Ораза ғибадаты



Оразаның сөздік мағынасы – бір нәрседен алыстау. Шариғат терминінде ораза ұстауға күші жеткен адамның ниет етіп, екінші шапақтан бастап, күн батқанға дейін оразаны бұзатын нәрселерден сақтануы. Ораза белгілі бір уақыт ішіп-жеуден, нәпсі қалауларынан тыйылу. Мұның парызы-ішіп-жеу мен құмарлық сезімдерден сақтану.
Оразаның уақыты: таңның атуынан күннің батуына дейінгі уақыт. Күн мен түн болмаған жерлерде сол аймақта ең жақын жердегі күн мен түні бар аймақты негізге ала отырып, ораза ұстайды.Аллаһ Құранда былай дейді:” Таңнан, қара жіптен ақ жіп ажыратылғанға дейін ішіңдер, жендер, сосын оразаны кешке дейін ұстандар”. Мұнымен күн мен түнің арасындағы шекараны айтқан. Пайғамбарымыз(с.а.у.). “ Біләл түн уақытындағы азан оқиды, ибн Умми Мәктумның азанына дейін ішіп жендер”. Яғни, Біләл сәресі үшін, ибн Мәктум болса, таң намазы үшін азан оқитын.
Оразаның парыз болуы
Рамазан оразасы- исламның бес парызының біреуі. Оған Құран мен сүннет дәлел. Құранда Аллаһ Тағала былай дейді: “ Ей, иман еткендер! Сендерге бұрынғыларға парыз етілген дей ораза парыз етіледі”. Пайғамбарымыз ( с.а.у.) былай дейді: “Ислам бес нәрседен тұрады: Аллаһтан басқа құдай жоқ екеніне, Мұхаммедтің Аллаһтың құлы және Елшісі екеніне куәлік ету, намаз оқу, зекет беру, Рамазан оразасын ұстау, шамасы келгендерге қажылыққа бару.
Оразаның пайдалары.
1. Рамазан мен айт мейрамы.
“Рамазан келерде сансыз сезімдер мен толып тасыған ойлар салтанат құрады. Күн мен түн тұтастай илаһи рақымдылық пен кешірімділікке толып тасады. Мезгілі біткен сәтте жүректерге өзіне деген қимас сезім мен сағыныш- сазы тұнады. Бірақ сол бір жүректері рамазанға айналған жандарды жасытпай, оларды іші құт- береке мен қуаныш-шаттық толған айт күніне аманаттайды. Рамазаннан кейін айттың келуі біз үшін тосын оқиға болмаса да, бейне бір жаңа атқа таңдай жан сарайымызды нұрға бөлеп, санамызды сәулесінен қытықтап, көкжиектен көрінеді. Кейде ол бейне бір толған айдай көгімізге көтеріліп жанарымыз бен көңіл көлімізге сәлесін түсіріп адам жанын тәтті армандарға жетелеп, бойдағы асқақ сезімдерді ояатады. Рамазан мен ыстық ықылас құрған адам баласы айтты илахи шарапаттан төгілген сиқырлы уақыт сезініп, оның терең тылсым – сырын аңғарады. Оның илаһи тартымдылығы мен сиқырлығына малтып, уақытша болса да, рамазаннан айрылысқан қасірет сезімінен жеңілдеген сезініп, алып рақым айының қоштасуы мен терең шарапат күнің мейрамын бірге тпртады.
Біз айтты әрқашан тез туып, бір сәтте төбемізге көтеріліп, бейне бір көзді ашып- жұмған жылдамдықпен өмірін аяқтап батуға таянған толған айдай сезінеміз. Әп- сәтте келіп, әп- сәтте кетіп сағынышымызды ой- санамызда қалған суреттер мен онаша қалдырады. Қысқа уақыт аясына сыйіп кеткен айттың аса бай, әрі астам жомартығы сонша- онда апта айлардың жасырын екендігін айту әсіре айтқандық емес. Ол қашанда көктен ой- санамызға бейне бір шырақтай жағылып, көңіл- көгімізге шаттық - өзені болып құйлады. Көкірек көзі ашық жандардың да жанарының рухани жарығы жарқ етіп, өзіне тартып рамазан мен қимай қоштасқандарға көктердің бейбіт- нұрын ұсынады. Осылайа жалпы бәріне жүрегінің тереңдігіне қарай, рухани әлемнің әсемдіктерін жеткізеді.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Ораза ғибадаты
Оразаның сөздік мағынасы – бір нәрседен алыстау. Шариғат терминінде ораза
ұстауға күші жеткен адамның ниет етіп, екінші шапақтан бастап, күн батқанға
дейін оразаны бұзатын нәрселерден сақтануы. Ораза белгілі бір уақыт ішіп-
жеуден, нәпсі қалауларынан тыйылу. Мұның парызы-ішіп-жеу мен құмарлық
сезімдерден сақтану.
