Болашақ мұғалімдерді халық педагогикасының элементтерін мектептің оқу-тәрбие үдерісінде пайдалануға даярлаудың педагогикалық негіздері



АННОТАЦИЯ ... ... ... ... ... .3
АНЫҚТАМАЛАР ... ... ... ... . 4
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... .. .5

1 БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІ ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІН МЕКТЕПТІҢ ОҚУ.ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНДЕ ПАЙДАЛАНУҒА ДАЯРЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... 9
1.1 Болашақ мұғалімдерді халық педагогикасының элементтерін мектептің оқу.тәрбие үдерісінде пайдалануға даярлаудың тарихи . педагогикалық негіздері ... .. 9
1.2 Халық педагогикасының өзіндік ерекшеліктері мен тәрбиелік тағылымдары
2 БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІ ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІН МЕКТЕПТІҢ ОҚУ.ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНДЕ ПАЙДАЛАНУҒА ДАЯРЛАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ ... ... ... ... ... ... .. .47
2.1 Болашақ мұғалімдерді халық педагогикасының элементтерін мектептің оқу.тәрбие үдерісінде пайдалануға даярлаудың мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... . 487
2.2 Болашақ мұғалімдерді халық педагогикасының элементтерін мектептің оқу.тәрбие үдерісінде пайдалануға даярлаудың формалары, әдістері ... ... ... ... 53
2.3 Эксперимент барысына сипаттама және оның нәтижелері ... ... ... ... ... .84
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... .. ... .88

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қазақстан Республикасының егемендік алып, дербес мемлекет болуына байланысты қоғам өмірін ізгілендіру мен демократияландыру өскелең ұрпақты тәрбиелеуде қазақ халық педагогикасы мұрасының мән-мағынасын санамен ой елегінен өткізе отырып, түсінуге тереңірек мүмкіндік береді.
Қазақстанда мемлекет тәуелсіздігін нық ұстап тұру мақсатымен жүргізіліп жатқан шараларға қатысты ұлттық мәдениеттің қайта өркендеуіне кеңінен жол ашылды. Бұл мәселе ҚР «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің басты міндетінің бірі ретінде көрініс тапқан. Атап айтқанда, ҚР бұл заңда: «Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» керектігі белгіленген [1].
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде» - деген еңбегінде «ұлттық мәдениетке, ана тіліне еркіндік беру, оны тәлім-тәрбие құралына айналдыру, тәрбие мәселесінде ұлттық ізгілік пен өркениетті әлемдік имандылық үрдісінің ортақ мүддесін жаппай сезіну және оны кіріктіре пайдалану арқылы іске асыру керек» делінген[2].
1 ҚР «Білім туралы» заңы.- Астана, 2007
2 Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның болашағы қоғамның идеялық бірлігінде.-Астана,2000
3 Оршыбеков И. Идеи нравственного воспитания в казахском устном народном поэтическом творчестве. Автореферат дисс. … к.п.н.-Ташкент,1973.-25с.
4 Ижанов Б. Художественное образование студентов художественно-графических факультетов педагогических институтов на прогрессивных традициях народной педагогики (на метериале народного и декаративного прикладного искусства республики Казахстан). Автореферат дисс. … к.п.н. - М., 1994.-25 с.
5 Камаков А.О. Эстетическое воспитание учащихся 4-6 классов средствами декоративно-прикладного искусства. Автореферат дисс. … к.п.н.-М, 1982-17с.
6 Сагындыков Е. Использование народных игр в учебно-воспитательной работе в 1-4 классах казахской школы. Канд.дисс.-Алматы, 1994. – 168 с.
7 Кишкашбаев Т.А. Музыкально-эстетическое воспитание младших школьников средствами казахской инструментальной музыки. – Алматы, 1991. -154 б.
8 Дуйсембинова Р.К. Музыкально-эстетическое воспитание школьников средствами казахского народного песенного творчества: Дисс. ... к.п.н – Алматы, 1992. – 174 с.
9 Асанова Ұ.О. Қазақ халқының айтыс өнері арқылы оқушыларға адамгершілік-эстетикалық тәрбие беру. П.ғ.к. ... дисс. - Алматы, 1994. – 157 б.
10 Магауова А.С. Подготовка будущего учителя к использованию прогрессивных традиций народной подготовки в учебно-воспитательном процессе общеобразовательной школы. Дисс. ... к.п.н. – Алматы, 1995. – 161 б.
11 Ұзақбаева С.А. Қазақтың халықтық педагогикасындағы эстетикалық тәрбие. П.ғ.д. ... дисс.- Алматы, 1993. – 380 б.
12 Кубесов А. Выдающиеся педагоги .-Алматы,1999
13 Балтабаев М.Х. Основы музыкально-эстетического воспитания учащейся молодежи средствами казахской традиционной художественной культуры. Автореф. Докт. дис. Алматы 1994. – 73 б.
14 Қалиев С.Қ. Қазақтың халықтық тәлім-тәрбиесінің ғылыми-педагогикалық негіздері. Докт.дисс.автореф.- Алматы, 1996. – 32 б.
15. Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы. 2 том. / Құрастырған Қ. Жарықбаев, С.Қалиев. – Алматы, 1998. – 33 б.
16 Қалиев С. ХV-XIX ғасырлар ақын жырауларының поэзиясындағы педагогикалық ой – пікірлер. - Алматы, 1990. – 61 б.
17 Әбілова З. Этнопедагогика. – Алматы, 2007
18 Ұзақбаева С. Тамыры терең тәрбие .- Алматы, 1995. – 87 б.
19 Қожахметова Қ. Мектептің ұлттық тәрбие жүйесі: теория және практика. – Алматы, 1998. – 112 б.
20 Кішібеков Д.К. Қазақ менталитеті: кеше, бүгін, ертең. – Алматы, 1999. – 120 б.
21 Маргулан А.Х. Казахская юрта. Юрта и ее убранство. – М. – 1964. – 110 б.
22 Қасқабасов С. Миф пен әпсананың тарихилығы. // Қазақ фольклорының тарихилығы. – Алматы, 1993. – 182 б.
23. Мұқанов С. Қазақ қауымы. Алматы, 1995. – 124 б.
24 Сарсенбаев Н. Обычаи и традиции в развитии. Алматы, 1995. – 106 б.
25 Орманов Т. Педагогические воззрения древних киргизов. – Фрунзе, 1972.- 112 б.
26 Болатбаев К. Халықтық педагогиканы бейнелеу өнері пәнінде қолдану. – Алматы, 1995.- 72 б.
27 Куанышев Т.Ш. Подготовка будущих учителей физической культуры средствами национальных игр. Дисс. ... к.п.н. – Алматы, 1994. – 145 б.
28 Бақтиярова Г.Р. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің математиканы оқыту процесінде қазақ этнопедагогикасы материалдарын пайдалануға даярлығын қалыптастыру. П.ғ.к. ... дисс. – Алматы, 2000. – 162 б.
29 Сарбасова Қ.А. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің математиканы оқыту процесінде қазақ этнопедагогикасы материалдрын пайдалануға даярлығын қалыптастыру. П.ғ.к. ... дисс. – Алматы, 2000. – 162 б.
30 Көшеров Н.М. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің этнопедагогикалық дайындау жүйесі. П.ғ.к. ... дисс. – Алматы, 2000.- 154 б.
31 Бөлеев Қ. Болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге дайындаудың теориясымен практикасы. – Алматы, 2001. – 152 б.
32 Бөлетова Л.А. Болашақ мұғалімдерді қазақ салт-дәстүрлерін мектептің оқу-тәрбие үрдісіне пайдалануға дайындау. Шымкент, 2004. – 150б.
33 Джаздықбаева М.Б. Болашақ мұғалімнің қазақ халық дәстүрлері негізінде бастауыш сынып оқушыларын әдепке тәрбиелеуге кәсіби даярлығын қалыптастыру: канд. дисс. авторефераты. – Түркістан, 2010. – 30 б.
34 Мұқанова Б.Ж. Қазақ этнопедагогикасы материалдарын педколледждің оқу-тәрбие процесінде пайдалану. П.ғ.к. ... дисс. – Алматы, 1998.- 173 б.
35 Алшымбеков С.Қ. Болашақ туризм мамандарын қазақ этнопедагогикасы материалдарын кәсіби іс-әрекетте пайдалануға даярлау: канд.дисс. авторефераты. – Алматы, 2010. – 30 б.
36 Хасанова Ж.С. Подготовка воспитателей к использованию народной педагогики в нравственном воспитании дошкольников. Дисс. ... к.п.н. – Алматы, 1995 – 69 б.
37 Ожегов С.И. Словарь русского языка. – М., 1989
38 Сластенин В.А. Педагогика.- М., 2005
39 Спирин Л.Ф. Психология. – М., 2006
40 Платонов К.К. Система психологии. – М., 1982
41 Узнадзе Д.Н. Психология исследования. – М., 1966
42 Дьяченко М.И. Психология высшей школы. – Минск, 1981. – 383 с.
43 Жарықбаев К., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі – Алматы, 1990. – 223 б.
44 Кожахметова К.Ж. Теоретика-методологические основы казахской этнопедагогики. – 115 б.
45 Волков Г.Н. Этнопедагогика. – Чебоксары, 1974. – 41 б.
46 Пятин В.А. О народной педагогике. – М., 1999
47 Стельмахович М.И. Народная педагогика. – Киев, 1998
48 Христова Е.Л. Народная педагогика. – М., 1987
49 Бромлеем Ю.В. Этнография. – М., 1982
50 Ушинский К.Д. Собрание сочинений. Т.2. – М., 1955. – 365 с.
51 Қазақ совет энциклопедиясы. – Алматы, 1985. – 2 том.- 591- б.
52 Измайлов А.Э. Народная педагогика: педагогические воззрения народов Средней Азии и Казахстана, М., 1991. – 256 с.
53 Коменский Я.А. Педагогические произведения. – М., 1996
54 Руссо Ж.Ж. Сочинения. – М., 1998
55 Песталоцци И.Г. Сочинения. – М., 1999
56 Белинский В.Г. Сочинения. – М., 1996
57Добролюбов Н.А. Избранное.– М., 1997
58 Ушинский К.Д. Сочинения. – М., 1999
59 Толстой Л.Н. Педагогические сочинения. – М., 1998
60 Луначарский А.В. Собрание сочинений. Т.2. – М., 1995
61 Макаренко А.С. Полное собрание сочинений. Т.3. – М., 1999
62 Сухомлинский В.А. Сердце отдаю детям. – М., 1998
63 Арғынбаев Х. Қазақ халқының қол өнері. Алматы, 1987. – 285 б.
64 Жұмбақтар. Алматы, 1999
65 Қорқыт ата кітабы. – Алматы, 1980
66 Конратбаев А. Крылатые слова Коркута. - Алма-Ата, 1987.
67 Диваев А. Избранное. Алматы, 1991. – 132 б.
68 Баласағұн Ж. Құтты білік. – Алматы, 1985
69 Иассауи А. Диуани Хихмет. – Алматы, 1987
70 Асан Қайғы. Шығармалары. – Алматы, 1980
71 Шалкиіз. Жырлары. – Алматы, 1983
72 Залесский Б. Қазақ даласының тіршілік – тынысы. – Алматы, 1970
73 Бұхар жырау. Өлеңдері. – Алматы, 1980
74 Өтемісұлы М. Өлеңдері. – Алматы, 1981
75 Бабатайұлы Д. Жырлары. – Алматы, 1982
76 Уәлиханов Ш. Таңдамалы. Алматы, 1986. – 154 б.
77 Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалары. Алматы, 1994. – 288 б.
78 Құнанбаев А. Қара сөздері. – Алматы, 1989
79 Бабанский Ю.К. Педагогика. – М., 1985
80 Калыбекова А.А. Теоритические и прикладные основы народной педагогики казахов. Монография. – Алматы, 2006. – 364 с.
81 Кузьминский А.И. Педагогика высшей школы. – Киев, 2005. – 486 с.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 94 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті

Қорғауға жіберілді:
Жалпы педагогика және
этнопедагогика
кафедрасы меңгерушісі,
п.ғ.к., доцент м.а.
__________Рысбекова А.Қ.

... ... ______2014 ж.

Магистрлік диссертация

Болашақ мұғалімдерді халық педагогикасының элементтерін мектептің оқу-
тәрбие үдерісінде пайдалануға даярлаудың педагогикалық негіздері

Мамандығы: 6М010300 – Педагогика және психология

Магистрант: ___________________Орынбаева Майра

Ғылыми жетекші,
п.ғ.д., профессор м.а.:_________________Мұсабекова Г.Т.

ТҮРКІСТАН - 2014

МАЗМҰНЫ

АННОТАЦИЯ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

АНЫҚТАМАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 4

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5

1 БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІ ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІН
МЕКТЕПТІҢ ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНДЕ ПАЙДАЛАНУҒА ДАЯРЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9

1.1 Болашақ мұғалімдерді халық педагогикасының элементтерін мектептің
оқу-тәрбие үдерісінде пайдалануға даярлаудың тарихи - педагогикалық
негіздері ... .. ... ... ... 9

1.2 Халық педагогикасының өзіндік ерекшеліктері мен тәрбиелік
тағылымдары ... 19

2 БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІ ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІН МЕКТЕПТІҢ
ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНДЕ ПАЙДАЛАНУҒА ДАЯРЛАУДЫҢ
ӘДІСТЕМЕСІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. .. .47

2.1 Болашақ мұғалімдерді халық педагогикасының элементтерін мектептің
оқу-тәрбие үдерісінде пайдалануға даярлаудың
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... . ... . 487

2.2 Болашақ мұғалімдерді халық педагогикасының элементтерін мектептің
оқу-тәрбие үдерісінде пайдалануға даярлаудың формалары,
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 53

2.3 Эксперимент барысына сипаттама және оның
нәтижелері ... ... ... ... ... .84

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .88

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 91

АННОТАЦИЯ

Диссертациялық жұмыс толығымен зерттеліп кафедра және факультет
шеңберінде қаралып, оң нәтиже алды. Халық педагогикасын, ондағы өміршең
идеялар мен өнегелі дәстүрлерді мектептің оқу-тәрбие процесінде пайдалану
бала тәрбиесінде жеке адамдық қарым-қатынастырдың оңтайлы жолдарын жүзеге
асыруға көмектеседі. Халықтың рухани мәдениетінің мөлдір бастау-бұлағынан
жас кезден нәр алып өсу, сан ғасырлық қалыптасу, даму тарихы бар халық
педагогикасы идеяларын ертерек бойға сіңіруге, ондағы жалпы адамдық
құндылықтарды қарақты көзбен көре білуге үйретеді.
Біздің таңдап алған тақырыбымызды зерттеуде қазақ халқының
мәдениетіне, әдебиетіне арналған М.Ғабдуллинің, Ә.Марғұланның,
С.А.Қасқабасовтың, Б.Р.Қазыханованың, Н.Сәрсенбаевтың, О.М.Базарбаевтың
және т.б. еңбектері елеулі септігін тигізгенін айтқанымыз абзал.
Біздің тақырыбымызға жақын ғылыми жұмыстар жазған
ғалымдар:Қ.Болатбаев, Т.Қуанышев, Р.Бахтиярова, Қ.Сарбасова, Н.Көшеров,
Қ.Бөлеев, Мұқанова Б.Ж., Алшымбеков С.Қ., Бөлетова Л.А., Джаздықбаева М.Б.
т.б. Дегенмен, педагогикалық ЖОО-ның оқу жоспарлары мен бағдарламаларына
жасаған талдаулар да халық педагогикасы материалдарын меңгеруге аса мән
берілмейтіндігін байқатады.
Оның көкейкестілігі мен теориялық тұрғыда аз зерттелгендігі тақырыпты
Болашақ мұғалімдерді халық педагогикасы элементтерін мектептің оқу-тәрбие
процесінде пайдалануға даярлаудың педагогикалық негіздері деп таңдауымызға
негіз болды.
Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі, ғылыми аппараты: мақсаты, нысаны,
пәні, міндеттері, ғылыми болжамы, жетекші идеясы, теориялық және
әдіснамалық негіздері, әдістері мен негізгі кезеңдері беріліп, ғылыми
жаңалығы мен теориялық және практикалық мәнділігі, қорғауға ұсынылатын
қағидалар, талқылануы мен жүзеге асырылуы баяндалады.
Болашақ мұғалімдерді халық педагогикасы элементтерін мектептің оқу-
тәрбие үдерісінде пайдалануға даярлаудың теориялык негіздері атты бірінші
бөлімде болашақ мұғалімнің халық педагогикасы элементтерін мектептің оқу-
тәрбие үдерісінде пайдалануға даярлығын қалыптастырудың психологиялық-
педагогикалық мәселелеріне сипаттама берілді, халық педагогикасының өзіндік
ерекшеліктері және тәрбиелеудегі мүмкіндіктері анықталды.
Болашақ мұғалімдерді халық педагогикасының элементтерін мектептің оқу-
тәрбие процесінде пайдалануға даярлаудың әдістемесі атты екінші бөлімде
болашақ мұғалімнің халық педагогикасы элементтерін мектептің оқу-тәрбие
үдерісінде пайдалануға даярлығын қалыптастыру мазмұны, педагогикалық
шарттары айқындалды, болашақ мұғалімнің халық педагогикасы элементтерін
мектептің оқу-тәрбие үдерісінде пайдалануға даярлығын оқу, оқудан тыс іс-
әрекеттерде қалыптастырудың формалары мен әдістері берілді, тәжірибелік-
эксперименттік жұмыстарды жүргізу және оның нәтижелеріне талдау жасалынды.
Қорытындыда теориялық және эксперименттік жұмыстың нәтижелеріне
негізделген ұсыныстар берілді.
АНЫҚТАМАЛАР

Осы магистрлік диссертацияда сәйкес анықтамалары бар келесі терминдер
пайдаланылды:

