Мектеп жасына дейінгі балалардың қоршаған орта туралы түсініктерін қалыптастыру



Ж О С П А Р

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І. Мектеп жасына дейінгі балалардың қоршаған орта туралы түсініктерін
қалыптастыру.
1.1 Табиғат - адам баласының өмір сүретін
ортасы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 5
1.2 Мектепке дейінгі баланы табиғатпен таныстыру, материалдарын тиянақты
меңгерту
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .8
1.3 Мектепке дейінгі балаларға табиғаттану сабағынан өлі және тірі табиғат
туралы
түсіндіру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 14

ІІ. Балалардың дамуындағы экологиялық

тәрбиенің маңызы

3 Балаларды ауылшаруашылығы мен төрт мезгілмен таныстыру ... ... ... ... 18

2.2 Мектепке дейінгі экологиялық оқыту, тәрбиелеу үрдісін ойын арқылы
дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
2.3 Мектепке дейінгі балаларды тірі табиғат түрлерімен
таныстыру ... ... ... ..23

ІІІ. Жобалық жұмыс жоспарының тақырыбы: Экологиямен таныстыру арқылы
айнала қоршаған ортаны тануға деген қызығушылықты дамыту.
3.1 Өткізілген ұйымдастырылған іс - әрекеттің
жобасы ... ... ... ... ... ... ... . ... ..28

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..39

Кіріспе
Зерттеу өзектілігі: Мектеп жасына дейінгі баланың ойын дамыту
интеллектуалды және эмоционалды жағынан жетілдірудің негізгі жолы - бұл
табиғат жайында жүйелі білім беру. Туған өлкенің табиғатын, оның
ерекшелігін, сұлулығын, байлығын, оған деген сүйіспеншілігін, адамдардың
бірі сөзбен өрнектесе, бірі өлең-жырлар арқылы білдірді. Қазақ халқы туған
жерін аса қатты қадірлеп, оның сан қырлы құпияларын ерекше сипаттаған.
Баланың дүниетанымын қалыптастырудың басты құралы тәрбие мен білім
екендігін, олардың негізі адамның жан және ар тазалығы және өз халқының
рухани-мәдени мұралары мен ғылым-білімге деген құштарлығында екенін
тұжырымдайды.
Табиғат - адам баласының өмір сүретін ортасы. Қоршаған ортаның зерттеу
объектісі: жер, территория, табиғат, сол жердің халқы, тарихы, шаруашылығы,
өнері мен мәдениеті. Бұлар түрлі саладағы ғылымдардың объектісі, сондықтан
оларды зерттеуде түрлі әдістер қолданылады.
Зерттеу проблемасын анықтау: Оқушының танымдық қабілетін ашу.
Зерттеу мақсаты:
➢ Мектеп жасына дейінгі баланың ойын дамыту интеллектуалды және
эмоционалды жағынан жетілдіру;
➢ Баланы ауылшаруашылығы мен төрт мезгілмен таныстыру;
Зерттеу міндеттері:
➢ Баланың ойына, қиялына, тілінің дамуына дүниетану арқылы әсерін
тигізу;
➢ Айналамен таныстыру барысында оқушыларды туған жерін сүюге тәрбиелеу;
➢ табиғатты қорғау дағдылары ғана қалыптасып қоймай, ой қорыту, қисынды
ойлау қабілеттерін дамыту;
Зерттеу нысаны: балабақшада мектепке дейінгі балалардың оқу үрдісі және
интелектуалдық қабілетін, білімдік дағдыны қалыптастыру білімінің күрделі
жүйесін ұғындыру, таным үрдістерін дамыту.
Зерттеу пәні: Мектептердегі оқу үрдісі бойынша айналамен таныстыру,
дүниетану пәні.
Зерттеудің болжамы: Аталмыш тұлғаның жан – жақты білімді, мәдениетті екені
тек оның танымының, азаматтық болмысының дұрыс қалыптасуымен, іс –
қимылының пайдалылығымен өлшенеді десек, осы бір талап тұғырнамасының,
мектеп қабырғасына жаңа келген алты жастағы сәбидің даму ерекшелігін
айтқанда "... табиғаттағы ең нәзік, ең жіңішке, ең сергек нәрсемен бала
миымен істес боламыз", сондықтан онымен жұмыста сақтық керек деп ескертеді
білеміз.
Зерттеу көздері: ұлы чех педагогы Я.А.Коменскийдың, француз ойшылы әрі
педагогі Ж.Ж.Руссо және де орыстың ғалым-ағартушысы М.В.Ломоносов
еңбектерінде түрлі пікірлер тұжырымдамалары, В.А.Сухомлинскийдің
еңбектерінен іс-тәжірибесі, Ш А Амонашвили еңбектері болды.
Зерттеу әдістері: Алты жасар балаға берілетін ұғым олардың қоршаған орта
туралы алғашқы ғылыми түсініктерін қалыптастыру тіршілігіндегі мәнін
ұғындыру арқылы танымдық қызығушылығын арттыру.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: Баланың дүниетанымын қалыптастырудың
басты құралы тәрбие мен білім екендігін, олардың негізі адамның жан және ар
тазалығы және өз халқының рухани-мәдени мұралары мен ғылым-білімге деген
құштарлығында екенін тұжырымдайды.
Зерттеудегі проект пайдасы: айналамен таныстыру, дүниетану бойынша
балаларға өткізген машықтық жұмыстарымды ұсынып отырмын, онда оқушыны білім
беру стандартына сай әлеуметтік – педагогикалық ерен құбылыс ретінде
болашаққа бағдарланған білім моделін меңгертуге үйрету тәсілі қолданған.
Зерттеу жұмысының құрылымы: курстық жұмысым кіріспе, тарау, қорытынды,
қосымшалардан тұрады.

