Қазақстандағы азық-түлік нарығы мәселелерін теориялық, әдістемелік және тәжірибелік тұрғыдан зерттеу



Анықтамалар, белгілеулер және қысқартулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

1 АЗЫҚ . ТҮЛІК НАРЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ
1.1Азық . түлік нарығы экономикалық қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
1.2 Азық.түлік нарығы елдің әлеуметтік.экономикалық дамуының факторы ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .261.3 Әлемдік азық . түлік нарығының даму тәжірибелері ... ... ...37

2 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АЗЫҚ . ТҮЛІК НАРЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 48
2.1 Қазақстандағы ауыл шаруашылық секторының қазіргі ахуалы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .48
2.2 Алматы облысы бойынша азық . түлік экспортына талдау ... ... ... ... ... ... .55
2.3 Мемлекеттітің АӨК.нін оңды реттеу саясаты . елді азық.түлік қауіпсіздігімен қамтамасыз етуінің кепілі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..63

3 ӘЛЕМДІК АЗЫҚ.ТҮЛІК ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЗЫҚ.ТҮЛІК НАРЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..72
3.1 ДСҰ мүшесі ретінде Қазақстан Республикасында азық.түлік экспортының кейбір мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .78
3.2 Қазақстан Республикасында азық.түлік нарығын қамтамасыз етуді құқықтық реттеудің жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...85

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .89
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 92
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .93
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету – күрделі жаһандық мәселе және Қазақстан Республикасы үшін де экономикалық қауіпсіздік жүйесіндегі орталық мәселелердің бірі болып табылады, өйткені азық-түлікпен сенімді қамтамасыз етпейінше бір де бір ел басқа мемлекетке тәуелділіктен құтыла алмайды. Қазақстан экономикасының тұрақтануы және экономиканың өсуі бұл проблеманың өткірлігін бәсеңдетеді. Азық-түлік қауіпсіздігі - барлық адамның әр уақытта физикалық және экономикалық тұрғыдан қауіпсіз азықпен қамтамасыз етілуі. Ол аграрлық және экономикалық саясаттың басты мақсаты болып табылады.
2009 жылы 11 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азық-түлік қауіпсіздігі мәсе¬лелері бойынша өзгерістер мен толық¬тырулар енгізу туралы» Заң қабылданды. Онда бірқатар қолданыстағы заңдарға толықтырулар енгізілді.Заңда азық-түлік қауіпсіздігін қамта¬масыз ету азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлердің алдын алуға және оларды бейтараптандыруға бағытталған әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық, әкімшілік және өзге де шараларды әзірлеу және іске асыру арқылы жүзеге асырылатыны айқындалған. Заңда азық-түлік қауіпсіздігін қамта¬масыз ету азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлердің алдын алуға және оларды бейтараптандыруға бағытталған әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық, әкімшілік және өзге де шараларды әзірлеу және іске асыру арқылы жүзеге асырылатыны айқындалған.Соның ішінде жасына, мүліктік және әлеуметтік жағдайына, тұрған және тұрғылықты жеріне қарамастан тұтынудың физиологиялық нормаларына сәйкес сапалы азық-түлік тауарларына халықтың нақты және экономикалық қол жеткізуін қамтамасыз ету көзделген. [1, 3 б]
Мемлекет басшысы 2012 жылы 14 желтоқсанда еліміздің келешегіне айқын бағдар көрсеткен, ХХІ ғасырдағы басты міндеттерді қамтыған «Қазақстан-2050» Стратегиясын жария етті. Елбасы әлемдегі үшінші сын-қатер деп жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатерді атады. Президент өз сөзінде жер-жаһанда халық саны өсуінің жоғары қарқыны азық-түлік проблемасын күрт шиеленістіре түсетінін, бүгіннің өзінде әлемде миллиондаған адам аштыққа ұшырап, миллиардқа жуық адам тағамның ұдайы жетіспеушілігін бастан кешіріп отырғанын еске салып өтті.Елбасы Қазақстанның қазірдің өзінде астық дақылдарын аса ірі экспорттаушылар қатарына енгенін, аса ірі экологиялық таза аумақтар бар екенін және экологиялық таза тағам өнімдерін шығара алатынымызды, сондықтан да, ауыл шаруашылығы өнеркәсібінде сапалы секіріс жасауға толық мүмкіндігіміз бар екенін сенімді жеткізді. «Аса ірі экспорттық нарықты меңгеру үшін біз қай азық-түліктің жаппай өндірісін басты етіп қоятынымызды айқындауымыз керек. Алынған шаралардың нәтижесі 2050 жылға қарай ел ІЖӨ-індегі ауылшаруашылық өнімінің үлесі 5 есе артуы болуы тиіс», деді Н.Ә. Назарбаев.[2,6б]
1. ҚР кейбір заңнамалық актілеріне азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР 11.12 2009 №229-IV заңы
2. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтің Қазақстан халқына Жолдауы: ««Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» 14.12.2012.
3. Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»атты Қазақстан халқына жолдауы. 17.01.2014.
4. Тойбаев Ә. Азық-түлік қауіпсіздігі ең өзекті мәселеге айналып келеді.//Егеменді Қазақстан.-2014
5. Кайгородцев А.А. Экономическая и продовольственная безопасность Казахстана. Вопросы теории, методологии, практики: Монография. – Усть-Каменогорск: Медиа-Альянс, 2006. – 384 с.
6. Молдашева А.Б. Азық-түлік қауіпсіздігі: бағалау, болжамдау және оны қамтамасыз ету механизмі/Автореферат. Алматы, 2010
7. Богомолова В.А. Экономическая безопасность.– М. ЮНИТИ-ДАНА, 2009
8. Кайгородцев А.А. Механизм функционирования и развития системы продовольственной безопасности Казахстана (теория, методологии и приоритеты развития). – Автореф. дис. д-ра эконом.наук, 2009.
9. Нұрманов А.А. Қазақстанда бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өндірісін басқару мәселелері. Автореферат. Алматы, 2009.
10. Абалкин Л. Экономическая безопасность России: угрозы и их отражение // Вопросы экономики. – 1994. – № 12. – С. 4-13.
11. Кужиев Б.С. Мемлекеттік реттеу жүйесінде аграрлық өндірісті дамытудың және тұрақтандырудың экономикалық механизмі/ Автореферат.А-2009
12. Баймуратов У.Б. Национальная экономическая система. – Алматы: Ғылым, 2000. – 536 с.
13. Мырхалықов Ж. Аймақтың азық-түлік қауіпсіздігі: ғалымдардың үлесі.
Егеменді Қазақстан газеті. 2009
14. Ботанов Н. Предпринимательство – один из путей экономической безо-пасности Казахстана // Аль-Пари. – 2001. – № 2-3. – С. 42-43.
15. Гали Д. Внешнеэкономический аспект национальной безопасности Рес-публики Казахстан // Саясат-Policy. – 2005. – № 1. – с. 18-23.
16. Архипов А., Городецкий А., Михайлов Б. Экономическая безопасность: оценки, проблемы, способы обеспечения // Вопросы экономики. – 1994. – № 12. – С. 36-44.
17. Сибирский Н.А. Составляющие экономической безопасности как систе-мы //http:// www.ost.ru /conf / soc2002 /papers /sibirskiy.html.
18. Балабанов В.С., Борисенко Е.Н. Продовольственная безопасность (международные и внутренние аспекты). – М.: Экономика, 2002. 211 с.
19. Государственная агропродовольственная программа, утвержденная Указом Президента Республики Казахстан от 05.05.02. Астана, 2002. - № 889.
20. Сатыбалдин А.А., Никитина Г.А., Турисбеков З.К. Региональные аспекты продовольственной безопасности Казахстана. //Проблемы агрорынка, - Апрель-июнь, 2001. - С.5-10.
21. Султанбекова Г. и др. Продовольственная безопасность Казахстана: современное состояние и направления обеспечения. //Экономика и статистика. - 2001. - № 1. - С.42.
22. Бимендиева Л.А. Продовольственная безопасность: проблемы и пути ее решения. //Вестник КазНУ. Серия экономическая, № 1 (29), 2002 . - С.14-18.
23. Жильдебаев А., Бельгибаев Ж., Курмангалиев С. Обеспечение продовольственной безопасности и основные направления развития пищевой
24. Промышленности Казахстана. //Транзитная экономика, 2003. - № 4. - С.130-133.
25. Тулегенов Б.Т., Бельгибаев Ж.Ж. Продовольственная безопасность и здоровое питание населения Казахстана. //Пищевая и перерабатывающая промышленность Казахстана, 2003. - № 1. - С. 11.
26. Оболенцев И., Корнилов М., Синюков М. Продовольственная безопасность. // Российский экономический журнал, 2009. - № 5. - С.39-47.
27. Ахметжанова С.Б. Конкуренгтоспособность пищевой промышленности Казахстана: теории, проблемы и механизм обеспечения. – Алматы, 2011. - 291с.
28. Декларация Всемирного Саммита по продовольственной безопасности: Всемирный саммит по продовольственной безопасности Рим, 16-18 ноября 2009 года / Продовольственная и сельскохозяйственная организация Объединённых Наций - //ftp.fao.org/docrep/fao/Meeting/018/k6050r.pdf.
29. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтің Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты // «Параграф» ақпараттық жүйесі 2013.
30. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы № 527-IV Заңы // «Параграф» ақпараттық-анықтама жүйесі 2013.
31. Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 66 Заңы // «Параграф» ақпараттық жүйесі 2013.
32. Жанбекова З.Х. Продовольственная безопасность Казахстана : теоретические аспекты и приоритеты обеспечения : Автореферат диссертации на соискание ученой степени к.э.н. / З.Х.Жанбекова. - КЭУК, 2008. - 21 с.
33. Нурпеисов К.Н., Камарутдинов Е.Ф. Оценка инвестиционной деятельности пищевой промышленности Казахстана // Пищевая технология и сервис. – 2003. - № 3. – С. 93-95.
34. Гиззатова А.И. Проблемы продовольственной безопасности Республики
Казахстан // Аль-Пари. – 2004. - № 2-3. – С. 20-23.

