Орта мектепте электростатика бөлімін демонстрациялық көрсетулер көмегімен оқыту



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1. ДЕМОНСТРАЦИЯЛЫҚ КӨРСЕТУЛЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1 Демонстрациялық тәжірибелер. Демонстрацияны өткізу техникасы ... ... ... .5
1.2 Зертханалық жұмыстар және оларды ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
1.3 Сыныптан тыс тәжірибелер мен бақылаулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
1.4 Эксперименттік есептер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
1.5 Фронтальды тәжірибелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
1.6 Экрандық.дыбыстық құралдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31

2. ЭЛЕКТРОСТАТИКА ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35
2.1 Электростатика бөлімінде демонстрацияны көрсету әдістері ... ... ... ... ... ... 40
2.2 Кулон заңын оқыту әдісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .47
2.3 Электр өрісінің энргетикалық сипаттамасы. Өріс потенциалы.ұғымын енгізу әдісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .52
2.1.9 Электрсыйымдылық . Конденсатор.түрлері және оларды жалғауды оқыту әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 64

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қосымша А ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қосымша Б ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қосымша В ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қосымша С ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қосымша Д ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
КІРІСПЕ
Менің бітіру жұмысымның тақырыбы «Орта мектепте электростатика бөлімін демонстрациялық көрсетулер көмегімен оқыту». Бітіру жұмысымдағы демонстрациялық көрсетулердің тиімділігін және қажеттігін көрсету. Электростатика бөліміндегі белгілі бір сабақтық құрал жоқ жағдайда демонстрацияны ұйымдастыру арқылы сабақ өткізу. Сондай-ақ 3 курста жасалған виртуальдық зертханалық жұмыстың әдістемелік нұсқауын жасау.
Электростатика – бұл қозғалмайтын заряд тудыратын өрісті оқытады.
Физикалық эксперимент тәжірибиелік жолмен оқылып отырған құбылыстар мен процестердің табиғатын ашып көрсетеді. Физикалық эксперименттің түрлері: демонстрациялық тәжірбиелер, фронтальды зертханалық жұмыстар, көркемдік құралдар.
Демонстрациялық эксперимент- құбылыстарды және заңдарды оқып-үйрену үстінде тыңдаушының ой-өрісіне мұғалімнің басшылығы керек болған жағдайда және жаңа тақырыпты түсіндіргенде қажет.
1) Демонстрациялық көрсету әдістемелік тұрғыдан кез келген құбылысты тыңдаушыға ұғынықты етеді;
2) Физикалық эксперимент жасау – оқушылардың қызығушылығын арттырып, олардың белсенді ойлауына, ғылыми көзқарасының қалыптасуына, физикалық заңдылықтарды неғұрлым тереңірек меңгеруге үлкен әсерін тигізеді;
3) Тәжірибе алдында қойылған проблемалық ситуацияны шешуге ықпал етеді. Физика пәні үшін осы 3 фактор практикалық қажет.
Өзектілігі сол: Тәжірибе кезінде байқалған физикалық құбылыстар оқушының шығармашылық ойын қозғайды, тұйыққа тіреген қиындықтарға, туындаған сұрақтарға ол өз бетінше және белсенді түрде жауап іздеуге көмектессе, демонстрациялар оқушылардың түсінігіне жеңіл және өтілетін сабақтың оқу материалымен жүйелі байланысуын қамтамасыз етеді. Тәжірибиені көрсету қарқыны материалды ауызша баяндау қарқынына және ол тыңдаушының қабылдау жылдамдығына сәйкес болуы тиіс.
Маңыздылығы: Өткен ұрпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса, компьютер де оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы. Олай болса барлық сабақтарды, соның ішінде физика сабақтарында компьютерлердің қуаттауымен жүргізуді үйрену бүгінгі күннің кезек күттірмейтін мәселелерінің бірі. Физиканы оқыту құралы ретінде компьютерді қолдану-оқу үрдісін белсендіруге, оқытуды жекешенлендіруге, оқушының өзін-өзі бақылауына мүмкіндік туғызады.
Физикалық процестер мен құбылыстарды модельдеу бағыты оқу процесін дамыту мен жетілдірудің болашағы болып табылады. Әсіресе, оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыруда, зерттеу жұмыстарын дамыта білуде оның ролі ерекше.
Алдағы уақытта ғылымның дамуы үшін-эксперименттік тәжірибені ештемемен алмастрыуға болмайды. Бүгінгі физика пәнінің мұғалімдерінің алға қойған басты мақсаты оқушы бойындағы эксперименттік дағдыны қалыптастыру, пәнге қызығушылығын арттыру болып табылады.
ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ
1. Ахметов Б.Ғ. Әбілдаев Ә.Х. Физика/ Б.Ғ.Ахметов,Ә.Х. Әбілдаев -Алматы:Рауан,1987.-350 бет.
2. Ақылбаев Ж.С. Ермағамбетов Қ.Т. Электр және Магнетизм/ Ж.С.Ақылбаев, Қ.Т.Ермағамбетов -Қарағанды: ,2001- бет.
3. Рымкевич А.П. Орта мектептің 9-11 сыныптарына арналған физика есептерінің жинағы. Толықтырылған 7-басылым/А.П.Рымкевич.алматы:Рауан, 1992.-224 бет.
4. Кюри.П. Избранные труды/П.Кюри-М.:Просвещение,1966.- стр.
5. Богуславский.С.А. Избранные труды/С.А.Богуславский-М.:Просвещение,1966.- стр.
6. Фейнман.Р.П. Фейнмановские лекций по физике/Р.П.Фейнман-М.: , .- стр.
7. Тобаяқов.Ж.. Электр және магнетизм/Ж.Тобаяқов-Алматы: ,1988.- бет.
8. Солоухин.Р.И. Методы физических измерений/Р.И.Солоухин-Новосибирск.:Наука,1975.- стр.
9. Лукачик.В.И. Сборник задач по физике 7-8/В.И.Лукачик-Мосва,1993.- 190 стр.
10.Кабардин.О.Ф. Кабардин.С.И. Орлов.В.А. Задания для итогового контроля знаний учашихся по физике /О.Ф. Кабардин,С.И. Кабардин,В.А. Орлов-М.:Просвещение,1995.-222 стр.
11.Антипин.И.Г. Экспериментальные задачи пофизике в 6-7 классах/И.Г.Антипин- М.:Просвещение,1974.-124 стр.
12.Елизаров.К.Н. Основы учения об электрическом поле/К.Н.Елизаров-Москва, 1959.-173 стр.
13.Мякишев.Г.Я. Буховцев.Б.Б. Физика/ Г.Я.Мякишев,Б.Б. Буховцев
14.Дүйсенбаев.Б.М. Байжасаров.Г.З. Медетпеков.А.А/Физика және астрономия/ Б.М.Дүйсенбаев, Г.З.Байжасаров, Медетпеков.А.А-Алматы.:Мектеп,2004-255 бет.

Пән: Физика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

ФИЗИКА, МАТЕМАТИКА, ТЕХНИКА ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯ ФАКУЛТЕТІ

Физика кафедрасы

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: Орта мектепте электростатика бөлімін демонстрациялық көрсетулер
көмегімен оқыту

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1. ДЕМОНСТРАЦИЯЛЫҚ КӨРСЕТУЛЕРДІҢ
ТҮРЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1 Демонстрациялық тәжірибелер. Демонстрацияны өткізу
техникасы ... ... ... .5
1.2 Зертханалық жұмыстар және оларды
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
1.3 Сыныптан тыс тәжірибелер мен
бақылаулар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..15
1.4 Эксперименттік
есептер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 17
1.5 Фронтальды
тәжірибелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...29

1.6 Экрандық-дыбыстық
құралдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...31
2.
ЭЛЕКТРОСТАТИКА ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..35
2.1 Электростатика бөлімінде демонстрацияны көрсету
әдістері ... ... ... ... ... ... 40
2.2 Кулон заңын оқыту
әдісі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..47
2.3 Электр өрісінің энргетикалық сипаттамасы. Өріс потенциалы.ұғымын енгізу
әдісі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...52
2.1.9 Электрсыйымдылық . Конденсатор.түрлері және оларды жалғауды оқыту
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...64
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қосымша
А ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ...
Қосымша
Б ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...
Қосымша
В ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ...
Қосымша С ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қосымша Д ... ... ... ... ... ... ... ... .. ...

