Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің мақсаты. Білім туралы заң



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

Педагогика және психология
кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің мақсаты. Білім туралы заң

Орындаған:
Жетекші:

Орал - 2017ж
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық
дамуындағы орны
1.Білім беру
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Қазіргі білім беру жүйесінің
мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2 Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі
2.1 Білім беру деңгейін көтеру үшін қабылданған мемлекеттік бағдарламарлар
мен
шаралар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..14
2.2 Білім беру саласындағы әлеуметтік-экономикалық кемшіліктерді жою мен
шара
қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .19
2.3 Қазақстан Республикасының Білім туралы
Заңы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 32
Кіріспе
Қазақстан Республикасын әлемдік қоғамдастық нарықтық экономикалы
мемлекет ретінде таныды. Тәуелсіздігінің қысқа тарихи кезеңінде еліміз
әлемдік қоғамдастыққа ықпалдаса отырып, экономикада айтарлықтай өсуге қол
жеткізді.
Осы орайда, қоғамдық даму деңгейінің, елдің экономикалық қуаты мен
ұлттық қауіпсіздігінің өлшемдері ретінде білім беру жүйесінің, адам
ресурстарының рөлі мен маңызы арта түседі. Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі
өзгерістер білім беруге, одан ұтқырлықты, жаңа тарихи кезеңнің болмысына
барабар әрекет етуді және экономиканың даму қажеттіліктеріне сай болуды
талап ете отырып әсерін тигізеді.
Жедел өзгеріп отыратын әлем мен ақпарат легінің ұлғаюы жағдайында
іргелі пәндік білім міндетті, бірақ ол білім берудің жеткілікті нысанасы
болып табылмайды. Қазақстандық білім беру жүйесі оның әлемдік білім беру
кеңістігінде лайықты орын алуына мүмкіндік бермейтін ескірген әдіснамалық
базасы, құрылымы мен мазмұны жағдайында дамуын жалғастыруда. Білім беру
мазмұны фактологиялық күйінде қалып отыр және оқитындарды қоғам өміріне
құзіретті, жауапты әрі шығармашылық тұрғыдан қарастыра отырып даярлауға
бағдарланбаған. Өңірлік деңгейде білім беруді басқарудың біріздендірілген
жүйесінің болуы, білім беру бөлімдерінде мамандардың штат санының
жетіспеушілігі білім беруді басқарудың тиімділігіне кері әсер етеді.
Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал
оқуды, ізденуді тоқтатқанмен оның мұғалімдігі де жойылады.К.Д.Ушинский.
Жалпы білімнің жүйесі – қоғам дамуымен бірге дамып, әрдайым үнемі
өзгеріп отырады.Ол әр елдің экономикалық ерекшеліктеріне қарай қалыптасып,
үнемі үздіксіз жетіле отырып, барынша күрделене түседі.
Бүгінгі жаңа қоғамда мұғалімнің ішкі жан дүниесі де жаңаша, демек
болашақ ұрпақтан үлкен үміт күтілуде.
Курстық жұмыстың өзектілігі – Қазақстанда халыққа бiлiм беру жүйесi
қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай –
ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы
шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа
қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным
теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы – ол бiлiмнiң
қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды
қалыптастырады.
Курстық жұмыстың мақсаты - қазіргі кездегі білім беру жүйесінің жан-
жақтылығын, оның баланың дамуына және оның болашақтағы өмірінің
қалыптасуына әсерін анықтау. Білім беру жүйесіндегі қазіргі заманның
жетістіктермен танысу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
· Қазіргі білім беру жүйесінің мақсатын анықтау
· Білім беру жүйесінің құрылымы мен принциптерімен танысу
· Орта және кәсіптік, жоғары білім берудегі жаңалықтармен танысу
Курстық жұмыстың құрылымы: берілген курстық жұмыс кіріспеден, екі
бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
1. Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық
дамуындағы орны
1.Білім беру жүйесі
Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен
әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары
жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және
түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге
білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.
Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында
жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал
бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi
– рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм
таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан
түбiрлi айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы
ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады.
Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр
мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа
талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті
пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл
жөнінде Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңының 8-бабында Білім беру
жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу,
білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге
шығу деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай:
Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай
білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін
тең ететін – білім. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің
алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың
әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі
зерттеліп, мектеп өміріне енуде.
