Қазақстанда әлеуметтік-мәдени туризмді ұйымдастыру



Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 89 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстанда әлеуметтік-мәдени туризмді ұйымдастыру

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5B090200 - Туризм мамандығы

МАЗМҰНЫ

Бет
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
5

1 ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ ТУРИЗМДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1Әлеуметтік-мәдени туризмнің мәні және даму тарихы ... ... ... ... .
7
1.2 Әлеуметтік-мәдени туризмнің түрлері және оларды ұйымдастыру ерекшелегі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

16
1.3Әлеуметтік-мәдени туризмді ұйымдастыру мен дамытудың шетелдік тәжірибиесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

25

2 ҚАЗАҚСТАНДА ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ ТУРИЗМНІҢ ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ЖАҒДАЙЫ

2.1 Қазақстанда әлеуметтік-мәдени туризмнің қазіргі жағдайын талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

34
2.2 Қазақстанда туризмді мемлекеттік реттеу мәселелерінің әлеуметтік-мәдени туризмді ұйымдастыруға әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...

46
2.3 Қазақстан мен шетел мемлекеттерінің әлеуметтік-мәдени туризмді ұйымдастыру жолдарын салыстырмалы бағалау ... ... ... ... ... ... .

55

3 ҚАЗАҚСТАНДА ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ ТУРИЗМДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ БОЙЫНША ІС-ШАРАЛАР КЕШЕНІ

3.1 Қазақстанда әлеуметтік-мәдени туризмді ұйымдастырудың
мәселелері мен шешу жоллдарын ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...

64
3.2.Қазақстандағы әлеуметтік-мәдени туризмді жақсарту мақсатында Өнер толқыны фестивалін енгізу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...

70

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
77

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ..
79

ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
82

Кіріспе

Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі әлеуметтік және мәдени туризм түрлерінтуризмнің бір түрі ретінде қарастыру және оның ұйымдастырылу жолдарын зерттеу.Әлеуметтік және мәдени туризм салаларын жеке қарастырады. Сондықтан нақты анықтамасы жоқ. Әлеуметтік туризмге негізделген ұйымдар, қорлар туристердің мәдени мақсатта демалуға арналған турларын ұсынады. Қоғамның аз қамтылған мүшелеріне туристік қызметтердің қолжетімді болуына негізделеген, мәдени мақсаттағы туризм түрі.
Туризм -қазіргі әлемнің жаһандық экономикалық және әлеуметтік-мәдени феномені болып табылады.Туризм негізінен адамдардың мәдени жәнеспорттық, танымдық және рухани даму қажеттіліктерін қанағаттандырады.
Туризм адам өмірінің бір бөлігіне айналды, себебі қазіргі уақытта адамдар әрдайым рухани даму үстінде, жаңа мәдениетті, жаңа білімді алуға талпынуда.
Мәдени туризм туризм ежелгі кезеңнен бастап басқа туризм түрлеріне қарағанда көп сұранысқа ие және әлем бойынша танымдық мақсатта саяхаттайтын туристер басым. Қазіргі таңда мәдени туризм жаңа бағыттағы ерекеше түрлерді қамтиды.
Ал, әлеуметтік туризм ХХ ғасырдапайда болып, казірге дейін дамуда, жаңа жобалар іске асырылу барысында. Әлеуметтік туризм, негізінен, табыс деңгейі төмен отбасыларға, мүгедектерге, жетім балаларға, студенттерге бағытталған. Әлеуметтік туризм туризмнің барлық түрлерімен тығыз байланыста, соның бірі мәдени туризммен байланысы ерекше.
Қазақстанда ЮНЕСКО қорғауындағы мәдени мұра объектілер саны 3. Ал тарихи мәдени объектілер саны 5 және алдын ала мәдени мұра тізіміне еніп тұрған 13 нысан бар.
Қазақстан Республикасының 2020 жылға арналған концепциясында негізгі кластерлер мәдени туризмнің объектілері болып табылады және оларды дамыту, жаңа ұлттық жоба құру жазылған. Сонымен қатар, әлеуметтік туризмді дамыту керектігі жөнінде айтылады. Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамында әлеуметтік туризмді дамыту жөнінде және туризм индустриясын дамыту үшін шетел инвесторларын тарту жайлы айтылған.
Қазақстан-2050 Стратегиясының екінші қағидасы негізінен тек әлеуметтік көмекті қажет ететін топтарға арнауы тиіс екендігі жайлы көрсетілген және әлеуметтік көмекті қажет ететін адамдарға, соның ішінде, мүгедектерге, денсаулығы нашар балаларға, зейнеткерлерге, еңбекке жарамсыз адамдар тобына жауапкершілікті мемлекет толықтай өз мойнына алу керекті жазылған. Сонымен қатар, әлеуметтік жәрдемақы алатын адамдар тобына көмек жүйесін әрдайым жетілдіріп тұру керек екендігін көрсеткен.

2020 концепциясында әлеуметтік туризмді дамыту керектігі көрсетілген. Әлеуметтік туризмнің дамуы, ең алдымен, Қазақстанның ішкі туризмінің, туристік инфрақұрылымның дамуына ықпал етеді.
Қазақстан Республикасының Қазақстан-2050 Стратегиясының үшінші бөлімі әлеуметтік саясаттың жаңа принциптеріне негізделген.
Қазақстан-2050 стратегиясының әлеуметтік саясат бөлімінің басты мақсатына - әлеуметтік қауіпсіздік және азаматтарымыздың бақуаттығы болып табалады. Бұл - қоғамдағытұрақтылықтың ең жақсы кепілі. Тиімді әлеуметтік саясатқа деген сұраныс халық арасында өсіп келеді.
Дипломдық жұмыстың өзектілігінің мәні: қазіргі таңда әлеметтік-мәдени туризмнің біртұтас ретінде қарастырылып толығымен зерттелмеген. Әлеуметтік-мәдени туризм қоғамның аз қамтылған мүшелеріне туристік қызметтерді қолдануына қолжетімді етіп ұйымдастырады. Бұл екі туризм түрін бірге қарастырған тек оң әсерін береді. Себебі, адамдарға шығармашылық, танымдық, рухани жағынан дамып тұру маңызды. Ал бұл ретте, әлеуметтік көмек арқылы мәдени орындарға, мәдени бағытта демалуға туристердің мүмкіндіктері болады.
Әлеуметтік және мәдени туризмді зерттеген авторларға Ердаулетов С.Р., Сущинская М.Д., Рындач М.А., Кускова А.С., Биржаков М.Б., Үстенова Ө.Ж., Жүнісбекова Б.Б., Алдашева А.А. жатады.
Зерттеу объектісі - әлеуметтік-мәдени туризм.
Зерттеу құралы-Қазақстанда әлеуметтік-мәдени туризмді ұйымдастыру.
Зерттеу мақсаты - Қазақстанда әлеуметтік-мәдени туризм ұйымдастыру жолдарын талдау және ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзiрлеу.
Зерттеу міндеттері - Қазақстанда әлеуметтік-мәдени туризмді ұйымдастырудың жаңа бағытын қарастыру. Бұл міндетке жету үшін келесі жұмыстар атқарылды:
-жалпы әлеуметтік және мәдени туризмнің мәні мен даму тарихы зерттеліңді;
-әлеуметтік-мәдени туризм түрлері мен ұйымдастыруда әсер етуші факторлар қарастырылды.
-шетел тәжірибиесінде әлеуметтік-мәдени туризмді ұйымдастыру жолдарын зерттеп, Қазақстанға қалай енгізуге болатын қарастыру.
-Қазақстанда әлеуметтік-мәдени туризмнің қазіргі таңдағы жағдайын талдау;
-Қазақстандағы әлеуметтік-мәдени туризмді жақсарту мақсатындағы іс-шаралар.
Әдіснамалық зерттеу - Қазақстанда Өнер толқыны фестивалін енгізуден күтілетін шаралар бойынша жүргізілген SWOT талдау, жалпылама салыстырмалы талдаула қоса жүргізілді.
Тәжірибелік мәні Қазақстандағы әлеуметтік-мәдени туризмді жақсарту мақсатында фестиваль жұмысын енгізу
Дипломдық жұмыс үш бөлiмнен құрылғaн. Жұмыста 18 сурет, 16 кесте қарастырылған.

