Тұтынушылық сұраныс және жарнама



Пән: Маркетинг
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Батыс Қазақстан гуманитарлық колледжі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Тұтынушылық сұраныс және жарнама

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2016ж.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1.Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарынының сипаты
1.1 Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының негізгі
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Мейрамханалардың саудалық және қосымша бөлмелері, олардың
құрылғылары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2. Тұтынушылық сұраныстың факторлары
2.1 Тұтынушылық
сұраныс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..18
2.2 Тұтынушыларға қызмет көрсету
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..27

Кіріспе
Жарнама адамзатқа ерте заманнан белгілі. Жарнама француз тілінде
reclame -айқайлап айту дегенді білдіреді. Жарнама – тауарлар мен қызмет
түрлерінің тұтынушылық қасиеті туралы іс-шаралар, бір нәрсені хабарлау.
Жарнама қай кезде де адамдармен тиімді болатындай қарым-қатынасқа
бағытталады. Жарнамалық шығармашылық - әлемдік мәдениеттегі өзінше бөлек
объект. Жарнаманың көрнекті әрекеттерінің көп ғасырлы дәстүрі бар.
Халықтық қолданыс тауарлары сауда ұйымдарының диапазонында сапасы мен
халықтың өсіп қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, кәсіпорындар толығымен
тұтынушылық сұранысты зерттеу керек. Оның бухгалтерлік мемлекет пен
коммерциялық жылжымайтын мүлік сату ұйымдардың, бизнес, компаниялар,
фирмалар мен басқа да нысандарын екі жұмыс істеуі үшін қажетті шарт болып
табылады. Сұраныстың жүйелі зерттеу жоқ табысты халықтың қажеттілігін,
өнімнің экономикалық және қоғамдық ұйымдар (тауарлар, қызметтер, зияткерлік
меншік) жиналыс міндеттерді шеше алмайды.
Өтпелі экономика қиыншылықтарын бастан кешіріп отырған жас
мемлекетімізде бәріміз де шамалы кәсіпкер болуға мәжбүрміз. Сіздің жеке
фирмаңыз болмаса да, өзіңіз шыратын тауарды сатпасаңыз да, жұмыс берушімен
келісім шартқа отыру үшін жарнама ережелерін білуіңіз қажет. Жарнама істің
(кәсіптің) тиімді кіріспе бөлігі болып табылады.. Өз тауарыңды өткізу үшін,
тек қатты айқайлап сатып алушыларды шақырып қана қоймай, қазіргі заманғы
жарнама қулықтарының барлығын да білген жөн. Сауданы мәдениетті жүргізуде
бірден бір қажетті іс – жарнама.
Сатып алушы сізді таңдау үшін жарнаманы қалай жасау керек?
Жарнама қашан да қажеттілікке ие. Тұтынушыға қажетті тауарды табуға,
ал өндіруші мен сатушыға оны өткізуге көмектесе отырып, жарнама айналымды
жеделдетеді. Неғұрлым жарнама сәтті болса, соғұрлым сауданың жүруі
кеңейеді. Жарнама жаңа сұранысты тудырады. Ақырында, осы жарнама өмірге
жаңа мамандықты, кәсіпшілікті, армандар мен идеядарды әкелді.
Кәсіпкер жақсы және нашар жарнаманың ерекшелігін білуі қажет, бұл үшін
жарнаманың құрылу принциптерін білу қажет. Тауарды өткізу туралыәртүрлі
керекті ақпаратты жинау, өңдеу және ұйымдастыру әрекеттерін біріктіретін –
нарықтық сараптама. Мұның өзі мөлшерлік және сапалық нарықтық сараптама
болып бөлінеді. Осыдан жарнаманың негізгі мәні анықталады: бұл тауар туралы
айту емес, сатып алушының сол жарнамаланған тауар қанағаттандыруы тиіс
қажеттілігін еске салу.
