Ғылыми төңкерістер. Ғылыми рациональдылық



Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Ғылым динамикасы мен ғылым тарихының модельдері.
2. Ғылыми төңкерістердің мәні мен құрылымы.
3. Ғылыми төңкерістің концепциялары.
4. Ғылыми рационалдық ұғымы, ерекшелігі және концепцисы.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
XX ғасырдың екінші жартысында өріс алған ғылыми-техникалық революцияға байланысты ғылымның дамуы мен қозғаушы күштері туралы проблеманын маңызы арта түсті. Егер бұрын ғылымның дамуы негізінен ішкі және сыртқы факторлардың жалпы өзара әрекеттесуінің нәтижесінен деп түсіндіріліп келген болса, кейінгі кезде дамудың нақты механизмдері, ғылыми білімнің өсуінің арнаулы модельдері жасалып, оларда ғалымдар ғылым дамуының ішкі логикасын түсіндіруге тырысатын болды.
Ғылым қоғам өмірінің қажеттерінен, оның техникасы мен экономикасының талаптарының әсерінен туды және олардың талаптары барған сайын арта түсуде деген пікір көпшіліктін үстем түсінігіне айналды. Алайда ғылымның дамуы өндіріске, экономикаға және бақса сыртқы факторларға кызмет ету деп қана түсінсек, бұл шегіне жеткен сыңаржактық болар еді. Экстерналистік деп аталатын мұндай көзқарас ғылым дамуының ішкі факторларын, интерналистік деп аталатын ішкі даму зандылықтарын тиісінше бағаламау немесе тіпті ескермеу болар еді. Енді бір-біріне қарама-қарсы екі көзқарасты қарастырып көрейік.
Экстерналистік (лат. externus сыртқы деген сөзінен шыққан) көзқарас ғылым дамуының шешуші козғаушы факторы деп қоғамның ең алдымен материалдық-техникалық өңдіріс қажеттерін, экономикалық және әлеуметтік өмір мұқтаждарын өтеуді түсінеді.
1. Илъин В.В. Философия науки. Учебник. М., 2003.
2. Концепции современного естествознания. Под ред В.Н.Лавриненко. М., 2001.
3. Рузанин Г.И. Методологические проблемы науки. М., 2001.
4. Рузанин Г.И. Философия науки. М., 2005.
5. Маковалъский А.О. История логики. М., 1967.
6. Поппер К. Объективное знание. Эволюционный подход. М., 2002.
7. Тұргынбаев Ә.Х. Қазіргі жаратылыстану концепциялары. Алматы, 2003.
8. Тұргынбаев Ә.Х. Логика. Алматы., 2000.
9. Ғылым тарихы мен философиясы: Оқулық.- Алматы: Раритет, 2008. – 368 б.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Ғылым динамикасы мен ғылым тарихының модельдері.
2. Ғылыми төңкерістердің мәні мен құрылымы.
3. Ғылыми төңкерістің концепциялары.
4. Ғылыми рационалдық ұғымы, ерекшелігі және концепцисы.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Ғылыми төңкерістер. Ғылыми рациональдылық

XX ғасырдың екінші жартысында өріс алған ғылыми-техникалық
революцияға байланысты ғылымның дамуы мен қозғаушы күштері туралы
проблеманын маңызы арта түсті. Егер бұрын ғылымның дамуы негізінен ішкі
және сыртқы факторлардың жалпы өзара әрекеттесуінің нәтижесінен деп
түсіндіріліп келген болса, кейінгі кезде дамудың нақты механизмдері,
ғылыми білімнің өсуінің арнаулы модельдері жасалып, оларда ғалымдар ғылым
дамуының ішкі логикасын түсіндіруге тырысатын болды.
Ғылым қоғам өмірінің қажеттерінен, оның техникасы мен
экономикасының талаптарының әсерінен туды және олардың талаптары барған
сайын арта түсуде деген пікір көпшіліктін үстем түсінігіне айналды. Алайда
ғылымның дамуы өндіріске, экономикаға және бақса сыртқы факторларға
кызмет ету деп қана түсінсек, бұл шегіне жеткен сыңаржактық болар еді.
Экстерналистік деп аталатын мұндай көзқарас ғылым дамуының ішкі
факторларын, интерналистік деп аталатын ішкі даму зандылықтарын тиісінше
бағаламау немесе тіпті ескермеу болар еді. Енді бір-біріне қарама-қарсы
екі көзқарасты қарастырып көрейік.
