Эпителиалдық ұлпа немесе эпителий



1 ЭПИТЕЛИЙДІҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ
2 МОРФОЛОГИЯЛЫҚ КЛАССИФИКАЦИЯ
3 ОНТО ЖӘНЕ ФИЛОГЕНЕТИКАЛЫҚ КЛАССИФИКАЦИЯ

4 ФУНКЦИЯЛЫҚ КЛАССИФИКАЦИЯ
5 ЦЕЛОМДЫҚ ЭПИТЕЛИЙ
5.1 БІР ҚАБАТТЫ КУБ ПІШІНДІ ЭПИТЕЛИЙ
5.2 БІР ҚАБАТТЫ ЦИЛИНДР ТӘРІЗДІ ЭПИТЕЛИЙ
5.3 КӨП ҚАБАТТЫ ЭПИТЕЛИЙ
5.5 КӨП ҚАБАТТЫ МҮЙІЗДЕҢБЕЙТІН ЭПИТЕЛИЙ
5.6 КӨП ҚАБАТТЫ МҮЙІЗДЕЛУШІ ЭПИТЕЛИЙ
6 БЕЗДІК ЭПИТЕЛИЙ

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

Баяндама

Тақырыбы: ЭПИТЕЛИАЛДЫҚ ҰЛПА НЕМЕСЕ ЭПИТЕЛИЙ

Жоспар:

1 ЭПИТЕЛИЙДІҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ

2 МОРФОЛОГИЯЛЫҚ КЛАССИФИКАЦИЯ

3 ОНТО ЖӘНЕ ФИЛОГЕНЕТИКАЛЫҚ КЛАССИФИКАЦИЯ

4 ФУНКЦИЯЛЫҚ КЛАССИФИКАЦИЯ

5 ЦЕЛОМДЫҚ ЭПИТЕЛИЙ

5.1 БІР ҚАБАТТЫ КУБ ПІШІНДІ ЭПИТЕЛИЙ

5.2 БІР ҚАБАТТЫ ЦИЛИНДР ТӘРІЗДІ ЭПИТЕЛИЙ

5.3 КӨП ҚАБАТТЫ ЭПИТЕЛИЙ

5.5 КӨП ҚАБАТТЫ МҮЙІЗДЕҢБЕЙТІН ЭПИТЕЛИЙ

5.6 КӨП ҚАБАТТЫ МҮЙІЗДЕЛУШІ ЭПИТЕЛИЙ

6 БЕЗДІК ЭПИТЕЛИЙ

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Қ. Нұғматжанов. С. Тайбеков. Гистология мен эмбриология
негіздері. Қайнар-1969.( стр.115-193.
2. Афанасьев Ю.И. Лабораторные занятия по курсу гистологии, цитологии и
эмбриологии. Ю.И Афанасьев и др.– М.: Медицина, 1999. – 328 с.: с ил.
9).

5. Рябов К.П. Гистология с основами эмбриологии.К.П. Рябов. – Минск:
Высш. Школа, 1990. – с.119-254.
6. Юрина Н.А. Гистология. О.В. Волкова, Ю.К Елецкий. – М.: Медицина,
1995.–256 с.

ЭПИТЕЛИАЛДЫҚ ҰЛПА НЕМЕСЕ ЭПИТЕЛИЙ

Эпителиалдық үлпаны шекаралық ұлпа деп те атайды. Эпителий деген термин
гректің екі сөзінен құралған "Эпи"— үсті  және "телий"— еміздікше   яғни
еміздікшелерді жауып тұрады деген ұғымды білдіреді. Дәнекер ұлпалар
еміздікшелерінің үстінде орналасқан ұлпаны эпителий деп атап, бүл терминді
алғаш рет Рюйеш қолданған.

Эпителий денешң барлық сыртқы беті мен серозалық кабықшаларды каптайды
және организмнің көптеген бездерін құрайды. Эпителиалдық ұлпа клеткалардан
— эпите-лиоциттерден тұрады. Эпителийге мына төмендегі белгілер тән:

1. Эпителий — организмді сыртқы немесе ішкі ортадан бөліп тұратын және
олармен байланысты қамтамасыз ететін шекаралық ұлпа.

2.       Эпителийдің клеткалары қабат құрап орналасады.

3.       Эпителиалдық ұлпаның негізгі массасын клеткалар
кұрайды.

4.       Эпителий үнемі сыртқы ортанын  әсерінде болады, соған
байланысты олардың регенерациялық (қалпына келу) кабілеті жоғары.