КІРІСПЕ

Менің бітіру жұмысымның тақырыбы Орта мектепте электростатика бөлімін
демонстрациялық көрсетулер көмегімен оқыту. Бітіру жұмысымдағы
демонстрациялық көрсетулердің тиімділігін және қажеттігін көрсету.
Электростатика бөліміндегі белгілі бір сабақтық құрал жоқ жағдайда
демонстрацияны ұйымдастыру арқылы сабақ өткізу. Сондай-ақ 3 курста жасалған
виртуальдық зертханалық жұмыстың әдістемелік нұсқауын жасау.
Электростатика – бұл қозғалмайтын заряд тудыратын өрісті оқытады.
Физикалық эксперимент тәжірибиелік жолмен оқылып отырған құбылыстар мен
процестердің табиғатын ашып көрсетеді. Физикалық эксперименттің түрлері:
демонстрациялық тәжірбиелер, фронтальды зертханалық жұмыстар, көркемдік
құралдар.
Демонстрациялық эксперимент- құбылыстарды және заңдарды оқып-үйрену үстінде
тыңдаушының ой-өрісіне мұғалімнің басшылығы керек болған жағдайда және жаңа
тақырыпты түсіндіргенде қажет.
1) Демонстрациялық көрсету әдістемелік тұрғыдан кез келген құбылысты
тыңдаушыға ұғынықты етеді;
2) Физикалық эксперимент жасау – оқушылардың қызығушылығын арттырып,
олардың белсенді ойлауына, ғылыми көзқарасының қалыптасуына, физикалық
заңдылықтарды неғұрлым тереңірек меңгеруге үлкен әсерін тигізеді;
3) Тәжірибе алдында қойылған проблемалық ситуацияны шешуге ықпал етеді.
Физика пәні үшін осы 3 фактор практикалық қажет.
Өзектілігі сол: Тәжірибе кезінде байқалған физикалық құбылыстар оқушының
шығармашылық ойын қозғайды, тұйыққа тіреген қиындықтарға, туындаған
сұрақтарға ол өз бетінше және белсенді түрде жауап іздеуге көмектессе,
демонстрациялар оқушылардың түсінігіне жеңіл және өтілетін сабақтың оқу
материалымен жүйелі байланысуын қамтамасыз етеді. Тәжірибиені көрсету
қарқыны материалды ауызша баяндау қарқынына және ол тыңдаушының қабылдау
жылдамдығына сәйкес болуы тиіс.
Маңыздылығы: Өткен ұрпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса, компьютер де
оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы. Олай болса барлық
сабақтарды, соның ішінде физика сабақтарында компьютерлердің қуаттауымен
жүргізуді үйрену бүгінгі күннің кезек күттірмейтін мәселелерінің бірі.
Физиканы оқыту құралы ретінде компьютерді қолдану-оқу үрдісін
белсендіруге, оқытуды жекешенлендіруге, оқушының өзін-өзі бақылауына
мүмкіндік туғызады.
Физикалық процестер мен құбылыстарды модельдеу бағыты оқу процесін
дамыту мен жетілдірудің болашағы болып табылады. Әсіресе, оқушылардың
шығармашылық белсенділігін арттыруда, зерттеу жұмыстарын дамыта білуде
оның ролі ерекше.
Алдағы уақытта ғылымның дамуы үшін-эксперименттік тәжірибені
ештемемен алмастрыуға болмайды. Бүгінгі физика пәнінің мұғалімдерінің алға
қойған басты мақсаты оқушы бойындағы эксперименттік дағдыны қалыптастыру,
пәнге қызығушылығын арттыру болып табылады.