Экстерналистік (лат. externus сыртқы деген сөзінен шыққан) көзқарас
ғылым дамуының шешуші козғаушы факторы деп қоғамның ең алдымен
материалдық-техникалық өңдіріс қажеттерін, экономикалық және әлеуметтік
өмір мұқтаждарын өтеуді түсінеді. Мұндай көзқарас классикалық
жаратылыстанудың калыптаса бастаған кезінде, адамзатты табиғат
күштерінен тәуелділіктен азат ету құралы - ғылым деп түсінген кезде пайда
болды. "Білім - күш" деген Ф.Бэконның қанаты сөздері сол түсініктің куәсі
болса керек. XIX ғасырдағы индустрияландыру процесі экстерналистік
позицияны айтарлықтай нығайта түсті- бұл көзқарастың ең белсенді өкілдері
енді ғылымның тек шығуы ғана емес, оның ілгері дамуы да толык қоғам
мұқтажымен анықталады деп дәлелдеді. Алайда, әрі карай даму барысында
бұл түсінік біраз әлсіреді, сөйтіп ғылымның дамуының сондай-ақ ішкі даму
факторларын да мойындай бастады. Дегенмен экстерналистердің бәрі: қоғам
ғылым дамуына шешуші әсер етпегенімен, бірак айтарлыктай әсер етеді деген
пікірді қостады. Бірақ қоғамның сыртқы факторларынын ішінде қайсысы дамуда
басты, шешуші рөл атқарады деген сұракқа келгенде, оларда пікір бірлігі
жок. Олардың біреулері шешуші фактор коғамның экономикалық қажеттері,
өндіргіш күштерді, техника мен технологияны дамыту талаптары десе,
енді біреулері, бұған қарсы пікір айтты. Экономикалық детерминистер
деп аталған топтың пікірінше, экономика қоғамның тек өндіргіш күштерінің
дамуы ғана анықтамайды, сондай-ақ саяси, құқықтық, моральдық идеялары мен
коғамдык институттарда да, оның ішіде ғылымы мен өнерін де анықтайды.
Экономистік детерминизмге байланысты кейде К.Маркс те және оның ілімін
таратушылар мен түсіндірушілер де кінәланады. Мәселен, Маркске жақын
адамның бірі Поль Лафарг (1842—1911) "Карл Маркстің экономикалық
детерминизмі" деген еңбегінде қоғамдық практика мен тәжірибеден тек
прогресс, әділеттілік, бостандық деген сияқты ұғымдар ғана тәуелді емес,
сондай-ақ математиканың аксиомалары сияқты аса абстракциялық ұғымдар
да тәуелді деп дәлелдеуге тырысты. Марксизмнің негізін қалаушылардың
өздері мойындағандай, марксистік концепция жеткілікті зерттелмеген,
сондықтан ол әсіресе XX ғасырда қол жеткен ірі-ірі ғылыми жетістіктерге
байланысты әрі қарай толықтыруды, анықтай түсуді, сөйтіп дамыта түсуді
қажет етеді. Ал экономикалық детерминизм марксизмге дейін пайда болды.
Онын негізін салушы ағылшынның экономисті Ричард Джонс (1790-1855) болды.
Қазіргі ғылыми-техникалық революция заманында қоғамның өндіргіш
күштерін дамытуда ғылымның маңызының орасан артуына негізделген
технологиялық детерминизм концепциясы кең өріс алуда. "Ғылым "ең жалпы
білім" ретінде, — деп жазды ірі ғылым философы Д.Белл, — қазіргі заманғы
қоғамның негізгі өңдіргіш күшіне айналды". Қазіргі заманғы технократтар
өндіріс техникасы мен технологиясын қоғам дамуының шешуші күшіне
айналдыра отырып, техника мен технолоигияның қоғамда қалыптасқан
әлеуметтік-экономикалық жағдайларға тәуелді екенін жеткілікті
бағаламайды, ал кейбіреулері оны мүлдем жоққа шығарады. Олар ғылым тек
өндірістің мұқтаждарын орыңдаушы ғана дей отырып, оның ішкі даму
заңдарын теріске шығарады.
Соңғы жылдары ғылым дамуының жоғарыда келтірілген сыртқы
факторларымен қатар, оған сондай-ақ қоғамдық сананың басқа
формаларының да (философия мен өнердің, моральдың, ұлттық сананың т.б.)
тигізетін әсері ескерілетін болды. Ғылым философиясындағы бұл тарихи
бағыт ғылыми ұжымдардың ішінде қалыптасқан әлеуметтік және
психологиялық қарым-қатынастардың сипатына ерекше назар аударады (Т.Кун,
П.Фейерабенд және басқалар).