Оразаның уақыты: таңның атуынан күннің батуына дейінгі уақыт. Күн мен түн
болмаған жерлерде сол аймақта ең жақын жердегі күн мен түні бар аймақты
негізге ала отырып, ораза ұстайды.Аллаһ Құранда былай дейді:” Таңнан, қара
жіптен ақ жіп ажыратылғанға дейін ішіңдер, жендер, сосын оразаны кешке
дейін ұстандар”. Мұнымен күн мен түнің арасындағы шекараны айтқан.
Пайғамбарымыз(с.а.у.). “ Біләл түн уақытындағы азан оқиды, ибн Умми
Мәктумның азанына дейін ішіп жендер”. Яғни, Біләл сәресі үшін, ибн Мәктум
болса, таң намазы үшін азан оқитын.
Оразаның парыз болуы
Рамазан оразасы- исламның бес парызының біреуі. Оған Құран мен сүннет
дәлел. Құранда Аллаһ Тағала былай дейді: “ Ей, иман еткендер! Сендерге
бұрынғыларға парыз етілген дей ораза парыз етіледі”. Пайғамбарымыз (
с.а.у.) былай дейді: “Ислам бес нәрседен тұрады: Аллаһтан басқа құдай жоқ
екеніне, Мұхаммедтің Аллаһтың құлы және Елшісі екеніне куәлік ету, намаз
оқу, зекет беру, Рамазан оразасын ұстау, шамасы келгендерге қажылыққа бару.

Оразаның пайдалары.
1. Рамазан мен айт мейрамы.
“Рамазан келерде сансыз сезімдер мен толып тасыған ойлар салтанат
құрады. Күн мен түн тұтастай илаһи рақымдылық пен кешірімділікке толып
тасады. Мезгілі біткен сәтте жүректерге өзіне деген қимас сезім мен сағыныш-
сазы тұнады. Бірақ сол бір жүректері рамазанға айналған жандарды жасытпай,
оларды іші құт- береке мен қуаныш-шаттық толған айт күніне аманаттайды.
Рамазаннан кейін айттың келуі біз үшін тосын оқиға болмаса да, бейне бір
жаңа атқа таңдай жан сарайымызды нұрға бөлеп, санамызды сәулесінен
қытықтап, көкжиектен көрінеді. Кейде ол бейне бір толған айдай көгімізге
көтеріліп жанарымыз бен көңіл көлімізге сәлесін түсіріп адам жанын тәтті
армандарға жетелеп, бойдағы асқақ сезімдерді ояатады. Рамазан мен ыстық
ықылас құрған адам баласы айтты илахи шарапаттан төгілген сиқырлы уақыт
сезініп, оның терең тылсым – сырын аңғарады. Оның илаһи тартымдылығы мен
сиқырлығына малтып, уақытша болса да, рамазаннан айрылысқан қасірет
сезімінен жеңілдеген сезініп, алып рақым айының қоштасуы мен терең шарапат
күнің мейрамын бірге тпртады.
Біз айтты әрқашан тез туып, бір сәтте төбемізге көтеріліп, бейне бір
көзді ашып- жұмған жылдамдықпен өмірін аяқтап батуға таянған толған айдай
сезінеміз. Әп- сәтте келіп, әп- сәтте кетіп сағынышымызды ой- санамызда
қалған суреттер мен онаша қалдырады. Қысқа уақыт аясына сыйіп кеткен айттың
аса бай, әрі астам жомартығы сонша- онда апта айлардың жасырын екендігін
айту әсіре айтқандық емес. Ол қашанда көктен ой- санамызға бейне бір
шырақтай жағылып, көңіл- көгімізге шаттық - өзені болып құйлады. Көкірек
көзі ашық жандардың да жанарының рухани жарығы жарқ етіп, өзіне тартып
рамазан мен қимай қоштасқандарға көктердің бейбіт- нұрын ұсынады. Осылайа
жалпы бәріне жүрегінің тереңдігіне қарай, рухани әлемнің әсемдіктерін
жеткізеді.