1 ДЕМОНСТРАЦИЯЛЫҚ КӨРСЕТУЛЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ

Физикалық эксперимент тәжірбиелік жолмен оқылып отырған
құбылыстармен процестердің табиғатын ашып көрсетеді. Физикалық экспе-
перименттің түрлері: демонстрациялық тәжірбиелер, фронтальды зертханалық
жұмыстар, экспериментальды тапсырмалар мен бақылаулар. Физикалық
эксперимент білімнің қайнар көзі болып саналады. Ол оқу тәсілі және
оқытудың көркем тәсілі. Тәжірибе заңдылықтарды, құбылыстарды ашу үшін
пайдаланылады.
1.1 Демонстрациялық тәжірибелер. Демонстрация өткізу техникасы.
Демонстрациялық тәжірибелер – құбылыстарды және заңдарды оқып-үйрену
кезінде тыңдаушының ой-өрісіне мұғалімнің басшылығы керек болған жағдайда
және жаңа тақырыпты түсіндіргенде қажет.
Экспериментальды физика курсында демонстрация курсты оқуға толықтыру
емес, оның экспериментальды бөлігі. Демонстрация оқытудың формасы емес, ол
экспериментальды курс мазмұнының маңызды бөлігін құрайды. Ереже бойынша
дәрістің негізгі құбылыстарын құрайтын зат тәжірибеде демонстрациялануы
керек. Шынында кез-келген құбылысты дәріс кезінде демонстрациялауға
болмайды. Ондай жағдайда суреттермен не кино көмегімен шектелу қажет.
Тәжірибенің тиімділігіне белгілі бір талаптарды орындағанда ғана
жетуге болады. Оларға мазмұндылығы, қысқа уақыттылығы, көруге тиімділігі,
көрнекілігі, сенімділігі, эстетикалығы, анықтығы, елестетушілігі,
қауіпсіздік техникасын сақтауы кіреді.
Мазмұндылығы құбылысты толығымен ашуға мүмкіндік беретін шарттардың туылуы
мен құбылыстардың таңдалуын шамалайды. Мысалы: бірқалыпты үдемелі
қозғалысты өткенде арбаның сырғанауын демонстрациялауға болады. Бірақта тең
уақыт аралығында жылдамдығы өзгермейтін бұл тәжірибе бірқалыпты үдемелі
қозғалыстың негізгі белгісін ашпайды. Сол себепті бұл тәжірибеде
мазмұндылық талабы орындалмайды. Егер бірқалыпты қозғалысты анықтау
негізіне дененің қозғалысының басталу уақытынан әртүрлі уақыт аралығындағы
жолының қатынасын қарастыратын болсақ, онда тәжірибені оңай мазмұнды етуге
болады.
Анықтығы дегеніміз – нәтижесі күдік тудырмайтын тәжірибелер қою. Ом заңын
демонстрациялағанда теория мен құралдардың практикалық көрсетуі арасында
үлкен айырмашылық байқалады. Бұл қосымша кедергі мен кедергі магазинінің
қысқышындағы контактінің нашарлығы.
Көруге мүмкіндік – бұл сынып оқушыларына тек құрылғыны ғана емес, сонымен
қатар оның кейбір бөлшектерінде көруге мүмкіндік туғызатын шарттарды
болжайды. Мұнда 2 аспектіні қарастырамыз. Біріншіден артқы үстелдерде
құрылғының көрінуін қамтамассыз ету. Екіншіден, құрылғының бөліктері мен
арнайы шкалаларының көрсеткіштері сыныптың барлық жерінен жақсы көрінуі
қажет. Көру мүмкіндігінің бұзылуы әртүрлі себептерге байланысты. Солардың
бірі демонстрациялық құралдардың конструктивті сапасының толық еместігі.
Көрнекілік - бұл бақыланатын құбылысты шынайы формада ашу талабы.
Тәжірибенің негізгі мазмұны мүмкіндігінше қарапайым құралдар мен әдістермен
көрсетілуі қажет, ал зерттелетін обьектінің күйін сипаттайтын өзгерістер
жақсы бақылануы керек. Көрнекілікті полюс және токтың бағытын көрсететін
түрлі-түсті сымдар қолданып күшейтуге болады.
Сенімділік – бұл дұрыс емес қорытындыға келтірмейтін демонстрациялық
тәжірибелерге қойлатын талап. Тәжірибе қорытындысы бойынша да, фрагменттері
бойынша да күдік туғызбайтындай таза орындалуы қажет. Мысал ретінде
Архимед күшін демонстрациялаудың 2 нұсқасын қарастырайық.
Бірінші жағдайда метал стаканға батырылған динометрге ілінген денеге әсер
ететін күшті қарастырайық. Бұл жағдайда оқушыларды дененің суға толық
батуына және түбіне тимейтіндігіне сендіру өте қиын. Метал стаканды шыны
стаканмен ауыстыру бұл қиындықты жояды, тәжірибе сенімдірек болады. Екінші
мысалда эфир буын пайдаланып газдағы Архимед күшін демонстрациялауды
қарастырамыз. Егер эфир буының ауадан ауыр екендігін көрсетпесек, тәжірибе
толығымен сенімді болмайды. Мұндай жағдайда көлеңкеленген проекцияны
қолданып демонстрациялау керек.
Тәжірибенің қысқауақыттылығы тиянақты әрі көп қайтара мұғалімнің дайындығы
арқылы іске асырылады.
Тәжірибенің эмоциональдығы демонстрациялық тәжірибенің оқушы психикасына
әсер ету нәтижесінен көрінеді. Тәжірибе оқушының қызығушылығын туғызуы
қажет. Оларға теріс эмоциональды әсер ететін тәжірибелерді қоймаған жөн.
Эстетикалығы құрылғының әдемі, нақышты дайындалуын және тәжірибенің тиімді
орындалуын қарастырады. Нақышты дайындауға белгілі бір логикаға бағынатын
тиімді таңдау мен құрылғылардың орналасу жолы, әртүрлі құралдарды қолдану
жолымен қол жетеді. Эстетикалық талап егер құрылғыда ұштықсыз сымдар
қолданылса, бір құрал екіншісінің үстіне қойылса, құралдар ретсіз орналасса
бұзылады.
Тәжірибенің дәйектілігі демонстрация кезіндегі оның табыстылығын болжайды.
Дәйектілік алдын-ала тиянақты дайындықпен қамтамассыз етіледі.Дәйектілік
талабының бұзылуы көбінесе құрылғы элементтернің нашар дайындығымен,
құралдардың бұзылуымен байланысты.
Тәжірибенің жаңғыртылуы міндетті түрде бірнеше рет тәжірибені қайталауды
білдіреді. Мұнда 2 аспектіні ажырату қажет. Біріншісі - тәжірибені сол
қалпында жаңғырту, екіншісі-бұл тәжірибені сәл өзгертілген түрде қайталау.
Демонстрация сапалық сипатта болуы қажет. Тәжірибе негізінде алынған
сандық есептеулер тыңдаушының назарын аударып, көп уақытын алады және олар
дәрісте емес зертханалық жұмыстатда қолданылуы керек. Демонстрация кезінде
құралдардың көрсетулері бүтін санмен берілуі қажет. Барлық құралдар мен
жабдықтар қарапайым және көрсетуге қолайлы болуы тиіс. Тыңдаушының назарын
аударатын қосалқы бөлшектер көрінбеуі керек. Егер құрылғы күрделі болса,
онда тақтада оның схемасын келтіру қажет.
Қандай болмасын оқушылар көрсетілетін тәжірибелерге дайын болуы
керек. Демонстрация оқушыларға түсіндіру нәтижесінде қызығушылық тудырады.
Әрбір көрсетілетін тәжірибе нәтижесі табиғатта болған құбылысқа жауап
береді, сондықтан тәжірибе аяғына дейін жеткізілуі керек, сонда ғана
оқушылар мақсатты ұғады. Демонстрациялық жұмыс мақсатсыз-тиімсіз. Тәжірибе
алдында мұғалім тақтада суретін сызып, оның тағайындалуын және оған жететін
жолды көрсетеді. Мұғалім тәжірибенің ойын және демонстрациялық құрылғының
схемасын түсіндіргеннен кейін барып оны құрастыруға кіріседі.
Демонстрациялық көрсету қарқыны оқушылардың қабылдау қарқынымен
сәйкес келуі керек. Көптеген демонстрациялық көрсетулер аз уақытта
көрсетіліп бітеді, сондықтан оқушылардың түсінуі қиынға түседі. Осыған
байланысты қайта көрсетуге тура келеді, яғни баяу қарқынмен түсіндірген
жөн. Сонымен қатар демонстрацияны ұзақ созу оқушылардың қызығушылығын
төмендетіп, сабақты жоғалтуға әкеп соғады. Демонстрацияға дайындалу кезінде
құралдарды жинау қанша уақыт алатынын анықтау керек..
Үлкенірек обьектілер шам не фонардың жарықталыну көмегімен
демонстрацияланады. Құралдарды қай жағынан жарықтау сұрағы әр жағдайда
әртүрлі. Ұсақ бөлшектер экранда проекциялау арқылы демонстрацияланады.
Мұғалім сыныпқа қарап өзінің оңы мен солының тыңдаушының оңы солымен
сәйкес еместігін ескеру қажет. Сонда ол сыныпқа қарап оң жағын сол, сол
жағын оң деп айтуды әдетке айналдыруы қажет.
Демонстрацияға арналған құралдар дәріс алдында демонстрациялық үстел
үстінде орналасуы тиіс. Ең алдымен демонстрациялық үстелде артық нәрсе
болмауы керек. Құралдар бірін-бірі жаппай, әрқайсысы сыныпқа көрінерліктей
тұруы тиіс. Құралдарды демонстратор үстелдің алдында емес, артында тұрып
барлық әрекеттерді жасай алатындай және оларды жаппайтындай орналастыруы
керек. Құралдарды орналастырғанда үстелдің бір жағына құралдарды үйіп
тастамай біркелкілікті сақтау қажет.
Есте сақтау керек!
Құралдарды дұрыс орналастырғанан кейін дәрістен бұрын барлық
демонстрацияларды қайталап жасау керек. Құралдардың дұрыс істейтіндігіне
сеніп қалмау қажет. Себебі, кейбір кезде күтпеген кемшіліктер болады.
Жаттығу кезінде қандай да бір демонстрация дұрыс көрсетілмесе, онда
мұндайды дәріс кезінде көрсетпеген дұрыс, өйткені сәтсіздік сыныпта
жағымсыз әсер тудырады. Уақыт пен жұмысты үнемдеу үшін демонстрацияны
қайталауды дәріс кезіндегімен салыстырғанда кері тәртіппен жүргізу қажет.
Сонда құралдағы олардың орналасуындағы өзгерістерді дәріс барысында
қайталаудан кейін өзгертпей-ақ қоюға болады. Демонстрация жекелеген
жағдайларды есте сақтауды қиындататындай кең көлемді болмауы керек. Дәріс
арасында көрсетілуі тиіс нәрселерді артқа қалдырмай дәріс барысында
демонстрациялануы керек.
Қарама-қарсы фонды қолдану демонстрацияның көрсетілуін және
мәнерлігін жақсартады. Осыған орай ақ және қара экрандар қолданылады. Ақ
фон қондырғылар мен құралдар қара не қою түсті, ал қара фон ақшыл, жарық
тондармен боялған құралдарға пайдаланған қолайлы. Демонстрациялық жұмыстың
жақсы көрінуі үшін кей кездерде түтін қолданылады және сұйықтарды
люминесцирленген қоспалармен бояғанда. Жарықты күшейту үшін софит
қолданылады. Олар демонстрациялық үстелге бекітілген не ауыспалы
рефлекторлы шамдарда болады.
Кейбір құбылыстарды бақылағанда құралдар күрделі келеді, ал оның
ішкі бөлшектері әрең көрінеді немесе көрінбейді, сондықтан бұндай жағдайда
көркемдік құралдар қолданған қажет. Көркемдік құралдарға:
1.көлемдік құралдар (моделдер,коллекция,макеттер)
2.графиктік көлемдік құралдар (кестелер,диаграммалар,плакаттар,гр афиктер)
жатады. Көркемдік құралдар тыңдаушыға құбылыстың қызықты түрін ұсынады.
Оқып жатқан текстке қызығушылық тудырады, оқу процесін жаңа материалдармен
жаңаландырады.
Моделдер. Құралдар мен құрылғыларды көрсете алмасақ, онда олардың көлемдік
моделін көрсетуге болады. Барлық моделдер көрінетіндей болып құралған болу
керек. Егер де молекуланың ішкі құрылысын немесе бөлшектердің өзара
жұмысын көрсету керек болса, онда моделдік қима қолданылады.
Коллекция. Физиканың кейбір курыстарында әртүрлі материалдардың
коллекциялары қолданылады. Мысалы: ”жылу түрлері”, ”кристалдар”,
”өткізгіштер мен изоляторлар”. Кабинеттерде ілінетін демонстрациялық
мақсаттағы коллекциялар панельдерде бейнеленеді. Коллекцияның бағалылығы
олар қолдан жасалған, шын обьекті.
Графиктік көркемдік құралдар. Таблицалар мен плакаттар құрылымы қиын
құралдармен таныстырады. Олар қабырғаларға ілінетін және бөлшекті болады.
Плакат түрінде құрылысы қиын оқып жатқан обьектіні оңай түсіндіруге
мүмкіндік береді.
Диаграммалар. Физика мұғалімі салыстыру диаграммалары мен сызықтық
диаграммаларды қолданады. Салыстыру диаграммалары салыстыру арқылы жылудың
әртүрлігін, механизмдердің және машинаның п.ә.к. сипаттайды. Сызықтық
диаграммалар графикті сараптауда және шамалар арасындағы функционалды
тәуелділікті көрсетуде қолданылады.
Сызықтық диаграмманың сараптық логикалық ауысуы графиктік функция ретінде
кескіндеуге болады.
Суреттер мен сұлбалар. Суреттер мен сұлбалар физикада маңызды рол
атқарады. Бұлар мұғалім сабақ түсіндіргенде, есеп шығарғанда, тыңдаушы –
ның сұрағына жауап бергенде қолданылады. Схемалық суреттер мен сызбалар
сабақты оңай ұғынуға көмектеседі. Суреттер қарапайым схема түрінде болу
керек.
Мұғалім тәжірибе жасар алдында мыналарды ескеруі керек:
1. Әр элементтің тұратын орнын.
2. Жарықтылықты және фонды.
3. Индикаторларды.
Көрсетілген демонстрацияны бекіту үшін және оның тиімділігі тәуелді
шеберлікті ұмытпас үшін демонстрация картотекасын бастап отыру керек. Осы
мақсатта әрбір демонстрацияға карточка бастап, оның беткі жағына келесі
мәліметтерді көрсетеді: сыныбы, қарастырылатын тақырып, сабақ тақырыбы,
демонстрацияның аты, құрылғының схемасы, Кері жағына құралдар тізімі,
олардың артықшылығы, жұмыс режимі жазылады.
Демонстрациялық тәжірибенің сапасы мұғалімнің экспериментальды
өнеріне байланысты. Демонстрацияны табысты орындау арнайы білім мен дағдыны
керек етеді. Кез-келген демонстрация, тіпті қарапайым болса да , мұғалімнен
құрылғының жұмыс істеу принципін және тәжірибеде қолданылатын құралдардың
мүмкіншілігін анық білуін талап етеді.

