Қазақ мәдениеті. Қазақ мәдениетінің бастаулары



Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ мәдениеті
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мазмұны

  [жасыру] 
• 1 Қазақ мәдениетінің бастаулары
• 2 Көшпенділер өркениеті
• 3 Көшпенділердің жол серігі
• 4 Музыка тарихына шолу
• 5 Музыка тарихының кезеңдері
• 6 Қазақ музыка өнерінің болмысы
• 7 Әншілік мектептері
• 8 Музыкалық аспаптар
• 9 Батыстық мәдениеттану
• 10 Этномәдени кеңістік
• 11 Еуразиялық Ұлы Даланы игеру
• 12 Пайдаланған әдебиет
Қазақ мәдениетінің бастаулары[өңдеу]

Әлемдік мәдениет ырғақтарын анықтаған соң, қазақ мәдениетіне
тоқталайық. Қазақтар — Қазақстан Республикасының негізгі тұрғындары,
әлемдегі жалпы саны 13 миллионнан асады, исламдық суперөркениеттің
солтүстік шығыс жағын мекендейді, діні жағынан ханифиттік мағынадағы
мұсылман сунниттер, Алтай тіл бірлестігінің түрік тобының қыпшақ
топтамасына жатады. Бұл мәдениетті түсіну мақсатында алдымен оны кеңістік
өрісі мен уақыт ағынында қарастырып, кейін қазақ мәдениетінің типтік
ерекшеліктерін айқындайық. Қазақ мәдениеті еуразиялық Ұлы дала
көшпелілерінің мұрагері болып табылады. Сондықтан осы ұлттық мәдениетті
талдауды номадалық (көшпелілік) өркениет ерекшеліктерінен бастайық.[1]

Көшпенділер өркениеті[өңдеу]

Әрбір ұлттық мәдениет бос кеңістікте емес, адамдандырылған қоршаған ортада
әрекет етеді. Мәдени кеңістік оқшау, мәңгіге берілген енші емес. Ол тарихи
ағынның өрісі болып табылады. Мәдени кеңістіктің маңызды қасиеті — оның
тылсымдық сипаты. Мысалы, ата қоныс ұғымы көпшелілер үшін қасиетті, ол өз
жерінің тұтастығының кепілі және көршілес жатқан мекендерге де қол сұғуға
болмайтындығын мойындайды. Қауымдық қатынас мекендер егемендігінен туады.
Ата қоныстың әрбір жағрафиялық белгілері халық санасында киелі жерлер деп
есептелінеді, яғни қоршаған орта киелі таулардан, өзен- көлдерден, аңғарлар
мен төбелерден, аруақтар жататын молалардан т.б. тұрады. Олардың
қасиеттілігі аңыз-әпсаналарда, жырлар мен көсемсөздерде болашақ ұрпақтарға
мұра ретінде қалдырылған.

Белгілі бір парасаттылық, ізгілік, ұстамдылық, интуициялық жоғары
қабілеттері жоқ адамдар қатал далада өмір сүре алмас еді. Кеңістікке
үйлесімді мәдениетте адам мен табиғаттың арасында қытай қорғаны тұрған
жоқ. Керісінше, мәдениет олардың арасындағы нәзік үндестікті (гармонияны)
білдіретін дәнекер қызметін атқарады. Қазақтың төл мәдениетінде экологиялық
мәселе әдептіліктік жүйесіндігі обал және сауап деген ұғымдармен тікелей
байланыстырылды.

Табиғат аясындағы мәдениетті қатып-сеніп қалған, өзгеріссіз әлем дейтін
пікірлер де әдебиетте жиі кездеседі. Алайда, бұл осы мәдениетке тынымсыз
қозғалыс тән екендігін аңғармаудан туады. Шексіз далада бір орында тоқталып
қалу көшпелілік тіршілікке сәйкес келмейді. Ол мезгілдік, вегитациялық
заңдылықтарға бағынып, қозғалыс шеңберінен шықпайды. Әрине бүл қозғалыс
негізінен қайталанбалы, тұрақты сипатта болады. Қуаң даланы игеру табиғатты
өзгертуге емес, қайта оның ажырамас бір бөлігіне айналуға бағытталған.
Яғни, адам табиғат құбылыстарына тәуелді болып қалады.

Көшпенділердің жол серігі[өңдеу]

Енді қарастырып отырған өркениеттің кеңістікті игеру құралдарына тоқталып
өтейік. Бұл жерде ең алдымен көшпелілер өміріндегі жылқының ерекше бір
қызметіне назар аударған жөн. Жылқыны адам еркіне көндіру арқылы адамзат
кеңістікті меңгеру ісінде үлкен қадам жасады. К.Ясперстің пікірі бойынша,
тағылықтан өркениетке өтуде жер суару жүйелерін жасаумен, жазудың
ашылуымен, этностардың пайда болуымен қатар жылқыны пайдалана білу адамзат
үшін өте маңызды болды. ([2]. — М., 1991. — С. 71, 72). Жылқыны пайдалана
білу шектелген кеңістіктен бүкіл әлемді игеруге бағытталған қадам еді. Бұл
әртүрлі мәдениеттердің сұхбаттасуына мүмкіндік берді. Әрине, бұл сұхбаттасу
көптеген жағдайда зорлық-зомбылық арқылы жүзеге асқанын ұмытпаған да жөн.

Сонау көне заманнан халықтар солтүстіктен оңтүстікке, шығыстан батысқа
қарай (немесе керісінше) қозғалыста болған. Белгілі болжам
шумерліктердің Қосөзенаңғарына Орталық Азиядан келгенін, үндігерман
тайпаларының оңтүстікке жылжып, Үндістан, Иран, Грекияға енгенін, түрік
тайпаларының Кіші Азияны жаулап алғанын көрсетеді. Қытай империясы мен
Үндіге көшпенді түрік-моңғол тайпалары ылғи қысым жасап отырған. Белгілі
ғұлама А.Вебердің пікірі бойынша, көшпелі тайпалардың кеңістікті игеруі
халықтардың Ұлы қоныс аударуы атты құбылысты әкелді. Бұл қазіргі
өркениетгердің қалыптасуына үлкен себебін тигізді. Осы айтылғандардан
адамзат тарихында жылқыны пайдалана білудің маңызы зор болғандығын көреміз.

Жылқыны кеңістікті жеңу мақсатында әсіресе, көшпелі халықтар шебер
пайдалана білген. Ат пен көшпенді біріккен жан болып көрінеді. Мұны көрші
халықтардың миф-аңыздарынан да анық байқаймыз. Мысалы, ежелгі грек
мифологиясындағы қанатты түлпар Пегас бүкіл елді қан қақсатқан жауыз
Химераны өлтіруге көмектеседі. Ал салт атты көшпенді скифтің метафорасы —
кентавр Хирон өзінің досы атақты Прометейге көмек беру үшін мәңгілік
өмірден бас тартады. Бұл сарынды ертедегі шумерлік жырдағы Гильгамеш пен
көшпенді Энкидудың достығынан да аңғарамыз.

Атқа мінген адам жерден өзінің босай бастағанын, еріктілік мүмкіндіктерінің
молайғанын және ғарышқа жақындай түскенін сезінеді. Жер-Ана оны қаншама
босатқысы келмесе де, ол шексіз әлемге өзінің қадамын нық басады. Халық
дәстүрінде де тәй- тәй қадам басқан нәрестенің тұсауын кеседі.

