Оқыту үрдісінде халық ауыз әдебиеті үлгілерін пайдаланудың маңызы жайлы



Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:

Оқыту үрдісінде халық ауыз әдебиеті үлгілерін пайдаланудың маңызы

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2015ж.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1. Оқу-тәрбие үрдісінде халық педагогикасының жетістіктерін
қолдану
1.1 Сөйлеу тілін дамытудағы халық ауыз әдебиетінің маңызы ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Балалар әдебиеті арқылы оқушылардың тілін дамытудың ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13

2 Қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілері арқылы баланың сөйлеуін дамытудың теориялық негіздері
2.1 Оқушылардың ақыл-ойын дамытудың этнопедагогикалық шарттары ... ..17
2.2 Халық ауыз әдебиетін оқытудың теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ..23
2.3 Халық ауыз әдебиеті тақырыбына сабақ жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32

Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Жаңа заман баласы - ертеңгі еліміздің болашағы. Қазіргі таңда мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр. Сондықтан мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің негізгі мақсаты - баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы болып табылады.
Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі жан дүниесі мен оның қыр сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет. Ол үшін баланы сәби кезінен бастап халық ауыз әдебиетімен сусындандырып, құлағына құйып өсіру керек. Яғни, мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде халық ауыз әдебиетінің алар орны ерекше.
Балалар бақшасының тәрбиеленушілерін ауыз әдебиетінің үлгілерімен таныстырып, олардың өмірін байыта түсу тәрбиешілердің міндеті болып саналады. Олар ертегілер оқып, әңгіме мазмұнын жүйелі байланыстыра отырып әңгімелеуге үйретіп, ертегі-әңгімеде кездескен кейіпкерлердің іс-әрекетіне сай образды сөздер мен диологтарды, кейбір өлең шумақтарын бұлжытпай жатқа айта білуге баулиды.
Қиял - ғажайып дүниесінен туған сан қилы оқиғалы ертегілер, батырлар жыры, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні - мақал-мәтелдер, ой қозғайтын сыр сандықты жұмбақтар, қиыннан қиыстырылған тақпақ жаңылтпаштар балалар бақшасында кең қолданылатын дүниелер болып саналады.
Халықтық шығармалар ішінде баланы тәрбиелеумен қатар дұрыс айқын сөйлеуге үйретіп, тілін дамытатын жанр - жаңылтпаш. Сәбидің тілі шығып, балдырған жасында сөздік қоры молая бастаған кезде кейбір дыбыстарды айта алмаса, кейде қинала айтады. Бұл жағдайдың алдын алу үшін бала қиналып айтатын дыбыстары бар сөздерді неғұрлым жиі-жиі дыбыстап айтқызып, жаңылмай жаттықтыру керек. Сонда сөйлегенде де мүдірмей, анық, өз ойын толық жеткізетін болады. Жаңылпаштарды жаттап, жаттыға айту арқылы баланың ана тілін ардақтау, сөз қадірін білу сезімі қалыптасып, ой-қиялы дамиды, тәлім алады.
Халық ауыз әдебиеті - талай ғасырлардан келе жатқан мұра, сарқылмас бай, асыл қазына, халық шежіресі. Онан халқымыздың өткенін білеміз, сол арқылы бүгінгі заманымыздың ұлылығын танимыз, халқымыздың батырлық, ерлік тарихын көреміз.
Жас буынға халқымыздың қастерлі салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, үлгі-өнегесін, тәлім-тәрбиесін дәріптеу, елдің тарихын, ұлттың мәдениетін таныту, өнерін жаңғырту ең өзекті мәселелер болып табылады.
Республикамызда қабылданған аса маңызды құжаттар Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы (1994 ж.), Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы (1996 ж.), Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы (1998 ж.) мемлекеттік тұрғыдан қазақ тілінің мәртебесін биіктетіп, тәрбие мен білімнің құндылығын арттырып, бағыт-бағдарларын айқындады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан-2030 атты Қазақстан халқына Жолдауында: ...біздің ұрпақтың келер ұрпақтар алдында орасан зор жауапкершілік жүгін арқалайтыны... баса атап көрсетілген болатын. Сол үлкен жауапкершіліктің бірі ел тәуелсіздігімен бірге қайта оралған халық мұраларын, оның ішінде қазыналы ауыз әдебиетін терең танытуға басымдылық берілуі заңды.
Ауыз әдебиеті - тәрбие көзі, өнеге-өсиет кені. Халықтық тәрбиенің жас ұрпаққа әсер-ықпалын зерделеп-зерттеу ісімен айналысқан ғалымдардың ауыз әдебиетінің тәрбиелік мәнін жан-жақты ашып көрсеткен еңбектері баршылық. Атап айтқанда, А.Байтұрсыновтың Әдебиет танытқыш, М.Ғабдуллиннің Ата аналарға тәрбие туралы кеңес, Қ.Жарықбаевтың, С.Қалиевтың Қазақ тәлім-тәрбиесі, С.Қалиевтың Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрінісі және т.б. еңбектерде бұл мәселе жан-жақты ашып көрсетілген.
Бұл көркем ойлау мен көркем сөздің, озық тәрбиенің үлгісі болатын қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілері негізінде оқушылардың сөйлеуін дамытудың жолдарын айқындай отырып, оның білім мазмұнындағы орнын белгілеудің көкейкестілігін дәйектеуге негіз болады.
Зерттеу нысаны: қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілерін оқыту үрдісі.
Зерттеу пәні: қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілерін оқыту үрдісінде пайдалану жолдары.
Зерттеудің мақсаты: халық ауыз әдебиеті үлгілерін оқыту үрдісінде қолдану арқылы баланың сөйлеуін дамыту жолдарын айқындау және оны меңгертудің тиімді әдіс-тәсілдерін жүйелеу.
Зерттеу міндеттері:
- ғылыми әдебиеттерге талдау жасау арқылы қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілері арқылы баланың сөйлеуін дамытудың негізгі бағыттарын анықтау;
- халық ауыз әдебиеті үлгілерінің оқушылардың ой-өрісін, тілін дамытуға, тәлім-тәрбиесіне әсер-ықпалын айқындау;
- қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілері арқылы баланың сөйлеуін дамытудың тиімді әдіс-тәсілдерінің жүйесін жасап, оны тәжірибеде сынақтан өткізу арқылы ана тілін оқытудың тиімділігін арттыру.