Ойдағыдай тәрбиелеудің сыры оқушыға деген құрмет сезімде жатырдеп
Р.Эмерсон өзінше баға бере білген. Мектептегі басты тұлға ұстаз десек,
білім саясаты ең алдымен ұстаздар қауымы арқылы жүзеге асырылады. Ал біздің
келешектегі мақсатымыз – рухани жан дүниесі бай, жан-жақты жарасымды
дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.
Білім ордасы - жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру, бірнеше
ғасырлар бойы жиналып сақталған мұраларын келешек ұрпақ игілігіне жеткізе
алатын мәдени ошақтар, ұлттық тәлім – тәрбие орталығына айналмақ. Ұлттық
мектеп тағдыры қай қилы заман да да, қай ұлттың болсын көзі ашық, көкірегі
ояу, ұлтжанды азаматтарын толғандырып келген ең өзекті мәселелердің біріне
саналды.
Қазіргі таңда Қазақстан бүкіл әлемдік білім кеңестігіне ену
табалдырығында. Өмір ағымына қарай білім беру жүйесінің моделі күрделі
өзгерістерге ұшырап отыр. Сондықтан заман талабына сай жаңа мазмұнда білі
беруді ұйымдастыру 12 жылдық оқытуға көшумен тікелей байланысты. Ондағы
өзекті мәселе әлемдік білім кеңестігіне шығудағы Қазақстанның жаңа ұлттық
білім моделін қалыптастырудың тиімді жолын анықтауында.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев білім мен ғылым қызметкерлерінің екінші
съезінде Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары.
Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан
жүктелетін міндет өте ауыр деген болатын. Осы ғылым мен білімнің негізін
тереңдету нәтижесінде ғана еліміз өзінің елдігін басқа елдер алдында
көрсете алады. Ал ел тағдыры оның келешекте кемелді ел болуы мектептің
қандай негізде құрылуына байланысты болмақ. Біздің стратегиялық міндетіміз
– бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан лайықты орын алу деп елбасшымыз
әңгіменің басын ашып айтқаны бар
12 жылдық білім берудің негізігі мақсаты еліміздегі білім беру
жүйесінің құрылымы мен мазмұнын толықтай өзгерте отырып, заманына сай
мектеп құру. Олардың білімді де, білікті, парасат пайымы мол, саналы да
сарабдал азамат боп жетілуі тәлім мен тәрбие беретін мұғалімге тікелей
байланысты. Мұғалімге артылатын сенім жүгі соншалық ауыр дей отыра, сонымен
қатар оның ұлағатты ұлы жол екенін естен шығарып алмаған жөн. Демек, өз
ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, ұлттық қасиеттеріміздің
асылдарын асқақтата отырып, шәкіртінің жанына құятын ұстазды ғана бүгінгі
күннің лайықты тұлғасы деуге болады. Өз ойымнан түйгеннің бір шеті мынада
жатыр.Жаңа көз – қарастағы мұғалім - рухани байлығы мол, өз ісінің шеберіне
айналу және жаңашылдыққа талпынатын шығармашыл тұлға болуы керек. Әрине, өз
мүмкіндіктерінее баға беретін әлемдегі білім беру кеңестігінің даму
бағытын, болып жатқан әртүрлі интеграциялық процестерде бағдарлай алатын
деңгейін естен шығармаған жөн.
Қазақстан республикасында жалпы орта білімнің қазіргі жай-күймен
әлемдік білім кеңестігінің дамуындағы бетбұрыстарға 12 жылдық жүйеге
көшудің талаптарын түсініп игеру жолы тағы бар. Біздің ойымыздың түп
төркіні бүгінгі күні 12 жылдық білім беру мазмұнында жатыр.
Жаһандану үрдісі басым болғандықтан ба, батыстық өркениетке еліктеуі
күшейіп келе жатқандықтан ба, қазіргі кезеңде білім саласындағы әр адамның
көкірегінде қазақтың жарық жұлдызына айналған Мағжан Жұмабаевтың мына бір
сөзіне құлақ асу абзал-ақ: Қазақтың тағдыры да, келешек ел болуы да
мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Келешекте ақынның сөзі
алдыңғы буын өкілдерінің жолбасшысы болары анық.