35. Баймухамедова Г.С. Организация рынка и рыночных отношений в сфере материально-технического обеспечения АПК // Вестник КазЭУ. – 2002. – № 6. – С. 16-19.
36. Есимжанова С.Р. Маркетинг в Казахстане: теория, методология, практика. – Монография. - Алматы: Аян-Эдет, 2001. – 288.
37. Бимендиева Л.А. Продовольственная безопасность: проблемы и пути ее решения. //Вестник КазНУ. Серия экономическая, № 1 (29), 2002 . - С.14-18.
38. Жильдебаев А., Бельгибаев Ж., Курмангалиев С. Обеспечение продовольственной безопасности и основные направления развития пищевой промышленности Казахстана. //Транзитная экономика, 2003. - № 4. - С.130-133.
39. Агапова Т.А., Серегина С.Ф. Макроэкономика. Москва, 2006
40. Мэнкью Н.Г. Макроэкономика. Санкт- Петербург, 2006.
41. Козаченко А. В. Экономическая безопасность предприятия: сущность и механизм обеспечения / А.В. Козаченко, В.П. Пономарев, А.Н. Ляшенко. Киев: Издательство: Либра, 2003. — 280 с.
42. Экономическая безопасность. Под редакцией Богомолова В.А. 2-е издание, переработанное и дополненное – М. ЮНИТИ-ДАНА, 2009
43. Вечканов Г.С. Экономическая безопасность. - СПб.: Питер, 2007
44. Метелев С.Е., Храмцов К.В. Экономическая безопасность предприятия - Учебное пособие - Омск, 2006
45. Лукасевич И.Я. Финансовый менеджмент. Учебник. – М.: Эксмо, 2008, 2009, 2010
46. Коноплев С.П. Инновационный менеджмент. Учебное пособие. ВЗФЭИ. Архангельский филиал. – М.: Проспект, 2007
47. Инновационный менеджмент: учебное пособие/ Под ред. АК Барышевой. – М.: Дашков и К, 2007
48. Фатхутдинов Р.А. Инновационный менеджмент. 3-е изд. СПб: ПИТЕР, 2002
49. Мейірбеков А.К.; Әлімбеков Қ.Э.«Кәсіпорын экономикасы», Алматы, 2003
50. Документы ООН / Организация Объединённых Наций —http://www.un.org/ru/documents/.
51. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы № 527-IV Заңы // «Параграф» ақпараттық-анықтама жүйесі 2013.
52. Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 66 Заңы // «Параграф» ақпараттық жүйесі 2013.
53. Жанбекова З.Х. Продовольственная безопасность Казахстана : теоретические аспекты и приоритеты обеспечения : Автореферат диссертации на соискание ученой степени к.э.н. / З.Х.Жанбекова. - КЭУК, 2008. - 21 с.
54. Reuters Thomsan. Igniting worldwide policy debate of the digital economy. 13 MAR 2014 r.
55. Thomson Reuters. New Digital Economy Task Force Report Addresses Digital Economy, Illicit Activity 4 MAR 2014

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 78 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Анықтамалар, белгілеулер және қысқартулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

1 Азық - түлік нарығының теориялық және әдістемелік негізі
1.1Азық - түлік нарығы экономикалық қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.2 Азық-түлік нарығы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының факторы ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...261.3 Әлемдік азық - түлік нарығының даму тәжірибелері ... ... ...37

2 Қазақстандық азық - түлік нарығын қамтамасыз ету жағдайын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...48
2.1 Қазақстандағы ауыл шаруашылық секторының қазіргі ахуалы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...48
2.2 Алматы облысы бойынша азық - түлік экспортына талдау ... ... ... ... ... ... .55
2.3 Мемлекеттітің АӨК-нін оңды реттеу саясаты - елді азық-түлік қауіпсіздігімен қамтамасыз етуінің кепілі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .63

3 Әлемдік азық-түлік жағдайында қазақстанның азық-түлік нарығын қамтамасыз етілуін жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7 2
3.1 ДСҰ мүшесі ретінде Қазақстан Республикасында азық-түлік экспортының кейбір мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .78
3.2 Қазақстан Республикасында азық-түлік нарығын қамтамасыз етуді құқықтық реттеудің жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 85

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 89
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..92
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..93