5.       Эпителиалдық клеткалардың құрылысы полярлы келеді. Базальдық
және апикальдық бөліктері құрылысы мен кызметі жағынан бірдей болмайды.
Мысалы ішектің эпителиалдық  клеткаларының  апикалык  бетінде  микробүрлер
болады, ішкі торлы аппарат ядронын үстіңгі аймағында орналаскан,  ал
клеткалардын  базальдық бөліктерінде микробүрлер   мен  торлы  аппараттың  
элементтері  болмайды.
Эпителий клеткаларының полярлы болуы олардың шекарада орналасуына
байланысты.

6.       Эпителий базальдык мембрананың үстінде жатады.Базальдык
мембрана эпителий клеткалары мен оның астыңдағы   дәнекер   клеткаларьшың  
тіршілік   әрекеттерінін әсерінен пайда болады және осы екі үлпаны, бір
жағынан, бірін-бірінен   бөліп,   екінші   жағынан,   оларды   біріктіріп,
біртүтас  комплекс  құрайды.   Эпителийдің  коректенуі  базальдық    
мембрана     арқылы     диффузиялық      жолмен қамтамасыз етіледі.

              

                                                 Эпителийдің түрлері:

а — бір қабатты жалпақ; б — куб төрізді, а — цилиндр тәрізді, г — көп
қатарлы кірпікшелі эпите-лий. 1 — базальдық мембрана, 2— дәнекер ұлпа, 3—
кірпікшелі клеткалар, 4— бокал тәрізді клет-калар, 5— аралық клеткалар.

7. Эпителийде нерв талшықтары көп болады, ал кан мен лимфа тамырлары
болмайды. Эпителийдің негізгі қызметі өзінің астында орналасқан дәнекер
үлпасын қорғау. Сонымен бірге кейбір жағдайларда белгілі эпителиалдық
клеткалар секрет бөлу және сіңіру функцияларын да атқарады.

ЭПИТЕЛИЙДІҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ

Эпителиалдық ұлпалардың шығу тегіне, кұрылысына және атқаратын қызметіне
негізделғен олардың түрлі классификациясы бар.

МОРФОЛОГИЯЛЫҚ КЛАССИФИКАЦИЯ

Эпителийдің күрылыс ерекшелігіне неғізделғен. Бүл классификация бойынша
эпителийлерді бір қабатты және көп кабатты деп бөледі. Бір қабатты эпителий
бір қатарлы және көп қатарлы болып бөлінеді. Эпителийлерді клеткаларының
пішініне қарай жалпак, куб пішінді, цилиндр тәрізді деп ажыратады (суретте
көрсетілген).

ОНТО ЖӘНЕ ФИЛОГЕНЕТИКАЛЫҚ КЛАССИФИКАЦИЯ

Эпителийлер классификациясының бұл түрі, олардың белгілі бір ұрықтық
жапырақшадан шығу тегін еске алып Н. Г. Хлопин ұсынған. Ол эпителийлердің
төмеңдегі типтерін ажыраткан:

1.  Эктодермадан пайда болатын эпидермалык эпителий (жабындылық эпителий,
тері бездері, ауыз куысының эпителийі, сілекей бездері);

2.        Энтодермадан   дамитын   энтородермалық   эпителий (ішектің,
бауырдың, ұйқы безінің эпителийлері);

3.        Мезодермадан пайда болатын целонефродермалық эпителий (жыныс
бездерінің, бүйректің эпителий мен мtзотелий);

4.        Нерв түтігінің бастамасьшан дамитын эпендимоглиялық эпителий
(эпендима);

5.    Мезенхимадан   түзілетін   эндотелий.   Эпителийдің соңғы   екі  
түрін   зерттеушілердің   көпшілігі   эпителийлер қатарына    
жатқызбайды.     Жұлын     каналы     мен     ми қарыншаларының астары —
эпендиманы — нерв ұлпасьша, ал қан тамырларының астары эндотелийді дәнекер
үлпасына жаткызуды орьнды деп санайды.

 

ФУНКЦИЯЛЫҚ КЛАССИФИКАЦИЯ

Жануарлардың көпшілігінде эпителийдің мына типтерін ажыратуға болады.