Зерттеу әдістері. Зерттеу мәселелеріне қатысты фольклористикалық, педагогикалық, психологиялық, әдістемелік еңбектерді зерделеу; оқу-тәрбие үрдісін бақылау.
Зерттеу жұмыстың құрылымы жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, тұрады.

1. Оқу-тәрбие үрдісінде халық педагогикасының жетістіктерін
қолдану
1.1 Сөйлеу тілін дамытудағы халық ауыз әдебиетінің маңызы
Мектеп жасына дейінгі баланы айналасындағы қоршаған әлеммен таныстырудың тағы бір құралы ол - жұмбақ. Жұмбақтар тіл мәдениетін тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады. Жұмбақтар баланы байқағыштыққа, тапқырлыққа баулып, ой-қиялын ұштастыруға әсер етеді, баланың ойлау қабілетін дамытады. Ол баланың күнделікті өмірде көріп жүрген жанды-жансыз заттарына ұқсас нәрселерді сипаттай отырып, сол нәрсенің негізгі белгілері қандай, ол немен салыстыруға болады деген ой елегін көз алдына елестете отырып, қоршаған дүниені бақылап, бағалауға баулиды. Жұмбақтың жауаптары, көбіне, табиғат жайы, адамның денесі, хайуанат пен өсімдік, бақташы, егінші, елдің еңбек процесі, еңбек құралы, азын-аулақ техника жайы сияқтылар болады.
Математикадан қолданған ауыз әдебиетінің бір бөлігі санамақтарда баланың ойлау жүйесін жетілдіріп, оның желілі нұсқалары тапқырлықты танытуға құштар етеді. Сандарға сәйкес сөздерді қосып айту арқылы сөздік қорын байытады. Мысалы:
Бір дегенің-білеу,
Екі дегенің-егеу,
Үш дегенің-үскі,
Төрт дегенің-төсек,
Бес дегенің-бесік.
Ауыз әдебиеті үлгілерінің тағы бір саласы - аңыз әңгімелер. Аңыз негізінде әңгіме, кейде өлең, жыр түрінде болуы да мүмкін. Аңыз белгілі бір адамның атына, іс-әрекетіне байланысты туады. Мысалы, қазақ аңыздарында Асан қайғы, Жиренше шешен, Алдар көсе, Қожанасыр, Қорқыт, т.б кейіпкерлердің ұлағатты істері баяндалады. Аңыз әңгімелер балаларды батырлыққа, елжандылыққа тәрбиелейді. Ондағы кейіпкерлерді өздеріне үлгі тұта отырып, балалардың патриоттық, отансүйгіштік сезімдері оянады.
Балалар әдебиетінің қалыптасып, даму тарихын терең зерттеп, іргелі еңбектер жазған белгілі академик-жазушы М.Әуезов, зерттеуші-ғалымдар М.Ғабдуллин, Ш.Ахметов т.б. атауға болады.
Академик-жазушы М.Әуезов ауыз әдбиетінің тәлім-тәрбиелік мәнін зерттеу отырып, халық санасындағы Отаншылдық езімді, халық ұғымындағы адамгершілік гуманизмді, халықтың қанатты үміті - оптимизмді ... әдет-ғұрпын, халықтың коллектившілдік тәрбиесінің жемісін көреміз, - деген болатын. Қорыта келгенде, ауыз әдебиетін жасаған - халық. Сондықтан да, ел ертеңі, келешегі, ұлттық ұрпақтың болашағы, - деп халықтың бала тәрбиесіне баса назар аударғанын көреміз.
Халқымыз балаға деген ыстық сүйінісін, жұмсақ лебізін, жылы жүрегін, тәтті қиялын өлең-жырмен жеткізген. Жас нәрестенің дүниеге келуін қуаныш еткен. Баланы жұбату, ойнату, тәрбиелеу, мақсат-тілектер өлеңмен, жырмен, көркем сөзбен айтылған. Ал, халық ауыз әдебиетін жастайынан естіп өскен бала, өсе келе оны сүйіп оқып, қызыға тыңдайтын болған. Балалар әдебиеті бала тәрбиелеудегі халықтық педагогикамен тығыз байланысты. Ауыз әдебиеті балалардың даму ерекшелігімен, психологиясымен анасудан туған. Олай болса, халық ауыз әдебиеті - халық педагогикасының тынық мұхиты.
Ұлт әдебиетінде халық мұрасы ерекше орын алады. Белгілі ұстаз-ғалым М.Ғабдуллин мақал-мәтел жөнінде: қай мақалды алсақ та, оның мазмұнында өмірде болған елеулі оқиға, әңгімелер жатады, мақал соларға берілген даналық қорытынды, тұжырымды түйін болып отырады. Ал, мәтедерде бұл секілді мазмұнды, оқиғалы әңгімелер өте аз кездеседі. Мәтелдерде көбінесе, сөз айшығы, көркем теңеу, сөз образы ретінде қолданылады. Мысалы: Көппен көрген ұлы той, Тілге тиек жасап т.б. Егер мақалда дәлелдеу мен қорытынды пікір бірдей келіп отырса, мәтелде бұл екеуінің бірі ғана болады. Мәтел айтайын деген ойын турасынан білдірмей, жанама түрінде, р түрлі салыстыру, теңеу арқылы жеткізеді. Бұл мәтелді өзіне тән ерешелігінің бірі болып табылады, - деген. Зерттеуші-ғалым халық мақалдарының тақырыптарын былайша топтастырады: еңбек ету жайларына арналған, мал бағу, мал басын өсіру, егіншілік-кәсіп жайында, ынтымақ-бірлік жайында, ерлік, батырлық, қоғамдық қарым-қатынас, әлеуметтік-таптық мәселелер, оқу-білім, тазалық тәрбие, мінез-құлық, әдт-ғұрып жайлары. Т.б.
