Жалпы білім беретін мектеп оқу үдерісінде жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың теориялық негіздері



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе 3
І бөлім. Жалпы білім беретін мектеп оқу үдерісінде жаңа
педагогикалық технологияларды пайдаланудың теориялық негіздері
Оқыту үдерісінде жаңа педагогикалық технологияларды ендірудің
педагогикалық негізі 7
1.2. Жаңа педагогикалық технологиялар – оқушылардың білім сапасын
арттыру құралы 17
II бөлім. Жалпы білім беретін мектеп оқу-тәрбие үдерісіне жаңа
педагогикалық технологияларды ендіру әдістемесі
2.1. Оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастырудағы дамыта
оқыту технологиясын пайдаланудың мазмұны 31
2.2. Оқушылардың дара қасиетін дамытудағы деңгейлеп оқыту
технологиясын пайдаланудың жолдары 41
2.3. Оқушылардың танымдық қабілетін арттырудағы модульдік,
блок-модульдік оқыту технологиясын пайдаланудың әдіс-тәсілдері 46
Қорытынды 58
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 60

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасының Білім туралы
Заңында: Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық
құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды
қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті
жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді
ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу - деп
білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді [1].
Бұл міндеттерді шешу үшін, мектеп ұжымдарының, білім беру
мекемелерінің, әрбір мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы, барлық
жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға,
жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды. [1].
ХХІ ғасыр – білім ғасыры. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына
жолдауында: Жас тәуелсіз еліміздің болашағы – білімді ұрпақ қолында деп,
жастарға дамыған 50 елдің қатарына ену стратегиялық бағытын ұсынып,
өркениетті қоғам құруға бағыттайды. Сондықтан да, ертеңгі күннің бүгінгіден
де нұрлырақ болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға бастыратын күш тек –
білімге ғана тән.
Тәуелсіз ел болып, өз алдына дербес мемлекет алғанымыз үлкен жетістік.
Ендігі жерде жас мемлекетіміздің әлем кеңістігінде өркениентті ел ретінде
танымал болып, экономиканы өркендетіп, халықтың әлеуметтік жағдайын, білімі
мен ғылымы, өнері мен мәдениеті өркендеп, халықтың әлеуметтік жағдайы дүние
жүзі мемлекеттерімен теңесуі үшін ел мүддесі жолында аянбай тер төгіп,
мағыналы да, маңызды жұмыстар атқару - Республикамыздың әр азаматының
парызы. Сондықтан бүгінгі таңда өмірдің жалғастырушысы - ертеңгі
болашағымыз ел мен жердің иесі - жас ұрпақты лайықты тәрбиелеп өсіріп,
сапалы білім беру қажеттілігі басты парыздарымыздың бірі [2].
Сондай-ақ қазіргі қоғамымызда әр мұғалім өз іс-әрекетінде қажетті
өзгерістерді әр түрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды жаңа әдіс-
тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білуі керек. Сонымен қатар
жалпы білім беретін мекемелерде оқу-тәрбие жүйесі, оқытушы — оқушы
арасындағы қарым-қатынас, жалпы оқытуды ұйымдастыру талапқа сай елеулі
өзгерістерді қажет етіп отыр.
Жалпы білім беретін мекемелердің тәжірибесінде жаңаша жұмыс істеп
жаңашыл технологияларды пайдаланып жүрген мұғалімдер жоқ емес. Бірақ
олардың пікірінше жаңашыл әдіс-тәсілдерді іс жүзінде нәтижелі қолдану
жолдарын, инновациялық үдерістерді бір жүйеге келтіріп оның педагогикалық
негіздерін анықтау, оларды білім беруді дамытудың негізгі факторларына
айналдыру мәселелерін шешу қиындық тудырады
Сондықтан келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде
мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін
меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.

Бұл үдеріс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Білім берудегі
ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Я.А.Коменскийдің, И.Гербарттың
дәстүрлі объект-субъектілі педагогикасының орнына жаңа педагогикалық
технологиялардың келуі, балаға оқу қызметінің субъектісі ретінде, өзін-өзі
өзектілендіруге, өзін танытуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын
дамушы тұлға ретінде бағытталған. Мұндай жағдайда педагогикалық үдерістің
маңызды құрамы оқу ісіндегі субъектілер - оқытушы мен оқушының тұлғалық -
бағытталған өзара әрекеті болып табылады .
Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен
дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Сондықтан
да қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі – оқушылардың
тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.
Ғылымға мықтап енген педагогикалық технология ұғымына әртүрлі
түсініктемелер берілген. (В.П. Беспалько [12], В.М. Шепель, И.П. Волков [],
М. Чошанов, М.В. Кларин[3], Г.К Селевко[14]. және т.б.). Дегенмен, барлық
анықтамалардың ортақ басты негізі бар, бұл педагогикалық технологиялар -
білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің; оқу-
тәрбие үдерісін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан
міндеттерінің, мазмұнының формалары мен әдістерінің, күрделі және ашық
жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында студенттің
дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды.
Білім беру саласында П.М.Эрдниевтің [15] дидактикалық бірліктерді
шоғырландыру технологиясы, Л.В.Занков [16], Д.Б. Эльконин [17] мен
В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы [51], Ш.А. Амонашвилидің ізгілікті
тұлғалық технологиясы [19], В.Ф. Шаталовтың оқу материалдарының белгі және
сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту технологиясы [47], М. Чошановтың
проблемалық модульды оқыту технологиясы, В.М. Монаховтың [49], В.П.
Беспальконың [41] және басқа да көптеген ғалымдардың технологиялары кеңінен
танымал.
Қазақстанда Ш.М.Қаланова, Ж.А.Қараевтың, Ш.Т.Таубаева [5],
Қ.Қ.Қабдықайыров, С.Н.Лактионова[25], М.М.Жанпейісованың [21],
Ә.Жүнісбектің және Қ.М. Нағымжанованың [2] т.б. ғалымдардың жаңа
технологиялары белсенді түрде қолданылуда.
Оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында жаңа білім
парадигмасына сүйене отырып біз оқыту технологияларының тиімді
жақтарын таңдап алуымыз қажет және оқу-тәрбие үдерісінде озық
технологияларды белсенділікпен енгізуіміз керек. Өйткені еліміздің
болашағы көркейіп өркениетті елдің қатарына қосылуы бүгінгі
ұрпақ бейнесінен көрінеді. Қазіргі білім беру саласындағы негізгі
мәселе - әлеуметтік-педагогикалық және ұйымдастыру тұрғысынан білім
мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру, оны өмірде
пайдалану.
Оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру мақсатында педагогикалық технологияларды
ұсынған Н.П.Гузиктің, В.В.Давыдовтың [51], Л.В.Занковтың [52],
В.М.Монаховтың[55], С.Н.Лысенкованың [44], В.Ф.Шаталовтың [20],
Д.Б.Элькониннің [17], П.М.Эрдниевтің [15] және т.б. ғылыми тұрғыдан
практикалық мәні зор еңбектері біздің зерттеу жұмысымызда басшылыққа
алынды.