1.        Жабушы тері эпителийі;

2.        Кілегей кабықшалардың эпителийі;

3.        Дененің екінші қуысын астарлап түратын серозалық
қабықшаларының   эпителийі   (плевралық,   перикардиялық және құрсақ
куыстарының);

4.        Ішкі органдардың паренхимасының эпителийі (альвеолалық,  
бүйрек,   эпителийі,   гонодалар   мен   бездердің эпителийі т. б.).

ЦЕЛОМДЫҚ ЭПИТЕЛИЙ

Эпителийдің бұл түрі адам мен сүтқоректілердің өкпе альвеолаларының,
серозалық қуыстардың және серозалық қабықшалардын беттерін астарлап түрады.
Серозалық қабықшалар мен қуыстар эпителийінің целомдық деп аталуы ол
дененің екінші қуысы немесе целомды астарлап түратындыгына байланысты.
Мезодерманың туындысы болғандыктан, мезотелий деп аталады.

Мезотелий — жалпақ клеткалардың жүқа қабаты. Клеткаларынын жиегі тегіс
болмай, ирек-ирек болып келеді. Олардың кейбірі екі немесе үш ядролы.
Электрондық микроскопиялық зерттеу мезотелий клеткаларының бетінде
микробүрлердің болатынын анықтады. Мезотелий шын мағынасындағы эпителийдік
қатарына жатпайды. Біріншіден, олардын клеткаларының ішкі ортада
орналасуына байланысты полярлылығы нашар байқалады. Екіншіден, мезотелий
клеткаларының өзара байланыстары жеңіл үзіледі. Бұл қасиет эпителийлерге
тән емес. Мезотелийдің қалпына келуі оның клеткаларының көбеюінің
нәтижесінде жүреді. Мезотелийдің басқа ұлпалардан пайда болмайтыны және
оларға айналмайтыны бұның жоғары дәрежеде мамаддалғанын көрсетеді.
Мезотелий клеткала-рының арасында десмосомалык контактілер болады. Мезо-
телийдің ерекше қасиеттерінін бірі оның клеткаларының дене қуысына түлеп
түсетіндігі. Мезотелий клеткаларының фагоцитоздық қабілеті бар. Мезотелий
дене қуысы мен үлпалар арасында "сероза — ғематолимфалық тосқауыл" түзеуге
қатысады. Ішкі мүшелер бірімен-бірі косылып, бітісіп-жабысып қалмауына және
олардың орын ауыстырып козғалуына мезотелий қолайлы жағдай туғызады.
Мезотелийдің    физиологиялық    регенерация    қабілеті    өте жоғары.

БІР ҚАБАТТЫ КУБ ПІШІНДІ ЭПИТЕЛИЙ

Эпителийдіи бұл түрі организмде сирек кездеседі. Ол аналық жыныс безін
қаптайды, бүйректін жұмсақ затының жинаушы түтіктерін, бездердін ұсак
өзектерін (бауырдың, үйқы безінің, сілекей бездерінің) астарлап тұрады.
Қалқанша безінде де байқалады. Бүйрек канал-шықтарының эпителийінің бос
бетінде микробүрлер бола-ды. Клеткаларының үлкендігі бірдей, ядросы
цитоплазмасының ортасьшда орналасады.

БІР ҚАБАТТЫ ЦИЛИНДР ТӘРІЗДІ ЭПИТЕЛИЙ

Сирек кездесетін эпителийдің түрі. Бүнын негізгі функциясы — ылғал
беттерді қорғау. Бүл кезде секрет бөлу немесе сіңіру қызметтерін
атқармайды.

Осы эпителийдің барлық клеткалары біріне-бірі үқсас. Кейбір бездердін
өзектерівде кездеседі. Кепшілік жағдайда бір қабатты цилиндр тәрізді
эпителий өзгеріске үшырап, корғау қызметтерімен бірге секрет бөлу және
сіңіру функцияларын да атқарады. Секреторлык және сіңіруші клеткалардан
түратьш бір қабатты цилиндр тәрізді эпителий ішекті астарлайды. Сондықтан
оны ішек эпителийі деп атайды. Ішектін түрлі бөлімдеріндегі эпителиалдық
клеткалардың қүрылысы бірдей емес, жалпы алганда оларды екі топқа бөлуге
болады:

1.        Ішектің куысындағы қорытылған өнімдердің сіңуін қамтамасыз
ететін клеткалар.

