Шет тілінде электронды оқулықтарды пайдалану



Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Курстық жұмыс
Тақырыбы:
Шет тілінде электронды оқулықтарды пайдалану

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2017ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.Комьютерлік технологияларды қолдану ерекшеліктері
1.1 Жаңа ақпараттық технология құралдарын пайдалану ... ... ... ... ... ... .. ... ... .6
1.2 Компьютерді шет тілін оқытуда пайдалану ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 13
2. Шет тілін оқытуда электронды оқулықтарды пайдалану
2.1 Электрондық оқулықтар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.2 Электронды оқу басылымдарының құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
2.3 Электронды оқулықтардың мүмкіндіктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .26
2.4 Жүргізілген зерттеу жұмыстары және нәтижесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37

Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Адам іс-әрекетінің әртүрлі салаларында, сонымен қатар, білім саласында ақпараттық технологиялардың жаңаша құралдарын қолдану бүгінгі күні үлкен өзектілікке ие болып отыр. Отандық және шетелдік оқулықтарда білім процессін компьютерлендіру ең өзекті факторлардың бірі ретінде қарастырылады.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының білім туралы тұжырымдамасы ойлы, өнерлі, білімді тұлғаны қалыптастыруға бағытталған және қазіргі білім жүйесі оқушылардың танымдық белсенділігін дамытатын оқытудың дәстүрлі емес, белсенді түрін және әдістерін оқу процессіне енгізу бағытында құрылуы тиіс.
Білімді дамыту үшін білім берудің үйреншікті әдісінен оқыту процессінде оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыратын білім берудің жаңа белсенді әдісіне көшу керек. Бұл тапсырманы оқыту процессінде тек жаңа технологияларды қолдану арқылы жүзеге асыруға болады.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында (3 бап) белгіленгендей, білім беру жүйесін ақпараттандыру, мемлекеттік білім саясатының негізгі қағидаларын жүзеге асырудың маңызды бір механизмі болып табылады. Ақпараттық ортаны құруға негізделген білім берудің жаңа жүйесін қалыптастыру және педагогикалық практикаға жаңа ақпараттық құралдарды, сонымен қатар, басқа да жаңа технологияларды енгізу білім жүйесін дамытудағы стратегиялық тапсырма болып саналады.
Қазіргі кезде жаңа білім жүйесі интернеттің пайда болуының арқасында дамығанын барлығы мойындайды. Көптеген әдіскерлер видеофильм, электрондық пошта (e-mail), мультимедиялық презентация, анимациялық суреттер және т.б. көмегімен шетел тілінде монолог және диалог түрінде сөйлеу қабілетін қалыптастыратын жаттығуларды құрастырумен айналысып жатыр. Ал шетелде болмай-ақ, сол елдің тілінде сөйлей алу қабілетіне ие болу оңай емес. Сондықтан, мұғалімнің маңызды тапсырмасының бірі шет тілі сабағында жаңа технологиялардың түрлі амалдарын қолдана отырып, сөйлеудің шын ситуацияларын құру болып табылады. Шет тілін үйрету процессінде компьютер технологияларын қолдану сабақты қызықты жолмен өткізуге көмектеседі. Мысалы, анимациялық суреттер, видео-көріністер, презентациялар және т.б. әртүрлі дыбыстар арқылы көрсетіледі. Компьютер мониторындағы көріністер оқушының іс-қимылының арқасында өзгеріп отырады. Бұл динамикалық және оқушының бар ойын өзіне бағыттайды, сонымен қатар, оқу процессінде оқушының белсенділігі оянады. Нәтижесінде, оқушы ақпаратты оңай әрі тез қабылдайды және оқушының ынтасы мен қызығушылығы жоғарылайды.
ХХI ғасырды қоғамдық ақпараттандыру ғасыры деп жай атамаған. Компьютер - адам іс-әрекетінің барлық салаларында қолданылады. Дүниежүзілік қоғамдастықта қоғамдық өмірдің барлық саласын глобальді ақпараттандыру процессі дамытылуда. Барлық экономикалық дамыған елдерде және көптеген дамушы елдерде білім беру жүйесін ақпараттандырудың қарқынды процессі жүріп жатыр. Жалпы білімді жоғарылату жолдары жасалып жатыр және оқыту процессіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізуге көп қаражат бөлінуде.
Дегенмен, оқыту процессіне компьютерлік технологиялардың қарқынды енгізілуіне қарамастан, арнайы мультимедиялық оқулықтар және оларды қолдану техникасы туралы әдістеменің болмауы себепті шет тілін үйрету процессінде компьютерлендіру жеткілікті дамымаған. Сонымен, ағылшын тілін оқыту әдістемесінің жеткіліксіз жасалуы, ағылшын тіліне оқытуды компьютер арқылы ұйымдастыру жолдарын жүзеге асыруды және ізденісті қажет ететін, осы зерттеу жұмысының маңызды мәселесі (проблемасы) болып табылады. Бұл мәселе зерттеу жұмысының тақырыбын таңдауға себеп болды: Шет тілін оқытуда электронды оқулықтарды пайдалану ерекшелігі.
Зерттеу жұмысының мақсаты - Компьютерлік технологияларды қолдану арқылы шет тіліне үйрету әдісінің тиімділігін (эффектілігін) жоғарылату, электронды оқулықтардың маңыздылығын анықтау.
Аталған міндетке жету үшін келесідей тапсырмалар қойылды:
Зерттеу жұмысының міндеттері:
1. Ағылшын тілі сабағында жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың маңыздылығын суреттеу;
2. Компьютерлік технологиялардың бар бағдарламаларын ағылшын тілінде сөйлеуге, түсінуге үйрету процессінде қолдану мүмкіндіктерін көрсету;
3. Видеофильмдер мен мультимедиялық презентациялар арқылы диалог және монолог түрінде сөйлеуге үйретудің жаңа нұсқаларын ұсыну.
