Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастрының құқықтық мәселелері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
I. Тарау. Жер ресурстарын пайдаланудың теориялық негізі ... ... ... ... ... ...
1.1 Қазақстан Республикасындағы жер қатынастарының дамуы тарихы.
1.2 Жер . өндірістің және ауылшаруашылық өндірістің негізгі құралы.
1.3 Қазіргі таңдағы жер учаскесін сату жөніндегі сауда.саттықты ... ... .
(конкурстар, аукциондар) ұйымдастыру және өткізу ... ... ... ... ... ... ..

II. Тарау. Нарық жағдайындағы жер ресурстарын пайдаланудағы аукциондар ұйымдастыру мәселесі ... ... ... ... ... .
2.1. БҚО Жер қатынастары Басқармасының қызметін ұйымдастыру ... ... ..
2.2. Батыс Қазақстан облысында жер учаскелерін бөлу, сату жалға
беру туралы мәліметтер нәтижесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 Жер ресурстары проблемасының қазіргі жай.күйін талдау ... ...
2.4. Жер кадастры және жер мониторингін жүргізу механизмі ... ... ..

ІІІ Тарау Жер ресурстарын Қорғау жөніндегі 2007.2009 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

ҚОРЫТЫНДЫ МЕН ҰСЫНЫСТАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Жұмыстың жалпы сипаттамасы
Диссертациялық зерттеуде Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастрының құқықтық мәселелері кешенді түрде зерттелген, яғни мемлекеттік жер кадастрын жүргізу тәртібі мен шарттары, оның мемлекеттік реттеуде алатын орны мен маңыздылығы қарастырылды, мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың ұйымдық - құқықтық қызметі және олардың қызметін жетілдіру мәселелері, мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді реттейтін қолданыстағы заңдарды жетілдіруге бағытталған ұсыныстар жасалынған.
Диссертациялық зерттеу тақырыбының өзектілігі.
Қазақстан аса бай жер-ресурстық әлеуетті иелене отырып, оларды пайдалануға ерекше көңіл бөліп, әлемдік тәжірибеге сүйене отырып жер ресурстарын ұтымды пайдалану және қорғау стратегиясын бекітіп, елдің нарықтық экономика жағдайларына байланысты жер қатынастарын жетілдіру қажет. Нарық жағдайында жер ресурстарын басқару жер қатынастар жүйесінің социалистік түрімен ерекшеленеді. Алғашқы кезде жер мемлекеттің айрықша меншік құқығында болып, жер қатынастарының тек бір түрі - жер пайдалану ғана танылған. Жер жер пайдаланушыларға ақысыз беріліп, салық салынбайтын, жер учаскесі жылжымайтын мүлік мәртебесіне ие болмаған, жерді жалға алуға тыйым салынған. Демек, жерге жеке меншік құқығы, жер пайдаланудың ақылылығы, азаматтық және нарықтық айналымға жер учаскесін енгізу сияқты мәселелер заңдарда көрініс таппаған. Жоғарыда көрсетілген объективті факторлар жер ресурстарын басқару әдістері мен қағидаларын өзгерту және осы салада зерттеу жүргізу қажеттілігін негіздейді.
Нарықтық қатынастардың дамуы және нарық айналымына жер учаскелерін енгізу, экономиканы мемлекеттік басқарудың дамуы жердің физикалық, экономикалық, құқықтық сипаттамасына негізделген фискалдық құралдардың дамуын (салық салу, жалға алудың төлемі), жерді есепке алу саласындағы қызметті жетілдіруді талап етіп отыр. Мұндай есепті жүргізуді мемлекеттік жер кадастры жүзеге асырады. Бүгінгі күнде қазіргі талаптарға сай кадастрлық жүйенің және заңдылығының қалыптасу процесі, табиғи ресурстар кадастрларының құрылуын жүргізуді реттейтін қоғамдық қатынастар қалыптасу үстінде.
Жер туралы, жер учаскесінің меншік иелері және жер пайдаланушылар туралы толық, нақты және жедел ақпарат жер саясатын жүзеге асыруға көмектесіп, жер және өзге де реформалардың жүзеге асуын бақылауға, жерді пайдалану және қорғауды реттеу және қадағалауға мүмкіндік береді,
Жер қатынастарындағы болып жатқан өзгерістер жер кадастрының функционалдық міндеттерін өзгерту қажеттілігін тудырады. Бұл мәселе жердің аумақтық кеңістік, табиғи ресурс және негізгі өндіріс құралы қызметін сақтай отырып жылжымайтын мүлік мәртебесіне ие болуына байланысты. Бұл жағдайда әрбір жер учаскесі заңды түрде жылжымайтын мүлік мәртебесіне иеленіп жеке және заңды тұлғалардың мүліктерінің құрамына енуі керек.

КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы
Диссертациялық зерттеуде Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастрының құқықтық мәселелері кешенді түрде зерттелген, яғни мемлекеттік жер кадастрын жүргізу тәртібі мен шарттары, оның мемлекеттік реттеуде алатын орны мен маңыздылығы қарастырылды, мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың ұйымдық - құқықтық қызметі және олардың қызметін жетілдіру мәселелері, мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді реттейтін қолданыстағы заңдарды жетілдіруге бағытталған ұсыныстар жасалынған.
Диссертациялық зерттеу тақырыбының өзектілігі.
Қазақстан аса бай жер-ресурстық әлеуетті иелене отырып, оларды пайдалануға ерекше көңіл бөліп, әлемдік тәжірибеге сүйене отырып жер ресурстарын ұтымды пайдалану және қорғау стратегиясын бекітіп, елдің нарықтық экономика жағдайларына байланысты жер қатынастарын жетілдіру қажет. Нарық жағдайында жер ресурстарын басқару жер қатынастар жүйесінің социалистік түрімен ерекшеленеді. Алғашқы кезде жер мемлекеттің айрықша меншік құқығында болып, жер қатынастарының тек бір түрі - жер пайдалану ғана танылған. Жер жер пайдаланушыларға ақысыз беріліп, салық салынбайтын, жер учаскесі жылжымайтын мүлік мәртебесіне ие болмаған, жерді жалға алуға тыйым салынған. Демек, жерге жеке меншік құқығы, жер пайдаланудың ақылылығы, азаматтық және нарықтық айналымға жер учаскесін енгізу сияқты мәселелер заңдарда көрініс таппаған. Жоғарыда көрсетілген объективті факторлар жер ресурстарын басқару әдістері мен қағидаларын өзгерту және осы салада зерттеу жүргізу қажеттілігін негіздейді.
Нарықтық қатынастардың дамуы және нарық айналымына жер учаскелерін енгізу, экономиканы мемлекеттік басқарудың дамуы жердің физикалық, экономикалық, құқықтық сипаттамасына негізделген фискалдық құралдардың дамуын (салық салу, жалға алудың төлемі), жерді есепке алу саласындағы қызметті жетілдіруді талап етіп отыр. Мұндай есепті жүргізуді мемлекеттік жер кадастры жүзеге асырады. Бүгінгі күнде қазіргі талаптарға сай кадастрлық жүйенің және заңдылығының қалыптасу процесі, табиғи ресурстар кадастрларының құрылуын жүргізуді реттейтін қоғамдық қатынастар қалыптасу үстінде.