Экстернализмді жақтаушылардың өз ішінде де әлеуметгік-экономикалық және
басқа сыртқы факторлардың ғылым дамуының бағыты мен қарқынына, әдістері мен
нәтижесіне тигізетін әсерінің сипаты туралы пікір таласы бар. Олардың
көпшілігінің пікірі бойынша, ол факторлар негізінен ғылымның даму қарқынына
әсер етеді, ғылыми әдістер, нормалар мен критерийлер ішкі факторларға
жататыңдықтан, олар сыртқы факторлардың әсерінен өзгере алмайды. Рас,
элеуметтік-экономикалық және гуманитарлық ғылымдарда әлеуметтік
факторлар мен мақсат-мүдделердің теорияның құрылымдарына тигізетін әсері
мойындалады. Алайда ғылым философиясына тарихи тұрғыдан қараушылар
(Т.Кун, Л.Лаудан, П.Фейерабенд) және сондай-ақ бір қатар ғылым
социлогтары да ғалымдар ұжымында қабыл алынған кұндылықтар жүйесінің,
коғамдағы рухани көңіл-күйдің т.б. ғылыми зерттеулердің ішкі мазмұнына
тигізетін әсері туралы батыл айта бастады.
Ғылымға деген экстерналистік көзқарастың басты кемшілігі – ғылым
дамуының ішкі себептерін, ғылымның дамуының салыстырмалы дербестігін және
коғамның экономикасы мен саяси идеологиясынан тәуелсіздігін жете
бағаламауда. Ғылымның дамуында идеялардың сабақтастығы орасан зор рөл
атқаратынын казір зерттеушілердің барлығы мойындайды. Идеялардың
сабақтастығы бұғанан дейінгі ғылыми білімнің жетістіктерін және сондай-ақ
бар білімнің логикалық жалпылау арқылы даму мүмкіндіктерін толық
сақтаудан көрінеді. Мұндай сабақтастық эмпириялық фактілермен тікелей
байланысы жоқ абстракциялық, теориялық ғылымдардың дамуынан әсіресе айқын
көрінеді.
Ғылым дамуының интерналистік (лат. іnternus ішкі деген сөзінен
шыққан) түсінігі бойынша, дамудың басты козғаушы күші ғылымның өзінің ішкі
қажеттері мен мақсаты, зерттеу проблемалары мен программалары болып
табылады. Осы тұрғыдан қарағанда, ғылымның дамуын ғылыми білімнің түрлі
формалары мен элементтерінің іштей өзара әрекеттесуі аркылы іске асатын
өздігінше ұйымдасу процесі деп қарауға болады. Бұл жағдайда эмпириялық
бағыттың өкілдері ғылым дамуының эмпириялық негізін құратын жаңа
фактілер іздеудің, оларды тауып негіздеудің рөлін ерекше атап көрсетеді.
Ал теориялық қондырма олар үшін тек фактілерді талдау, жүйеге келтіру және
жалпылау процестеріне қызмет етеді. Рационалъдық бағыттың жақтаушылары,
керісінше, ғылым теориялық жаңалықтардың арқасында, жаңа идеялар,
гапотезалар мен теориялар ұсынудың нәтижесінде дамиды деп тұжырымдайды. Бұл
бағыттың ең белгілі өкілі Карл Поппер өз көзқарасын негіздеу үшін үш
дуние концепциясын жасады. Олар: а) сыртқы дүние заттарының физикалық
дүниесі, ә) субъективтік сана дүниесі жэне б)адамдардың ақыл-ой
қызметінің нәтижесінен (үғымдардан, проблемалардан, гипотезалардан,
теориялардан және басқа абстракциялық объектілерден) тұратын үшінші дүние.
Үшінші дүние адамдардың субъективтік қызметінің, яғни екінші дүниенің
арқасында жасалғанымен, бірақ ол айтарлықтай дәрежеде автономдық сипатта
болады. Попнердің пікірінше, осы дүниелердің өзара эрекеттесуінің арқасында
объективтік білімнің өсуі іске асады. Ғылымның дамуы жайлы экстерналистік
және интерналистік көзқарастар бір-біріне қарама-қарсы екі сыңаржақ
ілімдер болып табылады, өйткені олар ғылым дамуының бір факторларының
маңызып асыра бағалап, даму процесінің күрделілігін, іштей қайшылықты
процесс екенін көрмейді. Экстерналистер жаңа ғылыми идея бұрынғы идеядан
туатынын ескермейдіде ғылым дамуының ішкі қозғаушы себебін талдамайды.
Бұғанан қарама-қарсы, интерналистер жаңа ғылыми идеяларды тұжырымдаудың
жолы жеке фактілерге сәйкес бұрынғы идеялары жалпылау ғана деп түсініп,
сыртқы факторлардың ғылым дамуындағы маңызын бағаламайды. Және мұның
үстіне даму процесінің өзі көп уакыт бойы жаңа білімдердің сан жағынан
молаюы, жаңа фактілердің және оларды түсіндіретін зандар мен
теориялардың біртіндеп кебеюі деп сыңаржақ түсіндіріліп келді. Ғылымның
пайда болған алғашқы кадамынан бастап, яғни жаңа фактілер және табиғаттың
ең карапайым зандылықтары туралы бастапқы мәліметтерді жинай бастағаннан
бастап, бір қатар зертгеушілерде ғыиымның өсуі туралы кумулятивтік (лат.
сumulatio — өсу, жиналу дегенді білдіретін) түсінік қалыптаса бастады.
