Бастауыш сыныпта ағылшын тілінен оқуға үйрету жолдары



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Шетел тілдері кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы:
Бастауыш сыныпта ағылшын тілінен оқуға үйрету жолдары

Орындаған: 03301 топ студенті

Тексерген: аға оқытушы Насимуллина А.Б.

Орал - 2015 ж.
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.БАСТАУЫШ СЫНЫПҚААҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
1.1 Ағылшын тілін бастауышта оқыту әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...5
1.2 Бастауыш сыныпта ағылшын тілін оқытудың ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. .8
1.3 Ағылшын тілінен оқушыларды оқуға үйрету ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..12
2. Бастауыш сыныпта ағылшын тілінен оқуға үйретудің әдістері
2.1 Бастауыш сыныпта ағылшын тілін оқыту құралдары ... ... ... ... ... ... .. ... ...15
2.2 Ағылшын тілінде оқуға қойылатын негізгі талаптары ... ... ... ... ... ... .. ... ..20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29

Кіріспе
Қазақстан бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі.
Зерттеу өзектілігі. Қазіргі өмір талабы - оқу және тәрбие процесін түбегейлі өзгерту. Еліміздің тарихында болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, білім беру саласындағы жаңа бағыттар ағылшын тілін оқытуды үнемі жетілдіруді, оқытудың ғылыми және әдістемелік деңгейін көтеру міндеттерін жүзеге асыруды талап етуде.
Осыған орай, ағылшын тілін тілдің үш тұғырының бірі ретінде қызмет етуінің алғышарты - оның қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қолданылуы болып табылады. Жер шарын мекендеген мыңдаған ұлттар мен ұлыстардың бір-бірін түсінуіне - халықаралық сипат алған ағылшын тілінің ролі зор.
Ағылшын тiлiн үйрену арқылы оқушылар бiлiм дегейiн көтерiп, өз халқы мен басқа халықтар арасындағы ұқсастықтар мен ерекшелiктердi ажыратуға дағдыланады. Сөйтіп, өз пiкiрi қалыптасады, түрлi елдер мәдениетiн үйренедi.
Соңғы он жылда ағылшын тілін бастауыш сыныптардан бастап оқыту көптеген мектептерде эксперименттік деңгейде жүргізіліп келді. Биылғы 20142015 оқу жылында барлық мектептерде 1- сыныптан бастап шет тілі енгізілді. Менің ойымша біздің мұғалімдерге бұл шешім ешқандай қиындық тудырған жоқ, себебі біздің мектепте бастауыш сыныптарда шет тілі факультатив сабақтар түрінде бірнеше жылдар бойы жүргізіліп келді және былтырғы жылы эксперимент ретінде енгізілген болатын.
Ағылшын тілін ерте жастан оқытудың мақсаты - оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады. Ерте жастан ағылшын тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін арттырады, оқушылардың қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді, бірден көп тілдерде сөйлеуге мүмкіндік алады. Ал әлемдік тіл ретінде бейресми түрде орныққан ағылшын тілін меңгеру ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түседі. Қазір ағылшын тілін білу - уақыт талабы.
Курстық жұмыстың мақсаты - бастауыш сынып оқушыларына ағылшын тілін үйретудегі әдістемелердің қолданысы мен оқытудың технологиясын қарастыру.