Жер туралы, жер учаскесінің меншік иелері және жер пайдаланушылар туралы толық, нақты және жедел ақпарат жер саясатын жүзеге асыруға көмектесіп, жер және өзге де реформалардың жүзеге асуын бақылауға, жерді пайдалану және қорғауды реттеу және қадағалауға мүмкіндік береді,
Жер қатынастарындағы болып жатқан өзгерістер жер кадастрының функционалдық міндеттерін өзгерту қажеттілігін тудырады. Бұл мәселе жердің аумақтық кеңістік, табиғи ресурс және негізгі өндіріс құралы қызметін сақтай отырып жылжымайтын мүлік мәртебесіне ие болуына байланысты. Бұл жағдайда әрбір жер учаскесі заңды түрде жылжымайтын мүлік мәртебесіне иеленіп жеке және заңды тұлғалардың мүліктерінің құрамына енуі керек.
Сондықтан, жер нарығының дамуына үлесін қосатын, фискалдық саясатты (салық салу және өзге де жер төлемдерін алу) және жер ресурстарын басқаруды жүзеге асыруға негіз болатын қазіргі заманға сай жер кадастры қажет. Яғни, нарықтық қатынастар жағдайында мемлекеттік жер кадастры жүйесіне және бірінші кезекте жер учаскелерін тіркеу және олардың кадастрлық бағасын анықтауға қойылатын талаптар қатаңдылығы. Сондықтан, мемлекеттік жер кадастры жаңа жер құрылысына, және жер қатынастарына негізделіп құрылуы керек. Демек, әлемдік талаптарға сай келетін мемлекеттік жер кадастрын қалыптастыру өзекті мәселе болып табылады.
Мемлекеттік жер кадастры мемлекеттік тіркеу, жердің кадастрлық құнын анықтау, бағалау қызметінде маңызды рөл атқарады.
Зерттеудің өзектілігі Қазақстан Республикасының жер кадастрлық қатынастарын құқықтық реттеу бүгінгі жер құқығы теориясында кешенді және толық зерттелмеумен түсіндіріледі. Ішкі мемлекеттік заңдылықтың ақтаңдақтары, қарастырылған мәселе бойынша кешенді ғылыми зерттеулердің болмауы, зерттеу тақырыбын таңдауды негіздеді, жұмыстың мазмұнын және құрылымын, міндеттерін, мақсаттарын анықтады.
Жұмыстың теориялық негізіне құқық теориясы, экологиялық, табиғи ресурстық, азаматтық және жер құқығы мәселесі бойынша жүргізілген заңгер-ғалымдардың еңбектері пайдаланылды: С.Б. Байсалов, А.Е. Бектұрғанов, Д.Л. Байдельдинов, Б.Ж. Әбдірайымов, Н.Б. Мұхитдинов, И.В. Амирханова, А.Е. Еренов, Ж.Х. Қосанов, А.Х. Хаджиев, С.Т. Культелеев, Ш.Б. Серикбаева және т.б.
Зерттеу жүргізу барысында табиғи ресурстар кадастры және жер кадастры мәселесіне арналған ғылыми зерттеулер қарастырылды. Ресей ғалымдары Е.Н. Колотинская, И.В. Дегтярев, Л.И. Осипов, Т.П. Магазинщиковтың еңбектері қаралды. Бірақ, жоғарыда көрсетілген зерттеулер кеңес уақытындағы заңдылық негізінде, яғни табиғи ресурстарға айрықша мемлекеттік меншік және ақысыз пайдалану жағдайларында жүргізілген. Зерттеу жүргізу аясында қазақстандық ғалым А.Н. Алчинбаеваның табиғи ресурстар кадастрына арналған зерттеуі қолданылды, бірақ аталған еңбек жалпы табиғи ресурстарға арналған және жер кадастрының мәселелерін жете зерттемеген. Демек, жер кадастры қызметі аясындағы құқықтық мәселелерді зерттеуге арналған кешенді зерттеу жүргізуді қажет етеді.
Диссертациялық зерттеудің мақсаты кадастрлық қызметті жүзеге асыру, жалпы теориялық сұрақтарды талдау, мемлекеттік жер кадастрын жүргізу саласындағы әрекет етуші заңдылықты анық білу, оның кемшіліктерін анықтау, ұсыныстар мен тұжырымдар дайындау, қоршаған ортаны қорғау мен табиғат қорларын пайдалану саласындағы кадастрлық қызметті қалыптастыруға бағытталған зерттеу жүргізу болып табылады.
Зерттеудің міндеттерін қойылған мақсатқа сәйкес мыналар құрайды:
· жер кадастрлық құқықтық қатынастардың түсінігін, мазмұнын және жер құқықтық қатынастарымен ара-қатынасын анықтау;
· мемлекеттік жер кадастрлық құқықтық қатынастардың объектілері мен субъектілерін жіктеу және сипаттама беру;
· қазіргі құқық жүйесіндегі мемлекеттік жер кадастры құқық нормаларының алатын орнын анықтау;
· мемлекеттік жер кадастрын жүргізу және ұйымдастыру саласындағы мемлекеттік уәкілетті органдардың қызметін зерттеу және оларды жетілдіру жолдарын ұсыну;
· мемлекеттік жер кадастры қызмет саласындағы халықаралық әріптестікті құқықтық қамтамасыз ету мәселесін талдау.
Зерттеу объектісі жер пайдалану мен қорғау саласында кадастрлық қызметті жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастар болып табылады.
Зерттеу пәні ретінде мемлекеттік жер кадастрын жүзеге асырудың құқықтық механизмі танылады.
Диссертациялық зерттеудің әдістемелік негізіне мемлекет пен құқық туралы ілімдер, мемлекеттік жер кадастрын жүргізу ережелері, жер қатынастары саласындағы конституциялық ережелер қызмет етеді. Диссертация нәтижелеріне қол жеткізу үшін ғылыми-танымдық сипаттағы салыстырмалы-құқықтық, қисындық, жүйелілік, тарихи және басқа да әдістер қолданылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Диссертацияның ғылыми жаңалығы зерттеудің мақсаты және міндеттерімен тығыз байланысты. Ұсынылып отырған жұмыс Қазақстан Республикасындағы нарықтық қатынастар жағдайында, отандық және шетелдік тәжірибесін ескере отырып жер кадастрлық қатынастарды құқықтық реттеу мәселелерін кешенді түрде, монографиялық деңгейде алғаш рет зерттелген еңбек болып табылады.
Жұмыстың жаңалығы жер кадастры жер қатынастарын реттеудің тәсілі, жер құқығының институты, табиғи ресурстар кадастрының құрамдас бөлігі ретінде танылып отырғандығымен көрінеді. Жер кадастры нормалары, жер кадастрлық құқықтық қатынастары, мемлекеттік кадастрлық қызмет және басқа да терминдердің мазмұны ашылып, жер кадастрын жүргізу қызметін реттейтін заңдарға жаңа қағидалар мен нақты өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар берілген.
Қорғауға ұсынылып отырған тұжырымдар.