Бұл түсінік бойынша, ғылымның дамуы жаңа ақиқат
білімдердің бірінің үстіне бірінің жинала беруінен деген көзқарас
қалыптасты. Бір карағанда әрбір жанадан ашылған факті, заң немесе теория
дүние туралы біздің біліміздің өсуіне көмектеседі, дүниеде болып жаткан
кұбылыстар мен процестер туралы ұтымымызды кеңейтеді. Ал шындығында ғылыми
білімнің өсуіне деген мұндай көзқарас тек сан жағынан ғана сипаттайды,
акиқаттың мазмұнына терең бара алмайды. Комунативтік тұрғыдан, мәселен,
Эйнштейннің жалпы салыстырмалылық теориясын Ньютонның гравитациялык
теориясынан айыра алмастан, екеуінің акикатгығы бірдей деп
түсіндіруге тура келер еді. Ал шындығында Эйнштейннін теориясы
Ньютонның теориясынан әлдеқайда кең ауқымды және терең мәнді теория болып
табылады.
Ғылымның даму тарихын жаңа білімдердің сан жағынан жай жинақталуы
деп қарауға болмайды, ескі білім мен жаңаның байланысын мойындағанда да тек
ұқсас жақтарын ғана көріп, олардың айырмашылығына, қайшылық белгілеріне
көңіл аудармауға болмайды. Ал комунативттік тұрғыдан белгілі бір
кұбылыстар саласына қатысты ғылыми теориялар арасында түбірлі сапалык
айырмашылык бар екенін көру мүмкін емес. Осы тұрғыдан, мысалы, Қайта өрлеу
дәуірі мен Жаңа заманда кол жеткен білімдердің ортағасырлық білімдерден
сапалық айырмашылығын байқауға болмайды. Бұл тұрғыдан тіпті
кұбылыстардың әртүрлі салаларына катысты білімдердің ақикаттык деңгейін
айыру қиын. Кванттық механика материяның ұсак бөлшектері саласындағы
козғалыс заңдылыктарын зерттейді, ал классикалық механика ірі бөлшектерінің
қозғалыс заңдылыктарын зерттейді. ХІХ ғасырдың аяғында XX ғасырдың басында
классикалық механиканың заңдарын микродүние процесіне қолданбақшы болған
физиктердің әрекеті іске аспады, өйткені олар микродүние мен макродүние
құбылыстарының арасындағы сапалық айырмашылықты білмеді.
Қысқасы, ғылым тарихы білімдердің тек сан жағынан жинақталуы емес,
сан өзгерістерінің сапа өзгерістерімен ұштасуы болып табылады. Шындық
дүние құбылыстарының барлық салаларындағы сияқты, ғылыми білім саласында
да біртіндеп болатын сан өзгерістері түбірлі сапалык өзгерістерге алып
келеді. Ғылыми білімнің дамуында болып тұратын ең ірі сапалық өзгерістер
әдетте ревеолюциялардың, ал біртіндеп жинақталатын сандык өзгерістер
эволюциялык даму формасы деп аталады.
Ғылыми дамудың эволюциялық формасы
Эмпиризм ғылыми таным процесіндегі ең сенімді нәрсе бақылау
мен эксперименттің нәтижесіңде алынатын фактілерден санайтындықтан, жаңа
фактілер жинауды ғылым дамуының басты қайнар көзі деп есептейді. Осы
тұрғыдан эмпириктердін кумулятивистерден айырмасы жоқ деуге болады. Бірақ
эмпириктер жаңа білім алу үшін индукциялык әдістің көмегімен жинаған
фактілерді эмпириялық тұрғыдан жалпылау керек екенін түсінеді.
Сондықтан эмпириктер және оларды колдаушы позитивистер индукцияны
ғылыми білімді жинақтаудың маңызды кұралы деп есептейді. Бұл көзқарасты
кезінде индукциялык логиканың негізін калаған Ф.Бэкон жан сала қорғап,
индукцияны пісіп тұрған жүзімді жинау ісімен теңестірді, олардан ғылым
шарабын шұғыл алуға болады деп сенді. Ғылыми білімнің өсу процесінің өзін
ол жүйелі индукциялық жалпылаудың көмегімен білімді біртіндеп кеңейте
беру деп есептеді.