І. Мектеп жасына дейінгі балалардың қоршаған орта туралы түсініктерін
қалыптастыру.
1.1 Табиғат - адам баласының өмір сүретін ортасы.
Табиғат - балалардың дүниетанымын, ақыл-ойын, тілін, танымдық
қызығушылығын қалыптастырудың құралы. Мектеп жасына дейінгі баланың ойын
дамыту интеллектуалды және эмоционалды жағынан жетілдірудің негізгі жолы -
бұл табиғат жайында жүйелі білім беру. Балаға табиғат құбылыстарын
бақылату, көргенін ой елегінен өткізіп қабылдауын, ойын, тілін дамытуды
басшылыққа алып отыру - әрбір ата-ананың, тәрбиешінің мақсаты.
Туған жердің өсімдіктерін, жерін, суын, жан-жануарын таныту арқылы
мектеп жасына дейінгі балалардың дүниетанымын кеңейту керек. Туған өлкенің
табиғатын, оның ерекшелігін, сұлулығын, байлығын, оған деген
сүйіспеншілігін, адамдардың бірі сөзбен өрнектесе, бірі өлең-жырлар арқылы
білдірді. Қазақ халқы туған жерін аса қатты қадірлеп, оның сан қырлы
құпияларын ерекше сипаттаған.
Қазақ даласы елім деп еңіреген, жерім деп жыр төккен, ұлттық рухани-
мәдени мұраны, адамды жан-жақты зерттеген, халық болашағы үшін ғылым мен
білімді ту еткен ғұламаларды дүниеге әкелген.
Ен даланы еркін жайлаған халқымыздың ауыз әдебиеті мазмұны мен маңызы
жағынан да, көлемі жағынан да ешбір халықтың фольклорынан кем еместігі
ақиқат.
Халықтың бүкіл тұрмыс-тіршілігі, әлеуметттік-экономикалық рухани өмірі
қисса-дастандардан, аңыз әңгімелерінен, өлең-жырларынан көрінеді.
Халық фольклоры балалардың ойын ұштап, қиялына қанат бітіп, әдемілікке,
әсемдікке тәрбиелеп қана қоймайды. Сонымен бірге тапқырлыққа, шешендікке
баулып, дүниетанымын кеңейтеді.
Сөздерді дұрыс, анық айту үшін тілді жаттықтыру мақсатында түрлі
жаңылтпаштар үлкен қызмет атқарса, өз бетімен ойланып, заттар мен
кұбылыстардың сипатталуына, баламасына қарай олардың атын табуға, сөйтіп
баланың ой өрісін кеңейтуге қазақ тілінің бай ауыз әдебиетінің кіші
жанрының бірі - жұмбақтар елеулі септігін тигізеді. Жұмбақтар
шығармашылықтың нәтижесінде ғана дүниеге келіп, ұлттық болмыстың барлық
саласына қатысты, ұлттық дүниетанымның тілдегі бір көрінісі болып табылады.
Жұмбақтар телегей-теңіз фольклорлық дүниеліктер арасында ауқымды орны
бар, халық болмысымен ежелден біте қайнасып келе жатқан, ұрпақтан-ұрпаққа
жалғасып, қазіргі уақытта да тарих сахнасынан сыпырылып қалмай, жаңа даму
кезеңін бастан өткеріп отырған бағалы жауһарлар санатына жатады.
Елдің атын ері шығарады. Тарихта өз елінің бақытына орай туылып,
елінің даңқын асыратын азаматтары болатыны белгілі. Қазақ елі сондай
данышпандарға кенде емес.
Солардың бірі - қазақ жерінде дүниеге келген Әбу Насыр Әл-Фараби. Ол -
"Әлемнің екінші ұстазы" атанған ғұлама. Әбу Насыр Әл-Фараби ғылымның әр
саласын терең зерттеген. Кемеңгер ойшыл баланың ой-санасының дұрыс
қалыптасып дамуы өзіне ғана байланыстылығын, рухани жағынан үнемі жетіліп
отыруға тиіс екенін, адамның тек ақиқатты, айналадағы шындықты танып, білуі
арқылы ғана ой-өрісі жетілетінін айтады. Баланың дүниетанымын
қалыптастырудың басты құралы тәрбие мен білім екендігін, олардың негізі
адамның жан және ар тазалығы және өз халқының рухани-мәдени мұралары мен
ғылым-білімге деген құштарлығында екенін тұжырымдайды.
Ұлттық дүниетанымыздың қалыптасып, дамуына ағартушы-демократтар -Шоқан
Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаевтар үлкен үлес қосты. Бұлар
адам, қоғам және табиғатты жан-жақты зерттеді. Қазақ жастарының
дүниетанымын кеңейтуге ұмтылып, оларды өнер-білімге, табиғатты сүюге
шақырып, ұлттық дүниетаным аясын дамытты.
Табиғат - адам баласының өмір сүретін ортасы. Оны әлемнің классик
ақындарының бәрі де жырлаған, Ыбырай да өзінше жырлаған.
Қоршаған орта - туған жер туралы халықтық білім ретінде байырғы
заманда пайда болғаны бәрімізге мәлім.
Қоршаған орта бойынша көптеген еңбектер жазылған. Бұл ұғымға әртүрлі
мағына енген. Оның себебі өлкетанумен түрлі саладағы ғалымдар: тарихшылар,
педагогтар, тіл және әдебиет мамандары, өнер адамдары, географтар т.б.
шұғылданған. Қоршаған ортаның зерттеу объектісі: жер, территория, табиғат,
сол жердің халқы, тарихы, шаруашылығы, өнері мен мәдениеті. Бұлар түрлі
саладағы ғылымдардың объектісі, сондықтан оларды зерттеуде түрлі әдістер
қолданылады. Өлкетану әдістерінің жалпы зерттеу объектісі - "өлке". "Өлке"
ұғымы-шартты, оны кім және де қандай мақсатпен зерттейтініне байланысты
әртүрлі өлкетану болуы мүмкін. Мысалы, археологиялық өлкетану.
Оқу-тәрбие үдерісінде туған өлкені зерттеу мен өлкетану материалдарын
қолданудың педагогикалық құндылығы туралы ұлы чех педагогы
Я.А.Коменскийдың, француз ойшылы әрі педагогі Ж.Ж.Руссо және де орыстың
ғалым-ағартушысы М.В.Ломоносов еңбектерінде түрлі пікірлер тұжырымдалған.
Туған өлке табиғатын зерттеуге аса көңіл бөліп, оның ғылыми-педагогикалық
негізін салған К.Д.Ушинский еді.
Атақты ғалым-географ А.С.Барков өлкетануды кішкене елтану ретінде
қарастырады. Ол: "Өлкетану-бұл мазмұны мен зерттеудің жеке әдістері жағынан
әртүрлі, бірақ өзінің тұтастығы жағынан өлкені ғылыми және жан-жақты тануға
жетелейтін ғылыми пәндер жиынтығы", - деп тұжырымдайды.
Мектепке дейінгі балалардың өзін қоршаған дүниеде берілетін кейбір
мағлұматтар мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ертегілер, шешендік сөздер,
әңгімелер арқылы олардың қисынды ойларының дамуына себеп болады.
Мектепке дейінгі балалардың танымдық белсенділігін қалыптастырудың
бірден-бір жолы - туған жер табиғаты.
Халқымыздың дүниетанымдық ой-пікірлерін бүкіл оқыту мен тәрбие
процесінің тірегіне айналдыра отырып, мектепке дейінгі ұйымдар мен
мектептерде ұлттық мәдени білім кеңістігін қалыптастыру - кезек күттірмес
мәселелердің бірі болып отыр.