КІРІСПЕ

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету - күрделі жаһандық мәселе және Қазақстан Республикасы үшін де экономикалық қауіпсіздік жүйесіндегі орталық мәселелердің бірі болып табылады, өйткені азық-түлікпен сенімді қамтамасыз етпейінше бір де бір ел басқа мемлекетке тәуелділіктен құтыла алмайды. Қазақстан экономикасының тұрақтануы және экономиканың өсуі бұл проблеманың өткірлігін бәсеңдетеді. Азық-түлік қауіпсіздігі - барлық адамның әр уақытта физикалық және экономикалық тұрғыдан қауіпсіз азықпен қамтамасыз етілуі. Ол аграрлық және экономикалық саясаттың басты мақсаты болып табылады.
2009 жылы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азық-түлік қауіпсіздігі мәсе - лелері бойынша өзгерістер мен толық - тырулар енгізу туралы Заң қабылданды. Онда бірқатар қолданыстағы заңдарға толықтырулар енгізілді.Заңда азық-түлік қауіпсіздігін қамта - масыз ету азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлердің алдын алуға және оларды бейтараптандыруға бағытталған әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық, әкімшілік және өзге де шараларды әзірлеу және іске асыру арқылы жүзеге асырылатыны айқындалған. Заңда азық-түлік қауіпсіздігін қамта - масыз ету азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлердің алдын алуға және оларды бейтараптандыруға бағытталған әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық, әкімшілік және өзге де шараларды әзірлеу және іске асыру арқылы жүзеге асырылатыны айқындалған.Соның ішінде жасына, мүліктік және әлеуметтік жағдайына, тұрған және тұрғылықты жеріне қарамастан тұтынудың физиологиялық нормаларына сәйкес сапалы азық-түлік тауарларына халықтың нақты және экономикалық қол жеткізуін қамтамасыз ету көзделген. [1, 3 б]
Мемлекет басшысы 2012 жылы 14 желтоқсанда еліміздің келешегіне айқын бағдар көрсеткен, ХХІ ғасырдағы басты міндеттерді қамтыған Қазақстан-2050 Стратегиясын жария етті. Елбасы әлемдегі үшінші сын-қатер деп жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатерді атады. Президент өз сөзінде жер-жаһанда халық саны өсуінің жоғары қарқыны азық-түлік проблемасын күрт шиеленістіре түсетінін, бүгіннің өзінде әлемде миллиондаған адам аштыққа ұшырап, миллиардқа жуық адам тағамның ұдайы жетіспеушілігін бастан кешіріп отырғанын еске салып өтті.Елбасы Қазақстанның қазірдің өзінде астық дақылдарын аса ірі экспорттаушылар қатарына енгенін, аса ірі экологиялық таза аумақтар бар екенін және экологиялық таза тағам өнімдерін шығара алатынымызды, сондықтан да, ауыл шаруашылығы өнеркәсібінде сапалы секіріс жасауға толық мүмкіндігіміз бар екенін сенімді жеткізді. Аса ірі экспорттық нарықты меңгеру үшін біз қай азық-түліктің жаппай өндірісін басты етіп қоятынымызды айқындауымыз керек. Алынған шаралардың нәтижесі 2050 жылға қарай ел ІЖӨ-індегі ауылшаруашылық өнімінің үлесі 5 есе артуы болуы тиіс, деді Н.Ә. Назарбаев.[2,6б]
Жолдауда берілген осы салаға қатысты тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында Үкімет өте қысқа мерзім ішінде Қазақстан Республикасында агроөнеркәсiптiк кешен - дi дамыту жөнiндегi 2013 - 2020 жылдарға арналған Агробизнес-2020 бағ - дарламасын әзірледі. Бұл құжат Үкiметтiң 2013 жылғы 18 ақпандағы арнайы №151 қаулысымен бекітілді.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылдың 17-қаңтарындағы,Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты Қазақстан халқына Жолдауында: Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін инновациялық бағытқа түсіру маңызды. Бұл - біздің дәстүрлі саламыз. Азық - түлікке деген қажеттілік арта береді. Бұл секторға инвестиция көбірек салынады. Сондықтан бүгінгі фермерлер тек уақытша әрі ауа райына байланысты кездейсоқ жетістіктерді малданып қалмай, өндірістің өсімі жөнінде ойлануға тиіс. Жаһандық ауыл шаруашылығы өндірісінде бәсеке өсе беретін болады.Біз аграрлық ғылымды дамытып, сынақтық аграрлық - инновациялық кластерлер құруымыз қажет. Уақыт көшінен қалмай, табиғи азық - түлік өндірумен қатар құрғақшылыққа төзімді гендік-модификацияланған өнімдер өндірісін де жүргізу маңызды. Айтылған міндеттерді ескере келіп, Үкіметке агроөнеркәсіп кешенін дамыту жоспарына түзету енгізуді тапсырамын. деген. [3,3б]
ХХ ғасырдың екінші жартысында бастау алған адамзат баласының өсімі жыл өткен сайын арта түсуде. Халықаралық зерттеу бойынша, соңғы жылдары Жер тұрғындары жыл сайын 80 миллион адамға ұлғайып келе жатыр екен. Осындай пікірді Германиядағы Кампус Seilersee президенті, профессор Дитрих Вальтер Алматыға келгенде Жасыл экономика және тұрақты даму деп аталатын халықаралық ғылыми семинарда айтқаны белгілі. Халық орналасуындағы үлесіне келсек, алдымен Азиядан кейін Африка, Оңтүстік Америка, Австралия, Еуропа орын теппек. Ал 17 миллиондай тұрғыны бар Қазақ - станға келсек, біздің елдегі халық өсімі 2050 жылы шамамен 23-24 миллион адамға жетпек. [4, 15 б]
Халық санының өскені елдің экономикалық жағдайының арта түсуіне ықпал ететіні белгілі. Дегенмен, әлемге ортақ бір проблема алдан шығатыны даусыз. Ол - халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету. Осы орайда, бүгінгі таңда әлем назары азық-түлік қауіпсіздігіне ауып отыр. Халықты сапалы әрі қауіпсіз азық-түлікпен қамтамасыз ету қашан да өзекті тақырып күйінде қала бермек.
Қазіргі таңда Республикадағы тамақ өнімдерін тұтыну жағдайы ауыл шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөлу нәтижесінде біршама тұрақтандыруға қол жеткізілді. Бірақ ауыл шаруашылығы шикізатының үлкен бөлігі өңдеуші кәсіпорындардың өндірістік қуаттарының төмендігінен немесе жеткіліксіз қолданылуынан қайта өңдеуден өткізілмеуде. Мемлекеттің азық-түлік нарығында тамақ өнімдеріне экономикалық қол жетімділіктің біраз төмендегеніне қарамастан, табиғи қол жетімділігі қамтамасыз етіліп жатыр.
Қазақстан нарығындағы терең өңдеуден өткен азық-түлік тауарларының тапшылығы импорттық өніммен өтелуде, оның үлес салмағы тұтынудың жалпы көлемінде азық-түлік қауіпсіздігінің белгіленген деңгейінен 37 %-ға жоғары. Импорттық өнімді тұтынудың ғылыми ұсынылған шекті деңгейі 20,0 %, ал оның 60,0 %-дық мәнінде салалар толық бұзылады, және азық-түліктің әлемдік нарығына толық импорттық тәуелділік пайда болады. Міне сондықтан импорттық өнімдерді отандық өндірістің өнімдерімен алмастыру арқылы, оны қысқарту мақсатына бағытталған саясатты жүргізу қажет. Әрі азық-түлік тауарларымен өзін-өзі қамтамасыз ету тұтынудың жалпы көлемінің 80,0 %-нан кем болмауы керек. Осыған байланысты азық-түлік қауіпсіздігін реттеудің тиімді тәсілдерін іздеу ерекше маңызға ие болады. Мұның бәрі тақырыптың өзектілігін анықтайды.
Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Азық-түлік нарығының мәселелері экономикалық ілім классиктерінің еңбектерінде қарастырылған. Т.Мальтус, К.Менгер басқалары өздерінің еңбектерінде азық-түлікті өндіру мен тұтынудың маңыздылығын көрсетті.
Азық-түлік нарығын қамтамасыз ету мәселесінің әртүрлі аспектілері Ресейдің көптеген ғалымдарының зерттеулерінде, соның ішінде Л.И. Абалкиннің, А. Архипованың, О.С. Белокрыловтың, В.А. Богомоловтың, Г.С. Вечканованың, С.Ю. Глазьеваның, А.Г. Гранбергтің, Р. Гумерованың, Е.А. Олейникованың, В.А. Савиннің, В.К. Сенчагованың, C.B. Степашиннің
еңбектерінде қарастырылған.
Отандық ғалымдардыңА.А. Кайгородцевтің, М.У. Спановтың, Р.А. Алшановтың, К.А. Сағадиевтың, Э.С. Оспановтың, А.Б. Молдашевтың және көптеген басқалардың жұмыстарында азық-түлік қауіпсіздігің теориялық, әдістемелік және тәжірибелік аспектілері қарастырылған.
Қарастырылып жатқан мәселе бойынша орындалған еңбектер санының көптігіне қарамастан, аймақ деңгейінде азық-түлік қауіпсіздігінің мәселелері жеткіліксіз зерттелген. Республиканың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету механизмі негізінен алғанда оның аймақтағы жағдайымен анықталады. Өз кезегінде әрбір аймақ өзіне тән ерекше табиғи-климаттық жағдайларынан бастап әлеуметтік-экономикалық жағдайларына дейін ие болады. Бұл жағдайлар үнемі өзгеріп тұрады: халықтың қажеттіліктері көбейеді, ресурстық мүмкіндіктер азаяды, ал ол әрбір кезеңде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету механизмін жетілдіруді талап етеді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты. Дипломдық жұмыстың мақсаты Қазақстандағы азық-түлік нарығы мәселелерін теориялық, әдістемелік және тәжірибелік тұрғыдан зерттеу, ғылыми негізделген ұсыныстар жасаудан тұрады.
Дипломдық жұмысты орындаудың негізгі міндеттері:
- Азық - түлік нарығы мен экономикалық қауіпсіздіктің теориялық аспектілеріне тоқталу;
- Азық-түлік нарығы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі факторы екендігін дәлелдеу;
- Азық - түлік қнарығын қамтамасыз етудің әлемдік тәжірибелеріне тоқталу;
- ДСҰ кіру жағдайында Қазақстандағы ауыл шаруашылық секторының қазіргі ахуалына тоқталу;
- Алматы облысы бойынша азық - түлік қауіпсіздігін талдау
- Қазақстан Республикасында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді құқықтық реттеудің кейбір мәселелерін қарастыру.
Зерттеу объектісі - азық-түлік нарығын қалыптастырушы факторы ретінде Алматы облысының агроөнеркәсіптік кешені.
Зерттеудің пәні - азық-түлік нарығын қамтамасыз етудің жетілдіру жолдары, әдістері мен мәселелері.
Зерттеу жұмысының теориялық және әдістемелік негізіне ҚР Президентінің жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары, ҚР нормативтік-құқықтық, заңнамалық актілері, сондай-ақ шет елдердің тәжірибесі, экономикалық үдерістерді талдау мен үлгілеудің әдістері, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша отандық және шетел ғалымдарының классикалық және қазіргі замаңғы еңбектерінде баяндалған зерттеу нәтижелері алынды.
Зерттеу жұмысының ақпараттық базасы. Азық-түлік нарығына қатысты Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтік актілері, Мемлекеттік бағдарламалар, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен Халыққа жолдауы, ҚР Қаржы Министрлігінің статистикалық бюллетені және ҚР стаистика жөніндегі Агенттігінің ресми мәліметтері, Алматы облысының статистикалық басқармасының мәліметтері және нормативтік-анықтама материалдары, ауыл шаруашылық кәсіпорындарының жылдық есептері, ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурстары қолданылды.
Ғылыми жаңалығы. Зерттеуден алынған нәтижелердің ғылыми жаңалығы келесілерден тұрады:
- Алматы облысының агроөнеркәсіптік кешенінің қазіргі жағдайына талдау жасалды, оның нәтижесінде АӨК дамуының жағымды және жағымсыз үрдістері анықталды;
- халықтың азық-түлік нарығын қамтамасыз ету бойынша елде атқарылып жатқан іс-шаралар қарастырылды.
Диплом жұмысының құрылымы мен көлемі. Диплом жұмысы компьютерде терілген, кіріспеден, 3 тараудан, ұсыныстар мен қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізіміне тұрады.
1 АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК АСПЕКТІЛЕРІ