Индукциялық әдістің танымдағы эмпириялык әдіспен байланысы
көпшілікке белгілі жалпы таным процесінің жолына сүйенеді: бақылау
немесе эксперимент процесінде жеке заттар мен құбылыстарды тікелей
сезімдік қабылдаудан ойлауға өту. Мұндай сезімдік кабылдаудын нәтижесі,
эмпириктердін пікірінше, ешкандай бір теориялық идеялардан, болжаулар мен
гипотезалардан т.б. мүлдем тәуелсіз ғылыми фактілерде бейнеленеді. Бұл
фактілер тек кейіннен ғана индукциялық әдіспен жалпыланып, бір жүйеге
келтіріледі. Сөйтіп, индукциялық жалпылау дегеніміз жеке фактілерден
немесе жекеше пікірлерден гипотеза түрінде тұжырымдалған жалпы корытынды
шығару болып табылады. Жаратылыстану сияқты эмпириялық ғылымдар жеке
заттар мен құбылыстарды зерттеумен байланысты болғандықтан, олардың әдісі
индукциялық болуы тиіс деген ұзак уакыт бойы жаратылыстануда үстем болып
келтен пікір кейін қате болып шықты.
Біріншіден, дедукциялық қорытындылармен салыстырғанда индукциялық
корытындылар сенімді түрде ақиқат болмайды, тек белгілі бір деңгейде
ықтимал ғана болады. Сондықтан олар эмпириялық ғылымдардың ғылыми
теориялары мен заңдарын негіздеудің дәлелі бола алмайды. Шынында,
индукциялық зерттеу кезінде біз жеке заттар мен кұбылыстардың болмашы бір
бөлігін ғана зерттей аламыз, ал олардан шыққан қорытындыны құбылыстардың
зерттелмеген бөлігіне де немесе бүкіл тобына да жалпылап қолданамыз. Ал
бұлай жасауға қатаң логикалык заң бойынша жеткілікті негіз жок.
Индукциялық қорытындының акикаттығын немесе жекеше қорытындыны
барлык кұбылыстарға жалпылаудың дұрыстығын негіздеу үшін айрыкша бір
индукциялык принцип не заң болуы кажет, бірак ондай сенімділік беретін
принцип жок. Ал бұл эмпириялық ғылымдардың зандары мен теорияларын негіздеу
үшін индукциялык әдіс сенімді кепілдік бере алмайтынын көрсетеді.
Екіншіден, индукциялық әдіс таным туралы дәстүрлі
эмпириялық көзкараска сүйенеді, ал эмпириялық көзқарас бойынша бүкіл
танымның көзі мен негізі бакылау мен эксперименттің көмегімен
алынатын жеке тәжірибелік фактілер болып табылады. Міне, осы фактілер
эмпириялық теориялардың бастама негізін кұрады, ал теориялардын өзі таным
процесінде маңызды рөл атқармайды. Зерттеудің эмпириялық деңгейіиде
аныкталған фактілер теориялық идеяларға тәуелді емес.
Кезінде позитивистер таза теориялық тілге бейтарап болатын ерекше
бақылау тілін жасауды ұсынған еді, бірак бұл әрекет іске аспады, өйткені
бұл әрекет сезімдік және рационалдык білімдер мен бакылаудын және
теорияның т.б. арасындағы тығыз байланыстылықты ескермеді. Ал шындығында
ғалым зерттеуді бастай отырып, белгілі бір идеяларды, жорамалдар мен
олардан күтетін нәтижені әрдайым басшылыққа алып отырады, өйткені оларсыз
ол өзін кызықтыратын фактілерді таба алмас еді. Кейінірек онын жорамалдары
мен гипотезалары сын көзбен талданып, кейбіреулеріне түзетулер енгізіледі,
енді біреулері жарамсыз деп тасталады. Фактілердің өздері басқа
фактілермен салыстырылып, анықталады және жалпыланады. Бақылаулар мен
пайымдауларды, эмпириялық жэне теориялық әдістерді, индукцияны дедукциямен
өзара күрделі байланыстыра отырып, зерттеудің нәтижесінде эмпириялық
құбылыстар мен оқиғалардың ауқымдылау салаларын камтитын эмпириялық
ғылымдардың теориялық жүйесі пайда болады.
Үшіншіден, білімнің көлемінің кеңеюі көбінесе индукциялық
әдістің көмегімен іске аспайды, логикалық күші әлдеқайда молырақ,
бірақ индукцияның көмегімен тексерілетін гипотезалардың көмегімен болады.
Индукцияның қорытындысы эмпириялык мәліметтерге қатысты
болатыңдықтан, ол әлсіз гилотеза болып табылады. Сондықтан жекеше
теориялардан жалпырақ теорияларға, ал бұл соңгыдан ең жалпы
(универсальды) теорияға логикалық өтуді әрі барғанда квазииндукция (лат.
-"индукцияға ұқсас ой қорытыңды" дегенді білдіретін сөз-авт.) деп қарауға
болады.
Төртіншіден, қорытынды шығарудың аталған формасын зерттеудің
тексеруден өткен сенімдірек тәсілімен, мысалы, теориялардан дедукциялық
корытынды шығару және оні кейін эмпириялык, фактілердің көмегімен тексеру
сиякты тәсілімен, түсіндіруге болады. Мұндай әрекет ғылыми таным
процесінде өте ертеде-ақ пайда болып, XVII ғасырдың классикалық
механикасында кеңінен колданыла бастаған еді. Пайымдаудың мұндай
формасын қазіргі кезде гипотезалык дедукциялық әдіс деп атайды. XX ғ.