1.ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ ТУРИЗМДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Әлеуметтік-мәдени туризмнің мәні жәнедаму тарихы

Туризм -қазіргі әлемнің жаһандық экономикалық және әлеуметтік-мәдени феномені болып табылады.Туризм негізінен адамдардың мәдени жәнеспорттық, танымдық және рухани даму қажеттіліктерін қанағаттандырады.Туризм адам өмірінің бір бөлігіне айналды, себебі қазіргі уақытта адамдар әрдайым рухани даму үстінде, жаңа мәдениетті, жаңа білімді алуға талпынуда.
Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы заңында көрстеілген анықтамаға сәйкес: Туризм - жеке тұлғалардың уақытша болатын елде (жерде) жиырма төрт сағаттан бір жылға дейін не жиырма төрт сағаттан аз уақытқа созылатын, бірақ түнейтін, ақылы қызметпен байланысты емес мақсаттағы саяхаты[1].
Мәдени туризм туризм ежелгі кезеңнен бастап басқа туризм түрлеріне қарағанда көп сұранысқа ие және әлем бойынша танымдық мақсатта саяхаттайтын туристер басым. Қазіргі таңда мәдени туризм жаңа бағыттағы ерекеше түрлерді қамтиды. Ал, әлеуметтік туризм ХХ ғасырдапайда болып, казірге дейін дамуда, жаңа жобалар іске асырылу барысында. Әлеуметтік туризм, негізінен, табыс деңгейі төмен отбасыларға, мүгедектерге, жетім балаларға, студенттерге бағытталған.Әлеуметтік туризм туризмнің барлық түрлерімен тығыз байланыста, соның бірі мәдени туризммен байланысы ерекше.
Қазақстандық және Ресей авторлары әлеуметтік туризмге өз анықтамаларын берген(кесте 1).

Кесте 1
Әлеуметтік туризм анықтамалары

Автор
Анықтама
Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы Заң
жұмыс берушінің және (немесе) өзге де үшінші тұлғалардың қаражаты есебінен толық немесе ішінара жүзеге асырылатын, туристік көрсетілетін қызметтердің мүгедектерге, халықтың күнкөрісі төмен топтарына қолжетімді болуын қамтамасыз ететін туризм түрі [1]
А.С.Кусков, Ю.А.Джаладян
туристердің рухани қажеттіліктерін, танымдық қызығушылықтарын қанағаттандыратын және денсаулықтың қайта қалпына келтіруін көздейтін емдік-сауықтыру шараларына қаржыландыруды компания, қорладың ұсынған түрлі жеңілдіктері есебінен, сонымен қатар, мемлекет тарапынан қаржыландыру арқылы жүретін әлеуметтік туристік өнім ретінде қарастыруға болады [2]
Үстенова Ө.Ж.. Жүнісбекова Б.Б.
әлеуметтік қажеттілікке бағытталған мемлекеттен бөлінген қаржыландырылған саяхат [3]
Ескерту - Мәліметтер [1,2,3] негізінде автормен құрастырылған
Мәдени туризм анықтамалар көп, бірақ олардың жалпылама мағынасы, олмәдени туризм жрегілікті жердің мәдениеті мен ерекшелігін қалыптастыруға себеп болған арнайы орындармен танысуға бағытталған деп айтуға болады. Сонымен қатар, нысандардың тартымдылығы, мәдени жердің ландшафты, өнер, мәдени және тарихи мұрасы ғана емес, сонымен қатар осы аймақта тұратын адамдардың өмір жолы, дәстүрі мен әлеуметтік жағдай және тағы басқалары бар(кесте 2).

Кесте 2
Мәдени туризм анықтамалары

Автор
Анықтама
С.Р.Ердаулетов
адамдар өздері тұрақты өмір сүретін тұрғылықты жерінен мәдени тартымдылықтары бар(табиғи және немесе антропогендік сипаттағы) жерлерге жаңа ақпарат пен тәжірибе алу, сондай-ақ өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін уақытша орын ауытырған кезде пайда болатын құбылыстар мен қатынастардың жиынтығы [4]
М.А.Рындач
саяхаттап барған елдің мәдениетін, ұлттық дәстүрлерін тану, табиғатын тамашалау, тарихи және мәдени жерлерімен танысу саяхаттары болып табылады. Мәдени туризмді жиі басқа туризм түрлерімен бірге тұтынады [5]
В. А. Квартальнов
адам өмірінің рухани, интеллектуалдық, шығармашылық, адамгершілік аспектілерін құруға, дамытуға бағытталған, мәдени туризмнің мамандандырылған сипаты [6]
Ескерту - Мәліметтер [ 4,5,6] негізінде автормен құрастырылған

