ТУРИСТІК- РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ АУМАҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ



Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 82 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
5

1 ТУРИСТІК- РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ АУМАҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ

1.1 Рекреациялық туризмнің мәні мен аймақтардың ролі ... ... ... ...
8
1.2 Туристік-рекреациялық ресурстардың аймақтық ерекешелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

15
1.3 Шетел тәжірибесіндегі туристік-рекреациялық, экономикалық аумақтардың қалыптасуының дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. .

20

2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТУРИСТІК-РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ СИПАТТАҒЫ АРНАЙЫ ЭКОНОМИАЛЫҚ АУМАҚТАРДЫҢ ДАМУЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ

2.1 Қазақстандағы туристік-рекреациялық ресурстарының жағдайы мен экономикалық аумақтары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...

27
2.2 Шығыс Қазақстан облысындағы туристік қызметтер нарығындағы рекреациялық туристік аймақтардың қызметін бағалау..

38
2.3 Қатон Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің туристік аймақ ретіндегі әлеуеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

42

3 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТУРИСТІК-РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ АУМАҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ МЕН МӘСЕЛЕЛЕРІ

3.1 Әлеуметтік-экономикалық ресурстарды пайдаланудың тиімді жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

62
3.2 Қазақстан аумақтарындағы туристік-рекреациялық аумақ қалыптастырудың мәселелері және оны жетілдіру ... ... ... ... ... ... .. ... ...

66

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
72

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ...
75

ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
77

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

Әлемдік деңгейде алға басып келе жатқан экономиканың бір секторы, елбасымыздың тез дамушы сала деп көрсетіп, мемлекет тарапынан көңіл бөлініп, жетілдіру қолға алынған. Оған қазіргі уақытқа дейін өткізіліп келе жатқан шаралар дамытудың түрлі бағдарламаларымен айқындалуда.
Туризм саласы біздің еліміздегі әлеуметтік әрі экономикалық қарқынын жеделдетіп ғана қоймай, өлкеміздің атағын асқақтатуға, халықтың білім-көзқарасын арттыруға, әлемге Қазақстанды танытуға ықпалын тигізеді.Туризмді жетілдіру арқылы экономиканың басқада салаларының көркеюінеәсерін тигізуде.Әлемдегі бүкілелдерде туризм саласы ел қорының негізгі үлесін құрайтын және сол елдердің экономикасының тек бір салаға ғана, яғни, туризмге ғана бағытталған. Біздің елімізде басқа мемлекеттерден кем емес, тіпті олардан артық деп асырып айтсақ та қателеспейміз. Мынадай керемет табиғаты бар, бұрыннан келе жатқан дәстүрі мен мәдениеті, қонақжайлылығы мен т.б.қолайлығы жақтары бар елімізде халқаралық туризмді неге дамытпасқа? Еліміздің бай табиғат қорларымен туристік орталықтарын көркейтіп республиканың, аймақтың өсу деңгейін жоғарылату әрбір қазақстандықтың міндетідеп білем.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі:Туристік қызметтердің Қазақстандағы нарықтық экономикасы негізіне өтуі аймақтық туризм бағытынжаңадан реттеуді, мемлекеттің бұл бағытты дамыту мақсатында үлкен көңіл бөлуді, қолдау көрсетуді шарт етуде. Ол үшін ел ішкі аймақтық туризм секторында ең бірінші экономикалық ынталандыру іс-шараларын жүргізуді жүзеге келтіруіқажет.Себебі,жергілікті туризм бағытын дамыту, оған мол қаражат енгізуд мен көптеген қаражат бөлуді керек етеді. Бірақ оның жоғары тәуекелділігін негізге алып оны іскеасыру қиын екендігінде ескеребілу керек.Аймақтық туризм саласы, туристік мақсатпен келген шетелдік туристердің саны Қазақстаннан өзге елге шығатын саяхатшыларға қарағанда жоғары деңгейдегі жағдайда қана тиімді болады. Бұл үшін Қазақстанның туристік, мәдени-тарихи және табиғи құндылықтарының, туристік мүмкіншіліктерінің еліміздің азаматтарғада, шетелдік азаматтарынада танытғау, жарнама жасауға және тарату жолдарының арқылы беделін көтеру іс-шаралары жүргізілуіміз тиіс.
Туризмді дамытуға еліміздің жоғары әлеуеті бар.Санқырлы табиғи-географиялық ландшафты, флорасы мен фауналарыныңәрқилылығы, әртүрлі географиялық ландшафтық, өте бай флораға мен фаунаға, мәдениетіміз салт-дәстүрімізді негіздеп туристерді қызықтырып тарта аламыз. Табиғи, тарихи, мәдени ресурстардың қолданып туризмді дамытуқа байланысты мақсатқа сай туристік бағдарламалар жәнеде іс-шаралар дайындалу үстінде.
