Қазіргі жаңа қоғам жағдайындағы этнопедагогика мәселесінің дамуы



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе
І тарау
Қазақ этнопедагогикасын мектептің оқу – тәрбие процесіне
пайдаланудың шарттары.

1.1 Этнопедагогиканың тарихи филасофиялық генезисі.

1.2 Қазіргі жаңа қоғам жағдайындағы этнопедагогика
мәселесінің дамуы

1.3 Қазақ этнопедагогика материалдврын бастауыш сынып
оқушыларын елжандылық тәрбиесіне пайдаланудың мүмкіндіктері.

ІІ тарау

Қазақ этнопедагогика материалдарын бастауыш сынып оқушыларын
тәрбиелеуде педагогикалық ықпал жасау жүйесі.

2.1 Қазақ этнопедагогика материалдарын бастауыш сынып оқу -
тәрбие процесінде пайдалану.

2.2 Тәрбие сағаттардың, Мәдени ағарту жұмыстарының міндеттері
және жұмыстыстың нәтижесі.

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе

Зерттеудің көкейтестілігі. Соңғы жылдары
республиканың егемендік алып, жеке мемлекет болуына, сонымен
бірге ұлттық сана – сезімінің жетілуіне, қоғам өмірінің рухани
жандануына байланысты қазақ этнопедагогика ғылымы бойынша орындалған
зерттеу еңбектері де мол. Оларда этнопедагогика жеке ғылым
тұрғысында қарастырылып, оның бүгінгі заманда бастауыш сынып
оқушыларын тәрбиелеудегі мән– мағынасын айқындау.
Қазақ этнопедагогикасы 70 - ші жылдардың басынан
зерттеле басталды. Кейінгі он жыл көлемінде әр– түрлі ғылыми–
педагогикалық еңбектер, ғылыми мақалалар, кітаптар жарық көре
бастады.
Қазақстан мектептері мен бала тәрбиесіне байланысты
тарихи тұрғыдан Т.Т.Тәжібаев, М.Ғабдуллин, Қ.Бержанов және т.б
ғылымдардың зертеу еңбектерін ерекше атап айтуға болады.
Қазақ этнопедагогика саласында 60-қа жуық еңбектер
орындалған. Атап айтар болсақ, брундаментальды.
Іргелі фундаментальды педагогикалық зерттеушілер
жүргізген – Қ.Жарықбаев, С. Қалиев, С.Ұзақбаев, Ж. Наурызбай, М.
Балтабаев, Қ.Қожахметова, Ш.Құлманова және т.б ғалымдардың еңбегін
ерекше атауға болады.
Ал қолданбалы (прикладной) зерттеулерге Р.Төлеубекова,
Р.Дүйсенбекова, Ұ. Әбдіғаппарова, С.Әбілдина, А.Мағауова,
Г.Бахтиярова, Б. Мұқанова, Ж.Хасанова, А. Аманжолова, И.Орышбеков,
Ұ.Асанова, Т.Қышқашбаев, Ж.Ақпарова, М.Оразалиева және т.б
ғалымдардың ғылыми еңбектерін қазақ этнопедагогика материалдарының
негізгі құралы ретінде қарастыруға болады.
Қазақ этнопедагогикасын мектеп практикасына ендіру
еліміздің тәуелсіздік алып, әлеуметтік өмірді салауаттандыру
мақсатындағы жұмыстары, ұлтымыздың ғасырлар бойы кәдесіне жарап
келген тәлім–тәрбие мазмұнын казіргі бастауыш сынып оқушыларын
тәрбиелеуде пайдалана білу қажеттілігі айқындалып, қоғам өмірін
ізгілендіру мен демократияландыруға байланысты көкейкесті мәселеге
айналған.
Қазақстан Республикасының “Білім беру жүйесінің басты
міндеті ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен
практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға
және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар
жасау” керек делінген.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев жас ұрпақ тәрбиесі
жайында үндеу жасап болашақтан арлы, иманды, білімдар, әділ,
көпшіл, халық қамын ойлайтын, көргендікке бағытталған азаматты
көргісі келді. Осыған орай қоғам талаптары мен ұштасып жатқан
Қазақстан Республикасы үкіметінің Білім және ғылым министірлігінің
нұсқаулары Қазақстандағы педагогикалық ойпікірдің қалыптасып, даму
тарихын педагогикалық жоғары (орта арнаулы) оқу орындарына арнайы
пән ретінде енгізу, Жас ұрпаққа адамгершілік - эстетикалық тәрбие
беру, “Халық педагогикасы дәстүрлерін оқу – тәрбие процесінде
пайдалану” оқулықтар мен оқу құралдарына этнопедагогика бөлімінің
енуі, бірқатар оқулықтардың жарық көруі дәлелдеп отыр.
Қазақ этнопедагогикасы материалдарын бастауыш сынып оқушылар
тәрбиесінде пайдалануға байланыста әртүрлі амал-жолдардың болуы оқу –
тәрбие процесінде тиімді пайдалану және жетілдіре түсу қажеттілігі
біздің диплом жұмысымызға байланысты, қазақ этнопедагогика
материалдарын бастауыш сынып оқушылары тәрбиесінде пайдаланудың
педагогикалық шарттары деп таңдауымызға негіз болды.

Зерттеудің объектісі: Бастауыш сыныптардағы оқу - тәрбие процесі

Зерттеудің пәні: Бастауыш мектеп оқу – тәрбие үрдісіндегі
этнопедагогика.

Зерттеудің мақсаты: – Тәрбие үрдісінде қазақ этнопедагогика
материалдарын пайдаланудың тиімділігін негіздеу және эксперимент
жүзінде тексеру.

Зерттеудің міндеттері:
1. Ғылыми еңбектердегі қазақ этнопедагогикасы мәселесіне арналған ой
– пікірлерге талдау.
2. Қазақ этнопедагогикасын бастауыш мектептің оқу - тәрбие процесінде
пайдалану жолдарына сараптау жасау.
3. Қазақ этнопедагогикасын бастауыш сынып оқушылар тәрбиесіне
пайдалану жүйесін анықтау және жинақталған тәжірибе негізінде
тексеру.

Зерттеудің әдістері:
Зерттеу проблемасы бойынша этнофилософиялық, тарихи –
этнографиялық, этномәдениеттанушылық және этнопсихологиялық
әдебиеттерді талдау педагогикалық эксперимент нәтижелерін сұрыптау.

Зерттеудің базасы:
Қазақтың тәліми - тәрбиелі ой – пікірлері туралы
еңбектер. Әдебиеттанушылар этнопедагогтардың еңбектері. Ұлттық тәлім -
тәрбие беру бағдарламалары. Мектептің оқу - тәрбие процесіне
байланысты құжаттары. Жұмыс проблеммасына байланысты мектептердің
озат тәжірибесі.

Диплом жұмысының құрылымы:
Кіріспеден, 2 тарудан, 4 параграфтан, қорытындыдан,
пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Этнопедагогиканың тарихи – философиялық генесизі.