Бүгінгі күнде жалпы орта білім беретін мектеп – жаңа қоғам
мектебі,яғни болашақ мектебі. Халықтық мәдениетке интеграцияланған, баланың
жеке басының дамуына педагогикалық жағдай жасайтын, рухани жағынан таза,
дүниеге тік қарайтын, қоршаған ортамен жүйелі байланыс түзетін, білімнің
жаңа мазмұнымен байланысқан, бәсекеге қабілетті жаңа ұрпақ өсіріп, дамытып
жетілдіретін мектеп болуға тиіс. Елге танымал аты шулы ғұламалардың бірі Әл-
Фараби былай деген екен: Тәрбиесіз қолға білім салма деген бағдарлы ойын
тек қана ескеріп қана қоймай, педагогиканың діңгегіне, мектеп жұмысының
тірегіне айналдыру баршамыздың міндетімізге айналуы тиіс. Менің ойымша
білім беруді тәрбиеге негіздеудің екі қанаты бар. Олар білімді ұлттық
құндылықтар мен өркениетке негіздеу. Шәкіртті өз күш-жігерін пайдалануға
баулу. Бұл екеуі құстың қос қанатындай, бірінсіз бірі шәкіртті самғау
биікке көтере алмайды.
Ендеше сапалы білім беретін мектеп бүгінгі күнде өзіндік мектеп
реформасын қажет етпек. Сондықтан да мектеп реформасын тек мектептің
басқару жүйесі мен оқыту процессін ғана қамтып қомай, сол мектептің бала
оқытатын мұғалімдері жаңа бағытқа қарай кәсіби шеберлігін күнделікті
ұштауын талап ету жағы тағы бар.
Бүгінгі күнде мектептің жаңа реформалық жүйесі 12 жылдық білім беру
турасында әрбір өзін кәсіби деңгейі жетілген деп есептейтін кез келген
мұғалім, білім беру қызметкері бұл жүйенің қыр-сырын түгел меңгермей, бала
дамуының мәселелерін түгелімен меңгере алмайды. Сондықтан да, білімнің жаңа
үлгісі өзіне сәйкес жаңа мұғалімдерді талап етеді. Сіздің білім беруге
қосар құнды үлесіңіз – ұнамды қатынас болмақ. Ендеше қазіргі заман мұғалімі
шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға, педагогикалық қызметінің
барлық келеңді- келеңсіз жақтарын зерттеп меңгеруге ынталы, өзінің пәнін
жетік меңгерген, кез- келген педагогикалық жағдайда өзінің білімділігі,
іскерлігі, шеберлігі арқасында шеше алатын, педагогикалық үрдістің
нәтижесін жақсартуға ұмтылатын мұғалім болуы керек.
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу қарсаңында мұғалімнің кәсіптік
жетілуі мен дамуы тұрғысында көп мәселелер қарастырылуы қалыпты жағдай
болып табылады. Себебі, Ы.Алтынсарин Мұғалім - мектептің жүрегі,- деп
айтпақшы, барлық күш салмағы оқытушыға түспек. Егер мұғалім өз саласы
бойынша пәндік білімі жетік болса, педагогика мен психологияны толық
меңгерсе, әр уақытта өз әрекетін дұрыс ұйымдастырып отырса, онда біртіндеп
өзінің педагогикалық шеберлігін кәсіби тұрғыдан шыңдай түседі.
Ұлы педагоктердің еңбектерін оқығанда, жауапсыз қалған сұрақтың
шешімін табуға тырысып бағады екенсің. Сөзге тиек ететін болсақ, сонау өз
заманының тұсында Ұлы дидактика деген еңбекті жазып шығараған педогок
Янна – Амонс – Каменский ойыма оралып отыр. Белгілі педагок өз еңбегінде
Нені оқыту керек? Қалай оқыту керек? Не үшін оқыту керек? деген
сауалдарға өз жауабын нақты түрде бере білген. Ендеше бүгінгі күн талабының
мектеп реформасында 12 жылдық білім беруге көшу мәселесінің ерекшелігі сол
– 12 жылдық білім беру орталығы ғалымдарының зерттеулері бойынша жаңа
қоғамдық формациядағы мектеп пен мұғалімдер алдында тұрған негізгі
мәселелер Баланы оқуға қалай үйрету керек? Ойлауға қалай үйрету керек?
Қалай өз өмірінің менеджері болуға үйрету керек? деген сұрақтарға жауап
табатындай білім нәрін беруге бағытталып отыр.