Курстық жұмыстың мақсатын зерделеуді нақтылау үшін міндеттер төмендегідей етіп бөлінді:
+ мектеп оқушыларына ағылшын тілін меңгертудің тиімді жолдарын, шет тілге оқытудың осы замандық озық үлгілерін анықтау;
+ тілдерді меңгерудегі тыңдау, сөйлеу, оқу және жазудың артықшылықтарын анықтау;
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.БАСТАУЫШ СЫНЫПҚААҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
1.1 Ағылшын тілін бастауышта оқыту әдістемесі
Қазір қазақстандық мұғалімдердің педагогикалық шеберліктерін арттыруға арналған деңгейлік курстар жүріп жатыр. Сындарлы оқыту ториясына сүйенсек, бүгінгі күні білім дайын күйінде қабылданбай, оқушылар оны өздігімен ізденіп құрастырса, тұлғаның дамитыны, алған білімі ұзақ мерзімде есте сақталатындығы дәлелденіп отыр. Бұл бағдарламаның негізгі қағидаларының бірі:
1) оқытушының негізгі рөлдері: жетекші, ұйымдастырушы, менеджер,
2) сыныпқа кіргеннен бастап жақсы көңіл-күймен сабақты өткізу, т.б. Қазіргі кезеңде пән мұғалімдерінің кеңінен қолданып жүрген тілдік жаттығуларының біріне Warming up жаттығуын кіргізуге болады.
Тілдік жаттығудың мақсаты - сабаққа деген бетбұрыс туғызу. Тілдік жаттығу барысындағы мұғалімнің жылы дауысы, сұрақтардың алдын ала ойластырылып тапсырмалардың дұрыс жоспарлануы мұғалім мен оқушының арасындағы жақсы қарым - қатынас туғызып, алдағы сабақтың нәтижесін жоғарлата түседі. Бастауыш сыныптың оқушылары тез шаршап кетеді, сондықтан сергіту сәттерін қолданып отыру, оқушыларға қозғалуға, жүруге мүмкіндік беру, әр тапсырманы 6-7 минутта орындап, тапсырмаларды түрлендіріп отыру қажет. Диалогты сөйлеуде - оқушылар сұрақ - жауап, өтініш айту, нұсқау беру және тағы басқа жұмыстары ретінде қарапайым іс -- әрекеттерді жасай алуы тиіс. Балалар бөлік элементтерден жаңа, тұтас жағдай құрай алуы керек. Оқушылар жалпы арнаулы сұрақтарды қоя алуы, әр - түрлі сұрақтарға жауап бере алуы, өтініш, бір нәрсемен келісетінін немесе келіспейтіндігін білдіре алуы керек. Оқушылардың сөйлеу қарқынын өсіру қажет және әр оқушы сөйлегенде екі репликадан айтуы қажет. Шағын шығарма жазу оқушылардың тек жазу, тілді түсіну, сөйлеу қабілеттерін арттырып қана қоймай әр баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына себеп болады. Бұндай шығармаларды көп уақыт алмай 5 минуттық жазу ретінде өткізу әбден мүмкін. Шығарма тыңдау барысында диалогтағыдай баланың жіберген қателеріне емес, оның идеясына, өмірлік тәжірибесін сипаттай білу қабілетіне көбірек назар аударған жөн.
Оқушылардың көпшілігі ағылшын тілін оқуға үлкен қызығушылықпен кіріседі. Олар ағылшын тілінде қалай сөйлейтінін естігісі және сөйлегісі келеді. Бастапқы кезеңде аз сөздерді ғана айтса да, соған қуанады. Олар амандасып, қоштасып үйренеді, заттардың атауларын білгісі келеді. Мұғалім осы кезде олардың тілін тыңдап, қолдап, дамытып отыруы қажет. Қарым-қатынас екі жақты болуы керек, ол тындай білуге, сұрай білуге үйретеді. Мәдениетті сөйлей білуге шет тілі арқылы қол жеткізуге болады. "Адам адамға -- дос, жолдас, бауыр" деген моральдық кағиданы есте ұстаған жөн.
Оқушылар оқуға үйренеді, кітап оқи білудің тәрбиелік маңызы зор. Ағылшын тілінде оқуды үйрету оқу мәдениетін көтеруге көмектеседі. Сондай-ақ мәнерлеп оқу да оқушының мәдениеттілігін көрсетеді. Оқу арқылы интеллектуалды еңбекті де дамытуға болады.