Бүгiнгi күнi қазақ халқының ұлттық мәдениетiн қайта
өркендеу жағдайында бастауыш сынып оқушыларын ұлттық
дәстүрлерде тәрбиелеудiң заңды обьективтi қажеттiлiгi туады.
Адамды жақсы ететiн де, жаман ететiн де тәрбие.
Сондықтан да бастауыш оқушыларын өз халқының рухани
қазынасымен, оның ұлттық мәдениетiмен, әдет- ғұрып дәстүрлерiмен
неғұрлым тереңiрек танысу қажеттiгi бiрiншi орында қойылып
отыр. Өйткенi бұндай негiздердi бiлмей, өз халқының ұлттық
ерекшелiктерiн сезiнбей, басқа халықтың өзiне тән
ерекшелiктерiн бағаламай өз байлығын байыта түсу мүмкiн емес.
Ал тәрбие дегенiмiздiң өзi адамның қоғамдық өмiрiiн
қалыптастыратын, үйрететiн мiнез- құлқы мен дағдысы.
Сондықтан ең бiрiншi генесиз деген ұғымның мағынасына
тоқталуды жөн көрдiк. Философиялық энциклопедияда генесиз
ұғымына мынандай мән берiлген: генесиз – шығу тегi, даму
тарихы делiнген.
Осы орайда бiз этнопедагогиканың шығу тегiн зерделеп,
зертеп дипломдық жұмысымызды жүйеге келтiрудi ұйғардық.
Жастарға тәлiм- тәрбие беру аса жауапты мәселе. Ол жер
бетiнде адам пайда болғалы өзгерiп, жаңарып келе жатқан
күрделi процесс.
Оның прогрессивтi бағыт алуына шығыс классиктерiнiң әл-
Фараби, А.Фердауси, А. Рудаки, М. Саади, А. Науай, ой - пiкiрлерi,,
түрiк әлемiнiң ойшылдарының Қорқыт - ата, М.Қашқари, Ж.
Баласағұни, Қожахмет Иассауи, М. Дулати мұралары, 1 қазақ
ағартушы ғұламаларының Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев
еңбектерi, қазақ этнопедагогикасының негiзiн салушылардың
Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедов, М.Дулатов, Н.Құлжанова.
Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, М.Әуезов шығармалары. 2 Асан Қайғы, Бұхар
жырау және тағы басқалардың ақыл - кеңестерiн, мол туындыларын
жатқызуға болады.
Қорқыт-ата (ҮII-ҮIII ғ.ғ) – халық қамқоршысы, ақын, күйшi,
данышпан, нағыз ұстаз, тәрбиешi. Жырларындағы ру батырларының,
тайпа көсемдерiнiң үлгi- өнегелерi: адамды сүю, ұрпақ қамын
ойлау проблемаларын көтерген әдет- ғұрыптары мен нанымдардың,
тарихи оқиғалардың педагогикалық мәні атап өтуге тұрарлық.
Қорқыт айтқан ойлар бұдан әрi қарай отбасындағы
келiсiм, тайпа-ру бiрлiгi, патриотизм, жауға деген өшпендiлiк,
адалдық, батырлық , табиғат, тiршiлiк мәселелерiне қатысты
пiкiрлермен кеңейе түскен. Қорқыт тұлғасы халқымыздың
мәдениетi дамуындағы көпғасырлық мұрасы арқылы өткен ұрпақпен
рухани байланысқа түсе алатынымыз сөзсiз. Әсiресе тарихи
дамудың бабамыз өмiр сүрген дәуiрiндегi салт- дәстүр,
құндылықтар мен мiнез- құлық қалыптарының өзiндiк ерекшелiктерiн
түсiндiру тұрғысынан алып қарағанда, Қорқыт ата кiтабының
тәлiм - тәрбиесi тарихындағы алатын орны айтарлықтай екендiгi
даусыз.
Қорқыт - ата – халық ұстазы болған. Әулие атамыздың
асыл мұрасы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келедi. Өйткенi оны-
ұлттық тәрбиенiң алтын бастауы деп бiлемiз. 3
Әл - Фараби (870-950жж) iлiмiнде көрнектi орын алатын
мәселенiң бiрi- тәрбие мәселесi. Бала тәрбиесi, қоғам мен
халықтың балаларды оқыту жөнiндегi қамқорлығы, жастарды халық
өмiрiне байланысты бiлiмдермен қаруландыру, балаға оның жеке
және жас ерекшелiктерiн ескерiп шын жүректен қамқорлықты,
қарым- қатынас- мұның бәрi әл-Фараби педагогикалық жүйесiнiң
құрамды бөлiгi болды.
Әл - Фараби тәрбиеге анықтама бере келiп, ол:
Тәрбиелеу дегенiмiз – халықтардың бойына бiлiмге негiзделген
этикалық iзгiлiктер мен өнерлердi дарыту әдiсi деген сөз.

Әл - Фараби тәрбиелеудiң екi түрлi әдiсiн атап
көрсеткен: бiрiншi иландырғыш нақыл сөз, сезiмге әсер еткiш
нақыл сөздер.
Бұлар арқылы адамдарды өз еркiмен игiлiктi iстер
жасауға жiгерлендiруге болады: екiншiсi – өз еркiмен, өз
қалауы бойынша жөнге келмейтiн және сөзге құлақ аспайтын
адамдарға қолданылатын күштеу әдiсi. Ол иландыру немесе
ерiктi түрде тәрбиелеу әдiсiн жоғары бағалаған.
Түрiк халқының ХI-ғасырда өмiр сүрген келесi бiр талантты
перзентi Махмұд Қашқари.
Қашқари кiтабындығы мысал ретiнде келтiрiлген батырлық,
ерлiк, күрес жырлары, дидактикалық сарындағы өлеңдер ұрпақты
ерлiкке, оқу-бiлiмдi үйренуге, өнерге, әдеттiлiкке, адамгершiлiкке
тәрбиелейдi. Ол халық педагогикасының тәрбиелiк мәнiн жоғары
бағалап, кейiн ұрпаққа ұлттық тәрбиенiң арғы тегiн көрсететiн құнды
дүние. Көне замандарда туып Қашқари мұрасы арқылы бүгiнгi жеткен
дүниетанымды кеңейтуде, айналамен ұқыпты қарым - қатынаста болудың
маңыздылығын түсiнуге көмектесетiн деректердiң бiрқатары мақал-
мәтелдер. Мәселен:

1.Батыр – соғыста,
Қорқақ –жанжалда.
2.Аш не жемес
Тоқ не демес
3.Адам аласы iшiнде
Жылқы аласы сыртында

