Оқушылардың дене тәрбиесін қозғалыс-қимыл жаттығулары арқылы ұйымдастыру ерекшеліктері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ..3
1.Оқушылардың дене тәрбиесін қозғалыс.қимыл жаттығулары арқылы ұйымдастыру ерекшеліктері ... ... ... ... ... ..7
1.1. Дене тәрбиесі сабағында оқушылардың негізгі қимылдарын дамыту ерекшеліктері ... ... ... ... ... ..7
1.2. Мектептерде оқушылардың қозғалыс белсенділігін дене жаттығулары арқылы қалыптастыру ... ... 14
2. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІН ҚИМЫЛ.ҚОЗҒАЛЫСТЫ ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІС.ТӘСІЛДЕРІ ... .20
2.1. Дене тәрбиесі сабағында қозғалыс.қимыл ойындары ... ... ... ... ... ... ... ... 20
2.2. Баланың дене қимыл қозғалысын дұрыс қалыптастыруда қимылды ойындарды пайдалану әдістері ... ... ... ... ... ... ... ..28
2.3. Жасөспірімдердің қозғалыс белсенділігін арттыруда қозғалыс.қимыл ойындарының мәні ... ... ... ... ... ... ... ..35
2.4. Дене тәрбиесі сабағында оқушылардың күш жылдамдығын дамыту жолдары ... ... ..45
2.5. Дене тәрбиесі жүйесінде қимыл.қозғалыс ойындарын өткізу әдістемесі ... ... ...52

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ..58
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Дене шынықтыру қозғалысы, дене тәрбиесінің қазіргі заманға сай жүйесі салауатты өмір салтын жүргізуге, жасөспірімдердің денсаулығын нығайтуға, олардың жұмыс қабілеттілігін, Отанды қорғауға дайындығын күшейтуге, жоғары өнегелі қасиеттерді, ұлттық рух сергектігін, күш-жігер мен төзімділікті қалыптастыруға, дені сау және жарқын жас ұрпақты тәрбиелеуге мүмкіндігінше жағдай жасауға үнделген. Бүгінгі жастар жан-жақты білімді ғана емес, сондай-ақ рухани сұлу, денсаулығы мықты, шыныққан болуы керек. Себебі, жеке тұлғаның жан-жақты дамып жетілуі, қоғамда тіршілік етуі қимыл іс-әрекеттер барысында жүзеге асады. Бұл іс-әрекеттерді жүзеге асыруда дене тәрбиесіндегі ойындардың орны ерекше. Жасөспірімдердің психикалық даму барысында ойын әрекетінің тәрбиелік маңызы бүгінгі таңдағы тәлім-тәрбие психологиясының көкейкесті мәселелерінің бірі. Ойын жаттығулары барысында жасөспірімдердің жеке тұлғасымен ой-өрісі дамиды және айналасын қоршаған табиғат құбылыстарымен таныс болады.
1. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. -Астана, 2007. – 70 б
2. Алтынсарин Ы. Шығармалар жинағы. –Алматы:Ғылым,1976.Т.3. –423б. Шаулин В.Н. Подготовка школьника к физическому самосовершенствованию / Пособие для учителя. –М.: Центр гуманитарного образования, 1995.
3. Моченов В.П. Социально-педагогические аспекты использования нетрадиционных форм и средств физической культуры в практике физкультурно-оздоровительной работы: Автореф… дис. к.п.н. 15.01.03. – М., 1994. – 13с.
4. Евсеев Ю. И. Физическая культура. – Ростов н/Д.: Феникс, 2005. – 382.
5. Рускаева Н.С. Формирование интереса к физической культуре и спорту у детей младшего школьного возраста: Автореф. дис… к.п.н.: 05.02.03. –Алматы, 2003. – 24с.
6. Әл-Фараби. Әлеуметтік этикалық трактаттар. – Алматы, 1975. – 395б.
7. Мухамеджанов Б. Дене мәдениеті мамандығына кіріспе. – Шымкент: Ғасыр-ІІІ, 2006. – 166б.
8. Әбділлаев Ә.К., Оңалбек Ж.К. Дене мәдениетінің ілімі және әдістемесі. – Түркістан: Тұран, 2004. – 277б.
9. Оразов Ш.Б. Дене тәрбиесі сабағында оқушылардың дене мүмкіндіктерін дамыту. //Оқу- құрал. – Түркістан, 2005. – 70 б.
10. Боровская Н.А. Обучение двигательным действиям // Физкультура в школе, 1997. – С. 14–17.
11. Матов В.В. Уроки физической культуры в средней школе. – М.; Просвещение, 1990. – 53с.
12. Лисицкая Т.С. Гимнастика и физическое самосовершенствование // физкультура в школе, 1991. – с. 7–9.
13. Халилаев А. Ұлттық ойындар. 2005
14. Гончаров В.Ю. Основы общей теории физической культуры; Уч. Пособие. – М., 1984. – 70с.
15. Лейкин М.Г. Развитие двигательных качеств на уроках физической культуры // Физкультура в школе, 1984 – №2. – С. 9–12.
16. Петров И.К. Физкультура как социальное явление. – М., 1985. – 75с.
17. Брыкин А.Т. Педагогические основы построения урока физической культуры. – М.,1985. – 154с.
18. Смолевский В.М. Проблемы валеологизации образовательной среды // Теория и практика физической культуры, 1985№4 – С. 12–14.
19. Сағындиков Г.А. Краткий курс истории физических упражнений. – М., 1924. - 71б.
20. Қуанышев Т.Ш. Болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерін ұлттық ойын құралдары арқылы даярлау. Автореф. дисс.пед.ғыл.канд.13.00.01. Алматы, 1992.
21. Таникеев М. Теория и практика взаимовлияния национальных и интернациональных факторов в развитии физического воспитания и спорта в Казахстане. Дисс…д.п.н. – Алматы, 1998. – 254с.
22. Матвеев Н.А. Обучение двигательным действиям // Физкультура в школе, 1997. – С. 14–17.
23. Виленский М.Я. Физическая культура в научной организации процесса обучения в высшей школе. – М. : Физкультура и спорт, 1999. – 266с.
24. Сластенин В.А. Педагогическая инновационная деятельность. – М.: Магистр, 1997. – 221с.
25. Лесгафт П.Ф. Избранные труды. – М.: Физкультура и спорт, 1987. – 311с
26. Байтұрсынов А. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1989. – 319б.
27. Қазақстан Республикасы тәлім-тәрбие тұжырымдамасы // Қазақстан мұғалімі, 1995 ж. №14.
28. Кряж Д.Н. Развитие двигательных качеств на уроках физической культуры // Физкультура в школе, 1998. – №3. – С. 17–19.
29. Оразов Ш.Б. Дене тәрбиесі сабағында оқушылардың дене мүмкіндіктерін дамыту. //Оқу- құрал. – Түркістан, 2005. – 70 б.
30. Монтень М. Опыты: в 3-х книгах. Книга первая. – М.: Терра, 1991. –339с.
31. Виноградов В.Н. Современная спортивная тренировка. – Киев: Здоровье, 1980. – 336с.
32. Богданов Г. П. Азбука физической закалки детей. – Киев: Здоровья, 1991. – 72с.
33. Озолин Г. Н. Физическая культура для всех и для каждого. – М.: Физкультура и спорт, 1988. – 228с
34. Н. И. Гиергов. Физическая культура личности. – Кишинев, 1989. – 200с.
35. К.Д. Уши нский. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1989. – 319б.
36. Лесгафт П.Ф. Избранные труды. – М.: Физкультура и спорт, 1987. – 311с
37. Дистервег А. Избранные сочинения. – М., 1956. – 319с.
38. Ушинский К.Д. Педагогические сочинения. В 6 т. Т. 2. / Составитель С.Ф. Егоров. – М.: Педагогика, 1988. – 416с.
39. Дистерверг А.И. Избранные педагогические сочинения. – М.: Учпедгиз, 1956. – 259с.
40. Әл-Фараби. Әлеуметтік этикалық трактаттар. – Алматы, 1975. – 395б.
41. Л.П. Матвеев. Теория и методика физической культуры (общие основы теории и методики физического воспитания; теоретико-методологические аспекты спорта и профессионально-прикладных форм физической культуры). – М.: Физкультура и спорт, 1991. – 543с.
42. Бүркітбаев Ә. Спорттың ұлттық түрлері және оның тәрбиелік мәні. –Алматы, 1985. – 83б.
43. Дюпперон Г.А. Краткий курс истории физических упражнений. – М., 1924. - 71б.

Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   
Ф-ОБ-001-033
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

СПОРТ ЖӘНЕ ӨНЕР ФАКУЛЬТЕТІ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Оқушылардың дене тәрбиесін қозғалыс-қимыл жаттығулары арқылы
ұйымдастыру ерекшеліктері

Бекітемін

Кафедра меңгерушісі
Ғылыми жетекшісі
_______________________
___________________________

Филос.ғ.к., ХҚТУ профессоры К. Баетов Оқытушы Е. Маханбет

(қолы, аты-жөні,ғылыми атағы)
(қолы, аты-жөні, ғылыми атағы)

______ ______________2011ж
Орындаған студент
Хаттама №
Кенжегулова Ақнұр

(қолы, аты-жөні)
______ ______________2011ж МДШ-
711, 050108

(тобы, шифры, мамандығы)

Түркістан – 2011ж
МАЗМҰНЫ

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.Оқушылардың дене тәрбиесін қозғалыс-қимыл жаттығулары арқылы ұйымдастыру
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.1. Дене тәрбиесі сабағында оқушылардың негізгі қимылдарын дамыту
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.2. Мектептерде оқушылардың қозғалыс белсенділігін дене жаттығулары арқылы
қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...14
2. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІН ҚИМЫЛ-ҚОЗҒАЛЫСТЫ ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІС-
ТӘСІЛДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 20
2.1. Дене тәрбиесі сабағында қозғалыс-қимыл
ойындары ... ... ... ... ... ... ... ... .20
2.2. Баланың дене қимыл қозғалысын дұрыс қалыптастыруда қимылды ойындарды
пайдалану
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 28
2.3. Жасөспірімдердің қозғалыс белсенділігін арттыруда қозғалыс-қимыл
ойындарының
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 35
2.4. Дене тәрбиесі сабағында оқушылардың күш жылдамдығын дамыту
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..45
2.5. Дене тәрбиесі жүйесінде қимыл-қозғалыс ойындарын
өткізу
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..5 2

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .58
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..64

КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Дене шынықтыру қозғалысы, дене тәрбиесінің
қазіргі заманға сай жүйесі салауатты өмір салтын жүргізуге,
жасөспірімдердің денсаулығын нығайтуға, олардың жұмыс қабілеттілігін,
Отанды қорғауға дайындығын күшейтуге, жоғары өнегелі қасиеттерді, ұлттық
рух сергектігін, күш-жігер мен төзімділікті қалыптастыруға, дені сау және
жарқын жас ұрпақты тәрбиелеуге мүмкіндігінше жағдай жасауға үнделген.
Бүгінгі жастар жан-жақты білімді ғана емес, сондай-ақ рухани сұлу,
денсаулығы мықты, шыныққан болуы керек. Себебі, жеке тұлғаның жан-жақты
дамып жетілуі, қоғамда тіршілік етуі қимыл іс-әрекеттер барысында жүзеге
асады. Бұл іс-әрекеттерді жүзеге асыруда дене тәрбиесіндегі ойындардың орны
ерекше. Жасөспірімдердің психикалық даму барысында ойын әрекетінің
тәрбиелік маңызы бүгінгі таңдағы тәлім-тәрбие психологиясының көкейкесті
мәселелерінің бірі. Ойын жаттығулары барысында жасөспірімдердің жеке
тұлғасымен ой-өрісі дамиды және айналасын қоршаған табиғат құбылыстарымен
таныс болады.
Президентіміз Н.Ә. Назарбаев Қазақстан - 2030 стратегиялық
бағдарламасында Салауатты әрі гүлденген экономика құрмайынша, біз қуатты
мемлекет пен қарулы күштер құра алмаймыз, демографиялық, экономикалық және
әлеуметтік міндеттерді шеше алмаймыз, әрбір адамның жеке басының қадір-
қасиеті мен әл-ауқатын арттыра алмаймыз,-деген болатын. Білім беру
жүйесінің алдындағы маңызды міндеттерінің бірі – салауатты өмір салтын
қалыптастыру мәселесі[1]. Сондықтан да, егеменді еліміздің болашағы
жеткіншектің білім дәрежесінің тереңдігімен өлшенеді. Ал балаларға әр
салада жан-жақты білім беру жүйелері өте көп. Мектеп – қазақтарға білім
берудің басты құралы.. Ал біздің барлық үмітіміз, қазақ халқының келешегі
осы, тек қана осы мектептерде, - деп Ыбырай атамыз айтқандай, бүгінгі
мектептерден де қоғамның күтер үміті мол [2]. Ал мектептегі басты тұлға –
ұстаз. Ұстаз оқушыны білімге қызықтырып, оның белсенділігін арттырып,
ізденушілікке тәрбиелеуге міндетті. Тәрбиелеу мен оқыту жолында әртүрлі
әдіс -тәсілдерді қарастырып, тиімді әдістерді жиі пайдаланып, өз білімін
дамытып отыруы тиіс.
Дене тәрбиесі мәселелерін шығармашылық тұрғыда шешуге, өзгермелі өмір
жағдайында инновациялық процестер мен жаңашыл бағыттарды дер кезінде
меңгере отырып, тәжірибеге сын көзбен қарап, дене тәрбиесі міндеттерін
жүзеге асыруға белсенді, салауаттылық пен дене мәдениетін меңгерген маман
тәрбиелеудің маңыздылығы артуда.
Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі ғылыми және оқу пәні ретінде
жетекшілік рөл атқара отырып, дене тәрбиесі саласындағы кәсіптік бағытты
анықтайды. Сонымен бірге осы саладағы білім негізінің жүйесін құрайды.
Мұғалімнің дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесін жете білуі, оның
педагогикалық ойлау жүйесінің дамуының басты шарты.
Дегенмен, жалпы орта білім беру жүйесінде оқушылардың дене тәрбиесін,
жеке тұлғасын дамытуға қатысты іргелі және қолданбалы зерттеулердің
болғандығына және бұл мәселені маңыздылығына қарамастан, оқушылардың жеке
тұлғасын қалыптастыруды нәтижелі етуде әлі де шешілмеген мәселелер бар
екендігі анық.
Адамның дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылдануының тиімділігі
педагогикалық жүйенің үйымдастырылуына, ғылыми және материалдық қамту
деңгейіне, басқару және бақылау органдарының жетілуіне байланысты. Дене
тәрбиесі жүйесінің бөлімдері белгілі бір құрамымен, оның атқаратын тиісті
қызметімен, өзге қоғамдар жүйесінің өзара байланысының ерекшеліктерімен
сипатгалады. Барлық осы бөлімдердің жүйе құрылымындағы негізгі мақсаты
—адам денесінің жан-жақты жетілуін жүзеге асыру. Жүйенің жұмыс істеу
нәтгокесі оның бағытынын мақсатгылығына және жүйеге енетін бөлімдерді
жетілдіруіне байланысты.
Дене тәрбиесінің жүйесі қоғамның өзге де жүйелерімен өзара тығыз
байланыста жұмыс істейді. Мәдениеттің, ғылымның, экономиканың және өнердін
әсерімен дами отырып, дене тәрбиесінің жүйесі қоғамдық өмірдің барлык
салаларына өзінің әсерін тигізеді. Жүйенің өз қызметін толық мағынасында
атқаруы әр түрлі жағдайларға, әсіресе, қоғамдық-саяси кұрылымнын сипатына
тәуелді. Оньщ себебі, дене тәрбиесінің жүйесі сол құрылымның ішінде бірге
дамиды. Бүл ретте мынандай жағдай ескеріледі: тек қана мемлекеттік құрылыс
дене тәрбиесі жүйесінің идеялық бағытымен бірге мүліктік қорын (спорт
кұрылыстарын салу, арнаулы қүрал-жабдықтар, маманданған кадрлар дайындау,
ғылыми жағынан қамту, әдістемелік әдебиеттермен жабдықтау т.б.) белгілеп
отырады.
Ойын өнер ретінде әдебиет пен мәдениеттің сан алуан түрлері мен
қабысып бірін-бірі толықтырып, байыта түседі.
Өзінің өлең жырларында халық ойынды тәрбие құралы деп танып, оның
бойындағы жастарды ойландырып, толғандыратын қасиеттерін аша түседі. Ойын
тек жас адамның дене күш қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке т.б.
ғана тәрбиелеп қоймай, оның ақыл – ойының толысуына, есейіп өсуіне де
пайдасын тигізеді.
Зерттеу нысаны – дене тәрбиесі сабағында оқушылардың қимыл-қозғалыс
белсенділігі
Зерттеу пәні – білім беру орындарындағы дене жаттығулары мен қозғалыс
белсенділігі.
Зерттеудің мақсаты: дене жаттығулары арқылы оқушылардың қозғалыс
белсенділігін арттыру
Адамның өсіп жетілуі үшін, тұрмыс-тіршілікте қажетті дағдыларды
меңгеруде қимыл-қозғалыс ойындарының маңызы зор. Сабақта және дербес
жаттыққанда қозғалыс ойындарын, оның ішінде ұлттық халықтық ойындарды
қолдану арнайы үйрену міндеттерін шешуге көмектеседі.
Лагерлерде, саяхат кезінде, жорықтарда Далалықта өткізілетін ойындар деп
аталатын ойындардың маңызы айрықша. Бұл қозғалыс ойындары әр түрлі табиғи
кедергілерден өту, күш сынасу әрекеттерімен қатар, байқау және бағдарлау
жаттығуларымен ұштастырылады. Ойнаушылар қыста және жазда табиғатпен
тікелей қауышу жағдайында көптеген қозғалыс дағдыларын мейлінше дұрыс және
дәйекті түрде қолдануға, шеберлікті, қабілеттілікті үйрене білуге
дағдыланады.
Денешынықтыру сабағында балалар ойын арқылы шынығып, өзінің бойындағы
табиғи дарынын шыңдай түседі. Ойынға халық ерекше мән берген. Сондықтан
халық оған тек ойын-сауық, көңіл көтеретін орын деп қана қарамаған. Ең
басты мақсат – жасөспірімдерді отансүйгіштік сезімге, патриот, отанды
қорғауға қабілетті болашақ қайраткер азамат болуға тәрбиелеу. Негізінен
ұлттық ойындар атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып, халықтың
дәстүрлі шаруашылық, мәдени, өнер тірішілігінің жиынтық бейнесі де,
көрінісі де болған.
Жасөспірімдерді тәрбиелеудің аса маңызды мәселелерін шешу, олардың
рухани байлығын арттыру, оларды тәрбиелеу бүгінгі күннің аса маңызды ісі
екені анық. Сондықтан мектептерде жасөспірімдерді патриоттық негізде
тәрбиелеу – басты міндеттердің бірі болмақ. Рухани байлығымыздың тереңдей
түсуі мемлекетіміздің өсіп-өркендеуіне ықпал жасайтыны анық. Жастар
санасын, денсаулығын және адамгершілікке тәрбиелеудің негізі – тәрбиеде
жатқанына назар аударуымыз тиіс. Тәрбие патриоттық дәстүрдің негізін
қалайды. Жастарды патриоттық рухта тәрбиелей отырып, олардың сана – сезімін
рухани жақтан байытуда мектеп оқушыларына соның ішінде бастауыш сыныптарына
арналған денешынықтыру сабақтарында ұлттық тәрбиелік әдіс – тәсілдерді
орындаудың аса қажет екендігі қазіргі таңда белгілі болып отыр.
Мектеп оқушыларының қозғалыс белсенділігін дамыту, оқушыларды ойындар
арқылы тәрбиелеудің әр түрлі әдістерін ойлап, оны жолға салу бүгінгі күннің
аса маңызды мәселелерінің бірі.

І. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІН ҚИМЫЛ-ҚОЗҒАЛЫС ЖАТТЫҒУЛАРЫ АРҚЫЛЫ
ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1. Дене тәрбиесі сабағында жасөспірімдердің негізгі қимылдарын дамыту
ерекшеліктері.
Бүгінгі таңда жалпы білім беру орындарындағы дене тәрбиесінде
жасөспірімдердің негізгі қимылдарын дамытудың маңызы ерекше.
Негізгі қимылдар өз кезегінде нақты дене мүшелерінің бұлшық еттерін
іске қосып қомай, барлық ағзадағы зат алмасуы, қан айналымын күшейтіп, бала
психикасының дұрыс дамуына да ықпал етеді. Бала негізгі уақыттың тәрбие
орындарында өткізгендіктен, мақсатты дене тәрбиесі барысында олар негізгі
қимылдарды орындау әдістерімен де танысады.
Негізгі қимылдарды дамыту, қалыптастыру барысында, ең алдымен жоспарлы
жаттығуларды, ойындарды еңбек тапсырмаларын таңдағанда, олар қызығатындай,
бала денесінің дамуына тиімді ықпал жасап, бұлшық еттеріне әсер ететіндерін
таңдаған жөн.
Баланың дене қимыл қозғалысын дұрыс қалыптастыруда қимылды ойындарды
пайдалану орны ерекше. Ойын - балалардың өміріндегі ең кең дамыған дене
тәрбиесіндегі қозғалыстар, футбол, волейбол, қол добы, ұлттық ойындар т.б.
Ойын мектеп жасына дейінгі баланың дене мәдениетінің негізгі тұтқасы болуы
тиіс - деп жазды ғалымдарымыз [3,4]
Ойындар арқылы бала өзіне пайдалы қозғалыс әрекеттерін меңгереді және
оған жаттығады.
Осы заманғы педагогикалық зерттеулер бойынша баланың ойыны алдымен,
өзінің қатар-құрбыларымен, ата – аналары және өзге адамдармен қарым –
қатынас жасаудың қуатты құралы саналатын болса, екіншіден, ойын әрекеті
баланың танымдық – психикалық үрдістерін қарқынды дамыту құралы болып
табылады.
Балалардың негізгі қимылдарын дамытуда спорттық ойындардың да маңызы
зор. Бала денсаулығын нығайту шараларының бірі – денесін шынықтыру.
Шынықтыру дененің сыртқы ортадан алатын зиянды әсерлерге деген дененің
қарсылық күшін жетілдіріп, әртүрлі қолайсыз жағдайлардан денені қорғауға,
дененің ептілігі мен икемділігін дамытуға бағытталған шаралар жүйесі болып
табылады.
Шынықтыру шаралары әртүрлі дене ағзалары мен нерв жүйелерінің
жұмыстарын жетілдіруге де бағытталады. Шынықтыру шаралары өзге де дене
тәрбиесінің құралдарымен бірлікте дені сау, моральдық жағынан тұрақты,
табанды, батыл, төзімді адамдарды тәрбиелеуге ықпал етеді.
Балалардың дене тәрбиесін мақсатты түрде жүзеге асыруда әрбір баланың
жеке дара ерекшеліктеріне ескерген жөн.
Дене тәрбиесіне бағытталған шараларды алға апаруда ең алдымен бала
денсаулығын нығайту және шынықтыру, дененің дұрыс өсіп жетілуіне ықпал ету,
организмнің жұмыс қабілетін арттыруға мән беру қажет.
Бала өмірдің жалғасы, балаға жан – жақты тәрбие беріп, өнер үйретіп,
кәсіпке баулу – қоғам алдындағы міндет. Баланы ойын өсіреді деген
халқымызға кең тараған қағидаға сүйенсек, қимылдарын дамыту маңызы да
айқындала түседі. Балалардың ойын үстінде дүниетану мен қатар тәрбие алып,
оның жақсы, ұнамды мінезі қалыптасып жеке дара ерекшеліктеріне айқындала
бастайды. Ата - ана және басқа ересектер ойынның бала денесінің негізгі
қимылдарының дамуындағы маңызын ескертіп, олардың қандай ойын
ойнайтындарына зер салып, қажет жерінде араласып, ойынның мазмұны байтып
жіберуіне де ие болады. Ойын барысында баланың ойын қуаты дамып, аяқ пен
қол қимылының үйлесімділігін артып, ойлау күші, тапқырлығы арта түседі.
Мектепалды балаларын дамытып, өсіретін әрі тәрбиелейтін негізгі іс - әрекет
осы ойын әрекеті болып табылады. Бұл кезеңлде баланың бойында адамға тән
барлық қасиеттердің негізі қаланатындықтан ойын мазмұны мен мақсатына да
асқан жауапкершілікпен қараған жөн. Ойын ешқашанда дамудың бір сатысына
жеткенде тоқтап қалмайды, қайта уақыт өткен сайын жетіле түседі.
Бала ойын өмірде көрген – білгеніне, өзіне ұнаған адамның іс -
әркетіне еліктеп отырады, соны бейнелеп ойнайды. Балада және тағы бір
қасиет бәрін өзім істеймін деп талпынады. Баланың осы талабы, тілегін
қолдап, сенім білдіріп отыру тәрбиенің ең бір ұтымды әдісі. Қай ойын
болмасын нақты бір тұрмыс ерекшеліктері мен кәсіп салалары мен тығыз
байланысты. Ойын барысында баланың мінез – құлқын, оның бойындағы жақсы
қсиеттерді қалыптастыруға ұмтылу тәрбиенің басты мақсаттарының бірі.
Ойындардың тәрбиелік мәні мен дамытушылық маңызы туралы мәселелер жан –
жақты зерттеліп келеді.
Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі ойындар мазмұндарының
саналуандылығымен ерекшеленеді. Олардың қайсысы болмасын баланың танымдық
деңгейлерін жоғарылатады, белсенді қимылдың дағдыларын қалыптастырады.
Ойындардың тәні сау, жаны таза болғандардың азамат боп өсуіндегі
маңызы үнемі басты назарда борлған жөн.
Ойындардың жүйелі, мақсатты түрде ұйымдастырылуы оның тәрбиелік
маңызын арттыра түседі. Оқу тәрбие үрдісін ұйымдастыруда ойынның орнын
бағалап, мәнін түсініп, бала тәрбиесіндегі танымдық ықпалын үнемі ескеру
қажет.
Қазіргі қоғам талабына сай рухани жан дүниесі бай, өнерлі ұрпақ
тәрбиесіндегі ойынның маңызы зор.
Ойын барысында балалардың қозғалғыш ширақтығы - бүкіл организмде
жігерлі жағдай туғызады, алмасу процестерін күшейтеді, өмірлік тонустарын
арттырады. Қимыл – қозғалыс ойындары балалардың игеріп үлгерген қимылы
дағдыларын жетілдіру және дене қабілетін қалыптастыру әдісі ретінде қызмет
етеді.
Қимыл-қозғалыс ойындары өзінің мазмұны мен формасы жағынан эстетикалық
әрекет болып табылады. Балалардың бұрын игерген қимыл дағдыларын тірек
ететін әр алуан ойын қимылдары оларға қолайлы дәлдікпен қалыптылықтан,
ептіліктен, ерекше мәнерліліктен көрінеді.
Ойындардың, әсіресе, халық ойындарының эстетикалық сипаты ойын
бастауымен, әңгімелесумен, санамақпен, байи түседі.
Балаларға музыка ерекше эстетикалық ықпал жасайды: ол балаларды
жігерлендіреді, олардың көңіл-күйін біріктіреді, қимылға эстетикалық сипат
береді.
Қимыл-қозғалыс ойындарының сан қырлы тәрбиелік маңызы, олардың мектеп
жасындағы балалар үшін ыңғайлылығы, ойындардың қуанышты, балаларды өзіне
тартатын әрекет саласын туғызады-осылардың бәрі қимыл-қозғалыс ойындарын
балалардың күнделікті өмірінің ажырағысыз бағалы серігі ретінде айқындайды.
Эмоциялық өрлеу балалардың жалпыға ортақ мақсатқа жетуге ұмтылысын
туғызады және тапсырманы айқын түсінуінен қимылдың жақсы үйлесімінен,
кеңістікке және ойын жағдайында неғұрлым дәл бағдар белгіленуінен,
тапсырманы жедел қарқынмен орындауынан көрінеді. Мақсатқа жетуге ұмтылу
қуанышы балалардың осындай әуестену кезінде әр түрлі кедергілерді жеңуге
көмектесетін жігердің ролі артады.
Қимыл-қозғалыс балалардың игеріп үлгерген қимылы дағдыларын жетілдіру
және дене қабілетін қалыптастыру әдісі ретінде қызмет етеді. Ойын кезінде
бала өзінің назарын қимылды орындау әдісіне емес, мақсатқа жетуге аударады.
Ол ойын шартына бейімделіп, ептілік көрсетіп, сол арқылы қимылды
жетілдіріп, мақсатты әрекет етеді. Ойын процесінде балалардың қозғалғыш
ширақтығы бүкіл организмде жігерлі жағдай туғызады, алмасу процестерін
күшейтеді. Ойындардың балалар үшін әр түрлі педогогикалық жіктеулері бар.
Ойындар мазмұны бойынша қимылға бөлінеді: Сюжетті қимыл-қозғалыс ойындары
шартты формада өмірлік немесе ертегі оқиғасын бейнелейді. Балаларды ойында
шығармашылықпен көрінетін ойын бейнелері қызықтырады.
Білім сапасына қойылып отырған жаңа ұстанымдарға байланысты оқу
әрекетінің мақсаттылығына,мазмұнына үлкен мән берілуде. Оқушының ғылыми
ұғымдар мен заңдарды түсініп, практикалық мәселелерді шешуге бағытталған
ойлаудың жалпы амал-тәсілдерін, дағдыларын ғана меңгеріп қоймай,
шығармашылық бағытта еңбектенуі – оқу әрекетінің негізгі мақсаты және
нәтижесі болып табылады. Сондықтан да бүгінгі қоғам дамуының ең бір басты
шарты – дені сау тұлға тәрбиелеу. Адамдар күнделікті үсті-үстіне келіп
тұрған ақпараттардың барлығын есте сақтау мүмкін еместігін және оның
қажетілігінің жоқтығына біртіндеп мойын ұсынуда. Осыған байланысты баланың
меңгерген әдіс көлемінен де, өзіне қажеті білім ала білу бейімділігі және
оны өмірде қолдана білуі маңызды. Дені сау тұлғаны тек шығармашыл ұстаз
тәрбиелей алады. Баланы шығармашыл, бойында күш-қуаты жеткілікті екендігіне
сендіру – ұстаз бойындағы құдіретті күш. Өйткені сенім үлкен жетістікке
жетелейді. Терең біліммен қоса, саналы тәрбие беру - әрбір ұстаздың
абыройлы борышы. Шәкіртіне деген мейірімділік пен сүйіспеншілік болған
жерде ғана іс нәтижелі болмақ. Сабақты түсіндіргенде мұғалім сөзінің
мазмұны мен тілі оқушыларға түсінікті, жатық, нанымды болса ғана, оқушының
көңіл – күйін, сезімін тербетіп, білімге құштарлыған арттыратыны сөзсіз.

