Жоғарғы оқу орынныдағы психологияны оқыту әдістемесі



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Жоғарғы оқу орынныдағы психологияны оқыту әдістемесі теориясы
Мақсаты: Психология ғылымының пәнін, оқу пәні ретіндегі пәннің
мазмұнын тұжырымдамасы туралы түсінігін дамыту.

Жоспары : 1. Психологияны оқытудың әдістеріне жалпы сипаттама.
2. Психологияны оқыту пәнінің мақсаты мен
міндеттері.
Негізгі әдебиеттер :
1. Методика преподование психологии. М.2001г. Б.Ц.
Балмаев.
2. Методика преподование психологии М. 2000 г В.
Я. Ляудис
3. Педагогикалық пәндерді оқыту әдістемесі. 1996 ж.
А.Меңжанова.
4. Уроки психологии в школе. М.1993ж. М.А.
Подвойскии.
5. Педагогическая психология Н.Ф. Талызина. М.Л.
1998г.
6. Психология. Учебник для сред. школы. Е.А.Климов
М.1996г.

Қосымша әдебиеттер :
1. Психологический справочник учителя. М.Просвещение
1991г
Л.М. Фридман, И.Ю. Кулагина.
2. Психология. Учебник для сред. школы. Б.М. Теплов.
М.1954г.
3. Психология.Словарь. М.1997г.
Пәнді оқыту мақсаты:
1. Пәнді оқытудың негізгі мақсаты – оқу пәні ретінде психологияны
оқыту ерекшеліктері жайлы ғылыми-әдістемелік білімдердің қалптасуын және
алған білімдерін психологияны оқыту тәжірибесінде жүзеге асыра білу
шеберліктерін жетілдіруді көздейді.
Пәнді оқытудың міндеттері:
2 -Психологияны оқыту әдістемесі жайлы ұғымдарын және оқу пәні
ретіндегі психологияның принцптері жайлы , психологиялық пәндердің
мазмұнын меңш\геру тәсілдерін ұйымдастыру жайлы түсінік ұғымдарын
қалыптастыру.
- осы пәннің мазмұн ерекшелігін және оқытылу мазмұнына орай
психологияны оқытуды дәстүрлі емес инновациялық тұрғыда ұйымдастыруға көшу
қажеттілігін негіздеу.
- Психология курсы сабақтарында тұтастай оқу-тәрбиелік ситуациялрын
ұйымдастыруға нақты талаптарды жүйелеу.
- Психологияны оқытудың қазіргі жаңа әдістері мен технологияларын
меңгеру.
Психологиялыны оқыту әдістемесі оқу үрдісіндегі алған фактілік
материалдар мен теориялық білім берудің практикалық жағдайында көптеген
практикалық міндеттерді шешудің маңызы бар. Психологияны оқыту әдістемесі
психология ғылымының негізгі базалық саласына жатады. Психологияны оқыту
әдістемесінің пәні білім мен тәрбие үрдісін ұйымдастырудың психологиялық
заңдылақтары, құралдары мен тәсілдері болып табылады.
Алған білімдерді орта білім беру жүйесіндегі реформаның психологиялық
ерекшеліктері, мектептегі білім берудің ұлттық үлгісі, білім берудің
диференциясы мен оқушылардың кәсіптік бағдарын ұйымдастырудың психологиялық
ерекшеліктері , білім берудегі психологияның ерекшеліктері, тәрбие және
оқыту жүйесі дамуының бүгінгі кезеңдегі психологияның ролі мен орны,
педагогикалық пәндер жүйесіндегі орны, пәнге жалпы сипаттама және және
психологияны оқыту әдістемесі курсының мақсаттары деген сұрақтарға
сенімді бағдарлануға мүмкіндік береді. Осы курста алған білім
студенттердің маман оқытушы ретінде оның теориялық, ғылыми және практикалық
дайындығының жоғарғы даңгейін қамтамасыз етеді.

Бұл курсты оқып үйренудегі басты меже болашақ мамандарды педагогикалық,
психологиялық білімінің жүйесімен қаруландырып, оны тәжірибеде қолдана алу
дағдысы мен іскерлігіне әдеттендіру. Болашақ мамандарды кәсіптік жағынан
даярлап, педагогигикалық қабілеттілігін, танымдық қызығушылығын ,
талпынысын, өздігінен алудағы дербестігін қалыптастыру. Сонда болашақ
маман педагогика және психологияны оқу арқылы талдай, болжай білу арқылы
кәсіптік іскерліктерді игереді.