Аймақтық туризмнің Шетелдік және еліміздің экономикасындағы рөлінқарастыру,территорияның туризмді көркейту үшін мемлекеттің осы бағыттымемлекеттік реттеу, қолдау, арнайы даму бағдарламалар орындау сияқты мәселелерініңзеоттеу. Территориялық туризм бірнеше дамыған және дамушы мемлекеттердіңэкономикасының басты саласы, қаражаттар негізіболғандықтанда,территориялық және дүниежүзілік рынокта бәсекелік қабілетті мамандануды қалыптастыру және аймақтың орнықты алға басуына қолайлы жағдайлар дайындау. Территориялық туризмді дамытуда зорқаражат қажет етеді және тәуекелділігі биік. Мақсат аталған тәуекелділің алдындағы кедергініжою. Еліміздің туристік мүмкіншіліктерінің,керекті ресурстарға байлығын көрсету жәнедеаталған үшін жағдайлардың барлығын толық талдау. Жоғарыда аталған мәселелердің еліміздегі рекреациялық туризмнің жетілдіруді аймақтық және практикалық тұрғыдан талдаудың өзектілігін көрсетеді және рекреациялық туризмнің аймақтағы қарқынды өсуідүнежүзілік, халықаралық стандарттар шегінде дипломдық жұмысымның тақырыбын таңдауға себептілік берді.Еліміздің территорияларында санаторлы-курорттық қызметтерін, рекреациялық туризмнің жағдайын зерттеу нысандары ретінде талқылауға мүмкіндік жасады.
Зерттеу объектісі. Қазақстан Республикасындағы туристік-рекреациялық сипаттағы арнайы экономикалық аумақтарды қалыптастырудағы аумақ мысалы ретінде Шығыс Қазақстан облысындағы және ондағы Катонқарағай мемлекеттің ұлттық паркі таңдалынуы негізінде алынды.
Зерттеу құралы. Әлемдегі көптеген ғалымдардың еңбектерінде туризм, оның ішінде рекреациялық туризмнің маңыздылығы, қоғамдағы дамуларындағы рөлі, экономикадағы орны кең және терең талқыланған.Осыған орай тәжірибеде теориялық жағынанда қамтылғандығы, сондай ақ Батыс аймақтардыңауқымды тәжірибелері негіз болған ғылыми зерттеулерде жарияланып жүр. Рекреациялық туризмді жетілдіру мәселелерінде зерттеулерге өз еңбектерімен ғылымдарын арнап, осы арқылы экономикалық ғылымдарына сондай үлес қосқандығымынадай ғалымдарды айтуға болады: Полторанов В.В, Данилов Ю.Е. А.С.Вишневский, В.А.Александров, С.Р.Ердавлетовтың,Н. А Белойдың, Лебедева И.П., Павлов И.П., Л.Н. Багрованың, Н.В.Багров, В.С.Преображенскидің, Н.С.Миронеко мен И.Т. Твердохлебов., П.Г.Царфистің, Ю.В.Ступининнің, Квартальнов В.А,И.В.Зориннің,А.Г Кимнің т.б., осыған қосаеліміздің ғалымдарының емдік туризмі деңгейінің жоғары сатыға жоғарылатудағы еңбектері де бар, олардың қатарында Нұрғалиева, К. Темірханова, М.Железников, И.Г С.И.Замятиннің,А. Хасенованың тағы басқалардың еңбектері[2].
Зерттеу мақсаты:Аймақтық туризмнің Шетелдік және еліміздің экономикасындағы алатын орнын анықтаудың, аймақтық туризмнің күшейтуің мемлекеттің аталған сфераны мемлекеттік реттеу, қолдау, арнайы даму бағдарламалар жүргізу секілдімәселелерінің қарастырылуы. Аймақтың туризмібірнеше дамушы, сонымен қатар дамыған елдердегіэкономикасының басты саласы, табыс көзінің болғандықтан,территориялық және әлемдік экономикадағы бәсекеге қабілеттікте мамандануын қалыптастыру және аймақтың орнықты дамуының қолайлы жағдайлын жасау.Аймақтық туризмді көркейту үлкен қаражат көзін қажет етеді және тәуекелділігі биік. Мақсаттың осы тәуекелділікгінің алдындағы қауіптердіжою.Еліміздің туристік мүмкіншіліктерін, қажетті ресурстарға бай екендігін көрсету және бұл үшін барлық жағдайларды талқылау.
Зерттеу міндеттері:
Рекреациялық туризмнің түрлері жәнеде ерекшеліктерін анықтау;
Қазақстанның туристік саласы дамуындағы рекреациялық ресурстардың рөлін атқару;
Әлемдік тәжірибедегі рекреациялық туризмнің жетілуін реттеу;
Шығыс Қазақстан аймағының туристік - рекреациялардың көздерін қарастыру;
Катонқарағай мемлекеттің ұлттық табиғи саябағыныңтуристік аймақ қалыптасуындағы табиғатын сараптау;
Катонқарағай мемлекеттің ұлттық табиғи паркінің шаруашылығы мен құндылығын зерттеу;
Әлеуметтік-экономикалық ресурстардың пайдалануының тиімдітиімділік арналарын күшейту;
Облыстағы туристік қызметтер нарығындағы рекреациялық туризм объектілерінде қызмет көрсету сапалық жағдайын басқаруы;
Шығыс Қазақстан аймағындағы рекреациялық туризмнің мәселелері және олардыдамытулардың амалдары.
Әдіснамалық зерттеу.Әдіс негізі - салыстырмалы сараптама. Соңғы уақыттарда қалыптасып келе жатқан заманауи бағыттағы ғылыми ой-пікірлер мен тұжырымдар, жаңа тарихи көзқарас тұрғысынан жазылған еңбектер басшылыққа алынды. Зерттеу барысында жарияланған және жаңа статистикалық мәліметтерге талдау жасалып, жинақтап және қорытып келесі әдістермен зерттеу жүргізілді.
зерттеу тақырыбы бойынша методикалық әдебиеттерге ғылыми-оқу әдістерін зерттеу.
статистикалық зерттеу әдістері.
ғылыми салыстырмалы сараптама әдістері.
зерттеу тақырыптың ғылыми әдістерін негіздеу
Тәжірбиелік мәні: туристік-рекрециялық экономикалық аумақ қалыптастырып,Шығыс Қазақстанның рекреациялық туризмді дамыту, халықаралық стандартқа тиісті қызмет түрлерін ұсыну. Катонқарағай Кереметі жобасының іске асырылуы барысында Шығыс Қазақстан облысындағы туристік аймағын қалыптастыру, туристік әлеуетін қолдана білу.
Зерттеу нәтижелерінің жариялануы.
Акишева Е.К., Елемесов Е.Е.Рекреациялық қызметтерінің ресурстық әлеуеті Экспо-2017 өткізілуіне қарай Қазақстан даму стратегияларының басымдылықтағы бағыттарының бірінің ретіндегі Жасыл даму идеясы. Қарағанды 2017.
Жұмыс құрылымы: зерттеу жұмысы 80 беттен, кіріспеден, үш тарауының негізгі бөлімдерімен қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады. Зерттеу жұмысында 12 кесте мен 7 сурет қолданылған.