1.2 Мектепке дейінгі баланы табиғатпен таныстыру, материалдарын тиянақты
меңгерту жолдары
"Дүниетану" деген мағынаға ой жүгіртсек, "тану" сөзі қандай болмасын
процестің тындырылған түрін түсіндіреді. Тындырылған процеске жету үшін
немесе, екінші сөзбен айтқанда оқып, танып-біліп әрбір жаңа білімді меңгеру
үшін тәрбиеші әрдайым осы танымдық міндетке қызмет етерлік әдіс қолданып,
ұтымды жұмыс түрлерін іздестіреді. Сол арқылы оқушының ми қызметінің
белсенділігін арттырып, ізденімпаздығын жетілдіреді. Соның бірі берілетін
білімнің жүйелілігін жүзеге асыру, пәнаралық байланысты күшейту. Бұл үшін —
оқылатын пәннің өз ішіндегі мәтін мазмұндарының байланыстылығымен қоса
оқылатын әрбір пәннің бір-бірімен байланысына да көңіл бөлінді. Бұл
берілген ұғымды баланың тиянақты меңгеруін қамтамасыз етуге көмектесті.
Байланысты күшейту үшін баланың өмір тәжірибесі мен бұрын алған білімін
жаңадан қабылдағалы отырған білімнің мазмұнымен байланыстырудың тиімділігі
байқалды.
Оқушыларға тиянақты білім берудегі сол бұрынғы білімнің байланысының
маңызын психологтар да ерекше атап көрсетеді. Баланың кез келген затты,
құбылыс пен оқиғаны, сол сияқты әртүрлі өсімдіктер мен жануарлар тіршілігін
жете тануы үшін алдымен оларды оқитын мәліметтері жайында түсінік
қалыптастыру керек. Ол үшін бұрыннан белгілі таныс зат енді танығалы
отырған затпен салыстыру, талдау, жинақтау арқылы олардың ұқсастығы мен
айырмашылығын айқындау, осы арқылы әр пәннен алған білімдерін байланыстыру
іске асырылады. Мұғалімнің көздейтін мақсаты оқушыларға берілетін ғылыми
білім негіздерінің бірлігін, тұтастығын сақтау болды. Сол сияқты ілесе
отырып байланыстыру да жиі қолданылды. Кез келген пәнді оқыту барысында
сабақ желісіне басқа пән мазмұнындағы байланыстылықты, зандылықтарды
кіріктіре кету жүзеге асады.
Пәнаралық байланыс кезінде педагогикалық ситуациялар жасалып,
балалардың ой желісінің жалғасуына, ұғымды тиянақты меңгеруге, ойда сақтау
мүмкіндіктерін арттыруға жағдай жасалады.
М.Жұмабаев "...суреттеулерді жанның жоғалтпай сақтай білуі ес деп
аталады", — деп, еске анықтама береді де, еске сақтаудың білім алудағы өте
жоғары ролін ашып көрсетеді. Ес болмаса, бүгін жаттағанын бүгін ұмытып
тұрса, өмірінде адамның білімі артпас еді ..."Ес болса ғана адам білімді
бола алады. Ес болса ғана адам дұрыс ойлай алады. Ес неғұрлым мол болса, ой
да терең болады", — дейді.
Ал, Т.Тәжібаев есті ең күрделі психологиялық процесс ретінде қарап,
"Ес бұрын тәжірибеде қабылданған нәрселерді мида қалдыратын, жаңғыртатын
және оларды кейіннен танып, еске түсіретін психикалық функциялар" екенін
айтады. Бұл қағидаларға жүгініп отырған себебіміз — пәнаралық байланыстың
қай түрі болса да, бала есінің тиянақтала түсуіне әсер ететіндігі. Бұрын
оқып өткен мағлұматты, не жаңа оқып отырған материалды басқа пән мазмұнымен
байланыстыру арқылы қалайда естегі қалған ұғымды жаңғырықтыру, қайталау,
тиянақтай түсу мақсаты жүзеге асады. Сонымен қатар оқушыларда білім
негіздерінің (пәндердің мазмұны) бірлігі туралы пікір қалыптасады.
Баланың танымы мен ойлану қабілетінің және ой-өрісінің дамуындағы,
жекебас ретінде қалыптасуындағы табиғатты оқытудың маңызы туралы пікірлерді
академик В.А.Сухомлинскийдің еңбектерінен көптеп кездестіреміз. Ол "...
Балалардың сезіміне, түйсігіне, қиялына ықпал жасаңдар, шексіз әлемге деген
терезені біртіндеп қана ашыңдар",- деп, уағыздайды. Ғалым жас балалардың
табиғат аясында ой еңбегінің де өркендейтінін, зор эмоциялық өрлеу
кездерінде бала ойы ерекше айқын, ал есте сақтауы неғұрлым интенсивті түрде
болатынына көз жеткізе білген. Себебі ғалым баланы алты жастан бастап
оқытуға болатынын өз іс-тәжірибесі арқылы бұған дейін дәлелдеді. Бірақ ол
алты жастағы баланы партаға отырғызып қойып оқытуды уағыздаған жоқ.
"Дүниедегі ең ғажайып кітаптың - табиғат кітабының беттерін оқитын болуы"
керек деп, соған күш салды. Мектеп қабырғасына жаңа келген алты жастағы
сәбидің даму ерекшелігін айтқанда "... табиғаттағы ең нәзік, ең жіңішке, ең
сергек нәрсемен бала миымен істес боламыз", сондықтан онымен жұмыста сақтық
керек деп ескертеді.
Баланың ойлау үрдісі жайындағы академик В А Сухомлинскийдің пікіріне
толығырақ тоқталайық. "Бала ойлайды... Мұның өзі оның ми сыңары қабығы
нейрондарының белгілі бір тобы қоршаған дүниенің образдарын, картиналарды,
заттарды, құбылыстарды, сөздерді қабылдайды, сөйтіп, өте нәзік нерв
клеткалары арқылы-байланыс каналдары арқылы өткендегідей сигналдар өтеді
деген сөз. Нейрондар осы информацияны "өндейді", оны жүйеге салады,
топтастырады, жалғастырып, салыстырады. Ал осы кезде жаңа информация келіп
түседі, оны қайтадан үсті-үстіне қабылдап, "өңдеу" керек болады. Үсті-
үстіне жаңа образдарды қабылдап әрі "өңдеп" үлгеру үшін нейрондардың нерв
энергиясы өте қысқа уақыт ішінде дереу образдарды қабылдаулардан оларды
"өндеуге" көшеді. Міне, нейрондардың нерв энергиясының осы ғажайып тез
көшуі біз ой деп айтатын кұбылыс болып табылады, — бала ойланады..." Бұл
қағидадан бала ойының нәзік қылын шертуге, олардың көзбен көріп, құлакпен
есітіп, қолмен ұстап, бақылап байқай алатын образдар болған жағдайда ғана
әсер ете алатындығы көрініп тұр. Бұл бала ойына, қиялына, тілінің дамуына
дүниетану материалдарының қаншалықты әсер ете алатынын көрсетеді.
"Айналамен таныстыру" пәнінің мазмұны басқа пәндермен байланыста
оқытылу арқылы ашыла түсетіні байқалады. Табиғат аясы, қоршаған орта бала
ойының "қайнаркөзі" екені ескерілді.
В.А.Сухомлинскийдің "эмоциялық-эстетикалық лепсіз баланың толыққанды
ақыл-ойының дамуы мүмкін емес" деген қағидасы осыған негіз салды десек те
болады. Осылардың ішінде баланы алты жастан окытудың тиімді жолдарын, оқуды
ұйымдастырудағы өзінің іс-тәжірибесін ортаға салған Ш А Амонашвили болды.