Жарнамада айтылатын адам қажеттіліктерінің негізгілері мынадай:
Азық-түлікке деген қажеттілік – тағамдар мен сусындардың рөлінің
қандайлығы айтпаса да түсінікті. Көпшілік адамдар үшін түскі ас, әсіресе үй
асханасынан басқа жерде тамақтану ұнайды. Бұл әрі адамдармен кездесу
уақыты. Бұл байланысты тағам мен сусын жарнамасында тиімді пайдалануға
болады.
Өзін-өзі сақтауға үлкен қауіп - жұмыссыздық, кірістің болмауы, ауру
және мүгедектіктен келеді. Тұтынушы мен оның отбасының қауіпсіздігін
сақтандыру компаниялары, фармацевтикалық өнеркәсіптер, медицина, полиция,
өрттен қорғау, мемлекеттік ұйымдарды реттеу жарнамалары бекіте алады.
Жарнамалық өнім негізінде жаңа тауарға деген адамның талпынысы жатуы
керек. Егер сауда орталығының басшылары уақытты қызықты өткізуді де
қанағаттандыру керектігін түсінбесе, онда нарықтың өз үлесін кеңейтуге оның
үміті ақталмайды. Бұрын мұны бәрі білді және тұтынушыларын қала
өсектерімен, күлдіргі әңгімелермен қызықтырды.

1.Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарынының сипаты
1.1 Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының негізгі түрлері
Қоғамдық тамақтану кәсіпорындары деп кулинарлы өнімдер, сонымен қатар
әртүрлі ұннан жасалған кондитерлі, тоқашты өнімдерді шығаратын
кәсіпорындарды айтады.
Қоғамдық тамақтану кәсіпорындары мейрамхана, кафе, бар, буфет, асхана,
дәмхана және тағы басқа өндіріс орындарына бөлінеді. Толық өндіріс циклі
бар кәсіпорындар шикізатты қарастырады, жартылай фабрикаттар мен дайын
өнімдер шығарады, содан кейін оларды залдарға, буфеттерге, кулинарлы
дүкендерге жеткізеді.
Тұтынушыға қызмет көрсету барысында қоғамдық тамақтану қәсіпорындары
түрі, орналасқан жері, материалдық-техникалық дәрежесі және көлемі бойынша
класс пен түрге бөлінеді.
1. Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының негізгі түрлері.
Қызмет көрсету ерекшеліктеріне, кулинарлық өнімдер ассортиментіне,
тұтынушыға арнайы қызмет көрсету номенклатурасына байланысты кәсіпорындар
бірнеше түрге бөлінеді.
Қоғамдық тамақтану кәсіпорындары өндірістік – сауда белгілері бойынша
дайындау және алдын-ала дайындау кәсіпорындары болып бөлінеді.
2. Дайындау кәсіпорындары.
Дайындау кәсіпорындары - жартылай фабрикаттар, сонымен қатар
кулинарлық өнімдер, ұннан жасалған кондитерлік өнімдер шығаруға арналған
механикаландырылған кәсіпорындар. Бұл жартылай фабрикаттар мен кулинарлық
өнімдер фабрикалары, кулинарлы фабрикалар, фабрика асхана, тез мұздатылатын
өнімдер фабрикалары, жартылай фабрикаттар өндіретін арнайы цехтар және тағы
басқа.
Жартылай фабрикаттар дайындауға арналған ірі механикалық кәсіпорындар
ретінде жартылай фабрикаттар мен кулинарлық өнімдер фабрикалары қызмет
көрсетеді. Онда жоғары өндірісті қондырғылар орнатылған: автоматтар,
механикалы автоматты желілер. Фабрикаларда шаруашылық қоймалары, шикізатты
және дайын өнімді сақтау үшін тоңазытқышты камералар бар.
- Кулинарлық фабрика – тағамды индустриальді тәсілмен дайындайды.Өнімді
алюминий немесе пластмасс ыдыстарға, жұқа пленкаға және пакеттере
салады. Кулинарлық фабрика жоғары дәрежеде механикаландырылған:
механикалық және автоматты желілер, үздіксіз жұмыс істейтін
құрылғылар.