1.1 Азық - түлік қауіпсіздігі экономикалық қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі ретінде
Азық-түлік нарығы - елді азық-түлікпен қамтамасыз ету стратегиясы, негізгі мақсаттары мен оларға қол жеткізу жолдары, жалпы қоғамның әрекетінің ортақ бағыттылығын қамтамасыз етуге бағытталады. Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздік саясатының мақсаты болып, әлуметтік - экономикалық дамуын қамтамасыз ету жағдайын жасау, негізгі құндылықтарды қорғау, Қазақстан халқының өмір сүруінің материалдық негіздерін, оның құқықтары мен бостандықтарын, республиканың ішкі және сыртқы саясатына саяси қысым мүмкіндіктерін болдырмауға жағдай жасау. [4.112б]
Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үрдісі ішкі және сыртқы қауіптерден немесе қатерлерден қорғалу механизмдерін қалыптастыруға негізделген. Өйткені, экономикалық қауіпсіздік - ішкі-сыртқы экономикалық қатерлердің бетін қайтаруға қабілетті, экономикалық тұрақтылықты сақтау және ұлттық экономиканың мемлекет тарапынан қорғалуына бағытталған өзара байланысты экономикалық кешенді шаралардан тұратын динамикалы жүйені білдіретін экономиканың жай-күйі ретінде анықталады (1-сурет).

Экономикалық қауіпсіздік
Экономикалық қауіпсіздік

Ішкі
Ішкі
Сыртқы
Сыртқы

Қаржы-лық
Қаржы-лық
Ақпа-раттық
Ақпа-раттық
Эколо-гиялық
Эколо-гиялық
Шикі-заттық
Шикі-заттық
Энергетика-лық
Энергетика-лық
Азық-түлік
Азық-түлік
Технология-лық
Технология-лық
Сауда
Сауда

Сурет 1 ─ Экономикалық қауіпсіздік элементтері
Дерек көзі: Кайгородцев А.А. Экономическая и продовольственная безопасность Казахстана. Вопросы теории, методологии, практики: Монография. - Усть-Каменогорск: Медиа-Альянс, 2006. - 384 с. ;[5,89б]

