Оқу үрдісінде оқушыларды бағалаудың өзіндік ерекшеліктері



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Орал гуманитарлық колледжі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Оқу үрдісінде оқушыларды бағалаудың өзіндік ерекшеліктері

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2017ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.Оқушылардың оқу нәтижесін бағалау
1.1 Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Портфолио арқылы бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
1.3 Оқушы өзін - өзі бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2. Бағалаудың оқушылардың білім сапасын көтерудегі рөлі
2.1 Оқыту үшін бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
2.2 Оқушылардың білімін формативті бағалау әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30

Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары жасалып, білім беру мекемелерінің тәжірибесіне енуде. Жаңа технологияны меңгеруте мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Жаңа технологиялар теориялық тұрғыда дәлелденіп, тәжірибеде жақсы нәтиже беруде.
Жаңа педагогикалық технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін, әр мұғалім алдында отырған оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтық мақсатына, мүддесіне сай өзінің шеберлігіне орай таңдап алады. Бұл жаңа технологиялар - оқушылардың шығармашылық қабілетін терең ойлай білуін, теориялық негіздерін, эстетикалық көзқарастарын пайымдау, баға беруін танымдық белсенділігін дамытуға бағытталған.
Жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие үрдісін жаңаша таныту, оның нәтижесінің жоғары деңгейде болуын қадағалау жаңашыл педагогтардың қолында. Олар педагогикаға Жаңа технология терминін енгізді. Бұл жаңашыл педагогтардың мақсаты - оқушылардың алатын білімін сапалы ету, оның толық қанды жеке тұлға болып қалыптасуына негіз алу. Осыған орай жаңашыл педагогтардың педагогикалық технологиялары көп деп саналады. Мысалы айтар болсақ: В. Занковтың Дамыта оқыту технологиясы, Ш. Амоношвилидің Білім беруді ізгілендіру технологиясы, М. Жанпейісованың Модульдік оқыту технологиясы және де Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы, т.б көптеген технологиялар енгізілді.
Бұл педагогикалық жаңа технологиялар бастауыш сынып мұғалімдерінде мынадай қағидаларды ұстанады.
- оқуға шығармашылықтың енуі
- мұғалім мен оқушының арасындағы ынтымақтастық
- өзара әрекеттестік сипатындағы жаңа әлеуметтік қатынастардың пайда болуы
- жеке тұлғаның дамуына жағдайдың туғызылуы
Яғни жеке тұлғаға бағытталған оқу тұлға дамуының сыртқы әсерімен бірге оқушының ішкі түрткілері негізінде жүргізілуі. Сонымен педагогикалық жаңа технология дегеніміз - тәжірибеде жүзеге асырылып нәтиже беретін оқушылардың қызмет нәтижесін бағалаудың педагогикалық жүйесінің жобасы. Ал бағалау дегеніміз керекті мәліметтер жинап, сол мәліметтер арқылы оқушының жетістігін бағалап, оқу бағдарламасының нұсқаулық құрамдас бөліктерін бағыттау үшін қолданылатын әдіс.

1.Оқушылардың оқу нәтижесін бағалау
1.1 Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау
Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттерінің бірі - оқытудың әдіс - тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру. Бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде. Бұлар оқушының жеке қасиетін аша отырып, оқушының танымдық күшін қалыптастыру және білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасайды. Ұстаз болу үшін ең басты мәселе - оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойының дамуында басты рөл атқарады. Қазіргі кезде білім мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап отыр. Жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімділігі қашан да анық. Қазіргі кезде білім беру үрдісінде көптеген технологиялар қолданылады. Соның бірі Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясын басшылыққа алдым. Бұл бағдарламаның мені қызықтырғаны , баланың өзі ізденіп, дәлелдеуі. Ол бұрын тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойлаушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандартының Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау бөлімінде оқушының оқу жетістігін бағалау жүйесіне ішкі және сыртқы бағалау енген.Сыртқы бағалау 4-сыныпты аяқтағаннан кейін (аралық мемлекеттік бағалау) өткізіледі. Ішкі бағалауға оқу нәтижесін бағалау мен бақылаудың мынадай түрі енеді:
1) ағымдық бағалау;
2) аралық;
3) қорытынды. Оқушының оқу жетістігін бағалау түрі:
а)келісілген балдық жүйе,
б) портфолио. 1-сынып оқушысының оқу жетістігі бағасыз жүйемен, 2-сыныптан оқу нәтижесін бағалау балдық жүйемен өткізіледі. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратынбілім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесінде Бірінші сыныптың бірінші жарты жылдығында оқу материалдарын меңгеру деңгейіне баға қойылмайды, -деп жазылған. 2005-2006 оқу жылында 12 жылдық білім беру жағдайында бірінші эксперименттік сыныбына қабылдау мен оқыту бойынша әдістемелік нұсқауда оқу әрекетін бағалауда 5- балдық бағалау жүйесі, сондай-ақ басқа да бағалау шкаласы қолданылмайды.