Осы анықтамаларға сүйене отырып, әлеуметтік-мәдени туризмнің анықтамасын беруге болады. Әлеуметтік-мәдени туризм дегеніміз - адамзаттың табиғи және мәдени мұрасын, басқа ұлттың дәстүрін, мәдениетін тануда танымдық мақсатты көздейтін саяхаттардың қаржыландыру көздері мемлекет тарапынан немесе кәсіпорынның ұсынған жеңілдіктері, қайырымдылық қорлардың арнайы бағдарламалары арқылы жүзеге асатын, халықтың күнкөрісі төмен топтарына, мүгедек адамдарға, зейнеткерлерге, отбасы жағдайы нашар балаларға арналған, саяхаттың қолжетімді болуын қамтамасыз ететін туризмнің түрі болып табылады.
Адам пайда болған уақыттан бастап, негізгі өмірін саяхаттап келеді. Саяхат мақсаттары әр уақыт аралығында әр түрлі бағытта болды. Ең басында негізгі мақсат ретінде жаңа жерлерді ашу, жаулап алу болса, кейіннен діннің пайда болуына сәйкес, діни мақсаттығы қажылықтар кеңінен таралды. Білім, ғылымның даму аясында, адамдар білім іздеп басқа елдерге, басқа материктерге саяхат жасады, одан кейін сауда-саттық дамып, ол да туризмнің бір түріне айналды. Ғылыми-техникалық прогрес саяхаттау шараларын адамдарға қолжетімді қылып, туристер санын ұлғайтты.
Туризм қоғамдық, шаруашылық және кеңістіктік құбылыс ретінде ежелгі замандарға терең кең тамыр жайған мол дәстүрге ие. Туристтік әдебиеттерде туризмнің дамуын кезеңдерге бөлу жайында көптеп айтылады. Туризмнің даму тарихын 4 кезеңге бөліп қарастырады[7]. Олар:
1-кезең. Яғни, ХІХ ғасырдың басына дейін туризмнің жалпылама тарихын қамтиды. Бұл уақыт аралығындатуризм негізінен оқу мақсатында, емделу, яғни рекреациялық,діни орындарға бару, сауда-саттық бағытындағы саяхаттар болды.
2-кезең.Негізгі қамтылған уақытыХІХ ғасырдың басы- ХХ ғасырдың басына дейінгі аралық. Бұл кезеңде басты туристер ретінде бай адамдар саналды, сондықтан бұл элитарлық туризмнің кең таралған уақыты. Сонымен қатар, жаппай туризм дами бастады. ХІХ ғасырдың басында көлік құралдарының, яғни пароход, паровоз және т.б. пайда болғандығы арқасында саяхаттау жеңілдене түсті және барлық адамдарға қолжетімді бола бастады. Ғылыми-техникалық прогрестің арқасында саяхаттау арзандай бастағаны халықтың өмір сүру деңгейін де жоғарылай түсті.
3-кезең.ХХ ғасырдың басы мен ІІ дүниежүзілік соғыс аралығын қамтыды. Бұл кезеңнің ерекшелігі жаппай туризмге көшуі және әлеуметтік туризмнің дамуы болды. Бірақ, І дүниежүзілік соғыс пен дағдарыс әсерінен туризм дамуы тоқтап қалды.
4-кезең.ІІ дүниежүзілік соғыстан бастау алып, қазіргі уақытқа дейінгі туризм дамуын қарастырады. Бұл кезеңнің жаңашылығы өндірістік ауысымдарының ұйымдастырылуы, жаңа туристік өнімнің пайда болуы, туристік ұйымдардың құрылуы, жұмыс уақытының қыскарылуы нәтижесінде, саяхаттауға уақыт бөліне бастады. Соның арқасында туризмнің дамуы алға шықты.
Туризмнің алғашқы әр-алуан түрлері ежелгі Мысырдың өзінде-ақ пайда болды. Мысырлықтардың көпшіліктері пирамидалар мен өнер туындыларын көру үшін саяхаттаған, яғни ең алғашында туризмнің мәдени - танымдық объектілерін көру туристердің басты назарында болған. Дәлел ретінде, біздің заманымызға дейінгі VІ ғасырда Мысыр фараоны Нехао Африка төңірегінде атақты 3-жылдық саяхат құрған [8].
Алайда, антикaлық туризмнің гүлденуі ежелгі Греция және Риммен байлaнысты болды. Атaлмыш мемлекеттерде туризмнің экономикaлық жағынa көп көңіл бөлінді.
Ежелгі Грекияда да, негізінен мәдени туризм дами бастады, мысалы, өте танымал болған Олимпиядағы Зевс ғибадатханасын немесе Дельфтегі сұлулық құдайы Аполлонның резиденциясын көруге көптеген адамдар қызығушылығын танытып жатты. Бұндай сaяхаттардың мақсатына ежелгі әлемнің барлық тараптарынан мыңдаған қатысушылары бар Олимпиада ойындары да кіретін. Олимпиадаға аттанушылардың барлығы Зевстің қонaқтары болып саналaды. Олaрдың ішінде сыйлы қонaқтарда болды. Әдетте олaрды қабылдaушы тарaп қaрсы aлып, орнaластырып, тамақтандырады.Келушілер үшін тұрaқтайтын трaктирлер мен сарaйлар салынатын. Туристердің сaны көп еді және стaдиондарға 40 мыңға дейін адам сыятын. Ал келген туристер тaнымдық мaқсатта көне храмдарды тамaшалап, қалaғандары қосымша aқы үшін гид қызметтерін қолданатын.
Сaяхаттардың жaнданып, өркендеуі ежелгі Римде ғaна орын aлды. Римдіктер өздерінің орaсан үлкен империясының aумағы бойынша алыс қaшықтықтарға саяхаттап шығaтын. Ал сол уaқыттарда сaяхаттаудың шарт-талаптары жaқсы болaтын. Империя aумағында сaлынған жолдaр мен тұрaқтауға арналған сарайлар желісі болатын. Барлық жерлерде Рим тиындары қабылданатын, ал лaтын тілі бaрлық жерде қолдaнатын тіл болды. Сaпаршыларға қызметтер көрсетуге және олaрдың қaуіпсіздігіне қaтысты алғaшқы ережелер Рим замaнынан бaстау алaтын.
ІV ғасырда қaсиетті жерге қaжылық және танымдық мақсaттағы туризм бұқарaлық сипaтқа ие болғаны соншaлықты, туристер арасында ол жиілеп жaй халықаралық туризм ретінде қабылдана бастаған[8].
Біздің заманның VІІ және VІІІ ғасырында саяхаттар танымдық-діни мақсаттар үшін қайтадан жаңадан басталды. Бұндай саяхаттарға қатысушылар әртүрлі еуропалық елдердің тұрғындары болды. Олар Италия (Рим), Испания (сантьяго де Компостела) және Палестина елдерінің қасиетті жерлеріне және қаланың мәдениетін қөруге саяхаттар жасады.
XIII ғасырда, университеттердің дaмуымен қатaр, негізінен, Италия университеттеріне, әсіресе Пaдуя мен Болоньяға бет алғaн студенттердің әлеуметтік мақсaттағы саяхаттaры кең танылған.
Алдында қарапайым қонақ үйлік объектiлер ХІV ғасырдың өзiнде-ақ сол заман үшін өте жайлы түнеу орындарына айналды. Қонақ үй кәсібінiң дамуы мәдениеттiң дамуымен, яғни мәдени туризмнiң өркендеуi нәтижесiмен теңбе-тең келедi, кейбір қалаларда ХІV ғасырдың өзінде қонақ үйлердің қожайындары өзіндік цехтарға бірігіп, өз ережелерін құруына әкеліп соқты. Осындай ең бірiнші цех 1356 жылы Венецияда құрылды. Осы секілдi цехтар ХІV ғасырда Римде, Сиякада, Флоренцияда да құрыла бастаған.
ХVІ ғасырдың екінші жартысында танымдық сипаты бар саяхаттар үлкен маңыздылыққа ие бола бастады, ал ең қалаулы ел Италия болды. Мұнда көбіне Испания, Франция және Германиядан шетелдік туристер келіп отырды [9].
ХVІ ғасырдың соңынан бастап Англияда гранд-тур әйгілi бола бастады. Бұл білiм алу мен мәдени-танымдық мақсаттарындағы сапарлар болатын. Негізiнен ауқатты адамдардың басқа континетке саяхаты, гранд-турдың арқасында адамдар оқуын бітіріп, Жерорта теңізiн көріп, өркениеттiң шығу тегін көрiп, сауаттанып қайтуына мүмкіндіктер туды. Себебі жас аристократтармен бiрге оқытушылар, әртістер, дәрiгерлер iлесе жүрдi. Гранд-турға жыл сайын 15-20 мың британдық турист қатысады деп саналатын, ал сапарлардың ең көп болған саны 30 мыңға жуық турист, ХVІІІ ғасырдың екінші жартысына тура келген. Әлеуметтік құбылыс сияқты туризмнiң дүниеге қайта келуi ХVІІ ғасырдың соңы мен ХVІІІ ғасырдың басына жатады.Ағылшындардың континентке сапарларымен альпiлік туризмнiң тарихы егжей-тегжейлі байланысты. 1741 жылы ағылшын саяхатшылар тобы экскурсия барысында Женевадан Шамониге дейін жетіп, соңғысы бүкіл Еуропада әйгілі болды.
ХVІІ ғасырда Еуропада таза туризм формасы пайда болды. Бұл, танымдық, емдік немесе демалыс мақсаттарында саяхаттаушы тұлғаларды қамтиды. Оған қоса Еуропада діни сенімге байланысты миграциялар мен көпестердің саяхаттары белгіленіп отырды.
Әлеуметтік туризм бастауының алғышарттары мысалына XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың басынды кейбір еуропалық мектептердің оқушылары табиғатқа жаяу серуендеп бастаған кезі еді. Біртіндеп оқушылар арасында қызығушылыққа ие бола бастады[8].
ХІХ ғасырда және ХХ ғасырдың 1-ші жартысында туризмнің дамуы көптеген факторларға байланысты болды, олардың ішінде ең маңыздылары қарастырылады(сурет 1).
ХІХ -ХХ ғғ. туризмнің дамуына әсер еткен факторлар