Зерттеу объектісі - ақпараттық технологияларды қолдану ерекшелігі арқылы, шет тілін үйретудің әдісі.
Зерттеу құралы - шет тілін үйрету процессіндегі мультимедия мен видеофильмдер.
Зерттеу процессінде келесідей әдістер қолданылды: шет тілдерін оқытуға арналған психологиялық-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді талдау; ақпараттық технологиялар бағдарламасының мүмкіндіктерін тану; танып, білген мәліметтерді эксперименттік зерттеу жүргізу мақсатында педагогикалық практикада қолдану.
Зерттеудегі ғылыми жаңалық:
Шет тілін үйретудегі ақпараттық технологиялардың жаңа мүмкіндіктерін айқындау;
Білім беру процессінің сапасын жоғарылататын және оқу материалын қабылдаудың тиімділігін көтеретін, шет тілін үйренуде компьютерлік технологияларға үйрету әдістерінің жаңа нұсқаларын жасау.
Зерттеу жұмысының теоретикалық маңыздылығы:
Жаңа технологиялардың көмегімен шет тілін үйретудің тиімді жүзеге асырылу мүмкіндіктерін айқындау.
Зерттеу кезінде алынған нәтижелер, яғни компьютерлік технологияларды қолдану үшін жасалған әдістер орта мектептер мен жоғарғы оқу орындарында, білім беру процессінің сапасын жоғарылату мақсатында қолданылуы мүмкін. Объект: Ағылшын тілін үйретудегі жаңа ақпараттық әдістемелері. Тақырыбы: Шет тілін оқытуда компьютерлік технологияларлы қолдану ерекшелігі.
Зерттеудің практикалық құндылығы. Жұмыста қарастырылған нәтижелер жалпы білім беретін мектептерде ағылшын тілін оқытуда оқушыларды коммуникативті оқыту технологиясы негізінде сөйлеу дағдысын қалыптастырудың тиімді жүйесі ретінде ақпараттық технологияны, компьютерді мультимедианы қолданудың артықшылығы тәжірибе жүзінде дәлелденіп, негізделді; зерттеу нәтижелерін мектепте ағылшын тілі сабағында қолдануға болады.
Зерттеу әдістері: зерттелетін проблемалар жөніндегі ақпараттық әдебиеттерді зерделеу; психологиялық педагогикалық тәжірибелерді зерделеу мәселелерінің қырынан зерделеу; педагогикалық бақылау, әңгімелесу,сауал сұрақ жасау.
Талдау барысындағы материал: шет тілдерін оқытуға арналған психологиялық-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттер; отандық және шетелдік журналдар.
Зерттеу жұмысының құрылысы: жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымша материалдан тұрады.

1.Комьютерлік технологияларды қолдану ерекшеліктері
1.1 Жаңа ақпараттық технология құралдарын пайдалану
Адамзат қызметінің әр түрлі саласында, соның ішінде білім беруде ақпараттық технологияның аса жаңа құралдарын қолдану көбірек өзекті болып келеді. Отандық және шетелдік басылымдарда оқу процесін компьютерлендіру қандай да бір пәнді оқытуды ұйымдастырудың өзекті факторларының бірі ретінде қарастырылады.
Оқытудағы аса жаңа ақпараттық технологиялар алдыңғы қатарлы университеттер мен институттардың ғылыми және білім беру потенциалын белсендірек пайдалануға қашықтан оқыту курстарын құруға ең үздік оқытушыларды тартуға, үйренушілер аудиториясын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Компьютерлік оқыту саласындағы жинақталған бай тәжірибеге қарамастан, көптеген шет тіл оқытушылары компьютерлік оқыту құрлдарын пайдалану мүмкіндігіне сақтықпен қарайды.
Оқытудың басқа құралдарымен салыстырғанда дидактикалық артықшылықтары болып табылады: полифункционалдылық, интерактивтілік, диалогтық өзара әрекеттестік, жұмыстың ұйымдастырушылық нысандарының мүмкін режимдерінің алуандығы. Оқыту құралы ретінде компьютер барлық артықшылықтарлы іске асыруға қабілетті. Сонымен бірге оқыту процесінде компьютерді пайдалану техникалық құрылғыларға қойылатын талаптармен реттелген, және белгілі бір қағидаларға сәйкес келуге тиіс. Компьютерлік лингводидактикада пайдаланудың келесі қағидалары релевантты болып табылады:
+ келісімділік;
+ қажеттілік;
+ ақпараттылық;
+ сенімділік;
Келісімділік қағидасы:
Оқыту мазмұнына, мақсаттары мен кезеңдеріне, пайдаланушылардың жастық ерекшеліктеріне, сондай-ақ қолданылатын оқыту әдістемесіне байланысты пайдалану жағдайларын нақты анықтауды ұйғарады.
Қажеттілік қағидасы:
Егер қандай да бір параметр бойынша оқу процесінің тиімділігін арттыруға, атап айтқанда: материалды меңгеру жылдамдығын жеделдетуге, сөйлеу қызметін белсендіруге, көбірек ұтымды тәсілмен оқу мақсатына жетуге, оқытушының немесе оқушының жұмысын жеңілдетуге, оқу уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.
Ақпараттылық қағидасы:
ДК пайдаланушыға аса қысқа уақыт ішінде көп ақпарат алуға мүмкіндік беретіндіктен, оқу процесін анықтамалық - ақпараттық қамтамасыз ету құралы ретінде компьютердің артықшылықтарын ашады. Оның үстіне, компьютер шет тілін оқытудың ақпараттық - сөйлеу сипатына бәрінен көбірек сәйкес келеді.
Сенімділік қағидасы:
Оқыту үшін әрбір компьютерлік бағдарламасын тәжірибелік тексеруді жүргізу қажеттілігіне,сондай-ақ дидактиканы қолданумен сабаққа ұйымдастырушылық дайындық кезеңінің барын көрсетеді.
Шет тілдерін үйрету процесінде компьютер бірнеше функцияларды орындай алады.