Осы мақалдардың өзiнде қаншама тәрбие, намысты оятатын сөздер бар.
Бұл нағыз бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуге ғұламалардың
қалдырған тәрбиелiк құралы деп бiлемiз.
Қашқаридiң тағы бiр еңбегi ол “Диуани Лұғат ат-түрiк” (түркi
сөздердiң жинағы) атты кiтабы. Онда батырлық, ерлiк туралы,
ұрпақтарын ерлiкке, оқу бiлiмдi үйренуге, өнерге, әдiлттiлiкке
адамгершлiке тәрбиелейдi .
Осы тәрбиеге баиланысты Махмуд Хайдар Дулатидiң (1499 ж)
Кашмир каласында 1541 жылы жазылған “ Тарихи Рашиди ” кiтабын
алуға болады. Автордың әдептiлiгi мен имандылығын,
инабаттылығын, халық қамын ойлайтын кемеңгер ойшылдығын
көремiз. Ол аталған шығармасында қазақ халқының қонақ
жайлығы, меймандосты, жомарттық пен мырзалық қасиеттерiн
жоғары бағалап, болашақ ұрпаққа оң үлгi - өнеге еткен. Сонымен
қатар тарихи тұлғалар туралы мәлемет бергенде, олардың
тәрбиелiк ерекшелiктерiн көргенiн сипаттап, болашақ ұрпаққа
үлгi етiп қалдырды.
Қазақ халқының тәрбиесі тарихында ақын- жырлаулардың
тағылымдық ой-пікірлері айрықша орын алады. Атап айтсақ
–Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Ақтамберді, Бұхар жырау және
тағы басқа ақын - жыраулардың толғауларындағы тәрбиелік ой-
пікірлерінен көрініс табады .
Бұқар жырау Қалқаман ұлы халықты имандылыққа шақырып
бірлікке ұл-қыздарын қоғамның белсенді етіп тәрбиелеуге
шақырды. Сертке беріктік, досқа адалдық, мейірімділік, еңбек
сүйгіштік, сұлулықты түсіне білу, Отан сүйгіштік сиақты ізге
мінездерді басқаларға үлгі ету – Бұхар жырларында кең орын
алған. Оған дәлел мысалы:
Бірде Абылай Қазына қайда? деп сұрағанда жырау
Басы жеткен жігіттің екі езуі қазына : бір езуі, бір езуі-
күміс, аузы – қазына - депті.
Бұхар жыраудың психологиялық ой толғаныстарында
бүгінгі күнгі жастарымызды тәрбиелеу де көп көмегін
тигізетіні сөзсіз.
Оқушылардың адамгершілік қасиеттерін, ұлттық сана-сезімін
дамыту мақсатында – халық педагогикасы материалдарын мектеп
практикасында пайдалану қажеттігін кезінде ұлы ағартушы
Ы.Алтынсарин 1841-1889ж.ж өзінің тәжірибесі мен еңбектері
арқылы дәлелдеп берді. Яғни ұлттық мектеп ашты, ауызекі
шығармашылығын, ұлттық қолөнерді, салт-дәстүрді және т.б бала
тәрбиесінде қолданды. Бала тәрбиесі үшін өнегелі тәрбиенің
мәнін жақсы түсінді. Ол жас ұрпаққа зор үміт артып, халқымызды
білімге, өнерге үйренуге, тұрмыс мәдениетін көруге шақырды. Оған
дәлел Кел балалар, оқылық деп адамның ақыл - ойын, сана-сезімін,
білімге деген құштарлығын арттыруға шақырып, әлемдегі алдыңғы қатарлы
халықтарында болуды қалады. Ыбырай тәрбиелеген шәкірттерінің кейін
парақор болып шықпаулары үшін, оларға адамгершілік жағынан әсер
етуге күшін салды. Ұстаз шәкірттерді оқыту мен тәрбиелеу біртұтас
маңызды педагогикалық процесс екенін өте жақсы білген. 4.103
Қазақ этнопедагогикасын мектеп практикасында пайдаланудың
қажеттілігін атап көрсетпегенімен, бала тәрбиесіндегі рөліне, құнды
адамгершілік қасиеттері туралы ғұлама ағартушылар Шоқан Уалиханов
пен Абай Құнанбаевта ерекше көңіл бөлген.
Шоқан Уалиханов (1835-1865) адамгершілік эстикалық тәрбиенің
таптырмас құралы – ертегілер жайлы пікір айтқан. Ертегілердің
мазмұнының бай екенін ескеріп, ондағы батыр, жезтырнақ, алып секілді
көптеген кейіпкерлерді көрсету арқылы адам баласының жағымды-жағымсыз
қасиеттерін, яғни кішіпейілділік, әділеттілік, шыншылдық, ізеттілік,
әдемілікті сезіне білуге шақырады. Шоқан қазақ қоғамына болашақта
оқудың керектігін айта келіп: Қазақ халқының тәрбиесіне байыпты
қамқорлық ету керек: елді басқару орындарының оқу орындарының оқу
орындары емес, орыс мәдениетін тарататын ұйымдардың біртұтас жүйесін
жасау керек – деп көрсеткен. Бұдан Шоқанның патша үкімет
орындарынан көп үміт күткені байқалады. Бірақ, отаршылдық саясат
қазақ балаларының мәдениетін көтеру мүлдем жоққа шыққан еді.
Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие арқылы білім беруді ұлы Абай
Құнанбаевта сөз еткен. Ол мақалалардың өзін халықтың өмірімен және
тарихымен тығыз байланыста алып қарап. Оны қоғамдық мәні тұрғысынан
бағалап, өзінің тарихына, дініне, дүниетанымына деген көзқарастарына
сәйкес талдаған. Абайдың қозғаған мәселелері адамге адамгершілік,
татулық, әділдік, еңбекшілдік, адалдық, талаптанушылық және ел тарихы
еді: Бұл мәселелерді Абай жеке, жалаң түрде алмай, мақалдарды
талдау барысында зұлымдылық, сұрқиялық, екі жүзділік, барымташылық
тәрізді мінез - құлықтарға қарсы қоя отырып қарастырады. 5.168
Мәселен Абай көтерген Толық адам қағидасы халықтың
педагогикадағы Сегіз қырлы, бір сырлы, ұрпақ тәрбиелеу қағидасымен
үндестігін байқамау мүмкін емес. Ол Толық адам! тәрбиелеуде
сол кезеңдегі тәрбиенің басты құралына айналған исламның өмірлік
қағидаларын халықтың педагогика негіздерін ұштастыра дамытуды
көздеген. Алайда, Абайдың өзі өмір сүрген қоғамдағы ниеті бұзық
қазақтардың іс-әрекеті қатты ойландырды.
Халық педагогикасының ұрпақ тәрбиелеудегі пәрменді қаруы-мақал-