Лекция 2
Тақырыбы: Психологиядағы оқыту теориясының ұғымы мен оқу
әрекетінің қалыптасуы.
Мақсаты: Психология сабағындағы оқыту мен білім берудің теориясына
түсінік беру.Оқытудың мәні ,құрылымы, оқу міндеттерінің ерекшеліктері
ұғымы.

Жоспары : 1. Психологиядағы білім беру жүйесі мен теориясы.
2. Оқытудың мәні мен құрылымы.
Негізгі әдебиеттер :
1. Методика преподование психологии. М.2001г. Б.Ц.
Балмаев.
2. Методика преподование психологии М. 2000 г В.
Я. Ляудис
3. Педагогикалық пәндерді оқыту әдістемесі. 1996 ж.
А.Меңжанова.
4. Уроки психологии в школе. М.1993ж. М.А.
Подвойскии.
5. Педагогическая психология Н.Ф. Талызина. М.Л.
1998г.
6. Психология. Учебник для сред. школы. Е.А.Климов
М.1996г.

Қосымша әдебиеттер :
1. Психологический справочник учителя. М.Просвещение
1991г
Л.М. Фридман, И.Ю. Кулагина.
2. Психология. Учебник для сред. школы. Б.М. Теплов.
М.1954г.
3. Психология.Словарь. М.1997г.

Педагогикалық пәндерді оқыту әдістемесі курсының міндеттері оқу пәнінің
мақсатынан арнаулы маман даярлаудың өзіндік ерекшелігінен туындайды. Бұл
курс мектепке дейінгі тәрбие орындарына, педагогикалық коллждерінде
үйлесімді дамыған әлеуметтік өмірге қызу араласатын, педагогикалық білім,
әдет, дағды, іскерлікті жақсы меңгерген араулы маман даярлауды көздейді.
Арнаулы маман даярлау ісі педагогикалық пәндерді оқыту әдістемесі
курсынан сабақ беретін мұғалімнің оқыту мақсатын міндеттерін айқын қоюына,
оқытудың негізгі қалпын, әдістерін, құралдарын жақсы білуіне, оны
шеберлікепен іске асыра алуына байланысты шешілетіндіктен, оларға
арнаулы білім беруде аталған пәнді оқытудың негізін, мамандықты игерудегі
алатын орнын, педагогикалық білімді теориялық жағынан меңгертудегі ролін
тәрбиелік дағдысы мен іскерлігін қалыптастырудағы ыұпалын нақты біліп,
оларды кәсіптік жағынан
Жан-жақты даярлауды меңзейді. Болашақ маман педагогиканы оқыту әдістемесі
және психологияны , психологиялық пәндерді оқыту әдістемесі арқылы тлдай
алаты, жобалай, болжай білу сияқты кәсіптік іскерліктерді игереді. Адамға
тән барлық психологиялық процестің, қасиеттердің дамып, қалыптасуын оқып
үйренеді. Болашақ мамандар өздеріне қандай талаптар қойылатынын ұғып, өзін
мамандығына бейімдай бастайды. Осылайша оқушылардың педагогикалық қабілеті-
педагог жұмысына қойылатын талаптарға сай педагог тұлғасының жиынтық
қасиеті- педжагогикалық ойшылдығы, педагогикалық бақылампаздығы
педагогикалық әдептілігі, ұймдастырушылығы, педагогикалық әдептілігі, тіл
табыса білу икемдігі бірте-бірте дамиды.
Психологиялық пәндерді оқыту әдістемесі курсының бағдарламасын игеру
брысында болашақ мамандар төмендегі педагогикалық, психологиялық дағдылар
мен іскерліктерді меңгереді. Лекцияда студенттер теориялық біліммен
қаруланса, практикалық сабақтарда педагогикалық тапсырмаларды орындайды,
дағдылыныды, іскерлікке үйренеді.
1. Сабақтың жоспарын жасайды,сабақ өтудің әр-түрлі типтерін талдайды.
2. Оқу жоспарымен , бағдарламасымен танысады, психологиядан сабақ берудің
жоспарын , конспектісін жасайды.
3. Әр сабаққа жаттығулар мен маериалдар дайындайды, викториналар жасайды.
4. Іскерлік ойындарды ұйымдастырады.
5. Тәрбие жұмыстрының жопарын, талдауын жасайды.