Педагогикалық технологияларды білім беру саласында пайдаланудың әдіс-
тәсілдері, шарттары, дидактикалық-әдістемелік негіздері В.П.Беспалько,
Ж.А.Қараев, Ш.Таубаева, Б.Т.Барсай, Д.М.Жүсібалиева, М.В.Кларин,
Қ.Ө.Қариева, С.А.Көшімбетова, Қ.Қабдықайырұлы, А.Саипов, Г.К.Селевко,
Б.К.Тульбасова, Л.А.Шкутина, және т.б. ғалымдардың зерттеу еңбектерінің
арқауы болды.
Бірақ, бұл еңбектерде оқыту үдерісінде жаңа педагогикалық
технологияларды пайдалану, оқу-тәрбие үрдісінде қолдану ғылыми тұрғыда
қарастырылып жеке мәселе ретінде зерттелмеген. Осы мәселе білім беру
жүйесін және оның құрамының өзгеруін қажет ететін ескі мен жаңаның
арасындағы әлеуметтік педагогикалық қайшылықтарын және педагогикалық
қауымның оқу-тәрбие барысында жаңаны игерудегі мүмкіндіктері мен шынайы
жағдайының арасындағы қарама-кайшылықтарды анықтауға мүмкіншілік тудырады
[16].
Осы қарама-қайшылықтарды шешімін іздестіру біздің зерттеу мәселемізді
айқындауға және тақырыпты Жалпы білім беретін мектептер тәжірибесінде
оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын пайдалану деп таңдауымызға
негіз болды.
Зерттеу объектісі: Жалпы білім беретін мектеп оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеу пәні: Оқу-тәрбие үдерісінде жаңа педагогикалық технологияларды
пайдалану.
Зерттеудің мақсаты: Оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын
пайдалануды теориялық тұрғыда негіздеу, және оларды қолданудың әдіс-
тәсілдерін анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
1. Оқыту үдерісінде жаңа педагогикалық технологияларды ендірудің
педагогикалық негіздерін айқындау;
2. Оқушылардың білім сапасын арттыруда жаңа педагогикалық
технологияларды сипаттау;
3. Оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастырудағы дамыта оқыту
технологиясын пайдаланудың мазмұнын анықтау;
4. Оқушылардың дара қасиетін дамытудағы деңгейлеп оқыту
технологиясын пайдаланудың жолдарын, модульдік, блок-модульдік
оқыту технологиясын пайдаланудың әдіс-тәсілдерін анықтау
Зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негіздері: философиялық,
психологиялық, педагогикалык әдебиеттердегі таным теориясы, диалектикалық
ұстанымдар, жеке тұлғаның шығармашылығы мен жаңашыл іс-әрекеттерін дамытуға
негізделген жаңа технологиялық тұжырымдамалары.
Зерттеудің көздері: Қазақстандық және шетел ғалымдарының философтардың,
психологтардың, педагогтардың, таным, білім, жеке тұлға және оның
шығармашыл әрекеті, жаңа педагогикалық технология туралы ғылыми еңбектері,
Қазақстан Республикасының Конституциясындағы Білім және тәрбие беру
қағидалары, Білім мемлекеттік бағдарламасы, кәсіби білім беру мазмұнының
тұжырымдамасы, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар, озат мұғалімдердің
іс-тәжірибелері.
Зерттеудің әдістері: Педагогикалық тұрғыдан ғылыми теориялық талдау
әдісі, озық тәжірибелерді жинақтау және жалпылау әдістері,педагогикалық
бақылау әдісі,сұрақ-жауап әдістері, әңгімелесу әдісі.
Зерттеудің базасы: ОҚО Түркістан қаласы, №17 Ататүрік атындағы мектеп-
гимназиясы
Жұмыстың құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан, ғылыми әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі, мақсаты, нысаны, пәні, міндеттері,
әдіснамалық негізі, зерттеу әдістері, зерттеу көздері беріледі.
Оқу-тәрбие үдерісінде жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың
теориялық негіздері атты бірінші бөлімде оқыту үдерісіне жаңа
педагогикалық технологияларды ендірудің педагогикалық негізі және жаңа
педагогикалық технологиялар – оқушылардың білім сапасын арттыру құралы
туралы теориялар жан-жақты ашылып, оқу-тәрбие үдерісінде пайдаланудың
педагогикалық теориялық негіздері айқындалды.
Оқу-тәрбие үдерісіне жаңа педагогикалық технологияларды ендіру
әдістемелері атты екінші бөлімде дамыта оқыту, деңгейлеп оқыту және
модульдік, блок-модульдік оқыту технологиялары жан-жақты ашылып, оларды
пайдалану, қолдану әдіс-тәсілдері, жолдары көрсетілді.
Қорытындыда әдістемелік ұсыныстар берілді.

І БӨЛІМ. ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. Оқыту үдерісінде жаңа педагогикалық технологияларды ендірудің
педагогикалық негізі

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан-2030 Қазақстан халқына арналған
жолдауында Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің
балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының
жауапты да, жігерлі, білім өрісі биік, денсаулықтары мықты өкілдері болады.
Олар балаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық
экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін
еркін меңгереді, олар бейбіт, жылдам өркендету үстіндегі, күллі әлемге
әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады деп көрсетілгендей-ақ,
ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат
қоғамын алға апаратын құдіретті күш пен білімге тән. Жас мемлекетіміздің
болашағы - бүгінгі білімді жастар. Оларға бірдей талап қойып, олардың
табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап, соған негіздеп оқыту -
бүгінгі күннің өзекті мәселесі [7].
Республикамызда білім беру жүйесі елеулі өзгерістерге ұшырауда.
Мемлекеттік стандарттар жаңартылып, оқу бағдарламалары жетілдіріліп, жаңа
мазмұндағы оқулықтар шығарылып, жаңа типтегі оқу орындары пайда бола
бастады. Сонымен қатар білім саласында оқу үдерісін ұйымдастырудың жаңа
формалары мен әдістері, оқытудың жаңа технологиялары кең көлемде өмірлік
қолданысқа ие болуда. Себебі, білім беру мекемелері білімді азаматты
тәрбиелеп қана қоймай еңбексүйгіш, адамгершілігі мол, білім негіздерін
берік меңгерген, жан-жақты дамыған зиялы азаматты тәрбиелеп шығаруы тиіс.
Мұның барлығы білім беру мен тәрбиелеудің сапасын көтеруді, әрбір пәнді
оқытудың ғылыми деңгейін дамыта оқытуды талап етеді. Әрине, ол үшін
оқушылардың білімдерін бір жүйеге негіздемей оқу сабақтарын түрлендіріп
өткізу аса қажет.