Балалар әдебиетін кеңінен зерттеген ғалым Ш.Ахметов республикамызда балалар әдебиетінің арнайы пән ретінде оқылуына, төл әдебиетіміздің үлкен бір саласы ретінде насихатталуына айтарлықтай үлес қосты. Ғалым Ш.Ахметов Қазақ халқының бала тәрбиелеу дәстүрі атты ғылыми мақаласында: Қазақстандағы тәрбие ісі негізінен басты-басты сегіз түрлі мәселені қамтығанын атап көрсеткен. Біріншіден, тәрбие басы адамды әдептілікке үйретуді көздеген, әдепті бол дегенді басты міндет етіп қойған. Екіншіден, мейірімді болуға тәрбиелеген. Үшіншіден, тіл алғыш елгезек бол деп үйреткен. Бұл еңбекке баулудың алғашқы көрінісі болатын. Төртіншіден, ададық пен шындыққа баулуды көздеген. Бесіншіден, білгір бол, ұстаз бен ғалымның көпті көрген данышпан қарияның сөзін тыңда, ақпа құлақ болма, құйма құлақ бол дегенді бойларына сіңіре берген. Алтыншыдан, үлкенді, ата-анаңды сыйлауға үйретуді басты міндет етіп қойған. Жетіншіден, кісі айыбын бетіне баспа - дйді халық тәрбиесі. Бұл кемшілікті айтпа деген сөз емес, қаріп-қсерлердің табиғи кемдігін (мұрны пұшық, көзі қисық, аяғы ақсақ деген сияқты) көрсетпе деген сөз. Сегізіншіден, ел қорғаны батыр бол, халық алдында қызмет ет, бар өнеріңді соған жұмса дегенді үйретеді. Қорыта келгенде, авор халықтық шығармалардың бала тәрбиесіндегі тәрбиелік маңызының жан-жақтылығына тоқталып, оладың тұлға ретінде қалыптасуындағы ролін көрсеткен. Сондай-ақ, автор халық ауыз әдебиеті үлгілері: бесік жыры, тұсау кесер, ұлттық ойындар, төрт түлік жырлары, жаңылтпаш, ертегі және т.б. бала тәрбиесіндегі алатын орнын көрсете келіп, оладың танымдық маңызын, еңбекке, адамгершілікке, патриоттық, батырлық, ерлік, дене, эстетикалық тәрие берудің көзі екенін айтып өткен. Біз өз жұмысымызда ғалымның осы тұжырымын басшылыққа алдық.
Жас ұрпақ тәрбиесіне қазақ қаламгерлері де үлкен үлес қосты. Қазақ балалар әдебиетіне үлкен үлес қосқандар - С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, С.Көбеев, С.Бегалин, С.Мұқанов, Б.Майлин, Ө.Тұрманжанов, А.Тоқмағамбетов, Б.Соқпақбаев, М.Әлімбаев, Ә.Табылдиев, Ә.Дүйсебиев, М.Жаманбалинов, Қ.Ыдырысов, Ж.Смақов, Қ.Мырзалиев, Қ.Баянбаев, Т.Молдағалиев халықтық шығармалардың дәстүрлерін пайдалана отырып, балаларға арнап, өлең-жырларжазған. Оладың шығармалары бала тәрбиелеудегі ізгі мақсаттарды дұрыс түсініп, балалардың тілін ширатып, ойын дамыады, еңбекке, Отанды сүюге тәрбиелейді. Сондай-ақ аталған ғұламалардың шығармалары, өлеңдері балалардың түсінуіне жеңіл, ығымына сай, қысқа тұжырымды, тілі көркем жазылған.
І.Жансүгіров қазақ балалар әдебиетіне үлес қосқан ақын. Ол тәрбие мен білім баланың жас кезінен бастап беріуі тиіс, - деді. Осы мақсатта бесікте жатқан балаларға өлең мен ән жазған. Сол арқылы баланың көңіл күйі мен ойын, эстетикалық сезімін оятып тезірек жетілуіне, дұрыс өсуіне жәрдемдеседі. Ілияс балал тәрбиелеудегі ізгі мақсаттарды дұрыс түсініп, өз өлеңдері арқылы оны шеберлікпен айта білген. Елген естіер керек, ер жет, есей ертерек деп, балалардың болашағынан зор үміт күтеді. Балаларға арналған өз елі, өз жері, оның байлығы (Жазғытұрым, Күз, Қыс, Тау суреті) мен сұлу табиғаты туралы көптеген өлеңдерінің тәрбиелік мәні зор. Мезгіл суреттері деген өлеңінде табиғатты тануға, оны аялауға, құрметпен қарауға, сонымен қатар табиғаттың әсемдігін аңғартуға үйретеді. Ілияс жЖансүгіровтың Малта, Шәркей, Күн шыққанда, Бөбек бөлеу т.б. шығармаларының танымдық-тәрбиелік маңызы зор. Малта деген өлеңі арқылы төңіректегі заттардың сыр-сипатын білуге, еңбекқорлыққа баулыиды, оның ынтызарлық сезіміне қозғау салады.
С.Сейфуллин - қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушы, балалардың сүйікті жазушысы. Оның Балалар, Ананың хаты, Анаға жауап т.б. өлеңдері бар. Еңбек еткен адамның сыйлы болып құрметке бөленетіні, Отанын да, халқын да сүйсіндіріп, даңққа бөлеп отыратыны туралы айналысу баланың ой-өрісін кеңейтіп, саналы да тәртіпті болуға баулиды. Балаларды еңбекке тәрбиелеумен қатар, ересек адамдардың еңбектерін құрметтеу керектігі, сол болашақ еңбекке, өмірге ат салысатын жасөспірімдепдің рухын жоғароы дәрежеде көтеретіндей етіп суреттейді. Балалар деген өлеңінде таяқ мініп, жалаң аяқ жүгірген дала баласына ақын ұлы Отаны, туған жері туралы әңгімелейді. Олардың қылыш безеп, тез тізіліп, Отан үшін күрескер болуын тілейді.