1. Халықтық педагогика - тәрбие жөніндегі халықтың білім тәрбиесі.
Халық педагогикасының зерттеу негізінде халық ауыз әдебиетінің шығармалары,
этнографиялық материалдар, халықтық тәрбие дәстүрлері, халықтық ойындар,
отбасы тәрбиесінің тәжірибелері т.б. жатады. (Қазақ совет энциклопедиясы,
II том, Алматы, 1989,591 - бет).
2.Халықтық педагогика - халық бұқарасының тарихи және әлеуметтік
тәжірибесінің өнімі ретінде, көбіне ауызекі түрде ұрпақтан ұрпаққа беріліп
келген, жинақталған және практикада тексерілген эмпирикалық білімдердің,
мәліметтердің, іскерліктер мен дағдылардың жиынтығы (Измайлов А.).
3. Халықтық педагогика–тәрбие мен оқыту саласындағы халық бұқарасы
білімдерінің, іскерліктерінің, дағдыларының жиынтығы, ұрпақтан ұрпаққа
халық шығармашылығы арқылы беріліп отыратын әдет–ғұрыптар мен дәстүрлер
(Ұзақбаева С.)
4.Халық педагогикасы - ұлттық тәжірибелер мен тағылымдардан туған бай
қазына, өшпес өнеге, тәрбие өрнектері: ертегілер, жырлар, аңыздар,
жаңылтпаштар,жұмбақтар, санамақтар, мақал-мәтелдік сөздер, ұлттық салттар
мен дәстүрлер, рәсімдер, әдет-ғұрыптар, ұлттық ойындар - халықтық мұра,
тәлім-тәрбиенің баға жетпес қайнар көзі.
5. Этнопедагогика - халықтың жасөспірімді тәрбиелеу тәжірибесі, олардың
педагогикалық көзқарастары, тұрмыс, отбасы, ру, тайпа, ұлт педагогикасы
туралы ғылым(Волков Г.Н.).
6. Этнопедагогика - педагогика мен этнография ғылымдарының байланысын
көрсететін ғылым (Ильина Т).
7. Этнопедагогика - халықтың тәрбиені, оның тәжірибесін қорытындылап,
жүйелейтін теориялық сипаттағы ғылым саласы( Жарықбаев Қ.).
8. Этнопедагогика - ұлттар мен ұлыстардың ұрпақ тәрбиесіндегі бала
тәрбиелеу әдістемелері мен оның мазмұнын зерттейтін ғылым( С.Қалиев).
9. Этнопедагогика - ұлт тәрбиесінің құрамды бөлімдерін нақтылы
материалдармен қамтамасыз етіп, жабдықтап отыратын базасы, нәр алатын
қайнар көзі (Сағындықов Б. ).
10.Этнопедагогика - халықтық педагогиканы зерттейтін педагогика
ғылымдарының саласы екендігін көрсетеді (Бөлеев Қ.).
11.Этнопедагогика - халықтық педагогиканы зерттейтін педагогика
ғылымының саласы, оның пәні - халықтық тәрбие процесі, ал міндеттері -
халықтық тәрбиенің мақсаттары (Көшеров Н. ).
12.Этнопедагогика – педагогика ғылымдары жүйесінің табиғи
бір бөлігі.Өзінің таным объектісін зерттеуге педагогиканың қазіргі заманғы
бүкіл жетістігін пайдаланады. Этнопедагогиканың практикаға шығуы ол қазіргі
заманғы педагогика теориаларын жан – жақты пайдаланған жағдайда ғана мүмкін
болады( Қожахметова К.Ж. ).
КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының егемендік алып,
дербес мемлекет болуына байланысты қоғам өмірін ізгілендіру мен
демократияландыру өскелең ұрпақты тәрбиелеуде қазақ халық педагогикасы
мұрасының мән-мағынасын санамен ой елегінен өткізе отырып, түсінуге
тереңірек мүмкіндік береді.
Қазақстанда мемлекет тәуелсіздігін нық ұстап тұру мақсатымен жүргізіліп
жатқан шараларға қатысты ұлттық мәдениеттің қайта өркендеуіне кеңінен жол
ашылды. Бұл мәселе ҚР Білім туралы заңында білім беру жүйесінің басты
міндетінің бірі ретінде көрініс тапқан. Атап айтқанда, ҚР бұл заңда:
Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері
негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға
бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау керектігі белгіленген
[1].
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық
бірлігінде - деген еңбегінде ұлттық мәдениетке, ана тіліне еркіндік беру,
оны тәлім-тәрбие құралына айналдыру, тәрбие мәселесінде ұлттық ізгілік пен
өркениетті әлемдік имандылық үрдісінің ортақ мүддесін жаппай сезіну және
оны кіріктіре пайдалану арқылы іске асыру керек делінген[2].
Халық педагогикасын,ондағы өміршең идеялар мен өнегелі дәстүрлерді
мектептің оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану бала тәрбиесінде жеке адамдық
қарым-қатынастырдың оңтайлы жолдарын жүзеге асыруға көмектеседі. Халықтың
рухани мәдениетінің мөлдір бастау-бұлағынан жас кезден нәр алып өсу, сан
ғасырлық қалыптасу, даму тарихы бар халық педагогикасы идеяларын ертерек
бойға сіңіруге, ондағы жалпы адамдық құндылықтарды қарақты көзбен көре
білуге үйретеді. Халық педагогикасы материалдарын халық даналығының
сарқылмас қайнары ретінде жеке адамды қалыптастыру ісінде пайдаланудың
қажеттілігін түрлі кезеңдерде ғұмыр кешкен педагогтар (Я.А.Коменский,
И.Г.Песталоцци, Ж.Ж.Руссо, К.Д.Ушинский, Н.А.Добролюбов, Л.Н.Толстой,
А.В.Луначарский, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский және т.б.)
тіпті алысқа бармай-ақ өз топырағымыздан шыққан қазақ даласының ойшылдары
(Қорқыт, Әл-Фараби, Баласағұни, Қашқари, Ахмет-Яссауи) мен ағартушылары
(Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев) өз еңбектерінде айтып,
дәлелдеп бергені баршаға мәлім.
Халықтың тәрбие саласында сан жылдар сүзгісінен өте отырып қалыптасқан
қөзқарастары мен идеялары бүгінгі таңдағы Тәуелсіз мемлекеттер достастығы
елдері ғалым-педагогтары (Г.Н.Волков, Я.Н.Ханбиков, А.Ш.Гашимов,
А.Ф.Хинтибидзе, К.Пирлиев, А.Э.Измайлов, Ю.А.Рудь, Е.Л.Христова және т.б.)
мен психологтарының (В.П.Левкович, А.Д.Юсуф-Заде, О.И.Дреев, В.Шабельников
және т.б.) зерттеулерінде әр қырынан ашылғанын айту парыз. Қазақстанда
халықтық педагогика, оның ішінде этнопедагогика проблемалары бойынша біраз
кандидаттық (И.Оршыбеков[3], Б.Ижанов[4], А.Қамақов[5], Е.Сағындықов[6],
Т.Ә. Қышқашбаев[7], Р.К.Дүйсембінова[8], Ұ.Асанова[9], А.Мағауова[10] және
т.б.) және докторлық (С.А.Ұзақбаева[11], А.Көбесов[12], М.Х.Балтабаев[13],
С.Қалиев[14] және т.б.) диссертациялар қорғалған.
Олардың кейбірінде халықтық педагогиканың эстетикалық, адамгершілік,
еңбек, дене тәрбиелеріне деген көзқарасы қарастырылса, екіншілерінде музыка
мен сәндік-қолданбалы өнердің жеке адамды қалыптастырудағы рөліне мән
берілген. Қазақ даласы ойшылдарының педагогикалық идеялары, көзқарастары
сипатталған көптеген монографиялар, оқулықтар, оқу құралдары
(Қ.Б.Жарықбаев[15], С.Қалиев[16], З.Әбілова[17], С.А.Ұзақбаева[18],
К.Қожахметова[19] және т.б.) жарық көрді.
Біздің таңдап алған тақырыбымызды зерттеуде қазақ халқының
мәдениетіне, әдебиетіне арналған Д.Кішібековтің[20], Ә.Марғұланның[21],
С.А.Қасқабасовтың[22], С. Мұқановтың[23], Н.Сәрсенбаевтың[24[,
Т.Ормановтың[25] және т.б. еңбектері елеулі септігін тигізгенін айтқанымыз
абзал.Халық педагогикасын ЖОО-ның оқу-тәрбие процесінде жүйелі түрде
пайдалану көп зерттелмеген.
Біздің тақырыбымызға жақын ғылыми жұмыстар жазған ғалымдар:
Қ.Болатбаев[26], Т.Қуанышев[27], Р.Бахтиярова[28], Қ.Сарбасова[29],
Н.Көшеров[30], Қ.Бөлеев[31], Л.А.Бөлетова[32], М.Б. Джаздықбаева[33],
Б.Ж.Мұқанова[34], С.Қ.Алшымбеков[35], Ж.Хасанова[36] т.б.
Ж.Хасанова өзінің еңбегінде халық педагогикасын болашақ тәрбиешілерді
мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік тәрбиесінде пайдалануға
даярлау тұрғысында қарастырған болатын.
М.Б. Джаздықбаева болашақ мұғалімнің қазақ халық дәстүрлері негізінде
бастауыш сынып оқушыларын әдепке тәрбиелеуге кәсіби даярлығын қалыптастыру
мәселесін зерттеген.
С.Қ. Алшымбеков болашақ туризм мамандарын қазақ этнопедагогикасы
материалдарын кәсіби іс-ірекетте пайдалануға даярлау әдістемесін көрсеткен.
Б.Ж. Мұқанова қазақ этнопедагогикасы материалдарын педколледждің оқу-
тәрбие процесінде пайдалану жолдарын,әдістерін анықтап берген.
Л.А Бөлетова болашақ мұғалімдерді қазақ салт- дәстүрлерін мектептің
оқу-тәрбие процесінде пайдалануға дайындауды қарастырған.Педагогикалық ЖОО-
ның оқу жоспарлары мен бағдарламаларына жасаған талдаулар да халық
педагогикасы материалдарын меңгеруге аса мән берілмейтіндігін байқалады.
Мектеп тәрбиесінде халық педагогикасы материалдарын оңтайлы пайдалану
да олардың мазмұны мен өзіндік ерекшеліктерін, амал-жолдары мен әдіс-
тәсілдерін жетік меңгеріп, іс жүзінде пайдалана алатын мамандарды даярлауды
қажет етеді.Осы айтылғандар зерттеліп отырған проблеманың ғылыми-теориялық
және практикалық тұрғыда әлі де шешім таппағанын дәлелдейді.Демек, халық
педагогикасының тәлімдік-тағылымдық мүмкіндіктері мен оларды ЖОО-ның оқу-
тәрбие процесінде пайдаланудың қазіргі деңгейі арасындағы: халық
педагогикасы элементтерін пайдалануға ЖОО студенттерін даярлау қажеттігі
мен оларды пайдалануға байланысты ғылыми тұрғыда негізделген әдістемелердің
жоқтығы арасындағы қайшылықтар анық байқалады.
Осы мәселелер біздің зерттеу өзегі болған проблемамызды белгілеп
берді, тақырыпты Болашақ мұғалімдерді халық педагогикасы элементтерін
мектептің оқу-тәрбие үдерісінде пайдалануға даярлаудың педагогикалық
негіздері деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты: болашақ мұғалімдердің халық педагогикасы
элементтерін мектептің оқу-тәрбие үдерісінде пайдалануға даярлауды ғылыми-
педагогикалық тұрғыдан негіздеу және оны жүзеге асыру әдістемесін жасау.
Зерттеу нысаны - жоғары оқу орнында болашақ мұғалімнің кәсіби даярлығы.
Зерттеу пәні - болашақ мұғалімдерді халық педагогикасы элементтерін
мектептің оқу-тәрбие үдерісінде пайдалануға даярлау.
Зерттеу міндеттері:
- болашақ мұғалімдерді халық педагогикасы элементтерін мектептің оқу-
тәрбие үдерісінде пайдалануға даярлауды теориялық тұрғыдан талдау және
педагогикалық негіздерін анықтау;
- халық педагогикасы, этнопедагогика, болашақ мұғалімдерді халық
педагогикасы элементтерін мектептің оқу-тәрбие процесінде пайдалануға
даярлау ұғымдарының мәні мен мазмұнын нақтылау;
- халық педагогикасының өзіндік ерекшеліктері мен тәрбиелік
тағылымдарын айқындау;
- болашақ мұғалімдерді халық педагогикасының элементтерін мектептің
оқу-тәрбие процесінде пайдалануға даярлаудың әдістемесін жасау.
Зерттеу әдістері: философиялық, әлеуметтік, этнографиялық,
фольклорлық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерді тақырып бойынша
теориялық жағынан талдау; ЖОО құжаттарын және студенттердің шығырмашылық
жұмыстарын (шығарма, баяндама, курстық, дипломдық жұмыстар т.б.) талдау;
студенттер мен оқытушылар арасында сауалнама жүргізу; озық педагогикалық
тәжірибелерді зерделеу; бақылау,әңгіме, тәжірибе-эксперимент жұмыстарын
жүргізу.
Зерттеудің теориялық мәнділігі мен ғылыми жаңалығы:
- болашақ мұғалімдерді халық педагогикасы элементтерін мектептің оқу-
тәрбие үдерісінде пайдалануға даярлау теориялық тұрғыдан талданды және
педагогикалық негіздері анықталды;
- халық педагогикасы, этнопедагогика, болашақ мұғалімдерді халық
педагогикасы элементтерін мектептің оқу-тәрбие үдерісінде пайдалануға
даярлау ұғымдарының мәні мен мазмұны нақтыланды;
- халық педагогикасының өзіндік ерекшеліктері мен тәрбиелік
тағылымдары айқындалды;
- болашақ мұғалімдерді халық педагогикасының элементтерін мектептің
оқу-тәрбие процесінде пайдалануға даярлаудың әдістемесі жасалды.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы. ЖОО оқытушылар мен студенттері
үшін:
- педагогикалық пәндер мазмұнына қосымша тақырыптар енгізілді;
-ЖОО студенттері үшін Халық педагогикасы элементтерін мектептің оқу-
тәрбие үдерісінде пайдалану атты элективті пәннің бағдарламасы ұсынылды;
- мектепте оқушыларды тәрбиелеу үдерісінде халық педагогикасы
элементтерін пайдалануға байланысты әдістемелік нұсқаулар жасалды.
Зерттеу материалдарын ЖОО-да болашақ мұғалімдерді даярлау барысында
пайдалануға болады.
Магистрлік диссертацияның құрылымы: диссертация кіріспеден, екі
бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімен тұрады.