Оқыту жүйесінің қандай түрі болмасын, олар белгілі бір әдістемеге
негізделеді. Әдістеме жан-жақты және өз орнында дұрыс қолданылса, өтілетін
әрбір тақырыптың мазмұны да ойдағыдай ашылып, оқушылардың меңгеруіне жеңіл
тиеді. Әдетте әдістеме өздігінен келе қоймайды. Ол көп жылдар бойғы
ұстаздық қызметтің іс-тәжірибесімен, күнделікті сабақ беру процесімен тығыз
байланысып жатады. Осылардың негізінде әр мұғалімнің бойында, ойында
әдістеменің озық үлгілері жинақталады. Сонымен қатар олар күнделікті жұмыс
тәжірибесінде озат мүғалімдердің шеберліктерінде пайдалана алатын болады.
Бұлардың барлығы, сайып келгенде, әдістемедегі белгілі бір жүйелілікті
калыптастырады.
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған басты
міндеттемелердің бірі - оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіру. Жаңашыл
мұғалімдер лекция, семинар, практикум, конференция, іскер ойын сияқты
әдістерді дәстүрге енгізіп отыру. Мұның өзі мұғалімнің бірыңғай мақсатын -
өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тәрбиелеудегі еңбегін ортақ арнаға тоғыстырады.
Еліміздегі тәуелсіздіктің әсері қоғам дамуының барлық салаларын қамтып,
әлемдегі жаңа мазмұнды озық тәжірибелерге негізделген оқу-тәрбие жүйесінің
қалыптасуына ықпал етті [57,58,59].
Әрбір өсіп келе жатқан ұрпаққа тәлім-тәрбие беру, олардың рухани
жаңарып жандануына тірек те, тетік те болатын білім беретін мекемелер
екендігі бәрімізге белгілі. Сондықтан да жастардың ой-өрісін, ұлттық
мәдениетін, ұлттық рух пен сана-сезімін дамытып, алғыр тұлғаны
қалыптастыруда тәрбие жүйесіндегі жаңа педагогикалық технологиялардың іс-
әрекеттері ендірілуі үлкен жетістіктерге жетелеуде.
Бүгінгі ғылыми-техникалық прогрестің қарыштап өскені, кезінде өндірісті
автоматтандыру, компьютерлендіру мәселесімен тығыз байланысты өркендетіп
отырған өтпелі кезеңде оқушыларға ғылым негіздерін меңгеруде білімді
әлемдік стандартқа жақындату, оқытудың мазмұны мен әдістерін жаңарту арқылы
білім сапасын көтеру мемлекеттік мәселе болып отыр. Бұл мәселелерді
ойдағыдай шешу жалпы білім беретін мекемелердің материалдық базасына, оқу-
әдістемелік құралдардың ғылыми-әдістемелік негізде жасалуына, мұғалімдердің
ұстаздық еңбекті жаңа технологиялық тұрғыда ұйымдастыруына, сонымен бірге
мектеп басшыларының педагогикалық білгірлігіне сүйеніп оқу-тәрбие жүйесін
бүгінгі күн талабына сай шебер ұйымдастыра білуімізге байланысты болмақ.
Қазақстан тағдыры, келешегі мол ел болуы мектептің қандай негізге
құрылуына тірелді. Мектебімізді сау, берік һәм өз жанымызға қабысатын,
үйлесетін негізге құра білсек, келешегімізге тайынбай серттесуіне болады.
Ал сондай негізде құра алмасақ, келешегіміз күңгірт - деп Ұлы педагог
М.Жұмабаев айтқан [31]. Сондықтан мектеп - мемлекеттің, қоғамның және жеке
адамның білім беру саласына сұраныстарын қанағаттандыратын қоғамдық-
мемлекеттік жүйе. Өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесінің, дене және жан
сұлулығының, интеллектуалды әлеуетінің қамын ойлау - Тәуелсіз Қазақстанның
алдында тұрған ең маңызды мәселенің бірі [61,62,63].
Білім туралы Заңымызда білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың
интеллектуалдық дамуы, психологиялық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері
ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейіндегі білімге қол жеткізді; білім
берудің зайырлы сипаты, білім ізгілікті және дамытушы сипаты делінген [11.
1-тарау,3-бап].
XXI ғасыр табалдырығында тұрған адамзат дамуының жаңа кезеңінде - білім
беру прогресінің ең маңызды факторларының бірі болып саналатын кезеңге
келіп жетті.
Қазақстан Республикасының жалпы білімді дамыту тұжырымдамасында:
практикалық қызметте жинақталған барлық игіліктердің сақталуы;
қоғамның интеллектуалдық қуатын жетілдіру;
еліміздің материалдық-қаржылық әл-ауқатын әрі қарай дамыту;
жалпы білім беру жүйесін әрі қарай дамыту т.с.с. міндеттерді көздейді. Бұл
міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдары, әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы
барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық қарым-қатынас
жасаулары керек. Оқыту түрлерін, әдістері мен құралдарын одан әрі
жетілдіріп, тиімді тәсілдерді нәтижелі қолданудың жолдарын іздестірулері
қажет.
Қазір Республика оқу орындары, педагогикалық ұжымдары ұсынылып
отырған көпнұсқалылыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез келген
үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің
әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген
жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әртүлі оқыту
технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық
ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын
меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны
меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани,
азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін
тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына
көмектеседі.
Педагогикалық технология ұғымы біздің педагогикалық лексиконымызға
берік еніп келеді. Дегенмен, оның мән-мағынасы туралы пікірлер алуан түрлі.

Технология гректің techne - өнер, шеберлік, қолөнер және логос -
ғылым деген сөзінен шыққан. (ХХ ғас. 60ж) 1960-1970 жылдардан бастап, АҚШ
және Англияда пайда болды. Екі түп тамырының бірлігін шеберлік туралы ғылым
немесе ілімді беретін сөзді құрайды, ол өндірістік процестерді жүргізудің
тәсілдері мен құралдары туралы білімдер жиынтығы.
Технология шеберлікпен өнім алу, нәтижеге жету, белгілі бір жоба,
модельмен оқыту дегенге саяды. Осы мағынаны негізге ала отырып, С.Сполдинг,
В.Беспалько, М.Кларин, Б.Лихачев, В.В.Воронов, В.М.Шепель, М.Чошанов, т.б.
ғалымдар оны оқыту үдерісіне қатысты педагогикалық аспект деп қарастырып,
мынадай анықтамалар береді:
- Педагогикалық технология - мақсаттар қою, оқу жоспары мен оқу
бағдарламасын үнемі жақсартып отырудың, педагогикалық жүйелерді бүтіндей
бағалаудың және ол жүйелердің тиімділігі жөніндегі жаңа ақпарат туындауына
байланысты жаңа мақсаттар қоюдың үрдісі (С. Сполдинг);
- педагогикалық технология - тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір
педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын
әдіс-тәсілдер оның құрамды бөлігі ғана (В.Беспалько);
- педагогикалық технология - бұл педагогикалық мақсатқа қол жеткізу
жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық
құралдарының жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті (М.Кларин);
- педагогикалық технология – оқу үрдісіне белгілі бір мақсатты көздей
әсер ететін педагогикалық ықпал (Б.Лихачев);
-педагогикалық технология - оқу-тәрбие үрдісінің шығармашылықпен
терең ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімділігін, оқыту мен
тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі (Ш.Таубаева,
Б.Барсай).