- Фабрика –асхана – өздері өндірген кулинарлық және кондитерлік өнімдер
шығаратын ірі механикаландырылған кәсіпорын.
- Жылдам мұздатылатын тағамдар фабрикасы – дайын өнімдер шығаруға
арналады, содан соң алдын-ала дайындау кәсіпорындарына буылып-түйілген
немесе блок күйінде келіп түседі.
- Жартылай фабрикаттар шығаратын арнайы цехтар – етті, балықты,
көкеністі жартылай фабрикатты дүкендер.
- Тамақтану комбинаты – құрамына қарай фабрикалары (цехтар), алдын-ала
дайындау кәсіпорындары (асхана, мейрамхана, дәмхана, кафе), кулинарлық
дүкендер кіретін ірі өндіріс орындары. Тамақтану комбинаты басқа да
көптеген кәсіпорындар үшін әртүрлі жартылай фабрикалар мен кулинарлық
өнімдер дайындай алады.
Тамақтану комбинаттары, ереже бойынша ЖОО ірі өндірістік кәсіпорын
алаңдарына орналастырылады. Дайындау фабрикаларын жеке тұрған ғимараттарға
және алдын-ала дайындау орындарына, асхана, кафе, буфеттерге дәліз арқылы
жалғастырылып орналастырылады.
3. Алдын-ала дайындау кәсіпорындары.
Алдын-ала дайындау кәсіпорындары – қоғамдық тамақтану кәсіпорындарынан
келіп түсетін, дайын суық тамақтар мен жоғары дәрежелі дайын жартылай
фабрикаттар мен дайын салқын тағамдар әзірлейтін кішігірім кәсіпорындар.
Оларға: асхана, вагон-мейрамхана, кафе, дәмханалар жатады.
Халықаралық еңбек бөлінісі мен жұмыстық байланыс интернализация кезеңі
әртүрлі фирмалардың пайда болуына әкеліп соқты. Осы фирмалар жылдам
тамақтану кәсіпорындарына, кафе, мейрамхана, бистро, барларға
жүздеген жартылай фабрикаттар өндіреді.
Мол ассортиментті өнімге маманданудан жылдам қызмет көрсететін
кәсіпорындар пайда бола бастады. Олар ұсынады:
- Гамбургер –McDonald`s Burger King
- Пицца- Pizza Hut
- Теңіз өнімдері- Red Lobster
- Балапаннан жасалған өнімдер-KFC
- Бифштекс-Sizzler
- Сандвич-Subwey
- Блины-Country Kitchen
Мысалы, орыстардың саудасында мейрамхана тағамдарын дайындау үшін
әртүрлі жартылай фабрикаттар жеткізетін көптеген шетелдік фирмалар пайда
болды. Солардың бірі неміс компаниясыМеггле- Ле Жале мейрамханасына,
Националь, Рэдисон-Словянская, Савой қонақүйлерін сүт өнімдерімен
қамтамасыз етеді. Ыстық десерт, тіскебасар әзірлеуге: табиғи ірімшік
Бонетта-көкеністен жасалған тағамдарға арналған соустар үшін, чеддер сыры-
мини-бургер үшін, қоспалары бар май-сиырдан дайындалған стейікті қуыру
үшін, кілегей-прамен (қантта қуырылған миндаль) үшін жасалады.
Өндіруші фирмалардың көпшілігінің әлем асханасының ұлттық сипаты бар.
Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының класы-қызмет көрсету деңгейі,
сапасы мен шарттарын сипаттайтын, белгілі бір кәсіпорынның ерекшелік
белгілерінің жиынтығы.
МЕСТ Р 50762-95- Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының кулинариясы 5
түрге бөлінеді: мейрамхана, бар, кафе, асхана, дәмхана.