мәтелдер екен белгілі. Абай халқымыздың мінез-құлығындағы
керітартпалық ерекшеліктеріне сын көзімен қарап, халқымыздың жағымсыз
сипаттарынан арылуға шақырды. Әрбір халықтың іс-әрекетін өнеге
ретінде көрсетіп халқымыздың мінез-құлқынан арылудың жолын өзінің
өлеңдерінде жазды. Мұның бәрі тек жастарға емес бүкіл халқымыздың
жан дүниесін тәрбиелеп, мәдениетті қоғам азаматы болуға шақырды.
Шоқан, Ыбырай, Абай – баланың жастай ұлттық сана - сезімін
ояту, туған жеріне, өскен еліне, ана тіліне, ұлттық салт-дәстүріне
деген сүйіспеншілікті оқу білім алу жолы арқылы оятуды ашық
айтқан.
Шәкәрім Құдайбердіұлы сияқты ойшыл - ғұламаның ағартушылық,
тәлімгерлік идеяларының алатын орны ерекше. Ұлттық салт-дәстүрлердің
ізгі қасиеттерін болашақ ұрпаққа үлгі етіп көрсетеді. Туған
халқының өсіп-өнуін, келешек ұрпаққа тәрбие берудің тәсілдерін
іздестіріп, ата-анасы мен халықтың тәрбие - тәжірибесіне сүйенетін
болса, ол нәтежелі болады деген пікір айтты. Болашақ ұрпақты
адамгершілігі мол, инабатты, мейірімді, ізгі қасиеттерді бойына
сіңірген, өз ұлтын, халқын туған жерін азамат етіп тәрбиелеу
керек деген. Шәкәрім және т.б қазақ даласынан шыққан ғұлама
ғалымдардың туындыларын оқып үйрену заманымыздың талап - тілектерін
жүзеге асыруға қуатты күш, сарқылмас игі мұра болып табылады.
Қазақ зиялылары мен ғалым - педагогтары Ж.Аймауытов (1880-
1931), А.Байтұрсынов (1873-1937ж), М.Жұмабаев (1893-1932ж), М.Дулатов
және т.б халықтың өнегелі салт - дәстүрлерін, әдет - ғұрпын, ауызекі
шығармашылығын оқу - тәрбие үрдісінде ұлттық сананы ояту, туған
жерге, елге аялы көзқарасты қалыптастыру мақсатында пайдалану, ана
тілінде мектептер ашу мәселесіне көп көңіл бөлді.
А. Байтұрсынов – ұлы ағартушы, аса ірі қоғам қайраткері.
Қазақ филалогия ғылымының негізін қалаушы. Ол қазақ халқының
өркениетті елдер қатарына тек білім арқылы ғана қосысылатынын
білді, қалай тәрбиелену бәрінен бұрын ескеріліп, оны бәрінен жоғары
қойылатын жұмыс деп санады. ХХ - ғ басында қазақ халқының тәлім-
тәрбие істерінің ғылыми негізін мықтап қалаушылардың бірі. Ол халық
педагогикасының тәрбиелік мәнін айқындай отырып, өзі де тікелей
ұстаздық қызметпен шұғылданды. А. Байтұрсынов пен қатар М. Жұмабаев
өз үлесін қосты. Оның Педагогика еңбегінде (1992) дене, рухани,
ақыл-ой және эстетикалық тәрбие мәселелері қарастырылып, ана
тіліндегі мектептерде оқушыға тәрбие берудің жолдары, түрлері мен
әдістері көрсетілді. Ол баланы діни сезімге тәрбиелеудің маңыздылығын
ерекше етап көрсетеді. Оның айтуынша, дін адамның мейірімділік,
қайырымдылық қасиеттерін және жақын адамға деген сүйіспеншілігін
оятады. 7.160 Автор балаларды ана тілінде тәрбиелеге шақырып,
оның сарқылмас мүмкіндіктерін ашып көрсетті. Ана тілімен қатар,
өзінің мәдениетін қоса оқыту туралы Міржақып Дулатовтың еңбектерінде
кездеседі. Ол бастауыш мектепте алған тәрбиесінің әсері күшті,
сіңімді болуы, қай халықтың мектебінде болса да оқу кітаптары ана
тілімен, өз ұлтының тұрмысын баяндап оқытқанда, жас баланың бойына,
қанына сүйегіне ұлт рухы сіңіп, ана тілін анық үйреніп, керекті
мағлұмат алып шығады. Мұндай балалар қай жұрттың арасынды жүрсе
де, сүйегіне сіңген ұлт рухы жасымайды. Қайда болса да,
тіршілігінде қандай ауырлық, өзгерістер көрсе де, ұлт ұлы болып
қалады. Оқудан мақсат жалғыз құрғақ білім үйрету емес, біліммен
бірге жақсы тәрбие беру деп тұжырым жасаған. 8.334
Жоғарыда айтылғанның бәрі – қазақ зиялыларының балалар
болашағынның ойлағанының айқын айғағы. Олардың оқушыға ана тілін,
ұлттық салт-дәстүрлерді меңгеру қажеттігі туралы ой – тұжырымдары
бүгінгі заман талабымен үндесіп жатыр.
Халықтық педагогиканың адамгершілік тәрбие саласындағы құнды
деген идеяларын өз - іс тәжірибелерінде А.С. Макаренко,
В.А.Сухомлинский кеңінен пайдаланып, оларды өте жоғары бағалаған.
Педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыруды әдіснамалық талаптары,
педагогикалық құбылыстардың ішкі заңдылықтары мен қозғаушы күштері
көптеген ғалымдардың еңбектерінде дәлелденген. (А.М.Арсеньев,
Ю.К.Бабанский, С.А.Баранов, В.И.Гинецинский Н.К.Гончаров, М.А.Данилов,
В.И.Журавлев, В.И.Загвязинский, Н.В.Кузмина, И.Т.Огородников,
М.Н.Скадкий және т.б.)
Қазақ халықтық педагогикасының адамгершілік саласындағы үлгілі
мұраларына революцияға дейін Қазақстанға келген шетел мен розсип
ғалымдары мән берген. Солардың ішінде В.В.Родлов, Г.Потанин,
П.Маковецкий, А.В.Левшин және т.б.
Халықтық педагогиканы теория жүзінде танытқан ілгері
зерттеулердің қатарында оның негіздемесін жасауға өз үлесін қосқан
Э.Д.Днепров, Г.К.Искаков, А.Ш.Гашимов: Халықтық педагогика және
Этнопедагогика ұғымдарының ара жігін ажыратып зерттеу объектілерін
анықтауға бағытталған Е.А.Христова, Г.Н.Волков, Я.И.Калбиков, И.С.Кон,
А.Э.Измайлов тәрбиенің этностық сипаты мен педагогикалық процестегі
халық бұқарасының орнын әділ бағалап, халықтық тәрбиені қоғамдық
қажеттілік талабынан туған құбылыс ретінде көрсеткен М.Ф.Шабаева,