12 жылдық білім жүйесіне көшуде мектеп алдында негізігі үш бағытты
басшылыққа алады. Олар: бірінші бағыты - оқушының жеке қабілетін есепке ала
отырып жеке даралық бағытта оқыту, екінші бағыты - оқушының потенциалдық
мүмкіндіктерін есепке ала отырып жеке даралық бағытта оқыту, үшінші бағыты
- ішкі қажеттіліктерді есепке ала отырып жеке даралық бағытта оқыту. 12
жылдық білім жүйесі бойынша бұл бағыттарды жүзеге асыру үшін мұғалім
негізгі үш компонентпен таныс болуы тиіс. Олар: инварианттық компонент –
мемлекеттің базалық оқу стандарты жүйесіндегі талаптар мен мазмұндарға
жауап беретіндей жалпы міндетті оқу жоспарының бөлімін меңгеру, профильдік
компонент – профильдік оқу стандарты талаптарының мазмұнында көрсетілгендей
оқу курстарының тереңділігін, оқытылатын пәндердің өзара байланыстылығын
меңгеру, тұлғалық компонент – оқушылардың өзіндік зерттеушілік дағдыларын
қалыптастыруға байланысты мектеп ұсынған арнайы таңдау курстарын, оқу
жоспарларын меңгеру.
Қазақ халқы қашанда сөзге бай, өз орнын білетін, рухы мен талғамы
биік халық қой. Жыр десе ішкін асын жерге қоятын ұлы ақындарымыздың бірі
данышпан Абай атамыз бірде былай деп жырлаған екен:
Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегін кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға.
Мұғалім үшін кәсіби шеберлікке жету, өз мамандығының данышпаны болу
бір күнде пайда болатын дүние еместігін біз жақсы түсінуіміз керек және
өмір бойы ізденушілікті , зерттеушілікті талап ететін мамандық екенін анық
аңғарғанда ғана толық нәтижеге жете аламыз. Мұғалімнің әрбір сөзі мен ісі ,
қимылы, аяқ алысы, жүрісі, көзқарасы психологиялық және ізгілік тұрғысынан
шәкірт жүрегінен үлкен орын алады. Сондықтан әрбір ұстаз үшін оқу мен
тәрбие процесін ұйымдастыруда мол білімділікті, ақылдылықты, дұрыс
іскерліктер мен дағдыларды қолдануды қажет етеді.
Бүгінгі күні әлемдік қауымдастық қатарында өзіне лайық орнын
белгілеген біздің мемлекетіміз үшін, қазіргі заман талаптарына байланысты
демократиялық қоғамға сай өзіндік көзқарасы, саяси түсінігі бар, білімді
әрі жоғары білікті жас ұрпақ тәрбиелеу қажеттігі бізден 12 жылдық білім
беру жүйесіне өтуді талап етіп отыр. Сонда 12 жылдық мектеп тек бұрынғы 11
жылды бір жылға созу ма? Бұрынғыша оқыта берсе не болады? 12 жылдық мектеп
бізге не береді? Немесе хан Абылай айтқандай:
Білекке сенген заманда – ешкімге есе бермедік,
Білімге сенер заманда,
Қапы қалып жүрмелік - деген пікірден аулақ болып, 12 жылдық білім
берудің мақсаты: өзінің жеке қоғамның мүддесінде өзіне-өзі белсенді етуге
дайын,өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті
және құзіретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту мен қалыптастыруды
жүзеге асыруға бір адамдай жұмылып еңбектене білсек, барлық қиыншылыққа
бірден төтеп бере алатынымыз анық. Қазақта Тамызығын тапсаң, тас та
жанады деген сөз бар.Меніңше, басты идеясы Тұлға жетістігі болып
табылатын 12 жылдық мектептің мән-мағынасы мен философиясы осы сөздермен
үндеседі.Өйткені, оның мақсаты - әрбір балаға терең білім мен тәрбие беріп
қана қоймай, әр баланың бойындағы табиғи қасиетін ашып, жеке тұлғаны
қалыптастыру.
12 жылдық оқытуға көшу жалпы алғанда қазақстандық білім берудің
ойлы, шығармашыл тұлғаны қалыптастыруға бағдарланған жаңа ұлттық үлгісін
дамытуға , барша білім беру үлгісінен әрбір адамға өмір бойында білім
беру үлгісіне өтуге мүмкіндік береді және әлемдік білім беру кеңістігіне
жедел енуді қамтамасыз етеді.Қазақстан әлемдік қауымдастық қатарында басқа
елдермен терезесі тең дәрежеге қол жеткізуі үшін, жас ұрпақтың нұрлы
болашағы үшін осындай батыл қадамдарға бару қажет. Қоғам игілігі, елдің
өркендеп дамуы үшін жасалып жатқан осы маңызды бастамаға білім беру және
ғылым саласы қызметкерлерінің, жалпы барша халықтың қолдау көрсетіп,
барынша ат салысатынына сенеміз. Сол сенім бізді алға жетелейді.