Бірінші эксперименталды сыныптың мұғалімі оқушыларды жұлдызша, қояндар т.б. белгілерімен бағалауға болмайды. Осы оқу кезеңінде балалар Жарайсың!, Ақылды!, Сен өте қабілеттісің! деген сияқты т.б. сөздермен ауызша мадақталады. Білім нәтижелерін бағалайтын негізгі көрсеткіш стандарттың міндетті деңгейіне сәйкестік емес, жеке тұлғаның өсу деңгейі болып саналады. Баға қоймай оқыту жағдайында әр оқушының жетістігін өзгелермен салыстырмалы түрде емес, оның жеке тұлға ретінде өзін-өзі бағалауына мүмкіндік жасау керек делінген. Бірақ мұғалімдерге баға қоймай оқыту жағдайында оқушының оқу жетістігін бағалау әдістерін көрсетпеген. Сондықтан жеке тұлғаның өсу деңгейінің динамикасы жасалынбаған. Бағасыз оқыту оқушының өзін -өзі бағалауына, өзінің жіберген қатесін өзі түзетуіне мүмкіндік береді. 1- сынып оқушысының оқу жетістігін бағасыз жүйемен оқытуды жақтаушылардың Баланың тұлғасын емес оның еңбегін бағалау керек және С.Т.Щацкийдің Баланың тұлғасын емес орындаған жұмысын бағалау керек т.б. идеяларды, бағасыз оқыту жүйесіндегі көптеген әдістерді зерттей отырыпоқушыны төмендегі жолмен өзін өзі бағалауын ұсынамыз: -Бұны білемін, ол қолымнан келеді. -Бұны аздап білемін, әлі үйренуім қажет. -Бұны мүлде білмеймін, білуім керек. Оқушы тапсырманы: -егер білсе, толық орындаса торды бояйды: -егер шала білсе, әлі үйренуі қажет болса торды жартылай бояйды. -Егер мүлде білмесе, үйренуі қажет болса торды сызып қояды. Оқушы өзін-өзі бағалағаннан кейін осы әдіспен мұғалім жанына өз бағасын қояды. Оқушы және мұғалімнің қойған бағалауы көрсеткіші
Білімді тексеруге қойылатын талаптар:
:: тексерудің және бақылаудың жүйелілігі, тұрақтылығы, міндеттілігі. Бұл талапты орындамау оқушылардың оқуға деген қатынасын нашарлатып, білімнің сапасына кері әсер етеді.
:: әрбір оқушы өзінің білімінің, іскерлік дағдысының бағаланатынын түсіну керек. Егер білімді тексеру және бағалау оқыту процесінің құрылымына тұрақты түрде енсе, онда оқушы мұғалімнің сұрақтары мен тапсырмаларына жауап беруге дайын болады.
:: оқушылардың білім, іскерлік және дағдылары мемлекеттік .оқу бағдарламаларына сәйкес тексеріледі. Бағдарламаны меңгеру - білімді бағалаудың негізгі өлшемі. Мұғалім оқушының қосымша біліміне, оқыған қосымша әдебиеттеріне кеңес, нұсқау, беріп, баға қоймайды.
:: оқушылардың теорияны және фактілерді білуін тексеру және бағалау арқылы, білімдерінің жалпы және ақыл-ой дамуына, жеке тұлғалық сапаларын қалыптастыруға ықпалын, оқуға әсерін білу;
:: білім, іскерлік, дағдыларды түрлі тәсілдер арқылы тексеру;
:: байқалған кемшіліктерді оқушының өзі түзетуі;
:: мұғалімнің оқушыларды білімдерін бақылап, бағалауға, кемшіліктерді жоюдың әдістемесі мен тәсілдерін білуге үйретуі;
:: бағаны әділ қойылуы;
:: оқушының өзін-өзі және басқаны бақылауы және бағалауы;
:: әр тақырыпты оқудың нәтижесіне мұғалімнің және оқушылардың баға беруі;
:: бақылау-бағалау процесінің әрбір баланың оқу үлгерімінің төмендемеуіне, көңіл-күйінің жақсы болуына көмектесуі.