Мектептегі дене тәрбиесі сабағында қозғалыс-қимыл дағдыларын
қалыптастыру өте маңызды, күрделі және көп салалы мәселе болып есептеледі.
Адам бойындағы дағдыларды дамытып, олардың өшуіне жол бермеу адамның рухани
күшін нығайтып, өзін-өзі тануына көмектеседі.
Оқушының өз болмысын тануға көмектесіп, қабілетін дамытып, жаңа рухани
күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады.
Қозғалыс-қимыл, іс-әрекет пен жеке тұлғаны қалыптастыру проблемасына
педагогтар, психологтар, әдіскерлердің көптеген еңбектері арналған. Көне
замандағы Антик дәуірдің өзінде-ақ ойшылдар мен педагогтар оқушылардың
өзіндік ой-тұжырымын жасауы және олардың назарын шығармашылық арнаға бұру
үшін репродуктивті және эвристикалық әдістер жайлы мәселелерге көңіл
бөлген. Ақыл-ой тәрбиесіне негізделген тәрбие теориясында баланың
айналасындағы дүниені шынайы ақиқат тұрғыда танып-білуге қызығушылығын
қалыптастыруын қарастырады.
Бүгінгі таңда жалпы білім беретін мектептің алдында жас ұрпақты
адамзат мәдени мұрасының сабақтастығын сақтай отырып оқыту, спортқа
тәрбиелеу және әрбір оқушыны жеке тұлға ретінде қарап, оның жеке тұлғасының
дамуына мүмкіндік жасау басты мақсат ретінде қойылады. Жеке тұлға өмірге
келген сәтінен бастап жалпы адмзаттың құндылықтар дамып, жас ерекшелгіне
қалыптасады. Сондықтан, білім беру мазмұнында баланы дербес қабілеттері
ескеріліп отырады. Қазақстан Республикасы ғылым және білім министірлігінің
тәрбие тұжырымдамасында: Жасөспірімдердің танымдық және психологиялық
мүмкіндіктерін жетілдіріп күнделікті өмірде білім алудың қаншалықты маңызды
екеніне көзін жеткізу қажет. Бұл кезеңде жаратылыстану – эстетикалық
бағыттағы пәндерді кеңінен енгізу керек, өйткені осы жастағы балалар
әсершіл әрі ұғымтал келеді. Бала бастауыш мектепті бітірген кезде
төңерегіндегі оқиғалар жайындағы әсерін қисынды да жүйелі баяндап,
жанындағы адамдармен ешбір қиындықсыз, белсене қарым – қатынас жасауды
үйренуге, алған білімін түсініп, өмірде қолдана білуді талап ететін
дағдыларды толық игеруге тиіс - деп атап көрсетілген[5].
Қазіргі жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы
білім мазмұны тұжырымдамасындағы білім берудің басты міндетттерін
белгілегенде оқушының, жеке тұлғаның ерекшеліктерін ескеру мәселесі және
оқушылардың оқу танымдық әрекетін ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлу
мәселелерін басты назарда ұстауға мән берілген. Бастауыш сыныптарда оқыту
мен тәрбиелеу процесінде оқушылардың оқу – танымдық әрекеттерін дамыту
қажеттілігі қоғам талаптарынан да туындайды. Қазір қоғам дарынды, қабілетті
адамдарды қажет етеді, өйткені қазіргі кезеңде мамандық атаулының барлығы
білімділікті, ептілікті, шапшаңдықты, ерекше ой қызметін, мол шығармашылық
мүмкіндікті талап етеді.
Адамның ақыл – ойын, денсаулығын, қабілетін дамыту мәселелеріне
бірнеше күрделі еңбектерін тікелей арнаған шығыстың әйгілі ойшыл ғалымы Әл
– Фараби Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды
айтып берейін деген екен [6]. Оларды заман талабына сай білімді,
мәдениетті, интеллектуалды азамат етіп шығаруда ұстаздар қауымының міндеті
зор. Білім берудің қазіргі жаңа құрылымы мен оқу - әдістемелік мазмұнының
өзгеруі мұғалімдерден өз кәсіби шеберліктерін шыңдауды, жаңартуды талап
етеді.
Мектептегі мұғалім ой - өрісі жаңашыл, дүнитану мәдениеті жоғары,
ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, тынымсыз еңбеккер, терең қазыналы
білмпаз, кез – келген ортаның ұйытқысы, рухани бай, шеберліктің шыңына
шыққан ұстаз болуы қажет.
Дене тәрбиесі мен спорттағы бірегей оқытып үйрету және тәрбиелеу
процесі тек ғана дағдылары мен біліктілігі арнайы спорттық қабілеттерді
дамытуға бағытталып қана қоймайды, сонымен бірге адамды жеке тұлға ретінде
қалыптастырады.
Жеке тұлғаның қалыптасуы тәрбиенің барлық жүйесі арқылы қамтамасыз
етіледі және адамның сан түрлі қызметі түрлерінде әлеуметтік айқын
белсенділігі процесінде жүреді.
Кемеліне келіп дамыған қазіргі қоғам жағдайындағы адамның еркі мен
міндетінің өзара байланыстылығына Егеменді еліміздің өскеоең өнегелі
ұрпақтарының өмір бейнесі қызмет етеді.
Дене тәрбиесі тұлғаның рухани-адамгершілік деңгейіне: мақсатқа жету
жолындағы табандылық, ерік-жігерлілік, төзімділік, қоғамдық белсенділік,
адамдармен тіл табыса білу қабілеті (әр түрлі топта, ұжымда бірлескен еңбек
ету білігі), тез шешім қабылдай білуі мен бірыңғай тәртіпке үйренуі секілді
тәрбиелік міндеттерді қалыптастыруда ықпалы зор. Мысалы: спорттық жарыс
барысында сақталынатын бірыңғай тәртіп ережелері ойыншылардың мінез-құлқы
мен адамгершілік-этикалық көзқарасын қалыптастырады. Сонымен қатар, дене
тәрбиесінің салауатты өмір салтын сақтап, жеңіл қозғалыс, сұлу бітім,
ептілік пен икемділікті қалыптастыруы бүгінгі заманның озық ойлы азаматына
ең қажет қасиеттер болып саналады. Бір сөзбен айтқанда, дене жаттығулары
мен дене тәрбиесінің жан-жақты жеке тұлға қалыптастырудағы ықпалы зор.
1.2. Мектептерде жасөспірімдердің қозғалыс белсенділігін дене жаттығулары
арқылы қалыптастыру
Егеменді еліміздің келешегі үшін дені сау, рухы биік жеке тұлғаны
мектепке дейінгі кезеңнен қалыптастыру бүгінгі таңғы өзекті мәселлелері
болып отыр.
Адамның жан мінезінің дамып жетілуі, әлеуметтік өмірге бейімделіп,
тіршілік етуі әртүрлі іс - әрекеттермен шұғылдану барысында қалыптасады.
Балалардың денсаулығын нығайтып, денесінің дұрыс дамуын қамтамасыз ете
отырып, біз оның жан – жақты дамуына қажетті жағдайлар жасаймыз. Бала дене
тұрқы тез жетіліп, өседі. Дегенмен, шын мәніндегі, сымбатты да шымыр, ширақ
дене тұрқы дұрыс ұйымдастырылған дене тәрбиесі шаралары арқылы ғана қол
жеткізумен мүмкіндігі бар құбылыс.
Болашақ қоғамның тізгінін берік ұстайтын, жан – жақты жетілген
тәрбиелеп өсіру бесіктен, баланың нәрестік кезеңінен бастап, ұдайы дамыта
тәрбиелеу барысында ғана қалыптасатын ұзақ үрдіс болғандықтан, білім,
дағдыларды меңгерту оның жас дамуы ерекшеліктеріне орай біртіндеп, сатылай
іске асыруға міндетті.
Дене тәрбиесін өз кезіндегі педагогикалық маңызды процесс ретінде
қарастырумызға болады. Оның басты мәні жеке тұлғаның дене білімнің
толыққанды өсіп жетілу және өмірлік маңызы зор қозғалыс ептіліктерін
меңгеруіне бағытталған, сонымен қатар осы мазмұндағы білімдерді игертуді де
мақсат етеді. Дене тәрбиесі оқу- тәрбие салаларының барлық түрлерімен тығыз
байланысты бола отырып баланың өсіп – жетілуіндегі басты және жетекші құрал
ретінде саналады. Бала дене дамуы үрдісінде оның қимылдық әрекеттерінің
тағылымдық және маңызы жалпы тәрбие мәселелері қатарында қарастырылады.
Дене дамуы – ақыл – ойы, еңбек әрекетінің дамуымен де тығыз
байланысты[7,8]. Әсіресе, ақыл – ой тәрбиесімен тығыз бірлікте алып
қарастыруымызға болады. Өйткені, дені сау, көңіл – күйдегі бала, қоршаған
ортадағы құбылыстар мен көріністерге барынша байыппен назар аударып, ондағы
гормониямен әсемдікті шынайы қабылдай алады, өзі де әсем көрінуге тырысып
және де әсем қозғалыстар жасап, әдемілікке талпынады. Дене тәрбиесі ең
алдымен баланың денесін жан – жақты шынықтыруға және өмірлік маңызы зор
негіздері қимылдарын жетілдіруге бағытталған. Сонымен қатар, баланың
денсаулығын сақтау және нығайту, мәдени гигиеналық дағдылы мен әдептерді
қалыптастыру, бала денесінің шынығуы, балалардың жүру, жүгіру, секіру,
өрмелеу, лақтыру т.б. негізгі қимыл әрекеттерін дамытуды да мақсат етеді.
Осы мақсаттарды негізге ала отырып, жан – жақты үйлесімді дамыған бала
тұлғасын қалыптастыруға ықпал ететін мүмкіндіктерді барынша пайдалану