Халқымыздың ғасырлар бойы армандап, екі ғасыр тоғысында қол жеткізген
бақыты ол біздің – тәуелсіздігіміз. Оның іргетасының мықты болып ,нығаюы
жас ұрпақтың терең білімі мен тәлімді тәрбиесіне байланысты болмақ. Ендеше
12 жылдық білім беруге көшуде барлығымыз біріге күш жұмсап, ел ертеңіне
сеніммен қарайық, аяулы да ұлағатты ұстаздар!
1.2 Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты
Білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау.
Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің
шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне
жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза
ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін ,
мектебін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі –
педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге
талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа
формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық
жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім
беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы
шеберлігі.
Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі-
рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық ,
зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,
коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары
деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты,
белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.
Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы
аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық
технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға
бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр. Біліктілік арттыру жүйесінде
педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты білімнің мәнін түсінуге, соның
нәтижесінде өзіндік іс- әрекетке енуге және жеке өміріндегі тәжірибені
жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады. Осы заманғы мұғалім оқуға
үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді. Сондықтан олардың функционалдық
сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен ұштастыру үшін нәтижеге бағытталған
білім беру үлгісінде мақсатты түрде білім беретін, қалыптастыратын,
дамытатын андрогогикалық процесс қажет. Басқаша айтқанда ересектерге
арналған, жалпы және кәсіби білімнің қажеттілігін дамыту, ғылым, білім мен
мәдениет жетістіктері арқылы адамдардың жалпы мәдениеті мен әлеуметтік
белсенділікті дамытуға бағытталған танымдық іс-әрекетке ынталандыру үшін
білім беру. Қазіргі білім беру парадигмасы білікті адамға бағытталған
білімнен мәдениет адамына бағытталған білімге көшуді көздейді. Бұл білім
беру жаңаша ұйымдастыру- оның философиялық, психологиялық, педагогикалық
негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.
Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың
идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр.
Француз қайраткері Адамға оқып – үйрену өмірде болу, өмір сүру үшін
қажет дегендей оқыту процесін технологияландыру, осыған сәйкес оқу
бағдармаларын жасау, ғалымдар мен жаңашыл педагогтардың еңбектерімен танысу
жұмыстары мұғалімдердің үздіксіз ізденісін айқындайды. Жаңа педагогикалық
технологиялардың негізгі мәні пассивті оқыту түрінен активті оқытуға көшу
оқу танымын ұйымдастырудағы бастамашылдығына жағдай туғызу, субьективтік
позицияны қалыптастыру.
Білім сапасын арттыру және нәтижеге бағытталған үлгіге беталуы
барысында мұғалімдер мемлекеттік стандарт берілген нәтижелерге жетуде
кәсіби шеберлікпен меңгерген зерттеу біліктері мен дағдылары нәтижесінде
проблеманың шешімін таба алатын, ақпараттық – коммуникативті мәдениеті
жоғары тұлғалық – дамытушылық функцияны атқарады. Қазіргі заман адамның осы
құзыреттілікті меңгере отырып тек кәсіби икемділігіноңтайландыруды
қамтамасыз ету ғана емес, іске асырылу мүмкіндігін үнемі оқып – үйрену
және өзін-өзі жасау талабын қалыптастыра алады.
2 Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі
2.1 Білім беру деңгейін көтеру үшін қабылданған мемлекеттік бағдарламарлар
мен шаралар
Қазiргi өскелең өмiр талаптарына сай жастарға бiлiм және тәрбие беру,
оларды жан-жақты дамыту қоғам алдында тұрған басты мiндеттердiң бiрi. Бiлiм
беру – бұл қоғам мүшелерiнiң адамгершiлiк, интеллектуалдық мәдени дамуының
жоғары деңгейiн және кәсiби бiлiктiлiгiн қамтамасыз етуге бағыттал£ан
тәрбие беру мен оқытудың үздiксiз процесi.
Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр
түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің,
оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім
беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді
басқару органдары жүйесінің жиыны.
Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi
роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң
қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың
материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным
теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi
айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын,
объективтiк қатынастарды қалыптастырады.
Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр
мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа
талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті
пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл
жөнінде Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңының 8-бабында Білім беру
жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу,
білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге
шығу деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай:
Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай
білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін
тең ететін – білім. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің
алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың
әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі
зерттеліп, мектеп өміріне енуде.