Кеңістікті игеруге көшпелілер үшін жылқыдан басқа да себебін тигізген қолға
үйретілген жануарлар болған. Себебі далада тек малшылар мен үй малдарынан
басқа да тіршілік иелері бар. Олардың ішінде иттің алатын орны бөлек. Қазақ
ит — жеті қазынаның бірі деп бекерден-бекер айтпаған. Егер қой мен
сиырдың өнімдерін қажеттікке жарату үшін оларды бағу жеткілікті болса, онда
ит пен жылқыны баулу, үйрету керек. Бұл үлкен шеберлік пен төзімділікті
талап етті. Тек сол жағдайда олар адамның көмекшілеріне айнала алады. Кейін
осман түріктері бұл тәжірибені өз империясындағы халықтарды ұстап тұруға
пайдаланды.

Оттоман падишахтары, — дейді А. Тойнби, — арнайы тәрбиеленген
құлдардың көмегімен өз империясын басқарды және бұл олардың
империясының қуаттылығын күшейтті. ([3], с. 189).
Шексіз даланы игеру оны жай ғана кеңістік, жазықтық деп түсінбей, осы
даланы тұтас бір континиум ретінде бағалаумен қатысты. XX ғасырда
қалыптасқан этникалық аумақтар мен жағрафиялық ұғымдардың және
көшпелілер өркениеті шарықтап тұрған кездегі ата-мекен түсінігінің
арасында үлкен айырмашылық бар. Қазақ және басқа да түрік халықтарының
мәдени мұраларынан бүкіл еуразиялық Ұлы даланың түріктердің ата қонысы
деп есептелінетінін байқаймыз. Мысалы, қазақ эпосында Қырым, Қоқан,
Ыстамбол, Хиуа, Алтай, Қазан, Ордос т.б. түріктердің өз жері, ал
бұлардың сыртындағы Шам, Мысыр қысылғанда арқа сүйейтін тілектес елдер
болып есептелген. Әрине, б9л кеңістіктік, т9тастық уақыт ағынына төуелді
болған. Ӏшкі қайшылықтар шиеленіскенде жалпытуыстық сезім кейін қарай
шегіндіріліп отырған. Тарихтан тек үлкен суперэтностардың
(өркениеттердің) ішінде ғана емес, сонымен бірге этностардың құрамында
да кескілескен қақтығыстардың болғанын білеміз. Алайда тарихи
өркениеттерге аян болған кеңістіктің шекаралары туралы мәселе тек
саясаттанулық емес, бүл туралы мәдениеттану ілімінде де бірнеше қарама-
қарсы пікірлер бар.

Музыка тарихына шолу[өңдеу]

Қобыз

Даңғыра

Домбыра

Сыбызғы

Көшпелілердің музыкалық мәдениетіні ң тамыры өте тереңде жатыр.
Жартастардағы суреттерден билеп жүрген адамдардың, таяққа
ілінгенсылдырмақтарда ойнап тұрған адам бейнелерін кездестіруге болады.
Әсілі, көшпелілердегі ең көне музыкалық аспаптар — ұрмалы даңғыра,
құрайдан жасалған үрмелі сыбызғы, ілмелі-
шертпелі қобыз, домбыра іспеттес қарапайым аспаптар болған. Эпостардағы
"адырнасын ала өгіздей мөңіреткен" деп
келетінжыр жолдары өнерпаз жауынгер дің садағының адырнасын іркіп- тартып
музыкалық үн шығаратынын білдірсе керек. Орталық
Азия, Сібір, Тибетхалықтарында бүгінге дейін кездесетін бір ішекті қобыз
осы музыкалық аспаптыңкөне түрі болуы мүмкін.

Көне Хорезм жеріндегі Қойкырылған қала деп аталатын дөңгелек бекіністен
домбыра сияқты екі ішекті аспапта ойнап отырған адамдардың бейнесі
табылған. Зерттеушілердің ойынша, бұл домбыраның көне түрі. Академик
В.В.Виноградовтың пікірінше, қазақтың домбырасы мен қырғыздың қобызы
сиякты аспап кем дегенде бүдан екі мың жыл бүрын пайда болған, қазақтың
қобызы осы күнгі виолончель, скрипкалардың арғ ы атасы.

Музыка, музыканың аспаптар тарихын зерттеуші ғалымдардың пайымдауынша,
ән түріндегі музыкалық мұра (вокалды музыка) және сарын, күй түріндегі
мұраның (аспапты музыка) жіктеліп бөлінуі, бері дегенде, VI—VIII
ғасырларда басталды. Ұлытау төңірегінен табылған түркі дәуіріне
жататын тас мүсіннің бір бүйірінде қобыздың суреті, ал
арқасында қоңыраудың суреті салынған. Қобыз бен
қоңырау бақсының аспаптары. Олар қоңырау, әр түрлі сылдырмақтарды қағып
жүріп би билеп, қобызбен сарын ойнап, жын шақырған. Тас мүсінде осындай
бақсы бейнеленген болуы керек. Жалпы, көшпелілердегі алғашқы
кәсіпқоймузыкант бақсы болған. Сонау VIII ғасырда өмір сүрген, түркі
әлеміне ортақ Қорқыт алғашқы шебер музыкант, күй атасы, бақсылардың пірі
болып саналады.

Ауызбен үрлеп ойнайтын қазақтың қыштан жасалған уілдек деп аталатын
аспабының көне түрлері ортағасырлық Отырар қаласынан, Жамб ыл
облысындағы Ақтөбе (Баласағұн) қаласынан табылған. Олар X—XII ғасырларға
жатады.

Қорқыт ата бүкіл түркілер әлемінің сарын, күй, әуен өнерінің атасы
болса, одан бергі музыка өнері әл-Фарабидің (IX—X ғасырдарда), ибн-
Синаның (X ғасыр), ұлы жыршы Кетбұғаның (XIII ғасырда),Сыпыра жыраудың
(XIV ғасырда), Асан қайғының (XV ғасырда), Қазтуғанның (XV ғасырда), Әбу
әл-Қадырдың (XV ғасырда), Әбдірахман Жәмидің (XV ғасырда), Бұқардың
(XVIII ғасырда), Нысан абыздың (XVIII ғасырда) аттарымен байланысты.
Олар күйші-сазгер, жыршылар болған. Ал әл-Фараби, ибн-Сина музыка
ілімінің теориясын алғаш жасаушы ғалымдар.

Музыка тарихының кезеңдері[өңдеу]

Этнограф-ғалым Ақселеу Сейдімбеков қазақтың музыкалық фольклорын бес
кезеңге бөледі.

Бірінші кезең — Біздің заманымызға дейін III ғасыр мен
біздің заманымыздың VI ғасыры аралығы. Бұған сақ заманынан бастап, көне
түркі тайпаларының қиял-ғажайып тақырыптарға арналған күйлері, жорық
сарындары, айтулы батыр, дана ару, ерге серікқанатты пырақ-ат, киелі жан-
жануарлар туралы өте ертеден келе жатқан күйлер сарыны жатады. Мәселен,
"Қос мүйізді Ескендір", "Көк төбет", "Көк бөрі", "Шыңырау", "Аққу",
"Сарын", "Өгіз өлген", "Тарғыл бұқа", "Боз іңген", "Боз айғыр" сияқты
күй-сарындар. Бұл күй-сарындар міндетті түрде аңыз-әңгімелермен
қосарланып жүреді.