1 ТУРИСТІК - РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ АУМАҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ

1.1 Рекреациялық туризмнің мәні мен аймақтардың ролі

Шаруашылық және қызметтіұсынудабөлім бойынша рекреация ашық көрсетілген ресурстылық бағыттыққа ие және қызмет бөліміне жатады.
Табиғи ортаның компоненттері, шаруашылықпен қызметтіңнысандары ретінде рекреациялық ресурстардың рекреациялық әлеуеттің негізгібөлігі болып есептеледі.
Рекреациялық қызметтің территориалды ұйымдастыруына, рекреациялық аймақтар мен орталықтардың құруына және аталғандардыңэкономикалық тиімділігінерекреациялық ресурстар әсер етеді.Бірақ оның тікелей әсері жоқ.Ондағы әлеуметтік-экономикалық факторларымен, сондай ақ,рекреациялық қажеттіліктердің құрылымыменжәне көлемімен қиылысады.
Рекреацияның табиғи белігілері ретінде, біріншіден,сан түрлі шектегі табиғи - территориалдық және аквальдық кешендері, және олардың компоненттерінің өзіне тәнқасиеттеріі, сонымен бірге, аттрактивтіліктері, кереметтілігі мен ландшафтық ритмдері жатады.
Рекреациялық ресурс термині ғылым саласына кейінннен енгендігін айта кету керек.Бұл термин 50-60 жылдардағы ғылыми әдебиетерде кездеспейтін.
Терминнің ғылым саласына енуін 1968 - 1971 жылдарды жатқызамыз.Тура осы уақытта Ю.К. Ефремов өзінің еңбектерінің біреуінде рекреациялық ресурстарды туризм және туристік орындарын, табиғаты әсем және декоративті орындарды жатқызуы туралы ұсыныс жасалды. Осы жылда В.Б.Нефедоварекреациялық ресурс түрінде табиғаттың геологиялық құрылымын, бедер, климаттық, жоғарығы және төменгі су көздері мен өсімдіктерді қарастыруды ұсынды. Үш жылөткенненкейін Б.Б.Родаман рекреациялық ресурстар ретінде демалысты ғана қолдана алатын географиялық аймақ элементтерін алуға болатынын көрсетті.Әлемге әйгілі ғалым А.А.Минцосындай жәнеөзге де табиғи элементтердің табиғат ресурстары құрамына енуі, техникалы мүкіндіктер, экономикалы қажеттіліктермен қолдану барысындағы мақсат,сондай-ақ ғылыми дәрежелердің айқындылығы болып табылуын атады.
Уақыт өткеннен кейін, келе жатқан үш он жылдықтарда да экономистер, географтар және басқа да саладағы ғалымдар осы терминнің мазмұнын анықтаумен айналысты.Бірақ, осы он жылдықтағы ғылым саласындағы басылымдарда табиғи ресурстардың термині табиғи жағдайлардың терминдерімен байланысқан.
Осы арада, бүкіл табиғатпенбайланысқан жағдайларда анықтамалардың сәйкес болуына ортақ анықтамаларға: табиғи жағдайлардың - туризм саласын-дағы өнім өндірісінде технологиялардың даму дәрежесіндегі түрлі табиғи жағдайлар, денелер не үрдістер.
Табиғи рекреациялы ресурстар дегеніміз - нақты бір аймақта нақты бір кезеңінде пайда болғаннемесе туризм мен рекреацияның мақсатында пайдаоанылатын табиғи денелер жәнежағдайлар мен үрдістер нерельефтің жекеленген элементтері.
В.А. Квартальновтың айтуына қарағанда рекреациялы ресурстар - табиғи мен антропогендік геожүйелер, табиғи денелердіжәне үрдістерді көрсетуге пайдаланылатын туристік ресурстардағы бір бөлік.
Рекреациялы ресурстарды - табиғи мен мәдени деп екі бағытта қарауға болады.
Табиғи рекреациялы ресурстарға табиғи-территориалды мекендер мен аймақтар,солардың бөлімдері және қасиеттері баяндалады, яғни танымдылығы, ландшафтаррдың кезектесуі, экзотикалықкешендердің көлемі және пішіні,солардың мүмкіндіктері баяндалады.
Мәдени - табиғи ресуртарға қажетті бөліктер:
материалды - азаматтардың танымдық мүмкіндіктерін қанағаттандыруға өндірістегібүкілматериалдар мен қоғамдағықұалдадың құндылықтары (тарихи мен мәдени ескерткіштері, халықтың шаруашылығындағы бүкіл кәсіпорындар);
рухани - қоғамдағы мемлекеттік пен қоғамдық өмір кезеңіндегі, ғылымдағы, мәдениеттегі, өнердегі қол жеткізген жетістіктері.
Рекреациялық ресурстардағы сиымдылық мынадай нормативтер бойыншаанықталады:
антропогенді салмақ, нормалары түрлі табиғи кешендердегіәртүрлі биогеценоздарға сай жаяу серуендеу.Демек, табиғи ортаны ластамау мақсатында жаяу туризмнің және экскурсиялы көрсетілетін қызметер кіреді.
жіберілетін(допустимые) салмақ - антропоэкологиялы нормативтерге,солардың өзгеріске ұшырауы геожүйедегі тұрақтылықтың бұзылуына әкеп соқтырады, дегенмен осы адамның денсаулығында байқалмайтын өзгеріске ұшырау.
Табиғи ресурстардағы сиымдылықпен рекреациялық әлеует термині байланысқан.
Рекреациялық әлеует - рекреациялық ресурстардағы көлемді анықтаудағы белгілімен мүмкін келетін туристерсаны арасындағы байланыс.
Туризм саласындағы ресурстар сол мемлекеттің ұлттық байлығы болып саналатынымен, әлемдегі маңызды ескерткіштеріжәне объектілері олардың маңызды бөлігіне жатқызылған. Осындай тізімдерді ЮНЕСКО жыл сайын жаңартып отырады.
Саралай келе ғылыми тұрғыдан жиі қолданылатын туристік ресурстардың табиғатқа зиянын тигізбейтін туризмнің даму жолдарын қарастыру.
Туристік ресурстардағы туристік мақсаты бойынша және де адами қанағаттандырып, мәдени құндылығын арттырып, түрлі нысандар көрініс табатын орталықтардың дамуымен байланыстырамыз.
Сонымен қатар демалыс қолайлығына туристік нысандардың көркемдігі мен тартымдылығы жағдай жасайды. Адамдардың қажеттілігі, моральдық физикалық тұрғыдан демалып, қалпына келу орталықтарымен қамту[1].
Туристік ресурс кадастры туриздегі ресурстардың барлық (экономикалымен экологиялы) тұтынушылардың бағасын ұсынады. Кадастрдың міндеті бойыншааймақтықпен тематикалық норма бойынша ұсынылады.
Сонымен қатар өзге де рекреациялық, және туристік ресурстардың түрлері анықталған. Өз кезегінде қызмет барысында ресурстар табиғи емдік пен туризмдегі ақпараттық сияқты түрлерін бөле отырып қарастырылады.
Табиғи емдік ресурстардыңқолданылуы мен қорғауды қажетті ерек түрде қорғалатын табиғи кешендер мен мекендерге жататын, халықтың демалуы жәнесауғуына бағытталған рекреациялы ресурстар.
Туризмдегі ақпараттық ресурстар сол мемлекетке не аймаққа келетін туристердің алған мекені жөніндегі ақпараттарды,солардың тарихы мен мәдениеті, табиғи отандары мен халқы.
Рекреациялы ресурстар рекреациялы түрде қызметтердің терреториалы ұйымдасуына, рекреациялы аудандар және орталықтар құруға және солардың экономикалы тиімділігіне қатысты.Сонда да, осы тікелей әсер ретінде табылмайды.Себебі, бұл әлеуметтік-экономикалық факторлармен, сондай-ақ, рекреациялы қажеттіліктер құрылымы және көлемі арқылыбайланысады.
Рекреациядағы табиғи алғышарттар ретінде көптеген рангтегі табиғи - территориалды мен аквальды мекендермен олардың компоненттері және жекеше қасиеттер,аттрактивтілі, танымыдылығыжәне ландшафт кезеңі кіреді.
Осындай не өзге де табиғи элементтердің табиғат ресурстарының құрамына ену барысы техникалық мүмкіндіктер, экономикалық қажеттіліктермен қолданудағы мақсаттар, сондай-ақ ғылыми деңгейдегінақтыылығы.
Басты мақсаты - әлеуметтегі әрбір тұлғаның физикалығымен психикалылығы тұрғысында шаршауын калпына келтіру, рухани байлықтыөсіру. Қазіргі уақытқа дейінгібарлық рекреациялы функциялардың классификацияларыныңжоқтығымен, оларды басты3бөліккебөлуге болады:
Емдік биологиялы қызметтер дегеніміз - курортты-санаториялық кешендерде емделу мен сауығу. Туризмнің арқасында сауығу- өндірістік пен өндірістік емес психикалы шаршауды қалыпқа келтіру.
Мәдени әрі әлеуметтік қызметтер - рекреациялық функциялардың ең бастысы. Мәдени және рухани қажеттіліктер - ол сана-сезімнің ең басты мағынасындағы қажеттіліктер, қоршаған ортаның тануы және өз орныңды білу. Туризм арқылы адамдар ел арасындағы және әлемдегі табиғи, мәдени - тарихи және әлеуметтік құндылықтармен таныса алады.
Экономикақызметтері - еңбек күштерінің жай және кеңейтілген функциялары. Рекреация қоғамның қажеттілік уақыттарын тиімдірек сақтайды. Рекреацияға байланыстықызметкерлердің еңбекке деген қажеттіліктері жоғарылап, толық жұмысбастылықтың уақыттлық кезеңдері көбейуде.