Тілдерді үйретуде компьютердің белгіленген функцияларын екі үлкен топқа біріктіруге болады:
+ іске асыру кезінде оқу процесінің қатысушыларының бір рөлін орындайтын функциялар;
+ қызмет құралы ретінде ДК функциялары.
Оқытушы мен оқушының функциялары бір - бірін өзара толықтырады, сондықтан олардың қызметін компьютерлендіру процестері тығыз өзара байланысты, үйренуші қызметінің белгілі бір аспектісін боямалайтын компьютерлік құралдар бір уақытта үйренушінің жұмыс құралы болып табылады. Мысалы, анықтамалық - ақпараттық жүйелер, бір жағынан, оқытушының ақпараттық функциясын іске асыратын құралдар ретінде, екінші жағынан, үйренушінің қызметін ақпараттық қолдау құралы ретінде қарастырылуы мүмкін.
Компьютер шет тілдері оқытушыларына бірнеше көмек көрсете алады.
Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміздеген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзі ұстаз қауымына үлкен тапсырыстарды артып отыр. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы, бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді. Дүниежүзілік озық тәжірибеге сүйеніп, жаңа типті оқыту, яғни әр баланың табиғи қабілетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, оны жан жақты дамыту керек. Қазіргі білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болып, оқытудың жаңа технологиясы өмірге келді. Яғни педагогикалық технология ұғымы іс - әрекетімізге кеңінен еніп, қолданылуда.
В.Кларин технология сөзінен қандайда болсын істегі шеберлікті, оқыту үйретудегі амалдардың жиынтығы - деп, ал педагогикалық технология (тәрбие технологиясы, қарым - қатынас технологиясы, оқыту технологиясы) педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдардың жүйелі жиынтығымен жұмыс істеудің реті деп түсінік берді. Педагогикалық жаңа технология іс әрекетке, оқыту барысында жүзеге асатын педагогикалық жүйе.Ол дара тұлғаны жетілдіруге,белгілі бір мақсатқа жету жолында арнайы ықпалды ұйғаруға қажетті байланысқан әдіс тәсілдер.Ендеше педагогикалық технология оқу тәрбие үрдісінің шығармашылықпен оқытумен тәрбиенің тиімділігі қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі.Олай болса, технология ақырғы мақсатқа жететін әрекеттер жүйесі.Жаңа педагогикалық технология баланың жетілген тұлға ретінде дамуы үшін маңызы зор. Ал осы жаңа технология таратушы, үйретуші, өзінің шығармашылық еңбегінде жүйелі қолданушы, насихаттаушы ол мұғалім. Жаңаша ойлай білсең ғана ұстазсың. Сол себептенде жаңа технологияны енгізуші таратушы тұлғаға үлкен талаптар қойылып отыр.(Қосымшада 1 - кестеден қараңыз)
М.Горький Мұғалім әрбір алғаш ашатын кілт дегендей мұғалімнің білімдарлығы, саналылығы, абыройы, беделі оқып отырған шәкіртінен көрінері сөзсіз. Біздің басты міндетіміз: Егеменді еліміздің жас ұрпағын ойлы да, іскер, жігерлі де, батыл, білімді, интеллектуалдық деңгейі биік, жан жақты жетілген азамат етіп тәрбиелеу.
Ұстаздардың алдына қойған міндет оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіру. Әрбір педагогикалық технология жеке тұлғаның өзін - өзі дамытуға, оның өзіндік шығармашылық қабілеттерін арттыруға қажетті іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруға қолайлы жағдай жасауға қажетті обьективтік әдістемелік мүмкіндіктерді қамтиды.Жаңa технологияны қолдану мына кезеңдер арқылы іске асады:
+ I кезең: оқып - үйрену;
+ II Кезең: меңгеру;
+ III Кезең: өмірге ендіру:
+ IV Кезең: дамыту;
Оқыту үйрету арқылы іске асады. Бұл оқытудың маңызы.Оқыту мен тәрбие - егіз үрдіс.Сондықтан да мұғалім инновациялық технологияны пайдалануға ықпал ететін көптеген шартты жағдайлрды танып білуі талап етіледі.(қосымшадағы 2 кестеге қараңыз)
Жаңаша оқытудың негізгі түрлеріне: оқытудың дербес және топтық формасы жатады.Бұл жерде алға қойылған басты мақсат, оқушыларға деген сенім, өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйеніп, беделі мен идеяларын қалыптастыру, қадір қасиет сезімін дамыту.
Сонымен жалпылап айтқанда оқу үрдісінде оқушының тұлғасының дамуына ықпал жасайтын сабақтар үлгісінің бәріне жүктелетін міндеттер жүйесі төмендегідей:
+ Оқушылардың базалық білім, ептілік дағдыларын (білім беру стандарты бойынша) игеру жүйесін жетілдіру;
+ Оқыту үрдісінде оқушылардың теориялық және өнімділік ой құрастыру әрекеттерін танымдық қабілеттерін белсендіру;
+ Оқушылардың танымдық қызығушылығын, оқуға деген мотивін дамыту.
+ Оқу материалын игеруде және оқу іс әрекетінде жете ұғынуға талпындыру.
+ Белгілі бір мәселе шешуде оқушылардың ынтымақтастығын ұйымдастыру.
+ Көбіне оқу жұмысының топтық түрлерін қолдану;
+ Оқушылардың өзіндік жұмыстарының ізденісті зерттеу түрлерін ұйымдастыру;
+ Оқу үрдісінде компьютерлік технологияны қолдану;
+ Дамытуша оқытуға арналған ойындарды қолдану;
+ Жаттығу сабақтарын сапалы ұйымдастыру (коммуникациялық жаттығулар, зейін, ес, ойлау, т.б.) арналған дамыту жаттығулары;
Осы іс тәжірибелерді жинақтай отырып, оқытудың озық технологияларын өз сабақтарында пайдалану маңыздылығы ерекше.