1.2 Физика бойынша зертханалық жұмыс және зертханалық-
практикалық жұмысты ұйымдастыру.

Зертханалық жұмыстар өткенді қайталау және бекіту, оқушылардың
инициативасын және өз бетімен жұмыс істеуін дамыту мақсатында белгілі бір
курсты өткеннен кейін не оқу жылының соңында өткізіледі. Тақырып бойынша
практикум жұмыстары фронтальды зертханалық жұмыстарды жарыса қайталамай
толықтыруы қажет. Қорытынды практикумдар тек 8-10-шы сыныптарда міндетті.
Дидактикалық міндеттері бойынша практикумдардың тақырыптары: 9 сыныпта
оқушылардың кинематика және динамика бойынша білімдерін жалпылауға
көмектесетін жұмыстар (кинематика заңдарын оқу, еркін түсу үдеуін анықтау,
горизонталь, вертикаль және горизонтқа бұрыш жасай лақтырылған дененің
қозғалысын зерттеу т.б); 10 сыныпта оқушыларды молекулалық құбылыстарды
зерттейтін тәсілдермен таныстыратын жұмыстар ( броундық қозғалысты бақылау,
метал кедергісінің термикалық коэффициентін анықтау т.б). Кейбір жұмыс
бөлімдері оқушылардың политехникалық білімдері мен дағдысының қалыптасуына
қажет ( 8-ші сыныпта электрдвигателінің оның орамдар санына тәуелдігін
зерттеу, 9-шы сыныпта жартылай өткізгішті диодтың вольт-амперлік
сипаттамасын алу, вакуумдық триодты зерттеу. 10-шы сыныптағы жұмыстардың
елеулі бөлігі әртекті тербелістерді ( дыбыс толқынының ұзындығын анықтау,
дыбыс жылдамдығын, ультрадыбыстың жылдамдығын, жарық толқынының ұзындығын
анықтау), оптикадағы зерттеу тәсілдеріне ( спектроскопты градуирлеу және
жарық толқын ұзындығын, фототоктың жарықтануға тәуелділігін
анықтау),атомдық ядро физикасына арналған. Бұл жерде политехникалық
сипаттағы жұмыстарда бар (радиоқабылдағыштың моделін құру, фотоға түсіру,
трансформатордың құрылысы мен жұмыс істеу принципін зерттеу). Қажетті
құралдардың болуы, оларды рациональды және қауіпсіз пайдалану
практикумдарды ұйымдастыруда шешуші роль атқарады.
Жұмыс барысында оқушылар кем дегенде 2 адамнан тұратын түйін болып
жұмыс істеуі керек, 35 адамы бар сыныпта 17 жұмыс орны, ал 8-ші сыныптар
үшін 5 практикалық жұмыс, 9-шы сыныптар үшін 7, 10-шы сыныптар үшін 10
жұмыс қарастыратындықтан 8-ші сыныпта әрбір жұмыс үшін 3-4 комплект
құрылғы, 9-шы сыныпта 2-3 комплект, 10-шы сыныпта 1-2 комплект болуы керек.
Практикум жұмыстарын тиімді түрде орындау үшін қажетті құрылғыларды
таңдап қана қоймай, оларды рациональды түрде зертханалық сыныпта қажетіне
қарай орналастыру керек. Электродвигателдің шуылы басқа оқушыларға кедергі
келтірмес үшін электродвигателдің қуатын анықтайтын тапсырма үшін жұмыс
орнын басқалардан тысқары жерде ұйымдастырып, газ күйін теңестіруге
арналған құралдарды су көзіне жақын орналастыру керек. Броундық қозғалысты
бақылауды терезе маңында орындаған дұрыс. Әрбір тапсырманы орындауға 2
сағат беріледі.
Белгілі бір тақырыпты өткенде сыныпта қарастырылатын есептердің
арасында шешуде кейбір қажетті шамаларды жоғары дәлдікпен тікелей өлшеуге
болатын экспериментальды есептерде болуы қажет. Сонда оқушылар қателіктерді
есептеуге мұғалімнің басқаруымен жаттықса, кейін өз беттерімен орындайтын
болады.
Оқушылардың оқу іскерлігіне тиімді және мақсатты жетекшілік етуді
қамтамасыз ету үшін алдын ала әрбір жұмысқа инструкция құрап, оларды
белгілі бір мөлшерде шығарып, оларға схемалар мен суреттер енгізіп, көмекші
және анықтамалық әдебиеттер таңдау қажет. Әдетте инструкцияға:
1. ізделінді шаманы анықтайтын әдістің мазмұны, сұрақ бойынша қысқаша
теориялық мәлімет
2. оқушыларға таныс емес құралдардың сипаты мен тізімі
3. жұмыс барысы
4. өлшеу нәтижелерінің реті мен қателіктерді есептеу амалдары, сонымен
қатар бақылау сұрақтары, қосымша экспериментальды тапсырмалар мен
жаттығулар кіреді. Әрбір жағдайда инструкцияның көлемі қарастырылып
отырған жұмыстың мазмұнына байланысты. Мысал ретінде Ом заңын зерттеуге
арналған жұмыстың инструкциясын қарастырайық.(қосымша А)
Өлшеу барысында туындайтын статистикалық заңдылықтар. Кез-келген өлшеу
өлшенген шаманың шындық мәнінен сәл ауытқушылығы бар нәтиже береді. Барлық
өлшеу қателіктерін сипаты бойынша 3 түрге бөлуге болады:
а) дөрекі қателіктер
ә) жүйелік қателіктер
б) кездейсоқ қателіктер
Кездейсоқ қателіктері бар жағдайдағы өлшеу нәтижелерін өңдеу әдістері.
Бірдей жағдайда n өлшеу жүргізілсін және і-ші өлшеудің нәтижесі хі.Өлшенген
шаманың ең ықтимал мәні – бұл оның орташа мәні (арифметикалық)

(1)
Жеке нәтиженің орташа квадраттық қателігі деп
Sn=
(2)
шамасын айтамыз.
Орташа арифметикалықтың орташа квадраттық қателігі деп келесі шаманы
айтамыз.
Snx==
(3)

Өлшеудің қорытынды нәтижесі келесі түрде жазылады

(4)
Тура өлшеу жағдайында нәтижені өңдеу төмендегідей.
1) Әрбір өлшеу нәтижелері арнайы кестеге жазылады.
2) N өлшеудің орташа мәні есептеледі

(5)
3) Жеке өлшеудің қателігі анықталады
.
(6)
4) Жеке өлшеу қателігінің квадраты есептеледі

(7)
5) Орташа арифметикалықтың орташа квадраттық қателігі анықталады.

(8)
6) Сенімділік мәні α беріледі.
7) Кесте бойыншаберілген сенімділікпен α өлшеу саны бойынша tαń Стьюдент
коэффициенті анықталады.
8) Сенімді интервал табылады
.
(9)
9) Егер ∆х шамасы құралдың қателігімен δ сай болса, онда сенімді аралық
шекарасы ретінде келесі шаманы алуға болады
∆= tαń ΔSх +δ
(10)
10) Қорытынды нәтижесі келесі түрде жазылады
=
(11)
11) Салыстырмалы қателік келесі түрде болады
έ=%.
(12)