Айт- дүние мен ақыретке тән әсемдіктердің бір- бірімен етене
араласып, адамдардың раиазан бойы әр-түрлі ғибадаттар арқылы бейне бір
періштеге айналып, періштелерде осы ұқсастыққа бет бұрып, сол бір рухы саф
жандар арасында сайрандап айнала илаһи әсемдікпен сұлылыққа оранып, осынау
тылсым дүниені көргендер, өздеоін оянғысы келмейтін түс әлемінде деп
ойлайтынын айтуға тіл жетпес күн.
Осы мүбәрәк күнде рамазан болған барлық жер- жүзі періштелер мен
рухани жандардың көктегі тылсым әлеміндей көрініп, шаттыққа бөленген рухани
ғаламатқа тең бір сиқырлылыққа орнады. Сол сәттен қасиетті айт
мұсылмандарды өзіне баурап алып, оларды жүрек рухани өмірінің тұңғиығына
қарай тартады. Оларға ай мен күн тіпті құс жолын қамти алатын кеңістік
дайындап,” Құпия қазынаға” жап- жарық айна болу жолдарын көрсетеді...
Көңілдері ала бұртып алып ұшқан әркім өз жәрежесіне қарай айттың көрсеткен
жолдарымен ұшуға даяр құстай бола қалады. Тылсым сырдың есігі ашыла
кеткендей қанаттарын тағатсыз қағады. Ақырында ұша жөнеліп жеткен яки
жететін шындардың асқақтығын көріп, тамашалап, тұла бойы нұрға балынады да,
осы дүние күнін бейне бір жәннат заманына айналдырады. Иә, олар ғажайып
күйге еніп, әрбір заттан Хаққа тиіс әсемдік пен сұлулықты көріп, тамашалап,
ақпай тоқтап қалған заманның тілі мен ең әдеби хұтпа –жырлар оқиды. Оған
барлық мекендерден, айттың нұры мен боялған саф, ғажайып сиқырлы әуен
қосылады.Егер айттың жазған осы бір әуені мен айт әлеміндегі адамдардың
жүрек сарайынан төгілген жырларын қағазға төгу мүмкін болса,ең ғажап әуен
мен аса мағыналы өлнң де мұның жанында күзде төгілген сап-сары жапырақтай
болып қалар еді деп ойлаймын.
Кейде айттың келуімен, көкірек көзі ояу жандарды Ұлы Жаратушы
жақтан ескен “илаһи самал’’баурап алады.Сол сәтте олар жай адамдардың
тамаша еткен әлемінің арғы жағын көргендей ғажайып күйге еніп, бейне бір
екі әлемнің ортасында тұрғандай сезінеді.Тақуалықтан жүректері діріл қағып,
өздерін”қорқу –үміт”аясынан табады.Кейде адам айтта барлық нәрсені
болмысынан басқаша сезініп, өзгеше бағалайды. Тіпті ол өзін баураған
сезімдері арқылы көктер мен жерді бір-бірімен бірігіп кеткендей көріп,
жерден ұзап, көкке ұшып періштелердің арасына кіріп, олардың әлемінде
жүргендей сезініп ашылып кенеіп “мекенсіз” күй кешеді. Сонда ол өзін бейне
бір түпсіз тереңдікке бойлап, шексіздікке сезінеді.
Айтта сезімдер өте жұмсап, адам жаны қатты жеңілдейді де ақыл мен
жүрек бір- бірімен қосылып кетеді. Адам кейде осы деңгейдегі өзгерістерге
қарап, қатты таңданады. Бәлкім сол сәтте ол адамдық құндылықтарды еске
түсіргені үшін, айттың қайта- қайта келуін қалайтын да шығар...