Г.С.Винаградов еңбектерін атауға болады.
30-жыл бұрын екі ұғымның ара жігін академик
Г.Н.Волков тайға таңба басқандай етіп көрсеткен еді. Оның
пікірінше халық педагогикасы дегеніміз әр этностық
отбасылық тәрбиесінің жиынтығы, ол әлі де болса ғылыми
жүйеге түспеген, нақты атаулары мен принциптері анықталмаған,
қарапайым ілімдердің жиынтығы. Халық педагогикасы тәлім -
тәрбиелік ғылымының алғашқы баспалдағы, тәрбие туралы
білімдердің жиынтығы.
Ал этнопедагогика болса – бұл ғылыми педагогиканың
жаңа бір саласы, мұнда өзіндік ғылыми атаулар, белгілі принциптер
болуы тиіс. Халықтық педагогика кез - келген этнос түрлеріне
байланысты (ру, тайпа халық) айтылатын ұғым.
Зеріттеушілер басым көпшілігі бұл ұғымға түсінік
Г.НВолкоптың Этнопедагогика – жас ұрпақты тәрбиелеу жөнінде халық
бұқарасының тәжірибесі, педагогикалық көзқарастар туралы ғылым.
Этникалық тарихи жағдайлардың әсерімен қалыптасқан ұлыттық сипаттағы
ерекшеліктерді зерттейді, – деген анықтама берді.
Этнопедагогиканың проблемаларымен айналысушы ғалым А.Э.Измайлов
Халық педагогикасы ұрпақтан - ұрпаққа көбінесе ауызша түрде
жалғасып келе жатқан, халықтың тарихи және әлеуметтік тәжірибесінің
жемісі, оның іс-жүзінде тексерілген білімінің, мағлұматтарының
жиынтығы. Халық педагогикасының ескерткіштері халық - ертегілерінде,
аңыздарда, жырларында, мақал - мәтелдерінде сақталып, ұлттық салттары,
дәстүрлері арқылы өзінің көрінісін беріп отырады – деп көрсеткен.
К.Д. Ушинский Адамға тәрбие беру әдістері атты еңбегінде, жұрттың
барлығы дерлік беру төзімділікті талап ететінін мойындайды,
кейбіреулері бұл үшін біткен қабілеттілік және іскерлік, яғни дағды
керек деп ойлайды, бірақ туа біткен қабілеттілік пен дағдыдан
басқа, арнаулы білім де қажет екеніне, біздің көптеген
педагогикалық қадамдарымыз барлығының да көзін осыған жеткізу
аларлықтай болғанымен, ілуде біреулері ғана көз жеткізеді. 10.364
Ал, А.С.Макаренко педагогтік шеберлікті тәрбие беру өнерін
меңгеруге үлкен мән берді. Ол өзінің Менің педагогикалық тәжірибем
туралы баяндамасында: Музыкантты үйрету қандай қажет болса,
тәрбиеші шеберлігін де сондай үйретілуі тиіс – дейді. Ол Тәрбие
бере білу – өнер деген тұжырым жасаған К.Д.Ушинский де
Тәрбиелену ісі – өнер - деген.
Зерттеуші ғалым В.В.Радлов: Қазақтың ақыл – ой қабілетінің
зор екендігі соншалық, айтқысы келгенінің бәрін дәл түсіндіріп,
тіпті қарсыласының да сөзіне шебер тойтарыс бере біледі. Балалардың
ақыл – ісі де адам таңданарлық өте тез жетіледі. - деп баға
берген. Көрнекті педагог А.В.Сухомлинский: Ертегі – халық
мәдениетінің рухани байлығы, оны тану арқылы бала туған халқын
жүрегімен танып біледі - деген. 11.42
Ертегі ақыл - ойды, адамгершілік қасиеттерді, эстетикалық
талғамды, нәзік сезімді тәрбиелеудің қажетті құралы. Олар балардың
қиялына қанат беріп, ойлау қабілетін, тілін дамытуға, тапқырлыққа
баулуға септігін тигізеді.
Этнопедагогикалық ой - мақсаттарын өз шығармалары арқылы
халық санасына жеткiзе бiлген ұлы ақын Сұлтанмахмұт
Торайғыров
(1893-1920 жыл).
Ол жастардың алдына еңбек ету, бiлiм алу, адамгершiлiк
қасиеттерiн игеру сияқты этнопедикалық мақсаттар қойған. Ұлттық
мәдениеттi дамыту ұлттың бiлiмдi болуына байланысты екенiн
пайымдаған ақын ұрпаққа бiлiм беру iсiне өзi тiкелей
қатысып, сабақ беруiмен де шұғылданған. Ұлы ақын ұлттық
негiздер- оқу, халықтың озық дәстүрлерiн қастерлеу, ақыл -
ойды алға қою қажет екендiгiн көрсеттi.
Халел Досмұхаммедұлы (1893-1939жыл) этнопедагогикалық ойларын
дәлелдi баяндаған – ғұламалардың бiрi. Ол халық педагогикасының
қырықтан астам атауларына анықтама берiп, “Сананы салт
туғызады” – деп тұжырымдаған.
Құлжанова Назипа (1893-1939жыл) мектептен бұрынғы тәрбие
туралы қазақтың педагогикасына алғаш ғылыми еңбек жазған
педагог. Ол көшпелi қазақ елiнде айтылмаған, бала тәрбиесiнiң
жаңа түрiн айтып бердi. Оның бұл еңбектерi “ қазақ балалар
педагогикасы”,
“Мектептен бұрынғы тәрбие” кiтабында баланың табиғи қалпын бұзбай,
мiнсiз болу, оған өскен ортасының әсерi, iс - әрекетiн қалыптастыру
туралы әсерлi баяндаған.
Қорыта келгенде этнопедагогика – ұғымын тұңғыш ғылымға
енгiзген Чуваш ғалымы Г.Н. Волков болды.Ол этнопедагогика – халықтың
жас өспiрiмдi тәрбиелеу тәжiрибесi, олардың педагогикалық көзқарастары,
тұрмыс, отбасы, ру ,тайпа, ұлт педагогикасы туралы ғылым.Этникалық
педагогика тарихи жағдайда қалыптасқан ұлттық мiнездегi
ерекшелiктердi зерттейдi.
Профессор Қ.Жарықбаев “Этнопедагогика – халықтың тәлiм –
тәрбиесi, оның тәрбиесiн қорытындылап, жүйелейтiн теориялық сипаттағы
ғылым саласы” деген анықтама берсе, Профессор С.Қалиев “Этнопедагогика
– ұлттар мен ұлыстардың ұрпақ тәрбиесiндегi бала тәрбиелеу
әдiстемелерi мен оның мазмұнын зерттейтiн ғылым” деген анықтамасын
басшылыққа алуға болады.
Ғылыми еңбектерге талдау жасау барысында бiз этнопедагогика
мәселесi барлық қоғамда өзектi болғанына көзiмiз жеттi.