Екінші кезең — оғыз-қыпшақ күйлері (VI—XII ғасырларда). Бұған Қорқыттың
күйлері — "Қорқыт", "Тарғыл тана", "Ұшардың ұлуы", "Желмая", қазір аты
белгісіз сазгерлердің "Абыз толғауы", "Саймақтың сары өзені",
"Айрауықтың ащы зары", т. б. күйлер жатады.

Үшінші кезең — ноғайлы дәуірінің күй-жырлары (XIII—XVI ғасырларда). Бұл
кезде ауызша және әуенмен айтылатын батырлық, ғашықтық — "Алпамыс",
"Қобыланды", "Қамбар батыр", "Ер Тарғын", "Едіге", "Қырымның қырық
батыры", "Орақ—Мамай" сияқты жырлар туған. Дәл осы заманда Сыпыра
жырау, Асан қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз дердің өлең-
жырлары дүниеге келген. Осы жырлардың бәрінің шып-шырғасын шығармай
сақтап қалған — тек қазақ халқы. Өйткені "Қазақ" атауы орныққанға
дейінгі ортақжиынтық атау —"ноғайлы елі" деген жұртқа, негізінен, қазақ
ру-тайпалары кірген еді. Ноғайлы заманының музыкалық мұрасына "Ақсақ
құлан", "Жошы ханның жортуылы", "Шора батыр", "Әмір ақсақ", "Қамбар
күйі", Асан қайғының "Ел айырылған", Қазтуғанның "Сағыныш" сияқты
күйлері жатады.

Төртінші кезең — Жоңғар шапқыншылығы кезеңі (XVII—XVIII ғасырларда).
Оған: "Елім-ай" әні, "Қаратаудың шертпесі", "Қалмақ биі", "Беласар",
"Абылайдың қара жорғасы", т.б. күй, әндермен қатар сол заманғы
қазақ батырлары жөніндегі жыр-дастандарды жатқызуға болады.

Бесінші кезең — XVIII—XIX ғасырларда және XX ғасырдың басында туған
музыкалық мұраларымыз.
Оған:Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәтті мбет, Тоқа, Сейтек сияқты күйшілер
күйлерін, Біржан сал, Ақан сері, Мұхит,Абай, Мәди, Балуан Шолақ, Жаяу
Мұса, Ыбырай, Майра, Кенен, Жамбыл, т.б. әндерін жатқызуға болады.

Қазақ музыка өнерінің болмысы[өңдеу]

Қазақта би өнері ертеден дамыған. Өкінішке орай, қазақ би өнері олі
жақсы зерттелдеген. Қазақ билері көбінесе би биленетін әуен, күй атымен
аталып жүр. Мысалы, "Былқылдақ", "Айжан қыз", "Боз іңген", "Сәулем-ай",
"Кербез сылқым", "Қос алқа". Ескі билер қатарына "Алқа қотан", "Ұтыс
би", "Киіз басу", т.б. жатады.

Қазақтың әдет-ғұрыптық фольклорына "Жар-жар", "Беташар", "Сыңсу",
"Жоқтау", "Бесік жыры", "Тойбастар", т.б. жатады.

Жар-жар — келін түскенде жиналған жастар, көпшілік айтатын өлең.

Беташар — жаңа түскен келінді таныстыру, күйеуінің
туыстарына, ауыл ақсақалдарына сәле м бергізу, жаскелінге ақыл-нақыл айту
өлеңі. Оны бір адам орындайды.

Тойбастар — той басталар алдындағы тойшыларға арнап айтатын,
сонымен қатар тойдың соңында әр дастарқанда отырған тойшылардың тойға
арнап айтатын әні.

Сыңсу — қыздың елінен ұзатыларда елімен, қыздық ғұмырымен, туыстарымен
қоштасу, мұң-шерін ақтару әні.

Бесік жыры — бесіктегі жас баланы алдарқату, уату әні. Бесік жыры арқылы
бала сәби кезінен елінің әуеніне, тіліне үйренеді. Оның тәрбиелік мәні
үлкен.

Жоқтау — елген адамның туыстарының фәниден кеткен адамға арнап айтатын
мұңды жылау өлеңі. Оны көбіне әйелдер, қыздар айтқан. Осы
аталған ғұрыптық ән түрлерінің өзіндік сөзі, әуендері болады.

Қазақ музыка өнері өзінің болмысы жағынан біртұтас дүние. Мысалы, сонау
VIII ғасырдан келе жатқан Қорқыт ата күйлерінің Сыр
бойында, Қаратау бөктерінде, Сарыар қа белдерінде, Ертіс, Еділ бойларын да
еш өзгеріссіз бірдей орындалуы қазақ музыкадәстүрінің бірлігін
көрсететін сияқты. "Ақсақ құлан" күйінің Алтай мен Атырау аралығында
бірдей орындалуы қазақтың рухани тұтастығын көрсетеді. Ұлан-ғайыр қазақ
даласында әншілік, күйшілік өнердің өзіндік аймақтық мектептері де
қалыптасқан. Мысалы, қазақтың домбыра күйлері шертпе және
төкпе күйлер болып, негізінен, екіге бөлінеді. Шертпе күй Орталық,
ШығысҚазақстанда, Жетісуда, Қаратау  аймағында кең тараса, төкпе күй
Қазақстанның батыс өлкелерінде, Сырдың төменгі ағысында кең таралған.
Шертпе күйдің өзі шығыстағы Байжігіт мектебі, Қаратау шертпелері болып
бөлінеді.

Әншілік мектептері[өңдеу]

Жамбыл Жабайұлы

Сурет:Azirbaev.jpg
Кенен Әзірбаев

XIX ғасыр мен XX ғасырдың басындағы
әншілік өнерін ғалымдарбес мектепке  бөліп жүр. Бірінші мектеп
— Қазақстанның орталық және солтустік өңірлеріне тән. Бұл
мектепке Біржан,Ақан, Жаяу Мұса, Ыбырай, т.б. әуендері жатады. Екінші
мектеп — оңтустік және Жетісу өңірі әуендері. Бұл
мектепке Сүйінбай, Жамбыл, Кенен, т.б. жатады. Үшіншісі — Қазақстанның
батыс өңірін қамтитын әншілік мектеп. Бұл мектеп әндері асау — тайдай
тулаған қуатты, екпінді әуездер. Бұл мектептің өкілдеріне
Кердері Әубәкір, Мұхит,Махамбет, т.б. жатады. Төртіншісі — Сыр бойының
әншілік-термешілік мектебі. Бесінші —Шығыс Қазақстан, Монғолия,
Шығыс Түркістан қазақтарының әншілік мектебі. Бұл әншілік мектептер
өзара стильдік жағынан бөлінгенмен, ұлттық ортақ нақыш, әуен
тұтастығымен бірлікте.

Музыкалық аспаптар[өңдеу]

Сазсырнай

Жетіген

Дабыл

Қазақ музыкалық аспаптары: ішекті, үрмелі  және соқпалы болып үшке
бөлінеді. Ішекті аспаптың өзі шертпелі және ысқышты болып екіге
бөлінеді. Шертпелі ішекті аспаптарға: домбыра, шертер,жетіген  жатады. Ал
ысқымен ойнайтын ішекті аспапқа қобыз жатады.