1. Жер кадастрлық құқықтық қатынастар дегеніміз - жер құқығының нормаларымен реттелген, жер кадастрын жүргізу, яғни жер туралы кадастрлық мәліметтерді жинау, өңдеу, сақтау және оларды мүдделі тұлғаларға беру кезінде туындайтын қоғамдық қатынастардың ерекше құқықтық нысаны. Бұл қатынастардың объектісі жер болғандықтан мемлекеттік жер кадастрын жүргізу қатынастары жер құқық қатынастары тобына жатады. Демек, мемлекеттік жер кадастрын жүргізу қатынастары жер кадастрлық қатынастар тобын құрайды. Жер кадастрлық құқықтық қатынастар өздеріне тән объектісі, субъектісі, қағидаларымен, мазмұнымен, жүзеге асыру механизмімен ерекшеленеді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастрының объектісіне, жер құқық қатынастарының субъектілері атына бекітілген, оқшауланған шекарадағы жер мен жекелеген жер учаскелері жатады.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастры - бұл жүйеленген, тұрақты түрде толықтырылып отыратын Қазақстан Республикасының жер қорының сандық және сапалық жағдайы туралы мәліметтер жүйесінің негізінде қалыптасатын, жер учаскелерін бағалау, тіркелетін жер учаскелер тізілімін жасау, мемлекеттік жер кадастрлары туралы мәліметтер жеткізу, кадастрлар туралы мәліметтерді пайдалану және басқа да қажетті мәліметтерді енгізу жүйесі болып табылады.
3. Мемлекеттік жер кадастры табиғи ресурстар кадастрының құрамдас бөлігі бола отырып, құқықтық кадастр, мемлекеттік қала құрылысы кадастрымен тығыз байланыста болады. Егер құқықтық кадастр жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тiркеудiң бiрыңғай мемлекеттiк тiзбесi ретінде түсіндірілсе, нарық жағдайына енуге байланысты жер жылжымайтын мүлік объектісінің мәртебесіне ие болды. Мемлекеттік қала құрылысының кадастры аумақтардың, ғимараттардың және құрылыстардың, шағын сәулет нысандарының және абаттандыру бөліктерінің жай-күйi туралы, сондай-ақ аумақтар мен елдi мекендердi дамыту мен құрылысын салудың қала құрылысын жоспарлау туралы мәлiметтердi, аумақтар мен объектiлердiң тиiстi функционалдық аймақтарға тиесiлiлiгi, олардың қазiргi және болашақтағы мақсаттары, экологиялық, инженерлiк-геологиялық, гидрогеологиялық, геотехникалық және сейсмикалық жағдайлары, инженерлiк қамтамасыз етiлуi туралы деректердi қамтиды.
Ал, біртұтастық қағидасына сәйкес жер және онда орналасқан жылжымайтын мүлік біртұтас, бұдан мемлекеттік қала құрылысы кадастры мен мемлекеттік жер кадастрының тығыз байланысы байқалады.
4. Қазақстан Республикасының Жер кодексінде жердің мелиорациялық кадастры жер кадастрының құрамдас бөлігі болып табылады деп көрсетілген және суармалы жердің мелиорациялық кадастрының түсінігі берілген. Жердің мелиорациялық кадастрының жер кадастрымен қатар су кадастрына да қатысы бар, яғни жер және су кадастрларының құрамдас бөлігі болып табылады. Бірақ, Қазақстан Республикасының Су кодексінде заң шығарушы су кадастрына анықтама беріп, мелиорациялық кадастрды қарастырмаған. Демек, Қазақстан Республикасының заңнамасында мелиорациялық кадастрдың анықтамасы бекітілмеген.
5.Қазіргі таңда, жер учаскесіне құқықтарды мемлекет тарапынан табыстау кезінде көптеген түсініспеушіліктер, заңсыздықтар орын алады. Мысалы, бір жер учаскесіне екі жеке меншікке мемлекеттік құқықтық акт беріліп, дау туындап жатады. Мемлекеттік жер кадастрына жер учаскелеріне құқықты субъектілер туралы ақпарат та енгізіледі. Осы мәселені шешу жолының бірі ретінде, жергілікті атқарушы органдар мен мемлекеттік жер кадастрын жүргізуші уәкілетті органдардың арасында тығыз байланыс орнату, яғни жергілікті атқарушы органдарды өздерінің әкімшілік- аумақтық бірлігінің шегінде орналасқан жер учаскелер туралы кадастрлық мәліметтермен мерзімді қамтамасыз ету.
Жерді жеке меншікке мемлекеттен табыстау кезінде шығарылатын құжаттардың заңдылығын қамтамасыз ету мақсатында, сол құжатқа міндетті қосымша ретінде жер учаскесі туралы кадастрлық мәліметтері туралы анықтама қағазын беру.
6.Мүдделі тұлғалардың жер учаскесіне қатысты кадастрлық мәліметтерге қол жетімділігін қамтамасыз ету. Жер кодексіне сәйкес, белгілі бір жер учаскесі туралы мемлекеттік жер кадастрының мәліметтері осы жер учаскесі есепке алынған орын бойынша үзінді түрінде беріледі. Жер кадастрының мемлекеттік құпия мен өзге де шектеулерді қамтымайтын мәліметтері баршаға қолжетімді болып табылады, ол мүдделі жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде беріледі.
Мүдделі тұлғалардың осы мәліметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында, кадастрлық мәліметтерді тұрғындарға бір терезе арқылы қызмет көрсету орталығында алу тәртібін енгізу. Тұрғындарға бір терезе қағидасына сәйкес қызмет көрсету орталығында жер ресурстарын басқару органдары мынадай қызмет түрлерін көрсетеді: жер учаскесіне жеке меншік құқығы актісін, тұрақты жер пайдалану құқығы актісін, уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығы актісін, уақытша жер пайдалану құқығы актісін, жер учаскесінің бар жоқтығы туралы ақпараттық анықтама беруді жүзеге асырады. Демек, осы қызмет түрлеріне жер учаскесі туралы кадастрлық мәліметтерді беруді енгізу қажет.
Диссертациялық зерттеудің теориялық және тәжірибелік құндылығы. Диссертацияның қорытындылары табиғи ресурстар құқығы, жер құқығы, экологиялық құқық оқу пәндерін оқыту, сондай-ақ осы саладағы оқулықтардың, ғылыми басылымдардың тиісті тарауларын дайындау кезінде қолдануға болады.
Зерттеу барысында алынған нәтижелер және оларға негізделген автордың тұжырымдары мен ұсынымдары қоршаған ортаны қорғау және жер заңнамаларын жетілдіруде пайдаланылуы мүмкін.
Жер ресурстарын басқару және жергілікті атқарушы органдардың тәжірибелік қызметін жетілдіруге ықпал ете алады.
Диссертациялық жұмыстың қайнар көздерін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастрын жүргізу қатынастарын реттейтін нормативтік құқықтық актілер Қазақстан Респуюликасының жер ресурстарын басқару агенттігінің, жергілікті атқарушы органдардың және сот органдарының тәжірибелік материалдары құрайды.
