол кезеңде инвестициялар да
өсіп, 30% мөлшерін көрсетті. Инвестициялық ресурстардың негізгі қоры
ретінде халықтың пайдаланатын және пайдаланылмайтын қорларын айтуға болады.
Мәселен, халықтың пайдаланылмайтын қорлары инвестицияның ішкі көлемін 20-
30%-ке арттыра алады.

Кесте 5. Екінші жоспар юойынша ЖІӨ өсу динамикасы
2000 2002 2004 2006 2008
Болжамдалатын 2596 3118,4 3417,7 4105,4 5404,9
ЖІӨ көлемі
2 еселік ЖІӨ 5192 5192 5192 5192 5192
көлемі, млрд.тг

7-8% өсу кезеңіндегі сапалы өзгертулер Үкіметтің болжамдарымен сәйкес
келеді. Объективті түрде қарағанда, осы кезеңде инвестициялар әлі де
шикізатқа, әлемдік бағаға, Қазақстан экономикасындағы негізгі экспорттық
тауарларына тәуелді болады. Диверсификациялауды күшейтудің салдарынан
инвестициялардың көбеюі ендігі жерде ресурс қорларының өсуімен және ЖІӨ
құрылымындағы шикізат секторы үлесінің азаюымен анықталады. Жаңа үлгідегі
өндірістің дамуы мен қызмет көрсету салдарынан кеңейтілуі нарықтық
инвестициялық кеңістікте қолайлы орта туғызады. Шетелдік инвестийиялардың
азаюы ішкі инвестициялық ресурстар көлемінің артуы нәтижесінде болады.
Кесте 6. Үшінші жоспар бойынша ЖІӨ өсу динамикасы
2000 2002 2004 2006 2010
Болжамдалатын 2596 2862,1 3246,3 3751,5 5295,5
ЖІӨ көлемі
2 еселік ЖІӨ 5192 5192 5192 5192 5192
көлемі, млрд.тг

Жоғарыда келтірілген үш варианттың ең оптимальдісі – үшінші вариант.
Осылайша, тұрақты коньюнктура мен колоссальді инвестицияларға әкелуі
мүмкін. Жоспардың үшінші вариантын орындау он жыл ішінде Қазақстан
экономикасының әлемдік аренада тұрақтауына септігін тигізеді деген ойдамын.
[26,400-402]
2.2 Қазақстан Республикасындағы негізгі капиталға инвестиция жұмсау
(ШҚО бойынша)
Облыс бойынша қосымша бағалауды ескере отырып, негізгі капиталға
жұмсалған инвестициялар көлемі 8928,6 млн. теңгені құрады және 2009 жылдың
қаңтар-ақпанындағы деңгейге қатысты алғанда 28,8%-ға кеміді.
Инвестициялардың республикалық көлеміндегі облыстың үлес салмағы  2,4%-ды
құрады. Есеп тапсырған кәсіпорындар шеңбері бойынша негізгі капиталға
жұмсалған инвестициялар көлемі 8491,8 млн. теңгені құрады, бұл 2007-2008
жылдың қаңтар-ақпанына қарағанда 27,7%-ға аз. Облыстың 19 өңірінің 10-ында
инвестицияның өсімі байқалды. Катонқарағай, Абай және Шемонаиха
аудандарында инвестицияның анағұрлым артуы байқалды. Облыс орталығында
инвестициялар 11,5%-ға төмендеп, Семей қаласында – 18,1%-ға артты.
Инвестиция көлемінің анағұрлым азаюы Күршім (97,8%-ға), Аягөз (95,8%-ға),
Зырян (73,1%-ға), Ұлан (71,5%)  аудандарында байқалды.
Облыс экономикасы мен әлеуметтік саласына қаражаттың негізгі үлесін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестициялық саясаттың модельдері
Инвестиция туралы ақпарат
«Қазіргі жағдайдағы кәсіпорындардың инвестициялық саясатының ерекшеліктері»
Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу
Компаияның инвестициялық стратегиясын қалыптастыру
Инвестициялық жобаны бағалау
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРАЛДАРЫ
Компаниялардың инвестициялық тартымдылығын талдау
Қазақстан Республикасындағы инновациялық қызметті дамыту
Инвестициялар және олардың экономикадағы маңызы
Пәндер