Оқытушылар мен үйренушілер үшін қызмет құралы ретінде компьютер шет тілі бойынша оқу процесінде, ең алдымен, ақпараттық және техникалық қолдау алу үшін қолданылады. Оның үстіне, үйренушілер ДК-ді олардың кәсіби қызмет құралы ретінде пайдалана алады.
Үйренушінің қызмет құралы ретіндегі компьютердің функциялары оның фактілерді дәл тіркеу, үлкен көлемді ақпаратты сақтау және беру, деректерді топтау және статистикалық өңдеу мүмкіндіктеріне негізделген оқытуды басқаруды оңтайландыру, оқу процесінің тиімділігі мен объективтілігін арттыру үшін қолдануға мүмкіндік береді:
+ ақпараттық қолдау алу;
+ оқыту параметрлерін диагностикалау, тіркеу және жүйелендіру;
+ оқу материалдарымен жұмыс (іздеу, талдау, іріктеу, құру);
+ ұжымдық жұмысты ұйымдастыру; қашықтан оқытуды жүзеге асыру.
Оқу материалдарымен жұмыс кезінде оқытушыға көмектің әр түрлі түрлерін ұсынады, ол анықтамалық ақпараттық қамтамасыз ету жүйелерін қолдану есебінен жаңа оқу материалдарын құру кезінде қажетті материалдарды іздеуді жеңілдетуден ғана емес, сонымен қатар оқыту үшін материалдарды ресімдеуден, сондай-ақ бұрыннан бар жұмыстарды әзірлеуден тұрады.
Баспалы оқу материалдарын әзірлеуден басқа қазіргі заманға сай компьютерлік құралдар оқытушыларға бағдарламалаумен айналыспай, жаңа КОП өз бетімен құруға мүмкіндік береді. Бұл үшін бірнеше мүмкіндік бар: ашық КОП деректер базасын түрлендіру және толықтыру, авторлық немесе генеративтік бағдарламаларлы қолдану. Бұл бағдарламаларды генеративті деп атайды, себебі олар оқытушы енгізген тілдік материалдан өз бетімен генерациялайды. Оқытушының генеративті жұмысы диалогтық режимде өтеді және сөйлемді енгізіңіз, ережені енгізіңіз, мәтінді енгізіңіз және басқа сауалдарға жауаптарға әкеледі. Генерацияланатын негізгі түрлеріне жатады:
+ көптік таңдау техникасын пайдаланумен тестілер;
+ бос орындармен мәтіндер;
+ лингвистикалық ойындар (кроссвордтар).
Компьютер шет тілін үйрену кезінде үйренушілерге көмектесе алады.
Үйренушіге қатысты компьютер мыналардың рөлінде болып, көптеген функцияларды орындай алады:
+ оқытушы; сарапшы;
+ қызмет бойынша серік;
+ қызмет құралы;
+ үйренуші.
Оқушылар ДК-ді жұмыстың әр түрлі сатылары мен әр түрлі сапаларында өзінің жеке қажеттіліктеріне сәйкес қолдана алады. Оқытушы функцияларын іске асыру мүмкіндіктерінің арқасында, компьютер артта қалушы оқушылардың білімдеріндегі кемшіліктердің орнын толтыру мақсатымен оқушылардың өзіндік және үй жұмысы процесінде, тілдік автономды үйрену барысында жиі қолданылады. Бұл жағдайда арнайы оқу мақсаттарында құрылатын жаттықтырушы және үйретуші компьютерлік бағдарламалар қолданылады.
Тілді үйрену процесінде компьютер бірнеше мақсат орындай алады.
ДК көмегімен фонетикаға үйрену кезінде айтуды визуалдау тәсілі жиі қолданылады. Мысалы ENGOY ENGLISH WITH PROFESSOR HIGGINS.
Грамматикаға үйрету кезінде:
+ оқу мен түсініп талдаудың рецептивті грамматикалық дағдыларын қалыптастыру;
+ басым түрде жазбаша сөйлеудің өнімді грамматикалық дағдыларын қалыптастыру;
+ тестілік бағдарламалардың негізінде грамматикалық дағдылардың қалыптасушылық деңгейін бақылау;
+ анықтамалық - ақпараттық қолдау көрсету.
Лексикаға үйрету кезінде:
+ оқу мен түсініп талдаудың рецептивті грамматикалық дағдыларын қалыптастыру;
+ басым түрде жазбаша сөйлеудің өнімді грамматикалық дағдыларын қалыптастыру;
+ визуалды көрнекілікті қолданумен тестілік бағдарламалардың және ойындық компьютерлік бағдарламалардың негізінде грамматикалық дағдылардың қалыптасушылық деңгейін бақылау;
+ үйренушілердің пассивті және потенциалды сөздіктерін кеңейту;
+ анықтамалық - ақпараттық қолдау көрсету (автоматты сөздіктер, синонимдер мен антонимдерді іріктеу бағдарламалары).
Оқуға үйрету кезінде:
+ дыбыс әріптік сәйкестіктерді анықтау дағдыларын қалыптастыру;
+ дауыстап оқу техникасына үйрету;
+ қабылдау өрісі мен талап ету қарқынын түрлендіру, мәтіннің орналасуын өзгерту секілді тәсілдерді қолдану есебінен оқу техникасы дағдыларын жетілдіру;
+ оқудың рецептивті лексикалық және грамматикалық дағдыларын бекіту;
+ мәтіннен әр түрлі мағыналық ақпаратты алу шеберліктерін меңгеру;
+ мәтінді талдаудың әр түрлеріне үйрену;
+ тілдік қиындықтарды өз бетімен жеңу дағдыларын қалыптастыру;
+ тілдік немесе экстралингвистикалық ақпаратты ұсыну арқылы анықтамалық - ақпараттық қолдау көрсету;
+ Оқылған мәтіннің дұрыстығы мен тереңдігін бақылау.