6. Тәжірибелік, семинарлық сабақтарда жоспар жасап, теория мен әдістемесін
оқып үйренеді.
Оқыту психологиясы .
Оқу - іс - әрекет . Адамның іс әрекеттерін белгілі бір
білімді , дағдыларды , іскерліктерді , мінез - құлық пен іс -
әрекеттің формаларын меңгерсем деген саналы мақсат басқаратын
жерде оқу болады .Оқу адамға ғана тән іс - әрекет , осының
өзінде ол адам іс - әрекеттерін саналы мақсатпен реттей алатын
болған кездегі адам психикалық даму сатысында ғана мүмкін . Мұндай
қабілет баланың мінез - құлқы мен іс әрекеттінің бұған дейінгі
түрлерінің - ойынның , сөйлеу қарым - қатынасының , практикалық
іс - әрекеттердің негізінде қалыптасып , шамамен төрт - бес жаста
ғана шығады. Кез келген іс - әрекет - практикалық болсын , сөйлеу
жүзінде болсын қайсыбір физикалық іс - әрекеттердің жиынтығы .
Демек, оқу да адамның түрлі іс - әрекет жасауы ; қимылдары ,
жазуы, ,сөйлеуі т.б. арқылы жүзеге асады . Бірақ өмірлік
байқаулар мен арнайы тәжірибелер таза сыртқы , дәлірек айтқанда
қозғалыс белсенділігі үйренудің әсте де міндетті шарты емес
екендігін көрсетеді .Бір жағдайларда , ол маңызды роль атқаруы
мүмкін ( мәселен , жазудың , сөйлеудің малтудың , сурет салудың ,
машина игерудің қимыл дағдыларын меңгеру үшін ) , екінші бір
жағдайларда , ерекше маңыз болмайды ( мәселен , сөздерді не тексті
есте сақтау үшін , матеметика есептерін шығару , заттарды танып ,
ажырату үшін ).
Егер оқу - іс -әрекет болса , онда ол сыртқы және көзге
көрінетін формаларсыз жүзеге аса ала ма ? Зерттеулер практикалық іс
- әрекетпен қатар адамның тағы да айрықша гностикалық ( грекше
гнозис - білім ) іс -әрекетті жүзеге асыра алатын көрсетті . Оның
мақсаты - айналадағы дүниені танып білу . Практикалық іс - әрекет
секілді гностикалық іс әрекет те заттық және сыртай іс -әрекет
бола алады ( мәселен , заттардың қасиеттерін зерттеп білу үшін
оларды бөлшектеу мен құрастыру , салмағын , тұрқын өлшеу ,
орындарын ауыстыру ) . Мұның өзі сондай - ақ перцептивалық іс -
әрекет ( мәселен , қарау , тыңдау , қадағалау ) немесе символикалық
іс - әрекет ( мәселен , бейнелу , белгілеу , айту ) болуы мүмкін .
Практикалық іс - әрекеттей емес , гностикалық іс -
әрекет бұған қоса іштей немесе ең болмағанда бақылауға келмейтін
болуы мүмкін.Мысалы , қабылдау заттары бейнесін қалыптастыруды
қамтамасыз ететін , сырттай бақылауға келмейтін перцептивалық іс -
әрекеттер арқылы көбіне жүзеге асырылады . Есте сақтау процестері
арнайы мнемикалық іс - әрекеттер арқылы жүзеге асады ( мәселен
материалды ойша ұйымдастыру , ондағы мағыналық бағдармалар мен
байланыстарды бөлу , ойша схемалау мен қайталау ) . Арнайы
зерттеулер ойлаудың неғұрлым дамыған формаларын адамның ішінен
атқаратын айрықша ақыл - ой әрекетері арқылы жзеге асатынын
байқатты ( мәселен , анализ бен синтез , теңестіру мен ерекшелеу,
абстракциялау мен қорыту ).
Оқу қызметінің сипаты туралы мәселені шешкенде ең
алдымен жаңа материалды меңгеру қандай білім мен іскерліктерді
талап ететін талдау жасау қажет . Егер оқушы белгілі бір
бейнелерді , ұғымдар мен іс- әрекеттерді әлі меңгермеген болса ,
онда оқытудың заттық гностикалық іс - әрекеттен бастау керек .
