Эпидемиологияның даму тарихы



Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Реферат

тақырыбы: Эпидемиологияның даму тарихы.

Орындаған:

Қабылдаған:

Алматы 2017ж

Эпидемиологияның даму тарихы
Эпидемиология" (эпидемия және грек. logos - ілім) - жұқпалы және инвазиялық аурулардың пайда болуы мен таралу заңдылықтары, сол ауруларды жою шаралары туралы ғылым. Эпидемиология екі бөлімінен тұрады: 1) жалпы Эпидемиология - жұқпалы аурулардың заңдылықтары мен олармен күресу, жою және олардың алдын алудағы теорияның, әдістемелік және ұйымдастыру негіздері туралы білімнің жиынтығын қамтиды; 2) жеке Эпидемиология - белгілі бір жұқпалы ауруға тән ерекшеліктерді жан-жақты зерттейді. Эпидемиология микробиология, гигиена, паразитология, иммунология, жұқпалы аурулар клиникасы, т.б. жаратылыстану ғылымдарымен тығыз байланысты. Жұқпалы ауруларға күрес шаралары тәжірибелерінің қорытындысы ретінде Эпидемиология көне заманнан бері белгілі. Мыс., б.з.б. 1000 ж. Қытайда шешек ауруларына қарсы егу әдісі қолданылған, Үндістанда індетке қарсы санитарлық заң болған. Қазақ жерінде ғұлама ғалым, емші Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы шешек ауруларына қарсы вакцина егуді осыдан 500 жыл бұрын пайдаланған. Ал Шығыс Азия елдерінде алапес ауруларының жұқпалы екенін біліп, ондай науқастарды оқшаулап, арнайы "алапес үйіне" қамаған. Ертедегі Римде өлікті қала ішіне жерлеуге рұқсат етілмеген.
Жұқпалы ауруларды тірі қоздырғыштар тудыратыны туралы алғаш рет Гиппократтың еңбектерінде айтылған. Қайта өркендеу дәуірінде жұқпалы аурулар туралы ғыл. негіз қалыптаса бастады. Осы кезде Эпидемиологияның дамуына үлкен үлес қосқан италиялық ғалым Дж. Фракастро (1478 - 1553) болды. Ол ауру тарататын микроорганизмдерді зерттеді. Ағылшын дәрігері Т.Сиденхем (1624 - 89) скарлатина, хорея, подагра, т.б. жұқпалы ауруларына алғаш ғыл. сипаттама берді. Оны "ағылшын Гиппократы" деп атайды. 18 ғ-да орыс дәрігері Д.С. Самойлович (Сущинский) (1744 - 1805) оба індетімен күресу тәжірибесі негізінде Ресейде Эпидемиологияның негізін салды. 19 ғ-дың 2-жартысында микробиологияда ашылған жаңалықтарға байланысты белгілі ғалымдар Л.Пастер, Р.Кох, И.И. Мечников, Д.И. Ивановский, Н.А. Семашко, А.Н. Сысин, К.И. Скрябин, Д.К. Заболотныйдың, т.б. еңбектерінің нәтижесінде көптеген індеттердің микробтары табылды.
Қазақстанда 1925 ж. Қызылорда бактериол. лаб. ашылды. 1940 ж. осы лаб-ның негізінде Алматы қаласында Эпидемиология және микробиология ғыл.-зерт. ин-ты (қазіргі Гигиена және эпидемиология ғылыми-зерттеу орталығы) ашылып, республикада Э Эпидемиология саласындағы зерттеулер қолға алынды. Сондай-ақ Эпидемиология мәселелерімен Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы, республикадағы мед. ун-ттер мен академиялардың кафедралары сан.-эпидемиол. ст-салар шұғылданады. Жедел өтетін ішек індеттері зерттеліп, оларға, т.б. жұқпалы ауруларға (шешек, күл, скарлатина) қарсы бактериялық препараттар шығарыла бастады, дизентерияның себептері мен эпидемиол. ерекшеліктері анықталды. Эпидемиология саласында көрнекті ғалымдар Х.Ж. Жұматов, И.Қарағұлов, Н.Д. Беклемишов, М.А. Айқымбаев, І.А. Макиров, Н.И. Киреев, Е.Х. Шұратов, Н.Ж. Жайықбаев, т.б. көп еңбек сіңірді. С. Әміреев, І. Құдайбергенұлы.
Инфекциялық аурулармен күресуде айтарлықтай жетістіктерге қарамастан, соңғы жылдары олардың алдын алу мен күресуде шешімі табылмаған мәселелер әліде орын алып отырғаны мәлім. Дүние жүзінің біраз аймақтарында, соның ішінде Қазақстанда көптеген инфекциялық аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлап бара жатқаны байқалып отыр. Мәселен, ДДҰ мәліметтері бойынша жыл сайын жаңадан туған 130 миллион баланың12 милионы өледі. Олардың 9 миллионы инфекциялық аурулардың себебінен шетінегендер. Жалпы дүние дүзі бойынша жыл сайын қайтыс болатын 51 миллион адамның үштен бірінің себебі инфекциялық аурулар болып табылады.
Эпидемиология термині (гр. ері- ел іші, demos- халық, logos- ғылым) халық арасындағы құбылысты зерттейтін ғылым деген түсінік береді. Шын мәнісінде эпидемиология пәні медицинаның бір тармағы ретінде індет туралы ғылым.
Инфекциялық аурулардың басқа аурулардан ерекшелігін айқындайтын екі басты себеп бар:
1) Өзіндік эпидемиологияның болуы, яғни инфекциялық процесті тудыратын себеп ретінде қоздырғыштың болуы.
2) Инфекциялық процестің мәнін анықтайтын микроорганизмнің паразиттік феномені, яғни аурудың залалды жұқтырушылық қасиетінің болуы.
Инфекциялық аурулардың қоздырғыштарын биология және медицина ғылымдарының микробиология, вирусология, гельментология,т.б. бөлімдері зерттейді. Бірақ микроорганизмдер қалайша және неге адам ауруының қоздырғышы болады, оның таралу аспектілерін эпидемиология ғылымы зерттейді.
Қоздырғыш пен адам организмінің белгілі бір ортада болатын әрекеттестігінің нәтижесінде инфекциялық ауру пайда болады. Бұл құбылыс инфекциялық процесс деп аталады. Осыны медицинаның жалпы потология, имунология, инфектология және басқа салалары зерттейді.
Эпидемиология - адам қоғамындағы инфекциялық аурулардың пайда болуы, таралуы, даму заңдылықтарын зерттейтін және олардың алдын алу мен күресу шараларын іздестіретін ғылым. Эпидемиология ғылымының қалыптасуы барысында және әртүрлі теориялық көзқарастардың пайда болуына байланысты оның анықтамасы да өзгеріп, жаңа мағына алып отырады.