Үрмелі аспаптарға — сыбызғы, қамыссырнай,  қоссырнай, мүйіз сырнай,
сазсырнай, үскірік,тастауық, керней  жатады. Осы топтың ерекше бір тілді
аспабы — шаңқобыз.

Соқпалы
аспаптарға — дабыл, даңғыра, кепшік , дауылпаз, шыңдауыл, асатаяқ, қоңы рау
жатады.

Домбыра — екі ішекті, 9—14 пернеге дейін болатын шертпелі аспап.
Домбыраның ішегі, пернесіешкінің, қойдың ішегінен жасалады.
Домбыраның қазақта көптеген түрі болған. Негізі көп тарағаны екі түрі.
Бірінің кеудесі томпақ та, ал екіншісінікі ұзынша текше. Томпақ кеуделі
домбыра, негізінен, батыс аймақта, ал шығыста жайпақ домбыра көп
таралған. Домбыраның осы формаларының өз ішінде әр түрлі пішіндері де
кездеседі. Домбыраның кейде үш ішекті түрі де кездеседі.

Қобыз — екі ішекті, ысқышпен ойнайтын аспап, ішегі аттың қылынан есіп
жасалады. Қобыз да өте көне аспап. Қобыз әу баста көбінесе бақсылар
пайдаланған аспап болғандықтан, қазақ оны киелі санайды. Қобыз, әдетте,
тұтас ағаштан шауып жасалады. Кеудесі жалпақ астауша құсап, мойны ішке
қарай иіліп келеді. Қобыздың жалпы тұрқы бірдей болғанымен, тұрпатында
кейбір өзгешеліктер кездеседі. Бақсылардың қобызының басына үкі, неше
түрлі салпыншақ темір, ұсақ қоңыраушалар тағылады. Қобыздың кеудесіндегі
ойыққа айна орнатылады. Бұл заттардыңдәстүрлік және әуендік қызметі бар.
Бақсы қобызымен сарнаған кезде қобыздың басын дірілдетіп-сілкіп,
салпыншақ темірлерді сылдырлатады, айнаға қарап жынын шақырады. Мұндай
бақсы қобыздарын қара қобыз, нарқобыз деп атайды. Бұл — көне,
Қобыз қасиетті қобыз дегенді білдіреді.

Бақсы пайдаланатын аспаптардың бірі — асатаяқ. Oл — басы жалпақ,
оймышталған таяқ. Жалпақ басына әр түрлі сылдырмақтар, қоңыраушалар
орнатылады. Асатаяқты ел кезіп, елді "ақтап" (пәле-жаладан "арылтып")
жүретін диуаналар да ұстаған. Бақсылар жиі пайдаланатын аспап — даңғыра.
Бұл кәдімгі барабан сияқты. Бірақ шеңбердің бір-ақ жағына әбден кепкен
тері қапталады да, ашықжақ қапталдарына әр түрлі
салпыншақ темірлер тағылады.

Жетіген аты айтып тұрғандай, жеті ішекті аспап. Ішектерге тиек ретінде
және ішектің дыбысын реттеуші тетік ретінде асық пайдаланылады.

Үрмелі аспаптардың ішіндегі ең кең
таралғандары: сыбызғы және сырнай.  Сыбызғы кепкен қурайдан,
жуан қамыстан жасалады. Сыбызғының ортан белінен былай қарай бірнеше
жерден теседі. Басынан ерінге салып үрлеп, тесіктерін саусақпен басып
ойнайды. Сыбызғы күйлері, әдетте, екі дыбысты (дауысты) болады, бірін
сыбызғыға үрлеп отырып шығарса, екінші дыбысты тамақ үнімен
қосады. Сырнай бірнеше түрлі болады: қамыс сырнай қамыстан, мүйіз
сырнаймүйізден жасалады. Мүйіз сырнайды көбіне жорықта пайдаланған.

Саз балшықтан күйдіріліп жасалатын үрмелі аспаптар: сазсырнай, үскірік,
тастауық. Бұлжұдырықтай, іші қуыс құты сияқты, үрлейтін және
бірнеше бармақпен басатын тесігі бар аспап.

Соқпалы аспаптардың ең үлкені, үндісі — дабыл. Бұл екі жағы да терімен
қапталған кәдімгі барабан сияқты аспап. Онымен тұтқиылдан қауіп
төнгенде, не елді бір жиынға шақырғанда, дәстүрлі мейрамдарға ел
жинағанда, соғыста пайдаланған.Дауы лпаз дабылдан кішілеу, оның да екі
ернеуі ағаштан, ал шыңдауыл деп аталатын аспап та осындай, бірақ
оның шеңбербүйірі темірден жасалады .[4]

Батыстық мәдениеттану[өңдеу]

Батыстық мәдениеттанудың көптеген өкілдері өздерінікінен бөлек
өркениеттер болды деген ойдың өзін бекерге шығарған. Олардың пікірі
бойынша, тек бір үлкен әріппен жазылған Өркениет (ол, әрине, еуропалық)
бар, ал басқа кеңістік тағыларды мәдениетті адамға айналдырудың
полигоны болып табылады. Батыстық миссионерлер жергілікті
тұрғындардытуземдіктер деген кемсіту атымен атап келді. Бұрын бүл сөз
адамгершілік қасиеті жоқ жабайы адамдар дегенді білдірген. Олар сол
территориядағы жануарлар және өсімдіктер дүниесінің бір бөлігі деп
қарастырылды. Ал флора мен фаунаға көзқарас екі түрлі: не олар —
арамшөптер мен зиянды жануарлар, сондықтан оларды құрту парызға жатады.
Егер, туземдіктер пайдалы болса, оларды өсіріп, қолда ұстауға болатын
жағдайға жеткізу керек. Соның өзінде олар адамсымақтар деңгейінен
көтеріле алмайды. Батыстың көптеген ғұламалары осындай көзқарастардың
жалғандығын өз шығармаларында көрсете білді. А. Тойнби былай дейді:

Адамға туземец деп немқұрайлы аяусыз қараудан оның белгілі бір
нәсілге жататындығы негізінде адамдық, тұлғалық намысын аяққа басуға
дейін бір-ақ қадам бар. Бұл хайуандықтың ең бір өрескел көрінісі.
Біріншіден, ол адамдардың белгілі бір тобында тұлғалық қасиеттердің
барлығын, оны дәлелдемей- ақ бекерге шығарады. Екіншіден, адамзатгың
нәсілдікдихотомиясы барлық діни, мәдени, саяси-экономикалық
дихотомиялардан өзгеше, адамзаттың арасынан өте алмайтын және
абсолютті жыра қазады. Үшіншіден, нәсілшілдік өлшем (критерий) ретінде
адамдық табиғаттың сыртқы, мәнді емес, қарапайым белгісін қабылдайды.
(Постижение истории, с. 589).
Сонымен, нәсілшілдік пен мәдени империализм батыстық емес
мәдениеттердің өзіндік кеңістігін жоққа шығарады, олар жергілікті
халықтарды ландшафтың қарапайым бөлігі деп қарастырады. Ұлттық
мәдениет пен кеңістік арасындағы байланыстыГумилев өзінше түйіндейді:
—Этностар биосфераның бір бөлігі болып табылады. Адамдар ландшафтыны
не өздеріне тәуелді түрде өзгертеді, не өздері осы ландшафтыға
икемделе бірігеді. Кейбір оқшау қалған (реликтілік) этностардан
басқасы мәдени ағында суперэтностар (өркениеттер) болып тұтастанады.
Өркениет дегеніміз ортақ мәдени өрісі бар ұлттық мәдениеттердің
болмысы. Мысалы, мұсылмандық суперэтнос араб мәдениетінің шеңберінен
шыға білген. —Әрбір халықтың кеңістіктік тұтастығы, Отаны бар. Адам
өз биоценозында, басқалардың емес, өзінің ата-бабаларының
тәжірибесіне сүйене отырып өмір сүреді. Ландшафтың өзгеруі ұлттық
мәдениеттің өзгеруіне әкеп соғады. Пассионарлықтың (рухани
ізденістің) адамзат тағдырындағы қызметі туралы пікір ол үшін жетекші
болды.