Ол алты жасар баланың психологаялық ерекшелігін айта келіп, "оқушыға өте
жеңіл тиетін білім өзін ынталандырмайды, таным мен табыс қызықтымайды", —
дейді.
Практик-ғалым Л.С.Выготскийдің "Оқыту тек дамудың алдыңда жүрсе ғана
жақсы болады" деген пікірін қуаттайды. Л.Г.Выготскийдің зерттеуі дамудың
актуалды өрісі мен іргелес өрісі жайындағы идеяны алға тартқан болатын.
Баланың актуалды өрісі ол бүгінгі күні игерген білімі, танымы және іскерлік
дағдылары десек, іргелес даму өрісі ол ертеңгі меңгеретін білім көлемі,
дағдысы, іскерлігі, бұған баланы біртіндеп жетеді. Жеткеннен кейін де
тоқтап қалмай, оның іргелес өрісі тағы алға қарай жылжи бермек. Сөйтіп ол
көкжиек сияқты өзінің шеңберін кеңейте түседі.
Дамудың актуалды өрісі мен іргелес өрісі идеясын басшьшыққа алу
айналамен таныстыруды ана тілімен ғана емес, математика, сурет, еңбек, дене
шынықтыру және т.б. пәндермен кеңінен байланыстыруға мүмкіндік туғызды. Осы
жылжу — білім берудің алға қарай жылжуы оқушыларға күрделі материалдарды
меңгертудің жолын іздестіруді керек етті.
Алты жасар балаға берілетін ұғым олардың қоршаған орта туралы алғашқы
ғылыми түсініктерін қалыптастыруға әсер ететіндей болу жағы
қарастырылғандықтан, оны барлық сабақта да сабақтастыра түсіндіру әдістерін
қолдануға тура келді.
Л.И.Бурова баланы қоршаған ортадан алғашқы білім беру жолдарын
зерттеген жұмысында білім берудің басты міндеті — адам баласы ашқан
жаңалықтар жетістігін меңгерту екенін айтады. Бұл осы кезге дейін ғылымға
айналған дайын білім, бірақ оны ұғындыру оңай емес.
"Айналамен таныстыру" пәні бойынша оқу-әдістемелік кешенді жасауда
баланың ғылыми ұғымды меңгеруі туралы психологтардың пікірлері де
ескерілді. Л.В.Занков, Н.Б.Менчинская, Э.И.Залькинд және т.б. "Ғылыми
ұғымды меңгеру үшін баланың қоршаған дүние жайында бұрыннан, өмір
тәжірибесінен алған түсініктері болуы керек. Сол түсініктерін кеңейту,
байыту және оның қатесін түзету арқылы ғылыми ұғымды жеңіл қальппастыруға
болады", — дейді.
Ал, Г. А. Гальперин, Н. Ф. Тальзина, Б. Д. Эльконин, В. В. Давыдов, Т.
Тәжібаев, Қ. Жарықбаев сияқты ғалымдардың пікірінше, балалардың өмір
тәжірибесінен алған түсінігіне сүйеніп, оны жөндеп, қорытуға жұмсалатын
уақыт балалар ойының дамуын тежейді. Сондықтан ғылыми ұғымды бірден дұрыс
қалыптастыруға тырысқан жөн деп қарайды. Шын мәнінде алғашқы ғылыми түсінік
мектепке дейін де беріле бастайды. Мысалы, балаларға ағаш және оның
бөліктері жайында мектепке дейін-ақ, білім беріледі. Бұл білім тәрбиешінің
айтып түсіндіруінен ғана емес, сонымен бірге баланың топ саяхат кезінде
көріп, бақылауы, серуен кезінде сезінуі және басқа заттармен салыстыруы
нәтижесінде меңгеріледі. Енді ағаш қандай болады деген сұраққа олар бұрын
көргендерін көздеріне елестете отырып, дұрыс жауап бере алады. Ағаштың
тамыры, бұтағы, жапырағы болатынын және оның өсуіне керекті жағдайларды да
айта алады. Мұндай жағдайда бала тек тәрбиешінің берген түсінігіне ғана
емес, өмірден күнделікті көріп, біліп жүрген мәліметтеріне де сүйенеді.
Мұнан түйетініміз — алты жасар балаға берілетін білім олардың сезіміне әсер
ететіндей болуы қажет. Сондықтан да оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру
үшін олардың мектепке дейін алған ұғымдарына көңіл аударылып, тиісті
байланысын тауып, қажет жерінде қолдану жолы да ескеріледі.
Сонымен қатар табиғат қорғау мәселелерін жүзеге асыруда кезделді
(өсімдікті жұлмауға, құстарды қорғауға, пайдалы жануарлар мен өсімдіктерді
тани білуге дағдылану). Алты жасар балаға қоршаған ортадан берілетін білім,
негізінен, олардың топ саяхат кезінде табиғи материалдарды бақылауы не
өндіріс, шаруашылық орталықтарында болып, керекгі объектіні көріп танысу
барысында сезімдік қабылдауы арқылы жүзеге асатынын айтқанбыз. Ал мұндай
әрекеттер кезінде алынған деректер мен ұғымдар мазмұнына қарай әр сабақтың
қолайлы бөлімінде кіріктіре қолданылды. Оқушылардың дүниетанымын кеңейту
кезінде олар жыл мезгілдерінің өзгеретінін, ол өзгерістің адам еңбегіне,
өсімдіктер мен жануарлар тіршілігіне әсер ететінін аңғаруына, сезінуіне сол
арқылы білім жүйесінің қалыптасуына жағдай жасалды.
Айналамен таныстыру барысында оқушыларды туған жерін сүюге тәрбиелеу,
еңбек адамдарын қадірлеу, табиғатты қорғау дағдылары ғана қалыптасып
қоймай, ой қорьпу, қисынды ойлау қабілеттерін арттырып, тіл байлықтарын
дамыту көзделді. Табиғатқа адам да жататынын түсіндіріліп, жеке бас
гигиенасына да көңіл бөлінді, қалалы жерлерде балаларды айналамен таныстыру
үшін мектеп маңындағы алаңға, саябаққа, баққа апаратын болса, ауылды
жерлерде бақшаға, шалғынға, орманға апарып таныстыру жүктеледі.
Табиғат объектілерімен (өсімдік, жануар, жер бедері, су және т.б.)
таныстыру үшін жүргізілетін бақылаулар табиғат аясында, не табиғат
мүйісінде өтуге тиіс болды. Оқу алаңында балалар көкөніс, сәндік гүлдер
өсіруге қатысып, мұғалімнің көмегімен өсімдіктің өсіп жетілуін бақылау,
жануарлармен танысу кезінде жабайы андар мен үй жануарларының
тіршілігіндегі айырмашылықты да байқау талаптары қойылады. Жануарлар,
өсімдіктер туралы оқығанда, олардың суретін салу сурет сабағында жүзеге
асса, дайын қиылған пішіндер оны өз түсіне келтіріп бояу, ермек саздан
мүсінін жасау еңбек сабағына жүктелді.
Алты жасар бала үшін көріп тұрған заттары мен құбылыстарын талдап,
сипаттап айтып беру үлкен психологиялық дайыңдықты талап етеді. Осы тұста
ВАСухомлинскийдің "Баланың ойы сезім мен көңіл толқуларынан ажырамастай
тығыз. Оқыту процесінің әсіресе қоршаған дүниені қабылдаудың сезімге бай
болуы — бала ойы зандарының алға қоятын талаптарының бірі" деген пікірі
ойға оралады. Ол жанды сөз бен шығармашылық ойдың қайнар көзі табиғат пен
бүкіл қоршаған орта екенін ашық айтқан. "Балалар қоршаған орта дүниелерін
қабылдап және оларға қиялдан бір нәрсе қоса отырып, қызу қуанышты бастан
кешіреді.