- педагогикалық технология - бұл тиімді окыту жүйесін құрумен
айналысатын жаңа бағыт,- деп есептейді В.В. Воронов.
В.М.Шепель Технология бұл өнер, шеберлік, ептілік, іскерлік,
әдістердің жиынтығы, жағдайдың өзгеруі десе, М.Чошанов Технология - бұл
дидактикалық жүйенің құрамды бөлігі, - деп анықтамасын береді.
Жоғарыда аталған авторлардың пікірі бір-бірлерінен оңаша алшақтамайды,
олар педагогикалық технологияның біршама әртүрлі белгілеріне назар аударуды
ұсынады.
Бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологиялар пайдалану
тәжірибелерге еніп, нәтижелер беруде. Әсіресе, технологиялық бірліктердің
арнайы жүйесі, олар педагогикалық нәтижеге бағытталған және оқытудың жаңа
технологияларын мемлекеттік стандартқа және білімдік өзгерістерге қарай
топтастыруға болады.
Өркениетті қоғамда адам тәрбиесі білім, ғылыми прогрестің, дамудың
шешуші факторы болып саналады. Осы жағдайда Қазақстан Республикасыныңда
білім беру гуманитарлық бағыт алып отыр.
Жалпы білім беру адамның әлеуметтік мәдени негізін айқындауда
көмектеседі. Адамның ішкі интеллектуалдық мүмкіндігінің ашылуына жағдай
жасайды.
Қоғамды ізгілендіру XXI ғасырдың табалдырығындағы өркениетті дамудың
талабы, мұның өзі әлеуметтік қатынастарда алдымен әлемнің тұтқасы ретінде
адам аса айшықтана түседі. Ендігі жерде ізгілендіру мақсатына жету құралы
заңдылықты қалыптастырушы, сезім, көңіл-күй мәдениетін тәрбиелеуді, өмірлік
құндылықтар мен бағдарлардың белгілі бір жүйесін орнықтыруды көздейтін сан
қырлы процесс – жалпы білім беру болып табылады. Өйткені, біздің ертеңгі
күні қазіргі мәдениеттің бүгінгі білім мен тәрбие берудің аясында өзіміз
қалыптастырған қоғамға қадам басатынымыз айқын.
Жалпы білім беруде бүкіл тәрбие, білім беру, оқу-ағарту және барлық
мәдениет саласын гуманистік бағытқа жұмылдыру көзделінеді.
Жалпы білім беру төмендегі басты міндеттерді жүзеге асыруды көздейді:
- барлық пәндерді оқыту, білім берудің гуманистік бағытын, шығармашылық
потенциалының қалыптасуын, болашақ маманды даярлауда жалпы адамзаттық
рухани құндылығының барысында қамтамасыз ету;
- жалпы білім беруде Қазақстан Республикасының ұлттық тарихымен,
мәдениетімен, дәстүрімен байланысты болып, әрі жалпы өркениеттік міндеттер
аясында, әлемдік және ұлттық мәдениетпен бірлікте жүргізу;
- жеке адамды оқыту (әлеуметтік тұрғыдан қалыптастыру) кезеңінің өн
бойында гуманитарлық даярлықтың үздіксіз сипатта жүргізілуі тек танымдық
мақсатты ғана емес, сонымен қатар өзара қарым-қатынас, икемділік,
шыдамдылық, батылдық, ынталылық, жеке бастық тәртіптілігі, жауапкершілік
қатынастарын игеруді және сыртқы ортада дұрыс бағыт-бағдар ұстай білу
қабілетін қалыптастыруды көздейді.
Жоғарыдағы айтылғандардан шығатын қорытынды:
- гуманитарландыру – жаңа педагогикалық ойлаудың өзекті элементтері;
- ол педагогикалық процестің барлық компоненттерін адам тәрбиесі
қызметіне сәйкес қайта қарауды, бағалауды талап етеді;
- жеке тұлға тәрбиесіне баса көңіл бөле отырып, бұл процестің мәнін де,
сипатын да түбегейлі түрде өзгертеді;
- гуманитарландыру арқылы оқушылардың дамуы педагогикалық процестің
негізгі мәні болуда, білім берудің гуманитарлық сипаты, онда адам жәй
зерттеу объектісі ретінде ғана емес, шығармашылық пен ең мәдени, бағалы
үлгілерді дүниеге әкелген, оқушы жастарды еріксіз өзіне қарата алатын
субъекті ретінде көрінуі;
- білім беруді гуманитарландырудың қағидаларының бірі – барлық оқу
пәндерінің гуманитарлық әлеуетін айқындау, оқыту әдістемелерін тиісінше
зерттеу;
- гуманитарлық пәндерді жетекші пәндерге теңестіру, мамандарды жан-
жақты, білімді етіп даярлауда өзінің лайықты орнын алу, шәкірттердің тіл,
көркемдік-эстетика, философия, әлеуметтану, құқық, психология және
педагогика жөніндегі даярлығына басым жағдайын туғызуын қамтамасыз ету;
- әрбір адамның гуманитарлық білім беру жағдайында нарықтық
қатынастардың жеке тұлғаның ізгілікті қалыптасуына тигізетін ықпалын
анықтау – ол үшін бұл проблеманы оқу пәндер мазмұнының өзегі ету және жаңа
тәрбие жүйесінің негізінде алу, жоғарыда аталған білім беруді
гуманитарландырудың мақсаты мен міндеттері және қағидаларын айқындау.
Осыған орай, қазіргі таңда ғылыми-техникалық прогресс өндірістің
көптеген салаларын ғана технологияландырып қоймай, мөдениеттің, білімнің
гуманитарлық саласына батыл еніп дами бастады. Қазір ақпараттық,
медициналық т.б. технологиялық салалармен бірге білімнің технологиялық
мәселелері қарастырылуда.
Өндіріс процесін технологияландырумен салыстырғанда, педагогикалық
бағдарлама одан да қиын әрі күрделі процесс екенін тәжірибе кәрсетіп отыр.
Алайда, бұл программа эксперимент түрінде дәлелденіп, оптимизацияланып және
тиімділігін көрсетіп, тексеріліп барып жоспарлы түрде жүргізілу арқылы
білімді технологияландыруға қолданылып келеді. Егер жоғары оқу орындары
мен білімді, біріншіден, оны өндіріс орындарымен салыстырсақ, сондағы
шикізат, екінші жағынан, оқушы дайын күткен өнімі болып табылады.
Жаңа педагогикалық технологияның артықшылығы, басқа технологиялардан
айырмашылығы тірі материалдармен, демек қоғамдағы үстеме өндіріспен
байланыстылығымен ерекшелене түседі. Педагогикалық технология басқарудың
көптеген теориялық және практикалық мәселелерін қамтиды. Олар, оқытудың
құралы мен әдістері және оқу процесін ұйымдастыру. Осы арқылы олар
педагогикалық ой-пікірді тарата алады және міндетті - деген, АҚШ-та
жасалған аудиовизуалдық оқудың жаңа программасының кіріспесінің өзі,
білімдегі технологиялық революцияның бастамасы ғана емес, қазіргі кезеңдегі
дамыған, мәні, пәні, концепциясы, морфологиясы, әдебиеттері толық жазылған
жаңа пән - педагогикалық технологияның негізін салды.