Этномәдени кеңістік[өңдеу]

Еуразия құрылығы 5 этномәдени аймақтан түрады:

1. Муссондық Қиыр Шығыс — бұл конфуцийлік-буддалық өркениет
кеңістігі.
2. Құрғақ Ұлы Дала — көшпелілер мәдениетінің аймағы.
3. Субтропикалық Таяу Шығыс — мұсылмандық әлемі.
4. Орманды Шығыс Еуропа — православиелік мәдениеттің ошағы.
5. Батыс Еуропа — католиктік кеңістік.
Ғылым үшін мәдениеттерді континенттер бойынша бөлудің маңызы тым
жоғары емес. Мысалы, Жерорта теңізі Еуропа мен Африканы бөліп
тұрғанымен, ол эллиндік мәдениет үшін ішкі теңіз болды. Әдетте
өркениеттердің кеңістік шегі климаттық және өтуі қиын шекаралармен
байланысты. Сөздің тар мағынасында Еуразия деп Карпат тауларынан
Қытайға дейінгі Ұлы жазықтықты айтады. Ол үш ауданнан тұрады: биік
Азия (Моңголия, Тува, Алтай, Байқал төңі регі), Орталық Азия және
Шығыс Еуропа жазығы. Еуразия тек жағрафиялық ұғым емес, сонымен бірге
ол мәдени тұтастық болып табылады. Еуразияны оның ландшафты мен ауа
райына икемделген автохтонды халықтар: түріктер, славяндар,
угрофинндер, моңғолдар т.б. мекендейді. Бұл кеңістікте бірде-бір
еуразиялық емес өркениет үстемдік ете алмаған. Жоғарыда аталған
мәдени кеңістік славян халықтарының христиан дінін, ал түрік
этностарының көпшілігінің мұсылмандықты қабылдағанынан кейін бір-
бірінен алшақтады. Ресей Батысқа қарай жылжыса және Еуразияның басқа
бөліктеріне отаршылық пиғыл танытса, түрік өркениетінде Шығыстық
элементтер күшейе түсті.

Кеңістік пен мәдениеттің арақатынасы табиғи ортаны өзімдікі және
өзгенікі деп бір-біріне қарсы қою арқылы айқындала түседі. Бұл
қарсы қою, әсіресе, мифологиялық дүниетанымда әсерлі көрсетіледі.
Мифте, — деп жазады Ыбыраев, — адамзаттық (человеческое) және
адамзаттық емес (нечеловеческое) (дию, албасты, марту, жезтырнақ,
шойынқұлақ, жалғыз көз дәу т.б.) болып бөліну ретінде көрінсе,
классикалық эпоста біздікі (ноғайлардікі, қыпшақтардікі, қазақтікі,
т.б.) және жаудікі (қалмақтікі, қызылбастікі, ындыстікі) деген
ұғымдарға лайық жіктеледі. ([5]. — Алматы, 1993. — 137-бет).

Қазақ эпосын және басқа да мәдени мұраларын зерттеушілер өзгенікіне
тек беріде пайда болған қалмақтарды ғана емес, сонымен қоса сонау
ерте заманнан көшпелілермен тартысып келген отырықшы империяларды
жатқызады (Қытай, Иран, Үрім, Орыс, т.б.). Кеңістікті біздікі және
өзгенікі деп бөлу оппозициясы тек суперэтностар арасында емес,
сонымен бірге мөдени-шаруашылық типтер аралығында да жүргізілген.
Әрине, көшпелілер мен отырықшылар арасындағы бітіспес жауластық бар
деген әсіре бейнелеуге жатады. Сонда да олардың арасында қайшылық жоқ
емес. Бұл қайшылық мәдениет әлемінде ландшафт ерекшеліктері арқылы
суреттелген. Қазақ тіршілігінің негізгі тұп қазығы — кең дала, жазық
жер. Ұлы Даланы Алтай, Тянь- Шань, Орал, Кавказ таулары қоршап тұр.
Бұл шекара тауларда және одан ары қарай жау бар деген түсінік халық
санасына терең ұялаған.

Алайда, эпостық кеңістіктегі тау, өзен сияқты кедергілерді, даланың
шекараларын басқанікі деп түсіну өзгермелі болды. Бұл эпостық
кеңістіктің жоғарыда айтылған ситуативтік қолданылуына қатысты.
Лирикалық поэзиядағы сияқты табиғат көріністерін көркем суреттеу
эпоста жоқтың қасы. Табиғат көрінісі, кеңістік бітімі әрекет пен
бірлікте ғана көрінеді. Тау — асқанда, аң — аулап жүргенде, өзен —
өткенде, дала — жүргенде, ағаш — басына шыққанда, не ат байлағанда
айтылады.Тағы бір ескеретін жай — эпостық кеңістік пен реалды
кеңістіктің арасындағы айырмашылық. Мифологиялық немесе эпостық
кеңістіктің топонимикасы қазіргі жер-су атауларымен сәйкес болмауы
мүмкін. Әр түрлі тарихи қозғалыстар этностардың белгілі бір
территорияда қалыптасуы, олардың мекен- жайларын өзгертуі, басқа
этностардың бұл территорияға енуіт.б. осы сияқты процестер, жоғарыда
келтірілген біздікі — өзгенікі оппозициясын түбегейлі өзгертуі
мүмкін.

Биік таулар этностың киелі жерлеріне, жаудан сақтанып, қуат алатын
қасиетті мекендеріне, ал қала көшпелілердің туысқандары тұратын,
тіршілік үшін қажетті заттар алатын тұрақ-жайға айналуы әбден мүмкін.
Бұл процесс, әсіресе, орта ғасырлардағы түрік империяларына тән. Осы
туралы Мағжан былай жырлайды:

Тұранның Тянь-Шаньдай тауы қалай,
Пар келмес Тянь-Шаньға таулар талай.
Еріксіз Ер түрікті еске аларсың,
Көкке асқан Хан Төңірге қарай-қарай.
Этномәдени кеңістік туралы пайымдағанда маңызды бір
мәселе осы аймақты мекендеген халықтардың автохтонды
(жергілікті) немесе келімсек екендігін анықтаумен
қатысты. Бұрынғы тарихтағы толастамаған соғыс пен
жаугершілік, шекаралас жерлерге талас кезеңінде
этностардың қисапсыз жылжуы, көшіп- қонуы, қырылуы және
ығыстырылуы, ассимиляциялық процестер этнографиялық
деректерде этномәдени кеңістік туралы қарама-қарсы
пікірлер туғызады. Мысалы, Қытай менталитетінде
қытайлықтарға қазір бағынышты халықтар бұрын иелік еткен
жерлердің бәрі Аспан астындағы империяның кеңістігі деген
ұғым бар. Кеңістік аясындағы мәдениеттің автохтонды
екендігін шешудің басты жолы осы мөдениетті құраған
этникалық бөліктерді, этномәдени аймақты мәңгі
өзгермейтін тұтастық ретінде емес, жанды тарихи құбылыс
күйінде, қозғалыс үстінде қарау, көршілес халықтардың
тарихи тағдырымен салыстыра отырып, әрбір этникалық
топтың өзінің қазіргі негізгі жеріне қай уақытта жылжыды,
көне осындай межелерді анықтау арқылы жүзеге асады.
(Пищулина К.А.[6]. — Қазақ. Алматы, 1994. — 49-бет).