Оқушы тиісті іс - әрекеттерді өз қолымен жасауы керек. Бұдан
кейін оларды сөздер арқылы бөліп , пысықтай отырып , бірте-
бірте оларды орындауды оңды ( ішкі ) жоспарға көшіруі тиіс . Ал ,
егер оқушы қажетті негіздік ұғымдар мен іс - әрекеттердің
арсеналын меңгеріп алған болса , онда ол оқуды тікелей ішкі
гностикалық іс - әрекеттен бастай алады .Мұндай жағдайда оқушыға
тиісті сөздерді ұғындыруға болады , өйткені оқушы бұл сөздердің
нені білдіретін және олармен қандай іс - әрекеттер жасау қажет
екенін біліп алған . Хабарлау және көрсету әдісімен дәстүрлі
оқыту негізделген .Оған оқытудың тыңдау , оқу бақылау секілді
тәсілдері сәйкес келеді .
Оқу ахуалдарының типтері . Кез келген іс - әрекет белгілі
бір мотивтерден туындайды да , белгілі бір жағдайларда өтеді .
Демек , оқытудың болуы үшін оқу ахуаллында индивидті гностикалық
мақсатқа - белгілі бір білім мен іскерлікттерді меңгеруге
ұмтылдыратын себептер болуға тиіс . Олар екі түрлі сыртқы және
ішкі мотивтер болуы мүмкін.Сыртқы мотивтерге жазалау мен награда
қорыту мен талап ету , топтар қысымы , болашақта игіліктер күту
, т.б. секілді себептер жатады . Бұлардың бәрі тікелей оқу
мақсатына қатысты сыртқы мотивтер . Мұндай жағдайларда білім мен
іскерліктер басқа негізгі мақсаттарға жету құралы ғана болады .
Мақсаттың өзі оқу - мұндай жағдайларды немқұрайды немесе
тіпті жек көрінішті болуы мүмкін .Оқу белгілі бір шамамен
мәжбүрлік сипатта болады да, негізгі мақсатқа жетер жолда жеңу
керек болатын кедергі болып шығады . Мұндай жағдайларда қарама -
қарсы әрекет жасайтын күштердің болуы тән . ол принципінде
тартысты болады , осы себепті едәуір психикалық күш жұмсаумен
байланысты , іштей күш - жігерді және кейде индивидтің өзіне қарсы
күресуін талап етеді .Тартыс тым күшейген жағдайда жағдайдан
шығу бас тарту , қиындықты орағытып өту немесе невроз болуы
мүмкін .Мұндайда оқушы оқуды қояды немесе кері кетеді -
ережелерді бұза бастайды , түңілушілікке ұрынады .Оқу жағдайының
мұндай құрылымы кейде мектеп практикасында кездеседі .
Ішкі мотивтерге адамды өз мақсатына оқуға ынталандыратын
мотивтер жатады . Бұған білімнің өзіне , білуге әуестікке ,
өзінің мәдени деңгейін көтеруге ұмтылу мысал бола алады . Мұндай
мотивтері бар оқу ахуалдарында ішкі тартыс болмайды . Әрине , олар
да оқу барысында кездесетін қиыншылықтарды жеңуге байланысты және
ерік - жігер күшін талап етеді . Бірақ бұл күш - жігер өзінің
өзіне қарсы күресіне емес , сыртқы кедергілерді жеңуге
бағытталады . Мұндай ахуалдар педагогикалық тұрғыдан қойылады . Ондай
жағдай жасау педагогтың маңызды міндеті .Олар оқушының мінез -
құлқын әншейін басқаруды емес , оқушыны тәрбиелеуді , оның
мақсаттарын мүдделеі мен мұраттарын қалыптастыруды талап етеді .
Оқу іс - әрекетінің мотивтері .Белгілі бір зат , оқиғалар ,
жағдайлар немесе іс - әрекет адамның белгілі бір белсенділігінің
түп негіздерімен байланысты болса , іс - әрекеттің себептеріне
айналады .Бұл түп негіздерді үш категорияға бөлуге болады .
1. Ішкі негіздер . Олар адамның қажетіктерімен анықталып
мұның өзі организмнің етене қажеттіктерімен білдіретін туа біткен
сипаты болуы мүмкін , сондай - ақ қоғам қалыптастыратын әлеуметтік
қажеттіктерді білдіретін жүре біткен сипаты да болуы мүмкін .