Белгілі ғалымдардың тұжырымдаған анықтамалары:
· К.Д.Заболотный (1927) - Эпидемиология - індет туралы ғылым. Ол ғылым мен тәжірибеге сүйене отырып, індеттің пайда болу, даму себептерін, оның таралуына ыңғайлы жағдайларды және күресу шараларының бағытын зерттейді.
· Л.В.Громашевский (1941) - Эпидемиология - індет туралы ғылым немесе эпидемиологиялық процестің заңдылықтары туралы ілім.
· И.И.Елкин (1979) - Эпидемиология - адам қоғамындағы инфекциялық аурулардың пайда болуы, таралуы, тоқталуы туралы объективті заңдылықтар және осы ауруларды жою мен алдын алу шаралары туралы ғылым.
Эпидемиология пәнінің зерттейтін объектісі - бұл эпидемиологиялық процесс.
Тек эпидемиологиялық процесс және оған тиісті зағдылықтар ғана эпидемиологияның объектісі болады - деп осы ілімнің негізін қалаушы Л.В. Громошевский айтқан.
Эпидемиология мақсаты - халық арасындағы инфекциялық аурулардың пайда болуы мен таралу себептерін білу үшін эпидемиялық процестің теориялық және тәжірибелік жақтарын толық түсіндіру арқылы аурудан сақтану мен күресу шараларын дәлелдеп көрсету.
Эпидемиология міндеті - инфекциялық аурулардың пайда болуын, дамуын, таралуын және реттелуін зерттеу және аурудың алдын алу мен күресу әдістерін іздестіру жіне оларды іс жүзінде пайдалану.
Ертедегі Шығыс Азия халықтары инфекциялық аурулардың мәні туралы кейбір мағлұматтардан хабардар болған.мысалы,олар алапес ауруының жұқпалы екенін білген,ондай ауруларды халақ арасынан аластаған немесе ерекше алапестер қорасына қамаған.Қытайда осыдан 3 мың жылдан астам уақыт бұрын халықты шешекке егу әдісі қолданылған.Қазақстан жерінде Өтебойдақ Тілеуқабылұы деген халық емшісі шешекке егуді осыдан 500 жыл бұрын шамасында,ал Дженнерден 350 жыл бұрын жасап,іс жүзінде пайдаланып көрген.Инфекциялық ауруларды тірі қоздырғыштардың тудыратындығы алғаш рет Гиппократтың (біздің дәуірге шейінгі 460-372ж.) және басқа да Греция және Рим ғалым - философтарының еңбектерінде болжам ретінде айтылған .Тек қайта өркендеу дәуірінен бастап медицина ғылымы дами түсті.Соның ішінде инфкциялық аурулардың мәні туралы еңбекердің ғылыми негізі қалыптаса бастады.Эпидемиялардың пайда болу себептерін түсіндіруде 2 түрлі бағыт пайда болған:миазматикалық және контагиялық болжамдар
Миазматикалық болжам бойынша эпидемиялардың себебін қоршаған ортаның ластануымен түсіндірген:түрлі комета,метерит және вулкан. Контагиоздық (жанасу,инфекция)болжаушылар
Эпидемиологиялық қазіргі ғылыми- техникалық жетістіктерде пайдаланатын көптеген әдістерді қолдану бүгінгі күннің талабы.Мысалы; компьютерлік технологияны пайдаланып, эпидемиялық процестің математикалық үлгілерін және оған болжау жасауды оның көріністерін қадағалауды және әртүрлі компьютерлік бағдарламаларды жасауды: нәзік және өте дәл биохимиялық иммуногенетикалық әдістерді пайдаланып, қоздырғыштың жан - жақты қасиеттерін субмолекулярлық құрылымын зерттеуді гендік инженерлік технологияны пайдаланып, жаңа иммундық егулер жасауды.т,б жүзеге асыруға болады.
Эпидемиологиялық әдіс-инфекциялық аурулардың пайда болу сабаптерін,берілу механизмдерін анықтау және эпидемиологиялық жағдайды бағалауда қолданылатын әдістің жинақы.
Әдістемелік әдістер
Эпидемиологиялық тексеру мен қадағалау а) инфекция ошағын тексеру б)аумақты барлаумен сараптау в) микробиологиялық. Серологиялық. Иммунологиялық. Паразитологиялық, энтомологиялық, санитарлық-химиялық әдістер Аналитикалық әдістер а)оқиға - бақылау түрінде зерттеу б) когортты зерттеу(біркелкі топты зерттеу) Статистикалық әдістер Эксперименталдық әдіс Математикалық үлгілеу
Зерттеу мақсаты
Инфекциялық аурулардың пайда болу жағдайын мен себебін анықтау:қауіп- қатердің алдыңғы себебін анықтау:эпидемиологиялық диагноз қою; аурудың этиологиясын дәлелдеу, эпидемиялық процеске қатынасатын буынаяқтылар түрі, кеміргіштер: аумақта инфекциялық аурулардың пайда болу мүмкіндігін, эпидемиялық жағдайды асқындырмау шараларын анықтау. Қауіп қатер факторларын болжап бағалау, қорытынды жасау. Эпидемиологиялық дигноз қою; қауіп-қатер факторға байланысты індетке қарсы шаралардың бағытын анықтау Сырқаттанушылық деңгейінің дұрыс дәрежесін сандық бағалау;індетке қарсы және алдын алу шараларының тиімділігін анықтау Болжауды дәлелдеу; індетке қарсы жұмысқа және алдын алу шараларына қолданылған жабдықтар мен әдістердің сандық тиімділігін бағалау Эпидемиялық процестің көрінісін болжау