Нұрсылтан Әбішұлы халыққа арнаған биылғы үндеуінде әлемдік білім
кеңестігінің көш басында жүрген академиялық институттар мен ғылыми
орталықтырды Қзақстанғы тарту үшін алғы шарттар жасау қажеттілігіне айрықша
тоқталды. Бұл талап еліміздегі білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға
арналған мемлкеттік бағдарламасы мен үндес. Осыдан – ақ Президент
саясатының білім беру жүйесін ілгерілетудегі бірізділігін аңғару қиын емес.
Өйткені ол былтырғы жолдауында да осы мәселеге айрықша көңіл бөлген еді.
Жаңа сапаға жетелеген талап үдесінен шығу үшін Қорқыт-Ата атындағы
Қызылорда мемлекеттік университетіндегі кең ауқымды ізденіс жұмыстарын
жүргізіп келеді.
Айталық білім берудегі сапа деңгейін айтарлықтай көтеру үшін Канада,
Оңтүстік Корея, Австрия, сол сияқты Ресейдің бірнеше ЖОО және ғылыми
орталықтары мен әріптестік байланыстар орнатылды. Сонымен бірге ұжымымыздың
Еуразия – Тынық мұхит университеттерінің ассоцациясына қабылдануы жаңа
сапаға көтерілгендігіміздің айқын айғағы. Біз үшін 2005 жылдың 16
қыркүйегінде Болон университетінде (Италия) Университеттердің Ұлы
Хартиясына қосылуымыз білім беру сапасын Еуропалық стандарттарға
сәйкестендіруге бағытталған, нәтижелі қадам болып отыр.
Нақты дәлел ретінде айтар болсақ, ұжымның ғылыми әлеуетінің жаңа
сапалық деңгейге көтерілуінің көрсеткіші 7 профессор-оқытушымыз ҚР жоғарғы
оқу орынының үздік оқытушысы мемлекеттік грантының иегері атанды. Облыс
ғалымдарының ғылыми әулетің өндіріспен ұштастыруда технопарк қызметінің
орны ерекше. Ғылыми жобаларды жинақтап, оларды қаржыландыру, осы
технопарктің негізгі қызметтерінің бірі болып табылады. Бұл бағытта
университет ғылымдарының 6 жобасы ұлттық инновациялық орталықтың
коталоігіне ендіріліп, өңдіріске енгізілуге әзір, бұған қосымша түрлі қаржы
көздерін пайдалану арқылы талантты жастардың элитарлық жоғарғы білім алуына
мүмкіндіктер жолдары қарастырылды.
Петро Қазақстан Құм көл Ресорсиз компаниясы мен облыс әкімшілігі
арасында жасалған екі жақты келісім шарт негізінде коорпоративтік Демеу
қоры бөлінген қаржы көмегімен қоршаған ортаны қорғау және өндіріс
шығындарын азайтуға бағытталған ғылыми ізденіс жұмыстарын жүйелі жүргізуге
және бірнеше білімді жастарымыздың алыс-жақын шет елдерде білім алуына
мүмкіндіктер туды.
Болашақ орта класс өкілдерін қоғам қажетіне сай тәрбиелеу ісіне
түрлі деңгейде білім беретін барлық мекемелер де жауапты екені белгілі,
осыған сәйкес университет ұжымы бірқатар ауқымды шаралар атқаруды жедел
қолға алды. Соның ішінде қысқартылған бағдарлама негізінде облыс көлемінде
балық және күріш кластерлерін дамыту қажетті мамандар даярлаудың икемді
жүйесі қалыптасып келеді.
Бұл жағымды жаңа әдіс арқылы студент жастарды университет
қабырғасында шағын және орта бизнеспен айналысуға бейімді оқыту
республикамыздың дүние жүзілік сауда ұйымына қабылданары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықтық тәрбие берудегі мектептің ролі
Қазақстан Республикасының Конституциясындағы, Білім Заңындағы жоғары білім алу туралы тұжырымдар
Қазақстандағы білім беру саласының жағдайы және болашағы
Арнайы білім беру жүйесін регламенттейтін құжаттар
Қоғамның даму тенденциясына сай бүгінгі білім жүйесінің дамуы
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы. Білім беру мақсаттары
Қазақстан мектептеріндегі орта білім беру жүйесі
Мектеп тыс тәрбие мен оқыту
Тіл туралы заң
Арнайы білім беру жүйесінің жалпы сипаттамасы
Пәндер