Қалыптастырушы бағалау технологиясын қолдану педагог пен баланың арасындағы кері байланыс, бұл - оқушының білім деңгейінің көтерілуіне ықпал етеді. Оқушы өзін бақылап, өзінің әрекет- тәсілдерін таңдайды, нәтижелерін өзі бағалайды, оны мұғалім жалғастырады. Осылайша бала мақсат қоя білу, күтілетін нәтижені жоспарлау, оны бағалау тәжірибесін жинақтау арқылы өзінің түйінді құзіреттіліктерін қалыптастырады. Кері байланыстың қай түрі болмасын, нені жақсы орындағанын белгілеп отыруы, қателіктер болған жағдайда мұғалім оқушының жұмысын жақсартуға байланысты нақты ұсыныстар беруі керек. Қалыптастырушы бағалаудың маңызды компоненттерінің тағы бір түрі - өзін- өзі бағалау және өзара бағалау. Өзін - өзі бағалау - өзіне - өзі баға қою деген сөз емес, бірақ бағалау қызметімен байланысты бағалау әрекетінің бір түрі.
Өзін - өзі бағалаудың алгоритмі мынадай:
1) Тапсырманы орындауда нені жасау қажет?
2) Тапсырманың барлығын дұрыс орындады ма, әлде қателіктер жіберді ме?
3) Оқушы тапсырманы толығымен жеке орындады ма, әлде біреудің көмегіне сүйенді ме ?
4) Тапсырманы орындау барысында қандай біліктіліктер дамыды ?
Бағалау термині жақын отыру дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін -өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бағалауды өткізу үшін оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын, сонымен қатар олар қандай қиындықтармен кездесуі мүмкін екендігін анықтау қажет (мұғалімге арналған нұсқаулық 57-бет).
Қазіргі бағалау түрлі нысанда,түсінікті,психологиялық тұрғыдан жайлы,екі құрамды : жиынтық және формативті болуы керек.
Жиынтық бағалаудың немесе Оқытуды бағалаудың мақсаты оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Оны мұғалім тест,емтихан т.б. түрде өткізіп, өзі бағалайды.
Формативті бағалау үшін не қажет?
- Оқушылардың оқудың мақсатын білуі және түсінуі;
Мақсат кең және сұрақ түрінде тұжырымдалу керек.Бала қандай нәтижеге келетінін толық білу керек. Нәтижелер нақты,бақыланатын,өлшемді мақсатқа жауап беру керек.
- Оқушылармен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету;
Кері байланыс оқушылар мен мұғалімдерге жетістіктер мен даму туралы хабарлама беру болып табылады. Мұғалім бала дұрыс жауап беру үшін оған уақыт беру керек.Егерде бала қателессе ,жетекші сұрақтар қойып,баланы өзі дұрыс жауап табуға бағыттайды.Кері байланыс көбінесе уәж болып табылады және де ол мұғалім мен оқушы арасында сенім мен сыйластық орнатады.Сөйтіп мұғалім әр оқушының нені біліп,нені ойлап,қалай оқитыны туралы неғұрлым көп білсе,соғұрлым оқушылардың жетістіктерін арттыру мен өзінің оқытуын жетілдіруге мүмкіндік көп.
- Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы;
Оқу түбі тоқу дегендей оқушы алған білімін қолдана білуі керек.
Сондай ақ түрлендіру,дамыту,толықтыру керек.Әртүрлі қалып пен мәнмәтінде қарастыра білу керек.
- Оқушылардың өздерін өздері бағалай алуы және өздерінің оқуын қалай жақсартуға болатындығын түсіну қажеттілігі;
Бағалау үдерісін шынайы және бәріне түсінікті болу үшін бағалау кри-терийлерін құру керек.