+ Талдап түсінуге үйрету кезінде:
+ Талдап түсінудің фонетикалық дағдыларын қалыптастыру;
+ Тыңдалған мәтінді түсіну дұрыстығын бақылау.
+ Айтуға үйрету кезінде:
+ Айтудың фонетикалық дағдыларын қалыптастыру;
+ Симулятивті- модельдеуші бағдарламалардың негізінде рөлдік ойындарды пайдаланумен жұпта немесе кішігірім топтарда қарым- қатынасты ұйымдастыру.
Аударуға үйрету кезінде:
+ аударудың лексикалық және фонетикалық дағдыларын қалыптастыру;
+ аударудың дұрыстығын тексеру;
+ мәтіндік түзетушілер мен машиналық аудару жүйелерін қолданумен аудару мәтіндерін түзету шеберлігін меңгеру;
+ анықтамалық - ақпараттық қолдау көрсету;
Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының шығармашылық қабілеттерін арттыруға өз үлесін қосады.
Жаңа технологияны шет тілін үйренуте қолдану төмендегідей кезеңдер арқылы іске асады:
1. Кезең - оқып үйрету; 3 .Кезең - меңгеру;
2. Кезең - өмірге ендіру; 4. Кезең - дамы
Жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегідей алғы шарттар қажет:оқу үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу; оқушылардың сабақтастығын болдырмау; ғылыми әдістемелік, оқыту әдістемелік себептеріне үнемі талдау жасау.
Компьютердің шет тілі бойынша оқу процесінде үйренушінің рөлінде болуы әр түрлі бағаланады: оларды абсолютты теріске шығарудан ЭЕМ үйренушінің барлық негізгі және көмекші функциялары берілуі мүмкіндігі туралы пікірге дейін. Компьютерлік лингводидактика бойынша көптеген мамандар компьютер үйренушінің бірқатар функцияларын орындай отырып, бірқатар себептер бойынша шет тілі мамандығын толықтай ауыстыра алмайды деген пікірді ұстанады, олардың ішінде бастылары мыналар болып табылады:
+ компьютерде оқытушының тәрбиелеу функцияларымен байланысты оның қызмет аспектілері толықтай көрінуі мүмкін емес, тілдерді оқытуға уақтылы коммуникативтік тәсіл кезінде оқытудың мақсаты, ең алдымен, мәдениаралық өзаратәрекеттестіктің ерекше әлеуметтік нысаны ретінде шеттілді қарым- қатынас жасу қабілеттілігін дамыту, оны адам- машиналық өзара әреукеттесу шеңберінде ұдайы өндіру бүгінгі таңда күмәнді болып көрінеді.
Қазіргі кезеңде соған сәйкес компьютерді оқытушыға қарама - қарсы қоймай,оны үйренушінің кәсіби қызметін қолдау құралы ретінде қарастырған жөн тәсіл неғұрлым конструкциялық болып табылады. Қоғам талабына сай шетел тілдерін оқытуда қойылып жүрген ортақ міндет тілді коммуникативті бағытта оқыту. Ондағы мақсат оқушыларды қарапайым болса да өз ойларын еркін жеткізумен ғана шектелмей, өзара тіл табысып, пікір алысуға үйрету, себебі жалпыға білім беретін орын ол мектеп.

1.2 Компьютерді шет тілін оқытуда пайдалану
Жаңа жағдайларда оқытушы дәстүрлі оқу құралдарын ғана емес, сонымен қатар ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалануға тиіс. Бүкіләлемдік желі, электрондық білім беру ресурстары өз оқушыларының, сондай-ақ өзінің білімін кеңейткісі келетін оқытушы- пән мұғалімі үшін жақсы көмекші бола алады .
Оқытушы компьютер үйренушілердің өз бетімен жұмысын ұйымдастыратын және әсіресе тілдік және сөйлеу материалымен жаттықтыру жұмысы процесінде оны басқаратын құрал болып табылады. Бұл қолданылатын жаттығулар мен әдістемелік тәсілдер сипатын анықтайды. Келесілер көбірек жиі қолданылады:
1. Сұрақ- жауаптық диалог. Үйренушінің жұмыс мәні негіз бен сұлба ретінде сұрақта жазылған тілдік материалды пайдаланып, компьютерлдік сұрақтарына тура жауаптар беруден тұрады.
2. Ішінара жауаппен диалог. Компьютерге жауап беру үшін үйренуші болжанылатын нұсқалар қатарынан біреуін таңдайды.
3. еркін құрастырылатын жауаппен диалог. Мұндай диалогты компьютер жауаптың дұрыстығын танып, бағалай білуі үшін оның қойған әрбір сұрағына жауаптарлы барлық мүмкін нұсқаларымен бағдарлама қамтамасыз етеді.
4. Бос орындарды толтыруға жаттығулар. Компьютер үйренушіге бос орындармен мәтінді немесе ұсыныстар жинағын ұсынады. Шет тіліне аударып, қажетті түрде қолдану қажет орыс сөздері түріндегі сыбыр сөзді пайдаланып бос орындарды толтыру қажет. Сондай-ақ компьютер ұсынғандардың ішінен таңдап, бос орындарды сөздермен немесе сөз тіркестерімен толтыруға болады.
5. Сөздікті білуін өзі бақылауға арналған жаттығулар. Мұндай жаттығулардың нұсқалары мүмкін:
а) Компьютер аудару үшін сөздер тізімін ұсынады;
б) Компьютер сөздердің екі тізімінің арақатынасын белгілеп (орыс және шетел), екі тілде бұл сөздердің балама жұптарын табуды ұсынады;
в) Компьютер шетелдік сөздердің екі тізімінің арақатынасын белгілеп, синонимдер мен антонимдер жұбын анықтауды ұсынады;
г) Компьютер шет сөздерінің тізімін және бұл сөздердің дефинация тізімін ұсынады.
