Мемлекетті нығайтуда құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің рөлі



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

I Тарау. Мемлекетті нығайтуда құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің
рөлі.

§1.1. Құқықтық сана түсінік және оны қалыптастру
жолдары ... ... ... ... ... ... 8

§1.2. Құқықтық мәдениет түсінігі оның мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13

II Тарау. Қазақстан Республикасының мемлекеттілігін нығайтудағы
құқықтық мәдениет пен құқықтық сананың рөлі.

§ 2.1. Құқықтық мәдениетті және құқықтық сананы қалыптаструдың
теориалық әдістемелік негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17

§ 2.2. Қоғамда құқықтық мәдениетті және құқықтық сананы қалыптастру
мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. .26

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29

Кіріспе.

Қазакстан Республикасының Конституциясында барлық азаматтардың,
ұлттардың, халықтардың бостандығын, құқықтарын, мәдениетін, тілін қорғауға
мемлекет кепілдік береді - деген.
Мемлекеттің өкілетті органдарында, құқықтық нормаларда мәдени-ағарту
мекемелерінің, көркемөнерпаздар ұжымдарының, халық театрлары мен ән-би
ансамбльдерінің, мәдениет мектептерінің жұмысы, тілекталаптары жиі
талқыланып, мемлекетіміздің мүмкіншілігіне сәйкес іс-әрекеттер жасалып,
тиісті нормативтік нормалар қабылдануда. Еліміз экономикалық дағдарыстан
шығып, нарықты экономикалық жүйені толық калыптастыру процессі аяқталса,
мәдениет мәселесі мемлекет пен қүқықты кызметінің негізгі бағытына
айналады. Өйткені мәдениеті төмен дәрежедегі елдер еркениеггі елдер
қатарына кіре алмайды. Бұл мәселе Казақстан Республикасының
Конституциясында ашық айтылған.
Қазіргі қоғам азаматтарының мәдени құқығын қалыптастыру
міндеттерін шешуде қуқық қорғау органдары, соның ішінде ішкі істер
органдары үлкен рөл атқарады. Әрине, ол үшін полиция қызметкерлерінің
өздері мәдени құқықтың жоғары деңгейінде болуы тиіс. Осыған орай ішкі істер
органдары қызметкерлерінің мәдени құқығын кетерудің маңыздылыгын ерекше
атап көрсеткен жөн, әрі
мүның өзі нақты үйымдастырылған құқықтық тәрбие жұмысы
нәтижесінде қамтамасыз етіледі. Құқықтық тәрбие қызметі қызметкерлердің
жоғары адамгершілік сапасын айқындауга, олардың үйымдастырушылық және
тәртіптілік деңгейін көтеруге, қызмет борышы сезімін нығайтып, кәсіби
мәдениеттін қалыптастыруға белсенді түрде көмектеседі. Өз кезегінде ішкі
істер органдары қызметкерлерінің құқықтық мәдениеті өздері қызмет атқарып
жүрген нақты қүрылымға тән жағдайда, қоғам өмірінің барлық тәртібіне сәйкес
қалыптасады. Бүкіл үжым қызметінің заңдылықты қатаң сақтай отырып, табысқа
жетуі, нәтижелерінің тұрақтылығы жеке қүрамның қажетті деңгейде қүқықтық
мәдениетке тәрбиеленуінің объективті алғышарты болып табылады.
Заңи білім құқықтық сананы қалыптастыруда аса зор рөл атқарады, алайда
ол қүқықтық мәдениетке қатыстылығы жағынан оның деңгейін дамытудың
алғышарты ғана, кәсіби құқықтык, мәдениет ішкі істер органдары
қызметкерлерінің, олардың әрбір өкілінің қүқықтық санасының айнасы
іспеттес. Ол нормативтік кесім тілінде, тергеу хаттаміасы тәсілінде және
ішкі істер органдары қызметкерлерінің азаматтармен пікір алысу нысанында
көрініс табады. Демек, кәсіби қүқықтық мәдениетті қалыптастыру үшін
тәренбие мен білім беру жүмыстары аздық етеді, бүл үшін ойластырылған. Жан-
жақты және мақсатты шаралардың тұтас кешені қажет.
Қоғамның құқықтық мәдениетін көтеру - бұл проблеманың бір жағы ғана.
Бұл міндетті жалпы, реттелетін көп қырлы әлеуметтік қатынастар, шаралар
кешенін қолдана отырып, орындауға болады. Әрине, бұған ішкі істер органдары
қызметкерлерінің кәсіби құқықтық мәдениетін көтерудің тиімді жолдарын
іздестіру және жүзеге асыру үдерісі өзгешелігі ерекше тән.
Проблеманың осы аса маңызды қыры зерттеушілер назарынан қағаберіс
қалып, шын мәнін де ғылым мұнымен мүлдем айналыспай келді деп ашығын
айтуға болады. Кәсіби құқықтық мәдениетті дамыту шаралары атүсті қамтылып,
оның өзінде құқықтық тәрбие қызметінде ғана айтылып жүргені жасырын емес.
Ұсынылып отырған шаралардың сөзсіз кәкейкестілігіне мән берілуі, олардың
өзара байланыстылығына, әмбебаптылығына және ауқымдылығына талдау жасау
керек.
Келтірілген теориялық олқылықтарды ескере отырып, ішкі істер органдары
қызметкерлерінің кәсіби қүқықтық мәдениетін кетеру.
Оқьгту нысанына қарамастан жоғары оқу орындары ішкі істер органдары
жүйесі үшін болашақ кадрларды шынайы біліктілігі жоғары адамдар етіл
даярлауы тиіс. Бүгінде күндізгі нысанда заңи білім алатындарды жоғары талап
дөңгейінде даярлап, ал сырттаи оқитындарға қажетті теориялық білім беру мен
тәжірибе негізін төмендетіп алушылық байқалып қалып жүр. Сырттай
оқитындардың сабақтарға қатысуына бақылау жасаушылық жоқтың қасы деуге