2. Сыртқы негіздер . Олар өмірлік іс - әрекетінің қоғамдық
жағдайларымен анықталады .Мұндай негіздерге талаптар , күтулер мен
мүмкіндіктер жатады. Талаптар адамға іс -әрекет пен мінез - құлықтың
белгілі бір түрлері мен формаларын ұсынады . Күту қоғамның қарым
- қатынасымен сипатталады , мұның өзі осы адам үшін мінез -
құлықтың қандай белгілерін және іс - әрекеттің қандай формаларын
қалыпты деп есептейтін туралы ұйғарыммен байланысты .Мүмкіндіктер
дегеніміз белгілі бір іс - әрекет үшін адамның айналасында болатын
обьективті шарттар
3. Жеке түпкі негіздер .олар адамның мүдделерімен ,
ұмтылыстарымен , бағдарларымен , сенімімен , дүниеге көзқарасымен ,
өзі туралы түсінігімен , қоғамғм көзқарасымен анықталады
.Белсенділіктің бұл түпкі негіздері құндылықтар деп аталады .
Оқу және оқыту іс - әрекеттерінің түрлері . Аталған үш
функцияға сәйкес оқу әрекеттерінің негізгі үш трі болады .
Оқытудың бірінші варианты дайын білім мен іскерліктерді беру
сипатында болады . Мұнда оқу еліктеу , сөзбе – сөз немесе мағыналы
қабылдау мен қайталау , дайын үлгілер мен ережелер бойынша машықтану
мен жаттығу секілді іс - әрекеттерден қалыптасады . Оқытудың
екінші варианты өздігінен табиғи үйрену түрінде болады . Мұнда оқу
сұрақтар мен есептерді таңдап алу , информация мен жалпы
принциптерді іздеу , көздеу мен ұғыну , творчестволық іс -
әрекет секілді әрекеттерден қалыптасады . Ақырында оқытудың үшінші
вариантты оқушының бағытталатын танымдық белсенділігінің болуын
көздейді . Онда оқу қойылған міндеттерді орындау мен нәтижелерді
бағалау , байқаулар мен қателер , эксперимент жасау , ұғымдарды
таңдап алу мен қолдану т.б. секілді іс - әрекеттерден құралады .
Бұл оқыту іс - әрекеттерінің әрқайсысына оқушының іс -
әрекетін басқару әдістері , оқытудың өз концепциясы мен әдістері
тән . Мәселен , дайын білім мен шеберліктерді беру үйретудің
оқыту концепциясында белгіленеді . Оған хабарлау , түсіндіру ,
алдына қою , көрсету әдістері тән . Өдігінен табиғи үйрену
үйретудің ынталандыру секілді концепциясында бейнеленеді .Оған тән
әдістер: ынталандыру , таңдандыру , әуестендіру ояту . Ақырында ,
оқыту әрекеттерінің танымдық белсенділікті бағыттау секілді түрі
үйретудің басшылық секілді концепциясы білдіреді . Оған тән
әдістер :проблемелар мен міндеттер қою, талқылау мен дискуссия ,
бірлесіп жоспарлау және т.с.с.

Лекция 3
Тақырыбы: Психологияны оқытудың белсенді әдістері
Мақсаты: Психологияны оқытудың белсенді әдістері туралы түсінік беру.

Жоспары : 1. Оқытудың белсенді әдістері.
2. Психологияны оқытудағы белсенді әдістердің
психологиялық
негіздері.
Негізгі әдебиеттер :
1. Методика преподование психологии. М.2001г. Б.Ц.
Балмаев.
2. Методика преподование психологии М. 2000 г В.
Я. Ляудис
3. Педагогикалық пәндерді оқыту әдістемесі. 1996 ж.
А.Меңжанова.
4. Уроки психологии в школе. М.1993ж. М.А.
Подвойскии.
5. Педагогическая психология Н.Ф. Талызина. М.Л.
1998г.
6. Психология. Учебник для сред. школы. Е.А.Климов
М.1996г.
Қосымша әдебиеттер :
1. Психологический справочник учителя. М.Просвещение
1991г
Л.М. Фридман, И.Ю. Кулагина.
2. Психология. Учебник для сред. школы. Б.М. Теплов.
М.1954г.
3. Психология.Словарь. М.1997г.
Оқыту жеке адамның білімін, танымдық және шығармашылық қабілетін дамытудың
маңызды құралы. Оқытудың бірнеше түрлері бар: түсіндірмелі – иллюстративті
оқыту, проблемалы оқыту бағдарламалап оқыту т..б
Түсіндірмелі – иллюстративті оқытудың мақсаты – мұғалім оқушыларды
белгілі білім жүйесімен қаруландырады, іскерлікке үйретеді. Ол үшін жаңа
біліммен таныстырады, жаңа ұғымдар, теориялық және заңдар туралы түсінік
береді. Оқушылар дайын білімді меңгереді. Жаңа материалдарды қайталап
бекітеді, түрлі жаттығуларды тапсырмаларды орындау барысында алған білімін
қоладнады. Бұл жерде ешқандай проблемалық ситуация тумайды.