Қазiргi жаңа қоғам жағдайдағы этнопедагогика
мәселесiнiң дамуы.
Қоғам дамуының қай кезенiнде болмасын мектеп сол қоғамның
талаптарынан туындыйтын әлеуметтiк сұранымды орындап, соған сай бағыт-
бағдар ұстайтыны белгiлi. Қазақстан мектептерiнiң бүгiнгi таңдағы
мақсат-мұраты “Қазақстан – 2030” стратегиялық бағдарламасында айқын
көрiнiс тауып отырғаны белгiлi.Аталған ресми мемлекеттiк құжатта:
“Олар бабаларының игi дәстүрлерiн сақтай отырып, қазiргi заманға
нарықтық экономика жағдайында жұмыс iстеуге даяр болады. Олар жылдам
өркендеу үстiндегi күллi әлемге әйгiлi, әрi сыйлы өз елiнiң
патриоттары болады... Олар ұрпақ тәрбиесiнде дана болады... Оның
саулығына, бiлiмiне және дүнеге қөзқарасына қамқорлық жасайды...”
деп атап көрсетiлген 12. Қоғам дамуының жаңа үлгi – нұсқасы
айқындалған бұл тұжырым жоба, қазақ этнопедагогикасы маттериалдарын
оқу - тәрбие үрдiсiнде пайдалануда “Қазақстан - 2030” стратегиясын
алға тартты. 80 –ші жылдары орта және жоғары мектеп оқу орындарын
байыта құруға байланысты оқушыларға адамгершiлiк тәрбие беру iсiне
аса назар аударылды. Көп кешiкпей осы проблемалармен айналысып
жүрген ғалымдар Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, Ж.Наурызбаев, С.Ұзақбаева,
Р.Төлеубекова, Қ.Қожахметова, Р.Дүйсенбiнова, Ш.Құлманова, М.Балтабаев,
Ұ.Әбдiғапарова, С. Әбiлдина, А.Мағауова, Г.Бахтиярова, Б.И.Мұқанова,
А.А.Бейсенбаева және тағы басқалардың ғылыми зерттеулерiнде көрiнiс
тапқан, әңгiмелесу, кеңесу, түсiндiру сендiру, талап ету, кеңес беру,
үйрету, көрсету, өтiну, бұйыру, жаттықтыру, бата беру, мадақтау, алғыс
айту, кiнәлау, айыптау, жазалау. Бұл ғалымдардың еңбектерiнде де
қазақ этнопедагогика матералдарын пайдаланудың тиiмдiлiгi мен
маңыздылығы айтылған.
Қ.Жарықбаевтың еңбектерiнде алғаш рет Қазахстандағы
педагогикалық ой-пiкiрдiң даму кезеңдерiн анықтауға талпыныстар
жасалып, олардың Қазан төңкерiсiнен кейiнгi кезеңдерде қалыптасу
барысына жалпы баға берiлген: қазақ халқының педагогикалық ой-
пiкiрлерiнiң бастаулары қарастырылып, көшпелi қазақтардың халық
педагогикасының өзiндiк ерекшелiктерi анықталған: қазақ
ағартушыларының (ХIХ ғ 2-шi жарытысында) және олардың iзбасарларының
(ХХғ басында) педагогикалық мұралары талдауға алынған. 13
Ал ғалым С.Қалиев қазақ этнопедагогикасының ғылыми-теориялық
мәселелерiн этнопедагогикалық түсiнiктемелерге ғылыми анықтамалар
беру, этнопсихология мен этнопедагогиканың ортақ белгiлерiн, жан-жақты
мазмұндау, қазақ этнопедагогикасының өзiндiк ерекшелiктерiн және
халық педагогикасың негiзгi қағидалары мен оның ғылыми
педагогикамен байланысын ашып көрсету аоқылы негiздеген. Ғалым
iзденiстерiнде сипат алған Х1Ү-Х1Х ғасырдың 1-шi жартысында ақын -
жыраулардың педагогикалық идеялары, өмiрге көзқарастарын ғалым
өзiнiң тұжырымдамасын жасаған яғни, “Ұлттық бояуға қанық және
көркем тiркестерге бай, нақыл, қанатты сөздер, мораль, этика, тәлiм
– тәрбие жайындағы ой – түйiндерi, әлем, болмыс, тiршiлiк, табиғат
жайлы және өте мәндi” деген.
Профессор С.Қалиев Қазақ этнопедагогикасының негіздері және
тарихы (1998) деген оқу құралы арқылы қазақ этнопедагогикасының
қайнар бастауы біздің заманымыздан бұрын белгілі бола бастағандығын
дәлелдеп, бұл ғылымның теориялық негіздерін айқындап берді. Ол
Дәстүрлер қоғамдық сананың барлық салаларымен байланысты дамыған,
топтасқан қауымның қалыптасқан бірыңғай көзқарасын, әдет, заңын
марапаттайтын ритуал деп, ал Салт деген адам өмірінің күнделікті
тіршілігінде жиі қолданылатын мінез – кұлық, қарым - қатынас ережелері
мен жора - жолдас, рәсім, заңдар жиынтығы деген.
Профессор С.А.Ұзақбаева өзінің зерттеу еңбегінде халықтық
педагогиканың халық бұқарасы білімінің іскерліктері мен дағдыларының
жиынтығы ретінде мектептегі оқу – тәрбие процесінің әдіснамалық
негізгі тұрғысында қарастырылды. Олардың негізінде ұрпақтан - ұрпаққа
ауысып, рухани бай жеке адамды тәрбиелеуге жәрдемдесетін белгілі
бір әдет - ғұрыптар мен дәстүрлер қалыптасқанын тұжырымдайды. Қазақ
халқының ұлттық мәдениетіне негізделген оқушылар тәрбие беру
тұжырымдамасын жасайды. 15
Салт - дәстүрлер мен ырым - жоралғы саласындағы қазақ халқының
тәрбие тәжірибесін, ондағы балаға қойылатын талаптарды ғалым
С.Ұзақбаева өзінің Қазақ этнопедагогикасы: тәлімдік тағылымдар
еңбегінде талдап берген. Онда: адам жақсы істерін, қазаққа тән
туыстық қарым - қатынас беріктігін үлгі ету, әке мен ұлдың, шеше
мен қыздың, келін мен қайын ененің, келін мен атасының, нағашысы
мен жиеннің, күйеу мен қайын ененің, бажалардың, жезделердің,
бөлелердің және тағы басқа толып жатқан туған - туыстардың,
жекжаттардың арасындағы қарым - қатынас, тәрбиеге ұят, ар, намыс
ұғымдарын пайдалану тұрғысында сендіру, үйрету, жаттықтыру,
көтермелеу, мадақтау, жазалау; педагогикалық ықпал ету тұрғысында
балаларға қайырымды, ілтипатты қатынас жасау моральдық қолдау, өзіне
деген сенімін нығайту, сенім арту, жауапты да қызықты іс –
әрекеттерге тарту, реніш, наразылық білдіру, намысына тиіп қайрау
тәрізді халық педагогикасының әдіс тәсілдерін пайдалану педагогикалық
ықпал етудің аясын одан сайын кеңейтіп, тәрбие жұмысының
тиімділігін арттырады– деп көрсетеді. 16
Ж.Наурызбайдың Ұлттық мектептің ұлы мұраты еңбегінде
этностық – мәдени білім беру мектеп пен қоғам дамуының ең көлемдік,
әлемдік мәселесі ретінде қарастырылады. 17 “Автор сонымен қатар
этностық мәдени білім беру жүйесінің тұжырымдамасы мен үлгісін
негіздейді” Мәдени - этникалық сұраныс көптеген факторлардың
ықпалымен тарихи ұзақ уақытта қалыптасады. Бұған этностық саны,
орналасуы және жас ерекшелігі, білімділік деңгейі және басқалар
жатады.
М.Х. Балтабаевтың еңбегінде қазақ халқының дәстүрлері
көркемдік мәдениетіне негізделген музыкалық - эстетикалық тәрбие
тұжырымдамасы жасалған. Автордың дайындауындағы қазақтың дәстүрлері,
көркем мәдениеті арқылы музыкалық – эстетикалық тәрбие берудің
әдістемесі мен жүйесі анықталған.
Қ.Ж. Қожахметова өз зерттеулерінде қазақ этнопедагогикасының
әдіснамалық негізін айқындайды. Ол қазақ этнопедагогикасының
қалыптасу проблемалары жөніндегі теориялық көзқарасы, яғни қазақ
этнопедагогика ғылымдарының құрамдас бөлігі деп тұжырымдайды; оның
мәні мазмұндық тұрғыда ғылыми дәлелдемелер толықтыра түседі. 18
Ғалым Р.К. Төлеубекова “Бала тәрбиесіндегі халықтық педагогика
” еңбегінде Адамгершілік тәрбиесі тұтас алғанда баланың жеке
басын қалыптастыруға және дамуға бағытталған процес. Әр баланың
жеке басындағы ақыл - ой, ар-ождан, адал - еңбек, Отанына, халқына,
табиғатына деген сүйіспеншілік, ұлтжандылық, қайырымдылық, әділдік,
кішіпейілділік, ата-ана және жақын туысына мейірімділік, ізеттілік
тәрізді мәселелерді қарастырған.
Ш.Б.Құлманованың зерттеуінде бастауыш сынып оқушыларын халық
музыкасы арқылы тәрбиелеу. Баланың жеке тұлғалық қасиеттерін
қалыптастыруда халық шығармашылығы (ауызекі поэтикалық, музыкалық
және сәндік қолданбалы, бейнелеу өнері, бала ойындары), салт –