болады, оқытушылар оқу бағдарламасында көзделген заңи білім көлеміи
толық игерулеріне талап қоймайды. Соның салдарынан жоғары оқу
орындарын бітірген мамандар күрделі, шыгармашылықты, шынайы кәсіби
шеберлікті қажет ететін істерді шешуге қабілетсіздік танытатындарын
жасыруға болмайды. Кәсіби құқықтық мәдениет деңгейінің төмендігі,
адамдармен жүмыс істей алмаушылық, жеке шешім шығаруға дәрменсіздік сияқты
келеңсіздіктер кадрларға дүрыс білім мен тәрбие берілмеунің "жемісі" деп
білеміз. Біздің ойымызша, шүғыл шаралар қабылдамбай, атап керсетілген
келеңсіз үрдіс одан әрі сақтала беретін болса, мүның өзі заңи білімнің
айтарлықтай құнсыздануына, заңгерлердің кәсіби қүқықтық мәдениетінің
төмендеуіне, елдегі заңнама мен құқық тәртібінің нашарлауына әкеліп соғуы,
Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет пен азаматтык, қоғам орнату
үдерісіне кедергі келтіруі мүмкін.
Осыған орай қазіргі кезеңде заң ғылымында Қазақстан Реслубликасындағы
жоғары заңи білім беру жүйесіне түзету енгізу қажеттілігі туралы мәселе
көтеріліп, осы саланы реформалау жөнінде нақтылы үсыныстар айтылуда.
Мысалы, А.Е. Бектүрғанов мен А.Х. Хаджиев өздерінің "Заңи білім беруді
нарықтық экономика мен құқықтық мемлекет құру жағдайындағы талаптарға
сәйкес жетілдірудің тұжырымдамалық негізі мен параметрі" деген мақаласында:
"...қоғамда батыл түрде жүргізіліп жатқан қайта құруларға қарамастан заңи
білім беру дәл осындай өзгеріске ұшырай қойған жоқ. Заңи білім түрі
белгілі деңгейде жетілдірілгенімен, оның мазмүн жағы тұтастай алғанда
заңи кадрларды даярлаудың бұрынғы үлгісінен қол үзбегендеп айтуға
болады", дейді. Бүдан әрі авторлар Қазақстан Республикасында жалпы
стратегиялык, міндеттерді үкімет деңгейнде шеше отырып, заңи білім беру
құрылымы мен мазмүнын елеулі түрде өзгертетін түжырымдама жасау
қажет екенін еске салады: "Тұжырымдамада заңи білім берудің мазмүны мен
қүрылымын, кәсібі параметрі талаптарын, қүқық зерттеушілердің рухани
ізгілік келбетін айқындайтын түбегейлі принциптер көрсетілуі тиіс. Осыған
орай Тұжырымдама параметрлері ұлттық заңи білім берудің халықаралық заңи
білім беру жүйөсіне шоғырлануын қамтамасыз етуі қажет. Тәуелсіз мемлекеттің
заңи білім беру жүйесінің тарихи терең тамырлы, халықтардың мәдени
дәстүрлерінің рухани-адамгершілік қүндылығына арқа сүйеген ұлтық мазмүны
болуы керек".
Ұлттық заңи білім беру сапасының өзекті мәселесі туралы айтылған осынау
оймен, аса маңызды проблеманың шешімі жөнінде үсынылган нақтылы шаралармен
келіспеуге шараң жоқ. Тұжырым даманың негізгі қағидаларын дайындау және
жүзеге асыру заңи білім беру жүйесі мен құқықтық реформажөніндегі елеулі оң
өзгерістер жасауға мүрындық болып, заңгерлік мамандықтың беделі мен
әлеуметтік мәнін кәтеруге, білім беру, тәрбие технологиясын жетілдіруге,
кәсіби құқықтық мәдениет деңгейін кетеруге мүмкіндік туғызар еді.
Кәсіби құқықтық мәдениет дерексіз ғылыми категория емес, ол әлеуметтік
заңи жағдайлардағы шынайы ақиқатты айқындаушы сапалы заң шығару қызметіне
жәнө елдегі заңдылыққа едәуір дәрежеде байланысты. Қолданыстағы заңнаманың
сапасы туралы мәселө асы маңыздылығымен қатар өзіне заңи, әлеуметтік,
саяси, экономикалық және басқа да бірқатар аспектілерді жинақтаған күрделі
де, көп қырлы ұғым. Заңдар әлеуметтік өлшемдер жәнеалғышарттар түрғысынан
алғанда жогары сапалы, қоғамдағы шынайы қарым-қатынастарды бірдей
көрсетуші, заңшығарушы органның сол арқылы мемлекеттің, барлық халықтың
еркін дәл бейнелеуші.
Заң шығару қызметінің құқықты мәдениетін көтеру үшін бұл аса жауапты
үдеріске ғалымдарды тәжірибесі мол мамандарды, қоға, екілдерін көптеп
тартуталап өтілед қабылданатын заңның құқықтық сапасы көп ретте заңды
дайындаушылардың біліктілік деңгейіне, оларды шешетін мәселесі теориялық
және тәжірибелік ойлау қабілетіне, заң ресімдеу шеберлігіне байланысты
болады. Заң сапасы онык тиімділігінің ажырамас шарты, түпкі нәтижесі де
осыған тәуелді. Заң шығару техникасының қажетті деңгейіне сәйкес келуі
мүмкін, бірақ оның ақыры әлеуметтік әділдікке нұқсан келтіріп, реттелуші
қатынастардың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ете алмай кері әсерін
тигізетінін де естен шығармаган жөн.
Әрине, заң шығарушы өзіндік қүқық шығармашылық қызметінің қоғамдық-
қүқықтық салдарыны қандай болатынын алдын ала болжай алмайтыны белгілі.
Қабылданған заңға адамдар қалай қарайтыны да ол үшін жұмбақ, өйткені,
әлеуметтік өмір өте күрделі, заңи ақиқаттар қилы. Бірақ бұдан мемлекет
өзінің заңнамалық күш жігерінің немен аяқталатынын аддын ала болжамауы
қажет деген ұғым тумаса керекті. Заң шығару органының құқықтық мәдениеті
бүқаралық және қоғамдық құқықтық сананың құқықтықтін, құқықтық
технологиялық тұрақты түрлерін түсінуі, интуициялық сезінуі, түйсінуі
қажет.