Балаларды оқи білуге, акыл-ой еңбегінің тәсілдеріне үйрету керек, ол жазбаша және ауызша жаттығулар жасау үшін қажет. Оқушылар оқулықты, сөздікті және анықтамалыктарды пайдалана білуі керек, оқулық белгілерін түсіне білуі керек. Оқыту эстетикасы талғамды да қалыптастырады.
Ағылшын тілінде білім алу мен тәрбие education деген бір сөзбен беріледі, олар бір-бірімен өзара тығыз байланысты.
Дамыту мақсаттары оқушылардың сезім, қозғалыс, ақыл-ой, ерік-жігерін дамыту арқылы жүзеге асыруға болады. Даму тек қана ойлаумен байланысты емес.
Оқу-ұйымдастыру білігі мен дағдысын қалыптастыру дамытушылық мақсаттардың негізі болып табылады. Себебі, оқушының тіл білімі деңгейін жоғарлату және сол тілде ойлауды дамыту - тіл білімін дамытудың басты мақсаты.
Әйтсе де, окытудың барлық мақсаттары өзара тығыз байланысты. Демек, қарастырып жатқан мақсаттардың барлығы кез-келген тілді үйрену үшін өте маңызды. Сондықтан осы максаттарды алға қою арқылы қалаған тілді меңгеруге болатынын көреміз.
Кез келген тілдің ағартушылық қызметі өте зор. Әрбір тіл сол тілде сөйлейтін халыктың мәдениетінің тікелей көрсеткіші. (мәселен, француз тілі - француздар мәдениеті туралы хабар береді, иврит тілі - еврейлердің мәдениетінің көрсеткіші болып келеді). Оқушылар жаңа тілді оқып үйрену үшін сол тілде сөйлетін халық туралы хабардар болады, өз ойын дұрыс жеткізе алуды үйренеді, осының бәрі - тілді оқытудың ағартушылық мақсаты.
Ана тілін оқып үйренгенде тілдің негізгі кұралдары -сөздер мен грамматикалык формалар туралы түсінік қалыптасады. Ал, шет тілінің терминдермен салыстыру арқылы оқушы туған тілдің сөздері мен грамматикасының категориясын толық түсіне алады. Сондықтан, мұғгалім бірінші сабақтан бастап ана тілі мен шет тілін салыстыра отырып оқытады.
Мысалы: Верещагина, Притыкина ағылшын тілін өлең арқылы таныстыруды ұсынады ("wһаt іs уоur namе?"). Мысалы, дауысты дыбыстың ұзақ-қысқалылығы, т.б. сипатына қарай. Шет тілінде оқыту логикалық ойлауды дамытады. Тілді үйрену тыңдау, көру, есту, қозғалыс мүшелерін белсенді пайдалануға үйретеді, ол зейінді, қиялды, үғымды дамытады.
Оқытудың тәжірибелік мақсатының түсіну үшін шет тілі пәнінің ерекшелігімен танысуымыз қажет. Тіл - сырткы дүние мен қоршаған орта туралы білім алу көзі.
Бұл пәнді оқытуда оқушылар шет тіліндегі атаулармен, құбылыстарымен танысады. Танысу ауызша және жазбаша түрде жүреді. Осы екі түрді меңгеру шет тілін игерудің тәжірибелік мақсаты болып табылады. Яғни, оқушы шет тілін ауызша және жазбаша түрде пайдалана білуі тиіс.