Бастауыш сынып оқушылары болғандықтан алдымен Екі жұлдыз,бір тілек арқылы бағалаудан бастадым. Мұндағы мақсатым - өзгені бағалау арқылы өзінде жоқты табу немесе өзгенің жетістігі арқылы өз кемшілігін тауып,оны түзетуге бағыттау. Бұл сабақтарымда мен бірінші бетпе -бет кезіндегі үшінші апта екінші күнде таратылған Сыныптастармен өзара бағалауға көмектесу атты қосымша материалды басшылыққа алдым. Ол қосымшада Оқушылардың өздерінің немесе біреудің жұмысын жай ғана бағалауға қарағанда, өзара бағалау және өзін-өзі бағалаудың мәні анағұрлым зор. Бұл үдерістің мақсаты олардың назарын өз жұмысының сапасына аудару және жақсартуға болатын жақтарын талдауға көмектесу болып табылады. Нәтижесінде бұл оқушыларды оқытуды дамытуда жауапкершіліктің жалғыз мұғалімге ғана жүктелмейтіндігін көруге мүмкіндік беріп, мұғалімнің жұмысын жеңілдетуі тиіс.
- Блум таксономиясы бойынша бағалау
Қазіргі мектеп практикасында американдық ғалым Б.Блум таксономиясын қолданылып жүр. Ол - білім және білікті меңгеру деңгейін сипаттайтын белгілер жіктеуі. Бұл таксономия оқушының танымдық және сезімдік өрісін бағалауға бағытталған. Танымдық салада оқу мақсаттары адамның білімді меңгеру және интеллектуалды білік, дағдыны игеру деңгейлерінде қарастырылады. Интеллектуалды білік және дағдыны қалыптастырумен байланысты мақсаттар: түсіну -- қолдану-- талдау -- жинақтау-- бағалау деп жіктеледі.
Өзара бағалау оқушыларға кері байланыс беруге көмектеседі, яғни бір- бірінен білім алуға және бір-біріне қолдау көрсетуге, бір-бірімен талқылауға,әңгімелесуге, түсіндіруге және бірін бірі сынауға мүмкіндік береді. Сапалы өзара бағалау өз жұмысын бағалау сапасын жақсартуға ықпал етеді, нәтижесінде ол оқушылардың бойында өзінің алға дамуы үшін жауапкершілігін арттыруға бағытталады, делінген.
Баға оқушының кемшіліктерін табу үшін емес,әрі қарай дамуына ықпал ету үшін қойылады. Баға қою бағалаудан туады және де бала келесі балаға баға қоймайды, тек бағалайды.
Өзін өзі бағалау өзін өзі реттеуге жетелейді.Ұпайларды мектеп бағасына айналдыру шкаласы бойынша есептеп көрсетуге болады.
Оқушылар сұрақтарын қалдырады
Мысалы -
:: Жаңа тақырыпты оқыған кезде не туралы білгіңіз келеді?
:: Білімді бағалау үшін мұғалімнен немесе басқа оқушылардан сұрау.
:: Алдағы уақытта біліміңізді жақсартқыңыз келетін білімтүсінбеу саласын көрсету. Қабілеттері шамалы оқушыларды Не сұрау есімдігін пайдаланып сұрақ қоюға, ал қабілеттері барынша дамыған оқушыларды Егер де ..., не болады? деген үлгіде сұрақ қоюға ынталандыру.
Басбармақ
Оқушылардың басбармақтарын көрсету арқылы сіз түсіндіргенді олардың ұғу деңгейін тексеріңіз.
Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін.
Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін.
Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім.
Бағдаршам
Түсінгендікті көрсету үшін бағдаршамның түстерін көрнекі құрал ретінде пайдаланыңыз.
Мысалы:
::Оқушыларда қызыл, жасыл және сары түсті карточкалар бар, оны олар өз парталарына қояды немесе жоғары көтереді (қызыл = түсін-беймін, жасыл = барлығы түсінікті).
::Оқушылар бағдаршамның түстерін пайдалана отырып, өздерін баға-лайды. Мұғалімге көрсетілген бағалауды оқушылардың күнделіктеріне жазуына болады.
::Сыныптастары бағдаршам түстерінің көмегімен таныстырылымдар-ды және т.б. бағалайды.
Басында балалардың барлығы жасыл түстіні көрсетуі мүмкін. Содан кейін өз қателерін тауып,дұрысын дәлелдей алмағандар сары немесе қызыл тұсті көтеріп жатады. Бағалаудың өзіндік қиындықтары да бай-қалып жатады. Басында балалар өздеріне жоғары баға береді.Ол жағ-дайда оқушыларға бағаның шын болу керектігін айта отырып, яғни шын баға өзінің қаншалықты түсінгенін көрсететінін айтып өткен жөн.