дәстүрлері мен әдет - ғұрып, ырым - жаралғылары, даналық ой -
пікірлері мен көзқарастары, идеялары, халық ілімдері мен
педагогикалық іс– әрекет тәжірибесі тәрбиесі құралы міндетін
атқарады. Олар қазіргі кезде ғалымдардың еңбегінде қазақ
этнопедагогикасы материалдары, үлгілері деп аталып жүр. 20
Н.Х.Халитова өз зерттеуінде халық педагогикасы салт - дәстүрінің
бастауыш сынып оқушыларына пайдаланудың педагогикалық шарттарын,
халықтың музыкалық - эстетикалық тәжірибесін пайдалануы әдістемесін
ұсынған.
Ал Қ.Қ. Болатбаевтың бейнелеу өнерінде халық педагогикасын
пайдалану проблемасына арналған зерттеуі ұлттық тәлім - тәрбие
негіздерін бүгінгі өмір талабымен ұштастыра отырып, мектептің оқу
тәрбие ісінде қолданудың мүмкіндіктері мен жолдарын анықтауға негіз
болады. Зерттеуші бейнелеу пәнінде халықтық педагогиканы пайдалану
үшін олардың жалпы педагогикалық (оқыту мен тәрбие саласы);
өнертану даярлығы қажет деп есептейді.
С.Қ. Әбілдина жеткіншектерді адамгершілікке тәрбиелеудегі қазақ
халқының ауызекі шығармашылығының ерекшеліктері және оның
адамгершілік тәрбие берудегі мүмкіндіктерін айқындауға, сондай-ақ
оларды қалыптастыруға қажетті педагогикалық шарттарды анықтауға
байланысты деп тұжырымдайды. 22
Г. Бақтиярова қазақ этнопедагогикасы материлдарына дәстүрлер
мен әдет - ғұрыптарды, халық шығармашылығын, ата - тек шежіресін діни
ілімдерді, поэтикалық озық- пікірлер мен идеяларды жатқызды.
Ғалым зерттеуші Қоңыратбай: “Өнері өрге тартқан дарын
иелерінің аузынан шыққан үлгілі де дана сөздермен жырларды басқа
айтушылар іліп әкетіп, нақышына келтіре орындайтын болған”. Даналардың
қалдырған сөзін, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал – мәтелдердің тәрбиеде
алатын орны өте үлкен.
Егеменді еліміздің пердесі ашылмай, шіркеуленіп келген ұлттың
тәрбиесі ХХ ғасырдың 90 жылдарынан бастап, еркін қолға алында да,
көптеген оқыту бағдарламалары мен оқу құралдары пайда болады.
Мысалы: Ғалым К.Оразбекова “иман және инабат” деген кітабында
имандылық – ұлттық тәрбиенің негізі деп көрсетеді, қазақ
этнопедагогикасының бір қайнар көзін ашты.
М.Оразбаев, М.Смайлова сияқты педагогтар “Қазақ халқының салт
– дәстүрлері” деген кітап жазып, қазақ этнопедагогикасының салт –
дәстүрлерге байланысты саласын айқындады.
Профессорлар Қ.Жарықбаев пен Ә. Табылдиев “Әдеп және жантану”
оқулығын жазып, қазақ этнопедагогикасымен этнопсихология ғылымының
негіздерін айқындады.
Ғалым С. Ғаббасов “Ізгілік әліппесі” халық педагогикасының
ғылыми – медициналық және танымдық ерекшеліктерін дәлелдеді.
Зерттеушiлер Ұ.Асылов пен Ж.Нұсқабаев Әдеп атты оқулығында
қазақтың салт - дәстүрлерiндегi тәлiм - тәрбиелiк мақсат-тарды
жеткiзе дәлелдедi .
Ғылыми конференцияларда: этнопедагогиканың кейбiр теориалық
және практикалық мәселелердi (А. Бейсенбаева), этнопедагогиканың
әдiснамалық проблемалары (С.Ұзақбаева), қазақ халық мақал-мәтелдерiнiң
еңбек тәрбиесiндегi мәнi ( Қ.Шалғынбаева), қазақ этнопедагогикасы
матералдарын оқу - тәрбие процесiнде пайдалануға мұғалiмнiң
әдiстемелiк даярлығы (Ф.Бейсенбаева) және т.б этнопедагогика ұлттар
мен ұлыстарды ұрпақ тәрбиесiндегi балатәрбиелеу, ұлттық салт-
дәстүрлерi мен ойлау процесiнiң озық үлгiлерiнiң жиынтығы және
имандылық рухына тәрбие беру. Этнопедагогикалық тәлiм - тәрбие
құралы боларлықтай ерекшелiктерi олар мыналар: Ұлттық салт -
дәстүрлер, адамгершiлiк сананың қалыптасуы, үлкендерден әке мен
шешеден, ата мен анадан басталуы керек. Сондықтан, “Ақ әженiң
ақылы, тиымдар мен ырымдар, адамгершiлiк ақ бата т .б имандылық
пен кiшiпейiлдiлiк ақ ниетпен қабылдауы керек. Жас ұрпақты
дамытуда, көкiрек көзiн ашуға, ұлттық тарихын жете бiлуi де, мақал
- мәтелдер, ұлттық мереке мақсаттары т.б бiлiм мен өнердi меңгеру.
Табиғатты оның даму мен қорғауын, сақталуың, адам өмiрi үшiн
маңызды, табиғи ерекше жасалған киiз үй мен бұйымдармен таныстыру.
Бастауыш сынып оқушыларына қойылатын талаптар:
– олар Қазақстан Республикасының азаматы екен бiлу ;
– батырлықты, мақсаттылықты, қайырымдылықты,
– талаптылықты, ерiктiлiктi өз бойында тәрбиелеу,темекi тартуға,
арақ iшуге, нашақорлыққа ұрынбау, оның ырқына берiлмеу;
– Отанын, еңбек адамдарын, ата-аналарын, достарын, мұғалімдерді
құрметтеу, сүйе білу;
– барлық ұлт балаларымен шынайы дос бола білу;
– мектепшілік, қоғамдық орындарда тәртіптілікпен, жауапкершілікпен
еңбек ету;
– өз бойында да, жолдастарында да, туған - туыстары арасында да
өзімшілдік, тәкаппарлық, менмендік, қатыгездік мінездермен, сондай-ақ
әрбір жұмысқа немқұрайлылықпен қарайтындығымен күресе білу;
– өзінің ар - ожданын, адамзат қолымен жасалған құндылықтарды,
мәдениет ескерткіштерін сақтай білу;
– қатерлі жағдайға душар болғандарға, күнделікті өмірде жалпы
барлық адамдарға қайырымдылықпен көмек көрсету;
– оқуда, өнерде, кез - келген пайдалы еңбекте өзінің шығармашылық
қабілетін көрсете білу.
Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік ерекшелігі бар. Жаңа
әлеуметтік мәртебеге иеленген бала мәлеметтерді бұрынғыдай қаз
қалпында қабылдай бермейді, үлкендердің айқандарына сын көзбен
қарап, оған өзіндік баға беруге, өзінше ой - тұжырым жасауға
ұмтылып, талпынады. Бастауыш сынып оқыушылыры жастағы балаларда
заттар мен құбылыстардың басты белгілеріне қарай ұқсастығы мен
айырмашылығын табу, оларды салыстыру мен салғастыру, себеп -
салдарлық байланыстарын ажырата білу сияқты ойлау қабілеті дами
бастады. Балалардың психологиялық даму ерекшелігі бірте - бірте
жолдастарының жекелеген қасиеттеріне жалпылама сипаттама беруді
пайдалана бастайды, өмірде және экранда қайыврымдылықтың әртүрлі
көріністеріне куә болып құлақ қояды. Ол сыныпта болған уақиғаны
талқылауға, әдеби шығармадағы не шындық өмірдегі кейіпкердің іс -
қимылын бағалауға барған сайын жиі де белсенді қатысатын болды.
Ғылыми еңбектерге, зерттеулерге, педагогика, психология оқулықтарына
ғылыми талдау жасау барысында жеткіншек деген – бала бойындағы
өзгерістерді “үлкендік сезім туушылық” деп атайды. 12
Бастауыш сынып оқушыларының оқу - тәрбие процесінде пайдалану
үшін күнделікті өмірде ата - анасына, үлкендерге, қарттарға,
әлсіздерге қолғабыс беріп, көмектесуге даяр болуына еңбек етуіне,
қоғамға пайдалы еңбекпен шұғылдануына, Отанды, табиғатты қорғауға,
өз ар - намысын жоғары ұстауға, аға ұрпақтың еңбек, ерлік,
қаһармандық дәстүрін жалғастыруға талпындыратын салт - дәстүр түрлері
ұсынылады. Сондай - ақ қазақ халқына тән қонақжайлық, адамдар
арасындағы сыйласытық, мейірбандық қарым - қатынас туралы түсінік
беріліп, ұлттық киім үлгілерімен, халқымыздың киіну, бой күту
мәдениетімен таныстыруға көңіл бөлінеді.
Этнопедагогика ұғымына профессор С.Қалиев былай тұжырым
жасаған: “ұлыстардың ұрпақ тәрбиесіндегі бала тәрбиелеу әдістемелері
мен оның мазмұнын зерттейтін ғылым.” Ал халықтық педагогика
дегеніміз – тәрбие халықтың педагогикалық білім тәжірибесі делінген.
23