Кеңістік және автохтонды мәдениет мәселесін шешу үшін біз
оқшау алынған этнос көлемінен, ол енетін үлкен
өркениеттің (суперцивилизацияның) өріс аймағына жылжу
керек. Өйткені, қазіргі этностардың көпшілігі қоныс
аударудың, ассимиляциялық процестердің, топтасу мен
жіктелудің нәтижесінде қалыптасқан. Бұған мысалдар
жеткілікті. Айталық, Иран мен Солтүстік Үндінің халықтары
арийлік топтардың оңтүстікке қарай қоныс аударуы
негізінде, француздар галл тайпалары мен франктардың
араласуы, орыстар ежелгі славян тайпаларының көршілес
угрофинн, скандинавтық, түріктік компоненттерді өзіне
сіңіруі нәтижесінде қалыптасқан. Соңғы кезде қалыптасқан
латин- американдықтар туралы айтпаса да түсінікті.
Қазақтың этникалық территориясы да көп ғасырлық қалыптасу
нәтижесінде айқындалды.

Суперөркениеттерде кеңістік аймағы тұрақты
анықталған.Гумилевтің сөзімен айтсақ, әрбір өркениет
белгілі бір ландшафтымен қатысты. Мысалы, афроазиялық
даланы негізінен семит халықтары, еуразиялық даланы түрік
этностары, Шығыс Еуропаның орманды жазығын славяндар,
Қиыр Шығыстың орманын манчжурлар ж.т.т. мекендеген.

Кеңістік пен автохонды мәдениеттің арақатынасын түрік
халықтарының өркениетіне байланысты қарастырайық. Бұл
мөдениет тарихында әлі күнге дейін көптеген пікірталастар
туғызып отырған мәселеге жатады.

Еуроорталықтық көзқарастағы батыс ғалымдарын, патшалық
Ресей мен тоталитарлық жүйе тарихшыларын айтпағанның
өзінде, тіпті, соңғы кезде шыққан басылымдарда түрік
халықтарының мәдени кеңістігі және оның автохтондығы
бұрмаланып көрсетілген. Тарихи және қоғамдық-саяси
еңбектерде жиі кездесетін пікірдің бірін былай қысқаша
тұжырымдауға болады:

—Ұлы еуразиялық даланы арийлер мекендеген. Көне тайпалардың иран
түбірлі ортасында бұл өңірге кейін келген түркілердің тілдік ықпалы
күшейген. Андрон заманында жасаған, малшылықпен, егіншілікпен
айналысқан, еуропалық пішіндес, үнді-ирандықтар тайпасын ілкі темір
дәуірінде, оңтүстік және шығыс өңірлерде — сақ, солтүстік және батыс
өңірлерде —савромат малшы тайпалары мұраланған.
—Алтай тайпалары Енисей мен Тынық Мүхиттың ортасында Сібір мен қазіргі
Солтүстік Қытай жерін мекендеген, ал соның ішінде прототүріктік
тайпалар Байкал мен Ордостың арасында өмір сүрген. Олар Еуразия
даласына халықтардың ұлы қоныс аударуы кезінде ғана келген.
Жоғарыда келтірілген көзқарас ресми әдебиетте де
хрестоматиялық қағидаға айналып кеткен. Алайда, бұл
мәселеге сырттан бейтарап қарасақ, Орталық Азияньң
арийлік субстраты деген ұғым жөнінде көптеген
күмәндар мен сұрақтар туады. Біріншіден, аталған
пікірді дәлелдейтін нақтылы деректер жоқ. Көптеген
дәлелдемелер мұның болуы мүмкін емес, сондықтан
болған жоқ деген логикалық қателіктің маңайынан
алынған. Яғни, басқаша айтқанда, прототүріктік
өркениеттің болуы мүмкін емес, сондықтан ол болған
жоқ. Екіншіден, Олжас Сүлейменовтың Аз и Я
кітабында келтірілген шумерлік және прототүріктік
мәдениеттердің туыстығы жөніндегі гипотеза үнді-
ирандық Орталық Азия туралы ілімді бекерге
шығарады. Бұл мәселеге кейінірек арнайы тоқтылып
өтпекпіз. Үшіншіден, егер прототүріктік кеңістік
Ордоспен ғана шектелсе, онда ол қалай орта
ғасырлардың басында бүкіл еуразиялық Ұлы Далада
үстемдік етті. Мұны тек жаугершілікпен түсіндіру
ақиқатқа жата қоймас. Әлемнің жартысын жаулап алған
македондықтар мен моңғолдар тез арада жергілікті
халықтармен сіңісіп кеткен. Әрине, бұл мәселе әлі
талай ғылыми зерттеулерді талап етеді.

Түрік халықтарының кеңістігі Азия мен Еуропаның
талай аймағын қамтыған. Олардың мекені Солтүстік
мұзды мұхиттан Жерорта теңізіне дейінгі алып
территорияны біріктіріп тұр (шамамен 14—15 миллион
шаршы шақырым). Ерте заманда бұл аймақ Қытай, Үнді,
Иран, антикалық сияқты бір-бірінен оқшау орналасқан
әркениеттерді байланыстырып тұрған.

Түрік халықтарының мекен-кеңістігі осы автохтонды
этностардың тұтас өркениеттік аясы болып табылады.
Ол тек еуразиялық Ұлы даламен шектелмей, адамдық
мәдениеттің ерте кезден қалыптасқан суармалы —
оазистік ошақтарын, Алтай, Тянь- Шань, Памир,
Кавказ тауларын қамтиды. Үлкен өркениет қалыптасу
үшін біркелкі табиғи ландшафтан гөрі, кеңістіктің
әртүрлі бедерлері қолайлы. Яғни түрік халықтарын
тек жазық даланың тұрғындары деп қарастыру олардың
мәдени кеңістігінің күрделілігін ескермеуге жатады.

Этномәдени кеңістіктің не ұлғайып таралуы да, не
азайып тарылуы да мүмкін. Мұның себептері әр түрлі.
Жаугершілік кезінде әлсіз, өзін-өзі қорғай алмайтын
мәдениет өз атамекенінен ығыстырылуы, ассимиляцияға
ұшырауы, тіпті, түгелімен жойылып кетуі мүмкін.
Оған тарихтан талай деректер келтіруге болады
(XVIII ғасырдағы қытайлықтардың жоңғарларды қыруы,
еуразиялықтардың қос Америкадағы жергілікті
этностарға жасаған геноциді, Рим қуатымен жүзеге
асқан кельт тайпаларын ассимиляциялау ж.т.б.).