1 БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІ ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІН
МЕКТЕПТІҢ ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНДЕ ПАЙДАЛАНУҒА ДАЯРЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ.

1.1 Болашақ мұғалімдерді халық педагогикасының элементтерін
мектептің оқу-тәрбие үдерісінде пайдалануға даярлаудың тарихи-
педагогикалық негіздері

Болашақ мұғалімдерді халық педагогикасының элементтерін мектептің оқу-
тәрбие процесінде пайдалануға даярлаудың ғылыми- теориялық мәселелерін
қарастырар алдында даярлау ұғымының мәнін ашайық..
С.И. Ожегов[37] өзінің орыс тілі сөздігінде мынадай анықтама береді:
Даярлау: 1.іс-шараны ұйымдастыру үшін бір нәрсе істеу; 2.үйрету, бір
нәрсеге қажетті білімдер беру
Педагогикалық зерттеулерінде В.А. Сластенин [38], Л.Ф. Спирин [39]
т.б.. даярлықты тұлғаның тұтас құрылымы ретінде қарастырады, оның
компененттері: мотивациялық, мазмұндық, операциялық.
К.К. Платонов: Даярлау - бір нәрсені белгілі талаптарға сай дайын
дәрежесіне жеткізу. - дейді [40]
Кәсіби даярлық ұғымы психологиядағы көпшілікке мәлім психологиялық
даярлық ұғымынан туындайды. Қазіргі психологиялық әдебиеттерде
(Д.Н.Узнадзе[41], М.И.Дьяченко[42], Қ.Б.Жарықбаев[43] және т.б.) бұл ұғым
екі түрлі бағытта түсіндіріледі. Бірінші көзқарасқа орай даярлық ұғымы,
белгілі бір функционалды жағдай ретінде бағаланады. Екінші теориялық
көзқарас бойынша психологиялық даярлық ретінде сипатталады.
Қазақ этнопедагогикасының теориялық – әдіснамалық негіздерін
зерттеуші Қожахметова К.Ж. өзінің еңбегінде: Этнопедагогика – педагогика
ғылымдары жүйесінің табиғи бір бөлігі.Өзінің таным объектісін зерттеуге
педагогиканың қазіргі заманғы бүкіл жетістігін пайдаланады.
Этнопедагогиканың практикаға шығуы ол қазіргі заманғы педагогика
теориаларын жан – жақты пайдаланған жағдайда ғана мүмкін болады[44],-деп
айтты.
Сонымен бірге этнопедагогиканы толып жатқан қоғамдық,
гуманитарлық және психологиялық ғылымдардың өзара байланысы мен өзара ықпал
кеңістігіне енгізу принципті мәселе болып табылады. Мұның өзі
этнопедагогикада материал мен көздерді кеңейтіп, оны үлкен тарихы мен
тәжрибесі бар ғылым әдістерімен қаруландыруға мүмкіндік береді,үлкен
теориялық қорытулар үшін қолайлы жағдай жасайды.
Этнопедагогикалық ізденістерді этносоциологиялық
(этноәлеуметтік) зерттеулердің құрамдас бөлігі ретінде қарастыру жемісті
болмақ. Мұндай бірлік күні бүгінге дейін көптеген зерттеушілердің назарынан
тыс қалып отырған халықтық тәрбие практикасын терең танып, объективті түрде
бағалауға мүмкіндік береді, - деп әділ ескертеді.Оның бұл ой тұжырымын
Г.Н. Волковтың еңбектеріне берген талдау дәлелдей түседі. Ол да
этнопедагогиканың саласы ұлан-ғайыр дегенді айтады:
- халықтық педагогиканың іс-әрекет аясын және оның қазіргі
заманғы тәрбиемен өзара байланысын анықтау;
- баланы әлпештеп өсірудегі халық даналығының мәйегін жинау,
халықтық тәрбиенің негізгі санаттары (категориялары) мен заңдылықтарын
анықтау;
- оларды басқаратын әлеуметтік эканомикалық факторларды
бөліп көрсету,халықтық педагогика дәстүрлерінің өміршендігі себептерін
анықтау және қазіргі қоғамның рухани өміріне олардың тереңдей ену тетігін
айқындау;
- ірі және шағын халықтардың тәрбие практикасының
ерекшеліктерін мұқият зерделеу.
Педагогика ілімінің белгілі бір деңгейін,адамзаттың рухани
прогресіндегі нақты кезеңді бейнелейтін халықтық педагогика өзінде
педагогика ғылымын дамытатын негіз болып табылады.
Педагогика ғылымы мен халықтық педагогика ғылым бір-бірімен
күрделі өзара әрекетте болады және бір-бірінің дамуына қолайлы жағдай
жасайды.
Г.Н. Волковтың пікірінше, халықтық педагогика ғылым
емес,бірақ ғылым үшін ерекше қызықты, яғни ол ғылыми зерттеу объектісін,
этнопедагогика ғылымының нысанасын құрайды: Этностық тәрбие – отбасында,
ру, тайпада тәрбиелеу,ол жеке алғанда да, бірге алғанда да – халықтық
тәрбие[45].Көріп отырғанымыздай,ол этностық пен халықтық деген ұғымды
синоним ретінде қолданады.
Этнопедагогикаға жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу жөніндегі халық
бұқарасының тәжірибесі туралы, оладың педагогикалық көзқарастары туралы
ғылым ретінде анықтама бере келіп, Г.Н.Волков одан әрі этностық педагогика
тарихи жағдайлардың әсерімен қалыптасқан ұлттық сипаттың ерекшеліктерін
зерттейді - деп түсіндіреді.
Бірқатар ғалымдар берген этностық педагогиканың анықтамасы осы
құбылыстың елеулі белгілерін бейнелейді. Мәселен, профессор В.А.Пятиннің
жетекшілігіндегі авторлар ұжымының анықтамасы бойынша: Этнопедагогика
әлеуметтік нормаларды, құндылықтарды,тәжірибені бойына сіңіретін нақты жеке
адамды қалыптастыратын әлеуметтік өзара әсер мен қоғамдық ықпалпроцесін
зерттейді, балаларды тәрбиелеу мен оқытып –үйрету туралы халық білімін,
діни ілімдерде, ертегілерде, әңгімелерде, аңыздарда, ойыншықтарда және
басқа отбасы өмірі салтында тұрмыста дәстүрлерде көрініс тапқан бүкіл халық
даналығын, сондай- ақ филасофиялық –этикалық, педагогикалық потенциалды
жинап, жүйелейді[46].
М.И.Стельмаховичтің көзқарасы тұрғысынан алғанда, халықтық
педагогика нақты этностық қауымға қатыссыз эмпиризмдік педагогикалық
білімдер мен құралдарына өзіне қамтиды, ал этнопедагогика нақты бір этносқа
қатысты, оның ұлтық – ұлттың өмірімен,оның жүріп өткен тарихи жолының
өзіндік өзгешелігімен сабақтас ерекшеліктерінің, ұлттық пен
интернационалдықтың өзара байланысының көрінісі ретінде этнопедагогикада
халықтық пен ұлттықты қатарластыра өруге мүмкіндік береді [47]
Бұл анықтамалар, біздің ойымызша, этнопедагогиканың зерттеу
салаларын толық қамтып көрсетеді, сондықтан зерттеу барысында оларды
негізге алған жөн.
Е.Л.Христова халықтық педагогика ұғымына қатысты біршама
басқашалау көзқарас ұстанады,ол халықтық педагогика аталымын (терминін)
халық бұқарасының таптық педагогикалық санасы, ал дәстүрлі педагогика
деген аталымды белгілі бір ұлттық қауымның этностық, педагогикалық санасы
деп түсінеді.
Е.Л.Христованың пікірі бойынша, халықтық және дәстүрлі педагогиканы
түсіну адамның болмысты кез –келген рухани игеруінің басты элементі
ретіндегі танымның маркстік түсінігіне сүйенеді. Халықтық және дәстүрлі
педагогикаға танымның және олардың нәтижелері – педагогикалық сананың түрлі
типтеріне тән білімнің екі түрлі процесі ретінде аныңтама бере отырып, ол
тарихи – педагогикалық зерттеулерге сүйенеді, оларда халықтың педагогикалық
ойы (социологиялық немесе этнографиялық аспектіде зерттелген. Оның
айтуынша,этнографиялық тұрғыда келу түрлі ұлттық қауымдардың тәрбие және
педагогикалық ой – пікірлер ерекшелігін анықтайды және халықтық
педагогиканы жалпы этностық құбылыс ретінде қарастырады.Социологиялық
тұрғыдан келу таптық – антагонистік қоғамдарда ресми теория мен практикадан
ерекшеленетін және қарапайым халықтық ретінде түсінілетін халық
бұқарасының шығармашылығын зерттеумен байланысты [48].
Мәдениеттану (культурология) тұрғысынан келу халық
мәдениетінің компоненті есебінде халықтық педагогиканы бөліп алады.
Мәдениеттанушылар секілді, этнографтар да халықтық педагогика аталымына
ден қояды, бірақ екі жағдайда бір аталым түрлі құбылыстар түсініледі.
Сондықтан мадениет тұрғысынан халықтық педагогика ұғымын одан әрі талдау
мақсатында халықтық мәдениет, дәстүрлі – тұрмыстық мәдениет деген
ұғымдардың ара – жігін айқын белгілеу ұсынылады .
Халықтық педагогика аталымы мына негізде қабылданған:
бұрынғы кезде белгілі бір этностық дәстүрлі мәдениеті, сөздың социологиялық
мағынысы жағынан да халықтық мәдениет болды,яғни халық бұқарасы мәдениеттің
этностық бөлігін жасаушы әрі таратушы болды. Дәстүрлі – тұрмыстық
мәдениет аталымы белгілі бір этностық қауым мәдениетінің осы этностық
бөлігін (қабатын) білдіру үшін қолданылады.
Халықтық мәдениет пен Дәстүрлі – тұрмыстық мәдениет
ұғымын ажырату екі түрлі қоғамдық феноменді зерттеу немесе қабылдау үшін
зерттеушілерге айқын бағдар береді. Жоғарыда айтылғанды негізге ала отырып
Л.Е.Христова педагогикалық халықтық педагогика және педагогикалық
дәстүрлі мәдениет деген бір-біріне жақын болғанымен, бірақ бір-біріне
сәйкес келмейтін екі ұғымды этнопедагогиканың ұғымдық –аталымнамалық
(понятно-терминологический) аппаратына енгізеді.
Біздің ойымызша, автордың айтып отырғаны өте орынды.Өйткені
педагогикалық халық мәдениеті, педагогикалық дәстүрлі – тұрмыс ажыратып
алу тарихи – педагогикалық білімнің бір саласы ретінде халық педегогикасын
байытып қана қоймайды, сонмен бірге осы білімнің негізгі қорын тереңдете,
жаңарта түседі.
Ал К.Қожахметова қазақ философиясын, этнос теориясын,
этнопсихологияны, этнографияны, тарихты талдау арқылы өзінің зерттеуінде
маңызды әдіснамалық қағидалар тұрғысында мынадай идеяларды саралап
көрсетеді:
- өзіне әлеуметтік және этностық белгілерді (элементтерді) қамтитын
тірі әлеуметтік организм ретінде, яғни әлеуметтік – этностық қауым ретінде
ұлтқа анықтама беру. Әлеуметтік – этностық құрылым ретіндегі ұлт анықтамасы
бойынша әлеуметтік пен этностық диалектикалық өзара сабақтастық қатынасында
болады;
- этностық компоненттердің өзінің ұлтты қоса алғанда, барлық типтегі
этноәлеуметтік организмдердің сөзсіз құрамдас бөлігі болып табылады. Мұның
өзі этноәлеуметтік организмдердің барлық типі үшін өзінше бір жүйе түзуші
роль атқарады. Ұлттың өзіне тән ерекшеліктері туралы мәселені шешкен кезде
адамдардың басқа қауымдары ішінде оның этностық қасиеттері сөз жоқ осындай
рольде болып шығады;
- ұлт ұғымын этностық мағынада қолдануды атап көрсету үшін
Ю.В.Бромлеем этноұлт ( resp. - этноұлттық) деген аталымды пайдалануды
ұсынады. Этностық мағынада ұлттық сөзін пайдаланған кезде қазақтың
ұлттық педагогикасы немесе қазақ этнопедагогикасы деген аталымды
қолданған орынды болады.
Осылардың бәрін негізге ала келгенде ол мынадай анықтама береді:
Қазақ этнопедагогикасы – педагогика ғылымы мен қазақ философиясы,
этнопсихология, этнос теориясы, педагогика тарихы, қазақ тарихы,
этнография, фольклористика нысанасы қазақ этностық тәрбие жүйесі болып
табылатын мәдениеттану түйісер тұста қалыптасқан біртұтас жүйелі білім беру
болатын, адам өмірінің өн бойында, отбасында және білім беру мекемелерінде
жүзеге асырылатын дербес оқу педагогикалық пән [49]. Ол көптеген
зерттеушілер секілді этнопедагогиканы педагогика ғылымының құралдарын,
нысандарын, әдістерін пайдаланатын оның құрамдас бір бөлігі ретінде
қарастырады. Педагогика ғылымының заңдары, оның заңдылықтары құбылыстар
арасындағы, оның ішінде этнопедагогика үшін де тән объективті
байланыстарды бейнелейді. Педагогиканың жетекші қағидалар ретіндегі
принциптерін этнопедагогикада да толығымен пайдалануға болады.
К.Д. Ушинскийдің ғылым тәрбиемен араластырылмауға тиіс. Ол барлық
халыққа ортақ ... деген идеясына сүйене отырып, қазақ этнопедагогикасын
зерттеуге деген өзінің бастапқы көзқарасын былай негіздейді:
1) жалпы педагогика ғылымы,
2) ерекше - этнопедагогика,
3) жеке – қазақ этнопедагогикасы.
Автордың сөзі бойынша, ғылым шынында да ұлттық бола алмайды, ол зерттеу
объектісі, қолданылатын әдістер, заңдар, заңдылықтар және т.б. жағынан
жалпыға ортақ. Бірақ ғылым нысанасының өз ерекшелігі, яғни әрбір ғылымның
өз нысанасы бар, демек, бір ұлттың этнопедагогикасы екінші ұлттық
этнопедагогикасынан екінші ұлттың этнопедагогикасы өз нысанасымен және
осыдан туындайтын өз салдарларымен ерекшеленеді, яғни қазақ
этнопедагогикасының нысанасы қазақ этностық тәрбие ерекшеліктері бола алады
[50]. Автордың пікір, тұжырымымен толық келісуге болады. Өйткені
К.Д.Ушинский айтқандай,әрбір халықтың тәрбиелік идеялары ұлттық рухқа
қаныққаны соншалық, оларды бөтен топыраққа, яғни басқа халықтың өзіндік
ерекшеліктерін ескермей көшіре салу есте мүмкін емес. Бұл жеткіншектердің
рухани қорын (білімін,ана тілін жеткілікті дәрежеде білуін, мәдени
деңгейін, адамгершілік парасаттылығын, жеке дүниетанымдық ой-өрісін)
шектейді. Ал рухани қордың негіздері болса, ең алдымен өз халқының ұлттық
әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін игеру және оларға тікелей іс жүзінде қатысу
процесінде қалыптасуға тиіс. Ұлттық әдет - ғұрып – ұлттық намыспен,
патриотизм және интернационализммен байланысты ұлттық сезімдерді дамытуға
да жәрдемдесуге тиіс. Демек, әрбір жеткіншек жалпы адамзаттық, әлемдік
денгейге тек өз халқының асыл байлығын меңгергенде ғана еркін көтеріле
алады.
Осының бәрі бізге этнопедагогика әлеуметтік және қоғамдық
жағдайлардың ықпалымен қалыптасқан ұлттың өзіне тән тарихи жолын, сол жолда
тәрбие саласында қалыптасып, жүзеге асқан өзіндік ерекшеліктерін зерттейді,
атап айтқанда, діни ілімдерде, халық шығармашылығында (поэтикалық,
музыкалық, сәндік – қолданбалы), отбасы өмірінде, тұрмыста, салт-
дәстүрлерде орын алған халықтың балаларды тәрбиелеу мен үйрету (оқыту)
туралы білімін, халықтың бүкіл даналығын, сондай-ақ жеке адамның әлеуметтік
және тарихи –мәдени тұрғыда қалыптасуына ықпал еткен философиялық,
этикалық, педагогикалық ой-пікірлері мен көзқарастарын, яғни тәрбие
барысында қалыптасқан педагогикалық қағидаларын, ережелерін, заңдылықтары
мен принциптерін, құралдарын, әдіс-тәсілдері мен амал-жолдарын жинақтап
жүйеге келтіреді деп тұжырымдауымызға түрткі болды.
Бүгінгі таңда этнопедагогиканың бастау бұлағы болып есептелетін
халықтық педагогика саласында жарық көрген еңбектер баршылық. Солардың