қажет. Адам ағзасы жаратылысынан біртұтас дүние, оның дене мүшелері бәрі де
бір – бірімен және сыртқы ортамен тығыз байланысты екені заңсыз. Балалардың
дене күтімі, олардың жан – жақты өсуіне қолайлы мәдени – тазалық сақтау
жағдайларын жасаау, жас ерекшелігіне сай күн тәртібін барынша сақтау,
жасына сай тамақтану мөлшері, күнделікті ертеңгілік жаттығулары, қимылды
ойындары – дене тәрбиесінің басты құралдары болып табылады.
Бала денесінің дұрыс дамуы үшін алдын – ала тәрбие мақсаты мен
әдістерін, құралдарын белгілеп алудың маңызы зор. Сонымен қатар қоғамдық
тәрбие орындарының отбасымен тығыз байланысты болуы да маңызды. Өйткені
баланың өмір жағдайы, баланың тамақтану режимі, табиғаттың жаратылыс
факторларын пайдалану, дене шынықтыру жаттығулары мен ойындарды тек тәрбие
орындарының ғана емес отбасы да өз кезінде мән беру тиіс жағдайлар.
Дене тәрбиесінде дене жаттығулары арқылы сауықтыру міндетіне ерекше
назар аударылуда. Себебі мәліметтер бойынша бастауыш сынып оқушыларының 72%-
ында дене сымбатының бұзылуы, 30-40%-ында жүрек - қантамыр жүйесінде
ауытқушылық байқалған, қыздардың
50%-ы, ер балалардың 20%-ында артық салмақ байқалып отыр. Жылдан жылға бұл
мәліметтер саны 10-15%-ы артып отырғаны байқалады [9].
Біздің пікірімізше, дене тәрбиесінің негізгі мақсаты – қоғамдағы
кешенді тәрбие процесінің бөлігі ретінде, адамгершілік, рухани, ақыл-ой,
ойындар арқылы тәрбие бағыттарымен бірге тұлғаны дамыту. Аталған мақсат пен
бекітілген оқу бағдарламаларына сәйкес мектептегі дене тәрбиесі міндеттері
төмендегідей:
- оқушылардың дене мәдениеті саласындағы ғылыми-жаратылыстану
дүниетанымын қалыптастыру;
- еңбек ету қабілеті мен денсаулықты нығайту, спорттық жаттығуды
ұйымдастыруға қажетті әдістемелік-нұсқаулық білікті қалыптастыру;
- дене жаттығулары, ойындар арқылы адам ағзасы мүмкіндіктерін кеңейту;
- түрлі қозғалыста білік және дағдылар негізінде оқушылардың дене
тәрбиесін байыту;
- қалыпты дене дамуы арқылы денсаулықты нығайту;
- адамгершілік ерік-жігер сапасын арттыру, тұлғаның жеке қасиеттері мен
психологиялық процестерді жетілдіру;
- дене жаттығулары мен жүйелі айналысуды қалыптастыру, олардың
денсаулыққа пайдасы мен нәтижелі өмір әрекетіне тигізер ықпалын сезіндіру.
Дене тәрбиесі міндеттері осымен шектелмейді. Аталған жалпы міндеттер
негізінде оқу, қалыптан тыс, мектептен тыс және кәсіби-қолданбалы дене
тәрбиесі саласында арнайы міндеттер қойылады.
Сонымен қатар, дене тәрбиесі жүйесінің жалпы міндеттеріне сәйкес тек
төменгі сынып оқушы үшін (бастауыш дене тәрбиесі білімі), орта мектеп
жасындағы оқушы үшін (негізгі) және жоғары сынып оқушысы үшін (жалпы орта
дене тәрбиесі білімі) жас ерекшеліктері мен дене дамуына сәйкес арнайы
жекеленген міндеттер белгіленеді. Одан әрі міндеттер оқу жылына, оқу
мақсаты мен сабақтар жүйесіне сәйкес тақырыптарға біріктіру арқылы әр
сабақтың өзіндік міндеттері айқындалады. Яғни, дене тәрбиесі жүйесінің
негізгі мақсаттары бірнеше ондаған және жүздеген санқырлы және деңгейлі
міндеттерден құралады.
Дене тәрбиесі жүйесінде табиғаттың жаратылыс күшін пайдалану екі
бағытта жүзеге асырылады:
1) Табиғатгың жаратылыс күші дене жаттығулары үшін қолайлы жағдайлар
жасайтын көмекші қозғаушы күш есебінде пайдаланылады. Оның себебі, олар
адам ағзасының әсер ететін қозғалыс күштерінің тиімділігін күшейтеді және
толықтырылып отырылады.
2) Табиғаттың жаратылыс күштерінің әсері — aya және су ваннасы, күн
сәулесі арқылы шынығу сауықтырудың тиісінше жеке дара құралы есебінде
пайдаланылады. Еңбек және оқу қызметінің күн тәртібінде енгізілген бұл
процедураларының қолайлы әсері белсенді түрде демалу түріне жатады және
қайта қалыпқа келу тиімділігін арттырады. Табиғаттың жаратылыс күштерін
тиімді пайдаланудың басты талаптарының бірі, оны жүйелі және кешенді түрде
дене жаттығуларымен байланыстыра отырып қолдануға болады. Ал бұл күштердің
тиімді мөлшерін анықтап қолдануда оқушылардың дайындық деңгейі мен сабақ
алдында қойылатын педагогикалык міндеттердің сипатын еске алған жөн.
Жоғарыдағы айтылған талаптар ескерілген кезде денені шынықтыру, еңбек
ету және оқу қызметтерінің сапалары артады. Жоғары жүктемесі бар
жаттығуларды жасауға мүмкіндіктер туғызып, жұмыс қабілеттілігін арттыру
жағдайлары жасалады.
1. Әсер етудің тұтастығы дене жаттығуларының соңғы нәтижелілігін
анықтаушы күштердің әсері есебінде дене жаттығуларының әр түрліжүйесі
түрінде дене тәрбиесінің негізгі құралдарын қолдануды қарастырады.
Сонымен қатар гигиеналық және метрологиялық әсер ету шараларын
қамтиды.
Көптеген әдістердің адам ағзасына тигізер әсері әр түрлі. Олар
өздеріне тән белгілері бойынша типтік құралдардын белгілі бір жиынтығын
біріктіреді. Ал әрбір нақты құралды қолданудың әр түрлі әдістері бар
(мысалы, әр түрлі шапшаңдықпен 500 метрге жүгіру).
Дене тәрбиесіндегі қолданылатын әдістер бір-бірімен тығыз байланыста
болады және олар сан жағынан шектеусіз болуы мүмкін. Осыдан барып екі
әдістемелік ереже туындайды: әдістердің көптігі, бір жағынан, керекті
әдісті таңдап алуға үлкен қиыншылық келтіреді. Ал екінші жағынан, кез
келген педагогикалық міндеттерді шешуде кең мүмкіншіліктер туғызады.
Қозғалыс-қимыл жаттығуларының ілімін білу мұғалімнің алдына қойылған
педагогикалық міндеттерге сәйкес, ең тиімді дене жаттығуларын іріктеп
алуына мүмкіндік береді. Қозғалыс-қимыл жаттығуларының педагогикалық
топтастырылуын өз мәнінде өткізуге, қосымша құралдармен біріктіре отырып,
сауатты қолдануға, пайдалануға мүмкіндік береді.
"Дене жаттығулары" деген түсінік адам қозғалысы мен қозғалыс іс-қимылы
туралы түсінікпен байланысты. Ал қозғалыс дегеніміз адам ағзасының моторлы
қызметі есебінде, дененің және оның мүшелерінің өзгеруі деп ұққанымыз
дұрыс[10].
Әрбір қозғалыс үш белгіменен сипатталады:
ол әр уақытта сананың қызметі болады;
ол адамның өмірлік қызметі барысында қалыптасады;
қозғалысқа үйрету, үйренушінің өз еркіне бағыну дәрежесін
арттырады.
Еркін қозгалыс әр уақытта саналы түрде болғандықтан, ол адамға
тұтастай тұлға есебінде әсер етеді.
Жеке қозғалыстар қимыл бөлшектері болып табылады. Қозғалыстың өзара
арасындағы байланысты қимыл жүзеге асырады. Мысалы, аяқтың, қолдың,
кеуденің, бастың қозғалысының белгілі бір жүйесі оқушыға секіру түрінде
қимыл жасауға мүмкіндік береді, сондай қозғалыстар мен әр түрлі қимылды
орындауға және керісінше бір және сондай кимылды әр түрлі қозғалыспен
жүзеге асыруға болады. Бұл былай түсіндіріледі: мысалы, белгілі бір кезекті
қимылда шапшандықтың шайқалу шегі т.б. әр түрлі сипатта болуы мүмкін.
Қозғалыс жүйесінің сәйкестігі және сипаты қойылған міндетті шешуде қимылдың
нәтижелілігімен анықталады. Сонымен, нақты міндетті шешуге және осы негізде
белгілі бір жүйеге біріктірілген қозғалысты, қозғалыс-қимылын кұрайды.
Қимылды адам қызметінің жүзеге асуының нақты әдісі деп кдааған жөн.
Мысалы, дене шынықтыру сабағында оқушының оқу қызметі мемлекеттік
бағдарламада көрсетілген. Қимыл әлеуметтік мәселеге ие, себебі оқушы
қоғамдағы ілім мен тәжірибеге сүйене отырып оны үйренеді. Сонымен қатар бір
педагогикалык міндетті шешуге бағытталған қимылдар кездеседі. Мысалы, қысқа
қашықтыққа жүгіруді, үзындыққа қарғуды, биіктікке секіруді, кіші допты
лақтыруды игеріп, 6-шы сынып оқушысы Президентгік сынамалардың жеңіл
атлетикалық тарауының талаптарын орындауға өзін дайындайды. Көптеген
қимылдар оқушының өзіндегі білім, дағды негізінде, қозғалыс дағдысына және
сол қимылды орындауға қажетті бір мөлшердегі қайталаулар нәтижесінде
қалыптасады.