Кәсіпорын түрлерін анықтау кезінде келесі факторлар ескеріледі:
- Сатылатын өнім ассортиментін дайындаудың күрделілігі мен саналуандығы;
- Техникалық жарықтандыру(материалды база, инженерлік-техникалы жарық
және құрылғылар, бөлме құрылысы, сәулет-жоспарлық шешім және тағы
басқа);
- Қызметкөрсету тәсілдері; қызметшілер
Мейрамхана – күрделі дайындалатын көп ассортиментті, арнайы тапсырыс
пен фирмалық тағамдар, арақ – шарап, темекі және кондитер өнімдері мен
демалу, қызмет көрсету деңгейі өзара үйлескен қоғамдық тамақтану
кәсіпорыны.
Мейрамханалар орталық, ірі көшелерде, темір жол мен автобекеттерде,
фэропорттарда, су жағалауында, демалыс үйлерінде, қонақүйлерде,
мотельдерде, көпшілік демалатын орындарда: саябақтарда, бақтарда, сонымен
қатар алаңдарда, қала шетінде, орталық кешендерде, тарихи және
архитектуралық ескерткіштер орналасқан аймақтарда салынады.
Мейрамханада келушілерге арнайы дайындықтан өткен даяшылар, бармендер
қызмет көрсетеді. Сусындар мен тағамдарды жоғары біліктілікті аспазшылар
дайындайды. Мейрамханада қызмет көрсетушілер бірдей киім мен бірдей
үлгідегі аяқ киім киюлері керек.
Шетелдік саяхатшыларға, қонақтарға қызмет көрсету үшін даяшылар ереже
бойынша бір шет тілін білуі тиіс.мейрамхана тек қана күнделікті келүші
қонақтармен шектелмейді, сонымен қатар олар съезд, конференция, арнайы
ұйымдастырылған кештер, жанұялық мерекелер, банкет пен тематикалық кештер
өткізушілерге де қызмет көрсетеді.
Көбіне мейрамханаға келушілер түскі ас пен кешкі асты ішеді, ал
съезд, жиналыс, конференцияға қатысушылар бір күн толығымен осы
мейрамханадан тамақтанады. Мейрам күндері, сенбі және жексенбі күндері
көптеген мейрамханалар ұлттық тағамдар дайындайды.
Кейбір мейрамханалар бір жанұяға арналған тағам дайындайды, оларға
қызмет көрсетеді. Бұл қызмет көрсетудің түрі балалардың санын есептеп,
арнайы меню жасауды талап етеді, сонымен қатар тағамдардың бағасы жоғары
болмау керек.
Люкс класты мейрамханалар фирмалық тағамдардан басқа, менюде
көрсетілмеген басқа да тағамдар дайындайды. Сатылатын тауарлар
ассортиментіне: шоколад, кәмпиттер (әр түрлі), жеміс-жидектер, цитрус
жемістері болу керек.
Люкс класты мейрамханалардың витриналарын безендіреді, оған әртүрлі
декоративті материал, жарық және оптикалық эффектілер, түсті диапозитифтер,
фотографиялар қолданады. Витриналардан кәсіпорын туралы мәліметтерді көруге
болады: асхана спецификасы, қызмет көосету кешені. Бірінші класты
мейрамханалардың витриналары қарапайымдау болып келеді.
Мейрамханадағы жиҺаздардың негізгі түрлері: устелдер екі, төрт, алты
орынды (тіктөртбұрышты, төртбұрышты, дөңгелек және басқа) орындықтар
(арқасы бар жұмсақ); диван-орындық (банкет); даяшыларға арналған
серванттар, гүл салғыштар, журнал столдар.
Люкс класты мейрамханалар асханадағы ыдыстар мен приборларды арнайы
тапсырыс бойынша (тот баспайтын болат, жоғары сапалы фарфор, сапалы шыны)
жасайды немесе асхана және қызмет көрсету түріне сай етіп жасалады.
Фарфордан жасалған әрбір ыдыста кәсіпорынның төл белгісі (эмблема) болуы
керек. Жиындар мен банкеттерде мельхиор мен хрусталь приборларды
пайдаланады.