Кәсіптік білікті педагогтар мен технологтардың арнаулы программаны
тездетіп жасауы педагогикалық технологияның лексикалық сөздігін оның
ұғымдық түсінігін нақтылай түсуге мүмкіндік туғызады.
Кейінгі жылдары Педагогикалық технология ұғымын программалап оқытуға,
техникалық құралдарды пайдаланумен байланыстырып отырды. Алайда, бұл пән
ретінде оның фактілері мен материалдары дамытылып, қайта өзгертіліп,
өндіріс адамдары, педагогтар мсн ғалымдар өздерінің өндірістік және оқу-
тәрбиелік мақсаттарына қарай өзгертіп отырады. Терминнің атауы Технология
білімге және Білім технологиясы, кейіннен Педагогикалық технология
болып өзгертілді. Осылай, оның маңызы, міндеті оқу-тәрбиелік сипаты
біртіндеп толықтырыла түсті. [36]
Педагогикалық технология - жинақталған интегралдық процесс - білімнің
барлық түрін меңгеру үшін ұйымдастыру және басқару, жоспарлау проблемаларын
талдай, оқу құралдарын жасау жолдарын көрсету, оған адам күшін пайдаланудың
экономикалық тиімділігін арттыру т.б. жатады делінген.
Ол педагогикалық-технологиялық эволюциялық ұғымы. Оның ерекше сипаты
компьютерлік лабораториялар ашу және шағын кластар ашу, соған сәйкес
программалар жасап, интерактивті видеоларды пайдалану. Бұдан кейінгі
кезеңдерде ғылым мен техниканың дамуы адамдардың, ғылымның алдына кең жол
ашты, жаңа технологиялар пайда болды. Мысалы: өнеркәсіптік, электрондық,
ақпараттық. Сондай-ақ, көптеген оқыту ресурстары жасалды. Сөйтіп, жаңа
техникалық, ақпараттық, полиграфиялық, аудиовизуальдық құралдар пайда
болып, оларға тән жаңа әдістемеліктер жасалды. Бұлар оқу және білім беру
процесінің жаңа, толықтырылған компоненттері болып есептеледі. Осы негізде
оқу-тәрбие процесінде жоғары оқу орындарында жаңа техникалық мамандықтар
ашылды. Міне, мұндай нәтижелер мен жетістіктер Педагогикалық технология
ұғымының өзіндік ерекшеліктерін тағы да көрсете түсті.
АҚШ-та оқытудың технологиясы туралы комиссия Президент пен Конгресске
жасаған баяндамасында: Педагогикалық технология табиғатының есі жақты
маңызы бар екенін анықтады: Олар - технологиялық революция нәтижесінде
пайда болған оқу процесін пайдалануға болатын процесс. Оны барлық оқу
процесін бағалауға, ұйымдастыруға, жоспарлауға т.б. жүйелі жұмыстарға
қолданады. Сондай-ақ, оны оқу процесін жанама құруға және оптимизациялауға
қолданады. Әлемдік педагогикалық ой-пікірде педагогикалық технология - оқу
процесін жаңарту мақсатында қолданылады делінген.
Педагогикалық технология - әлемдегі барлық елдерде және оқу процесінің
барлық саласына қолданыла бастады. Бұған дәлел Бразилия педагогы Ж. Батист
Араужу мен Оливейра зерттеулері дәлел. Кембридж университетінің барлық оқу
орындарында олар бұған тәжірибе жасап оқу процесінің сапасын арттыратынын
дәлелдеген, ең бастысы олар сауатсыздықты жоюдағы оның маңызды мақсаты оқу
процесінің тиімділігін арттыра түсті.

1-кесте
Жаңа педагогикалық технологияны жетілдіру және пайдалану кезеңдері
№ Жетілу Үлес қосқан ғалымдарМазмұны Пайдалануы
кезеңдері
1 2 3 4 5
1 1920-1930 С.Т.Шацкий Педагогикалық 1920 жылы
жылдар технология оқу-тәрбиеАмерикандық
үдерісінде ғалым Прессни
көрнекіліктері және бақылау
оқу зертханалық тапсырмаларын
жабдықтарды тексерудің
пайдалану. арнайы
Педагогикалық механикалық
технология оқу-тәрбиеқұрылғысын ойлап
үрдісін жүйелі және тапты.
нәтижелі
ұйымдастыруға
бағытталған
әдіс-тәсілдер
жиынтығы.
2 1940-1950 Білім беру мен Оқу-тәрбие
жылдар оқытудың үрдісінде
технологиясы. оқытудың
Педагогикалық техникалық
технология негізінде құралдары
бағдарламалы оқыту пайдалана
жүйесі қалыптасты. бастады.
3 1960-1970 Т.А.Ильина, Педагогикалық
жылдар С.Г.Шаповаленко, технология 2 бағытта
Л.Салаи, М.Кларин қарастырылды.
Педагогикалық
технология
бағдарламалы оқытудың
технологиялық
әдіс-тәсілдерін
пайдалану.
Оқытудың және
оқу-үрдісінің
технологиясы.
Педагогикалық
технологияның үш
ерекшелігі байқалады:
Қазіргі заманғы
технологияны білу
және меңгеру;
Аудиовизуальдық
техникамен жұмыс
істеуді үйрену;
Жаңа технологияны
шығармашылықпен
жүйелі де, нәтижелі
қолдана білу.
4 1980 Ф.А.Фрадкин, Педагогикалық
жылдар И.Я.Лернер, технология – оқушы
В.П.Беспалько, мен мұғалімнің
М.А.Кларин, мақсатқа жетудегі
И.Марьев, жүйелі, бірізді
С.И.Архангельский іс-әрекеті.
Педагогикалық
технология –
іс-әрекеттің адамның
жоғары ойлау
сатысындағы
адам-техника
бағытында ұйымдастыру
әдіс-тәсілдері.
Педагогикалық
технология оқу-тәрбие
үрдісінде жоғары
нәтижелі
әдіс-тәсілдерді
айқындау.
5 1990 В.М.Монахов, Информациялық Магниттік
жылдар Т.С.Назаров, технологиялардың дискілер,
М.В.Кларин, жобасын тәжірибеде дискеттер,
В.М.Симонов қолдану – оқушылар үшін
информациялау. компьютерлік
Педагогикалық дәптерлер
технология оқу-тәрбие
үрдісін жан-жақты
жүйелі
ұйымдастырудағы оқушы
мен мұғалімнің өзара
қолайлы да, тиімді
іс-әрекетінің
модельдік жүйесі.