басында позитивистер оны білімнің кез келген эмпириялық жүйесінін моделі
немес логикалық құрылысы ретінде қарастыра бастады. Бірақ бұл логикалық
құрылымда гипотезалар әуел бастан берілген сондыктан ғылыми білімді
зерттеу ісі гипотезадан қорытынды шығару және оны бақылау мен тәжірибе
мәліметтерімен салыстыру ғана болуы тиіс деп қарастырылады.
Ғылыми таным дегеніміз жаңа ғылыми акиқаттардың бірінен соң бірінің
қосылып, жинақталуы ғана емес екендігі де айтарлықтай ертеде түсініле
бастағанымен, бірак оның дамуының анықталған механизмі, әсіресе
тұжырымдаған моделі XIX ғасырдың аяғына дейін болмады. 1859 жылы Ч.
Дарвиннің "Түрлердің табиғи сұрыпталу жолымен шығуы" деген еңбегі
жарыққа шықканнан кейін жағдай айтарлыктай өзгерді. Бұл еңбек эволюция
идеяларынын ең алдымен жаратылыстану ғылымдарының түрлі салаларына кеңінен
таралуына, сөйтіп зерттелетін құбылыстарды ғалымдардың даму процесінде
карауына ықпалын тигізді. Мұның бәрі философтарға да әсерін тигізбей
қоймады, әсіресе таныл теориясы, танымның өсуі мен дамуы саласын
зерттеушілере үлкен әсер етті. Ч. Дарвиннің бұл ілімінің ашылуын марксизм
философиясының классиктері диалектикалык материалистік философияның
тууына және дамуына негіз болған бір ғылым революция деп атап көрсетті.
Эволюция проблемаларымен айналысқандардың бір XIX ғ. Ағылшын философы-
социолог Герберт Спенсер болды Ол өзінің көп томдық "Синтетическая
философия" деген еңбегінде эволюцияны жаратылыстану-ғылыми турғыдан
негіздеу үшін алғашында француз биологы Ж.Б.Ламарктың жануарлар
организмін табиғи ортаның тікелей әсер ету
негізінде жаттықтыру туралы эволюциялык идеясына сүйенді бірақ
Ч.Дарвиннің еңбегі жарыкка шыққаннан кейін Спенсер Дарвиннің
эволюциялык ілімін өз зерттеулерінде пайдаланып, насихаттаумен
байналысты. Бірақ ол эволюция теориясының универсальдық сипат беріп,
эволюция идеясын тірі организмдер дүниесінен барлық заттар мен
құбылыстарға қолданды, сөйтіп қоғам дамуын табиғат эволюциясына
ұқсастырып түсіндірді. Спенсердің эволюциялык концепциясы қоғамның
органикалық теориясы деп аталған оның социологиялык көзкарасының негізін
құрды. Қоғам өмірін биология терминдерінің көмегімен түсіндіруге әрекеттену
Спенсердің эволюциялық теориясынын ғылымға жат керітартпа жағы еді. Спенсер
универсальдык эволюция принципін мәдениет пен ғылымның дамуына да
колдануға әрекет жасады. Оның универсальдық принципі тұрғысынан алғанда,
ғылыми білімнің дамуын онын дифференциацияға (жіктелуте) өтуі ретінде
қарастыруға болады. Шындығында да ертедегі гректердін жіктелмеген,
философияның құрамында біртұтас өмір сүрген ғылымы біртіндеп жіктеле
бастады: одан алдымен математика және биология, содан кейін аз-аздап
механика (Архимед) және биология (Аристотель) бөліне бастады. Алайда
нағыз дифференциация тек XVII ғасырда ғана Жер мен аспан денелерінің
карапайым механикалық қозғалыс формалары шеңберіңде табиғатгы зертгеудің
экспериментальдық әдісінің шығуына байланысты басталды. Жылуды, электр
магниті, химия құбылыстарын т.б. зерттеуге байланысты ғылыми білімнің
жіктелу процесі одан әрі үдей түсті. Қазіргі кезде білімнің жіктелуінің
өрістегені сонша, аса күшті дамыған ғылымдардың кейбір салаларының
мамандары бір-бірінің проблемаларын, арнайы ғылыми тілін түсінбейтін болды.
Сонымен бірге жіктелуте қарама-қарсы процесс -интефациялану (бірігу)
процесі де өріс алды - туыстас білім салаларының арасынан жаңа ғылымдар
шығуда. Сөйтіп қазір ғылыми білім жікгелу мен бірігу процестерінің
диалектикалық бірлігінің негізінде дамитын болды. Осы тұрғыдан алғанда,
Спенсердің универсальдық эволюция принципі жарамсыз болып қадды, өйткені,
оның принципі бойынша, барлық жерде әңгіме қозғалыстың тек бір тектіден әр
тектіге өтуі туралы ғана болып, керісінше өту процесі ешқашан болмайды.