көлік құралының дамуы

бос уақыттың артуы

мемлекеттік саясат

қоғамның мәдени деңгейінің жоғарлауы

урбандалудың дамуы

Сурет 1.ХІХ -ХХ ғғ. туризмнің дамуына әсер еткен факторлар
Ескерту - Мәліметтер [9] негізінде автормен құрастырылған

Әлеуметтік туризм бастауының мысалы ретінде Еуропадағы индустрияландыруды жатқызуға болады. Оның әсері ірі қалалардың пайда болуына алып келді, яғни урбандалу деңгейі жоғарылай түсті, жұмысшылардың жұмыс уақыты екі есе қысқарып, демалуға арналған уақыт көлемі де ұзарды. Соған байланысты қаладағы экология жағдайы нашарлап, адамдар демалыс уақытын қала сыртында, табиғат айналасында өткізуді қалай бастады. Теміржол желісінің дамуы саяхаттардың бағасын біршама арзандатып, демалыс орнына жету жылдамдығын арттырды.
Бiр жылдық табыстарын жинап, демалу орындарына бару мүмкiндіктері туындаған мамандандырылған жұмысшылар пайда болды.Осы алғышарттар Томас Куктың ең алғашқы туристiк кәсіпорын ашуына себеп болды. Ол бірiнші болып саяхатшылардың жаппай орын ауыстыруын пайдалы санап, темiр жол арқылы әр түрлі саяхаттар ұйымдастыра бастады. Кук топтық тасымалдауларға және басқа да туристік қызметтерге елеулі жеңілдіктерге қол жеткiздi. Лондонда өткен халықаралық көрмеге мемлекеттің барлық бөліктерінен ағылшындардың қатысуын ұйымдастырды. Көрмеге 165 мың көрермендерді тасымалдап алып келді. Көрмеге жаппай қатысушыларды тасымалдау тиімді екеніне көз жеткізді. 1855 жылы Парижде өткен Бүкіл әлемдік көрмеге жаппай ағылшын туристерінің қатыуын да ұйымдастырды. 1856 жылдан бастап Еуропа ішіндегі саяхаттар жиіленіп, Кук басқа мемлекеттерде де өзінің филиалдарын аша бастады. 1870 жылы Томас Кук туристік фирмасының клиенттері 1 миллионнан асты, оның ішінде ағылшындар мен америкалықтар.
Томас Кук алғашқы болып 1872 жылы қалағандарға жердi айналып өтетін саяхат ұсынып, бұл турды индустриалды негізге қойды. Алғашқы 20 саяхатшы жерді 220 күнде айналып өтті. Лондонның көрмелері мен Еуропа қалаларына экскурсия жасаудан бастаған Томас Куктың бюросы бірте-бірте іс-әрекет сферасын кеңейтті: жаңа туристтік нарықтарды игеру арқылы саяхаттар санын арттырды. Томас Кук қазіргі заманғы туризмнің негiзін қалаушы, бірiнші менеджер және туризмнiң алғашқы маркетологы болып танылып, саяхатшылардың ұйымдастырылған бұқаралық қозғалыстарының тиімділігі мен мәнін ең бірінші болып түсінген адам болып саналады[9].
Германия, Швейцария, Франция, Италия, Чехияда халықаралық туризм орталығына айналып отыр. ХVІІІ ғасырдың аяғында, басқа елдерге барып, әр түрлі мақсаттармен саяхат жасап жүрген адамдарды туристер деп атай бастады.Уақыт өте келе өнер шығармаларын көру үшін танымдық мақсатындағы саяхаттар кең таралым алды. ХІХ ғ. ортасына қарай туристер континенті интеллегенттер мен студенттер есебінен кеңейді[8].
Әлеуметтік туризмді ұйымдастырушылар болып негізінен білім беру және денсаулық сақтау орындары, кәсіподақтар қызмет етті және де бұл идеяны жеке тұлғалардың бастамалары арқылы жүзеге асып, дами бастады. XIX ғасырдың екінші жартысында қоғамның орта бөлігіне пайдалы іс-шаралар ретінде туризмнің спорт, денсаулық сақтау, мәдени түрі бойынша жарнамалар жүргізіліп жатты. Осындай тәсіл арқылы жастарға арналған қонақ үй ашуына ықпалын тигізді. Алғашқы қонақ үй Германияда ашылды. Бұл қонақ үйдің негізгі мақсаты болып аз қамтылған отбасының жасөспірімдерін экологиялық таза жерде орналастыру болды. Сонымен қатар бұл жасөспірімдер толықтай қонақ үйдің қызмет көрсетуімен айналысты, бұл жұмыс олардың таза ауада жұмыс істеуіне мүмкіндік берді. Осы уақытта Франция мен Швейцарияда Христиандық қозғалыс мүшелері мүмкіндігі шектеулі балаларға алғашқы демалыс күнінің лагерін ұйымдастырды[10].
Қазақстандағы ең алғашқы мұражай 1874 жылы Верныйда (Алматы қаласында) ашылған, ол Жетісу аумағына саяхатқа келушілер мен жергілікті зиялы қауымның жеке жинақтарынан тұрды. Қазақстанға ғылыми тұрғыдағы саяхаттар 1874 жылға дейін де жасалынып жатты. 1898 жылы Верныйда Орыс Географиялық қоғамы мен Статистикалық комитеттің бастамасымен Жетісу облыстық мұражай ашылды. Ол шығыстанушы ғалым Н.Н. Пантусовтың үйінде орналасты және Мұражайда ғалымның 1871-1877 жж. жинаған жеке жинақтары болды. Мұражайдың ашылуы қазақ жеріндегі мәдени туризмнің бір бөлігінің даму көрінісі[11].
ХХ ғасырдың бірінші жартысында халықаралық және ұлттық туризм өз шеңберіне басқа да елдерді тартып, одан әрі дами түседі.Туристік сапар желісіне жиі тарихи орындар мен мәдени ескерткіштер енгізілінді. Халықаралық туристік қозғалыстың басым көпшілігі бұл кезеңде Еуропаға келеді.
Совет үкіметінің Қазақстан территориясындағы объектілерге, яғни архитектуралық ескерткіштерге қызығушылығы мәдени туристік қызығушылықтың жанама дәлелі болып саналады. 1922 жылы мәскеулік комиссия профессор Б.П.Денике және сәулетші М.М.Логинова бастауымен Қожа Ахмет Яссауи кесенесін өлшеп, фотопленкаға түсіріп алған. Кейіннен қалпына келтіру жұмыстарын жүргізе бастады. Бірақ, Ұлы Отан соғысы кезінде және одан кейін жұмыс тоқтады[11].
Кеңестік Ресей кезеңінде туризмің дамуына үлкен әсерін тигізген Лениннің өзі қол қойған декреттері болды. Мысалы, сегіз сағаттық жұмыс күнін енгізу, төленетін демалыстар. 1919 жылы наурызда Ленин Жалпы мемелекеттік маңызы бар орындар туралы декретке қол қойды. Бұл емдік туризм мен шипалы бұлақтарға ұйымдастырған сапарлардың дамуына септігін тигізді.КСРО туризмнің негізгі алғышарттарына:
-8 сағаттық жұмыс уақытын қысқарту;
-қала халқын үдемелі жоғарлату;
-елдің әл-ауқатын жоғарлату жатады.
Қазақстанда туризмнің дамуы ХІХ ғасырда жергілікті немесе аймақтардан келген әуесқой адамдар жалғыз басына немесе топ түрінде экскурсияларды, жорықтарды және көрікті жерлерге серуендерді өткізе бастады. Ал ондай көрікті жерлер Қазақстанның таулы аумақтарында көп болды.
КСРО әлеуметтік-мәдени туризмінің дамуын талдау барысында республиканың қалыптасқанын талдаудың мәні жоқ , өйткені бірінші азаматтық соғыс және интервенция болды, содан кейін бүкіл ел бірінші бесжылдық жоспарлар мен тәжірибелі индустрияландыру және ұжымдастыру жоспарына жұмыс істеді, сосын Ұлы Отан соғысы болды.Осыған қоса, 1953 жылы елде өте қатты тоталитарлық кезең болды.1956 жылы Сталинге табынушылық әлсірегеннен кейін ел басшылары жаңа әдіс- тұтынушылықты ұлғайту мәселесін қолға алды. Дәл осы кездерде КСРО-ның динамикалық туризм дамуының басы болатын. Сол сәтте КСРО-ның басқа елдерден айырмашылығы- өз елінің азаматтары мен азаматшаларының демалу құқығының болуы. КСРО азаматтары демалуға құқылы деп 1936 жылы қабылданған конституцияда жазылған. Бұл демалу құқығына барлық сегіз сағат жұмыс істейтіндер , ауыр жұмыс немесе цехта жұмыс жасайтындар ие болды[10].