Зерттеу нәтижелерінің сыннан өтуі. Диссертацияның нәтижелері, негізгі теориялық, әдістемелік және тәжірибелік ережелері, қорытындылары мен ұсыныстары қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалану мәселелері бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті, Д.А. Қонаев атындағы гуманитарлық университеттерінде өткізілген халықаралық және республикалық ғылыми конференция материалдарына және жарық көрген ғылыми мақалаларда баяндалды.
Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Ұсынылып отырғанзерттеу негізінен теориялық сипатта. Жұмыстың құрылымы алдына қойған мақсаттардың ерекшелігімен сипатымен және жер кадастрлық құқықтық қатынастарды жүйелі және кешенді талдаумен байланысты.
Кіріспеде таңдалып алынған тақырыптың өзектілігі, оның теориялық негіздері мен қайнар көздері, зерттеу объектісі мен пәні, мақсаттары мен міндеттері, зерттеудің әдістемелік негізі, ғылыми жаңалығы және қорғауға шығарылатын негізгі ережелер, сонымен қатар зерттеудің теориялық және тәжірибелік маңыздылығы қарастырылған.
Жер кадастрлық құқықтық қатынастарының жалпы сипаттамасы деп аталатын бірінші бөлім үш бөлімшеден тұрады.
Жер құқықтық қатынастарының түсінігі жер кадастрлық құқықтық қатынастарымен байланысы мен айырмашылықтары деп аталатын бірінші бөлімшеде жалпы жер кадастрының анықтамасы беріліп, жер кадастрлық құқықтық қатынастардың түсінігі ашылып, мазмұны толық қарастырылып, жер құқық қатынастармен байланысы зерттелген.
Құқықтық қатынастардың ғылыми түсінігі нарықтық экономиканың өтпелі кезеңінде, ондағы қоғамдық қатынастарды, соның ішінде жер құқық қатынастарын, ғылыми түрде жүзеге асыруда негізгі құралдардың қатарына жатады. Себебі, ол ғылымның жетістіктері мен ұжымдық тәжірибелерге арқа сүйейді. Сонымен бірге, ол құқық нормаларын қолдану ауқымын белгілеп берумен қатар, нарық экономикасы өтпелі кезеңіндегі қатынастардың реттелу өрісін кеңейтеді және жетілдіруге де қызмет етеді.
Жер құқық қатынастары дегеніміз - жер заңдарының нормалары негізінде пайда болатын және реттелетін жерге жеке меншік немесе жер пайдалану мен жерді қорғауға байланысты туындайтын құқықтық қатынастар. Жер кадастрын жүргізу қатынастары жер құқықтық қатынастарының құрамдас бөлігі. Жер кадастрлық құқықтық қатынастарын қарастырмас бұрын кадастрдың түсінігін анықтап алуымыз керек.
Кадастр сөзі берілетін зат деген мағынаға келетін caput латын тіліндегі сөзінен және берілетін заттардың тізімі дегенді білдіретін capitastrum сөзінен шыққан. Осыған орай алғашқыда кадастр алынатын заттардың тізімін қамтитын кітапты білдірді. Қазіргі кадастр - объектілер мен құбылыстардың сапалық және сандық тізімін қамтитын, ресми мекеме тарапынан жасалатын мәліметтер жиынтығы болып табылады. Кадастр физико-географиялық сипаттама, жіктеу, динамика туралы мәліметтер, зерттелу дәрежесі, картографиялық және статистикалық материалдар қосымшасымен бірге экономикалық бағалауды қамтиды. Ол объектілер мен құбылыстарды қолдану бойынша ұсыныстар мен олардың қорғау шараларды қамтуы мүмкін.
Біздің диссертациялық зерттеуіміздің тақырыбы мемлекеттік жер кадастрын құқықтық реттеу мәселесіне арналған, яғни мемлекеттік жер кадастрының мазмұнын толық ашу үшін біз жер кадастрымен қатар онымен тығыз байланысты табиғи ресурстық кадастр, құқықтық кадастр, мелиорациялық кадастр, қала құрылысы кадастрларын қарастырамыз.
Табиғи ресурстық кадастр - табиғи ресурстардың сапалық және мөлшерлік жағдайы, олардың экономикалық сипаттамалары, олардың табиғи пайдаланушылары, олардың құқықтық режимі туралы мәліметтердің жүйеленген, әрдайым толықтырылатын және нақтыланатын жиынтығы болып табылады.
Құқықтық кадастр - жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тiркеудiң бiрыңғай мемлекеттiк тiзбесi.
Мемлекеттiк қала құрылысының кадастры Қазақстан Республикасы кадастрларының мемлекеттiк ақпараттық-құқықтық жүйесiне кiредi және аумақтардың, ғимараттардың және құрылыстардың, шағын сәулет нысандарының және абаттандыру бөліктерінің жай-күйi туралы, сондай-ақ аумақтар мен елдi мекендердi дамыту мен құрылысын салудың қала құрылысын жоспарлау туралы мәлiметтердi, аумақтар мен объектiлердiң тиiстi функционалдық аймақтарға тиесiлiлiгi, олардың қазiргi және болашақтағы мақсаттары, экологиялық, инженерлiк-геологиялық, гидрогеологиялық, геотехникалық және сейсмикалық жағдайлары, инженерлiк қамтамасыз етiлуi туралы деректерді қамтиды.
Мемлекеттік жер кадастры табиғи ресурс кадастрлары арасында маңызды орын алады. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 152-бабына сәйкес, мемлекеттік жер кадастры Қазақстан Республикасы жерінің табиғи және шаруашылық жағдайы, жер учаскелерінің орналасқан жері, нысаналы пайдаланылуы, мөлшері мен шекарасы, олардың сапалық сипаттамасы туралы, жер пайдаланудың есепке алынуы мен жер учаскелерінің кадастрлық құны туралы мәліметтердің жүйесі болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастрына жер учаскелеріне құқықты субъектілер туралы ақпарат та енгізіледі.
Жердің мелиорациялық кадастры мемлекеттік жер кадастрының құрамдас бөлігі болып табылады. Суармалы жер учаскелерінің мелиорациялық жай-күйі, олардың табиғи және ирригациялық-шаруашылық жағдайлары бойынша сапалық сипаттамаларын бағалау туралы, оларды пайдаланудың есебі туралы мәліметтер жүйесін құрайтын суармалы жердің мелиорациялық кадастры деп аталады.
Шаруашылық-ұйымдастырушылық қызметтің құралы ретінде қолданылатын, жер туралы мәліметтердің жиынтығын көрсететін мемлекеттік жер кадастрының түсінігімен қатар, жер кадастры оған қатысты туындайтын қоғамдық қатынастар және оларды құқықтық реттеу қатынастарының мазмұнын ашумен тығыз байланысты.
Жер кадастрлық құқықтық қатынастар дегеніміз - жер құқығының нормаларымен реттелген, жер кадастрын жүргізу, яғни жер туралы кадастрлық мәліметтерді жинау, өңдеу, сақтау және оларды мүдделі тұлғаларға беру кезінде туындайтын қоғамдық қатынастардың ерекше құқықтық нысаны.