1.1. Құқықтық сана түсінігі және қалыптасту жолдары.

Құқықтық санаға нақты түсінік беру үшін бірінші сананы анықтап алуымыз
қажет. Адам тарихи қалыптасқан іс әрекеттер, дағды мен тәсілдерді игеріп,
әсіресе тілді үйрену нәтижесінде айналадағы заттар мен құбылыстардың
объективті заңдылықтары.
Сана-объективті шындықты идиалды түрде бейнелеудің адамға ғана тән ең
жоғарғы нысаны. Сана адамның өз болмысы мен объективті дүниенің мәнжайын,
мазмұнын, ұғымын білуіне белсенді қызымет атқаратын психикалық
процесстердің заңды нәтижесі болып табылады. Сана шындықты бейнелеудің
миханизімі мен нысандарын тарихи дамудың сатыларына сәйкес айқындайтын
философия, социология мен психологияның және жалпы танымның ең басты
катигориалардың бірі. Сана негізінен жеке адам санасы және қоғамдық сана
болып екіге бөлінеді. Сана адамдардың қоғамдық-өндірістік іс әрекетімен
еңбек процессінде пайда болып, тілдің шығуымен тығыз қалыптасады.
Сана тарихи тәжірибені, білім мен ойлау тәсілдерін байына сіңіріп,
шындықты, рухани идиалды игеріп, алда тұрған мақсат міндерді
белгілеп,адамзат қоғамның бүкіл практикалық іс-әрекетін бағыттайды.
Қоғамдық сана – объективті дүние мен қоғамдық болмыстң адам санасында
бейнеленуі. Қоғамдық сана адамның тәжірибелік іс-әрекеттерінен байқалады.
Сана қоғамның рухани мәдениетінің құрамды бөлігі болып табылады. Қоғадық
сананың түрлері: саясат, құқық, философия, мораль, өнер, дін, қоғамдық
болмысты бейнелей отырып, оған белсенді ықпал етеді. Қоғамдық сананың
түрлерінің әрқайсысының өз обьектісі мен бейнелеу тәсілі болуына
қарамастан, болмыс пен адам санасына өзіндік әсерін тигізеді. Идиологияның
саяси құқықтық нысандары қоғамның экономикалық қатынасын саяси және
құқықтық тілде, ал өнер көркемдік образдармен, морол адамдардың мінез-
құқының белгілі қағидалары мен ережелері түрінде бейнелейді.
Қоғамдық сананың түрлері қоғамның экономикалық базисымен байланыс жасау
сипатына қарай әр түрлі болады. Мысалы, идиологианың сайаси және құқықтық
түрлері басқа нысандарына қарағанда экономикалық базиске жақын тұрады.
Бұлар қоғамның өндірістік, шаруашылық қатынастарын тура, тікелей бейнелеп,
олардың төте ықпал жасауымен қалыптасады. Қоғамдық сананың түрлері тарихи
өзгерістерге түсіп, белгілі тарихи кезенді осы нысандардың бірі қоғамның
рухани өмірінде үстем болып, қалғандарын өзіне бағынышты етеді.
Құқықтық сана – қоғамдық сананың бір түрі. Саяси және моральдық санамен
тығыз байланысты. Мазмұны жағынан тиісті мемлекетте қолданылып отырған
құқық нормалары, заңдылық пен құқықтық тәртіпті, қылмыс және оны жазалау,
қоғам мүшелерінің құқықтары мен көзқарастары жатады. Антагонистік қоғамда
таптардың өзіне тән құқықтық санасы болады. Оның мазмұны әр таптың қоғамның
экономикалық, саяси, мәдени өмірінде алатын орнына байланысты. (1)

1.Н Назарбаев Қазақстан 2030; Ел Президентінің Қазақста.халқына
жолдауы – Алматы 2006жыл, 4 басымдық, 4-2 тармақшасы, 6 бет.