ІІ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІН ҚИМЫЛ-ҚОЗҒАЛЫСТЫ ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ
2.1. Дене тәрбиесі сабағында ұлттық қозғалыс-қимыл ойындары
Әрбір ұлт ойындарының бойында әлеуметтік – педагогикалық негіз бар.
Өйткені ұлт ойындарының әуел бастағы қызметі баланы алдандырып қою емес,
қайта оны сан қырлы өмірге әзірлеу, оның сырларымен жақын таныстыру,
табыстыру, ұштастыру болып табылады. Қоғамдық өмір деген не, әлеуметтік
ортада адам арасындағы қатынас қалай пайда болады.?
Қозғалыс-қимыл ойындарын оқушылардың денешынықтыру іс-әрекетін ұйымдастыру
барысында пайдаланбас бұрын оның қасиеттерін жете түсініп, шығу тегін,
пайда болу логикасын, бала өміріндегі алатын орнын жете түсініп алуы шарт.
Сондай-ақ, ойындарды көбірек білуге ұмтылуы қажет, ойын қолданылатын дене
жаттығуларының әдістерін жақсы меңгеруі тиіс., оның ерекшелігін жақсы
түсінуі қажет. Денешынықтыру сабақтарында белгілі бір ерекшелікті сақтай
отырып, оқушылардың қажетті мөлшерде еркіндігіне нұқсан келтірмей, ойын
элементтерін орынсыз ұсына бермей, оқушыны тым еркінсітіп жібермей, олардың
пікірлерімен де санасуды қадағалау керек.
Ойындарды дұрыс қолданудың бір шарты: оқушылардың жас ерекшеліктерін
есепке ала білуінде. Мысалы, бастауыш сынып оқушыларына денешынықтыру
тәрбиесінде ойынды тұтас қолдану қажет болса, ал орта буын сыныптарда
ойынның мазмұнын, идеясын алып оны басқа да дидактикалық материалдармен
ұштастыра қолдануға болады[11,12].
Ойындарды туристік іс-шараларды өткізуде нұсқаушылардың алдына
қойылатын негізгі шарттардың бірі – оқушылардың тіл байлығын арттыру,
тілінің мүкісі бар кекеш балалардың ойын элементтерін қолданылғанда басқа
оқушылармен елігіп, өз кемшілгін ұмытатындай жағдайға жеткізу мақсатын
көздеуі тиіс. Мұндай ойынның туристік жорықтардағы демалыс уақыттарында
пайдаланылатын түрлеріне жаңылтпаштар, жұмбақтар, мақал-мәтедер жатады.
Олар әрі тілді, әрі ақыл-ойды дамытуға, демалыс сәттерін тиімді пайдалануға
септігін тигізеді.
Ұлт ойындарын бір күндік, бірнеше тәуліктік күрделі туристік
жорықтарда, табиғи жағдайдың қолайсыз сәттерінде пайдалану оқушыларды өзін-
өзі еркін ұстауға, қысылып – қымтырылмауға, басқаларман тіл табысуға,
жолдастық, достық сезімінің оянуына мүмкіншілік жасайды., ұжымдық тәрбиенің
не екенін ерте білуге, ұжымдық ойды жинақтай білуге жетелейді.
Қазақтың ұлттық ойындарын пайдалануда педагогикалық шарттарға сай
жұмыс істейтін болса, жаттығу әдістерін ұйымдастыру барысында игерілетін
ұлттық ойындардың тәрбиелік мазмұнын оқушылардың саналылықпен еркін
меңгеруіне толық мүмкіншілік туады.
Даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлы өсиет еткеніндей:
Қайратыңа әдісіңді жолдас ет, Әдісіңе ақылыңды жолдас ет - демекші, қазақ
халқының тұрмыс – салтқа, тарихи - әлеуметтік жағдайға байланысты
ойындардың көпшілігі тәлім – тәрбие саласында зор педагогикалық құралға
айналуда.
Қозғалыс-қимыл ойындарының дене тәрбиесіне лайықтанған дәстүрі өте
көп. Ойын тек қана көңіл көтеру ғана емес, қазақ халқының әлеуметтік
өміріне байланысты болашақ ұрпақтың дамуына, жетілуіне, қалыптасуына,
шынығуына ықпал етіп, ойлы, сергек болып қалыптасуы үшін және тәрбиелеу
негізінде алуан түрін ойлап шығарған. Солардың ішінде қазақша күрес,
көкпар, аударыспақ, найзаласу, жамбы ату, қыз қуу, тоғызқұмалақ, алтыбақан,
ақсүйек, т.б. белгілі. Әсіресе, қазақша күрестің өз ерекшелігі (ұлттық
мәйегінің бірі) бар, бұл – баланы шынықтырудың ең қажетті құралы. Сонымен
қатар көкпар – денешынықтыру тәрбиесінің ұлттық мәйегінің бірі деуге
болады.
Тоғызқұмалақ – ойлау жүйесін дамытатын ұлттық ойын.
Аударыспақ – ер азаматтың атқа шауып, күш сынасудағы күштілігін, ептілігін
көрсететін халықтық ойын. Найзаласу, жамбы ату – күш – қуатты арттырып,
ептілік пен мергендікті қалыптастырады.
Қыз қуу – жігіттің жігерлігін, батылдығын, атбегілік еңбегі мен өнерін
сынайтын дәстүрлік ойын.
Алтыбақан – қазақ халқының дене шынықтырып, көңіл көтеруі үшін
шығарылған ұлттық ойыны.
Ақсүйек – бағдарлық сезімді дамыту үшін, денені шынықтыру үшін
шығарылған ұлттық ойын. Жүгіріп ойнайтын ойын болғандықтан, ақсүйек денені
шынықтырады, шапшаңдыққа, батылдыққа тәрбиелейді. Әлсіз денеге ауру
ұялайды дейді халық. Сондықтанда шынығу, сергу үшін қажет деп
бағаланған[13,14].
Әрбір әдепті ұрпақ халық дәстүрін, ата кәсібін, халық мұрасын жоғары
бағалайды. Ата кәсіп – атадан балаға ауысып келе жатқан тірішілік мұрасы,
мұрагер жалғастыратын дарынды әрекет болса, халық дәстүрі имандылыққа,
қайырымдылыққа, мейірімділікке тәрбиелейді.
Жасөспірімдерді тәрбиелеудің аса маңызды мәселелерін шешу, олардың
қозғалыс дағдыларын арттыру бүгінгі күннің аса маңызды ісі екені анық.
Сондықтан мектептерде жасөспірімдерді жан-жақты тәрбиелеу – басты
міндеттердің бірі болмақ. Рухани байлығымыздың тереңдей түсуі
мемлекетіміздің өсіп-өркендеуіне ықпал жасайтыны анық. Жастар санасын
мәдениетке, адамгершілікке үйретудің негізі – тәрбиеде жатқанына назар
аударуымыз тиіс. Жастарды жан-жақты тәрбиелей отырып, олардың сана –
сезімін рухани жақтан байытуда мектеп оқушыларына соның ішінде бастауыш
сыныптарына арналған денешынықтыру сабақтарында тәрбиелік әдіс –
тәсілдерді орындаудың аса қажет екендігі қазіргі таңда белгілі болып отыр.
Мектеп оқушыларының сана-сезімін оятудың педагогикалық жолдарын дамыту,
оқушыларды дене тәрбиесі сабағында ойындар арқылы тәрбиелеудің әр түрлі
әдістерін ойлап, оны жолға салу бүгінгі күннің аса маңызды мәселелерінің
бірі. Қазақ елінің болашағын айқындайтын, оны тұрақты даму деңгейіне
көтеретін бірден – бір құндылық ол – жасөспірімдердің қозғалыс-қимыл
дағдыларын тәрбиелеу[15,16].
Қозғалыс пен қимылдың баяндалған сипаттамасының негізінде дене
жаттығуларының ілімі құрылады. Дене жаттығулары деп адам денесін жетілдіру
үшін жасалған және қодцанылатын қозғалыс-қимылдарын атайды.
Кез-келген қозғалыс-қимылдары дене жаттығулары деп аталмайды. Тек қана
дене тәрбиесінің міндеттерін шешуге және оның заңдылықтарына бағынатын
қимыл ғана дене жаттығуларын құрайды.
Жаттығу деген сөз адамның дене, психикалық қасиетіне әсер ету
мақсатында, кимылдың қайталануына бағытталған және осы қимылдың орындалу
әдісін жетілдіруді көрсетеді.
Сонымен, дене жаттығулары, бір жағынан, нақты қимыл есебінде екінші
жағынан, көп рет қайталанатын жүмыс барысы ретінде қарастырылады.
Сонымен қатар дене жаттығулары бірнеше өзіне тән белгілерімен
айқындалады, олар:
1. Дене жаттығулары арқылы педагогикалық
міндеттер
(салыстырмалы түрде айтқанда, дене жаттығулары "өзіне", өзінің жеке
денесін жетілдіруге бағытталған), еңбек қимылы өндірістік міндеттерінің
(қимыл өндірістік қызметке бағытталған) шешілуіменен айқындалады.
Дене жаттығулары дене тәрбиесінің заңдылықтарымен байланысты,
ал еңбек қимылы өндірістік заңдылықтарымен байланысты орындалады.
Дене жаттығуларының еңбек және түрмыстық қимылмен сыртқы ұқсастығы
бірін екіншісімен алмастыруға негіз бола алмайды. Оның себебі дене
жаттығуларының үзақтығы, жиілігі, сонымен қатар орындау
әдісінің
шүғылданушының ағзасына тиімді әсер етуіне бір жағынан, екінші жағынан