1.2 Бастауыш сыныпта ағылшын тілін оқытудың ерекшеліктері
Қазіргі Қазақстандық қоғам көпұлттық, көптілділік және көпмәдинеттілік жағдайда. Сондықтан осы қоғамға бейімделген көп тілді меңгерген мәдениетті тұлға қалыптастыру -- өзекті мәселелердің бірі. Әлемдік білім беру жүйесі жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. Бұл ұстаным Қазақстан республикасының Білім туралы Заңында жан-жақты сипатталған: "Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу"
Тіл мәселесін сөзге тиек ете отырып, Н.Ә.Назарбаев қазақстандықтардың жаңа ұрпағы ең кем дегенде үш тілді біліп, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін білу тиіс екендігін айтты. Сонымен қатар ағылшын тілін кеңінен білмейінше, ұлттың бәсекеге шынайы қабілеттілігі туралы айту қиын болатындығын ескерте отырып, барлық ата- аналарды балаларын үш тілде оқытуға шақырды. Шәкірттер қазақ тілін толық әдеби нормада меңгеріп, орыс тілі мен ағылшын тілін еркін білу қажет. Ал ғалымдардың зерттеуінше, бала жас кезінде тілді қиналмай әрі еркін меңгереді екен. Сондықтан да орта білім беру жүйесінде басты бағыттардың бірі шет тіліне ерте жастан оқыту болып табылады. Соңғы он жылда ағылшын тілін бастауыш сыныптардан бастап оқыту көптеген мектептерде эксперименттік деңгейде жүргізіліп келді. Биылғы 20142015 оқу жылында барлық мектептерде 1- сыныптан бастап шет тілі енгізілді. Менің ойымша біздің мұғалімдерге бұл шешім ешқандай қиындық тудырған жоқ, себебі біздің мектепте бастауыш сыныптарда шет тілі факультатив сабақтар түрінде бірнеше жылдар бойы жүргізіліп келді және былтырғы жылы эксперимент ретінде енгізілген болатын.
Ағылшын тілін ерте жастан оқытудың мақсаты - оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады. Ерте жастан ағылшын тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін арттырады, оқушылардың қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді, бірден көп тілдерде сөйлеуге мүмкіндік алады. Ал әлемдік тіл ретінде бейресми түрде орныққан ағылшын тілін меңгеру ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түседі. Қазір ағылшын тілін білу - уақыт талабы.
Неден бастаған жөн деген сұраққа жақсы оқулық керек дер едім. Өйткені дұрыс таңдалған оқу құралы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. Қазіргі кезде ағылшын тілінен оқу құралдары өте көп, біздің мектепте Макмиллан баспасының оқулықтары қолданылып келді және қазіргі 1-2 сынып оқушылары Кембридж баспасының оқулықтарын пайдалануда. 1 сыныптар екі топқа бөлініп, аптасына бір сағаттан оқытылады. Оқу-әдістемелік топтамасы ретінде Кембридж баспасының Қазақстан мектептеріне бейімделген "Primary Colours 1" оқулығы алынған. Авторлары Диана Хикс және Эндрю Литлджон. Бұл кітаптардың ерекшелігі сөйлеу мен тыңдау дағдыларын дамытуға арналған оқу кітабы мен дискілер, жазу тапсырмалары бар жұмыс кітабы және әр сабақтың жоспары мен әртүрлі әдіс-тәсілдер көрсетілген мұғалімге арналған кітабы, тақырыпқа сай көрнекіліктері берілген.
Тілді үйрену сабақтарында оқушылардың тыңдау, оқу, жазу, сөйлеу дағдыларын дамыту сабақ барысында жүзеге асып отыруы тиіс және жазудан гөрі оқушылардың тыңдап түсінуіне, сөйлеуіне көбірек назар аударылады, өйткені бұл жаста балалардың көбі есту, көру арқылы есте сақтайды. Бастауыш сыныпта ата-аналардың көмегі де өте маңызды. Егер олар бүгін сабақта үйренген сөздерін күнделікті үйде қайталап отырса, келесі сабақта балалар оны ұмытпай еркін қолданатын болады. Бірақ өкінішке орай ата-аналар арасында ағылшын тілін білмейміз, көмектесе алмаймыз деушілер көп. Бұндай жағдайда мен интернетті қолдануға, сөздіктерді пайдалануға ақыл-кеңес беремін(мысалы: google-переводчик).