КСРО кезіндегі үлкен танымалдылыққа ие болған пионерлік лагерлер еді. 1925 жылы пионер лагерінің ішіндегі ең әйгілісі Артек құрылды. КСРО елдерінің барлық пионерлері лагерьге шақырылды. Көптеген лагерьлер кәсіпорында болды және де қызметкерлердің балаларына жеңілдіктер жасалынып немесе тегін барып жатты. Бұл Совет Үкіметі кезіндегі мектеп оқушыларына ұйымдастырылған әлеуметтік- мәдени туризм көрінісі болып табылады. Білім беру жүйесінің басқа қаладағы жұмысшыларына он күндік семинарлар өткізіп тұрды.
Ұлы Отан Соғысынан кейін, Европа елдерінің туризмі КСРО туризмінің инфрақұрылымымен салыстырғанда басқаша болды. Айырмашылығы- бастапқыдан туризмнің дамуын көпшілікке ортақ қылу көзделген, ал сол кездерде батыс елдерде туризм элиталық болды, сонан соң кейінірек қолжетімді бола бастады.
Осы екі дерек ел туризмінің дамуына үлкен үлес қосты. Қолжетімді және бұқаралық стратегиясы сапа жағынан нұқсан келсе де,бірақ даму жағынан таң қаларлық болды. Соғыстан кейін 15 туристтік бағыт-бағдары болса, 1970 жылы олардың саны 74-ке дейін өсті. Дәл осы жылы турға қатысқан адамдар саны 50 миллионға жетті, ал 1974 жылы 74 миллионға өсті. 1970 жылы 17 миллион адам туризм орындарын аралады, 1975жылы- 30 миллион , 1983жылы-45 миллион болды. Сонымен қатар пионер лагерлері де қарқынды дамыды. 1988 жылы 30 миллионға жуық балалар осы мекемелерде болды[10].
Атап кетсек, әлеуметтік туризммен мәмілеге келсек, мұндай жағдай ұсыныспен әр қашан болады, сол үшін критерийлерге сәйкес келетін өте нақты көмек алушыларды және мақсатты топтар құру керек.
Қарқынды тез даму, бұқаралық, жабдықтау тапшылығы және бюрократиялық кеңес көліктерінің ебедейсізділігі( ақырын жұмыс жасауы) өт қиын өнеркәсәптің басқаруына және қаржыландыру схемаларына әкеліп соқты.
Осылайша, Кеңес Одағының әлеуметтік-мәдени туризмді дамыту барысындағы талдау бойынша басты тұжырымдамалар жасайды:
-жоғарыда айтылғандай, туризм- кеңес халқының адалдығын арттыруға негізделген бір тәсілі болды, бірақ ол идеологиялық күш жұмсай алмады. Бірақ, осылай бола тұра, бұл жүйе халықтың пайдасы үщін жүзеге асырылды.
-әлеуметтік-мәдени туризмнің әдестерімен отандық туризмнің дамуына назар аудару керек [10].
Әлеуметтік туризмге деген қызығушылық тек XX ғасырдың 50-ші жылдары ғана пайда болды. Көптеген дамыған елдерде маңызды әлеуметтік проблемалардың бірі бос уақыттың пайда болуы және қоғамның оны қолдануы қиындық туындады. Туристік белсенді халықтың көбеюі біршама шаруашылық, әсіресе қоғамдық салдарға алып келуінің себебі туризм саласын әлеуметтік тұрғыдан зерттеу және де туризмнің әлеуметтік түрін енгізуді қажет етті[8].
Еуроодақта мәдени туризмнің дамуы, басым түрде, туризм индустриясының өркендеуін ынталандыратын фактор ретінде түсіндірілді. Мәдени туризмнің бұл маңызды рөлін Дүниежүзілік туристік ұйым (ЮНВТО), ағарту, ғылым мен мәдениет жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО) іспетті халықаралық ұйымдар да танып отыр. Мәдени туризмнің ішкі туристердің де, халықаралық туристердің қызығушылығын туғызатыны анықталды.
Мәдени туризмнің дамуы таяу уақытқа дейін, негізінен, Батыс Еуропа, АҚШ және Жапония елдерінің тұрғындарына қатысты болды, алайда Орталық және Шығыс Еуропада орын алған өзгерістердің нәтижесінде бұл қозғалысқа социализмнен кейінгі мемлекеттердің де тұрғандары атсалыса бастады. Оның жарқы көрінісі - туристік бюролар ұйымдастырғаны нақ осы мәдени туримзге бағадрланған турлардың жаңа бағытының табысты дамуына жол ашты.
Юнеско 1972 жылы әлемдегі ең бір құнды орындарды тізімдеп түгендеу бастамасын алға тартты. Онда мәдениет пен тарих ескерткіштері туралы ғана емес, сонымен бірге табиғаттың адамның қатынасуынсыз пайда болған бірегей ескерткіштері жайында да сөз козғалған. БҰҰ-ның ЮНЕСКО істері жөніндегі Бас ассамблеясының 1972 жылғы қарашаның 16-сында Парижде өткен XII сессиясында қабылданған Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұраларды қорғау туралы конвенцияда күллі әлемде мәдени ескеткіштері мен табиғат ортасының бұзылып, қирауы, қатері төніп тұрғаны туралы айтылды. Осы конвенцияда Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұраны қорғау жөніндегі халықаралық комитет құрылып, оның міндетіне әлемдегі мәдени мұралар нысандарының тізімін жасау жүктелді [4].
ХХ ғасырдың 80-ші жылдарымәдени туризм термині пайда болды, өзінің бастауын ХХ ғасырдың 70-жылдарынан бастап бүкіл әлемде өте танымал болған мұра туризмінен алды. Содан бері, мәдени мұраны біз, тарихи, әскери, әдеби, көркем ретінде түсіндіре аламыз және мәдени туризм терминібарлық көрікті жерлерімен танысуды қамтиды, негізгісі көркем мұрамен,өнер, сәулетпен байланысты.
Қорытындалай келгенде, әлеуметтік-мәдени туризмнің тарихы туризмнің даму тарихы басталуымен өз бастамасын алған. Себебі, алғашқы саяхаттар танымдық сипатқа ие болған және туристер әрдайым жаңа мәдениетті танып, білуге ұмтылған. Бұл олардың рухани дамуына керек қажеттіліктерін қанағаттандыратын болған. Алғашқы саяхаттардың бірі болып, Олимпия ойындарына қызығушылықтан бастау алған, содан кейін, халықтың білім алуға деген құштарлығы арқасында басқа елге саяхаттай бастады. Орта ғасырларда, туристер саяхаттауға арнайы шығатын болған және бірнеше елдерді аралап саяхаттаған. Оған себеп, жаңа көлік құралдарының пайда болуы. Бұл саяхаттауды біршама жеңілдетті және ұзақ сапарларға шығуға мүмкіндік берді.
Әлеуметтік туризм ХХ ғасырдың феномені болып табылады. Мүлде саяхатта болмаған немесе ұзақ уақыт бойы саяхаттамаған табыс деңгейі төмен отбасылар мен балалар, мүгедектерге арналған.Кеңес одағы уақытысында, әлеуметтік туризмнің көрінісі ретінде кәіпорын тарапынан берілетін балалар лагерьлеріне, курорттарға, санаторияларға емделу, демалу мақсатында жолдамалар жеңілдікпен берілетін болған.
Қазіргі таңға дейін, мәдени мақсатта саяхаттайтын туристер саны басым болып табылады және басқа туризмнің түрлеріне қарағанда танымал және барлық туристер типіне сәйкес келеді.Ал әлеуметтік туризмді дамыту сатысында жұмыстар жүргізілуде.
1.2.Әлеуметтік-мәдени туризмнің түрлері және оларды ұйымдастыру ерекшелігі