Құқықтық сана - сезім белгілері мыналар;
-Құқықты белгілеу,
-Құқықтық түсіну,
-Құқықтық құрметтеу,
-Құқықтың дұрыстығына және әділдігіне сену,
-Құқықты сақтауға дағдылану,
-Құқықың талаптарын бұлжытпай орындау.
Құқықтық сана – Қазақстан Республикасының азаматтарының жүзеге асырылып
жүрген заңдарға, олардың қолдануға, азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарына және қалауына, құқыққа басқа да құқықтық құбылыстарға
құқықтық сезімдерінің, әсерлігінің, көзқарастарының, пікірлерінің,
бағаларының жүйесі.
Құқықтық сана қоғамның құқықтық өмірін жандандру және дамытуға үлкен
үлес қосады.
1. Құқықтық сана – құқықтық нормаларының қалыптаструдың қажетті шарты.
Олай дейтін себебіміз, құқықтық нормалар заң шығару органның саналы түрдегі
ерікті қызымет арқылы өмірге келеді. Адамдардың белгілі бір мүдделері мен
қажеттіліктері заң нормаларында бейнеленбестен бұрын, ол нормаларды құрушы
лауазымды тұлғалардың ойсанасынан өтеді. Сондықтан да құқық нармаларының
сапасы олардың қоғамдық даму қажеттілігіне сәйкес келеді,ол нормаларды
құратын органның құқық көзқарасы, құқық санасының деңгейімен тығыз
байланысты болады.
2. Құқықтық сана құқық нормаларының нақты және толығымен іске
асырылуының ең басты шарты. Құқықтық нормаларының талаптары тікелей
азаматтарға қойылады. Бұл талаптарда олардың саналы түрдегі ерікті әрекетте
арқылы орындалады. Яғни неғұрлым құқықтық сананың деңгейі жоғары болса,
соғұрлым құқық нормаларының ережелері нақтырақ орындалады.
Қоғамдық мәдениет саласында құқық мәдениетінің жетістіктерін ғана
басқарып, реттеп отырады. Мәдениет өзінің даму процессінде қоғамның рухани
байлығын, халықтың сана сезімін дамытып, жоғары дәрежеге көтереді. Құқықта
өз кезегінде мәдениетті қорғап, реттеп отырады. Осыдан келіп құқықтық
мәдениет қалыптасады. Ол өзара байланысты элементтер арқылы танылады:
-қоғамдағы құқықтық сананмың жағдайы, құқықты түсінудің деңгейі,
заңдылықтың талаптарын орындал қажеттілігін түсіну;
-заңдылықты сақтау;
-заң шығарудың ерекшелігі, оның мазмұны мен нысанына көңіл бөлу;
-сот, прокуратура басқада заң органдарының жұмыс атқару сипаты.
Сонымен сана – объективті шындықты идеалды түрде бейнелеуің адамға тән
ең жоғарғы нысаны. Сана адамның өз болмысы мен объективті дүниенің
мәнжайын, мазмұнын, ұғымын білуінде белсенді қызымет атқаратын психикалық
процестердің (түйсіну, сезіну, қабылдау, ойлау т,б.) заңды нәтижесі болып
табылады. Сана негізінен жеке адам санасы және қоғамдық сана болып екіге
бөлінеді.(2)
2. Заң журналы, 112007. 24 бет.
Сана адамның өзара іс-әрекетінің нәтижесінде өмірге келі, дамып,
ескіріп жанарып отырады. Бұл бір-бірмен тығыз байланыста дамып отырады.
құбылыстарды, қатынастарды бейнелейді. Ол жаңа нормалардың, қабылдану және
олардың процесін қамтиды. Саяси, моральдық, ұттық, т.б, көзқарастар
құқықтық сана-сезімге ықпал етеді. Қоғамның даму процессін, құбылыстардың
сана – сезім құқықтық тұрғыдан сезініп, сол позициядан қорытынды тұжырымдар
жасап, баға береді. Мысалы: құқықтық қатынас, құқықтық жауапкершілік,
құқықтық тәртіп т.б.
Қоғамдағы құқықты дамыту үшін, заңдылықты, тәртіпті қатаң сақтау үшін
құқықтық сана-сезім маңызы өте зор. Бұл сана-сезімді қоғам көлемінде дамыту
керек, әсіресе заңгерлердің, органда қызымет атқаратын азаматтардың білімі,
тәжірибесін, сана-сезімін көтеруді қажет етеді. Сонда ғана қоғамда
заңдылық, құқықтық тәртіп болады.
Халықтың, әсіресе, заңгерлердің белсенділігі үш түрлі, үш деңгейде
болады; біріншісі - құқықтың субъектілері өзара қатынасты тек дұрыс
басқарып, жаңалыққа ұмтылмау – сылбыр енжар деңгейі; екіншісі –
эвристикалық деңгей – құқықтық субъектілердің жаңалыққа талпынып, мәселенің
шешудің жаңа жолдарын табу; үшіншісі – интелектуалдық деңгей – жаңалықты
ашуда үзілістің болмауы, жоғары дәрежеде белсенділікті көрсету.
Белсенділіктің соңғы екі түрі құқықтық сана – сезімнің дамуына өте зор әсер
етеді.
Құқықтық сана-сезімнің басқа нысандарына қарағанда құқықтық сана
адамдардың ой-өрісіне, рухани ойлану процесіне зор әсер етеді. Себебі
құқықтық қатынаста адамдар нормотивтік актілерді бұлжытпай орындаулары
керек, екі жақты құқық пен міндет бар, дұрыс орындалмаса жауапкершілік бар.
Сондықтан құқықтық қатынастардың субектілеріне ауыртпашылық айтарлықтай
мол. Құқықтық сана-сезім өзінің құрылымы жағынан екі түрге бөлінеді;
құқықтық идиология және құқықтық психология. (3)
Құқықтық идиология дегеніміз-қоғамдағы құбылыстарды, қатынастарды
құқық тұрғысынан ғылыми жүйеге келтіру. Құқық жөніндегі пікірлер мен
көзқарастар белгілі бір жүйеге түсіріліп, ғылыми негізде дәлелденген күйде
болады. Бұл идиология қоғамдағы әр бағыттағы, әр саладағы мақсаттарды
біріктіріп, дамытады. Құқықтық психология дегеніміз - қоғамның құқықтық
сезімін, ақыл-ойын, әдет-ғұрпын, дәстүрін біріктіру. Жеке адамдардың, қоғам
мүшелегінің әр-түрлі топтарының санасында-заңдарға олардың қолданылуына
байланысты туған әсерлер, көңіл-күйі және сезімдер жатады. Қоғамдық көлемде
осы мәселелерді біріктіріп дамытып, халықтың сана-сезімін көтеріп,
демократияны нығайту, құқықтық мемлекет қалыптастру.