1 сурет Рекреациялық қызмет топтары
Ескерту - мәліметтер негізінде[3] автормен құрастырылғын

Сонымен қоса - рекреация мынадай экономикалық қызметтерді атқарып, жеделдетеді :
мемлекеттердің арнайы бір аумығындағы шаруашылықтық құрылымдарының дамуларын жеделдетеді.
халықттардың рекреациялық қызметтері арқылы жұмыстармен қамтамасыздық етуі,тағы сондай, рекреацияға тікелей қатысты емес салалардағы еңбек күштерінің кеңеюі.
мемлекетттердің рекреациялық аудандарындғы пайда келтіруші халықттардың шығындарымен кірістеріне әсер етуілері.
кіру туризмінің тиімді дамуы шетел валютасының түсуіне септіктерін тигізеді.
Рекреациялық даму тенденцияларының қалыптастырылуы:
демалыс орындарындағы рекреациялық сұраныстарға ие орталықтардың жақын болуында;
қалалық тұрғындырдың қысқарақ мерзімдердеі демалыс жүйелерінің қалыптасуы;
табиғаттың төрт маусымаралық белсенді демалуға арналған табиғи және ұлттық саябақтарды ұйымдастыру.
демалудың жаңа формалары мен турлерін қалыптастыру.
Қазіргі рекреациялық іс-әрекетттердің таңдаулы түрлеріне жатады, ол адамдардың күнделікті дұрыс өмір сүру жағдайына айналды. Қоғамдық көзқарас жөнінен олардың негізгі мақсаты - қоғамдағыкез келген мүшелері физикалық-психологиялық күш-жігерлерін қалпына келтірумен, оның рухани дүниесін жан - жақты жетілдірілуі. Рекреация деп дамыған қоғамның ажырамас бір бөлігі, қазіргі өмір салттарының элементтері[3].
Туризм объектісі үш негізгі құраушыдан тұрады: туристік аймақтар, олар жер, орын, туристік ұйымдар және туристік кәсіпорын.дар Турист белгілі бір жерде болып жатқан іс-шараларда туристік қызметтер кешенін қолданады. Бұл жерлер өзідерінің көрікті факторларға байланыстылығы туризм орталықтарына айналады. Туристік аймақтардың ерекшеліктеріне орай туристер сол жерлерде ұзақ уақыт аялдайды.
ДТҰ туристік аймақты демалу мен сауықтыруларды ұйымдастыруларына арналған арнайы құрылыстық пен қызметтер кешендерінің тұратын территориялар ретінде анықтайды. Бұл анықтамалардан туристік аймақтар, жеке деп саналуы үшін, туристтердің орналасуы үшін барлық ғимараттардан тұруы керек.
Осылайша, туристік аймақтар - бұл саяхаттар мақсаттарын және туристік өнімдері. Сонымен қатар, төмендегілердің де ескерілуі қажет:
1. Бұл анықтама тұтынушылардың қызығушылықтарынан шығуы керек. Бұл
жерде шешуші кезең ол турист таңдаған аймақ, өйткені ол пайда әкелуі керек. Әдетте көп жағдайда бұндай аймақтар тарихи қалыптасқан саяси шекараларды бұзуы мүмкін.
2. Нақты бір туристтер үшін де туристік аймақтың не болып табылатындығы, оныңқажеттіліктеріне байланысты.
3. Аймақ- ол аттракциондар жиынтықтары мен оған арналған туристікқұрылыстары мен қызметтеріне арналған орындар, туристтерге арналған қызметтердің кешендерінен тұратын өнімдер. Былайынша туристік аймақтар, ол кіру туризмдерінің бәсекелестеріі болып табылады.
Тұтынушылардың талаптарына қарай туристік аймақттарды қарастыруға болатыны: Бұл үлгіден, турист барған жерлеріне қайтадан туристік мотивтерін орындаулары үшін қайта айналып баратындай төрт параметрлер шығады.Олар, біліктілігіне, саяхат мотивіне (себебіне) және тұрғылықты жерінен алыстығына байланысты демалушы келесі параметрлерді бөліп көрсетеді: орналасуы, орны, ландшафт және экскурсиялар.
Аймақтық туризм түсініктерінің өзінде бір-бірімен тығыз байланыстылық екі аспекттерден тұрады: географиялық және әлеуметтік-экономикалық. Біріншісі, рекреациялық ресурстардың кеңісті бөлінісін, тұрғылықты халықттардың рекреациялық қажеттіліктерін және сол аудандағы қанағаттанушылық дәрежелерін, сол аймақтардағы сырттан келушілерді тарту мүмкіндіктерін көрсетеді. Ал, екіншісі, аймақтың рекреациялық зерттелулерін, туризм дамуын тежейтін немесе ынталандыратын әлеуметтік-экономикалық шарттары көрсетіледі. Егер, біріншісі туризм дамуының әлеуетті мүмкіндіктерін көрсетсе, екіншісі, сол аймақттардағы туристік қызметтердің нәтижелерін көрсетеді.
Туризмді шаруашылық саласы ретінде зерттеулердің негізгі бағыттары аймақтық туризмнің дамуы мен жағдайына талдау жасаудан шығады:
oo туристік ағымдардың аймаққа кіру және шығу маршруттары, Қазақстан азаматтарының және шетелдік туристік тұтынушыларының туристік мақсатпен шығуларының құрылымдары (әлеуметтік жағдайы, жасы, нақты бір туризм түріне қызығушылығы және т.б.)
oo осы аймақтардағы туризм ерекшеліктері, маусым ырғақтығы, туризмнің көп тараған түрлері мен формалары, қатысудың негізгі мақсаттары және т.б.
oo билік органдарының және жергілікті туризм органдарының туризмнің мәселелеріне қарым-қатынасы, олардың туристік саясат спецификасы;
oo осы аймақтың шаруашылық құрылымдарындағы туризмнің экономикалық рөлі;
oo осы аймақтағы туризмнің даму перспективалары.