Иә, барлық иманды жандар айтты іштей сезінеді. Біздің өлкемізге аса
нәзік, аса сүйкімді, аса тәтті болып келеді. Мындаған жылдан бері қадірлі
қонақтай келіп құт- берекесін шашып, мейірін шапағатымен құшақтаған айтты
қашан да үйімізде, мешіт мінәжәтқана мен көшелерде көріп келген сәтте- ақ
құшағымызды ашып жүгіреміз. Иә, айт әр келгеніңде сана сезімімізге қатты
әсер етіп, өзімізді құшағында тұрғандай сезінеміз. Сонда біз оны бейне бір
анқыған жұпар иіс, тіл мен тамағымыздағы ләззат, жүректе сезілген тәттілік,
ой- өрімізге жаңа атқан таңдай сезіне кетеміз. Олда күннің әр сағатында
бізге тіл мен жеткізе алмайтын ғажайып әуен шарықтатып ала жөнеліп,
айналасын баурап алып, бәрімізді өзінің ақыреттік бағына қарай тартады. Ой-
сана қиял әлемімізді ғаламат суреттермен безендіреді. Бір күні алыстап
кетсе де, ой- санамызда әсем түстер дей сол бір суреттер сақталып қала
береді”.
2. Ораза жамандықтан сақтайды.
Ораза адам жанын тазартып жаман қылықтардан сақтайды. Құранда Аллаһ
Тағала былай дейді. “Ей, иман еткендер! Күнәлардан сақтанып, тақуылыққа
жетулерін үшін сендерге бұрынғыларға парыз етілгендей ораза парыз етіледі”.
Бұл аятта айтылғандай оразаның мақсаты – мұсылманды тазартып
тақуалық дәрежеге жеткізу. Бірақ тақуалық деген не өзі? Осыны әуелі ұғынып,
тұшынып алайық.. Тақуа- сақтану , қорқу, сиыну, Ұлы Жаратушының қорғанына
кіру. Тақуалықтың үш дәрежесі бар:
1. Мәңгілік өлімнен сақтану. Яғни, өзін жаратқан Аллаһ Тағалаға сену,
иман ету. Ұлы Жаратушыға иман етпеген адамның басына бақ, қолына, құс
қонғаны мен қашан да жан сарайы қараңғы болмақ.. Өйткені ертеңгі күн өлімге
басы тігілгелі тұрған жаның бүгінгі татқан балы да у болып келеді. Ендеше
бүгінгі жоқтың ертеңі де жоқ . Алайда тілін кәлимаға келтіріп, Аллаһ
Тағалаға иман етіп, мойын ұсынған жан мәңгілік жаһаннан отынан құтылып,
мәңгілік бақыттылық сарайы жәннат қарай қадам басады. Яғни иман еткен өзін
мәңгілік өлімге деген соқыр -сенім күбірліктен сақтайды.
2.Ұлы Жаратушыға қарсы келуден сақтану Аллаһ Тағаланың көптеген
бұйрықтары бар. Осы өмірлерді орындау парыз .Және оның көптеген бұйрықтары
бар.Осы әмірлерді орындау парыз.Және оның көптеген тыйымдары бар. Олардан
алыс тұру-парыз. Оның тиым салғандарына қол сұққан -оған қарсы келу деген
сөз.
3.Тікелей Аллаһ Тағаланың қорғанына кіріп, одан өзгені жүрекке алмау.
Ендеше тақуалық- иманды, көркем мінезді парасатты жан болып Аллаһ
Тағалаға мойын ұсынып толық адам шынына қарай “Нұрлы ақылды” шырақ, , “Жылы
жүректі” пырақ етіп, ыждаһаттылықпен қадам басып қайраттану. Демек оразаның
мақсаты жанды рухани кірден тазартып, көркем мінезге тәрбиелеу, нәпсіге
ауыздық салып, тізгінді қолға алу.Аса ойшыл Ибн Рушд былай дейді:”Егер
кімде кім еркі мен нәпсісіне ие болса, онда ол өзін әлемнің ең бақытты
адамымын деп санасын”
Бірақ ораза, аузы берік жанды тақуалық –тауына қалай жеткізеді? Жалпы
адам баласының толық адам шыңына жетуі мен көркем мінезді болуының негізі-
нәпсіге ие болуында жатыр.Нәпсі –бойдағы құмарлық сезім. Ол өзіне хош
келетін барлық нәрсеге қол сұққысы, татқысы келеді.Оның өлшемінде шек жоқ..