ішінде халықтық педагогика ұғымына біршама анықтамалар берілген.
“Халықтық педагогика” ұғымына түрліше анықтамалар беруге болады: тәрбие
жөніндегі халықтың білім тәрбиесі. Халық педагогикасының зерттеу негізінде
халық ауыз әдебиетінің шығармалары, этнографиялық материалдар, халықтық
тәрбие дәстүрлері, халықтық ойындар, отбасы тәрбиесінің тәжірибелері т.б.
жатады. (Қазақ совет энциклопедиясы, II том, 591- бет) [51].
“Халық бұқарасының тарихи және әлеуметтік тәжірибесінің өнімі ретінде,
көбіне ауызекі түрде ұрпақтан ұрпаққа беріліп келген, жинақталған және
прктикада тексерілген эмпирикалық білімдердің, мәліметтердің, іскерліктер
мен дағдылардың жиынтығы” (Измайлов А.) [52].
“Халықтық педагогика–тәрбие мен оқыту саласындағы халық бұқарасы
білімдерінің, іскерліктерінің, дағдыларының жиынтығы, солардың негізінде
ұрпақтан ұрпаққа халық шығармашылығы арқылы беріліп отыратын әдет–ғұрыптар
мен дәстүрлер (Ұзақбаева С.) [18,4-б.].
Олардың бәрі С.А.Ұзақбаеваның ғылыми еңбегінде жүйеленген.Ол
еңбектерге байыппен үңілсек,олардың бір-біріне мазмұны жағынан жақын
екенін,қайшы келмейтінін,қайта өзара толықтырып, өзара байи түсетінін және
ортақ мақсатқа қызмет ететінін бағамдаймыз. Әрбір автор қайсыбір ұғымға
анықтама бергенде өзінің басты назарының нысанасы болған саланы көрсетуге
тырсатыны белгілі. Сондықтан жоғарыда аталған анықтамалар нақты өмірде өз
орнын тауып,әрбір өз қырынан мақылдау туғызады.Біз өз еңбегімізде
С.А.Ұзақбаеваның: халықтың педагогика-тәрбие мен оқыту саласындағы халық
бұқарасы білімдерінің, іскерліктерінің, дағдыларының жиынтығы, солардың
негізінде ұрпақтан ұрпаққа халық шығармашылығы арқылы (поэтикалық,
музыкалық, сәндік-қолданбалы өнер) беріліп отыратын әдет-ғұрыптар мен
дәстүрлер қалыптасқан. Халықтық педагогиканың мақсаты- жас ұрпақты ата-
бабалар тәжірибесінің ең жақсы мұраттарына тәрбиелеу - деген анықтамасын
негізге аламыз [18,4-б.].
Жоғары оқу орындарының алдындағы негізгі міндет жоғары сапалы маман
даярлау. Қазіргі мектептердегі жас ұрпақтың тәрбиесі жоғары білімді, әрі
сапалы, ұлттық тәрбиеден түсінігі мол маманды талап етеді.
Жоғары оқу орнында болашақ мұғалімдердің ұлтжандылық сезімдерін ояту
арқылы этнопедагогикалық даярлықтан өткізуді міндет ете отырып, олардың
этнопедагогикалық мәдениеттерін теориялық біліммен байыту басты мәселе
болып табылады. Болашақ мұғалімнің этнопедагогикалық мәдениетін
қалыптастыру тәуелсіздік алып, егемен ел болу жағдайында қоғам өмірін
ізгілендіру мен демократияландыруға байланысты көкейкесті мәселенің біріне
айналды. Болашақ мұғалімдер қандай да бір пән маманы болмасын жоғары
педагогикалық оқу орнында білім алатын студенттер үшін педагогика пәні және
оның салаларының пәндерінде студенттердің негізгі кәсіптерін шыңдайтын пән
болып табылады. Жоғары оқу орны студенттерін болашақ мұғалімдік
мамандықтарына кәсіби даярлауда төмендегі міндеттер қойылады:
- кәсіптік қызметтің ғылыми негіздерімен таныстыру;
- жоғары оқу орнында білім алу еңбегі мәдениетін игеруге жәрдемдесу;
- студенттердің алдағы уақытта болатын үздіксіз және кәсіби
практикаларының жолдарын жеңілдету;
- студенттердің мұғалімдік кәсіби сапаларын дербес қалыптастыруға, яғни
өзін-өзі тәрбиелеу деп аталатын ізгілікті іспен шұғылдануға үйрету.
Бұл пәндерде ең ізгілікті істер оқытылады және болашақ мұғалімдер ынта-
ықылас білдіруге, өмір жолдарын дұрыс таңдауға әрі педагогикалық
шығармашылықтың негіздерін толық меңгеруге көмектеседі. Студенттердің
жоғарыда көрсетілгендей дайындықтан өтулері бүгінгі және келешектегі жас
ұрпақ үшін маңызы зор.
Жоғары оқу орнында болашақ мұғалімдердің ұлтжандылық сезімдерін ояту
арқылы этнопедагогикалық даярлықтан өткізуді міндет ете отырып, оларды
халық педагогикасы туралы теориялық біліммен байыту бүгінгі күні басты
мәселелердің бірі.
Болашақ мұғалімдердің ұлттық мәдениеттерін қалыптастырудың алғышарты –
олардың халық педагогикасы туралы теориялық білімдерін жетілдіру. ЖОО-да
оқылатын этнопедагогика және педагогикалық цикл пәндерінің болашақ
мұғалімдер үшін тәрбиелік әсері аса қуатты, студенттің идеялық сенімін,
адамгершілік бейнесін қалыптастырады, сонымен қатар олардың ұлттық кәсіби
даярлықтан өтуге жағдай жасайды.
Жоғарыда аталған ғалымдардың пікірлеріне және зерттеуіміздің тақырыбына
байланысты соңғы кездері мұғалімнің кәсіби даярлығы төңірегінде жүргізілген
ғылыми-зерттеу жұмыстарын талдау жасау арқылы Болашақ мұғалімдерді халық
педагогикасының элементтерін мектептің оқу-тәрбие процесінде пайдалануға
даярлау деп студенттердің жоғары оқу орнында педагогика, халық
педагогикасы, этнопедагогикадан меңгерген теориялық білімдерін практикада
тиімді пайдалана білуге даярлау деп түйіндей аламыз.
Әлбетте, халықтық педагогиканы бүгінгі күннің ғана проблемасы деп
қарауға болмайды.Оны түрлі тарихи кезеңдердегі педагогтар мен ойшылдар
ауызекі халық шығармашылығын және халықтық педагогикадан алынатын үлгі-
өнегені халық даналығының көрінісі ретінде пайдалану жөнінде айтқан құнды
идеялар дәлелдеп отыр. Олар: Я.А.Коменский[53], Ж.Ж.Руссо[54], И.Г.
Песталоцци[55], В.Г.Белинский[56], Н.А.Добролюбов[57], К.Д.Ушинский[58],
Л.Н.Толстой[59], А.В.Луначарский[60], А.С.Макаренко[61],
В.А.Сухомлинский[62] т.б.
Солардың ішінде К.Д.Ушинский өзінің бүкіл теориясында халықтық
принципті ұстана отырып, орыстың педагогикалық ғылымы өзінің мазмұны
жағынан өз бойына тәрбиенің сан ғасырлық практикасы тарихының таңдаулы
тәжірибесін жинақтаған орыс халқының өмірлік мүдделерімен тұтаса түзілу
тиіс деген дұрыс қағиданы басшылыққа алды. Ол Біздің тәрбиені ойлап
тапқымыз келетіні бос әурешілік, тәрбие орыс халқында халықтың өзі қанша
өмір сүрсе, сонша ғасыр өмір сүрді-онымен бірге өсті, өзінде оның бүкіл
тарихын, оның бүкіл жақсы және жаман қасиеттерін бейнелеген. Бұл бірін
екіншісі ауыстыра отырып, Россияның жаңа ұрпағы өсіп шыққан топырақ-деп
жазды[58,161-б.].
К.Д.Ушинскийдің халықтық принцип туралы айтқан пікірлерін әлемдегі
барлық халық өкілдерінің педагогикалық біліміне жатқызуға болады.
Сондай-ақ жоғарыда аталған ғалымдардың,педагогтардың жеткіншек
ұрпақты тәрбиелеу мен оқытуда халықтық педагогика мұралары жөніндегі
кеңестері мен идеяларын беруге ұмтылысы,сондай-ақ оларды мектеп
практикасында пайдалануға тырысуы олардың халықтық педагогикасының мәнін
терең түсінгенін, халықтың тәрбие саласындағы тәжірибесіне толық сенімін
білдіреді. Халықтық педагогика проблемалары бұрынғы Одақ көлемінде 50-ші
жылдардың екінші жартысынан бастап (1924,1926 жылдардбасылым көрген
Б.О.Виноградовтың еңбегін есептемегенде) арнайы зерттеле бастады.
С.А.Ұзақбаеваның еңбегінде олар халықтық педагогиканың мынадай
бағыттарына қарай жіктеледі:
1.Тарихи-этнографиялық аспектіде орындалған, халықтың фольклор
ескерткіштеріндегі педагогикалық көзқарастарын талдауға арналған
зерттеулер(и.минтибидзе,А.Ш.Гашимов ,
В.Х.Арутюнян,Г.Я.Кальювез,К.К.Қыдыр алиев,Г.Орманов,И.Оршибеков,С.М.Саи пбаев,
Р.М.Пашаева,И.А.Шоров,М.Сайфуллаева және т.б.).Мұнда авторлар халық
ертегілері, мақал-мәтелдер, эпостар арқылы тәрбие беру идеяларын
қарастырып, жеткіншек ұрпаққа ақыл-ой, адамгершілік, еңбек тәрбиесін беру
туралы халық мұраттары мен түсініктерін ашып береді.
2.Халықтың педагогикалық тәжірибесін оның тәрбие дәстүрлері мен әдет-
ғұрыптары негізінде қазіргі педагогикалық міндеттер тұрғысынан талдауға
арналған зерттеулер. Бұл - Ж.Бешімовтің, Б.Қадыровтың, Ж.Д.Доржиеваның,
А.Х.Мұхамбаеваның, К.Пирлиевтың, Х.Рахимовтың, С.Рахимовтың, С.Темуровтың
және т.б. еңбектері.
3.Халықтың тәрбие туралы педагогикалық ой-пікірлері мен идеяларын
талдауға арналған зерттеулер ( Я.И.Ханбиков, Қ.Б.Жарықбаев, А.Көбесов және
т.б. Оларда халықтардың педагогикалық ой-пікірлерінің қайнар көздері
баяндалып, халықтық педагогикада және ойшылдар мұраларында көрініс тапқан
тәрбие туралы негізгі идеялар талданып, революцияға дейінгі ағартушылардың
педагогикалық көзқарастарымен халықтық тәрбие беру мұраттарының
диалектикалық байланысы көрсетіледі.
Халықтық педагогиканы тұтас пайдаланудың, фольклордағы халық
дәстүрлерінің жекелеген дәстүрлерін (поэтикалық, музыкалық шығармашылықта,
сәндік-қолданбалы өнерде, ұлттық ойындарда және т.б. қазіргі тәрбиенің
жекелеген міндеттерін шешуге пайдаланудың) Ш.Залялиев, И.Киргизов,
Р.А.Юлдашева, Т.Т.Тұрсынов, А.Ш.Хасанов,Н.С.Маликмамбетов, А.М.Моминов,
М.Х.Балтабаев, С.Сағындықов, Т.Қышқашбаев, Р.Дүйсенбінова, Ю.Мандрик,
Б.Әлмұхамбетов, Х.Н.Жұмабаев, Ә.О.Қамақов, Г.В.Похолкин, Л.Г.Совенкова,
А.И.Юцевич, Ғ.Убайдуллаев және т.б.) әдістемелерін жасауға арналған
зерттеулер. Яғни, олар фольклорды музыкалық-эстеттикалық, адамгершілік-
эстетикалық, еңбек, дене және патриоттық тәрбие құралы ретінде қолданады.
Халықтық педагогиканы зерттеудің теориялық, әдіснамалық, тарихнамалық
проблемаларына арналған зерттеулер. Бұл - Г.Волковтың, Ю.А.Рудьтың,
Е.Л.Христованың, К.Ж.Қожахметованың және т.б. еңбектері .
Қазақтың халықтық педагогикасы проблемалары болса 70-жылдардың
соңына қарай зерттеле бастады. Қазақ этнопедагогикасы саласында көптеген
еңбектер жарық көрді. Бұл, әрине, ауқымы кең проблеманың шешімін толығымен
бере алмайды. Оның үстіне жоғарыда көрсетілген зерттеулерде де қазақ
этнопедагогикасы материалдарының тәрбиелік мүмкіндіктері белгілі бір
бағытта ғана қарастырылғаны байқалады.
Ал қазақ этнопедагогикасы материалдары тұрғысында қаралып отырған
қазақ даласының ұлы ойшылдары (Қорқыт,Әл-Фараби,Ж.Баласағұн, А.Ясауи)
мен жыршы-жырауларының (Асан Қайғы жырау, Шалкиіз жырау, Дулат Бабатайұлы
және т.б.) педагогикалық ой-пікірлері бүгінгі таңда зерттеліп жүр.
Бұл проблеманың көркейкестілігін дәлелдей түседі, өйткені балалардың
әлеуметтік және тарихи-мәдени тұрғыда қалыптасуына ғұламалардың берері мол.
Олардың діні медреселерде, халықтық ғибаратты нақыл сөздерінен алған,
бұқары халықтың мүддесін көрсететін ілім-білімдері қазақтарға, соның
ішінде, әсіресе жеткіліктерге ақыл өсиет тұрғысында қайта оралып, сол
кездің өзінде білім алуға итермелеп отырса, оның бәрі қазақ халқын қайта
өрллеу кезеңінде жоққа щығаруға есте де болмайды.
Кезінде дүние жүзілік педагогикалық ой-пікір халықтық педагогиканың
көптеген құнды тәрбиелік дәстүрлерін сөз етіп, олардың тұтас халықтар мен
жекелеген адамдар өміріне оңды әсер ететінін көрсетіп берген болатын.
К.Д.Ушинский ...тәрбие, терең сіңбеген дәстүр күшті мінез-құлықтарды
тәрбиелей алмайды - деп тікелей айтып көрсетеді.
Академик Г.Н.Волков қалыптасып келе жатқан жеке адамға халық
дәстүрлерінің ықпал ету тетігін (механизмін) ашып берді: Дәстүр, әрекет,
із, қызмет логикасымен, тәрбиеленушілерге ықпал жасау нәтижелерімен күшті.
Дәстүрлер адамдардың сан ұрпақтары ой-пікірлерінің өзінше бір мәйегі
болғандықттан, олар неғұрлым жиі кездесетін түрлі жағдайларда мінез-құлық,
қағидаларын бейнелейді. Дәстүрлерге сүйене отырып, сол дәстүрлер арасында
әрекет ету жас ұрпаққа өз құрбы-құрдастарымен де, сондай-ақ халықтың аға
өкілдерімен де тіл табыса білуін, іс-әрекетте көп күш пен уақыт жұмсамай,
неғұрлым тезірек табыстарға жетуін жеңілдетеді. Балаларды тәрбиелеуде қазақ
этнопедагогикасы материалдарында орын алған адамзаттық құнды ой-пікірлерін
пайдалану, прогресшіл халық дәстүрлерін қайта өрлету мектепке дейінгі білім
беруді демократияландыруға жәрдемдеседі. Оларды пайдалану арқылы балаларға
көптеген көзқарастар, ересек адамдардың іс-әрекеттерінің себептері және
оларға қойылатын талаптар неғұрлым түсінікті бола түседі. Оның үстіне
мектепке дейінгі мекемелердің өз қызметінде балаларды тәрбиелеуде халықтың
құнды идеяларына сүйенуі олардың ата-аналарын тәрбиешілермен бірлесіп жұмыс
істеуге тартады, білім - тәрбие процесін ұйымдастырудағы көптеген
қайшылықтарды жояды.
Халық дәстүрлерін пайдалану тәрбие процесін барынша табиғиландыра
түседі. Өйткені, барлық дәстүрлер шығармашылық нысанда (аңыз-
әңгімелер,ертегілер,мақалдар,мәтелд ер,өлең -жырлар,әдет- ңұрыптар т.б.)
берілген.Нақты-бейнелі ойлаулы дамыған мектепке деңгілер үшін оларды үйрену
қиындыққа соқпайды. Қиялдау қабілетіне ие балалар кейіпкердің сыртқы
кейпін,мінез құлқын анық көз алдына келтіріп,сөзін естийді десе болады.
Балаларға тән еліктеу қабілетінің арқасында олар халық кейіпкерлерінің
мінез - құлық нормаларын есте сақтап, оны үлгі етуге тырысады. Олар
дәстүрлерді ұстанудың қыр сырын әрдайым өз беттерімен аңғара бермегенмен,
мінез- құлықтың дәстурлі практикасына ұмтылысын ояту әрдайым оларға
игілікті әсерін тигізеді. Қазақ этнопедагогикасына материалдарында
шоғырланған халықтың тағылымдық идеялары, дәстүрлері келесі бөлімде
баяндалады.
Сонымен өз алдымызға ел болып,еркіндік самалы ескен,халық
қазынасындағы сарқылмас көздерді түгендей бастаған осынау бір өтпелі
кезеңде мектепке дейінгі мекемелердің балаларды тәрбиелеу жұмысында бұрынғы
қасаң қалыпта қалып қоймай, жалпыадамзаттық құндылықтарды теория жүзінде
де, практика жүзінде де меңгерген жеке адамды қалыптастыруға мүмкіндік
беретін жұмыс мазмұнын,әдістері мен нысандарын іздестіру жұмысының маңызды
мәні бар. Егер мұғалімдер қазақ халқының дәстүрлері орын алған
этнопедагогикасы материалдарын меңгеретін болса, мектептер өз қызметінде
айтарлықтай жетістіктерге жете алады.
1.2 Халық педагогикасының өзіндік ерекшеліктері мен тәрбиелік
тағылымдары