(3) Қазақстан Республикасы Конституциясы 2006

Құқықтық сана-сезімнің жүйелері мен түрлері:
1) Қатынастың субъектілеріне қарай құқықтық сана-сезім үшке бөлінеді:
жекелік, топтық, қоғамдық сана-сезім. Бұл үшеуі бір-бірімен тығыз
байланысты. Сонымен бірге олардың өз дербесдігі болады. Әр жеке
адамның сана – сезімі әр деңгейде болады; өте жақсы дәрежеде, жақсы,
орташа, нашар дәрежеде. Егер топтың, басым көпшілігінің сана-
сезінінің өте жақсы дәрежеде болса, онда бұл топтан жақсылықты күтуге
болады.
2) Мазмұнының тереңдігіне қарай құқықтық сана-сезім тағыда үшке
бөлінеді: күнделікті құқықтық саналығы, кәсіпқойлық құқық саналығы,
теориялық құқық саналығы. Адамдардың күнделікті құқықтық сана-
сезімі олардың рухани, парасаттылық, инабаттылық, өмір тәжірибесі
арқылы қалыптасады.
Кәсіпқойлық құқық саналығы қоғамның әр саласында жұмыс істейтін
заңгерлердің тәжірибесі арқылы қалыптасады. Олардың құқықтық білімі де,
тәжірйбесі де мол болғандықтан сана-сезімдері көпшілігінің жағары дәрежеде
болады. Сондықтан құқықтық нормалар дұрыс орындалып, заңдылық, құқықтық
тәртіп жақсы дамиды.
Теориялық құқық саналығы қоғамдағы заң ғылымының жан-жақты, жақсы
дамуы арқылы қалыптасады.
Құқықтық сананың тарихи даму кезеңдері мен типологиясын жобамен төрт
дәуірге бөлуге болады; көне дәуір, орта ғасырлар, жаңа кезең және қазірзі
заман.Көне дәуірде ешқандай құқықтық сана деген жеке заңды ұғым болған жоқ.
Орта ғасырда да құқықтық сана толық қалыптасқан жоқ, аздап бұл туралы
пікірлер болды.
Қазіргі заманда құқықтық сана өмірде де, ғылымда да жан-жақты
зерттеліп қоғамның, мемлекеттің дамуына зар үлес қосуда, мемлекеттік
аппарат күрделі дамуда, заң шығармашылық процес сапалы жұмыс жасап,
қоғамдық барлық қарым-қатынасты реттеп басқаруда. (4).
Сонымен, құқықтық сана-қоғамдағы құқықтық құбылыстарға адамдардың
сезімдерінің, әсерлерінің, көзқарастарының, пікірлерінің, бағаларының
жүйесі; ол заң шығарудың, нормотивтік актілердің дұрыс орындалуның,
құқықтық сапалы даму.
Мемлекет және құқық теориясы қоғамдағы сана – сезімнің объективті даму
процессіне сәйкес құқық саналығының маңызын дамытып, нығайтып отырады.
Құқықтық сана-сезімнің мазмұны төрт жүйедегі қарым-қатынастарды қамтиды;
қоғамдағы нормативтік актілердің даму, жаңару, орындалу, қорғалу процестері
оған халықтың сана-сезімінің әсерін, көз қарасын, іс-әрекетін біріктіреді.
Құқықтық сана-сезімнің негізгі функциялары: бірінші-халықтың құқықтық
білімін арттыру; екінші-сана-сезімді дұрыс дамыту үшін тәжірибелік жұмысты
жақсарту; үшінші-қоғамдағы қатынастарды реттеуді, басқаруды жақсарту үшін
адамдардың сана-сезімін көтеру. Құқықтық сана-сезім нормотивтік актілердің
негізгі, қоғамдағы қатынастарды дұрыс реттеуші, басқарушы күш.

4. Саяхат журналы 82006жыл 147бет.
Ол құқықтық нормалардың дұрыс дамуына, дұрыс орындалуына және оның
болашағын дұрыс болжауға өте зор әсер етеді.
Құқықтық сана сезімнің ерекшеліктері:
-құқықтық сана-сезімнің қоғамдық тек нормативтік актілер мен ының
негізгі шешуші михонизімі деуге болады.
Адам тарихында қалыптасқан іс-әрекеттер әр түрлі еңбек ету арқылы,
сонымен қатар айналадағы дүниеге өзін қарама-қарсы қойып, белгілі мақсат
іс -әрекетпен шұғылданды,сол объективтік шындық туралы өзінің білетін
түсінігі мен біліміне сүйенді.
Қоғамдық сананың түрлері қоғамның экономикалық базисіне сәикес
болды.