Сонымен қатар оқушылырдың ағылшын тілінде ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыту бағытында түрлі іс-әрекет ұйымдастыруға болады. Шет тілі пәні бойынша оқушы ереже мен ұғымдар анықтамасын тек жаттап алғаннан гөрі, оларды іс жүзінде саналы түрде қолдана алуы қажет. Түрлі тапсырмалар мен жаттығулар арқылы теориялық білімді шыңдауға болады. Мысалы, жаңа сөз бірліктерін енгізуде міндетті түрде суреттермен көрсету, сөздерді қайталау, жатқа айту сияқты тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың есте сақтауы артып отырады. АКТ құралдарын пайдалану арқылы балалардың сабаққа деген қызығушылықтары артады, сабақта белсенділік танытады.
Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың білім - біліктілік, танымдық, коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда ойын элементтерін қолдану керек. Ұлы педагог В.А.Сухомлинский Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз шығармашылықсыз, толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды дегендей, әр сабақ барысында әр түрлі ойын элементерін пайдаланамын. Ойын әдісі арқылы оқыту олардың, пәнге деген қызығушылығын арттырады, өз ойын, пікірін, көзқарасын білдіруге, екінші бір оқушының жауабын тыңдап, оны толықтыруға, жетістіктері мен кемшіліктерін айта білуге жаттықтырады. Жақсы құрастырылған және де үздік әдіспен ұйымдастырылған ойын практикалық, тәрбиелік және дамытушылық жағынан оқыту тәсілі болып табылады.
Ағылшын тілін үйрету барысында көбінесе әндерді, рөлдік ойындарды жиі қолдану - тілдік қарым-қатынас құралы ретінде жаңа сөздер мен сөз тіркестерінен құрап үйренуге, оқушының сөздік қорының көбеюіне ықпал етеді. Ән, өлең тыңдау кезінде таныс лексика оқушы есінде тез жатталады. Шет тілінде ән айтып үйрену барысында оқушы дыбыстарды дұрыс атап үйренеді, сөйлемге дұрыс екпін қояды. Әнмен жұмыс барысында, рөлдерге бөліп оқығанда оқушының көңіл күйі көтеріліп, тілге деген қызығушылығы арта түседі.
Қазір қазақстандық мұғалімдердің педагогикалық шеберліктерін арттыруға арналған деңгейлік курстар жүріп жатыр. Сындарлы оқыту ториясына сүйенсек, бүгінгі күні білім дайын күйінде қабылданбай, оқушылар оны өздігімен ізденіп құрастырса, тұлғаның дамитыны, алған білімі ұзақ мерзімде есте сақталатындығы дәлелденіп отыр. Бұл бағдарламаның негізгі қағидаларының бірі: 1) оқытушының негізгі рөлдері: жетекші, ұйымдастырушы, менеджер, 2) сыныпқа кіргеннен бастап жақсы көңіл-күймен сабақты өткізу, т.б. Қазіргі кезеңде пән мұғалімдерінің кеңінен қолданып жүрген тілдік жаттығуларының біріне Warming up жаттығуын кіргізуге болады. Тілдік жаттығудың мақсаты - сабаққа деген бетбұрыс туғызу. Тілдік жаттығу барысындағы мұғалімнің жылы дауысы, сұрақтардың алдын ала ойластырылып тапсырмалардың дұрыс жоспарлануы мұғалім мен оқушының арасындағы жақсы қарым - қатынас туғызып, алдағы сабақтың нәтижесін жоғарлата түседі. Бастауыш сыныптың оқушылары тез шаршап кетеді, сондықтан сергіту сәттерін қолданып отыру, оқушыларға қозғалуға, жүруге мүмкіндік беру, әр тапсырманы 6-7 минутта орындап, тапсырмаларды түрлендіріп отыру қажет. Диалогты сөйлеуде - оқушылар сұрақ - жауап, өтініш айту, нұсқау беру және тағы басқа жұмыстары ретінде қарапайым іс -- әрекеттерді жасай алуы тиіс. Балалар бөлік элементтерден жаңа, тұтас жағдай құрай алуы керек. Оқушылар жалпы арнаулы сұрақтарды қоя алуы, әр - түрлі сұрақтарға жауап бере алуы, өтініш, бір нәрсемен келісетінін немесе келіспейтіндігін білдіре алуы керек. Оқушылардың сөйлеу қарқынын өсіру қажет және әр оқушы сөйлегенде екі репликадан айтуы қажет. Шағын шығарма жазу оқушылардың тек жазу, тілді түсіну, сөйлеу қабілеттерін арттырып қана қоймай әр баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына себеп болады. Бұндай шығармаларды көп уақыт алмай 5 минуттық жазу ретінде өткізу әбден мүмкін. Шығарма тыңдау барысында диалогтағыдай баланың жіберген қателеріне емес, оның идеясына, өмірлік тәжірибесін сипаттай білу қабілетіне көбірек назар аударған жөн.