Асханалық үстел жапқыштар (банкеттік, ақ немесе түсті үстел жапқыштар
мен майлықтар) бөлме интерьеріне сәйкес арнайы тапсырыспен тігіледі. Әрбір
үстел жапқышта мейрамхананың төл белгісі, монограмма бейнеленеді,
мейрамхананың толық аты жазылады. Үстел жапқыштар қонақтар кеткеннен кейін
ауыстырылып отырады.
Бірінші класты мейрамханаларда металл ыдыстар, тот баспайтын
приборлар, фарфордан жасалған ыдыстар, ақ және түсті үстел жапқыштар мен
майлықтар қолданылады.
Люкс класты мейрамханаларда қосымша көрсетілетін қызмет түрлері: тағам
дайындау мен мерекелік үстелге қызмет көрсету, түстіктерді және басқа да
тағамдарды үйге жеткізу, белгілі бір уақытқа алдын-ала орындарға тапсырыс
беру, клиент өтініші бойынша такси шақыру, сувенирлер, гүл сату.
Жоғары класты мейрамханаларда банкеттік зал, бар, коктейл-холл болады.
Бөлмелер әдемі әрленген, белгілі бір стильде, мейрамхана атына сай болу
керек.
Люкс класты мейрамханалардағы меню топографты тәсілмен басылу керек.
Мұндай мейрамханаларда шетел қонақтары үшін меню үш тілде ( ағылшын,
француз, неміс) басылады.
Менюге арналған фирмалық қап, жарнамалық афишалар, буклеттер,
құттықтау қағаздары мен шақыру билеттері қалың қағаздан немесе картоннан
дайындалады. Беттерге мейрамхана атынан басқа, оның төл белгісін, кәсіпорын
бағытын сипаттайтын сурет түсіріледі.
Люкс және жоғары класты мейрамханаларда оркестр, аспапты және вокалды
ансамбль, концерттік бағдарламалар қойылады. Люкс класты мейрамханада
жоғары сапалы стереофониялық радиоаппаратура пайдаланылады.
Мейрамханалар ерекшеленеді:
-өнім ассортименті бойынша – балық, сыра , ұлттық асхана немесе шетел
асханасы;
-орналасқан жері бойынша – қала, вокзал, қонақүй, демалыс орны, вагон-
мейрамхана және тағы басқа.
Қалалық мейрамханалар қала ішінде орналасады да, белгілі бір уақытқа
дейін қатаң жұмыс істейді. Олар көптеген тағам, тіскебасар, сусындар
ассортиментін ұсынады.
Бекеттік мейрамханалар теміржол немесе аэробекеттерде орналасады да,
үзіліссіз жұмыс істейді. Бұл мейрамханалардың менюіндегі тағамдар саны
шектеулі болады.
Ең ірі де, атақты қонақүйлер құрамына кіретін қонақүй кешендерінде 2
мейрамхана болуы мүмкін-фишенебельді-фирмалық және бағасы жоғары емес
тағамдар мен сусындары бар шағын мейрамхана.
Ұлттық және тематикалық мейрамханалардағы негізгі шарт: менюде
көрсетілетін тағамдар мен сусындардың негізгі – фирмалық өнім болуы тиіс.
Судағы мейрамханаларда жолаушылар мен туристерге сапар кезінде қызмет
көрсетіледі. Таңғы ас, түскі ас, кешкі ас; кулинарлы, кондитерлі өнімдер,
суық сусындар беріледі. Даяшылар қызмет көрсетеді.
Ірі су жолаушы теплоходтарында бір немесе бірнеше мейрамхана – салон,
буфет, бар, асхана бөлмесі болады. Мейрамхана салон залдарының сыйымдылығы
– 48ден 150 орынға дейін. Оларға жиһаздың келесі түрлерін қояды: үстелдер,
орындықтар, серванттар. Залда буфет орналасады. Үстел мен серванттар еденге
бекітіледі.