Көне заманнан бері біртұтас болып қалыптасқан
кеңбайтақ территориядағы түрік суперэтносының
кеңістігін, Жаңа Заманнан бері империяшыл көршілері
бірнеше жерден үзіп жіберген. Сол себептен XX
ғасырдың аяғына дейін бұл өркениеттің ішіндегі
жалғыз тәуелсіз болып келген Түркия мемлекетінің
кеңістігі басқа туысқан халықтардың жерімен тікелей
ұласпаған деуге де болады. Сібір мен Орталық
Азияның арасын, Еділ бойы мен басқа түрік
халықтарының жерлерінің ортасын, Еуропа мен Азияның
аралығын Ресей отаршылары экспансиялау нәтижесінде
бөліп тастаған. Әрине мұндай әділетсіздіктің, —
дейді М. Тәтімов, — мәңгілікке созылуы мүмкін емес
еді. Әділдік орнап, түркі халықтарын қатты
жаныштаған Кеңес Одағы ыдырады, Орта Азия мен
Қазақстан тәуелсіздік алып өз мемлекеттерін құрды.
Түркілік тұтастықты, үзілген байланысты қалпына
келтіріп, бүгінгі әлемдік өркениет дәрежесінде
дамытуға толық мүмкіндік пен алғышарттар
қалыптасты. ([7]. — Алматы, 1993. — 82-бет).

Еуразиялық Ұлы Даланы игеру[өңдеу]

Еуразиялық Ұлы Даланы игеру туралы сөз болғанда,
осы кеңістікті қоршап тұрған өркениеттердің
(суперэтностардың) өрлеу-құлдырау ырғақтарын ескеру
қажет. Қытай, Иран, Батыс және Ресейлік өркениеттер
мен түрік халықтарының арасында талай тарихи
процестер өткен. Ол тек мәдени сұхбаттасу
деңгейінде болмай, осы этномәдени кеңістік үшін
бақталастық және жаугершілік сипатында да болды.
Орталық Азия өзінің кеңістікте орналасуына
байланысты балға мен төстің арасында шыңдалды. Отты
қару пайда болғанға дейін мындаған жылдық адамзат
тарихында ат жалында өскен көшпелілер ең қаһарлы
күш болғаны күмән тудырмайды. Бұл жерде А. Вебердің
тарихтағы номадалардың рөлі туралы ілімін еске алып
өткен жөн. Оның пікірі бойынша, техногендік
өркениет (батыстық) пайда болғанға дейін көшпелілер
кеңістікте мәдени катализаторлар қызметін атқарған.
Ал айда А. Вебер осындай бағаны тек үндіеуропалық
(арийлік) номадаларға ғана берген. Біз тағы да
еурорталықтық мәдениеттанушылардың түріктік
көшпелілердің мәдениетін кемсіте қарастыруының
мысалын көріп отырмыз. Ал нақтылы тарих далалық
өркениеттердің әлемдік дамудың бір қозғаушы күші
болғанын дәлелдейді.

Скиф-сақ өркениеті біздің заманымыздан жүздеген-
мыңдаған жылдар бұрын сол кездегі антикалық және
шығыстық өркениеттермен қоян-қолтық араласып,
олардың тарихи дамуында терең із қалдырған.
Дүрілдеп тұрған Батыс Рим империясын құлатуға
қатысқандардың арасында ғұндардың қызметі
ерекше. Материалдық және рухани мәдениеттің
халықтар арасындағы ауыс-түйістігі, — деп жазады А.
Тарақты, — адамзат өркениетінің бірден-бір кепілі
болса, осынау тарихи қажеттіліктің арбакеші
көшпелілер еді. Күні бүгінге дейін Алтай пен Карпат
арасында тарыдай шашылған Скиф қорғандарынан
Мысырдың (Египет), Грекияның, Иранның, Ассирияның,
Урартудың, Қытайдың, Үндінің өнері мен тұрмыстық
заттарының ұшырасуы тегін емес. Қос құрлықты көктей
өтетін Ұлы Жібек жолын алғаш игерген Қытайдағы тут
ағашын түлтеген жаяу шаруа емес, желмен жұрысқан
салт аттылар екенін мойындау үшін архивтік айғаққа
жүгінудің қажеті жоқ ([8]. — Қазақ. — Алматы,
1993. — 32—33-бет).

Түрік этностарының мәдени кеңістігін қарастырғанда
мынадай ерекшеліктерге назар аудару керек.
Біріншіден, түріктің төлтума мәдениеті
арабтардікіндей шөл сахарада емес, жер бедері
қолайлы Саян-Алтайдың орманды даласында ұяланған.
Яғни қуаң еуразиялық Ұлы Даланы игеру үшін
Өтүкеннің қара орманында қор жинау қажет еді. Бұл
қор жинақтау аймағын Қытай мен Иранның шет пұшпағы
деп қарастыру ақиқаттан алшақ. Екіншіден, түріктік
этномәдени тұтастықтың тарихи тұрақтылығының тағы
бір себебі Орталық Азияның мыс-темір кендеріне бай
болуымен де қатысты. Металл өндеуді өте ерте кезден
меңгерген прототүріктік мәдениет бұл аймақта қуатты
күш болған. Мөдениет тарихын зерттеушілердің
кейбіреулері шумерлік металлургия мен Сібірлік қару-
жарақтардың ұқсастығын атап көрсетеді (О.
Сүлейменов, Н. Оспанұлы, М.М. Әуезов т.б.).
Үшіншіден. А. Гумилев атап көрсеткендей, дала
биоценозының тағдырын көптеген жағдайда құрғақшылық
пен ылғалдылық циклдерінің ауысып тұруы шешіп
отырған. ([9]. А., 1992, 18-бет). Полюстік және
тропикалық ауа мұнараларының алмаса әсер етуі
еуразиялық даланы не қуаң шөлге, не гүлденген
далаға айналдырған. Мысалы, Гоби кезінде шөпті
дала, ал Арал мен Каспийдің арасы шалғынды мекен
болған. Айталық, IX ғасыр ылғалды болса, XI ғасырда
далада қуаңшылық басым болған. Даланы құрғақшылық
басу түрік-моңғолдардың әлсіреуіне және олармен
көршілес қытайлардың, ирандықтардың, славяндардың,
маньчжурлардың күшеюіне әкеп соқты. Мысалы,
дағдарыс жағдайындағы Қытайды басып алған
далалықтардың ұрпақтары (көбісінің аналары қытай
әйелдері) көшпелілік дағдыдан айырылып қалды. Кейін
Қытай күшейген кезде олар қытайланып кетті және
әлсіреген Дала отырықшы өркениетгің боданына
айналды. Яғни, ландшафтың ауысуы, не ондағы
түбегейлі өзгерістер автохтонды мәдениеттің
икемделу (адаптация) қабілетін кемітті.

Осыған дейін айтылған қағидалардан бір қорытынды
жасауға болады. Тарихтағы салмақты және
салыстырмалы тұрақты өркениет аймағын тұтас
кеңістіктік континиум деп қарастыру керек. Әртүрлі
мәдениеттерді салыстырғанда үлгі ретінде олардың
жеке бөліктерін емес, қалыптасқан суперэтностарды
алу қажет.