1.2. Құқықтық мәдениеттің түсінігі
оның мәні.

Мәдениет - адамзат жасайтын және адамдардың рухани қажеттіктері мен
мүдделерін қанағаттандруға бағытталған материалдық және рухани
құндылықтардың жиынтығы. Қоғамның мәдениеті бірнеше түрге бөлінеді;
саяси, экономикалық, әлеуметтік парасаттылық, инабаттық, экологиалық
құқықтық тағыда басқа мәдениет жүйелері салалары. Олар бір-бірімен
тығыз байланысты қоғамның экономикалық саяси, әлеуметтік дамуына
сәйкес дамиды. Сонымен қатар олар қоғамның әр саласындағы қарым-
қатынастарды реттеп, басқарып отырады. Мәдениет салаларының арақатынасы
бірлестікте және дамып, қоғамның экономикасын, әлеуметтік жағдайын
жақсартып, нығайтып отырады. Жақсы дамыған экономика мәдениеттің жан-
жақты нығаюына мүмкіншілік жасайды. Мәдениеттің жақсы дамуына
мемлекетпен бірлестікте, одақтар, ұжымдар зор үлес қосады. Жоғары
деңгейлі мәдениетке құқықтық мемлекет жол ашады.
Сонымен, қоғамның парасаттылық инабаттылық тәрбиелік тағыда басқа
деңгейі мәдениеттің деңгейімен айқындалады. Ал мәдениеттің деңгейі
қоғамның экономикасының, саяси әлеуметтік деңгейіне байланысты.
Қоғамда бұл екі жақты байланыс бір елдің, бір мемлекеттің
шеңберінде ғана болады. Мәдениеттің дамуына сыртқы қолайлы жағдай
зор әсер етеді. Мысалы, дамыған елдердің мәдениеті артта қалған
елдерге үлгі болып, олардың рухани байлығын сана-сезімін көтеріп
мәдениетін дамытады.
Мәдениеттің мазыұны туралы ғылымда бірнеше пікірлер бар, оларды
үш топқа бөлуге болады: 1) антропологиялық; 2) социологиялық; 3)
философиялық көзқарастар-жіктеулер.
1. Антропологиялық жіктеу – адамдардың іс-әрекеті мен қоғамның
тарихи даму процесінде қалыптасқан материалдық және рухани жетістіктер.
Бұл концепсияның өкілдері мәдениеттің мазмұнын түсіну үшін қоғамның
әлеуметтік және идиологиялық жетістіктерін біріктіріп зерттеуді
қостайды.
2. Философиялық жіктеу – қоғамдағы барлық материалдық және рухани
құбылыстардың жиынтығы деп түсіндіреді. Бұл концепсияның өкілдері
мәдениеттің мазмұнын түсіну үшін қоғамдағы барлық құбылстардың
обективтік және субективтік заңдылықтарын зерттеп, ғылыми тұрғыдан
қорытынды тұжырымдар жасауды дұрыс дейді.
Антагонистік қоғамдағы материалдық және рухани мәдениет устемдік
етуші таптың мүддесіне бағындырылған. Әрбір ұлттық мәдениетте
демократиялық элементтерде болады. Өйткені әрбір ұтта еңбекші және
қанаушы бұқара бар, олардың өмір сүру жағдайлары демократиялық
идиологияны туғызбай қоймайды. (5)

(5) Білім берудегі менеджмент журнал
Қазіргі замандағы мәдениет мазмұны жағынан алғанда өте кең байтақ,
өткендегі барлық мәдениет атаулының ең прогресшіл және ең жақсы жақтарын
заңды түрде қабылдап, дамып келеді. Мәдениет түсігіне тек ғылым, ағарту,
өнер, тіл және әдебиет қана жатып қоймай, оған сезім мәдениетіде де
кіреді. Мәдениеттің маңызды сипаты, оның интернационалдығы. Мәдениеттің
экономикалық негізі оны стихиалық дамудан сақтайды. Мәдениеттің
үзіліссіз даму процесінде бірте-бірте ой еңбегі мен дене еңбегі
арасындағы айырмашылықтар жойылады, адамның жеке басының үйлесімді
жан-жақты дамуына жағдай туады.
Қоғам мәдениетінің негізгі салаларының бірі құқықтық мәдениет.
Бұл қоғамдағы мәдени құндылықтарды сақтау, жаңғырту, дамыту, оларға
азаматтарды баулау жөніндегі қатынастарды құқықтық нормалар арқылы
реттеп басқару. Құқықтық мәдениет қоғамдағы мәдениеттің деңгейінен
жоғары бола алмайды. Бұл обективтік процесс.
Құқықтық мәдениет қоғамның құқықтық санасының, айнасы деуге
болады. Өйткені бұл мәдениет адам қоғамының өткен информацияларының
құқықтық мәдениетінің жетістіктегін жинақтап, біріктіріп отырады.
Құқықтық мәдениет екі бөлімнен тұрады: жеке тұлғаладың мәдениеті
және қоғамдық мәдениет. Жеке тұлғалардың мәдениеті қоғамдық
мәдениетті дамытуға шешуші үлес қосады. Құқықтық мәдениет жалпы –
халықтық.
Құқықтық мәдениет жеке тұлғалардың білімінің деңгейіне қарай үшке
бөлінеді; күнделіктн, профессионалдың, теоретикалық. Күнделікті мәдениет
жалпы қоғамдық мәдениеттің көлеміндегі дәреже. Бұл дәреже еңбектенсе
өсуі мумкін. Профессионалдық мәдениеттің бір немесе бірнеше саласын
игеру. Теоретикалық мәдениеттің теориясын жақсы білу.
Құқықтық мәдениеттің функциялары: танымдық, реттеушілік,
прогностикалық, нормотивтік. Танымдық – құқық мәдениет теориясын дамыту;
реттеушілік - мәдениетті реттеп, басқару; нормативтік - мәдениет
бағытындагы актілердің сапасын жақсарту, сол арқылы құқықтың рөлін
көтеру, күшейту; прогностикалық (болжау) – құқықтың болашағын дұрыс
болжау.
Құқықтық мәдениеттің субъектісіне қарай үш жүйге бөлінеді: қоғамдық,
топтық және жеке тұлға. Бұл жүйлерге азаматтардың белсенділігі өте қажет,
онсыз нормативтік актілердің іске асуы, орындалуы нашарлайды.
Белсенділіктің екі түрі болады: біріншісі – құқық шығармашылықтағы,
құқықты дамытудағы, орындаудағы белсенділік; екіншісі – заңдылықты,
тәртіпті нығайтудағы белсенділік.
Қоғамдық жүедегі нормативтік актілер барлық халықты қамтып, қоғамдық
көлемде мәдиниетті дамыту; топтық жүйе – бірлестіктер, одақтар, ұжымдар
көлемінде мәдиниет мәселесімен шұғылдану; жеке тұлға жүйесі – жеке
адамдардың рухани сана-сезімін, білімін, мәдени тәжірибесін дамыту.