1 Эпидемиологиялық тексеру мен бақылау. Инфекциялық аурулар ошағын эпидемиологиялық тексеру әдісі ең алғашқы және маңызды болып саналады. Бұл әдіс ошақтың пайда болу жағдайы мен себебін, инфекция қоздырғышының көзін. Берілу факторлары мен жолдарын, сонымен қатар жұқтыру қауіп- қатеріне ұшыраған адамдарды анықтау үшін пайдаланылады.
2 Аналитикалық эпидемиолгиялық әдістер: Аналитикалық эпидемиолгиялық зерттеудің мақсаты- эпидемиолгиялық тексерумен қадағалау барысында инфекциялық аурулардың пайда болуы мен таралуы туралы дигностикалық болжауды бағалау үшін тексеру жүргізу.
3 Эксперименталдық эпидемиологиялық әдістер. Инфекциялық аурулар эпидемиологиясында эксперимент эпидемиялық процестің тек кейбір жақтарын зерттеуге қлоданылады, өйткені оны толық түрде жасауға болмайды.
4 Математикалық үлгілеу. Эпидемиологиялық әдістің барлық түрлерін қолданғанда эпидемиялық процестің көрінісін байқауды математикалық үлгілеу әдісімен бірге атқаруға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұқпалы аурулардың дәлелді медицинасы
Эпидемиологиялық зерттеу әдісі
Пәннің саясаты
Эпидемиялық үрдіс туралы ұғым
ӘСКЕРИ ЭПИДЕМИОЛОГИЯ
Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы пәні, міндеттері, мақсаттары, зерттеу әдістері
Эпидемиялық процестің құрамы
Эпидемиологиялық процестің үш тізбегі
Дәлелді медицина жүйесінде биостатистика тұжырымдамасы және рөлі, даму тарихы
Эпидемиология
Пәндер