Азық-түлік нарығын қамтамасыз етуінің сандық және сапалық көрсеткіштері бар болғанымен, оның негізгі түйіні ұлттық экономикалық мүдделерді жүзеге асыру қабілетімен көрінеді. Экономикалық мүдде қоғам мен мемлекеттің қысқа мерзімдегі мақсаттарына ғана емес, ұлттық экономиканың стратегиялы дамуын қалыптастыруға әсер етеді. Оны жүзеге асыруда басты субъект мемлекет боып табылады.
Қазақтан жағдайындағы ішкі экономикалық қатерлерге жататындар:
- горизонтальді және вертикальді түрдегі шаруашылық байланыстардың бұзылуы;
- шаруашылықтың техника-технологиялық базасының азаюы;
- жұмыссыздық;
- инфляция;
- салық салудан көпшіліктің қашуы;
- қазақстандық экономиканың монополизациясы;
- экономиканың және қоғамның қылмысы;
- ішкі және сыртқы қарыздың ірі көлемділігі;
- валюталық ресурстардың азаюы.
Қазақстандық экономиканың сыртқы экономикалық қатерлеріне келесілерді жатқызамыз:
oo импорттық тәуелділіктің өсуі;
oo экономиканың тым ашық болуы;[5,89б]
Ішкі қайшылықтардың өрши түсуінен, басшылықтың тиімді шешім қабылдай алмауынан ішкі қауіптер өсу үрдісіне ие болады да, сыртқы қауіптер үшін қолайлылық тудырады. Бұл, біріншіден, ішкі қауіптер мемлекеттің экономикалық, әсіресе, қаржылық қуаттын әлсірете отырып, әскерді модернизациялауға мүмкіндік бермейді. Екіншіден, мемлекеттің экономикалық әлсіздігі ұлтты халықаралық қаржылық ұйымдардың алдында тәуелді етеді, өйткені, елдің бюджеттік ресурстары мемлекеттің минималды әлеуметтік міндеттемелерін де төлеуге мүмкіндік бермейді. Қарызды көптеп алу бюджет мәселесін шешпейді, қайта сыртқы қарызға көрсетілетін қызмет шығындарын өсіре түседі. Үшіншіден, ішкі қауіптер отандық тауар өндірісінің ішкі сұранысты қанағаттандыра алмауы экономиканың импортқа, сыртқы рынок конъюнктурасына, оның тауарлық және қаржылық сегменттеріне, оның ішінде азық-түлік, машина құрал-жабдықтар, халықаралық несиелерге деген тәуелділікке әкеп соқтырады. Төртіншіден, ішкі қауіптерді жеңе алмаған мемлекет сыртқы саясатты да белсенді жүргізе алмайды, отандық өндірушілердің мүдделерін қорғамайды, бәсекеге қабілетті өнім шығармайды.[6,58б]
Азық-түлік нарығы қызметіне арналған экономикалық әдебиеттерде бұл сұрақтар қарастырылмаған, егер қарастырылса да бір-бірінен алшақ. Қоғам танымы терең және толық болған сайын әлеуметтік - экономикалық категориялар қолданылған сайын әлеуметтік- экономикалық тиімділігі жоғары болатындығы белгілі. Сондықтан қойылған сұрақтардың жауаптарының ғылыми мәнділігі зерттеу бөлігінде ғана емес , нарық жағдайындағы азық-түлік қауіпсіздігінің рөлі мен функциясы, оның әрекетінің механизмін түсінуді ашу, жабдықтардың өте тиімді түрлерін іздеу бағыттарын құру. Бұл жазықтықтағы зерттеу мемлекет құрған кешеннің жағдайын, талаптарын, құқықтық нормаларын, экономикалық нормативтерін, инструкция мен директиваларын тамаша анықтауға мүмкіндік береді, және мемлекет экономикасына төнетін ішкі және сыртқы экономикалық қауіптерден қорғауға кепілдеме береді, әрі қамтамасыз етеді.
Азық-түлік қауіпсіздігі-қажетті, тіпті жеке адамның материалдық жағдайы жеткіліксіз болса да, кез - келген адамдар тобы мен қоғам түгелдей оның функциясы мен даму мүмкіндігін - демографиялық, экономикалық, саяси, мәдени, интелектуалды т.б. анықтайды.[6]
Қоғамның тұрақты даму кезеңінде, азық-түлік өндіру- жай қоғамның өндіріс, азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері өзекті емес. Ол апатты жағдайларда, өнім жоқта, соғыс кезінде, ауылшаруашылық өндірісі жер өңдеу және тамақ өнеркәсібі бұзылғанда, экономикалық дағдарыстарды, қоғамның эономикалық құрылымы мен жерге меншікті түбегейлі түрлендіруде туындайды.
Әлеуметтік реформалар мен төңкерісшілер адам қоғамын жетілдірудің козсіз идеясының әсерімен ХХ ғасырдағыреформа мен техникалық төңкерістің тәжірибесі дәлелдегендей кез келген радикалдлы экономикалық түрлендірудің мүмкін шегі конструктивті және деструктивті әсерінің қоғамға тигізер күші зор- тұрғындар, физикалық және рухани денсаулық, білім беру кешені, экономика, оның ішінде ауыл шарушылығы, жеңіл және тамақ өндірісі, көлік және энергетиканы қайта өндіру. Осыған байланысты қауіпсіздік мәселелерінің әр түрлі аспектілері туындайды, яғни адам, қоғам, мемлекеттің эономиклық және саяси түрлендірулер кезеңінде маңызды мүдделерін қорғау мәселелері туындайды.
Азық-түліктің жетіспеуі 70- жылдарда әлемдік дағдарысқа себеп болды. БҰҰ Бас Ассамблеясы 1974 жылы Әлемде азық-түлік қауіпіздігін жабдықтау бойынша халықаралық міндеттеме қаулысын қабылдады, және ол нақты түрде азық-түлік қауіпіздігінің мәнін анықтады. Сол кезде көптеген елдердің азық-түлік мәселелерін шешудің дамыған елдер көмегімен импортқа шығару концепциясын орнату жылдам әрі тиімді жағы болды. Бірақ азық-түлік тауарларын өткізу қатаң монополиялық нарыққа айналған соң, көптеген елдер 70 жылдары өз күштеріне сену концепциясын өтуге мәжбүр болды, әрине ол жүзеге асқан жоқ.[7,69б]
Тұрақты түрде азық-түліктің жетіспеуі мемлекеттің валюта табысының деңгейі төмен болғанда, сыртқы нарықтан азық-түлік сатып ала алмағанда пайда болады. Мерзімді жетіспеушілік банк бағалауы бойынша әлемдік бағаның өсуінен болуы ықтимал. АҚШ-дағы 80- жылдардағы жағдай тағы бір азық-түлік жетіспеушілігінің басы болды. Елдің жер қоры түгелдей пайдаланылғанда, дәнді дақылдар алқабы өспегенде, ірі қара жайылымнан жендеуге көшірілгенде, 2030 жылы АҚШ тұрғындары 95 млн адамға арту күтілуде, су жетіспегенде, шаруашылық тиімсіз жүргізілгенде осындай қуатты елде азық-түлік қауіпсіздігі дабыл қағады.