Әлеуметтік-мәдени туризм дегеніміз - адамзаттың табиғи және мәдени мұрасын, басқа ұлттың дәстүрін, мәдениетін тануда танымдық мақсатты көздейтін саяхаттардың қаржыландыру көздері мемлекет тарапынан немесе кәсіпорынның ұсынған жеңілдіктері, қайырымдылық қорлардың арнайы бағдарламалары арқылы жүзеге асатын, халықтың күнкөрісі төмен топтарына, мүгедек адамдарға, зейнеткерлерге, отбасы жағдайы нашар балаларға арналған, саяхаттың қолжетімді болуын қамтамасыз ететін туризмнің түрі болып табылады.
Әлеуметтік-мәдени туризмнің мақсаты- зейнеткерлерге, мүгедектерге, соғыс және еңбек ардагерлеріне, студенттерге, жастар және басқа да кез келген азаматтар үшін мәдени-танымдық бағыттағы саяхат жасауынамемлекеттік, қоғамдық және жеке қорлар және басқа да ұйымдардың әлеуметтік қолдау көрсетулері арқылы ұйымдастыру.
Әлеуметтік туризм құбылысы өз алдында әлеуметік - мәдени объектілер мен қатысушылардың бірігуін көрсетеді, сонымен қатар туристік демалысты тұтынуға мүмкіндік алатын қоғамның аз қамтылған мүшелеріне арналған жәрдемақылар, құралдар, мақсаттарды қамтиды[8].
Негізгі қызметтері ерекше функциялардан туындаған, соның ішінде, ең алдымен әлеуметтік және мәдени функциялары жатады. Әлеуметтік функциялары адамның және оның шығармашылығын білдіруіне үйлесімді даму жағдайына ықпал етеді, денсаулықты сақтау және нығайтуға бағытталған рекреациялық іс-әрекеттер өміршеңдігі мен беріктігін қалпына келтіруге бағытталған. Ал, туризмнің мәдени функцияларына адамның жаңа жерлерді көруі, жаңа адамдармен қарым-қатынас жасау арқылы ой-өрісінің кеңеуі, логикасының дамуы, тарихты, мәдениетті, түрлі дәстүрді тануға деген ынтасының пайда болуы жатады [12].
Әлеуметтік-мәдени туризмнің дамуы әлеуметтік және мәдени факторларға байланысты. Әлеуметтік факторлар ретінде келесілерді қарастырамыз:
-жас ерекшелігі;
-әлеуметтік жағдайы;
-кәсіби қызметі;
-әлеуметтік мәртебесі.
Әлеуметтік-мәдени туризмнің дамуына әсер ететін мәдени факторларды келесі топтарға бөліп қарастырамыз:
-мега мәдени факторлар- этнос, менталитет, қоғам, мемлекет жатады;
-мезо мәдени факторларға субмәдениет, қоныстану түрі, тобыр;
-.микро-мәдени факторларға: отбасы, білім беру институттары, микросоциум, құрдастар тобы жатады.
Бұл құрамдастар адамның сана-сезімін қалыптастыруға, психолониясына, қажеттіліктердің, қызығушылықтың қалыптасуына, яғни туристік субъектің басынан аяғына дейін толық қалыптасуына әсерін береді[12].
Әлеуметтік-мәдени туризмнің дамуына әсер ететін сыртқы және ішкі факторларбар. Бұл факторлар әлеуметтік-мәдени туристік кешеннің дамуына байланысты барлық жағына қатыстысалаларды қамтиды. Яғни, сыртқы факторлар арқасында туризмнің сыртқы құраушыларын көре аламыз(сурет 2).
Сыртқы факторлар