Вагон-мейрамханалар – көбінесе темір жолдарда орналасады. Ол бір
күннен аса жолда келе жатқан жолаушыларға қызмет көрсетеді.
Купе-буфет- сапар ұзақтығы бір тәуліктен аспайтын поездарда болады.
Купе-буфет үшін екі-үш купе орны беріледі. Жалпы салоннан сөрелер арқылы
бөлінеді, тоңазытқыштар мен шкаф жәшіктермен жабдықталады. Негізгі
ассортименті: бутерброд, суға пісірілген жұмыртқа, сүт өнімдері,
сосискалар, сарделькалар, ыстық сусындар (шай, кофе, какао), кондитерлік
және нан-тоқаш өнімдері, алкогольсіз сусындар, шырындар, жемістер.
Жолаушыларға буфетші қызмет көрсетеді.
Автотуристерге арналған мейрамханалар шоссе мен ірі автотұрақ маңында
орналасады және көлігін қараусыз қалдырғысы келмейтін автокөлік иелеріне
арналады.
Бар – бар тұрағы бар , арнайы мамандандырылған кәсіпорын. Барда көп
ассортиментті аралас сусындар, сонымен қатар тағамдар, тіскебасар және
кондитер өнімдері сатылады. Бардың негзгі мақсаты – келуші қонақтардың
жақсы демалуы, ән тыңдап, видеобағдарламаларды тамашалауы.
Бар ассортиментіне байланысты сыралық, шарапты, сүтті, коктейль-холл
және коктейль-бар болып бөлінеді. Коктейль-холдың коктейль-бардан
айырмашылығы залдың кеңдігі мен әртүрлі қондырғылардың болуында.
Барды мәдени және сауда орталықтарында, микроаудандарда,
мейрамханалардың ішінде, кафе, қонақүйлерде орналастырады.
Бар ғимаратының орналасуына байланысты: вестибюльдік (кездесу және
әңгімелесу үшін), мейрамханалық (мейрамхана интерьерінде), көмекші (қонақүй
қабаттарында), банкеттік (банкет залында), мини-бар (қонақ бөлмелерде)
болып бөлінеді.
Бар менюінде аралас сусындар, табиғи алкогольді сусындар да бар.
Бардағы белгілі тіскебасарлар – сырдан жасалған таяқшалар, канапе,
тарталетки, оливки, тұздалған миндаль, фисташки. Ал кондитерлік өнімдер аз
ассортиментте: кіші пирожныйлар, шоколад, кәмпит және цукат.
Әрбір барда стереофониялық дыбыс шығаратын аппаратура болу керек.
Билейтін алаңның ауданына 50 адам сиюы керек.
Жастардың демалыс орнына, кездесу мен араласу көзіне айналған әртүрлі
алкогольсіз барлар пайда бола бастады.
Жақсы жарықтандыру, интерьердің безендірілуі мен жоғары дәрежелі
музыкалық қызмет көрсетудің арқасында барлар атақты бола бастады. Соларға
мінездеме берсек:
Салат-барда ашық шыны тоңазытқышты витриналары бар. Онда алдын ала
салат дайындауға арналған компоненттер сақталады; қияр, редис, қызанақ,
оливки, жұмыртқа, сәбіз, қызылша, аскөк, сарымсақ, петрушка, сельдерей,
орамжапырақ, сонымен қатар ет, балық, шұжық, сыр, ірімшік және тағы басқа.
Әрбір тұтынушы өзіне қажетті салат компоненттері мен қоспаларын өз қалауы
бойынша салып алады. Жеке ыдыста; май, сірке суы, қыша, хрен, қаймақ,
майонез, қант ұнтағы, тұз, бұрыш сақталуы керек.
Бұл барлар шведтік үстел нұсқасын көрсетеді.