Шетелдік экономикалық әдебиеттерде азық-түлік нарығы, азық-түлік тәуелсіздігі ұғымдарына анықтамалар кездеседі. Бірақ, екінші жағдайда елді азық- түлікпен өзі қамтамасыз ету деңгейі анықталады. Тұрғындар тұтынымын тағам өнімдерімен қамтамасыз ететін ішкі өндіріс елдің өзін - өзі жабдықтау көрсеткіші, азық- түлік тәуелсіздігі, азық-түлік қауіпсіздігін ұлттық қамтамасыз етілуінің қажетті шарты. Осы мәселелерді шешуге поляк ғалым экономистері А. Бушковский, Г. Войцеховский, А. Воев, З. Колодзеяна, А. Клявс, С. Лоявский, И. Точна т.б. едәуір үлес қосты.
Экономикалық өзін-өзі жабдықтауға ішкі жағдайлар және климат әсер етеді. Шикізатпен озін өзі жабдықтау сол кезде болады, егер тағамдану деңгейіне рационалды (тиімді) әсер ететін өндірісі үшін азық-түлік шикізаты өз елінде өндірілсе. Өндіріс үнемі ауытқып отыратындықтан тұрақты түрде азық-түліпен жабдықтау қиын. Мұнда бір адамға 1000 кг мөлшерде дән есептелуі тиіс. Сонымен олардың пікірінше, азық-түлік қауіпсіздігі кең көлемде айтылады. азық-түлікпен жабдықтау ұғымында біріңғай түсінігі жоқ. Әр елдің азық-түлікпен жабдықталуы әр түрлі. Егер азық-түлік тұтынымын қанағаттандыру халық шаруашылығы қабілеттілігін минимал деңгейде өсіру деп қабылдасақ, онда өзін өзі қамтамасыз етудің үш категориясын аныықтауға болады дейді поляк зерттеушілері:
1. Абсолютті өзін - өзі қамтамасыз ету - сыртқы саудадағы ауылшаруашылық өнімдерін сату айналымы нөлге тең болғанда өзін өзі жабдықтау.
2. Салыстырмалы өзін - өзі қамтамасыз ету, сыртқы сауда айналымы баланста болғанда жүзеге асады. Оны ел тұрғындарының азық-түлік тұтынымын кешенді қамтамасыз ету деп анықтайды, ол кезде ауылшаруашылығы экспорты мен шикізат импорты шығындары түгелдей жабылуы тиіс (нетто). Мысалы, Польшада бұл мүмкіндік 39 млн халық үшін күндік рационы адамға 2755-3200 калория деп анықталған. [8,11б]
Жоғарыдағы айтылғандарға байланысты азық-түлік нарығын қамтамасыз ету - бұл ең алдымен белгілі бір кезеңде елдің азық-түлік қауіпсіздігінің потенциалын қамтамасыз етуге қабілетті, өзара қатынастың ұйымдық-экономикалық жүйесі. Ол тауар өндірушілерден соңғы тауарды тұтынушыларға дейінгі отандық және импорттық азық-түлік тауарларының қозғалысын қамтамасыз етуге қабілетті желіні ұйымдастырудан тұрады.
Әлем қауымдастығының азық-түлік мәселелеріне деген көзқарасы келесі тенденциялар мен факторларға байланысты қатты өзгерді: біріншіден, әлем халықтарының, әсіресе дамушы елдердің басым (800 млн. адам) бөлігі ашаршылықта өмір сүруде; екіншіден, көптеген шет елдерде ауылшаруашылық өндірісіне кері әсер ететін климаттық өзгерістер болуда; үшіншіден, егіс алқаптары қысқаруда, сумен қамтамасыз ету мәселелері қиындай түсуде, экологиялық қауіптер өсуде. Осы мәселе бойынша оқымыстылардың жұмыстарын талдай отырып, алғашқы әдістемелік-теоретикалық аспектілерді жасаған ресей зерттеушілері екендігін анықтадық, атап айтқанда: И. Оболенцев, М. Карнилов, А. Гардееев, Ю. Хромов және т.б. Олардың көпшілігі азық-түлік қауіпсіздігін халықтың қалыпты өмір сүруін қамтамасыз ететін деңгейде, қажетті азық-түлік өнімдерімен қанағаттандыруға мемлекеттің кепілдік беру қабілеттілігі ретінде қарастырады. Бірақ, бірқатар зерттеушілер ұлттық азық-түлік қауіпсіздігінің екі салыстырмалы өзіндік компаненттерін, яғни оның халықтарының теңгермелі тамақтануы және өзін-өзі қамтамасыз ету принципін бөліп қарастырады. Бірақ, олардың барлығы азық-түлік қауіпсіздігін халықтың жеткілікті және тұрақты тамақтануын мемлекеттің қамтамасыз ете алу қабілеті деп санауға негізделді.[10,151б]
Азық - түліктік қауіпсіздіктің қажетті деңгейін қалыптастыру мен құруға диаметральді қарама-қарсы факторлардың екі тобының қоспасы әсер етеді. Бір жағынан, жалпы даму деңгейін төмендететін, негативті, ал басқа жағынан - позитивті, экономикалық жүйенің эволюциялық дамуына сәйкес, 2-ші кестеде көрсетілген.
2-ші кестеде көрсетілгендей, факторлардың бірінші тобына кіретіндер:
- отандық өндірістің көлемінің ұлғаю негізінде дамуы;
- елдегі азық- түліктік қауыпсіздікті қамтамасыз етуді регламенттейтін, өндірістердің экономикалық қызметін регламенттейтін.
- осал нормативтік - құқықтық база;
- баға құрылуының әсершіл механизмінің болмауы;
oo шикізаттың, өндіріс құралдарының, дайын өнімдер мен әртүрлі саладағы қызмет түрінің бағасының тұрақсыздығы;
oo нарықтың бөлшектері мен сегментерін шетелдік-тауарлардың басуы, отандық тауар өндірушілердің нарықтық ортадан ығыстырылуы;
oo отандық тауарларға жалпы сұраныстың төмендеуі;
oo тауарлар мен қызмет түрлерінің бағасының өсу қарқыны мен жалақының арасындағы сәйкессіздік, жұмыссыздықтың өсіуі;

Кесте 2 - Азық түліктік қауіпсіздіктің деңгейіне әсер ететін негізгі факторлардың классификациясы
Негативті факторлар
Позитивті факторлар
Азық-түліктік қауіпсіздіктің деңгейін қамтамасыз етудегі осал нормативтік құқықтық база
Тұрақты нормативтік құқықтық базаны құруы, яғни Қазақстан Республикасының азық-түліктік қауіпсіздігі заңы
Инфляциялық процестер, бағалардың тұрақсыздығы
Баға құрылуының тиімді механизімін дамыту, баға теңдігін жасау
Отандық нарықтың бөлшектері мен сегментерінің импорттық тауарлармен толықтырылуы
Елге импорттық тауарлардың енгізілуіне шектеу