.

Құқықтық мәдениеттің қызметі үш топқа бөлінеді: танымдылық,
бағалаушылық, реттеушілік. Танымдылық – халықтың заң білімін біуінің
деңгейі, рухани сана-сезімнің жақсаруы. Бағалаушылық тобы төрт жүйеден
құралады: құқықтың салалары, қағидалары, құрылымы, функциялары; құқықтық
тәртіпті; заңдылықты қорғайтын органдардың жұмысы; азаматтардың өздерінің
баға беруі (заңдылыққа, тәртіпке, мәдиниетке). Реттеушілік тобы – қоғамдағы
мәдиниет бағытындағы қарым-қатынастарды реттеп, басқару олардың, заңдалық
немесе заңды еместігін анықтау, дұрыс орындалуын қамтамасыз ету.
Құқықтық мәдениеттің жақсы дамуының негізгі шарттары: халықтың рухани
сана-сезімін дамыту; мемлекеттік биліктің үш бағыттағы жұмысын жақсарту;
зандылықты, құқықтық тәртіпті орнату; мәдениеттің жетістіктерін қорғау;
құқықтық мемлекет қалыптастыру.

Құқықтық мәдениеттің ең жоғарғы деңгейдегі түрі – профессионал-
заңгерлер.
Құқықтық мәдениетке қарама-қарсы бағыт-құқықтық нигилизм. Нигилизм
қоғамда қабылданған, бүкіл адамға пайдалы, жағымды мұраларды, ғылым
зандарын, мәдени және моральдық қағидалар мен нормаларын, қоғамдық өмірдің
нысандарын т.б. жоққа шығарып мойындамау. (6)
Нигилизм өзіне тән белгі- нышандары; субъктевизм, волюнтаризм,
үстемділік, асыра сілтеу, террор, төнкеріс, контрреволюция т.б.
Нигилизм сан қырлы, өте қауіпті саяси ағым. Ол өзінің реакцияны
тактикасын неше түрлі шымшырақай өзгерістерге айналдырып халықты алдауға
өте шебер. Осы реакцияны тактиканың негізгі түрлері:
1. Қоғамдағы құқықтық нормалардын талаптарын қасақана орындамау іс-
әрекеті немесе әрекетсіздігі. Бұл құқық бұзушылық қылмыс немесе теріс
қылық, қоғамға, ұйымдарға, адамдарға моральдық, материялдық, зиян
келтіретін, адамдардың өміріне қауіп төндіретін қоғамға жат қылықтар.
2. Адамдардың жаппай заңды нұсқауларды орындамай, өздерінің ойдан
шығарған нормасымен журіп, қоғамдағы азаматтық, әкімшілік тәртіпті
бұзуы. Бұл мемлекеттің әлсіздігі.
3. Зандардың арасындағы күрес-соғыс, нормативтік актілердің арасындағы
қайшылықтар. Кейде заңға тәуелді нормалар заңнан жоғары болып кетуі де
кездесіп жатады.
4. Заңдылықты субъективтік, прагматиккалық саясатпен ауыстыруға
талаптанған ағымдарда өмірде кездесіп жатады. Олар қоғамның объективі
дамуына көп зиян келтіреді.
5. Мемлекеттің билік және басқару органдарының арасындағы күрес қай
шылықтар.
6. Қоғамда адамдардың бостандығы, құқықтары, теңдігі толық қамтамасыз
етілмесе саяси нигилизмнің негізіне айналып, көп зиян келтіруі мүмкін.
7. Әр түрлі теориялардың арасындағы қайшылықтар, күрестер.