Сондықтан білімнің дифференциациялануы интеграциялануына, көлемі
жағынан жалпырақ теориялар мен зерттеу парадигмаларының шығуына көмектесе
алмайды. Белгілі американдық психолог әрі философ Д.Кемпбелл қазіргі
заманғы эволюциялық эпистемологияның негізін салушы және көрнекті маманы
деп Карл Попперді атайды. Ғылыми білімнің эволюциясы жайлы идеяларды
Поппер шығармаларында көптен бері айтып келеді, ал XX ғасырдың 60
жылдарынан бастап бұл проблемамен жүйелі түрде айналысты. Ғылыми білім
эволюциясын талдап, талқылауға "Объективное знание. Эволюционный подход"
деген кітабын және 80-90 жылдары шыққан соңғы мақалалары мен
баяндамаларын арнады. К.Поппердің эволюциялык теорияларынын негізгі
бағдары мынадай: Біріншіден, ол ғылыми білім өзгерісте және дамуда
карастырылады, соның салдарынан ғылымның зандары мен теориялары шындыкты
дәл бейнелендіріп, барған сайын оған сәйкес келе береді. Екіншіден, ол
ғылыми білімді күнделікті білімнің жетілген және дамыған түрі деп
қарастырып. бұл екі білімнің өзара тығыз байланыстылығын дұрыс атап
көрсетеді. Осыған байланысты, ғылыми білімді кұрудың негізі болуы тиіс деп,
мәселен, Р.Декарт үміт артқан, абсолютгі сенімді білімді іздеудін
қисынсыздығы көрінеді. Сондықтан дамыған сенімді білімді құруды
күнделікті қарапайым білімнен бастап, бұл соңғының кемшіліктерін ақыл-
ойдың көмегімен жойып отырған жөн. Үшіншіден, ғылыми зерттеуді эмпириялык
мәліметтерді жинаудан бастамай, түсіндірудің ескі әдістері мен жаңа
фактілердің арасындағы кайшылықты, сәйкессіздікті шешуге бағытгалған
проблемалар қоюдан бастау қажет. Төртіншіден, эволюциялық эпистемология
ғылыми білімді дамытудың біртұтас концепциясын ұсына отырып, сонымен бірге
жаратылыстану және қоғам ғылымдарының арасындағы тығыз байланысқа ерекше
назар аударады. Қоғамдық ғылымдардың логикасына арналған мақалаларында
Попер әлеуметтік ғылымдардың әдістерінің өз ерекшелігі болғанымен,
бірақ негізінде жаратылыстану ғылымдарының әдістерімен бірдей
екендігін дәлелдеуге тырысады. Бесіншіден, Поппердің эволюциялык
концепциясы неопозитивизмді ғылыми зерттеуді дайын білімге логикалық
талдау жасаумен ауыстыруға әрекет жасағаны үшін, ақикат білімнің критерийін
верификация принципімен ауыстырғаны үшін қатаң түрде орынды сынады. Атап
айтканда, логикалық позитивистердің веналык мектебінің өкілдерін нағыз
ғылыми білім деп эмпириялық жолмен тексеруте болатын теорияларды ғана
санауға болады дегені үшін тұңғыш рет дәлелді сынаған баска емес, Поппер
болатын, себебі осыған байланысты логикалык позитивистер верификация
принципіне көнбейтін көптеген философиялык кағидаларды мәнсіз деп санады.
Олай болса, математиканың жэне теориялық жаратылыстанудың да көптеген
абстракциялық пайымдауларын мәнсіз, жалған деуте болады ғой! Рас, бір
катар ресейлік философтардың шығармаларында Поппер позитивистер
қатарына косылатындығын мойындау керек. Әрине оның барлық ой-
пікірлерімен, атап айтқанда ғылыми танымның даму проблемасы туралы
пікірімен келісе беруге болмайды. Бірақ ғылым тарихы мен философиясына
косқан қомақты үлесін де жоққа шығаруға болмайды. Ғылым тарихына көз
жіберсек, оныц дамуы барысында бір теориялардың орнына екіншілері, онша
акиқат еместерінін орнына әлдеқайда ақикаттық теориялар келіп жаткандығын
көреміз, бірақ сонымен бірге олардың арасында сабақтастық байланыстар
сақталатынын да мойындау керек. Практикада расталған ешбір теория ғылымнан
шығып қалмайды, жалпы теорияның бір дәлелі ретінде қалады. Мысалы,
кванттық механика классикалық механиканы мүлдем жаратпай тастаған жок,
өзінің ірі денелер механикасы саласындағы бір көрінісі ретіне қалдырды.