Халықтың өмір деңгейінің төмендеуі
Халықтың жалпы материалдық қамтамасыз етілуінің жоғарлауы.
Ел экономикасының банк жүйелерінің саясатынан тәуелдігі
Отандық өндірістің дамуы

Ғылыми-техникалық прогресс деңгейінің төмендеуі.
Жаңа кіріспелерді дамыту, жаңа техника мен, технологияларды енгізу

Кесте 2 жалғасы
Стратегиялық шикізат пен азық-түліктің шет елге шығарылуы
Стратегиялық маңызды шикізаттар мен азық-түліктің тапшы түрлерін шет елге шығаруға шектеу
Нарық инфраструктурасының дамуының деңгейінің төмендігі
Ел ішіндегі сауда политикасының бірегей стратегиясының жасалуы, тауар қозғалысының тиімді каналдарының жасалуы.
Өндірістің майда, бөлімдерге дифференциялануының ірі өндірістер санының азайуына әкеліп соқтыруы.
Интеграциялық процестердің күшеюі, мемлекеттік капитал үлесі басыңқы ірі орындарының
Өкіметтің экономикалық процесстерге әсерінің бостығы, әсіресе азық түлікке баға құру саласында.
Болып жатқан экономикалық процесстерді реттеуші өкіметтік салалардың құрылуы.
Хабарландырулықтың деңгейінің төмендігі
Ақпарат нарықтылығының деңгейінің көтерілуі, өндіріс факторларының жалпылай қолдануын қадағалау және есепке алу, информациялық жүйелердің құрылуы мен қолданылуы
Дерек көзі: Балабанов В.С., Борисенко Е.Н. Продовольственная безопасность (международные и внутренние аспекты). - М.: Экономика, 2012. 211 с.

oo экономиканы жандандыруға бағытталған әрекетті республикалық, салалық бағдарламалардың болмауы;
oo материалдық өндіріс сферасындағы жаңа енгізулердің деңгейінің төмендігі, жекелеп алғанда - тамақ өндіріс орындары мен өңдеуші өнеркәсіпте, қолданудағы құрал жабдықтардың моральдық және физикалық тозуы, бірбеткей жаңа зерттеулер мен ноу-хоу үлес салмағының болымсыздығы, жаңашылдықтардың пайда болуына әсер етуші механизмнің болмауы;
oo елімізден халықтың сұранысына сай стратегиялық шикізаттар мен дефицинт азық-түліктердің шығарылып әкетілуі;
oo сауда нарықтық комплекстердің қызметіне бақылаудың төмендігінен олардың тиімділігінің жетіксіздігі;
oo баға құрылуы саласындағы экономикалық процесстерге өкімет тарапынан әсердің салғырттығы;
oo кредитті- қажылық, салық және кедендік саясаттың тұрақсыздығы;
oo нарықтық қатынастар жағдайындағы жоспарлау мен стратегиялық болжамның әдістері мен принциптерінің болмауы;
oo әртүрлі саладағы қызмет атқарушы субьектілердің өндіріс факторлары мен ресурстарын қолдануына толық есеп пен бақылаудың болмауы;
oo олардың қызметі жайындағы нақты есептің болмауы;
oo экономиканың түрлі салаларының мүмкіндіктері мен қорларын дұрыс бағалауға рұқсат берілмейтін осал ақпараттық база және т.б.[1,125б]
Негативті көріністерге қарама- қайшылық ретінле позитивті тенденция болып сипатталатын сәйкес дамушы процесстер қызмет атқарады. Сондықтан факторлардың 2-ші тобына әлемнің дамыған елдерінің практикасы мен тәжірибесіне арқа сүйей отырып, келесі жағдайлар енгізілген:
-халықтың жалақысы мен жалпы материалдық қамтамасыз етілуінің деңгейін көтеру;
oo отандық өндірісті оның көлемін ұлғайту негізінде дамыту;
oo экономикалық жүйенің функциясын қалыпқа келтіруге ықпал ететін бір қалыпты нормативтік- құқықтық базаның жасалуы;
oo баға құрылуының тиімді механизімін жетілдіру және азық- түліктік шикізатқа, өндіріс құралдары мен тауарларға өзара байланысты бағалар жүйесін дамыту;
oo ауылшаруашылығы секторында қолданылатын ауылшаруашылық шикізатты,өндіріс құралдары мен тауарлар;
oo елге іспеттес тауарлары өзімізде өндірілетін немесе отандық кәсіпорындар өндіруге мүмкіндігі бар шарттық тауарларды әкелуге шектеу салу;
oo жаңа енгізулерге жаппай зерттеме жүргізу, ғылыми техникалық прогрессті енгізу;
oo елімізден стратегиялық шикізат пен тапшы азық - түлікті сыртқа шығаруға енгізу;
oo бір түтас тауар саясатының стратегиясын дамыту, тауар қозғалымының өркениетті каналдарын жасау,тиімді өндірістік- сауда структураларын дамыту;
oo азық- түліктік нарықтың инфрақұрылымын - өркендету;
oo нарықтық жағдайларға тиімді принциптер негізінде әртүрлі шаруашылық субьектілері мен жалпы экономикалық жүйенің қызметін жоспарлау және болжау;
oo ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен өңдеуші өндіріс орындары арасында интеграциялық процесстердің күшейуі,ірі құрастырылған және мамандандырылған өкіметтік капиталдың бөлігі басым өндірістердің ара қатынасы;
oo тиімді және нақты ақпараттық жүйелерді енгізу;
oo халықтың сұранысынқанағаттандыруға жеткілікті ауылшаруашылық өнімдерін өндіруге мүмкіндік беретін егістіктерді бөлу;
oo жерді өңдеу мен оның сапасын жоғары деңгейде ұстау мақсатында әлемдік тәжірибені қолдануарқылы ауылшаруашылық өнімдерінің астық өнімділігін көтеру;
oo өнімдер шығаруда элиталық ұрықтық формаларды қолдану;
oo өнімдердің сапасын әлемдік деңгейге сәйкес етіп көтеру.
Позитивті факторлардың өндірістердің дамуына әсерін қамтамасыз ету көптеген түрлі тіршілік ету аспектілері мен нарықтық ортада өмір сүруге тікелей байланысты.Қайта өндіру мен ауылшаруашылық өндірістерінің тиімділігіне байланысты негізгі мәселелердің бірі бәсекелестік пен шығарылатын өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің бәсекеге сәйкестік деңгейін көтеру;
Бағалау көрсеткіштерін таңдағанда жалпы және ерекшеленген методологиялық ережелерді негізге алу қажет. Азық-түліктік қауіпсіздікті анықтаудағы жалпы қағида - ол оның бүкіл әлемде,әрбір жеке елде екі жазықтықта қаралуы, мекен жайына және әрбір жеке тұлғаға қатысты.
Азық-түліктік нарығын бағалау үшін негізгі жеті көрсеткішке табан тірейтін методикалық базаны ауқымды деңгейде қолданады. Олардың ішінде ең белгілісі - әлемдік астық қорының бүкіл әлемдегі тұтынуына қатынасы.
Қауіпсіздік болып саналатын деңгей ауыспалы қордың 60- тәуліктік әлемдік астықты тұтыну мүмкіндігі, бұл шамамен оның бүкіл жылдық тұтынуының 17 % .Басқа көрсеткіштер астықтың экспортер және импортер елдерге арналған хал- ахуалын сипаттайды. Астықты экспортқа шығаратын мемлекеттерге қатысты алғанда әлемдегі негізгі бес астық экспортерларының ұсынысының (Аргентина, Австралия, Канада, ЕО, АҚШ) қажет көлемге қатынасы және осы елдердегі ауыспалы қордың жалпы тұтынуға сәйкестігі - астық түрлері бойынша жалпы және дифференцияланған.
Импортер елдерге қатысты алғанда Қытай, Индия, ТМД секілді дамып келе жатқан импортер елдердегі астық өндірудегі өзгерістер белгіленеді. [12,111б]
Азық - түліктің қауіпсіздік жағдайын және оның ең төменгі белдеуін бағалағанда мемлекеттің ішкі және сыртқы қаупі сияқты көрсеткіштерді қолданады.
Елдегі азық-түліктік қауіпсіздікке ішкі қатермен азық - түліктік хал-ахуалдың нашарлауын сипаттайтын негізгі көрсеткіштер болып саналатын:
oo егістік алқаптардың құнарсыздануы;
oo өңдеу сапалары мен ауылшаруашылық өнімдерін сақтаудың дамытылмағандығы;
oo егіс алқаптары мен мал басының қысқаруы;
oo кейбір жылдардағы қолайсыз қалыптасқан табиғат факторларының (қуаңшылық, су тасқаны т.б) ауыл шаруашылық өнімдерінің төмендеуіне әсер ететін немесе оларды ірі шығындарға соқтыратын үйлесімділігі;
oo өндірістің негізгі құралдарының моральдық және тікелей тозылуының салдарынан ауыл шаруашылығында және де агроөндірістік комплекстің басқа салаларында қайта өндіру шарттарының бұзылуы;
oo халықтың экономикалық белсенді бөлігінің ірі қалаларға миграциялауы, қоғамның мүлікті бөлшектенуінің тереңдеуі, мұндай жағдайда халықтың ең қорғаусыз бөлігінің табысы күрт төмендейді.
Кез келген елдің нарқы іштен де сырттан да төнетін қауіптерге душар болуы айқын. Мемлекеттің азық-түліктік қауіпсіздігіне сыртқы қатер Республиканың түгелдей негізгі тағамдар бойынша импорттан тәуелді болуының күшейуінен туындайды, өндірістік орталықтарының экспортер елдерден тәуелді болуы, Қазақстан ДЖСҰ - ның құрамына кіру мақсатымен өзінің ішкі нарығының ашық болуын күшейтуде, осыған байланысты азық - түлік импортының ірі масштабты экспансия қаупі туындайды, отандық тауар өндірушілердің ығыстырылуы, және осы себептен олардың өндірістерінің тоқырауы. [13,147б]
Ғалым - экономистердің көзқарасы бойынша, азық - түліктік қауіпсіздікке сырттан туындайтын қиындықтырға келесі факторларды жатқызуға болады:
* ауылшаруашылық шикізатына әлемдік бағалардың коньюнктурасы (бағалық қайшылықтар);
* саяси сипаттағы шаралар (эмбарго, гуманитарлық көмек)
* сауда дискриминациясы;
* ақпараттық қайшылықтар;
* тарифтік (тариф емес) тежеулер;
* қарсы демпинг.
Азық-түліктік қауіпсіздікті сапалық бағалаумен шұғылданатын көптеген авторлардың көз қарасына сәйкес көрсеткіштер (немесе индикаторлар) ретінде келесілерді атауға болады:
* азық-түліктің негізгі түрлерін өндіру мен оны әр жан басының тұтыну деңгейі;
* нормативтерге сәйкес олардың жеткіліктілік дәрежесі;
* осы көрсеткіштердің аймақтар бойынша және халықтың әлеуметтік топтары бойынша дифференцияациялануы;
* олардың мөлшерінің әртүрлі жағдайлардағы тұрақтылығы;
Олардың тұжырымы бойынша, азық-түліктік қауіпсіздіктің сапалы түрде бағалануымен қатар, өсімдік шаруашылығының өнімдерімен шұғылданатын шаруашылық құрылымдарына егіндіктің 100 га шаққанда қажетті ауылшаруашылық техникасының нормативін (санын) бекітіп беру қажет, осы норматив ауылшаруашылығындағы азық- түліктік қауіпсіздіктің ең төменгі деңгейінің тиімді мөлшерін анықтайды яғни, азық-түліктік қауіпсіздіктің берік жүйесін жасау мемлекеттің бірқатар жалпыұлттық ерекшеліктермен байланысты, қаржылық-экономикалық қиындықтармен, мемлекеттің қызметімен тікелей байланысты обьективті және субьективті факторлардың бүкіл комплексі, азық-түліктік қауіпсіздіктің негізін құрайтын жүйе болады.
Азық-түліктік қауіпсіздіктің құрастырушыларын сараптауда өмір шындығы олардың әрқайсына белгілі мөлшерде негіз береді, бірақта, олардың экономикалық табиғатын зерттеу барысында ең бастысы аса қиындатпауда,немесе жеңілдетіп жібермеуде.
Жоғарыда көрсетілген азық-түліктік қауіпсіздіктің критерилері мен көрсеткіштері шетелдік, қазақстандық және ресейлік зерттеушілердің көзқарасына сәйкес азық-түліктік қауіпсіздіктің классификациялық белгілерін (құрастырушыларын) ашып көрсетуге мүмкіндік береді және оның негізін құрайтын мазмұнын анықтауда біржақты ғана қараудан аулақ болуға мүмкіндік тудырады.