Атақты Американдық әлеуметтанушы, Т.Бертон бос уақытты өткізу мінездемелріне және туристік демалу үлгісін әсер ететін факторлардың үш тобын бөліп көрсеткен: технологиялық оған, бұқаралық ақпарат құралдары жатады; институционалды,заңдық; әлеуметтік-экономикалық оған, демографиялық, кіріс көлемі, мамандығы жатады.
Қандай да бір аймақта туризмнің дамуы үшін бастысы ол аймақта туристік ресурстар болуы керек, оның негігісіол рекреациялық ресурстар.
Аймақтық туризм дамуының әсерлерінің негізгі факторлары статикалық және динамикалық болып бтабылады. Статикалыққа табиғи-географиялық фаторлардың жиынтығы жатады. Олар өзгермейтін мәнге ие. Оларды адам туристік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қолдануға оңтайлы етіп жасайды. Табиғи, климаттық және де географиялық факторлары көркем, бай табиғатта, климатта,жергілікті рельефте, жер асты байлықтарында (минералды сулар, жертөлелер және т.б.) көріністер табады. Мәдени-тарихи факторлардың жүйесіне, архитектура және тарих ескерткіштері және т.б. статикалық факторларға жатқызамыз.
Динамикалық факторлар бойынша демографиялық, саясаттық, әлеуметтік-экономикалық және материалдық-техникалық факторлар жатады. Олар уақыт пен кеңістікте өзгеретін әртүрлі бағаға, мәнге ие болуы мүмкін.
Жоғарыдағы классификацидан басқа туризмнің түрлеріне әсер ететін факторлар сыртқы (экзогенді) және ішкі (эндогенді) болып бөлінеді.
Сыртқы факторалар демографиялық және әлеуметтік өзгертулерге байланысты аймақтық туризмге әсерімол. Бұл факторлар топтарына төмендегілер жатады:
oo аймақтағы халықтың жасы;
oo еңбек ететін нәзік жандылар саны яғни әйелдер сандарыныңартуы және әрбір отбасына келетін іріс өзгерісі;
oo жалғыз адамдар пропорциясының өсімі;
oo кеш отбасын құру мен үйлену тенденциялары;
oo аймақтағы халықтың баласыз жұптардың өсімі;
oo иммиграциялық шектеулердің төмендеуі;
oo төленген іссапарлардың және иілгіш жұмыс кестесінің өсімі;
oo ерте зейнетке шығу, туристік мүмкіндіктерді түсінудің өсімі.
Төленген іс-сапарлар, иілгіш жұмыс кестесі - осылар демалыс периодтарының кеңеюіне, іскерлік туризм бейнесінің және маусым шекарасының өзгеруіне алып келеді. Осыдан турлардың ұзақтығы, олардың жиілілігі жоғарылайды.
Аймақтық туризмге әсер беретін сыртқы факторлар жүйесіне экономика және қаржы факторлары жатады: экономикалық-қаржылық жағдайдың жақсаруы (нашарлауы), жеке табыстың өсуі (төмендеуі), туризм мен саяхаттау шығындарына қоғамдық қаржының жоғарылауы.
Аймақтық туризм масштабтарының өсуіне әсер беретін әлеуметтік-экономикалық факторларға халықтың білім деңгейінің, мәдениеттің, эстетикалық қажеттіліктердің өсуі жатады.
Сонымен бірге, сыртқы факторлар саясттық және құқықтық реттеу; технологиялық өзгертулер: транспорттық инфрақұлым мен сауда дамуы, саяхат қауіпсіздік шарттарының өзгеруі жатады.
Ішкі (эндогенді факторлар) - аймақтық туризм сферасына әсері бар факторлар. Оларға аймақтағы туризмнің дамуында маңызды материалдылық, тениеахникалылық факторлары жатады.
Бұлардың ішіндегі бастылары орналасу орындарының, транспорттың, қоғамдық тамақтану орындарының, рекреациялық ортаның, бөлшектік саудалардың және т.б. дамуларымен байланысты.
Ішкі факторларға туристік нарықтық факторларды да жатады:
oo сұраныс, ұсыныс және тарату;
oo нарық сегментациясының өсуі;
oo туризм салаларында және монополизациялау үрдістерінің өсуі;
oo туризмдегі қызметкерлердің рөлдерінің өсуі;
oo жеке туристік бизнестердің рөлдерінің өсуі.
Жоғарыда аталған факторлар экстенсивті, интенсивті және жағымсыз (негативті) болып ерекшеленеді.
Экстенсивті факторларға: жұмыскерлер сандарының артуы, материалдылық- ресурстардың сандарының жоғарылауы, турзмнің жаңа нысандарын салу жатады.
Интенсивті факторлар - қызметкерсанатының жоғарылауы, мамандандырылған-санатты құрылымды дамыту мен ынталандыру.
Жағымсыз факторлаға туризмге керісінше, теріс әсерлерді беретін факторларды жатқызамыз: кризистер, қарыздардың өсуі, саяси тұрақсыздылық, жұмыссыздық, қаржылық тұрақсыздылық (инфляция, валюта стагнациясы) және т.б.
Туризмнің жетілуіне әсерлер ететіндей факторлардың арасында ерекше орынды маусымдық фактор алады. Маусымдылығыбойынша туристік қызметтер көлемінде ауытқулар болып тұрады.
Аймақтық туризмнің даму деңгейіне туристік инфрақұрылым мен қызмет корсету деңгейіне, яғни орналасу орындарына, сауда-мейрамханалық желілер және т.б. туристердің демалуына арналған материалдық жабдықталуларға байланысты.
Аймақтық туризм дамуының алғашқы негізгі шарттары табиғи және географиялық болып табылады. Бұрынғы кездерден-ақ жақсы ауа-райы мен емдік-сауықтыру көздері бар аймақтарда туризмнің алғашқы сатысының өзінде дами бастаған. Қазір уақытта де сол аймақтар халықаралық туризмдегіалдыңғы қатарлы елдер болып табылады.Білім алу және танымдық қажеттіліктердің өсуіне байланысты тарихи-мәдени ресурстар көп мәнге ие бола бастады [4].