саяси
әлеуметтік

экономи-калық

әлеуметтік-мәдени
табиғи-географиялық

-қоғамдық саяси ақпарат
-аймақтың географиялық жағдайлары

-халықтың әлеуметтік-мәдени құрылымы

-жан басына шаққандағы ЖІӨ үлесі
-аймақ тұр-ғындарының әлеуметтік құрылымы

- саяси процестер

-көліктік- географиялық кешеннің дамуы

-халықтың ұлттық құрылымы

-аймақтың ЖІӨ туризм-дегі үлесі
-туристердің кіріс деңгейі

-аймақтың даму саясаты
-инфляция деңгейі
-аймақ тұр-ғындарының қызмет көр-сету деңгейі

-мәдени құндылықтар

-маусымды-лық

-бәсекелес салалардың даму деңгейі

-халықтың ұлттық салт- дәстүрлері

-табиғи ре-сурстар жағ-дайы мен алу-ан түрлілігі

-ішкі тауар айналым құрылымы

Сурет 2. Әлеуметтік-мәдени туризм дамуына әсер етуші сыртқы факторлар
Ескерту - Мәліметтер [5,9,13] негізінде автормен құрастырылған

Әлеуметтік- мәдени туризм дамуына әсер етуші сыртқы факторларға назар аударатын болсақ, олар саяси, экономикалық, әлеуметтік, әлеуметтік-мәдени, табиғи-географиялық ықпалдар аясында болады. Сыртқы факторлардың әлеуметтік-мәдени туристік кешенге әсерлері әртүрлі негізделген. Оларға қоғамдық саяси ақпарат, саяси процестер, жан басына шаққандағы ЖІӨ үлесі, бәсекелес салалардың даму деңгейі, ішкі тауар айналымы, мәдени құндылықтар, әр аймақтың географиялық жағдайлары әлеуметтік-мәдени туризмнің дамуында өз әсерлерін тигізеді.
Әлеуметтік-мәдени туризм дамуына әсер етуші ішкі факторлары да даму процесінде маңызды рөлге ие (сурет 2).

Ішкі факторлар

реттеуші іс-әрекеттер
ұйымдасты-рушылық
маман
қаржылық
рекреациялық ресурс

-түрі

-кіріс деңгейі

-туризм саласындағы маманданған кадрлар үлесі
-туристік өндірістің құрылымы

-туризмдегі нарықтық процестерді реттеу

-саны

-қаржының қалыптасуы

-маусымды-лық

-оқу орында-рының мамандарды әзірлеу дең-гейі
-ішкі салалар-дың даму деңгейі мен құрылымы
- туризм жобаларының даму деңгейі

-инвестиция орны


-сапасы

-қоғамдық және жеке секторлардың қарым-қатынасы
-туристік жобаларды реттеуші және жүзеге асырушы механизмдер
-туристік шығындарды бағалау

-мамандар деңгейі

Сурет 3. Әлеуметтік-мәдени туризм дамуына әсер етуші ішкі факторлар
Ескерту - Мәліметтер [5,9,13] негізінде автормен құрастырылған

Әлеуметтік-мәдени туризм дамуына әсер етуші ішкі факторлар туралы толығырақ тоқталатын болсақ, оның негізгі құраушыларына реттеуші, ұйымдастырушылық, маман, рекреациялық ресурс, қаржылық бағыттардың қатынасы жатады. Ішкі факторлар әлеуметтік-мәдени туристік кешеннің негізгі құраушысы болып табылады. Себебі бұл салада жұмыс істейтін мамандардың қызмет көрсету сапасы әлеуметтік-мәдени туризмнің сапасымен тығыз байланысты. Олар туризмнің деңгейін көрсетеді. Сондықтан құраушы бөліктердің бәріне назар аударып, оларды толықтай қарастыру қажет.
Әлеуметтік-мәдени туризм концепцияларына келетін болсақ, олар негізінен келесі принциптерден тұрады:
-табыстың төмен деңгейі бар әрбір қоғам мүшесін демалыспен қамтамасыз ету арқылы туризм саласына тарту;
-.үкіметке, коммерциялық және қоғамдық құрылымдарға белсенді қатысқаны үшін табысы аз қоғам мүшелеріне туризм бойынша субсидиялау жұмыстарын жүргізу;
-табысы аз қоғам мүшелеріне бағытталған туризм бойынша субсидиялау жұмыстарын дамыту.
Әлеуметтік-мәдени туризмнің қаржыландыруының негізгі көздеріне тек мемлекеттен бөлінген бюджет қана емес, басқалары да бар (сурет 4).
Жеке қауымдастық қорлары

Мемлекет бюджеті
Кәсіподақ субсидиялары

Әлеуметтік-мәдени туризм

зейнетақы фонд кассаларының субсидиялары
завод комитеттерінің қаражаттары
Қамқорлық қорлар

Сурет 4. Әлеуметтік-мәдени туризмнің қаржыландыру көздері
Ескерту - Мәліметтер [8] негізінде автормен құрастырылған

Туризмнің осы түрінің дамуында ерекше ролді қаржыландыру алады. Қаржыландыру негізінен мемлекет бюджетінен, зейнетақы фонд кассаларының субсидиялары, кәсіподақтар, завод комитеттерінің жергілікті қауымдастықтарының қаражаттары және орталықтандырылған қайнар көздері арқылы жүреді.
Әлеуметтік-мәдени туризм құрылымы тек тұтынушыларға ғана емес, сонымен қатар туристік кәсіпорындарға да тиімді. Демалыс ұйымдастыру арқылы олар, өздерінің өткізу нарығын кеңейтеді, ұсынылатын қызметке төлемнің қосымша кепілдігін алады. Осыларға қатысты мемлекет қаржылық, жеңілдетілген салық және кредиттік саясат жүргізеді.
Бұл жүйе төмен табыс табатын қоғамның аз қамтылған мүшелерін қамтиды. Басында біліктілігі төмен, яғни қол жұмысымен айналысатын жұмысшыларға арналған және бағытталған болатын, сондықтан кейбір жағдайларда әлеуметтік туризм жұмысшылар туризмімен сай келеді.
Кәсіподақтар, әртүрлі қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік органдардың төмен табыс табатын қоғам мүшелерінің демаласына белсенді қатысуы арқылы әлеуметтік-мәдени туризмді қоғамдық өмірдің белгілі көрінісі ретінде және коммерциялық туризммен салыстыруға болатын дәрежеге жеткізіп ,өзгертуге үлкен үлесін қосты [8].
Әлеуметтік-мәдени туризм классификациясы жайлы және сол классификация бөлімдеріне тоқталатын болсақ, (сурет 5).