1.3 Ағылшын тілінен оқушыларды оқуға үйрету
Ағылшын тілін үйретудегі ең қиын процестің бірі - оқушыны оқуға үйрету. Себебі ағылшын тілінде 26 әріп 146 әріптік белгі бар. Егер ағылшын тілі алфавитін қазақ тілінің алфавитімен салыстырсақ ұқсас әріптер К, М, Т, ал қалғандары G, H, J, R, S, W, Z, әріптері мүлдем жоқ..Ал қалған әріптер А,С,Н,О,Ф,У,Х, екі тілге де ортақ..Бірақ оқылуы әр түрлі.Оқуға үйрету тілдің әліпбиіндегі әріптерді ауыстырудан басталады.Ал ағылшын тілін үйретудетілдің әріптер жүйесімен бірге дыбыстық жүйесінде қатар үйрену керек. Сөздің дыбыстық белгіленуі транскрипция арқылы беріледі. Оқушылыр дыбыстардың ашық , үнді , дауыссыз , дауысты , екенін және дыбыстың буынның түрінде оқылу ерекшеліктерін білу қажет. Ағылшын тілінде оқытуда оқудың барлық ережесіне үйрету мүмкін емес, дегенмен кейбір ерекшеліктерін есте сақтау абзал. Төмендегі кестеде бір әріптің бірнеше нұсқада оқылуын мысалға келтірдік:
Оқылу түрі
a
e
o
u
i(y)
I
[ei]
take
male
[i:]
be
see
[әu]
go
stone
[u:]
rude blue
[ju: ] cute fume
[ai] lime type
II
[ae] sad
fan
[e]
leg
pet
[ɔ]
nor
for
[]
bus
hut
[i]
bit
kill
III
[a:]
far
bar
[ә:]
pert
never
[ɔ:]
nor
form
[ә:]
fir
surf

[ә:]
fir
smirk
IV
[εә]
hare
bare
[iә]
hare
mere
[ɔ:]
store
more
[jue]
pure
endure
[aiә]
tire
fire

Оқу процесін жеңілдету үшін жаңа сөздерді , сөз тіркестерін , фразаларды алдын-ала оқыту қажет.
Оқуға үйрету әдістері
I . Оқыту әріпті сөзді және графеманы таныстырудан басталады. Бұл үшін карточкаларды қолдану ыңғайлы.
II . Ереже бойынша оқылмайтын сөзді жеке таныстыру:
Eg-lake, plane, have, Mike
III . Сөздердің сыңарын таңдап алу:
Eg - does - goes,people - pupil,form - from, come - some, though - thuough
Оқуды үйретуде негізгі орын алатын транскрипцияны үйретуге байланысты.

Ішінен оқуға үйрету
Ішінен оқуда негізгі орын көруге, көзді пайдалануға беріледі. Ішінен оқыған кезде лексикалық,грамматикалық жіне айтуға дағдылары дамытылады.