Бүгінін, тіпті бір сәттік ләззатын ертеңі мен мәңгілік бақытына
айырбастап,яки сатып жіберуге қашанда құмбыл тұрады. Асылында, ол үшін
ертең жоқ.. Міне, осы кезде ақыл роль ойнай бастайды.Ақыл- жақсы мен
жамандықты айыра білетін адамның негізгі құралы.Бірақ сол ақылдың да
өлшемі шектеулі.Оның бүгінгі жақсы дегені, ертең жаман, жаман дегені, жақсы
болуы әбден ықтимал. Міне, осы кезде ақылға бүгіні мен ертеңінде
жаңылыспайтын өлшем қажет. Бұл- илаһи өлшем. Егер адам баласы нәпсісіне ие
бола алмаса, адамның еркін қалаған жағына бағыттай алады. Кей кезде илаһи
өлшемді білген ақылды тұтқындап тастап, еріксіз өзіне мойын ұсындырып тыйым
салған нәрсеге қол сұқтырады. Сондықтан ақыл жүрекпен бірігіп, Аллаһ
Тағаланың бұрығын орындап, ауыз бекітеді. Нәпсінің барлық күш- қуаты осы
ауыз арқылы өтеді. Нәпсі қаншама ақыл мен ерікті ауыз ашуға зорласа да, ол
екеуі Ұлы Жаратушының бұйрығынан аса алмайды. Ашыққан нәпсінің құмарлық
сезім- қолы әлсіреп, деңгейі төмендеп кетеді. Осы сәтте адам бойына рухани
қарғын жүре бастайды да, жүректің түпкіріңде, нәпсінің қалтарасында қалған
ар -ождан күллі адамгершілік сезімдерді оятып туралыққа бастайды. Яғни,
негізгі роль мен тізгінді ар- ождан қолға алып, адам жаны рухани ләззатқа
бөлене бастайды. Бәлкім ол сонда ғана құмарлық сезімдердің татқан
ләззатына, рухани сезімдердің алған ләззатары әлдеқайда басым екенін
аңғарып, оның бұдан кейінгі арман тілегі- толық адам шыны бола бастайды.
Толық адам шыны- адамның Ұлы Жаратушының мінезіне ұқсауы. Яғни, рақымды,
мейрімді, кешірімді болу секілді. Міне, оразаның осындай хикметтері бар.
Нәпсіні тәрбиелеп, жолға салуда аштық пен шөл өте үлкен роль ойнайды.
Бірақ бұл Аллаһ Тағала үшін болуы керек. Кісі өздігінен аш қалып, діттеген
мақсатына жете алмайды. Өйткені ораза – Аллаһ Тағалаға жасалатын ғибадат.
Толық адам болу жолындағы барлық қадам Ұлы Жаратушы үшін арналуы керек.
Қасиеті хадисте Аллаһ Тағала: “ Аузы берік адам ішіп- жеуін мен үшін
доғарды ораза- Мені мен құлымның арасындағы ғибадат. Оған берілетін сыйды
Мен ғана өлшеп, Мен беремін. Аузы берік құлымның аштық пен саусағандықтан
шыққан ауыз исі мен үшін миск әтірінен де тамаша”, - дейді.
3.Қоғамдық пайдасы
Оразаның аузы берік адамға ғана емес, сонымен қатар қоғамдық
пайдасы бар. Ораза- елдегі дәулетті адам мен жоқ- жетік арасында байланыс
жасайды. Көбінесе ауқатты адам жасынан өмірдің ауыр тіршілігін көріп,
тауқыметін арқаламай өскендіктен, жан ашарлық сезімнен мақрұм қалады. Қазақ
“Аш бала тоқ бала мен ойнамайды, тоқ бала аш қалам деп ойламайды” деп, дәл
тауып айтқан.
Жарықтық Абай атамыздың:
“Кәрі қой ептеп сойған байдың үйі,
Қай жерінде кедейдің тұрсын күйі?
Қара қидан орта қап ұрыспай берсе,
Ода қылған кедейге үлкен сыйы,

Қар жауса да тоңбайды бай баласы,
Үй жылы киіз тұтқан айналасы
Бай ұлына жалшы ұлы жалынышты,
Ағып жүріп ойнатар көздің жасы”, - дегенінде үлкен мән жатқан
жоқ па ?