6. Компьютерлік бағдарламалар (компьютерлік оқытудың шетелдік тәжірибесінен)
1. Уордсток (сөздікпен жұмыс істеуге арналған бағдарлама)
Өз бетімен сөздік құруға арналған бағдарлама. Үйренуші анықтамаларымен және мысалдармен 1000 сөзге дейін жаза алады. Кез келген уақытта ол сөзді қарап, өзінің лексика білімін тексере алады: экранда сөздің анықтамасы көрсетіліп, сөздің өзі туралы сұрақ болады. Бос орыны бар мысал сыбыр сөз болады. Бағдарлама жұмысқа ерекше қарапайым және жеке үйрену үшін, сондай-ақ топта сабақ өту мен ақпаратпен алмасу үшін идеалды болып табылады.
1. Мэтчмастер (сәйкестіктерді таңдауға бағдарлама)
Бұл әмбебап бағдарлама үнемі сұранысқа ие. Үйренуші оң және сол бағандардың (сөзден жаңа жолған дейін үш жол) лексикалық бірліктерін дұрыс қосуға тиіс. Таңдау тіл- индикаторды пайдаланумен екі бағанды қарау арқылы жүргізіледі. Басушы құрылғы жеке және сынып жұмысы үшін жаттығуларды қағазда көбейтуге мүмкіндік береді.
2. Чойсмастер (нұсқаларды таңдауға бағдарлама)
Бұл көптік таңдауға жаттығулар құруға арналған жұмыста қарапайым бағдарлама. Бағдарламашы әрбір мысал үшін таңдаудың 3-5 нұсқасын және әр түрлі санын анықтап, қажет болғанда әрбір дұрыс емес әрекетті тіркейтін қателер индикаторын кіргізе алады. Сұрақтар қатар- қатар немесе шашыраңқы көрсетілуі мүмкін.
Жаттығулар құрастырған кезде оқытушыға сұрақтардың белгілі бір санын ұстану міндетті емес. Жаттығу орындағаннан кейін сұрақтар қосылуы мүмкін Бұл үшін Түзетуші бағдарламасы қолданылады. Компьютермен жұмыс істеуші тексеруші және үйретуші режимдерді таңдай алады. Біріншісі кезінде үйренуші жауаптарының қайсысы дұрыс екендігін жаттығу орындалып болғанша білмейді, екінші режим дереу жауапты және қателер индикаторының әрекетін қамтамасыз етеді. Қажет болғанда үйренушінің жұмыс нәтижелері басылған түрінде берілуі мүмкін.
3. Клоузмастер (бос орындарды таңдауға бағдарлама)
Бағдарлама оқытушыға немесе үйренушіге 50 жолға дейінгі көлемді мәтіндерді енгізуге, дискке жазуға немесе түзетуге мүмкіндік береді. Үйренуші мәтінді атауы бойынша таңдайды және дисплейде оны көрсету алдында мәтінде қандай сөздер қалдырылып кетуге тиіс екендігін (әрбір бесіншіден әрбір он бесінші сөзге дейін) анықтайды. Сосын, нөмірленген бос орындарымен мәтінді қарастырып, оларды толтырады. Бос орындары бар әр түрлі тілдердегі мәтіндер басылған түрде алынуы мүмкін. Үйренушілер өзіне ыңғайлы жылдамдықпен оларда қағазға толтырып, ыңғайлы уақытта өз нәтижелерін компьютердің деректерімен салыстыра алады.
4. Кроссвордмастер (кроссвордты толтыруға шебер)
Бағдарлама компьютерде кроссвордтар құруға, жазуға және шешуге мүмкіндік береді, сондай-ақ екі үйренуші үшін жұмыс режимін қамтамасыз етеді. Бағдарламашы диаграммалардың мөлшерлерін анықтап (кез келген бағытта 5-тен 15 квадратқа дейін), онда сөздер мен бос орындарды баса алады. Кроссворд кез келген түрлі болуы мүмкін - үйретуші және көңіл көтеруші, сол жерде ойлап табылған сөздермен немесе мәтіннен алынған сөздермен.
5. Юнисаб (қоюға бағдарламашы)
Көрсетілетін мәтінде алдын ала іріктелген сөздер немесе ұғымдар бірінің артынан екіншісі неғұрлым ашық суретпен бөлініп көрсетіледі. Үйренуші олардың орнына басқа сөздерді немесе ұғымдарды қоюға тиіс.
6. Юнилекс (мәтінге сөздікпен жұмыс жасауға арналған бағдарлама).
Бағдарламада әліпби бойынша мәтіннің барлық сөздерінің тізімі құрастырылады және әрбір сөздің қолданылу жиілігі көрсетіледі. Ол белгілі бір мәтіндерге лексикалық түсіндірмелерді дайындауға пайдаланылуы мүмкін.
7. Гэпмастер (бос орындарды толтыруға бағдарлама)
Бағдарлама оқытушыға үлкен мәтіндер енгізіп, қалдырылып кетуге тиіс элементті - жұрнақ, қосымша, сөздер немесе ұғымдарды анықтауға мүмкіндік береді. Қажет болғанда ол басқа, дұрыс жауапұа рұқсатты бекіте алады. Мәтін арнайы процессор арқылы енгізіледі. Үйренуші бос орындарды кез келген реттілікпен толтырып, тексеруші немесе үйретуші режимдерді таңдай алады. Әрбір жауап дұрыс жауап кезінде пайда болатын кілтпен болуы мүмкін. Бұл бағдарламаны тілдік бірліктерді пайдаланудың қалыптасатын дағдыларын қатаң бақылау үшін оқытушылар жиі таңдайды.
8. Пинпойнт (сезуге бағдарлама)
Бағдарлама ең аз мәнмәтін арқылы мәтіннің тақырыбын қалпына келтіру бойынша кеңінен танымал ойынды ұсынады. Ол әр түрлі тақырыптарға 60 мәтін- үлгіні қамтиды. Бағдарламада экранда көрсетілген алты тақырыптың бірі қолданылады және бұл мәтіннен бір сөз көрсетіледі. Бұл мәтіннің қалған сөздері қалдырылып қойылған. Үйренуші ең аз ақпаратты пайдаланып, алтауының қандай тақырыбы бұл мәтінге сәйкес келетіндігін тауып білуге тиіс. Ол тақырыпты ойлап тапқанша, қосымша сөздерді сұрата алады.