Қазақ классик жазушылары - С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, С.Мұқановтың қазақ даласындағы ұлы өзгерістерді мадақтаған алғашқы өлең-жырларының балалар мен жасөспірімдерді жан-жақты тәрбиелеуде маңызы зор екенін атап кетуге болады. Сәкен Сейфулиннің Балалар деген өлеңінде таяқ мініп, жалаң аяқ жүгірген дала баласына ақын ұлы Отаны, туған жері туралы әңгімелейді. Олардың қылыш безеп, тез тізіліп, Отан үшін күрескер болуын тілейді. Сондай-ақ Кім басшы - аға халыққа? деген өлеңінде Сәкен жөн білмей адасып, надандықта қалып отырған халыққа басшы болар адал, ардагер ұлды аңсайды. Бұл өлеңдерде Жаңбыр, Бау-бақша өлеңдері ұғымына жеңіл ойнақылығымен бейнелігімен қызықты.
Көбелектің көбін-ай,
Қызығын-айғ көгін-ай.
Бәрін ұстап алар ек,
Жолдастарды жоғын-ай, - деген бала ұғымының өзі қандай нанымды. Ал, Қ.Ыдырысовтың Жаңбыр атты өлеңі арқылы табиғаттың қызықты көріністері - аспанның ашу шақырып, найзағайдың бұлттарға атылуы, ақ жаңбырдың сабалап құюы аяғында балағы,н түріп ап су сабалап жөнелген бала психологиясына ұласады.
Ө.Тұрманжанов Көркем әдебиетті оқудың ерекшелігі атты еңбегінде: Көркем әдебиет туындыларын оқу әрі ермек, әрі өрнек. Ермек дейтініміз: ол ойнақы жеңіл оөқылады. Көркем әдебиет кітаптарындағы алуан-алуан, шым-шытырық оқиғалар, сан қилы, сан түрлі адам мінездері мен әрекеттері, күрестері мен күн көрістері, тіршілік тәсілдері, нені сүйіп, нені жек көретіндері, неден жиреніп, неге ұмтылатындары көзіңізге көрініп, көңіліңізге сезіліп, бойыңызға жеңіл сіңеді. Осыдардың жақсысына үйренесіз де, жаманынан бой тартып жиренесіз. Өмірде қалай тұоуды, қалай өмр сүруді, отбасынан, Отаныңызды қалай сүюді үйренесің. Отанға, өз ортаңа сүйікиті болудан артық абырой бар ма? Осының бірн терең түсіінп, жақсы ұғынуыңа көркем әдебиет кітабы зор көмегін тигізеді, - деп көһркем әдебиеттің ролін атап көрсеткен. [98, -275 б.]. Жоғарыда зерттеуші ғалымдардың құнды ойларын \, көзқарастарын бастауыш сыныпта көркесм шыармаларды оқу-тәрбие үрдісінде пайдалануда, іріктеуде басшылыққа алдық.
Бұл бағытта ұлт қаламгерлері де ерен еңбек етті. Балалр әдебиеітн кеңінен зерттеген ғалым Т.Иманжанов Бөбектерге арналған әдебиет туралы атты ғылыми мақаласында балалар әдеиеінің міндетін көрсете отырып, бөбектерге арналған әдебиет туралы атты ғылыми мақалаында балалар әдебиетінің міндетін көрсете отырып, бөбектерге арналған көркем шығармалардың өзіндік ерекшеліктерін ажыратып, олардың бала психологиясын, жа ерекшеліктерін ескере отырып жазылу керектігін айтқан. Балалар әдебиетіне өойылатын негізгі талаптарға тоқталады.
1. Оның оқушысы - өзі оқи алмайтын, әдебиетті біркцдң көмегімен қабылдайтын оқушы. Әдебиет, оларға оқып беругенемесе мазмұнын айтуға арналады. Балаларға арналып жазылатын шығарма мейлінше қысқа, әрі ұғымды, әселі болып келуі керек. Бөбек ұғымы әрі саяз, әрі қалқамалы үстірт ұғым, әрі жадына көп нәсені бірден қаюфлдай алмайды. Олаға жазылатын шығармалар, міне, осыны қатты ескертетін болады. Сондыөтан, бөбектерге арналған шығарма кілең қызықты іске, қимылға құрылуға тиісті.
2. Бөбектер ойы - бейнелі ой. Көбіне ол затты, құбылысты, сыртқы түсіне,формасына қарап қабылдайды. Ендеше, жазушы оның көз алдына тұспалды сөз, ұғым образын емес, нақты жанды образ әкелуі тиіс. Онсыз болмайды... Оның ұғымының саяздығы тәжірибесіздігінің ғана жемісі екенін есте сақтау керек. Оның ақылы түрлі ғибраттармен толтыра қоятиын қуыс ыдыс емес, лап еткелі тұрған т, соны жанды сөзбен, бейнемен тұтата білуі керек. Шығарма оның әрі ойын кеңейтуге көмектесіп, әрі тіл үйретсін...
3. Адамда болатын ыждаһатты (белсенділікті), енжар деп аталатын екі түрлі зеденің бөбекте тек соңғысы бар. Ол көңілі соқағанда қинала, әдейі өоранып, күш жұмсап омыны білейінші дегенге бара алмайды. Әдебиеттің міндеті ересек бөбекті жаңа білімге, жаға сезімге еск ашатын ыждаһатты зердеге бірте-бірте тәрбиелеуге көмектесу болып табылады. Бұл арада да өте шеюерлік, үлкен психолгтік керек. Неге десеңдер, шығарма суытады, ол жалығып кетеді. Ал, егер ылғи енжарлы зердеге азық ұсыныла берсе, келе-келе бөбекте білугедеген талап сөгіп, бойкүйездікке салынады. Кейін қайта тәрбиелеу қиынға соғады, -деп ескерте отырыпеғ автор көркем шығармалардың балалардың психологялық лй-өрісіне, жас ерекшелігіне сай жазылуме бірге, оның бала қиялын өрістетуіде таптырмайтыни құрал екенін атап көрсеткен
Белгілі әдебиет зерттеушісі Б.Ыбырайым Сырлы әлем атты ғылыми еңбегінде фольклор жанрларының бірі мақал-мәтелдер туралы, жүйелі ой мен алғыр зерденің, терең парасат пен ұшқыр шабыт, зерек зейіннің жемісі, көрінісі, - деді. Ол аланың құлағына сіңіп, адамгершілік жолына бағыттап, рухани есеюіе айрықша ықпал жасайды. Мақалдарың шындық өмірге жанасымы мен болмыстың бенйнелеу, өмірлік мәселені, құбылысты байыптап, дәл де терең тұжырым жасау менкөкейге қонымдылығына қарайхалытың ұлттық поэтикалық ойлау ерекшелігін, автордың ой-өрісі мен рузхани өміолік тәжірибесін барлай аламыз. Б.Ыбырайым бүгінгі балала прозасында көркемдік ойды бейнелеуді төмендегідей қарастырады. Олар:
Балалардың өзіедік өмірін, өзіндік әлекметтік тіршілігіне зе салу, олардың тыныс тірлігінің талай мәселелері ересектердің әлеуметтік моральдық атмосфрасыме е байланысты екені ескеру;
Балалардың жан дүниесміне бойлауға ұмтылу, детальдарды, штрихтарды, т.б. көркемдік құрал тәсідермен бояуларды кейіпкердің психолгиясына тереңдеп тануға жетелейтін кілт есебінде пайдалану, психологизмге ден қою;
Балалардың мінез-құлықтарынан туындайтын і-әрекетердің эстетикалық-педагогикалық мәніне назар аудару;
Табиғат әлемі арқылы авторлық көркемдік ойды бейнелеу;
Тарихи кезең, тарихи тұлғалардың сыр-сипатына үңіліп, тағылымдық сәттерге назар аудару, жас ұрпаққа Отаншылдық тәрбие беруге ұмтылу. Бүгінгі балалр прозасында, онң ішінде балалар әңгімесіндегі көркемдік ойға құйылатын негізгі арналар осылар , - деп тұжырым жасайды.