1.2 Туристік-рекреациялық ресурстардың аймақтық ерекешелігі

Аймақтың бірыңғай еместігі белгілі себептерге қарай өзгешелігімен ерекшеленеді. Аймақтар белгілі мақсаттары мен міндеттеріне сбайланысты бөлінеді. Тәжірибелік қызметтің түрлі ғылымдары мен салаларында аймақтарды бөлудің анықтамалары мен қағидалары бар. Экономика үшін әкімшілік және экономикалық басқару, еңбекті аймақтық бөлудегі орны, еңбек нарығының қызметі етуі, әлеуметтік-экономикалық мәселелердің түрлеріне қарай аймақтарды бөлудің маңызы өте зор.
Туристік-рекреациялық ресурстар - рухани рекреациялық қажеттіліктерді қанағаттандыратын күш-жігерін жинап, өзен, көл, теңіздерде сергіп, тарихи-сәлуеті ерекше аймақтарда, көрікті жерлерде демалуға болатын нысандарды айтуға болады.
Туристік-рекреациялық ресурстардың құрамына:минералды сулар, тау баурайлары, орман-тораптары, теңіз жағалаулары, емдік демалыс немесе курортты, ландшафты климтық әсерлері, жыл мезгілдердің қолайлылығы, суға түсу маусымының, сауықтыру спорттық-альпенистік тау тізбектері, қия жарлармен шатқалдар, шөлді-шөлейтті, халық сирек орналасқан, адам аяғы баспаған, игерілмеген жерлерге және тарихи, мәдени, археологиялық ескерткіштері, табиғаттың тамаша орындарын, этнографиялық орындар, мұражайлардағы құнды жәдігерлер, бірегей таңқаларлық техникалық құрылыстар эккурсия-туристік нысандар жатады.
Халық шаруашылықтарының салалары түрінде туризм сұраныс пен ұсыныстардың нарықтық санаттарының сәйкес болуында тиіс өнімдер шығарылуда. Осыған байланысты шетелдік тұтынушыларына бағдарланатын халықаралық нарықтық Қазақстан тұрғындарына арналған ішкі нарықтың ара жігін ажырата білу қажет.
Халықаралық туристік нарық бүгінгі күндері миллиардтаған айналымды және қатаң бәсекелестікте орасан зор механизмді білдіреді. Сол себепті, бірінші кезектегі міндет Қазақстанға ғана тән ерекшелігі бар және сұраныс бола алатын туристік өнімддерді анықтау. Соған байланысты нарықтың қандай сегменттерінде қазақстандық турөнімдердің жарқын болашағы бар екені көрінетін болады. Туризм жүйесі негізінде, швед зерттеушілерінің пікірі бойынша екі суб-жүйе бар:
туризм субьектісі, яғни турист өз қажеттіліктеріне байланысты әр түрлі
туристік қызмет түрлерін тұтыну;
oo туризм нысаны үш элементтен тұрады: туристік аймақ, туристік
кәсіпорын және туристік ұйымдар.
Барлық территория туристік аймақ бола бермейтінін ескеру қажет. Туристік аймақ болып есептелу үшін мынандай талаптардың жүйесіне сай келуі қажет (сурет 2).
Осыған байланысты, туристік аймақ - турист қажеттіліктерінің қанағаттандырылуы үшін, қажетті туристік қызығушылық нысан орналасқан және қызмет жиынтығын ұсына алатын территория .
Аймақтық туризмге қатысты мемлекеттік саясаттардың негізгі мақсаттары: туристік қызметтерді жайғастыру мәселелерін талдау жаһандық мемлекеттік мақсатқа әкеледі - аймақтардың өзара іс-әрекеттерінің мәселелерін шешілуі деп білеміз. Мемлекеттік аймақтықтардың саяси негізгі бағыттарымен төмендегідей жіктелуі мүмкін:
Аймақтық қаржыландыру. Аймақтық бағдарламалар жасақтау есебінен аймақтың артта қалуын түзеу. Бұлардың жүзеге асу құралдары тиісті әкімшілік-территориялдық бірліктер мен бюджет салықтарының бюджеттерінің табыс көздері есебінен қалыптасады[5]:
Шаруашылықтандару субъектілерінің құралдарын жасау. Оларға, біріншіден, муниципалды меншіктегі кәсіпорындар мен фирмалардың қаржылық ресурстары; екіншіден, территориялық бюджеттерден тыс қорлары (қарызға алынған ресурстар, кәсіпорындар мен халықтың ерікті салымдары

Сурет 2.Туристік аймақ белгілері
Ескерту: мәліметтер [5]негізінде автормен құрастырылды.