Өз тіршілігінің сан ғасырлық тарихының ішінде қазақ халқы тәрбие
саласында мол тәжірибе жинақтады. Нақтырақ айтқанда,педагогикалық әдіс-
тәсілдер мен амал-жолдарды жинақтап,жүйеге келтірді. Мұның бәрі қазақ
этнопедагогикасы материалдарының аясына енген отбасы өмірінде, тұрмыста,
салт-дәстүрлерінде, халық шығармашылығында (поэтикалық, музыкалық, сәндік-
қолданбалы), діни ілімдерде, философиялық, этикалық,педагогикалық ой-
пікірлер мен көзқарастарда орын алған. Енді осылардың кейбірінің тәрбиелік
мүмкіндіктеріне тоқталайық.
Қазақ жерінің орасан зор көлеміне, рулық, тайпалық бөлінуіне ,сондай-
ақ бауырлас халықтардың ықпалына қарамастан,түрлі аймақтардағы
педагогикалық көзқарастардағы айырмашылық шамалы.Мұның өзі қазақ халқында
ұрпаққа тәрбие берудің біртұтас өзіндік жүйесі қалыптасқан деп тұжырым
жасауға негіз болады.
Тәрбиенің біртұтас өзіңдік жүйесінің қалыптасуына ықпал етуші басты
себеп қазақ халқының балажандылығы, балаға деген ерекше махаббаты,ілтипаты
болса керек. Халықтың осындай асыл қасиетіне кезінде
тамсанып,таңданған этнограф, фольклорист зерттеушілер жеткілікті екені
белгілі. Мәселен, Шиле: Қазақтың өз әйеліне немесе балаларына қол
жұмсағанын біреу –міреу көрді ме екен. Олар әсіресе балаларға мейірімді-
десе, А.Диваев: Қазақтардың арасындағы тіпті аз уақыт болғандардың өзі
олардың балажан екенін байқатады - деп атап көрсетеді.Зерттеуші ғалымдардың
сөздерінде үлкен шындық жатыр.Ежелде Бала-адамның бауыр еті,көз нұры,
Алты жасар бала атқа мінсе,алпыстағы шал алдынан шығып атын ұстар деп
қазақтар өз өмірлерінде баланың алатын орны ерекше екенін атап көрсеткен.
Бір баласы бардың бір ру елде малы бар. Екі баласы бардың екі ру елде малы
бар. Үш баласы бардың үш ру елде малы бар. Төрт баласы бардың төбеден
салған жолы бар.Бес баласы бардың дес бермейтін күші бар. Алты баласы
бардың алладан басқа несі бар, деп баласы бар адамды бақытты , төрт
құбыласы сай армансыз жандар санаған. Баласы жоқтарға аяушылықпен қарап,
мүсіркеген.
Бала өміріндегі әрбір маңызды кезеңдерді: дүниеге келуін (шілдехана,
оған ат қоюды, бесікке салуды (бесік тойы , тұсау кесуді, сүндетке
отырғызуды (сүндет тойы, тілін шығуын тіл ашар той, алғаш рет жалын тартып
мінуін, бәйгеге қатысуын және т.б қуанышты) тойлай білген.
Тәрбие барысында қыз бала мен ер баланың өіндік ерекшеліктеріне аса
мән берген. Әкеге қарап ұл өседі,шешеге қарап қыз өседі Ұлдың ұяты-әкеге,
қыздың ұяты – шешеге деген мақал- мәтелдер, ұл баланың тәрбиесімен әкелер
мен аталар, қыз баланың тәрбиесімен әкелер мен аталар, қыз баланың
тәрбиесімен аналар менм әжелер айналысуы- осының айғағы.
Қыз баланың болашақ ана, қонақ, жат жұрттық деп өтеп аялап,
мәпелеп өсірген, бетінен қақпаған, зекіп дауыс көтеріп,