Бұл секілді саланы әдебиет зерттеушілері өзіндік ізденістерімен дамыта түсті. Белгілі ғалым Б.Адамбаев Тозған қазды топтаған қарға жейді атты еңбегінде халық ауыз әдебиетіінң бір-біріне жақын, ұқсас екі жанрына жататаны шешендік сөздер үлгілері мақал-мәтелдер жөнінде жүргізген зерттеулер бойынша өзінің ой тұжырымдарын ұсынған. Автор онда мақал-мәтелдердің маңызына тоқтала келіп: мақал дегеніміз - халықтың ғасырлар бойы өмірден, табиғаттан көрген-білгендерін бейнелейтін шағын шығармасы сөз өнері, - анытама берген. Халық шығармаларының басқа түрлері сияқты мақал-мәтелдерді де әел баста жеке адамдар шығарады, оны біреуенестіп жаттап жаңғыртады, өңдейді, өзгертед. Сөйтіп, олар біртебірте жалпы ортақ мұраға, халық шығармасына айналады. Демек, мақал-мәтедді халықтың өмірден жасаған қоыртындысы ақыл*ой түйңні деуге болады [50]. Бастауыш мектепте мақал-мәтелдерді пайдалануда оныңмағынасын түсіндіруді, оқушылардың тіліне дамытуда арнайы жүргізілген зерттеулер қорытындысына сүйендік.
Зерттеуші ғалым С.Қирабаев балаларға арналған поэзияның,я ғни өлеңнің өзіндікерешкеліктерін; тілінің жатық, ижеясының анық болуында деп көрсетке. Сонмен қатар ғалым өбектерге арнап кір\тап жэащу мәселесін де көтерген. Онда: Оқушы жас болған сайын ол оқитын кітаптың да көркемдіук дәрежемінің жоғары болуына, оның әр түрлі тақырыпқа жазыдуына, қоғамдық өмірімізідің әр тұрі құбылыстарын жам жеткіншектерге жеткізіп айтып беуге қысымшылық жасамуға ттиіс. Балаларға арналған кітаптың ерекшелігі - оның мейлінше қарапайым, нақты, әдеби образға бөлене жазылуына байланысты. Бөбектердің кітаптары оларды әрі көңілдендіретін, қуанышқа бөлейтін, жеңіл оқыолатын, оның үстінебаланың санасын оятарлдыөьай ойға құрылу керек. Көркем әдебиеттің бақа саласы сиқяты ол да қайнаған өмірден алынып, образды түрде жазылуға тиіс, - деп көрсетті. Шын мәнінде, балалар әдебиетіінң көркемдік жағы басым болғанда ғана бастауыш сынып оқушыларын қызықтыра алады. Біз зерттеу жұмысмысза көркем шығарманы іріктеуде автордың ұсынған өлеңінің өзіндік ерекшеліктерін басты қағида етіп алдық.
Зерттеуші ғалым Қ.Матыжанов өз еңбегінде: ең алдымен балаларға арналған халық шығармалары - балалар психологиясын. Көркемдік талғамын, шығармашылық мүмкіндіктерін танытатын асыл мұра. Ол өзінің бала қабілетіне лайықтылығымен, логикалық жүйелілігімен, тілінің нәрлілілігімен, музыкалық сазымен, өнегеді мазмұнымен, ойындық жеңіл формасыме балалардың рухани азығына айеалған бағалы тәрбие құралы деп ауыз әдебиетіінңпедагогикалық құндылығын саралап бергенін көреміз [102].
Алым Ә.Табылдиев Халық тағылымы атты еңбегінде Мақал мен мәтелге өз тұрғысынан анықтама берген. Мақалдар - нақыл, өсиет түрінде атйлатын философиялық ой түйіндері, сөд мәйекгі. Мақалдар көбінесе өлеңдік өрнекпен, сабырлы, салмақты ырғақпен айтылады. Қара сөзбен яғни шешендікпен айтылатын мақалдар да бар. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей тб.. Мәтелдер негізінен тұжырымы тұспалы өлеңде сыңар тармақты, қара сөзде нұсқаулы сөз ретінде айтылады. Өлең сөздің патшасы т.б. Қазақ халқы - сөз қадірін біліп, қасиетті сөзді қастерлеп, аузынан тастамай, өнеге ретінде данышпандығын өлең өрнектерімен өрнектеп, зерлеп келе жатқына халық. Сөз зергерлерінің аузынан шыққан мақалдар мен мәтелдерді оқу-тәрбие үрдісінде үздіксіз пайдаланып, үлдгі етіп ұрпақ тәрбиесәне шарықтап пайдалануды дәстүрге айналдырып отырмыз.