ең жоғары нәтиже көрсетуге мүмкіндік беретін заңдылықтарына ғана
бағынады.
Тек кана дене жаттығуларының жүйесі адамның барлық қасиеттері
мен дене мүшелерінің тиімді қатынаста дамуына мүмкіншілік жасайды.
Қимылды қүрайтын козғалыстың орындалуы бірдей емес, сондықтан да
әдістің негізін және оның бөлшектерін айыра білу жөн. Бүл сәтте екі қағида
есепке алынады. Біріншісі, қозғалыс-қимылдары түтастай болуға тиісті дейтін
болсақ, оған кіретін әрбір қозғалыстың орындау сапасына тәуелді. Екіншісі -
әдіс негізі және оның бөлшектері деген түсінік мұғалім қызметінде екі жақты
орындалады. Бірінші жағдайда ол қимылды талдауға және жаттығулар күруға
пайдаланылады, екіншісінде оқу барысының өзі үшін, оқушыларын бағыттау үшін
пайдаланылады.
Қозғалыс қимылын талдауда оның әдісінің негізі деп сол кимылдың арнайы
белгілерін бейнелейтін қозғалыстарды және белгіленген қимылды орындау үшін
міндетті қозғалысты есептейді. Әдіс негіздерінің бір қозғалысын орындамау
кимылдың тұтастай дүрыс болмауына әкеліп соғады. Мысалы, үзындыққа секіру
кезінде аяқ-қолдың қызметіне байланысты орындалу әдістік ерекшеліктерін
байқауға болады.
Әдістің негізі жетекші бөлшектерден қүралады. Осы бөлшектердің тиімді
орындалуы көрсеткіштерге тікелей байланысты екендігін байқауға болады.
Мысалы, тіреп секіруде қолмен итеру негізгі бөлшек екендігін және нәтиженің
осы қозғалысқа тікелей тәуелді екенін аңғару қиын емес.
Қозғалыс-қимылына үйреткен кезде әдістің негізі мен бөлшектерін жеке
бөліп қарау, қозғалыс міндеттерінің мазмұнына байланысты[15,16]. Егер осы
қозғалысты игеру үшін адам бойындағы қасиеттерінің ең жоғары
мүмкіншіліктерін көрсету қажет болатын болса (шапшаң жүгіріп өту, биікке
секіру т.б.) негізгі әрекеті кинематикалык сипаттама тұрғысынан болады, ал
бөлшегі ретінде динамикалық сипаттама да болуы мүмкін.
Егер қозғалыс міндетгері орындалатын қозғалыстың белгілі бір үлгіге
(гимнастика, суға секіру т.б.) сәйкес келуін талап етсе, онда қимылдың
негізі есебінде динамикалық, ал бөлшегі ретінде дене қозғалысын тексеру
(кинематикалық) сипаттамасы болады. Сонымен қатар кез келген қозғалыс
міндеттерін шешу қажетгі қимылдың шапшаңдығына және шектелген уақыт
жағдайында оны орындаудың дәлдігіне байланысты болса, онда динамикалық және
кинематикалық сипаттаманың маңыздылығы атқаратын қызметтің нақты сол
кездегі жағдайына байланысты. Бір жағдайда негіздің есебінде динамика,
екінші жағдайда кинематика қызмет атқарады. Сөйтіп, қозғалыс міндеттерінің
сипатын, қозғалыс негізінің мазмұнын анықтайды және оқушылардың
байқампаздық қасиетгерін арттырады.
Дене жаттығуларын үйрете отырып немесе басқа да педагогикалық
міндеттерді шешу үшін оны қолдана отырып, (мысалы, дене қабілеттілігін
дамыту үшін) мынаны ескерген жөн, біріншіден, пайдаланып отырған жаттығудан
мүмкін болатын тиімділік немесе осы жаттығулар арқылы қандай міндеттерді
шеше алатындығымызды (білімділік, тәрбиелілік, сауықтыру) білу; екіншіден,
оның қүрылымы, үшіншіден, дене жаттығуларын бірнеше рет қайталаған жағдайда
жаңа әдістерді қарастыру (жаттығуды тұтас немесе бөлек-бөлек жасау немесе
қайталау аралығында белсенді немесе жәй демалыс беру). Дене жаттығуларының
осы сипаттамасы қойылған педагогикалық міндеттерді шешу үшін дене тәрбиесі
сабағы кезіндегі пайдаланатын құрал-жабдықтарды және пайдаланатын әдістерін
іріктеуді міндеттейді.
Дене жаттығуларының пайдалы әсері жүктеменің қайталануы тиімді
болғанда ғана дұрыс болады. Қайталануы қимылдың ұзақтығына, оның жиілігіне
және қайталау арасындағы демалыс сипатына, бастапқы қалпына тәуелді.
Қайталауды реттегенде айтылған барлық кезеңдердің өзара іс-қимылын есептеу
қажет. Мысалы, жаттығудың ұзақтығын арттыру оның жиілігін азайтумен қоса
жүргізіледі.
Дене жаттығуларының нәтижелілігі оның орындалу әдісіне тәуелді.
Мысалы, арқанға үш әдіспен өрмелеу, еркін әдіспен өрмелеуден гөрі тиімді,
сондықтан да мұнда жоғары нәтижеге жетуге мүмкіншілік мол.
Дене жаттығуларын орындау белгілі бір мезгілге дейін сақталатын адам
тұлғасына тән өзгерістер әкеледі. Соның нәтижесінде келесі жаттығулардың
әсері тиімділік жағынан өзгеріске ұшырауы мүмкін.
Алдыңғы және келесі жаттығулардың қасиетін арттыруға арналғаи
жаттығулар күрделі қимылдарды игеруге қолайлы жағдайларды туғызады немесе
төмендеуі мүмкін (мысалы, алға карай аунап түсуден кейін тепе-теңдік
жағдайында қимыл жасауға үйретуде қиыншылыктарға әкеп тірейтін жағдайлар
туындайды). Бүндай әсерлердің қаншалықты үзаққа баруы оқушылардың дайындык
деңгейіне тікелей байланысты. Жаттығулардың тиімділігін есепке алып отыру
кейінгі жаттығулар жиынтығының кешенін (комплексін) жасауда шешуші
талаптарды қүрайды.
4. Гигиеналық талаптар дене тәрбиесі жүйесінің сауықтыру бағыты
бар қағидаларын жүзеге асыруда шешуші қозғаушы күш болып табылады.
Оның ең басты мақсаты — дене жаттығуларын адамның өмір қызметінің
құрамдас бөлігі ету. Екінші жағынан, дене жаттығуларының тиімділігі тек
қана гигиеналық талаптарды сақтаған жағдайда ғана жоғары болмақ. Дене
тәрбиесінің арнаулы құралы болмаса да, гигиеналық талаптар дене тәрбиесі
міндеттерін толық өз дәрежесінде шешуде үлкен маңызға ие болады.
Қаншалықты педагогикалық жүйе жақсы ұйымдастырылғанымен,
тамақтану тәртібі (режимі) бұзылып жатса, керекті мөлшерде ұйықтамаса,
жаттығулар тазалық жағдайы жоқ жерде өткізілсе, онда педагогикалық
жүмыс барысы ешқашан да күткендегідей нәтиже бермейді. Сондықтан да
дене тәрбиесі бойынша мектеп бағдарламасында оқушылардың гигиеналық
талабының көлемін анықтайтын ілімдік материалдар көрсетілген[17,18].
Гигиеналық талаптар, шартты түрде екі топқа бөлінеді:
1) Дене тәрбиесінен тыс, адамның өмір қызметін қамтамасыз ететін
жағдайлар (еңбек, оқу, тұрмыс, демалыс, тамақтанудың жеке және қоғамдық
гигиенасының талаптарға немесе дене жаттығуларымен толықтай шұғылдануға
қажетті алғышарттарды қамтамасыз ететіндері);
2) Дене тәрбиесі жүйесінде тікелей енгізілген жағдайлар: гигиеналық
талаптарға сәйкес түсетін салмақ және демалу күн тәртібін тиімді пайдалану,
арнайы жарыс жолындағы тамақтану, сыртқы күш әсерін тигізетін жағдайларды
жасау (aya тазалығы, жарықтың жеткіліктілігі, құрал-жабдықтарының
жарамдылығы, киімнің ыңғайлылығы т.б.).
5. Метрологиялық қозғаушы күштерінің әсер ету заңдылықтарын біле отырып,
дене жаттығуларының жоғары тиімділігіне жетудің қолайлы
жағдайларын анықтауға мүмкіндік беретін қозғаушы күштер тобын
құрайды. Адам тұрақты түрде қоршаған ортамен өзара байланыста болып,
сол ортаға бейімделіп, оған өз әсерін тигізеді. Күн сәулесінің, aya мен су
температурасының, ылғалдылықтың, ауаның тазалығының, атмосфералық
қысымның үнемі өзгеріп отыруы, ағзада физиологиялық және
психологиялық әсер етулер (реакциялар) тудыратын елеулі биохимиялық
өзгерістерге әкеледі. Осы айтылған жағдайлардың барлығы дене
жаттығуларының тиімді орындалуына, адамның жүмыс қабілеті мен
денсаулық жағдайының жақсаруына немесе төмендеуіне
тікелей
байланысты. Сол себептен де, оқушылар дене жаттығуларын орындаған
кезде сыртқы қозғаушы күштердің әсерін есепке алып отыруы қажет.