3. Сыныптан тыс тәжірибелер мен бақылаулар

Сыныптан тыс тәжірибелер мен бақылаулар мектептегі экспериментке
толықтыру ретінде өте маңызды және тиімді. Олар теорияның практикамен
байланысын кеңейтіп, оқушылардың өз бетімен зерттеу жұмысына үйреніп,
олардың физика және техникаға деген қызығушылығын дамытып, физикалық
құбылыстарды тек қана арнайы құралдардың көмегімен бақылауға болады деген
қате түсініктерін жоюға мүмкіндік береді.
Сыныптан тыс тәжірибелер мен бақылауларға мұғалімнің бақылауынсыз
(күнделікті өмірде, табиғатта, өндірісте) оқушылардың үйде орындайтын
қарапайым тәжірибелері жатады. Тәжірибе және жұмыс үшін оқушылар тұрмыс
заттарын, ойыншық жиынтығын, қолдан жасалған құралдарды қолданады.
Үй жағдайындағы тәжірибелер мен бақылауларды революцияға дейінгі
уақытта А.В.Цингер, кейіннен П.А.Знаменский мен С.Ф.Покровскийлер
насихаттады. Бірақта бұл оқытудың әдісі практикада кеңінен таралмады.
6-7 сыныптардағы тәжірибелер өте маңызды. Мазмұны бойынша қарапайым,
қол жетерлік және осы жастағы оқушыларға қызықты. Сыныптан тыс тәжірибелер
мен бақылаулар белгілі бір жүйе құрап, мектептегі физикалық эксперименттің
басқада түрлерімен тығыз байланыста болуы шарт. Олар орындау барысында
оқушылар тұрмыстық техникалар мен машиналар: тоңазтқыш, кір жуғыш, шаң
сорғыш, электр қыздырғыш құралдармен танысуы тиімді.
Үйдегі тәжірибелер мен бақылауларды жүйелі түрде өткізу үшін әрбір
оқушының үйінде кішігірім құралдар комплексі болуын қамтамассыз ету керек
(қосымша ретінде темір ұнтақтары, диномометр, магнит сияқты құралдарды үйге
беруге болады). Жыл сайын мұғалім ата-аналар жиналысында ата-аналарға
үйдегі тәжірибелер мен бақылауларға қандай құралдар керек екендігі туралы
құлаққағыс етіп, оқушылардың техникалық білімі мен өнертапқыштығын дамыту
үшін тиімді жаңада шығып жатқан әртүрлі техникалық ойыншықтар туралы
мағлұмат беруі керек. Үйде істелетін тәжірибелер мен бақылауларды бере
отырып, нақты мақсатын және тәжірибені өткізу амалын, үйдегі экспериментті
орындау барысында оқушылар жауап беруі тиіс сұрақтарды ойластру, орындалу
жөніндегі есептің формасын көрсету керек. Нәтижеге тек берілген
тапсырмаларды жүйелі тексеріп және бағалап отырған жағдайда ғана жетуге
болады.

4. Экспериментік есептер

Экспериментік есептерге қойылуы мен шешілуі экспериментпен
байланысты есептер кіреді: әртүрлі өлшеулер, физикалық құбылыстарды қайта
жаңғырту, физикалық процестерді бақылау, электр тізбегін құрау.
Эксперименттік есептер сапалық және сандық болып бөлінеді. Сапалық
есептерді шешкенде сандық берілгендер және математикалық есептеулер
болмайды. Мұндай есептерді оқущылардан тәжірибенің нәтижесінде болатын
құбылысты болжау не берілген құралдың көмегімен физикалық құбылысты бақылау
талап етіледі. Сандық есептерді шешкенде алдымен қажетті өлшеулер жүргізіп,
содан кейін алынған шамаларды пайдалана отырып математикалық формулалардың
көмегімен есептің жауабын есептейді.
Экспериментік есептердің мәтіндіктен айырмашылығы дайындық пен оны
шешуге көп уақытты қажет етеді және оқытушы мен оқушының эксперименті қоюға
дағдысы болуы міндет. Бірақта осындай есептердің шешілуі физиканы оқыту
сапасына оң әсер етеді. Эксперименттік есептердің негізгі артықшылықтары:
1) кез-келген эксперимент тәрізді эксперименттік есептер белгілі бір
мөлшерде оқушылардың белсенділігінің артуына, логикалық ойлауының дамуына,
құбылысты сараптауға, оқушының күш салып ойлауына көмектеседі.
Эксперименттік есептерді шешу оқушыларда белсенді, өз бетімен білім алуға
деген құштарлықты, әлемді тану белсендігін тәрбиелейді.
2) Эксперименттік есептерді талдай отырып оқушылар өз алған білім көмегімен
физикалық құбылыстарды, оның заңдылықтарын алдын-ала болжауға, тіпті
басқара алуға болатындығына нақты мысал жүзінде көз жеткізеді.
3) Әрбір экспериментік есептерді шешуге оқушылар құбылыстар, физикалық
шамалар арасындағы шынайы, нақты байланыспен бағыныштылықты көреді және
күрделі практикалық есептерді шешуде, қоршаған ортаны тануда эксперименттің
атқарар ролі маңызды екендігіне көз жеткізеді.
4) Экспериментік есептерде шешуге қажетті барлық мәліметтер берілмейді.
Сондықтан оқушыға алдымен есепте айтылған физикалық құбылысты не заңдылықты
меңгеріп, оған қандай мәліметтер керек, оны анықтау әдістерімен
мүмкіндіктерін анықтап, тауып және ең соңында формулаға қойып есептейді.
Есепті шешудің дұрыстығын тексеру. Шешімнің дұрыстығын экспериментальды
тексеру есептің түрі мен мазмұнына байланысты әртүрлі тәсілдермен іске
асырылады.
1) Көптеген сандық есептердің шешімі қажетті құралдардың көмегімен
ізделініп отырған шаманы тікелей өлшеу арқылы тексеріледі.
2) Кейбір сандық есептердің шешімі басқада бақылау тәжірибенің көмегімен
тксеріледі, яғни ізделінді шама басқа тәсілмен және басқа құралдармен
өлшенеді.
3) Сандық есептердің бөлігінің шешімі кестелер мен құралдарда көрсетілген
құжаттық берілгендер арқылы тексеріледі.
4) Кейбір сандық есептердің шешімін мектеп жағдайында бақылау тәжірибесімен
тексеруге болмайды. Мұндай есептерді шешкенде оқушылармен тәжірибенің
нәтижесіне әсер еткен әртүрлі шарттар туралы талқылаған тиімді.
5) Сапалық есептердің шешімі ереже бойынша бақылау тәжірибесін қою арқылы
тексеріледі. Мысалы: есепте тәжірибенің сипаты берілген, оның нәтижесін
айту талап етіледі. Оқушымен орындаған тәжірибе оның жауабын растайды не
теріске шығарады. Тәжірибеге арналған құралдарды алдын-ала беруге болмайды,
өйткені оқушы алдымен тәжірибені жасап, содан кейін сол бойынша шешімді
айтады.
Есеп 1.
Әрқайсысы ұзындығы 25 см жіпке ілінген, массасы 0.1 гр бірдей екі шар
шариктерге бірдей заряд берілгеннен кейін олар 5 см қашықтыққа ажырады.
Шариктердің зарядын анықта.
Берілгені: m1=m2=m=0.1 ;
l1=l2=l=25 см=;
r=5см=;
q=?
Шешуі: Тебілген әрбір шарикке mg-ауырлық күші, Т- жүктің тартылу күші, F-
ашриктердің өзара әсерлесу күші әсер етеді.(Қосымша Б 1). Түсірілген күштер
бойынша вектор түрінде шариктің тепе-еңдік шартын жазамыз
mg+T+F=0
Осы теңдеудің Х және У остеріндегі проекцияларын аламыз:
-Tsinα+F=0
Tcosα-mg=0 (13)
екенін ескеріп (1) теңдеуді келесі түрде жазамыз
Tsinα =, Tcosα=mg
(14)
Бірінші теңдеуді екіншіге бөліп алатынымыз
tg =.
бұрышы кіші болғандықтан .
Сонда

осыдан
;

.

Есеп 2.
Зарядтары +5 СГСЭq және +10 СГСЭq екі оң зарядталған денелер бір – бірінен
20 см қашықтықта орналасқан. Бұл денелерді қосып тұрған түзудің қай
нүктесіне үшінші -2 СГСЭq зарядты денені, ол тепе-теңдікте болатындай
орналастыру керек? Денелердің масасын елемеуге болады.
Берлгені: q1 = 5СГСЭq Кл;
q2 = 10 СГСЭq Кл;
r =20 см =0.2 м.
x=?
Шешуі: q3 зарядты С денеге: F1 және F2 – электрлік өзара әсерлесу күштері
әсер етеді(қосымша Б 2).
Х осіне қатысты скаляр түрде С денесінің тепе-теңдік шартын жазайық
F1- F2 =0,
мұндағы F1= F2.
,

екенін ескере отырып алатынымыз
= (15)
осыдан
; (16)

(м).

Есеп 3.
Бордың айтуынша, электрон сутегі атомында шеңбер орбита бойымен қозғалады.
Оның орбитасының радиусы 0.5 10-8 см болғандағы электронның жылдамдығын
анықтаңдар.
Берілгені: R=0.5 10-8 см=5 10-11 м.
υ=?
Шешуі: Орбита бойымен қозғалған электронға -ға тең өзара әсерлесу күші
әсер етеді, мұндағы e-электрон зарядының абсалют мәні, q-сутегі атом
ядросының заряды, R- электрон орбитасының радиусы.(қосымша Б 3)
Электрон үшін У осіне қатысты Ньютонның екінші заңын жазамыз:
F= maу ,
мұндағы m- электрон массасы.
аv=aц=.
Сонда
m (17)
осыдан
(18)

`(мс).