Кейде адам байлыққа адам батқан соң, айналасын ұмыта бастайды. Бірте- бірте
аңғалдықтың қүрығына түседі. Осы сәтте оның өмірге деген көз қарасы
өзгереді. Нәпсісі аттан салып, бойдағы жанашырлық сезімін тұңшықтырып
тастайды. Дәулетті адамы осындай күй кешкен елден берекет кетеді. Бір
мемлекетте өмір сүрседе, бай басқа әлемде, тұрмысы нашар халық бір әлемде
жүреді. Мұндай қоғам ауыр дертке душар болып, елде жүйе бұзылады. Ауқатты
адамдар қол астындағы жұмыс істеген адамдарға төбеден қарайды. Алауыздық
осындайдан туады. Байлыққа мастанған қашанда өз пайдасын ойлайды. Мұндай
кісі еш уақытта жоқ жітіктің халін ұға да, сезе де алмайды.
Адам ораза ұстап, сәресіден кешке дейін аш қалғанда ғана айналасына
басқаша қарайды. Өйткені ауыз бекіткен ол күні бойы аш қалмақ.. Аш адамның
бойында тасыған нәпсі бірте- бірте әлсірейді де, жүректегі мейрім шапағат
оянады. Ол сонда ғана аштықтың не екенін түсінеді. Өзінің жай ғана пенде
екенін аңғарады . Ал оянған мейрім шапағат жалпы адамзатқа тіпті әлемге
деген сүіспеншілік өзімен бірге ала келеді. Сонда әлгі кісі адам тұрмақ жан-
жануарға сүйіспеншілікпен қарайды. Рамазан айының- рақым болу айының сыры
осында жатыр . Адам мен адамның, адам мен әлемнің арасында достық, махаббат
байланысы құрылады. Міне, адамның бойында мейрім шапағат туып, оның
айналасына нұрлы шашу етуі- ұлы Жаратушыға арнаған нағыз шүкірі.
4. Ораза ырыс- берекенің қадірін білдіреді.
Негізі адам баласы өзіне берілген нығмет пен ырыс- берекенің
қадірін біле бермейді. Сый- сияпат ттіп берілген ырыс- берекені бейне бір
тегін дүниедей төгіп шашады. Әртүрлі тәтті тағамдарды да бейпіл жей берген
соң ауыздан дәмі кетіп, бал бал болудан қалады. Мұндай күйге түскен кісі еш
уақытта тамақтың қадірін сезе алмайды. Ал адам баласы ауыз бекітіп, күні
бойы аш қалғанда, тағамның Ұлы Жаратушының қолына жайған дастарқанындағы
үлкен ырыс- берекесі екенін аңғарады. Ол күні бойы аш қалып, кеш құрым ауыз
ашқанда аузына салған қатқан наның да қаншалықты қадірлі екендігін сезеді.
Адам қазақ “Аштықта ішкен ашыған қымыраның дәмі қырық жыл ауыздан
кетпес”деуінің сыры осында жатыр. Тоқ адамның дәл солай сезуі әсте мүмкін
емес мұндай қоғамтың экономикасыда оңайлықпен құлдыра алмайды. Аштықты көп
көргендіктен атам қазақтың нанды қатты қадірлейтіндіктері содан. Иә,
аштықты сезбеген мастықтан айға алмас.
5. Ораза сабырлық пен төзімділікке үйретеді.
Адам баласы өмірге жылап келіп жылап кетеді. Неге? Өйткені
өткенші фәниде діттеген мақсатына қолы жете бермейді. Кейде жылдар бойы өз
мақсатына қадам басады да, орта жолда болдырып күдер үзеді. Кейде шыдамы
таусылып, қолын сілтейді. Міне, ораза жүйрік пойыздай жүйіткіген ғұмырда
асқақ арманына адамның иғына сабырдан садақ асады. Ай бойы аш қалып, күндіз
аузын ашпауға бекініп, әбден дағдыланған адамның бойында сабырлық пен
шыдамдылық сезімі күшейіп, өркен жаяады. Аштық пен құмарлық сезімге сабыр
қылған өзгеге де сабыр ете алады. Бойдағы ашу мен жеңілдігіне сабыр
тізгінін салып, жанарында ойлылық пайда бол бастайды. Бұл ғұмырды нағыз
сабыр-өз нәпсісін жене біліп Аллаһ Тағаланың ақ жолында жүруге бел байлау.