Оқыту әдістерін меңгеру үшін көптеген теориялық, ғылыми - әдістемелік,
тәжірибелік әрекеттерге жаттығу, педагогикалық, психологиялық жеке
әдістемелік жадығаттарды оқып үйренуді меңзейді. Бұндай ізденістер
болашақ мамандарды дидактикалық біліммен қаруландырып, оқыту ісінің
нәзік әдіс- тәсілдерін танытып, педагог ретінде қалыптасуына ықпал етеді.
Білім беру оқыту арқылы, сабақ үстінде сан түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану
арқылы іске асады. Мұғалім оқыту әдісінің көмегімен оқушылардың
білімді берік саналы игеруіне, дағды мен іскерлікті меңгеруіне ,
танымдық және шығармашылық қабілетінің дамуына жол ашады. Жалпы
дидактикада төмендегі оқыту әдістері қалыптасқан:
1. Сөздік әдісі-мұғалім сабақ жағдайын сөз арқылы ауызша түсіндіреді.
2. көрнекілік әдісі – мұғалім сабақта тақырыпқа байланысты
көрнекіліктерді пайдаланып жағдаяттарды түсіндіреді.
3. Практикалық әдісі- мұғалім оқу жадығаттарын ауызша, жазбаша
жаттығулар, лабараториялық, тәжірибелік жұмыстар жүргізу арқылы
педагогикалық есептер шешу, ситуациялар тудыру, кестелер жасау арқылы
түсіндіреді.
Әдістерді қолданудағы негізгі мақсат – оқушылар білімінің нақты, берік,
саналы, спалы болып , оларды ойлауға, ұзақ есінде сақтауға дамытуға
мүкіндік тудыру. Оқыту әдісі дегеніміз гректің методос деген- айтып беру
тәсілі деген сөзінен туындаған. Ол оқушы мен оқытушының сбақтағы жұмыс
тәсіолі деген ұғымды береді.
Психологияны оқытудағы белсенді оқыту әдістерінің психологиялық
негіздері.
Бағдарламалы оқыту әдістері. Проблемалы оқытудың мәні мен әдістері.
Интерактивті оқыту әдістері. Осы оқу үрдісіндегі әдістердің негізі
ұғымдарын түсіндіру. Психологиялық шарттарын шешу жолдары.

Лекция 4
Тақырыбы Психологияны оқытудағы проблемалы оқытудың әдістері
Мақсаты: Психологияны оқыту әдістемесіндегі проблемалы оқытудың
мәні
Мен негізгі ұғымдарына сипаттама беру.Проблемалы ситуация құрудың
психологиялық ерекшелктеріне тоқталып түсінік беру.

Жоспары : 1. проблемалы оқытудың негізгі ұғымдары.
2. . Проблемалы оқытудың әдістері .
Негізгі әдебиеттер :
1. Методика преподование психологии. М.2001г. Б.Ц.
Балмаев.
2. Методика преподование психологии М. 2000 г В.
Я. Ляудис
3. Педагогикалық пәндерді оқыту әдістемесі. 1996 ж.
А.Меңжанова.
4. Уроки психологии в школе. М.1993ж. М.А.
Подвойскии.
5. Педагогическая психология Н.Ф. Талызина. М.Л.
1998г.
6. Психология. Учебник для сред. школы. Е.А.Климов
М.1996г.

Қосымша әдебиеттер :
1. Психологический справочник учителя. М.Просвещение
1991г
Л.М. Фридман, И.Ю. Кулагина.
2. Психология. Учебник для сред. школы. Б.М. Теплов.
М.1954г.
3. Психология.Словарь. М.1997г.
Соңғы жылдары педагогтар проблемалық оқытуға дамыта оқыту, оқыту
процесін жетілдіру немесе оқытудың белсенді әдісі деп қарауда. Сондықтан
проблемалық оқытуды бірқатар ғалымдар : педагогтар, психологтар, және
әдіскерлер жан-жақты зерттеген . Педагог ғалымдар өз зерттеулерінде
қазіргі дамыта оқыту мәселелерін іске асруда шешуші орын алатын
проблемалық оқытудың теориясы мен практикасының дамуын қалыптастыруда.