Қазақстанда туризмді дамытудың мәселесіне қадаммен жакындаудамыз. Туристік саланы дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы әзірленді.Отандық туристік саланың орталықтары мен локомативтеріне айналатын бес аймақ анықталған. Салалық нарықтың ұзақ мерзімдік даму үрдісіне егжей-тегжейлі талдау жүргізіліп, туристік объектілерді сегменттеу мәселесінде түсінушілік бар. Және ең соңында қазақстандық туризм дамуы бойынша қабілетті қуатты мотиватор болуға лайықты, жақында пайда болған және шақыруға лайықты - Астанада ЕХРО-2017 Бүкіләлемдік көрменің өткізілуі.
Бұл жерге жан-жақты тоқталып, және нақтыласақ - туристік индустриялардың дамытуы бойынша Қазақстанның жоспарлары кластерлік тәсілге сүйенеді. Бұл елді осы немесе басқа да тақырыптық мамандандырудағы туристік инфрақұрылымды құру тұрғысынан неғұрлым тартымды аймақтарға бөлу. Болашақтағы заманауи туристік саланың құрылуы үшін әдіснамалық және тұжырымдамалық негіздерді құру бойынша мемлекет Басшысының тапсырмасын орындай отырып, Қазақстандық индустрияны дамыту институтында бұл жұмыспен тығыз айналысты. Бес негізгі аймақтардың дамуына күш-жігерді шоғырландыруға шешім қабылданды, яғни олар: Астанада, Алматыда, Шығыс Қазақстан мен Батыс Қазақстан облыстарында және Оңтүстік Қазақстан бойынша[6].
Бұдан басқада басымдықтары игеру нысандарына жатқызуға болатын қазіргі және құрылудлары жоспарланған мемлекеттік ұлттық табиғат парктерді (МҰТП): "Іле Алатауы" МҰТП, "Алтын Емел" МҰТП (Алматы облысы), "Ақсу-Жабағылы" МҰТП (Оңтүстік Қазақстан облысы), "Баянауыл" МҰТП (Павлодар), "Қарқаралы" МҰТП (Қарағанды облысы), Щучье-Бурабай курортты аймақтары базаларындағы "Бурабай" және "Көкшетау" МҰТП, "Қорғалжын" мемлекеттік табиғат паркі (Ақмола облысы) ландшафтарының көріктілігі, қол жеткізілуі, аумақтарының игерілулері туризмді ұйымдастыру тұрғысынан тартымдылықтарының жоғары деңгейілерімен сипатталады. Орталық Азия аймақтарындағы туризмнің ерекшеліктерін ескеру қажет. Жібек жолы және оқиғалық туризмнің сегменттерінде шетелдік туристердің негізгі ағындары барлық берілген аймақттардың ішіндегі: Қазақстан, Шыңжан-Ұйғыр автономиялық округі, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстанның шегіндегі ұдайы қозғалысына бағытталған.
Отандық өнімдер Орталық Азия турөнімдерінің құрамдарында тиімдірек ұсынылып, жетістіктерге жетеуде. Осығантурөнімдердің институционалдық элементтерімен үкіметаралық деңгейлері келісілуі тиіс деп ойлаймын[5].
Л.Н. Богрова, Н.В.Богров, В.С.Преображенский (1977) анықтамалары негізінде, табиғи рекреациялық ресурстары, рекреациялық іс-қимылдары үшін ыңғайлылық қасиеттеріне толы, белгілі бір мезгілдерде демалыс және сауықтырудағы қызметтерін ұйымдастыруға болатыны табиғи және табиғи-техникалылық геожүйелердің, денелері мен табиғаттық құбылыстары. Әлеуметтік-экономикалықтың рекреациялық ресурстарға тарихи-мәдениеттік нысандары, құбылыстарын жатады. Бұл ресурстардың бір жағынан материалдықта және руханида болып жіктелсе, екінші жағынан қозғалатындар және қозғалмайтындар болып ажыратылады.
Материалдықтарға өндірістік әдістердің және басқа да қоғамдардың материалдық бағалылығы заттарының жинақтарын, оның тарихи даму сатысын қамтыса, ал рухани жағы - қоғамның жетістіктері мен білім, ғылымның, өнер, әдебиеттерінің қорын қамтиды.
Тарихи және мәдени ескерткіштерді негізгі белгілерінің ерекшеліктеріне байланысты бес бастапқы түрлерге жіктейміз: тарихи, археологияқ, сәулет-өнерлері және қала құрылыстарының ерекшелігі, өнердің, деректі ескерткіштердің белгелері.
Тарихи ескерткіштерге ғимараттардың, сәулет құрылыстардың, қоғам мен мемлекеттердің дамуына байланысты ескерткіштердің орындары мен заттары жатады.
Археологиялық ескерткіштердің белгелері - ескі қалалардың орындары, қорған-төбелер, ескі үйлердің орындары, бекініс, өндірістік қалдқытар, су құбырлары, жолдар, ескі зираттардың орындары, тасты мүсіндердің жіне тасқа қашалып жазылған бейнелер.
Сәулет өнерлері және қала құрылыстары ескерткіштеріне жататындар: сәулет ғимараттары мен кешендерін, тарихи орталықтарды. Өнер-мәдениет ескерткіштеріне монументтерді бейнелеу мен декаративтілік-қолданбалық шығармалар, басқа да өнер туындылары мен түрлерін айтамыз.
Деректі ескерткіштерге - мемлекеттік биліктердің актілерін, бейне-фотолар мен құнды құжаттарды және таспа жазуларды, сондай-ақ көне және басқа қолжазбалар мен архивтерді, фольклорлы музыкалық жазбаларды, сирек кездесетін құнды баспаларды.
Әлеуметтік-экономикалық ресурстарды тарихиі - мәдениетпен,заманауи адамдардын іс-әрекеттерімен байланысты басқа да нысандарды жатқызуға болады. Мысалға,керемет салынылған спорттық кешенді, хайуанаттар паркін, зоо-ботаникалық бақтарды, ғылыми мекемелерді, жоғары оқу орындарының ғимараттарын, өндірістік мекемелері, театрлары, этнографиялық және фольклорлық ұлттық көрнекті орындарды, халықтықтың әдет-ғұрып бейнелейтін, сипаттайтын орындар мен шараларды жатқызамыз.
Табиғи кешендердегі туристік-рекреациялық ресурстар класына төмендегідей үлгі негізіндеқарастырсақ болады:
табиғи кешендер жаратылыстық бойынша өмір сүре береді, бірақ туристі
сұраныстар болмаса, ресурстық сипаттама алалмайды;
туристік сұраныстарың болуына табиғи комплекстердібақылап, тексеріп бағалауды қажететеді;
қоғамдық қажеттіліктердің арқасында өте бағалы табиғи кешендер
ресурстарға айналады;
туристтік сұраныстардың артуына байланыстыескі табиғи кешендер
де өңдеуден өткізіліп, туристік ресурстар класына енгізіле бастайды.
Туристік рекреациялық ресурстардың маңызды сипаттамалары төмендегідей:
туристік рекреациялық жүйе әлеуеттік сыйымдылығын анықтайтын
қорлардың мөлшерлері;
ресурстардың таралу аудандары;
пайдалануға бола алатын кезеңдері;
көптеген ресурс түрлерінің аймақтық тұрғыдан өзгермей жатулары,рекреациялық инфрақұрылымдық пен ағымдарды өзіне шоғырландырып тартуына себепші;
ақша капиталының аз жұмсалуы және пайдалануға кететін шығындардың
тым жоғары болмауы инфрақұрылымды жылдам құруға және әлеуметтік-экономикалық нәтижелер алуға болатындығы, сондай-ақ ресурстардың кейбір түрлерін өзінше қолдануға болатындығы;
табиғатты тиімді пайдалану нормаларын сақтай отырып, культивация
және сапасы жоғары жабдықтарды пайдалану арқылы туристік-рекреациялық ресурстарды көптеп пайдалану мүмкіншілігі.
Туристік-рекреациялық ресурстар территориялық туризмді ұйымдас-тыруды, туристік аудандар мен орталықтарды құруға, оларды мамандандыруға және экономикалық жағына әсерін тигізеді.
Туризм де рекреацияның бір бөлігі болса да, өзінің бұқаралық сипатына байланысты рекреациялық іс-әрекеттен бөлек ерекшеленеді.
Туризм объектісі өзінде үш негізгі құраушыны қамтиды - туристік аймақ (жер, орын), туристік ұйым және туристік кәсіпорын. Турист белгілі белгілі бір іс-шаралар болып жатқан бір жерде (немесе аймақта) қызметтер кешенің пайдаланады. Бұл жер өзінің тартымды факторларына байланысты туризм орталығына айналады. Туристік жерлердің ерекшеліктеріне байланысты туристер сол жерлерде ұзақ уақыт кідіреді.
Турист саяхат мақсатын тандаған кезде әртүрлі жерлерді және сол жерлердегі қызметтерді салыстырып, өзіне жақынын тандайды. Турист тапсырыс берген және сатып алған өнім берілген жердегі (туристік аймақтағы) қызметтерден тұрады. Қызметтер кешені ұсынылған территорияның әрдайым анық көрсетілген шекарасы болмауы мүмкін. Бұл демалысты ұйымдастыруға арналған барлық материалды базасы бар аймақтың бір бөлігі немесе туристік орталық болуы мүмкін. Бұндай территория турист өзінің саяхатының мақсаты етіп алған қандай да облыс, мемлекет немесе мемлекеттер тобының жер аумағын қамтуы мүмкін [7].
Туристік аймақты мына сұрақтарға жауап беру арқылы анықтауға болады: турист саяхат үшін таңдаған территорияны қалай анықтауға болады және саяхат мақсаты ретінде әртүрлі нарық сегменттерімен қабылданатындай территоряның көлемі қандай болу керек?
Аймақтық туризм даму деңгейі туристік инфрақұрылым мен сервис деңгейіне, яғни орналасу орындары, сауда-мейрамханалық желі және т.б. туристердің демалуына арналған материалдық жабдықталуға байланысты.
Аймақтық туризм дамуының алғашқы негізі табиғи және географиялық шарттар болып табылады. Бұрынғы кездерден жақсы климаты мен емдік көздері бар аймақтарда туризм алғашқы сатысында-ақ дами бастаған. Қазіргі кездерде де сол аймақтар халықаралық туризмде көшбасшы болып отыр.
Білім алу және танымдық қажеттіліктердің өсуіне байланысты тарихи-мәдени ресурстар көп мәнге ие бола бастады.
Еңбек ресурстары туристік қажеттіліктерді қызмет көрсетуші персоналмен қамтамасыз етеді. Алайда дамыған материалды-техникалық базасыз туризм саласында қалыпты жұмыс істеуге болмайды. Аймақтың материалды-техникалық ресурстарына орналастыру орындары, транспорт, қоғамдық тамақтану орындары, бөлшек сауда және т.б. жатады [8].