2.2. Баланың дене қимыл қозғалысын дұрыс қалыптастыруда қимылды
ойындарды пайдалану әдістері
Қазіргі қайта өркендеу, ұлттық мәдениет пен салт – сананың жаңғыру
кезеңінде баспа беттерінде ұлттық ойындар, оларды қолдану жөнінде жазылған
бірсыпыра мақалалар, құнды еңбектер пайда бола бастады. Солардың ішінде Е.
Сағындықовтың Қазақтың ұлттық ойындары атты оқу құралында халқымыздың
тарихи – мәдени мұраларының бірі және халық педагогикасының құрамды бір
бөлігі ұлттық ойындарының тууы, дамуы, олардың ауыз әдебиетіндегі үлгілері,
қазақтың ұлттық ойындарының зерттелуі мен жиналуы, олардың жинаушылары
туралы сөз болады[19]. Автор қазақтың ұлттық ойындарының тақырыбына,
мазмұнына және ондағы көзделген мақсатына байланысты негізінен үш салаға
топтастырып қарастырған. Олар: ойын – сауық, тұрмыс – ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесі
Дене шынықтырудың міндеттері
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі
Оқушыларды коньки спортына тәрбиелеу жолдары
Дене шынықтыру жүйесі қызметінің негізгі бағыттары мен шарттары
Дене тәрбиесі ерекшеліктерін анықтау
Дене шынықтыру сабақтарындағы дене тәрбиесінің принциптері
Дәрістер бойынша қысқаша конспект
Дене тәрбиесі сабағында салауаттылық өмірге тәрбиелеу
Балалардың шыңығуы мен денесінің жетілуін дамытуда спорттық жаттығуларды пайдаланудың рөлі
Пәндер