Балалар әдебиетінің теориясын алғаш жасаған орыстың ұлы жазушысы М.Горький еді. Ол совет балалар әдебиетін жасауда жалпы педагогика мен психологиясын басшылыққа алды. Балалар әдебиетінің басқа әдебиетке қарағанда өзіндік ерекшелігіне тоқталады. Ол балалар әдебиеті талғамы, ойы, қабілеті, тілі, баланың даму ерекшелігіне сәйкес келетінін айтты. Ол өзінің мақалаларында еңбекті суреттеу жас өсіпірімдерге арналған әдебиетітң міндеті болуы керек деп көрсетті. Балалар әдебиетіне араласатын автор әр алуан жастағы балалардың барлық өзгешеліктерін ескеруі тиіс. Бұлай етпеген күнде оның кітабы балаларға да, үлкендерге керексіз, иесі жоқ кітап болып шығады, - деді.
Балалар әдебиеті балалардың жасы кіші болған сайын анық көрінеді, ал үлкейген сайын балалар әдебиеті мен ересектер әдебиетінің айырмашылықтарына көрінбей, бірігіп кетеді. Сонай-ақ М.Горький балалар әдебиетіне үлке мән бере келе, оның тәрбмие құралы екенін айтты. Балалар әдебиеті басқа ғылымдармен (педагогика, психология, эстетика, музыка т.б.) тығыз байланысты болуын талап етті.
М.Горький Әдеиет туралы еңбегінде : Бастауыш сынып оқушыларлына ойын, санақ, әзіл-сықақ үшін материал боларлық әрі қарапайым, әрі өте шебер жазылған көркем өлеңдер кере. Осы күнгі балалар кітабының шеберлерінің өлеңдерімен қатар, фольлордың таңдаулы үлгілерінен құралған бңрнеше жинақ шығару қажет, - деген [30, -350 б.].
Сонымен қатар, балаларға арнаған кітаптың құрылысы, мазмұны, сапасы туралы да өзінің ой-пікірін айта білшен. Балаларға арналған кітаптардың бәрі бірдей танымдық материал беруге тиісті деп ойлауға бомайды. Ол бейнелі тілмен жазылған, көркем кітап болуы қажет. Бізге балалардың сықақшылдық сезімін дамытатын көңілді, қызық кітаптар да қажет. Балалрға арналған кітапшалар серияларының қаһармандары боларлық, күлкілі-сықақты кейіпкерлер жасау қажет, - деп жасаған тұжырымы дәлел. Жазушының сол уақытта айтқан құнды ой-пікірлері күгі бүгінге дейін өз мәнін жойған жоқ. Ол қазіргі ғылым мен техниканың дамыған заманында да балаларға арналып жазылатын кітаптарбасшылыққа алынады. Бастауыш сыынпұа арналған кәтаптардың суреттері айшықты, көңілді баланың газарын бірден өзіне тартатындай қызықты болуы тиіс. Әртүрлі тапсырмалардан, баланың жас ерекшелігіне лайықты көркем шығармаларды дұрыс іріктеуде, осы бастауыш мектеп оқушыларын тәрбиелеу мен біім бру мәселесімен айналысқан ғалымдар мен балалар суретшілері болғаны дұрыс. Бұл заман ағымынан туындап отырған қажеттілік.
Орыс халқының ұлы сыншысы В.Г.Белинский Әдебиет деген сөздің жалпы мағынасы туралы жазған еңбегінде ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетіінң айырмашылықтарына тоқталған. Жазба әдебиеьің қандай туындысын алсақ та, оның авторы белгілі болады. Соғын қоса, оның өмірбаяны, шығармаларының қашан,қанлай тақырыпқа арналғандығы, қай кезде баспа жүзіне жарияланғаны т.б. көпщілікке мәлім болып отырады. Ал, ауыз әдебиетіінң авторлары белгісіз болады. Бұдан әрине, ауыз әдебиетінде автор болмайды дешен ұғым тумаса куерек. Ертегі, әңгіме, жырлардың қайсысы болса да әуел баста жеки авторлар шығарған. Бірақ, сол кезде жазу-сызу өнері болмағандықтан, авторлардың өмірбаяны , аьы-жөні сақталмаған. Ал шығармаларды ауызша айту түрінде туып, ел арасына ауызша айту ретімен тарап кеткен. Олардың авторы халықтың өзі болған. Ауыз әдебиетін халық әдебиеті деп атаушылық, міне, осылай туған, - деп көрсеткен [106]. Бұдан В.Г.Белинскийдің пікірінің қазақ зерттеуші ғалымдарының ой-тұжырымдарымен сәйкес келетінін байқаймыз.
Балалар әдебиетінің даму арналары, оның жанрлары дажеке зерттеу саласын құрайды. Ал, қазақ балалар прозасының даму жолдары мен тәрбиелік мәні, көркемдік деңгейі туралы С.Өскенбаев [115], бүгінгі балалар әңгімесі туралы Ә.Өтегеновалар кандидаттық диссертациялар қорғалды. Қазақ балалар әдебиеті Ресей, Орта Азия халықтарының озықшығармаларынң аударып тоыға түсуде. Атап айтсақ, жазушылары К.Чуковскийдің Доктор Айболит, Кір қоймас ,В.В.Маковскийдің Жақсы деген немене жаман деген немене, Кім болам [118], А.Гайдардың Тимур және оның командасы ,С.Маршактың [120], А.П.Бартонның [121] т.б. өлеңдері мен әңгімелері қзақ тіліне аударылып, оқу-тәрбие үрдісінде пайдалануда.
Балалар әдебиеті - балалар психологиясын, шығармашылық мүмкіндіктерін танытатын халықтың ғасырлар бойы жиаған асыл мұрасы. Ол өзінің мектеп жасына дейінгі балалардың қызыға еліктей отырып, үйренуімен, дағдыға айналуымен, шығармашылық қасиетінің артуымен, үниетанымдық қызығушылығымен, мәнділігімен бағалы. Балалар рухани әлемінің жеке сала ретінде отау тігіп, ізіншеенші иемденіп, балалар фольклоры дегенатқа ие болуы үстіміздегі ғасыр үлесіне тиді.