Ақырет әлеміндегі асқақ шыннан көз айырмау. Оразаға төзе білген өзге
ғибадаттарға да шыдамдылықта таныта алады. Сабырлық күшіне ие болған жан
ғана, дітеген мақсатына жете алады. Құранда жетпіске жуық аятта сабыр
мадақталған. Мысалы:” Аллаһ сабыр ееткендермен бірге” , - дейді.”Асыр”
сүресінде де Аллаһ Тағала : “Заманға ант етейін. Шынында адам баласы сөзсіз
қасіретте. Бірақ иман етіп ізгі іс істегендер, бір- біріне ақиқатты
айқындап, сабырлықты насихатағандар ондай күйге душар ,болмайды”,- деп баян
етеді.
Заманының үлкен ойшылы Имам Ғазали оразаның үш түрі бар
екендігін айтады:
1.Жалыпыға тән ораза. Яғни, ішіп-жеуден, жыныстық қатынастан
аулақ тұру.
2.Аллаһ Тағаланың елден ерек құлдарына тән ораза. Бұл көз бен
құлағын, аяқ-қолы мен өзге де мүшелерін күнәдан сақтауы.
3.Аллаһ Тағалаға жақын адамдардың оразасы. Жүрегі мен ой-сана
әлемі Аллаһ Тағаладан өзге нәрседен пәк болуы. Осылай ораза ұстанғанға
Аллаһ пен ақыреттен өзге ой келсе, оразасы бұзылады. Бірақ діннің байрағын
желбіретіп, көкке қадау үшін, дүниені ойласа болады. Бұл – толық адамның
бейнесі.
Оразаның түрлері.
Ораза- парыз, уәжіп, нәпіл және мәкруһ болып төртке бөлінеді.
Парыз ораза
Парыз ораза екіге бөлінеді:
1.Тағайындалмаған ораза:Рамазан оразасы.
2.Тағайындалмаған ораза: Қағазға қалған ораза мен “кәффарат” ретінде
ұсталған оразалар.
Уәжіп ораза
Бұл да екіге бөлінеді. Атау (нәзір) оразасы сияқты.Белгілі бір уақытта
тұтамын деп, уақыт белгілеп тұтқан ораза- тағайындалған уәжіп ораза. Нақты
уақыт белгілемей кез келген бір күні немесе айда тұтамын деп атанған ораза-
тағайындалмаған уәжіп ораза.
Нәпіл ораза.
Бұл- сүннет, мұстахап, мәндүп болып үшке бөлінеді
Нәпіл оразалар мына күндерде ұсталады:
Күн ара тұту
Бұл ең жақсы ораза. Пайғамбарымыз( с.а.у) былай дейді:”Ең сауапты ораза-
Дәуідтің(а.с)ұстаған оразасы. Дәуід бір күн ұстамайтын”. Аббдуллаһ ибн Омар
“Мен одан да көп ұстай аламын”,- деген кезде Аллаһ Елшісі:” Бұдан жақсысы
жоқ”,- деп жауап қайтарады.
Әр айда үш күн ораза ұстау
Әр айдың он үшінші, он төртінші, он бесінші күні ораза ұстау – мұстахап.
Әбу Зәрдың риуаяты бойынша , Аллаһ Елшісі(c.а.у.)былай дейді: “Әр айда үш
күн ораза ұстағың келсе, айдың13, 14, 15- ші күндерінде ұста”.
Әр аптаның дүйсенбі, бейсенбі күндері ораза ұстау
Усама ибн Зәйдтің риуаят етуі бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.у) дүйсенбі
және бейсенбі күндері ораза ұстайтын. Одан “Неге ,бұл күндері ұстайсыз? “
деп сұрағанда: “Адамдардың істері Аллаһқа дүйсенбі мен бейсенбі күндері
тапсырылады” , -деді. Басқа бір риуаятта “Менің істерімнің ұлы Раббыма
ораза ұстаған кезімде ұсынылуын қалаймын”, - деген қосымша сөзі бар.
Шәууәл айында алты күн ораза ұстау
Бұл оразаны сол айдың ішінде кез келген күні үзбей бірінен кейін бірін
немесе үзіп- үзіп ұстауға болады. Бірақ айттың артынша кезекпен дереу бәрін
ұстаған абзал. Қаза ,атау, т.б оразаны осы күндерде ұстаса дәл сол сауапты
ала алады. Пайғамбарымыз (с.а.у.)былай дейді: “Кімде-кім Рамазанды оразамен
өткізіп, бұдан кейінгі шәууәл айында алты күн ораза ұстаса, жыл бойы
ораза ұстағанмен бірдей”.