2.        Шырыш бөлетін (бокал тәрізді клеткалар) секреторлық клеткалар. 
Ішек эпителийінің  сіңіруші клеткаларын жарык  микроскоппен қараганда
сызылған жүка қабатпен қапталғанын көруге болады. Осы белгісіне қарап, оны
щеткалық көмкерме деп атаған. Электрондық микроскоп бүл қүрьшымның   
плазмалемманын    өсінділерінен    түзілгенін анықтайды. Әрбір есіндінін
көлденең өлшемі 0,1—0,2 мкм, ал үзыңдығы 1—3 мкм, Осы ультромикроскопиялык
құрылымдар микробүрлер деп аталған. Микробүрлердің биіктігі мен бір
клеткадағы саны айнымалы. Эмбриондық клеткаларда   олар   аз   болады.  
Жіктелу   процесі   кезінде  микробүрлердің саны көбейеді. Олар ішек
эпителийішн сініру

бетін 25—30 есе арттырады. Ішек кабырғасындағы ас қорытылуьшда жиналған
түрлі заттар адсорбцияланады, кейін пиноцитоз арқылы клетканың
цитоплазмасына түседі.

Қоректі заттарды сіңіруге қатыса отырып, бүл эпителий ас корыту жолындағы
бактериялардың дене ішіне өтуіне кедергі болады. Сонымен бірге осы ұлпа
ішектің қабырғасын ас қорыту ферменттерінің қорытушы әсерінен корғайды. Ащы
және тоқ ішектердің эпителиалдық астарының бір қабатты цилиндр тәрізді
клеткаларшшң ара-сында клеткаларды механикалық және химиялық зақымдардан
қорғайтын шырыш бөлетін бір клеткалы бездер болып есептелетін көптеген
бокал тәрізді клеткалар кездеседі.

Ішек эпителий клеткалары мен базальдық мембрананың арасындағы байланыс
жеңіл үзіледі. Ас қорыту жолының үздіксіз қозғалысы мен эпителийдің үдемелі
жұмысы клеткалардын тез тозуына әкеліп соғады. Ішек эпителийінің құрамьшда
көбею қабілетінен айырылмаган крип-таларда орналаскан, шала жіктелген
клеткалар болады. Бөлінудің нәтижесінде пайда болған жас клеткалар өліп,
түлеген клеткалар орнын басады. Ішек эпителийінід барлық клеткалары 30—36
сағаттың ішінде жаңарады.

КӨП ҚАБАТТЫ ЭПИТЕЛИЙ

Көп қабатты эпителий сіңіруді тиімді камтамасыз аткара алмайды. Сонымен
бірге көп қабатты қүрылым секрет бөлу қызметіне нашар бейімделген.
Сондықтан көп қабатты эпителийдің бетіне секрет оның астында орна-ласқан
бездерден келеді де өзінің өзектері аркылы оның бетіне ашылады. Сонымен,
көп қабатты эпителий негізінде корғаныш қызметін атқарады.

Көп кабатты эпителийдің мүйізденбейтін және мүйізделуші деп аталатын екі
түрі бар.

КӨП ҚАБАТТЫ МҮЙІЗДЕНБЕЙТІН ЭПИТЕЛИЙ

Бүл эпителий механикалық әсерге ерекше қатты үшы-райтын ылғал беттерге
тән. Ылғалға кажет сүйык, эпите-лийдің астында орналасқан борпылдак дәнекер
үлпасында болатьш бездерден келеді. Эпителийдін бүл түрі ауыз бен өнештің
ішкі куысын, кынапты, көздің мүйіз қабығынын бегін, тік ішектің арщы
бөлігін астарлайды. Эпителийдщ осы түрінде клеткалардың үш кабаты болады:
базальдық кабат, көп бүрьппты немесе қанат тәрізді клеткалардың қабаты, жал-
пақ клеткалардан түратын үстіңгі қабат (46-сурет).

Базальдық қабат негізгі мембрананың үстінде орналасқан митоз жолымен
жедел көбейетін цилиндр тәрізді клеткалардан түрады. Базальдық қабаттың
клеткалары базальды немесе негізгі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бездік эпителий қызметі
Ұлпалар туралы
Гистология мен цитологияның қысқаша даму тарихы, эпителий және дәнекер ұлпалары
Безді эпителий
Эпителиалды тіндер
Эпителий ұлпасы және оның ерекшеліктері
Безді эпителийдің экзо және эндокринді бездердің құрамында мамандану
Цитоплазма - ядроны қоршап жатқан жасуша бөлігі
Өңеш аурулары
Ас қорыту жүйесі. Өңеш. Асқазан
Пәндер