Су туризмі



Жоспар

1. Су туризмі

2.Туған өлкенің тамашасы

3. Шалқар рекреациялық демалыс аумағы

4. Имантау демалыс аумағы

5.Сергеев суқоймасы

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Бүгінде әлемнің көптеген елдерінде туризм саласы дамудың басым бағыттары ретінде экономиканың тірегі, қаржы көзі болып саналады. Сондықтан да отандастарымыз жылына бір келетін демалыстарында Қара теңіз жағалауындағы демалыс орындары мен Ыстықкөлге аттанып, таза ауада тынығып, мөлдір суына шомылып, жан рахатын бастарынан өткереді. Қарап отырсақ, туризмді дамытуға, оның игілігін көруге елімізде, оның ішінде Алматы облысында мүмкіндік бар. Осыдан да болар Қазақстандағы туризм кластерін дамытуға ең қолайлы аймақ ретінде жерұйығы Жетісу таңдап алынғаны.
Дамудың басым бағыттарының бірі - бәсекелестікке қабілетті туристік индус­трияны қалыптастыру мақсатында елімізде 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама әзірленсе, облыс көлемінде осыған орай атқарылатын іс-шара жоспары жасалған. Бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында биылғы жылы жергілікті бюджеттен 18 млн. теңге қаржы бөлінсе, 2007-2009 жылдарға облыстық бюджеттен жалпы 59 млн. теңге көлемінде қаржы қарастырылған.
Облыс экономикасына тигізер мүмкіндігі мол саланы дамыту мақсатында өткен жылы атқарылған игі істер қатарына - ақпараттық-жарнамалық өнім шығару, халықаралық, республикалық туристік шараларға қатысу арқылы облыстың туристік имиджін қалыптастыру бағытындағы ұйымдастыру жұмыстарын жатқызуға болады. Мәселен, 2001 жылдан бастап Қазақстан қатысқан халықаралық туристік шаралардың бәрінде, яғни Берлин (Германия), Утрехт (Нидерланд), Мадрид (Испания), Мәскеу (Ресей), Лондон (Ұлыбритания), Шанхай (Қытай) және Сеул (Корея) қалаларында облыстың туристік әлеуеті көрсетілсе, биылғы жылы Берлин, Шанхай қалаларында өткен биржаларда Қазақстанның стенді арнайы номинациялар бойынша бірінші жүлдеге ие болған. Онда Алматы облысының сапалы туристік өнімдерінің орын алуы да үлкен іске өзіндік септігін тигізгенін айтқан жөн.
Туған өлкенің таңғажайып тамашасын алыс-жақынға жеткізу, жарнамалау бағытында Алматы және Астана қалаларында өтетін халықаралық, респуб­ликалық туристік көрмелер саланың дамуына берік негіз қалауда.
Отандық және әлемдік туристік қызмет көрсету рыноктарында облыстың туристік мүмкіндіктерімен таныстыратын жолсілтеме, облыстың туристік және инвестициялық мүмкіндіктері туралы буклеттер, плакаттар, өзгеше табиғат нысандары мен көруге тұратын орындардың көріністері бар ашық хаттар және тағы басқа жарнамалық-ақпараттық өнімдер жарнамалануда. Осының бары­сында облыс бойынша арнайы туристік карта жарық көріп, болашағынан көп үміт күтетін жайлар жасалуда.
Жетісуды өзен-көлдер өрнектеп, аспан таулар асқақтатса, орман-тоғайы көздің жауын алады. Осы орайда шағын және орта бизнес өкілдеріне әдістемелік жәрдем көрсету арқылы туристік инфрақұрылымды дамыту, оның мониторингін және талдауын жүргізу мақсатында Орталық Азия университеті, облыстық спорттық туризм федерациясы, "Тұран" университетімен бірлесіп, туризм саласындағы мамандарды дайындау мен кәсіби біліктілігін арттыру жөнінде бірқатар жұмыс атқарылса, кәсіпкерлерді әдістемелік-құралдармен қамтамасыз ету мақсатында нормативтік-құқықтық актілердің жинағы жарық көріп, оң бастамаға жан-жақты қолдау жасалған.
Аймақтағы туризмнің жай-күйін көрсететін материалдар 2003 жылдан бастап жинақталған. Жұмыс қорытындысы бойынша облыс аудандары мен қалала­рындағы туризмді дамытудың басым бағыттары анықталып, туристік марш­руттардың реестрі дайындалған. Оның ішінде танымдық, экологиялық, орнитологиялық, саяжай-сауықтыру, этнографиялық туризм түрлерін қамти­тын жүзге тарта маршруттар енгізілген.
Биылғы жылы облыста осы бағыттағы 351 инфрақұрылым объектілері бар болса, өткен жылы 4,7 млрд.теңгені құрайтын 34 жаңа нысанның іске қосылғаны саладағы оң өзгеріс пен оның өміршеңдігін дәлелдейді. Ал өткен жылдың қорытындысы бойынша облыста туристік-сауықтырудағы ақылы қызмет көлемі 1453,1 млн. теңгені құраған.