Проблемалық оқыту арқылы оқушылардың белсенді ойлау әрекетінің дәрежесін
көтеру, оларды ақыл-ойдың шығармашылық әрекеттерінің жүйесіне үйрету
болып табылады.Бұл жүйені меңгеру ақыл-ой әрекетінің сапасын арттырып,
ойлауын қалыптастырады.Проблемалық оқыту оқушыларды ғылыми , логикалық
ойлауға, кездескен қиындықтарды жеңе білуге үйретеді.Проблемалық әдіс
бойынша мұғалім сабақта дайын ғылым қорытындысын хабарлаумен қатар,
белгілі дірежеде олардың ащылу жолын байқатады.Проблема қою арқылы
мәселенің ішкі қайшылықтарын танытады.
Проблема - шешілуі тиіс көкейкесті мәселе, психологиялық категория.
Проблемалық оқытудың мақсат-міндеттерінен туатын мынандай өзіндік
сипаттары бар:
1. Шешуді қажет ететін көкейкесті міндеттер қою.
2. Оқушылардың алдына шешуін талап ететін жағдай тудыру.
3. Қойылған проблеманы шешудің жорамалы жасалуы.
4. Бұларды шешуге оқушының нақты дайындығының болуы.
5. Қорытынды жасалуы.
Проблемалық оқытудың әдістемелік жағы.
Проблемалық оқыту негізінен үш әдіс арқылы ұйымдастырылады. 1. Білімді
прблемалық жолмен жеткізу, 2. Жекелеп іздеу , 3. Зерттеу әдістері.
Бұл әдістерді қолдана отырып , оқыту процесінде мұғалімнің назары өзара
байланысты екі нәрсеге бөлінеді. Олар : оқу материалының мазмұны мен оқу
процесіндегі оқушылардың таным әрекетін ұйымдастыру.Оқу процесіндегі
мұғалімнің мақсаты сабақ барысында эмоциялық – тәжірибелік әрекеттерді
қамтып, оқушының оқу материалына белсенді қатысын тудыру.
Проблеманы шешу үшін төмендегі жағдайларды ескеру керек.
1. Міндеттердің көкейкесті мәселе екенін саналы ұғыну.
2. көкейкесті мәселені дұрыс қою.
3. Болжамдар жасау.
4. Болжамдарды дәлелдеу.
5. Қойылған көкейкесті мәселеден жаңа проблеманы тудыру.
6. Болжам жасау.
7. Дәлелдеу.
8. Жаңа проблема тудыру.
9. Болжам жасау.
10. Дәлелдеу.
Проблемалы оқытудың мақсаты – мұғалім оқушыларды білім жүйесімен,
іскерлікпен, дағдымен қаруландырып қана қоймайды, олардың танымдық және
шығармашылық қабілетін дамытады. Оқушыларға тақырып бойынша проблемалық
сұрақтарды шешудің дұрыс варианттарын қарастырады. Ойланады, жаңа білімді
игеру туралы қорытынды жасайды, оны практикада қолданады.
Проблемалы оқыту – бұл ғылым негіздерін оқып – білу процесінде жеке
адамның жалпы және арнайы қабілетінің дамуы, танымдық қажеттілігінің
қалыптасуы.
Психологтар адамның ойлағыштық іс-әрекетінің негізгі түрлерін атайды:
репредуктивті және продуктивті, шығармашылық.
Репродуктивті іс-әрекеті үлгі алгоритм бойынша орындалады. Мұғалім
жаңа оқу материалын, жаңа ұғымдардың мәнін түсіндіреді, тапсырманы
орындаудың жолдарын көрсетеді. Оқушы оқу тапсырмасын мұғалімнің көрсетуімен
алгоритге сүйеніп, яғни мұғалімнің сабақ үстінде жасаған әрекетіне сәйкес
орындауға қажет.
Бағдарлама бойынша оқу материалдарының көпшілігін мұғалім проблемалық
ситуация жағдайында түсіндіруі тиіс.
Продуктивті іс-әрекетінің айырмашылығы оқушы белгілі білімді өз
бетімен жаңа ситуацияда қолданады немесе белігілі ситуацияда жаңа білімді,
әрекет жасаудың жаңа ережесін табады. Бірақ оқушының дайын алгоритмді,
үлгіні пайдалануы да мүмкін.