6 1990-2003 Н.Р.Юсуфбекова, Оқушының жеке, дара, Электрондық
жылдар П.Эрдниев, дербес қабілеттерін оқулықтар,
А.К.Ахметов, ескеру және интернет
Ш.М.Қаланова, адам-компьютер негізінде білім
Ж.А.Қараев, негізінде оқушының алу, электрондық
Ш.Т.Таубаева, логикалық ойлау ақпараттық
С.Н.Лактионова, қабілетін шыңдау жүйесі.
М.М.Жанпейісова, барысында
В.Я.Ляудис шығармашылық, ізденіс
қабілеттерін
қалыптастыру.

1 - кестеде жаңа педагогикалық технологияның 1920-2000 жылдар
аралықтарындағы жетілдіру және пайдалану кезеңдеріне талдау жасалынды.
ЮНЕСКО-ның анықтамасы бойынша, педагогикалық технология – бүкіл оқыту
үдерісі мен білімді техникалық және адам ресурстарын олардың бір-біріне
өзара әсерін, білім берудің формасын оңтайландыру міндеттерін ескере отырып
меңгеруді жүзеге асырудың жүйелі әдісі. М.В. Кларин Педагогикалық
технология - бұл педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын
барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы
және жұмыс істеу реті, - деп жазады. [3]. Біздің пікірімізше,
педагогикалық үдеріс технологиясы дегеніміз мақсат-мүддені анықтаудың жалпы
әдіснамасы негізінде мемлекеттің қазіргі танда білім беру саласына қойып
отырған талаптарына сәйкес анықталып, іріктеліп, реттелген оқытудың мазмұн,
форма, әдіс-амалдарының, дидактикалық талаптарының психологиялық-
педагогикалық нұсқауларының жиыны. Оқыту технологиясы орта кәсіптік білім
беретін мекемелердің оқу үдерісіне қажетті әдіс, тәсіл, амал, дидактикалық
талап секілді психологиялық іс-әрекеттердің жүйелі кешені ретінде
пайдаланылады. Ол студенттердің тәртібіне, оқуға ынтасына, оқу іс-әрекетіне
игі әсер етумен қатар, педагогиканы нақты ғылымға жақындату, мұғалімдердің
интеллектуалдық, шығармашылық қызметі болып табылатын педагогикалық іс-
тәжірибесінің нәтижелігіне,
жинақылығына ұтымды әсер ететіндей оқу-тәрбие үдерісінің басты
күре тамырының ролін атқарады. Былайша айтқанда, педагогикалық технология –
оқу-тәрбие үдерісінің шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген
факторлардың үйлесімділігі оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз
ететін жанды құрамдас бөлігі (компоненті).
Бір технологияның өзі әртүрлі атқарушылардың шеберлігіне байланысты
әрқилы жүзеге асырылуы мүмкін. Қазіргі кезде әдебиеттерден қазіргі заманғы
білім берудің даму бағыты мен тенденцияларын қамтитын 50-ден астам
педагогикалық технология қолданылып жүргендігі мәлім. Бірақ мұғалімдер оны
өз тәжірибелерінде жүйелі қолдануға дағдыланбаған және оны әдістемеден
ажырата алмайды. Сондықтан біз оқытудың жаңа технологияларын таңдаудың М.М.
Поташник ұсынған өлшемдерін көрсете отырып, олардың (технологиялардың)
кейбіреуіне талдау жасаймыз. Өлшемдер (критерийлер):
елдің, аймақтың, қаланың талап-тілегі – орта кәсіптік білім беретін
мекемелерге әлеуметтік сұраныс;
орта кәсіптік білім беретін мекемелердің дамуы туралы мемлекеттік құжаттар;
қазіргі ғылымның адам туралы жетістіктері мен табыстары;
педагогикалық озат тәжірибе;
мұғалімдердің, мектеп басшыларының іс-тәжірибесі, интуициясы,
шығармашылығы;
- орта кәсіптік білім беретін мекемелердің жұмыс үдерісі мен
нәтижелерінің талдамасы.
Бұдан педагогикалық технология барысында:
алынып отырған технологияның орта кәсіптік білім беретін мекемелердің
мүмкіндігі мен нақты жағдайға сай болуы;
- тиімділігі т.б. ескерілуі керек деген қорытынды шығады.
Педагогикалық технология оқу үдерісімен - мұғалім мен оқушының іс-
әрекетімен тығыз байланысты. Оның құрылымына мыналар кіреді:
а) тұжырымдық негізі.
ә) оқытудың мазмұндық бөлімі:
оқытудың нақты және жалпы мақсаты;
оқу материалдарының мазмұны.
б) үрдістік бөлім-технологиялық үдеріс:
оқу үдерісін ұйымдастыру;
оқушылардың оқу қызметінің әдістері мен формалары;
оқытушы жұмысының әдістері мен формалары;
оқытушының материалды меңгеруді басқарудағы іс-әрекеті;
оқу-үдерісінің диагностикасы.
Қазіргі кезде қолданылып жүрген жаңа педагогикалық технологияның
негізіне:
- әрбір білім алушының жеке - дара ерекшеліктерін ескеру;
білім алушылардың қабілеттері мен шығармашылықтарын арттыру;
білім алушылардың өз бетінше жұмыс істеу, іздену дағдыларын
қалыптастыру жатады.
1.2. Жаңа педагогикалық технологиялар – оқушылардың білім сапасын арттыру
құралы

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан-2030 Қазақстан халқына арналған
жолдауында көрсетілгендей-ақ, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы
болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге
ғана тән. Жас мемлекетіміздің болашағы - бүгінгі мектеп окушылары және
болашақ мамандар. Оларға талап қойып, олардың табиғи кабілеттерін, нақты
мүмкіндіктерін анықтап, соған негіздеп оқыту - бүгінгі күннің өзекті
мәселесі [7].
Келе жатқан жаһандану дәуірі: ұлттық бәсеке, апараттық сайыс,
гуманитарлық технологиялар, психологиялық өзгерістермен ерекшеленетін
тәрізді. Сол кезеңге сай интеллектуалды, дені сау, ой-өрісі жоғары,
халықаралық деңгейде білімі бар азаматты өсіру — мемлекеттің ең маңызды
стратегиясы. Осыған орай, бүгінгі білім беру мекемелері мұғалімдерінің
кәсіби парызы - төмендегідей төрт істің басы қасында болып, жүзеге
асыруында жатыр деп білеміз. Оның біріншісі, өркениетті қарым-қатынас
дағдыларын мектеп босағасынан бастау; екіншісі, жас ұрпақты ұлттық рухта,
өз ана тілінде, өз ата салтында, заман талабына сай сапалы оқытып, сауатты
тәрбиелеу; үшіншісі, барлық оқу орындарында оқыту үрдісін балабақша
бүлдіршінінің, мектеп оқушысының, студенттердің психологиялық дамуына
сәйкестендіру; төртіншісі, мемлекеттік тілдер туралы саясатты білім беру
жүйесі арқылы іске асыру, тілді меңгерем деген еліміздің азаматтарына
тиімді әдіс-тәсілдерді ұсыну, т.б.