Есеп 4.
Қабырғалары 40 см квадраттың үш төбесінде бірдей 5 10-9 Кл заряд
орналасқан. Төртінші төбедегі өріс кернеулігін табу керек.(қосымша Б 4)
Берілгені: a=40 см=0.4 м;
q=Кл.
Е=?
Шешуі: Электр өрісінің суперпозиция принципі бойынша А нүктесі үшін
табатынымыз
Е=E1+E2+E3
(19),
мұндағы E1,E2 және E3 - q1,q2, және q3 зарядтарының А нүктесінде тудырған
өріс кернеуліктері.
(19) теңдікті Х және У остеріне қатысты проекциялаймыз:
Ех=E1 sinα +E2 +E3 cosα,
Еу= -E1 cosα+E3 sinα. (20)
Е1= Е3=; Е2=; r2=2a2, sinα= cosα=
екенін ескере отырып және осы теңдіктерді (20) теңдеуге қойып, табатынымыз:
Еу=0; Ex=E=;

E=1.9(Вм).

Есеп 5.
Зарядтары 20 СГСЭq және 40 СГСЭq екі шарик бір – бірінен 40 см қашықтықта
орналасқан. Оларды 25 см-ге жақындату үшін қандай жұмыс атқару керек?
Берілгені:q1=20 СГСЭqКл;
q2= 40 СГСЭqКл;
r1=40 см=0.4 м;
r2=25 см= 0.25м.
Авн=?
Шешуі: Мұндай типті есептерде өріс тудыратын заряд қозғалмайтын, ал екінші
заряд-бірінші заряд өрісінде қозғалады деп санау ыңғайлы.
q1 заряд өз маңайында электр өрісін тудырсын, ал q2 заряды осы өрісте q1
зарядынан r1 қашықтықта орналасқан нүктеден, бірінші зарядтан r2
қашықтықта орналасқан нүктеге қарай қозғалады. Сонда сыртқы күш ітейтін
жұмыс
Авн=-A= q2(φ2 – φ1)
(21)
мұндағы φ2 , φ1-өрістің бастапқы және соңғы нүктелеріндегі
потенциалы.Өрісті нүктелік зарядтар тудырғандықтан
және .
Осы теңдіктерді (21)-ге қойып, алатынымыз
Авн= ; (22)

Aвн=(Дж).

Есеп 6.
зарядты А нүктесінен В нүктесіне және С нүктесінен D нүктесіне орын
ауыстырғандағы электр күштерінің жұмысын анықтаңдар,егер r=6 см, a=8 см,
q1=10 СГСЭ, q2= -10 СГСЭ (қосымша Б 5).
Берілгені: r=6 см =6 10-2 м; a = 8см = 8 10-2 м;
q1=10 СГСЭ10-9 Кл ;
q2= -10 СГСЭ10-9 Кл;
q=3 СГСЭ10-9 Кл;
А=?
Шешуі: q зарядты А нүктесінен В нүктесіне орын ауыстырғандағы электр күш
жұмысы
ААВ=q(φА – φВ) (23)
мұндағы φА= φА1+ φА2=, φВ= φВ1+ φВ2=
А және В нүктелеріндегі өріс потенциалдары, r1=r, r2=.
φА, φВ , r1 және r2-ге арналған теңдіктерді қойып, табатынымыз
;

ААВ=10-7 (Дж).

Есеп 7.
200 В үдетуші потенциалды ұшып өткен электронның жылдамдығы қандай?
(қосымша Б 6)
Берілгені: U=200 В
υ=?
Шешуі:Электр өрісіндегі электронға F= электр күші әсер етеді. Сонымен
қатар электрлік күш электронды өріске қарсы орын ауыстырғанда кинетикалық
энергияның өзгерісіне тең жұмыс атқарады
А= ∆W=Wк –Wк0 (24)
А=,
Wк=
екенін ескере отырып, алатынымыз
= (25)
осыдан
υ=; (26)

v=106 (мс).

Есеп 8.
1 гр массалы шарик потенциалы 600 В А нүктесінен, потенциалы ноль В
нүктесіне орын ауыстырады.А нүктесіндегі шариктің жылдамдығын анықтаңдар,
егер В нүктесіндегі оның жылдамдығы 20 мс. Шариктің заряды 10-8 Кл.
Берілгені: m=1гр=10-3 кг;
v=20мс=0.2мс;
φ1=600 В; φ2=0; q=10-8 Кл;
υ0=?
Шешуі: Шарик өріс тарапынан әсер еткен күштің әсерінен орын
ауыстырады.Шариктің кинетикалық энергиясының өзгерісі электрлік күш
жұмысына тең:
А= ∆Wк
(27)

∆Wк = және A= q(φ2 – φ1) болғандықтан, (27) теңдікті келесі түрге
келтіруге болады
= q(φ2 – φ1) (28)
осыдан
υ0=;
(29)

v0=(мс)

Есеп 9.
10-9 Кл зарядқа ие 40 мг массалы шарик шексіздіктен 10 смс жылдамдықпен
қозғалады. Шарик 4 СГСЭq –қа тең нүктелік зарядқа қандай қашықтыққа дейін
жақындай алады?
Берілгені: m=40мг=4 10-5 кг;
v=10смс =0.1мс ;
q1=10-9 Кл ; q2= 4СГСЭ =1.33 10-9 Кл;
r=?
Шешуі: Электр өрісінде қозғалған шарикке жұмысы шариктің кинетикалық
өзгерісінен тең сырттан электр күші әсер етеді.:
А= ∆Wк .
(30)
∆W=Wк –Wк0=0 - (31)
A= q1(φ∞ – φ1)= Авн= (32)
болғандықтан,

(33)
осыдан
. (34)

r= 10-2 (м).

Есеп 10.
Радиусы 1 мм үш зарядталған су тамшылары үлкен бір тамшыға қосылды. Үлкен
тамшының потенциалын тапыңдар, егер кіші тамшының заряды 10-19 Кл болса.
Берілгені: n=3; r=10-3 м; q=10-10 Кл;
φ=?
Шешуі: Үлкен тамшының потенциалы
φ=, (35)
мұндағы Q=nq, C=4.
M=nm (36)
шартынан үлкен тамшының радиусын табамыз, мұндағы m=ρV=ρ πr3 –кіші
тамшының массасы, M=ρV1 = ρ πR3 – үлкен тамшының массасы.
M және m үшін жазылған теңдікерді пайдаланып, (36) теңдеуді келесі түрге
келтіруге болады
ρ πR3 =nρ πr3
(37)
мұндағы R=r. Q, C және R үшін алынған теңдіктерді (35)-ге қойып,
алатынымыз
φ = (38)

φ =103 (В).

Есеп 11.
Жазық конденсатордың ауданы 60 см2 , заряды 10-9 Кл, пластиналар арасындағы
потенциалдар айырмасы 90 В. Конденсатор астарларының арақашықтығын
анықтаңдар.
Берілгені: S= 60см2 =6 10-3 м2; U= 90 В;
q=10-9 Кл ;
d=?
Шешуі: Жазық конденсатордың сыйымдылығы
С (39)
бір жағынан конденсатордың сыйымдылығы С. Теңдіктң екі жағын
теңестіріп алатынымыз
(40)

осыдан
d ; (41)

d = (м).

Есеп 12.
1,2 және 3 мк Ф сыйымдылықты үш конденсатор потенциалдар айырмасы 200 В
кернеу көзіне тізбектей және параллель жалғанған. Әрбір конденсатордағы
заряд және кернеу қандай?
Берілгені: С1=1 мк Ф=10-6 Ф; С2=2 мк Ф=2 10-6 Ф;
С3=3 мк Ф=3 10-6 Ф; U= 200 В;
q1=? q2 =? q3=? U1=? U2=? U3=?
Шешуі: Бірінші пластинаның потенциалын φ1, екінші және үшіншіні φ2 ,
төртінші және бесінші φ3 , алтыншы φ4 .(қосымша Б 7)
Бірінші пластина кернеу көзінен +q заряд алады. Екінші пластинада индукция
бойынша –q, ал үшіншіде- +q заряд пайда болады. Сәйкесінше индукция бойынша
төртінші пластинада –q, бесіншіде +q, алтыншыда –q заряд болады. Сондықтан,
конденсаторларды тізбектей жалғағанда кез келген конденсаторда заряд бірдей
болады.Осы зарядтарды q= q1= q2 = q3 деп белгілейік. Анықтама бойынша
φ1– φ2=U1, φ2– φ3=U2, φ3– φ4=U3.
(42)
Алынған теңдіктерді жинақтап, алатынымыз
φ1– φ4 (43)
φ1– φ4 = U –көздің кернеуін ескере отырып, алатынымыз
;
(44)
(Кл).

Осыдан кейін конденсатрлардағы кернеуді табуға болады:
U1=; U2=;
U3=; (45)

(В); (В); (В)

Сонымен, тізбектей жалған жағдайда әртүрлі сыйымдылықты конденсаторлар
әртүрлі кернеулі болады.Сыйымдылық неғұрлым кіші болған сайын, солғұрлым
конденсатор астарларындағы кернеу жоғары.

1.5 Фронтальды зертханалық жұмыстар мен тәжірбиелер.