1.3 Мектепке дейінгі балаларға табиғаттану оқу іс-әрекетінде өлі және
тірі табиғат туралы түсіндіру
Мектепке дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру оқу іс-әрекетінде
➢ Біріншіден, балаларды өткен тақырыптарды оқытудың әдіс-тәсілдерін
талдап, тәрбиеші балаларға ұсынады.
➢ Екіншіден, осы оқу іс-әрекетіндегі тақырыптардың өзара байланысын,
мазмұнын сақтай отырып оқытуды қамтамасыз ету мақсатын көздейді.
➢ Үшіншіден, осы пәннің басқа пәндермен байланысып дамыта отырып
оқыту назарда ұстауға тырысады.
Табиғаттың ең негізгі бөлігі ретінде қаралатын адамның бізді қоршаған
дүниені танудағы орны, оның еңбегі мен бір-біріне қарым-қатынасы талдана-
ды. Адамның сезім мүшелері, дүниені танудағы олардың маңызы. Былай
қарағанда балаларға таныс, күнделікті өз өмірімен тығыз байланысты
мәселелер сияқты.
Ал шынында, 5-6 жасар бала үшін адамның басты ерекшеліктері (сезім
мүшелерінің), дүние танудағы қабілетін талдау үлкен ой тастайды. Балалардың
өз қабілетін, мүмкіндігін білуге жетелеп, өз-өзіне деген сенімі артады.
Табиғатпен таныстыру оқу іс-әрекетінде мектепке дейінгі балаларға оқыту
арқылы өлі және тірі табиғатпен таныстыра отырып, олардың бір-бірімен
байланысын және осы байланыс жыл мезгіліне қарай өзгеріп отыратынын
түсіндіру керек. Адам, өсімдік, жануар дүниесінің тірі табиғат екенін, өлі
табиғатқа ауа райы, жер, су, ауа жататынын бала санасына жеткізу арқылы
түсіндіру. Өсімдіктер мен жануарлардың басты-басты топтарымен таныстыру
мақсаты жүзеге асқаннан кейін түсіндіруге болады. Мысалы тірі табиғат пен
өлі табиғаттың арасындағы байланысты екенін, мысал ретінде тірі табиғатқа
жататын адам, өлі табиғатқа жататын ауасыз өмір сүре алмайтыны сияқты су,
ауасыз тіршілік жоқ екенін түсіндіру керек.
Бұл бөлімді оқыту барысында тәрбиеші үнемі табиғатты бақылау, оның
нәтижелерін күнделікті оқу іс-әрекетінде қолдану жағын ұмытпауға тиіс.
Табиғат жайындағы ұғымдар жалаң оқулықты оқумен ғана шектелмейтіні мәлім.
Табиғатпен таныстыру пәнін өз мәнінде оқыту үшін тәрбиешілерге көмек
ретінде қосымша құрал ұсынылады. Міне сол көрнекі құралдар арқылы балаларға
білімдерін кеңейту керек.
Әр оқу іс-әрекетінде ұйымдастыру кезеңінен бастап, аяқталу кезеңіне
дейінгі үлгі көрсетіледі. Әр педагог өз шеберлігіне қарай, топтағы
балалардың білім деңгейіне байланысты әдіс-тәсілдерді өзгерте алады.
Дегенмен, мұнда берілетін білім деңгейі көрсетілгендіктен, осы деңгейден
төмендеуге болмайды. Әр оқу іс-әрекеті өткен сайын жаңа ұғым берумен қатар
өткенді қайталау, сөз қорларын дамыту, жаңа сөздер, атаулар енгізу үнемі
назарда ұсталуы қажет.