Қорыта айтарымыз, философиялық психологиялық еңбектерге жасалған талдаулар мектепте балалар әдебиетін пайдалану ғылыми тұрғыда негізделді. Оқушылардың тілін дамытудың өзіндік ерекшеліктерін анықтау үшін ғылыми-әдістемелік зерттеулерді талдау қажет деп санаймыз Ол келесі тармақшада қарастырылады.

1.2 Балалар әдебиеті арқылы оқушылардың тілін дамытудың ерекшеліктері
Еліміз тәуелсіздік алғалы бері мемлекеттік тілі де еркін тынстай бастады. Тіл - адам баласы қарым-қатынасының негізгі құралы есебінде бүкіл келелі мәселелерді шешеді.
Педагогика саласында тл біліміне ерекше мән беріліп, тіл мен сана, сөйлеу мен ойлау өте тығыз байланысты қарастырылады. Адам ойы сөйлеу тілінде көрініс табатындықтан, дұрыс сөз құрау, өз ойын нақты да, тиянақты жеткізу ақылойдың көіісі блмақ. Сөдердің грамматикалық жүйесін, олаоды қодану тәсілдерін меңгеру арқылы адамның ойлау жүйесі де дамиды. Сонымен қатар, көргенін айтып талдау арқылы бала қолршаған дүниені таниды.
Көрнекті ағартушы-ғалым, психолог Ж.Аймауытовтың пікірінше Тіл - ішкі сырды сыртқа шығаратын құрал. Төңірегіндегі табиғаттың түрліқұбылысына кездессе, қорықса, қуанса, таңданса, бір жері ауырса, адам айқайлап дыбыс шығарып жүрсе керек. Сол дыбыс адамның қандай күйге түскенін маңайындағы басқа адамдарға білжірсе, міне сөйлеудің ең түбі осыдан басталған болу керек дейді. Бұл - тілдің ең алғашқы дәуірі... [108]. Адам тілінің осылайша өркендеген дәуірін бала да басынан кешірді.Олай болса, ересек адам тіл жүзінде қандай жетіліп, жүре-бара нәрсе мен дыбыс арасындағы байланысты қалдырған болса, бала да тап сол сяқты ұғымдарды, сонымен қатар сөздер көбейген сайын ойын байланыстырып айтуға дағдыланатынын көреміз.
Психолог Н.И.Жинкиннің пікірінше ішкі сөйлеуде пайда болатын ой басқа адамға акустикалық кешен арқылы жетеді. Дыбыс есту мүшелерінің қызметімен нерв сигналдары түрінде миға жетіп, тыңдаушыға жетізіледі.
Сөйлеу механизмін оқып-білудің міндеті адамның қоршаған болмысты қабылдауында ойдың, бейненің пайда болу кезеңдерінен қарастыру. Сынмен сөйлеу механизмі үрдісі барысында талдау және жинақтауды есеру қажет делінген. Бұдан шығатын қорытынды сөйлеу механизмі күрделі әрі сатылы процесс. Яғни, сөздерді қабылдау мен түсіну күрделі механизмдер арқылы жүщеге асып отырады.
Сөйлеу түрді механизмдер арқылы жүзеге амып оытрады да, олардың нақты мазмұны мен мәніне, мақсатына орай дамиды. Сөздерді қабылдағанда біз сигналдадың сигналы (2-сигнал жүйесі, бұл - адамның сөйлеу әрекетімен байланысты жоғары жүйке қызметі) арқылы тітіркендіру нәтижесінде нәрселердің мән-жайын қабылдап, олар туралы хабар аламыз. Әрине, ондай хабарлар санлы да, санасыз да болуы мүмкін. Осы орайда сөйлеудің физиолгиялық негізі И.П.Павлов іліміндегі екінші сигнал жүйеін негізделеді. Ал екінші сигнал дыбысты сөзбен, сөйлеу әрекетімен байланысты. Адам сыртқы тітіркендіргіштерге әсерленіп қана қоймай, оларды тең мағынада сөз арқылы бейнелейді. Халқымызда Көз жеткізбегенді сөз жеткізеді дешен тамаша мақал бар. Мұның мағынасы тікелей таным арқылы бейнеленетін заттар мекн құбылыстардың қасиеттері түйсік, қабылдау, елес процестерінің шектеулі шеңберін тереңдете түсіп, олардың мән-мағынасы сөз бен сөйлеу әрекеті бейнелеуші-танымдық ерекшеліктері арқұылы ұғынуға болады.
Психолог А.В.Запорожецтің тұжырымдауынша сөйлеу - адамдардың ті арқылы қарым-қатынасының тарихи қалыптасқан формасы. Сөйлеу мен тіл күрделі диалектикалық тұтастықты құрайды. Сөйлеу қарым-қатынасы фонетикалық, лекискалық, грамматикалық, стилистикалық, құралдар жүйесі қарым-қатынас ережелерін білдіретін берілген тілдің заңдылықтары бойынша іске асады (қазақ тлі, орыс тілі, ағылшын тілі). Соынмен бірге түрлі факторлардың әсері арқылы (қоғамдық практиканың талаптары, ғылымның дамуы, тілдедің өзара әсері) сөйлеу тілді өзгертеді және жетілдіреді.
Сөйлеу бізге қоршаған дүниені тануға көмектеседі. Қоғамдық практикада сөздің арқасында уақыт, кеңістік туралы жалпы ұғымдар пайда болады. Бұл адамға табиғат құбылыстарының мәнін түсінуге, күнделікті қоғамдық өмірдегі уақиғаларды түсінуге, ғылымджы жасауға мүмкіндік береді. Яғни, адамның қоршаған дүниеге әсер етіп, оны бақара алатыныдығын көреміз. Бұл туралы ұлы ғалым И.П.Павлов былай деген: Сөйлеу, сөз адамды болмыстың тәңірі етті
Сөз - тіл механизмінің негізгі буындарыынң байланысатын жері. Сөз дыбыстардан тұрады. Сөздің дыбысьық элементтерін таңдап алу үшін дыбыстардың қасиеттерін талдау және жинақтау қажет. Есту мүшелері арқылы қабылданатын дыбыстың барлық қасиеттері біртұтас болып келеді. Сөз екі форма арқылы жүзеге асырылады: сенсорлық, моторлық. Сенсорлық дегеніміз сөйлеушінің тілін түсіну, ал маторлық дегеніміз адамның өзінің сөйлеуі. Бұл екі форма бір-бірімен тығыз байланысты. Дегенмен айырмашылықтар да бар. Себебі, сенсорлық, маторық сөз мидың әртүрлі бөліктері арқылы іске асып, ойлау қабілетін туғызады. Бұл жөнінде Л.С.Выготский, ой сөзде өмір сүрмейді, сөзді құрауы мағынада өмір сүреді дейді де мағынаны сөз бен ойдың арасыдағы дәнекер деп атайды: мысль не выражается в слове, а совершается в нем, значение находится как бы между мыслю и словом, вот почему значение пересекаются коммуникация и мышления.