1.3 Шетел тәжірибесіндегі туристік-рекреациялық, экономикалық аумақтардың қалыптасуының дамуы

Рекреациялық туризм дамуы өзіндік тарихымен ерекшеленетін ежелгі римдік моншаларының шипалы бұлақтары мен минералды суларынан бастау алады. Олардың мақсаты денсаулықтарын қалпына келтіру үшінадамдарға көмек қолын созу. Осы қолайлы жағдайға арналған жағажайлар, таулар, көлдер және емделу орындарында шоғырланған климаты ерекше орындар спортпен шұғылдануға мүмкіншілік береді [8].
19ғ.соңында ұлттық саябақтар құру идеясын жас елдің ұлттық игілігі бола алатын Американың шексіз далаларын ашып жатқан еуропадан келген қоныс аударушылар ұсынған болатын.
Алғашқы ұлттық саябақтар индустрия дәуірінің бас шебінде пайда бола бастағандықтан оларды құрушылар табиғаттың ең керемет туындыларын техниканың зардаптарынан сақтап қалуға тырысты. Жеке меншік жер иелігі рұқсат етілген мемлекеттерде таңдамалы аумақтарды мемлекеттік бақылауға қою аса маңызды проблемалардың бірі болды.
1933 жылы Лондонда өткен Африканың флорасы мен фаунасының қорғау туралы конвенцияда ұлттық саябақ деген ұғымға алғашқы анықтама берілді. Онда:
Ұлттық саябақ - мемлекет бақылауына алынған, шекарасының өзгертілуі немесе бір аймағының жеке бөлінуі құзырлы заң шығарушы органдардың рұқсатынсыз мүмкін емес аудан.
Көпшілік қауымның игілігі үшін эстетикалық, тарихи, геологиялық, археологиялық немесе кез-келген ғылыми құндылығы бар объектілер мен жабайы аңдарды және өсімдіктер әлемін қорғау және сақтауға бөлінген аудан.
Саябақ әкімшілігінің бақылауымен және рұқсатымен болған жағдайларды санамағанда аудан аймағында аң аулау немесе өлтіру, флора колллекциясын жинақтау тыйым салынады.
1940 жылы Вашингтонда өткен Батыс жартышардың флорасы мен фаунасын сақтау және табиғатын қорғау жөніндегі конвенцияда жаңа анықтама ұсынылды: Ұлттық саябақ - мемлекеттік бақылауға алынса қалың бұқараға пайдасы тиетін ерекше табиғат көріністерін, ұлттық маңызы бар флора мен фаунаны сақтау үшін берілген территория.
Қорғауға алынған табиғи территориялардың ұлттық жүйесінің алуан түрлілігі, бірлесе жұмыс істеу қиындықтары, өсіп келе жатқан табиғи деградация тұсында күштерді біріктіру қажеттілігі 80жж басында Қорғауға алынған табиғи территориялардың әлемдік жүйесін ретке келтіруге мәжбүрледі. Бұл кезеңде Қорғауға алынған табиғи территориялар-дың негізгі категориялары мен басқару міндеттері қалыптасқан болатын. Бұл сәттен бастап халықаралық номенклатураға сай Қорғауға алынған табиғи территориялардың келесі категорияларын көрсетіледі.
Қорғаауға алынған табиғи территориялық ғаламдық жүйесі. 1971жылы ЮНЕСКО-ның үлкен конференциясында Адам және биосфера бағдарламасы құрылған болатын. Бағдарламаның мақсаты жергілікті тұрғындардың қоршаған ортамен үйлесімді өмір сүруін қамтамасыз ететін механизм құру. Ең маңызды ерекшеліктерінің бірі - өзгермелі әлем құбылыстарымен икемді әрекеттесуі мен еш кідірусіз (перманентті түрде) бағытты түзетуге қабілеттілігі. Халықаралық координациялық комитеттің бірінші жиналысында-ақ бұл бағдарламаны жүзеге асырудың алғашқы қадамы адам баласының түрлі табиғи жүйелерге деген әсерін анықтау екені белгілі болды.
Әлем бойынша экожүйелердің эталонды үлгілерін сақтап қалу үшін Қорғауға алынған табиғи территориялардың ғаламдық жүйесін құруға деген ұсыныстар 1972ж. Стокгольмде өткен БҰҰ қоршаған орта бойынша конференциясында айтылды.
Биосфералық аймақтар деген ұғым 1976ж. ЮНЕСКО отырысында бекітілген болатын. Сол кезде осындай 59 аймақтың 8 елде құрылуы туралы шешім қабылданған.
1983ж. Биосфералық аймақтарға қатысты бірінші халықаралық конгресс өткізілді. Оның барысында оқу-білім, қоршаған ортаны бақылау, жергілікті қоғамдастықтармен әрекеттесу және ғылыми зерттеулер сияқты іс-шараларды қамтитын биосфералық аймақтарды дамыту бойынша жұмыс жоспары бекітілген.
1985ж. Адам және биосфера комитеті бүкіл проектіні қайта бағалау және жаңа биосфералық аймақтар бойынша ұсыныстарды үш шартқа(сақтау, дамыту және материалдық-техникалық қамтамасыз ету) сүйене отырып қайта қарастыру жөнінде ғылыми-консультациялық комиссия құрды.
Рио-де-Жанейрода жергілікті тұрғындардың белсенді қатысуымен қоршаған ортаны қорғау және дамыту бойынша БҰҰ конференциясы өткізілді. Биологиялық алуан түрлілік туралы конвенция тек қана қоршаған орта мәселелерін ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік және экономикалық мәселелрді сараптау керек екендігін ерекше көрсетті.
Севилья қаласында өткен ЮНЕСКО конференциясы барысында биосфералық аймақтардың тұрақты дамуы мен басқарылу жағдайларын анықтаған Севилья стратегиясы қабылданды. Конференцияда қабылданған Биосфералық аймақтар жайлы ережеде ЮНЕСКОның биосфералық аймақтар жүйесіне биосфералық аймақтарды кіргізу, шығару, номинациялау, қайта қарастыру немесе олардан жүйе құру туралы процестер ағымы жазылған.
Қазіргі түсініктерге сәйкес биосфералық аймақ бірнеше зоналардан тұрады:
Қоршаған ортаның жалпы жағдайы бақылауға алынатын орталық зона
Экотуризм шараларын өткізуге болатын, ғылыми зерттеулер мен білім беру жүзеге асырылатын буферлік зона.Тұрақты шекарасы жоқ өтпелі зона немесе қызметтесу зонасы
Дәл осы зонада жергілікті тұрғындар, ғалымдар, қоршаған ортаны қорғау ұйымдары, мәдениет тұлғалары мен іскерлер бірге тығыз қарым-қатынаста қызмет жасауы тиіс[9].
2015ж. қыркүйек айындағы мәліметтер бойынша 94 елді қамтыған Ғаламдық жүйеде 411 биосфералық аймақ бар, олардың 25 Ресейдің мемлекеттік табиғи қорықтары.
Ресейде ЕҚТТ-ны басқаратын арнайы қызметтер, экотуризмнің Академиясы құрылған. Барлық осы ұйымдар экотуризмді дамыту мәселелерін шешу үшін жұмыс атқарады. Бірақ, оған қарамастан Ресейдің көптеген ұлттық саябақтарында туризм табиғатты қорғаудан тыс өркендеуде. Жеке компаниялар өздеріне табыс әкелетін адамдар үшін элитарлық экотуризмді дамытумен айналысады.
Туристік ағымдардың басты алдағы мемлекетерінің бірі Чехия. Аса ірі атақты чехиялық емделу орыны Карловы - Вары.
Ұлттық туристік әкімшіліктердің мәліметтеріне сенетін болсақ Чехияның
жыл сайын дүие жүзінің 70 мемлекеттерінен 50 мыңдай адамдар емделуге келеді. Соңғы кезеңдерде Чехиядағы емдік орындардың белсенді түрде сол аймақтарға бару алға басқан. Курортта камералылық театралдық ойындарды, мұражайлар, қойылым залдарын, ойын орындарын, түнгі клубтары орын алған.

Танымал тақырыптық саябақтар:
1. Диснейлэнд (АҚШ, Лос-Анджелес)
2. Дисней Уорлд (АҚШ, Флорида штаты)
3. Си Уорлд (АҚШ, Сан-Диего қаласы)
4. Юниверсал Стьюдиоз (АҚШ, Флорида мен Калифорния штаттары)
5. ЕуроДиснейлэнд (Франция, Париж)
6. Футуроскоп (Франция, Пуатье)
7. Астерикс (Француз паркі)
8. Муми-трольдар елі (Финляндия)
9. Санта-парк (Финляндия, Лапландия)
10. Порт Авентура (Испания)
11. Мифтер жері (Испания)
12. Еуропа-парк (Германия)
13. Леголенд (Дания, Белунд қаласы)
14. Диснейлэнд (Жапония, Токио)

Сурет 3 Танымал тақырыптық саябақтар
Ескерту - Мәліметтер [9] негізінде автормен есептелген

Белсенді демалыстардың мүмкіндіктерін кеңейтіп ойын алаңдарына және гольф ойнындарына жағдай жасалынып жатыр. Еуропаның екінші мемлекеті деп аталатын Чехияның емдік туризмдегі айқындамасы - Венгрия, оны мемлекеттің термальдық сулардың орталығы деп атайды. Өзі жарты миллиондай кубтық метрлерге жететін термальды сулар күнеге табиғи бұлақтардан, скважиналардан ағады, оның тең жартысы тұрғындардың медицинлық салаларында қолданылады. ХІХ ғасырда Венгрия еуропаның сулармен емдеу-сауықтыру және шомылдыру орталықтарына айналды. Бүгіннің өзінде Венгрияның 22 қаласы мен 62 тұрғылықтық бөлімшелерінде емдік дәрежесінің анықталған бұлақтары жұмыс істеуде.
Батыс Еуропа мемлекеттерінде әлемге танымалдылық курорттар орналасқан олар: мысалға, Германиядағы Баден-Баден және Висбаден, Франциядағы Виши, Ұлыбританиядағы Бат, Бельгиядағы Спа курорттары т.б. Олардың әлемге танымалдығық уқыттары ХІХ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРЫ
Экологиялық туризм саласы
Экологиялық туризмнің жіктелімі
Экотуризмды дамыту жолдары
Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдардың қалыптасуы мен даму тарихы
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі экономикалық даму стратегиясы
Ерекше қорғалатын табиғи аймақтарда туристерге қызмет көрсету
Қазақстанда экологиялық туризм саласының дамуы
Туристік рекреациялық ресурстар және олардың таралуы
Пәндер