Айналадағы дүние туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру;
— Айналадағы заттар меп құбылыстарды жіктеуге және топтауға жаттықтыру.
Бүкіл әлем: аспан, жер. Аспан әлемі, денелері: аспан, күн, ай, жұлдыз.
Табиғат. Табиғи заттар. Табиғат құбылыстары. Адам, оның жасаған заттары мен
құбылыстары. Аспан, жер, ағаш, құс, су, адам — бәрі табиғат екенін бала
санасына жеткізу.
Балалардың өмір тәжірибесіне және суреттердегі көрініске сүйеніп,
табиғат, айналадағы заттар мен құбылыстар жайында түсіндіру. Оларды
топтастыру, жіктеу.
Тәрбиешінің басшылығымен кітаптардағы сәйкес суреттер талқыланады.
Балалармен талқыланатын ұғымдардың алғашқысы: Әлемді: аспан және жер деп
екі бөлікпен қарастыру. Аспан бізден өте алыс. Мысалы: күн, ай, жұлдыз,
біз — адам, әлемнің көп заттары – жердеміз деп түсіндіруге болады.
Айналадағы дүниедегі заттарды жіктеуге негіз болатып белгіні түсіндіру
(мысалы, адамның қатысынсыз бар заттар, құбылыстар — табиғаттікі, бұлардан
басқа жерде — айналада — біз — адамдар және қолмен жасалған заттар,
құбылыстар).
Табиғатқа жататын көріністер мен заттарды атату. Жекелеп атау, жинақтап
осының бәрі табиғат деген ұғымды меңгерту. Осы жерде ойын ұйымдастыруға
болады. Тәрбиеші табиғат заттарын және адам қолымен жасалған заттарды
араластырып атайды. Табиғат заттарын атағанда бала қолын шапалақтау керек.
Суреттегі көріністерден адамның қолымен жасаған заттарды теріп айтқызу.
Суреттегі көріністер бойынша сөйлем құрату. Мысалы: Трамвайды жүргізуші
жүргізеді. Сауыншы сиыр сауады, т. б. б) Сөз қорын молайту; табиғат,
денелер, заттар, құбылыстар, табиғи денелер, әлем.
Логикалық ойлануға жаттығу: Мына анықтамалардың қайсысы дұрыс:
➢ Табиғат дегеніміз — адамды қоршаған орта;
➢ Табиғат дегеніміз — адам қолымен істелген заттар;
➢ Табиғат дегеніміз — адамды қоршаған, адам қолымеп жасағаннан
басқаның бәрі енетін орта.
Күндіз, түн, жылу, жарық. Олардың жер бетіндегі табиғат заттарына
тигізетін әсері. Балалардың өмір тәжірибесіне сүйену.
Өткен оқу іс-әрекетінде алған ұғымдарын тәрбиешінің көмегімен және бұрып
пайдаланылған суреттерді (1-2-3) қайта қарау арқылы еске түсіреді:
➢ Сұрақтар беру: Табиғат, табиғи денелер, адам қолдан жасайтын заттар
мен құбылыстар жайында айтыңдар.
➢ Суреттердегі көріністен жоғарыда айтылып отырған түсініктерді талдау.
Күндіз, Түн түсініктерін қалыптастыру үшін (1-2) суреттерді салыстырып
талдау. Күн мен Түннің айырмашылығын айқындай түсу үшін әңгімелесу:
2. Күндіз жарық, жылы. Түн — қараңғы, салқын, Күндіз — негізінен
еңбек әрекеті (қоректену, жұмыс істеу, оқу-еңбек, ойын әрекет). Түн —
негізінен ұйықтап тынығу болатынына баланың өзі білетін мысалдарды,
суреттерді пайдаланып назар аударту, сендіру. Әрине, мұндай тұжырымды
оқушының өздері жасауын қамтамасыз ету қажет. Күндізгі жарық, жылу,
Түнгі қараңғылық, ұйқы. Табиғи құбылыстар, ол күн, ай — аспан денелері
деген идеяға логикалық талқылау арқылы келу. Оқулықтағы сөз, сөйлемдердің
модельдерімен жұмыс. Әліппедегі Дыбыс, сөз, сөйлем тақырыбынан алған
біліміне сүйену. Жылы, Салқын, Табиғат, Күн сәулесі, жарығы
ұғымдарын бейнелеу өнеріндегі Бояулар, түстер тақырыбымен байланыстыру.