Алматы облыстық статистика басқармасының мәліметтері бойынша аталған салада 2005 жылы 153 527 келушіге қызмет көрсетілсе, бұл ішкі туризм көлемі 32,7 есеге артқанын дәлелдейді. Жалпылама айтқанда, осы жылы облыстағы әрбір оныншы тұрғын туристік сапарға шықса, өткен жылы бұл цифр 6 адамға жеткен.
Туризм саласының балалар мен жасөспірімдерді саламатты өмір салтын қалыптастыруға баулудағы маңызы да ерекше. Жыл сайын балалар мен жасөспірімдер арасында туған өлкеге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу мақсатында экскурсиялардың, сонымен қатар, балалар мен жастардың арасында туризмнің белсенді түрлерін дамытуға арналған облыстық ашық чемпионаттың өткізілуі осының дәлелі.
Ішкі туризмді дамыту мақсатында сайыстар, слеттер, экспедиция жорықтары ұйымдастырылады. Сонымен қатар - Дүниежүзілік Туризм күніне арналған облыстық туристер слеті, авторлық (бардтық) ән фестивальдері, "Джунгария" туриадасы, "Бұрқан-Бұлақ" туристік фестивалі, туристік көпсайыс, жаяу, тау туризмі бойынша сайыстар, ақпараттық және тұсаукесер турларының да әр адамның өмірінде қалдырар әсері мол екенін атап айтқан ләзім.
Шетелде тұратын қазақ диаспорасы үшін "Ата жұртқа саяхат" атты туристік бағыт әзірленсе, Ш.Уәлиханов экспедициясының бағыты бойынша ұйымдастырылатын туристік саяхаттардың берері мол. Ал облыста Орталық Азияда теңдесі жоқ экологиялық туризм жөніндегі халықаралық жоба - Іле-Балқаш регатасы жыл сайын жалау көтеріп, оның тәрбиелік, тағылымдық мән-маңызы тереңдей түсуде.
Облыстық мәслихаттың 2006 жылғы 12 желтоқсандағы №34-258 шешімімен туристік кластерді құру мен дамыту бағдарламасы бекітіліп, іс-шаралар жоспарын орындау толығымен қолға алынған.
Орталық Азия университетімен бірігіп, 2006 жылы аудандық және қалалық әкімдік мамандары "Экологиялық туризм - Алматы облысының туристік кластері буындарының бірі" деген тақырыпта өткізілген семинарды да осы бағыттағы игі істердің қатарына жатқызуға болады.
Мемлекеттік ұлттық парктер мен қорықтарды кластерлік дамыту мәселесі бойынша "Алтынемел" ұлттық табиғи паркінде кеңес өткізілсе, қазіргі кезде оның пилоттық жобасы әзірлену үстінде екен.
Қапшағай су қоймасы, Балқаш және Алакөл көлдерінің жағалауында демалыс орындарын ашудың негізгі жоспарын әзірлеуге жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, іске асыру мақсатында ұйымдастыру жұмыстары басталған.
Аймақтағы туризмнің дамуын тежейтін негізгі мәселе - тартымды туристік объектілерге және әдемі ландшафтарға апаратын автокөлік жолдарының нашарлығы. Дегенмен, туристік нысандарға апаратын жергілікті маңызы бар жолдар біраз жөндеуден өткен.
Жетісудың қай аймағын алып қарасаңыз да тұнып тұрған әсем табиғатымен, мәдени-тарихи орындарымен құнды. Іле және Жоңғар Алатауы, Алакөл, Балқаш көлдері, Қапшағай су қоймасы, Іле өзені және басқа көптеген сулы, таулы, сондай-ақ тегістік жерлердің артериялары, минералдық су және балшық көздері, табиғат ескерткіштері, атап айтқанда қайталанбайтын флорасы мен фаунасы, соның ішінде эндемикалық және реликталық, қорған кешендері, петроглифтер (тастағы суреттер), мұражайлар (тақырыптық және атақты адамдардың), мавзолейлер, мазарлар және бұрынғы кездегі сәулет (архитектура) ғимараттары туристердің қызыға қарап, таңданыс білдіретін жәдігерлері. Осы ресурстар облыстың туристік инфрақұрылымының негізгі құрамдас бөлігі екенін көрсетеді.
Мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи ашық аспан астындағы "Тамғалы" қорық мұражайы, бір спорт-көңіл көтеру кешені, үш мавзолей, екі аквапарк та туристік әлеуеттің бағалы нысаны. Экологиялық туризмнің негізін "Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі", "Алтынемел", "Шарын", "Алакөл және Алматы мемлекеттік табиғи қорықтары" сияқты экологиялық жүйелерді сақтаудың аса маңызды дәрежесіне ие ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрайды. Сонымен бірге облыстағы туристік саяхаттардың мақсаттарына қарай туристерге курорттық-емдеу, соның ішінде климаттық ем, бальнео­логиялық ем, балшықпен емдеу, экологиялық туризм, соның ішінде оның маман­дандырылған флора мен фауна өкілдерін бақылауға негізделген түрлері, спорт-сауықтыру туризмінің (жаяу жүру, тауға шығу, шаңғы тебу, жағажайда суға шомылу, судағы спорт, мотоциклмен жарысу, желкенесу, альпинизм түрлері, мәдени-танымдық), соның ішінде табиғи, мәдени-тарихи көрікті жерлермен танысу, діни, этникалық мамандандырылған туризм, сонымен қатар аңшылық-кәсіпқойлық, белгілі жағдайларға байланысты экскурсиялар уақытын мәнді өткізем деген демалушының талап-талғамына жол ашады.
Сонымен бірге жаз-күз, қыс айларында "Алтынемел", "Іле-Алатау", "Шарын", "Көлсай көлдері" ұлттық табиғи парктеріне экскурсиялық турлар, Тамғалы тасқа, Аңырақай шатқалына, Іле өзеніндегі Тамғалыға, Жаркент мешітіне және басқа жерлерге экскурсия, Іле және Жоңғар Алатауының таулы өзендері бойынша рафтинг, тауға жаяу шығу турлары; облыс аумағында орналасқан курорттарда ("Алатау", "Қапал-Арасан", "Аққайың", "Жаркент-Арасан", "Керімағаш") тынығу және емделу, Алакөл көліне ұйымдастырылған сауықтыру турлары, Қапшағай су қоймасында тынығу туристердің көңілінен шығып, денсаулығын түзеп, күш беретініне, рухани жан рахатына бөлейтініне еш күмән жоқ.
Туған өлкенің тамашасы
Жетісу Алатауындағы туризмді дамытуға аса қолайлы маңызды аймақтардың қатарына Қапал-Құрымбел ойысы мен Бүркітті Бүйен өзені бастау алатын Қора, Жаманкөл, Қаратау жоталарының солтүстік беткейін жатқызуға толық негіз бар. Аталған аумақта ғылыми-танымдық, экологиялық және тау туризмін дамытудың тамаша мүмкіндіктері жетерлік, -- дейді саланы зерттеп, зерделеумен айналысқан І.Жансүгіров атындағы университеттің оқытушысы К.Жүзжасаров. Оның айтуынша, Мұздыбұлақ таулы алқабы мен Құрымбел ойысында қазіргі кезде қазба жұмыстары жұргізіліп жатқан қола, сақ-ғұн, түркі кезеңдеріне жататындығымен ерекшеленетін тарихи-экологиялық ескерт­кіштер, Қапал ойысында шипажайлық-сауықтыру туризмін дамытуға мүмкіндік беретін тектоникалық жарықшақты минералды су көздерінің қоры кездеседі екен. Қаратау, Қора, Жаманкөл жоталарының солтүстік беткейлерінің абсолютті биіктігі мен жер бетінің жалпы кескіні, көлбеулігі сияқты жер бедерінің морфометриялық көрсеткіштері рекреанттардың жекелеген топтары үшін альпинизм , спорттық-сауықтыру, оқу-танымдық және тау шаңғысы туризмдерін дамытуға айтарлықтай мүмкіндік бар.
Тау беткейлері микроклиматының адамның мінезі мен сезіміне, денсаулығына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Су туризімінің ерекшеліктері
ҚР - дағы су туризм маңыздылығы және дамуы
Қазақстандағы спорттық туризмнің дамуы
Рефератты антиплагиат
Белсенді туризм тарихы
Рекреациялық табиғат ресурстарын пайдалану
Яхталардың жіктелуі түрліше
Жәнібек ауданында балалар және жасөспірімдер туризмін дамыту мүмкіндіктері
Қазақстан да белсенді туризм түрлерінің аймақ бойынша таралуы
Әлемдік спорттық туризм ареналары
Пәндер