Арафа күнінде ораза ұстау
Қажылықта болмаған адамның Зилхижжаның тоғызыншы күнінде ораза ұстауы-
мұстахап. Пайғамбарымыз(с.а.у.)былай дейді:”Арафа күні ұсталған оразаның
бұрынғы және келешектегі бір жылдық күнәлардан арылтатыны Аллаһтан үміт
етілген.”
Мухаррам айының тоғызыншы, оныншы (ашура)және он
бірінші күндері ораза ұстау мұстахап немесе сүннет
Пайғамбарымыз (с.а.у.) Мәдинаға келген кезде яһудилердің (еврей) ашура
күні ораза ұстағанын көріп, “Бұл қандай ораза?”,- деп сұрады. Оған : “Бұл-
ұлы күн. Аллаһ бұл күні Мұса мен Исрайл ұрпағын дұшпандардан құтқарған.
Сондықтан осы күні Мұса ораза ұстайтын”- деп жауап қайтарады.
Пайғамбарымыз(с.а.у.) сонда : “Мен Мұсаға сендерге қарағанда әлде қайда
жақынмын”,- деді де, осы күні ораза ұстауды әмір етті.
Харам айларда ораза ұстау
Зилқағда, Зилхижжа, Мухаррам және Рәжап айларының бейсенбі, жұма, сенбі
күндері ораза ұстау- мәндүп.
Шағбан айында ораза ұстау
Хазіреті Айша былай дейді:”Аллаһ Елшісі Шағбан айында ұстағандай
Рамазаннан басқа ешқандай айда ораза ұстамайтын Ол Шағбан айының бәрін
оразамен өткізетін”.
Мәкруһ оразалар
Мәкруһ оразалар “тахриман”және “тәнзиһан” мәкруһ болып екіге бөлінеді.
1.Тахриман мәкруһ ораза. Рамазан айтының бірінші күні мен құрбан айтының
төрт күнінде ұсталған оразалар тахриман мәкруһ. Өйткені ол күндері. Бұл
күндері ораза ұстаған адам күнәқар болумен қатар жарамды. Мұндай ораза
бұзылса, қазасы өтелмейді.
2. Тәнзиһан мәкруһ. Тек қана ашура күні ораза ұстау, және сенбі күні
ғана ораза ұстау, наурыз күндерінде ораза ұстау – тәнзиһан мәкруһ. Бірақ
әдет етіп, ұстап жүрген оразасы сол күнге сәйкес келсе, ештене етпейді.
Жұма күні жайлы Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: “Түндер арасында тек
қана жұма түнін ғибадатқа бөлмендер. Бірақ кімде- кім әдет етіп ұстап
жүрген оразасы сол күнге сәйкес келсе, бұдан тыс нәрсе. Екі күн қатарынан
ауыз ашпай ораза ұстау да мәкруһ. Бұл- уисал оразасы. Пайғамбарымыз
(с.а.у.)”үмбетіне жаны ашығаны үшін бұлайша ораза ұстауға тыйым салған.
“Сен осылай ораза ұстайсың ғой” деп, сұрағандарға Ол: “Мен сендер секілді
емеспін. Мені Раббым ішіп-жегізеді ”, дейді. Күмәнді күні де ораза ұстау-
мәкруһ. Тіпті екі күн бұрын да ораза ұстау – мәкруһ.
Пайғамбарымыз(с.а.у.)былай дейді:”Рамазанды бір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Исламның пайда болуы және сол төңіректегі нанымдар
ИМАН ЖӘНЕ АМАЛҒА БАЙЛАНЫСТЫ
Ислам дінінің бастауы
Зікірді бұрмалаған «исматуллашалар» тобы хақында
Ислам діні
ШАРИҒАТТЫ АТТАП, ТАРИҚАТТА ТАЙРАҢДАҒАН ЗІКІРДІ БҰРМАЛАУШЫ «ИСМАТУЛЛАШЫЛАР»
Суфизм (сопылық)
Ұлтым деп асқақтаған ұланым
ИСЛАМ ДІНІНІҢ ҚАЖЫЛЫҚ ОРТАЛЫҚТАРЫ
Шиалық атаудың қалыптасуы
Пәндер