Демек, объективтік акикатқа жетудің жолы салыстырмалы ақикаттарды танып
білу арқылы жүретін, біртіндеп жинақталатын сан өзгерістерінің
нәтижесінде болатын сапалық өзгерістердің іске асу жолы екен. Мұндай
түбірлі сапалық өзгеріс ғылыми революция деп аталатынын жоғарыда ескерттік.
Ғылыми революция -ғылым негіздерінін сапалық өзгерісі
Ғылыми білімнің дамуын зерттегенде ғалымдар әдетте ғылымдағы әрбір
жаңалық бұдан бұрынғы білімдердің негізінде туатынына көңіл аударады.
Таным процесіндегі бұл жаңа білімнің ескімен байланысы кейде
кумулятивизм формасында көрінеді, яғни ғылымның даму процесі ғылыми
білімдердің сан жағынан жай көбеюі сияқты ғана болып көрінеді де білім
жүйесіндегі түбірлі сапалык өзгеріс байқалмайды. Өйткені ғылымда әбден
өселген ғалымдар әдетте өзіне үйреншікті бір салада жұмыс істейтіңдіктен,
олар өз зерттеуінің нәтижесінің бұрынғы білімдермен байлынысына назар
аударады да бүкіл ғылым жүйесіндегі терең мазмұнды түбірлі өзгерістерге
сирек көңіл аударады. Мұндай бір сарынды сандық өзгеріс табиғи сиякты болып
көрінеді.
Ғылым дамуының барысында оның негізгі ұғымдары мен түбірлі
теорияларында шұғыл өзгерістер туған кезде ғана зерттеушіде күмәндану пайда
болады. Сын пікірлер айту көбейген сайын бұрынғы дәстүрлі дамуға деген
сеінмсіздік күшейе береді, сөйтіп, ғылым дамуында дәстүрлі даму мен
жаңашылдық арасында, бір сарыңды даму мен революциялық өзгеріс
арасында карама-қарсылық туады. Бұл карама-қарсылықтың мәнін
американдык, ғылым философы Т.Кун ғылыми революция кезеңінің тууымен
түсіндіреді. Мұндай революциялар, оның пікірінше, "қалыпты ғылымның
дәстүрлі дамуымен байланысты қосымша, даму дәстүрін бұзатын қосымша болып
табылады". Т.Кун ғылым дамуының жана моделін ұсынады. Ол модельде Кун ең
алдымен қалыпты ғылымды атап көрсетеді. Қалыпты ғылым кезінде ғалымдар
жалпы зерттеу парадигмасы шеңберінде жұмыс істейді. Парадигма деп ол
ғалымдар өз зерттеуі кезінде басшылыққа алатын түбірлі жалпы теорияны
түсінеді. Парадигманың мысалдары ретінде Ныотонның механикасын,
Максвелдің электромагниттік теориясын, Дарвиннің эволюциялық
теориясын т.б. алуға болады. Парадигма жеке проблемаларды шешу үшін
зерттеуде колданылатын үлгі теория болып табылады. Ғылым дамуының
кумулятивтік түсінігін орынды сынай отырып, Кун бірақ дамудың эволюциялық
және революциялық өзгерістері арасындағы терең байланысты ашып көрсетпейді.
Ғылымның даму процесі барысында калыпты даму кезеңі дегенді ерекше атап
көрсетеді. Бұл кезеңде бір зерттеу ұжымына жататын ғалымдар бұрыннан бар
парадигма бойынша жұмыс істейді, ал бұрынғы парадигмаға сенімсіздік
туғызған революциялық кезенде жаңа парадигма іздеу басталады. Қалыпты
ғылымнан революциялық кезеңге өту, Кунның пікірінше, зерттелуші дүниеге
деген бұрынгы түсініктің түбірлі өзгеріске ұшырауы. Сондықтан ол
революцияның өзін "ғалымдардын дүниені көруінің негізі болып табылатын
ұғымдар жүйесінің ауысуы" ретінде карастырады.
Қалыпты ғылым мен революцияның арасындағы терең ішкі байланысты
көрмейді, сөйтіп революциялық өзгеріс ғылымның бүкіл бұрынғы дамуы
барысында дайындалмайтын болып шығады.
Ғылыми революция туралы мұндай көзқарас баска ғылым тарихшылары мен
методологтардың арасында да ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғылымның қазіргі кезеңінің ерекшеліктері
Томас Кунның, Имре Лакатостың, Стивен Тулминнің ғылыми теориялары жайында
Институционалды бағыт
Ғылым философиясы мен тарихы
Таным
Жетілмеген ой дегеніміз не. АНТРОПОЛОГИЯ ТАРИХЫ МЕН ТЕОРИЯСЫ
ЖАРАТЫЛЫСТАНУДЫҢ ҒЫЛЫМИ ДАМУЫ
К. Р. Поппердің сыншыл рационализмі
Ғылым тарихы мен философиясы пәнінің негізгі мәселелері
Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымның философиялық мәселелері
Пәндер