Бұл қатынастардың объектісі жер болғандықтан мемлекеттік жер кадастрын жүргізу қатынастары жер құқық қатынастары тобына жатады. Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу қатынастары жер кадастрлық қатынастар тобын құрайды. Жер кадастрлық қатынастары жер кадастрын жүргізу әрекеттерімен байланысты, яғни жер пайдалану құқығын құқықтық рәсімдеу; жер есептерін құрастыру, қарау және бекіту; жердің кадастрлық құнын бекіту; жердің кадастрлық құнына қатысты мүдделі тұлғалардың арыздарын қарау және т.б. Демек, жер кадастрлық құқықтық қатынастар, жалпы құқықтық қатынастарға тән объектісі, субъектісі, мазмұны бар жер құқықтық қатынастардың жеке тобы болып табылады.
Жер кадастрлық құқықтық қатынастарының объектілері мен субъектілері атты бөлімшеде жер кадастрлық қатынастарының объектісі анықталынып, жіктелінген және мемлекеттік жер кадастрын жүргізуші органдар және олардың қызметінің бағыттары зерттелген.
Құқықтың әдебиетте құқықтың қатынас объектісі деп - осы құқықтық қатынастың пайда болу себебі, яғни құқықтық қатынастың неге бағытталғандығын атайды. Жер кадастрлық құқықтық қатынастар объектілерінің түрлеріне және мақсатына байланысты екі топқа бөлінеді. Алғашқылары - мемлекеттік жер кадастрын жүргізумен тікелей байланысты қатынастар, яғни мәліметтерді жинау, жүйелеу, жаңарту т.б. Екіншілері, мемлекеттік жер кадастрының мәліметтерін қолдануға байланысты туындайтын қатынастар.
Мысалы, Е.Н. Колотинская да кеңестік жер кадастрының құқықтың негіздеріне арналған өз еңбегінде, жер кадастрлық қатынастарының мазмұнын зерттей келе, оларды екі топқа бөледі: жер кадастрын жүргізудің жер кадастрлық қатынастары және жер кадастры мәліметтерін қолданудың жер кадастрлық қатынастары.
Жер кадастрын жүргізудің мазмұны мен әдістемесі төменде аталған негізгі объектісінің ерекшеліктеріне байланысты:
- жер - қоғамдық өмірде еңбектің негізгі құралы, яғни өндіруші өнеркәсіп пен құрылыстан бастап, өндірістің басты құралы болып табылады;
- ауылшаруашылығындағы кез-келген өндіріс процесінің қажетті шарты болып табылады;
- жер - ауданы бойынша шектеулі және оның орнын өзге ешнәрсе баса алмайды;
- жерді игеру бір орында тұрақтаумен байланысты;
- жердің негізгі ерекшелігі - дұрыс қолдануда оның өнімділігі артады, яғни өнімнің мол болуын қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастрының объектісіне, жер құқық қатынастарының субъектілері атына бекітілген, оқшауланған шекарадағы жекелеген жер учаскелері жатады. Кадастрда әрбір учаске үшін, оны кеңістікте нақты ажыратып алуға ауданы мен орналасуы орнын анықтауға мүмкіндік беретін физикалық ерекшеліктер белгіленеді, мұнымен қоса, учаскенің кадастрлық бағалану құны көрсетіледі. Жер мөлшері мен сапасының есебі олардың нақты жағдайы және қолданысы бойынша жүргізіледі.
Жер кадастры жағдайында заң шығарушы, жердің кадастрлану объектісі ретінде, жердің меншік нысаны, мақсатына сай қолданысы мен жер учаскелерін қолданудың рұқсат етілген ерекшелігіне қарамастан Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан барлық жер учаскелерін анықтайды. Біздің ойымызша, мемлекеттік жер кадастры объектілерінің заңнамалық анықтамасы нақты емес. Жер - адамзаттың тұрмыс-тіршілігінің мекені, өсімдік және жануарлар әлемінің өмір сүру негізі, тікелей барлық табиғи объектілермен тікелей байланысты болуы және олардың өмір сүру мен өзара қарым-қатынасының негізін құрайтындықтан, жер қойнауы кен қыртысы орны мен су объектілерінің орналасу орны болады, осы себепті, беткейдегі және тереңдіктегі (мейлінше мүмкін болған) барлық жер табиғи ресурстары жер кадастрының объектісі болып табылады. Жер кадастры объектісін анықтаудағы мұндай жағдайда, заң шығарушы анықталғанындай, жер учаскелері емес, табиғи жер ресурстары көлемінің мәліметіне деген мемлекеттік қажеттілік деп жариялануы қажет.
Жер кадастрлық құқықтық қатынастардың субъектілері ретінде мемлекеттік органдар, ұйымдар мен тұлғалар танылады. Субъектілердің жер кадастрлық құқықтық қатынастарға түсуінің жалпы шарты оларда арнайы құқық субъектіліктің болуы, яғни жер кадастрлық құқықтық қатынастарға түсу мүмкіндігі, өз әрекеттерімен мемлекеттік жер кадастрын жүргізу кезінде құқықтар мен міндеттерге ие болу.
Жер кададстрлық құқықтық қатынастардың негізгі субъектісі - орталық уәкілетті орган, яғни Қазақстан Республикасының жер ресурстарын басқару агенттігі және оның аумақтық органдары. Қазақстан Республикасының жер ресурстарын басқару агенттігі және оның аумақтық органдары Қазақстан Республикасында жер кадастрын жүргізуді ұйымдастыруды жүзеге асырады.
Кадастрды жүргiзетiн мамандандырылған мемлекеттiк кәсiпорындар құжаттарды жер учаскелерiн жергiлiктi жерде зерттеуді, яғни жер кадастрын жүргізу жұмыстарын жүзеге асырады.
Жеке және заңды тұлғалар жер кадастрлық құқықтық қатынастарға кадастрлық органға жеке меншігінде немесе жер пайдалануындағы жер учаскесі туралы және оларда болып жатқан өзгерістер туралы мәліметтерді беру арқылы қатысады.
Демек, жер кадастрлық құқықтық қатынастардың субъектілері:
1. орталық уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының жер ресурстарын басқару агенттігі және оның аумақтық органдары;
2. жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталық;
3. кадастрды жүргiзетiн мамандандырылған мемлекеттiк кәсiпорындар;
4. мемлекеттік органдар;
5. жер учаскесінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар;
6. мүдделі заңды және жеке тұлғалар.
Құқық жүйесінде жер кадастрлық құқық нормаларының алатын орны мен атқаратын қызметі келесі бөлімде жер кадастрлық құқықтық нормалар қарастырылады.
Жер кадастры туралы нормалар орнын анықтау қазіргі құқық жүйесінде маңызды, себебі бұл кадастрлық қатынасты реттеудегі олардың ролін айқындау үшін, шаруашылықты ұйымдастыру мен жүргізу үшін, табиғи ресурстарды пайдалану мен қорғау үшін керек. Жер кадастрлық құқықтық нормалардың құқық жүйесінде алатын орнын қарастырмас бұрын біз жалпы құқық жүйесінің түсінігін анықтап алуымыз қажет.