балағаттамаған. Қыздың жолы жіңішке, Қыз қылығымен сүйкімді деп
оларды жастайынан абыройын сақтауға шақырған, мейірімділікке,
инабаттылыққыа, биязылыққа, ізеттілікке, ілтипаттылыққа, ақжарқындылыққа
баулыған, сыйлауға, жасы үлкен адамның, әсіресе үлкен адамның алдынан
көлденең өтпеуге, сөйлеп тұрғанда сөзін бөлмеуге, үлкендерге тізе бүгіп
сәлем етіп әдептілік білдіруге, үйге кірген адамды дастарханға шақыруға,
сыртынан ғайбат сөз сөйлемеуге, әлсізге зорлық- зомбылық көрсетпеуге,
жетім жесірге, қиналғанға қол ұшын беруге тәрбиелеген.
Жәдігерліктерге көз салсақ, қыз балаға деген осындай ілтипат-
құрметті халық қай жерде, қандай жағдай болмасын естен әсте шығармағанын
байқаймыз. Осының бір дәлелі – Қабанбай батырдың жауынгерлік шайқаста қолға
түскені, он екідени бір гүлі ашылмаған қыздың зарына құлақ асуы, имандылық
танытуы.
Ей, жарандар, жарандар,
Бәрің маған қараңдар,
Тонаса олжа бола ма?
Көзіңнен аққан қанды жас
Сірә да бізді қоя ма?
Есен болсам бір жолға,
Тағы да өзім бастайын,
Осы қызды тонама,
Қыздың сөзін қостайын,
Астына қыздың ат беріп