Проблемалық ситуация жағдайында оқушының іс-әрекеті ойлауын,
пайымдаумен, өз бетінше ізденумен сипатталады.
Шығармашылық іс-әрекеті алгоритммен үлгіден, фермализммен
аумақшылықты көтере алмайды. Шығармашылық бұл эвристикалық іс-әрекеті, оның
мәні, негізгі идеялар тез түсініп ұғыну, істің кенеттен шешілу жолдарын
табу.
Оқушылардың шығармашылық ойлауы проблемалық ситуациядан басталады.
Проблемалық ситуация деп пайда болған құбылыстарды, фактілерді
адамның түсіндіре алмай қиыншылық жағдайға ұшырауын айтады. Сондықтан
қиыншылық қабылдаған білім және іздеуге, түсіндіруге талапталдырады.
Ақыл-ой әрекеті толық циклының проблемалық мынадай кезеңдері болады:
- проблемалық ситуацияның пайда болуы;
- проблеманы – сұрақты қою және оның қиыншылық мәніне жете түсіну;
- болжау арқылы шешім тәсілдерін табу;
- болжамды дәлелдеу;
- проблема шешімінің дұрыстығын тексеру;
проблеманы оқыту процесінде мұғалім оқушыларға сұрақтар қояды, түрлі
тапсырмалар береді. Бұлардың бәрі проблемалық ситуацияны туғызады. Осының
нәтижесінде әр бір оқушы сұраққа жауап беруге немесе проблеманы шешуге
тырысады.
Проблема проблемалық ситуация болып саналады, бірақ әр түрлі
проблемалық ситуация проблема бола алмайды. Мысалы, 3 сынып оқушысына
өзеннің бір жағасында тұрып, оның енін қалай өлшейді деп сұрақ қойса, ол
сұрақтың мәнін ұғып оны шешу үшін дәрменсіз боалды. Бұл жерде проблемалық
ситуация пайда болады, бірақ ол проблема бола алмайды. Себебі оны шешу үшін
оқушының білімі тәжірибесі жеткіліксіз болады.
Химия сабағында су тақырыбын өткенде мұғалім оқушыларға проблема
түрінде сұрақ қояды: су сұйық зат, ол ештеңені және өттегінен тұрады,
сутегі жанады, өттегі жануды, қолдайды. Олай болса, теңізді неге жағуға
болмайды жанып тұрған шырпыны тигізсең, сөніп калады.
Бұл жерде проблемалық ситуация туды да, ол проблемаға айналды.
Өйткені оқушылардың химия пәнінен алған білім проблеманы шешуде игі әсер
етті.
Сонымен оқушылардың әр түрлі шығармашылық туғызады, жаңа білімді
игеруде оқушылардың ойлау, іздену іс-әрекетіне, олардың оқыту
проблемалардың өз бетімен немесе ұдымдасып шешуін басшылық етеді. Міне,
проблемалы оқытудың мәні осында.

Лекция №5
Тақырыбы: Интерактивті оқыту әдістері
Мақсаты: Психология сабағындағы интерактивті оқыту әдістемелері туралы
түсінігін дамыту.
Жоспары : 1. Интерактивті оқытудың негізгі ұғымдары.
2. Интерактивті оқытудың әдістері .
Негізгі әдебиеттер :
1. Методика преподование психологии. М.2001г. Б.Ц.
Балмаев.
2. Методика преподование психологии М. 2000 г В.
Я. Ляудис
3. Педагогикалық пәндерді оқыту әдістемесі. 1996 ж.
А.Меңжанова.
4. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орта буынды мекетеп оқушылырының психологиялық ерекшеліктерінің психологиялық-педагогикалық тұрғыдан диагностикалау технологиясы
ПСИХОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУ БЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРІ
«Психологияны оқыту әдістемесі» пәні бойынша практикалық сабақтар дәрістер жинағы
Студенттердің түлғалық жэне кәсіби даярлығына психологиялық кеңес беру тәсілдерінің тиімді эсерін зерттеу
Мектептегі психологиялық оқытудың ерекшеліктері
Психологияны оқытудың негізгі әдістемесі
Психологияны оқыту әдістемесі. Оқу-әдістемелік құрал
Психологияны оқыту әдістемесі психология ғылымының негізгі базалық саласы
Психология пәні бойынша семинар сабақты дайындау
Ойын – психологияны кәсіби тұрғыда оқыту құралы
Пәндер