9. Спидрид (жылдамдықпен оқуға бағдарлама)
Мәтін экранда белгілі уақыт бойы 8 жолмен бөліктермен көрсетіледі (үйренуші көрсету уақытын таңдай алады: 1 минуттан 9 секундқа дейін - өте баяу оқу үшін; 9 секунд - жедел жадыны жаттықтыру үшін). Жаттығудың мақсаты - мазмұнды жалпы қамтумен тез оқуды жаттықтыру. Әрбір беттен немесе бүкіл мәтіннен кейін көптік таңдауға сұрақтар берілуі мүмкін. Мәтін қалыпты, сол секілді көбейтілген шрифтпен көрсетілуі мүмкін. Көрсету уақытын таңдау кезінде мәтін уақыт шектеуісіз мазмұнды жалпы қамтумен оқу дағдыларын тексеру үшін пайдаланылуы мүмкін.
10. Сториборд (мәтінмен жұмысқа бағдарлама)
Оқытушы экранда басады және мәтінді жазады. Жадыны, логиканы және тілдік дағдыларды пайдаланып, үйренушілер экранда бұл мәтінді қалпына келтіруге тиіс (мәтіннің әрбір сөзіндегі әріптер клякстармен ауыстырылған). Бұл жаттығу оқу белсенділігін ынталандырады. Жұмыс кезінде оқытушы шыдамдылық жоғалтып, жекелеген әріптер қарап қоюы мүмкін, бірақ үйренушілер, тәжірибе көрсеткендей, ешқашан бұлай істемейді және бүкіл мәтінді өз бетімен қалпына келтіруге тырысады. Сондай-ақ жұрнақтар мен жалғауларды ойлап табуға қосымша жаттығулар бар.
11. Тестмастер (сұрақ- жауапты түрде тестілеуге бағдарлама)
Бұл кез келген деңгейде кез - келген пәнге арналған қолданылуда қарапайым бағдарлама. Оқытушы жауаптардың мүмкін дұрыс нұсқаларын қарастырып, жауап- сұрақ кез келген ұзындықтағы жұптар тізбегін дайындай алады. Үйренуші толық жауапты басып шығуға тиіс. Ол кез келген реттілікпен сұрақтарға жауап беріп, сондай-ақ тексеруші және үйретуші режимдерде жұмыс істей алады.

2. Шет тілін оқытуда электронды оқулықтарды пайдалану
2.1 Электрондық оқулықтар
Білім беру саласының қызметкерлерінің міндеті ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, баланың рухани мүмкіндігін дамыту, білім беру, тәрбиелеу, олардың өзіндік жұмыс жасау қабілетінің дамуына мүмкіншілік жасау. Сонымен бірге ақпараттық-коммуникациялық технологиялар білім беру саласының қызметкерлерінің шығармашылық ізденіс қабілетін дамытуға, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгеруге, мамандық шеберлігін қалыптастыруға ықпалын тигізеді. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар - мұғалімнің мүмкіндігін жоғарылататын құрал. Компьютердің мүмкіндіктерін психологиялық және дидактикалық тұрғыда талдап, керек кезінде педагогикалық талаптарға сай қолдану, ішкі тиімділігіне көңіл бөлу мұғалімнің шеберлігі болып табылады. Компьютердің графикалық мүмкіндігі жаңа сабақты бояулы суреттермен, тірек сызбалармен, кестелермен меңгертуге жол ашады. Компьютерді мұғалім әртүрлі мағлұматтар, қосымша ақпараттар беру үшін көрнекі құрал ретінде пайдалана алады. Электрондық оқулықтарды енгізу уақыт үнемдейді, мұғалім араласпай-ақ оқушылар өздері меңгеруге тиісті ақпараттар беріледі. Сонымен қатар ақпараттық-коммуникациялық технологиялар - мұғалімнің өз жұмыстарының әдістері мен ұйымдастыру түрлерін түбегейлі өзгертуге, оқушылардың жеке қабілеттілігін дамытуға, оқудағы пәнаралық байланысты күшейтуге, оқу процесін ұйымдастыруды үнемі жаңартып отыруға мүмкіндік береді. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың негізгі ерекшелігі мұғалімдер мен оқушыларға өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс істеуге мүмкіншілік туғызады. Ақпараттандырылған қоғамның талабына сай мұғалім де, оқушы да жаңаша көзқарасты, терең ойлы болуы керек. Сондықтан заман талабына сай жас ұрпақты көкірегі ояу, ізденімпаз, өзіндік шығармашылық жұмыспен айналыса алатын дәрежеге жеткізуіміз керек. 1 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың білім беруде қолданылуы Білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайданалу оқушылардың білім сапасын арттыруға және болашақ мамандардың кәсіптік біліктілігін күшейтуге негізделген. Қазіргі кездегі компьютерлік технологиялардың даму деңгейі дәуірдің коммуникациялық мүмкіндіктері мен артықшылықтарын көрсететін, толыққанды, сапалы және бәсекеге түсуге қабілетті білімді қамтамасыз ететін нақты алғы шарттары болып табылады, оның көпшілік бұқараға барынша кеңінен таралуы өмір бойы білім алу ұстанымынан білім барлығымыз үшін ғұмыр бойы үзілмейтін ұстанымына нақты ауысады. Осы мүмкіншіліктерді іске асыру үшін білім саласында да, сондай-ақ қазіргі кездегі ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту саласында да көп көңіл бөліну керек. Бұл мақсаттың жүзеге асуы орта білім беру жүйесін ақпараттандырудан басталады. Алған бағытты жүзеге асыруда жаңа буын оқулықтарын электронды вариантқа аудару қажеттілігі уақыт сұранысынан туып отыр. Қазір әрбір