Оқудың үш түрлі қызметі болады:
1) жүйелеу, жинақтау
2) танымдылық
3) қарым-қатынас
Ондағы негізгі мақсат-ағышын тіліноқыту арқылы оқушының өнегелік және эстетилалық жағынан әр жақты дамыған, саяси идеялық жағынан танымды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Бүкіл оқыту барысында қатынастық бағыт бере отырып, ағылшын тілінен алған білімін іс жүзінде жоғары оқу орындарында, еңбек ету барысында пайдалануға дағдыландырады. Алайда , ағылшын тілін үйрету күрделі, ол қатынастық функционалды бағытта болуы тиіс. Қай тілдің болмасын механизмін үйрену үшін мынадай екі жағдайды білу қажет.
1. Сол тілдің жүйесі қалай құрылған?
2. Оны тәжірибелік жағынан қалай меңгеру керек?
Демек, ағылшын тілінің құрылысын және оны тәжірибелік жағынан меңгеру оқу процесінде бірте-бірте қатынастық ұйымдастыру тиімді деп айтуғa болады.Өйткені, қатынастық тәсіл оқу процесінің барлық жағын қамтиды:
oo сабақ әдістерін таңдау, оны жүргізу әдістері, жолдары, сабақ мазмұнының тәрбиелік және білімдік меңгрудегі дағдысы мен қабілеті т.б.
Әр түрлі қатынастық мақсатта оқыту ағылшын тілін тәжірибелік жағынан меңгеруге ықпал жасаумен қатар оны үйренуге деген қызығушылығын арттырады.
Оқытудың нәтижесі әдістерге тәуелді болады. Оқыту әдісі оқушыға білім, тәрбие беру және оның қоғамдық мәнісін дамыту міндеттерінен шығатын оқу материалын, теориалық және тәжірибелік меңгеру формасы.

2. Бастауыш сыныпта ағылшын тілінен оқуға үйретудің әдістері
2.1 Бастауыш сыныпта ағылшын тілін оқыту құралдары
Тілді жақсы меңгеру үшін бастауыш сыныптарда осы төрт дағдының негізін берік қалыптастыру қажет. Бастауыш кезеңде нені оқып үйренуге болады?
Жоспарланған нәтижелер оқу бағдарламасында көрсетілген. Оқыту әдістемесін кешенді дұрыс пайдалану - оны оқытудағы белгілі бір нәтижеге жетуге болатынын көрсетті. Мысалы: 5-сыныпта 1 минут ұзақтығындағы сөзді түсінуге мүмкіндік бар.
Бастауыш кезеңнің аяғында окушы мыналарді білуі тиіс:
- Амандасу - Сооd morning!
- Қалын сұрау - Неllо! How аге уоu?
- Қоштасу - Gооd bуе!
- Таныстыру - Тһіs is Міке.
- Жауап беру - Неllо! Glad to meet уоu.
- Туған күнмен құттықтау -- Нарру вirtday!
- Жаңа жылмен құттыктау - Нарру New Үеаг!
- Рұқсат сұрау - Мау I
- Кешірім сұрау - I аm sorrу.
- Рахмет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныпта ағылшын тілінен жазуға үйрету жолдары
«Бастауыш мектепте шет тілін оқытудың теориясы мен техникасы»
Бастауыш сыныпқа ағылшын тілін оқытудың ерекшелігі
Шет тілін оқыту әдістемесі пәні бойынша оқу құралы
Шетел тілін оқыту әдістемесін меңгеру
Оқушылар білімін бағалаудың жаңаша формалары
АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ГРАММАТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАРДЫ ТИІМДІ ОРЫНДАУ ТӘСІЛДЕРІ
Әр сыныптағы шет тілін оқытуда оқуға қойылатын талаптар
Бастауыш сыныптарында оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты шетел тілін оқытудың мәселелері
Бірінші сыныпта сауат ашу мен қазақ тілін оқытудың тиімді әдіс- тәсілдері
Пәндер