1.2 Азық-түлік қауіпсіздігі елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының факторы ретінде

Кез-келген экономикалық даму үрдісіндегі мемлекеттің басты мақсаты ауыл шаруашылық өндірісін қолдайтын, халқын азық-түлікпен жабдықтауға және азық-түлік тәуелсіздігіне кепіл беретін азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Қазіргі таңда азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері, халықты сапалы және қауіпсіз тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету нарықтың шырқау шыңына жетіп тұрған кезде өте күрделі және өзекті мәселе болып табылады. Азық-түлік қауіпсіздігі еліміздің ұлттық қауіпсізідігінің бір бөлігі болып табылады. Себебі, бірде-бір мемлекет халықтық сапалы тамақ өнімдеріне деген сұранысын қанағаттандырмастан, ұлттық, соның ішінде экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуі мүмкін емес. Сондықтан Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан-2050 Стратегиясы- қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Жолдауында жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатерді ХХІ ғасырдың жаһандық он сын-қатерінің бірі ретінде атап өтіп: ...Әлемдік халық саны өсуінің жоғары қарқыны азық-түлік проблемасын күрт шиеленістіріп отыр. Бүгіннің өзінде әлемде миллиондаған адам аштыққа ұшырап, миллиардқа жуық адам тағамның ұдайы жетіспеушілігін бастан кешіруде. Тамақ өнімдерін өндіруде революциялық өзгерістер жасамаса, осынау үрейлі цифрлар тек өсе түспек деп атап көрсеткен болатын[1].
Азық-түлік қауіпсіздігінің қазіргі жаһандық жайы адамзат өміріне күрделі қауіп төндіруде. Жер шары тұрғындарының саны өскен сайын халықты азықпен қамтамасыз ету мәселесі де ушығып отыр. 2050 жылы адам саны 9,5 млрд-қа дейін жетеді деген болжам бар. Сондықтан да азық-түлік дағдарысы және оның алдын алу - әлем жұртшылығын алаңдатып отырған басты мәселе. Қазіргі таңда азық-түлік тапшылығы орын алып, ашаршылықтан зардап шегіп жатқан елдер де аз емес. Дүниежүзінде бүгінгі күні созылмалы аштық дертіне шалдыққандардың саны 925 млн адамға жетеді, бұл жер шары тұрғындарының 14 пайызына тең. Сондай-ақ әлем елдерінің 29-ы азық-түлік тапшылығын өткір сезінуде. Сондай-ақ әлем елдерінің 29-ы азық-түлік тапшылығын өткір сезінуде. Бұл маңызды мәселе туралы Қазақстан Президенті Н. Назарбаев ШЫҰ мүше мемлекеттері басшыларының отырысы кезінде сөйлеген сөзіндеҚазіргі уақытта әлемдік тұтыну мен табиғат апаттарының салдарынан шикізат пен энергия ресурстары бағасының өсуі азық-түлік өнімдерінің қымбаттауына алып келді. Азық-түлік дағдарысының зардаптары бүкіл әлемдегі әлеуметтік және саяси жағдайдың ушығып кетуіне соқтырады. Бұл жағдайда азық-түлік қауіпсіздігін аймақтық және халықаралық деңгейде тұрақтандырып, үйлестірілген және келісілген әрекеттерді жүзеге асыру шарт, - деп атап өтті. Сонымен қоса, ШЫҰ-ға қатысушы мемлекеттердің арасындағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша ынтымақтастықты арттыру керектігіне тоқталды[2].
Отандық ауыл шаруашылығының дамуымен кепілдендіре отырып, тұрғындарды азық-түлікпен тұрақты және толық қамтамасыз ету кез-келген елдің әл-ауқатын нығайтудың маңызды факторы болып табылады. Осыған байланысты қоғамның тұрақты дамуы үшін елімізде толыққанды және салауатты азық-түлік нарығын қалыптастыру маңызды болып отыр. Адамдардың көп бөлігінің қолы жететін бағадағы жоғары сапалы өнім түрлерін алуға мүмкіндік жасау, дамыған елдердің ұлттық стратегияларының мақсаты болуы кездейсоқ емес. Сондықтан да қазіргі таңда басты назарда тұтынушы үшін тамақ өнімдерінің физикалық қол жетімділігі, яғни өнімнің нақты сол аймақта болуы; тамақ өнімдерінің экономикалық қол жетімділігі, яғни тұтынушыға тиімді бағада болуы; өнімнің қауіпсіздігі, яғни адамның тамақтануы үшін қауіпті болмауы; тамақ өнімдерінің сапасы, яғни өнімдердің құрамы арнайы талаптарға толық жауап беруі тиіс. Бұл мәселелердің экономикалық және әлеуметтік саясат арқылы шешуін табу әр мемлекеттің басты бағыты болуы қажет деп ойлаймыз.
Қазақстан Респуликасының Президенті Н.Ə. Назарбаевтың Қазақстан халқына 2012 жылғы Жолдауында, Агроөнеркәсіптік кешен туралы айрықша айтқым келеді, оның дамуы арқасында біз бір мезгілде еліміз үшін аса маңызды екі міндетті - азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және экспортты әртараптандыруды шешеміз және біз тауарлы-сүт фермаларын, құс фабрикаларын, мал бордақылау алаңдарын ұйымдастыру
мен дамыту, тамшылап суаруды қолдану арқылы жеміс-көкөніс дақылдары өндірісін ұйымдастыру, ауылшаруашылық техникаларын жинау жөніндегі
өндірістерді құру, ет өңдеу өндірісін дамыту, биязы жүнді қайта өңдеу, қазақстандық астық экспортының инфрақұрылымы және оны терең қайта өңдеу секілді экспортқа бағдарланған өндірістерді дамыту жөніндегі инвестициялық жобаларды қаржыландыруды жалғастыруға шешім қабылдадық - деп атап көрсете отырып, агроөнеркәсіптік кешеннің дамуы азық-түлікпен халықты қамтамасыз етумен тікелей байланыстылығын және аграрлық салаға ерекше көңіл бөлу қажеттігін жеткізді.
Бүгінде кең жазиралы жайылымдары мен егіншілікке қолайлы алқаптары бар Қазақстанның ғаламдық азық-түлік жүйесіндегі алар орнын шет елдік мамандар ерекше атап отыр. IV астаналық экономикалық форумда да азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі сөз болып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қосымша деңгейін көтере алатын бірден-бір мемлекеттің бірі ретінде Қазақстан Республикасы аталды. Яғни, Қазақстан - аумақтық және жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызы зор мемлекет. Агроөндіріс кешенін дамытуға қажетті жер және табиғи ресурстары мол, ауыл шаруашылығы саласы тұрақты дамып отыр. Өйткені ол мемлекет тарапынан ұдайы қолдауға ие болып келеді. Оның үстіне, аталмыш салаға жаңа экспорт көздерін ашу үшін инвестициялар да көптеп тартылды. Осындай жұмыстардың нәтижесінде соңғы жылдары Қазақстан - астық пен ұн экспорттау жөнінен көшбастаушы. Және бұл Қазақстанның жаһандық азық-түлік нарығы үшін қаншалықты маңызды екендігін көрсетіп отыр. Ал БҰҰ Азық-түлік ауыл шаруашылығы ұйымының (UNFAO) ғалымдары жаһандық ауыл шаруашылығы жүйесіндегі Қазақстанның атқарар рөлінің маңыздылығын, өзінің бай табиғи қазынасының арқасында Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімін ұлғайту бойынша зор басымдықтарға ие екендігін және соның арқасында Қазақстан жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде өзін жаңа деңгейге көтере алатындығын, сол себепті UNFAO басқа да халықаралық ұйымдармен қатар Қазақстанның ауыл шаруашылығын дамытуда технологиялық қолдау көрсетуге әркез дайын екендігін атап көрсетті.
Осы орайда шетелдік мамандардың елімізге көз тігіп отыруының басты себебі еліміздің әлемдік астық нарығынан ойып тұрып өз орнын тауып, тұрақты сатып алушылары бар елдер қатарынан көрінуі.Әлемнің ең ауқымды ұн эспортшылары алтылығының қатарына кіретін Қазақстан ұн экспорты бойынша қатарынан үш жыл бірінші орында келді. Осы орайда Нұрсұлтан Әбішұлының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі отандық өнімдердің әлеуетін ерекше атап отырғанымен келіспеуге болмайды. Өзімізде өндірілген өнімді шикізат күйінде сыртқа сатқаннан бұрын, алдымен ішкі нарықты жан-жақты қамтамасыз ете отырып, шикізатты өңдеп, дайын өнім ретінде экспорттаудың барынша пайдалы екеніне мән беріп, елдегі тамақ өнеркәсібін жандандыруға назар қою керек.
Шекара асып келген өнімнің сапасы кейде сан соқтырып, қауіпсіздігі сырт қалып жатады. Арнайы зертханада сынақтан өтпеген өнімдерді сапасы мен қауіпсіздік тексерісін сұрамай-ақ, сатып алып жатқан алып-сатарлар жетерлік. Бұған азық-түлік тапшылығына әкеліп соқтыратын өнімнің бақылаудан шығып кететін бағасын тағы қосыңыз. Осылай тұтынушыға едәуір зиянын келтіріп отырған импорттық өнімдер ел экономикасының кенжелеп қалуына да өз себін тигізіп келеді. Яғни бүгінде кәсіпкерлер тоқтап тұрған өндірістерді жандандырып, бәрін нөлден бастап, өзімізде өнім өндіргеннен гөрі, сырттан дайын өнімді дорбалауды жөн көреді. Бұл - ел экономикасының бір орында тұралап тұруының негізгі факторы. [4].
Тапқан табысының тең жартысын тамаққа жұмсаса, халықтың мәдени-тұрмыстық және әлеуметтік қажеттіліктері қалайша өз дәрежесінде қамтылмақ?! Сондықтан да елдегі азық-түлік бағасының тұрақты, әрі барынша төмен болуы қоғам үшін айтарлықтай маңызды. Азық-түлік мәселесі ушыққан елде саяси-әлеуметтік тұрақтылықтың орнамайтыны да аян. Ұлттық азық-түлік қауіпсіздігін бақылауда ұстау үшін өндірілетін өнім көлемі 80 пайыздық межені бағындыруы керек екен. Ғалымдардың айтуынша, азық-түліктің 25 пайызы сырттан алынса, оған бақылау жасау қиындап, қауіпсіздігінен айырылады. Ал Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметтеріне жүгінсек, еліміз ет пен сүттің, көкөністің 25 пайыздан артық мөлшерін сырттан алады екен. Демек, бүгінде елдегі ұлттық азық-түлік қауіпсіздігі туралы сөз қозғаудың өзі ұят. Азық-түлік тапшылығы белең ала бастаған бүгінгі таңда әлемнің барлық елі бұл салаға мемлекет тарапынан жасалатын қолдауды күшейтіп, саяси маңызы зор өзгерістерді қолға алып, өндіріс көлемін арттыру, ішкі азық-түлік нарығын тұрақтандыру сияқты мәселелерге ерекше мән беріп отыр. Осы орайда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз десек, отандық өнімдердің саны мен сапасын арттырудың орны ерекше.
Яғни, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің тұрақтылық көрсеткіші тамақ өнім - дерінің қауіпсіздігі, тамақ өнімдерінің оларды әдеттегі жағдайда пайдалану кезінде зиянды болып табылмайтындығы мен қазіргі және келешек ұрпақтың денсаулығына қауіп туғызбайтындығына негізделген сенімділік күйінің болуы мен сапа деңгейі болып табылады. Соңғы жылдары бұл мәселе аса маңыздылыққа ие, себебі, тамақ өнімдерінің отандық нарығына түсетін өнімдердің төменгі сапалы деңгейі байқалуда. Отандық өнімдер нарығына сақтау мерзімі, адам денсаулығына қауіпсіздің сапаларына жауап бермейтін, көп жағдайда генетикалық түрлендірілген шикізаттардан жасайтын импортты өнімдер келіп түсуде.
Әрине, айтылған жайттар ұрпағымыздың болашағына кері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Интерактивтік әдістерді қолданып оқыту
Экономикалық аграрлық секторындағы созылмалы дағдарыс
Аграрлық өнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеу
Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінде маркетингтік қызметті ұйымдастырудың бағыттары
БСҰ-ға кіру жағдайындағы ауыл шаруашылығының бүгінгі жағдайын ғылыми-теориялық тұрғыда талдап, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Агро маркетинг
Ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеуді жетілдіру жолдары
Қазақстанда нарықтық экономика жағдайындағы экологиялық таза тамақ өнімі өндірісімен байланысты ұйымдастыру –экономикалық-экологиялық мәселелер жиынтығы
Қазақстандағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі және жетілдіру жолдары
Қазақстанда агробизнестің қалыптасуы мен дамуы
Пәндер