2. Қазақ этнопедагогикасы материалдарын бастауыш сынып оқушылар
тәрбиесіне пайдаланудың мүмкіндіктері.

Бүгінгі күннің ең көкейкесті проблемасының бірі мектепте
қазақ этнопедагогика материалдарының озық тәжірибелерін игеру болып
отыр.
Қазақ этнопедагогикасы материалдары дегеніміз халықтың бала
тәрбиесінде пайдаланған тәрбие құралдары, яғни салт – дәстүрлер мен
әдет - ғұрыптар, халық шығармашылығы (поэтикалық, музыкалық, сәндік -
қолданбалы) ата - тек шежіресі, діни ілімдер, ұлттық ойындар,
философиялық, этикалық, педагогикалық озық ой - пікірлер мен идеялар.
Халқымыздың педагогикалық іс -әрекеттер барысында мынадай әдіс
- тәсілдерді тірек еткен: үйрету, көрсету, жаттықтыру, ақыл-кеңес
беру, жанама ықпал жасау, қолдау, баға беру, алғыс айту, сөгу,
бұйыру, қайырымды, ілтипатты қатынас жасау, үлгі көрсету, сенім
арту, жауапты іске тарту, ренжу, наразылық көрсеттіру, ашулану,
айыптау, бұйыру, кінә арту, еркелету, тұспалдап айту, түсіндіру,
сұрау, сендіру, мадақтау, қолдау, естіген – көргеніне еліктеп
қайталау, жазалау, қайрау, жазғыру, алғыс айту, қорғау, теріс бата
беру және т.б. Халықтың әдеп – ғұрыпын, әдеп, дәстүр, салт – сана,
ырым – тиымдар бәрін зерделеп анықтасақ, ғылым объектісі болатын
тәжірибелік тұжырымдар, әрбір халықтың өзінің тұрмыс – тіршілігіне
байланысты әдет – ғұрыптары халықтың әдебі, яғни этикасы қалыптасқан.
Қазақ этнопедагогикасының мазмұны бай және сан қилы. Ол бастауыш
сынып оқушыларына тәрбие берудің барлық жағын қамтиды.
Тәрбиенің қалыптасуы мен дамуы халықтың сан ғасырлық
тарихымен, тыныс – тіршілігімен, тұрмыс – салтымен және мәдениетімен
тығыз байланысты.
Қазақ этнопедагогикасы материалдарын мектептің оқу процесінде
пайдалану ең алдымен оқыту әдістері арқылы жүзеге асырылады. Олар:
сөздік әдістер (ауызша таралған және баспа жүзінде жарық көрген
сөздер), көрнекілік әдістер (қоршаған ортадағы заттар, құбылыстар,
көрнекілік құралдар), практикалық әдістер (іс – әрекеттер нәтижесінде
меңгерілетін білім, іскерліктер).
Олар қазақ этнопедагогикасы материалдарын меңгертуде нақты
міндеттер атқарады. 24
Ата – ана, ағайын – туыс, көрші – қолаң, құрбы – құрдас өнегесі
бастауыш сынып оқушы тәрбиесінде ерекше ықпал ететінін ұғып –
түсінген халқымыз баланың үлгілі, парасатты ортада тәрбиеленуіне
ерекшке мән берген.Үлкендердің жеке іс– әрекет, мінез – құлықтары
арқылы балаға әрқашан үлгі– өнеге көрсетіп, ізгі қасиеттер
дарытуына жете көңіл бөлген. Мысалы: “Ағаштан ағаш рең алады,
адамнан адам үлгі алады”, “Өнегелі дана жоқ жерде – өнерлі бала
жоқ” деген мақалдар халықтың бала тәрбиесіндегі талап – тілек, ой –
тұжырымын білдіреді.
– Үйрету, көрсету “Көре көре көсем болады” деп халқымыз
тегін айтпаған. Қандай да бір дағдыны бала алдымен
ересек адамнан үйренеді. Үлкендер белгілі бір істі өз
әрекеті арқылы көрсетіп, ұғындырып, кейіннен баланың оны
өз бетінше тиянақты, тыңғылықты орындап шығуын
қадағалаған.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім беруге арналған оқулықтар мен оқу құралдарының оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкестігі
Этнопедагогика және фальклорық зерттеу әдісі
Қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениеті (Тарих. Теория. Практика)
Педагогика-психология ғылымы
Н.Ә.Назарбаевтың Менің арманым да, мұратым да Қазақстан халқын бақытқа жеткізу
IX-XII ғасырлардағы қазақ отбасы тәрбиесінің қалыптасуы мен дамуы
Жетім балалардың тұлғалық әлеуметтенуінің педагогикалық шарттары туралы ақпарат
Тәрбие жөніндегі пед
В.М. Манаховтың оқыту технологиясы
ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫНДАҒЫ АДАМГЕРШІЛІК-ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕСІ
Пәндер