оқу орындарында, оқытушыдан оқушыларға білім беріп қана қоймай, олардың бойында бағдарламалық дағдылар мен икемдерді қамтамасыз ету, шығармашалақпен жұмыс істеуге үйрету талап етілуде. Жұмыс кезінде оқытушы мен оқушы тұрақты педагогикалық қатынаста болады, ал оқытушымен араласу, яғни пікір алысу кезеңдерін оқушының өзі анықтайды. Осыған бағытталған ақпараттық-коммуникациялық білім беру студенттің өзіне қолайлы және тиімді білім алуға деген құштарлығын қанағаттандыру мүмкіндігін береді. Оқу материалдарын фактологиялық және қолданбалы бөліктерге бөлу, оқытудың модульдік, жекелеп үйрету және деңгейіне қарай оқыту қағидаларын қатар пайдалану, өзін-өзі және бірін-бірі оқыту элементтері, пәнді игеруді қамтамасыз етудің (электрондық оқулықтар фрагменттері, арнайы тесттер, компьютерлік есеп жинақтары, анықтамалықтар, демонстрациялық файлдар, т.б.) ажырамас бөлігі ретінде ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдалану - оқу және жетілдіру мақсаттарына тиімді түрде қол жеткізуге болатын білім жүйесін құруға мүмкіндік береді. Мұндай тәсілдің артықшылығына мыналарды жатқызуға болады:
а) Оқытудың жоғары нәтижелілігі;
б) Әр түрлі білім мекемелері үшін осы жүйенің икемділігі мен бейімделгіштігі;
в) Жүйенің жеңіл өзгертілуі мен толықтырылуы (файлдағы тапсырмалар жеңіл өзгертіледі, Web-оқулықтар оңай өзгертіледі);
г) Қолданудың әмбебаптығы (өздігімен жұмыс істеуді, әрі оқу процесін де қамтитын тиімділігі).
Компьютер балалардың шығармашылық белсенділігін дамытуға көмектеседі, әсіресе егер оған үйренуді емес, оны құрал ретінде пайдалануды игерсе, яғни АКТ-ның техникалық жағын ғана карастырмай, оның танымдық жағына көңіл бөлу керек. Мұндайда оны дұрыс пайдаланса, компьютер білімді жетілдіру құралы рөлін жақсы атқара алады. Компьютер мен оқушының өзара әрекеттесуі қызғылықты процесс, ол педагогикалық иновацияларда есепке алынып отыруы қажет. Мектептерде аппараттық, телекоммуникациялық және программалық жабдықтар аймағында тәжірибелік (немесе арнаулы) емес, индустриялық, яғни әрекеттік шешімі бар жұмыстарды енгізуге тырысу керек - олар практикалық қажеттілік пен ол істі жалғастырудың тиімділігіне кепілдік бере алады.
Ақпараттық технологиялардың екпінді түрде жылдам дамуы аппараттық және программалық жабдықтар өндірісі өзіндік құнының арзандауына, оған қоса АКТ-ның негізгі даму бағытында программалар мен құрылғылардың бір-бірімен сәйкес келіп үйлесуіне әкеліп отыр. АКТ-ны практикаға енгізу жолында туындайтын мәселелерге салқын қандылықпен қарап, оларды шешу кезінде мектептегі ақпараттық жүйелердің мынадай негізгі элементтеріне әсер ететінін айту керек: - әдістемелік жабдықтау жағына; - мұғалімдер мен әкімшілік органдарын дайындауға; - қолданбалы программалық жабдықтамаларға (энциклопедиялар, меди-ресурстар, модельдеу, әкімшік-шаруашылық кешенін басқаруға) - базалық программалық платформаға (WINDOWS операциялық жүйесі MICROSOFT ОFFICE); - аппараттық кешенге (компъютерлер, жергілікті желі, интернетке қосылу). Жаңа жоспар негізінде электрондық оқыту тұжырымдамасы жатыр. Осындай жағдайда біз не істеуіміз керек? Біздің білімге деген көзқарасымызды қайта қарайтын кез келді. Алдыңғы қатардағы дамыған елдердің білім саласындағы АКТ-ны өмірге енгізу тәжірибесін қалтықсыз көшіруге болмайды. Қорыта келе айтарым - оқу үрдісінде АКТ-ны қолданысқа енгізу техникалық жағынан да, психологиялық жағынан да күрделі мәселе болып саналады. Бүгінде мектептің де, жоғары оқу орнының да мұғалімдеріне компьютерсіз жұмыс істеуге болмайтыдығы, компьютер оларға өз кәсіби функцияларын жүзеге асыратын құрал ретінде қажет. 1.1 Білім берудегі жаңа компьютерлік технологиялар Оқытудың жаңа компьютерлік технологияларының жоғары және арнаулы оқу орындарында оқу процесіне кеңінен енуі оқушылардың өзіндік және шығармашылық белсенділігін дамытады және өзіндік жұмыс түрлерін орындауға баулиды. Жаңа компьютерлік технологияларды пайлаланып оқытудың ең тиімді түлеріне мыналарды жатқызуға болады. Презентациялар технологиясы. Бұл технология, бір жағынан, оқушыларға жаңа материалды (иллюстрация, фотографиялар, бейнелік, дидактикалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Электронды оқулық ағылшын тілін оқытудағы инновациялық құрал ретінде»
Visual Basic және Delphi тілінде жасалған электрондық оқулықтар
Электрондық оқулықтардың міндеттері
Интернет желісіне қосылу
Ағылшын тілін қашықтықтан оқыту технологиясы
Форма қасиеттерін өзгерту
Delphi ортасы туралы түсінік
Ағылшын тілін оқытуда ақпараттық технологиялардың рөлі мен орны
Е- learning электронды оқу жүйесі
Оқытудың компьютерлік технологиялары
Пәндер