Формативті бағалаудың дәстүрлі бағалау жүйесінің артықшылығына сын көзбен қарайтын болсақ::
Оқушының жетістік деңгейін нақты сипаттайды;
Білімге деген ынтасын арттырады;
Баланың өзіне деген сенімділігі артып,жауапкершілікті сезінеді;
Оқушының өзін өзі бағалауы дамып, оны тек сабақ барысында ғана емес,кез келген өмірдегі болып жатқан қайшылықтарға өзіндік бағалау жүргізе алатын тұлға қалыптасады.

1.2 Портфолио арқылы бағалау
Бағалаудың келесі түрі - портфолио арқылы тексеру.Мұндағы мақсат - оқушының портфелінен сын тұрғысынан ойлай алатынын дәлелдейтін жұмыстарды көру.
Бағалау портфолиосы - уақыт арасындағы баланың ждақат - әрекеттерін, жетістігінің ілгерілегендігін көрсететін жұмыстарының жиынтығы.Осы портфолио ішіне салынатын жұмыс үлгілерін таңдау процесіне мұғалім де, оқушы да қатысқаны дұрыс.Бастауыш мектептерде бағалау портфолиосы төмендегі түсініктердің басын қосуы тиіс:
- Бағалау баланың білімін, түсінігін және сенімділігін арттыруға себін тигізуі тиіс
- Бағалау өте маңызды мақсаттарға бағытталып, әртүрлі ақпарат ресурстарына арқа сүйенуі тиіс
- Бағалау бала дамуын қамтамасыз ететін, сәйкес нұсқау тәжірибелерін ұсынып, қолдауы тиіс
- Ата-аналар мен оқушылар бағалау процесінде ең маңызды серіктес болып келеді.
Бағалаудың мақсаты - оқушыларға өз-өздеріне бағалауға мүмкіндік беру, басты бағыты - білім алушының тәуелсіз болуына мүмкіндік беру.Сонымен қатар дәлме-дәл бағалаудың маңызды
бөлімі баланың әсерін ескеру болып саналады. Портфолио түрінде бағалау ол оқушының жасаған жұмыстарының жиынтығына негізделген бала икемділігін бағалау әдісі.Мұның қаншалықты пайдалы, әрі ұтымды екендігін сынып мұғалімінің тәжірибесіне және мүмкіндігіне байланысты болады. Портфолионың қызмет ету мақсаттары:
- Нұсқау беру мен бағалаудың біріктірілуі
- Баланың жетістіктерімен сыныпта қолданылатын әр қилы жаттығулар туралы мәліметті оқушыларға, мұғалімдерге, ата-аналарға және де басқа шешім қабылдайтын адамдарға жеткізу
- Балаларға өздерінің жұмыстарына баға беруге мүмкіндік туғызу
- Баланың жалпы жұмысын жан-жақты бағалауға негіз құру.
Балалар үшін білім алу туралы шешім қабылдау және оларды нақты бағалау өте маңызды мәселе.Мұғалімдердің балаларды оқып жатқанда, жазып жатқанда, бір-бірімен араласқанда, дамуға бағытталған оқу бағдарламасы барысындағы түрлі жаттығуларға қатысып жатқанын бақылауы, әр бала туралы мәлімет жинауға мүмкіндік береді.Баланың мүмкіндігі мен жетістіктерін сенімді, әділ бағалау үшін бағалау процесі терең зейінмен сыныпта жасалған жаттығулар да үздіксіз жүргізілуі тиіс.
Қай уақытта болмасын бағалау жүйесін жасау өзекті мәселе болып келеді.Оқу мотивацияларындағы бұрмалаушылықтан оқушы жетістігінің динамикасын қадағалаудың объективтілігіне деген күдіктен, оқушының мұғаліммен, ата-анамен, өзімен өзінің қарым-қатынасының бұрмалауынан баланың жүйке жүйесінің жұқаруынан және мазасыздануынан жиі байқалатын бес балдық бағаның зиянын келтіретін нәтижесін болдырмау үшін оқушы жетістігін бағалаудың жаңаша жолдар іздестірілуде.

1.3 Оқушы өзін - өзі бағалау
Оқушыға және оның ата - анасына қойылған бағасы түсінікті және маңызды болуы үшін, дамыта оқытудың маңызды міндеттерінің бірі болып саналатын өзіндік бақылаумен бағалау тәсілдері оқушы алдын-ала меңгеруі қажет. Өзін-өзі бағалаудың басты мазмұнына өз әрекетін реттеу және жөндеуде тұлғаның белсенді қатысуы жатады. Бірақ өзін-өзі бағалауды осындай тар шеңберде қарастыру жеткіліксіз. Менің ойымша, оқушы белсенділігін оятумен бірге, оқушыны өзіндік бағалауды қажетсінуге баулу, өзін-өзі бағалауға бейімдеу және қалыптастыру қажет.