Сөйлеу мен ойлаудың адамға ғана тән қасиет екендігі жөнінде көптеген ғалымдардың пікірлеріне сүйенсек сөйлеу механизмі мидың құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты екендігін көреміз. Сонымен сөйлеу дегеніміз медицина ғылымдарының докторы, профессор М.М.Кольцованың пікірінше мидың көптеген аймақтарының біріккен іс-әрекетінің нәтижесі.
Психологиялық әдебиеттерге жасалған талдаулардан балалар сөздік қорды практикалық жолмен меңгеретінін, аооның грамматикалық құрылысын, сөйлеудің қарапайым формасы болып табылатын ауызекі байланыстырып сөйлеуді мектепке дейінгі жастар-ақ меңгере бастайтындығы туралы тұжырым жасауға болады.
Зерттеуші ғалым, профессор Х.Досмұхамедов тіл, сөйлеу адам психолгиясының басты белгілерінің бірі екендігін айта келіп: Тіл - жұрттың жаны. Өз тілін білмеген ел болмайды. Тілінен айырылған жұрт - жойылған жұрт... Ана тілін білмей тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең, ол күйініш. Ана тілін жақсы біліп тұрып, бөтенше сөйлесең бұл сүйініш, - деп жасаған тұжырымы бүгінгі заман талабымен үндесіп жатқанын көреміз.
Бала тәрбиесіндегі тілдің мәнін ерекше көңіл бөлген ұлы чех педагогы Я.А.Коменский Аналар мектебі еңбегінде: Сөз әр заттың мәнін бейнеейді, сөзді түсінбес бұрын, заттың мәнін түсінуі керек, адамзатты сөзден құралған, сөз заттардың жеке белгілерін түсінуі барысында сыртқа шығады, деген ойы бүгінгі таңға өз мәіні саөқтауда.
Тілдің бала тәрбиесіндегі ролін көрсете куеліп, К.Д.Ушинский: Біз балаарды өзініңғ ан тіліне үйреткенде халықтың рухы, оның көп ғасырлық өмірінде жасаған мұраларымен таныстырамыз, яғни оған халықтың барлық күшімен барлық поэзиясының шексіз дария болып ағып жатқан жанды бұлағынан нәр алғызамыз, - дейді.
Мектеп жасындағы балалардың санасына тән ерекшілік - қоршаған дүниені тануға, білуге тырысу. Сондықтан, балаға күрделі және беймәлім құбылыстарды қарапайым және түсінікті түрде жеткізу, жұмбақ дүниеден бала танымына жақын таныс нәрсеге көшу, бала күнделікті өмірден көріп біліп жүрген табиғи құбылыстарды таныс құбылыстармен салыстыра отырып, олардың сана сезіміне әсер ету - тәрбиешінің басты міндеттерінің бірі.
С.Торайғыров: адам таибиғаттың туындысы, онлағы себептіліктің жемісі. Ол дүниенің сырларын біртіндеп ашып, оны шама-шарқына қарай өзгеріпотыратын белсенді тұлға. Адам сыртқы дүниемен байланыса отырып, оны біртіндеп тани береді, сөйтіп, өзінің ақыл-ойын дамытады, дей келе, дүние, табиғат, тіршілік жөнінде көркем шығармаларды пайдаланудың маңызы зор деп ғылыми ой қорытады .
Осы пікірден адам балыынғы дүниеге кедгенне ибастап маңайын тануға, оны пайдалануға, қоршаған дүниемен қарым-қатынсақа түсуге, талпынатыын байқалады. Ол қарым-қатынастың бәрі де сөзге, сөйлеу әрекетіне негізделетіні айқын. Сонымен қатар, сол таныған , көргеи нәрселеін оқылған көркем шығарма, мәтін мазмұынна тауып, салыстырмалы түрде сипаттай алады. Сондай-ақ сол заттар мен құбылыстар туралы жаңылтпаш, жұмбақ, мақал-мәтелдер ойлап айту арқылы тіл байлқтарын жетілдіреді.
Табиғат, қоршаған дүниеде байланысты оқылған көркем шығармалардың мазмұнына байланысты.
Швейцар психологы Ж.Пиаже Жел қайдан соғады? Қайдан бастьалады? т.с.с. сұрақтарды оқушыларды қоя отырып, мынадай қызықты фактілерге тап болған. 7-9 жастағы оқушылардың желді жәе ауадағы басқа да құбылыстарды адамның тыныс алуының нәтижесінде пайда болады деп түсінеді екен. Ал тыныс алу өз тарапынан сөзбен және ойдаумен айланысты байланысты деп түсіндіреді балалар. Сондықтан да санасыда ой (психикалық құбылыс) және жел (физикалық құбылыс) екеуі бірігіп келіп, тұтас бір бүтінді құрайды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мақал – мәтел, жұмбақ жаңылтпаштарды оқыту ерекшеліктері
Халық ауыз әдебиеті арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың дүниетанымын қалыптастырудың қазіргі жағдайы
Сын - пікір беруші педагогика, психология
Сын - пікір білдіруші
Бастауыш сыныпта «Қазақ тілі» мен «Әдебиеттік оқу» сабақтарында қолданылатын инновациялық технологиялар
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогика материалдарын пайдалану жолдары
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогикалық материалдарды пайдалану
Сын - пікір
Оқыту үрдісінде халық ауыз әдебиеті үлгілерін пайдаланудың маңызы
«Әдебиеттік оқу» құралының құрылымы мен құрылысы
Пәндер