Осы жерге тастайын... - деп, өз сарбаздарымен бірге дүйім жұртқа
үлгі-өнеге боларлық азаматтық іс көрсетеді.Түнгі мезгілде сұғанақ көз, суық
қолды Шағалақтан:
Қарағым, қалқам, Шағалақ,
Неғып жүрсің жағалап.
Үзбеші қыздың түймесін,
Суырма қыздың инесін.
Құдайдан келеген бұйрық жоқ,
Қыз бетінен сүймек жоқ..- деп, қыздың абыройын сақтап қалуы, дүйім
елді аузына қаратқан әйгілі батырдаң ізеттілік, инабаттылық ата салты,
азаматтық борыш деп түсініп, сүйекке таңба, елге сын болтын ата-баба
дәстүрән өнеге тұтқанының дәлелі.
Халқымыздың он үште - отау иесі деген дәл айтылған нақыл сөзінде
үлкен, ауқымды көп тәрбиелік негіз жатыр. Бұл сөз ұл мен қызға бірдей
қатысты.
Көшпенді өмір салтымен тіршілік кешкен халқымызға ұл баланы дүниеге
көзін тырнап ашқан бастап он үш жасқа дейін (яғни бір мүшел жас) сол
өмірдің бар қыр-сырын, қуаныш-сүйеніші мен қиыншылықтарын, жыл мезгілдеріне
сай тұрмыс ерекшеліктерін,тыныс-тіршіліктерің сан тарау жолдарын, дала
философиясын өз басынан өткізе отырып, үйреткен. Сөйтіп, осынау тұрмыс
салтын дұрыс игерген ұл баланы өзгелер секілді бір шаңырақ ауыртпалығын
көтере алатын, ел қорғауға даяр, ой-өрісі, ақыл парасаты толыса бастаған
азамат ретінде жеке отау етіп шығару үлкен үрдіс болғанын айта кету орынды.
Бұдан, әлбетте, қазақ халқы ұл мен қызға түрліше қараған деген ой
тумаса керек. Қазақ халқының қыз балаға көзқарасын жоғарыда айтып өткенбіз.
Ал әрбір халықтың, әсіресе халқы жағынаң шағын халықтардың еркек заты
дүниеге келгенде қатты қуанып, ертерек үйлендіріп жатуында ел- жерді
қорғау, халық өсімін, демографясын сақтау мақсатында болған біршама ғалым-
зерттеушілердің еңбектерінде сөз болған. Сондықтан мың сан жаугершілік
заман бастан кешірген қазақ халқының да ұлға ұрпақ жалғасы , шаңырақ
иесі тұрғысынан қарап ерекше қадірлегені түсінікті. Баланың әрбір
жетістігіне қуанып, мәселен, алғаш атқа мінуін, сүндет парызын өтеуін, ат
жарысына қатысуын, тұңғыш жол жүруін, өнерпаздыққа талпыныс жасауын және
т.б. жұртшылық алдында қолдап, марапаттап отыруы осы ойдан, елдікке,
ерлікке ерте бастан тәрбиелеу ниетінен туңан.
Оларға алты асыл қасиетті (зерде-зейін; өнер өріс; тапқырлық,
талап, ерлік; жігер-күш; қайрат-қару; білім), үш асыл мінез құлықты (елі
мен туған туыс, жырағат-жегжат, дос-жолдасқа адал болу қте әділетті болу;
тура бетке айтар шыншыл болу) сіңіруге тырысқан. тәрбие барысында олардың
жас ерекшелігі ескерілген. Бүгінгі күнде жас кезеңдерге бөлудің бірнеше
түрі бар. Мәселен, адамның психологиялық және физиологиялық даму
ерекшеліктерімен байланысты түрі: туғаннан 1 жасқа дейін – нәресте; 1-7
– сәби; 7-12- ойын баласы; 12-15 – сығыр, ересек бала, т.с.,
немесе қазақтардың мал шаруашылығы( 4 түлік) әрекеттерімен байланысты
түрі; туғаннан 10 жасқа дейін – қозы жасы; 10-20 – қой жасы ; 20-30 –
жылқы жасы; 30-40 – аға жас ; ер түлегі; 40 жас әдетте патша
жасы. Мүшел жасқа адам дамуындағы қатерлі жас тұрғысында қараған (12-
ден 13-ке қараған кезең . Бұл кезеңде аса назар аударған, балаларға өзіне
абай болуын ескертіп отырған.
Ұят, намыс, ар ұғымдары кең пайдаланылған. Ықылым
жастардан жеткен Қыздың ұяты анаға, ұлдың ұяты әкеге, Арынды жастсн
сақта, Ерді намыс, қоянды қамыс өлтіреді деген мақал-мәтелдердің
астарында үлкен мағына барын көреміз.
Балалардың табиғи дарындылығы, мәселен, белгілі бір өнер
түріне талабы, бейімділігі де назардан тыс қалмаған. Егер келелі сөзге,
шешендікке бейім болса ел адам етуді көздеп шешен - билерге жанастыратын,
музыка (ән-күй саласынан қабілеті болса, сал-серілерге ертіп, олардың
өнерінен үлгі-өнеге еткен. Мысалы, Құрманғазының музыкаға деген
бейімділігін, қабілетін ерте байқаған ансы Алқа оған шамасы келгенше қол
ұшын берсе, күйші Ұзақ өзінің өнері мен айтқан ақылымен бала Құрманғазының
домбырашылық өнерімен біржолата айналысуына себепкер болады.
Балаларды ерте бастан еңбек түрлеріне баулу, мысалы, мал және
ауыл шаруашылығына үйрету, алуан түрлі қолданбалы өнер бұйыидарын жасауға
тарту, балардың жас еракшеліктерін ескере отырып, ой-өрісіне, іскерлігі
мен дағдысына талапты күшейту әрбір отбасының негізгі міндетіне айналды. Ұл
бала шаруашылық жайын күйіттесе, қыздар үй шаруашылығымен айналысты(үй ішін
жинады, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ педагогты жеткіншектердің көркемдік мәдениетін қалыптастыруға даярлау
Болашақ мұғалімнің қазақ халық дәстүрлері негізінде бастауыш сынып оқушыларын әдепке тәрбиелеуге кәсіби даярлығын қалыптастыру
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің мектепте халық ойындарын оытуда қазақ этнопедагогикасы материалдарын пайдалану
Мультимедиалық жүйелік дыбыстар
Болашақ Мұғалімдердің Оқу-Тәрбие Үдерісінде Ізгілік Қасиеттерін Қалыптастыру
Оқу-тәрбие үдерісіне инновациялық педагогикалық технологияны ендіру ерекшеліктері
Бастауыш мектепте математиканы оқытуда этнопедагогика элементтерін сабақта қолдану
Болашақ мұғалімдерді оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға кәсіби даярлаудың ғылыми-педагогикалық негіздері
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда оқытудың белсенді әдістерін жүзеге асырудың дидактикалық жағдайлары
Болашақ ағылшын тілі мұғалімдерін кәсіби даярлауда жаңа педагогикалық технологияны пайдалану
Пәндер