Жүйе дегеніміз - өзара бір-бірімен байланысты элементтердің мазмұны жағынан біріктірілген тұтастық, ол басқа жүйелерге қатысты тұтас бір нәрсе бола алатын тұтастық. Кейде жүйе деп элементтердің жиынтығын да атайды. Ол да белгілі бір қасиеттері мен байланыстарына қарай салыстырмалы түрде тұтастық сияқтанады да, қоршаған ортада тіршілік ете алады [1, с. 11-12].
Сонымен, қазіргі құқық жүйесі - іштей өзара байланысты элементтердің объективті тұтастығы: жалпы қабылданған қағидалар, құқық нормалары, мемлекеттік басқару органдарының шешімдері, құқық инстиуттары және т.б.
Құқықтық институт ретінде мемлекеттік жер кадастры жер туралы кадастрлық мәліметтер жүйесін құрастыруға байланысты кадастрды жүргізу қатынастарын реттеуші материалдық және процессуалдық жер кадастрлық нормалардың жүйесін білдіреді. Жер кадастрлық функцияны жүзеге асыруға бағытталған жер құқықтық нормаларының жиынтығын білдіретін, құқықтық институт ретіндегі мемлекеттік жер кадастры жер құқығының жер қорын мемлекеттік басқару қатынастарын реттеуге бағытталған нормаларынан тұратын құрамдас бөлімдерімен тығыз байланысты. Олардың мақсаты - бір елде жер қатынастарын ұйымдастыру жолы арқылы жерді ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету. Демек, мемлекеттік жер кадастрын жүргізу нормалары жер құқығының құқықтық институты ретінде көрініс табады.
Жер кадастрын жүргізуді мемлекеттік реттеу атты екінші бөлім төрт бөлімшеден тұрады.
Диссертациялық зерттеудіңекінші бөлімінің бірінші бөлімшесі Жер кадастрының жер қатынастарын мемлекеттік реттеуде алатын орны мен маңыздылығы деп аталады. Онда жер кадастрлық қызметтің түсінігі, маңызы және жер қатынастарын мемлекеттік реттеуде алатын орны зерттелген.
Кадастрлар табиғи ресурстар туралы толық және жан-жақты түсінік береді және мемлекеттің шаруашылық-ұйымдастырушылық қызметінің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Олар ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, тау-кен өнеркәсібі, су тасымалы және басқа да табиғи ресурстарды пайдаланумен байланысты салаларын реттеу үшін маңызды болады [2, 6 б]. Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және оларды қорғау үшін табиғи ресурстар жайлы мәліметтердің маңызы Қазақстан Республикасы табиғи объектілерінің мемлекеттік кадастрларының барлық түрлерін біріктіретін біртекті салааралық ақпараттық компьютерлік жүйені жасау бойынша жұмыстардың басталуын қамтамасыз етті. Сонымен қатар, заң табиғи ресурс кадастрларының маңызды түрлерін енгізді - жер, су, жер қойнауы және жануарлар әлемі.
Қазіргі уақытқа дейін арнайы әдебиеттерде жер қорын басқару процесінде жүзеге асырылатын жер кадастрын жүргізу бойынша мемлекеттік іс - шаралар жүйесі ретінде жер кадастрлық қызметі арнайы қарастырылмады. Жерді есепке алу, жер пайдалануды тіркеу, жер кадастрын жүргізу әдебиеттерде тек қана жер қорын мемлекеттік басқару, оның қызметтерін немесе жердің жекелеген санаттарының құқықтық режимі мен құқықтың басқа да сұрақтарын қарастыру кезінде көрініс табады. Жер кадастрлық функциясы мен оның жер қорын мемлекеттік басқару жүйесіндегі орнын зерттеу қажеттілігіне жер есептілік қызметтерінен жер кадастрлық қызметіне өтуімен мәлім болған, мемлекеттік жер кадастрын жүргізу себепші болды. Алғашқыда, жүргізілген жер пайдалануды тіркеу мен жерді мемлекеттік есепке алуды жүргізу аясындағы іс - шаралардан тұратын осы жаңа қызмет мазмұны мен міндеті жағынан әлдеқайда кең. Жер кадастрлық қызмет қазіргі заманға сәйкес кадастрды құру мен қолдауға бағытталған, жер кадастрлық іс - шараларының біртұтас жүйесіне біріктірілген және мемлекеттік жер кадастры аясында жүргізілетін жерді бағалау, жер пайдалануды тіркеу жерді мемлекеттік есепке алу жөніндегі іс - шараларды қамтиды.
Жер кадастрлық функциясы мен оның жер қорын мемлекеттік басқару жүйесіндегі орнын зерттеу қажеттілігіне жер есептілік қызметтерінен жер кадастрлық қызметіне өтуімен мәлім болған, мемлекеттік жер кадастрын жүргізу себепші болды. Алғашқыда жүргізілген жер пайдалануды тіркеу мен жерді мемлекеттік есепке алуды жүргізу аясындағы іс - шаралардан тұратын осы жаңа қызмет мазмұны мен міндеті жағынан әлдеқайда кең. Жер кадастрлық қызмет қазіргі заманға сәйкес кадастрды құру мен қолдауға бағытталған, жер кадастрлық іс - шараларының біртұтас жүйесіне біріктірілген және мемлекеттік жер кадастры аясында жүргізілетін жерді бағалау, жер пайдалануды тіркеу жерді мемлекеттік есепке алу жөніндегі іс - шараларды қамтиды.
Жерді пайдалануды жоспарлау, жердің есебін жүргізу, жерді пайдалануды тіркеу, жерді бөлу және қайта бөлу, халық тұратын жерлерді жоспарлау, жер дауын шешу, жерді пайдалануды мемлекеттік бақылау, жер қорын мемлекеттік басқарудың жалпыға мойындатылған қызметтері болып табылады. Аталған әрбір қызмет өзіне тиесілі басқарушылық қызметтің негізделген түрін, оны атқаратын органдардың жүзеге асыру әдісі мен нысанын көрсетеді.
Жер қорын мемлекеттік басқару жүйесінде пайда болған жер кадастрлық қызмет қоғамдық өндірістің жалпы және жердің табиғи ресурстарының есебінсіз пайда болуы мүмкін еместігінен туындайды. Мемлекет басқарудың кадастрлық қызметі деп нені түсіну керек?
Кадастрлық қызмет - табиғи ресурстардың экономикалық жағдайы, сандық, сапалық ақпараттармен толықтыру, жаңарту, сақтау, жүйелеуге бағытталған мемлекеттік органдардың ұйымдастыру - басқару іс-шараларының түрі.
Олардың міндеті - қоршаған орта туралы мәліметтермен мемлекет органдар қызметі үшін тез арада қамтамасыз ету.
Қорытындылай келе, кадастрлық қызмет - қоршаған орта және жер қатынастары саласындағы мемлекетік басқару қызметінің бір түрі, оның мазмұнын табиғи ресурстардың сандық және сапалық жағдайы туралы ақпарат жинау, жүйелеу, сақтау, жаңарту, толықтыру жұмыстарын ғылыми негізде белгілі бір жұмыстар жүргізу құрайды.