(6) Р мәдениет туралы заң

Құқықтық нигилизмнен құтылыу жолы:
– халықтың жалпы және құқықтық мәдениетін жақсарту;
– олардың моральдық және құқықтық санасын күшейту;
– заң шығарушылықтың сапасың көтеру;
– саяси-экономикалық дағдарыстан тезірек шығу.

II Тарау. Қазақстан Республикасының мемлекеттілігін нығайтудан құқықтық
мәдениет пен құқықтық сана рөлі.

1. Құқықтық мәдениетті және құқықтық сананы қалыптаструдың теориалық
әдістемелік негізі.

Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаты белгілі тәртіпті, құқықтық жүйені
және тәрбиені талап етеді. Мұның өзі заңды сыйлау әрі құрметтеуді бірінші
кезекке қоялды. Келешегіміздің бағдарлы өрістерін кеңейту үшін саналы да
сауатты рухани-психологиялық мәденениеттің қалыптасуы мен жетілуіне жол ашу
– қоғамның биік мақсаты. Бұл жағдайлары жаңа әлеуметтік дамыдың ондағы
реформалық мазмұнның бағытына қарай бейімделуіне мүмкіндік береді.
Соңдықтан да азаматтардың жаңа әлеуметтік-экономикалық мінез-құлқын
қалыптастыру тұжырымдамалары заң мен құқықтық мәденениетті жетілдіру
қажеттігіне сілтеп отыр.
Казір елімізде 600-ден астам заң қабылданды. Олар қылмыстық, әкімшлік,
экономикалық, интеграциалық және т.б. кешендік мәселерерді қамтиды. Бастысы
заң бар, оны орындау, іске асыру және сыйлау әрі күнделікті өмір салтында
әдетке айналдыру дегенмен, кейде түрлі жауапсыздықтарға куә боламыз.
Сондықтан, бұл процестің тәрбиелік бағыты мектепке дейінгі мекемелерде және
оқушылармен, арнайы орта және жоғарғы оқу орындарында, көпшілікпен жұмыс
жургізуден басталады. Осы орайда, сәл шегініс жасалық. Осыдан 15-20 жыл
бұрын заңды насихат тауқарқыны күшті болды. Түрлі оқу семинарларда, тіптен
кинотеатрларда әрбір сеанс алдында сот, прокуратура, әділет, милиция және
т.б. заң қызметкерлері түрлі тақырыптарға қысқаша хабарлама жасайтын.
Демек, өткеннің пайдалы тәжіребесін құқық тәрбиесіне қатысты жаңа мазмұн,
идеологияда қолдану керек.
Қазіргі кезенде құқықтық сана мен құқықтық мәденениет мәселелелеріне
заңгерлер, философтар, саясатшылар мен әлеуметтанушылар көңіл аударда
бастады. Республика ғылымдары М. Баймаханов, А. Ыбраев, А. Котов, А.
Байсенова, С. Оспанов, Т. Бурбаев, В. Курганская, Қ. Ғабдулина, Д.
Өмірқұлова, т.б. осы тақырыптағы өз еңбектерін ұсынуда. Әрине, бұлар
ұсынған ойпікір, дәйектемелерде құқық қорғау органдары қызметкекерлерінің
бойында құқықтық сана мен құқықтық мәденениетті қалыптастыру мен өрбіту
заңдылықтары, яғни қажеттілік факторлары, кепілдемелер мен кеңестер
топтастырылған. (7)
Қозғалған тақырыптың методологиялық негізі өзінің танымдық
ерекшелігін, дүниетанымдық позиция тұрғысынан оның табиғатын, мазмұндық
формасы мен қозғалысын анықтаудан басталады. Осыған орай, қазіргі білім
дамуының жалпы заңдалықтары мен құқық мәселелелерінің ерекшеліктерін
біріктіреді. Мұнда қоғамдағы заң кешенінің негізгі түсініктік және
категориялық аппараттарын үйрену әрі түсіну арқылы оның ішкі табиғаты ашып
көрсетіледі. Әрине, бұл процесс сыңаржақ емес, өте күрделі және көп түрлі
категориялы білімді біріктірген.
7. Заң журналы, № 7. 2004 жыл.

Кеңес дәуірінде құқықтық сана мен мәдениет партиялық-таптық тұрғыдан
жоғарыдан кепілдеме берілген дәйектемелер шеңберінде әлеуметтік сұраным
жағдайында талданды. Қазір бұл бағыттағы ғылыми пікірлер жаңа әлеуметтік-
саяси, экономикалық қатынастар ыңғайына қарай демократиялық позициямен
жетіліп, толықтырылуда.
Заңдылықтың қатаң сақталуы бұқараның мәдени деңгейі мен саналылығын,
құқықтық санасын дамытудың маңызды алғышарттары болып табылады. Қоғамдық
сана қоршаған ортаның түрлі формадағы бейнеленуі болса, оның ішіндегі
ерекше түрі құқықтық сана екені белгілі. Сондықтан да ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықтық құқықтық сана
Мемлекет пен құқықтың пайда болуы туралы
Құқықтық сана және құқықтық мәдениет туралы ақпарат
Құқықтық сана ұғымы, түсiнiгi және маңызы
Құқықтық сана - қоғамдық сананың бір түрі
ЗАҢДЫЛЫҚ ПЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП АРАҚАТЫНАСЫ
Этникааралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің саяси типологиясы
Демократиялық мемлекеттің құрылыс формасы мен режим
Қоғамдық қатынастардың жағдайы құқық нормалардың талабына сәйкес болса - құқықтық тәртіп
Заңдылық пен құқықтық тәртіптің әлеуметтік маңызы
Пәндер