Әлеуметтік- мәдени туризм

Мақсаты бойынша
Әлеуметтік тұрғыдан ?
Мәдени тұрғыдан ?
Ұйымдастыру деңгейі
Жас ерекше-лігі бойынша

Балалар
Жетім балалар
Мұра туризм
Спорттық

отбасылық

Эко-мәдени туризмі
Танымдық

Мүгедектер
Аралас
Жасөспірім-дер

Студенттер
Креативті туризм
Оқу және т.б.

Қиын жас-өспірімдер
Жастар

Әсерлі туризм
Ересектер және т.б.
Ұйымдас-тырылған
Аз қамтыл-ған отбасы-лар
Іс-шаралар туризмі

Ұйымдас-тырылмаған
Арт-туризм

Тақырыптық туризм

Сурет 5.Әлеуметтік- мәдени туризм классификациясы
Ескерту - Мәліметтер [14,15,16] негізінде автормен құрастырылған

Әлеуметтік- мәдени туризм классификациясы жас ерекшелігі, мақсаты, ұйымдастыру деңгейі, мәдени тұрғыдан және әлеуметтік тұрғыдан бөлімдері қарастырылады. Соның ішіндемәдени туризм түрлерінің сипаттамасы келесі:
-.мұра туризмі, мәдени танылған құндылықтарға, өткен тарихқа қызығушылықты жүзеге асырады. Объектілеріне: музейлер, тарихи ғимараттар, мәдени ландшафттар және т.б. кіреді.
-арт-туризм, қазіргі заманғы көркем шығармашылық туындыларына қызығушылықты іске асырады. Объектілеріне: шығармашылық көрмелер, театрлар, өнер фестивальдары және т.б.
-креативті туризм, Жеке адамның өзінің шығармашылық және рухани дамуына әсер етеді.
-іс-шаралар туризмі, катаң кеңістік және уақыт мерзіміне тәуелді ерекше мәдени ресурстарға қызығушылықты жүзеге асырады. Объектілері: өнер фестивальдары, эстрадалық шоулар, жергілікті және аудандық іс-шаралар (карнавалдар, діни мейрамдар, т.б.) жатады.
-эко-мәдени туризм, бір жердің дәстүрлі өмір сүру салтының бір мүшесі болуына қызығушлық танытқан адамдарға арналған. Жергілікті отбасында болу уақыты, жергілікті халықтың дәстүрлі мерекелеріне қатысу жатады.
-әсерлі туризм, Ұсынылған іс-шараларға қатысу арқылы жеке эмпирикалық тәжірибиесі арқылы мәдениет пен уақыттың ерекшелігін түсіну арқасында қызығушылықты жүзеге асырады. Объектілеріне:
-интерактивті музейлік бағдарламалар, жергілікті мерекелер мен фестивальдар және т.б. жатады.
-тақырыптық туризм, тарих және мәдени бағыттардың бірімен танысу арқылы қызығушылыған іске асырады. Бір тақырып ауқымындағы бір типті және әртүрлі мәдени ресурстарды қарастырады [16].
Іс-шаралар туризмінің бір бөлігі болып табылатын фестивальдардың бірнеше түрін қарастыруға болады. Өту мерзімінің типтері бойынша фестиваль мына түрлерге бөлінеді:
-қысқа мерзімдік, бірнеще күннен бастап, 2 аптаға дейін созылуы мүмкін;
-ұзақ мерзімдік, бәр айдан бастап, бір жылға дейінгі уақытты алуы әбден мүмкін.
Мәдени өмірдің дәрежесіне байланысты халықаралық, ұлттық, аймақтық болып бөлінеді.Бұл фестивальдардың бір-бірінен айырмашылықтары бірден көрінбеуі мүмкін, себебі үш фестивальда да шетелдік орындаушылардың құрылымы өз өнерлерін көрсете алады. Айырмашылықты көрермендердің кәсіби орындаушылар мен олардың басқарушыларының жұмыстарын, субсидиялаудың қайнар көзінің ауқымын, танымал орындаушыларды шақыруға мүмкіндігі болатын қаржыландыру көздерінің көлемін анықтауында фестивальдың дәрежесін анықтап білуге болады.
Бағытталуына байланысты фестивальдар мынадай түрлерге бөлінеді:
-кәсіби: ереже бойынша жаңа технологияларға байланысты, әр түрлі кәсіби салада қолданылады;
-тарихи: арнайы бір тарихи оқиғаға, дәуір немесе заманға, аңызға, салтқа байланысты түрі;
-заманауи ақпараттық технологиялық фестиваль, техника мен компьютердің жетістігін көрсетуге бағытталған[17].
Әлеуметтік- мәдени туризмнің басты мақсат-уәждемесіне төмендегілерді жатқызуға болады:
-жаңа орындарды, қоғамдар мен мәдениетті танып білу;
-өнерге, сәулет пен тарихқа қызығушылық;
-әр алуан мәдени оқиғаларға, іс-шараларға қатысу;
-сезімдік этностық, сипаттағы ниет (ата-бабаларға оралу);
-діни және табынушылық ниеттер [4].
Туристік демалыс қолжетімді болуы көп балалы жанұяларды, жастарды мен егде жастағы адамдарды қосқанда арнайы іс-шаралар жасауды талап етеді, олардың қатарына кіретіндер: мемлекттің әлеуметтік-мәдени туристер саясатын анықтау, жеке заңдар мен нормативтік актілерді қабылдау, әлеуметтік инфрақұрылымды қалыптастыру, аз қамтылған тұрғындар тобын қолдау механизмдерін қамтамасыз ету. Әлемде жүздеген миллион адам әлеуметтік туризм қолдауының арқасында саяхат жасап жүр.
Келесі қарастыратынымыз әлеуметтік туризмге жеңілдіктері бар тұлғалар санаты. Оған кіретіндер әлеуметтік туристер сипаттамасы, сол туристердің таңдайтын демалыс орындарының түрі және демалыс уақыты болады (кесте 3).

Кесте 3
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Баламалы туризмнің бір түріне туристік маршрут құрастыру
Республиканың туристік потенциалын дамыту
Экологиялық туризм ерекшеліктері
Туризм индустриясы және инфрақұрылымы
Туризмді жеке экономикалық сала ретінде зерттеу, маңызын, мәнін анықтау, қызметтерін анықтау
Туристік инфрақұрылым мен қызметтерді дамыту және ілгерілету
Қазақстан Республикасындағы туризм индустриясының даму тенденциялары
Қазақстан Республикасындағы туризм дамуының қазіргі жағдайы
Қазақстан Республикасындағы туризмнің дамуы
Туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту
Пәндер