Жасыратыны жоқ көп мұғалімдердің кәсіби дайындықтары ауыз толтырып
айтатын жоғары деңгейде емес, жоғары әдістемелік сабақтар саны санаулы.
Жаңашыл жол іздеп, қиналып жатқан білім беретін мекемлер саны аз. Ағылшын
тілі, информатика, экономика, құқықтану пәндерін тереңдетіп оқыту,
бизнестік білімдеріне арналған сыныптар ашу, біреулердің дайын тәжірибесін
пайдалана салу; кәсіби әзірлік болмаса да небір атаулы технологияны, әлде
біреудің сабақ беру әдісін ұжымдық оқыту, сын тұрғысынан ойлау,
деңгейлік оқыту деп сабақтың тақырыбына, тағы басқа педагогикалық,
психологиялық жағдайларға мән бермей, оқушылардың жас ерекшеліктеріне
кдрамай күштеп ендіру, т.с.с.
Жалпы білім беретін мекелерде оқу-тәрбие жағдайы көп ретте әдістемелік
жұмыстарды ғылым жетістіктеріне негізделсе, озаттар тәжірибесіне сүйенсе,
жақсы нәтиже берері сөзсіз. Жаңа педагогикалық технологиялардың түрлері:
ынтымақтастық педагогикасы;
білім беруді ізгілендіру технологиясы;
проблемалы оқыту технологиясы;
тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы;
түсіндіре басқарып озат оқыту технологиясы;
деңгейлік саралап оқыту технологиясы;
міндетті нәтижелерге негізделген саралап оқыту технологиясы;
модульдік оқыту технологиясы;
жобалап оқыту технологиясы.
Ынтымақтастық педагогикасының негізгі мақсаты - талап ету
педагогикасынан қарым-қатынас педагогикасына көшу, балаға ізгілік
тұрғысынан қарау, оқыту мен тәрбиенің ажырамас бірлігі.
Ынтымақтастық педагогикасының ерекшеліктері:
мұғалім - оқушы, оқушы - мұғалім, оқушы - оқушы. Оқушы да субъект, мұғалім
де субъект;
оқушының жеке басына ізгілік қарым-қатынас;
оқушы мен мұғалім арасындағы өзара түсінушілік, ынтымақтастық қарым-қатынас
[26].
Білім берудің ізгілендіру технологиясының негізін қалаған Ш.А.
Амонашвили. Білім берудің ізгілендіру технологиясының мақсаты - баланы оны
азамат етіп тәрбиелеу, баланың танымдык күшін қалыптастыру және дамыту,
баланың жаны мен жүрегіне жылулық ұялату [19].
Проблемалы оқыту технологиясының негізгі мақсаты - оқушыны өз бетімен
ізденуге үйрету, олардың танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамыту.
Проблемалы оқыту технологиясының ерекшеліктері:
оқушының белсенділіктерін арттыру;
оқу материалында баланы қызықтыратындай құпиясы бар
мәселе туғызу;
оқушы материалды сезім мүшелері арқылы қабылдап қана
қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді
[32].
Тірек белгілері арқылы технологияның негізін қалаған В.Ф. Шаталов болып
табылады. Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясы төмендегідей мақсатты
көздейді:
білім, білік, дағдыны қалыптастыру;
барлық баланы оқыту;
оқытуда жеделдету.
Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясының ерекшеліктері:
үнемі қайталау, міндеті кезеңдік бақылау, жоғары деңгейдегі қиыншылық,
блокпен оқыту, тіректі қолдану;
жеке бағдарлы қарым-қатынас, ықпал;
ізгілік, еркімен оқыту;
әр оқушының жобасының жариялылығы, түзетуге, өсуге,
табысқа жетуге жағдай жасау;
оқыту мен тәрбиенің бірлігі [40].
Түсіндіре басқарып оза отырып оқыту технологиясының авторы - жаңашыл
мүғалімдердің бірі, ресейлік мұғалім С.Н. Лысенкова. Бұл технологияның
негізгі мақсаты - барлық баланы табысты оқыту [44]. Түсіндіре басқарып оза
отырып оқыту технологиясы төмендегідей ерекшеліктермен сипатталады:
оқу материалдарының бірізділігі, жүйелілігі;
саралау, әр оқушыға берілетін тапсырманың қолайлығы;
бағдарламаның, кейбір тақырыптардың қиыншылығын жеңу, қиын
тақырыптарды біртіндеп оңайлату әдісін қолдану: сабақты пысықтауға әуелі
озаттар, сосын орташалар, ең соңынан нашар оқушылар қатыстырылады;
бірте-бірте толық дербестікке жету;
сыныпта қалыпты жағдай қалыптастыру: түсіністік, өзара
көмек, ынтымақтастық қарым-қатынас;
оқушының қателігін ескерту, бірақ еш жазғырмау;
үй тапсырмасы тек әр оқушының мүмкіндігіне қарай (әркім
өзі орындай алатын жағдайда ғана) беріледі;
білім, білік, дағдыны дамыта меңгерту;
түсіндіруді қабылдау.
Міндетті нәтижелерге негізделген деңгейлік саралап оқыту технологиясы
төмендегідей ерекшеліктермен сипатталады:
- білімнің базалық деңгейінің барлық оқушылар үшін міндеттілігі;
оқушыларға берілген тапсырманың саралануы: тапсырма оқушының күші
жететіндей және қолайлы болуы шарт;
білімнің базалық деңгейі оқытудың жаңа технологиясының механизмі ретінде
оқушының бірте-бірте өрістей дамуына мүмкіншілік жасауы тиіс;
оқушыға оқу деңгейін таңдауға ерік беру;
оқушы өз мүмкіндігіне орай тек міндетті деңгейден кем
емес білім алуға ерікті.
Модульдік технология дамыта оқыту идеясына негізделген. Модульдік
оқытудағы негізгі мақсат - оқушының өз бетінше жұмыс істей алу
мүмкінділігін дамыту, оқу материалын өңдеудің жекелеген тәсілдері арқылы
жұмыс істеуге үйрету [8,9].
Модульдік оқытудың өзегі - оқу модулі. Оқу модулі:
ақпараттардың аяқталған блогынан;
бағдарламаны табысты жүзеге асыру бойынша берілген мұғалімнің
нұсқауларынан;
- оқушы іс-әрекетінің мақсатты бағдарламасынан тұрады.
Модульдік оқыту білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс
істей алу мүмкіндігі, оқудың әдісі мен тәсілдері бойынша оқытудың
дербестігін қамтамасыз етеді [14].
Барлық жаңа технологияның алдына қоятын мақсаты - оқушының жеке басының
дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін
арттырып, шығармашылықтарын қалыптастыру.
Оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін
қолдануда жеке тұлғаның бойында төмендегідей қабілеттер
қалыптасады:
- ізденімпаздық;
- зерттеушілік.
Инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдануда мұғалім сабақты дайын күйінде
бермей, оқушының өзі ізденіп, ғылым негіздерін өз бетінше игеруді,
зерттеуді көздейді ал мұғалімнің негізгі міндеті - оқушының іс-әрекетін
бақылаушы болады.