Кеңістік аясындағы мәдениеттің табиғи қалыптасқан
тұтастығын бұзу осы мәдениетті терең күйзеліске
ұшыратады. Мұны Еуразияны Ресей отарлауынан анық
байқаймыз. Орыс казактары көшпелілер үшін табиғи
кедергі болып табылатын өзендерге бекініп алды.
Скандинав теңізшілерінің навигациялық әдістерімен
таныс казактар өзендерді орыстың байырғы жерлерімен
байланысу артериясы ретінде шебер қолдана білді. Ал
көшпелілер үшін өзен транспорттық байланыс құралы
болмап еді. Көшпелілерден салт атпен соғысуды жақсы
үйренген казактар қайықтарын да тастамады. Осының
нөтижесінде көшпелілік этномәдени кеңістіктің буыны
үзілді, тұтастығы бүлінді. Кейін Столыпин
әрекеттері нәтижесінде қазақтар және басқа да
көшпелі халықтар өздерінің шұрайлы жерінен
айырылды. Бұл көшпелілік этномәдени кеңістіктің
егіншілік алқабына айналуына негізгі себепкер
болды. Ал бұл процесті прогресшіл немесе реакцияшыл
деп бағалау әр мәдениет үшін әртүрлі сипатта.

Жалпы алғанда, кеңістіктің этномөдениетке тигізетін
әсерін дұрыс бағалау керек. Қысқаша айтқанда, Отаны
жоқ халық болған емес. Бұған бүкіл тарих куә.
Әрине, кеңістік ерекшеліктері(ландшафт, биоценоз,
оқшаулық ж.т.б.) өркениетке үлкен әсер етті.
Алайда, басқа мысалдар бұл қағиданың абсолюттігіне
күмән келтіреді. Айталық, Солтүстік Американың
прерийлерінде, Аргентинаның пампасында,
Австралияның жайылымдарында номадалар пайда
болмады. Яғни, өркениетті дұрыс түсіну үшін басқа
да факторларды қарастыру қажет.[10]

Пайдаланған әдебиет[өңдеу]

1. Jump up↑ Мәдениеттану негіздері: Оқулық. -
Алматы: Дәнекер, 2000. ISBN 9965-485-34-8
2. Jump up↑ Смысл и назначение истории
3. Jump up↑ Постижение истории
4. Jump up↑ Қазақстан тарихы: Жалпы білім
беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық
бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық Ә.
Төлеубаев, Ж. Қасымбаев, М. Қойгелдиев, т.б.
— Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006. — 232 бет,
суретті. ISBN 9965-33-633-4
5. Jump up↑ Эпос әлемі
6. Jump up↑ Территория
7. Jump up↑ Қазақ әлемі
8. Jump up↑ Ауызша тарихнама
9. Jump up↑ Қиял патшалығын іздеу
10. Jump up↑ Мәдениеттану: жоғарғы оқу орнындары
мен колледж студенттеріне арнлған оқулық.
Алматы: Раритет, 2005.- 416 бет. ISBN 9965-
663-71-8

Көшпелілер рухани мәдениетінің ерекшелігі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Мазмұны

  [жасыру] 

• 1 Рухани мәдениеттің даму ерекшелігі, тілі, жазуы
• 2 Көне жазулар
• 3 Орта ғасырлардағы жазу-сызу
• 4 Руна жазуларының сипаты
• 5 Пайдаланылған әдебиет

Рухани мәдениеттің даму ерекшелігі, тілі, жазуы[өңдеу]

"Мәдениет" деген ұғымның аясы өте кең. Сондықтан да болар, "мәдениет"
ұғымының көптеген анықтамасы бар. Адам ой-санасымен өрекетінің нәтижесінде
туындаған құндылықтарды біз мәдениет дейміз. Мәдениетті кейде шартты
түрде материалдық жәнерухани деп екіге бөледі. Қолмен ұстап, көзбен көруге
болатын дүниелерді материалдық мәдениет үлгілері дейміз. Ал қолмен ұстап,
көзбен көруге болмайтын, тек санамен, түйсікпен қабылданатын мәдениет
жетістіктерін біз рухани мәдениет дейміз.Рухани ж әне материалдық мәдениет
үлгілерінің арасында түйык шек жоқ. Кейде материалдық мәдениет үлгілері
руханияттың үлгісі болып табылады. Мысалы, сәулет өнері ескерткіші, былай
карағанда, материалдың мәдениет, ал сол сәулет өнерінен халықтың немесе
сәулетшінің дүниетанымы, мәдени дәстүрі көрінеді. Оның
үстіне, сәулет өнері ескерткішінен көрермен рухани ләззат алады. Бұл
жағынан қарағанда сәулет өнері ескерткіші р ухани мәдениет үлгісіне де
жатады. Кітапты да солай түсінуге болады: әрі
материалдық дүние әрі рухани құндыл ық.

Көшпелілердің рухани мәдениетінің өз даму ерекшеліктері бар. Ол
көшпелілердің тіршілік қарекетінің, тұрмысының ерекшеліктерінен туындайды.
Кейбір батыстық зерттеушілер: "Көшпелілер өз бетінше мәдени кұндылықтар
жасауға кабілетсіз, олар тек басып алған отырықшы халықтардың мәдениетін
қабылдайды. Ал отырықшы халықтардың мәдениеті оларға өтеймәдениет болып
қала береді", — дейді. Бұл — мүлде қате пікір. Көшпелілер өз тұрмыс-
әрекетіне лайықты мәдениетқалыптастырған. Көшпелілердің материалдық
мәдениеті көші-қонға ыңғайланып жасалған.
Мұндай таза көшпелі мәдениетүлгілер іне біз жиналмалы, жығып-тігуі өте
жеңіл киіз үйді, ер-тұрман, ат әбзелдерін, теріден, ағаштан жасалған ыдыс-
аяқтарын, бесігін, басқа да тұрмыстық заттарын жатқызамыз.
Көшпелілердің рухани мәдениеті тіптен бай. Мал шаруашылығы — егіншілікке
карағанда бұқара халықтың барлығы қамтылмайтын, қамтығанның өзінде көшпелі
кауымның бос уақыты көбірек болатын шаруашылық түрі.

Сонымен қатар көшпелілер отырықшыларға қарағанда табиғатқа жақынырақ,
онымен өмір сүрген. Көшпелілерде табигатка негізделген дүниетаным,
ақынжандылық, қиялшылдық, түптеп келгенде, шығармашылықпен ойлау жүйесі
қатты дамыды. Бұдан "Отырыкшы хальқтарда бұл қасиет бол мады, не аз көрініс
тапты" деген ой тумауы керек. Тек бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдениет теориясы пәнінен дәрістер кешені
Қазақ халқының ұлттық рухани мәдениетінің бастаулары
Сақтардың бейнелеу өнері
Ұлы Дала - көшпелілер мәдениетінің аймағы
Мүсіндеме, мүсін, скульптура
Әлемдік өркениеттегі қазақ мәдениетінің орны
Қазақ мәдениетінің бастаулары
Әдет-ғұрып заңдары
Ислам және қазақтардың әдет - ғұрыптары
Ежелгі славяндардың мәдениеті
Пәндер