Фронтальды зертханалық жұмыстар мен тәжірибелер үшін оқушылар бір
тапсырманы бір типті құрылғыда орындайтын оқыту тәсілі жалпы болып келеді.
Фронтальды зертханалық жұмыстардың реті бағдарлама бойынша анықталады. Тек
физикалық құбылысты бақылаумен байланысты сапалық және өлшеулер орындалатын
сандық, бүкіл сабаққа есептелген және аз уақыттық, кейде шығармашылық
жұмыстар болып бөлінеді. Бірақ фронтальды зертханалық жұмыстардың
дидактикалық мақсаты бойынша классификациясы физиканы оқыту теориясы
негізінде ең терең, сыйымды және нәтижелі.
Фронтальды зертханалық жұмыстар мен тәжірибелерді ұйымдастыру және өткізу
әдістемесі.
Қойылған мақсатқа орай құрылғылар жиналады. Фронтальды жұмыстар мен
тәжірибелер жаңа материалды түсіндірумен, білімді тереңдетіп және
кеңейтумен, практикалық дағды мен машықты қалыптастыру үшін жаттығулармен
тығыз байланысты болғандықтан, олардың көңілі мен ойын белсендендіріп,
олармен бірге экспериментті орындау жоспарын құру, құрылғыны дайындау, тез
тарату және оны жинауды қамтамассыз ету, тапсырманы орындау процесінде
қысқа әрі нақты түсініктеме беру, көмектесу, олардың әрекетін бақылау және
бағалау сияқты барлық іскерліктерін жүйелі ұйымдастырып, бағыттау керек.
Зертханалық жұмыс – сабақтың типтік схемасы келесідей: кіріспе әңгіме,
оқушылардың эксперименті орындауы, алынған нәтижелерді өңдеу және жұмыстың
қортындысын шығару. Кіріспе әңгімеде фронтальды жұмыстарға дайындық туралы
және қосымша сұрақтарға жауап беруді түсіндіреді. Мұғалім құралдармен қалай
жұмыс істеуді және олардың жұмыс істеуін көрсетеді. Қауіпсіздік ережесімен
таныстырып, алған нәтижені қалай жазу керектігін үйретеді. Кіріспе әңгіме
қысқа әрі түсінікті болуы керек. Әңгіме барысында керекті құралдар үстелде
тұрғаны дұрыс. Осыдан кейін оқушылар инструкциямен танысып, бақылауға
кіріседі. Зертханалық жұмыстың көлемі орташа оқитын оқушы сабақта барлық
бақылау, өлшеу және есептеулерді орындай алатындай болуы керек. Жұмыс
барысында бір қатені барлық оқушыларға қалай өлшемдер алу немесе есептеу
керектігін үйрету керек.
Фронтальды зертханалық жұмысты 2 не 1 адам ғана жасайды. Қосымша
тапсырмалар орындалатын жұмыстың мазмұнын кеңейтіп және тереңдетуі керек.
Егер оқушылар анықтамалар тізбегімен, кестелермен, қосымша
оқулықтармен жұмыс істесе, онда зертханалық сабақтың оқу эффектісі
көтеріледі. Осы жерде оқушылардың практикалық жұмысты орындағанда жазбаша
нұсқауды қолданғанды кейбір әдіскерлер тиімді, кейбіреулері тиімсіз дейді.
Жазбаша нұсқау тиімді, бірақ әрқашан міндетті емес.
Фронтальды тәжірибелер фронтальды зертханалық жұмыстардың бір түрі
және одан аз уақыттылығымен ерекшеленеді. Әдетте фронтальды тәжірибелер
оқушылардың жазбаша нұсқауынсыз мұғалімнің тікелей жетекшілігімен
орындайтын қандайда бір ғана практикалық іс-әрекетін (бақылау, өлшеу)
білдіреді. Ол қарастырып отырған материалдың мазмұнына кіретін қортындымен
аяқталады. Фронтальды тәжірибелерді көбіне әрбір оқушы жеке орындайды.
Олар мұғалімге оқушылардың ойын тікелей басқаруға, олардың назарын негізгі
және маңызды құбылысқа не процесске топтастыруға мүмкіндік береді.

6. Экрандық-дыбыстық құралдар

Ғылым мен техниканың дамуы оқу әдістері мен құралдарын жетілдіруге
әсер етпей қоймады. Физиканы оқытудағы экранды-дыбыстық құралдары екі
элементтен тұрады.
1.материалдары экранды-дыбыстық немесе аудиовизуальды құралдар: бейне және
дыбыстық жазбалар, телебағдарламалар, диафильмдер, диопозитивтер және
кодопозитивтер.
2.оқу материалын қашыққа тарату және дыбысты жаңғыртуға, проекциялауға
арналған жабдықтар: киноапараты, теледидар, бейнемагнитафон, магнитафон,
эпископтар, диапроекторлар, эпидиаскоптар, графопроекторлар.
Экранды-дыбыстық құралдарды екі топқа бөлуге болады: статикалық және
динамикалық.
Статикалыққа диа-, графо- және эпипроекциялар үшін арналған құралдар
кіреді.
Динамикалық экранды-дыбыстық құралдарға кинолар, теледидар және бейне
жазбалар жатады. Осылардың барлығы оқытудың техникалық құралдарына жатады.
Экранды-дыбыстық құралдар материалды қайталауда кеңінен қолданылады.
Экранды материалдар мәселе қою үшін немесе мұғалім қойған мәселелі сұрағына
жауап іздеу үшін қажет. Тақырыпқа байланысты экранды құрал таңдап,
сабақтағы ролі мен орнын анықтай отырып, мұғалім олардың физикалық
экспериментпен басқада көрнекі құралдармен сәйкес келуін қадағалау керек.
Оқушыларды көптеген физикалық құбылыстар мен олардың қолданылуы жайында
көрнекі және мәнерлі түрде таныстыруда оқу кинолары маңызды рол атқарады.
Ол мектептік физикалық экспериментті толықтырады.
Физика бойынша фильмқоры киноқұралдарының құрылымына, ұзақтығына
және тағайындалуына байланысты 3 түрінен тұрады. Кинофильм бір немесе
бірнеше сабақ тақырыбының материалын тізбектей ашады. Ереже бойынша
кинофильм логикалық аяқталған сұрақтардан тұрады. Кинофильмді бүтіндей
қолдануға болады: жаңа материал қарастырғанда, қайталау және бекітуде,
кейде сұрау жағдайында.
Кинофрагмент-жеке сұрақ төңірегіндегі қысқа фильм. Кинофрагментті
демонстрациялау 3-5 минут алады және сабақтың құрылымына жақсы араласады.
Кинофрагмент материалды түсіндіргенде және бекіткенде кеңінен қолданылады.
Мұғалім фильмді алдын ала көріп, оның сюжеттік құрылымын анықтап,
негізгі және болмашы эпизодтарды бөліп, олардың ғылыми құндылығы мен
қабылдау қиындығын көрсетуі керек. Әрқашан фильмнің мазмұны толығымен
бағдарламаға, сабақтың мақсаты мен мазмұнына, сыныптың білім деңгейіне
сәйкес келе бермейді. Сондықтанда мұғалім қарау кезінде фильмнен қажетті
фрагменттерді алады.

Сабақтың тақырыбы: Жай тартқыш
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды болжам ұсыну амалына оқыту. Оқытудың әртүрлі
ұтымды әдіс-тәсілдерін пайдаланып оқушылардың ой-өрісінің даму деңгейін
көтеру, олардың ғылыми-танымдық іс-әрекетін белсендіру, оқуға, білім алуға
ынталандыру.
Сабақтың көрнекілігі: видеожазба, сұрақтар жазылған карточкалар.
Қолданылған әдіс: сұрақ-жауап, баяндау.
Сабақтың барысы:
1) Ұйымдастыру. (2 минут)
Оқушыларды түгендеп, үйге тапсырма беру.
2) Жаңа сабақ (3 минут)
сабақ барысында бүгінгі сабақтың тақырыбы хабарланбайды. Видеожазбада
сабаққа қатысты физикалық құбылыс бейнеленген. Сабақтағы негізгі мақсат
қажетті болжамды айқындау және болжамның нақты тұжырымын жасау. Оқушыларға
қойылған мәселе бойынша видеожазбадағы тәжірибені бақылап, ой тұжырымдауы
тапсырылады. Тәжірибе көрсетілген соң бақыланған құбылыстың физикалық
мағынасын ашып, бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтау үшін оқушыларға арнайы
карточкаға жазылып, дайындалған сұрақтар қойылады.
3) Сұраққа жауап ауызша беріледі, дұрыс жауап компьютер экранында
көрсетіледі (20-25 мин)
(сұрақтармен оқушылардың танысуы)