Зерттеуіміз көрсеткендей оқу-тәрбие үдерісінде оқытудың инновациялық
әдіс-тәсілдерін пайдаланғанда оқушыны субъект тұрғысынан қарастырғанда
оқытудың нәтижелі, білімнің сапалы болатындығы және ең бастысы, оқушылардың
пәнге деген жауапкершілігі, қызығушылығы артып, оқушының өз бетінше жұмыс
істеуге ынтасы оянып, оқушының ізденушілік-шығармашылық, зерттеушілік
қабілеттері артады.
Бұдан біз оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдеріне қойылатын
педагогикалық талаптар мен шарттарды ескеру қажет демекпіз.
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына койылып отырған басты
міндеттерінің бірі - оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіру [14].
Қазіргі кезде біздің республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып,
әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл барлық білім көздерін
кредиттік технологиялық оқуға көшіру, білім сапасын арттырады, ол жоғарғы
оқу орнының оқытушыларының пән бойынша білім сапасына жауапкершілігін
әдістемелік және техникалық жағынан жабдықтау білімгерлердің жұмысын
бақылауға жеке жұмыс жүргізуге әрдайым кеңес беріп отыруына мүмкіндік
туады. Бүгінгі мемлекет алдындағы негізгі міндет - білім беру жүйесін
жаңаша құру, барлық әлем азаматтарына білімнің бірдей мүмкіндіктерін беру.
Білімгерлердің жұмыс мазмұны өзгереді, олардың тиянақты білімге деген
талпынысы артады. Білімгерлердің өмірге деген реалистік көзқарасы
қалыптасады [35]. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі
өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім
берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда:
білім мазмұны жаңа үрдістік біліктермен, ақпаратты қабылдау қабілеттерінің
дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және
нарық жағдайындагы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде;
баланың жеке басын тәрбиелеуде, оның жан дүниесінің рухани
баюына азамат тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлінуде;
мектеп, отбасы және қоршаған ортаның бала тәрбиесіндегі
бірлігіне ұмтылыс жасалуда;
қоғамның біліммен бара-бар педагогикалық технологияның
кеңінен қолданылуына және ғылымның роліне мән берілуде.
Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үдерісін
ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.
Ғалымдарымыз қазіргі кезде қолданылып жүрген педагогикалық технология
терминін әр қырынан ашып көрсетуде.
В.А.Беспалько практикада іске асатын нақты педагогикалық
жүйе-жоба десе. Монахов педагогикалық технология - оқыту
үдерісін жобалау, ұйымдастыру және өткізудің ойластырылған моделі
деген анықтама береді [23].
Әрбір педагогикалық технология жеке тұлғаның өзін-өзі
дамытуға, оның өзіндік, шығармашылық қабілеттерін арттыруға,
қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға және өзін-өзі
дамытуына қолайлы жағдай жасауға қажетті объективті әдістемелік
мүмкіндіктерді қамтиды. Жаңа технологияны қолдану төмендегідей кезеңдер
арқылы іске асады:
1-сурет
Жаңа педагогикалық технологияларды қолдану кезеңдері:

Жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегідей алғы шарттар қажет:
оқу үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу;
оқушылардың сабақбастылығын болдырмау шараларын кешенді түрде қарастыру.
Оның ғылыми-әдістемелік, оқыту әдістемелік, ұйымдастырушылық себептеріне
үнемі талдау жасап, назарда ұстау;
жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу, пәндік білім стандартымен
жете танысу, білімді деңгейлеп беру технологиясын игеру арқылы
оқушыларға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игертуге қол
жеткізу;
- оқыту үрдісін ізгілендіру мен демократияандыруды үнемі басшылыққа алу
Өйткені оқыту тәрбиенің негізі.
Сондықтан оқыту да қоғамдық құбылыска жатады. Оқытуды екі түрлі
мағынада қарауға болады. Біріншісі - колледжде арнайы пәндерді оқыту.
Екішісі - өмірде оқыту, өмірге үйрету. Тәрбиелеу, оқыту егіз ұғым. Оқыта
отырып тәрбиелейміз, тәрбиелей отырып оқытамыз. Оқыту тәрбиеге қарағанда
нақтылау. Оқыту үйрету арқылы іске асады. Бұл оқытудың маңызы. Оқыту -
тәрбиенің құрамды бөлігі, қайнар көзі, жүйелі түрі. Оқыту арқылы тәрбиенің
саналылығының, руханилығын, әсемділігін, әсерлігін, адамгершілікке баулу
жолын, еңбекшілдігін т.б. айқындап толықтыруға болады. Оқыту - тәрбиенің
интеллектуалды түрі [144].
Педагогика ғылымдарында баланы оқыту мен тәрбиелеудің міндеті жан-жақты
дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша
әдістемелік жүйенің басты бөлігі - оқытудың мақсаты болып табылады.
Сондықтан танымдылық іс-әрекеті белгілі бір дәрежеде белсеңдірілуі
қажет. Бұл әдістемелік жүйенің басқа бөліктерінің де (мазмұнын, әдіс, оқыту
түрі мен құралдарының), өзара байланысы қалпында өзгертілуін талап етеді.
Жаңа технологияның мақсаты - оқытуды ізгілендіру, яғни оқу құралдары
білім алушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы
керек.
Жаңаша оқытудың негізгі түрлері: оқытудың дербес және топтық түрлері
табылады. Бұл жерде алға қойылатын басты мақсат – білім алушыға деген
сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйеніп беделі мен қадір-
қасиет сезімін дамыту.
Оқу-тәрбие үдерісінде қолданып, айтарлықтай нәтиже беріп жүрген жаңа
педагогикалық технологиялар:
- дамыта отырып оқыту әдістемесі (Л.В. Занков, Д.Б. Эльконин, В.В.
Давыдов, В.В. Репин, В.А. Левин);
оза отырып оқыту (С. Н. Лысенкова);
іс-әрекетті бағалау (ША Амонашвили, И.П. Волков);
тірек және тірек конспектілері арқылы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БЕЙІНДІК МЕКТЕПТІҢ ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ
«Бастауыш сынып оқушыларының математика пәніне қызығушылығын ақпараттық технологиялар негізінде арттыру»
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану – кәсіптік білім мамандығы студенттерінің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың маңызды элементі
Ақпараттық технологиялар ұғымына талдау жасау
Бастауыш сыныпта компьютерді қолданып математиканы оқыту нәтижесін бақылау тиімділігін арттыру жолдары
Қазіргі бастауыш сынып оқу-тәрбие үдерісіне инновациялық технологияларды ендіру мазмұнын теориялық тұрғыда негіздеу
Бастауыш сынып мұғалімдерінің инновациялық іс-әрекетінің теориялық негіздері
Педагогикалық технологияға педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың әдістемлік құралы
Ақпараттық технологияларды оқыту және көрнекілік құралы ретінде пайдаланудың дидактикалық негіздерін сипаттау
Бастауыш білім деңгейіне арналған шет тілін оқыту
Пәндер