Жер кадастрын жүргізу тәртібі мен шарттары атты келесі бөлімшеде жер кадастрын жүргізу тәртібі ашылып қарастырылған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20.09.2003 ж. қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізудің ережесіне сәйкес, Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жер кадастры мемлекеттiк органдарды, жеке және заңды тұлғаларды жер және жекелеген жер учаскелерi туралы ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында жүргiзiледi.
Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында жер кадастрын жүргiзу бiрыңғай жүйе бойынша жүзеге асырылады және ол жер учаскелерi туралы мәлiметтердi жинау, құжаттау, жинақтау, өңдеу, есеп жүргiзу және сақтау жөнiндегi дәйектi iс-қимыл болып табылады.
Қазақстан Республикасында жер кадастрын жүргізуді ұйымдастыруды жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мен оның аумақтық органдары жүзеге асырады.
Мемлекеттік жер кадастры Қазақстан Республикасының мемлекеттік кадастрлар жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады және жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган өздеріне қатысты алғанда мемлекеттік басқару органы болып табылатын, мамандандырылған республикалық мемлекеттік кәсіпорындар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында бірыңғай жүйе бойынша жүргізеді.
Мемлекеттік жер кадастрының мәліметтері мемлекеттік ақпараттық ресурс болып табылады.
Мемлекеттік жер кадастрының деректерін есепке алу мен оларды сақтау бірлігі тұйық шекарада бөліп шығарылған, белгіленген тәртіппен жер құқығы қатынастары субъектілеріне бекітілген жер учаскесі болып табылады.
Мемлекеттік жер кадастры мынадай жұмыс түрлерін:
1) жер учаскесінің кадастрлық ісін қалыптастыруды;
2) жердің мелшері мен сапасын есепке алуды;
3) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларды, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерін есепке алуды;
4) мемлекеттік тіркеу мақсаты үшін жер учаскелерін есепке алуды;
5) жерді мемлекеттік кадастрлық бағалау мен топырақты бағалауды;
6) жер учаскелері мен олардың субъектілері туралы деректер банкін, сондай-ақ басқа да жер-кадастрлық ақпаратты қағаз бетінде және электрондық түрде жинақтауды, өңдеу мен жүргізуді;
7) мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құру мен жүргізуді;
8) жер-кадастр карталарын, оның ішінде цифрлық карталарды дайындау мен жүргізуді;
9) жер-кадастр кітабы мен бірыңғай мемлекеттік жер тізілімін жүргізуді;
10) жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжаттарды дайындауды қамтиды.
Қазақстан Республикасында әрекет етуші Жер кодексіндегі жер кадастрының мазмұны әлемдік тәжірибе негізінде анықталған және жер кадастрын жүргізу әлемдік стандартқа жақын. Жер кадастрының бұл үлгісі жер ресурстарын меңгеру, құқықтық және фиксалды кадастрларды нақты мәліметтермен ақпараттық қамтамасыз ету бойынша оның қызметтерінін жүзеге асуына мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, бұл жер кадастры басқа да жүйелер сияқты, мемлекеттің даму стратегиясын ескере отырып, ары қарай жетілдіруді қажет етеді.
Қазіргі кезеңде Қазақстанда жер-кадастрлық жүйенің дамуын ұстап тұрған басты себеп, заңнамалық тұрғыда бекітілген мемлекеттік жер кадастрының даму тұжырымдамасының жоқтығы болып табылады. Жер кодексінде мәселелерге қысқаша түсініктеме берілген, ал ол Кадастр туралы арнайы заң қабылдау керектігі мәселесін толығымен шешпейді.
Жер кадастрының мәлiметтерiн қалыптастыру топографиялық-геодезиялық, аэроғарыштық, картографиялық, жерге орналастыру жұмыстарын, топырақ зерттеу, геоботаникалық зерттеулер мен iздестiрулер, жер мониторингi жөнiндегi жұмыстарды, жердi сандық және сапалық есепке алуды жүргiзумен, нақты жер учаскесiне жер-кадастр iсiн жасаумен, жер-кадастр карталары мен жер учаскесiне құқықты куәландыратын құжат дайындаумен қамтамасыз етiледi. Деректердi жинақтау жер учаскесiнiң кадастрлық нөмiрi, жеке немесе заңды тұлғалардың - жер учаскесiне құқық субъектiлерiнiң атауы, атқарушы органдардың кесiмдерi мен өзге де заңнамада көзделген құжаттар, жер учаскесiнiң орналасқан орны мен мөлшерi, кадастрлық (бағалау) құны, жер учаскесiне құқығы мақсатты тағайындауы, бөлiнетiндiгi және бөлiнбейтiндiгi, жер учаскесiне сервитуттар туралы, сондай-ақ атқарушы органдар белгiлеген оны пайдалану жөнiндегi шектеулер туралы ақпараттар тiркелетiн және caқталатын республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиiстi аудандарының (облыстық маңызы бар қалалардың деңгейінде жүргізіледі.
Көрсетілген деректер аудандар (облыстық маңызы бар қалалар), облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана және тұтастай алғанда Қазақстан Республикасы бойынша өзара салыстыруға мүмкiндiк беретiн меншiк нысандары, жер санаттары бойынша жүйелендiріледi. Жер-кадастр құжаттамасы есепке алудың барлық деңгейлерінде: базалық, мезгіл-мезгіл жаңартылатын және жыл сайын жасалатын құжаттаманы қамтиды.
Базалық жер-кадастр құжаттамасына:
1) жер-кадастр істері;
2) жер-кадастр кітабы;
3) жердің бірыңғай мемлекеттік тізілімі;
4) жер-кадастр карталары жатады.
Жер кадастр құжаттамасының құрылымын, құрамын, мазмұны мен нысандарын, сондай-ақ оны жүргізу тәртібін жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітеді.
Мемлекеттік жер кадастры қағазға түсіріліп жүргізіледі және ақпаратты жинақтаудың, өңдеу мен сақтаудың электрондық жүйелерін пайдалану арқылы жүргізілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында жер кадастрын жүргiзу бiрыңғай жүйе бойынша жүзеге асырылады және ол жер учаскелерi туралы мәлiметтердi жинау, құжаттау, жинақтау, өңдеу, есеп жүргiзу және сақтау жөнiндегi дәйекті іс-қимыл болып табылады.
Жер учаскелерiнiң желiлiк және алаңдық сипаттамаларын бейнелеу және өзгерiстер енгiзу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге тиiстi жер-кадастрлық карталар кадастрдың картографиялық негiзi болып табылады.
Жер-кадастрлық карталардың масштабы есепке алу бiрлiгiнің мөлшерiне және кадастрды жүргiзудiң деңгейiне байланысты таңдалады.
Кадастрды автоматтандырылған жүргiзу кезiнде картографиялық негiз геоақпараттық технологияларды қолданумен және қағаз жеткiзгiштермен көшiрмелерiн дайындаумен электрондық карта түрiнде қалыптастырылады.
Мемлекеттiк меншiктегi жерлерден берiлетiн жер учаскелерiне жер-кадастрлық iстердi кадастрды жүргiзетiн мамандандырылған мемлекеттiк кәсiпорындар облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмдерiнiң шешiмдерi, Қазақстан Республикасының Жер кодексiнде белгiленген құзыретiне сәйкес, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органы бекiткен жерге құқық беру туралы жерге орналастыру жобасы және жер учаскесiнiң шекараларын белгiлеу жөнiндегi материалдар негiзiнде жүргiзедi.