ІІ. Балалардың дамуындағы экологиялық

тәрбиенің маңызы

2.1 Балаларды ауылшаруашылығы мен төрт мезгілмен таныстыру

Баланы мектеп жасына дейінгі кезеңнен өзі өсіп-өнетін ортасын,
қоршаған табиғатын бағалай білуге және оларға дұрыс қарауға үйретудің
маңызы зор. Ол үшін оқытудың бүкіл үрдісіне экологиялық білімдерді енгізген
жөн. Күштемеу, сүйіспеншілік, шындықты білуге талаптану және парасатты
мінез-құлық сияқты адамдық қасиеттерді тану үрдісінде балалар адамның
табиғат алдындағы жауапкершілігін түсіне біледі. Күштемеу деген табиғатқа
жасалып тұрғанның кез-келгеніне мейлі ол ағаш, көбелек, бұтақ болсын оларға
ешбір зиян келтірмеу керек дегенді білдіреді. Балалар тірі атаулының бәрін
бағалай білуі тиіс. Табиғатқа деген сүйіспеншілікті тек оның әсемдігімен
масаттану және тынығуға жиі бару деп түсінбеу керек. Балалардың өздері де
ағаштар отырғызуға, бұлақтардың көзін ашуға, ұя жасауға қатысып, табиғатқа
зиян келтіретін тұрмыстық қалдықтардан құтылудың тәсілдері туралы
сұрақтарға жауаптар іздейді.