Жеміс-бар – алкогольді сусындарды аз пайдалану мақсатында пайда болған
қоғамдық тамақтанудың жаңа кәсіпорны. Ереже бойынша бұл кәсіпорынның іші
безендіріледі. Мұнда жарықтандырылған құрылғылар бар: шырындар қойылған
сөрелер (15 түрге дейін), стойкалар, сүт коктейіліне арналған
электромиксер, электрлікофейник, самауыр. Келушілер шырыннан басқа шай,
кофе, кондитерлік өнімдер ала алады.
Сүт-бар – сүт және қаймақты коктейлден басқа бұл барда бутерброд,
сэдвич, сырдан жасалған таяқшалар, сүт тағамдары (сүтті лапша), кілегейлі
блинчиктер, ірімшіктен жасалған өнімдер, ұннан жасалған тағамдар, тәтті
өнімдер мен сусындар болады. Келушілердің назарын тағамды олардың көз
алдында дайындайтын барлар аударады.
Диско-бар – күндіз кафе, ал кешке бар түрінде жұмыс жасайды. Оларда
үнемі би кештері ұйымдастырылып тұрады.
Диско-барларда жеке тұрған ғимаратта орналастырады. Мұнда демалыс
кештері болады, ркестр, әншілер мен әртістер өз өнерлерін көрсетеді.
Ереже бойынша диско-бар жеңіл салқын және аралас сусындар, жеңіл
тіскебасарлар ұсынады. Ыстық тағамдар да болуы мүмкін. Десертке: құлпынай,
шабдалы, кофе, жаңғақ қосылған балмұздақтар да бар. Зал жаңа заман талабы
бойынша әрлену керек. Би алаңында түсті паркет, жарықа сәйкес шамдар болуы
керек.
Слайдтар үшін үлкен экран қойылады. Сонымен қатар, музыкалық
апараттар, жарық әсерлері, теледидар, видеомагнитафон қойылады. Музыкалық
бағдарламаны диско-жокей өткізеді.
Экспресс-бар (яғни, сол сәтте қызмет көрсету) сауда орталықтарында,
қонақүйде, бекеттерде орналасады. өнім ассортименті барға сәйкес келеді:
бутерброд, тарталетка, фарш қосылған волован, кондитерлік сүт өнімдері.
Снэк-бар (дәмхана) – келушілерге жылдам қызмет көрсетуге арналған.
Ереже бойынша менюдегі тағамдар ассортименті шектеулі: бифштекс, лангет,
құстан жасалған тағамдар, суық сусындар, шырындар, коктейль, кофе.
Сыра бары – бөтелкедегі және құйылатын сыра сатуға арналған. Құйылмалы
сыраны арнайы кран-дозаторлар арқылы босатады. Сатылымда жемісті және
минералды сулар болғаны дұрыс. Алкоголь деңгейі жоғары сусындар сатылмайды.
Сыра барларында сырамен қатар, салқын және ыстық тіскебасарлар,
бутерброд, сыр, тұздалған, ысталған балық түрлері, қытырлақ картоп,
кептірілген қытырлақ нан, зәйтүн, шаян сатылады.
Шарап бары (коктейль-бар) – көбінесе қонақүй, мейрамхана, кафелерде
орналасады. Мұнда канапе, бутербродтар, тартинка, гренка алуға болады.
Кейбір барларда икра немесе семга қосылған блины береді.
Егер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұсыныс қисығының жылжымасы
КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ МАРКЕТИНГТІК ҚЫЗМЕТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Өндірістің тиімділік әдістемесінің негіздері. ұсыныстың теориясы
Кәсіпкерлерге арналған маркетинг
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Фирма стратегиясы мен оның бәсекеге қабілеттілігін басқару
Азық–түлік өндіруші кәсіпорындардың маркетингтік іс-әрекетін талдау
Кәсіпкерлік қызметті дамытуда маркетингтің ролі туралы
Жapнaмaның тeopиялық нeгiздepi
Банк маркетингінің қызметі - банк өнімдерін айналымға түсіру бойынша банктің маркетингтік қызметінің түрлері
Пәндер