Азаматтарға және заңды тұлғаларға иелiк ету не пайдалану құқығымен бұрын берiлген жер учаскелерiн жеке меншiкке немесе пайдалануға берудi алғашқы ресiмдеу кезiнде жер-кадастрлық iс олардың жер учаскелерiнiң орналасқан жерi бойынша облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органдарына берілетін өтiнiштерiнiң негiзiнде жүргізіледі.
Жер учаскесiне құқықты куәландырушы құжаттар, ал олар болмаған кезде - бұл учаскенi берген атқарушы органның шешімiмен учаске шекарасының сызбасы (схемасы) өтiнiшке қосыла беріледi.
Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органдары көрсетiлген құжаттарды тексерудi жүзеге асырады және осы құжаттарды жер учаскелерiн жергiлiктi жерде зерттеу үшiн кадастрды жүргiзетiн мамандандырылған кәсiпорындарға жiбередi. Олардың шекаралары, алаңдары және мақсатты тағайындауы өзгергенi белгiлi болған жағдайда, бұл өзгерiстер облыстың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылды (селолық) округтер әкiмiнің, олардың Қазақстан Республикасының Жер кодексiнде белгiленген құзыретiне сәйкес қайта бекiтуiне немесе мүдделi тараптардың арасында жасалатын шартта көрсетуге жатады.
Азаматтардың немесе мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың меншiгiндегi жерден учаске құру бөлiнетiн жер учаскесiнiң бөлiгiмен мәмiле жасалған кезде жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органына берiлетiн олардың бөлiнетiн жер учаскесiн бөлу туралы өтiнiштерi негiзiнде жүргiзiледi. Өтiнiшке жер учаскесiне жеке меншiк құқығы туралы құжаттар қоса беріледі.
Бөлiнген жер учаскесiне, Қазақстан Республикасының Жер кодексiнде белгiленген құзыретiне сәйкес, облыстың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органы бекiткен жер учаскесiн бөлу туралы жерге орналастыру жобасы және жер учаскесiнiң шекараларын белгiлеу жөнiндегi материалдар негiзiнде жаңа жер-кадастрлық iс жүргiзiледi, ал бөлiнетiн жер учаскесiне бұрын жүргiзiлген жер-кадастрлық iске тиiстi өзгерiстер енгiзiледi. Қалыптастырылған жер-кадастрлық iс жер учаскесiн жер-кадастрлық кiтабына жазу және бiрыңғай мемлекеттiк жер тiзiлiмiне жер учаскесi туралы мәлiметтердi үшiн негiз болады.
Бiрыңғай мемлекеттiк жер тiзiлiмi құқықтық, сәйкестендiру, экономикалық және басқа да сипаттамаларды қамтитын кадастр құрамындағы жер учаскелерiн есепке алудың қорытынды құжаты болып табылады.
Кадастр қағаз жеткiзгiшпен және ақпараттарды жинақтаудың, өңдеудiң және сақтаудың электрондық жүйелерiн пайдалана отырып жүргiзілуi мүмкiн.
Жер кадастрын жүргізетін мемлекеттік органдардың жүйесі және олардың қызметін жетілдіру мәселелері атты екінші бөлімнің үшінші бөлімшесінде жер кадастрын жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың құзыреттері, жүйесі, қызметін жүзеге асыру мәселелері қарастырылған. Диссертациялық жұмыстың алдыңғы бөлімінде біз мемлекеттік кадастрлық қызмет ұғымын анықтап, оның табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудағы ролін саралауға әрекет жасадық. Кадастрлық қызметтің қоршаған ортаны қорғау мәселесіндегі басымдығына көз жеткізіп, оның мемлекеттік - стратегиялық, әлеуметтік және экономикалық маңызды мәніне көз жеткізіп, оның басты міндеттерінің бірі - мемлекеттік органдарды қажетті деректермен, мағлұматтармен тез арада қамтамасыз етіп отыру екенін көрдік. Кадастрлық қызмет органдары қызметкерлері бұл міндетті тұрақты түрде атқара бермейді. Мысалы, келісім бойынша жерді өз қаражатына сатып алған жерді пайдаланушы әрі қарай кадастрлық қызметті құзыретті мемлекеттік органдар оның механизмін жасай отырып іске асырады. Заң жүзінде айқындалған мемлекеттік органдар өз құзыретіне сәйкес кадастр қызметін ұйымдастыру, оның деректерін пайдалану, оның жүргізу тәртібін анықтап, сол бойынша іске асырады.
Мемлекеттік орган дегеніміз - мемлекет механизмінің элементі, мемлекет қызметін іске асыруға қатысушы және қолында билік құзыреті бар, оны әртүрлі тәсілдермен іске асыруға мәжбүрлейтін, орындалуы міндетті нормативті құқықтық актілер шығаратын мемлекет элементі.
Мемлекеттік органдар әртүрлі негіздер бойынша бөлінеді: пайда болу әдісі бойынша (бастапқы және туынды), билік құзіреті бойынша (жоғарғы және жергілікті), құзыреті кеңдігіне қарай (жалпы құзыретті және арнайы құзыретті), биліктің бөліну қағидасы бойынша (заң шағарушы, атқарушы, сот билігі), шешім қабылдау тәртібі бойынша (алқалы, жеке билеу).
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес (кадастр тәртібі туралы) министрліктерге, мемлекеттік комитеттерге кадастрды жүргізу, жобалау, кадастрылқ құжаттаманы жүргізу, кадастр деректерін зерттеу мен сақтау, деректерді басып шығару, кадастр жүргізу тәртібін сақтауды бақылау жұмыстар жүктеледі.
2000 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы мен Қазақстан Республикасының табиғи объектілерінің мемлекеттік кадастрын жүргізудің цифрлық геоақпарттық бірыңғай жүйесі бекітілді. Оның талабы бойынша кадастр қызметін іске асыратын орталық атқару органдары:
1. мемлекеттік жер кадастры бойынша - жер ресурстарын басқару саласындағы құзыретті орган - жалпы республика бойынша, ал оның аумақтық органдарын - әкімшілік-аумақтық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жер кадастры туралы
Жер кадастры мәліметтерінің сенімділігі
Аягөз ауданында жер кадастрының жүргізілу тәртібі
Ақмола облысы Шортанды ауданының жер учаскесінің кадастрлық құнын анықтау туралы ақпарат
Жер кадастрының халық-шаруашылык, есепке алудың кейбір түрлерімен жене жерді үйлестірумен байланысы
Алматы облысы Райымбек ауданы жерлерін есепке алу және бағалау
Жер кадастрі туралы түсінік және Қазақстан Республикасында жер реформасы жағдайындағы оның мазмұны
Жер кадастрының Кеңес одағы кезіндегі дамуы
Жердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу және жердi осы аумақтардың резервiне қалдыру ережесi
Мемлекеттік жер кадастры міндеттері мен сипаттамасы және оны жүргізу тәртібі
Пәндер