а) Тәжірибеден қандай құбылыс бақыладыңдар?
(екі пластинканың арасында ұшқынның пайда болуы және металл бетке
бекітілген өткізгішті екі пластинка аралығына орналастырғанда ұшқынның
болмауы )
б) Қолданылған құралдар:
(екі пластинка, біріне шар бекітілген, электроформашинасы, металл бетке
бекітілген өткізгіш)
в) Үстінгі пластинка мен бекітілген шары бар пластинканың қызметі қандай?
(үстінгі пластинка бұлттың, ал пластинкаға бекітілген шар үйдің төбесінің
қызметін атқарады )
г) Бірінші тәжірибе жасаушының әрекеті.
(ол электроформашинасының құлағын бұрап, аспан мен үй төбесінің арасында
үлкен кернеу тудырады. Соның әсерінен екі аралықта ұшқын пайда болады)
д) Оның әрекетінен кейін қандай құбылыс байқалды?
(жоғарғы кернеудің әсерінен екі аралықта ұшқын пайда болады)
е) Тәжірибе жасаушының екінші әрекеті қандай?
(ол төменгі пластинканың, яғни жердің үстіне металл бетке бекітілген
өткізгіш әкеп орналастырады)
ж) Одан кейін қандай құбылыс байқалды?
(қайтадан электроформашинасын бұрап, екі аралықта жоғарғы кернеу тудырғанда
ешқандай ұшқын пайда бомайды)
з) Қойылған металл бетке бекітілген өткізгіштің қызметі қандай?
(ол екі ортада пайда болған ұшқынды өзіне тартады)
и) Сонымен тәжірибеде қандай құбылыс демонстрацияланды? Бұл құбылыс өмірде
кездесе ме?
(күн бұлтты болып, ауа дымқыл болған кезде жердің бетіне жай түсуі)
к) Оның тұрмыстық өмірдегі маңызы?
л) Құбылыстың пайдасы, зияны қандай?
( жай түскенде өрт пайда блуы мүмкін)
сабақты берілген жауаптар бойынша қорытындылап, бүгінгі сабақтың тақырыбын
қою. Осы жерде осы құбылысты зерттеген Рихман өмірі, еңбектері туралы
айтылып өтеді.(5 минут)
4) Бекіту.
Осы тақырыпқа байланысты есеп шығару.
Неліктен жай тартқыштың төменгі ұшын жердің терең дымқыл қабатына көму
керек?
Жауабы: жай тартқыш өзіне тартып алған жоғарға кернеулі зарядты жердің
төменгі қабатына таратады.
5) Бағалау.

Физика бойынша сабақты өткізу тәсілдері мен әдістерінің әртүрлілігі
оқыту процесінде фильмдерді қосудың түрлі әдістерін ұсынады. Фильмді жаңа
тақырып өткенде, физикалық экспериментке толықтыру үшін, мұғалімнің
әңгімесін иллюстрациялау, жаңа білім хабарлауда, қайталауда қолдануға
болады.
Кейбір сұрақтарды қарастыруды мәселе қою мақсатында фильмді
демонстрациялаудан бастауға болады. Киноны құралдарды түсіндіру алдында
демонстрациялау басқа мақсаттарды көздеуі мүмкін: оқушылардың жаңа
материалға деген қызығушылығын арттыру. Жаңа материалды түсіндіргенде
бақыланған құбылыс пен процестің механизімін ашу мақсатында мектептік
демонстрациялық экспериментке толықтыру үшін фильмді қолданған дұрыс.
Тәжірибені демонстрациялау мен киноқұралды үйлестіру басқада себептерге
байланысты болып келеді. Тақырыптар тізбегін өткенде фильмді жаңа білімнің
алғашқы көзі ретінде қолдануға болады. Бірақ бұл жағдайда мұғалім фильмді
көру мақсатын қояды және материалдарды меңгеруін тексеру бағытында бақылау
ұйымдастырады.

2. ЭЛЕКТРОСТАТИКА

Зарядтар арасындағы өзара әсерлесу өріс арқылы жүзеге асады.
Тыныштықтағы зарядтардың өзара әсерлесу заңдылықтарын және олардың
ерекшкліктерін зерттейтін электромагнитизмнің саласын электростатика дейді.
Материалдық денелердің электромагниттік өзара әсерлесу ерекшелігі
электр заряды деп аталады. Электр заряды табиғатта қарапайым элементар
түрде кездеседі. Заряд элементар бөлшектің белгілі бір күшпен әсерлесу
қасиетін көрсетеді. Электр заряды оң (теріні шыны таяқшаға үйкеу) және
теріс (янтарьға матаны үйкеу) таңбалы болады.
Q =eN (46)
Дененің электр заряды квантталады. Ол элементар зарядқа тең, яғни электрон
зарядының шамасына тең
е = Кл
Өзара әсерлесетін элементар бөлшектерден құралған тұйық жүйенің толық
заряды сақталады.
q1 + q2+ ... .+q n = const. (47)
Басқаша айтқанда, зарядтар жасалмайды да, жойылып та кетпейді, оларды тек
бір денеден екінші денеге беруге болады немесе бір дененің өз ішінде
көшіруге болады. Зарядтар кеңістік пен уақыттан тыс өмір сүре алмайды, ол
материяның қасиетенің бір көрінісі.
Электростатиканың негізғі заңын тэжірибе жүзінде 1875 жылы Кавендиштің
иірілмелі таразысы көмегімен Ш.Кулон ашты: Тыныштықта тұрған q1 және q2
нүктелік зарядтар зарядтардың көбейтіндісіне тура пропорционал,
арақашықтығының радиус квадратына кері пропорционал күшпен бір-біріне
тартылады не тебіледі
F = k
(48)

1-сурет.Электр өрісінің зарядқа әсері.

Аттас зарядтар бірін-бірі тебеді, ал әраттас бір-біріне тартылады. Кулон
заңындағы пропорционалдық коэффициент к ортаның қасиетіне және заңға
кіретін шамалардың өлшем бірліктеріне тәуелді
к= (49)
Ортаның абсалютті έ диэлетрлік өтімділігі зарядтардың ортадағы өзара
әсерлесу күші ваккумдағы әсерлесу күшімен салыстырганда қанша есе кемігенін
көрсетеді.
Зарядталған денелер бір-бірімен әсерлесуі электр өрісі арқылы жүзеге
асады. Егер өріс уақытқа қатысты өзгермесе онда ол электростатикалық өріс
деп аталады. Электр өрісі кернеулік векторы мен потенциал арқылы шығады.

2-сурет.Оң зарядтың (а) және теріс зарядтың (б) кернеулік векторлары.

Электростатикалық өрістің қандай да бір нүктесіндегі кернеулігі деп
сол нүктеге қойылған бірлік оң зарядқа әсер ететін күшке сан жағынан
алғанда тең және бағыты сол күштің бағытымен дәл келетін физикалық шаманы
атайды.
E = (B)
(50)

3-сурет. қатынас өрісті күштік қатыста сипаттайтын шаманы береді.

Егер кернеулікті бірнеше нүктелік q1, q2 . . . qn зарядтар
тудыратын болса, онда қандай да бір нүктедегі қорытқы кернеулік супер
позиция принципі бойынша анықталады. Суперпозиция принципі: зарядтар
жүйесінің өрісінің кернеулігі жүйені құрайтын зарядтардың кернеуліктерінің
қосындысына тең (19) өрнектегідей.
Диполь дегеніміз – қарама-карсы таңбалы тең екі зарядтың жиынтығы.
Р диполь моменті - сан мәні оң заряд q мен зарядтардың арақашықтығы l-дің
көбейтіндісіне тең және де теріс зарядтан оң зарядқа қарай бағытталған
векторлық шама
P= q
(51)
Фарадей өрісті көрнекті түрде көрсету үшін оны күш сызықтары арқылы
кескіндеуді ұсынды. Кернеулік сызығы деп әрбір нүктесінде кернеулік веторы
жанамамен бағыттас болып келетін сызықты айтады. Кернеулік сызығы өзі
басып өтетін нүктеде Е өріс кернеулігінің бағытын, демек сол нүктеде
орналастырылған +q зарядқа әсер ететін F күшінің бағытын көрсетеді. Егер
өзгедей зарядтар болмайтын болса, күш сызығы оң зарядтан басталып
шексіздікке кетеді. Әр аттас зарядтар пары болатын жағдайда, күш сызығы оң
зарядтан басталып теріс зарядқа келіп аяқталады.

4-сурет.Электр өрісіндегі бойымен сыншы заряд қозғалатын сызық.

Ауданды нормаль бағытында тесіп өтетін күш сызықтарының санын немесе
Е және ΔS векторларының скаляр көбейтіндісін кернеулік веторының ағыны деп
аталады
(52)
Тұйық бет арқылы өтетін кернеулік векторының ағыны осы беттің ішінде
болатын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ОРТА МЕКТЕПТЕ ЭЛЕКТРОДИНАМИКА бөлімің ОҚЫТУ ЖАҒДАЙЫ
ЭЛЕКТРОСТАТИКА БӨЛІМІН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Физикадан факультативтік курстар
Өткізгіш бетінің эквипотенциал беттері
Демонстрациялық тәжірибелердің мәні
Термодинамика тарауын оқыту әдістемесі
Жүйенің энтропиясы
Мұғалімнің және оқушылардың компьютерлері. Оқытудың компьютерлік технологиясы
Физика пәнін оқыту әдістемелерінің негізі
Компьютерде өтілетін сабақ
Пәндер