Сөйтіп, өзіндік бағалау білімді игерудің ғана емес, алған білімді пайдалана білу тұрғысынан да білім алудың процессуалдық қырының жетілуіне жағдай туғызады. Бұл жерде оқушы бұрынғы тәжірибелеріне сүйеніп оқуды әрі қарай нәтижелі жалғастыруға мүмкіндік беретін білім деңгейіне қойылатын талаптарды басшылыққа алып отырады.
Өзін - өзі бағалау оқушының оқу танымдық әрекетінің бағыттылығына қол жеткізеді, себебі оқу - танымдық әрекет кезінде оқушы өзіне қоятын талаптарды да реттеп отырады, оқу әрекеті барысындағы өзін-өзі бағалаудың құрылымы өзіндік әрекеттің мақсатын айқындау, оқыту нәтижелерімен оған қол жеткізу жолдарын анықтау, өзіндік іс-әрекетті жүзеге асырудан алынған нәтижелерді оқыту нәтижелерімен салыстыру, орындалатын іс-әрекет барысын бағалау жіберілген қателерді анықтау, оның себептерін ашу өзін-өзі бағалау негізінде жұмысты түзету, әрекет жоспарын нақтылау, жетілдіру, қорытындылау деп аталатын бірнеше буыннан тұрады.
Өзін - өзі бағалау бойынша оқушылар жұмысының психологиялық мағынасы жөнінде ХХІ ғасырда француз философы Мишель Монтень жасаған тұжырым бойынша Кез-келген адам қандай да бір істі атқарудан бұрын ол алдымен өзінің кім және не нәрсеге бейім екенін білу қажет деген. Ал оқушы өзінің білім шекарасының қайдан өтетінін біле бермейді. Өзінің нақты нені білмейтінін біліп алмай, нені білу керектігін түсінбейді және оны білу үшін ұмтылмайды да.
Бағалаудың ең басты мақсаты, ол баланың өсіп жетілуін анықтап, оқушының қай деңгейге жеткенін бағалап, оқу бағдарламасындағы сабақтарды солардың талаптарына сай етіп, әр баланың тәжірибесінің табысты болуына себін тигізу. Ерекше талаптары бар қосымша көмек немесе араласуды қажет ететін баланы анықтау бағалаудың тағы бір себебі болып келеді. Дұрыс жасалған бағалау, нұсқау беру әдісі нені үйреніп, нені жаттап жатқандығы арасындағы белсенді байланысты қамтамасыз етуі керек.
Әр баланың кеміс жерлерін тапқаннан гөрі, олардың жетістіктерін атап көрсету, нұсқауды мәлімдеу арқылы балаға нені оқыту керектігімен қалай оқыту керектігін көзге түртіп көрсетуі, нұсқаудың үздіксіз және жүйелі жасалып, бірізділікті сақтап отыру, баланың әлеуметтік, әсершіл, танымдық даму процестеріне бағытталып, жан-жақты болып ескерілуі, ата - аналармен мұғалімдер, мұғалімдер мен білім алушылар арасындағы бірлескен белсенді қарым-қатынастың қамтамасыз етілуі, оқып үйренудің маңыздылығын айтып отыру керектігі. Оқушылардың тиімді білім алуына және табысқа жетуіне қолайлы жағдай туғызылуы. Оқушылар мен олардың ата - аналарын бағалау жүйесінің анық түсінікті болуы.
Дәстүр ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың маңызды оқу жұмыстарын және нәтижелерін бағалауға көңіл аудару
Оқушылардың білімін бақылау мен тексеру, бағалаудың инновациялық әдістері
Оқушыларға жаңа материалдарды оқыту арқылы оқу белсенділіктерін дамыту
Оқыту жүйесінде оқушылардың білімін бақылау және бағалау
Білім нәтижелерін бағалау түрлері. Бағалаудың түрлері. Сандық және сапалық бағалау. Бағалаудың өлшемдері
Жазалаудың жеке оқушыға бағытталуы
Бастауыш сынып оқушыларының оқу жетістігін бағалау әдістемесін теориялық зерттеу
Мектепте оқушылардың білім сапасын мониторингілеудің ғылыми әдістемелік мәселелері
Білімді бағалаудың критерийі
Физика сабағында оқушылардың білім, білік және дағдысын тексерудің жолдары
Пәндер