Сайф Сарай: - “Ағаштың жемісін жеймін десең, түбіне балта шаппа...” -
деген екен. Жас бала тамылжыған табиғатқа, әсем әуенге, айналадағы
әсемдікке қызығады, содан әсерленеді, көркемдікті түсініп, оның мәнін
түсінеді, әсемдікті танып, талғауды үйренеді. Мысалы: Балаларды гүлдермен
таныстыру сабағында, олар олардың түрлерімен, пайдасымен танысып, хош
иісімен далаға берер әсемдігін көреді, сезінеді. Осы сұлулықты бұзғылары
келмейді. Оны елестету арқылы парақ бетіне өз қиялдарынан бейнелеп салады.
Шоқан Уәлиханов: “Табиғаттың өзінде өзгеше бір сүйсінерлік, жанға жайлы бір
нәрсе бар” – деген екен. Ал балаларды ауылшаруашылығымен таныстырғанда
оларға жер қазу, ағаштарды және гүлдерді отырғызу туралы түсінік
қалыпастырамыз. Мысалы балаларға ауылшаруашылығы туралы түсіндіргенде ең
алдымен жылдың төрт мезгіліне тоқталып кетеміз. Мысалға
ауылшаруашылығындағы адамдар егін егуге көктем мезгілінде дайындала
бастайды. Ол кезде тұқымдарын, егін егуге арналған заттарын, техникаларын,
жерін тырналап әзірлейтінін балаларға суреттерді көрсету арқылы
таныстырамыз. Мысалы үлкен жерді техника арқылы жыртып, тырмаласа, кішкене
жерді қолмен де қопсытып, қазып тырмалауға болатынын түсіндіреміз. Балалар
түсінуі үшін көктем кезінде сыртқа шығып еккен гүлдерге немесе ағаштарға
арналған жерлерді қопсыту арқылы көрсетіп, өздеріне кішкене күректермен
қазғызып көрсетуге де болады.

Өлі және тірі табиғат нысандарына деген қызығушылық өте ерте жастан
қалыптаса бастайды. Балалар бәрін байқайды: орман алқабындағы еңбекшіл
құмырсқалар илеуін қалың шөптегі кіп-кішкентай өрмекшіні, ағаш басындағы
ұяларды т.б.
Балалардың көңілін табиғаттағы маусымдық өзгерістер, түстердің
ашықтығы, әр түрлі дыбыстар, иістер тартады. Олар өздеріне жаңа әлем ашады:
барлығын қолмен ұстап қарауға, иіскеуге, егер жағдай болса дәмін көруге
тырысады. Балаларға сонымен қатар сол еккен ағаштар және гүлдер мен
қызанақ, қиярлар т.б жаз мезгілі бойы суару керектігін, арам шөптерін жұлу
керектігін түсіндіреміз. өздері тәрбиеленіп жатқан балабақшаның
тәрбиешісімен бірге аулаға еккен талдарға және гүлдерге кішкене шіліктермен
су құйып, арам шөптерін жұлып көрсетеміз. Адамға ауа мен су қандай керек
болса барлық тіршілік иесіне де сондай керектігін түсіндіру. Сол баптаған
барлық жеміс жидек, тал, ағаштарымыздың жемісі күз мезгілінде беретінін
балаларға түсіндіреміз. Ал, ауылшаруашылығында да сол егін лқаптарына еккен
жеміс жидек, егіндерінде жаздай суарып, күзде техникаларымен жинайтынын
балаларға түсіндіріп, суреттер немесе бейне баяндардан көрсетеміз. Жылдың
қай мезгілінде қандай еңбектер атқарылатынын балаларға жеткізу. Балалар сол
кішкене кезден егін ауылшаруашылығындағы еңбекті ойларына түйіп өседі. Және
де ауылшаруашылығында тек қана егін шаруашылығы емес сонымен қатар
малшаруашылығының да жататынын балаларға жеткізу. Мысалға сиыр малын
алайық. Сиыр малынан бұзау төлін алатынын балаларға жеткізу, сол сиыр
малынан күнделікті қолданып жүрген сүтіміз, майымыз, айранымызды алатынын
түсіндіру. Бірақта сол сиыр малын бағу, жем-шөп беру, су т.б қадағалап тұру
керектігін, соның нәтижесінде болатынын айтып жеткізу. Тек қана сиыр емес
қой, ешкі, жылқы т.б ауылшаруашылығындағы ірі және ұсақ малдардың суреттері
арқылы көздерін жеткізу. Міне балаларға жылдың төрт мезгілінде
ауылшаруашылығында қандай жұмыстар атқарылатынын жеткізіп қана қоймай,
сонымен қатар оларды сол балабақшадағы ауладағы өсіп жатқан тал,
теректердің түсін қопсытып, тырмалатып, арам шөптерін жұлғызып көрсету.
Баланың айнала қоршаған табиғатқа қызығушылығын ескере отырып,
экологияға деген сүйіспеншілік, қорғаушылықты тәрбиелеу керекпіз. Ең
маңыздысы біздің табиғатты сүюіміз және соны балаларға жеткізуіміз, біз
табиғатсыз өмір сүре алмайтынымызды балаға түсіндіру. Қазіргі таңда
балалардың дамуында экологиялық біліктілігіміздің, жаңа технологиялардың
маңызы ерекше. Экологиялық тәрбие адамгершілік тәрбиесімен өте тығыз
байланысты. Әсемдіктен сусындау, оны қабылдау, түсіне және сезіне білу
адамгершілік негіздерді қалыптастыруға көмектеседі. Оның міндеттері күрделі
де сан алуан. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі ересек балаларға табиғатпен таныстыру үрдісінде эстетикалық тәрбие беру
Балалар бақшасында балаларды табиғатпен таныстыруда ойындар мен тапсырмаларды қолдану
Мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортамен таныстыру
Балалардың табиғатпен таныстыру туралы түсінік қалыптастыру және олардың маңызы
Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру теориясы мен әдістемесінің мазмұны
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
Ересектер тобында топсаяхаттарды ұйымдастыру
Мектепке дейінгі балалардың математикалық түсініктерін қалыптастыруда дидактикалық ойындарды қолдану мүмкіндіктерін талдау
Мектеп жасына дейінгі балалаға экологиялық тәрбие берудің формаларын жас және дербес ерекшеліктеріне қарай топтастырып, дұрыс пайдалану
Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық мәдениетті қалыптастыру әдістертері
Пәндер